АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Жастардың құқықтық мәдениеті

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ   ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ  ФАКУЛЬТЕТІ

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯ  КАФЕДРАСЫ

 

Дипломдық жұмыс

 

 

 

Жастардың құқықтық мәдениеті

 

 

Алматы 2008

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………….… 3

 

1.ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН

ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ……………………………..  6

  • «Құқықтық мәдениет» жастардың құқықтық

мәдениетін түсінудің дүниетанымдық негізі ……………………………………………..  6

  • Жастар және жастардың құқықтық әлеуметтенудің

ерекшеліктері ………………………………………………………………………………………….. 13

  • Жастардың құқықтық санасының қалыптасуы және

оған әсер ететін факторлары …………………………………………………………………….. 19

 

  • ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ………………………………………………………………. ………..25

  • Құқықтық тәрбие – жастардың құқықтық

мәдениетін қалыптастырудың негізгі жолы ретінде……………………………………. 25

  • Жастарға құқықтық тәрбие берудің нысандары

мен әдістері ………………………………………………………………………………………………. 27

  • Девианттық жүріс – тұрыс және жастардың құқықтық

мәдениеті ………………………………………………………………………………………………….. 29

 

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ

КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ………………………………………………………………………….. 37

  • Қазақстан Республикасындағы жастардың мемлекеттік

саясаты және оның ұйымдық – құқықтық механизмі…………………………. 37

 

  • Елімізде құқықтық мемлекет орнату кезеңіндегі жастар

Туралы заңдарды жетілдірудің басым бағыттары …………………………….. 44

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………………………………..50

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ………………………………………. .52

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

     Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Конституция оның ең жоғарғы құндылығы адам, адам өмірі, құқығы мен бостандығы деп ерекше атап өтті. Мұның өзі қоғамдағы көп жақты, көп сатылы қарым-қатынастарды реттеудің негізгі құралы ретінде құқықтық санамен құқықтық мәдениет маңызының арта түсуіне жол ашты. Қоғамдағы шынайылықтың обьективті ақиқат қисынын тек зиялы, білімді қоғам өз қалыптасуының барысында, демократияның барлық мүмкіншіліктерін  пайдалана отырып, жан-жақты аша түсетінін озық мемлекеттердің дамуы дәлелдеп отыр. Демократияның қанат жайып көркеюінің басты кепілі – құқықтық мәдениеттің жан-жақты дами түсуі. Демократия дегеніміз- шетсіз де шексіз кеңістік немесе әркімнің ойына келгенін істеушілік емес. Ол — белгілі дәрежеде заңмен, тәртіппен реттеліп отыратын қоғамдық белсенділік.

    Мемлекетіміздің өзінің алдына ұзақ мерзімге үлкен жоспарлар қойып отырғанын біз жақсы білеміз. Еліміз 2030 жылдары Орта Азияның барысына айналғалы отыр1

   Бұл еліміздің көркейіп, дамитындығын көрсетеді. Отанымызды биік дәрежеге көтеріп, оның болашағына ие болып, гүлдендіретін де жастар болып табылады. Ал жастарды осы бастан ел мен жерге құрмет көрсете білуі мақсатын қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінің үлгілерін өз бойына сіңіруге, ғылым мен білімнің соңғы жетістіктерін жете меңгерген кәсіпқойлыққа баулуымыз қажет.

    Мемлекеттің өркендеуіне табиғи байлық, халық саны, жердің кеңдігі қандай рөл атқаратын болса, жастардың кәсіпқой, өз ісінің шебер маманы  болып қалыптасуы да зор рөл атқарады. Қазақстанның ғылым мен білім саласында жеткен жетістіктерін болашақ ұрпақтың бойына сіңіріп, ұрпақ сабақтастығын басты назарда ұстау қажеттілігі туындайды. Сонда ғана біз алдыңғы қатарлы елдердің деңгейіне көтеріле аламыз.

    Қазіргі заманның басты талабы – мемлекеттік және халықаралық стандартқа сай, бәсекеге икемді түрлі саладағы жас мамандарды даярлап шығару. Бұл өте күрделі іс. Оның негізінде жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесінде даярлығы мол, өзіне қойылатын әлеуметтік-адамгершілік талаптар мен этикалық нормаларды меңгерген кәсіпқой маман тұлғасын қалыптастыру, отансүйгіш, интернационалдық сезімде тәрбиеленген жастарды қалыптастыру, дүниежүзілік құқықтық дамудың тәжірибесін меңгеріп қана қоймаған, ел дамуының кәсіптік мүддесіне сай өз көзқарасын қалыптастырған, оларды пайдалана білуге дағдыланған азаматтарды тәрбиелеу басты іс болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономикаға өтуге байланысты жаңа заман қажеттілігіне сай қазіргі ақпараттық және жаңа технологиялық жаңалықтарды өз бойына жинаған, жоғары білікті маман иелерін даярлау ісі құқықтық білім беру және құқықтық тәрбиемен ұштасып жатыр.

 

 

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан -2030» Алматы: Білім 1997 жыл- б.

   Бұл жастар ісіндегі бір бағыт қана. Еліміздің ертеңі жастарсыз жарқын бола қоймайды. Сондықтан да қазіргі кезден құқықтық мәдениеті жоғары жастарды тәрбиелеу және қалыптастыру ісі кезек күттірмей атқарылатын мемлекеттік маңызды шаралардың қатарында тұр. Қазақтың алтын бесігі ауыл, ал қазіргі кезде ауыл жастарының басым көпшілігі жұмыссыз, бос. Мемлекет тарапынан ауыл жастарын әлеуметтік – мәдени тұрғыдан көтермелеге байланысты арнайы бағдарлама қабылдап, оны тез арада жүзеге асыруға кірісу қажет.

   Сонымен қатар, қазіргі кезде нашақорлыққа, ішкілікке салынушыларыдың дені жастар болып отыр. әртүрлі жұқпалы аурулар мен СПИД-тің де тамыр жайып отырған ортасы да осы жастар. Қылмыстық әрекеттердің көпшілігі осы еліміздің жастарының үлесіне тиюде. Жас, тәуелсіз мемлекетіміздің алдында ертеңгі күні айқын, мәдениетті және тәрбиелі ұрпақты қалыптастыру міндеті тұр. Осы айтылғандардың барлығы зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

     Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру ісі көптеген ғалымдар тарапынан жалпы құқықтық мәдениет мәселелерін қарастыру барысында сөз болады. Жалпы жастардың құқықтық мәдениеті кешенді мәселе болғандықтан кейін оның әрбір қыры жеке-жеке зерттеудің пәніне айналып отырған.

   Жастардың құқықтық мәдениетін зерттеуде оны көбінесе жастардың құқықтық тәрбиесімен астастыра қарастыру орын алған. Жалпы құқықтық мәдениет және жастардың құқықтық мәдениеті туралы Қазақстанның танымалы заңгер ғалымдары – С.З Зиманов, М.Т. Баймаханов, Ж.Д.Бусурманов, С.С. Сартаев, С.Н. Сабикенов, Г.С. Сапарғалиев, Н.Б. Мухитдинов, Т. Ағдарбеков, Н.Ө. Өсеров, С.Ө. Өзбекұлы, Е.К. Нүрпеисов, А.К. Мұхтарова, Е.Б. Абдрасулов, С.Ф. Ударцев, А.С. Ибраева, А.У. Бейсенова көптеген еңбектер жазған.

   Жастардың құқықтық тәрбиесі мәселесі Л.А.Сахипова, А.И. Долгова, М.В. Лукьяненко, В.М. Фокин, В.И. Новоселов, К.Х. Найманов, А.П. Чугунов, В.В. Альхиминко, А.Б. Козловский, В.В. Бородин, Е.С. Кубанков, З.А. Бренчев, Г.Б. Елемисов, К.А. Бегалиевтің еңбектерінде кеңінен қарастырылып, арнайы зерттеу нысанасына айналған.

   Сонымен қатар, жастардың құқықтық мәдениетін жетілдірудің мәселелері құқықтық сананың аясында қарастырылады. Бұл бағыт Л.М. Голубевваның, С.А. Батованың, В.В. Оксамытныйдің еңбектерінде жүйелі түрде сөз етіледі. Жастардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу ісі Е.А. Зорченконың және т.б. еңбектерінде арнайы зерттеледі.

    «Жастардың құқықтық мәдениеті» атты зерттеу тек С.М. Ходыревскийдің қаламынан туған болатын. Еңбекте отбасы мен мектептің, өндіріс ұжымының жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда алатын орны мен рөлі талданады. Студент жастардың құқықтық тәрбиесі мен құқықтық мәдениеті Л.А. Сахипова мен З.Ч. Чикеевалардың еңбектерінде зерттелініп, жеке байлам мен түйіндерге арқау болған.

         Мемлекеттік жастар саясаты арнайы зерттеу тақырыбына өзек болған болатын. Бұл бағытта Ш.З. Рустемов пен қазақстандық ғалымдар Л.Ю. Зайцеваның, Д.А. Калетаевтің еңбектері өте қомақты.

   Әрине, аталған еңбектердің барлығында жастардың құқықтық мәдениетінің белгілі бір қырлары сөз болады. Бүгінгі күнге дейінгі жастардың құқықтық мәдениетінің толық табиғаты ашылып, негізгі ғылыми бағасы айқындала қоймаған. Бұл тақырыптағы диссертациялық зерттеулерді қоспағанда, аталған еңбектердің басым көпшілігі кіші-гірім деңгейдегі кітапшалардан құралған. Олардың негізгі мақсаттары жастар тәрбиесімен айналысушыларға көмекші құрал ғана қызметін атқару болып келді.

     Ал, ұсынылған осы дипломдық жұмыста жастардың құқықтық мәдениеті кешенді мәселе ретінде жеке алынып, жүйелі, жан-жақты зерттеудің нысанасы ретінде қарастырылып отыр.

       Дипломдық зерттеудің обьектісін негізінен құқықтық мәдениеттің жалпы теориясының мәселелері мен құқықтық тәрбиенің құқықтық мәдениетті көтеру барысындағы маңызы мен рөлі құрайды және де оған Қазақстан Республикасындағы жастардың құқықтық мәдениетін көтерудің кейбір теориялық мәселелері де кіреді.

       Зерттеудің нақты пәнін құқықтық мәдениет жүйесіндегі жастардың құқықтық мәдениетінің негізгі мәселелері және жастардың құқықтық мәдениетін көтеру ісінде олардың девианттық жүріс-тұрыстарының қаншалықты кері әсері болатындығы, тәуелсіз елімізде жастардың құқықтық мәдениетін көтеру бағытында атқарылып жатқан іс-шаралардың мәні мен маңызын саралау құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

  • «Құқықтық мәдениет» жастардың құқықтық мәдениетін түсінудің дүниетанымдық негізі

      Жастардың құқықтық мәдениеті жалпы құқықтық мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан да біз бұл мәселені зерттеуде теориялық және методологиялық (әдіснама) маңызы бар мәселенің бірі жалпы «құқықтық мәдениеттің және оның орны мен рөліне тоқталып өткенді жөн көріп отырмыз». Мәселеге осы қырынан келу бізге жастардың құқықтық мәдениетінің табиғатын жете түсінуге және оның жалпы құқықтық мәдениет жүйесінде алатын орнын толыққанды салмақтауға мүмкіндік тудырады.

      Жалпы құқық теориясында құқықтық мәдениет мәселесі әртүрлі аспектілерде, ракурстарда қарастырылып жүрген өте ауқымды мәселенің бірі болып саналады. Әрине, құқықтық мәдениет қана емес жалпы «мәдениет» мәселесі ғылымда осы күнге дейін өзінің бір ізді шешімін таба қоймаған, сан түрлі концептуалдық ғылыми ұғымдар мен теориялық бағыттарды өмірге әкелген күрделі түсінікке айналып отыр.

      Мәдениет ұғымы да қоғам дамыған сайын толығып, әр қырынан байи түсетін ұғымдық жүйе. «Мәдениет» ұғымының ғылыми мазмұндалуы – қоғам дамуының әрбір кезеңі тудырған ұстанымдар деңгейінде кемелденіп отыратын дамушы құбылыс. Мысалы, оны мына деректен байқауға болады: 1919 жылға дейін шетел ғалымдар айтуы бойынша мәдениет туралы жеті анықтама болған, 1950 жылы – 164, ал 1970 жылы – 250 анықтама болған2.

Американдық ғалымдар А. Кребер мен К. Клохон 1970 жылдардың басында-ақ «мәдениет» ұғымының 257 түрлі дефинициясын санап көрсеткен болатын3  Қазіргі кезеңде әлемдік әдебиетте мәдениеттің 500 –ден астам ғылыми дефинициясы бар4 Құқықтық мәдениет мәселесімен айналысқан көптеген ғалымдар өздерінің еңбектерінде   «мәдениет» ұғымының әртүрлі ғылыми түсініктерінің астарына терең бойлап, оны ашып талдауға және өзіндік байламдар жасауға ұмтылған болатын. Бұл мәдениетке қатысты айтылғандар бізден құқықтық мәдениет ұғымын, оның табиғатын ашу барысында үлкен жауапкершілік пен зеректілікті, нәзік сезімталдықты қажет ететіндігі белгілі.

        Құқықтық мәдениет жалпы мәдениет ұғымы секілді құқық теориясында бір жақты қаралып бағаланбайды. Бұны әрине түсінуге де болады. Себебі, құқықтық мәдениетті бір түсініктің аясында толығымен ашып көрсету мүмкін емес. Құқықтық мәдениет — әлеуметтік феномен ретінде күрделі құбылыс. Ол — өзінің бойына әртүрлі маңызды белгілері мен критерийлерді топтастыра алған өте ауқымды жүйелік құрылым. Сондықтан да құқықтық мәдениет ұғымы мен оның табиғатын ашуға қатысты сан түрлі көзқарастар мен пікірлердің жүйесі қалыптасқан болатын.

      Fisher Hugo. Theorine der kultur. Das kultuteiie kraftsfeld. Stuttgart, 1965-c

  1. Моль А. Социодинамика культуры –М., 1973
  2. Сальников В.П. Социалистическая правовая культура. Саратов: Сарат Универс

 

  Құқықтық мәдениеттің теориялық және методологиялық мәселелерімен терең айналысқан ғалымдардың бірі В.П. Сальников құқықтық мәдениет табиғатын ашуға байланысты көзқарастардың дамуының кейбір қырларына

тоқтала келе: «60 жылдардың аяғы 70 жылдардың басында құқықтық мәдениет ұғымын беруде екі бағыт тұрғысынан және құқық туралы білім жиынтығы, заңдарды қолдана білу және оған деген құрметке қатысты көзқарас қырынан келгендігін»5 сөз етеді. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың 70 жылдарының аяғы мен 80 жылдарының басында құқытық мәдениеттің теориялық мәселелерін зерттеушілердің көптеп көңіл бөлген тақырыбына айналғанын және оны әр қырынан қарастырып «қоғам дамуының белгілі сатысы кезіндегі құқықтық болмыс жаратылысының сапалық идеялық қалпы ретінде, сонымен бірге, нақты жүзеге асып жатқан заң қондырмаларының бүкіл элементтерінің (құрамдық бөліктерінің ) жиынтығы ретінде де, сондай-ақ заңдарды танығандық-білгендік, оны қабыл алудың дағдысы ретінде және қоғамдық сананың бір түрі ретінде де», «правовая культура есть качественное идейное состояние правовой жизни общества на определенном этапе его развития, и совокупность всех элементов юридической надстройки в их реальном функционировании, знание закона, умение принять его,и разновидность общественного сознания»6 түсінігі, дамытқан тілге шек етеді.

        Құқықтық мәдениет ұғымын беруде әртүрлі ғалымдар құқықтық мәдениеттің табиғатын сипаттайтын белгілерінің біріне ғана басымдық беріп, оны құқықтық мәдениеттің «приматы» ретінде сипаттауға тырысады. Сонымен бірге сол құқықтық мәдениетті сипаттайтын белгілердің ішінен бөлініп алған, өздері өте маңызды деп санайтын белгінің төңірегіне қалған белгілерін жинастыруға тырысады. Құқықтық мәдениеттің анықтамасын беруде қалыптасқан бұл әдіс бүгінгі күні құқықтық мәдениеттің сан түрлі түсініктері мен ұғымдарын өмірге әкелді. Әйтсе де, бұл көзқарастарды топтастырып көрсетуге де болады. Қазіргі кезеңде құқықтық мәдениет ұғымына қатысты түсініктер мен ұғымдарды топтастыруда белсенді-қызметтік, пәндік-құндылық құқықтық сананың аясында, қоғамдағы құқықтық болмыстың жақсы жақтарының көрінісі тұрғысынан тұжырымдау тағы басқа негіздері бойынша топтастыру орын алуда.

        Енді осыларға жеке — жеке кішігірім талдау жасайтын болсақ, бірінші белсенді қызметтік бағыт бойынша құқықтық мәдениет адамның белсенді қызмет аясында қаралып, осыны негізге ала отырып, осыны негізге ала отырып, құқықтық мәдениет ұғымын тұжырымдауға ұмтылыстар жасалды. Бұл бағыттың бір түріне құқықтық мәдениет ұғымын берудегі негізіне субъектінің әлеуметтік  қызметінің әдістеріне жатқызатын «Технологиялық» деген атпен белгілі түрін жатқызуға да болады. Бұл бағыт туралы Г.И. Балюк былай дейді: «в последнее время в юридической литературе появилась также  « технологические определения правовой культуры ( В.П. Казимирчук, Е.А. Лукашева, В.П. Сальников и другие). Они аккумулировали теоритический опыт изучения правовой культуры и раскрыли ее целевое назначение,

  1. Сальник В. Правовая культура: теоретико-методологический аспект. Дис…. Д-ра юрид. Наук.-Л., 1990-с

состоящее прежде всего в формировании, развитии и становлении лияности, ее направленности на активное поведение во всех сферах государственной и

общественной жизни, урегулированной  правом»7 Әрине, бұл көзқараста  мәдениеттің құндылық қыры да көзден таса қалмамайды. Сонымен қатар, бұл бағытты сот әділдігі мен сот ісін жүргізудің мәдениетіне қатысты еңбектерінде А.Л. Ликас пен Н.Ф. Волкодаев “Сот әділдігінің мәдениетін қызметтік әдіс ретінде ” өрбіте отырып дамытады

        Құқықтық мәдениет ұғымы мағынасынан ашып көрсетуге қатысты екінші бір көзқарастар легін құқықтық сана аясында өрбітуді жатқызуға болады. Бұл бағыт құқықтық тәрбие беру, оны қалыптастыру мәселесіндегі құқықтық сананың атқаратын рөлі және құқықтық тәрбие мен құқықтық сананың арақатынасының жай-күйі негізінен алғанда арнайы еңбектерде негізінен орын алған болатын. Сонымен бірге, біз бұл бағыттағы еңбектерден құқықтық мәдениеттің түсінігіне қатысты алдын-ала көзделген мақсатты айқын аңғарамыз. Себебі, бұл бағытты қолданушылар негізінен акцентті құқықтық мәдениеттің психологиялық өлшемдері мен  көріністерін құрайды. Бұл бағытты қолдаушылар мен әрмен қарай дамытушыларға: К.А.Моралев, Р.С.Могилевский, В.В. Орехов, В.И. Каменская, А.Р.Ратинов және т.б. жатқызуымызға болады белгілі ресей ғалымы А.Б. Венгеровтың құқықтық мәдениет – құқықтық сананың жоғары және көлемді деңгейі деуі, оны да осы бағыттың қолдаушылары қатарына жатқызуымыз мүмкіндік береді деп есептейміз.8

        Келесі құқықтық мәдениет ұғымына қатысты бағытты пәндік-құндылық бағыт ретінде топтастыруға болады. Мұнда құқықтық мәдениет ұғымының екі аспектісі: пәндік (құқық, құқықтық құрылымдар және т.б.)  және рухани бөліктері (құқықтық сана, құқытық білім және т.б. ) бірін-бірі толықтыратын бір ұғымның екі қырындай сабақтастықта қаралады. Ол туралы осы бағытты теориялық негіздеушілердің бірі Т.В. Синюкова құқықтық мәдениет түсінігінің негізіне – нормалар, құқықтық құндылықтар, заңдық институттар, заңдық процесстер мен нысандар жатқызады. Аталған құқықтық құбылыстар нақты қоғамда адамдарға әлеуметтік-құқықтық бағыт береді9  Әрине, бұл бағыттың ұтымды қырына біз оның бағалаушылық позициядан келетіндігін жатқызуымызға болады. Бірақ, біз бұл бағыттан құқықтық мәдениетті қандай критерийлердің жүйесіне сәйкес бағалауға болатындығын көре алмаймыз. Құндылықтың өзіне көп жағдайларда қоғамда қалыптасқан ұстанымдар жүйесі өте күшті әсерін тигізіп жатады. Оны біз кеңестік жетпіс жылғы тарихымыздан өте жақсы білеміз.

         Жоғарыдағы құқықтық мәдениетке қатысты пайымдаулармен қатар, заң әдебиеттерінде оны құқықтық болмысымыздың жақсы жақтарының көрсеткіші ретінде де бағалауды кездестіреміз. Аталған бағыттың негізгі ойын Р.К. Русиновтың құқытық мәдениетке берген мына берген мына төмендегі мінездемесі толық ашып көрсетеді: « Под правовой культурой понимается

  1. Волкодаев Н.Ф. Правовая культура судебного процесса.-М: Юрид литратура 1980-с
  2. Венгеров А.Б. Территория государства и права: Учебники-М., 1998-612с
  3. Синюков Т.В. Прав. культура / В кн терр. Государ. и права: курс лекция/под. ред. Н.И.Матузова и А.В. Малько Сар. 1995

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

обусловленное всем социальным, духовным, политическим и экономическим

строем качественное состтояние правовой жизни общества, выражающееся в достигнутом уровне развития правовой деятельности, юридических актов, правосознания в целом, в уровне правового развития субъекта (человека различних групп, всего населения), а также степени гарантированности государством и гражданским обществом свобод и прав человека ». Осымен астасатын пікірді құқықтық мәдениет теориясы бойынша белгілі ізденістер жүргізіп, қомақты нәтижелерге қол жеткізген осы саланың білгірлерінің бірі А.П. Семитконың еңбектерінен де кездестіреміз.

           Отандық заң ғылымында осы саламен көп жыл бойы айналысып жүрген ғалым А.С. Ибраеваның да құқықтық мәдениетке қатысты қалыптасқан көзқарастар мен пікірлерді саралай келе берген өзіндік анықтамасын да осы сипатқа жатқызуға болады10.

          Құқықтық мәдениет қоғам дамуымен ілгері жылжып отыратын, тарихи сабақтастықта, ұрпақтан-ұрпаққа өтіп отыратын құқықтық болмыстың ақиқаты іріктеп алып отырған құндылықтар мен тұлғаның құқықтық қызметін қалыптастырған мәдени маңызды өлшемдердің озық жүйесі болып табылады. Құқықтық мәдениетке оның негізгі мәнін көрсететін ерекше белгілер тән болып келеді. Оған, біздің ойымызша, А.С. Ибраеваның бөліп көрсеткен негізгі мына белгілері жатады:

          “Правовая культура – это особое социальное образование, выражающее оценку правовых явлений как культурологических ценностей с точки зрения

того, как и насколько они способны обеспечить наследование социальных форм жизнедеятельности. Функционирование и продолжительность существования конкретных общественных систем;

            Правовая культура – это показатель исползования в правовой практике общества наиболее прогрессивных идей и ценностей, созданных в ходе исторического развития, что находит свое выражение: а) в стабильности правовой системы общества, позволяющей человеку уверенно смотреть в завтрешний день; б) в демократичности всех правовых институтов общества6 гарантирующей человеку социльную защищенность от произвола в любой его форме и предоставляющей личности право участвовать в работе органов государства:

           Правовая культура – это достаточно высокая степень правового развития личности6 выражающаяся в отношении ее к правовой действительности через индивидуальное правосознание и правовую деятельность”. Көрсетілген құқықтық мәдениетті сипаттайтын белгілер шын мәнінде құқықтық мәдениеттің негізгі мәнін ашатын және оған тән белгілерді жалпылап көрсететін әмбебаптық сипаттағы белгілер десекте болатындай.

            Құқықтық мәдениет теориясындағы тағы да бір маңызды мәселенің біріне құқықтық мәдениеттің құрылымы және оның элементтері жатады. Құқықтық мәдениеттің құрылымы теорияда көптеген авторлар тарапынан әртүрлі компоненттер жүйесінен тұратын құрылым ретінде қарастырылуда.

  1. Ибраева А.С. Некоторых особенностях правовой культуры казахского народа /Правовая реформа в Казахстане-2003 №3, -с 27

Былайша айтқанда, құқықтық мәдениеттің құрылымдық сипатын құрайтын элементтерді ажыратып көрсету әлі болса теорияда өзінің біркелкі шешімін таба қойған жоқ. Соған қарамастан құқықтық мәдениетпен айналысушы ғалымдар бұл мәселені терең талдауға ұмтылған сайын, шешуі қиын шиыршықталған ойдың қармауында қалып отыр. Мұның өзі құқықтық мәдениеттің сан қырлы сипаты бар құбылыс екендігін тағы бір рет дәлелдейтіндей. Қанша дегенмен, құқықтық мәдениеттің мәнін түсінуде, оның құрылымдық жүйесіне кіретін элементтерді ашып көрсету өте қажет. Әйтпесе, құқықтық мәдениеттің мәнін толық ашып, бағалау мүмкін емес. Құқықтық мәдениеттің құрылымы арқылы біз жалпы құқықтық мәдениеттің тұтас құрылым ретінде қызмет етуімен даму бағыттарын, ерекшеліктері мен оған тән негізгі белгілердің қырларын толық түсінеге мүмкіндік аламыз.

   Заң әдебиеттерінде құрылым жалпы алған былайша түсіндіріледі- компонент

-терден (элементтерден) тұратын ортақ жүйенің ішкі ұйымдастырылуы. Құрылым әрқашан жүйенің ұйымдасқан, белгілі тәртіпке енгізілген, элементтерінің өзара байланыстағы жиынтығы ретінде көрінеді. Құқықтық мәдениеттің құрамына көңіл бөліп, оны талдау – құқықтық мәдениетті құрайтын негізгі элементтерді ажыратуға, осы элементтердің маңызы өзара байланыстылықтарын көрсетуге, сонымен қатар құқықтық мәдениеттің ең соңында біртұтас құбылыс екендігін сипаттауға жол ашатын дұрыс жол болып табылады. Сонымен қатар, құқықтық мәдениеттің құрамын бір жақты бағалауға болмайтын да, болатын да құбылыс емес, ол күрделі, қатпарлы феномендік сипаты бар жүйе. Құқықтық мәдениеттің құрылымын зерттеуде тағы бір ескеретін жағдай қоғамдағы объективті және субъективті факторлардың ықпалымен оның өзгеріп отыратындығын ескеруіміздің қажет екендігі. Құқықтық мәдениеттің өзгерісті тез қабылдап түрленуге бейім элементтерінің қатарына құқықтық сананы да жатқызуға болады.

       Біздің ойымызша, құқықтық мәдениеттің құрылымына қатысты ғылыми әдебиеттерде әр кезеңдерде орныққан көзқарастар мен пікірлерді саралай отырып, оны өзіндік тұрғыда белгілі дәрежеде бағалауға қадамдар жасаған А.С. Ибраеваның құқықтық мәдениеттің құрылымына қатысты элементтерді жинастыра келе оның: « 1) правосознание; 2) право; 3) правовые отношения;

4) законность и правопорядок;  5) правомерная деятельность субъектов;  6) государственно-правовые институты; 7) юридическая наука; 8) юридические акты»-лардан тұратындығын көрсетуі. Біздің ойымызша, құқықтық мәдениеттің құрылымының мәнін ашуға қонымды және дұрыс келетін тұжырым деп санаймыз. Сонымен бірге бұл пікір көтеріп отырған мәселеге қатысты ойлардың дамуының тұтастығын қалыптастыруға ұмтылған және оған мүмкіндік беретін өте орынды сипаттама.

        Құқықтық мәдениеттің табиғатын танудағы келелі мәселенің қатарына оның қоғам өмірінде атқаратын негізгі қызметтерін жатқызуға болады. Құқықтық мәдениеттің қызметтері оның қоғамға шынайы ықпал етуін көрсетеді.

     Құқықтық мәдениеттің қызметтері арқылы құқықтық мәдениеттің деңгейін, оның әсер етуін байқаймыз. Құқықтық мәдениеттің қызметтері дегеніміз – оның қоғамда өмір сүруінің басты бағыттары. Осы күнге дейін теорияда құқықтық мәдениеттің басты-басты қызметтері және оларды жіктеуге қатысты бір бағытты көзқарастар жүйесі орныға қойған жоқ.

       Құқықтық мәдениет мәселесімен айналысушы ғалымдар арасында да әлі терең жеке-жеке құқықтық мәдениеттің қызметтері терең талдана қойған жоқ. Бірақ, бұдан, оның негізгі қызметтері мүлдем зерттеуге түспеген деген ой тумауы қажет. Біз бұл жерде оның толыққанды, терең арнайы зерттелмегені туралы сөз қозғап отырмыз.

       Мәселен, құқықтық мәдениет мәселесімен айналысып жүрген ғылымдардың бірі Е.А. Зорченко құқықтық мәдениеттің қызметтерін саралай келе, төмендегідей: “Функции, связанные с взаимодействием правовой культуры с другими социальными институтами общества, т.е. функции по выработке установлению системы правовых норм, ценностей, стреотипов поведения, по обеспечению нормативного регулирования поведения граждан, по организации и реализации различных правовых форм социально-полезной деятельности (нормативная, интегративная, общественно-преобразующая, регулятивная, аксиологическая, кеммуникативная, накопления и сохранения ценностей идр.); функции, обеспечивающие наиболее эффективное взаймодействие правовой культуры общества, социальной группы, трудового коллектива и правовой культуры личности (социализации, воспитания, информации, коммуникации); функции, связанные с существованием социально-психологического механизма перевода правовых требований в реальное поведение личности (позновательная, ценностно-орентирующая, преобразовательная)”  деген топтамаларға жіктейді.

          Құқықтық мәдениет теориясының философиялық-методологиялық (әдіснамалық) мәселелерін арнайы зерттеуші Л.В. Петрованың еңбегінде де құқықтық мәдениеттің қызметтері сөз болып ғылыми талдауға түсеті. Әрине, ол өзінің еңбегінде құқықтық мәдениеттің аксиологиялық қызметіне басты орын беріп, қалған қызметтерді осы шеңбердің ішінде қарауға тырысады

         З.Ч. Чикеева и Л.В. Петрованың көзқарастарының келеңді тұстарына көңіл бөліп, өзіндік бағасын беруге тырысады да былай қорытындылайды:

“Основное внимание в работах Л.В. Петровой удалено аксиологической функции, которую она предлогает считать главной, отражающей социальный смысл правовой культуры. Остальные же функции, по мнению Л.В. Петровой, починены аксиологической функции и фактически выступает ее модификациями”

       Егер біз тұлғаның құқықтық мәдениетіне, оның деңгейіне, қоғам өміріндегі көріністеріне қысқаша тоқталып өтпейтін болсақ, онда жалпы құқықтық мәдениеттің жастардың құқықтық мәдениетін тануда және зерттеудегі дүниетанымдық базалық ұғымы екендігін толық ашып көрсете алмаған ьолар едік. Құқықтық мәдениет теориясында әртүрлі көзқарастар легін тудырып, бір жақты бағаланбай отырған мәселенің бірі-тұлғаның құқықтық мәдениеті болып отыр. Тұлғаның құқықтық мәдениетіне қатысты көзқарасты құқықтық мәдениеттің жалпы, өзекті қырларымен, әр жылдары айланысқан құқықтық мәдениеттің ғылыми базасын толықтырып, өркендетуші: Е.В. Аграновская, В.А. Бурмистров, В.П. Федорин, А.П. Семитко, В.П. Сальников, Г.И. Балюк, Н.Л. Гранат, А.Р. Ратинов, В.И. Каменская, А.С. Ибраева секілді құқықтық мәдениет теориясының майталмандары білдірген болатын.

       Тұлғаның құқықтық мәдениетінің көрініс беруі мен қоғам өміріндегі қатынастар жүйесінде бейнелеуіне қатысты т.б. жағдайларға байланысты қарапайым, кәсіби, теориялық деген деңгейлерге ажыратылады. Қарапайым құқықтық мәдениет деңгейі жалпы көпшілікке тән болып келеді. Арнайы маман емес, бұнымен кәсіби тұрғыда айналысып жүрмеген қоғам мүшелерінің құқықтық мәдениетінің деңгейі. әрине, бұл қарапайым адамның тек заңды біліп, оны бұзбай сақтауы ғана емес, сонымен қатар адамның құқыққа, оның қандай да болса көріністеріне деген терең құрметтің ішкі жан дүниеде орнығуын және оны мүлтіксіз орындауға деген құлықтылығын көрсетеді. Ал кәсіби құқықтық мәдениет заң саласындағы мамандарға тән. Оның түрлеріне соттың, прокурордың, полиция қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін т.б. жатқызуға болады.

       Әрине, бұл саладағы барлық қызметкерлерге кәсіби құқықтық мәдениет тән десек қаталескен болар едік. Кәсіби құқықтық мәдениет заңды білу, осы саладағы мамандықты арнайы игеріп алумен қатар, өзінің қызметінде заңды сақтау, құрметтеу мен басқа біреулерді де осы талаптарды бұзбауға шақыру, ықпал етуден көрініс береді. Ол өзінің қызметіне берілген, оған құрметпен, үлкен ілтипатпен қарайтын жеке адамдардың тобына тән құбылыс.

      Теориялық құқықтық мәдениетті біз ғылыми қызметкерлер мен педагогика саласындағы мамандардан кездестіреміз. Теориялық құқықтық мәдениеттің иелері бұл бағытты жетілдіре түсуге үлкен теориялық ұсыныстар енгізуі мүмкін. Сондықтан да бұл өте маңыздылау болып табылады.

          Көбінесе бұл бағыттың өкілдері құқықтық мәдениеттің прогресшілдік идеяларын қоғамға ортаға таратушы, оны уағыздаушылық та қызметтерді атқарады. Оны өмірінің негізгі ретінде қабылдайды. Тұлғадағы құқықтық мәдениеттің қалыптасуы кезеңдерін шартты түрде: “период становления и период стабильной правовой культуры” деп бөлуге болады.

           Бірінші кезеңде тұлғаның құқықтықмәдениеті қалыптасу процесін бастан кешуде болады. Оның орнығуына қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық әртүрлі факторлар, заң түзу мен шығару ісіндегі тұрақтылық, заңдылық пен құқықтық тәртіп үлкен әсер етеді. Сонымен қатар, мемлекеттегі адам құқықтыры мен бостандықтарының кепілдік деңгейі өте күшті әсер етеді. Бұл кезеңде тұлғаның құқықтық мәдениеті тұрақты емес, белгілі орнығу сатысында болғандықтан, жоғарыда аталған жағдайлардың ықпалын өзінің бойында өте күшті сезінеді. Қоғамдық тұрақтылық, оның орнығуына қажетті жағдай жасайды. Ал, тұрақты құқықтық мәдениет-тұлғаның құқықтық мәдениетінің орныққан, терең тамыр жайған кезеңі.

    Оны тұлғаның құқықтық өмірге оң ықпал етуге деген құлшынысының пайда болуынан көруге болатындай. Сондықтан да тұлғаның құқықтық аядағы белсенділігінің кезеңі деп те атауға болады.

       Құқықтық белсенділік – тұлғаның құқықтық мәдениетінің шыңы. Құқықтық белсенділік – мақсатты терең түсіну мен міндеттерді айқын және ықыласпен атқаруға бағытталған әрекеттердің көрінісі.

        Қорыта келгенде, құқықтық мәдениет сан қырлы, әр түрлі деңгейлерде көрініс беретін маңызды құбылыстардың біріне жатады. Құқықтық мәдениеттің даму деңгейі, оның қалыптасуы барысының жоғарлауы қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайлармен айқындалатын өзгерістерге тез ыңғайлануға бейім болып келеді. Оның құрылымы мен қызметтері қоғам талабы алға тартқан талаптарды қанағаттандыруға бағытталған. Құқықтық мәдениетті көтеру мақсатты ойластырылған шараларды үздіксіз жүзеге асырудың нәтижесінде қол жеткізетін табыс десек, артық кеткендік емес деп қорытуға болады. Тұлғаның құқықтық мәдениеті құқықтық мәдениеттің ең жоғарғы деңгейін көрсететін жалпы мәдениеттің деңгейлік түрлерінің бірі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Жастар және жастардың құқықтық әлеуметтенуінің ерекшеліктері

 

       Жастар – еліміздің ертеңгі болашағы. Сондықтан да жастар мәселесі мемлекеттің стратегиялық маңызды бағыттарының бірін құрайды. Жастарға қарап – ең прогресшіл, жасампаз топтың өкілдері.

       Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар қалай да болмасын белгілі кезеңдер өткеннен кейін жастардың бойында өзінің жақсы және жаман қырыннан өзіндік ізін қалдыратындығын айқын. Міне, бұл жастар ісіне, оны тәрбиелеуге немқұрайлы қарауға болмайтындығын білдіреді.

       Жастардың бойында өте жоғары деңгейдегі құқықтық мәдениетті орнықтыру – болашақта мемлекетіміздің өркендеуінің бірден-бір негізгі жолының бірі. Қазіргі жеткен жетістіктерді одан әрі қарай дамыту міндеті де солардың мойнында.

     Байқағанымыздай жастардың қоғамдағы үлес салмағы өте басым екен. Осы жастар деген кім? Ол қандай әлеуметтік топтың көрінісі және мүдде-мақсаттары қандай? Соған тоқталып өтетін болсақ, онда жастардың ғылыми анықтамасын беру, олардың жас аралығын айқындау көптеген ғылым бағыттарының: философиялық, әлеуметтану, саясаттану, тарих, құқық т.б. ғылымдардың негізгі мәселелерінің біріне айналады. Жастардың табиғатын тануда, оның ұғымын тұжырымдауға қатысты ғылымда әр уақытта әр түрлі пікірлер мен көзқарастар айтылған болатын. Ең алғаш жастар түсінігін В.Т. Лисовский беруге ұмтылған болатын. Оның ойы бойынша: “молодежь – поколение людей, проходящих стадию социализации, усваивающих, а в более зрелом возрасте уже усвоивших, образовательные, профессиональные, культурные и другие социальные функции; в зависимости от конкретных исторических условий возрастные критерии молодежи могут колебаться от 16 до 30 лет”11  Ал А.И. Тесленко мен Д.А. Калетаев ғылыми әдебиеттерді саралай келе жастардың ғылыми әдебиеттерде қалыптасқан мына төмендегі объективтік өзіндік белгілерін бөліп көрсетеді:

       «1. Молодежь как будущее общества, которая существует в настоящее время в виде детского и молодежного сообщества.

  1. Молодежь имеет двойственную природу, то есть выступает и как биологическое, и как социальное явление.
  1. Молодежь предстает как конкретно-историческое явление, продукт истории и определенной культуры.
  2. Молодежь – это субъект исторического действия. Она может и иметь интересы, отличные от общественно-государственных, предлагая свои варианты удовлетворения собственных потребностей. В этих условиях задача общества и государства состоит в том, чтобы помочь молодым людям делать это в рамках определенной идеологии, понятой и принятой молодежью»

       Кеңестік әлеуметтанушы И.В. Бестужев-Ладаның жастарға қатысты пікірі ерекше. Оның ойынша жастық өмір сүру дағдысы тек отызға дейінгілерге тән емес, сонымен қатар отыздан асқан көптеген адамдарда осындай өмір салтын жалғастыруда деп келе: “Вот почему в понятие “современная молодежь” приходится включать возрастную группу населения от 14-16 до 28-30 лет… и ту часть населения 30-40 лет, которая продолжает вести молодежный образ жизни” деп, жастықты адамдар арасындағы жас айырмашылығына байланысты жіктелу емес, өмір сүру дағдысына қатысты бөлініс деп қарайды.

        Ал, Қазақстан Республикасының Үкіметінің “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығы туралы қаулысында “Дарын”  мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі — сыйлық) Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтарына жемісті ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызмет үшін беріледі Бұл қаулыдан еліміздегі жастар деген әлеуметтік топтың ең жоғарғы жастық шегі 35-ке дейін екендігін көреміз. Қазақстан Республикасында жастардың жастық мөлшерлерінің төменгі және арнайы шектері заңда арнайы көрініс таппағанын байқаймыз. Болашақта жастар атты әлеуметтік топтың жас мөлшері белгіленуі қажет. Ол бізге жастар деген кімдер және де оларға қатысты құқықтық, әлеуметтік және т.б. қолдауларды беру және қолдану ісін жеңілдеткен болар еді.

        Жастар мәселесіндегі тағы бір маңызды жағдайлардың бірі, біздің ойымызша, олардың құқықтық әлеуметтенуі. Жастардың құқықтық әлеуметтеуі бізге жастардың құқықтық санасының, құқыққа сай жүріс-тұрысының, құқықтық мәдениетінің қалыптасуының механизімін ашуға, жастардың қоғамда қалыптасқан құқықтық нормаларды сақтауы мен жүзеге асыруына әсерін тигізетін объективті, субъективті және позитивті, негативті әлеуметтік факторлардың табиғатын тануға мүмкіндік беретін еді. Жалпы құқықтық әлеуметтену нақты қоғамда қалыптасқан құқықтық сипаттағы талаптарды индивиттердің сақтауына жол ашатын нормативтік құндылықтар, ұстанымдар, көзқарастар т.б. қамтып қана қоймайды, ол оның толыққанды

 

 

  1. Тесленко А.Н., Калетаев Д.А. Научные основы социализации и казахстанских молодежи- Астана: МКСИО РК-2002-С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

азамат болып қалыптасуы процесіне әсер ететін объективті және субъективті факторларды да қамтиды.

       Құқықтық әлеуметтену өте күрделі құбылыс болып табылады.

       Шын мәнінде жастардың құқықтық әлеуметтенуінде өмірдің әлеуметтік жағдайының маңызы өте зор. Қоғам қаншалықты алға дамыса, жастардың да құқықтық әлеуметтенуі өте орынды, қалыпты жүретін еді. Қалыпты өмір адамды ертеңгі күніне сеніммен қарауға бейімдейді . экономикалық хал-ахуалдың көтерілуі жастардың да әлеуметтік тұрғыдан қорғалуында көптеген мүмкіндіктерге жол ашқан болар еді. Қазіргі кезде еліміздің экономикасы бірте-бірте көтеріліп келе жатыр, бұл дегеніміз жастар мәселесі, олардың әлеуметтік және т.б. жағынан қорғалуы жақын уақыттарда шынайы сезілетін деңгейде қолға алынады деген сөз.

        Сонымен қатар, “ Қазақстан жастары- 2000 ” атты мемлекеттік бағдарлама мәтінінен біз елімізде жастардың 28,7 пайызы саясатпен осы сөздің, толық мағынасында, айналысатындығын көреміз. Жоғарыда аталған жастардың көзқарастарын білдіретін сандық деректер еліміздегі жағдайда саяси мәселелерге жастардың немқұрайлы қарамайтындығын көрсетеді. Болашақта жастарды жастар ұйымының қызметіне мемлекеттік қолдау көрсете отырып, көптеп тарта түсу қажет. Бұл еліміздегі саяси элитаның үзіліссіз қалыптасуына, дер кезінде толығып отыруына жағдай жасар еді. Сонымен қатар, жастардың саяси аренаға шығуына алғашқы баспалдақ қызметін атқарады.

         Жастардың құқықтық әлеуметтенуін біз сөз еткен макродеңгейлер мен қатар микродеңгейдің де тигізетін ықпал өте күшті. Оның ішінде жас жеткіншектің алғашқы құқықтық әлеуметтену тәрбиесін жинайтын жері — ол отбасы. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы академигі С.З.Зиманов қазақ халқының құқықтық мәдениетін зерттей отырып, отбасының маңызын былай деп анықтаған: « Баласының табиғи дарынын байқаған ата-анасы оған би болу жолында дұрыс бағыт — бағдардағы тәрбие беруге тырысқан. Ең алдымен отбасында оған қазақтың айшықты сөз өнерін, әдеттік-құқықтық дәстүрлері мен ережелерін үйреткен, логикалық мәселелерді шешуді, яғни соттық қызмет барысында кездесетін сан-қилы өмірлік мәселенің түпкі негізін табуды үйренуге көмектесетін, қисынды сөзбен қиюластырылған жұмбақ сөздің астарын табуға баулаған»12.

         Шын мәнінде жастардың бойында моральдық құндылықтар мен мінез-құлық нормаларының қалыптасуында отбасының үлкен ықпал бар. Бала туылғаннан бастап шамамен 15-18 жасқа дейін үзіліссіз ата-анасының, айналасындағылардын тілді, мінез — құлық ережелерін, салт-дәстүрлерді, кәсіптік дағдыларды т.б. үйренеді. Осылай олар әлеуметтенудің алғашқы қадамдарын жасайды. Бірақ бұл жас аралығында әлі де болса олардың өмірдегі әлеуметтік орны белгісіз болады. Соған қарамастан жеке адамның құқықтық әлеуметтенуін жас кезден бастаған жөн. Себебі, адамға тән қасиеттердің 70 пайызы жас кезде қалыптасады. Өмір тәжірибесі көрсетіп жүргендей, мықты,

  1. Зиманов С.З. Қазақстың Ата заңы және оның бастаулары /Қазақтың Ата заңдары- Алматы Жеті жарғы-2001-Т1-440б

бақытты, салауатты отбасында тәрбиеленген әлеуметтік дағды алған бала өзіне және айналасындағыларға сеніммен қарай алатын болады. Ол ортаның мәдениет нормаларын шынайы және саналы түрде қабылдап, үлгілі тәрбиеленген жеке тұлға ретінде қалыптасады. Соған байланысты бала өзінің болашағын анық түрде бағыттай алатын жағдайда болады.

        Мектепте алған білім, қалыптасқан дағы дас жеткіншектің өмір бойғы өзін ұстауы мен жүріс-тұрысында үлкен ізін қалдырады. Мектепте жақсы білім алмаған, оның әліппесін жақсы ұғынбаған адамға кейін оны қалпына келтіру үлкен қиындықтар туғызуы мүмкін. Сондықтан да мектепте оқушыға өте жоғары тәрбиемен қатар, өмірге қажетті тәрбиені, мәдениетті бойына дарыту қажет. Әрине, бұл күрделі міндетті атқару үшін әртүрлі жағдайлар қол байлау болып отырған бүгінгі күні жасырын емес. Біріншіден, мектептің мұғалімдеріне үлкен әлеуметтік қамқорлық қажет. Оның ішінде ауыл мектептеріне ерекше көңіл бөлу керек.    

       Еліміздің болашағы Отанымыздң ұлтжанды ертеңгі ұрпағы осы ауылда өсуде. Сондықтан да оларды жалпы өркениет жеткен жетістіктерді бойына жинаған, ұлттық мәдениеттің үлгілерін қастерлей алатын азаматтар ретінде өсіруіміз қажет. Мектепте осыған атүстілікпен қарамай жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Мектеп қабірғасында оқылатын пәндер жуйесін ұлттық мәдениетіміздің құндылықтарын көрсете алатын әдістерімен, тәсілдерімен, құралдармен жасақтау қажет деп ойлаймыз. Мектеп қабырғасында жас жеткіншектердің құқықтық тәрбиесіне және олардың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру ісіне мемлекеттік деңгейде жеткілікті дәрежеде көңіл бөлуіміз керек.

       Мектептен кейінгі жастардың құқықтық әлеуметтенуінде маңызды орын алатын микро орта – жоғарғы оқу орны және еңбек ұйымы. “Қазақстан жастары – 2000: жағдайы, тенденциясы, болашақ дамуы” баяндаманың деректеріне сүйенсек, аталған уақытта жоғары оқу орнында оқитын студенттердің саны 99 535 адамды құраған. Бұған, әрине, колледждер мен басқа да арнайы орта білім беретін оқу орындары қосылмайды. Көрсетілген жағдай оқу орындарының жастардың әлеуметтену процесіндегі соңғы рөл ойнамайтындығын аңғартады. Жоғары оқу орнында жастар арнайы мамандық алу мен отбасында, мектеп қабырғасындағы құқықтық әлеуметтенуін одан әрмен қарай жалғастырады.

        Қазіргі кездерде бұл мекемелерде студент жастардың құқықтық білімін тереңдетуге, құқықтық білімді терең игеруге онша ықылас білдірмейтіндей. Оған құқықтық білім заңгерлер үшін болмаса, басқа мамандық иелері үшін маңызды емес деген ой-әуен жатқандай. Негізінен өздерінің мамандығына көңіл бөліп, құқықтық білімге салғырттау қараушылық байқалады. Көптеген жоғары оқу орындарындағы “Құқық негіздері” атты пәнге берілген сағаттың мөлшері аздық етеді. Бағдарламаны толық игеруге мүмкіндік бермейді. Көбінесе бұл пән “сынақ” нәтижесімен бітеді. Оның орнына болашақта сағат санын көбейтіп “емтихан” қою керек. Өйткені емтихан студенттердің білімін тексеру, оларға белгілі дәрежеде жауапкершіліктер жүктейді.

        Қазіргі кезде елімізде жұмыссыздық болса да еңбек ұжымдарында көптеген жастар жұмыс жасауда. Сондықтан осындай еңбек ұжымдарында бұрыннан белгілі жақсы тәжірибенің бірі жас мамандарды үйрету, оларға қамқорлық жасауды жалғастырған жөн болар еді. Қызметкер этикасына ерекше көңілбөлген дұрыс. Еңбек ұжымы жас маманның, былайша айтқанда, “әлеуметтік үйі”.

       Жастардың құқықтық әлеуметтенуі – бұл жастардың қоғамда одан әрі дамуы үшін қажет болатын, әлеуметтік мінез-құлық нормалары мен құндылықтарын қабылдау, жас кезден бастап егде тартқанға дейін адамның әлеуметтік мәртебеге ие болуы. Жалпы, бұл – адамның өмір бойы қоғамдағы әлеуметтік орнын немесе мәртебесін табу жолы.

      Жастардың құқықтық әлеуметтенуі өте күрделі процесс. Бір қоғамдық қатынастар жүйесінен екінші жүйеге өтіп жатқан қазіргі кезеңде, құндылықтарда, өзгеріске ұшыраған заманда жастарға әсер ететін мәдениет нормаларының, жүйелі турде білім беруді және құқықтық тәрбиенің, мінез-құлық нормаларының дұрыс меңгеруінің маңызы зор.

     Жастардың бойында құқықтық әлеуметтенуді түрлі жолдармен, әдістермен қалыптастыруға болады. Аға буынның жас ұрпаққа құқықтық мәдениетті беруі, яғни бұрынғы қалыптасқан құқықтық сананың және құқықтық мінез-құлық үлгілерінің жас ұрпаққа өтуі. Бұл бір жағынан құқықтық әлеуметтену процесіне концервативтік сипат беретін болса, екінші жағынан жас ұрпақтың санасында мінез-құлық үлгілерін, құндылықтар мен нормаларды қалыптастырады, бұрынғы қалыптасқан озық үлгілерді меңгертеді және бойына сіңіреді. Сондықтан жоғарыда сөз еткен ізбасарды тәрбиелеу жолын бір ізге қою керек. Жастар қандай да болмасын қызметте тәжірибелі аға буынның мол тәжірибесін үйренумен қатар, құқықтық аяда өздерін ұстау үлгілерін де алып қалар еді. Бұрыннан келе жатқан ортада қалыптасқан озық үлгілердің сабақтастығының үзілмеуіне, оның дағдылық-нормаға айналуына септігін тигізер еді. Шын мәнінде құқықтық әлеуметтену орталық ықпалының жемісі. Адамға 1/3 ата-анасы, 1/3 басқа адамдар ықпал етеді, солардың әсерімен қалыптасады. Жастардың құқықтық тәрбие, құқықтық әлеуметтену процесінің бөлінбейтін бөлігі. Оның мақсаты – білім, сенім, ниет және әлеуметтік – белсенді мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

        Жастардың құқықтық тәрбиесінің маңызды міндеті – рухани, идеялық құндылықтарды сенімге және шынайы дағдыға айналдыру. Жастардың құқықтық тәрбиесіне қатысты мәселелер, олардың нысандары мен әдістері кейінгі бөлімдерде арнайы сөз болғандықтан, біз бұл жерде оған кеңінен тоқталмаймыз. Бұл бағытта елде жүргізіліп келе жатқан жалпыға міндетті құқықтық білім беру шараларына қосымша жаңа, сапалы және маңызды дәрежеде тұрғындардың арасында, әсіресе, жас отбасылары, жас ата-аналар, жас оқытушылар, мекемелер жұмысшылары, қызметкерлер, құқық қорғау органдарының жас қызметкерлері арасында т.б. қамтитын құқықтық жалпы білім беруді тереңдетудің қажеттілігі тууда. Осы шаралардың барлығы  құқықтық үгіт-насихатты демалыс іс-шараларымен т.б. кешенді түрде, жүйелі дамытуды қажет етеді.

       Жастардың құқықтық әлеуметтенуінде құқықтық өзін-өзі тәрбиелеу әдісінің өзіндік орны бар. Құқықтық өзін-өзі тәрбиелеу жеке адамға тікелей байланысты. Бұл жерде маңызды орынды сол өзін-өзі тәрбиелейтін ішкі ұмтылысы,  ниеті және оның қажеттілігін сезіну деңгейі алады. Оны терең өзін-өзі құқықтық тәрбиелеуге ұмтылған адам түсінуі қажет және жүйелі түрде сол іспен айналысуға әзір болуы керек. Осы жағдайларға ғана құқықтық өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесін береді. Өйткені құқықтық өзін-өзі тәрбиелеу белгілі, құқықтық, моральдық құндылықтар мен қағидаларды игеруді, дамытуды, байытуды қажет етеді. Ол өз кезегінде қандай да болмасын негативтік сыртқы факторларға қарсы тұруға жол ашады. Былай айтқанда, негативті көріністерге қарсы иммунитет пайда болады. Құқықтық өзін-өзі тәрбиелеу ерекше қырлы өз бетінше құқықтық білім алуды құрайды. Оның маңызын Ю.В. Галинайтите былай сипаттайды: “Главным моментом в правовом воспитании личности и его основным содержанием является правовое самообразование, как один из источников пополнения и обновления правовых знаний.  Правовое самообразование выступает в роли своеобразного католизатора, ускоряющего процесс правового формирования и развитя личности”13

    Жастардың құқықтық әлеуметтенуінің міндеттері әлеуметтік бақылаусыз дұрыс шешіле қоймайды. Әлеуметтік бақылау жүйесіне енетін нормалар жастардың жүріс-тұрысының үш бағытын қамтиды:

  • жастардың жүріс-тұрысының басқаларға қатынасы;
  • жастардың жүріс-тұрысының жалпы қоғамға қатынасы;
  • жастардың жүріс-тұрысының өз-өзіне деген қатынасы.

Жастардың бойында құқықтық әлеуметтенуді қалыптастыратын алғашқы агенттерге – ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңілісі, әжесі, атасы, алыс және жақын туыстары, құрдастары, ұстаздары, айналасындағы адамдар, сыныптастары т.б. Жастардың құқықтық әлеуметтенунің екінші агенттері – жоғары оқу орындарының оқытушылары мен лауазымды тұлғалар, құрдастар, өнеркәсіп, әскер, полиция, теледидар, радио қызметкерлері және т.б.

 Жастардың құқықтық әлеуметтенуіне кері әсерін тигізетін факторлар да баршылық. Оларға біз мына төмендегілерді жатқызамыз:

  • заңдардың арасындағы өзара қайшылықтар;
  • заң шығару процесінің өте күрделілігі;
  • заңдардың әлсіздігі;
  • қоғамдық әлеуметтік қайшылықтардың өсуі;
  • құқықтық ақпарат, білім, тәрбиенің жеткіліксіздігі және сапасының қажетті деңгейде болмауы т.б.

     қазіргі кезде жастардың құқықтық әлеуметтену процесіне нарықтық қатынастырдың тигізіп отырған ықпалы өте ерекше.

   Жастардың болашақтағы мақсаттары көбінесе қоғамда өте мәртебелі жағдайға ие болу, баршылықта өмір сүру, өтімді мамандық иесі болу.

  1. Галинайтите Ю.В. Правовая социализация рабочей молодежи: проблемы и решения: Дис. Д-ра юрид наук М 1988-275с

 

   Әрине, бұл жақсы, бірақ жастардың бойында ұлтқа деген құрмет, патриоттық сезімдерді де дамыту қажет. Ол үшін дәстүрлі ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін жалпы мәдениеттің тасасында қалдырып қоймай, жастардың санасына жеткізу керек. Озық үлгілі мәдениеттің өте жақсы нұсқаларын да пайдаланған дұрыс.

Мемлекет тарапынан еліміздің жастарын тәрбиелеуге қатысты стратегиялық тұғыр ретінде ала білетін кешенді шараларды ұйымдастыру қажет деп санаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Жастардың құқықтық санасының қалыптасуы және оған әсер ететін факторлары

 

      Жастардың  құқықтық мәдениетінің бірден-бір негізгі компонентерінің бірі- олардың құқықтық санасы болып табылады. Құқықтық сана жалпы құқықтық мәдениеттің қалыптасуына үлкен ықпал етеді. Құқықтық сана дегеніміз-қоғамда кең етек жайған адамдардың құқықтық құбылыстарға қатысты сезімдерін, көзққарастарын, ой-пікірлерін білдіретін қоғамдық сананың бір түрі болып саналады. Құқықтық сананы белгілі ғалымдар Ғ.С Сапарғалиев пен А.С Ибраева былай тұжырымдайды “Құқықтық сана-Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқықтық сезімдердің, әсерлерінің, көзқарастарның, пікірлерінің, бағаларының жүйесі”14  Біз бұл жерде жалпы құқықтық сананы қарамайтын болғандықтан, құқықтық сананың теориялық қырларына тереңдемейміз. Тек жастардың құқықтық санасының қалыптасу ерекшіліктері және оның қоғамының дамуына тигізетін әсері қырынан сөз етеміз.

      Жастардың құқықтық санасы заң шығару үрдісіне, құқық қорғау органдарының қызметіне т.б жағдайларға әсер етпей қоймайды. Керісінше жоғарыда аталған жағдайларда жастардың құқықтық санасының қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.

     Жастардың құқықтық санасының ерекшеліктеріне көңіл бөлгенде, біз бір жағдайды ескеруіміз қажет сияқты. Ол, біздің  ойымызша , жастардың әр алуан топтарының әлеуметтік, құқықтық т.б. жағдайлары. Аталған жағдайларға байланысты қоғамдағы жастарды әртүрлі топтарға жіктеуге болады. Мәселен, жастардың ерекшеліктеріне байланысты: балалар (14- ке дейінгілер); жасөсіпірімдер (14-18 жасқа дейінгілер); қәмелет жасынан кейінгілер (18 жастан асқандар). Тұрақты жерлеріне қарай жастар ауыл жастары және қала жастары болып бөлінеді. Білім деңгейлеріне қарай: орта білімді, арнайы білімді, жоғары білімді деп ажыратылады. Әртүрлі қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың мүшелігіндегі және ондай іспен айналыспайтын да жастарды бөліп қарауға болады.

 

 

 

  1. Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті жарғы 1997-45б

 

 

 

 

 

 

 

 

Жастардың құқықтық санасының қалыптасуын зерттеуде көрсетілген жіктеулердің маңызы ерекше.

    Жоғарыда көрсетілген факторлардың жастардың құқықтық санасына әсер ететіндігін мойындай отырып , біз жастардың құқықтық санасының қалыптасу үрдісіне мынадай элементтерге ерекше мән берген болар едік:

  • құқықтық білім;
  • құқық туралы түсінік;
  • қолданыстағы құқыққа қатысты көзқарас;
  • құқыққа қойылатын шарт(талап);
  • құқықтық талапты орындауға қатысты ой-пікір.

  Жастардың құқықтық санасының көрсетілген элементтері бірімен-бірі өте тығыз байланысты және біріне-бірі тәуелді болып келеді. Әйтсе де, бұлар жастардың құқықтық санасында өзіндік қызметтері бар түрлі элементтер болып табылады. Бұл жағдайды жастарды құқықтық тәрбие беру барысында ескеру керек.

   Құқықтық білім немесе құқық туралы білім адамның тікелей құқықтық нормаларда көрсетілеген актілерді оқып танысуы, нормативтік актінің мәтінін оқу, радио арқылы есту т.б. барысында немесе онымен жаналамай басқа жақтардың қатысуы арқылы (мысалы: біреулердің айтуы арқылы, өмірлік жағдайларда нақты кездесетін құқықтық актімен танысу) жүзеге асады.

     Бұл екі әдіс бірін-бірі толықтырып отырады.  Заңның немесе басқа да нормативтік  актінің мазмұнын заңгер емес адамдар белгілі жеңіл әдістер арылы игере алады. Мұндай жағдайда оны түсіндіруші кім екендігі маңызды рөл атқарады. Оның құқық туралы ақпараты қаншалықты білікті, толық және шынайы екндігінің орны ерекше. Бұл құқықтық ақпаратты еркін игеруге, терең түсінуге ықпал етеді.

     Жастардың құқықтық санасын қалыптастыруда құқықтық білімнің орны ерекше екендігіне біздің көзіміз жетуде. Сондықтан да жастардың құқықтық білімін көтеру үшін біздің көзіміз жетуде. Сондықтан да жастардың құқықтық білімін көтеру үшін оларды әртүрлі көздер арқылы құқықтық ақпараттармен қамтамасыз етіп отыру қажет. “Қазақстан жастары” бағдарламасында жастарды ақпаратпен қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік тапсырыс ауқымында бұқыралық ақпарат құралдарында жастар тақырыбына арналған тұрақты айдарлар, телерадио хабарларын ашу, жастардың проблемалық мәселелері бойынша баспасөз маслихаттарын,тақырыптық дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар өткізу көзделген еді. Бұл жағынан республикамызда  “Хабар” арнасы мұрындық болып өткізіліп жатқан  “Азамат” бағдарламасының алатын орны ерекше. Болашақта осы тектес жастардың өмірінің әр қырынан сыр шертетін бағдарламалар легі көбейсе нұр үстіне нұр  болар еді. Арнайы жастарға қатысты, олардың құқықтары мен бостандықтарын сөз ететін қызықты бағдарлама қажет,  Оны еліміздің барлық жастарына  жеткізу үшін орыс және қазақ тілдерінде ұйымдастырылған жөн болар еді. Мысалы: “Жас азамат өз құқығыңды біл және қолдан” немесе “Жас азамат сенің құқығың бар” т.б. айдарлар беруге болады.

      Жастардың құқықтық өмірге ұмтылуы демократиялық қоғамның қозғаушы күші десек, ал оның тірегі азаматтардың өз құқықтары  мен міндеттерін білу болып табылады. Ендеше, жастарға құқықтық білім берумен, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру ісі- мемлекет алдындағы аса маңызды стратегиялық мәні бар бағыттардың бірі.    

         Құқықтық сауатсыздықты жою қоғамның құқықтық негізін, демократиялық заңдылықты және құқық тәртібін одан әрі нығайтудың басты бағыттарының бірі болып табылады. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында қолданып отырған бүкіл заңдарды әрбір жас азамат білуге тиіс.

         Құқық туралы білім басқа да факторлармен қатар құқық туралы түсінікті қалыптастырады. Қарапайым тұрғыда бұл ненің құқыққа сай, ненің құқыққа қарсы екендігін ажырату мүмкіндігі. Құқық туралы түсініктің және оған сәйкес ұғымның  қалыптасуы моральдық, саяси, экономикалық т.б.  талаптардың негізінде орнығады.

         Құқық туралы түсініктің қалыптасуына жалпы құқықтық қағидаларды, заңдардың жалпы талаптарын білу де септігін тигізеді. Мысалы, жастарға еңбек заңдарына қарастырылған жеңілдіктер  жалпы белгілі. Осының негізінде оларда жасөсіпірімдерді ауыр еңбекте пайдаланбау, жұмыс уақытының  ұзақтығына қатысты жеңілдіктер т.б. туралы түсініктер пайда болды. Бірақ жасөсіпірімдер бұл мәселелерді реттейтін нақты нормларды, заң баптарын білмеуі мүмкін.

            Құқықтық сананың екі элементіне қолданыстағы құқыққа қатысты көзқарасты және құқыққа қатысты көзқарасты  және құқыққа қойылатын шарт немесе талапты жатқызуға болады. Құқықтық сананың аталған элементтерінің қалыптасуына құқықтық, моральдық, саяси т.б нормаларымен әлеуметтік тәжірибе негіз болады.

Құқықтық сананың бұл элементтеріжеке дара элементтерге жатады.Қолданыстағы құқыққа қатысты көзқарастар негізінен дұрыс немесе бұрыс көзқарас ретінде көрінеді. Қолданыстағы құқықты  жастардың бағалауына құқық нормаларының қоғам өмірінде тиімді қызмет атқаруы, оны мемлекеттік немесе басқа да құрылымдардың сақтауы, орындау деңгейі өз ықпалын тигізеді. Осыған қарап жастар қолданыстағы құқық туралы өздерінің көзқарастарын тұжырымдайды. Жастар өздерінің құқықтық білімі деңгейлеріне қарай құқыққа әр түрлі талаптар қоюлары мүмкін.

          Бір ескертетін жағдай, жастардың құқыққа қоятын талаптары, біздің ойымызша , қазіргі еліміздің даму деңгейін  және болашақ бағыты тұрғысынан пайымдауы қажет. Қазақстан Республикасы болашақта демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет орнықтыруды мұрат етеді. Жастардың да құқыққа қатысты талаптары биік армандармен астасуы қажет. Қазақстандықтар арасында демократияны қабылдауға қатысты мынандай  мәліметтер бар: “У молодых значительно выше доля тех, кто отдает предпочтение свободе духа и демократии, как форме правления… Учащиеся  (как правило молодежь) в два раза выше оценивают такие определения демократии, как свобода духа и форма правления, чем пенсионеры, люди старшего поколения”15  . Көріп отырғанымыздай, Қазақстан жастары үшін демократия еркіндіктің рухани самғауы десе болатындай. Ал демокртияның  қанат жайып көркеюінің басты кепілі- құқықтық мәдениеттің жан-жақты дами түсуі. Демократия дегеніміз – шексіз де, шетсіз еркіндік немесе әркімнің ойына келгенін істеуі емес, ол – белгілі дәрежеде заңмен реттеліп отыратын қоғамдық белсенділіктің нысаны.

      Жастардың ортасында құқықтық норманың талабын орындауға қатысты екі бағыт қалыптасуы мүмкін. Біріншіден, жасөсіпірім құқық талабын орындауды іштей қалмауы мүмкін, бірақ орындайды. Әрине, бұл жерде жастың құқық талабын орындауға қатысты ешқандай белсенділігі танылмайды. Ал екінші жағдайда оны орындаушы  жас құқық талабының мәнін терең түсінеді және оған құрметпен қарайды. Сондықтан да өте бір ілтипатпен  беріліп орындайды.

              Жастардың құқықтық санасының қалыптасуына әртүрлі  факторлардың әсер ететіндігін біз жоғарыда сөз еттік. Олардың ішінде ерекше тоқталып өтуді қажет ететіндері, біздің ойымызша, жастардың қазіргі еліміздегі саясатқа, реформаға, билік басындағыларға сенімі қандай және діни ұстамдары қандай деген мәселелер. Себебі, аталған факторлар жалпы құқықтық сананың  дұрыс қалыптасуын, оның жоғарғы құқықтық мәдениетпен ұштасуына үлкен ықпал етеді. Елін, жерін, оның басқарушы тұлғаларына деген құрмет жас тұлғаның бойында тұрақты ой-тұжырым сезімін ұялатады. Сондықтан да біз жастардың аталған жағдайларға қатысты көзқарастары мен ой-пікірлерін білуді және оның себептерін ашып көрсетуді жөн санадық.

     Әлеуметтанушылар жүргізіп тұратын сауалнамалардың бірінде елімізде жүргізіп жатқан реформаларды жастардың ішінде де үлкен үміт күттіретін топтардың бірі – студенттер 28,2 пайызға16  негативті  қырынан бағаланған көрінеді.

     “Қазақстан жастары –2000: жағдайы, тенденциялары, болашағы” атты мемлекеттік баяндаманың мәліметтеріне сүйенетін болсақ, Қазақстан жастарының 28,7 пайызы тұрақты түрде саясатты қадағалап отырады. Ал 44,4 пайызы болса , қоғамдағы саяси жағдайды кездейсоқ оқиғалар желісінен бөліп отырады. Жастардың бұл топтары үшін еліміздегі саяси хал-ахуал мүлдем маңызды шаруа болып табылмайды. Әрине, жастар арасындағы бұндай енжарлықты жастар жағдайының өздері сезінетін деңгейінде жақсара қоймауынан. Сонда да болса жоғарыда да айтып өткендей, жастардың арасында еліміздегі демократиялық бағытты қолдайтындар саны өте басым. Қазақстандық жастардың 21,8 пайызы еліміздің кең етек жайған, жеке меншік пен кәсіпкерлікке, азаматтарды жоғары деңгейде әлеуметтік тұрғыда қорғайтын капиталистік мемлекеттің жолымен жүруін қалайды. Жастардың 20,5 пайызы мемлекеттік реттеу мен нарық қытынастарының үйлесімді арасалмақты өсуін қалайды.

  1. Қадыржанов Р.К., Восприятие демократии и населением современного Казахстана/ Саясат-2001 №с57
  2. Шайкенова А.Т. Отношение казахстанцев к реформам в условиях современной политической обстановке /Саясат-2001 №с 50-55/

Шын мәнінде, бұл өте қуантарлық жағдай деп есептеуге болады. Себебі, бүгінгі жастар еліміздің ертеңгі мемлекет басында отыратын, өндірісті басқаратын тұлғалар. Бұл Қазақстан Республикасының ашық нарықтық қатынастарға негізделген даму мүмкіндігі жоғары мемлекеттік бағытқа түсуіне толық жол аша алады.

    Дін, саясат қай қоғамда болмасын маңызды рөл ойнағанына тарих куә. Сондықтан да еліміздің жастарының құқықтық санасының орынды, дұрыс бағытта қалыптасуында олардың атқаратын рөлі күшті. Сондықтан мемлекеттік тұрғыда қазақстандық жастардың имандылыққа шақыратын, діни татулықты уағыздайтын мемлекеттік шараларды жүзеге асырып отыру керек. Жастардың санасы- өте тұрақсыз, себебі ол қалыптасу процесін  бастан  өткізіп  отырған сана.  Бұл  бізбен  аталған    бағыттағы

үгіт-насихат жұмыстарын бір сәтке де болса,  тоқтатуға болмайтындығын көрсетеді.

          Жастардың ішінде кәмелетке толмағандардың   құқықтық санасы өзіндік көңіл бөлуді қажет етеді. Жастардың құқықтық санасының қалыптасуына ата-анасының, туған туыстары мен мектеп үлкен ықпал етеді. Кәмелетке толмаған жастардың арасында ата-аналары мен жақындарының істеген әрекеттері, көрсеткен қылықтары өзінің көрінісін қалайда болмасын табады. Кәмелет жасына жетпегендер арманшыл, еліктегіш болып келеді. Сондықтан оларды қандай да болмасын әрекеттерге үгіттеу оңай. Сол үшін де кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен  мектепте әртүрлі бас қосуларда, мұғалімдер жиі олардың балалары туралы, оның жүріс-тұрысына қатысты сұхбаттасып отырулары қажет. Оның өзі жасөсіпірімді әртүрлі теріс әрекеттерге барудан белгілі дәрежеде сақтандыруға септігін тигізері хақ. Кәмелет жасына жетпегендердің ісін қарайтын соттарды құрып, олардың қызметінің жауапкершілігін арттыру қажет. Осындай кешенді шаралар ғана кәмелетке толмағандардың қоғамда өте дұрыс бағыт алуына жағдай жасайды.

     Жастардың тағы да бір категориясы – ауыл жастары. Ауыл –қазақтың қазақтығының алтын бесігі. Бүгінгі таңда ауыл жастары өте ауыр күй кешуде. Ауылдағы жұмыссыздық, жастардың бос уақытын өткізуге қатысты мәдени шаралардың келмеске  кетуі  — ауыл жастарын  теріс жолдарға итермелеге  себепші  болуда.   Еліміз алдағы  үш  жылды “Ауыл жылы”деп жариялап отыр. Осы бағдарлама аясында ауыл жастарына, олардың тұрмыс-тіршілігіне арнайы көңіл бөлінсе. Өйткені, қазақтың болашағы осы ауылда. Ауыл жасының бойынан көп жағдайда біз қазір ұмыт болуға айналып бара жатқан үлкенді сыйлау, кішіге құрмет сияқты озық ұстанымдарды көре аламыз. Ауыл жасы қанша дегенмен үлкеннің сөзімен өскен. Ағайынгершілік, имандылық  көбіне-көп осы ауыл жастарының азғындап тозуына ауыл ақсақалдары мен қазақи дәстүрді сақтаған ата-аналарымыз еңбек сіңірді… Бүгінгі таңда ауыл жасына көңіл бөлетін, бет бұратын  уақыт жеткендей. Жұмыссыздықтан ауыл жастары қалаға ағылып, көптеген қылмыстық әрекеттерге ұрынуда. Бұл қазір тенденциялық сипат алуға бет бұруда. Еңбекқорлыққа баулу туралы қазақтың белгілі ойшылы Шәкарім Құдайбердиевте кезінде айтып өткен болатың: “Адам мен азаматка сәби кезінен еңбекқорлыққа үйрету тағылымы кәзіргі кездеде өзінің көкейкестілігін жойған емес”. 

     Сондықтан да ауыл жастарының ауылда тұрақтандыру үшін мынандай шаралар атқару керек:

  • ауыл жастарын жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешу;
  • ауыл жастарының бос уақытын ұтымды өткізу үшін мәдени шаралар ұйымдастыру;
  • ауыл жастарының арасында салауатты өмір салтын , ұлттық дәстүрді уағыздайтын кешенді шаралар ұйымдастыру т.б.

      Сөз соңында айтарымыз , еліміздің ертеңі жастар десек, олардың дұрыс тәрбие алып, қоғамда өзінің  орнын табуына мемлекет тарапынан көмек жасауымыз қажет. Оның жемісін бірнеше жылдардан кейін көретінімізге кәміл сенуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жастардың құқықтық мәдениеті және құқықтық тәрбие

 

2.1.Құқықтық тәрбие —  жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың негізгі жолы ретінде

 

             Қазіргі кезеңде мәдениеттің қоғам өмірінде атқаратын рөлі мен алатын орны үлкен өзгерістерге ұшырауда. Мемлекет, оның мазмұны қазіргі таңда жалпы өркениеттің озық үлгілері деңгейінде қайта ой елегінен өткізіліп, оның мәні азаматтық құндылықтардың бай тәжірибесімен толықтырыла түсуде. Бұл үрдістер құқықтың да қоғамдағы рөліне жаңа көзқарастар өлшемімен қарауды талап етеді. Сондықтан бүгінгі күні қалыптасып отырған мемлекеттік-құқықтық жүйенің басты міндеті қоғам мүшелеріне өздерінің барлық құқықтары мен мүдделерін өмірде шынайы жүзеге асырып, пайдалана алатын құқықтық жағдай қалыптастыру, оның заңи тетіктерін жасау болып отыр. Алдымызда тұрған абыройлы міндеттен еліміздің заң ғылымы да сырт қалмауы қажет. Заң ғылымының  осы бағыттағы алдында тұрған міндеттерінің бірін А.С. Ибраева былай тұжырымдайды: “Одна их первостепенных и наиболее важных задач первостепенных и наиболее важных задач правовой науки – разработка общегосударственной концепции правового воспитания – программы практической реализации оказания всесторонней помощи правоохранительным органам в борьбе за снижение уровня преступности, в частности, молодежной, а также выработка действенных средств социального контроля и предпосылки правонарушений ”

                    Құқық тәжірибесі теорияда және өте күрделі де, ауқымды мәселенің қатарына жатады. Жалпы тәрбие – қоғамды сауықтыру мен жүйелі бағытта жылжуына негізгі орынға ие болып табылатын қоғамдық факторлардың бірі. Тәрбиенің оның ішінде құқықтық тәрбиенің маңыздылығына адамдар ерте бастан-ақ ерекше көңіл бөлгенін көруге болады. Ежелгі Вавилондағы әйгілі Хаммурапи патшаның заңдары тек билік өкілдеріне арналмаған, ол көпшілік халыққа да арналған болатын. Ежелгі Шумерліктерде оқушылар едәуір уақыттарын құқық негіздерін, сот шешімдерін оқып үйренуге  арналған  болатын. Мұны біз ертедегі Греция мен Рим мемлекеттерінің мемлекеттік – құқықтық тәжірибесінен де көре аламыз. В.В. Альхименко мен А.Б. Козловскийдің жас буынының құқықтық тәжірибесіне арналған еңбегінен мынандай жақсы ойды ұштастырамыз: “ В древнем Риме, в середине  V века до нашей эры, в центре города были выставлены законы  XII таблиц, названные так потому, что их вырезали на  двенацати деревянных досках. Знание этих законов для римлян являлось обязательным.  Каждому юноше, выступающему в ряды полноправных граждан, надлежало выучить их наизусть, ибо считалось, что без этого нельзя выполнять гражданские обязанности, стать воином, занять какую – либо выборную должность ”17

 

__________________________________________________________________________________________________________

  1. Альхименко В.В. Козловский А.Б. Правовая воспитание молодого поколение-М: Мос. рабочий 1985-163с

 

     Жастардың құқықтық тәжірибесімен арнайы талай жылдар айналысқан белгілі ғалым А.И. Долговада құқықтық тәрбиенің тарихи тәжірибесін сөз ете отырып:  “ Проблемы правового воспитания обсуждались и решались во Франции, Германии, Италии, Великобритании, США. При этом всегда проявлялось и даже подчеркивалось понимание того, что правовое воспитание – это  одновременно и политическое, и нравственное воздействие на подрастающее поколение. Так преподование морали и права, введенные в школах во Франции в 1879 г., начиналось с разъяснения смысла ряда слов, таких, как, например “ гражданин ”, “ отчество ”, “ солдат ”, “ армия ”, “ закон, “ общество ”, “ справедливость”. Ол тәрбиенің басқа түрлерімен өте тығыз болатындығын және осы бағытта жүргізілетіндігін айтады.

          Құқықтық тәрбие қандай да болмасын мемлекеттік – құқықтық дамуында соңғы орындарға ысырылып тасталмағанын сеніммен айтуға болады. Кезіндегі азулы Кеңес мемлекеті де құқықтық тәрбиені мемлекеттің құқықтық қызметінің басым қырларының біріне жатқызады. Кеңестік кезеңде құқықтық тәрбиенің теориялық – методологиялық базасын жасауға арналған іргелі еңбектер де өмірге жолдама алып жатты. Күнделікті өмірде құқықтық тәрбиенің кең етек жаюына қатысты  қыруар жұмыстар жүргізілді, көптеген шаралар ұйымдастырылды.

         Қазіргі кезеңде, әсіресе, жастарды құқықтық тәрбиелеу барысында, оны кешенді жүргізудің беретін нәтижесі қомақтылау болғандай. Құқықтық тәрбиені жастар арасында адамгершілік, рухани, ізгілік және саяси, патриоттық бастаулардан нәр алу бағытында өрбіту міндеті тұр, өйткені ол Қазақстанның қазіргі болмысынан туындаған қажеттілік болып табылады. Себебі, жастар дегеніміз — өскелең ұрпақ, олардың бойында өмірлік ұстанымдар мен құндылықтар әзірге әлі орныққан сенімге айналмаған ақиқат.

          Құқықтық тәрбие оның мәнін көрсететін және мазмұнын құрайтын тұрақты белгілер тән. Құқықтық тәрбиенің  бұл белгілерін біз құқықтық тәрбиенің  ерекшелігі ретінде қараймыз. Құқықтық тәрбиенің ерекшеліктерін  мыналар құрайды:

  • құқықтық тәрбие қоғамда болатын өзгерістерге тез сезімталдық таныта алатын құбылыс болып табылады;
  • құқықтық тәрбие қоғамда болатын заңдылық пен құқықтық тәртіпті орнықтыруға ерекше әсер ете алатын күші бар фактордың бірі. Яғни, қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықтың сақталуы, қалыптасуы және тиімділігі осы құқықтық тәрбиенің дұрыс және орайлы ұйымдасуымен өте тығыз байланысты;
  • құқықтық тәрбиесі тәрбиенің басқа да бағыттарымен қосарласа отырып атқарылатын кешендік сипаттағы іс-шара;
  • құқықтық тәрбие қоғам мүшелерінің құқықтық санасы мен міндетін жоғары деңгейге қабілетті бірден-бір құқықтық құрал қызметін атқарады;
  • құқықтық тәрбие мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдардың жүйелі, мақсатты арнайы жүргізілетін қызметтері мен бірлескен әрекеттерінің бағыттары болып табылады;
  • құқықтық тәрбие қоғам мүшелерін құқықтық білімді осы күнделікті ұстанымға айналдыруға мүмкіндік беретін құрал ретінде түсінуге болады т.б.

      Құқықтық тәрбиеге бұдан да басқа белгілер тән. Бірақ, біздің ойымызша, жоғарыда бөліп көрсеткен құқықтық тәрбиенің ерекшелігін сипаттайтын белгілер тұрақты және оның негізгі мәнімен мақсатын бейнелеуге қабілетті, әрі жеткілікті болып табылады.

           Құқықтық тәрбиенің тиімділігі өте маңызды мәселенің қатарына жатады. Құқықтық тәрбиенің тиімділігін арттыру үшін әр түрлі факторларды ескере отырып, құқықтық тәрбиені жүйелі түрде ұйымдастырған жөн. Құқықтық тәрбие сол кезде ғана тиімді болады, егер құқықтық тәрбие жүргізілетін ортаның жас ерекшелігі т.б. әлеуметтік жағдайы ескеріліп, оған икемделген әдістеменің негізінде жүргізілетін болса . Құқықтық тәрбиенің әсер етуінің ерекшеліктерін ескере отырып, біз оның жоғары деңгейдегі тиімді құқықтық тәрбие, орта деңгейдегі тиімді құқықтық тәрбие тиімділігі төмен және тиімсіз құқықтық тәрбиеден деңгейлерге бөлінетіндігін білеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.Жастарға құқықтық тәрбие берудің нысандары мен  әдістері

 

      Жастардың  құқықтық мәдениетін қалыптастыру мен көтеру ісінде негізгі орынды құқықтық тәрбие алады. Құқықтық тәрбие жастардың құқық негіздерін, мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің сипаты туралы түсініктер мен құқыққа деген ерекше құрмет сезімдерін орнықтыруға бағытталған іс-шаралардың жүйесінен тұрады. Жастарға құқықтық тәрбие беру ісі қай қоғамда, қай кезеңде болмасын өзекті мәселенің біріне саналғаны белгілі. Өйткені, құқықтық тәрбие арқылы біз өскелең ұрпақтың бойында заңға деген құрмет сезімді қалыптастыра аламыз. Құқықтық тәрбиесінің қазіргі кезде қаншама уақыт сынынан өткен мол тәжірибесі қалыптасқан болатын. Кеңестік кезеңді қанша жамандасақ та құқықтың тәрбие ісін осы уақыттқа көп көңіл бөлініп, үлкен қолдау көрсетілген болатын.

       Жастарға құқықтық тәрбие берудің, жалпы құқықтық тәрбие берудің нысандарын әртүрлі негіздер бойынша жіктеуге болады. Құқықтық тәрбиені ұйымдастыру мен оны жүзеге асыратын құрылымдардың ерекшеліктеріне байланысты:

  • оқу орындарының әкімшіліктері және ұжымы жүргізетін құқықтық тәрбие;
  • мемлекеттік органдар жүргізетін құқықтық тәрбие (полиция, әділет органдары, прокуратура т.б.);
  • қоғамдық ұйымдар жүргізетін құқықтық тәрбие;
  • отбасындағы және қатар-құрбылары арасыдағы құқықтық тәрбие:
  • ұжымдық
  • ұжымдық-жеке;
  • жеке болып ажыратылады. Құқықтық тәрбиенің берілу ерекшелігіне, оның түрлеріне және сипатына байланысты құқықтық тәрбиені мынандай нысандарға бөлуге болады:
  • құқықтық білім беру. Құқықтық негіздер, құқықтық мәдениет туралы білімдердің жүйесін тарату;
  • құқықтық үгіт-насихат;
  • жастарды құқықтық тәжірибеге тарту; 4) жеке құқықтық тәрбие

      Жастардың арасындағы құқықтық тәрбиені басқа да негіздерге сәйкес нысандар мен түрлерге бөлуге болады. Біз сөзімізді құқықтық тәрбие берудің ерекше нысандарының бірі құқықтық  білім беруден бастағанды жөн көріп отырмыз. Құқықтық білім беру арқылы жастардың бойында құқық және мемлекеттік құрылымдардың негіздері және оның қоғам өмірінде алатын орны мен рөлі туралы мәліметтерді қалыптастыра аламыз. Жастарға орны мен рөлі туралы мәліметтерді қалыптастыра аламыз. Жастарға құқықтық білім беруді белгілі теориялық маңызы бар ұстанымдарға сүйене отырып жүргізу өзінің жемісін береді.

      Жалпыға бірдей құқықтық оқу – бұл бұқаралық құқықтық насихат пен азаматтарға құқықтық тәрбие беру жүйесі. Жалпыға бірдей құқықтық оқытудың мақсаты- азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру және заңды құрметтеу дәстүрін қалыптастыру. Жалпыға бірдей құқықтық оқудың принциптері:7

  • халықты жаппай қамту;
  • жүйелілік;
  • үздіксіздік.

      Құқықтық білім алуға мүдделілік және оны алу мүмкіндігі жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі мемлекеттің міндеті;

           Сөз соңында айтарымыз, әрбір жастың бойында өз іс-әрекетіне моральдық, құқықтық тұрғыда баға бере алатындай, жаңа саяси –құқықтық

     сана-сезім  тәрбиелеу маңызды бағыт болып табылады. Әсіресе, болашақ кәсіби маман иелеріне демократиялық құндылықтар мен адам құқықтарын тереңдете оқыта отырып, олардың бойында азаматтылықты тәрбиелеу.

       Жеке тұлғаны қалыптастырудың іргетасы, оның құқықтық сана негіздерін ерте кезден-ақ қалыптастыруы тиіс. Негізгі міндет-жастардың игерген білімдерін олардың тұрақты өмірлік қағидасы мен сеніміне айналдыру, басқа адамның құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, заңды құрметтеу ұмтылысын одан әрі дамыту.

         Жастарға құқықтық тәрбие берудің тікелей міндеті- оларды адамгершілікке және құқықтық тәртіпке баулитын, жат қылықтар жасаудан сақтандыратын жүйені қалыптастыру. Жастардың құқықтық санасының өзіндік ерекшеліктерін зерттей келіп, біздің байқағанымыз, олардың оғаш қылық жасауы заң талаптарын, құқық негіздерін білмегендігі немесе одан бейхабар болуы. Сонымен қатар жан-жақты ағылып жатқан әлемдік идеологияның әсерінің күштілігі. Бұдан құқықтық білім мен тәрбиені күшейтудің қажеттілігі туады. Құқықтық негіз демократиялық заңдылықты және құқық тәртібін одан әрі нығайтудың басты түрлерінің бірі болып табылады. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында қолданылып отырған барлық заңдарды әрбір азамат білуі тиіс.

      Қазіргі кезеңдегі өмірдің басты талабы заңдылықты нығайту және заңдарды жетілдіру. Заңдарды, қандай да болсын басқа құқықтық норманы тиісті түрде орындау үшін ең алдымен оның мазмұнын жалпылама болса да білу керек.

     Жастарға құқықтық тәрбие берудің негізгі әдісі – сендіру әдісі. Жастар бойында заңға және құқық нормаларына деген сенімді қалыптастыра отырып, жан-жақты саналы азаматты заман талабына сай тәрбиелеу. Қазіргі таңда сендіру әдісі құқықтық тәртіп бұзушылықпен күрес барысында күштеу шараларын пайдалану қажеттілігін жоққа шығармайды. Күштеу шаралары құқықтық тәртіпті бұзушыны қайта тәрбиелеу мақсатында қолданылады. Құқықтық білім қоғам талаптарын айқындап, лайықты мінез – құлық ережелерін жасап, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп, жағымсыз әрекеттерден аулақ болуын түсіндіру. Сондықтан қоғам алдында бірнеше негізгі міндеттер тұр:

  • оқушылардың, студенттердің, қызметкерлердің сана деңгейін көтеру;
  • оларды құқықтық белсенділікке ынталандыру;
  • мінез-құлық, заң талаптарына лайықтап, өздерінің бойында құқықтық тәрбие беру дағдысын қалыптастыру;
  • құқықтық тәртіп бұзушылықты азайту және жою;
  • құқықтық пәндерді оқыту деңгейін көтеру;
  • бұқаралық құқықтық насихат және үгіт құралдарының жұмыс деңгейін арттыру;
  • оқушылар мен студенттердің қарым-қатынас жасау нысандарын жетілдіру;
  • заңдарды күшейту және заң орындары қызметкерлерімен байланысты нығайту;
  • ұлттық меншікті сақтау соның негізінде өзін-өзі тәрбиелеу.

Сонымен, жастар тәрбиесі қай кезеңде де күн тәртібінен түспейтін күрделі мәселенің бірі болып келген. Ұлттық идеологияның қуатын арттыра отырып, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды жаңа биікке көтеру, сол арқылы еліміздің саналы азаматын тәрбиелеу уақыт талабы деп түсінуге тиістіміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Девианттық жүріс-тұрыс және жастардың құқықтық мәдениеті

 

    Жастардың құқықтық мәдениетіне қарсы ұғымдар да баршылық. Жастардың құқықтық мәдениеті жастардың қоғам өміріндегі жақсы жақтарын көрсететін құқықтық түсінік болса, девианттық мінез-құлық керісінше, олардың қоғам өміріндегі теріс орны мен салмағын айқындайды. Сондықтан да жастардың құқықтық мәдениетін көтеруде, оны орнықтыруда жастар арасында көрініс беріп отыратын девианттық іс-әрекеттердің мәні мен маңызын, олардың себеп-салдарын түсіну өте маңызды.

     Жастардың арасындағы девианттық жүріс-тұрыс, оның көріністері қоғамдық ғылым өкілдері, атап айтсақ, философтар, әлеуметтанушылар, саясаттанушылар, заңгерлер тарапынан сөз етіліп, талай зерттеу нысанына айналғалы белгілі. Біз бұл жерде жастар арасындағы девианттық мінез-құлықтардың жастардың құқықтық мәдениетін қалыптсатыру барысында қалай кері әсер ететіндігін және оны жоюдың жолдарын сөз еткелі отырмыз.

      Өйткені қоғам өміріндегі қатынастардың жүйесі түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірибесі жоқ, әлі толыққанды көзқарасы қалыптаса қоймаған жастар үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқу өте  оңай шаруа. Мұндай әрекеттердің белең алуынан бастап-ақ, олардың алдын алмаса, қоғам үшін өте қауіп тудыруы ықтимал.

     Сөзімізді кішігірім болса да девианттық жүріс-тұрыстың кейбір теориялық қырларына бұруды жөн санап отырмыз. Себебі, жастар арасындағы девианттық жүріс-тұрыстың өзін түсіну керек сияқты. Жастар арасындағы девианттық жүріс-тұрыс мәселесімен айналысқан Д.К. Қазымбетова “Девиантное поведение-это поступок, деятельность или образ жизни людей, не соответствующие общепринятым моральным, прававым и другим социальным нормам, причиняющие вред (или пользу) личности, социальным группам или обществу в целом, а также осуждаемые (или одобряемые) общественным мнением и влекующие одобрение общества и социальную ответственность за причиненный вред”18  деп, девианттық жүріс-тұрыстың кең мағынадағы сипаттамасын, өзіне дейінгі осы мәселеге қатысты көзқарастарды саралай отырып қорытындылайды. Әрине, біз жоғарыда девианттық жүріс-тұрыстың кең ауқымды сипаттамасын көріп, отырмыз, ал жай ғана айтатын болсақ, қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол ашатын жүріс-тұрыс девианттық жүріс-тұрыс болып табылады.

      Девиантты жүріс-тұрыспен тікелей байланысты және одан өз кезегінде өзгешеленетін тағы бір ұғым бар. Ол – делинквенттік жүріс-тұрыс. Делинквенттік жүріс-тұрыс дегеніміз – құқыққа қарсы қылмыстық 

әрекеттердің жиынтығы. Аталған девианттық және деликвенттік жүріс-тұрыс бірінен-бірі ажыратылады. Олардың ерекшеліктері туралы жоғарыдағы зерттеушіміз: “Девиантное и делинкветное поведение можно различить следующим образом: первое относительно ибо имеет отношение только к культурным нормам данной группы.  Но делинквентное поведение абсолютно по отношению к законам страны. Уличное ограбление представляемое социальных низов может с их точки зрения считается нормальным видом заработка или способом установления социальной справедливости. Но это не отклонение, а преступление, поскольку существует абсолютная норма-юридический закон, квалифицирующий ограбление в качестве  преступления”

    Девианттық мінез-құлықтың түрлеріне қылмысты, ішкілікке салынуды, нашақорлық, жезөкшелік, гомосексуализм, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және өзін-өзі өлтіруді жатқызуға болады.

 

 

  1. Казымбетова Д.К. Девиантное поведение как объект социологического исследование: Дис…. кан. соц. Наук-Алматы 1999-133-20с

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жастардағы девианттық мінез-құлық әлеуметтік жүріс — тұрыс нормаларына қайшы келетін әртүрлі әрекеттердің салдары. Оған жасөспірімдердің мектептегі сабақтарын жіберуден бастап, үйден қашуы немесе біреудің мүлкін тонау не болмаса оны қасақана бүлдіру жатады.

      Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез — құлық жасөспірімдерде көбірек байқалады. Оның обьективтік себебі жасөспірімдерде құқықтық әлеуметтану процесі (нормаларды меңгеруі) және делинквенттік мінез-құлқы (нормалардан  ауытқуы) бір мезгілде жүреді. Сөйтіп, девианттық   мінез – құлыққа  психологиялық,  құқық,  мәдениет  немесе мораль, нормалары сияқты , жалпы қабылданған немесе оған негізделген нормалардан ауытқыған қылықтар жүйесін жатқызамыз.

Жастардың девианттық мінез-құлқы екі категорияға бөлінеді. Біріншісі-психологиялық нормаларынан ауытқуы анық немесе жасырын психопатиялық болып келетін мінез-құлық, екіншісі- қандай да бір әлеуметтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік нормаларға қарсы мінез-құлық.

Осының барлығы көп жағдайда жасөспірімнің санасы мен психологиясына әсер ететін көптеген факторлардан тұрады. Ондай факторларға дара, жеке, әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік факторлар жатады.

Осы жерде біз бір нәрсені ескеруіміз қажет. Ол, біздің ойымызша, жастардың психологиялық жағдайының ерекшеліктері. Жастардың психологиялық жағдайларының өзіндік ерекшеліктері және заңдылықтары бар. Ол туралы жастардың құқықтық тәрбиесімен айналысушы ғалымдардың бірі Е.С. Курбанков былай дейді: “ Психология молодежи, особенно подросткового и юношеского возраста, имеет существенные особенности; склонностьк подражанию, недостаточное развитие системы торможения, демонстрирование “ложной смелости”  и т.п.    В  результате некоторые молодые люди, попав в неблагоприятные условия, поддаются влиянию антиобщественные действия, а в ряде случаев и серьезные правонарушения”.

Жасөспірімнің девианттық мінез-құлқы жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушы тұлғаның қалыптасуын анықтайтын негізгі шарт болып табылады. Жастардың ауытқыған мінез-құлқының негізгі мәселелеріне арналған заң және психологиялық әдебиеттерде анағұрлым басым пікір, көптеген делинкветтік жасөспірімдердің сәтсіз отбасыларда тұруы, олардың нашар тұрмыс жағдайы, отбасындағы шиеленіскен қатынастар болып табылады.

Осындай отбасында тұратын жасөспірімдерге көбінесе мектеп бағдарламасына үлгермеушілік, мектеп ұжымынан алыстап кетуі және мұғалімдермен қарым-қатынастарының нашарлауы, сабақты жиі жіберу т.б. тән. Кейбір жағдайларда айналасын тәп-тәуір адамдар қоршаған тұрақты отбасының кәдімгі баласы қабылдаған өз ортасының нормаларынан бас тартып, нағыз қылмыстық мінез-құлықты белгілерін көрсетуі мүмкін.

Адамдар девианттық мінез-құлықты қылмыскерлермен қарым-қатынаста болған жағдайда меңгереді. Егер де жасөспірімнің достары және туыстары қылмыстық іспен айналысса, ол да нағыз қылмыскерге айналуы мүмкін.

Қиын отбасынан шыққан жасөспірімдер уақытын үйлердің  жертөлелерінде өткізеді. “Үй асты өмірі” олар үшін қалыпты жағдай. Себебі, ол жерге әртүрлі өздері сияқты жастар жиналады. Сондықтан олардың өздерінің “Үй асты” моральдық кодексі, жазылмаған заңдары мен дағдылары бар. Мұндай жағдайда жеке ауытқу ғана емес, топтық ауытқу дамиды. Олар жеке субкультуралық нормаларға сай өмір сүреді.

Жастардың ішінде кәмелетке жасы толмағандардың қылмыстық әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшелік кәмелетке жасы жетпеген жас жеткіншектің психологиялық жағдайына байланысты.

        Р. Бэрон және Д. Ричардон қызуқандылық детерминантының төрт негізін бөліп көрсетеді:  әлеметтік, сыртқы, жеке және биологиялық  зерттеулерге сүйенсек, қызуқанды мінез-құлық отбасы қатынастарында қалыптасады. Осы жағдайлармен қатар қызуқандылықтың дамуына алып келетін мына жағдайлар:

  • жиі болатын ата-ананың арасындағы ұрыс,жан-жалдар;
  • ата-аналардың бір-бірін және балаларын сыйламауы;
  • балаларға қарау мен бақылаудың болмауы;
  • жасөспірімдердің пікірін елемеу;
  • ата-аналармен жылы шырайлы байланыстардың болмауы;
  • тәрбие жүйесінің сапасыздығы.

          Қазіргі кезде біздің қала көшелерінде қараусыз қалған балалар мен жасөспірімдерді көреміз. Олар мектепке, гимназияға немесе лицейге бару мүмкіндігі жоқтығынан  қайыр сұрап, темекі-наша шегумен, жезөкшелікпен айналысып қоғамға лайықсыз өмір сүруде.

          Кәмелетке толмаған жастардың бетімен кетуінің нақты дәлелі неде?  Тәртіп бар жерде заң талаптары бұзылмайды. Сондықтан жергілікті басқару органдары мен басқармалар, білім беру орындары  кәмелетке толмаған жастар арасындағы жұмысты күшейту қажет. Жастар арасындағы тәрбиенің жоқтығы, жастар арасындағы нашақорлықтың күшеюі, ішімдіктің салдарынан болып жатқан қылмыстар алаңдатушылық туғызады. Өйткені, олардың бәрі соңынан жанжалға ұласады, түрлі қылмыстық әрекеттерге әкеледі. Әсіресе, ана сүті аузынан кетпеген  уыздай  жастардың осындай сұйық жолға  түсуі көбейеді.

        Жастардың девианттық жүріс-тұрыстарының келесі түрінің көрінісіне олардың арасындағы нашақорлықты жатқызуға болады. Нашақорлық  қазіргі кезеңде жалпы әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырған келесі мәселенің бірі болып отыр. Бұл мәселе жөнінде ел Президенті Қазақстан халқына жолдауының бірінде былай деген болатын: “ Қазақстан есірткі бизнесінің халықаралық құрылымдарының мүддесі үйлескен аймаққа айналған. Бұл  мәселенің географиялық, экономикалық тұрғыдан қарағандағы өлшемдерінің маңыздылығын ескерумен қатар есірткіге салынушылық пен есірткі бизнесімен күресті қазақстандықтардың өздерінің қолдауынсыз жүргізуге болмайтынын да түсінуге тиіспіз19.

 

 

  1. ҚР нашакорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы: ҚР Президентінің №394 16 мамыр 2000 жылғы Жарлығы/Респ центр прав информации/

          Көріп отырғанымыздай, ел басын алаңдатып отырған есірткінің елімізде кең етек жаюының өзіндік себептері жеткілікті екен. “Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің  394    16 мамыр 2000 жылғы жарлығымен бекітілген құжатта: “Кәмелетке толмағандар мен жастардың, сондай-ақ әйелдердің арасында есірткіні беймедициналық тұтынудың етек алу ерекше алаңдаушылық туғызады. Есірткі тұтынушылардың үштен екісі дерлік-30 жасқа дейінгі адамдар”

     Есірткіге байланысты қылмыстылық жоғары қарқынмен өсіп келеді.

1991 жылдан бастап жалпы қылмыстардың абсолюттік санының 4,3 есе өсуі орын алды. Бұл қылмыстардың үлесі 5,3 есе өсті және 1999 жылы 15,28 пайызды құрады. Әрине, бұл ойландыратын жағдай. Жастар арасындағы нашақорлықпен қоғам болып күресті осы уақыттан бастап қатты қолға алмайтын болсақ, онда еліміздің ертеңі күмәнді болары сөзсіз.

     Жастар арасында жүргізілген әлеуметтік сұраунаманың бір деректерінде жастардың 9-10 пайызы есірткіні пайдаланғанын айтқан болатын. Есірткі заттарын жастардың пайдалануы қылмыстық әрекеттерге жол ашады. Статистикалық мәліметтерге талдау жасасақ, есірткіге және жүйке бұзар затқа байланысты қылмыстарды негізінен 20-29 жастағы адамдар жасайды екен.20

       Жалпы нашақор болудың әртүрлі себептері бар. “Наркоманами становятся главным образом те люди, у которых недостаточно физических и душевных сил для того, чтобы в действительно сложных условиях современной борьбы за самореализацию личности не только материальную, но и реализацию личности в целом найти место в жизни”21. Шын мәнінде, нашақорлыққа берілуде көбінесе психологиялық жағдайлар көп әсер етеді. Нашақорлықты біз қазіргі жағдайда қылмыс ретінде қараймыз. Ал, оған терең үңілетін болсақ, ол тек қылмыстық әрекет ғана емес, адам бойына жабысқан дерт, кесел екендігін көруге болады.

      Оқушы жастар арасындағы нашақорлық мәселесін зерттеуші Л.Х. Казаков, Д.В. Колесовтер нашақорлықты: “Наркомания- болезнь, которая начинается, как и инфекционные заболевания, с ситуации заражения, в данном случае наркогенного заражения. Сначала происходит некретическое усвоение наркогенной информации и постепенно формируется готовность испытать на себе действие одурманивающего вещества. Затем происходитпервая проба, и наркотик попадает в организм. Через некоторые время происходит вторая проба, третья, и вот узел, который привязывает подростка, юношу к наркотику, уже завязан и затягивается все крепче”.

   Міне, жастар арасындағы нашақорлық мәселесіне көз жұмуға болмайды екен. Онымен біз жастардың ата-аналары, мұғалімдер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және жалпы көпшілік болып күресуіміз қажет.

  1. Алауханов Е. Кепілдікке берілген уақытша өмір /Заң газеті-2001-10 қаңтар/
  2. Усенов М. Молодежь и наркотики /Студент 2003 октябрь/

       Жастар арасында нашақорлықтың қандай ауыр салдарға әкеліп соғатындығын бұқаралық ақпарат құралдар арқылы насихаттауды одан әрі жетілдіре түсу керек. Жастардың жастық ерекшеліктерін ескеретін қызығушылықты бағдарламалар сериясын ұйымдастыру керек.  Сонымен қатар, мектептерде арнайы сағаттар бөліп, нашақорлықтың ауыр зардаптарын түсіндіретін шараларды шынайы ұйымдастыру дұрыс болар еді.

        Нашақорлық пен есірткінің өте қауіптілігі оның ішінде жастар арасында тез тарауға бейім екендігін  ескерген еліміз жоғарыдағы Президент жарлығымен бекітілген “Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясында “ мынадай мақсаттар мен міндеттерді шешуді көздеп отыр:

Стратегияның басты мақсаты елде есірткілік ахуалдың өрістеуіне мемлекеттік және әлеуметтік пәрменді бақылау орнатуға, оны тұрақтандыруға қол жеткізуге әрі Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігінің жай-күйіне, халықтың денсаулығы мен әл-ауқатына теріс әсерін шектеуге мүмкіндік беретін бірыңғай әрі теңдестірілген мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай басым міндеттерді шешу көзделіп отыр:

  • нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық базасын жетілдіру және оны тиімді қолдану;
  • халықтың есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетін қалыптастыру және осының негізінде қоғамды нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күреске топтастыру;
  • есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына бақылау орнату, есірткіге қол жетімділікті шектеу және олардың заңсыз айналымына жол бермеу
  • барлық мүдделі министрліктер мен ведомстволардың теңдестірілген, бірлескен қызметін қамтамасыз ету;
  • қылмыстық жазалаудың өткір жүзін есірткіні тұтынушылардан есірткі бизнесінің ұйымдастырушылары мен белсенді орындаушыларына қарай бұру;
  • ТМД мемлекеттері мен басқа да елдердің құқық қорғау, арнаулы және өзге де құзыретті органдарымен тиімді ынтымақтастық орнату;
  • Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласына инвестициялар, өзге де халықаралық техникалық көмек тарту.

 Стратегияның    мақсатына қол жеткізу мен басым міндеттерін шешудің басты шарттары олардың нақтылығы, уақыт талабына сайма-сайлығы әрі жағдайға бейімделуі болып табылады.

    Стратегияның мақсатына қол жеткізу мен басым міндеттеріне әсер ететін шешуші факторлар:

  • кәсібилік, мемлекеттің барлық құзыретті органдары күш-жігерінің топтастырылуы мен үйлестірілуі;
  • қаржылық, техникалық және өзге де қамтамасыз ету;
  • халықтың бұқаралық топтарының қолдауы;
  • стратегияны іске асырудың кезең-кезеңділігі мен жоспарлылығы болып табылады (101).

         Есірткі мен нашақорлыққа қарсы күресте елімізде де істеліп жатқан шаралар бар. Мысалы, Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің 2003 жылғы  20 қыркүйектегі  N222 өкімімен бекітілген “Ауыл жылына арналған “Спорт есірткіге қарсы” ұранымен “Ақ бидай” республикалық ауыл спорты ойындарын өткізу туралы” іс-шараны жатқызуға болады. Жастардың жергілікті жерлердегі спорт мектептерін қайта жандандырып, олардың басым бөлігін спорттық түр-түрімен айналысуға баулу қажет. Жастар арасындағы нашақорлықпен күрес ісі бізден жүйелі және кешенді шараларды жүргізуді талап етіп отыр.

       Жастар арасындағы девианттық жүріс-тұрыстың тағы бір түрі- ішкілік. Шын мәнінде ішкілікке салыну біздің өмірімізге әлеуметтік дәстүр ретінде еніп отыр, ол арнаулы мерекелердің, кездесулердің, уақытты өткізудің  тәсілі ретінде, жеке мәселелерді шешудің құралы ретінде қолдануда.

Статистикалық мәліметтерге қарасақ, бұзақылықтың 90 пайызы, әйел зорлаудың 90 пайызы, 40 пайызы басқа қылмыстарды жасау осы ішкіліктің арқасында болады екен. Өлім, тонау, қарақшылық шабуыл, ауыр дене жарақатын салудың 70-пайызы ішімдік ішкен кезде болған. Отбасында ажырасулардың 50 пайызы ішімдікке байланысты болған.

     Ішімдік мәселесі көбіне қазіргі кезде ауыл жастарының арасында өршіп отыр. Әрине, жұмыс жоқтық және т.б. әлеуметтік жағдайдың нашарлығы ауыл жастарын араққа итермелеуге әкелуде.Ауылда жастардың мәдени демалыстарының дұрыс өткізілмеуі және ұйымдастырылмауы ішкіліктің негізгі себебі десек қателеспейміз. Қолы бос, айналысар еш кәсібі жоқ ауыл жастары осы  мәселеге көптеп беріліп кетіп жатыр. Ішкілік сонымен  қатар жастардың арасындағы қылмыстың өршуіне себепші болып отырған бірінші фактор. Сондықтан да ауыл жылында мемлекеттік тұрғыдан ауыл жастарының өзекті де, көкейтесті мәселелеріне көңіл бөліп , оны шешу қажет. Себебі, ауылда қазақ жастарының басым бөлігі тұрады. Мәселеге терең бойлайтын болсақ, бұл стратегиялық маңызы бар мәселе. Ауылдағы клуб, мәдениет үйі т.б. мәдени іс-шараларды өткізетін мекемелерді жандандырып ұлттық рухымызды көтеретін насихат шараларын жүзеге асыру кезек күттірмей атқарылар шараға айналуда.

         Жастар арасындағы әлеуметтік нормалардан ауытқудың түрлерін зерттей отырып, мынадай тұжырым жасауға болады.

Бір әлеуметтік норманы бұзудан екінші әлеуметтік нормаға өту байқалады. Ол жеке тұлғаның өзіне тән ерекшелігіне және қоршаған ортасына байланысты болады.

         Сот, медицина, педагогика, психиатрия тәжірибесінде ішкіштің қылмыскерге айналуы, ал ұсақ құқық бұзушының ауыр қылмыс жасауы, қылмыскердің нашақорға айналу тағы басқа жиі кездеседі. Нашақорлардың

70 пайызы 30-ға дейінгі жастар, ал 60 пайызы 19 жасқа дейін нашаның дәмін алғандар. Сондықтан, нашақорлық мәселесі бүгінгі күндегі жастар мәселесімен тығыз байланысты болып отыр.

     Девианттық мінез- құлықтың бір түрі суицид, яғни бұл өзін-өзіне қол жұмсау. Ауытқудың бұл түрі 20 жастан 55 жасқа дейінгілер арасында кездеседі, ол қазіргі таңда 10-12 жасар балаларда да кездесіп отыр. Бұл жағынан Қазақстанда басқа ТМД елдерінен қалыспай отыр.

     Девианттық мінез— құқықтық пайда болуының бірнеше себептері бар:

  • әлеуметтік теңсіздік. Халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі, жұмыссыздық, жемқорлық т.б.
  • девианттық мінез-құлықтың моральдық этикалық факторы қоғамның моральдық-адамгершілік қасиетінің төмендеуі, рухани азғындау жеке адамның қоғамдық ортаны жатсынуы. Қоғам өмірін ақшаның билеуі, барлығы сатылады және барлығын сатып алуға болады. Деградация және әдет-ғұрыптың ықпалының төмендеуі, бұқаралық қайырымшылық “ сатылған махаббат”, құқық бұзушылықтың күшеюі;
  • девианттық мінез-құлыққа қоршаған ортаның немқұрайлы қарауы. Әсіресе, отбасы тәрбиесінің нашарлауы, өмір жағдайының сәтсіз болуы, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау, денсаулықтағы психофизикалық ауытқулар т.б осының барлығы рухани дүниенің дағдарысына әкеліп, өмір сүру мәнінің жоғалуына алып келеді. Бұл қоғамның болашағы жастарға кері әсер тигізетіні сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

3.1.Қазақстан Республикасындағы жастардың мемлекеттік саясаты және оның ұйымдық-құқықтық механизмі

 

Жастардың алдында тұрған мәселелер бүгінгі таңда жалпы қоғамның мәселелерімен тұтастықта жатыр. Жастардың қандай да болмасын мемлекеттің дамуында, одан қалды бүкіл әлемдік қауымдастықтың дамуына маңызды рөл атқаратындығын ескеріліп қазіргі кезде мемлекеттердің қызмет бағыттарының бірін осы жастар саясаты құрауда.

     Біз алдыңғы бөлімдерде жастар деген кім? Олардың жастық шектері қандай? т.б. мәселелерді сөз еткен болатынбыз. Жастардың жастық шектер әрбір тарихи кезеңге сәйкес және әрбір мемлекеттердің дамуына қарай әртүрлі белгіленіп отыратын динамикалық құбылыс болып табылатындығын білдік. Қазір біз жастар саясатын, оның Қазақстан Республикасында қалай ұйымдастырылып, жүзеге асып отырғандығын сөз ететін болғандықтан және осы мәселе төңірегіндегі қордаланған мәселелерді шешудің жолдарын, әдістерін өзімізше топшылауға тырысатын болғандықтан, біріншіден, жастар саясаты нені білдіреді және бұл ұғыммен қандай түсініктердің аясы қамтылатындығына тоқталып өтуіміз қажет болып отыр.    

       Жоғарыда берілген жастар саясатының анықтамасын талдасақ, онда жастар саясаты жастар саясатын жүргізуші субъектілердің қызметтерінің көріністері болып табылады. Жастар саясаты мемлекеттік, партиялық, кәсіподақтық т.б. деңгейлерде жүргізіледі. Мемлекеттердің өз шектерінде де жастар саясатының деңгейлерін бөлуге болады. Жалпы мемлекеттік, өлкелік, жергілікті т.б.

      Ал, Қазақстан жағдайында жастардың мемлекеттік саясаты жалпы республикалық және жергілікті деңгейлерде жүзеге асырылады. Жоғарыда біз кішігірім болса да жастар саясатының анықтамасына қатысты әдебиеттердегі берілген көзқарастарды саралап көрдік. Сонда да болса, біздің ойымызша, жастар саясатының анықтамасы кең көлемде және жан-жақты А.П. Скробовтың еңбегінде берілген: “Государственная молодежная политика – это деятельность государства по выработке доктрины, концептуальных направлений молодежной политики и обеспечению их целостной системой социально-экономических, организационных мер с целью создания социально-правовой защищенности (гарантий) молодого поколения, реализации его права на свободное социальное развитие, творческую инициативу в соответствии с коренными интересами, склонностями, физическими возможностями и с учетом интересов реформирующегося общества, его прогресса” 22

 

  1. Скробов А.П. О некоторых новых подходов к молодежной политике в условиях реформ /Соц гум. знании-1988-№3-235с

            “Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты – жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларын жасау мен нығайту.

       Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдылық беруді көздейді:

         — жастар бойынша патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы;

  • еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтырын қамтамасыз ету;
  • жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау;
  • жастардың денесін шынықтырып, интелектуалдық дамуына жағдай жасау;
  • жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру;
  • қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процестеріне тарту 23

2004 ж. 7 шілдесінде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң қабылданды. Осы заңның 1-бабында: “Мемлекеттік жастар саясаты – бұл мемлекет жүзеге асыратын және әлеуметтендіру процесінде жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі”24 деп көрсетілген.

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен іске асырудың құқықтық негіздерін анықтай отырып, заң негізінен төрт тарау, 20-баптан құралған. Заңда «Жастар», «Жас отбасы», « Мемлекеттік жастар саясаты», «Жастарға арналған арналған әлеуметтік инфрақұрылым», «Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер», «Жастар ұйымы», т.б. сынды ұғымдарға толық сілтеме беріле отырып, мемлекеттік органдардың берілген өкілеттік шегінде жастар саясатын үйлестіруді және іске асыруды көздейді.   

  Ал қазақстандағы мемлекеттік билік органдары тарапынан жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру мәселесінде біртұтас көзқарас қалыптастыру  төмендегі басты қағидалар үрдесіне орай іске асыруы қажет:

  • жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау ; өркендеу мен жаңашылдық;
  • тұрақты негіздегі мақсатты, нақты әр тиімді іс- қимыл;
  • жалпы ортақты – барлық жастарды жынысна, ұлтына, әлеументтік жағдайна және діни ұстамына қарамастан жаппай қамту;
  • жас шамасы мен әлеументтік әрекетілік проблемалары ескертілетін сараларына көзқарас;
  1. ҚР Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы: ҚР Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы №73 Өкімі / Юрист-справочная правовая система. Юрист
  2. «ҚР-дағы Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы / Егемен Қазақстан-2004-7 шілде/

 

  • жастардың әлеументтік жағынан неғұрлым аз қорғалынған бөлігін, соның ішінде, мүгедек балаларды, денсаулығаы дінкәс балаларды, жетім балаларды, көп балалы, жағдайы нашар отбасылардағы балаларды тікелей қорғау және қолдау.

  Жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заңнамалық және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан ескертіліп, олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналысуы тиісті.

  Осы прициптерді сақтау мемлекеттік жастар саясатында жүйелілікті қалыптастырып, біртұтас әрі нақты мағына береді және қажетті тарихи сабақтастықты қамтамасыз етеді, оның негізгі бағыттарын іске асыруда бірыңғай әдістемелік  пен ұстаным жасауға мүмкіндік туғызады.

  Аталған тұжырымдамада мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдіксипаттағы іс- қимылдары мынандай негізгі бағыттарды қарастырады:

  • жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуі;
  • білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамсыз ету;
  • жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай жасау;
  • жас таланттарды қолдау мен шыңдау;
  • жастарға әлеументтік көмке көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру;
  • балалар мен жастар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу.

  Жастардың құқықтық мәдениетін көтеру ісі кешенді шараларды шешуді талап ететіндігін біз жоғарыдан байқадық. Жастардың мәдени- әлеументтік дамыуына және жалпы жастардың ісімен айналысатын мемлекеттік органның жағдайы елімізде өте көптеген өзгерістерді басынан өткерген жүйенің бірі. Жастар  ісімен айналысатын мемлекеттік органдар жүйесінде болып жатқан өзгерістер қалайда болмасын жастар мәселесінде өзінің ізін қалдыратын сөзсіз, Егеменді еліміздің қысқа уақытта қамтитын тәуелсіздік дамыуына жастар ісімен айналысатын ведомство қашанда өзгерістерді бастан өткерді десеңізші. Алғашында жастар ісімен Қазақстан Республикасындағы  дене  шынықтыру, спорт және  жастар ісі жөніндегі  мемлекттік комитет айналысқан болса, жылдың 17 желтоқсанынан бастап жастар

саясатымен айналысу жаңа құрылған Қазақстан Республикасының туризм, спорт  және жастар ісі жөніндегі министірлікке берілді. Көп уақытөтпей 1997 жылы жастар ісімен айналысу білім  және мәдениет министрлігіне көшеді, кейіннен бұл іспен Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпрат және қоғамбық келісім министрлігі шұғылданады.Алғашқы кезде жастар ісімен яғни мемлекеттік комитет болып тұрған кезде 54 адам айналысқан болса, соңғы аталынған министрлік құрамында бұл саласының мәселесімен айналысу  4 адамның еншісіне тиді. Соңғы кездері бұл бағытта ілгері жылжу байқалады. 2002 жылы министрлік құрамында жастар саясаты жөніндегі департамент құрылды.

  Жастар саясатымен айналысуды басқаратын орган мәселесі бүгінгі күнге  дейін бір шешімін таба алмай отыр. Бұл мәселеде пікір алуандығы байқалады. Біреулер жастар саясатымен айналысатын арнайы мемлекеттік орган керек десе, біреулері оның қажеті еместігін дәлелдеп бағуда.

  Біздің ойымызша, жастар саясаты мемлекеттік саясаттың құрамдас, әрі бағытты болып табылатындықтан және жастар саясаты мемлекеттік стратегиялық басылымдықтардың бірін құрайтындықтан жастар ісімен арнайы органның айналысқан дұрыс. Бұл орган жастар саясатына қатысты негізгі стратегияны анықтайтын еді, еліміздегі жастардың жай-күйін зерттеу ісін жолға қойып тікелей жүргізіп отыратын еді. Сонымен қатар, жастар саясатына қатысты мемлекеттік органдар арасындағы қызметті үйлестіретін еді. Осындай маңызды істерді шешу  тек арнайы органның қолынан ғана келетін шаруа. Әрине оны агентік немесе  комитет нысанасында құруға да болды. Бұл орган тек орталық басқару органына жатып, оның жергілікті әкімшіліктерде бөлімшелері болса,ол бір жағынан қызмет атқарудың оңтайлы, әрі қаржылық шығыны аз болатын еді.

  Қазіргі кезде мемлекеттік жастар саясатымен бірнеше органдар өздерінің құзыреттері шегінде айналысып отыр.

  Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік басқару өз құзіреті шегінде мыналарды қамтамасыз ететін Қзақстан Республикасы Үкіметінің құрамындағы тиісті құрамдар жүзеге асырады:

  1. Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігі:
  • министрліктер мен өзге де орталық атқару органдарының жастар саясаты саласындағы қызметін салаарлық үйлестіруді;
  • жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру жөнінде әртүрлі қоғамдық жастар ұйымдарымен байланысты жүзеге асыруды;
  • денсаулық сақтау, білім және спорт Министрлігімен, қорғаныс Министрлігімен бірлесе отырып жас ұрпақтың азаматшылдығы, отан сүйгіштік мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізуді, патриоттық бірлестіктердің қызметін қолдау жөніндегі ұсыныстар әзірлеуді;
  • мемлекеттік жастар саясаты саласындағы норматаивтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуды;
  • жастармен жұмыс істеудің озық нысандармен әдістерін зерттеуді және жинақтауды, жастар саясатының түрлі бағыттары мен проблемалары жөніндегі мемлекеттік органдарға арналған әдістемелік материалдар әзірлеуді және басып шығаруды;
  • мемлекеттік жастар саясаты мәселері жөнінде жұртшылықты хабардар етіп отыруды қамтамасыз етеді.
  1. Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі:
  • жас азаматтарды еңбекпен қамтуға көмектесу үшін жағдай жасауға жәрдемдесетін мемлекеттік саясатты әзірлеуді және жүзеге асыруды;
  • жастарды еңбекпен қамту проблемалары жөнінде зерттеулер жүргізуді ұйымдастыруды, еңбек рыногын басқару және жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту жөніндегі алдын алу шараларын қабылдауға арналған ұсыныстар әзірлеуді;
  • жастарды еңбек қызметіне араластыру үшін жағдай жасауға қатысты аралық жобалар әзірлеуді және енгізуді;
  • жастарға арналған әлеуметтік қызметтерді одан әрі дамытуға жәрдемдесуді қамтамасыз етеді.
  1. Қазақстан Республикасының ғылым және жоғарғы білім Министрлігі, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім жәнге спорт Министрлігі:

-жастар шығармашылық, интеллектуалдық, ғылыми-техникалық дамуына, жас таланттарды іздеп- табуға және қолдауға жәрдемдесетін бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға, олардың одан әрі шығармашылық және кәсиби жағынан өсуіне қажетті жағдайлар жасауға қатысуды;                                                                      

  • мемлекеттік құралдардың қызметін үйлестіруді, салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде қоғамдық жастар ұйымдарымен бірлесіп әрекет етуді, жастардың денсаулығын нығайтуға және күш-қуатын арттыруға жағдай жасауды қамтамасыз етеді.                                                                 
  1. Қазақстан Республикасның ішкі істер Министрлігі:

— кәмілетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі 1998-2000 жылдарға арналған бағдарламаның ішкі істер органдарына қатысты бөлігіндегі тармақтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

  1. Қазақстан Республикасының әділет Министрлігі:
  • мемлекеттік жастар саясаты саласында заң шығару негіздерін дамытуды және жетілдіруді;
  • нормативтік құқықтық актілердің жастарға қатысты бөлігін сараптамадан өткізуді қамтамасыз етеді.

  Жергілікті деңгейде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметті биіктің жергілікті атқару органдары жүзеге асырады. Қоғамдық бірлестіктермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен, оқу орындармен бірлесе отырып аймақты жастар бағдарламалары жасалып, жүзеге асырылады25

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан жастар ісі жөніндегі кеңес құрылып жұмыс істеп жатыр. Кеңес құрамына еліміздегі министрліктер  мен кейбір ведомстволардың бірінші басшылар мен орынбасарлары, депутаттар мен жастар қозғалысының белсенді өкілдері кірген. Қазақстан Республикасы Үкметі жанындағы жастар ісі жөніндеге

 

 

  1. 25. Жоғарғы ісі жөніндегі Кеңесті құру туралы: ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі №1165 Қаулысы /Юрист….4.0/

 

 

кеңес — Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік- кеңесші орган болып табылады.

  Жастар ісі жөніндегі кеңестік мақсаты елдегі мемлекеттік жастар саясатының аса маңызды мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

   Кеңестің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

  1. жастар проблемаларын жан-жақты және әділ зердеулер, қорыту және талдау ;
  2. мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  3. жастар мәселелері бойыншы заңдық жәнге өзге нормативтік құқықтық кесімдерін жобаларын талдау және сараптау;
  4. халықаралық ынтымақтастығының басым бағыттарын әзірлеу;
  5. мемлекеттік жастар саясатының жағдайы мен іске асырылу перспективасы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын хабардар ету

   Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кеңес ұйымдастыру мен қызмет тәртібі былай:

  • Кеңес мүшелері жұмысына қоғамдық негізінде қатысады.
  • Кеңес отырысы кемінде жарты жылда бір мәрте өткізіледі. Кеңестің кезекті тыс отырысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің,Кеңес төрағасының немесе Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасымен шақырылады;
  • Кеңес отырысы Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде төрттен үші қатысқан жағдайда ғана құқылы болып саналады;
  • Кеңес шешімі ашық дауысқа салынып қабылданады және егер оған Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік дауыс берілген жағдайда қабылданға болып саналады. Дауыс теңдігі жағдайында төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.

       Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда мыналар 

     құқылы: 

  • белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға ;
  • Қазақстан республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдар жастар мәселелері бойынша шешімдер қабылдау кезінде ұсыныстар енгізуге;
  • белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер- министрі Кеңесінің Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық деректер банкін пайдалануға;
  • ғылыми ұйымдарды,мемлекеттік органдар мен зөге ұйымдар жұмыс істейтін ғалымдар мен мамандарды жұмысқа тартуға 26

 

 

  1. 26. «Қазақстан Жастар» бағдарламасы туралы: ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 17 ақпандағы №249 Қаулысы /Юрист 4.0.

       Елімізде жастардың жағдайы, жақсартуға олардың әлеумекттік-мәдени дамуын қамтамасыз ету үшін 2001 жылдардан бастап “Қазақстан жастары” бағдарламасы өмірге келіп, жүзеге асырылуда. Алғашқы республиканың “Қазақстан жастары” бағдарламасы 2001-2002 аралығынд жүзеге асырылатын болып қабылданды. Әрине, бұл іс бір күнде туа қалған жоқ, оның алдында 2000 жылдың 25 мамырындағы Қазақстан Республикасы

Премьер – министрінің шешімімен осы бағдарламаны әзірлеуші жұмысының тобы құрылды.Ал аталған бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 ақпанда 249 қаулысымен бекітіліп жүзеге асырылды. Бұл бағдарламада еліміздің жастарының әлеуметтік- демографиялық жағдайы, білім алуы, жастардың жұмыспен қамтуы қамтамасыз ету, жастардың құқықтық санасы мен  құқық бұзушылыққа қатысты жағдайы. Жастардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметі т. б. қарастырылады.

Бағдарламаның мақсаты мемлекеттік жастар саясаты жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық тетіктерін жасау болып табылады .Осы тұрғыдан келесі міндеттерідің шешілуі қарастырылады:

  • жастар бойында потриотизмді қалыптастыру, жастарды адамгершілік сипатта және рухани дамыту;
  • жастарды еңбек, білім және денсаулық қорғау саласындағы әлеументтік құқықтармен қамтамасыз ету;
  • жастардың әлеументтік- экономикалық қажетіліктерін өздері іске асыруына жағдай жасау;
  • жастардың интеллектуалдық және ден тәрбиесінің дамыуына жағдай жасау;
  • оңды қоғамдық жастар бастамаларын қолдау мен дамыту;
  • Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білімалу процестеріне тарту

Бағдарламаны іске асыру мынадай негізгі бағыттар бойынша кезеңдік және үйлестірушілік іс- қимылдарды көздейді:

-жастар бойында қазақстандық потротизмді қалыптастыру мен дамыту;

  • жастарды өмірлік тіршіліктің аса маңызды салалары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • білім мен ғылым жүйесін жетілдіру;
  • еңбек және жұмыспен қамыту саласында жастардың дербес, тиімді қызметіне жағдай жасау;
  • жастармен әлеументтік жұмыс ;
  • жас таланттарды жетілдіру мен қолдау;
  • жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқарлық спортты дамыту;
  • балалар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметіне жағдай жасау;
  • халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту;
  • мемлекеттік жастар саясатының нормативтік құқықтық базасы дамыту;
  • мемлекеттік жастар саясатын аймақтық дамыту.

   Бағдарлама мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру, жастармен жұмыс істеудің нысандары мен тәсілдерін жетілдіруге бағытталған .Бағдарламаны іске асыру тетігі мемлекеттік органдар мен қоғамдық жастар бірлестіктерінің үйлескен іс- қимылын көздейді

   “Қазақстан жастары ” бағдарламасын іске асыру жастар жағдайының жақсаруына, жас азаматтарды елдің әлеуметтік –экономикалық өміріне белсенді тартуға, балалар, жасөспірімдер мен жастар денсаулығының жақсаруына ықпал етеді. Осы бағдарламаны іске асыру балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктері қызметін дамытудан, азамат ретінде қалыптастыру кезеңінде әлеументтік қорғауүшін қажетті ақпаратпен қамтылуына байланысты өзекті мәселелердің шешілуінен, жұмысқа орналасудан, жеке шығармашылықты өз бетімен іске асыруынан, сондай- ақ жастар  арасында құқық  бұзушылық пен нашақорлықтың таралуының алдын алудан көрінетін болады.

Бұл бағдарлама мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы жүйекілік құрылымды қалыптастыруды және одан әрі дамытуды көздейді27

Бұл бағдарламада қазақстандық жастардың патротизмі мен азаматтығының, олардың ақпаратпен қамтамасыз етілуінің, білім мен ғылыммен айналысуының, еңбек пен жұмыспен қамтамасыз етілуінің, құқық бұзушылықпен күрестің, нашақорлықтың таралуының алдын алудың, салауатты өмір салтын қалыптастырудың, жас таланттардың жетілдіруімен қомдаудың, жастардың қоғамдық бірлестіктеріне жағдай жасаудың халықаралық жастар ынтымақтастығын нығайтудың т.б. нақты іс- шарлары белгіленіп, оның жүзеге асыру уақыттары көрсетілген.

  Екінші бағдарлама 2003-2004 жылдар аралығында жастардың саясаты бағдарламасы болып табылды. Бұл бағдарлама жастардың әлеуметтік  халахуалын көтеруге бағыталған еді . Бағдарламаның негңізгі мақсаты жастардың әлеуметтену процесінің ұйымдық, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық алғы шарттарын қалыптастыру болып табылады . Бағдарлама негізінен республикалық бюджеттің есебінен қаржыландырады. 2003 жылы осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттің қаражатынан 242  778 мың тенге бөлінді.Ал 2004 жылы республикалық бюджеттен 242  778 мың тенге қарастырылады. Екі жылға бөлінген қаржының мөлшері теңдей. Бағдарламада жастардың қазіргі кездегі негізгі мәселелері олардың жыл сайын өсуі, экономикап саласындағы қызметі т.б. сөз болады.

  Қорыта келгенде, жастар саясаты – мемлекеттік стратегиялық маңызы бар бағыттарының бірі. Жастар саясатын жүзеге асыру көптеген қаржыны және жүйелі түріндегі іс- шараларды қажет етеді.   

 

 

 

 

 

 

  1. О программе молодежной политики на 2003-2004 годы: Постановление Правительства РК от 13 февраля 2003 года №155 /Юрист- спр. Прав. Система Юрист 4.0/

3.2.Елімізде құқықтық мемлекет орнату кезеңіндегі жастар туралы заңдарды жетілдірудің басым бағыттары

 

  Жастар мәселесі қай уқытта да өткір күрделі болған . Өмірге енді аяқ басқан тәжірибесі жоқ, қоғамның әлеуметтік және экономикалық сипатын танып біле қоймаған жас адамдардың тағдыры өзі үшін де, қоршаған орта үшін де жай нәрсе емес . Мәні  мен мазмұны жағынан тіптен бөлек қоғам құрылып, бұрынғы рухани құндылықтар қайта қаралып, жаңаша бағаналап жатқанда жастар мәселесі бұрынғыдан да күрделене түсті.

  Қоғам алдындағы басты міндет –жастар құқығы, оларды әлеуметтік тұрғыдан қорғаудың кешенді шараларын жасау, бүгінгі күннің өзекті мәселесі жастар  мен жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын –алу және болдырмау шаралары, жастарды мемлекеттік құрлымда және азаматтық қрғам институтында тану.    

  Қазақстан Республикасы болашақта өзін зайырлы құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде орнықтыруды мақсат етіп  отыр. Бұл асу бермес істің ертеңгі тірегі жастар екендігі белгілі.Сондықтан да жастарға қатысты нормативтік базаны жетілдіру кезек күттірмей атқарылар шаралар деседе болатындай .

  Жастарға қатысты негізгі заң әлі күнгедейін қабылданған жоқ.Бұның өзі бұл мәселедегі біздің олқылымызды көрсетеді. Қазір елімізде КСРО тарамай тұрғанда қабылданған заң жұмыс істеуде.  Оның  негізгі талаптары елімізде қалыптасқан қазіргі  шындыққа сәйкес  келе бермейді.  Қазіргі  кездегі жастардың   мүддесін ескеретін заңның қажеттілігі  сезіледе.

  Әрине, ондай заңның жобасы өмірге келіп тиісті органдардың қарауында жатыр. Сөзімізді “Қазақстан Республикасндағы мемлекеттік жастар саясаты туралы” заң жобасының өмірге келуі мен қазіргі жай- күйіне бұрсақ.

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізбей тұрып-ақ, 1991 жылдың 28 маусымында “О государственной молодежной политикие Казакстанской ССР” атты заңы қабылданған болатын.  Бұл заңның күнделікті өмірімізде жастардың әлеументтік- экономикалық т.б. хал- ахуалын жақсартуға пәрмен төмен болды. Себебі, еіміз өзінің тәуелсіздігін жариялады. Сондықтан еліміздің тәуелсізігінің негіздерін жауап беретін заң қажет болды.Сондықтан да болар 2 1993 жылдың 2 сәуірде сол кездегі жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитеттің алқасының қаулыларының бірінде аталынған заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы жұмыс тобын құру қарастырылған болатын.

  Ал 1996 жылы Елбасымыздың шешімімен Қазақстан Республикасының Үкіметіне “Жастар туралы” заң жобасын әзірлеуге тапсырмада берілді.Оны Парламентік 1997 жылдың бірінші кварталдағы отырыстарының қарауына ұсынуды тапсырылды.

  1999 жылдың 26 сәуірде сол кездегі мәжіліс төрағасы М.Т. Оспановпенг еліміздің жастары кездесті. Осы кездесуде жастардың өзектік мәселелері талқыланып, арнайы заң жобасын жасау бастамасында көтерілген болатын.

  “ Қазақстан Республикасындағы жастар саясатына” қатысты Парламенттік тыңдау 2001 жылдың 15 маусымнда өтті. Оған депутаттар ерекше дайындықпен келді. Өздерің сайлау окруктерінде сайлаушылармен кездесіп, жастардың оның ішінде ауыл жастарының мәселелері талқыланып ұсыныстарды, өтініштерді ой елегінен өткізіп қайтқан болатын. Жиылысқа қос палатаның төрағалары қатыстырылды. Сонымен қатар еліміздің көптеген жастар ұйымдарының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдар өкілдері жиналған болатын.Осы жиында жастардың саясатына қатысты заңды қабылдау қажет екендігі әңгіме болды.

  “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы

“ Заңның жобасы 2002 жылдың 14 маусымда қазақша мәтінде “Егемен Қазақстанда ” жариаланды.Ал 2002 жылдың 25 қыркүйегіні  дейін мәжілістің әлеуметтік – мәдени даму жөніндегі комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды беруге тәнті болды.

  Аталған заң жобасы Ақтау қаласындағы жастардың конгресінде талқыланған болатын. Заңның жобасы 2003 жылдың қаңтар айында мәжілісте қаралып, әртүрлі өзгерістер енгізу үшін мәжілістің аталынған комитетіне қайтарылды. Заңда өте бір дау тудырған, депутаттар мен үкметтің арасында жарыс сөз жасаған бағыттардың бірі- жастарға несиелер беру. Жастардың баспана мәселесін несиелер беру жолымен шешу, оны қандай көздерден қажыландыру мәселері болды.

   Заң жобасы мәжілістің әлеуметтік – мәдени даму жөніндегі комитетінде 2003 жылдың 29 маусымда қаралып, талқыға түсті.

   Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы заң жобасы 4 тараудан,18 баптан тұрады. Заңның жалпы ережелерінде заңда

қолданылатын негізгі ұғым- түсініктер анықтама берілген. Заң жобасының 1- бабына сәйкес жастар дегеніміз – Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, 14 жастан 29 жасқа дейін Қазақстан Республикасының азаматтары, шет мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар болып табылады делінген, Әрине, бұл қолданыстағы заңға қарағанда заңның өмір қажеттілігін тудырған жаңашылдылығы болып тудырылады. Себебі, күнделікті өмірде, заң тәжирибесінде жастардың жастық мөлшерінің белгіленбеуі көптеген қиындықтар да тудырып отырған  болатын. Заң қабылданылып жаста, жастар категориясына кімдердің жататындығын біз жақсы білетін боламыз. Жоғарыда айттық, заң жобасында мемлекеттік жастар саясатының да анықталмасы қамтылған. Заң жобасының екінші тарауы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар  саясытының негізгі бағыттарына арналған, 3 тарау болса мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыруға, 4 тарау қорытынды ережелерінде қамтиды.

 1) жастардың құқықтары мен бостандығын сақтауды қамтамасыз ету;

2) жастардың еңбек және жұмыспен қамытылуы саласындағы кепілдіктерін қамтамасыз ету;

3) жастардың кәсіпкеолік қызметіне жәрдем көрсету;

  • жас отбаыларын мемлекеттік қолдау;
  • жастардың тегін орта білім алуына конституциялық құқығын іске асыру үшін жағдайларды жасауды қамтамасыз ету;
  • жастарды тәрбиелеуге әрі оларға жан-жақты білім беруге жағдайлар жасауды қамтамсыз ету;
  • балалр үйлерінің мүгедек тәрбиеленуші жастарының құқықтары мен әлеументтік қорғалу кепілдіктерін қамтамсыз ету;
  • жастардың патриоттық және азаматтық қалыптасуына жағдайлар жасауды қамтамасыз ету;
  • жастар бойында ұлттық мәдениет пен тіл дамытуға жағдайлар жасауды қамтамасыз ету;
  • жастардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  • әлеуметтік қолдауға мұқтаждар қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті қамтамасыз ету;

12) жастардың мәдени бос уақыттарын өткізу  мен демалысна  жағдайлар жасауды қамтамасыз ету;

13) талантты жастарды мемлекеттік қолдау;

14) жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі уәкілеттік мемлекеттік органдардың коммерциялық емес жастар ұйымдармен ынтымақтастығы;

15)жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу28

    Сонымен қатар, заңда жастардың өздерінің мемлекеттегі жастар саясатын қалыптастыру ісіне қатысуы сөз болды. Заң жобасында жастардың мемлекеттік жастар саясатына араласуы былай көрініс табады:

  1. Жастар Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қоғамдық маңызды бастамаларды іске асыру, мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті атқарушы органдарына үндеулер, коммерциялық емес жастар ұйымдарының көрсетілген органдармен әріптестік турал келісім жағдайларында өзар іс-қимыл, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыруға тіекелей қалыптасуымен олардың мүдделерін білдіруінің басқа нысандары арқылы қатысады.
  2. Жастар коммерциялық емес жастар ұйымдары мемлекеттік органдарға енгізетін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ұсыныс көрсетілген органдардың өкілеттіліктеріне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаралады.

     Егер аталынған ұсыныстарды қарау үшін қаржылық қаражаттың есебі, ақпарат жинау, құжаттардың жобаларын әзірлеу қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар ақпараттық көмекті жүзеге асырады, әр жастардың коммерциялық емес, жастар ұйыдарының  және аталған жобаны енгізуші жастардың уәкілетті өкілдермен консультациялар жүргізіледі.

  1. Мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасында мемлекеттік

жастар саясатын ұымдастыру  және іске асыру асласында кеңесу және іс- қимылдарды үйлестіру үшін олармен келісім бойынша жастардың коммерциялық емес ұйымдарды таратуға құқылы.

 

 

  1. «ҚР-дағы Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң жобасы / Егемен Қазақстан 2002-14 мамыр/

 

Жастардың коммерциялық емес ұйымдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларының іс- шаралар жоспарлары шеңберіне белгілі бір жұмыстарды орындай, қызметтер көрсете отырып, мемлекеттік органдармен ынтымақтасады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөнінде бірлескен консультативтік органдар құрылуы мүмкін.

  1. Жастарды Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар

саясатын қалыптастыруға және іске асыруға тарту мақсатында уәклеттік мемлекеттік атқарушы органдар республикалық маңызы бар ұйымдармен бірлесе отырып, Қазақстанның Жастар конгресін шақырады.

  1. Қазақстанның Жастар конгресі заңды тұлғалардың қауымдастық нысанасындағы ерікті бірлестігі болып табылады және Жарғы негізінде әрекет етеді.Қақақстан Жастар конгресі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру туралы ұсынымдар әзірлейді, жастарға, мемлекеттік билік органдарына үндеулер қабылдайды.
  2. Мемлекеттік органдар өздерінің құзіреті шегінде Қазақстан

Жастар конгресінің үндеулері мен ұсынымдарында  жасалған ұсыныстарды талдайды және ұсыныстарды Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру кезінде ескереді

      Дамыған мемлекеттерде жастар категориясының жағдайын толық түсіну арқылы, олардың қажеттілігін қанағаттандыру арқылы жұмыс жасалуда. Қоғамымыздың өсіп — өнуіне қарай жастар туралы заңның қабылдану қажеттілігі туған сияқты.

  Қазақстандағы қазіргі кезде жастар арасындағы қатынастарды реттейтін түрлі заңдар өмір сүруде, бірақ қоғам талабына сай жастардың мүддесін қанағаттандырмайды.

  Жастардың құқықтық мәртебесін анықтайтын жеке нормативті актінің болмауы, жастар арасындағы келелі мәселелер тудыруда. Бұл жастардың құқықтық мәртебесін сезінуге мүмкіндік бермейді, себебі жастардың құқықтары мен міндетерін реттеуші құқықтық норамларын көптеген және олардың әртүрлі нормативті актілері болуы, маман емес жастардың өз бетінше құқтары мен  міндеттерін оқып білуіне мүмкіндік бермейді.

  Қоғамдық өмірдің барлық салларында қолданылып отырған бүкіл заңдарды әрбір жас азамат білуге тиіс.Қазіргі кезеңдегі өмірдің басты талабы – заңдылықтарды нығайту және заңдарды жетілдіру.

  Парламент өз заңдарында жастар үшін ұлттық құқықтық база құруға ықпал етіп отыр. 1990 жылдан 2003 жылдар арасындағы жастар туралы заңдардың өз ерекшеліктері бар.

  Біріншіден, қабылданылған құқықтық актілердің көпшілігіне жаңа нормалар және құқықтық институт енгізілген. Екіншіден, қабылданылған нормативті актілердің кейбір құқықтық нормалары ғана тиісті. Қазақстан Республикасының нормативті актілерінің құқықтық нормаларының негізгі бөлігі жас адамның құқықтық мәртебесін құрайтын барлық азаматтарына арналған: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан  Республикасының қылмыстық кодексі және т. б.

  Жастар құқығы туралы негізгі құжаттар БҰҰ және басқа ұйымдарға кірген елдердің, халықаралық келісімге тұрған мемлекеттердің нормативті актілерінде ерекше орын алады.Қазіргі кезде жер шарында жастар мен балалардың құқықтық мәртебесін анықтайтын, олар арасындағы қатынастарды реттейтін маңызды құқықтық институты қалыптасқан.

  1998 жылға 10 желтоқсанда БҰҰ- ның Бас Ассамблеясы қабылданған Адам құқықтары туралы Жалпыға бірдей Декларациясында, 1966 жылғы 19 желтоқсандағы Нью- Йорктағы БҰҰ- ы Бас Ассамблеясы қабылданған маңызды екі құжат: Азаматтық және саяси құқықтары туралы пакті және экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы пактіде, 1989 жылғы 20 қарашадағы БҰҰ Бса Ассамблеясы қаьылданған Бала құқықтар туралы Конвенцияда жастарға қатысты құқықтар туралы айтылды. Бұл құқық нормаларының БҰҰ-ға кіретін мемлекеттерде іске асырылатынына кепілдік берілді. Мұндай келісімдердің бірі 1993 жылғы 24 қыркүйекте Волгоградта өткен бұрынға КСРО мемлекеттері ішкі істер министрліктері бекіткен “О сотрудничестве министров внутренных дел в вопросах возвращения несовершеннолетних в государств их проживания” келісімі жатады. Сонымен қатар, жастар және жасы кәмелетке толмағандар туралы заң нормативті актілер қабылданды.

  Бұл актілерде отбасылық қатынастар және білім беру туралы мәселелер де қарастырылды.

  Қазақстан Республикасы Үкіметі, Белорусь Республикасы Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясы Үкіметі арасында

1998 жылғы 24 қарашада мынадай келісімге қол қойды: “О взаимно признании и эквивалентности документов об образовании, ученых степенях и званях” және 1996 жылғы 29 наурыз “О представлении равных прав гражданам государвтв учасников договора об углубленых интеграции в экономической и гуманитарной областях на поступление в учебные заведения”, 1994 жылғы 4 тамызда “О правовой помощи и прововых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам” ТМД елдерінің Конвенциясына қол қойды. ТМД елдерінің мәртебелік құжаттарына 1995 жылға 4 қарашадағы “Адам құқығы және негізгі бостандығы туралы” Конвенциясы жатады.

  Бұл халықаралық нормалар декларативті мәнге ие. Оларды қолдану механизімі тек ұлттық заңдарға байланысты.

  Болашақта жастардың құқықтық мәдениетін көтеруге бағытталған заңдарда, ең алдымен, жастардың құқықтық білімін  шыңдауға қатысты нақты шаралар белгілену қажет. Жастардың құқықтық дамуымен айналысатын орталықтар құрылып, бұл іске көптеген мекемелер мен қоғамдық ұйымдар ат салысуы қажет. Жоғарыда біз айтып өткендей, жастардың мәселесімен арнайы айналысатын институтты құрудың қажеттілігі туындауда.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

       Жастардың құқықтық мәдениеті – жалпы құқықтық мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Жастардың құқықтық мәдениетін көтеру болашақ еліміздің стратегиялық маңызы бар қызмет бағыттарының бірін қарап отыр. Бұл қазіргі кезде еліміздің құқықтық, демократиялық, зиялы қоғам орнату бағытында өте маңыз алуда.Сондықтан да еліміздің алдында жастар ісінде оның құқықтық мәдениетін көтеруге үлкен-үлкен атқарылуы тиісті шараларының жүйесі тұр. Осы істе мемлекет тарапынан жүйелі, ғылыми негізді концептуалық бағдарламалар қажет.

         Жастардың құқықтық мәдениетіе көтеру ісі өте бір майдан қыл суырғандай ұқыптылықты қажет етеді. Өйткені, жастардың құқықтық мәдениетін көтеруге байланысты тәрбиелік, үгіт- насихат іс- шаралар қоғамының әлеуметтік – экономикалық даму бағытында туындайтын өзгерістерді тез сезіп, бейімдеуге ыңғайлап отыру қажет. Онсыз жастардың құқықтық мәдениетін көтеру ісі өз дәрежесінде нәтижесін бермейді. Жастар ісіне қатысты мемлекеттік шаралар әрқашанда қаржылық қамтамысыз етуді қажет етіп отырады. Былайша айтқанда, бұл бағытқа мемлекет тарапынан көп қаржы құю керек болады, Жастар қоғамдағы атқаратын рөлін арттырамыз және оның болашақ еліміздің тірегі боларлық күш екендігі шынайы сезінуге ұмытылған болсақ, онда бұл салаға жүйелі түрде қаржылық көмек беріп отырған дұрыс. Оның нәтижесін бірнеше жылдардан кейін көре аламыз.

           Қазақстан Республикасының болашағы оның жер байлығында емес, оның болашағы еліміздің гүлдену мен өркенгдеуіне үлес қосқан жастарда. Сондықтан мемлекет жастарға   қатысты айқын саясаты ұсынуы қажет. Жастар саясатының негізгі бағыты және мақсаты жастардың әлеуметтік мүдделерін және сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталуы керек . Жастардың қоғамда өзінің орнын тауып, қоғам үшін пайдалы қызмет атқара алатын күшке айналуына себепші болу қажет. Қазіргі кезде жастар саясаты еліміздің алыс болашақтағы стратегиялық дамуының бағыттарын ескере отрып жүргізілуі керек.

            Жастар саясатына қатысты елімізегі заңдардың жүйесі жасалу керек. Жастар саясаты туралы заң негізінен жастардың қазіргі талап – тілектеріне жауап беретін болашақтағы даму тенденцияларын ескере отырып жасалғаны өте орынды болады. Жастардың құқықтық мәдениетін көтерудің негізгі бағытын еліміздің жастар саясатына байланысты ұстанатын негізгі ұстанымдарды айқындайды. Сондықтан да бұл бағытта мемлекет тарапынан өте бір шешулі қадам жасау керек.

            Болашақта жастардың құқықтық  мәдениетін көтеру  ісінде мемлекет мынандай бағыттарды ескерген өте орынды болар еді.

            Біріншіден, жастардың мәдениеттік мәртебесін айқындау және көтеруге қатысты әртүрлі іс- шараларды жүйелі түрде жүргізу;

 

           Екіншіден, жастардың құқықтық мәдениетін көтеруге қатынас заңнаманы жетілдіру. Бұл бағытта негізінен заңдар жастардың мүддесін толығымен қанағаттандыру бағытында өрбуі қажет;

           Үшіншіден,  ауыл  жастарының   әлеуметтік- экономикалық дамуына

ерекше  көңіл  бөле  отырып,  оны  жүзеге  асырудың  мемлекеттік бағдарламасын   жасап,  соны  жүзеге  асыру;

           Төртіншіден,  жас  отбасыларын  және  студенттер   мен жас мамандарды қаржылық  тұрғыдан  қолдау  шараларының  жоспарын

жасап,  оны  жүзеге  асырудың  бағдарламасын  бекітіп,  жүргізуді кешіктірмей  қолға  алу;

           Бесіншіден, жастар  арасындағы  мәдени – тәрбиелік  іске    шынайылық  кейіп  беру,   Жастардың  бос  уақыттарын  ұтымды және  тиіімді  өткізуін  қамтамасыз  ету.

           Алтыншыдан, жастардың  белсенділігін  арттыру,  Оларды  еліміздің саяси  істеріне  тарту,  Жастардың  арасында  салауатты  өмір  салтын  насихаттау  ісін одан  әрі  жалғастыру,  Жастардың  құқықтық мәдениетін  көтеруге  қатысты  теле, радио  хабарларын  әзірлеу  және  жүйелі  беріп  отыру, Жастардың  құқықтық  мәдениетін көтеруге  қатысты  қалам  тартатын  жазушыларға  қолдау көрсету т,б, Жастардың  құқықтық   мәдениетін  көтеру  ісінде  ең  алғаш

отбасының  рөлі  басым  болады,  Сондықтан  да  жасөспірімнің  отбасындағы  тәрбиесіне  ерекше  көңіл  бөлу   керек. Жас отбасыларына арнап арнайы  хабарлар ұйымдастыру және әртүрлі  кеңес беретін кітапшылар шығару ісін қолға алу керек .Балабақшада жастардың құқықтық тәрбиесіне тереңірек көңіл бөлу керек. Мектептер жаппай құқықтық тәрбие ісі және балалардың рухани дамуы  бойынша директордың орынбасары қызметін енгізу керек. Олардың ісін шынайы жолға қою қажет. Жоғарғы оқу орындарында құқықтық негіздерін мағлұмат беретін пәндердің дәрежесін көтерген дұрыс. Оны бір семестер емес, бір жыл бойы үздіксіз оқуы  қажет.                                                                             

           Сонымен қатар, жастар ісі бойынша олардың әлеуметтік-экономиқалық дауымен айныласатын орган қажет.Бұны еліміздің бірнеше жылдық тәуелсіздігі  жылдарындағы осы бағыттағы тәжірибелер айқын көрсетіп отыр.Жеке жастар ісімен айналысатын мемлекеттік органсыз біз жастарымыздың ертеңгі болашағын баянды ете алмаймыз. Жастар –еліміздің  ертеңгі капиталы.Олардың білім мен мәдени өркендеуі түптеп келгенде, еліміздің болашақ барыстар тізбегінен өзінің орнын алуға жол ашады.                                                                                                                             

           Әрине, елімізде жастар саясаты  мен олардың әлеуметтік –мәдени дамуына қатысты іс- шаралар атқарылып жатыр.Бірақ та зерттеулік нәтиже олардың мардымсыздығын және қоғамдық ықпалының онша жоқтығын байқады.                                                                                                                                          

            Бүгінгі таңда бұл бағытта үлкен бетбұрыс, адуында іс-шаралар қажет. Еліміздің жастарына қарап болашағымызға сеніммен қарайтын күн туарына сенеміз дей отырып сөзімізді аяқтаймыз.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан –2030.- Алматы: Білім, 1997.-б.
  2. Fisher Hugo.Theorine der kultur.Das kultutelle kraftsfeld.-Stuttgart,1965.-c.
  3. Моль А. Социодинамика культуры.-М.,1973.-
  4. Сальник В. П.Правовая культура:теоретико-методологический аспект:Дис…д-ра юрид.наук.-Л.,1990.-с.
  5. Ликас А.Л. Законность и культура социалистического правосудия//Советского государство и право.- 1981.-№3.-С126-131
  6. Венгров АБ Теретория государства и права: Учебники.-М., 1998-

      612с  

  1. Синюкова ТВ Правовая культура // В кн. Теретория государства и

      права : Курс лекций / Под. Ред. Н.И Матузова и А.В Малько – Саратов  

      1995

8 Ибраев А.С некоторых особенностях правовой культуры казахского народа //Правовая реформа вКазакстане –2003 -№3 –С27-

9 Сартаев С,С Ибраев А.С. Правовая культура- составная часть общей культуры человечества // Вестник Каз ГУ  Серия юридическая – 1997 -№3- с 12-20

          10 Қазақстан Республикасы Үкметінің “Дарын ”мемлекеттік жастар сыйлығы туралы Қазақстан Республикасының Үкметінің 1996 жылғы 7 тамыз № 983 қаулысы //Юрист –справочная правовая система .

             11 Тагиев А.С Метологические проблемы анализа правовой социализации студенческой молодежи: Дис..кан. соц. Наук –Алматы 1999-138с

             12  Кадыржанов Р.К Восприятие демократиинаселением современного Казахстана //Саясат 2001-№с57

             13 Шайкенова А.Т Отношение казахстанцев к реформам в условиях современной политической обстановки //Саясат –2001-№ с 50-55

             14 Зиманов С.З қазақтың ата-заңы және оның бастаулары //

  Қазақтың ата заңдары –Алматы: Жеті жарғы 2001-Т1-440б

             15  Сартаев С.С Тіл тағдыры –ел тағдыры //Қазақ әдебиеті-1989-26 мамыр –14б

             16  Шаймерденов Е.Ш. Шаукенова З. К Ракшиева Б.И. Языковая ситуация в Республике Казахстан //Саясат –2001.№ -с28

             17 Галинайтите Ю. В. Правовая социализация рабочей моледжи: проблемы и решения: Дис.. д-ра юрид. наук. М1988-275с

            18  Сапарғалиев Ғ. С ., Ибраева А. Мемалекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті жарғы 1997-45б

  19  Қазақстан жастары бағдарламасы туралы : Қазақстан Республикасы Үкметінің 2001жылғы 17 ақпандағы №249 қаулысы //Юрист –справочная правовая система Юрист40

          20 Альхименко В.В Козловский А.Б. Правовое воспитание молодого поколения –М: Мос. Рабочий 1985-163с

 

21 Сартаев С.С. Адамправолары мен бостандықтары //Жетісу. – 1986.-9декабря.

22 Сартаев С.С. Формировать нового человека // Вечерняя Алма-Ата. – 1977.-5 января.

23 Казымбетова Д.К. Девиантное поведение молодежи как объект социологического исследования: Дис. … кан.соц. наук. –Алматы, 1999.-133с.

  1. Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы: Қазақстан Республикасының Президентінің N 394 16 мамыр  2000 жылғы жарлығы // Республиканский центр правовой информации.

            25 Калашникова Н.П. Правовая и социальная защита молодежи: пути становления ювенальной службы в Казахстане // Саясат. – 2001. — № — с.59.

  1. Алауханов Е. Кепілдікке берілген уақытша өмір // Заң газеті – 2001.-10 қаңтар.
  2. Усенов М. Молодежь и наркотики // Студент. – 2003-Октябрь.
  3. Казаков Л.Х. Колесов Д.В. Наркогенная информация и профилактика наркомании среди учащихся // Советская педагогика.-1991.-№7.-С.12-14
  4. Ильинский И. Развитие социализма и молодежь // Коммунист.-1987.№6.-С.25
  5. Самаев А.К. Опыт формирования и реализации молодежной политики в Казахстане во второй аполовине 80 начале 90-х годов: Дис. … канд.полит.наук.-М,1993.-155с.

30 Ковалева А.И. Луков В.А. Социология молодежи: теоретические вопросы.- М. Социум, 1999-356с.

  1. Скробов А.П. О некоторых новых подходах к молодежной политике в условиях реформ // Социально-гуманитарные знания.-1988-№3-235с.
  2. О государственой молодежной политике в Казахской ССР: Закон Казахской Советской Социалистической Республики от 28 июня 1991 года №722-хіі // Юрист-справочная правовая система Юрист 4.0.
  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы №73 өкімі // Юрист-справочная правовая система. Юрист..
  4. “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы” заңы // Егемен Қазақстан. –2004- 7 шілде.
  5. Жоғарғы ісі жөніндегі Кеңесті құру туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі №1165 қаулысы /// Юрист справочная правовая система Юрист 4.0.
  6. “Қазақстан жастар” бағдарламасы туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 ақпандағы №249 қаулысы // Юрист справочная правовая система Юрист 4.0
  7. О программе молодежной политики на 2003-2004 годы: Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2003 года № 155 // Юрист-справочная правовая система юрист 4.0.
  8. “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы” заң жобасы // Егемен Қазақстан. – 2002. –14 мамыр.