ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ — ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Жасөспірімдік шақта қарым-қатынастың дамуын зерттеу
Алматы — 2011
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Жасөспірімдік шақта өзіндік сана дамуының психологиялық негіздері
1.1 Жасөспірімдік шақтың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
1.2 Қарым-қатынас арқылы өзіндік сана дамуының психологиялық мәні
1.3 Қарым-қатынас дамуында оқыту технологияларын қолданудың маңызы
2 Жасөспірімдік шақта қарым-қатынас дамуын қалыптастыруда әдіс- тәсілдерді саралау
2.1 Қарым-қатынас дамуында интерактивті әдістердің алатын орны
2.2 Жасөспірімдерде қарым-қатынас дамуын анықтауда ұйымдастырылатын іс-шаралар
2.3 Жасөспірімдерде қарым-қатынасты қалыптастыру жолдары
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Зерттеу көкейкестілігі. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың білім алуы мен дамуына ерекше ден қойылып, көңіл бөлінуде. Соңғы психологиялық-педагогикалық зерттеулерде жеке тұлғаның өзіндік сана белсенділігін дамыту елеулі мәселелердің біріне айналып отыр. Алайда, ол тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады.
Жасөспірім шақтағы дүниетанымның қалыптасуы және қоғамдық белсенділіктің маңызы философия, әлеуметтану және психологиядағы ең бір өзекті мәселелердің бірі. Жасөспірімдік кезең – адамның денелік дамуының, оның өзіндік сапасының жедел өсуінің, дүниетанымының қалыптасуының, кәсіптік таңдаудың аяқталу кездері және ересектер өміріне аяқ басуының басталуы. Адамның жаны мен тәнінің сапалық, сандық жағынан да үлкен өзгерістерге түсуінде осы жаста адамның қоғамдық белсенділігі артады, сана – сезімі өседі, жан дүниесі шыңдала түседі.
Бұл кезеңде дамудың барлық жақтары сапалы өзгерістерге жақындайды, саналы іс-әрекеттер қаланып, психологиялық жаңа құрылымдар, әлеуметтік құрылымдар қалыптаса бастайды. Бұл үрдіс жасөспірімдік шақтағы баланың негізгі ерекшеліктерін анықтайды. Л.С. Выготский, А.Г. Ковалев, В.Г. Маралов, Г.К. Селевко, Я.Л. Коломенский, және т.б. педагог-психологтардың еңбектерінде осы мәселелер жан-жақты қарастырылады.
Дәл осы шақта оқушының психикалық дамуында, әсіресе өзіндік сана қалыптасуында қарым-қатынас ерекше мәнге ие болады. Сынып ішіндегі оқушылардың арасындағы және оқу іс-әрекетіндегі қарым-қатынасты көптеген психологтар зерттеген. Олар И.Я. Лемберг, Г.А. Цукерман, У.В. Дубровина, В.А. Крутецкий, Х.Т.Шерьязданова, Н.Қ. Тоқсанбаева, А.М. Прихожин.
Жоғары сынып оқушысы өзін қоршаған ортаны тануда ішкі әлеміне дүниетанымдық сұрақтарын қояды: «Мен бұл әлемде қандай маңызға иемін», «Онда мен қандай орынды аламын», «Менің қандай мүмкіндігім бар», «Мен қандаймын», «Болашақта кім боламын?» және т.б.
Осы кезеңде жасөспірім мектептегі қызығушылықтарынан шығып өзін үлкендерше сезініп әр түрлі тәсілдермен үлкендер өміріне араласқысы келеді: қысқа мерзім күйінде өмірлік бағдарламаны жасап шығару, «кім боламын» сұрақтарына жауап табу, мамандық таңдауын белгілеу, тұлғалық және моральдық, яғни рухани өзін-өзі билеу сияқты сұрақтар мазалайды..
Жасөспірімдік шақта өз ерекшеліктерін білгісі келуі, өз-өзіне ден қойып, кемшіліктерге назар аударуы ерекше орын алады. Аталмыш мәселелер төңірегінде көптеген психолог–ғалымдар жұмыс жүргізді. Мәселен: Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Н.А.Логинова, З.Фрейд, Ж.Пиаже, А.А.Бодалев, А.Г.Ковалев, А.Г.Асмолов, ал қазақ психологиясында: А.Жұмағұлов, Т.Тәжібаев, С.Ұзақбаева, М.Мұқанов және т.б. болды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі жасөспірімдердің өзіндік сана-сезімін қалыптастырудағы даму мәселелерінің жүйелілік сипатымен негізделеді. Осы орайда зерттеу тақырыбын «Жасөспірімдік шақта қарым-қатынастың дамуын зерттеу» деп алдық.
Зерттеудің мақсаты ─ жасөспірімдерде қарым-қатынастың психологиялық маңызын анықтау.
Зерттеу нысаны – қарым-қатынас дамуын зерттеу үрдісі.
Зерттеу пәні – жасөспірімдерде қарым-қатынасты дамыту тәсілдері.
Зерттеу болжамы – егер сабақ және сабақтан тыс уақытта жасөспірімдердің қарым-қатынасын дамытуға баса назар аударылса, онда олардың жеке тұлғалық қасиеттерінің айқындалуына, өз-өзіне деген қатынасының жас ерекшелікке сай қалыптасуына қол жеткізуге болады, өйткені, тұлғақарым-қатынасының құзіреттілігі қазіргі заман талабы.
Зерттеу міндеттері:
- Жасөспірімдердің қарым-қатынасы туралы мәселелерді теориялық тұрғыдан негіздеу.
- Қарым-қатынасты дамыту мүмкіндіктерін саралау .
- Қарым-қатынас дамуының психологиялық ерекшеліктерін анықтаудың тиімді әдіс-тәсілдерін іріктеу.
- Оқыту үрдісінде пайдаланылатын түзету жұмыстарын ұйымдастырудың жолдарын қарастыру.
Зерттеу әдістері: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау, бақылау, эксперименттік жұмыстар, ойын-жаттығулар, тест, зерттеу нәтижелерін өңдеу әдістері.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Жеке тұлғаны қалыптастыру теориясы, Р.Г.Агеева, Б.Ф.Ломов, А.Маслоу, Л.Занков, В.Мараловтың ғылыми зерттеулері алынды.
Зерттеудің теориялық мәнділігі. Зерттеу барысында алынған нәтижелер жасөспірімдік шақта қарым-қатынас қалыптасуындағы жеке тұлғалық ерекшеліктерінің психологиялық механизмдері жайлы білімдерді толықтырады. Аталмыш мәселе бойынша теориялық және әдістемелік талдау жасалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі. Зерттеуден алынған нәтижелерді оқу- тәрбие үрдісінде қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар мақсатында қолдануға болады.
Зерттеудің тірек орны: Алматы қаласы, № 48 қазақ орта мектеб.і
Зерттеудің кезеңдері:
1.Әдебиеттерге шолу, жинақталған материалдарды іріктеу, ғылыми аппарат жасау іске асырылды.
- Жасөспірімдік шақта қарым-қатынас дамуын анықтауда эксперимент ұйымдастырылып, ақпарат алынды.
- Зерттеу нәтижелері өңделіп талданды, қорытынды жасалды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымша тіркелген материалдардан тұрады.
1 Жасөспірімдік шақта өзіндік сана дамуының психологиялық негіздері
1.1 Жасөспірімдік шақтың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Жасөспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп аталады. Жасөспірімдік шақтың көптеген теориялары бар. Биолоигиялық теориялар жасөспірімділікті организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, мішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жасөспірімділікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Сициологиялық теория оны социолизацияның белгілі бір кезеңі тәуелді болғандықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды.
Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері – мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлау, некелесуге өз отбасын құруға әзірлену. Бұл жасөспірімдердің өзін анықтайтын күрделі проблемасы болып табылады. Бұл проблемаларды жасөспірім жалғыз өзі шешпейді, әке-шешесімен, құрбы-құрдастарымен, мұғалімдермен бірге, олардың қолдауы жағдайында шешеді.
Біз теориялық білімдерді толықтыру мақсатында, жасөспірімдермен үйренісіп, олардың психологиясын меңгере отырып зерттеу жұмыстарын жүргіздік [1]. Біз алдымен педагогикалық қарым-қатынасқа тоқталайық. Педагогикалық қатынас ұстаздың шәкіртке деген сүйіспеншілігінен шығады деп білеміз. Сонымен қатар бұл қарым-қатынас жақсы да, жаман да болуы мүмкін, ықыласты немесе қарама-қарсы да болуы мүмкін. Ал осыған толық көзіміз жету үшін біз бұларды тәжірибемен байланыстырып көрелік.
Жасөспірімдік шақтағы оқушыда көбіне «мұғалыммен қалай ортақ тіл табысуға болады» деген сұрақ туындайды.
Оқушы мұғаліммен жақсы қарым-қатынаста болудың алғашқы қадамдарын мұғалімнің өзінен күтеді. Дәл осы кезде мұғалім әрбір оқушының жүрегіне жол таба біліп, алдымен олармен достық қарым-қатынасты орнатуға тырысады. Бұған мысал біз тәжірибе өткізген орта мектептің оқушыларымен және оқутышысы туралы бірер сөз.
9 “б” сыныбы, сынып жетекшісі осы сыныппен 1 жылдан бер жұмыс атқаруда. Сынып жетекшісі көп балалы ардақты ана сияқты. Мұғалім ойымен бөліскенде ол былай дейді: “Менің ойымша ұстазбен шәкірттің арасындағы қарым-қатынас шынайы болу үшін ұстаз бен шәкірт шынайы түрде бірлесе отырып жұмыс жасау керек. Мен осы сыныпқа алғаш жұмысқа келгенде бізде келіспеушіліктер көп болды. әрине, бірте-бірте біз оны жеңе бастадық. Бос уақытымда оқушылармен көп әңгімелесуге тырыстым. Тіпті қажет жағдайда әрбір оқушылармен жеке-жеке әңгімелесіп, ақылымды айтатын болдым. Осылай бірте-бірте сынып оқушыларының маған деген сенімі, сүйіспеншілігі артып келеді”.
Бұл мысалды біз педагогикалық қатынастың жақсы жағына, жемісті жағына жатқызайық. Ал келеңіз жақтары жасөспірім мен мұғалімге тікелей байланысты болатын жаңа құқықтары туралы талаптары үлкен адаммен болатын қарм-қатынасына өте әсер етеді. Мұғалім жасөспірім еркіндігін шектеп “кішкене бала” кұсап басқара, жазаласа және оның жеке ойымен есептессе жасөспірім осыған дейін үлкен ықыласпен орындайтын талаптарға қарсы шығады, ренжиді. Мұндай оқушыларды әңгімелескенде байқадық. Тағы да есепке алғанымыз жасөспірімдер өзін еркін тәуелсізбін, мені ешкім жәбірлеп, еркіндігімді шектемеуі керек деп есептейді. Қырсылық білдіріп бағынбаудың негізгі себебі жасөспірімнің үлкен адаммен бұрынғы қарым-қатынастан арылып жаңа тең құқылы қарым-қатынас түріне көшу. Жасөспірім өзінің ер жеткенін сезініп және оны айналасындағы адамдарға мойындатуға дейін талпынып өзге проблемма тудырады [2].
Жасөспірімдік кезеңнің мыңызы-дәл осы кезеңде балалық шақтан арылып, жаңа ересек кезеңге өтуі іске асады. Бұл кезеңдік ауысу жасөспірімдермен үлкен адам арасында әлеуметтік қарым-қатынас қаыптасуы процесінде жүреді.
Жасөспірімнің жаңа қарым-қатынас түріне өту кезеңі оңай болуы үшін мұғалім көмек көрсетуі керек немесе жасөспірімнің талаптарын есепке ала отырып өзінің қарым-қатынасын соған бейімдеуі қажет.
Бұл мысалдардың барлығы педагогикалық қарым-қатынастың мәселелері. Сонымен пелагогикалы қарым-қатынастың жақсы, жағымды немесе дағымсыз келеңсіз түрде қалыптасуы мұғалім мен оқушының іс-әрекетіне тәуелді. Яғни педагогикалық қатынастың қандай болуы ол оқушының мұғалімге, мұғалімнің оқушыға деген сүйіспеншілігі немесе олардың керісінше жағдайда көрініс беруі. Сол арқылы “Мендік” жүйе дамиды.
Жасөспірімдік кезеңнің басында бала даумында өтетін ерекше өзгерістер жасөспірімнің жаңа қажеттіліктермен, талпыныстармен, құрбылардың және ересек адам арасындағы қарым-қатынасқа қоятын талаптармен анықталады. Бұл жағдай жасөспірімнің құрдастарымен қарым-қатынасының тереңдей түсуіне себеп болады.
Жасөспірімдердің бойындағы қызығушылықтарды еренсек адамнан гөрі құрбысы дұрыс түсіне алады.
Жасөспірімнің сыныптастарымен қарым-қатынасы жан-жақты. Жасөспірімдік кезеңде жақындақ жағынан түрлі деңгейдегі қырам-қатынас қалыптасады. Олар жолдастық болуы, жақсы жолдастық немесе жеке дос болуы мүмкін. Сонымен қарым-қатынас оқудан тыс сипат ала бастайды. Бұл қарым-қатынас жаңалықпен, қызығушылықпен, қақтығыстармен, жеңістермен, жеңілістермен, қуаныш ренішпен байланысты. Бұлардың барлығы бірігіп жасөспірімнің өмірін, жеке өмірін құрайды [3]. Құрбылармен қарым-қатынас жас өспірім үшін маңызды рөл атқаруы бірінші орынға шығады да оқу және туған туыстарымен қарым-қатынас екінші орынға кетеді.
Мұнда біздің байқағанымыз, жасөспірімнің мұғаліммен және өз құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауында қарым-қатынас функцияларының және сапаларының дамунда кезіккен жетіспеушіліктер, олқылықтар, кешеуілдеу болды. Сондай-ақ олардың қарым-қатынасындағы арнайы әдістердің, яғни қарым-қатынас белгілерінің жас ерекшелікке сай келмеу жағдайларының байқалуы, табиғи тілдің (сөздер, сөйлем, грамматикалық түрде дұрыс құрастырылған сөйлем) көмескілігі көрініс берді.
Енді, қарым-қатынастағы табиғи тіл көрінісін байқау мақсатында, жасөспірімдерге шығарма жазуды, оны талқылауды ұсындық. Тақырыбы: “Мен және менің достарыммен қарым-қатынасым”. Тексеру барысында, оқушылардың өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алмайтындары, қарым-қатынас тек қызығушылыққа байланысты туындап отырады деген жауаптары көп байқалды. Сондай-ақ кейбір жұмыстарды талқылағанда, өз ойларын жеткізуде грамматикалық жағынан көмескілеп сөйлеу, жас ерекшелікке байланысты байланыстырып, нақты, жүйелі түрде өз ойын жеткізе білуде, әлі де қиналатын оушылардың бар екендігін көрдік. Әсіресе кейбір оқушылар тіл байлығы болғанымен, сынып алдында шығып сөйлеуге дәрменсіз екендіктерін байқатты. Осы орайда оқушыларды, өз пікірін ортаға ашылып салуға, қортындылап, грамматикалық дұрыс сөйлеуге үйрету қажетті бар екендігін көрдік.
Көптеген жасөспірімдер үлкендерге де, құрдастарына да бір мезгілде қатар теңеседі, осының өзінде олардың сол бір немесе соған ұқсас қасиеттеріне теңесуі жиі байқалады.Кейбіреулері көбіне өзінен үлкен балалар мен құрдастарына теңелгісі келеді. Бір маңыздысы, жасөспірімге әдетте оған өзәнен гөрі үлкен, естияр болып көрінетін құрдастары үлгі болады.Сондықтан мұндай жолдағы жасөспіріммен ересек арасындағы аралық басқыш сияқты. Қайсыбір жағынан өзінен гөрі есейген құрдасына теңесу арқылы жасөспірім өзін ересекке жақындатады, оған түпкі мақсатқа қарай одан әрі ілгерілеу оңайырақ. Жасөспірімдердің көбі ересек адамнан гөзі құрдас жолдасынан үлгі алған оңай деп санайды. Жасөспірім теңесетін үлгінің нақ құрбы-құрдасы болғаны өте маңызды [4].
Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болғандықтан, олармен жүйелі жұмыс жүргізуге баса назар аудару қажет. Осыған байланысты оқу-тәрбие процесіндегі мұғалім мен жасөспірім қарым-қатынасын ізгілендіру мәселелері бүкіл психологиялық-педагогикалық ғылымның өзекті аспектілері болып келеді. Оқыту процесіндегі мұғалім мен оқушы қарым-қатынасын ізгілендірудің ерекшеліктері мен ролін негіздеу үшін ең алдымен осы мәселенің шығу тегі мен дамуын зерттеуіміз керек. Ғұлама ғалым, философ, ойшыл әл-Фараби еңбектерінде адамдар қарым-қатынасының мәселелері негізгі орын алған. Ол еңбектерінде адамның ойлы, парасатты болу қажеттігін, адам деген ардақты атақты алып жүру бақыттылық екенін айтқан.
Адам қоршаған ортамен, олардың іс-әрекетімен және қарым-қатынасымен тығыз байланыста. Адаммен қарым-қатынас тек қоғамдық моральдық негізгі көрсеткіші ғана емес, ол әрқайсымыздың өнегеміз [5]. Бұл қарым-қатынас жақсы да, жаман да болуы мүмкін, ықыласты немесе дұрыс пікірде болуы керек. Осы тұрғыдан алғанда ададар арасындағы іс-әрекет пен қарым-қатынасқа және жеке тұлғаның қалыптасуына міндетті түрде әсер етеді. Педагогикалық процесте қарым-қатынасты басқару бұл мұғалім мен жасөспірімнің жеке тұлға болып қалыптасуымен басқару деген сөз. Сондықтан да педагогикалық ғылымның классиктері оқу-тәрбие процесіндегі мұғалім мен оқушы қарым-қатынасына көбірек мән беріп, жеке тұлға ескі әкімшілі-авторитарлық әдіспен қалыптаса алмайды деген тұжырымға келді.
Мұғалімер жасөспіріммен дос болғанын қалайды. Өзара тіл табысып, тату болсын деген мақсатпен оларға: «Сендер бір-біріңмен дос болыңдар, көмектесіңдер, нағыз достар қиын кезеңде қасыңнан табылады, адал дос болу керек т.б.» дегенді жиі айтып, достықтың мәнін түсіндіруге тырысамыз.
Мұғалім баламен нағыз дос болуы үшін оның ең сенімді адамдарының бірі болуы керек. Баланың мұғалімге деген сенімсіздігі жойылған кезде бала бойында еркіндік пайда болады. Оның ішкі сырын бөлісетін адамы болу – бала үшін үлкен бақыт. Өйткені, айналасындағылардың басым көпшілігі оны бала деп санайды да, оның шын көңілімен ақтарып, салғысы келіп тұрған ой-пікіріне көңіл бөле бермейді.
Ал, мұғаліммен қарым-қатынасын шынайы достықтың деңгейіне жеткенде оқушы үлкен табыстарға қолы жеткендей қуанады. Мұғалім болса, оқушымен достасудың арқасында биік мұратына жетеді. Мұғалім жасөспірімдермен достықты нығайта түсу үшін, үнемі олардың жақсы істерін мақұлдап, арман-тілектеріне ортақтасып отырады.
Жасөспірімдердің ішінде шеттеп қалған бала болмауы керек. Мұғалім әрқайсысымен жеке-жеке сырласуға тырысады. Бірінің ісін біріне мадақтай отырып, өзара сыйластығын нығайтуды көздейді. Сенімнен шыққан оқушылар тм елгезек, тапсырманы тез орындауға, шамасының келгенінше еңбектеніп жатады. Олардың мұғалімге деген ыстық ықыласы мен білімге дегенынтасы мұғалім шабытын оятып, жанын қамшылауға ықпал етеді.
Жоғарғы сыныптарға барғанда ұстаз беделі төмендей бастайды. Өйткені, қазіргі оқушылардың сыртқы ортадан алатыны, көңілге тоқитыны өте көп. Сондықтан да оқушылардың ұстаздарға қояр талабы да өте зор. Осы арада ізденбейтін, білім таяз, эстетикалық талғамы төмен ұстаз әрқашан да беделін жоғалтатыны даусыз. Ең қынжыларлығы, оқушылармен тіл таба алмай, оларды сабаққа қызықтыра білмегендердің тыныш отырмаған немесе сабақтан шығарып жіберуі. Керісінше, ұстаз жасөспірімнің ойына, талап-тілегіне жол шып, сабағынтартымды да қызықты өтетін болса, ешбір шәкірт сабақтан қалмауға, кешікпеуге тырысады [6].
Жасөспірім өзінің мүмкіншілігін дұрыс бағалап, өзіне дербес азамат деп қарауы тек өзгелермен үздіксіз қатынас жасап, соларды жақсы білуден пайда болады.
Жеке тұлғаның қалыптасуына жасөспірім мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың орны ерекше. Қандай адам болсын, мейлі оқымысты, мейлі қарапайым жұмысшы болсын, мектеп өмірі туралы, мектеп қабырғасында жүргенде өзіне үлкен әсер еткен мұғалім туралы аса бір жылылықпен еске түсіруге жиі кездеседі.
Мұғалім мен жасөспірім қарым-қатынасы ғылыми тұрғыдан қаралатын күрделі мәселе, өйткені оқушының өзін қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы оқушы мен мұғалімі екеуінің қарым-қатынасы негізінде қалыптасады, сондықтан бұл қарым-қатынас жасөспірімнің жеке қасиеттерінің қалыптасуна зор ықпал етеді. Ал екінші жағынан, ғалым М.Шульцтің көзқарасынша: «Мұғалім мен оқушының жеке қарым-қатынастары әс-әрекеттер атқару нәтижесінде туындауы қажет», осы пікір мен ол зтиканың фетишизмге қарсылығын білдіріп, бүкіл педагогикалық назарды оқу-тәрбие жұмылдыру қажет деп табады.
Мұғалім мен оқушы — әр түрлі екі субъект. Мәселенің негізгісі осы әр түрлі рухани дүниені бірлестіру. Педагогикалық тұрғыданқарағанда, тәрбиеленушіге нәтижелі ықпал ету үшін тәрбиеленушінің мұғалімді қабылдауы ғана емес,керісінше, мұғалімніңде тәрбиеленушіні қабылдауы қажет.
Егер күнделікті тұрмыста біз «Мен» ұғымының «Сен» ұғымымен сәйкессіздігіне үнемі кездесе берсек, педагогикалық қарым-қатынаста қателік жібергеніміз. Бұл «Мұғалім – оқушы» қарым-қатынасының бұзылуына әкеп соғады. Қарым-қатынас мұғалім мен оқушының рухани баюы. Бұл нәтижеге тек қана мұғалім оқушыға өзінің дәрежесіндей тең қарағанда ғана жетуге болады. Бұл қандай қарым-қатынасты білдіреді?
Біріншіден, мұғалім жасөспірімнің рухани дүниесіне үлкен құрметпен қарап, оның еркіндігін мойындап, оның келісу-келіспеу құқына және іс-әрекетті таңдау құқығына ие екендәгін тануы.
Екіншіден, оқушының дүниеге деген көзқарасын түсініп, оның қайғысы мен қуанышына ортақтасу.
Үшіншіден, оның өзіне тән жеке қасиеттері мен ерекшеліктерін қабылдай білу.
Кері байланыс, біреудің екіншіге деген қызығу қарым-қатынасынан туындайды. Жатсыну, бір-біріне селқостық өзара қызығу жоқ жерде пайда болады. Мұғалімдер қалыптасқан әдет бойынша өзімен әңгімелескен оқушыға өз сырларын айта бермейді. Өзінің оқушылары, жұмысы туралы бәріне әңгімелеп бергісі келіп тұрса да, ол басқа әңгімелесушініңжан дүниесіне саңырау болады. Жасөспірімдермен қарым-қатынаста да осы «Мамандық қасиеті» айқын көрінеді, көп жағдайда мұғалімнің оқушымен өзінің монологіне, ал мазмұны ескеру мен үйретулерге толы болады. Мектеп мұғалімдеріне мынадай сөйлемді аяқтауларын ұсынғанда: « Мен қарама-қарсы келе жатқан оқушыны көрген кезде…» Көпшілігі «Оған ескерту жасағыш келеді» деп аяқтаған. Мұндайда педагогикалық қарым-қатынас мүмкін емес, өйткені оқушы бұл жағдайда тек қана объект болып саналады.
Қарым-қатынас басқа біреудің жан дүниесіне, «Мен» ұғымына ену. Бұл оңай емес, өйткені өзіне ұқсамайтын басқаның жан дүниесіне ену үшін психологиялық дайындық қажет.Сондықтан қарым-қатынасты ұйымдастыруда субъектінің психологиялық жағдайын ескеру өте маңызды болып табылады. Өйткені, субъектілердің кез-келген қарым-қатынасы психологиялық кеңістікте өзгеріс туғызады. Мысалы, ұлы кітап оқып отырады, ал шешесі өзінің жаңа көйлегіне пікірін білдіруді сұрайды немесе бала мұғалімге үйде салып келген суретін көрсетіп, оның сурет туралы пікірін білгісі келсе, мұғалім оған көңіл аудармай, «саусақтарыңды бояумен осынша неге былықтырғансың» деп ұрсады. Мұнай шұғыл өзгерістер біреуінің тарапынан міндетті түрде келіспеу, наразылық туғызады. Егер керісінше бұл жағдайды түсіне қоймаса, онда жанжал туып кетуі мүмкін. Мұны төмендегідей рөлдік жағдайларда тексеруге болады.
- «Жүр менімен! Сен маған көмектесесің!»
- оқушы есебін шығарып отырған досына бұйырып сөйлейді.
ә) Жаңа сабақты қабылдауға дайын отырған оқушыларға мұғалім кенеттен: «Бүгін және тап қазір бақылау жұмысын өткіземін» дейді.
б) Театрға жиналған қызына шешесі: «Кіре берістің еденін жушы» деп өтінеді.
Тіпті шебер ұйымдастырылған ситуацияларда болсын, біз психологиялық жағдайдың бір-біріне ауысуының оңай емес екеніне көз жеткізгендейміз. Бұл үлкен күшті қажет етеді және біреуді қарым-қатынасқа түсіретін адам оның жағдайымен санасып, алдын-ала дайындық жүргізуі керек. Мысалы, ақылды ана ойнап жүрген ұлына «аздан соң ұйықтау керек» юеп ескертеді. «Жұмысты аяқтауға екі минут қалды» деп хабарлайды мұғалім. «Енді тағы біраз ойнаңдар, сосын жұмысты бастаймыз» деп, тәрбиеші тірбиеленушілеріне бағдарлайды. Қарым-қатынас көлденең жазықтықта (мұғалім мен жасөспірім бірдей) және тік жазықтықта (мұғалім жасөспірімнен биік, ал мүмкін кей жағдайда жасөспірім мұғалімнен биік) болады. Көлденең қарым-қатынас жемісті, ал тік қарым-қатынас үнемі оқушыны қарама-қарсылыққа итермелейді.Көлденең қарым-қатынасқа жету үшін, біріншіден, оқушыны ойша өзіңмен қатар қою, екіншіден, оқушыға жоғарыдан төмен қарамауға төселу қажет. Бұл үшін әуелі оқушылар отырса отырып, тұрса тұрып сөйлеу керек [7]. Біріншіні іске асыру жеңіл, ал екіншісі ыңғайсыз, өйткені мұғалімдер көбіне оқушыларды бақылау үшін орындарынан тұрып қарым-қатынас жасайды.
Бірақ, ересектер осы көлденең қарым-қатынастың аса қажет екенін іштей сезеді, олар баламен еңкейіп сөйлеседі, олармен қатарласып отырады, алдына отырғызады.
Қарым-қатынаста мұғалім ұстанатын арақашықтықтың да өзіндік маңызы бар. Бұл әр мұғалімнің балаға деген көзқарасының әр түрлілігінде. Мұғалім балалардан неғұрлым қорықса және өз күшіне сенбесе бұл арақашықтықтың алыстауына әкеп соғады және мұғалімнің беделіне нұқсан келтіреді. Әрине, арақашықтықты құралмен өлшеп, оның математикалық өлшемі бар депайту мүмкін емес. Оның негізі – мұғалімнің тәрбиеленушіге селқос көзқарас танытуды, сонымен қатар оның жеке өміріне де қол сұғынбауы. Қарым-қатынасты дұрыс анықтау шығармашылықта талап етеді, әр мұғалім бұл мәселені өзі шешеді. Мектеп тәжірибесін бақылағанда мынаны байқауға болады, мұғалімдер жасөспірімдерге өздерін сөзсіз тыңдату үшін өте алыс арақашықтықты ұстап, одан айырылмауға тырысады. Өз жұмыстарында жасөспірімдерге өмірді, айналадағы әлемді таныту мақсатын қойған мұғалімдер оқушылармен өте жақын араласуы мүмкін. Арақашықтықты оқушыға білдірмей өзгертіп отырады. Оқушының тәртіпсіз қылығын көргенде қаталдау қарап, ал керісінше жағдайда жақын тартады.
Арақашықтық өлшемі сонымен қатар мұғалімнің оқушымен сөйлесуінен «сіз» және «сен» түрінде – еркелету мен ресми дауыс ырғағынан ( суық және жылы, жұмсақжәне қатқыл ) көрінеді.
Ақылды мұғалім еш нәрсені назардан тыс қалдырмай, оқушыны білдірмей жетелейді, байқатпай-бағдар береді. Қарым-қатынастың әрдайым екі жақты көрінісі болады. Ол арқылы хабар жеткізіледі және қабылданады. Қандай болмасын хабар белгілі бір жүйелілікпен жүзеге асырылады. Мәселен оған тіл, практикалық жаттығуларды (түрлі сыртқы әрекеттер жатады) алуға болады. Олай болса, қарым-қатынастың адам өмірінде алатын орны ерекше дей отырып, жұмысымыздың шарықтау шегін көру мақсатында ұйымдастырылған тесттік жаттығулардың, әңгіменің, сабақтардың өзіндік ерекшелігіне, мәніне талдау жасай отырып, мәселенің айқындылығын ашуға болады.
1.2 Қарым-қатынас арқылы өзіндік сана дамуының психологиялық мәні
Адам өзін-өзі тани түссе, одан әрі жетілуге ұмтылады, өмірлік тәжірибе жинақтайды, ақыл-ойы ұлғаяды. Ал ақиқатқа қол жеткізу адамның өзін-өзі жетілдіруге бағыттайтын айқын жол және ол шексіз-шетсіз. Біз сондай күшке иеміз әрі танымдық мүмкіндігіміз мол. Өйткені адам алға ұмтылады, Өзі кім және не үшін өмір сүретінін бағамдайды. Адамзат баласы ақиқатқа таным арқылы жол ашады. Неміс халқының белгілі лирик ақыны И.Гетенің «Фаусты» — соның нағыз айғағы. Виктор Гюго таным көзін жүректен іздейді. Демек, ақиқат – адамзат баласының ең жоғары рухани құныдылықтарында. Орыс жазушысы Л.Толстой, неміс жазушысы Г.Лессинг өз шығармаларында осы рухани құндылықтар туралы тебірене қалам тербесе, қазақ ойшылы әрі ақыны Ш.Құдайбердіұлы «Үш анық» философиялық туындысын жазып қалдырды. Өткен ғасырдың басында өмір сүрген ағартушы А.Байтұрсынұлының еңбектері өз алдына бір төбе.
Әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби орта ғасырдағы ғылымдардың салаларын жүйелей отырып, психология ғылымын адамның рухани өмірімен байланыстырып, оған жан жүйесі, жан қуаттары деген атау береді. Дегенмен, бұл ғылымның ертедегі грек ғұламаларынан бұрын да әлемдік кеңістікте сөз болып зерттелгені тарихи деректерден мәлім. Мәселен, ертедегі шығыс елдері – Үндістанда, Қытайда, Вавилонда, Таяу Шығыс елдері мен Орта Азияда жан туралы жүйелі түсініктер болған.
Психология ғылымы өз алдына дербес пән болып қалыптасқаннан кейін, адамның жан дүниесі жайындағы киелі мәселелерді қамти отырып, адам баласының ақыл-ойы мен жан дүниесін тәрбиелеу саласында кеңінен қолданыла бастады [8]. Мұндай тарихи фактордан ХІХ ғасыр ортасында тәлім-тәрбие мәселелерімен шұғылданатын педагогикалық психология саласы қалыптасып, ол өскелең ұрпақтың жан дүниесін тәрбиелеп өсіру мәселелерін зерттейтін болды.
Әлемдегі өркениетті елдер сияқты біздің өсіп-өнген отанымыз және туған еліміз Қазақстан топырағында да адамның жан дүниесінің сырын ашып көрсетіп, оны тәрбиелеп дамыту жайныда ХІV-ХІХ ғасыр аралығында өмір сүрген ғұламалар мен данышпандар, ақындар мен жыраулар, ел-жұрты мен халқына өнеге көрсеткен ғалымдардың туындыларында үнемі сөз болып отырған. Біз бұл жайтты жеке мәселе етіп қарастырған қазақ педагогтары мен психолог мамандардың еңбектерінен жақсы білеміз (А.Байұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбергенұлы, С.Торайғыров, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, т.б.). ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ұлы ғұламаларымыз және ақылгөй даналарымыз Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин сияқты алыптардың тәлім-тәрбие, адамның жан дүниесі жайындағы ой-пікірлері мен туындылары өз алдына арнайы психологиялық тұрғыдан сөз болуы тиісті тұлғалар.
Қазақ топырағында ХХ ғасырдың басында адамның жан дүниесінің сырына терең бойлап, оны ғылыми психологиялық тұрғыдан іздестірген Ж.Айтмауытов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамбетов, тағы басқа ағартушылар мен педагогтар психология пәнінен арнайы оқу құралдары мен еңбектер жазды. Ғасырдың басында өмір сүрген және психология ғылымы саласынан арнайы еңбек жазған қазақ ағартушылары өз кезегінде қазіргі кіндік Азия елдеріндегі көрнекті психолог және ағартушы мамандар еді.
Психология ғылымының Қазақстанда кеңестік дәуірде өріс алған кезеңі осы ғасырдың 30-80-ші жылдар аралығы. Бұл кезеңде адамның жан дүниесінің сырын қазақ халқының ұлттық және этностық ерекшеліктерімен ұштастыра зерттеген психолог мамандар: Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Ұ.Супиев,А.Темірбеков, С.Балаубаев, т.б. бұл пәннен оқу құралдарын жазып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданды.
Адам — табиғатты ақыл-ойымен танып білетін ерекшелігі бар күрделі жан иесі. Ол өз өмірі ғана емес, өзін қоршаған болмыс пен құбылысқа белсенді түрде әрекет етуші саналы ақылды да тұлға. Ал психология ғылымы осы тұрғыдан алғанда адамның жан дүниесінің сырына терең үңіле отырып, оның барлық дерлік тіршілігінің қожасы екендігін көрсетеді. Демек, адам тек өзін-өзі бақылап тексеріп қана қоймай, тіршілік бейнесін ақыл-ойы мен парасатына сүйене отырып, өз ырқына көндіре алады. Осы айтылғанның барлығы психология ғылымының адамтану жайындағы пәндердің арасындағы жетекші ғылым екенін көрсетеді. Адамның жан дүниесі, оның еңбегі анық дауыстап сөйлеуі және заттар мен құбылыстардың мән-жайын танып білетін ойлау әрекеттері арқылы айқындалады.
Ертедегі грек жұртының данышпаны Сократ бір ғибратты сөзінде «өзіңді-өзің тани біл» деген екен. Ғұламаның осы айтылған даналық ойының өміршеңдігі адамның жан дүниесіне терең бойлап, оны жан-жақты танып білу қажеттілігінің мәңгі жалғаса беретіндігінде жатыр.
В.В. Зеньковский «Балалық психология» атты монографисында өздік сана мен өзіне баға берудің дамуы баланың қиял-ғажайып дүниесінде бейнелілік көрсеткен болатын. Ішкі тәжірибе мен әлеуметік әсердің дамуына өздік сананың екіге жарылуы «Меннің» дамуына кері ықпалын тигізеді. Жеке бастың дамуында, кейбір сәттерде, өмірдегі нақты дүние қиялындағы бейнелермен де шатастырылады. Жеке бастың дамуындағы үрдісте жауапкершілік сезімін қалыптастыруды бірінші орынға шығара отырып, В.В.Зеньковский бала бойында болашақта қалыптасатын эмпирикалық «Мен» бейнесі оған негіз болатынын айрықша бөліп көрсетеді.
В.В.Зеньковскийдің пікірінше, баланың жан дүниесі өктемдікке (империядан тыс) аса құштар емес. Яғни, баланың белсенділігінің орталығы болып табылатын эмпирикалық жеке бастың қалыптасуына ерік-жігер мен зерделіліктің дамуы игі ықпал етеді.
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейі рухани байланыс екені әлмисақтан белгілі. Рухани байланыс әңгімелесушінің рухани әлеміне бойлап енуден, бір-біріне қызықтыратын ақпарат беруден тұрады. Ал А.В.Добрович рухани байланыс үрдісіне әңгімелесуші рухани ілімді таратушы ретінде қабылданып, рухани қарым-қатынаста кез келген жас шегіндегі адамның рухани сыңар бола алатынын атап көрсетеді [9]. Осыны ескере отырып, баланың рухани әлемін тұтастырады да, үлкендер де байыта алатынын айрықша айтқымыз келеді.
Психолог ғалымдар рухани әлемдегі байланысты бір-біріне көрініс табу, бір-бірін хабардар ету, бір-бірінен бөлініп қалу деп үш фазаға бөліп қарастырады. Байланыс жасап жүрген сыңарынан өзін қызықтыратын дүниені табу-баланың, тіпті, үлкен адамның өз рухани әлеміне «сүйікті» болып енуі байланыстың бірінші фазасында атқарылатын үрдіс.
Рухани байланыстың екінші фазасы – бір-бірінен көрініс табуы. Содан кейін барып терең түсіністік негізінде — өзінің рухани сыңарының нәзік жан дүниесін қадірлей отырып, рухани әлемдерінен хабардар етіп, сана-сезімдерінің өзгерулеріне ықпал-әсерлерін тигізеді.
Үшінші фаза – сыңарларының бір-бірінен бөлініп қалуы. Жасөспірімдерді өзара қарым-қатынас жасаудың тәсілдерді меңгерудің, соның негізінде үлкендер және тұстастарымен рухани байланыс жасаудың маңызы ерекше. Өйткені, ақпаратты бөліп-бөліп немесе тұтасымен бере білу қабілеті балаға басқалармен байланыста болудың ұзақтығын бақылауға және реттеп отыруға мүмкіндік туғызады.
Әңгіменің жарасуы, тіл табысу, сыңарының жеке басына деген шынайы қызығушылық, бір-бірін қадірлеу мен бағалаушылық рухани байланыстың басты буыны болып саналады.
Белгілі психолог Е.В.Субботскийдің психикалық дамуға: баланың рухани және дене бітімі жетілуін, психикалық даму мен физикалық дамуын айыра білуі қажет деуі назар аударарлық тұжырым. Өкінішке орай, қазір тәрбиешілер бұл мәселеге аса назар аудармай отыр. Шынында да, педагогтардің режимдік міндеттері бастан асады да, рухани дамуын ескере бермейді. Сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу, бағдарламалық талаптарды орындау, балалар әрекетінде басшылық жасау (кей топтарда 25-тен астам) – бұлар педагогтік қызмет тізімінің бір бөлшегі ғана. Сондықтан да жеткіншекті рухани жағынан жан-жақты дамыту ісімен айналысуға мұғалімнің уақыты жете бермейді. Десек те, бұл мәселені назардан тыс қалдыруға әсте болмайды.
Психолог Т.Н.Дауылбаева белгілі психолог-ғалымдардың зерттеу еңбектеріне сүйене отырыеп, «Мен» бейнесін дамытудың бағдарламасын жасап шыққан.
- өзі туралы түсінігін қалыптастыру;
- өзіндік «Мен» бейнесін дамыту, өзін-өзі тану тәсілін қолдана білу (өздік қабылдау және өздік бақылау);
- әлеуметтік диференциация дағдысын, өздік жыныстық сана қалыптастыру. Өзіне және айналасындағылармен қалыпты қатынасын қалыптастыру, өзінің күші мен мүмкіншілігіне деген сенімін нығайту;
- басқалармен қалыпты қарым-қатынас жасау сапасын: мейірімділікті, қамқоршылықты, көпшілікті, шыдамдылықты, жанашырлықты, ұқыптылықты, еңбекқорлық пен адалдықты және т.б. дамыту;
Өзіндік сана мәселесі педагогика және психология саласында әлі де, терең зерттеуді талап ететін маңызды мәселе болып табылады.
Жеке тұлға алдымен белгілі қоғамның мүшесі. Ол қандай болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, белгілі дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары мінезі, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген өзінің іс-әрекетін тізгіндей алатын кісі. Әрбір адам өзіндік тәрбие, өзіндік бағалау, өзіндік түсіну арқылы өзін — өзі таниды. Өмір адамның сыртқы дүниесін танып біліп қоймай, сондай – ақ өзін де танып білуді талап етеді.
Өзіндік баға тұлғалық білім беру мен оның өзіндік дамуының күрделі негізі [10]. Мұнда адамның басқалардан өзі туралы біледі, өзінің әрекетін белсенділігінің неге бағытталғанын және жеке тұлғалық сапаларын ұғынады. Бірақ, осыған қарамастан тұлғаның дамуында өзіндік бағалау ерекше орын алады.
Әрбір адам өзіндік тәрбие, өзіндік сөйлеу, өзіндік бағалау, өзіндік ұғыну арқылы өзін — өзі таниды. Адам өзінің сыртқы дүниесін ғана танып қоймай, сондай – ақ сол арқылы әрекет жасауға тырысады. Адам обьективті шындықты бейнелендіре отырып, сол процестерді ғана емес, сонымен бірге сезіне алатын және ойлай білетін тіршілік иесі ретінде өзін — өзі, өзінің мұрат – мүдделерін, адамгершілік бет – бейнелерін де саналы түрде түсінуге шақырады. Өзін — өзі бағалау тұлғаның өзіндік дамуы мен жетілуінің маңызды факторларының бірі болып табылады. Тұлғаның тұрақты өзін — өзі бағалауы оның дұрыс, үйлесімді қалыптасу негізінде жатыр. Өзін — өзі бағалау адамның мінез – құлқы ғана емес, оның тұлғалық сипатына да әсер етеді. Тұлғаның жас өспірім шақтағы қалыптасуы тек ол өскен орта ғана емес оқушының өз талаптарына жауап бере алуына да байланысты.
К.Левиннің және оның шәкірттерінің еңбектерінде тұлғаның қажеттіліктері, оларды қызықтырушылар деңгейі зерттеу нәтижесінде алынған деректер бойынша өзіне баға беру тұлғаның берілген тапсырманы орындау жетістіктері немесе кемшіліктеріне, топтағы мәртебесіне тәуелді екендігі көрсетіледі.
Өзіндік бағалау К.Роджерс пікірінше, қоршаған әлеуметтік ортада бейімделуге, оның ішкі талаптары мен сыртқы психологиялық жағдайларының үйлесіміне әсер етеді және өзіне баға беруге икемділік бұрынғы құндылықтарды жаңадан бағалауға мүмкіндік береді. Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мен өзіне баға берудің маңыздылығы американ психологы К.Роджерс еңбектерінде айтылған. Ол тұлға құрылымында өзін өзі тану мен өзін бағалау маңызды екенін зерттеген. Бірақ Роджерс тұлғаның қоршаған ортаны, өзара қатынастарымен қатты байланыстырып жіберген, осы қатынастарды нақты «Мен» және идеалды «Мен» арасындағы қатынастық жалғыз факторы ретінде көрсеткен.
Адамның бойында қолдау тапқан өзін өзі бағалау тек сол тұлғаға ғана тең және сол адамның дара психологиялық жағдайы, ішкі дүниесі [11]. Осындай пікір, өзін — өзі бағалауды зерттеп білуге, оқып – тануға болады, себебі адамның іс -әрекетінен өзіне берген бағасы көрініп тұрады. Баланың бойында қоғамнан аластатылған, ешкімге керек емеспін, еш нәрсемен ісім жоқ деген ойлар болады. И.Куперсмит «Өзін өзі бағалау шарттары» деген кітабында өзін — өзі бағалаудың психологиялық сипатын көрсетті. Куперсмиттің ойынша өзіне баға беру – жеке тұлғаның өз бағасын білу сезімінде, ал өзгелерге тұлғаның кейбір әрекеттерінен білінеді.
Розенбург өзіне өзі баға беруді зерттеп, жеке тұлғаның идеалы мен нақты жетістіктерінің қатынасы өзіндік танудың мәне болып табылатындығын айтқан. Бұл пікір У.Джемстің зерттеуімен қатарлас келеді. Өзіне өзі баға беру жетістіктерге тура пропорционал жеке тұлғаның алдына қойған мақсатына жететін жетістіктеріне кері пропорционал. К.Гроув баланың өзіне баға беруіне үш түрлі фактор әсер ететіндігін анықтап берді. Олар: жазалау, қадағалау және психологиялық қолдау. Оның ойынша, өзін — өзі бағалау көбіне әкесіне қарағанда , анасының іс — әрекетіне қатысты. Ата – аналардың мінез – құлқы қыз балаға қарағанда ұл балаға қатты ықпал ететіндігінде. Бұл зерттеуге анна баланың өзіне баға беруі арасында байланыс бар екендігі тіркелген. Анна балаға қамқор болып, қолдау көрсетіп отырса және кінасы үшін қатаң жазаламаса, баланың бойында өзіне — өзі бағалауға жағдай жасалады [12]. Егер бала анасының қамқорлығын сезінсе, ол өзіне де сондай баға береді.
К.Хорнидің тұлғаның бойындағы қиын ішкі дағдарыстар өзіне артық баға беруден, өзімшілдіктен туындайтындығын сипаттап, «Мен» деген өзімшілдіктің нақты «Мен» қақтығысы болатындығын тұжырымдаған. Г.Салливен өзіне баға беру адамның мінезіне бақылау жасайды деп көрсетеді.
Өзіне баға берудің атқаратын қызметі адамды ішкі толғаныстардан сақтау. Өзін бағалау қоршаған ортаға ыңғайлану, қоршаған ортамен қатынасқа түсу арқылы біржақты баға беріледі. Сонымен жоғарыдағы ғалымдардың зерттеулерінен өзін өзі бағалау қоршаған ортаның қатынастарынан, оның әлеуметтік ортаға бейімделуі, оның сыртқы талаптарының сыртқы жағдаймен үйлесуі екендігін көреміз.
Кеңестік кезеңдегі зерттеулер өзіндік бағалауды тұлғаның өзін тануының, оның қалыптасуының өмірдегі іс -әрекетінің нәтижесі деп түсіндірді. Өзіне баға берудің қоғамдық сипаты бар және әлеуметтік құбылыстардың өзгеруіне байланысты қалыптасатындығын Б.Г.Божович, Л.И.Ананьев, С.Л.Рубинштейн еңбектерінен көреміз. Өзін өзі бағалау еңбектің, қарым – қатынастың қиын өнімі, мінезді үйлестіру және қоршаған ортаға қатынас әрекетінен туындайды.
Өзіңді басқалармен салыстыру, теңеу өзіне баға берудің алғы шарты екендігін тұжырымдаған. Адам өз әрекетінде өзін өзгелермен салыстырып, басқалардан байқаған қылықтарды өз бойынан іздеп, кемшілігін түзетуге ұмтылыады. Л.И.Божовичтің өзгені тану өзіңді танудан бұрын қалыптасады және оның негізі мен тіреуі болып табылады.Тұлғаға тән кейбір қасиеттерді қайталап, өзіне алуға тырысады.
Осындай көзқарастардың ішінде Б.Г. Ананьев адамның өзі туралы пікір қалыптасуға ұжымдық өмір, жағдайлар мен әрекеттерге дұрыс баға беру шешімі маңызды орын алатындығын айтқан.
Өзін өзі бағалауды В.С.Мерлиннің пайымдауынша, өз әрекетіңді бағалауда ұжымның берген бағасы, әлеуметтік бағалау маңызды қызметке ие болатындығын ерекше атаған. Әлеуметтік баға толық және жан – жақты болған сайын, бала оны терең таниды және бұл тұлға қалыптасуына үлкен әсерін береді.
Адамды адамның тану ерекшеліктерін А.А.Бодалев жас және жеке дара ерекшеліктеріне бөле отырып, неғұрлым жасы үлкейген сайын олардың қабілеті, танымы мен сенімі туралы пікірлері өзгере түседі, олардың еңбекке көзқарасын, адамның еркі мен өзіне тән ерекшеліктерді жақсы ажыратады. Адамның өзіндік сипат белгілері – оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндегі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы тәжірибе алмасатындығы .
Жеке тұлға обьектіге түрлі мақсатты көздеп қызығады. Өмір сүретін ортасына қоғамдық (экономикалық идеологиялық) тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Бұл жеке тұлға сөзімен “Мен концепциясы” деп атайды. Роджерс көзқарасы бойынша жеке тұлға сыртқы обьектілерді өзінің ішкі әлемінде қабылдайды.
Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым – қатынас жасайды. Осындай әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары, қадір қасиеттері, іс-әрекет жасау қабілеттері қалыптасады. Тұлғаның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді [13]. Қазіргі кезде психологтар жеке тұлға бірнеше Мен-концепциясын иемденуі мүмкін дейді, олардың біреуі – жақсы, екіншілері — нашар, үшіншілері-жеке тұлғаның қазіргі шағы, төртіншілері — болашақ мүмкін болатын «Мен» концепциясы. Іс — әрекеттің белсенді болуы жағдайында өзінің әрекетін бағалау психологияда әр алуан көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі – австрия ғалымы З.Фрейдтің пікірі. Ол адам бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылыс екенін дәлелдеді. А.Кординер, Е.Фромм, К.Хорни т.б. көзқарастары адамның дамуындағы өзін өзі бағалауда іс-әрекетке жан – жақты сипаттама жасаған. Өзін — өзі қалыптастыру адамның тұлғасын жан – жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. Өзін — өзі қалыптастыру ережесі төмендегі мінез-құлық пен жеке қасиеттерге:
- асқан сабырлылық;
- сөзбен іс — әрекетте жауапкершілік;
- іс — әрекетті жан – жақты ойластыру;
- батылдық;
- санасыз уақыт өткізбеу;
- өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау;
- әуестік пен құмарлыққа емес, қажеттілік және жетістікке ұмтылу;
- күнделікті өз істері туралы есеп беру;
- жалаң сөз емес, іс — әрекет нәтижесін көрсету;
- болғанды, болатынды мақсатсыз мақтанып айтпау.
Балалар мен ересек адамдардың әр алуан іс – қимылы нәтижесінде олардың автоматталған әрекеті – дағдылары, іс — әрекет түрлерін орындауға бейімділігі мен ептілігі, тіршілікке қажетті әдеттері қалыптасып, адамның анатомиялық, физиологиялық және психикалық жағынан дамып жетілуіне әсер етеді. Оның рухани өмірінің мазмұнын байытады. әсіресе өзінің іс — әрекетін қадағалап, жағымды жетістікке жетуге мүмкіндік алады. Өзін өзі бағалау арқылы іс -әрекетінің нәтижесін қадағалайды. Дағды, ептілік, ниет, әдет адамның өзіндік бағалауының алғы шарттары. Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады [14]. Оның дыбысты анық тілі, еңбектену әрекеті қоғамдық жағдайда, бір – бірімен қарым – қатынаста қарастырылады. Іс — әрекеттің жеке тұлға дамуындағы ерекшеліктері әрекетінің нәтижесінен көрінеді. Оқу, еңбек, ойын – адамның дамып жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі әрекет түрлері. Сол әрекеттердің жас ерекшелігіне сай орындалуы да өзіндік іс -әрекетті бағалаудың нәтижесі. Өзін өзі бағалау арқылы орындалатын әрекеттің мақсаты мен міндетіне байланысты.
Адамының іс — әрекетін тиімді ұйымдастыру оның өз ісіне қызығу мен жауапкершілік сезімін оятады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы көрсетсе, мектеп оқушысы оқу әрекетінің нәтижесімен бағалаланды. Ал ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Осындай мәселенің байыбын барлап оның тиімді жолын табу әлеуметтік өмірде адамның жеке басының қалыпты дамуын қамтамасыз ете алмай, оған зиянды әсер етері даусыз. Мақсатсыз ұйымдастырылған іс — әрекет болашақ ұрпақтың бойында да жағымсыз мінез-құлықтардың туындауына ықпал етуі мүмкін. Іс — әрекетті баланың дамуы мен оның қалыптасуына жағымды әсер ететіндей жоспарланады.
Адамдар өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі организм тіршілігі үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи қажеттілігімен бірдей. Бұл мәселенің өзектілігі қазіргі кездегі адамдардың іс-әрекетінің ұжымдық ерекшелігінің артуымен байланысты, тәжірибенің талаптарымен байланысты және адамдарды ұйымдастырудың, басқарудың тиімділігінің өзекті мәселелерімен, олардың араларындағы қарым-қатынастың күшеюін реттеу, тәрбиелік және психотерапиялық әсерлерді қолдану мәселеріне байланысты. Сондықтан, баланың іс — әрекетін ұйымдастыру арқылы оның неге қабілетті екенін анықтаумен қатар болашақта жағымды жетістікке жетуге мүмкіндік туғызады. Ол баламен оған бағыт беруші ата-ана, педагог немесе үлкендердің ықпалымен іске асады.
Біріккен іс-әрекеттің тиімділігі, көбіне жеке тұлғалық және топтық мүмкіндіктердің қолайлы жүзеге асуына байланысты болады. Топтағы қолайлы іс -әрекет тек оның нәтижелерінің өнімділігіне ғана әсер етпейді, сонымен бірге адамды қайта қалыптастырады, оның жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Осыған байланысты өзара әркеттесудің стилін үйлесімді ету қажеттілігі туындайды. Топтық іс-әрекетті орындау барысында жеке бағалау мен топтық бағалау қасиеттері қалыптасады.
Өзін өзі бағалаудың психологиялық сипаты төмендегі деңгейде болады:
— Өзіндік бағалаудың дамуы – жағдайға байланысты іс — әрекет. Бұл деңгейде адам өзінің қылықтары мен тұлғалық сипаты арасында байланыс тудырмайды. Ол өзіндік «менді» іс — әрекеттің сыртқы нәтижесіне қарай бағалайды. Осыған байланысты бұл нәтижелер адам мүмкіндіктеріне сәйкес байланысты болуы қажет [15]. Сыртқы жағдайлардың бірден болуы өзіндік бағаны тұрақсыз етеді.
— Жағдайға байланысты сапалы бағалау. Бұл деңгейде адам өз қылықтары мен әрекетіне есеп береді. Тұлғаның қадір қасиеті толық көрінеді. Адамның мінез – құлқы мен дара қасиеттері арасында байланыс туындайды. Адам өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін саралап, өзін өзі тәрбиелеудің маңыздылығын байқайды. Өзін өзі бағалаудың тербелісте болуы өзін — өзі дамытуда жағдайға байланысты қарасытрылады.
— Сапалы консервантты деп аталады. Мұнда тұлғаның қылықтары мен қасиеттері арасындағы тура байланыс бұзылады. Тұлғаның қасиеті нақты қылыққа байланысты оның танымына обьективті шындық түрде бейнеленеді. Нақты іс — әрекет тұлғаның қасиетін толық көрсетпейтінін таныған тұлғаның ішік таным дүниесі оның іс әрекетінен бөлінеді. Өзін — өзі бағалау толық емес болады, жеке қылықтар арқылы жетістікке жету. Өзін — өзі қалыптастыру деген сенімі азаяды. Өзін — өзі тәрбиелеп дамытуға күш салмайды.
— Сапалы динамикалық. Тұлға қасиетімен қылығы арасындағы күрделі байланыс барлығымен сипатталады. Ішкі дүниенің қылықтан алшақтығы кедергіні жояды. Өзін — өзі бағалау обьективті адамның ішік танымының өзгеруіне сәйкес тұлғаның қасиеті қалыпты өсу деңгейінде. Өзіндік бағалау өзін — өзі тәрбиелеу қатынасымен есептеледі.
Өзін — өзі тану мен өзін — өзі бағалаудың пайда болуы тұлғаның белсенді әрекетіне, қоғам мен табиғатына, өзін танудың мақсатына байланысты. Өзін — өзі тану тұлғаның іс — әрекетіні танудың бір бөлігі ғана. Тану мен бағалау тұлғаның өзіндік мүмкіндіктерін білуге тұлға қоғамдық әрекет нәтижесінде, ішкі мүмкіндіктерін сезіну нәтижесінде болады. Өзіндік бағалау іс -әрекет нәтижесі мен жетістіктеріне, кемшіліктеріне баға беру.
У.Джеймс өзін — өзі құрметтеуді жетістіктің талапқа қатынасы ретінде көрсетеді. Адам өзін құрметтей түсетініне себеп – оның жетістіктерінің көп болуына байланысты. Өзін — өзі құрметтеу мен өзін -өзі бағалаудың қалыптасуына жеке тұлғаға тән психологиялық сипаттама үлкен маңызға ие. Олар адамның жетістіктері мен талаптары. Талап пен жетістік бір – бірімен тәуелді байланыста. Талап көбейген сайын жетістік те көбейеді. Әдетте адамның талабы оның жеткен жетістіктерінің нәтижесімен тексеріледі, ал өзін өзі бағалау талап пен жетістіктің қатынасымен анықталады.
Адамның өзіндік бағалауының қалыптасуына отбасының да орны ерекше. Ата – ана мен бала қарым – қатынасының ерекшеліктерін үйлесімді ұйымдастыру балаға жағымды әсер етеді. Ол өзін отбасы мүшесі ретінде сезініп, өз ойын ортаға салуға, ата – анасымен санасуға, әр іс -әрекетінде үлкендерге еліктеп өсуге үйренеді.
Сондықтан отбасында баланы жан-жақты дамытуда өзін өзі бағалауды қалыптастырудың тиімді ережелері:
- баланы сүю, құрметтеу, табиғи қабілетін ескеру;
- балалаға әсер ететін құрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын көңілден шыққандығы мәнді;
- баламен қарым-қатынаста оның жас ерекшелігімен, шамасымен шар болуы қажет. Сонда ғана үлкендер мен кішілер арасында қақтығыс жағымды шешіледі;
- баланың пікірін соңына дейін тыңдау, не айтқысы келгендігін түсіну, асығыс қорытынды жасаудан алдын алу;
- жазалауды баланың дамуына әсер етпейтіндей етіп жасау (бала жаман емес, оның іс-әрекеті дұрыс емес);
- балаға үйрететінді ең бірініші ата-ананың өзі толық меңгеруі қажет;
Өзін- өзі бағалау – адамға өз басын жетілдіру үшін, сондай-ақ өмір және еңбек жоспарларына сәйкес өз іс-әрекетін жолға қойып отыру қажет. Өзін өзі тәрбиелеу адам дамуының мүмкіндіктеріне жол ашады. ӨЗін жетілдірумен айналыса бастаған адам тәрбиелеудің обьектісі ғана емес, сонымен бірге субьектісіне де айналады, яғни оны тек қоғам ғана тәрбиелеп қоймайды, ол өзі күш жұмсап та тәрбиеленеді. Осы орайда отбасының балаға ықпалы маңызды орында. Отбасының балаларға тигізер әсері олардың өмірінің әр кезеңінде үнемі бірдей болмақ емес. Өкінішке орай, ересек адамдардың барлығы бірдей (әсіресе жас ата-аналар) жас балалрға тигізетін жанұя әсерінің мәнін онша аңғара бермейді. Ал бұл әсер өзінің маңыздылығы жағынан таңғажайып. Соңғы жылдары физиологтар, дәрігерлер және психологтар үш жасқа дейінгі балалардың әсіресе жанұя әсеріне, ең алдымен ана әсеріне берілгіштігін дәлелдеген. Эмоциялық жақтан қорғана алушылық немесе қорғансыздық сезімінен туындайтын өмірге деген бастапқы сенімділік немесе сенімсіздік негіздері, атап айтқанда, бала өмірінің алғашқы күндері мен айларында қаланады.
Бүгінгі уақыт талабы, саннан сапаға көшу, жеке тұлға өз бетінше тез шешімге келу, өз стратегиялық қалыптасуын анықтай білу қажеттілігін меңгеруден тұрады. Тек ақыл – ой қабілетін арттыру арқылы ғана, адам ойды өзіне бағыттай отырып, өзіндік заңдылықты түсінуге әкеледі, білімді меңгереді, қорытынды ой жасай алады. А.Н. Леонтьев тұлға теориясына мынадай сипаттама берген: «…бұл қоғамдық қатынастар жүйесінде өзіндік орны, өз іс -әрекетін нақты саналы реттей білетін адам…».
А.Н.Леонтьев өзінің «Іс-әрекет. Сана. Тұлға» еңбегінде тұлға психологиясы аясында жүргізген зерттеулерінде тұлғаның қалыптасуында өзінің іс-әрекеттік көзқарасының бастапқы бағыттарын нұсқай отырып, іс-әрекетіне баға беретін, адамның өзімен-өзі күресуінсіз қажетті мінез-құлықты қамтамасыз ететін жақтарын меңгеруі қажеттігін ерекше атап өтті.
Жеке адамның психологиялық бейнесін немесе тұлғаның психологиялық құрылымын зерттеп білуде өзіне маңызды басты 3 мәселені құрайды:
- Адам өмірден нені қалайды, оған не нәрсе тартымды, қызықты, ол нәрсеге талпынады?
- Оның қолынан не істеу келеді?
- Мұның өзі кім, ол қандай адам?
Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын өзіндік бағаның екі түрлі ерекшелігі бар. Оның бірі — әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар [16]. Бұл – адамдардың типтік мақсаттары мен байланысты теориялық мәселе. Екіншісі – сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологиялық айрықша маңызды биология мен әлеуметтік факторларға негізделе отырып қарастырылады. Биологиялық фактор – адамға туа беріліп,
Табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер, ал әлеуметтік фактор – адамның дамып жетілуіне тіршілік ортасының, қоғамның, тәлім — тәрбие істерінің әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады.
Адамның өзіндік психологиялық сипатын зерттеуде өзін — өзі бағалауда ерекше орын алатын іс-әрекет түрі – оның белсенділігі. Белсенділік іс-әрекетпен, оның бағдар – мақсатымен, өмір-тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы жайында психологияда әр алуан көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі Австрия ғалымы З.Фрейдтің пікірі. Ол адамның белсенділігі инстнктті әрекеттеріне, соның ішінде жыныстық еліктеу мен өзін-өзі сақтау инстинктіне байланысты дейді. Белсенділік әрекет адамның қажеттіліктерінен туындап, оны қанағаттандыру, мұқтаждықтарын өтеу әрекеттерімен ұштасады. Қажеттілік – адам белсенділігінің негізгі себебі және іс-әрекетке итермелеуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәлім-тәрбие ықпалымен қалыптасып, адамның материялдық рухани, қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырады.
- бала дамуының тұтас процесінің үш негізгі жағын бөліп шығаруға болады:
- оқыту процесінде білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы;
- игерілген тәсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы;
- жеке адамның жалпы қасиеттерінің (бағыттылығы, іс-әрекет, сана және ойлаудың психологиялық құрылымы) дамуы.
Тұлғаның қалптасуын Л.И.Божович жеке адамның ерікке ие болуы ретінде, оны өз өмірінің субьектісіне айналуы ретінде қарастырады: «Бала тұлғасының қалыптасуының жолы – оның тікелей ықпал етуші ортадан ақырындап бостандыққа шығуынан және оның осы ортаны да, өзінің жеке тұлғасын да белсенді түрлендіре алатын адамға айналуынан тұрады». Л.И.Божович тіркеген саналы сипаттағы амалда талаптардың бар екендігінің ұстанымдық маңызы зор. Баланың мотивациялық қажеттілік сферасындағы армандарының, өзін-өзі бағалауының, талаптану деңгейінің орны мен қызметін эксперимент тұрғысында зерттеумен байланысты мәселелерінің қарастырылуы тұлға психологиясындағы өте мәнді кезеңдердің бірі. Тұлғаның дамуында әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оны жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С.Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кең өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысында қайта құрылып, өзгеріп отырады.
Жас ерекшеліктері көптеген жағдайларың жиынтығымен анықталады. Бұл — әрі балаға оның өмірінің осы кезенде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі.
Адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде қажеттілік туындап отырады. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын оның қажеттіліктері. Кез-келген адамның бойында ішкі түрткі, қызығу сезімдері болады. Соның негізінде өзіндік бағалау пайда болады. Бұл “ Мен- концепциясы” негізінде орындалады. Мен-концепциясы әлеуметтік байланыс салдары. Оның құрамына:
- физикалық Мен –дене тізбегі;
- шынайы Мен – дәл қазіргі уақыттағы өзіндік мен;
- динамикалық Мен – субьектінің болашақта өзгеруі;
- әлеуметтік Мен — әлеуметтік интеграция сферасымен байланыс;
- экзистенциялды Мен — өмір мен өлімді бағалау;
- ерекше Мен – субьектінің өз пікірі бойынша қалай болуы, не істеуі керек, әлеуметтік нормаларды бейнелеу;
- қиялдық Мен- субьектінің егер мүмкін болса өзгергісі келуі;
Қазіргі кезеңде жаңа қоғам адамын тәрбиелеудегі басты нысана-адамның адами тұлғалық қасиетін сақтап қалу. Ол ең алдымен адам өзінің іс — әрекетін бағалаудан басталады. Демек, жаңа тұлғаны тәрбиелеуде, ең алдымен, әрбір жеке адамның дамуы үшін оның өзіндік табиғи табиғатын танып білу, сонымен қатар барлық интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту негізгі қағида болуы тиіс. Қазіргі еліміздің өркениетті нарыққа бет алған кезеңіндегі туындағын экономикалық, әлеуметтік қиындықтар тұлғаның адамгершілік қадір-қасиетінің төмендеуіне, салаутты өмір сүру ережелерінің бұзылуына өз әсерін тигізуде. Мұндай жағдайда тұлғаның қалыпты өмірін қамтамасыз етуге ықпал жасайтын адамгершілік адами қасиеттердің құндылықтарын бағалаудың қоғамдық-мәдени ортаның ролі ерекше.
Адамның тұлғалық қалыптасуы әлеуметтік жағдайларға тәуелділігі ертеден-ақ дәлелденген. Бұл туралы Л.С.Выготский өзінің зерттеулерінде ерекше мән берген. Ол адам әлеуметтік ортаның негізгі құрамды бөлігі деп есептейді [17]. Өз тарапынан орта мүлде өзгермейтін, қатып қалған. Ешнәрсе әсер етпейтін дүние емес, ол үнемі адамдық ойлы қарым-қатынаста болатындығын айта келіп, орта, сайып келгенде адам үшін әлеуметтік орта болып есептеледі де, адамға әлеуметтік тәжірибесі мен табиғи ықпал жасайды деген пікірді ұсынады. Л.С.Выготский әлеуметтік ортаны шартты түрде адамдар қарым-қатынасының жиынтығы деп есептей келе, әлеуметтік ортаның ерекше өзгермелі жаңа мазмұны, түрлері тәрбиенің өте икемді, қажетті құралы бола алатындығын дәлелдейді.
Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерекшелік бар. Оның бірі-әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар. Бұл адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориялық мәселе. Екіншісі-сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологиядағы айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделе отырып қарастырылады.
Биологиялық фактор-адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер, ал әлеуметтік фактор-адамның дамып жетілуіне тіршілік ортасының, қоғамның, тәлім-тәрбие істерінің әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады. Адамның өзіндік психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс-әрекет түрі-оның белсенділігі [18]. Белсенділік іс-әрекетпен, оның бағдар мақсатымен, өмір-тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы жайында психологияда әр алуан көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі-Австрия ғалымы З.Фрейдтің пікірі. Ол адамның белсенділігі инстинкті ерекшелгіне, соның ішінде жыныстың еліктеуі мен өзін-өзі сақтау инстинктіне байланысты дейді. Адам мұндай инстинктерге шек қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш қуатын сақтап, оны басқа мақсаттарға, мәдениқажеттіліктерін өтеуге жұмсайды.
Тұлғаның саналы жетілуі қоғамның қажеттіліктері мен іс-әрекеттің қоғамдық қарым-қатынастары нақты шарттарға тәуелді болады. Іс-әрекет жағдайында ең кең тараған түрі – бұл төрт компонентті тұлға моделі. Бұл модельде ең басты орында қабілеттілік, мінез ұстамдылық және өзін өзі бақылау негізге алынады.
Бағыттылық – бұл ең тұрақты тұлғаның өзіне қажетті идеалдар мен өз қалауларынан және тұлғаның ең басты жүріс-тұрыс тенденциясынан тұрады.
Қабілеттілік – тұлғаның индивидуалды психологиялық қасиеті. Қабілеттілік бұл әрбір басты істің сәтті аяқ алуына әкеліп соғады.
Мінез тұлғаның басқа адамға көзқарасы, жауапкершілігі және қарапйымдылығымен ерекшеленеді. Мінез – бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі.
1.3 Қарым-қатынас дамуында оқыту технологияларын қолданудың маңызы
Өзін-өзі бақылау мен бағалау – тұлғаның өзінің іс-әрекетін тексеріп бақылауы. Бұл тармақ басқа да тұлға қасиеттеріне бастау болып отырады. Мұның барлық тармақтары бір-бірімен өте тығыз байланысты.
Адамның іс-әрекетін бағыттаушы әрі оны нақты жағдайларға икемдестіруші тәуелсіз тұрақты мотивтер жиынтығы жеке адамның бағыт бағдары деп аталады [19]. Бағыт-бағдар құрамына өзара байланысты, деңгейі жағынан бірінен-бірі жоғары бірнеше формалар кіреді; құмарлық, ниет, ұмтылыс, қызығу, бейімділік, наным, көзқарас тб. Аталған формалардың қысқаша мәні:
- Құмарлық — бағыт-бағдардың ең қарапайым биологиялық формасы;
- Ниет — саналы қажетсіну, толық белгілі затқа құмарлық;
- Ұмтылыс – ниетке еріктік күш қосылғанда пайда болады;
- Қызығу – бағыт-бағдардың қандай да затқа ауысуындағы танымдық форма;
- Көзқарас – қоршаған дүние болмысын философиялық, эстетикалық, этикалық, жаратылыстану және басқа ғылымдар жүйесінде тану;
- Наным – адамды өз танымы, принципі, көзқарастарына орай әрекетке ықпалдаушы мотивтер жүйесі, бағыт-бағдардың ең жоғарғы формасы.
И.Кант «Сезім күйінің әрқилы болуымен бірге адами өз іс-әрекетінің белсенділік деңгейі арасындағы қатынастарға тәуелді» деген пікір айтқан. Адам бағыт-бағдардың басым болуынан саналы мотивтер туындайды. Қажетсінулер мен мотивтер адам бағыт-бағдарының беогілі бір бөлігін ғана сипаттап, оның басты түйіні, іргетасы ғана іспеттес. Осы іргетас негізінде адамның өмірлік мақсаты қаланады. Адамның кез келген әрекетінің үш тараптар және үш компоненті болады: орындау, қадағалау және реттеу функцияларын атқаратын – моторлық, сенсорлық, орталық. Жеке тұлғаның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы темперамент. Адамның жеке динамикалық бітістері оның сырттай әрекет-қылығында, қозғалысында ғана емес, барша ақыл-ой тапшылауынан, ниеттері мен қызмет бабынан көрінеді. Темпераментіне қарай адамдар соңғы нәтиже емес, сол нәтижеге жету жолдарын таңдауымен ажыратылады [20]. Темпераменттің тума ерекшеліктері тәжірибе, әлеуметтік ортаға және өз басын билей алуға байланысты психикалық процестерде көрініс береді. Ф.М.Грановская «Жағдайға орай жауап-әрекет, бір жағынан жүйке жүйесінің сипатына, екінші тараптан-оқу тәрбие мен кәсіби тәжірибеге тәуелді» деген.
Жеке тұлғаның дара қасиеттерінің жиынтығын айқындайтын темперамент жайындағы бұл пікірлерден басқа неміс анатомы Гейне мен орыс педагогі П.Ф.Лесгафттың көзқарастарын атап өткен жөн. Гейне «Темпераменттің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты»-десе, орыстың антрополог ғалымы Зеланд темпераменттің әртүрлілігі ми қабықшасындағы жүйнің қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты»-дейді. Ал П.Ф.Лесгафт темпераменттер қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланыстылығын айтқан.
Жеке тұлғаның өзіне тән қылық-әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы мінез. Мінез нақты, тұлғаның шыншыл, адал, аққкөіңлділігіне орай сипатталмайды, аталған сапалар-әр түрлі жағдайларда көрініс беретін жеке тұлға қасиеттері. Мінез адамның негізгі өмірлік беталысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік.
И.П.Павлов адамның мінез бітістерін жоғары нерв қызметінің тума типтерімен өмір сүру барысында қалыптасатын уақытша нерв байланыстарының өзіндік «құйындысы» деп түсіндіреді. Бұл жөнінде ол былай деп жазды «… адамның мінез-құлқының бейнесі нерв жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды, сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады».
Адам мінезіне тән қасиеттердің бірі құмарлық болып саналады. Құмарлық күшті, ауқымды күйреткіш немесе әлсіз болып келеді. Әдетте бала жаны құпияны білуге құмартып тұрады. Жалпы, адам баласына тән құмарлық, білмегенді білуге, табиғи жасырын сырдың құпиясын ашуға деген ынталылық адам физиологиясының ішкі сырына тән қасиет. Адамның құмарлығы дегеніміз-адамның бойындағы қарама-қайшылық сырларды ашуға кілт болып табылады. Ол білмегенді білуге талпыныс жасауға, іс-әрекетке итермелейтін ішкі фактор [21]. Әр адамға өзіндік жасырын сырға толы жұмбақ тұлға деп қарасақ, сонымен бірге басқалардың мінез-құлығындағы, іс-әрекетіндегі жұмбақты, ішкі сырын білуге деген құмарлық та, әр тұлғада әр түрлі болады. Мысалы, біреу өз жолдасынан жақсылықтың шетін естіп сезсе-ақ соны тәптіштеп сұрап білуге құмартады. Ал екінші біреу өзі айтпаса, оған өліп-тіріліп ерекше назар аудармайды.
Адамның өмір сүруінің құндылығы неде дегенге келсек, ол өмірде өзінің құмарлығын қандыруды місе тұтпайтын, өзі өмір сүруге қажетті шекараны аттап өтіп, өзінің мүмкіндіктерінен арғы нәрселерді де білуге тырысатын жан иесі. Адам өзінің өмір сүру шекарасынан, одан арғы жаратылыс құпиясын білуге үш түрлі жолмен талпыныс жасайды.
Біріншіден – ол өзінің өмірде бар екенін , осы өмірдегі тіршілік иесі басқаларға білдіртуді мақсат етеді. Адамның өмірді өзін-өзі нығайтуының, өз мүмкіндігін іске асыруының жолдары алуан түрлі: ол сурет салу, кесте немесе өрме тоқудан, таңертеңгілік жаттығудан басталып, спорт пен көркемөнердің, саясат пен ғылымның алуан түрлерімен айналысу, түрлі қызмет атқару арқылы іске араласады.
Сөйтіп адам өмірде өзінің бойындағы қабілетін іске асыруда басқаларға ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленуге тырысып бағады. Мысалы, шебер ұсталар соққан пышақты немесе қанжарды, тоқымашылар тоқыған алаша, кілемдерге қарап отырып оның кімдікі екенін бірден айтуға болады. Адам өрімде де бір-біріне ұқсамайтын өзіндік мінез-құлық ерекшелігімен дараланса, өнерде де өз қолтаңбасымен даралануға тырысып бағады. Мұны адамдардың өмірде өз бойындағы қабілеті мен талантын танытуды, ерекшеленуі дейміз.
Екіншіден – адамдар өзінің бұл өмірде бар екенін айқындауды қоғамдық ортада басқалармен қарым-қатынас жасау арқылы іске асырады. Қарым-қатынастың алғашты түрі «мен» және «сен» деп бөлуден басталады да, әр адам өзінің «менің» басқалармен қарым-қатыныста танытуға тырысады. Ал басқа адам сол сияқты қарым-қатынасты өзінің бойындағы қасиеті мен іскерлігін танытуға тырысып бағады. Сөйтіп әр адамның өмірдегі қабілеті мен іскерлігі адамдар арасындағы қарым-қатынаста ашылып, белгілі бола бастайды.
Үшіншіден — адам баласының өзі өмір сүріп отырған ортадан ары шығуға талпынуы, өзінің іс-әрекетін өзінен жоғарғы, үлкен өмірге қатыстыру арқылы іске асыру.
Адам өз бойындағы мүмкіндігі мен қабілеті басқалармен қарым-қатынас арқылы іске асыратын болса , ол бұл жерде өзіне идеал тұтатын, үлгі-өнеге алатын озық ойлы қайраткерлерді пір тұтып , бас иеді. Ол тілдік шеберлікке табыну, ақынға, шешендерге немесе асыл ойдың иесі-кемеңгер ғалымдарға табыну, ұйымдастыру қабілетімен,ерекше іскерлігімен көзге түскен, халыққа танылған көсемдерге (лидерге) табыну, халыққа асқан өнерімен танымал болған артистерге табыну, соларды идеал тұту сияқты болып келеді. Жастардың мектепте оқып жүргенде атақты батырлардың немесе актерлердің, суретші, футболшылардың өнерін көгілдір экраннан көріп, олар жайында кітаптарды оқып, сондай болуды армандауы осы идеал тұтудың, табынудың нәтижесі [22]. Яғни, өзінен жоғары тұрған ұлыларға табыну, соларға ұқсап бағу,солардың жолын қууды армандау да адам баласына тән табиғи қасиет. Бұны ғылым тілінде адамның өмірге деген ынта,ықыласының саналы түрде іске асуы деп қарайды. Әр адам өзінің менін өмірге саналы түрде ендіру арқылы оны (өмірді) өз үйіме айналдырам деп есептейді.
Адам өмірі материалдық және рухани болып екіге бөлінеді. Рухани өмірдің қажеттерін өтеудегі адамзат қоғамының ең жоғарғы құндылықтары-шығармашылық, сүйіспеншілік, бостандық, еңбек пен бақыт, қайғы мен қуаныш сезімдерінің бірлігінен тұрады. Осылардың нәтижесінде қол жеткен табыстарды біз жоғарғы рухани құндылықтар дейміз.
Махаббат пен сүйіспеншіліктің өзін өзі бағалауда алатын орын ерекше. Адам баласының жер бетінде өмір сүруіндегі аса зор жоғары құндылық қунышты немесе қайғылы уақиғаларды туғызатын махаббат болып саналады. Сүйіспеншілік адамның өмірге деген құштарлығынан туындайды. Яғни , ол құшақ жетпесті құшуға, өмірден бақыт табуға ұмтылушылықты, өмірге деген құштарлықты туғызады. Адам материя мен рухтың бөлігінен тұратын,жер мен көктің,жаратушы мен жын-шайтанның арасында өмір сүретін тіршілік иесі. Шынайы сүйіспеншілік арқылы адам жан мен тәнді біріктіріп, жеке бастың рухани мұратына жетуін мақсат етеді. Сондықтан да ол кейде адамды бақытсыздыққа да ұшыратып, жан азабын тарттырады.
Ең қиын, ең қымбат құндылық — бостандық. Бостандықты аңсамайтын адам жоқ. Бостандық дегеніміз не? Адам баласы қандай бостандықты аңсайды? Барлық адам бірдей бостандық алуға құқылы ма дегенге келсек ол жөнінде жауапты жер бетіндегі адам өмірінен іздестіруге тура келеді. Философ Н.А.Бердяевтің пікірінше адам баласы әрі өлшеусіз күш иесі, әрі әлсіз, ол бірде өмірге құл, бірде өмірге қожа, олеркін өмір сүруге тиіс. Еркіндік дегеніміз әр тірі организмнің дамуына, өсіп-өркендеуіне қажетті бостандық, ол әсіресе жеке тұлғаның өсуіне қажетті шарт. Адам еркін болғандықтан, ол сонымен бірге жауаптылықты да сезіне білуі керек. Себебі өзі істеген іс-әрекетті еркімен істегендіктен ешкімге жауапкершілікті арта алмайды. Еркіндікте адам өмірмен бетпе-бет келіп кездеседі. Ал өмірде жалғыз адам өзгелерсіз тіршілік ете алмайды. Сондықтан ол біреулерге бағынып, енді біреулерді өзі бағындырып тіршілік кешеді. Адамның өмірде біреуге бағынышты болуы, еріксіз бостандықты аңсауын туғызады. Әрине, әр адам өз өмірін жоспарлап тіршілік етеді, іс-әрекет жасайды. Сонымен бірге ол жәй ғана өмір сүргісі келмейді. Әр нәрсеге мән беру оған тән қасиет. Олай болса, адам өмір жолын таңдауға, өзіне қолайлы жағдайды іздестіруге, соған сай іс-әрекет жасауда еріктілікті аңсайды.
Адам қабілетін үш негізгі көрсеткішін атауға болады:
- Қабілет- бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік.
- Қабілет- барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.
- Қабілет- нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
Эстетикалық өмір сүру дегеніміз табиғатты тамашалау, достарымен қуанышты өмір сүру, сүйіспеншіліктен ләззәт алу. Ол осы мәселелерде құндылықты сол минутта шапшаң сезініп, дәл осы минутта сезім құшағына бөленіп ләззәт алады. Бірақ эстетикалық өмір ләззәті сол минуттағы өкініші сезімге құрылатын болғандықтан ол тез өшіп, оның өткені, қәзіргісі, болашағы бір қалыпты үздіксіз адам бойында тұра бермейді. Ләззәт сезімді адам үнемі қуа берсе, ол депрессияға ұшырап, күйінішке, тіпті қайғыға душар болуы мүмкін.
Бұған қарағанда адам өмірінен ұзақ, тұрақты орын алатын-этикалық жол. Оның негізіне адамның қоғам алдындағы міндеті өтеуі енеді. Адамның этикалық өмірінде оны орындаудан рахат сезім (ләззәт) алмаса да, қанағаттанушылыққа ие болады. Яғни, қоғам мүшелерінің бәріне ортақ жоғарғы этикалық заңдарды орындауды өзінің адамдық парызым деп санайды. Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден-әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті деп аталады.
С.Д.Смирновтың тұлғаның дамуындағы қозғаушы күштер мен шарттардың талдауы осы күштер мен шарттардың қалайша дәлелденетінін көрсетеді:
- З.Фрейд бойынша, жеке және тұлғалық дамудың негізгі туа біткен елігу немесе инстинктер болып табылады, онда психикалық энергияның жалғыз көзі – биологиялық елігу ғана танылады;
- К.Юнг бойынша, «дараландыру» — бірлестіктен жіктеліп бөлініп шығу. Дараланудың түпкі мақсаты – «өзім» дегеннің ең жоғары нүктесіне жету, барлық психикалық құрылымдардың тұтас және толық бірлігі;
- А.Адлер бойынша, адамға туғаннан бастап «бірлестік сезімі» немесе «қоғамдық сезім» тән, ол сезім әдетте адамға өмірінің бірінші эылдары өзін толыққанды сезінбеу сезімін жеңіп, қоғамға кіруге ұмтылуы түрткі болады;
- К.Хорни бойынша, тұлғаның дамуы үшін негізгі энергия көзі – мазасыздану, «алаңдау» және содан туған өзін-өзі қауіпсіздендіру.
Оқыту процесінің бірнеше ерекшелігі бар, оларға назар аудару керек: оқыту және оқу: а) дамытушы болады, соған байланысты мұғалімнің оқушылар мүддесіне бейімделуі қажет [23]. Бұдан шығатыны: оқу процесінің әрбір оқушының қисынды ойлау қабілетін, ауызша және жазбаша тілін, қабілеттіліктерін, танымдық қызметке қызығушылығын дамытуға бағыттап, жағдай туғызу керек. Жағдай туғызу дегеніміз: оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін, психологиялық өзара сиымдылығын, жағымды психологиялық (жылы ниеттігі, ашық, т.б.) ортаны қамтамасыз ету; ә) даярлаушы болады, яғни, модульдің қорытынды (бақылау) бөліміне шығуға даярлайды. Сондықтан да әр сабақта әрбір оқушыға қойылатын барлық бағалар мен берілетін бағалаулар бақылаушы емес, ынталандырушы сипатта болады. Бағалар мен бағалауларды негізінен оқушылардың өздері (өзіне, бір-біріне, командаға, топқа) береді.
Оқыту және дамыту — өзара күрделі қатынастағы процестер.
Баланың көптеген тұлғалық психикалық қасиеттері, психологтардың пікірінше, жеке өзіндік, өзін қанағаттандыратын қызметі барысында айқындалып, қалыптасады [24]. Егер оқушының жеке өзіндік қызметі, оның үстіне, жоғарыда айтылғандай, қиындықты жеңіп, жаңалық ашып, жақсы нәтижеге жетуінен және, ең бастысы, танымдық қызметтің өзінен жағымды эмоциялар алатындай қызметі ұйымдастырылмаса, онда мұғалімнің баланы танымға «жетелеп енгізбек» болған әрекеті күтілген нәтиже бермейді (яғни, тұлғаны дамытпайды).
Бұл үшін мұғалім сабақта әр балаға психологиялық қолдау көртсетуі, психологиялық жайлы (ыңғайлы) орта туғызуы қажет.
Оқыту процесінде психикалық дамуды жетілдіру оған жағдай жасау, мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Оқушыға оқу, танымдық қызметпен айналысу ұнап, ол ақыл-ой жұмысынан қанағаттануы тиіс. Бұл, мүмкін, мұғалім жұмысының неғұрлым проблемалы міндеті шығар. Әрбір оқушының оқуға ниеттенуі, танымдық процеске жағымды көзқараста болуы үшін және оларды жағымды эмоциялар туғызу үшін не істеу керек? Бұл сауалға біржақты жауап бола қоймас, өйткені бұл психологиялық сипаттағы көптеген факторлармен байланысты. Дегенмен оның шешімін іздеу мүмкіндігі бар.
Бұл үшін: оқушының оқу ісіне шын мәнінде қосылуы үшін ол оқу барысында алдына қойған міндеттерін тек түсініп қана қоймай, іштей қабылдауы тиіс, яғни, оқушы оларды өз көңіл Алматы ысынан өткізіп, мән беруі тиіс; таным процесін өзара сөйлесу арқылы ұйымдастыру оған қатысушы адамдардың талабы мен ниетіне, ойына, көңіл-күйіне және сезіміне едәуір күшті ықпал етеді; қабілеттерді (соның ішінде танымдық) дамытуға қол жеткізу неғұрлым демократиялы орта жағдайында жеңілірек болады; кейбір қатысушыларға өз қызметінің нәтижелеріне қол жеткізу маңызды болса, енді біреулерінде — өзіндік ойлау қызметі маңыздырақ.
Оқыту процесінде мұғалім жалпы да, және де оқу әрекеттерінің бәрінің жиынтығын анық білуі керек, оларды орындауда балалар белгілі бір тарауын толық меңгереді. Жасөспірім шағындағы оқушыларда талап етілетін оқу әрекеттерінің жүйесін арнайы және табанды түрде қалыптастыру қажет. Оқушылардың оқу материалын көрнекі ұғымға және тексті тура, сөзбе-сөз есте ұстауға сүйеніп игеруге тырысатын жағдайларын жиі байқауға болады. Алғаш бұл қажетті оқу әрекеттерін толық орындаудан гөрі оңай да тезірек болады (мысалы материалдарды мағынасына қарай қайта топтау, тірек пункттерін бөліп көрсету). Бірақ мұғалім оқу ісінің өз шегінен шығып кететін стихиялы талпынысты тоқтатуға және ерекше оқу ситуациялары ішінде балаларды материалды шын мәнінде игеруге бастайтын іс-әрекеттерді жүйелі қалыптастыруға міндетті.
Ғалымдар шығармашылықты әлемді жаңартудың формасы ретінде қарастырады. Оны жасаушы адам өзіне табиғаттан берілетін қабілеттерімен қажеттіліктеріне орай жасампаздықтың өмір сүре алмайтындығына, ал кейбір адамдарда шығармашылыққа деген қажеттілік болмай жатса, ол оның деграцияға ұшырауы деп түсінеді. Ғылыми- теориялық еңбектерге талдау жасау: тек шығармашылықта, шығармашылық арқылы ғана адам өз табиғи қалпының шыңына шығады, шығармашылыққа қабілетті адам қайталанбас, біртуар адам (В.А.Караковский), жеке тұлға деңгейіндегі шығармашылық «ішкі» «өзін-өзі жасау» және «сыртқы» «қоршаған әлемді өзгерту» жағдайындағы диалектикалық бірлікте жүреді деген қорытынды жасауға негіз болды.
Танымдық және шығармашылық әрекетті жүзеге асыратын субъект – тұлға. Қандай типтегі тұлға шығармашылықта мұратына жетеді десек, ойы ұщқыр, ақылы алғыр болуы керек екендігі ғылымда дәлелденген, Ең бастысы, шығармашыл тұлғада шығармашылыққа деген қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісінен қанағат табу сезімі болуы қажет. Осыған байланысты «адам идея, жаңалық ашам деп ойлайды, ал шын мәнінде олар адамды ашады» деген К.Г.Юнгтің сөзін келтіре кеткіміз келеді. Бұл шығармашылық – адамды дамытуда, шебер етіп шыңға көтеретін факторлардың бірі екеніне дәлел бола алады.
Сабақта ойындарды пайдаланудың мынадай негізгі бағыттары бар: дидактикалық мақсат оқушылар алдына ойын арқылы, оны шешу арқылы қойылады: оқушылардың оқу әрекеті ойын ережелеріне бағындырылады, яғни оқу материалы ойын құралы ретінде падалынады, оқу әрекетінің дидактикалық мақсатты ойынмен алмастыратын ойын арқылы жүзег асыратын жарыс, сайыс элементері енгізіледі: дидактикалық мақсатың орындалуы ойын нәтижесінн көрінеді.
Оқу процесіндегі ойын арқылы оқыту технологиясы орны мен ролін анықтау, ойын мен ойын элементтерін үйлестіре білу көбінесе мұғалімнің ойынның атқаратын қызметі мен жіктелуін түсінуіне тікелей байланысты.
Алғашқы кезекте ойындар дене «қозғлмалы» және интеллектуалды «ақыл-ой» еңбек, әлеуметтік және психологиялық болып жікеледі, ал педагогикалық процесс сиптына қарай ойындар төмендегіше топтрға бөлінеді:
А) үйретуші, дайындаушы бақылаушы және жалпылаушы:
ә) танымдық, тәрбиелік, дамытушылық:
б) репродуктивтік, продуктивтік шығармашылық:
в) комуникативтік, диагностикалық кәсіпке бағдарлаушы психологиялық – техникалық және басқалар.
Ойын арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері:
— ойындық іс- әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап талғамдарына сүйенеді.
— дидактикалық, тәрбиелік, әлеуметтендірушілік мақсаттарды көздейді:
— пәндік, сюжеттік, рольдік, іскерлік, драмалық, еліктеушілік әдістерді пайдалынады.
— оқушылардың шығармашылығын қлыптастыруды көздейді.
Мектептің алдындағын шешін күтіп тұрған басты мәселелер, ғалымдардың пікірінше оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетін қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Дәстүрлі әдістің негізін сыныптық – сабақ жүйесі ретінде Я.А. Коменский салса, педагогикалық жаңа әдістер 50-60 жылдарда (бұрынғы отандық педгогика пайда болып, осы заманғы Л.С. Выготский, М.Н. Скаткин, Д.Б. Эльконин, т.б. идеяларына жалғасты.
В.В. Давыдов дамыта оқыту қағидасын бүтін жүйе ретінде қарастыруды ұсынады. Оның құрылымы мынадай: оқу қызметі оқу мақсаты мен міндеттеріне, оқу әдістерінен тұрады. Оқыту әрекетіне оқу операциялары (ұғымдарды түсіну), оқуды игеру, бақылау, оқылатын материалды меңгеру дәрежесі, ал қабылдау әрекетіне дағдылар мен біліктер жатады.
Л.В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі 50 жылдарда дүниеге келді. Ғалымның пікірі бойынша мектеп баланы психикалық тұрғыдан дамыта алмай келеді. Ол бірнеше жылға созылған іргелі зерттеулерінде білім берудің жайы мен оны одан әрі дамытудың жолдарына талдау жасады [25]. Оның зертханасында алғаш рет даму – мектеп жұсмысының басты өлшемі деген идея туып, дамыта оқытудың өзіндік жүйесін жасады. Л.В. Занков жасаған дамыта оқыту жүйесін жеке тұлғаны жеделдете, қарқынды, жан- жақты дамыту жүйесі деп те атауға болады.
Оқу әрекетінің негізгі себебі танымдық қызығушық болып табылады. Үйлесімділк идеясы әдісте оның ұтымды және сезімдік, ұжымдық және жеке, ақпараттық және проблемалық , түсіндірме және ізденгіштік сияқты әдістерінің үйлестіруді талап етеді. Дамыта оқыту оқушыларды әртүрлі қызмет түріне тартуды құптайды, сабақ беруге дидактикалық ойындар, пікір таластарды ойлау, қиялдау, есте сақтау, тіл байлығын дамытуға арналған оқыту әдістерін қолдануды ұсынады.
Дамыта оқыту технологиясында сабақтың жалпы мақсатымен ұйымдастыру құралдары мен оның тақырыбы мен мазмұнына көздеген жетер мақстаына байланысты нақтыланады. Оқушыны оның потенциалдық мүмкіндіктеріне бағыштай отырып, мұғалім бұдан бұрынғы оқыту кезінде қандай әдіс тиімді болғанын бұл процестің психологиялық ерекшеліктерінің қандай екенін және оқушының өз іс- әрекетінің өз іс- әрекетінің, қызметінің мәнін түсіну дәресін білу керек. Л.В. Занков баланың жалпы дамуының барысын анықтаудың төмендегідей көрсеткіштерін ұсынады.
— байқағыштық – көптеген маңызды психикалық функциялардың дамуының батапқы негізі.
— ойлаудың дерексіздігі талдау, жинақтау обстрактылау.
— практикалық әрекет – материалдық обьект жасай білу.
Деңгейлеп – сралап оқыту технологиясы. Саралап оқыту технологиясы оқу процесінің белгілі бір бөлігін қамтитын саралап оқытуды ұйымдастырудың оның құралдары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады.
Оқыту жүйесінің кез-келгенінде қандай да болсын оқушыларды саралау жүзеге асып отырады. Сондықтан саралап оқыту технологиясының өзі әртүрлі әдістемелік құралдрды қолдану арқылы енген технология.
Сынып ішілік саралау. Балалардың дамуы, қабілеті, қабылдауы әркелкі болғандықтан бір сыныптың өзінде үздіктер, жақсы оқитындар және нашарлар пайда болады. Сондықтан мұғалім балалар сабақ және оның барлық кезеңдері оның жаңа материалды түсіндіру, ұғыну, сабақты қорытындылау, қайталау, білім білік, дағдыны тексеру барысында саралау жұмысын жүргізеді. Жаңа материалды түсіндіру кезінде мұғалім мынадай нәрсеге назар аударады.
Ең басты негіз, ядро – білім мазмұны, пәннің теориялық мәні, тірек мәліметтері. Алғашқы деңгей әр бір тақырыптың ең негізгі де басты қарапайым мазмұынын ашып, толық болмағанын, сол тақырыпты білуге міндетті тұтас бейнесін береді. Бұл деңгей базалық деңгей ретінде қабылданған:
Қосымша мәліметтер алғашқы деңгейде алған білімді одан әрі кеңейтіп, дәлелдеп тиянақтайды. Негізгі мазмұнын нақтылайды, ұғымдардың не үшін қалай қолданылатынын көрсетеді. Бұл деңгей мәліметтер көлемін арттырып, негізгі материалды тереңірек түсінуге көмектеседі:
дамытушы мәліметтер – матриалды бір шама тереңдетіп, оған логикалық негіз береді, болашақта шығармашылықпен қолдануға жол ашады. Бұл деңгейде бала өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.
Деңгейлеп — саралау оқыту технологиясының мақсаты — әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалдарын меңгеруін қамтамасыз ету.
Деңгейлеп – сралап оқытудың ерекшеліктері:
- деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, — мүмкіндік береді.
- Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді:
- Деңгейлеп – саралау оқыту оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі 3 деңгейі қарастырылады:
Ең төменгі деңгей (минималды базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.
Базалық деңгей – мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
2 Жасөспірімдік шақта қарым-қатынас дамуын қалыптастыруда әдіс- тәсілдерді саралау
2.1 Қарым-қатынас дамуында интерактивті әдістердің алатын орны
Қарым-қатынасты дамытуда әдістердің кең көлемі қолданылады, оларды жеке және топтық деңгейде қолдана алады. Бұл негізінде белсенді әдістер: мәселелі – іздеу әдісі(мәселелі тапсырмалар, жағдайлар); интерактивті әдістемелер(дискуссия, этикалық әңгімелер, «миға шабуыл», «дөңгелек стөл», интерактивті ойын, тренинг); психотерапия (ойынтерапия, арттерапия және т.б.)
Әсіресе ең тиімдісі әлеуметтік-психологиялық тренинг бола алады (ӘПТ) – топтық жұмыстың белсенді әдісі. Олардың қатарына, бірінші кезекте, мыналар кіреді: «Т — топтар», «кездесу топтары», «сензитивті тренинг» топтары т.б.
Тікелей мақсаттар ішінде, әлеуметтік-психология тренингіне қол жеткізуге белгіленгендер, келесілерді ерекшелейді:
- өзін-өзі тануға қабілеттілікті дамыту, әлеуметтік-психология тренинг тобының әрбір мүшесінің мінез-құлқын қалай қабылдайтындығы жайлы мағлұматпен байланыысты.
- Топтағы өзара қарым-қатынас сипатына сезімталдықпен еліктеу, өзгелердің тәртібіне, бәрінен бұрын мыналармен байланысты: өзгелерден алатын толық коммуникативті стимулдардың көбірек қабылдануы.
- Айналасындағылармен серіктестік деңгейінде өзін-өзі ұстай алу қабілеттілігін дамыту, ол авторитарлық және иерархиялық түсініктеемес.
- өзара қарым-қатынас сферасында диагностикалық біліктілікті дамыту, топішілік және өзара топтық жағдайларға еніп, қақтығыстарды шеше білу.
Көптүрлі белсенді әдістемелер жіктелуі, соңғыларын үлкен екі блокқа бөлуге болады – топтық дискуссиялар және ойындық әдістемелер [26]. Топтық дискуссия қандай да бір мәселені ұжыммен талқылауымен және соған қатысты ортақ тұжырымға келуімен ерекшеленеді. Дискуссияға кіру барысында талқыланып отырған мәселенің бағасы және хабары, пікірлерді ұжыммен бірігіп шешуге болады. Оның психологиялық құндылығы, жүргізушінің шеберлігіне және кері байланыс принципіне байланысты, әрбір тренингке қатысушы, бір мәселеге әртүрлі шешім шығару, адамдардың өмірлік, сонымен қатар қақтығыстық жағдайларда жеке айрықша қабылдаудың аса құндылығын көруге мүмкіндік алады.
Топтық дискуссия жүргізілу барысында маңызды функциялар қатарын орындайды, мәселенің теңбе-тең немесе бірдей бейнеде құрылуы үшін, жан-жақты психологиялық құралы ретінде, оның коррекциясы және соңғы есепте әлеуметтік орнықтырудағы өзгерістер және қарым-қатынас түрлері [27].
Тренингтің құрылымдық программасын үш бөлікке бөлуге болады: бірінші бөлім – кіріспе(құрылымдық-ориентировкалық), екінші бөлім – қалыптасушы(дамушы), үшінші – қорытынды(телімелі). әдістемелік жоспарда тренинг берілген программада теориялық және эмпирикалық синтез сияқты құрылады, ол білімгерлердің өзіндік біліміне негізделеді. әлеуметтік-психологиялық тренингтің 25% уақыт теориялық бөлімге, ал 75% практикалық бөлімге кетеді.
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің конструктивті қақтығыстық өзара әрекеттері мынадай:
- өзіндік релаксация;
- өткен жаттығу рефлексиясы;
- білім алушылардың белсенділігіне бағытталған психотехникалық жаттығулар;
- топтық дискуссия(көрсетіліммен әңгіме);
- психотехникалық жаттығулар(рөлдік ойындарға дайындақ);
- талқылауымен рөлдік ойын;
- психотнхникалық жаттығу;
- «ыстық стол»(сабақ уақытысындатек тренингтің қорытынды бөлімінде жасалады);
- Психикалық өзіндік басқару;
- Үй тапсырмасы.
Тренингтік сабақтарды жүргізу ерекше негізде топ адамдарының ұйымдасқан өзара әрекеттестігін көрсетеді, ал ӘПТ жүргізушімен қадағаланады. Тренингті басқарушының негізгі күштеуі, оның қатысушылары өзінің сыртқы шығармашылығын сараптап, өзінің ішкі шығармашылығын зерттеу керек. әрбір фазада ӘПТ тобының дамуы нақты әдістер және психотехникалық ережелер бар.
- «Орнықтырушы»(«мақсаттық») фаза жүргізушінің топ мүшелерімен алғашқы қарым-қатынасынан басталады, ол алдағы сабақ циклының ӘПТ программасының негізінде мақсат және міндеттер хабарланады, қатысушылар алдында тұрған топтық тәртіптің ережелері өңделеді, процедуралық және әдістемелік аспектілер талқыланады, берілген жұмыс формасына жағымды мотивация беріледі, қатысушылардың шығармашылығымен қарым-қатынас анықталады.
ӘПТ осы фазасында жүргізілетін әдіс ережеге сай, мысалдармен әңгіме болып табылады. әңгіме бітісімен және сұрақтарға жауапты жүргізуші, қатысушыларды сабақ жүргізілу барысында сараптамаға шығаруы керек. Осындай талқылаудың соңы топпен бірге «тренингке қатысушылардың тәртіптік кодексі» анықтау болуы керек. «Орнықтырушы » фаза осымен аяқталады, дегенмен оны келесі «ориентациялық» фазадан бөлуге болады, әрине тек шартты түрде.
- «Бағдарлық» фаза тренингке қатысушылардың қарым-қатынас жағдайында және шығармашылықтың сөйлемдік мазмұн формасына шоғырлануы. Тренингке қатысушыларға түрлерден және мінез-құлықтың жаңа формаларымен эксперимент жүргізуден бас тарту ұсынылады. Бұндай шешімге келу өте қиын. Сондықтан, бірінші сабақтан бастап, ӘПТ басқарушысының негізгі сабағы топта орташа психологиялық сенім ауасын дамыту болып табылады. Берілген фазада осы бөлімнің шығармашылығы, барлық қатысушылардың бірін-бірі жақсы тануға бағыттылығының дамуымен байланысты.
Әрі қарай таныстықта тренингке қатысушылардың бір-біріне сенімін күшейтуде психотехникалық жаттығулар жүргізіледі: «Интервью», «Ұжымға таныстырыламын» және басқалар. Бұл фазаның екінші негізгі бөлімі, ӘПТ қатысушыларының, олардың шығармашылығының мазмұны қандай жолмен топтық тренингте олардың қазіргі шығармашылық қарым-қатынасымен байланысты екенін өңдеуге құлшынулары. Жүргізуші мысалдар және әдістер ұсынуы керек, оның көмегімен осы мәселеде тренингтік топтың мүшелерін шоғырландару керек. Осындай мақсаттарды ереже сияқты топтық дискуссиялар қолданылады, ол осы фазаның стержіні болып табылады.
- «Конфронтация» фазасында дискуссиямен бірге рөлдік ойындар жүргізіледі, ол қақтығыстық жағдайда құрылымдық мінез-құлықтың қалыптасуына бағытталған. Содан басқа, ӘПТ басқарушысы орташа психологиялық сенім ауасын дамытуға талпынысты күшейтеді. Осы мақсатта келесі психологиялық жаттығулар қолданылуы мүмкін: «Менің хоббиім», «Маған дауыс беріңіздер», «Подиум» және басқалар.
Бұл фаза қарым-қатынастағы сенімділіктің жоғарғы деңгейіне апарады, тренингке қатысушыларға қалыптылық сезімі қайтып келеді. Көбінесе бұл топтың құрылуының басталуымен байланысты.
- «Құрылымдық және интеграция» фазасы тренингтік топта өзара қарым-қатынас құрылымы қалыптасқан, эмоцианалды және интеллектуалды байланыстармен. Топқа ортақ бірнеше сипаттамалар пайда болды. Бұл сабақ барысындағы жеке қарым-қатынас нормасы және топтық құндылықтар, мысалы, табылған және қазіргі уақыттағы қарым-қатынас қағидасымен тіркелген және өзара әрекет, зат ретінде қарастырылады топта шығарылған.
Топтың осындай сапалы жағдайына қол жеткізгеннен кейін, жүргізуші білімді – танымдық шығармашылыққа аса көп назар аударады. Сондықтан дәл қазір рөлдік ойындар ӘПТ-да сабақты жүргізуші әдіс болып табылады, екінші жоспарда топтық дискуссия. Бұндай ойындарды тренингті басқарушы алдын ала дайындаған болуы мүмкін «Психологиялық жағдайлар Банкі».
Аяқталу барысында тағыда бір топтың сапалы жағдайының өзгерісі болады – бағасыз қабылдауға өту.
- «Референтті қарым-қатынас» фазасы – ӘПТ кезеңі бекітіледі, қарастырылған топтық программадағы ойнаған ерекше рөл. Референттіліктің көрсеткіші жоғары болған сайын, берілген ұжым мүшелерінің арасында қарама-қайшылық аз болады, ал негізінде ондағы қақтығыс деңгейі төмен болады. ӘПТ-да әлеуметтік құрылым өзгерісі және құнды шоғырлану референтті топтарды, сол топ мүшелерінің жеке мінез-құлықтарының өзгерісіне апарады.
Қарастырылған деңгейде тренингтік топта жаңа психологиялық параметрлер пайда болады. Ең алғаш, қарым-қатынас стилінде жаңа түрлер пайда бола бастайды және қатысушылардың тәртібі: бір-біріне деген жоғары деңгейлі байқампаздық. Өзара түсіністік дейгейінің жоғарылығы және компромиске және қызметтестікке нақты құрылым байқалады.
Кейбір ойындардың негізінде телімелі әдістер жатады, ол қатысушыларға терең бейсанадағы сезімдерді және ойларды, қалауды және сақтануды, еске түсірулерді және үміттерді білдіруге мүмкіндік береді. Қатысушылар сол сезімдерді сезіну үшін, белгілі бір мінез-құлықтың жасырын болатын ойындары бар. Басқа ойындарда контраст қағидасы қолданылады – қатысушылардан эксперимент жүзінде, өздерін күнделікті өмірдегідей ұстамауын талап етеді, олар өздерінің мінез-құлықтық репертуарын анықтап алу үшін. Рөлдермен ауысу техникасы бар, осыған байланысты қатысушылар жағдайға басқаша көзқараспен қарауға үйренеді, осылайша серіктесін түсінуін дамытады. Кейбір ойындар идентификация техникасын қолданады, ол жеке тұлғаның өзіндік аз байқалатын аспектілерін жақсы білуге көмектеседі [28]. Қағида бойынша жұмыс істейтін ойындар бар, оларды қатысушылар практикада әртүрлі қарым-қатынас нормаларын оқып-үйренеді, кейін өмірде әртүрлі коммуникативті стильдердің теңесуін түсіну үшін. Қатысушылар дискуссияға келу барысында, қандай қарым-қатынастың нормалары және мінез-құлық өмірде үнемі тиімді, нәтижелі екендігіне тұжырым жасайтын ойындар да бар.
Топ жүргізушісіне талап. Әрине, барлық интерактивті ойындарды, олар қаншалықты қатысушылардың талабына толық есептейді деген көзқараспен қарастыруға болады. Жүргізушінің қабілеттілігі жайлы сұрақ өте сирек қолданылады, сараптама және ойынның бағасын анықтау, осыған қатысты мәселелер туындағанда, сезім және тәжірибе саналы түрде атқарылған болуы үшін. Сонымен қатар топтың жұмысқа қабілеттілігі сақталу керек, ал әрбір қатысушы өзі үшін қандайда бір пайда алуы керек.
Біршама интерактивті ойындар, психологиялық топтарда жеке қатысу тәжірибесі болмаған жүргізушілерге арналған. Басқа ойындар, жүргізушінің өзі топ қатысушысының тәжірибесін иемденеді деп болжайды. Жүргізушінің сыни өзіндік бағалауы – жұмыс жетістігінің маңызды факторы. Егер жүргізуші интерактивті ойынның мазмұнын, оған қатысу тәжірибесі жоқ және өзінен, оны өткізуге квалификациясы жеткілікті ме деп сұрақ қойып оқыса, онда ойын жайында ұмыту керек немесе оны серіктестермен өткізуге тырысып көру керек. Басқа жағынан, өзіңе деген талап шамадан тыс жоғары болмау керек.
Егер жүргізуші топ таңдау алдында тұрса – пайда болған мәселені тәжірибелі жолмен, ақылдың жеткіліксіздігінен болса да шешуге тырысса, бірақ оларды бөліп және өңдеу, онда сіздің көзқарасыңыз екінші таңдау жайында көп айтады.
Интервенция масштабы. Жүргізушінің тәжірибесі аз болған сайын, оған және топқа интерактивті ойынды барлық қатысушылармен өткізу қауіпсіз болады. Бұндай жағдайда барлық топ мүшелері бір уақытта, топтың бірігуіне әсер етіп, әрекет етеді. Басқа жағынан, әрбір қатысушының әртүрлі қажеттіліктері және оқып-үйренуге дайындығы, осылайша интерактивті ойындардың тиімді деңгейі бәріне әртүрлі екендігін ескеру керек.
Тәжірибелі жүргізушілер ойынды көңілді тек белгілі қатысушыларға сиқырлап өткізуі мүмкін. Бұндай жағдайда топтың барлығы белсенді жұмыс атқара алмайды. Мәселе сол уақытта маңызды қатысушылармен талқыланады және шешіледі, ал қалғандары фон сипатында қала береді. Ережеге сай, бұндай нұсқа өте нәтижелі, яғни тиімді.
Сонымен қатар келесі жағдайлар мүмкін: жеке қатысушы топқа қатысты белсенді болады немесе топ қатысушыға қатысты; екі қатысушы ойынды топтың ортасында өткізеді, ал қалғандары «гректік хор» сипатында көрінеді және соңында өздерінің бақылаулары жайында айтады. Дәл осындай тек екеуімен ғана емес, сонымен қатар көп қатысушылар санымен болуы мүмкін.
Дегенмен бұндай интерактивті ойындардың қолданылуы үлкен қауіппен байланысты, жүргізушіге сондай-ақ нақты қатысушыларға да, жүргізуші өзінің тәжірибесі жеткілікті ме және топтағы сенімділік жеткіліктіме, сол жайында терең ойлануы керек. Егер жүргізуші өзіне сенімсіз болса, онда интервенцияны сөйлем ретінде қарастырса, ондай жағдайда қатысушылар оны кейінге қалдыруға құқылы.
Ойынды жүргізу уақыты. Біріктірудің соңғы негіздері – интерактивті ойындар үшін сай келетін уақыт(момент). Кейбір ойындар тым ерте, басқалар өте кеш топтық даму кезеңдерінде өтіледі.
Тәжірибесіз жүргізушіге ең қиын сұрақтардың бірі: «Қашан жұмыста ойынды қолдану ұтымды болады?». Жүргізуші топтың даму барысын қадағалап және оның қазір қандай деңгейде екенін түсіне білуі керек.
Жүргізуші анық түсінуі қажет: нақты интерактивті ойынды жалғастыру үшін, топтың даму диагностикасын жүргізу және жеке қатысушылар немесе топтың бәсекелесін анықтау жеткіліксіз. Жүргізуші жиі ерте кезеңде белгілі мәселелерді көреді және оларды жәй ескеріп қояды, себебі олармен кейін жұмыс жасау үшін. Бұл барлық мәселелерге қатысты, ашық талқылау жоғары бірігу деңгейін болжайды және топтағы сенімділік(сонымен қатар жүргізушіге сенім). Мысал, мәселелерге мынадай – сұрақтар, эротикалық және жыныстық қатынастарға, билік және ықпал ету мәселелері, консенсус және қызметтестікке байланысты болады. Сол себептен жүргізуші, осындай тақырыптарды қозғайтын ойындарды, қатысушылардың ішкі дайындығын сезгенде ғана ұсынылады.
Жұмыстың бастапқы кезеңінде, қатысушылардың бір-бірімен таныстығы және оларды біріккен шығармашылыққа «қыздыратын» бағытта жүргізіледі. Бұл ойынның осындай түрлерін одан да кеш кезеңдерде жүргізуге болмайды дегенді білдірмейді. Қатысушыларды белсендендіретін және жігерлендіруге бағытталған ойындарды жұмыстың бірінші жартысында жүргізген тиімді, себебі осы уақытта қатысушылар көптеген қиындықтарды және қысымды сезінеді. Басқа жағынан, топ ешқашан мәселеден және елестен толық бос болмайды, сондықтан мұндай жаттығуларды қайта-қайта жүргізуге болады. Интерактивті ойындар сенімнің дамуына және ашылуына топтың бірінші жартының үшінші шығармашылығында жүргізген пайдалы. Ережеге сай, олар топты жұмысқа «Қарым-қатынасты анықтау және кері байланыс» тақырыбымен дайындайды.
Топ жұмысының екінші жартысында, мәселелерді өңдеуге бағытталған, билікпен байланысты, ықпал ету және бәсекелестік байланысты ойындарды қолданған дұрыс. Осы маңайдағы қиыншылықтарды анықтап болған соң, өзара түсіністікпен және қызметтестікпен байланысты күрделі процестермен жұмыс жасауға болады. Осылайша жұмыстың екінші жартысында топпен қатысушылардың жеке тұлғалық процестерін қозғайтын жаттығуларды қолдануға болады.
Шынайы және бұрыннан құрылған топтар дәл осындай қағидамен жұмыс жасайды: жүргізуші қатысушыларды қадағалап, олардың белгілі білімін анықтап немесе оларды жіктеп отыруы қажет [29]. Күрделі мәселелермен жұмыс басталмас бұрын, міндетті түрде жоғарыда жатқандарды шешу керек. Төменде кейбір интерактивті ойындар бар, оларды өзіндік сананы дамытуда қолдануға болады.
«Тығырықтан шығу». Топ бір қатысушының айналасына жиналып тығыз орта жасайды, қолдарын қосып, ал ортадағы қатысушы сол символикалық абақтыдан құтылып шығуы керек. Сонымен қатар оған тістеуге, тырнауға және қатысушылардан аттап өтуге болмайды. Құтылып шығу бәрінің қолынан келеді және осындай қашудан кейін адам маңызды біршама жеңілдеуді сезінеді. Әшейінде қатысушы осы тәжірибенің маңызын түсіну үшін, көмекке мұқтаж болмайды. Ол ерік-күшін салып, жағдайды өз қолына алды және құтылып шықты.
Бұл процедураны текемет төселген еденде өткізген дұрыс; қатысушыларда денелік кемшіліктер болмау керек; травманы болдырмас үшін көзілдірікті және басқа да жұмсақ заттарды шешіп қою керек.
«Күшпен кіру». Бұл эксперимент мақсатқа лайықты, қатысушылардан әлде-кім өзінің қалауын орындай алмайтындығын, бақытпен бөлектенген және ол алмаған нәрсесін алғысы келетінін сезінеді. Бұндай жағдайда ол топтан тыс қалады және оған күшпен, яғни басып кіруі керек.
Бұл техника әсіресе топпен жұмыс кезінде тиімді, әрине топтамаға бөлінгендерде, мысалы, мұғалімдердің және оқушылардың қатысуымен, администрация сарапшылары және қызметкерлер қатары, педагогтар және психологтар және т.б. қатысуша өзін ортадан шектелгенін сезінген, ол осы ортада болғысы келген, еңбектің символикалық енуін осындай жолмен ала алады. Сол уақытта, басқа топтың қатысушысы, осыған адамның кіруінің күрделі екенін біле алады [30].
«Көтерілу және теңселу». Бұл процедура аса әдемі және қобалжулы, егер жүргізуші оны жүргізудің дұрыс жағдайын шеше алса. Бұл техниканы аса көп қолданбау керек.
«Көтерілу және теңселу» символикалық жолмен терең қалыптасқан тәуелділік қажеттіліктерін, қорғаныстық және жылулыққа жол береді. Процедура мынадай: қатысушы еденге жатып көзін жұмады. 4-5 адам жәймен оны жоғары көтереді, сөйтіп теңселдіре бастайды. Кейбір қатысушылар сонымен қатар бесік жырын айтады. Бірнеше минуттан кейін олар сол қатысушыны еденге жәймен қояды және онымен байланысты үзбейді, қолдарын алмайды. Жүргізуші жатқанға ол қалаған кезде көзін аша алатынын хабарлайды. Ережеге сай, негізгі қатысушы осындай регрессиядан кейін өзін бақытты сезінеді. Ең бірінші ол өзінің өзгелермен жақындығын сезінеді. Процедураның соңында оған қайтадан эмоцианалды тұрғыдан өзінің нағыз жасына оралуы маңызды. Ол үшін жүргізуші оған кейбір қатысушылармен байланыс орнатып, оларға бірнеше сөз айтуына болатынын ұсынады.
Бұндай тәжірибеден бірінші рет өтіп жатқан үлкендер үшін, ол таңқаларлықтай болып көрінеді: «Мені, үлкен адамды, бала сияқты көтеріп және тербетеді және маған бұл жағымды». Бұл процедураның негізгі шарты – негізгі қатысушының осындай экспериментке дайындығы.
Жүргізуші сұрақ қоя алады: «Егер топ сізге біршама жылулықты және қорғанысты сыйласа, сен бұған қалай қарайсың?».
Егер жүргізуші, топ мүшесіндегі әлде-кімге өзге адамға толық сенім тәжірибесін өткізу керек болса, ол «Сенім ортасы» техникасын ұсына алады.
«Сенімді құлау». Бұл техника қатысушыға тексеруге мүмкіндік береді: нақты адамдарға сенуге ол дайын ба? Бұл үшін ол ашық қолмен артқа қарай құлауға шешім қабылдауы керек және басқа қатысушыға өзін ұстап алуға мүмкіндік береді. Бұл қарапайым бақылау аса маңызды қорқыныш тудыра алады, егер құлаушы өзінің сезімдерімен байланыста болса, ол өзі көрмейтін біреуге сенуі керек. Егер қорқыныш күшті болса, қатысушыға басынан белсенді серіктес рөлін байқап көруін ұсыну, ол жерде өзі басқаны ұстайды. Сондай-ақ жүргізуші өзі осындай құлауды көрсете алады, басқа қатысушыларға өзін ұстатады [31, 32].
Бұл процедура тиімді, жүргізуші топ мүшелерінің біреуі айналасындағы адамдарға сенімінің аздығымен байланысты мәселені уайымдауын көреді, осыны мойындай отырып, өзгелерге көбірек сенуді үйренгісі келеді. Мұндай жағдайда қорқынышты жеңіп шығу, көп қатысушыларға маңызды тәжірибе болып табылады. Осы тәжірибедегі уайымдау және сараптама, адамдарға жиі өздерінің қорқынышының және өмірдегі қобалжуларының себебін түсінуге мүмкіндік береді.
Қақтығыстық ойындар. Топ өте бірегей болғанда, жеке қатысушылар өздерін еркін ұстауға дайын болған кезде, жүргізуші қақтығыстық ойындарды ұсына алады, олар күшті сезімдерді босатуға мүмкіндік жасайды. Жоғарыда айтылып кеткен символикалық бақылаулар сияқты, қақтығыстық ойындар қатысушыға өкпелілік сезімі, өшпенділік, бәсекелестік жағдайларымен байланысты сезімдерін айтуға көмектеседі.
Жиі ашулану сезімін сезінетін қатысушы өзіне вербальды түрде өзінің сезімін білдіруге мүмкіндік бермейді немесе оны мойындамайды (оның орнына ол күтпеген бас ауруына немесе іш ауруына шағымдануы мүмкін). Осындай жағдайға жүргізушіде өзінің тарапынан интерактивті ойындары болуы керек, ол денелік тұрғыдан ашуды әлеуметті қауіпсіз жолмен жібереді. Осыған байланысты тек күшті сезімдер айтылмайды, сонымен қатар олардың себебін жақсы түсіну және осындай сезімдерді болашақта қабылдау мүмкіндігі қарастырылады.
Дегенмен басында жүргізуші кейбір сақтандыру деңгейін қолдануы керек:
- екі қатысушы бірдей бақылауға қатысуға дайын болуы және денелік тұрғыдан өздерін жақсы сезінулері керек;
- қатысушылар қақтығыстың аяқталғанын білдіретін белгі жайында келісіп алады;
- бөлмедегі еден текеметпен немесе гимнастикалық маталармен жабылған болуы керек;
- әшекей бұйымдарды, көзілдірікті т.б. қатысушылар шешу керек;
- қалған топ мүшелері негізгі қатысушылардың айналасына тұрып, оларды қабырғаға, столға т.б. ұрынудан қорғап тұрады.
«Даттық бокс». Бұл қақтығыстық техниканың жұмсақ нұсқасы. Ол әсіресе денелік жақындықты және серіктестің қатарынан күш көрсетуді қиын көтеретін қатысушыларға пайдалы. Бұл ойын сондай-ақ әртүрлі жыныстағы серіктестермен жұмыс жасауда тиімді, онда серіктестің біреуі денелік кемшілігі бар.
Құрылымы: «Екіге бөлініңіздер және қол созылатындай арақашықтықты бір-біріңізге қарама-қарсы тұрыңыздар. Содан кейін қолыңызды жұдырыққа түйіңіз, сөйтіп оны серіктесіңіздің жұдырығына түйістіріңіз, сіздің кіші саусағыңыз оның кіші саусағына қысыңқы болу керек, шылдыр-шүмеуіңіз оның шылдыр-шүмегіне, ортаңғыңыз-оның ортаңғысына, нұсқағыш – оның нұсқағышына. Бір-біріңізге қатты жабысқандай болып тұрыңыздыр [33].
Сонымен, сегіз саусақ бір-біріне жабысқан, ал қолыңыздың үлкен саусақтары қақтығысқа шығады. Алдымен олар вертикалды түрде жоғарыға бағытталған. Содан кейін екеуіңіздің біреуіңіз үшке дейін санайсыз, сөйтіп «үш» дегенде бокс басталады. Кімнің саусағы жоғарыда серіктесінің саусағын бірнеше секундқа қолына қысып тұрса, сол жеңеді. Осыдан кейін сіз келесі раундты бастай аласыз. Бес раундтан кейін үзіліс жасаңыз, қолдарыңыз демалу үшін, сөйтіп өзіңізге басқа серіктесті таңдаңыз. Әрбір серіктеспен қоштасып, оған әділ күрес үшін ризашылығыңызды білдіріңіз.»
2.2 Жасөспірімдерде қарым-қатынас дамуын анықтауда ұйымдастырылатын іс-шаралар
Теориялық бөлімдегі негізгі түсініктерді басшылыққа ала отырып жасөспірімдерде өзіндік сана дамуын анықтауда іс-шаралар ұйымдастырылды.
1- кезеңде Ранжирлеу әдістемесі бойынша өзін-өзі бағалауға арналған жаттығулар орындалды: 1. Ол үшін жеке тұлғаның бойынан кезігетін 20 саналық көрсеткіштер берілді: тазалық, сүйіспеншілік, өмірге деген жағымды көзқарас, ақыл, тұрақтылық, қарапайымдылық, көкіректік, шыншылдық, әлсіздік, жалқаулық, менмендік, қорқақтық, сенімсіздік, эгоизм, кертартпалық, оптимизм, принципшілдік, адалдық, кіршіксіз көңіл. 2. Бірінші баған 1-ші рангқа басқа адамдар бойындағы жақсы бағаланатын қасиет, екінші рангқа жағымсыз қасиеттерді жазып көрсету ұсынылды. Мұнда қасиеттерді маңыздылығының кему деңгейіне қарай көрсету керек болды. 13 ранг бойынша адам бойындағы кешіруге болатын қасиет, 14 ранг-кешіруіңіз қиын қасиет, 20 ранг – адам бойындағы ең жағымсыз қасиет.
Екінші бағанаға 1 ранг бойынша білімгер өз бойындағы ең жақсы дамыған қасиетті көрсетуі тиіс. 2 ранг бойынша – кішкене төмен дамыған қасиет, одан кейінгі рангтарға одан да төмен дамыған немесе жоқ қасиеттер белгіленеді. Нәтижені өңдеу формуланы есептеу бойынша беріледі:
D = (R1 – R2)
R1 (І бағандағы 1 ранг (номер) сапасы)
R2 (ІІ бағандағы 2 ранг (номер) сапасы).
D- ны квадратқа айналдырамыз, олардың саны 20 болуы тиіс.
Мәселен – І бағандағы 1-ші сөз “Ақыл”, ал ІІ бағандағы сөз 5-ші орында. Сонда
R1 =1, R2= 5 (1-5)=-4, квадратқа алғанда у=16, осылайша әрбір n сөзді табамыз n =20.
2) Содан соң шыққан D2 қосып, көбейтеміз 6-ға , шыққанды былай бөлеміз (n×n×n×n), яғни (20×20×20-20)= 7980, соңында мұны 1-ден аламыз. Осылайша рангтік корреляция коэффициентін табамыз.
3) Рангтік корреляция коэффициентін психодиагностикалық шкаламен салыстырып көреміз. Бұл 1-кестеде берілген.
Кесте – 1. Психодиагностикалық шкала.
Өзін-өзі бағалау деңгейі |
||||||
Өте төмен |
Төмен |
Орташадан төмен |
Орташа |
Орташа-дан төмен |
Жоғары |
өте жоғары |
(-0,2)-0 |
0-0,2 |
0,21-0,3 |
0,31-0,5 |
0,51-0,65 |
0,66-0,8 |
0,8-ден жоғары |
2- кезеңде этикалық әңгіме «Жақсылық пен жамандық» тақырыбында құрылды. Енді осы тақырып негізінде құрылған әңгімеге назар аударайық. «Жақсылық пен жамандық». Жақсы адам болу дегеніміз не. Егер де біз көмескі санамызда немесе саналы түрде жақсылыққа ұмтылсақ, жақсы мен жаман туралы ойымыз қате болуы мүмкін. Өйткені адам өмір бойы, өсіп жетілуіне байланысты оның санасы өзгеріп отырады. Балалық шақтан ересектікке өту кезеңінде біздің сеніміміз де «есейеді». Біздің жақсылық пен жамандық туралы түсінігіміз жетіле түседі. Әрине ол үшін біз барлық күш-қуатымызды жұмылдыруға тиіспіз. Адам көркі-жақсы іс [34].
Сонымен, сіз өзіңіз үшін адамгершілік тұрғыдан ненің жақсы екенін анықтадыңыз ба? Көптеген жасөспірімдер жақсы деп санайтынын өмірлерінде соған қол жеткізгісі келетін бірнеше мысалдарды келтірейік, мәселен:
- басқаларға ұнау, айналадағыларды қайран қалдыру;
- материалдық игілікті өз қолымен жасай білу;
- қиындықсыз, қайғы-қасіретсіз өмір сүре білу;
- өзгелердің сыны мен тағатын кінәсінен аулақ болу;
- өзгелердің маған ұнайтын іс атқара білуі.
Жалпы айтқанда мен өзіме ұнайтын жақсы іс атқарғым келеді. Ал жамандықтан жиренемін. Осы пікірлермен сіз келісесіз бе? Қалай ойлайсыз? Өмірде осы тәріздес қағидаларды басшылыққа алсаңыз, олар сізді бақытқа жеткізе ме? Жақсылық пен жамандықты осылай түсінетін адамның алдында қандай мәселелер тұрғанын көз алдыңызға елестете аласыз ба? «Мен өмірде неге қол жеткізуім керек» деген сұрақтарға жауап берместен бұрын «Мен қандай болуға тиіспін», «Адам болу деген не?»- тәрізді сұрақтарға ойлануым керек. Мысалы, терек болып өсу үшін өсімдікке ылғал, күн көзі, түрлі тыңайтқыш заттар, қоректік заттарды топырақтан бойына сіңіру қажет, сөйтіп белгілі өсу сатысына жеткенде терек өнім береді. Яғни теректің «жақсы» өсіп дамуына құнарлы топырақ, ауа-райының қолайлы болуы т.б. жағдайлар ықпал етеді. Ал өсімдіктің өсуіне кедергі келтіретін «жаман» жағдайларға: құрғақшылық, өсімдіктерді бүлдіретін жәндіктер мен құрттар, ағаштың бұтақтарын сындыратын дауыл, жаз айларында кенеттен болатын үсіктер жатады [35, 36].
Дәл осы тәрізді адам үшін жақсылық пен жамандықтың жалпы өлшемдермен айқындалып, адамшылық, ізгілік түсінігімен байланысты. Жақсы жағдайда менің бойымдағы адамшылық дәнектер өніп, менің адам болып қалыптасуыма көмектеседі, ал жақсылыққа қайшы жамандық тек сыртқы жағдайлардың әсерінен ғана болып қоймайды, ол адамның ішкі жан дүниесінде орын алады.
«Адам қандай болу керек?» деген алғашқы сұраққа ең маңызды берілетін жауап «Адам болу» екеніне келісесіз бе? «Адам болу» адамның басты ерекшелігі. Ол әр адамды дүниедегі бес миллиард адамнан ерекшелендіретін негізгі қасиеті.
Адам саналы түрде өзінің қандай болу керектігін орындай алады.
Адамның ізгілік принциптерге қарым-қатынасы. Адам болу дегеніміз өз өміріндегі көптеген сұрақтарға жауап іздеу, тек қана «қарынның қамын» ойлау емес, мәнді сұрақтар төңірегінде толғану. Ғасырлар бойы философтар «Адам болу» деген сұраққа көп ізденді. Олар «Әлемде тек адам осы сұраққа толғанып жауап іздейді» -деп түйіндейді [37].
Адамзат саналы болғандықтан, оны ғұмыр бойы өмір мен өлім, қуаныш пен қайғы-қасірет мәселелері толғандырады. Сондықтан да әр қайсымыз өмірлік принциптер жайлы ойланып, толғануымыз керек. Махаббат деген не? Өмір деген не? Бізді Жаратушы бар ма? Жақсылық пен жамандықтың айырмашылығы неде? Бақыт дегеніміз не? Басқа хайуандардан адамның артық айырмашылығы неде? Ол қандай принциптерді ұстанады?
- Адамның ізгілік принциптерге қарым-қатынасы
- Адамның өзіне қарым-қатынасы
- Адамдарға қарым-қатынасы
- Айналадағы ортаға қарым-қатынас.
Түсінікті болу үшін оларға жеке-жеке тоқталып, сұхбаттастық. Білімгерлер өз ойларын ортаға салды. «Бала оқытып, тәрбиелеумен айналысатын барша педагог қауымның басты міндеті-әр оқушының қабілетін ашуға жағдай жасау, жеке тұлға қалыптастыру. Ал білімгер жеке тұлға ретінде қалыптасу үшін міндетті түрде негіздерін өз еркімен үйреніп, іс-әрекеттің мақсатын, міндетін, түрін, тәсілін, жағдайын өзінше түсініп, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға жетуі тиіс.
3-кезеңде Рөлдерді пайдалану (Рогов бойынша) әдістемесі. Басына қиындық түскен жоғарғы сынып оқушысына өзі ұқсағысы келетін образды елестету ұсынылды (мысалы сүйікті киноактер) оның рөліне ену және сол образда өзін сезіну (оның ұқсағысы келетін адам оқушы идеалы болуы мүмкін).
4-кезеңде «Мәселені қайта құру» әдістемесі. Өзіне-өзі төмен баға беретін оқушы ісі нәтижесіз болды, ол тек оны орындауға ұмтылады, ал өзге жақтан қалай қабылдайтыны ойландырмайды. Сондықтан олардың бойында өз қылықтарының мақсатын құра білуді үйрету керек. Мысалы, тақта алдында жауап берген оқушы «мен 5 алуым керек» деген мақсат қоюы қажет.
Сонымен бірге оқушыға жағдайдың маңызы төмен, «жеңуі» мен жеңілуді салыстырмалы түсінуі керек екендігін үйрету керек. Мысалы, кейбір жағдайлардағы жеңіліс, үлкен жеңіс алдындағы дайындық деп түсіну қажеттігі.
«Құпияны іздейміз». Оқушы өз бойынан құпиы ерекшеліктерді іздейді : Ғалым сіздің пішініңіздің тура роботын жасаған делік, «Сіздің екінші пішініңіз барлық жағынан ұқсас». Ол зұлымдық құралы ретінде жасалған. Сізді жақсы білетін адамдар айыра алады ма? Робот сіздің барлық құпияңызды билейтін болса, сіз ең соңында маңызды құпияңызды ашар едіңіз бе?
«Көшбасшы» ойыны. Өзін-өзі бағалауы төмен оқушыны бір мекемеге жетекші етіп тағайындайды. Мысалы, мектеп директоры. Оқушы нұсқаулар береді, мұғалімге сабақты дұрыс жүргізбегені үшін сөгіс береді, оқушы үлгерімі үшін жауап берушіні тағайындайды. Ойын кезінде оқушының жақсы жақтарын атап отыру қажет [38].
«Мен туралы жаз» ойыны. Бұл ойында оқушылар арқасына жүрек суретін тағады. Музыка ойнап тұрған кезде билеп жүрген оқушылар өзін-өзі төмен бағалайтын оқушыға тән жағымды қылықтар мен өзін-өзі жоғары бағалаудың жағымсыз қылықтарын жазып көрсетеді: одан әрі жазылғандар туралы пікірлеседі.
Одан әрі өзін-өзі бағалауы төмен жоғары сынып оқушыларымен әңгімелесу жүргізіліп, мынадай ұсыныстар айтылды:
- өзің туралы ешқашан жаман айтпа, жағымсыз қылықтарды өзіңе жапсырма «ақымақпын, жолым болмайды, түзелмеймін, қабілетім жоқ» деме;
- сіздің әрекетіңізге баға беруге болады, оларды дұрыс сынай білу керек – сыннан нәтиже шығара біліңіз, бірақ тұлға ретінде жеке басыңызды әжуаға айналдыруға жол бермеңіз.
Жаттығулар негізінде шынайы өзін-өзі бағалау бағдарламасын ұсындық:
- Өзіңіз жетістіктеріңіз бен кемшіліктеріңізді мойындаңыз, мақсаттарыңызды белгілеңіз.
- Ұялу мен кінәлау сезімі сізді жетістікке жеткізбейді. Оларға мойынұсынбаңыз.
- Есте сақтаңыз, кейбір жеңіліс – жетістіктің басы болуы мүмкін.
- Өзіндік «меніңізді» қорғаштай бермеңіз, ол сіз ойлағаннан да мықты икемді. Ол илігеді, бірақ сынбайды. Оның қысқа мерзімді эмоциялық соққыдан өткені жақсы, әрекетсіз отырмау керек.
5-кезеңде «Мен кіммін» тақырыбында тренинг өтілді. Мақсаты: «жеке тұлға», «жекелік» ұғымдарын талдау. Өзінің «менін» көрсете білу, сезіне білу, өз өміріне жауапкершілікті сезіну. Әдістері: модельдеу, топтық жұмыс, сұхбаттасу. Барысы:
- 10 рет «Мен кіммін» деген сұраққа жағымды және жағымсыз жағынан сипаттау.
- Басқалардың өзі туралы көзқарасын көрсету.
- Өзі туралы фразалар жазылған сөйлемді аяқтау.
- Өз автопортретін салу.
- Адам өзін өзгерту үшін не істеу керектігін сипаттау.
Осы жүргізілген іс-шараларға орай төмендегідей кесте түзілді (2-кесте).
Кесте – 2. Өзіндік сана дамуын анықтау іс-шаралары.
№
|
Жаттығулар |
Деңгейлер |
||
Жоғары |
Орташа |
Төменгі |
||
1. |
«Жақсылық пен жамандық» этикалық әңгіме |
35% |
30% |
35% |
2. |
«Рөлдерді пайдалану» әдістемесі |
20% |
47% |
33% |
3. |
«Мәселені қайта құру» әдістемесі |
32% |
30% |
38% |
4. |
«Мен кіммін» тренинг |
36% |
27% |
37% |
2.3 Жасөспірімдерде қарым-қатынасты қалыптастыру жолдары
Біз дамыту іс-шараларын түрлендіріп өткіздік. Соның ішінде тренингке тоқталып өтсек: ойындық әдістемелер ішінде әлеуметтік-психологиялық тренинг көбірек іскерлік ойын әдістерін және рөлдік ойын әдістемелерін алды. Бұл әдістер тиімді және тренингтік оқушылар тобында көп жүргізіледі. Негізінде рөлдік ойындар – бұл сол топтық дискуссия, бірақ «түрлерінде», ол жерде әрбір қатысушыға өзінің жеке мінез-құлық сипатына және персонаждың тәртібіне сай рөлге бөліп ойнау ұсынылады [39]. Сонымен қатар тренингтің қалған қатысушылары көремен-сарапшы негізінде болады, олар кімнің тәртібі жан-жақты, сенімді болғанын талқылайды. Мәселен: «Кел достым» тренингіне тоқталып өтсек: Мақсаты: қарым-қатынас үдерісінің маңыздылығын түсіндіру, өзіндік сананы дамыту, кері байланысқа түсуде ақпараттардың түрленуін түсіндіру, тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру.
Тренинг барысы:
- «Сәлем!» сергіту жаттығуы.
- «Бұзық телефон» жаттығу.
- «Қарым-қатынас психологиясы» ақпараттық блок.
- «Нұсқау бойынша сурет салу» жаттығу.
- «Сіз тыңдай білесіз бе?» сауалнама.
- «Әр түрлі қимыл жағдайларында тыңдай білу» жаттығу.
- «Сәлем!» сергіту жаттығуы. Топ мүшелері, арқасымен шеңбер жасап тұрады да, жайлап өз-өздерін айналады. Жүргізуші қасындағы қатысушыға өзі бүгін естігісі келетін сәлемдесу түрін қасындағы келесі қатысушыға сыбырмен айтуы тиіс. Тапсырма жүргізушіге қайтып келгенше жалғасады. Келесі қатысушылар да өз сәлемдерін араға 2-3 адам салып жіберіп отырады. Жаттығуды музыка әуенімен жүргізген дұрыс болады.
Жаттығуды талқылау:
- Өз сәлемдемеңізді қайтып алғанда қандай күйде болдыңыз?
- Жіберген сәлемдемеңіз сол күйінде қайтты ма?
- Олардың өзгеріске ұшырауына қандай әсер болды деп ойлайсыз?
- Ақпарат өзгеріске ұшырамай қайтуы үшін не әрекет жасауға болады?
- «Бұзық телефон» жаттығу. Жаттығуға қатысушылардың біреуінен басқасынын бәрі бөлмеден шығуы тиіс. Қалған жалғыз қатысушыға жүргізуші бір ақпарат береді. сол ақпаратты келесі қатысушыны шақырып айтуы тиіс. Жаттығу барлық қатысушы ақпаратты естігенге дейін жалғасады.
Үлгі: Біздің мектепке жаңа компьютерлер сатып алынды. Бір айдан соң қазір кітапхана тұрған бөлмеде комьютер класын орнатады. Ал кітапхананы бірінші қабаттағы басқа бөлмеге ауыстырады. Кешкісін комьтерлерде түрлі ойындар ойнауға болады. Ол үшін мектеп учаскесінде көгалдандыру жұмыстарына қатысу қажет.
Талқылау:
- Ақпаратты бір қатысушы екіншісіне бергенде неліктен өзгеріске ұшырады деп ойлайсыздар?
- Ақпараттың қай бөлігі өзгеріске ұшырады және неліктен?
- Қанша адамнан өткен ақпарат көздеріне сене беруге болады ма?
- «Қарым-қатынас психологиясы» ақпараттық блок.
Қатысушыларға қарым-қатынас психологиясы туралы 15-20 минуттық ақпарат берілуі керек: Қарым-қатынасты көпжақты түсінудің (кең немесе тар мағынада) мәні тұлғалық және қоғамдық байланыстарды түсіну логикасынан келіп туындайды. Әлеуметтік психологияда екі немесе одан да көп адамдардың түйісуін бірнеше формаға бөліп қарастырады:
1/ пасссивті қатысу;
2/ ақпарат алмасу;
3/ бірлескен әрекет;
4/ тең құқықты және асимметриялы белсенділік.
Қарым-қатынасты бірнеше аспектілерге бөліп қарастыруға болады: мазмұны, мақсаты және құралдары.
Қарым-қатынас мазмұны – бір тірі ағзадан екіншісіне өзара түйісу жағдайында берілетін ақпарат. Бұл ақпараттар субъектінің ішкі (эмоционалдық) жағдайы немесе сыртқы ортадағы қалыптасқан жағдайлар туралы болуы мүмкін. Дегенмен, қарым-қатынас субъектілері адамдар болып табылғанда ғана, ақпарат мазмұны алуан түрлі болып келеді [40, 41].
Қарым-қатынас мақсаты – «Қарым – қатынас актіне не үшін қатысады?» деген сұраққа жауап береді. алғашқы аспектідегі қағида мұнда да сақталынады. Жануарлар әлемінде қарым-қатынас мақсаты олар үшін өзекті биологиялық қажеттіліктер шеңберінен шықпайды. Ал адамдар үшін сан алуан және жан-жақты бола отырып, әлеуметтік, мәдени, шығармашылық, танымдық, эстетикалық және тағы да басқа қажеттіліктерді қанағаттандырады.
Қарым-қатынас құралдары – бір жанды ағзадан екіншісіне қарым-қатынас үрдісінде берілетін ақпараттардың түрлі шифрлер мен қайта өңдеулер, хабарлау, кодтау тәсілдері болып табылады. Ақпаратты кодтау – хабарлаудың бір тәсілі. Адамдар арасындағы ақпарат алмасу сезім мүшелері, сөйлеу және т.б. белгі жүйелері, жазу, техникалық және сақтау құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Қарым-қатынастың маңызды шарттары мыналар:
Қарым-қатынас болатын жағдайды дұрыс түсіне білу
Сөйлейтін сөзді дұрыстап жоспарлап алу
Қарым-қатынастың мәнін жеткізетін ұтымды құралдарды қолдану
Кері байланысты бақылап отыру
Қарым-қатынасқа түсу мақсатында тілді мазмұнды және кедергісіз қолдану сөз сапаларына байланысты. Олар: сөз нақтылығы, сөз тазалығы, сөз жүйелігі, сөз мәнерлігі, сөз байлығы, сөз орындылығы. Бұл сөз сапалары педагогикалық қарым-қатынастың тиімді болуында маңызды роль атқарады.
Сөз нақтылығы – сөз мазмұны мен ақпарат мағынасының негізіне сәйкес келуі. Сөздің нақтылығы сөзді орынды, нақты, сөз мағынасына қарай, синоним, антоним, омоним сөздерді дұрыс қолдана алуға байланысты. Сөз нақтылығының маңызды шарты — лексикалық нормалардың сақталуында. Егер сөйлеуші қажетті ақпаратты субъектіге жеткізуде мағыналас сөздердің ішіндегі ең орындысын таңдаған кезде ғана, сөз нақтылығы көрініс береді [42].
Сөз тазалығы — әдеби тілден тыс сөздердің қолданылмауы, соның ішінде диалектік, кәсіби, жаргон сөздер және т.б.
Сөз жүйелігі – ойлау компоненттерінің бөліктері мен сөйлеу компоненттерінің мағынасының қатынасының көрінісі.
Сөз мәнерлігі – тіл мәнерінің бар мүмкіндіктерін жүзеге асыру нәтижесінде көрініс беретін сапа. Ол барлық деңгейлердегі тіл бірліктерімен жасалына береді. Сонымен қатар, тілдің арнайы көркемдік қасиеттері болады (троптар, стилистикалық фигуралар), олар айтылған ойды, әсерлі, образды, эмоционалды етуге көмек береді.
Сөз байлығы – ақпаратты барынша әсерлі жеткізе алуға мүмкіндік беретін сөз бірліктерін еркін және кең қолдана алу.
Сөз орындылығы – тілдегі сөз бірліктерінің мақсатына, жағдайына, мағынасына сәйкес қолданылуы7
4.«Нұсқау бойынша сурет салу» жаттығу.
Қатысушылар бір-біріне арқасымен екі-екіден бөлініп отырады. Әрбір жұптан бір қатысушыға суретбейнеленген карточкалар беріледі. Қатысушы сол карточкадағы суретті нұсқау бере отырып, екінші қатысушыға бейнелетуі тиіс. Алғашында сурет салып отырған қатысушы нұсқаушыға ешқандай сұрақ қоймауы тиіс. Кейінгі айналымда сұрақ қоюларына болады [43, 44].
Сурет үлгілері:
Талқылау:
- берілген ақпаратты дұрыс түсіндіре алу үшін қандай әрекеттер қажет?
- қарым-қатынаста дұрыс түсіндіре алудың маңызы бар ма?
- «Сіз тыңдай білесіз бе?» сауалнама.
Нұсқау: Сіздерге 12 сұрақ беріліп отыр. Көп ойланбастан, жылдам «иә» немесе «жоқ» деген жауаптар берулеріңізді сұранамын. Жауаптарыңыз шынайы болады деп сенемін.
- Екінші бар адамның сөзін тез аяқтап, сізге де сөйлеуге мүмкіндік бергенін асыға күтетін кездеріңіз көп болады ма?
- Мәселенің анық-қанығына жетпестен шешім қабылдаған сәттеріңіз жиі болып тұрады ма?
- «Сіз көбіне өзіңізге ұнайтын ақпараттарды ғана тыңдайсыз» деген қағидамен келісесіз бе?
- Әңгіме айтушыны тыңдауда эмоциялық жағдайыңыз кедергі келтірмей ме?
- Серіктесіңіз өз ой-пікірін айтып отырғанда сіз көп алаңдайсыз ба?
- Әңгіме барысында мағыналы тұсына қарағанда, болмашы ұсақ-түйектерді есіңізде ұстап қалатын сәттеріңіз болады ма?
- Өз көзқарасыңыз, ұстанымдарыңыз басқа адамды тыңдауға кедергі келтірмей ме?
- Егер серіктесіңізді түсіну қиынға соқса, оны тыңдауды тоқтатасыз ба?
- Сөйлешіге деген негативті позиция жиі бола ма?
- Сөйлеушінің сөзін жиі бөлесіз бе?
- Әңгіме барысында сөйлешінің көзіне тіке қараудан қашасыз ба?
- Әңгіме айтушыны кенеттен тоқтатып, өз ойыңыз бен шешіміңізді айтқыңыз келетін сәттеріңіз болады ма?
Нәтижесін өңдеу:
Қатысушылар өздерінің «жоқ» деген жауаптарын есептеулері қажет.
10-12 ұпай. Сіз серіктесіңізді жақсы тыңдай білесіз. Өз эмоцияңыз оның сөзін ұнатпасаңыз да аяғына дейін, ұғып тыңдауға кедергі жасамайды. Сондықтан көп адамдар сізбен қарым-қатынас жасағанды ұнатады.
8-10 ұпай. Көп жағдайда серіктесіңізді тыңдай білуге тырысасыз. Ұнамаған жағдайдың өзінде оның сөзін аяғына дейін тыңдай аласыз. Егер серіктесіңізден жалығып кетсеңіз дипломатиялық түрде онымен қарым-қатынасты тоқтатуға мүмкіндігіңіз бар [45]. Кей жағдайда оның сөзін бөліп жіберіп, өз ойыңызды айтып үлгересіз.
8 ұпайдан төмен. Өкінішке орай, қарым-қатынасқа түсуде сіз басқа адамдарды тыңдай білу өнеріне машықтанбағансыз. Сіз олардың сөзін көп бөлесіз, сөздің аяғына дейін тыңдауға шыдамдылығыңыз жетпейді. Оның айтқан сөзі ұнамаса, мүлде тыңдамай қоя саласыз.
- «Әр түрлі қимыл жағдайларында тыңдай білу» жаттығу.
Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Әр жұптағы бір қатысушы сөйлеуші, ал екншісі – тыңдаушы болады. Қатысушылар бір-біріне қарама-қарсы отырып, жүргізуші бұйрық бергенде әңгімелерін бастайды (не айтқысы келсе, соны айта беруге болады). 1 минуттан соң сөйлеушілерге «тұру» туралы бұйрық беріледі, ал тыңдаушылар өз орындарында отыра береді. Тағы 1 минуттан соң екі қатысушы да орындарынан тұрады, бірақ бір-біріне теріс қарап тұрулары тиіс. Бұдан соң екі қатысушы өз ролдерін ауыстырып, жаттығуды қайталайды.
Талқылау:
- Әңгілемені қандай жағдайда жүргізген орынды? Неліктен?
- Неліктен қиыл жағдайы өзгеріске ұшырағанда қарым-қатынас тиімділігі өзгереді?
Тапсырма -1 ( Ситуация шешу).
Мақсаты: Берілген жағдайлар арқылы оқушылардың шешім қабылдай алуын анықтау, қарым қатынас деңгейінің өзгерісін бақылау.
Нұсқау. 2 топқа 2 түрлі жағдайды кезекпен оқимын.Сол жағдайдан қалай шығу керек соны өздері ойластырып, ойларын айту керек.
1-топқа. Сыныпта Айнұр есімді оқу озаты, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын қыз болады. Оны айналасындағы достары, сыныптастары қатты сыйлайды. Бір күні ата-анасы Айнұрға Астанаға көшетіндерін айтады. Ата-анасының бұл көшудегі мақсаты қызының болашағы Астана сияқты үлкен қалада құрылса екен дейді. Ал Айнұр сыныптастарын қимайды. Сендер Айнұрдың орнында болғанда не істер едіңдер?
2-топқа. Айгүл мен Айдар қыз бен бала бір-бірімен өте жақсы дос болады. Олардың қарым-қатынастары ерекше достық, сондай-ақ бір балалық сезімде болады. Екеуінің достықтары Айгүлдің анасына ұнамайды. Себебі: Айдар жетім болғандықтан. Сөйтіп, қызына Айдармен кездесуге тыйым салады. Сендер Айгүлдің орнында болғанда не істер едіңдер?
Тапсырма -2. Айнұрдың ұстамдылығы қоғамдық мазмұны бар әрекетте ғана көрінеді (жиналыс, пікірталас т.б.). Ал Сәуленің ұстамдылығын кез келген әрекет барсында көруге болады.
Сұрақ: Қай оқушының ұстамдылығы жоғары деңгейда темперамент қасиетімен ерекшеленеді?
Айнұр 9-шы сыныпта жаңа сыныпқа келіп парталас көршісі Сәулемен жақсы сөйлесетін болды, бері келе Айнұр Сәуленің өте лас (кітабы, дәптері, киімі) екенін байқап, оның көзіне айтып салды. Сол-ақ екен Сәуле Айнұрмен тіптен сөйлеспейтін болып, қасына жақын келмей қойды. Осыдан кейін Айнұр Сәулені қонаққа, киноға шақырып сөйлескісі келді. Бірақ Сәуле көнбеді. «Сен мүмкін Сәулені күзеткің келетін шығар» — деп сұрады достары. «Жоқ, бұл ойламаған жерден болды, не істерімді өзім де білмеймін» — деді Айнұр.
Сұрақ: Қай жағдайда темперамент қасиетінің жоғары деңгейін байқауға болады?
Осылайша, түрлі ұйымдастыру формалары арқылы, қарым-қатынаста жасөспірімдердің өзіндік санасын қалыптастыру жолдарын іздестірдік.
Қорытынды
Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері – мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану болып табылады. Бұл жасөспірімдердің өзіндік сана-сезімін анықтайтын күрделі проблемасы болып табылады. Бұл проблемаларды жасөспірім ата-анасымен, құрбы-құрдастарымен, мұғалімдермен бірге олардың қолдауы жағдайында шешеді.
Біз теориялық білімдерді толықтыру мақсатында, жасөспірімдермен бірге олардың психологиясын меңгере отырып зерттеу жұмыстарын жүргіздік.
- Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жасөспірім тұлғасының мотивациялық құрылымында түбегейлі өзгерістер болатыны анықталды.
- Психологиялық тұрғыдан, дара тұлға белсенділігі қарым-қатынасқа негізделіп зерттелді.
- Сыныпта оқушылардың қарым-қатынас дамуын арттырудың жолдары мен тиімді әдіс-тәсілдері қарастырылды.
- Жеке тұлғаның белсенділігін арттыруда іс-шараларды түрлендіріп өткізудің сипаты нақтыланды.
- Тұлғаның өзін-өзі танытуының негізгі құрамдас бөліктері сараланды.
- Жетілген тұлға сипатын жасаудағы игі істер сарапқа салынып, талқыланды.
- Жасөспірімдік шақта қарым-қатынасты, тұлға белсенділігін анықтауда тапсырмалар жүйесі ойластырылып, ұйымдастырылды.
- Оқу іс-әрекетінде жаңа идеяларды сараптау, бір нәтиже – түйін шығару тақырыпқа байланысты ойды тереңдетуге мүмкіндік туды.
- Оқу үрдісінің орталық буынын құрайтын – ортақ ұжымдық жұмыс барысында оқушының қарым-қатынасы мен белсенділігінің дамуы нақтыланды.
- Жасөспірімдік шақта қарым-қатынас пен тұлға белсенділігін саралауда тапсырмалар жүйесі бірнеше кезеңді құрады.
- Жасөспірімдік шақта қарым-қатынасты қалыптастыру үлгісі мен тұжырымының жобасы жасалды.
- Жасөспірімдердің қарым-қатынасы мен белсенділігін дамытуға бағытталған жаттығулар ұсынылды.
- Дамыту жаттығулары әртүрлілігімен, жас ерекшелікке сай келуімен, мазмұндылығымен ерекшеленді.
- Тапсырмаларды түрлендіріп отыру, қарым-қатынасты дамытуға деген талпынысты, қызығушылықты арттырды.
Сонымен, жасөспірімдердің қарым-қатынасын, белсенділігін дамытуда ұйымдастырылатын жұмыстардың сипатына психологиялық-педагогикалық тұрғыдан талдау жасалып, эксперименттік жұмыстардың мазмұны ойластырылды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР