Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы
Диплом жұмысы
Жауаптылықты жеңілдететін жағдайда адам өлтіру.
Алматы 2008
Мазмұны
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………..3
1-ТАРАУ КІСІ өЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ – ҚұҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
- Кісі өлтіру қылмысының түсінігі және құрамы……………………………………………………………………………………….6
1.2. Кісі өлтіру қылмысының түрлері……………………………………………..24
2-ТАРАУ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖАҒДАЙДА КІСІ ӨЛТІРУ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ………………………………………….34
2.1. Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі………………………………………….34
2.2. Жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру……………………………38
2.3. Қажетті қорғану шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру……….42
2.4. Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру………………………………………………………………53
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………..57
ПАЙДАЛАНЫЛЃАН ЄДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………..59
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикаының заңнамалары азаматтардың денсаулығын қорғауға кепіл береді, яғни Қазақстан Республикасының Конституциясы адамды (оның құқықтары мен бостандықтары) ең жоғарғы құндылығы деп танып, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тану, сақтау және қорғау – мемлекеттің міндеті деп жариялады. Осы мақсатпен мемлекет әртүрлі шаралар мен әдістер қолданады және қабылдайды. Олар саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми, медициналық, санитарлық-гигиеналық сипатта болуы мүмкін. Олардың барлығы өзінің маңызы жағынан әртүрлі, олардың әрқайсысының қолданылу аясы бар. Бірақ жалпы алғанда олардың барлығы адам мен азамттың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға және бекітуге бағытталған.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында өмір сүру жеңгейі төмен түсіп жатыр. Конституц бойынша кепілге қарамастан мемлекеттің өз азаматтарының өмірі мен денсаулығын қажетті деңгейде ұстап тұруға мүмкіндігі болмады. Өмірдің ұзақтығы қысқарды, халық денсаулығы нашарлай бастады.
Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбының көкейкестілігі, біріншіден, Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам, құқықтық, демократиялық мемлекет болып, қалыптасу кезеңіндегі қажетті қорғаныстың маңызды функцияларымен байланысты. Қоғамдағы құқықтық реформаларды әрі жетілдіру мақсатында 2002 жылдың орта шенінде ‘’Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының концепциясы’’ да жарық көрді. Құқықтық жүйе элементі ретінде қажетті қорғаныс-құқық бұзушылықты болдырмауға ықпал етеді, заңдылықтың, құқықтық тәртіптің кепілі болып табылады. Қажетті қорғаныс туралы заң нормаларын дұрыс қолдану халықты қылмыстылықпен күресуге кеңінен тартудың маңызды шарты болып табылады. Сондықтан, қоғамға қауіпті қол сұғушылыққа қарсы заңға сәйкес қорғанған тұлғаларды негізсіз жауапкершілікке тартудың әрбір жағдайы құқық бұзушылықпен күресуге үлкен зиян келтіреді.
Теориялық — тәжірибелік жағынан қажетті қорғанысты зерттеудің маңыздылығы тақырыпқа қатысты көптеген теориялық — тәжірибелік мәселелердің дискуссиялығымен түсіндіріледі. Бұл құқық қорғау органдарының тәжірибесінде кері әсерін тигізуде. Қылмыстық шабуылдан қорғану кезінде немесе қорғануға байланысты жасалатын әрекеттерді құқықтық бағалау кезінде туындайтын көптеген даулы сұрақтар тергеу, прокуратура, сот органдарының әрқайсымен әрқалай шешіледі, кей кездерде бір іс боынша әртүрлі сот инстанциялары бір-біріне қарама-қайшы үкімдер шығарып жатады. Көптеген жағдайларда бұл заң актілерінде, Жоғарғы сот қаулыларында нақты нұсқаулардың жоқтығымен түсіндіріледі.
Дүние жүзілік қауымдастықта лайықты орын алуды мұрат ете отырып Қазақстан Республикасы өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адамды, оның өмірін, құқығымен бостандықтарын атайды. Ол өз азаматын туа біткен ажырамас құқығы мен бостандығын танып, белгілі бір кепілдіктер береді. Адамды оның өмірін, денсаулығын, басқа да игіліктермен заңды мүделерін қауіпті қолсұғушылықтардан қорғау қылмыстық құқықтық міндеті деп танылған. Бұл міндетті жүзеге асыру жолында қылмыстық заң адамның маңызды деген игіліктеріне нұқсан келтіретін іс — әрекеттерді қылмыс деп танып, қылмыскерлерге қатаң жаза қолдану мүмкіндігін көздейді.
Мұндай қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол, ол адамның ең қымбат қазынасы оның өміріне қол сұғады. Адам өмірі өтелуге жатпайды, және де оған сай келерлік эквивалент немесе мүде, құндылық жоқ. Адамның өміріне қарсы бағытталған қылмыстар аса қауіпті қылмыстар қатарына жатқызылған. Оның қауіптілік дәрежесі қылмыскер әрекетінің тікелей адамның өмірін қиюға бағытталуы. Адам және оның өмірі басқа қоғамдағы игіліктерге қарғанда дәрежесі өте жоғары, оны басқа игіліктермен салыстыруға болмайды деуге болады. Сөз болып отырған қылмыстың қоғамға қауіптілігінің ерекше болғанына қарамастан осы тұрғыда қылмыспен қарсы күрес жүргізуге қылмыстық құқық және социологияда заңды мәселелер мен пікірлер айтылған. Осы құрамды қылмысты саралау, оны ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату көп қиындықтар туғызады.
1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының конституциясында белгіленген, әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандығын қорғауға құқылы.[1]
Қылмыстық құқық теориясындағы әлі күнге дейінгі даулы мәселелердің бірі адам өлтіру (ауырлатылған және жеңілдетілген) кезінде келген зардап пен оның шегін анықтау болып табылады.
Мұндай кемшіліктер сот, тергеу тәжірбиесі ісі кезінде көптеп қателіктер жіберіледі. Біздің мемлекетімізде адам өмірін қорғауға барынша мән беріледі.
Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында қоғамдағы ең басты игілік – адам оның өмірі, денсаулығы, бостандығы екендігін ескере келіп мұндай асыл қазынаға құқыққа қайшы әрекет етушілерге заңды жауапкершілік қолдануы қажеттігін бірнеше рет айтқан еді. Қоғамдық қатнастарды реттеуші құралдардың бірі – заң салалары болып табылады.
Антик ойшыл Протогор “ Адам – барлық заттың өлшемі” деп айтып кеткен еді. Қоғамның ең басты құндылығы және байлығы – адам және оның өмірі саналады. Адам өміріне қолсұғушылықты қылмыстық заң ең ауыр қылмыстарға жатқызады, және ол үшін аса қатал жауапкершілікті тағайындап отырады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ерекше бөлімінің басы жеке адамдарға қарсы бағытталған қылмыстар көрсетілген және оған жауапкершілік тағайындалған. 1959 жылғы КСРО қылмыстық кодексімен салыстырғанда қазіргі 1997 жылғы қабылданған қылмыстық кодексінде адам және оның құқықтары мен бостандықтарын жоғары бағалайды. Сол себептен қазіргі қылмыстық кодекстің ерекше бөлімі жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстармен басталады. Осы қылмыстарды жасағандығы үшін ең қатаң жаза тағайындауда. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің ең басты мақсаты болып адамдарды және азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау болып табылады. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығында қылмыс құрамын жоятын 7 мән – жайды атап көрсеткен. Олар қажетті қорғану, қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру, аса қажеттілік, орынды тәуекел, күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу, бұйрықты немесе өкімді орындау. Азаматтардың әрекетін қажетті қорғану жағдайында болғанын растау үшін бір қатар жағдайлар заңды талап етеді, заң талаптарына сай қажетті қорғануы тиіс. Қажетті қорғану тек қоғамға қауіпті қол сұғу жағдайында ғана рұқсат етіледі. Қол сұғушылық бұл заңмен қорғалатын мүдделерге қарсы бағытталған әрекет. Қоғамға қауіпті әрекет ол тек қол сұғушылық пен ғана емес, ол тұлғалардың мүделеріне қауіп төндіруі мүмкін.
Бұл жұмыстың мақсаты:
а) ҚР ҚК 96-102 баптарында көрсетілген қылмыс құрамдарының мазмұнын ашу;
б) бұл тарау қылмыстарын түрлік белгілері бойынша саралау;
в)жеңілдетілген жағдайда кісі өлтірудің түолерін қарастыру;
г) бұл қылмыстарды қарау кезінде туындайтын қиындықтарды көрсету.
Соңғы кездердегі әлеуметтік өзгерістер, экономикалық дағдарыс, саяси өмірдегі тұрақсыздық және т.б. обьективті жаңалықтар еліміздегі қылмыстың күрт өсуіне себепкер болды. Бұндай келеңсіз құбылыс адам өміріне бағытталған қылмыстарға тән.
1-ТАРАУ. КІСІ өЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚұҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ.
- Кісі өлтіру қылмысының түсінігі және құрамы.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық мемлекет құру барысында адамды (өмірін) ең құнды байлығы ретінде қарастырады. Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30-тамызда референдумдада қабылданған Конституцияның 1-ші бабында айтылғандай: Республиканың ең қымбат қазынасы — адам және адам өмірі құқықтары мен бостандықтары. Конституцияда жеке қол сұғылмаушылыққа кепілдік берілген.[2]
Адам құқығы туралы бүкіл әлемдік декларацияның 3-бабында: әрбір адам өмір сүруге, бостандығына, жеке қолсұғылмаушылыққа құқығы бар — деп көрсетілген. Бұл құқықтарын шектеуге ешкімніңде құқықтары жоқ. Заңда көрсетілгеннен басқа жағдайларда адам құқығын шектеуге қандайда болсын негіз болуы тиіс емес. Сондықтан бұл құқық әр уақытта да заңмен қорғалады. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтары үзілместей бір жалғаспалылықты білдіреді. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстің басты мақсаты болып адам мен азаматтардың құқықтарын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау болып табылады. Осыған байланысты Республикамызда адам өмірі мен денсаулығын қорғауға байланысты біршама іс шаралар жүргізілуде. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауда әруақытта артықшылықтар берілген.
Әрбір жеке адамның өмірі – ол адам өміріндегі айтарлықтай маңызды болып табылады. Себебі адам өмірі – оның негізгі құндылығы. Осыған байланысты адам өмірін қорғау мәселесі – жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы.
Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар дегеніміз -адам мен азаматтардың отбасының, кәмелетке толмағандардың мүдесіне, бостандықтары мен конституциялық құқығына, жыныстық бостандығына, ары мен абыройына, қадір-қасиктіне, өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қарсы бағытталған қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті әрекет.
Осындай қылмыстардың салдарынан адамның өміріне, денсаулығына, заңды құқығы мен бостандығына залал келуі немесе қауіп төнуі әбден мүмкін. Жеке адамға қарсы қылмыста кез-келген ауырлықта жәбірленушіге материалдық және моральдық, физикалық шығын келуі мүмкін.
Қылмыстық құқық жүйесіндегі ерекше орын алатын қылмыс өмірге қарсы қылмыстар болып табылады. Тәжірбиеде кеңінен көп тараған қылмыстар кісі өлтіру қылмысы болып табылады. Адамның өмірін қиятын аса қауіпті қылмыс болып өмірге қарсы қылмыс жатады. Қасақана кісі өлтіру қылмысын — өмірге қарсы қылмыстардың арасынан ең ауыры деп көрсеткен.[3]
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстің 96-бабында айтылғандай кісі өлтіру — басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру деп жариялайды. Кісі өліру қылмысы қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа қарсы әрекет болып табылады. Қоғамға қауіпті дегеніміз демократиялық қоғамдық қатынасқа қауіпті болуын айтамыз. Кез – келген басқа адамға қасақана қаза келтіру жауаптылық көздейтін қоғамға қауіпті және қылмыстық құқыққа қарсы болып табыла бермейді. Әскери соғыс уақытында, қажетті қорғану жағдайында, өлім жазасына кесілген сот үкімін орындау жағдайында кісі өлтіру үшін жауаптылық жоқ. Кейбір авторлар анықтамасында кісі өлтіруді «қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа қайшы қасақана басқа адамға қаза келтіруді айтады.[4]
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқықығында кісі өлтіру қылмысы жасалуына байланысты үш түрлі топқа бөледі:
- Ауырлатылған немесе жеңілдетілген жағдайынсыз кісі өлтіру демек бұл қарапайым кісі өлтіру;
- Ауырлатылған жағдайында кісі өлтіру;
- Жеңілдетілген жағдайында кісі өлтіру;
Қылмыс обьектісі – қылмыстық іс — әрекетті жасаған адамның не нәрсеге қол сұғып отырғандығы және қылмыс нәтиежесінде неге зиян келтіреді немесе неге зиян келтіруі мүмкін.[5]
Қылмыстық іс — әрекеттің қоғамдық қауіптілігі оның қол сұғып отырған игілігінің қаншалықты құнды және маңызды екендігіне, сондай – ақ осы игілікке келтіретін зиянның қаншалықты мөлшерде екендігіне байланысты.
Қылмыс обьектісінің заңдық тізбегі Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 2 – бабында берілген. Бұл адамның, азаматтың құқығы, бостандығы мен заңды мүддесі және ұйымның меншігі, құқығы мен заңды мүддесі және қоғамдық, тәртіп пен тәртіпсіздік, қоршаған орта, конституциялық құрылыс және адамзаттың қауіпсіздігі.
Тіпті қылмыстың жалпы құрамына талдау жасаған кезде де, сонымен қатар қылмыстың жекелеген топтарына талдау жасағанда да, қылмыс обьектісіне арналған арнайы зерттеулерде көптеген мәселерді әлі күнге дейін бір жақты шешілмеген, осы тұрғыдан кейде қарама-қайшы пікірлер баршылық.
Шет елдер сөздерінің сөздігінде “обьект” сөзі латынның “objectum”- қандай болсада қызмет, әрекет бағытталған зат, құбылыс екендігін айтамыз. Қылмыстық құқықы теориясы дәстүрлі түрде қылмыс обьектісін қол сұғудан қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынас ретінде қарайды. Әдебиеттерде бұл көзқарас жалпыға ортақ болып табылады.
Дегенмен, кейбір авторлар осы анықтаудың әділ екендігін жалпы алғанда келісе отырып, қылмыс обьектісінің теориясы қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастың жалпы әмбебап теориясы болып танылуы мүмкін емес, себебі ол кейбір жағдайларда әсіресе жеке адамға қарсы қылмысты талдау кезінде іске жарамайды деп есептейді. Өмірлік мүдде құқығымен қорғалатын құқықтық игілік ретінде обьект теориясына қайта оралу мүмкіндігін негізге алған А.В.Наумов осындай пікірді жақтайды.[6] Қылмыс обьектісін мүдде түсінігі арқылы айқындауды біз Е.І.Қайыржановтың жұмыстарынан да табамыз. [7]
Қылмыстық құқық теориясына Б.С.Никифоров ұсынған тұжырымдама кеңінен таралуда, ол обьектіні зерттеуге оның құрылымдық элементтері арқылы келуді негіз ретінде ұсынады. Аталған концепцияның кең таралғандығына қарамастан, обьектімен қылмыс затының, қоғамдық қатнастардың құрылымдылық элементтерінің арақатынасы проблемасы барынша даулы болып табылады. [8] Бірқатар криминалистер қоғамдақ қатынастың екі элементін көрсеткен: қатынасқа қатысушылар мен олардың өзара байланысынан тұрады деп санайды.
А.А.Пионтковский қоғамдық қатынас құрылымында мынандай негізгі бөліктерді атап көрсетеді: қатынасқа қатысушылар, олардың арасындағы белгілі бір түрдегі өзара байланыс, сондай-ақ материалдық дүниедегі қандай да болмасын бір зат бар. [9]
Қоғамдық қатынас дегеніміз – бұл күрделі әлеуметтік құбылыс. Қоғамдағы барлық адамадар өздерінің әлеуметтік қажеттіліктерін, мүдделерін жұзеге асыра, міндеттерін орындай отырып, өзінің мінез-құлқына жауап бере отырып өзара көптеген және сан алуан байланыстар жасайды және мұндай байланыстардың болмауы мүмкін емес. Осы байланыстардың өзі қоғамдық қатынастар болып табылады.
Әлеуметтік байланыстарды бұзу жолымен қылмыс жасауға қоғамға пайдалы қызметті орындаудың орнына субьект қоғамға қауіпті әрекет істейтіндігін көрсетеді сонымен бірге, ол қатынасқа қатысушыларға немесе қоғамдық қатынасы затына зиян келтіре отырып қоғамдық мәні бар затына қызметті бұзу жолымен қоғамдық қатынастар жүйесін іштей бұзады.
Қылмыс обьектісі туралы жалпы ілім обьектіні жіктеу мәселесіне тікелей байланысты. Атап айтқанда, қандай қоғамдық қатынасқа тікелей және ең алдымен зиян келтіретіндігі туралы мәселені нақтылау мақсатында қылмыстық құқық теориясында жалпы, топтық және тікелей обьектіні бөліп көрсету орын алған. Қылмыс обьектісі бұл қылмыстық қол сұғушылықтың не нәрсеге бағытталғанын және ол неге істелінеді, немесе осы іс әрекетпен қандай залал келтіретіндігін немесе келтіру қаупін білдіреді. Қылмыстық құқық ғылымы қылмыстың қоғамға қауіптілігі ең алдымен қол сұғу обьектісіне байланысты дейді. [10]
Жеке тұлғаларға қарсы қылмыстардың топтық обьектісі болып жеке тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыстық құққық теориясында кісі өлтірудің түсінігінше қылмыстық құқықтық классикалық және әлеуметтік мектептерінің өкілдері беріп кеткен анықтамаға қайта оралу тенденциясы байқалады. Олар кісі өлтіруге мынадай түсінік берген, «құқықпен қорғалатын өмірлік мүдде». Бұл жерде жынысына, әлеуметтік жағдайына, діни ұстанымына, денсаулық жағдайына, жүріс тұрысына және жәбірленушінің басқа да тұлғалық мінездемесіне мән бермейді. Негізінен обьект дегеніміз заңмен қорғалатын мүдде. Қандай да болмасын қылмыс белгілі бір мүддеге қолсұғады. Кез – келген қылмыстар қоғамға зардап келтіреді немесе келтіруі мүмкін. Қылмыстың топтық обьектісі болып қоғамдық қатынастар және олардың қатысушылары болып табылады. Қылмыстық құқықтың басты мақсаты болып қылмыстық қолсұғушылықтан қоғамдық қатынастарды қорғау болып табылады. Қылмыстық қолсұғушылықтың обьектісі болып қоғамдық қатынастардың қатысушылары ретінде (жеке) тұлға болуы мүмкін. Қасақана кісі өлтіру кезінде, кінәлі адамның өміріне тікелей қол сұғады. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде кісі өлтіру қылмысының тікелей объектісі болып адамның өмірі табылады. Заң ол адамның азаматтығына, ұлтына және нәсіліне, шыққан тегіне және жасына, әлеуметтік жағдайына, немен айналасатына, денсаулық ахуалына, біліміне, және де т.б. жағдайларына қарамай тең түрде бірдей қорғайды. Адамның туылғаннан өлгенге дейінгі аралығы адамның өмірі болып саналады. Заң адамды туылғаннан өлгенше қорғайды. Ешкімнің де адамның өмірін қиюға құқығы жоқ. Өмірге қастандық жасау обьектісінің бар – жоғы туралы мәселені шешу үшін оның (өмірдің) бастапқы және ақырғы кезеңдерін анықтау қажет. Өлген адамның өлтірілуі мүмкін еместігі ескерілгендіктен жасалған қылмысты саралауға адамның өлімінің басталу сәтін анықтау мәселесі үлкен мәнге ие болады. Кейбір авторлар, нәрестенің ананың құрсағынан толық бөлініп шығуы немесе алғаш тыныс алуын адамның бастапқы өмір кезеңі деп санайды.[11] Дегенмен көпшілік ғалым – криминалистер шартты бастапқы өмірі деп туу процесінің өзін, немесе бастапқы физиологиялық тууды айтады. Туу процесі бастала бергенде адамның өмірін қылмыстық заңмен қорғау керек, — деп көрсеткен А.А.Пионтковский.[12]
Адам өмірі туралы айтатын болсақ, нәрестенің ананың құрсағынсыз тіршілік етуін айтамыз. Құрсақтан өзінше тіршілік етуге белгілі бір уақыт аралығын алады. Нәрестенің құрсақтан тыс өзіндік қызметі бір уақытта дамымайды (тыныс алуы, қан алмасуы, тамақтануы, есжиуы, және т.б. жайттар). Адам өмірінің басталу шекарасын анықтау өте қиын.
Аурухана немесе стационарлық перзентхана жаѓдайындаѓы құрсақтаѓы нєрестенің µмір с‰руге қаблеттілігі немесе құрсақтан тыс µмірге жарамды уақыты, кезі болып тєжірбиеде 7 айлық немесе жоѓары жастаѓыларды санайды. Ананың құрсаѓындаѓы нєресте бұл жаста, дамыѓан, анық бір қасиетке ие, қызметшілік органдарының жоѓарѓы қарқынды дамыѓан сатысына жеткен, яѓни нєресте ананың құрсаѓынан тыс µмір с‰руге дайын кезі деп кµрсетеді.
Осы кµзқарас бойынша, құрсақтаѓы нєрестенің барлық даму сатыларынан µтіп µмір с‰руге дайын кезін «адам µмірінің бастапқы» кезі деп мойындауѓа болады, осыдан кейін бұны жою кісі µлтіру деп саналуы м‰мкін. Жаңа туылатын нєрестені адам санасына қалыптастыру ‰шін ол нєрестені нақты кµруі, физиологиялық туу басталѓанша, нақты нєресте туралы кµруі немесе елес м‰мкіншілігі адам санасында жаңа субьект немесе µзіндік µмір с‰ретін адам ретінде кµрініс табуы м‰мкін емес. Осыѓан байланысты ананың құрсаѓындаѓы нєрестеге қарсы єрекет, бірақ құрсақтаѓы нєрестенің µмірге қабілеті жетілгені тұлѓаның санасына нақты адам µлтіру туралы ой келмейді. Құрсақтаѓы 8 – 9 айлық нєрестеге қандай да болмасын құралмен ж‰ктіліктен єдейі, қасақана айыру ‰шін жасалѓан анасының немесе бµгде адамның єрекеті олардың санасына тірі адамды µлтіргендігі туралы ой келмейді.
Гроздинский М.М. адамның бастапқы µмірі деп «Нєрестенің алѓаш тыныс алуы, немесе алѓаш тыныс алмаѓан бірақ ананың құрсаѓынан бµлініп шыққан кезі» деп кµрсеткен.[13]
Жаңа туылѓан нєресте µздігімен µмір с‰ре алмаса да, ананың құрсаѓынан толық бµлінген кезі адамның бастапқы µмірі болып саналады.
Шаргородский, нєрестенің алѓаш дем алуы немесе, кіндігінің бµлінуі ол адам µмірінің бастапқы кезі кµзқарас ұстануда. Кейбір жаѓдайлрда, жаңадан туылѓан нєресте кµзге кµрінгенмен біршама уақыт бойы тыныс алмауы м‰мкін. Кіндігінің бµлінуі немесе ананың құрсаѓынан толық бµлінуі адам µмірінің бастапқы кезеңі болып табылуы м‰мкін. Ананың кіндігімен жалѓасқан, бірақ та алѓаш дыбыс берген, жєнеде алѓаш тыныс алѓан жаңа туылѓан нєресте медицина тєжірбиесінде кµптеп кездесуде. Нєрестенің ананың құрсаѓынан толық бµлінген жаѓдайда немесе жартылай шыққанда оны жоюѓа жасалѓан єрекеті қоѓамдық қауіптілік маѓынасын µзгертпейді. Осыѓан байланысты кінєлі нєрестені кµріп жєне оны жояды. Жоѓарыда кµрсетілген жаѓдайда нєресте толық жетілген барлық керекті сапаѓа жеткен кезі болып саналады. Дегенмен нєресте єлде болсын адамның кµзіне кµрінбесе де, анасының жаѓдайы, жайы, кµзге кµрінерліктей белгілер беруі м‰мкін. Жаңа туылып жатқан нєрестені жою адам µлтіру деп саналуы тиіс.
Тұлѓаның санасында, жаңа туылѓан нєрестеге жасалѓан қарсы єрекеті,ол, құрсақтаѓы нєрестені немесе ж‰ктілікті айыру емес, оның єрекеті жаңадан туылатын нєрестені µлтіру болып табылады.
Б.С.Утевский, жаңадан туылмақшы нєрестені жою барлық жаѓдайларда адам µлтіру болып табылады, — деп санайды.
Сонымен адам µмірінің бастапқы кезі болып физиологиялық тууды айтамыз. Бұл уақытта нєресте толық жетілген, барлық даму қарқынан µткен, µзіндік µмір с‰руге дайын кезі деп айтуѓа болады. Жаңа субьект ретінде дайын бір тұлѓа деуге болады. Осы уақытта нєрестеге қарсы єрекет адам µлтіру болып табылуы м‰мкін. Осы аралықтан бастап адамда құқық қабілеттілік басталады.
Қылмыстық құқық теориясында және сот тәжірбиесінде кісі өлтірудегі қолсұғу обьектінің өмірінің басталу сәті ретінде физиологиялық туудың басталуын таниды. Сондықтан да қылмыстық заң туылып жатқан баланың өз бетінше өмір сүруінінің басталғанына қарамастан адам өмірін оның туылу кезеңінен бастап қорғайды. Алайда туу кезеңінің басталуына дейін адамның ұрығына қол сұғушылықты кісі өлтіру ретінде қарастыруға болмайды, мұндай жағдайда кінәлі қылмыстық жауапкершілікке денеге ауыр зақым келтіргені үшін немесе заңсыз қылмыстық аборт жасағаны үшін жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Адамның µмірі анық бір жалѓаспалылықты білдіреді. Олай болса адам µмірінің аяқталуы ол да бір процесс.
өмірлік процестің табиѓи аяқталуы — µлім болып табылады. Адам µмірінің тоқтауы нақты бір уақыт аралыѓын алады, ол єрт‰рлі кезеңдерден µтеді. өмірлік бір ѓана процестің тоқтауы µлім болып табылмайды. Мысалы: тыныс алуының тоқтауы, ж‰рек соѓуының тоқтауы.
Медицина ѓылымында µлімді 2 т‰рге бµлген:
- Клиникалық µлім,
- Биологиялық µлім.[14]
Клиникалық µлім тыныс алудың тоқтауы немесе ж‰рек соѓуының (жұмысының) тоқтауын сипаттайды. Клиникалық µлім кезеңінде аз ѓана уақыт аралыѓында µмірлік процестер тоқтамайды айырмасу процестері жалѓаса беруі м‰мкін.
Клиникалық µлім 5 – 7 минутқа созылады, одан кейін қайтарусыз µлім кезеңіне µтеді.[15]Қазіргі медицина ѓылымының дамуына байланысты клиникалық µлім келген адамѓа µміріне қайтадан қалпына келтіріп жатқандары кездесуде. Клиникалық µлім келген адамѓа белгілі бір уақыт аралыѓында адамның µмірін қайтадан қалпына келтіруге болады. Тоқтаѓан тыныс алуының қайтадан тыныс алып кетуі, тоқтап қалѓан ж‰рек соѓуының соѓып кетуіне єрекеттер жасау болып табылады. Адамѓа клиникалық µлім єкелу кісі µлтіруге оқталу болып табылады. Клиникалық µлімнің жалѓасы ретінде биологиялық µлім болып табылады. Биологиялық µлім кезінде адамның ми қабының бұзылуы, орталық ж‰йке ж‰йесі қызметінің тоқтауы, организмнің µмірлік функцияларын қалпына келтіру м‰лдем болмай қалуы. Адам соңѓы кезі болып биологиялық µлімді айтамыз. Қателесіп тірі адамға балап өлген адамға қолсұғуды (физиологиялық немесе биологиялық өлім басталған соң) кісі өлтіруге оқталу деп санау қажет. ‡міттен айырылѓан наухас адамды жєне µзін — µзі µлтіруге тілек білдірген адамды µлтіруге заң қарсы. Адам µмірін сақтау ‰шін дєрігер барынша к‰ресуге міндетті. Єрбір азаматтың µмірі қылмыстық заңмен бірдей қорѓалады. Адамның жеке тұлѓалық қасиеттері қылмыстық құқық ѓылымына жєне єділ сот органына єсер етпеуі тиіс. Тєртібі жақсы адамның да жаман адамның да µмірі бірдей дєрежеде, бұны қылмыстық заң ескеруі міндетті емес. Осыѓан байланысты бұл жаѓдай қоѓамдық қауіптілік дєрежесін анықтаѓанда, қылмысты ашу жєне мотивін анықтаѓанда ескерлуі м‰мкін. Кісі µлтіру қылмысының жєбірлеушісін зерттеу, маңызды криминологиялық мєселе болып табылады. Осы қылмыстың не себептен істелуін, жаѓдайын, қылмысты жасауѓа не итермелегендігі, жєне де осы қылмысты болдырмау ‰шін шара қолдануда маңызы µте зор.
Кісі өлтіру қылмысының обьективтік жаѓы. Қылмыстың обьективтік жаѓы – бұл қылмыстық заңмен қорѓалатын қоѓамдық қатынасқа қоѓамѓа қауіпті қолсұѓушылық, болѓан оқиѓаның сыртқы кµрінісін бейнелейтін, субьектінің қоѓамѓа қауіпті єрекет немесе єрекетсіздігімен басталып жєне қылмыстың салдарымен аяқталатын процесс болып табылады.
Қылмыстың обьективтік жаѓының белгілері:[16]
- Субьектінің қоѓамѓа қауіпті єрекеті (єрекет немесе єрекетсіздік)
- Қылмыстық салдар (нєтиеже)
- Қылмыстық нәтижемен әрекеттің арасындағы себепті байланыс
- Қылмыс жасаудың жағдайы және тәсілі, уақыты, орны
Адам өлтірудің обьективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Адам өлтіру әрекетпен де немесе әрекетсізбен де жасалуы мүмкін. Адам өлтіру негізінен көбінесе әрекет арқылы жүзеге асырлады. Яғни белсенді әрекет ету арқылы жасалуы мүмкін. Кісі өлтіру қылмысының обьективтік жағы деп басқа адамға қаза келтіретін қоғамға қауіпті әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) болып табылады.
Қылмыстың обьективтік жағы — қылмыстық жауаптылықтың маңызды алғышарттары болып табылады. Қылмыстың обьективтік жағы — қылмыстық жауаптылықтың негізі деуге болады.
Адам өмірін физикалық немесе психикалық ықпал ету арқылы айыруға болады. Адам өмірін күш қолданып та (жарақаттау, тұншықтыру, уландыру, т.б.) психикалық ықпал жасап та (қорқытып, үрейлендіріп, жалған лақап таратып, т.б.) айыруға болады.
Қоғамда көптеп кездесетін кісі өлтіру қылмысы белсенді әрекет ету арқылы жасалады. Тәжірбиеде кісі өлтірудің түрі ретінде күш қолданып кісі өлтірулер көптеп кездесуде. Яғни кінәлі жәбірленушінің оқпен атылатын және суық қаруды, өзге де заттарды пайдаланумен, уландыру, жарылыс жасау, басқа да әдістерді қолдану арқылы өмірін қияды. Адам өлтіру қылмысы кінәлі өзінің білегінің күшімен немесе қандай да болмасын құралды пайдалану арқылы жасалуы мүмкін. Кінәлі өзінің білек күшін қолданып адам өлтіру ол қолымен қылқындырып өлтіру, ұрып – соғып өлтіру және де т.б. айтуға болады. Бұндай қылмыстар алдын – ала ойластырылмаған және табан асты бола қалған кісі өлтіруде кездеседі. Әр түрлі құралдарды (кастет, кинжал, у пышақ), механиздерді (қару, тапнаша) қолдану арқылы жасалған кісі өлтіруді, кінәлі тұлғаның әрекетінің негізінде кісі өлтіру деп қарастыруымыз қажет. Адам өлтіру сонымен бірге жәбірленушіге психикалық әсер ету нысанында да болуы мүмкін. Әдетте жүрек – қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарды жүйкесіне зақым келтіру жолымен адамды өмірінен айыру жиі кездеседі. Соңғы уақыттарда адам жүйкесіне әсер ету нысандарымен әдістерінің көбейе түсуінің нәтиежесінде психикалық әсер ету жолымен адам өлтіру мүмкіндігі одан әрі кеңейе түсуде. Кінәлінің психикалық әрекеті жәбірленушіге бағытталады, дегенмен бұл жәбірленушінің жеке денсаулық ахуалы, қалпына байланысты. Қылмыскер жүрегі ауыратын адамға инфарктқа алып келетін қасақана мәліметтер айтуы арқылы жәбірленушінің өліп кетуіне әкеліп соғады. Өзінің қылмыстық жоспарын орындау үшін жан ауруына ұшыраған немесме жасөспірім қолданған, есі дұрыс және белгілі бір жасқа жеткен қылмыс субьектісі болуы мүмкін. Олай болса, өмірге қарсы қылмыстың көрініс табуы немесе жәбірленушіге тікелей әсер ету арқылы нәтиежесінде оған өлім келуі, немесе тек басқа күш қолдану арқылы жәбірленушіге өлім әкелуін айтамыз.
Кісі өлтіру қылмысы тек белсенді әрекет ету арқылы ғана емес сонымен қатар әрекетсіздік арқылы жасалуы мүмкін. Бұл негізінен мынадай жағдайда болуы мүмкін. Кінәлі адам біреуді өмірден айыру мақсатымен өлімге араша тұра алатын және осыған тікелей міндетті бола тұрса да әректсіздік жолымен оған өлім қаупін туғызады және өлімге жол береді. Әрекетсіздік жолымен адам өлтіру дегеніміз өлімге араша тұратын адамның өз міндетін орындамауы нәтиежесінде жәбірленушінің қаза болуы. Егерде кінәлі тұлғаға өлімнің алдын – алу міндеттемелері жүктелген болса, онда кісі өлтіру кінәлінің әрекетсіздігі арқылы жасалуы мүмкін.
Қоғамға қауіпті әрекет. Қоғамға қауіпті әрекет немесе қоғамға қауіпті әрекетсіздік барлық қылмыстардың міндетті белгісі болып табылады. Соның ішінде қылмыстық іс — әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) обьективтік жағының аса маңызды нышаны болып табылады. Әрекет сырт жағынан адамның белсенді мінез — құлқымен айғақтайды. Бұл жағдай әрдайым дене қозғалысынан көрініс береді, ал мұндай қозғалыс әдетте бірнеше дене қозғалысын біріктіреді (мысалы: кісі өлтірушінің тапаншамен оқ атуы көздеумен, одан тапаншаның шүріппесін басып қалумен байланысты дене қозғалыстарынан тұрады.) Қоғамға қауіпті іс — әрекет болып қылмыстық заңмен қорғалатын обьектілерге зиянын тигізетін, болмаса залал келтіруге тікелей қауіп төндіретін әрекет саналады. Егер де іс — әрекеттер қоғамға қауіпсіз болса, онда олар қылмысты әрекет деп танылмайды, және де қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Әрбір қылмыстық іс — әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық заң қорғайтын обьектілерге оларға елеулі зиян келтіруі немесе зиян келтіру тікелей нақты қауіп төнуі мүмкін. Адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі еркін білдіретін іс- қимылы болып табылады. Адам іс – қимылының сыртқы өмірдегі процестерден айырмашылығы, оның (адамның) саналы, бір мақсатты көздейтін сипатты көрсетеді. Қылмыстық әрекет – бұл тұлғаның сыртқы көрінісіндегі қоғамға қауіпті акт, яғни сол адамның өзінің сыртқы дене қозғалысы және адам санасымен бақылануы арқылы жүзеге асырлуын айтамыз.[17]Қылмыстық әрекетсіздік – бұл тұлғаның сыртқы көрінісіндегі қоғамға қауіпті акт, яғни тұлғаның белгілі бір әрекетті саналы түрде істемеуі, демек бұл әрекетті істеу міндетті немесе орындауға мүмкіндігі болған жағдайда. Белсенді әрекет немесе әрекетсіздік жолы арқылы қасақана кісі өлтіру жасалуы мүмкін. Қандай да болмасын кісі өлтіру қылмысының жасалу әрекеттері әртүрлі. Кінәлі кісі өлтіру кезінде тек қана өзінің білек күшінің көмегімен жәбірленушіге қаза келтіруі мүмкін. (мысыалы: қолымен қылқындырып өлтіру, аяғымен немесе қолымен соғу, жардан итеріп жіберу және т.б.) Кінәлі кісі өлтіру үшін жеңілдірек болуы үшін әртүрлі құралды қолдану арқылы өзнің білек күшін жұмсауы мүмкін. (мысалы: жәбірленушіге пышақпен, балтамен, таспен және т.б. заттармен соққы берілуі мүмкін.) Кінәлінің білек күші маңызды (аз, әлсіз) болмауы мүмкін, бірақ оған қуатты күшті қолдануы нәтиежесінде жәбірленушіге өлім әкелуі мүмкін. (мысалы: тапаншамен ату, у мен улау , өртеу және т.б.)
Сонымен қатар, психикалық әрекет ету арқылы жәбірленушіге қаза келтіруге болады. Бәрінен бұрын бұл жәбірленушіге тікелей психикалық әрекетін айтамыз. Адамға күшті психикалық әрекет психикалық жарақат әкелуі нәтиежесінде терең психикалық уайымдау нәтиежесінде болатын оған қаза әкеледі. Кісі өлтіру қылмысы кезінде әрекетсіздігі үшін жауаптылық туындауы ол тұлға белгілі бір әрекетті істеуге міндетті немесе істеу мүмкіншілігі болған жағдайда, яғни істемегені үшін оны айыптайды.
Кінәлінің қоғамға қажетті әрекеттердің істеу міндеттерінің туындауы. Мысалы: Дәрігер өзінің міндетін орындамауы
- Адамдардың арасындағы жеке қатынастар бойынша;
мысалы: жас баланы міндеттемесіне алған тұлға өз міндеттемесін орындамауы
- Шарт бойынша;
- Заң немесе басқа да нормативтік акт бойынша;
- Тұлғаның қызметтік немесе кәсіби міндеттері бойынша; Мысалы: өзін — өзі күте алмайтын адамды (соқыр) күтуге шарт жасасқан адам міндеттемесін орындамауы
- Кінєлінің жеке міндеттемелері бойынша; Мысалы: кінєлі жєбірлушіні қауіпті жаѓдайѓа қалдырѓан жаѓдайда жєне оны құтқару ‰шін ешқандай шара қолданбауын айтамыз
Кінәлінің әрекет етуінің негізгі бағалау мүмкіншілігі субьективтік критерилері:
Сол адамның (кінәлінің) білу мүмкіншілігі, білімі, дәрежесі, тәжірбиесі, денсаулық жағдайы, сол нақты қалыпты жағдайда әрекет етуге талап етуі бойынша жоғарғы белсенді әрекет етуге мүмкіншілігін бар — жоғын ескеруі керек.
Адам µлтіру обьективтік жаѓының келесі белгісі қылмыстың зардабы жєбірленушінің µлімі болып табылады. Қылмыстық салдар — бұл қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынас және оның қатысушыларына қылмыстық әрекет немесе әрекетсіздікпен обьектіге келген нақты дәл немесе басқа да зардап.[18] Қылмыс көптеген зардаптар әкелуі мүмкін. Кісі өлтіру қылмысы, мысалы, адамға өлім келтіреді, бірақ та жәбірленушінің жақындарына маңызды моральдық, ал кей кездерде материалдық залал келтіреді. Нақты қолсұғу обьектіге келген зардап салдар құрам элементі болып табылады. Қалған зардапты салдар құрамнан тыс болып саналады. Қасақана кісі өлтірудің зардапты салдардың бәрінен, адамға өлім келуі қасақана кісі өлтірудің құрам элементі болып табылады. Салдар — бұл материалдық сипатта ол нақты және анық жәбірленушінің өлімі. Бұндай салдардың келмеуі қылмыстың аяқталғандығын жоққа шығарады. Қоѓамѓа қауіпті зардаптың адам µлімінің болуы – бұл қылмыстың обьективтік жаѓының міндетті нышаны. Адам µлтірудің барлық т‰рлері жєбірленушінің µмірін жоюѓа келіп тіреледі. Кісі µлтіру қылмысы материалдық құрамѓа жататын қылмыс болып табылады. өмірді айыруѓа тікелей қасақаналық болѓанымен қылмыстық зардаптың — µлімнің болмай қалуы кінєлінің єрекетіне оқталѓандыѓы, адам µлтіруге оқталѓандық ретінде саралауѓа негіз береді. Адам қаза таппаса бұл қылмыс аяқталѓан болѓан болып саналмайды. Адамѓа µлім келмей қылмыстық салдар жоқ санауѓа негіз береді.
Себепті байланыс — материалдық қылмыстардың обьективтік жағының нышаны. Жеке адамның қоғамға қауіпті зардаптардың туындағаны үшін жауаптылығы зардаптар ол жасаған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікпен себепті байланыста болғанда ғана келтіруі мүмкін. Себепті байланыстардың обьективтік мән — жайының қылмыстық құқық үшін де айтарлықтай маңызы бар.
Себепті байланыс қылмыстық құқықта қылмыстың обьективтік жағының элементі ретінде қоғамға қауіпті әрекетпен (әрекет немесе әрекетсіздік) және келген залалды салдардың (қылмыстық нәтиеже) арасындағы байланысты айтамыз. Себепті байланыс қасақана кісі өлтірудің құрамын талдау кезінде маңызды белгісі болып табылады. Тұлғаның әрекет немесе әрекетсздігі және жәбірленушіге өлім келуі арасындағы себепті байланысты анықтау кісі өлтіру үшін қылмыстық жауаптылықтың қажетті мән — жай болып табылады. Себепті байланыстың болмауы кісі өлтіру құрамын жоққа шығарады. Себепті байланыс обьективтік байланыстың нысандарының арасынан бірі болып табылады.
Себепті байланыс — бұл бір немесе бірнеше құбылыстардың (себеп) өзара әрекеттесуімен туындайтын басқа (салдар) құбылыс. Себепті байланыстағы қылмыстық салдар болып уақыт өте осы нәтижеге алып келетін әрекеттермен (әрекетсіздіктер) себеп, салдардан әрқашан да ерте пайда болады.
Себеп пен салдардың арасындағы уақыт әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ ол қылмыс құрамының бары немесе жоғы екендігін жөніндегі мәселені шешуге әсер етпейді. Себепті байланыс егер тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігі кезінде нақтылы зиянды салдардың туындау мүмкіндігін қалыптастырса ғана қылмыс құрамының элементі болып табылады.
Адам өлтірудің нышаны ретінде — айыптының іс — әрекеті мен жәбірленушінің өлімі арасындағы себептік байланыс. Адам өлтіру кезінде, өлім әрекет жасалғаннан кейін бірден немесе белгілі бір уақыт өткенннен кейін жүзеге асуы мүмкін. Келтірілген зардапты кінә деп жүктеу үшін болған өлім мен субьектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі арасындағы себептік байланыстың болуы негіз болып табылады. Әрекет пен зардаптың арасында себептік байланыс болмаған кезде тұлға жасаған әрекеті үшін ғана жауап береді. Кінәлінің әрекеті немесе әрекетсіздігі мен жәбірленуші өлімі арасындағы себепті байланыта бұл қылмыстар бойынша міндетті болады. Қарастырып отырған қылмыс жәбірленушінің өлімі туындаған кезде ғана аяқталған деп саналады. Және де өлімнің бірден немесе біраз уақыт өткеннен кейін туындауы маңызды емес. Кісі өлтіру ретінде адамды заңға қайшы өмірінен айыруды тани аламыз. Қылмыс нәтиежесінің кездейсоқ емес, айыпты әрекетінің зардабы болуы міндетті шарт. Адам өлтіру — басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіруді айтамыз. Егер адам заңды жолмен өлтірсе, ондай әрекеттерге өлім жазасына кесілген адамды өлтіру, қажетті қорғану шегінен асып кетпей қол сұғушыны өлтіру (қылмыстық кодекстің 32 бабы), қауіпті қылмыскерді ұстаған кезде оны лажсыздан өлтіру (қылмыстық кодекстің 33 бабы) Өлтіруге тікелей оқталу айқындалған кезде өлтіру үшін оқталғандық жасалған болып табылады, ал өлтіруге жанама ниет болған кезде кінәлі адамға нақты зиян келтірген үшін ғана жауап береді (мысалы, қасақана денсаулыққа зиян келтіргені үшін) жатқызуға болады. Қасақана кісі өлтіру қылмысының көрсетілген көзқарасын жариялай, мынадай қорытындылауға болады, субьектінің әрекеті (әрекетсіздігі) өлімнің себебі болып табылады тек мына жағдайда, егерде олардың жасауының оның (зардаптың) туындауына нақтылы мүмкіншілік туғызған жағдайда.
Қасақана кісі өлтіру қылмысының обьективтік жағының мәселесін зерттеуде орны мен уақыты, тәсілі мен құралы, қылмыстың барлық орналасу жағдайынына жеткілікті зерттеуге көңіл бөлу қажет. Көрсетілген мән — жай қылмыстың обьективтік жағының өзіндік белгісі болмайды. Дегенмен бұл мәселелерді кісі өлтіру қылмысының қоғамдық қауіптілігін бағалауға толық мүмкіндік береді, және де оны жасаудың тәсілінің обьективтік шартын құрады. Қасақана кісі өлтірудің жасалуының уақытын зерттеу мәселесі маңызды маңызы болып табылады. Қылмыс іс уақыты қылмыс құрамының нышаны ретінде қылмыс жасалатын белгілі бір уақыт кезеңі болып табылады. Көпшілік қасақана қылмыстар кешке және түнде жасалады. Кісі өлтіру қылмысының жартысы кешкісін жасалады. Сонымен қатар көпшілік қылмыстар (мысалы: ұрлық қылмысы) адамнан жасырын жерде жасалады. Кісі өлтіру қылмысының орнына келетін болсақ, көп жағдайда жеке жағымсыз қатынас негізінде ғимараттардың іштерінде жасалады. Қылмыс істелген жер — қылмыс жасалған белгілі бір аумақ. Қылмыс жасаудың тәсілі деп анықталған қылмыскердің қолдануының тәртібі, тәсілі, қозғалысының ретін әдісін айтамыз. Сонымен қатар қылмыс істеу тәсілі деп қылмыскердің қылмыс жасау үшін қолданған амалдары мен айла шараларын айтамыз. Қылмыс істеу тәсілі де қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің барлығына немесе дәрежесіне өте жиі әсер етуі мүмкін, сондықтан ол (тәсіл) іс — әрекеттің қоғамдық қауіптілігін жоғарылатқан жағдайда заң шығарушы оны қылмыстың тиісті құрамының нышандары қатарына енгізеді. Қылмыс жасаудың тәсілі ол қандай игілікке қолсұғуына байланысты. Кісі өлтіру қылмысының обьектісі адам өмірі бұл қылмыс жасауының сипатын көрсетеді. Кісі өлтіру қылмысының тәсілін анықтау қылмыстың қоғамдық қауіптілгін, қылмыскер тұлғасын дұрыс бағалау маңызы маңызды болып табылады. Және де қасақана кісі өлтіру қылмысының алдың — алу және ескерту үшін өте маңызды болып табылады. Құқыққолдану тәжірбиеде жәбірленушіге нақты сол немесе басқа да жарақат салу кезінде ниеттің нақты бағытын анықтау кезінде ерекше қиындық туғызады. Осындай бағытталғандықтың қандай белгілермен соттау үшін тәжірбиелік қызметшілер әрдайым біле бермейді. Ең алдымен бұл обьективтік белгілер болып табылады: өмірге немесе денсаулыққа залал келтірудің тәсілі, құралымен затының қолданудың ерекшелігі, жарақаттың санымен локализациясы, қылмыс жасаудың жағдайы, жәбірленушімен айыптының арасындағы өзарақатнасының сипаты, төнген қауіптің мазмұны мен нақтылығы, криминалдық акт кезінде және де одан кейін айыптының тәртібі. Кей уақытта құқыққолдану тәжірбиеде ниет бағытының әртүрлеріне керекті көңіл бөліне бермейді. Яғни заңда тікелей көрсетілмеген, дегенмен қылмыстық құқық теориясында толық талқыланған деуге болады. Бұл қылмыстар көбінесе өмірге қарсы және денсаулыққа қарсы қылмыстар ісінде кездеседі. Кінәлі ниет бағытының анықталмағандығы, дегенмен кінәлі өзінің әрекетінің нәтижесінде салдардың тумай қоймайтынын біледі, бірақ жеткілікті жағдайда анық көре алмайды. Фактілі түскен салдар нәтижесінде кінәлі жауаптылықты көтереді, әркезде де тәжірбиеде дұрыс түсіне бермейді. Қылмыс істеген жағдай — қылмыс жасалатын обьективтік шарттар. Қылмыс істеудің құралдары мен қарулары — солардың көмегімен қылмыс жаслған құралдар мен басқа да керек жарақтар. Қылмыскердің қандай құралды қолданғаны да іс — әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесіне айтарлықтай әсер етеді.
Кісі өлтіру қылмысының субъективтік жаѓы. Қылмыстың субьективтік жағы кінә (қасақана немесе абайсызда), ниеті мен мақсатын қамтиды және де қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның жай — күйі болып табылады.
Кінә — бұл қоғамға қауіпті іс — әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) жасаудағы тұлғаның психикалық қатынасы және оған қасақана немесе абайсыздық нысанында салдарының болуы табылады.
Қылмыстық жауаптылыққа және жазалаушылыққа тек қана қылмыс жасаған кінәлі, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қасақана немесе абайсызда жасаған қоғамға қауіпті әрекетте жасаған тартылады. Қасақана кісі өлтірудің субьективтік жағын толық және терең талдау келесі себептер бойынша аса маңызды:
Біріншіден қылмысты жасаған тұлғаның ішкі жан дүниесін зерттеу көп жағдайда қиын деңгейде болады ұқыпты зерттеуді талап етеді.
Екіншіден заң басқа қылмыстардың субьективтік жағын суреттеуге қарағанда кісі өлтіруге қылмысы кезінде әртүрлі психикалық күйзеліс жағдайына жіліктеп (деталдап) және толықтырып көрсетеді.
Үшіншіден біржақты субьективтік жағы бойынша кісі өлтіру қылмысы өлімге әкелумен байланысты басқа қылмыстардан айырмашылығы бар.
Субьективтік жағы бойынша кісі өлтірудің түрлерін анықтауға болады. Субьективтік жағына жеткілікті көңіл бөлмеу бұл қылмыстарды саралауда едәуір қателесуге алып келеді.
Адам өлтірудің субьективтік жағы — тек қана қасақаналықпен жүзеге асырлады. Адам өлтіру кезінде қасақаналық тікелей және жанама ниетті қамтиды. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне қол сұғып отырғандығын сезеді, оның (кінәлінің) әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігіне немесе қалай да өлімге әкелетіндігін біледі және өлімнің болуын тілеп іс — әрекет жасайды. Қасқана кісі өлтіру кезінде айыпты қылмысты әрекет немесе әрекетсіздік жасау барысында себепті байланыстың даму барысының детальді білу талап етілмейді. Нақты әрекетінінің мазмұнын сезіну жеткілікті шарт болып табылады. Тікелей қасақаналықта айыпты өзінің әрекетінің нәтиежесінде жәбірленушіге өлім әкелетінің алдың — ала сезеді. Айыпты өзінің әрекетінің салдарынан жәбірленушіге өлім әкелетінің алдың — ала ойлайды және де сол ойды жүзеге асыру үшін талпынады. Кісі өлтірудің тікелей қасақаналық кезінде айыпты жәбірленушінің өлімін тілейді. Сонымен қатар жауаптылықтың болуын ұғынады және де қоғамға қауіпті әрекет екенін сезінеді. Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер төндіретіндігін мойындайды сезінеді, осы әрекеттің нәтиежесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болу — болмауына немқұрайдылық танытады. Тікелей қасақана ниетпен жанама қасақана ниеттің мағынасы бойынша айырмашылығы жоқ деуге болады. Бұлардың айырмасы деп қасақана кісі өлтіруде айыпты жәбірленушінің өліміннің келуін және де онымен қоймай қоятының алдын — ала біледі. Жанама қасақананлықта айыпты жәбірленуші өліміннің мүмкіншілігін немесе айқындылығын көреді.[19] Осы жағдайда жәбірленуші өлімінің орындалмауы мүмкін еместігін көрген кезде айыпты тікелей қасақаналықпен әрекет етеді. А.Н.Трайнин, тілемей айыптының саналы түрде жол беру нәтиежені болжау жанама ниет, яғни зардаптың болуы да мүмкін немесе зардаптың болмауыда мүмкін деп ойлауы, көрсеткен. Жанама қасақаналық еріктілік кезеңі жәбірленушінің өлімін келуін тілемеу, бірақ саналы түрде оған жол беруі болып табылады. Жанама қасақаналық кезінде тұлға қылмыстық салдардың болуын тілемейді, немесе басқа бір мақсатқа жетуін көздейді. Осы бір мақсатқа жету барысында тұлға жәбірленушінің өлімінің мүмкіншілігінің келуіне саналы түрде жол береді. Тұлға әрекетімен келетін салдарына тілегендіктің болмауы келетін салдарға тұлғаның немқұрайды қарауы болып табылады. Осындай салдарға айыптының қатнасы қылмыстық құқық ғылымына өзіндік негіз қылмыстық немқұрайлық деп кінәлілік нысанын айтуға болады. Сондай — ақ айта кетер нәрсе жанама қасақаналық кезінде қылмыстың салдарына саналы түрде жол беру бұл зардаптың төнуіне тұлғаның немқұрайлы қараумен қана байланысты емес кей — жағдайда салдардың төнуін анық қаламауында көрініс табады. Субьект өз іс — әрекетін жасау кезінде жәбірленушіге өлім келмейді деп үміттенуі мүмкін, бірақ нақтылы және дәл жағдайларда және өзінің төнуін болдыртпау мүмкіншілігін бола тұрса да жүзеге асырмайды. Жәбірленушінің өлімінің төнбеуін тұлға қандай да бір (авос) кездейсоқ жағдайларға байланысты төнбеуі мүмкіндігіне сенеді. А.А.Пионтковский атап өткендей «АВОС» сену яғни ешнәрсеге сену деген сөз. Кінәлінің ойынша жанама қасақаналықтың қылмыстық салдары оның әрекетінің жағымсыз нәтиежесінің мүмкіншілігі қылмыстық немесе қылмыстық емес мақсаттарға жету үшін жасалуы болып табылады. Қандай да болмасын қылмыс бір мақсатқа жету үшін істеледі.[20] Басқа да бір қылмыс жасау мақсатында жанама қасақаналықпен кісі өлтіру қылмысы жасалуы мүмкін. Бір мақсатқа жету барысында жанама қасақаналықпен кісі өлтіру жолын айыпты тандауы мүмкін. Айыптының ниетінің тікелей қасақаналығы басқа қылмыс жасау барысында көрініс табуы мүмкін. М.Д.Шаргородский атап кеткендей “Кісі өлтірудің тікелей қасақаналығы қауіптірек және де қатаң жазалау шарасын қолдануды талап етеді, кісі өлтірудің жанама қасақаналығына қарағанда” . Жанама қасақаналық тікелей қасақаналыққа қарғанда (салыстырғанда) еріктілік белсенділігі (интенсивнті) жоғары болуы мүмкін, бұндай жағдайлар көптеп кездесуде. Жанама қасақаналық кісі өлтіру кезінде айыпты өзінің жеке мүдесі үшін басқа адамдарды аса қатыгездікпен игоизмдікпен құрбан шалғандары көптеп кездесуде. Дегенмен де осыған байланысты жанама қасақаналықтың тікелей қасақаналықпен жасалған қылмыстардың қауіптілігінен қалыс қалмайды. Кісі өлтіруге оқталғандығы үшін жауаптылық мәселесін шешкен кезде тікелей қасақаналықпен жанама қасақаналықты ажырату аса маңызды болып табылады. Жанама қасақаналықта тұлғаның еріктілік әрекеті жәбірленушінің өмірін тікелей қиюға бағытталмайды. Ол басқа қылмыстық немесе қылмыстық емес нәтиежеге жету үшін бағытталады. Жанама қасақаналықпен әрекет етуші тұлға тек қана қылмыстың салдарынан жәбірленушіге өлім келу мүмкіншілігін сезінеді бірақ осы салдарды тудыруы үшін тікелей әрекет етпейді.
Н.Д.Дурманов атап өткендей, салдардың көпшілік мүмкіндігі үшін ешқандай негіз жоқ, кінәлі оның түсуіне жол береді, жанама қасақана әрекетте. Бұндай жағдайда жауаптылықтың туындауы нақты түскен салдармен анықталады. Кінәлі әрекетінің тікелей немесе жанама қасақаналықпен жасалғанын шешу кезінде, соттар барлық болған жағдайдың мәнін меңгеруі және ескеруі қажет. Сонымен қатар кінәлімен жәбірленушінің өзарақатнасы, қылмыс жасаудың тәсілі, қолданған құралы, жәбірленушіге келтірген жарақаттың немесе зақымның сипатына ғана көңіл бөлуі қажет. Өзінің әрекетінің салдарын кінәлі алдың – ала көргендігі мәселесін дұрыс шешу барлық осы жағдайлардың жиынтығын анықтау сотқа көмек болуы мүмкін. Егер сот мойындап бекітіп таныған, өлімнің келу мүмкіншілігін көрген сотталушы және осы салдарға немқұрайды қараған, кінәлінің әрекеті, жанама қасақаналықпен деп жасаған және қасақана кісі өлтіргендігі үшін саралануы қажет.[21] Жәбірленушінің өмірлік маңызды органының анатомиялық тұтастығын немесе қызметін (функциясын) бұзу кінәлі әрекетінің бағыты қасақаналықпен кісі өлтіргендігі үшін куәлік етуі мүмкін. Қолданған қаруы немесе құралы, өлім әкелу мүмкіншілігі, кінәлі әрекетінің жеткілікті интенсивтілігі, жәбірленушіге салған жарақаттың көптілігі, бұрыннан да жәбірленушіні өлтіруге ынта жігері осылардың барлығы да қылмысты саралауда әсер етуі мүмкін.
Республиканың қылмыстық кодексі бойынша абайсызда адам өліміне алып келген іс — әрекет адам өлтіруге жатпайды, дегенмен өмірге қарсы қылмыстар қатарына жатады. Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары кең таралып отыр. Мұндай кезде белгілі бір құрбандардан басқа бөгде адамдар да өледі. Бұл оқиғада кінәлі белгілі бір құрбанға қатысты адамөлтіруде тікелей ниетте, ал бөгде адамдарды өмірінен айыруға жанама ниетте әрекет етеді. Тікелей және жанама қасақаналықтар арасындағы айырмашылықты айқындаудың іс жүзінде үлкен маңызы бар. Адам өлтіруге оқталу, яғни кінәлінің әрекеті ол өлімнің болатынын сезетін, оның болуын тілегендігін, бірақ оның еркінен тыс себептер бойынша ол болмай (нәтиеже) қалғандығы бойынша анықталады. Мұндай кезде ол тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлінің ниетінің түрі туралы мәселені шешкен кезде соттар жасалған қылмыстың барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі мен құралы, қаруын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен оқшаулауын (мысалы, адамның өмірлік маңызды органын жарақаттау), кінәлінің қылмыстық әрекетті тоқтату себебі, сондай — ақ кінәлінің қылмыс істеу алдыңдағы және одан кейінгі мінез — құлқын (тәртібін), оның жәбірленушімен арақатнасын ескеруі тиіс. Адам өлтірудің субьективтік жағын сипаттау үшін себептің де, мақсаттың да үлкен маңызы бар. Адамды өлтіргенде айыптының әрекеттеріндегі себеп пен мақсат әртүрлі болуы мүмкін, олар қылмысты саралауға ықпал жасайды немесе жаза тағайындағанда ескеріледі. Жәбірленшінің өліміне әкеліп соқтыруы кінәлі үшін белгілі болып табылатын өмірлік маңызы бар органдарына пышақпен жарақат салу, дұрысында, өмірден айыруға тікелей ниеттің бар екендігін айғақтайды. Оқпен атылатын қаруды қолдану кінәліні өлтіруге шынайы ниетте болғандығын айғақтайды және басқа жағдайлармен қатар кінәлінің адам өлтіру ниетінде болғандығына маңызды дәлелдеме болып табылады. Жақын ара қашықтықтан ату әдетте адам өлтіру мақсатында істеледі. Тікелей қасақаналық болған кезде кінәлі өлімнің болуын тілейді, сонымен бірге кінәлінің өлімнің міндетті түрде болуын қаламайтындығында ескеру керек мұндай жағдайда. Оның ниеті баламалы түрде болуы мүмкін, оның шамалауы бойынша өлімнің болуы, сол сияқты денсаулыққа ауыр зиян келтіру мүмкіндігі және осы зардаптардың кез — келгенінің болуын міндетті түрде тілейді. Ал егер оған байланысты емес жағдайлар бойынша қылмыстық нәтиеже болмаған жағдайда ол адам өлтіруге оқталғандық үшін жауапқа тартылуы тиіс. Адам өлтірумен алдын — ала қорқыту басқа мән — жайлармен қатар адам өлтіру ниетінің бар екендігіне маңызды дәлелдеме болып табылады. Дегенмен, осындай қатер тудыруды айтқан адамның ой — ниетінің қаншалықты шын екендігін іс бойынша айқындау қажет. Тіпті, егер ол сөздер кейде және төндірілген қатерді жүзеге асыру мүмкіндігіне сырттай ұқсас кейбір әрекеттермен қоса айтылғанның өзінде, адам өлтіру ниетін жүзеге асыру туралы сөздер кінәлінің шын мәніндегі анық тілегін білдірмейді.
Адам өлтірумен қорқыту көбінесе оқпен атылатын немесе суық қаруды немесе өзге қаруды, сондай — ақ қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен жасалатын бұзақылық әрекеттермен байланысты болатындығын тәжірбие көрсетіп отыр. Адам өлтіруге жасалған оқталуды аталған әрекеттерден бөлу керек.
Адам өлтіру жанама қасақаналық ниеті кезінде кінәлі өз әрекетінің нәтиежесінде өлімнің нақты болу мүмкіндігін біледі де сезеді. Кінәлі зардаптың қалай да болмай қоймайтынын білген жағдайда сөз тек қана тікелей қасақаналық туралы бола алады. Ниеттің осы түрлерінің арасындағы неғұрлым елеулі айырмашылық, заңда көрсетілгендей еріктілік кезеңі бойынша анықталады. Егер адам өлтіруге тікелей ниеттену кезінде кінәлі өлімнің болуын тілесе, ал жанама ниеттену кезінде оны кінәлі тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болуына немқұрайды қарайды.
Қасақана кісі өлтірудің мотиві мен мақсаты
Қылмысты әрекеттің себебі мен мақсатын ұқыпты зерттеусіз қылмыстың субьективтік жағын дұрыс меңгеру ақылға қонымсыз болып табылады.
Себеп (латын сөзінен шыққан – moveo – «қозғаймын» деген мағынаны білдіреді.) қылмысты мінез – құлықтың қозғаушы себебі.
Себеп – бұл ішкі түрткі, адамға қылмыс жасауға шешім тудыратын және ол онымен жасалу кезінде басқарылады.
Адамның саналы әрекеті әрқашанда анық мотив тәртібімен байланысқан. Мотивсіз әрекеттер болмайды, бірақ мына жағдайдан басқа, адам өзінің әрекетінің (әрекетсіздігінің) нақты мән – жайын және қоғамға қауіпті екендігін түйсінуге қаблетсіз болса онда оның әрекетінде қылмыс мотиві болмауы мүмкін. Мотив бұл адамның бір әрекет жасауға итеретін күш. Итеретін күш адамды жақсы немесе жаман әрекет жасауға яғни қылмыс жасауға итеруі мүмкін. Мотив адам психикасында өтіп жатқан эмоционалдық және еріктілік процестер. Мотив тікелей адамның еріктілік әрекетімен байланысты.
Қылмыстың мақсаты — бұл фактілі нәтиежелер, яғни кіәлі өзінің қылмысты әрекетті жасауға тілегі болып табылады.[22] Қылмысты әрекеттің бағыттылығы арқылы қылмыстық мақсатты анықтауға болады. Қылмыс мақсатының себептен айырмашылығы – ол қылмыс жасаушы адам қол жеткізуге ұмтылған нәтиежесі.
Қасақана кісі өлтіру ісі кезінде қылмыстың мотивімен мақсатын талдау ерекше маңызды маңыз болып табылады. Кісі өлтірудің мотиві мен мақсатын анықтау қылмыс жасалудың қоғамдық қауіптілік дәрежесін және қылмыскер тұлғасын бағалау үшін , жасалған қылмысты саралау үшін, және де жазаны жеке даралау үшін, кісі өлтірудің себебі мен шартын анықтау қажет. Қасақана кісі өлтіруде нақты қылмыстың мотиві мен мақсатының сипаты болмауы қылмыс жасалудың сот немес тергеу органында толық қылмыстың ашылмағандығын білдіреді. Қасақана кісі өлтірудің себебі мен мақсаты әртүрлі болуы мүмкін. Қасақана кісі өлтіру қылмысы бұзақылық ниетте, кек алумен, қызғанышпен, пайдакүнемдікпен, жеке отбасының ұласпауымен, басқа бір қылмысты жасыру кезінде немесе бұны жеңілдетілген түрде жасалуы мүмкін. Себеп әрбір қылмысты іс бойынша анықталуы керек, өйткені онсыз қылмысты дәрежелеу ғана емес, сонымен қатар қылмыскердің жазасын дараландыру туралы мәселені дұрыс шешу мүмкін болмайды.
Кісі өлтіру қылмысының субъектісі. Қылмыстық құқық бойынша қылмыс субьектісі болып қылмыстық заң тиым салған қоғамға қауіпті іс — әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) жасаған және ол үшін жауап бере алатын адам болып табылады. Қылмыс субьектісі – қылмыс құрамының бір элементі, онсыз қылмыстық жауаптылық мүмкін емес. Қылмыс жасаған кезде тұлға мынадай белгілері болса істегені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады, егер ол:
- жеке тұлға болса,
- есі дұрыс болса,
- қылмыстық заң белгіген жасқа толса.
Қылмыстар мен қылмыстық жауаптылық субьектісі болып Қазақстан Республикасының азаматтары, шет елдік азаматтар мен азаматтығы жоқ азаматтартанылуы мүмкін. Қылмыс субьектісі болып міндетті түрде есі дұрыс адам саналуы керек, яғни өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) нақты мағынасын бағалай алатын, оған басшылық жасауға шамасы бар және оның жеке тұлға болуы тиіс. Психикасының бұзылғандығы салдарынан мұндай мүмкіндіктен айырылған адамдар қылмыс субьектісі бола алмайды. Және де бір айтатын нәрсе, психологиялық тұрғыдан дені сау адамның өзінде де мұндай қасиеттер белгілі жасқа жеткенде ғана пайда болады. Осыған орай қылмыстық заң жеке тұлғалардың істеген қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жас шамасын орнықтырады. Көрсетілген үш нышан қылмыс субьектісінің заңды түрдегі жалпы нышандары болып табылады. Және бұлардың біреуінің болмауы іс — әрекеттегі қылмыс құрамының болмауына әкеледі. Қылмыс субьектінсіз қылмыс құрамының болуы мүлдем мүмкін емес.
Қасақана кісі өлтіру қылмысы кезінде сот міндетті түрде қылмыскердің жас шамасын анықтауы қажет. Қасақана кісі өлтіру қылмысының жас шамасы болып 14 жас шамасына толған есі дұрыс, жеке тұлға болып табылады. Осы жас шамасында қылмыскер кісі өлтіру қылмысы кезінде өзінің әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынады, зардаптың болуын алдын – ала көруге қаблетті уақыт айтуға болады. Жоғарыда көрсетілген жасқа толмаған тұлғаның дене бітімінің немесе психофизиологтялық дамуы толық дамымаған кезі деп айтуға болады. Қасақана кісі өлтіру қылмысын жасау кезінде қылмыскердің есі дұрыстығы немесе есі дұрыс еместігін анықтау міндетті болып табылады. Яғни есі дұрыс адам ғана қылмыс субьектісі бола алады. Есі дұрыстық дегеніміз тұлғаның өзінің іс — әрекетінің мағынасын түсініп және оған жауап беруін айтамыз.
Қоғамға қауіпті іс — әрекетті істеген кезінде есі дұрыс емес күйде болған адам, яғни ескілікті есі ауысқан ауруы болуы, есінің уақытша кіресілі – шығасылы болуы, кемақылдылығы немесе басқа бір сырқатты болуы себепті өзінің әрекеті жөнінде өзіне есеп бере алмайтын немесе өзінің әрекетін басқара алмайтын адам қылмыстық жауаптылыққа жатпайды. Бұл жағдай есі дұрыс еместік сипатын білдіреді. Қылмыстық жауаптылықтың кінәлары мен шартының есі дұрыстыққа сілтемесі болып табылады. Қасақана кісі өлтіру қылмысы бойынша сотпсихотриялық сараптама өткізу маңызды маңыз болып табылады. Жоғарыда көрсетілген мән – жайлар кісі өлтіру субьектісін зерттеу мәселесімен тоқталу жеткіліксіз болып табылады.(қылмыскердің жасы, есі дұрыстығы, және т.б.) Қасақана кісі өлтіру қылмысын меңгеруші криминалисттің санаында қылмыскердің жасы, білімі, әлеуметтік жағдайы, кәсібі, немен шұғылданатыны, отбасылық және материалдық жағдайы, тұрғын үй жағдайы, ішімдікке әуестігі, қоғамдық жұмыстарға қатысуы, бұрынғы соттылығы, балалық шағында алған тәртібі әрдайым болуы тиіс. Қасақана кісі өлтіруші тұлғалардың арасынан көбі рецедив – қылмыскерлер құрайды.
Қылмыскер тұлғасының проблемасын криминология ғылымы зерттейді. Соеымен қатар қылмыскер тұлғасы проблемасын зерттейтін ғылымдар ретінде медицина, биология, генетика ғылымдары қамтиды.
Криминологияда жеке тұлғаның нышандарын үш салаға бөліп қарастырады:
1.жеке тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, бұл жағдай адамның белгілі әлеуметтік топқа (немесе тапқа) жататындығымен және әлеуметтік – демографиялық мінездемесімен (жынысы, жасы, білімі, отбасылық жағдайы және т.б.) белгіленеді;
2.жеке тұлғаның әлеуметтік функциялары немесе рөлі, бұл жағдайға оның қоғамдық қарым – қатнастар жүйесіндегі азамат, еңбек ұжымының мүшесі, отбасы иесі және т.б. іс — әрекеттерінің жиынтығы енетіндігі есептеледі;
3.жеке тұлғаның адамгершілік — психологиялық мінездемесі, бұл жағдай оның әлеуметтік құндылықтарға және ол орындайтын әлеуметтік функцияларына (мысыалы, кездейсоқ қылмыскерлер және қылмыскерлер) қатынасын айғақтайды.
1.2. Кісі өлтіру қылмысының түрлері
Кісі өлтіру барысында қылмыскер әрекетінің құрамында ауырлатылған немесе жеңілдетілген мән – жайдың болмауы бұл қылмысты «қарапайым» кісі өлтіру қылмысы деп аталады. Ауырлататын немесе жеңілдетілген мән – жайларсыз қылмыс қылмыстық құқықта негізгі құрам болып табылады. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 96 бабының 1 – тармағында қарапайым кісі өлтіру сипатамасы нақты көрсетілген.
Негізгі құрамға мынадай мынадай адам өлтіру түрлері жатады: қызғаныштан адам өлтіру, төбелес кезінде немесе ұрыс – керіс үстінде (бұзақылық себептер болмағанда) адам өлтіру, жәбірленушінің заңсыз әрекеттеріне байланысты, жеке қарым қатынас негізінде туындаған кек алумен байланысты болған адам өлтіру, жәбірленушінің сұрауы бойынша адам өлтіру және т.б. жағдайда адам өлтірулер.
Тәжірбие жиі кездесетін қылмыстар ретінде өзара ұрыс – керіс немесе жанжал төбелес кезінде адам өлтіруді айтуға болады. Ауырлатылѓан немесе жеңігдетілген мєн- жайларсыз жасалѓан типтік қасақана кісі µлтіру µзара ұрыс – керіс немесе жанжал тµбелес кезінде адам µлтіру болып табылады. Бұндай жағдайда адам өлтірулер мақсат тұтқан ниет алдын – ала болмайды. Жанжал мен тµбелестің шыѓу себебі табан асты пайда болѓан жаѓдайларѓа байланысты. Кез – келген тµбелес кезінде екі немесе оданда кµп адамдар бір – бірімен жанжалдасып бір – біріне єрт‰рлі деңгейде соққылар береді. Тµбелес кезінде екі жақта жанжалдың туына белсенді т‰рде қатысуы м‰мкін. Екі жақта µзара туындаѓан жанжалды шешу мақсатында құқыққа қарсы тєсілдерді қолдануы м‰мкін. Жанжал кезінде тµбелеске қатысушылардың µміріне жєне денсаулыѓына қауіпті жаѓдайында болады. Тµбелес кезінде екі жақтың да анық бір ниеттері болмайды, бір – бірін соққылау барысында қаншалықты алысқа бартынын алдың – ала білмейді. Топтық тµбелес кезінде адам µлтіруді саралау ‰лкен қиындықты тудырады. Топтық тµбелес кезінде µзара бірін- бірі ұрып соѓады, жєне топтық тµбелес кезінде ‰ш немесе одан кµп адамдар қатысады. Топтық тµбелес кезінде қатысушылардың қайсының єрекеті жєбірленушіге µлім єкелгенін анықтау кезінде ерекше қиындық туѓызады. Кей – кездерде қатысушылардың арасынан кім µлтіргенін µздері білмей қалуы м‰мкін. Топтық тµбелес кезінде адам µлтіру ісі бойынша єрбір айыптының єрекетінің сипатымен рольін ұқыпты анықтау қажет болып табылады. Тєжірбиеде єрт‰лі дене бµлшектеріне єрт‰рлі құралдармен жєбірленушіге жарақаттар салынѓандыѓы кездеседі. Салѓан жарақатқа байланысты қылмыскер тұлѓасын анықтау жасалѓан қылмыстың кінєлілік дєрежесін жеке даралау ‰шін м‰мкіндік береді. Кµрсетілген жаѓдайларда топқа қатысушылардың ішінен біреуі ѓана жєбірленушіні ұру уақытында µмірге қауіпті жарақат салады. Жанжалдың шығу себебі әртүрлі болады қызғанышпен, ренішпен, кек алу жєне жеккµрушілік жєне т.б. болуы м‰мкін. ұрыс – керіс немесе тµбелес жєне жанжал кезінде жасалѓан қылмыстардың себебі ашу — ыза болады. Тµбелес немесе жанжал кезінде кісі µлтіру жеңілдетілген кісі µлтіру жаѓдайында жасалуы м‰мкін. Ол жєбірленуші жаѓынан болѓан қатты моральѓа жєне заңѓа қайшы немесе зорлықпен тудырѓан кенеттен болѓан жан к‰йзелісі жаѓдайында жасалуы м‰мкін. ұрыс – керіс немесе жанжал тµбелес кезінде адам µлтіру қажетті қорѓану шегінен шыѓу кезінде сонымен бірге абайсыздықта жасалуы м‰мкін. ұрыс – керіс немесе жанжал тµбелес кезінде адам µміріннен айыру қажетті қорѓану шегінен шықпай қажетті қорѓану жаѓдайында жасалса онда бұл жаѓдай єрекет кісі µлтіру қылмыс құрамын құрамайды. Сонымен қатар айтар жайт алкогольдік ішкіліктің нєтиежесінде бұл қылмыстар жасалуы м‰мкін. Бірақ, жанжал кезінде адам µлтіру барлық уақытта бірдей қылмыстық кодекстің 96-бабының 1-бµлігінде кµзделген қылмыстың құрамын құрай бермейді. Топ болып ұрыс – керіс жєне жанжал кезінде адам µлтіру абайсызда жасалуы, қажетті қорѓану шегінен асып кісі µлтіру де болуы м‰мкін, сонымен қатар, аса қатыгездікпен µлтіру, екі немесе одан кµп адамдарды µлтіру сияқты сараланатын мєн – жайларда да орын алуы м‰мкін. Тµбелес немесе жанжал кезінде адам µлтіру, егер онда қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-бµлігінде кµрсетілген ауырлатушы мєн – жайлар немесе басқа да жеңілдетуші мєн – жайлар болмаса, тµбелеске немесе жанжалѓа кім ұйтқы болѓандыѓына қарамастан, қылмыс қарапайым адам µлтіру деп сараланады. Бұл қылмыс жасалуы кезінде айыптының єрекетінде ауырлатушы немесе жеңілдетуші мєн – жайлардың болмауы болып табылады. Бұзақылық ниетпен қасақана адам µлтіруді µзара бас араздық себеп болып тµбелес немесе жанжал кезіндегі адам µлтіруден ажырата білу керек. Бұл мєселені шешкен кезде айыпты мен жєбірленушінің ара қатынасын, жанжал мен тµбелестің шыѓу себебін, жанжал мен тµбелесті кім бастаѓанын, екі жақтың да іс – єрекеттерінінің сипатын жєне белсенділігін, басқа да мєн – жайларды анықтау қажет. Кісі µлтіру ниетін дұрыс анықтау кінєлі єрекетін саралауѓа кµмектеседі. Бұл қылмысты тергеу барысында қатысушылардың єрекеттерін жеке даралау қиынѓа т‰седі.
Соттық тєжірбиесінде кµрсетілген зерттеуде, қылмыскер тұлѓасының жєне қылмыс жасауында қоѓамдық қауіпті болдырмайтын кµріністер болып табылѓандықтан қызѓанышпен кісі µлтіру қарапайым кісі µлтіру ниетінің мазмұны болып табылады. Қызѓаныш кісі µлтірудің мотиві болып табылады, бірақ маѓынасы бойынша қоѓамдық қауіптілікті жоққа шыѓармайды. Дегенменде осы жасалуына байланысты қылмыстың немесе қылмыскердің жоѓары қоѓамдық қауіптілік болып табылмайды. Қызѓаныш пен кісі µлтіру қылмысы қылмыстық кодекстің 96-бабының 1-бµлігіндегі «қарапайым» кісі µлтіру құрамын жасайды. Қандай да болмасын кісі µлтіру қылмысы бір ниетпен жасалады. Қызѓанышпен кісі µлтірудің ниеттері єрт‰лі болады. Кісі µлтіру кезінде айыптының ашулануы, ызалануы, кек сақтауы қызѓаныш сезімінің тудыруы м‰мкін. Кісі µлтірушінің қызѓанышы кімге туѓаны міндетті емес. Бірінші кезекте сенімсіздік немесе к‰мєн білдірткен жєбірленуші болып айыптының жұбайы немесе бірге тұрушы болып табылады. Бірақта отбасынан тыс жаѓдайында да жасалуы м‰мкін, жєбірленуші болып айыптының танысы болуы м‰мкін. Екіншіден қызѓанышпен кісі µлтірудің жєбірленушісі нақты немесе жалѓан қарсыласушысы болуы м‰мкін. Бірінші кезекте кісі µлтіру қылмысын жасауѓа ашу немесе кек алу сезімдері итереді. Жєбірленушінің єрекетінің қызѓаныш тудырѓаны немесе жалѓан мєлімет нєтиежесінде болѓаны қызѓанышпен кісі µлтіруге маңызды емес. Қызѓаныш мотиві кісі µлтіру қылмысын саралау ‰шін маңызды болып табылады, егерде басқа да ауырлатушы немесе жеңілдетуші мєн – жайлар болмаса. Кек алудың сылтауы болып жєбірленуші тарапынан балаѓаттау, ұрып – соѓу сонымен қатар қылмыстық немесе құқықбұзушылық, құқықтық єрекеттер болып табылады. Осы қылмысқа ұқсас ниетті қылмыстар жиі кездеседі, ызалану мен µш алу сезімі, бұл қызѓанышпен кісі µлтіру ниетін құрамайды. Бұзақылық ниетінде кісі µлтірумен қызѓанышпен кісі µлтіруді ажыратуымыз керек. Қылмыстың жасалудың нақты ниетін, қандай т‰рткі болѓанын анықтауымыз керек. Кісі µлтіру қылмысын жасауѓа қызѓаныш немесе бұзақылық ниетінің қайсысының єсер еткенін анықтау керек. Қызѓанышпен кісі µлтіру қатты жан к‰йзелісі жаѓдайында жасалуы м‰мкін. Бұл қылмыстың жасалуы жєбірленуші жаѓынан аморальды немесе қатты балаѓаттау єрекетінен туындауы м‰мкін. Қызѓаныштан адам µлтіру С.И.Ожеговтың сµздігінде «қызѓанышқа» біреудің махаббатқа немесе берілгендігіне басқа біреудің к‰дік келтіруі. Қызѓаныштан адам µлтірудің қоѓамѓа қауіптілігі, µзінің мазмұны жаѓынан, жай адам µлтірудің құрамын береді. Қызѓанышпен адам µлтіру де жєбірленуші сенімділігіне к‰дік тудырѓан немесе сенімсіздігін кµрсеткен адамда сонымен қатар сол қызѓаныш сезімінің туына себепші адамда болуы м‰мкін. Сонымен қатар негізсіз қызѓаныштан (µсек естіп жєне т.б.) адам µлтіру де қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бµлімі бойынша саралануы м‰мкін. Қызѓаныштан адам µлтіру кейбір жаѓдайларда жан к‰йзелісі кезінде жасалуы м‰мкін.
Қылмыстық құқық сот тєжірбиесінде жие кездесетін кісі µлтіру қылмысы ретінде кек алу арқылы қасақана кісі µлтіру болып табылады.
Кек алу – бұл балаѓаттаѓаны, реніші немесе қайѓысы ‰шін µтеттіру мақсатында жамандық немесе залал келтру ниеті. Кек алудың мотиві болып айыптыѓа келтірген залалы ‰шін жєбірленушіге зардап келтіруге, µш алуѓа ұмтылу болып табылады. Кек алу сезімінің туындау сылтауы болып адамдардың єрт‰рлі салдары болып табылады. Кек алумен кісі µлтіру жєбірленушінің құқықтық емес аморальдық єрекетінің нєтиежесінде жасалуы м‰мкін. Құқықтық емес немесе этикалық емес єрекеттер болып жєбірленушінің айыптыны балаѓаттауы, кінєліні ұрып – соѓуы, оны қорлауы, қандай да болмасын оѓан реніш єкелуі болып табылады. Жєбірленушінің құқықтық емес аморальды єрекеттері кек алумен кісі µлтіргендігі ‰шін қылмыстың жєне қылмыскер тұлѓасының жоѓары қоѓамдық қауіптілігін білдіртпейді. Кек алумен адам µлтіру қылмысын бұзақылық ниетпен адам µлтіру немесе жєбірленушінің қоѓамдық міндетін орындаумен байланысты адам µлтіру қылмысынан ажырату кезінде ешқандай қиындық туѓызбайды. Бұзақылықпен кісі µлтіру немесе жєбірленушінің қоѓамдық борышын орындаумен байланысты адам µлтіру қылмысында жєбірленушінің құқықтық емес єрекеттері болмайды. Олай болса кек алумен ұштасқан адам µлтіру жєбірленшінің құқықтық жєне этикалық нєтижесінде жасалѓан жаѓдайда болып табылады. Бұл құқықтық єрекет кінєлінің ар – намысынан белгіленген т‰рде айыруы немесе шектеу єкелуімен байланысты, яѓни осының нєтиежесінде кінєлінің кек алу сезімінің туындауы кез. Жєне де бұл мєн – жайды басқа адамдардың мінез – құлқын кінєлі µз кµзқарасы бойынша баѓалайтынын ескеруіміз керек. Кек алумен адам µлтірудің себебі болып жєбірленушінің қызметтік жұмысы немесе қоѓамдық борышын орындаумен байланыссыз құқықтық єрекеттер болуы тиіс. Мысалы, жєбірленушінің кінєлімен бірге тұруѓа бас тартуы, жєбірленушінің кінєліге ақшалай қарыз бермеуі, қандай да болмасын кінєлі тапсырѓан тапсырмасын жєбірленушінің орындамауы. Кінєліге келтірген залалѓа єруақытта қоѓамѓа қауіпті бола бермейді. Бірақ та айыптыѓа келтірген залал қоѓамѓа қауіпті немесе қоѓамѓа пайдалы болуы м‰мкін.
Қылмыстық заңда кісі өлтіру деп тек жәбірленушінің еркінен тыс өмірін қию жағдайын ғана қарастырмай, сонымен қатар жәбірленушінің келісімімен болған кісі өлтіруді де бірдей деңгейде қарастырады. Әлемдегі тәжірбиеде өмірден күдерін үзген, үміттен ажыраған ауру адамдардың адам жаны төзбес қиыншылықтарды бастан өткеіп жатқандары немесе мүгедектердің, өзін -өзі қарау мүмкіндігінен айырылған қарт, ауру адамдардың дәрігерлерге немесе жеке адамдарға өмірден өтуін тездетуге, тілек білдірулері көптеп кездесуде. Осыған ұқсас тілектермен, оңалуға ешбір мүмкіндіктері жоқ, кемістіктермен туған балалары бар ата – аналардың да келіп жатқандары да байқалады. Жоғарыда айтылған адамдардың өмірден кетуіне көмектесу туралы ээвтаназия мәселесі көп ғасырлар бойы талқыланып келеді. Сонымен қатар олар мұны өміріне қауіпті ауруы бар адамның өзінің өмірден кетуіне нақты және анық ниет білдіруі болып табылады. Дәрігер өз қызметінің өнегелік негіздерін тәуекелге қоймас үшін ешқандай жағжайда адам өлтіруге тиіс емес. Дәрігер адам өмірін сақтап қалуы үшін барлық мүмкіншілікті қолданануы керек. Адам өмірі ол құнсыз игілік, және қайтарусыз болып табылады. Жәбірленушінің рұқсатымен оған өлім немесе денесіне жарақат келтірудің қылмыстық құқықтық маңызын анықтау үшін алдымен «жәбірленуші» және «жәбірленушінің рұқсаты» түсініктерін анықтап алу керек.
П.С.Дагель жәбірленушіні оған қылмыспен моралдық, физикалық және материалдық зиян келген тұлға көрсете отырып, бұл анықтаманы материалдық қылмыстық құқық аймағында былай айқындайды. Қылмыстық құқықтық мағынада жәбірленуші ретінде қылмыскермен қылмыстық заңдылық нормаларымен қорғалатын құқықтары мен мүделері бұзылған тұлғаны айтамыз. Жәбірленушінің рұқсаты ретінде П.С.Дагель адамның толық еріктілігін және мұндай рұқсаттың салдарына алып келетін толық хабардарлығын қосатын оның ерікті ниет білдіруін түсінеді. Бұл ұғымдарды түсіну, бірақ рұқсат беру әрқашанда еркін ниет білдіруді айқындамайды. Егер де жәбірленушінің берген рұқсаты ерікті ниет білдіру шегінен шығатын болса, онда ол қылмыстық құқықтық маңызға ие бола алмайды, немесе басқаша айтқанда қылмыстық құқықтық сұрақтарды шешкен жағдайда ол есептелмейді. Сондықтан да жәбірленушінің рұқсаты туралы сұрақ, қылмыстық құқықтық мағынада қойыла алады, егер де рұқсат нысаны мен де мағынасымен де жәбірленушінің ерікті ниет білдіруімен сәйкес болса. Адамның ерік бостандығы абсолютті емес, ол әртүрлі обьективтік және субьективтік факторлармен байланысты, адамның өмір сүру ортасы, оған өз қажеттілігі шегіндеақылға қонымды, обьективтік түрде әрекет етуге қабілетті. Осы факторлар арқылы ерік бостандығының шегі анықталады. Ерік ұғымының тек психологиялық емес қоғамдық ұғым екенін мойындауымыз қажет, сондықтан да қоғамдық қатнастар шартына құқық нормалары, мораль, этика, және т.б. жатады.
Адамның ниет білдіру мүмкіндігі шексіз емес, кез – келген басқа қоғамдағы сияқты оның шегі бар. Бұл шектер мемлекет және қоғам мүдделері мен өмір сүріп отырған қоғамдық қатынастар жүйесі мен құқықтық нормаларымен моралдық және этикалық қондырғылармен және т.б. адамның әрекет етуі арқылы анықталады. Тұлғаның жеке өмірі мен денсаулығына қатысты еркін ниет білдіру сұрағын шеше отырып мемлекеттің, адамның өмірі мен денсаулықтарын қорғау мүдделігін ұмытпау қажет. Жәбірленуші өзіне өлім келтіруге рұқсат бере отырып мемлекеттің мүделерінен, заң нормаларынан, мораль және этикамен анықталған еркін ниет білдіру шегінен шығып кетеді. Созылмалы психикалық ауруға, психиканың уақытша бұзылуы, кем ақылдылығы немесе психикасының өзгеруі және өзгеде дертке ұшыраған немесе кәмелеттік жасқа толмаған жәбірленушінің өзіне өлім келтіруге рұқсат беруі өзінің іс — әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмайтын немесе оған ие бола алмайтын болғандықтан барлық жағдайға еркін ниет білдіру болып табылмайды. Сондықтан да «жәбірлнеушінің рұқсаты» мен «еркін ниет білдіру» түсініктері тепе – тең емес. Жәбірленушінің өзіне өлім келтіруге рұқсат беру әрдайым еркін ниет білдіру болып табыла бермейді. Жәбірленушінің өзіне өлім келтіруге еркін ниет білдіруі мемлекет және қоғам мүддесімен шектеледі. Осыған орай жәбірленуші өзіне өлім келтіру туралы рұқсат беру немесе бұл туралы өтініші құқықбұзушылықты жоқққа шығаратын жағдай ретінде танылмайды. Бұл қылмыс обьективтік жағынан әрекет немесе әрекетсіздік жолымен жасалады. Көп жағдада белсенді әрекет етумен ұштасады. Бұл қылмыс субьективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен жасалуы мүмкін. Қылмыстың ниеті мен мақсаты әртүрлі болуы мүмкін. Осы қылмыс жасалу барысында қылмыскердің әрекетінің бағыты басқа бір мақсатты көздеуі мүмкін.(мысалы, өзін — өзі күте алмайтын адамның мүлкіне қызығып жәбірленушіні тікелей қасақаналық пен өлтіруі мүмкін. Қылмыстың субьектісі жәбірленушіге мәлім адам болуы мүмкін. Мысалы, қатты ауырып жатқан адамның өзін өлтіруге өтініші. Қазақстан Республикасының заңы эвтаназияны қолдануға мүлдем қарсы. Бұл қылмысты Қазақстан Республикасының 96 – бабымен саралайды, яғни қасақана кісі өлтіру қылмысы ретінде.
Ауырлатылѓан мєн – жайжайсыз қасақана кісі µлтіру т‰рі қызѓанышпен кісі µлтіру, кек алумен кісі µлтіру, ұрыс – керіс жєне жанжал тµбелес кезінде кісі µлтіруден басқа кісі µлтірулер т‰рлері кездеседі.
Алдымен бұл – кісі µлтіру қылмыстары отбасының ауыр µзарақарым – қатынаста єсер етуімен жасалады, отбасының келіспеушілік негізінде жасалады. Отбасының келіспеушілігіне байланысты кісі µлтіру қарапайым кісі µлтіру қылмысы болып табылады. Дегенмен бұл қылмыстар ұрыс –керіс жєне жанжал тµбелес, кек алу немесе қызѓаныш кезінде жасалуы м‰мкін. Бұл кісі µлтіру жеке сипатты білдіреді.
Ауырлатылѓан мєн – жайсыз кісі µлтіру қылмысына жєбірленушінің сұрауы бойынша немесе аяушылық негізде бұндайсыз қылмыстар қатысты болып табылады.
Қарапайым кісі µлтіруге жалѓан қорѓану кезінде кісі µлтіру қылмысын жатқызуѓа болады. Бұл жерде жєбірленушінің мінез – құлқы, орналасқан мєн — жай кінєліге шабуылдан қорѓануѓа ешқандай негіздің болмауы. Абайсызда кісі µлтіру немесе кездейсоқ қылмысына саралауѓа негіз бермеген жаѓдайда.
Кісі µлтіру қылмысы жасалуына байланысты жеңілдетілген мєн- жайда кісі µлтірулер болып табылады. Олар қылмыстық кодексте рет – ретімен кµрсетілген. Жаңа туѓан сєбиді анасының µлтіруі (қылмыстық кодекстің 97- бабы), жан к‰йзелісі жаѓдайында адам µлтіру (қылмыстық кодекстің 98-бабы), қылмыс жасаѓан адамды ұстау ‰шін қажетті шаралардың шегінен шыѓу кезінде жасалѓан кісі µлтіру (қылмыстық кодекстің 100-бабы), абайсызда кісі µлтіру (қылмыстық кодекстің 101-бабы).
Қылмыстық кодексте заң шыѓарушы анасының µзінің жаңа туѓан нєрестесін туып жатқан кезінде, сол сияқты одан кейінгі кезеңде психикасын бұзатын жаѓдайда немесе есінің дұрыстыѓын жоққа шыѓармайтын психикасы бұзылуы жаѓдайында µлтіруін қарастырѓан. Бұл қылмыстық єрекеттің қоѓамѓа қауіптілігі ол – адамѓа туѓаннан берілетін, оның µмірге деген, шексіз құқыѓы бұзылады. Адам µлтірудің бұл т‰рінің ерекшелігі – заң оны жеңілдетілген мєн – жайлар бола алатын кейбір обьективтік жєне субьективтік факторлармен байланыстырады.
Ж‰ктілік жєне физиологиялық туу кµбіне қажетсіз єйел психикасына теріс єсер етуі м‰мкін. Босанѓан єйелдің бұл қылмыстық єрекетті жасаѓан кездегі патологиялық жаѓдайы оны жеңілдететін мєн – жайлар ретінде қарауѓа негіз болады. Жєбірленуші, бұл жерде – жаңа туылѓан нєресте, сот медицинасында нєресте физиологиялық туудан бастап адам санатына кіреді делінген. Қылмыстың обьективтік жаѓы жаңа туылѓан баланы µлтіру арқылы заңѓа қайшы єрекетпен сипатталады. Бұл қылмыс белсенді єрекетпен де, єрекетсіздікпен де ж‰зеге асырлуы м‰мкін. Мысалы, жаңа туылѓан баланы тамақтандырмауы. Егер анасы нєрестесін туып жатқан кезде немесе босануѓа байланысты немесе басқадай себептермен (єкенің баладан бас тартуы, баланың некесіз тууы, тұрмыс нашарлыѓы, баспананың жоқтыѓы) психикасының бұзылуы ықтимал алѓашқы бір тєулік ішінде, патологиялық жаѓдайда µлтірсе бұл жеңілдететін мєн — жай болуы м‰мкін. Баланы анадан бµлініп шыѓып µзінше µмір с‰ре бастаѓанда µлтіру де жєне оны ана құрсаѓынан шықпай жатып (бала сыртқа шыққанша оның басынан ұру арқылы) µлтіру де бала µлтіргендік болып табылады. Егер µлі балаѓа µмірге қауіпті соққы берсе, онда бұл жарамсыз обьектіге оқталѓандық деп саналады.
Бұл қылмыстың субьективтік жаѓы қасақана кінємен сипатталады. Ниет тікелей немесе жанама болуы м‰мкін. Қылмыстың субьектісі болып жасы 16 жеткен, жаңа туѓан сєбидің анасы ѓана бола алады.
Жєбірленушінің к‰ш қолдануымен, қорлауынан немесе ауыр балаѓаттауынан не µзге де заңѓа қарсы немесе моральѓа жат іс – єрекетінен (єрекетсіздігінен кенеттен пайда болѓан жан к‰йзелісі (аффект) жаѓдайында, сол сияқты жєбірленушінің ж‰йелі т‰рдегі заңѓа қарсы немесе моральѓа жат мінез – құлқына байланысты туындаѓан ұзаққа созылѓан психиканы бұзатын жай – к‰йде адам µлтіруі мєн – жайды жеңілдететін адам µлтіруге жатады. Жєбірленуші µз µліміне µзі себепкер болады, кінєлі де кенет пайда болѓан к‰шті жан к‰йзелісі (физиологиялық аффект) оның µз єрекетін бақылау жєне оѓан басшылық жасау қабілетін тµмендетеді. Физиологиялық аффект ңєтиежесінде эмоциялық жарылыс болады, адам психикасы қалыпты жаѓдайдан ауытқиды, саналы да байсалды қызмет нашарлайды, ішкі психологиялық пройестер қайнап сыртқа шыѓады,адам µз єрекетіне ие бола алмай қалады. Аффектің сыртқы кµрінісі адам психикасының ерекшеліктеріне, басқа да жаѓдайларѓа байланысты єрт‰рлі сипатта болады. Сондықтан да, белгілі бір уақытта физиологиялық аффектің нақты бір адамда болѓан болмаѓандыѓы жайындаѓы тұжырымды тек кешенді психиологиялық – психикалық сараптама ѓана анықтайды. Физиологиялық аффектті адам µлтіру ‰шін жауаптылықты жеңілдететін мєн – жай деп тану ‰шін, ол жєбірленушінің заңѓа қайшы қылыѓына сєйкес табан асты туындауы қажет. Қатты жан к‰йзелісі адамда єрт‰рлі жаѓдайларда туындауы м‰мкін. Жєбірленуші кµрсеткен заңѓа қайшы мінез – құлықтың салдарынан ѓана кµрініс тапқан физиологифлық аффект жаѓдайын заң қылмыстық жауаптылықты жеңілдетілген мєн – жай деп таниды. Қылмыстың субьективтік жаѓы табан асты туындаѓан тікелей немесе жанама ниет нысанындаѓы кінємен сипатталады. Адам µлтірудің бұл т‰ріне кµбіне қызѓаныш немесе кекалу себеп болады, бірақ басқа себептер болуы м‰мкін. Қылммыс субьектісі – қылмыс жасаѓан кезде 16 жасқа толѓан, есі дұрыс адам. Бұл қылмысты қажетті қорѓаныс шегінен шыѓу жаѓдайында адам µлтіруден ажырту қажет.
ұсталѓан адам қаза тауып, бірақ ұстау актілерінің заңдылық шарты сақталса, қылмыстық жауапкершілік ж‰ктелмейді. Қол сұѓушылық жасаѓан адамды ұстау адамѓа келтірілген зиян жаѓдай мєжб‰р етпейтін анық шектен тыс зиян қажетсіз келтірген кезде, олардың ұсталатын адам жасаѓан қылмыстың сипаты мен қоѓамдық қауіптілік дєрежесіне жєне ұстаудың мєн – жайына кµрінеу сай келмеуі ұстау шараларын асыра сілтеу деп танылады. Қылмыстың обьективтік жаѓы – белсенді єрекетету арқылы ұстау шарасын асыра сілтеу болып табылады. Қоѓамѓа қауіптілігі орта немесе кішігірім деңгейдегі қылмыс жасаѓан адамды ұстаѓан кезде оны µлтіруге жол берілмейді.
Қылмыстың субьективтік жаѓы тікелей немесе жанама ниетпен сипатталады. Айыпкер ұстау шараларының шегінен саналы т‰рде шыѓады, ұсталатын адамның µлуі м‰мкін екендігін немесе қалайда µлетіндігін ұѓынады, соны тілейді немесе сондай заттардың болуына жол береді. Қылмыс адамды ұстау кезінде оны абайсызда µлтіру, бұл қарастырып отырѓан қылмыс құрамын бермейді. Қол сұѓу жасаѓан адамды ұстаудаѓы мақсат – оның құқық қорѓау органдарына жеткізу, оның басқадай қылмыс жасауына м‰мкіндік бермеу.
Қылмыс субьектісі — жасы 16 толѓан, есі дұрыс адам, ол құқық қорѓау органдарының қызметкері де, жай азамат та болуы м‰мкін.
Адамның єдепсіздігі, пайымсыздыѓы, тұрмыста қалыптасқан тєртіпті сақтамауы, ұқыпсыздыѓы абайламай адам µлтіруге єкеліп соѓады. Қылмыстық жауаптылық жєбірленуші µлгеннен кейін !ѓана болады, яѓни қылмыстың бұл құрамы материалдық, ол жєбірленуші µлген кезден бастап аяталѓан болып саналады. Бұл қылмыстың обьектісі адам µмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоѓамдық қатынастар.
Қылмыстың оьективтік жаѓы сақтықтың қандай да бір ережесінің бзылуына жєне соның нєтиежесінде адам µліміне єкеліп соѓатын єрекетпен не єрекетсіздікпен сипатталады. Бұл ретте жєбірленушінің қаза табуына алып келген іс – єрекеттің зардабы кінєлінің іс – єрекетімен себептік байланыста болуы тиіс.
Қылмыстың субьективтік жаѓына немқұрайдық немесе менмендікке ұштақан абайсыздық нысандаѓы кінє жатады. Менмендіктің адам µлгенде адам µз єрєкеті (єрекетсіздігі) нєтиежесінде қоѓамѓа қауіпті зардаптың (адам µлімнің) болуы екенін алдың – ала біледі бірақ ешқандай орынды дєлелсіз оны тойтаруѓа болады деп ойламайды. Қылмыстық менмендіктің нєтиежесінде абайсызда кісі µлтірудің айыпкердің адам µлімі болуы м‰мкін екендігін алдың – ала біліп, µз єрекетінің сондай зардабына саналы т‰рде жол бергендігінен жєне немесе оѓан немқұрайды қараѓандыѓынан орыне кісі µлімінен ажырату қажет. ұқыпсыздықтан кісі µлімі болѓанда адам µз єрекетінің (єрекетсіздігінің) салдарынан ондай зардаптың болатындыѓын біле алмайды, бірақ µте сақтық ұқыптылық танытса оның болатынын білуі м‰мкін. Қылмыстық ұқыпсыздық нєтиежесінде абайсызда кісі µлтіруді кездейсоқ адам µлтіруден ажырату қажет, соңѓы жаѓдайда адам µз єрекетінің (єрекетсіздігінің) қоѓамѓа қауіптілік деңгейін ұѓынбайды жєне істің мєн – жайына қарай ұѓына алмайды не қоѓамѓа қауіпті зардаптың болатынын алдын – ала кµре білмейді, істің мєн – жайына байланысты ол кµре білуге тиіс емес немесе ондай м‰мкін емес. Егер єрекет жасаѓан кезде қоѓамѓа қауіпті зардаптардың пайда болуын алдың – ала білген адам оны болѓызбауѓа жеткілікті негізде сенген болса не психико — физиологиялық қасиеттерінің қысылтаян жаѓдайлар талаптарына сєйкес келмеуіне немесе ж‰йке – психикалық ауыртпалықтарѓа байланысты осы зардаптарды болѓызбауѓа шамасы келмесе де адам µлтіру жазықсыз жасалѓан деп танылады. Қылмыс субьектісі – жасы 16 толѓан, есі дұрыс адам.
өзін — µзі µлтіруге дейін жеткізу қоѓамѓа қауіпті іс – єрекет, адамның ең басты құқыѓы — µмір с‰ру құқыѓы бұзылады. Бұл қылмыстың обьектісі – адамның µмірі. Қылмыстың обьективтік жаѓы басқа бір адамның µліміне алып келетін єрекетпен де єрекетсіздікпен де сипатталады. Осыѓан оқталѓандық болса да қылмыстық іс – єрекет аяқталѓан болып саналады, яѓни бұл қылмыстың құрамы материалды – формальды. Адамды µзін — µзі µлтіруге дейін жеткізудің тєсілдері заң нормасында айтылѓан, олар:
а) қорқыту;
б) оѓан қатыгездікпен қарау;
в) оның адамдық қасиетін ұдайы қорлау;
Қорқыту арқылы жєбірленушіге психикалық қысым жасалынады, оны µзін — µзі µлтіруге итермелейді. Бұл жерде сол қорқытудың µзі ѓана емес, оны субьективтік қабылдауында да мєн бар.
Қатыгездікпен жасаѓанда жєбірленушіге деген аяныш сезімі болмайды, оның тєні де жаны да к‰йзеліске ұшырайды(ұрады, қинайды, аш ұстайды, мазақ етеді). Жєбірленушіге қатыгездікпен қараудың бір фактісі адамды µзін — µзі µлтіруге дейін жеткізуі м‰мкін.
Адамдық қасиетті ұдайы қорлау – жєбірленушіні ұзақ уақыт бойы кемсіту деген сµз. Ол мазақтау, келеке ету, ретсіз сынау єрекеттерді жиі қайталаумен сипатталады. Бұл ретте, µзін — µзі µлтіруге дейін жеткізу қылмысының құрамы, адамдық қасиетті ұдайы қорлаѓан жаѓдайда ѓана болады. Қорлаудың жекелеген факторы бұл қылмыстың құрамын бермейді. Адамды µзін — µзі µлтіруге дейін жеткізудің бұл тєсілдері ккµп жаѓдайларда бірге қолданады. Қылмыстың осы құрамының міндетті нышаны — µзін — µзі µлтіру (оқталу) фактісі мен айыпкердің іс – єрекеті арасындаѓы себептік байланыста, яѓни адамның заңѓа қарсы сол єрекеті (єрекетсіздігі) жєбірленушіні µзін — µзі µлтіруге итермелеген бірден – бір себеп болѓандыѓы анықталуѓа тиіс. Егер жєбірленушіні басқадай себептермен µзін — µзі µлтірсе, қылмыстық жауаптылық болмайды. өзін — µзі µлтіруге оқталу – қылмыстық жауаптылық ж‰темейді. Сонымен қатар, µзін — µзі µлтіруге айдап салѓандық немесе µзін — µзі µлтіруге кµмектескендік ‰шін де жауаптылық болмайды, егер бұл қорқыту, қатыгездікпен қарау, адамдық қасиетті ұдайы қорлау болмаса. Жасына немесе психикалық жаѓдайына байланысты µз єрекетін ұѓына алмайтын немесе оны басқара алмайтын адамды µзін — µзі µлтіруге айдап салу немесе оның µзін — µзі µлтіруге кµмектесу, егер бұл жерде өзін — өзі өлтіру орын алса, адам өлтіру ретінде бағалануға тиіс.
Өзін — өзі өлтіруге дейін жеткізудің субьективтік жағы жанама ниетпн немесе абайсыздықта жасалуы мүмкін.
Қылмыстың субьектісі – жасы 16 толған, есі дұрыс адам.
2-ТАРАУ. ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖАҒДАЙДА КІСІ ӨЛТІРУ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ
2.1. Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі
Жаңа Қылмыстық кодексте заң шығарушы анасының өзінің жаңа туған сәбиін туып жатқан кезінде, сол сияқты одан кейінгі кезеңде психикасын бұзатын жағдайда немесе есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасы бұзылуы жағдайында өлтіруін өзінше бапқа бөлектеуді қажет деп санады. Адам өлтірудің бұл түрі бұрын жай адам өлтіру ретінде (жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларсыз) сараланып келді.
Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар дегеніміз -адам мен азаматтардың отбасының, кәмелетке толмағандардың мүдесіне, бостандықтары мен конституциялық құқығына, жыныстық бостандығына, ары мен абыройына, қадір-қасиктіне, өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қарсы бағытталған қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті әрекет.
Осындай қылмыстардың салдарынан адамның өміріне, денсаулығына, заңды құқығы мен бостандығына залал келуі немесе қауіп төнуі әбден мүмкін. Жеке адамға қарсы қылмыста кез-келген ауырлықта жәбірленушіге материалдық және моральдық, физикалық шығын келуі мүмкін.
Қылмыстық құқық жүйесіндегі ерекше орын алатын қылмыс өмірге қарсы қылмыстар болып табылады. Тәжірбиеде кеңінен көп тараған қылмыстар кісі өлтіру қылмысы болып табылады. Адамның өмірін қиятын аса қауіпті қылмыс болып өмірге қарсы қылмыс жатады. Қасақана кісі өлтіру қылмысын — өмірге қарсы қылмыстардың арасынан ең ауыры деп көрсеткен.[23]
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстің 96-бабында айтылғандай кісі өлтіру — басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру деп жариялайды. Кісі өліру қылмысы қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа қарсы әрекет болып табылады. Қоғамға қауіпті дегеніміз демократиялық қоғамдық қатынасқа қауіпті болуын айтамыз. Кез – келген басқа адамға қасақана қаза келтіру жауаптылық көздейтін қоғамға қауіпті және қылмыстық құқыққа қарсы болып табыла бермейді. Әскери соғыс уақытында, қажетті қорғану жағдайында, өлім жазасына кесілген сот үкімін орындау жағдайында кісі өлтіру үшін жауаптылық жоқ. Кейбір авторлар анықтамасында кісі өлтіруді «қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа қайшы қасақана басқа адамға қаза келтіруді айтады.[24]
Бұл қылмыстық әрекеттің қоғамға қауіптілігі сол — адамға туғаннан берілетін, оның өмірге деген, шексіз құқығы бұзылады. Адам өлтірудің бұл түрінің ерекшелігі сонда — заң оны жеңілдететін мән-жайлар бола алатын кейбір объективтік және субъективтік факторлармен байланыстырады.[25]
Жүктілік (көбіне, қажетсіз) және физиологиялық туу әйел психикасын теріс әсер етуі мүмкін. Босанған әйелдің бұл қылмыстық әрекетті жасаған кездегі патологиялық жағдайы оны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарауға негіз болады.
Шет елдер сөздерінің сөздігінде “обьект” сөзі латынның “objectum”- қандай болсада қызмет, әрекет бағытталған зат, құбылыс екендігін айтамыз. Қылмыстық құқықы теориясы дәстүрлі түрде қылмыс обьектісін қол сұғудан қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынас ретінде қарайды. Әдебиеттерде бұл көзқарас жалпыға ортақ болып табылады.
Дегенмен, кейбір авторлар осы анықтаудың әділ екендігін жалпы алғанда келісе отырып, қылмыс обьектісінің теориясы қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастың жалпы әмбебап теориясы болып танылуы мүмкін емес, себебі ол кейбір жағдайларда әсіресе жеке адамға қарсы қылмысты талдау кезінде іске жарамайды деп есептейді. Өмірлік мүдде құқығымен қорғалатын құқықтық игілік ретінде обьект теориясына қайта оралу мүмкіндігін негізге алған А.В.Наумов осындай пікірді жақтайды.[26] Қылмыс обьектісін мүдде түсінігі арқылы айқындауды біз Е.І.Қайыржановтың жұмыстарынан да табамыз.
Қылмыстық қолсұғушылықтың обьектісі болып қоғамдық қатынастардың қатысушылары ретінде (жеке) тұлға болуы мүмкін. Қасақана кісі өлтіру кезінде, кінәлі адамның өміріне тікелей қол сұғады. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде кісі өлтіру қылмысының тікелей объектісі болып адамның өмірі табылады. Заң ол адамның азаматтығына, ұлтына және нәсіліне, шыққан тегіне және жасына, әлеуметтік жағдайына, немен айналасатына, денсаулық ахуалына, біліміне, және де т.б. жағдайларына қарамай тең түрде бірдей қорғайды. Адамның туылғаннан өлгенге дейінгі аралығы адамның өмірі болып саналады. Заң адамды туылғаннан өлгенше қорғайды. Ешкімнің де адамның өмірін қиюға құқығы жоқ. Өмірге қастандық жасау обьектісінің бар – жоғы туралы мәселені шешу үшін оның (өмірдің) бастапқы және ақырғы кезеңдерін анықтау қажет. Өлген адамның өлтірілуі мүмкін еместігі ескерілгендіктен жасалған қылмысты саралауға адамның өлімінің басталу сәтін анықтау мәселесі үлкен мәнге ие болады. Кейбір авторлар, нәрестенің ананың құрсағынан толық бөлініп шығуы немесе алғаш тыныс алуын адамның бастапқы өмір кезеңі деп санайды.[27] Дегенмен көпшілік ғалым – криминалистер шартты бастапқы өмірі деп туу процесінің өзін, немесе бастапқы физиологиялық тууды айтады. Туу процесі бастала бергенде адамның өмірін қылмыстық заңмен қорғау керек, — деп көрсеткен А.А.Пионтковский.[28]
Адам өмірі туралы айтатын болсақ, нәрестенің ананың құрсағынсыз тіршілік етуін айтамыз. Құрсақтан өзінше тіршілік етуге белгілі бір уақыт аралығын алады. Нәрестенің құрсақтан тыс өзіндік қызметі бір уақытта дамымайды (тыныс алуы, қан алмасуы, тамақтануы, есжиуы, және т.б. жайттар). Адам өмірінің басталу шекарасын анықтау өте қиын.
Аурухана немесе стационарлық перзентхана жаѓдайындаѓы құрсақтаѓы нєрестенің µмір с‰руге қаблеттілігі немесе құрсақтан тыс µмірге жарамды уақыты, кезі болып тєжірбиеде 7 айлық немесе жоѓары жастаѓыларды санайды. Ананың құрсаѓындаѓы нєресте бұл жаста, дамыѓан, анық бір қасиетке ие, қызметшілік органдарының жоѓарѓы қарқынды дамыѓан сатысына жеткен, яѓни нєресте ананың құрсаѓынан тыс µмір с‰руге дайын кезі деп кµрсетеді.
Осы кµзқарас бойынша, құрсақтаѓы нєрестенің барлық даму сатыларынан µтіп µмір с‰руге дайын кезін «адам µмірінің бастапқы» кезі деп мойындауѓа болады, осыдан кейін бұны жою кісі µлтіру деп саналуы м‰мкін. Жаңа туылатын нєрестені адам санасына қалыптастыру ‰шін ол нєрестені нақты кµруі, физиологиялық туу басталѓанша, нақты нєресте туралы кµруі немесе елес м‰мкіншілігі адам санасында жаңа субьект немесе µзіндік µмір с‰ретін адам ретінде кµрініс табуы м‰мкін емес. Осыѓан байланысты ананың құрсаѓындаѓы нєрестеге қарсы єрекет, бірақ құрсақтаѓы нєрестенің µмірге қабілеті жетілгені тұлѓаның санасына нақты адам µлтіру туралы ой келмейді. Құрсақтаѓы 8 – 9 айлық нєрестеге қандай да болмасын құралмен ж‰ктіліктен єдейі, қасақана айыру ‰шін жасалѓан анасының немесе бµгде адамның єрекеті олардың санасына тірі адамды µлтіргендігі туралы ой келмейді.
Гроздинский М.М. адамның бастапқы µмірі деп «Нєрестенің алѓаш тыныс алуы, немесе алѓаш тыныс алмаѓан бірақ ананың құрсаѓынан бµлініп шыққан кезі» деп кµрсеткен.[29]
Жаңа туылѓан нєресте µздігімен µмір с‰ре алмаса да, ананың құрсаѓынан толық бµлінген кезі адамның бастапқы µмірі болып саналады.
Шаргородский, нєрестенің алѓаш дем алуы немесе, кіндігінің бµлінуі ол адам µмірінің бастапқы кезі кµзқарас ұстануда. Кейбір жаѓдайлрда, жаңадан туылѓан нєресте кµзге кµрінгенмен біршама уақыт бойы тыныс алмауы м‰мкін. Кіндігінің бµлінуі немесе ананың құрсаѓынан толық бµлінуі адам µмірінің бастапқы кезеңі болып табылуы м‰мкін. Ананың кіндігімен жалѓасқан, бірақ та алѓаш дыбыс берген, жєнеде алѓаш тыныс алѓан жаңа туылѓан нєресте медицина тєжірбиесінде кµптеп кездесуде. Нєрестенің ананың құрсаѓынан толық бµлінген жаѓдайда немесе жартылай шыққанда оны жоюѓа жасалѓан єрекеті қоѓамдық қауіптілік маѓынасын µзгертпейді. Осыѓан байланысты кінєлі нєрестені кµріп жєне оны жояды. Жоѓарыда кµрсетілген жаѓдайда нєресте толық жетілген барлық керекті сапаѓа жеткен кезі болып саналады. Дегенмен нєресте єлде болсын адамның кµзіне кµрінбесе де, анасының жаѓдайы, жайы, кµзге кµрінерліктей белгілер беруі м‰мкін. Жаңа туылып жатқан нєрестені жою адам µлтіру деп саналуы тиіс.
Тұлѓаның санасында, жаңа туылѓан нєрестеге жасалѓан қарсы єрекеті,ол, құрсақтаѓы нєрестені немесе ж‰ктілікті айыру емес, оның єрекеті жаңадан туылатын нєрестені µлтіру болып табылады.
Бұл қылмыстың объектісі адам өмірі болып табылады. Жәбірленуші, бұл жерде — жаңа туған сәби, сот медицинасында ол физиологиялық туудан бастап адам санатына кіреді.
Қылмыстың объективтік жағы жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі сияқты заңға қайшы әрекетпен сипатталады. Бұл қылмыс белсенді әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, баланы тамақтандырмау. Егер анасы сәбиін туып жатқан кезде немесе босануға байланысты немесе басқадай себептермен (әке баладан бас тартуы, баланың некесіз тууы, тұрмыс нашарлығы, баспананың жоқтығы, т.б.) психикасының бұзылуы ықтимал алғашқы бір тәулік ішінде, патологиялық жағдайда өлтірсе, бұл жеңілдететін мән-жай болуы мүмкін. Баланы анадан бөлініп шығып өзінше өмір сүре бастағанда өлтіру де және оны ана құрсағынан шықпай жатып (бала сыртқа шыққанша оның басынан ұру арқылы) өлтіру де бала өлтіргендік болып танылады. Егер өлі балаға өмірге қауіпті соққы берсе, онда бұл жарамсыз объектіге оқталдық деп саналады. Бұл әрекет ҚК 24-бабына сілтеме жасалынып 97-бап бойынша сараланады.
Сонымен, әйел психикасындағы күйзелісті жағдай баланы босана бастаған кезден баланы туғаннан кейінгі бір тәулік аралығында болады.
Бұл қылмыстың субъективтік жағы қасақана кінәмен сипатталады. Ниет тікелей немесе жанама.
Қылмыстың субъектісі — жасы 16 жеткен, жаңа туған сәбидің анасы ғана бола алады. Басқа адамдар, егер олар мұндай адам өлтіруге қатысушылар болып табылса, ҚК 96-бабы бойынша жауапқа тартылады, себебі ананың жауапкершілігін жеңілдетуге негіз болатын мән-жайлар оларға таралмайды.
Ананың екі және одан көп (егіздерді) жаңа туған сәбилерді өлтіруі ҚК 96-бабы бойынша жауаптылыққа әкеледі.
2.2. Жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру
Жәбірленушінің күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан өзге де заңға қарсы немесе моральға жат іс-әрекетінен (әрекетсіздігінен) болған кенет пайда болған жан күйзелісі (аффект) жағдайында, сол сияқты жәбірленушінің жүйелі түрдегі заңға қарсы немесе моральға жат мінез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы бұзатын жай-күйде адам өлтіруі мән-жайды жеңілдететін адам өлтіруге жатады. Жәбірленушіні өз өліміне өзі себепкер болады, кінәлі де кенет пайда болған күшті жан күйзелісі (физиологиялық аффект) оның өз әрекетін бақылау және оған басшылық жасау қабілетін төмендетеді.
Физиологиялық аффект нәтижесінде эмоциялық жарылыс болады, адам психикасы қалыпты жағдайдан ауытқиды, саналы да байсалды қызмет нашарлайды, ішкі психологиялық процестер қайнап сыртқа шығады, адам өз әрекетіне ие бола алмай қалады. Аффектің сыртқы көрінісі адам психикасының ерекшеліктеріне, басқа да жағдайларға байланысты әр түрлі сипатта болады. Сондықтан да, белгілі бір уақытта физиологиялық аффектің нақты бір адамда болған-болмағандығы жайындағы тұжырымды тек кешенді психологиялық-психикалық сараптама ғана жасайды. Бұл мәселені шешу үшін сараптама алдына мынадай сұрақтар қойылады: қылмыс жасаған кезде кінәлі аффект жағдайында болды ма, болған уақытының шегі қандай, яғни қашан басталып, қай уақытта аяқталды.
ҚК бұл қарастырылып отырған бабындағы әңгіме физиологиялық аффект жайында, оны психиканың уақытша бұзылуының бір түрі ретінде қарастырылатын, адамды есі дұрыс емес деп санауға (ҚК 16-бабы) негіз болатын патологиялық аффектен ажырату қажет.
ҚК 98-бабында адамның жай қобалжуы емес, оның жанының қатты күйзелуі сөз болып отыр.
Жан күйзелісі жағдайында кінәлінің өз әрекеттерінің нақты сипатын және қоғамға қауіптілігін түсіну қабілеті төмендейді. Физиологиялық аффекті адам өлтіру үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жай деп тану үшін, ол жәбірленушінің заңға қайшы қылығына сәйкес табан асты туындауы қажет. Табан асты қатты жан күйзелісі болатынын кінәлінің өзі де күтпейді.
Қатты жан күйзелісі адамда әр түрлі жағдайларда туындауы мүмкін. Бірақ қылмыстық заң жәбірленуші көрсеткен заңға қайшы мінез-құлықтың салдарынан ғана көрініс тапқан физиологиялық аффект жағдайында адам өлтіруді қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жай деп таниды. ҚК 98-бабының диспозициясында бұл қылмыстық-құқықтық норманы дұрыс қолдану үшін қажетті мән-жайлар тізімі берілген.
Бәрінен бұрын, жәбірленуші тарапынан болашақ кінәлі тұлғаға қатысты күш қолдану әрекеттері көрсетілген (ұру, соғу, заңсыз бостандығынан айыру, денсаулығына зақым келтіру, кінәлінің ғана емес, оның туыстарының, жақындарының өміріне қауіп төндіру). Кінәліге қатысты заңды әрекеттерден туындаған қатты жан күйзелісі жағдайында адам өлтіруді ҚК 98-бабы бойынша саралауға болмайды. Мысалы, қылмыскерді ұстаған адамды өлтіру.
Заңға қайшы күш қолдану нәтижесінде адамда қажетті қорғаныс құқығы пайда болады. Егер адам өлтіру аффект жағдайында жасалса және қажетті қорғаныс шегі сақталса, онда ҚК 32-бабы қылмыстық жауаптылықтан босатады. Ал, күш қолданудың заңға қайшы болуы міндетті.
Адамды қорлағанда жәбірленуші оған қарсы неше қайтара күш қолданады, кінәлінің немесе оның жақындарының ар-намысын таптайды, олардың идеалдарын, кемшіліктерін мазақ етеді, құпия ішкі сырын жария етеді, т.б.
Ауыр балағаттау — субъективтік бағаланатын санат, ол әдептілік нормаларына негізделген (ар-ожданды былғау, ұлттық, діни сезімді мазақтау, махаббатты күлкіге айналдыру, т.б.).
Жәбірленушінің күш көрсету сипатында емес өзге де заңға қарсы немесе моральға жат іс-әрекеті (әрекетсіздігі) дегеніміз ол — қандай да бір құқық нормаларын (еңбек, тұрғын үй, әкімшілік) өрескел бұзу немесе қоғамда қалыптасқан мораль нормаларын сақтамау.[30]
Жәбірленушінің жүйелі түрдегі заңға қарсы немесе моральға жат мінез-құлқына байланысты туындаған, ұзаққа созылған, психикасы бұзатын жай-күйі кінәлінің өмірін ушықтырады, жұмыс жағдайын қиындатады, оның төзімі таусылады, нәтижесінде ол адам өлтіруге барады. Бұл жерде жәбірленушінің арандатушылық мінез-құлқы мен адам өлтіру арасында уақыт үзілісі болмауға тиіс. Мысалы, егер күйеуі әйелін көңілдесімен бірге көргеннен кейін қару алып оларды атып тастаса, бұл жерде қарастырылып отырған қылмыстың құрамы жоқ. Бұндай жағдайда жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру емес, қызғаныштан туындаған адам өлтіру болады. Сонымен қатар, егер сырт көзге жан күйзелісі жағдайында адам өлтіруге ұқсас жағдайда адам өлтірілсе, бірақ ол алдын-ала жоспарлап және жасанды түрде жан күйзелісі жағдайын қолданса да бұл қылмыстың құрамы болмайды.
Жәбірленушінің күш қолдану, қорлау немесе ауыр балағаттау, өзге де заңға қарсы немесе моральға жат іс-әрекеті (әрекетсіздігі) кінәліге емес, үшінші адамға бағытталған жағдайда да ҚК 98-бабы қолданылады. Ең бастысы — жәбірленушінің мұндай мінез-құлқының кінәліні қатты жан күйзелісіне ұшыратқаны анық болуға тиіс. Мысалы, бұндай мінез-құлық кінәлінің жақын туыстарына қатысты жасалса.
Қылмыстың субъективтік жағы табан асты туындаған тікелей немесе жанама қасақаналық нысанындағы кінәмен сипатталады. Көп жағдайда адам өлтірудің бұл түріне көбіне қызғаныш немесе кек алу себеп болады, бірақ басқа себептер де болуы мүмкін.
Қылмыс субъектісі — қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған, есі дұрыс адам.
Екі және одан көп адамды аффект жағдайында өлтіру осы қылмыстың сараланатын құрамы ретінде ҚК 98-бабының 2-бөлігінде қарастырылған. Айыпкер өзінің қатты жан күйзелісіне себепкер бірнеше адамды бірден немесе аз уақыт аралығында өлтіреді. Аффект жағдайында бір адамды өлтіру және сол мән-жайларда басқа адамның өміріне қастандық жасау ҚК 98 бабының 2- бөлігі бойынша аяқталған қылмыс деп саналмайды. Бұндай әрекеттер ҚК 98-бабының 1-бөлігі және 24-бап бойынша сараланады.
Өзінің қызметтік міндетін орындау кезіндегі аффект жағдайында лауазымды адамның кісі өлтіруі ҚК 98-бабы бойынша ғана саралануға тиіс. ҚК 308-бабы бойынша қосымша саралау қажет емес, себебі бұл бапта көзделген іс-әрекет аффект жағдайында жасалуға тиіс. Бұл қылмысты қажетті қорғаныс шегінен шығу жағдайында адам өлтіруден ажырату қажет.
ҚР ҚК 98-бабында көрсетілген кісі өлтірудің қауіптілігі төмен деп танылады, себебі қатты жан күйзелісі жағдайында болған кінәлінің өз іс-әрекетін бақылау мүмкіндігі төмендеген. Және де қатты жан күйзелісі жағдайы (физиологиялық аффект) жәбірленушінің құқыққа қайшы әрекетінің салдарынан туындап отыр. Аффект бұл қатты нерв жүйкесінің ауруы ұстауы (ашу, торығу, ашыну, қатты ашуы), адамның эмоционалдық реакциясын көрсетудің өзіндік нысаны. Оның ерекшеліктері: қысқа уақыттылығы, ішкі процестердің шамадан тыс интенсивтілігі. Жан күйзелісі жағдайында өз мінез-құлқын түсіну, өз әрекеттеріне басшылық жасау мүмкіндіктері сақталады. Тек патологиялық аффект жағдайында адам бұл мүмкіндіктерден айырылады және оны есі дұрыс емес деп тану үшін барлық алғышарттар пайда болады. Физиологиялық аффект жағдайын тани отырып[31], қазақстандық қылмыстық құқық оны жеңілдетілген жағдайларға жатқызады.
Физиологиялық аффектің психологтар мен психиатрлар белгілейтін объективтік белгілері бар. Сондықтан кісі өлтіргені үшін сезіктінің жан күйзелісі туралы алғашқы мәліметтер болса, кешенді психолого-психиатрлық сараптама жүргізу міндетті. Бұндай жағдайда сарапшыладың қорытындысы қылмыстық іс бойынша сотта басқа дәлеледемелермен қатар бағаланады.
Аффект жеңілдетілген жағдай ретінде танылуы мүмкін, егер ол жәбірленушінің құқыққа қайшы әрекетіне кенеттен жауап беру нәтижесінде туындаса. Бұл әрекеттің кенеттен болғанын кінәлінің өзі үшін және айналадағы адамадары үшін күтпеген жағдайда болғаны дәлелелдейді. Кісі өлтірудің бұл түріне қатысты кенеттен болу деп, яғни кісі өлтіру аффект туындаған кезден кейін біраз уақыт өткеннен кейін емес, аффекттен кейін лезде болу керектігін түсінеміз. Қатты жан күйзелісі жағдайы жәбірленушінің құқыққа қайшы әрекетінен туындауы керек. Құқыққа қайшы деп кез келген құқық саласында құқыққа қайшы деп танылған әрекеттер жатады. ҚР ҚК 98-бабында егер жәбірленушінің өзге де құқыққа қайшы әрекеттері кінәліге немесе оның туыстарына ауыр зардаптар алып келсе, қатты жан күйзелісі туындайтын жағдайға жатқызылған. Жәбірленушінің өзге де құқыққа қайшы әрекеттеріне қасақана немесе абайсызда мүлікті бүлдіру немесе жою, қорлау, жала жабу, өзін-өзі өлтіруге жеткізу және т.б. Соңғы жылдары заң әдебиеттерінде, егер жәбірленушінің құқыққа қайшы әрекеті мен қылмыс жасауға алып келген аффект жағдайының арасында біршама уақыт үзіліс болса да (бұл уақыт аралығында кінәліде аффект жағдайы қалыптасады), жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру деп санау туралы ұсыныстар жиі кездеседі.
Уақыт бойынша үзілістің болуы әрекетті ҚР ҚК 98-бабымен сарналауға әсер ете алмайды, егер аффект жағдайының біраз уақыт өткеннен кейін пайда болуы кінәлінің жеке басының қасиеттеріне байланысты болса (типі, темпераменті, ауруы, шаршағандығы және т.б.). Бұнымен қатар, жан күйзелісі жағдайында кісі өлтіру деп тану керек, егер жәбірленушіні өлтіру біраз уақыт өткеннен кейін жасаласа, бірақ ол жәбірленушінің алдында жасаған әркетінен туындап отыр және сол мезетте аффекттің пайда болуына мүмкіндіктер болған жоқ. Мысалы, бір адам жол қозғалысы және көлік жүргізу ережелерін бұзу салдарынан әйелді қағып кетті де(әйел қайтыс болды), жол оқиғасы болған жерден қашып кетті. Біраз уақыт өткеннен кейін, кінәлі қашып кеткен көлікті жүргізушіні кездесіп қалып, кенет пайда болған жан күйзелісі жағдайында оны өлтіріп қойды. Бұндай жағдай жаза тағайындау барысында сотпен жауапкершілікті жеңілдететін жағдай ретінде қарастырылуы тиіс. Егер бұрын қасақана кісі өлтірген болса және қатты жан күйзелісі жағдайында тағы кісі өлтірсе, онда соңғы кісі өлтіруді ҚР ҚК 96 – бабының “н” тармағымен саралауға болмайды.
Қатты жан күйзелісі жағдайында қасақана кісі өлтіруді 96 – баптың басқа тармақшаларымен де, яғни ауырлататын жағдайда кісі өлтіру саралауға болмайды. Егер кінәлінің әрекетінде ауырлататын жағдайда қасақана кісі өлтірудің белгілері болса да (мысалы, аса қатыгездік, көптеген адамның өміріне қауіпті тәсілмен жасау). Бұндай кісі өлтірулер ҚР ҚК 98 – бабымен саралануы тиіс.
2.3. Қажетті қорғану шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру
Қажетті қорғаныс, біздің мемлекетіміздің мүдесін, меншікті, қоғамдық қатынастарды, және жеке мүдделерді, азаматтардың құқығын қорғаудың бір тәсілі болып табылады. Қажетті қорғаныс институты біздің еліміздегі демократиялық заңдылықтың нығайуына қызмет етеді. Ол қылмыс істеу ниетіндегі тұлғаларға сол қылмысты істеу ниетінен бас тартуына көмектеседі. Ал азаматтарға қылмыс қаупінен қорғануға тиым салу, қылмыскерлердің қылмыс жасауын жеңілдеткендік ғана болар еді.
Қажетті қорғаныс – бұл мемлекет немесе қоғам мүддесіне қорғанушының немесе өзге тұлғаның жеке басын мен құқығын қорғау үшін жасаған тұлғаның қоғамдық пайдалы және құқыққа сәйкес әрекеті болып табылады. Әрекет шабуыл жасаушыға зиян келтіру жолымен жасалады. Бірақ мұнда қорғану сипаты мен қолсұғушылық қаупінің анық сәйкессіздігіне жол берілмеуі тиіс.
Қолсұғушылыққа қатысты қажетті қорғаныс актісінің құқыққа сәйкестігіне алып келетін шарттар төмендегілер болып табылады:
а) қол сұғушылық қоғамдық қауіпті болуы тиіс;
б) қол сұғушылық нақты көпе көрінеу болуы тиіс;
в) қол сұғушылық шын мәнісінде болуы тиіс;
Қорғануға қатысты қажетті қорғаныс актісінің құқыққа сәйкестілігіне алып келетін шарттар төмендегілер болып табылады:
а) тек қана өз мүделерін емес соымен қатар өзгелердің және мемлекетпен қоғам мүделерін қорғауға жол беріледі;
б) қорғану үшінші тұлғаға емес қол сұғушыға зиян келтіру жолымен жасалады;
в) қорғану өз уақытында жасалуы тиіс;
г) қорғаныс қажетті қорғаныстың шегінен шықпауы тиіс;
Қол сұғушылықтың қауіптілігі мен сипаты – қол сұғушылықтың бағытталған обьектінің маңыздылығымен, қол сұғушылық тәсілімен, оның белсенділік дәрежесімен, шабуыл жасау құралдары және қаруымен, шабуылға қатысқан адамдар санымен қол сұғушылық жасаудың сатыларымен (дайындық, шабуыл, заңдық аяқталуы), қылмысты аяғына дейін жеткізу мүмкіншілігімен, қол сұғушылық жасаған уақыты мен, жерімен, барлық жағдайларымен тағы да басқа белгілермен анықталады.
Заңда қажетті қорғаныс шегінен шығудың анықтамасы ретінде берілген қорғану сипаты мен қол сұғушылықтың қауіптілігі терең мағынаға ие болып табылады. Тек қана қорғану және шабуыл жағдайының анық тепе – теңсіздігі мөлшерлестігі кезінде ғана қажетті қорғаныс туралы айтуға болады. Қорғанушы мен шабуыл жасаушы арасындағы текетірес күрес көбінесе ауыр жағдайға алып келетінін де естен шығармаған жөн. Шабуыл жасаушы әдетте қол сұғушылық жасауға алдың – ала дайындалады, (жоспар жасап оны жүзеге асруды мұқият ойластырады және оның қаруын тандайды және т.б.) сондай – ақ оны жасаудың неғұрлым сәтті кезеңін тандайды. Ал қорғанушыға келер болсақ көптеген жағдайда шабуыл ол үшін кенеттен басталады, табан асты туындаған мән – жайға байланысты. Оған ешқашан да нақты жағдайдағы осы қол сұғушылыққа қатысты қажетті қаруды алып жүруді, қарсы тұратын тәсілдермен құралдарды жан – жақты ойластыруы ешкім де есінде болмауы мүмкін.
Сонымен қажетті қорғаныс және оның шегінен шығу бір – бірімен байланысты, бірақ бірін – бірі жоққа шығаратын пікірлер. Қажетті қорғаныс бар жерде оның шегінен шығу туралы сөз болмауы керек, ал шектен шығу жол берілген жерде қажетті қорғаныс жоқ. Қажетті қорғаныстың шегінен шығу қажетті қорғанудың негізгі кейбір белгілері жоқ болғандықтан (қорғану өз уақытында қолданылмайды немесе шектен тыс болып табылады) да жазаланады.
«Қорғанушы, қорғанудың анық шабуыл сипатымен де нақты жағдайымен де сәйкес емес тәсіліне жүгінеді және ешбір қажеттіліксз шабуыл жасаушыға ауыр зиян келтіруге алып кеп соғады»[32].
Қорғану сипаты мен шабуыл сипатының анық сәйкессіздігі қорғанушының әрекет ету тәсілдері арқылы, таңдап алған қаруы, қорғаныс үшін өлімнің қажетсіздігі, қорғану жағдайының шартары арқылы көрініс табуы мүмкін. Осындай белгілер қатарына шабуыл жасау сипатын да жатқызуға болады (шабуыл жасау тәсілі, оның жағдайы мен шарттары, шабуыл жасаушының пайдаланған қаруы, зиян келтірілуі тиіс нәрсе және т.б.)
Қажетті қорғану шегінен шығу кезінде адам өлтіруші кінәлінің қорғанған қолсұғушылығының сипаты туралы айта отырып, біз қоғамға қауіпті болуы тиіс екенін мәлімдейміз. Қажетті қорғануға жол берілуі үшін қол сұғушылық өзінің обьективтік белгілерімен қоғамға қауіпті болса жеткілікті ме немесе ол міндетті түрде құқыққа қайшы болуы керек пе?
Бұл тұрғысында әдибиеттерде бір жақты пікір жоқ.
Осы мәселе бойынша В.Ф.Кириченко былай деген болатын «шабуыл жасау қоғамдық қауіпті болуға тиіс, шабуыл жасаушының кінәлігі талап етілмейді. Бұдан шығатын қорытынды жанауруымен ауыратындар жасаған шабуыл жасаушыдан да қорғануға жол беріледі деген қорытынды шығар еді. Қорғанушыға шабуыл жасаушының есінің дұрыстығы немесе дұрыс еместігін бәрі бір. Сонымен біз бұл жерде қажетті қорғанудың қарапайым жағдайы туралы айтып отырмыз. Бұл біздіңше дұрыс пікір, алайда көзқарас сынға ұшырады.
В.Ф.Кириченко қарсы шыға отырып М.К.Аниянц жан ауруымен ауыратын немесе қылмыстық жауапкершілік көтеретін жасқа жетпеген жасөспірімдерден қорғану жағдайы қажетті қорғану тәртібіне толық қолдануы мүмкін емес деп бекітті. Ол «мәселен – есі дұрыс емес адам немесе жас өспірім пышақпен белгілі бір тұлғаға шабуыл жасаса егер қорғанушы, шабуыл жасаушы субьектінің құрамын біле тұра және қашып кету немесе көмекке шақыру арқылы, төнген қауіптен құтылуға толық мүмкіндігі бола тұра, бәрі бір оны өмірінен айырған жағдайды, қажетті қорғаныс шегінен шыға отырып кісі өлтіруге жатқызуға болмайды деп жазды». Шабуыл жасаған жас өспірімге не есі дұрыс емес адамға елеулі зиян келтірген қорғану тек, егер қауіпті осы жағдайдан басқа тәсілдермен жоюға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана қажетті қорғану ретінде танылады».[33] Қағидасы осы тектес пікірді А.А.Пионтковский және М.И.Якубовичтер де ұстануда.
Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезінде адам өлтіру жәбірленушіні өмірінен айыру қажеттілігі болмаған кезде орын алады. Қажетті қорғаныс шегінен шықпай, өзіне жасалған шабуылды тойтару кезінде сол шабуыл жасаған адамды өлтірсе, ол қылмыс болып табылмайды. Қажетті қорғаныс шегінен шығып адам өлтіргендік қарастырылғанмен, оған жауапкершілік жеңілдетілген. Қажетті қорғаныс шегінен шығу дегеніміз – қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қорғанудың көрінеу сай келмеуі нәтиежесінде қол сұғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтіру болып табылады. Бұл дегеніміз, кінәлі өзінің заңды құқықтары мен мүделерін, басқа адамдардың құқықтарын, қоғамның, мемлекеттің мүделерін қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қорғай отырып, ешқандай қажетсіз шабуыл жасаушыны өлтіреді. Кінәлінің әрекетінің сипаты және дәрежесі бойынша қастандықтың қоғамға қауіптілігіне анық түрде сәйкес келмейді. Сот тәжірбиесінде қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіруге саралау жасалған кезде қателіктер жиі жіберіледі. Бірқатар жағдайларда қажетті қорғану шегінен асып кету болмаған жайттар да кездеседі. Қажетті қорғану шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру – бұл құқықпен қорғалатын мүдені қорғау мақсатымен жасалған, шабуыл жасаушының өмірінен қасақана айыру, бұл өзіне төнген қауіпті әректтің сипатымен мүлдем сәйкес келмейді. Шабуыл жасаушыға белгілі шарттарды сақтай отырып зиян келтіру қоғамдық — қауіпті және құқыққа қайшы болып табылмайды. Қоғамдық қатнастарды қол сұғушылықтан қорғау құқықтық тәртіптің нығайуына, қылмыстылықтың азайуына септігін тигізетін әлеуметтік пайдалы әрекет болып табылады. Алайда қорғауға заңмен белгіленген шекте ғана жол беріледі, бұл шектен шығудың өзі қоғамдық қауіпті туғызады. Сондықтан әрекетті дұрыс саралау қоғамдық тәртіптің қорғалуына, демократиялық заңдылықтың нығайуына, қылмыспен күресу бағытында азаматтардың белсенділігін артуына әсерін тигізеді. Қазіргі күнге дейін қоғамдық қатнастарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау кезінде жасалған әрекеттерді заңдық бағалау кезінде көптеген қателіктерге бой алдырып келеді. Жекелеген жағдайларда шабуыл жасаушыға құқық шегінде зиян келтіру қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасаған қылмыс ретінде сараланатын жағдайларда кездеседі. Өз кезегінде шектен шығу қате сараланады.
Шектен шығу дегеніміз қол сұғушылық пен қорғану жағдайының толық, анық сәйкессіздігімен туындауы болып табылады. Егер әрекетінде анықтық, белгілілік болып табылса, онда кінәлі азамат өзінің шабуыл жасаушыға қажетсіз зиян келтіргенін яғни өзінің осындай зиян келтіру мүмкіндігін біліп сезіп оған саналы түрде жол бергенін мойындайды. Әрине егер ол өзінің қорғанысының шектен тыс екенін мойындамаса онда анықтық жоқ. Сәйкессіздік болады бірақ, обьективті категория ретінде қорғанушының санасында бейнеленбейді. Себебі ол үшін анықтық жоқ, онда ол өзі келтірген зиянды қоғамға қауіпті деп есептемейді. Сонымен қылмыс тікелей немесе жанама қасақаналық пен жасалуы мүмкін. себеп ретінде өзінің және өзгенің мүделерін, құқығын, мемлекет мүдесін қорғау болып саналады. Әрине түсінікті, мұндай себепті тұлға қол сұғушылық аяқталмай тұрып басшылықта алады. Олай болмаса қылмыс жалған қорғаныс немесе қылмыскерді ұстау кезіндегі адам өлтіру ретінде саралауға жатады.
Шын мәнінде қол сұғушылық болмай, бірақ «шабуыл жасаушы» «қорғанушы» шабуыл жасалды деп санап оған қарсы қорғану шарасын қолданатын әрекет жасаған жағдайда ол жасаған (қорғанушы) әрекет жалған қорғану деп саналады. Бұл жағдайдағы шектен шығуда қажетті қорғану шегінен шығу ретінде анықталады.
Дәл осындай ереже жүзінде қылмыскерді ұстау кезіндегі қажетті шаралардың шегінен шығуға бағаланады. Қажетті қорғаныс шегінен шығу жағдайында сөз қозғау үшін ондай қорғану мұқтаждығы туындауы керек. Өтірік қорғансынып адам өлтіру қылмыстық кодекстің 97 бабы саралауға жатпайды. Сонымен қатар бұл бап меншікке қол сұғу мүмкіндігін болдырмау үшін қолданылатын әр түрлі ескерту, күзет құралдарының (электр тоғы, жарылғыш заттар және т.б.) көмегімен адам өлтіргенде қолданылмайды. Мұндай құралдарды орнату кезінде адам қажетті қорғаныс жағдайында болмайды, сондықтан оның шегінен шығу мүмкін емес. Қажетті қорғану шегінен асқан белгілердің бары немесе жоғы туралы мәселені шешкен кезде тек қорғану мен шабуыл жасау құралдарының сәйкестігін немесе сәйкессіздігін ғана емес, қорғанушыға қауіпі төндірушінің қауіптілік сипатын шабуылға қарсы тұрудағы оның күші мен мүмкіндігін, сондай – ақ шабуыл жасаушы мен қорғанушының күштері мен ара салмағына ықпал ететін барлық басқа жағдайды да (шабуыл жасаушы мен қорғанушының саны олардың күш қуаты, жасы, қаруланғандығы, шабуыл жасау, уақыты мен орны және т.с.с.) ескруі керек. Қорғанушының бір топ болып адам шабуыл жасаған кезде барлық топтың әрекеттерінің қауіптілігі мен сипатына қарай олардың кез – келгеніне осындай қорғаныс шараларын қолдануға құқығы бар. Шабуыл барысында туындаған жан күйзелу жағдайында қорғанушының қауіп сипатын үнемі дәл болжап соған сәйкес қорғаныс құралын таңдай алмауы мүмкін. Сондықтан шабуыл жасау кезінде қолданылған қарудың немесе басқа нәрсенің шабуыл жасаушыдан қорғанушыға ауысып, шабуылшыға қарсы соққы бергеннен, болмаса шабуылды тойтарғаннан көрі көп зиян келтірсе егерде мұндай жағдайда шабуыл сипаты мен қауіпіне қарай қорғаныстың сәйкессіздігі жіберілмеген болса, онда бұл қажетті қорғану шегінен асқандықты дәлелдейді.
Формалды жағынан қылмыс белгілері бар, бірақ, маңызды болғандықтан, қоғамдық қаупі болмашы екенін біле тұра қорғанушы басқа адамға зиянкестік жасаса, сондай – ақ ол адамды заңсыз әрекеттер жасады деген сылтаумен өз пайдасына шешу үшін шабуыл жасауға келіктірсе (төбелес шығару, қоқан лоқы әрекеттерін жасау және т.б.), егерде зиянкстік шабуылды тоқтатқаннан немесе ол біткеннен кейін жасалып, қорғану құралын қолдану қажеттігі жоқтығы айқын болса және бұған қорғанушының көзі жетіп тұрса, ол қажетті қорғану кезінде болады деп танылмайды. Мұндай жағдайда жасаған әрекеті үшін жауаптылық жалпы негізде қолданылады. Адам өлтіру қажетті қорғану шегінен асып кеткен жағдайда денені жарақаттаудан дәл осындай табанда пайда болған жан күйзелісі жағдайында жасалған әрекеттерді ажырату керек. Айыпты қажетті қорғану деңгейін асырып жіберу кезінде шабуыл жасаушыға зиян келтіре отырып, қорғануды қоғамдық қауіпті қастандық жасауға қамтамасыз етумен басшылыққа алады. Ал табанда пайда болған жан күйзелісі салдарынан (ызаланып шектен шығу) болған қылмыс қорғану мақсатында емес, тап осындай толқу әсерінен жасалынады. Егер қорғанушы қажетті қорғану шегінен асырып жіберген кезде одан туындайтын әрекет табан астында қалыптасқан жан күйзелу үстінде болса, онда оның әрекеті нәтиежесіне қарай дәрежелеуге жатады. Ызаланып шектен шығушылықты, оның туу себептерін, табан да пайда болған – болмағанын анықтау қажет. Мұндай да ызаланып шектен шығушылық қалпының күрт қарқындылығы көңіл – күйге берілуі тұрғысынан көрінетін, ал оның өзін ұстай алу мүмкігдігі кезінде сананы билеп, ызаланып шектен шығу реакциясы туына қарай әрекет еткен кезде көрінетінін есекрген жөн. Айыптының осындай халде қанша уақыт болғанын анықтау үшін сот психиатриалық сараптама өткізу қажет. Айыпты әрекетінің қажетті қорғану шегінен асырып жіберу немесе кенеттен туындаған жан күйзелісі жағдайында жасалғанын анықтай отырып, қол жұмсаудың қорғану сипаты мен қауіпсіздігіне сәйкессіздікті байқататын нақты жағдайларға немесе айыптының қатты жан күйзелісінің болғанына негіздеуі керек.
Қажетті қорғану тәрізді қажетті қорғану шегінен шығудың өзінің бір анық бір шегі бар. Бұл шектер шабуыл сипатымен және қорғау әрекетінің сипатымен қатысты белгілерімен анықталады.
Құқыққа қайшы шабуыл және оның жеке даралық белгілері заңдық қорғау әрекетінің сипатын алдын – ала анықтайды. Қажетті қорғану мүмкіншілігі күмәнға жатпаған, дегенмен қажетті қорғану нақты шынайы жасалуы (ең болмаса жалған) (құқықтық) заңды шегінен шыққан жағдайда қажетті қорғану шегінен шығу жағдайы болуы мүмкін.
Демек, тек қана қорғанушылық әрекетінің сипаты мен жағдайына шабуыл сипатының арақатынасын бағалау қажетті қорғану шегінен шығудың шарттасуы мүмкін.
Қажетті қорғану шегінен шығу – қорғану сипатымен және қолсұғушылықтың қауіптілігінің анық сәйкес келмеуі деп мойындайды.[69, 24] Қажетті қорғану жағдайында немесе қажетті қорғану шегінен шығу әрекеті, осы әрекеттерді ажырату кезінде туындаған күрделі мәселені дұрыс шешу үшін негіз болатын, осы қылмыстық заң көрсеткен берік базасы болып табылады.
Егер де қорғану сипаты (қорғанушы әрекетінің тәсілі, таңдап алған қаруы, соған зардап келетін игілік, қорғану шарты мен жағдайы және т.б.) қолсұғушылықтың қауіптілігі мен сипаты (шабуылшы әрекетінің тәсілі, қорғалатын игілікке қарсы оның қолданған қаруы, шабуылдың шарты мен жағдайы және т.б.) анық сәйкессіздік орын алса, қажетті қорғану шегінен шығу жағдайы болуы мүмкін, демек, қорғанудың сипаты мен қарқындылығы шабуылдың шабуылдың сипаты мен қарқындылығына анық сәйкессіздік білдіреді. Жоқ, болмаған қорғанудың шегінен шығуға болмайды. Әдетте, қандай болмасын шегінен шығатын шарттың болуы, яғни қасиеті, дәл сол немесе басқа да өлшеу ненін шегінен шығу деген сөз.
Қажетті қорғану шегінен шығу кезінде нақты немесе басқа да тұлға өзінің қорғану құқығын қолданып шабуылды тойтарады, бірақ дегенмен рұқсат етілген шегінен анық шығады, шабуылды тойтару үшін керек емес әрекет жасайды, ақылға сыйымсыз шектен шығып және осы жағдайда қажетті қорғану шегінен шығады.
Демек, қажетті қорғану шегінен шығуының шешуші белгілері болатын жағдай, қорғану мақсатында қолданған әрекетінің сипаты болып табылады. Әлбетте, оның мезгілсіздігі (уақыттан тыс) қорғанушылық әрекетін бағалау үшін айтулы әсер етеді.
И.И.Слуцкий дұрыс атап өткендей, жасалуы кезінде шабуылға қорғанудың сәйкес келмеуі өзіндік сапалы белгісі ретінде қарастырмауымыз керек, екінші дәрежелі сапада, негізгі толықтырушы белгі ретінде, шабуыл қарқындылығы және қорғану қарқындылығы сипатының сәйкессіздігімен аяқталады. Қорғанудың қарқынды және уақытылының үзілместей өзара бір – бірімен байланысты. Сондықтан оларды өзара байланыста қарау істі тәжірбиеде дұрыс шешу үшін қажетті шарт болып табылады.[34] Қажетті қорғану жасалуы кезінде шабуылшының өмірінен айыру құқықтық болып табылады, егер де ол өмірге қарсы шабуылды тойтарумен байланысты болса, қажетті қорғану институтының жалпы мазмұны міндетті емес.
Қорғанушының жеке басын және құқығын, жәнеде үшінші тұлғаның өмірін, денсаулығы мен мүдесін, мемлекеттің мүдесін, қоғамдық ұйымның мүдесін шабуылдан қорғау кезінде, қажетті қорғану кезінде шабуылшының өмірінен айыру орын алады.
Сонымен қажетті қорғану қоғамдық – қауіпті қолсұғушылықтарға қатысты жол беріледі. Қоғамдық қауіптілікпен қатар қажетті қорғаныс кезінде шабуыл нақты яғни ол шын мәнісінде, көрінеу көзге болуы тиіс. Қоғамға қауіпті қолсұғушылық басталып әлі аяқталмаған кезді көрнеу көзге не деп есептеу әдетке айналған. Алайда бұл формуланы механикалық түрде түсінуге және қабылдауға болмайды.
Қол сұғушылық міндетті түрде қорғанушыға соққы берумен басталуы тиіс емес. Ол кезде басталды деп қана саналмайды, ол тікелей қауіпті шабуыл болып табылады. Қол сұғушылық аяқталды деп шабуыл тоқталғанда ғана емес қорғанушыға қарсы тікелей қауіп жойылған кезде және оның қайталану қаупі жойылған кезде ғана есептелінеді. Шабуыл жасаушыға зиян қол сұғушылық аяқталғаннан кейін немесе алдың алынғаннан кейін келтірілетін жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайлар қорғанудың кешігуі ретінде танылады. Кеңінен тараған пікірлер бойынша қорғаныстың кешігуі ешқандайда қажетті қорғану ретінде қарастырылмайды.[35] Онда кешігу қажетті қорғану ретінде саналады егер, «қорғану актісі тікелей қол сұғушылықтан кейін болса және қол сұғушылықтың аяқталу сәті қорғанушыға белгісіз болса деп көрсетілген. Егер қол сұғушылық аяқталған болса және бұны қорғанушы анық мойындаса онда… бұл жерде қажетті қорғануда, шегінен шығу да болуы мүмкін емес.
Заң шығарушы қорғаныс (қорғану) сипаты мен шабуыл қауіптілігінің (қол сұғушылық) анық сәйкес келмеуі туралы айтқанда ол мынадай жағдайда туралы айтады: қолсұғушылықтың қаупі нолге дейін кемігенде, ал қорғаныс оған қарсы әліде белсенді сипатынан айырылмауы жөнінде.
Қажетті қорғаныс кезіндегі қорғану шарты не болып табылады десек онда оның бірі зиян тікелей шабуыл жасаушыға, үшінші тұлғаға емес, келтірлуі болып табылады. Қорғанушы шабуылдан белсенді қорғануға құқылы, жекелеген жағдайда қорғаныс шабуыл жасаушы тарапынан төнген қауіптен құтылудың жалғыз ғана жолы болып табылмайды.
Заң шығарушы қажетті қорғану шегінен шығу ретінде қорғану сипаты мен қол сұғушылық қаупіннің анық сәйкес келмеуін таниды. Қорғанушы жасалған қол сұғушылыққа даусыз талап етілмейтін қорғану шараларын қолданған жағдай анық сәйкессіздік болып табылады. Анық сәйкессіздік мәселесін нақтылы іс бойынша айғақты мән жағдайларды қарай отырып сот шешеді. Бұл кезде «қорғанушыға төнген қауіптің сипаты мен дәрежесі, сондай – ақ оның шабуылға тойтарыс беру бойынша күші мен мүмкіндігін» есепке алынуы тиіс.[36]
Егер қорғанушыға бірнеше қарусыз адам шабуыл жасаса, онда ол оларға қарсы тіпті атыс қаруын қолдануға құқылы, себебі онсыз ол шабуыл жасаушыларға қарсы тұра алмайды. Бұл кезде әрине есте ұстау керек нәрсе, мұндай жағдайда қорғанушы шабуыл әсерінен іштегі қатты толғаныста болады, бұл төніп отырған қауіп пен оған қолдануға қажетті қорғану тәсілін анықтауға үлкен кедергі келтіреді. Бұл қорғанушы қабылдаған әрекетті дұрыс емес етіп табатын мүлдем ауыр жағдайларға алып келуі мүмкін.
Ендеше бұл жағдайда (әрқашан да емес), қорғалатын игілік және қорғану кезінде зардап келген оның игілігі, қашан да қажетті қорғану шегінен шығу болып табыла бермейді. Дегенмен қорғалатын мүделермен және шабуылдан қорғану құралы ретінде өмірден айырудың анық сәйкессіздігі қажетті қорғану шегінен шығып адам өлтіру деп танылуға негіз болуы мүмкін. Қажетті қорғану шегінен шығып адам өлтірудің қылмыстың обьектісі болып шабуылшының өмірі болып табылады. Бұл қылмыстың кінәлілік әрекетінің бағыттылығы жәбірленуші мінез – құлқымен анықталады. Қажетті қорғану шегінен шығып адам өлтіру тек белсенді әрекет ету жолымен жасалуы мүмкін. Әрекетсіздік арқылы қорғануға болмайды, сол себептен әрекетсіздік арқылы қажетті қорғану шегінен шығуға болмайды. Шабуылшыға қажетсіз өлім келтірген және шабуыл жоқ оны жасауға анық тудырмаған әрекеттер көрініс табуы мүмкін. Қажетті қорғану шегінен шығып жасалған адам өлтіру құрамының барлығы немесе жоқтығы мәселесін шешу үшін маңызды мәселе, қылмыстың жасалу уақыты мен орны бар.
Қажетті қорғану шегінен шығу нәтиежесінде жасалған адам өлтірудің ниеті аяқасты туындаған мән – жай болады. Сондықтан бұл қылмысқа дайындалу теорияда және тәжірбиеде мүлдем жоқ. Қажетті қорғану шегінен шығу нәтиежесінде жасалған адам өлтіруге оқталу сатысыда орын алуы мүмкін. Мысалы, бір тұлға, басқадан қорғанып, қорғану құралы ретінде шабуылшыға өлім әкелуді таңдайды және барлық қажеттіліктерді істейді, қорғанушының көзқарасы бойынша, өлім келтіру үшін (мысалы, шабуылшыға тапнашамен оқ атады). Сол себептен қорғану үшін сондай құралды қолданады, (істің) жағдайдың шарты бойынша шабуыл сипатына анық сәйкес келмейді. Атушының ырқына байланысты емес себеп бойынша жәбірленуші жарақат алып, тірі қалады. Демек қажетті қорғану шегінен шығу нәтиежесінде адам өлтіру оқталу сатысында да болады. Қажетті қорғану шегінен шығып адам өлтіру қасақаналық ниетпен жасалады. Егерде абайсыздықпен жасалған жағдайда онда ол жауаптылықты жояды. Абайсыздық қасақаналыққа қарағанда қаупі едәуір жеңілдірек.
Аффект жағдайындағы кісі өлтіру мен қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде кісі өлтіру қылмыстарын жіктеудің негізгі критерилерінің бір қылмыс себебі болып табылады. Егер аффект жағдайында кісі өлтірудің себебі жәбірленушінің жасаған зорлық күш көрсетуімен немесе өзге де құқыққа қайшы әрекетінен есе қайтару болса, ал қажетті қорғану шегінен шығу кезінде кісі өлтірудің себебі өзін немесе басқа тұлғаны, сондай – ақ мемлекеттік немесе қоғамдық мүдені қорғауға ұмтылу болып табылады.
Қорғаныс сипаты мен қол сұғушылық қауіптілігінің анық сәйкес келмеуі деп шабуыл жасаушыға болған жағдайда тіптен қажет емес ерекше шектен тыс ауыр зиян келтіруін (жекелеп айтқанда кісінің өлімі немесе ауыр дене жарақаты) түсінуіміз қажет.
Қажетті қорғаныс шегінен шығу алдымен төнген зиян мен қорғаныспен келтірілген зиян анық сәйкес келмейтін жерде, қоғамның маңызды құндылықпен немесе қорғалатын мүдемен, құқық бұзушы қорғаныстың арасында тым сәйкессіздік болған жерде орын алады. Бұл жерде кейбір криминалистер ұсынып жүрген қажетті қорғаныс кезіндегі игіліктердің мөлшерлестігінің бұзылуы туралы емес, қорғанушы игілігі және қорғанумен бұзылған игіліктің арасындағы сәйкессіздік туралы болып отыр.
Мұндай ереже бойынша мысалы; (ұрыға дене жарақат салуға), әйелді зорлауға ұмтылған тұлғаның өлтіруге болмайды, себебі өмір жыныстық қол сұқпаушылыққа қарағанда салыстырмалы түрде неғұрлым бағалы әрі құнды игілік болып табылады.
Қажетті қорғаныс шегінен шығу қорғану тәсілдерімен құралдары бір жағынан, ал екінші жағынан шабуыл тәсілдері мен құралдары анық сәйкес келмеген жағдайда да орын алады. Шабуыл жасаушының қолданған әрекет тәсілі қол сұғушылық қауіптілігін сипаты мен дәрежесін анықтайтын жағдайлардың бірі болып табылады.
Қажетті қорғану шегінен шығуының жасалуының қылмыс құрамының заңды талдауын бере отырып, ең алдымен қандай мүддеге қол сұғатыны, осы қылмыстың обьектісін анықтау қажет.
Обьектінің маңыздылығын ескере отырып қажетті қорғану шегінен шығу ерекшелігін түсінуіміз керек. Әрекеттің шегінен шығуының бейнесін дұрыс саралауға, ұқсас қылмыстық және қылмыстық емес әрекеттерді шектеуге қажетті қорғану шегінен шығу қылмыстық жауаптылыққа жататын шегін орнату болып табылады. Қажетті қорғану шегінен шығу обьектісі болып шабуыл жасаушының өмірі болып табылады. Қоғамдық немесе жеке даралық мүдеге қол сұғушылық жасаған тұлғаның құқықпен қорғалатын мүдесі, және оған өлім келтіру, оның обьектісі болып табылады. Қоғамға қауіпті шабуылдан белсенді қорғану үшін, заңшығарушы азаматттарға еркіндік берген, бірақ бұл құқық шексіз емес. Оның мазмұны мен шегі заңда және тәжірбиеде қолдануы орын алған. Шабуыл жасаушының қажетті қорғану кезінде қарсы шабуыл жасауға құқығы жоқ. Дегенмен, мына жағдайдан басқа, қорғанушы өз шегінен (заңда көрсетілген шегінен шыққан жағдайда). Шабуыл жасаушының өмірі, денсаулығы қылмыс обьектісі болып табылады. Қылмыскердің құқығы тек айтарлықтай шектеулі (олар, қоғамға қауіпті шабуыл жасау уақытында, алдың – ала тергеу кезінде қамауда болған уақытында, жазасын кезінде құқықтары шектелуі мүмкін) оның бұл бөлшегі, бұл шектеуі қатысты емес, заң қорғауында бұл құқықтар болуы да болмауы да мүмкін. Заңның басқа да әрекеттері, демек адамның азаматтығынан айыру, жеке тұлғалық құқықсубьектісінен айыруы орын алса заңсыздыққа алып келуі мүмкін. Басқа адамның өмірі мен денсаулығы тәрізді заң қылмыскердің өмірі мен денсаулығын қажетті қорғану шегінен шығу кезінде жасалған қылмыстың обьектісі ретінде қарастырады.
Кез келген қылмыс өзінің обьективтік белгілерімен сипатталады. Қылмыстың обьективтік жағы – бұл қылмыстың заңмен қорғалатын обьектіге қоғамдық қауіпті қол сұғудың сыртқы жағы, адамның саналы мінез-құлқыңың, іс-әрекетінің нәтижесінде обьективтік түрде заң қорғайтын обьектіге келтірілетін зияны немесе зиян келтіру қаупі болып табылады. Яғни, обьективтік жақ – қылмыстық іс-әрекеттің сыртқы, нақты көрінісі.
В.Н.Кудрявцев: «Қылмыстың обьективтік жағы қоғамаға қауіпті қылмыстық заң қорғайтын мүддеге субьектінің іс-әрекеті арқылы қол сұғуы арқылы келетін, қылмыстық нәтижемен аяқталатын ақиқат құбылыстар мен оқиғалар жиынтығы» деп тұжырымдайды.[37]
Қазақстан Республикасының заңдары тек қана сыртқа шыққан мінез-құлық актілері үшін яғни белгілі бір, заңда сипатталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік үшін жауапкершілік белгілейді.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 19-бабына сәйкес адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті іс — әрекетті және пайда болған қоғамға қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс делінген.
Қылмыстың субьективтік жағы – бұл кінәлі адамның өзі жасаған қылмысқа психикалық қатынасы, ол нақты кінә нысанымен, ниетпен және қылмыс мақсатымен сипатталады. Кінә кез – келген қылмыс құрамының субьективтік жағының негізгі белгісін құрайды.
Субьективтік жақтың негізі кінә болып табылады. Ол адамның өзі жасаған қоғамға қауіпті әрекетке немесе оның салдарына психикалық қатынасы ретінде анықталады.
Қажетті қорғану шегінен жасалған қылмыстардың субьективтік жағын дұрыс анықтау мәселесі, заңнамамызда қажетті қорғануды қолдануда маңызды қызмет атқарады. Біздің қылмыстық заңнамамызда қажетті қорғану шегінен шығып жасалынған қылмыстар тек қасақаналықпен деп көрсетілген. Қажетті қорғану шегінен шығу тек қасақаналықпен жасаланатынын А.А.Пионтковский 1928 жылғы қылмыстық құқық кітабында жазып кеткен болатын. Сонымен бұл пікірді М.Д.Шаргородскийде ұстануда. Оның айтуынша қажетті қорғану шегінен шығуды тек қасақаналықпен деп түсінеді. И.С.Тишкевич А.А.Пионковский мен М.Д.Шаргородскийдің пікіріне қосыла отырып, абайсызда жасалған қажетті қорғану шегіненшығу қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды, сондықтанда абайсызда қажетті қорғану шегінен шығуға болмайды. Демек авторлар қасақана жасалынған қажетті қорғану шегінен шығуды растайды, сонымен қатар абайсызда жасалынатын қажетті қорғану шегінен шығатының мойындайды. В.Ф.Кириченконың айтуынша, қажетті қорғану шегінен шығу кезіндегі қорғанушының кінәсі қасақана және абайсыз нысанында болуы мүмкіндігін растайды.
Басқа барлық қылмыстар тәрізді қажетті қорғану шегінен шығып адам өлтіру қылмысы кінәлі түрде жасалады. Егер де шабуылшыға өлім әкелу қажеттілік тудырмаса, болған мән – жайға байланысты қорғанушы түсіне алмауы қылмыс құрамын жоққа шығарады. Қажетті қорғану шегінен шығып адам өлтіргенде тікелей немесе жанама қасақаналықпен жасалады. Қажетті қорғану шегінен шығып кеткен кезде абайсыздықпен өмірінен айыру қылмыстық жауаптылықты көздемейді. Қажетті қорғаныс шегінен шығып адам өлтіруді дұрыс саралау үшін бұл қылмыстың субьективтік жағын анықтаудың маңызы зор. Аталған қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Қажетті қорғаныс шегінен шыққандық үшін жауаптылық қасақана зиян келтірген, яғни ниет (тікелей немесе жанама) нысанындағы кінә болған жағдайда ғана жүктелетіндігі заң нормасында тікелей белгіленген. М.И.Якубович атап өткендей, қажетті қорғану шегінен шығушы тұлға шабуылшыға абайсыздықта зардап келтіреді, яғни ол ашуланған күйде болуында, оның көздеген мақсаты қылмыстық қол сұғушылықты қайтару, тойтару болып табылады. Қылмыстық жазаланушылыққа жататын қажетті қорғану кезінде тұлға өзінің шегінен шыққанын сезеді мойындайды, қажетсіз шабуылшыға өлім әкеледі және оның болуын тілейді (тікелей қасақаналық) немесе көрсетілген қоғамға қауіпті зардаптың болуына саналы түрде жол береді (жанама қасақаналық). Көбінесе қажетті қорғану шегінен шығып адам өлтіру қылмысы жанама қасақаналықпен жасалады. Көп жағдайларда шабуылшыға өлім әкелуге қажетті қорғану шегінен шығушы мақсат тұтпайды. Ол қоғамға қауіпті зардаптың жолын кесу мақсатында қажетті қорғану шегінен шығу жолымен ұмтылады, шегінен шығу салдарына немқұрайды қарайды. Қажеттті қорғану шегінен шығу кезінде тұлғаның ниеті нақты немесе нақты емес болмауы мүмкін. Көп жағдайларда қажетті қорғану шегінен шығу кезінде нақты емес ниеттер кездеседі. Қорғанушы шабуыл жасаушыға келетін зардапты алдың – ала көреді, көз алдына нақты көрініс алмайды оған қандай зардап келетінін, және оның болуын тілейді немесе саналы түрде жол береді, өз әрекетінің нақты емес салдардың туындауына. Қажетті қорғану шегінен шығу кезінде адам өлтіру ниетінің ерекшелігі, бұл арада қорғанушы үшін күтпеген мән – жай, жалпы тәртіп бойынша шабуыл табан асты болғандықтан алдың – ала ниетінің болмауы мүмкін. Қорғанушы шабуылдың мүмкіншілігін көрген жағдайда оны тойтару үшін дайындалады, ниеттің туындауы шабуылды тойтару кезінде туындайды. Қажетті қорғану шегінен шығумен көрініс тапқан қылмысты жасауда кінә қос кінәнің сипаты және сол үшін шектен шығуға және оның салдарына қатысты бөлек талдау керек. Субьект өзінің әрекетінің қоғамға қауіпті екенін сезіндіме, қоғамға қауіпті салдарды алдың – ала көре алды ма, және оған қалай қарайтыны, осыған байланысты осы қылмыс жасалуының кінә нысанын белгіленуі мүмкін. Кінәсіне байланысты мына жағдайды айтуға болады, қылмыс жасау кезінде тұлға өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіптілігін сезінгендігіне байланысты.
Айта келе қажетті қорғаныс шегінен шығу кезіндегі кісі өлтірудің субьективтік жағы қалай болып табылады деген даулы сұраққа тоқталуға тура келеді. Қажетті қорғаныс шегінен шыға отырып кісі өлтіру тек қасақана ниетпен жасалады деген көзқарастар бар. Мұндай көзқарас біздіңше заңда нақты көзделмеген. Неғұрлым ұқыпты түрде қажетті қорғаныс шегінен шығу қорғану сипаты мен қол сұғушылық қаупінінің анық сәйкес ретінде таниды. Олардың пікірінше «анық» термині абайсыздық жағдайын жоққа шығарады.[38] Алайда барлық мәселе бұл терминнің субьективті емес обьективті сипаттамаға жататындығыда болып отыр. Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезіндегі кісі өлтірудің қасақана болатындығы, оның кейбір жағдайларға байланысты абайсызда болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.
Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған қылмыстың субектісіне дұрыс қоғамдық – саяси және заңдық мінездеме беру осы қылмыстың мәнін болу үшін, кінәліні қылмыстық жауапкершілікпен жазаға тарту және оған сотталушының жеке басын есепке ала отырып жаза тағайындау мәселерін шешуде үлкен маңызға ие болып табылады.
Бізге белгілі қылмыстық құқықта субьектілер мыналар болып табылуы мүмкін:
а) кез – келген тұлға;
б) есі дұрыс адам;
в) белгілі бір жасқа жеткен тұлға.
Қылмыстың субьектісі болып қоғамға қауіпті іс — әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылық көтеруге қабілетті адам саналады. Қоғамға қауіпті іс — әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қана тірі адам – азамат тартылады.
2.4. Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру
Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде оған зиян келтірудің заңды болу шарты ҚК 33-бабының 1-бөлігінде келтірілген. Ұсталған адам қаза тауып, бірақ ұстау актілерінің заңдылық шарты сақталса, қылмыстық жауапкершілік жүктелмейді.
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтірген зиян жағдай мәжбүр етпейтін анық шектен тыс зиян қажетсіз келтірілген кезде, олардың ұсталатын адам жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне және ұстаудың мән-жайына көрінеу сай келмеуі ұстау шараларын асыра сілтеу деп танылады.
Бұл қылмыстың объективтік жағы — ұстау шараларын асырғандықтан ұсталатын адамның қаза табуында. Бұндай асыра сілтеу болды деп айта аламыз, егер ұстау кезінде қылмыс жасаған адам қарсылық көрсетпесе және басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда.
Бұл қылмысты саралау үшін келесі мән-жайларды анықтаудың маңызы бар:
- ұстау уақытылы жүзеге асырылды ма;
- ұсталған тұлға жасаған қылмыс қандай санатқа жатады;
- ұсталған адамның жеке тұлғасы (бұоын сотталған, террорист, қашқыш және т.б.);
- ұсталған адам қарсылық көрсетті ма;
- ұстау жағдайы (қарудың болуы, уақыты, орны және т.б.).
ҚК-тің осы бабы бойынша жауапқа тарту үшін кінәлінің жәбірленушіні ұстауына ҚР ҚІЖК 132-бабында көзделген негіздері болды ма, сондай-ақ ұсталатын адамға зиян келтіру үшін ҚК 33-бабында көзделген негіздер болды ма, алдымен сол жағы анықталуы тиіс. Егер бұл көрсетілген негіздер болмай кісі өлтірсе, онда кінәлінің іс-әрекеті ҚК 100-бабы бойынша сараланбайды. Мысалы, әкімшілік сипаттағы жазықтылығы (кішігірім бұзақылық) үшін ұстағанда адамды өлтіру немесе ұстағанда қарсыласпаған адамды ұстау кезінде өлтіру.
Қоғамға қауіптілігі орта немесе кішігірім деңгейдегі қылмыс жасаған адамды ұстаған кезде оны өлтіруге жол берілмейді. Ұстаған кезде қарсылық көрсетпеген адамды және қылмыс жасаған жерден қашып кетуге әрекет жасамаған адамды ұстау кезінде қасақана өлтіру ҚК 100-бабы бойынша саралануға тиіс емес.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жанама қасақаналықпен сипатталады. Айыпкер ұстау шараларының шегінен саналы түрде шығады, ұсталатын адамның өлуі мүмкін екендігін немесе қалайда өлетіндігін ұғынады, соны тілейді немесе сондай заттардың болуына жол береді. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстаудың мақсаты — оны құқық қорғау органдарына апару және оның басқа қылмыс жасауының алдын алу болып табылады.
Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде оны абайсызда өлтіру, бұл қарастырылып отырған қылмыс құрамын бермейді.
Қылмыстың субъектісі — жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам, ол құқық қорғау органдарының қызметкері де, жәй қатардағы азамат та болуы мүмкін (ҚІЖК-нің 133-бабы).
Егер құқық қорғау органдарының лауазымды адамы қылмыскерді ұстау кезінде қажетті шаралар шегінен асып оны өлтірсе, ҚК 100-бабы бойынша жауапқа тартылады, бірақ ҚК билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланғандық үшін жауаптылық көзделген бабы бойынша (308-бап) қосымша сараланбайды.
Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралар шегінен шығып адам өлтіргенде ҚК 96-бабының 2-бөлігінде көзделген жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар болса, онда бұл іс-әрекет ҚК 100-бабы бойынша ғана саралануға жатады (ҚК 96-бабы бойынша қосымша сараланбайды).
Қажетті қорғану кезіндегі қол сұғуды қоғамға қауіпті ретінде сипаттай отырып, біздің заңнама қол сұғушының кінәсін, оның белгілі бір жасқа толуын, есі дұрыс болуын анықтауды талап етпейді, яғни қылмыстың барлық белгілерінің болуын талап етпейді. Басқаша айтқанда, оның қауіпті болғаны және объективті белгілері бойынша қылмыстық шабуыл ретінде қабылданса, жеткілікті.
Мысалы, Психиатрлық ауруханадан қашқан Демин азаматша Петрованы аңдып, оның басынан темірмен ұрғысы келді. Осы уақытта оқиға болған жерде болып қалған полиция қызметкері Серіков шабуыл жасаушының қолынан атып кісі өлтірудің алдын алды. Есі дұрыс емес болса да, Деминнің әрекеті адам үшін нақты қауіп төндірді. Бұның алдын алу үшін Серіков толық негізбен қажетті қорғану құқығын пайдаланып, Петрованың өмірін сақтап қалды. Сондықтан, қорғануды құқықты деп санай аламыз, тек зиян келтіру қол сұғушылықтын алдын алу құралы ретінде болса.
Қажетті қорғану қызмет бабын пайдалану жолымен азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделеріне қол сұғатын лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне қарсы да болуы мүмкін. Бұндай жағдайда лауазымды тұлғалар өздерінің қызметтік өкілеттіктеріне кіретін әрекеттерді жасайды, бірақ қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану арқылы жүзеге асырады. Егер лауазымды тұлға өзінің қызметтік өкілеттігіне кірмейтін қоғамға қауіпті әрекет жасаса, онда ол жеке тұлға ретінде әрекет етеді.
Мысалы, Жазғы кеш уақытта азаматтық киім киген полиция қызметкері Томарбеков қалалық аудандардың бірінің паркінің жанынан өтіп бара жатып, онда отырған Ибраев пен оның танысы Гүлжанды М. көрді. Жастар паркте сөйлесіп отырған. Томарбеков кенеттен олардың жанына келіп полиция қызметкері екенін айтып не істеп отырғандарын сұрады. Ибраев пен М. қорқып қаша жөнелді, Томарбеков қыздың қолынан ұстап қалды. Содан кейін ол Ибраевқа үйіне қайт деді, оның қызды жібер деген сұранысына, онымен ол әлі сөйлесетінін айтты. Жақсы емес бірдеңе болатына күдіктеніп, Ибраев жақын жерде орналасқан М. үйіне барып, Гүлжанға бөтен бұзақы адам ренжітіп жатқанын айтып, қолына түскен балғаны алып, қайта паркке жүгіріп келді. Томарбеков әлі қызды жібермей тұрғанын көріп, оның басынан балғамен ұрып, жеңіл дене жарақатын салды, оның салдарынан Томарбековтың денсаулығына зиян келді. Шымкент облыстық сотымен Ибраев полиция қызметкерінің өміріне қол сұққаны үшін сотталды. Кассациялық тәртіппен іс қарау кезінде үкім өзгеріссіз қалдырылды. Қазақастан Республикасы Бас прокурорының орынбасарының наразылығы бойынша қадағалау тәртібімен істі қарау кезінде Жоғарғы Сот пленумі Ибраевтың әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деп іс бойынша үкімнің жойды. Себебі, Ибраев пен М. қоғамдық тәртіпті бұзған жоқ, полиция қызметкерінің оларды ұстауға және М.-ді ұстап қалуға негіз болмады, ол заңсыз әрекет етті және өзінің мінез-құлқымен Ибраевқа күдік туғызды және қызметтік куәлігін көрсетпеді, сондықтан Ибраев М.-ға қауіп төніп тұр деп оған арашаға түсті.
Әрине, лауазымды адамдардың әрекетінен қажетті қорғану болуы тиіс, егер қорғанушы бұл әрекеттердің қауіпті екеніне нақты жағдайларға байланысты көзі жетсе. Бұл, мысалы, лауазымды тұлға қызмет өкілеттіктерін асыра сілтеу барысында күш немесе қару қолданса және т.б.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі өз азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын барынша қорғау болып табылады. Қазақстан мемлекеті адам құқықтары жөніндегі халықаралық нормаларды толық қуаттай отырып, оны бұлжытпай жұзеге асыруға толық кепілдік береді. Оның айғағы азаматтың саяси, еңбек, әлеуметтік және басқа да толық құқықтарының Қазақстан Республикасы Конституциясы толық, жан – жақты көрініс табуы болып табылады.
Қазақстан Республикасы конституциясының 1-бабы, ең қымбат қазына адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп белгіленген. Қазақстан Республикасы конституциясына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік берілген. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды. Яғни, Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып міндеттер атқарады(ҚР Конституциясының 12-бабы 3-тармағы). Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыра басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуі тиіс.
Конституцияның 2-бөлімі адам және азамат, оның құқығы мен бостандығы, міндеттеріне тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың кез – келген азаматының нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, дініне көзқарастағы т.б. белгілеріне қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік берілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясында адам және азаматтық туралы арнайы арнайы тарау бар. Азаматтың құқығы мен бостандығын, саяси құқықтар мен бостандықтарға, экономикалық және әлеуметтік құқықтарға Қазақстан Республикасы конституциясы ерекше мән беріледі. Конституцияда жария етілген азаматтардың осындай құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды.(1бап)
Азаматтың саяси, әлеуметтік және басқа да құқықтарына қылмыстық жауаптылық нормалары қылмыстық кодекстің арнаулы таруында көрсетілген. Бұл қылмыстың заң нормалары азаматтардың конституциясының осы құқықтары мен бостандықтарын қорғауға аса маңызды роль атқарады.
Айтылып отырған қылмыстың топтық обьектісі болып азаматтың конституциясының құқықтары мен бостандықтары саналады. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қорғау маңызы ерекше. Азаматтың конституцияда көзделген құқықтары мен бостандықтары – қылмыстық қол сұғушылықтың обьектісі болып табылады.
Адам өмірі және денсаулығы ең қымбат игілік. Осы қылмыстық құқық қорғауға ерекше мән берген жөн. Адамның құқығы мен бостандығын, өмірі, денсаулығығ, адамгершілігі, ар-намысы, қасиеті ерекше құқықтық қорғалуда.
Бұл диплом жұмысында адам өміріне қарсы қылмыстарды, соның ішінде адам өлтіру қылмысын саралаудың негізі сұрақтары қарастырылды. Адам өлтіру қылмыстарының ішінде жеңілдетілген жағдайда адам өлтіру қылмыстары терең зерттелді.
Біздің елімізде қылмыстылықты жою үшін қылмыс жасау себептері мен жағдайларын жою керек. Жалпы қасақана адам өлтіру қылмысының алдын алу үшін келесі мәселелерге көңіл бөлу қажет:
- адам өлтіру қылымысын жасауға әсерін тигізетін себеп пен жағдайларды жою;
- бұл себептер мен жағдайлардың әрекет етуін бейтарап қалдыру (нейтрализациялау);
- қасақана адам өлтіруді жасауға кедергі жасайтын жағдайларды жасау.
Қарапайым және ауырлататын жағдайда адам өлтіруге қарағанда жеңілдетілген жағдайда адам өлтірудің қоғамдық қауіптілігі төмен. Сондықтан бұл қылмыстар үшін жазалау шаралары да жеңіл болады.
Диплом жұмысымды қорытындылай келе, мынандай ұсыныс жасағым келіп отыр. Менің ойымша, ҚР ҚК 97-бабын алып тастау керек, қазір бұл норма қолданыста көп кездеспейді. Бұндай қылмыстарды жасалу жағдайына байланысты ҚР ҚК 97 – бабымен саралау керек.
ҚОЛДАНЫЛЃАН ЄДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдауы» Егемен Қазақстан 2001. 4.04
- Қылмыстық кодекске түсінік, Алматы, Жеті жарғы, 2000.
- Таганцев Н.С. Лекция по русскому уголовному праву. Тула, 2001.
- Курляндский А.И. Советский закон на страже интересов личности, Москва, 1953. С. 69. Курс советского уголовного право, Москва. 1975. Т.5. С.82-83.
- Пионтковский А.А., Меньшагин В.Д. Курс уголовного право. Особ.часть. Москва, 1955 т.1. С. 59.
- Курс советского уголовного право, Москва, 19 Т.5. С.82.
- Коржанский Н.Н. Обьект и предмет уголовно – правовой охраны. Москва, 19 С. 140.
- Наумов А.В. Уголовное право Общ.часть. Курс лекции. М., 19 С. 147-148.
- Утевский Б.С. Уголовное право. Особ. Часть. М., 1978. С. 45.
- Қайыржанов Е.И. Интересы трудящихся и уголовный закон, Алма – ата, 19 С. 27.
- Никифоров А.С. Обьект преступления по советскому уголовному праву. М., 1960. С. 164.
- Федоров М.И. Понятие обьекта преступления по советскому уголовному праву, Пермь, 19 Вып.4. кн.2 С.188.
- Загородников Н.И. Преступление против личности, М., 19 С.19.
- Кудрявцев В.Н. Обьективная сторона преступления. М., 19 С.9.
- Натансон В. Преступление против личности. Харьков, С.55.
- Никифоров А.С. Обьект преступления по советскому уголовному праву. М., 1960. С. 39 – 41.
- Мокринский С., Натансон В. Преступление против личности. Харьков, 1923. С.47.
- Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының қаулылар жинағы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты, Алматы, 1997.
- Слуцкий И.М. Обстоятельство, исключающие уголовную ответственность, Л., 19 С.81 – 82.
- Евдокимов Ф.И. О праве граждан на необходимую оборону. Чебоксары,1973. С.65.
- Овезов Н.А. К вопросу об обстоятельствах, устраняющих общественную опастность и противоправность деяния в советском уголовном праве. Ашхабад, С. 45.
- Берестовой Н.П. Обстоятельства, исключающие общественную опастьность и противоправность деяния, и их значение в деятельность органов внутерных дел. Уч. пос. МВД СССР. М., 19 С.98.
- Загородников Н.И. Преступление против жизни по советскому уголовному праву. Москва, 19 С.14.
- Пионтковский А.А. Курс советского уголовного права. Т.2. М., 1970.
- Здравомыслова Б.В. Советское уголовное право. Особенная часть. Москва, 19 С.100.
- Кайыржанов Е. Проблемы обьекта преступления. Алматы, 19 С.17.
- Орехов В.В. Необходимая оборона , М., 2002. С.34.
- Джекебаев У.С. Основные принципы уголовного право Республики Казахстан. Алматы,
- Наумов В. Уголовное право Российской Федерации.
- Джекебаев У.С., Рахимов Т.Г., Судакова Р.М., Мотивация преступления и уголовная ответственность. Алма – Ата, 1987.
- Баулин Ю.В. Уголовно-правовые проблемы учения об обстоятельствах, исключающих преступность (общественную опастность и противоправность деяния). Харьков,
- Дулатбеков Н.О. Адам өміріне қарсы бағытталған қылмыстарға жазаны жеке даралау, Алматы, 1993. 60-бет.
- Дулатов Ы.Д. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендік үшін қылмыстық жауаптылық. Алматы, 2001. 59-бет.
- Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы, 2000.
- Побегайло Э.Ф. Умышленное убийство и борьба с ним. Воронеж, 1965. С.158.
- Алауханов Е. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы, 2001.
- Ветров Н.И. Уголовное право, Особ. часть. М., 1999. С. 45.
Беляев В.Г., Свидлов Н.М. Вопросы квалификации убийств, Волгоград, 1983. С.64
- Козак В.Н. Право граждан на необходимую оборону. Саратов, 1972. С. 25.
40.Бушуев Г.В. Социально и уголовно правовая оценка причинение вреда преступнику. М., 1976. С. 15.
41.Магомедов Асбег Ахмеднабиевич, Правовые последствия освобождения от уголовной ответственности, Москва 1990 г., С.54
42.Швельцер П.Е. Уголовное право. М. 1997. С.45.
- Ковалев М.И., Раськов П.Т. Причинная связь в уголовном праве. Москва, 1958. С.24
[1] Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдауы» Егемен Қазақстан 2001. 4.04
[2] Қазақстан Ренспубликасының Конституциясы. Алматы, Жеті Жарғы. 2005 жыл.
[3] Коржанский Н.И. Советское уголовное право. Часть особенная. Волгоград, 1973. С.88.
[4] Побегайло Э.Ф. Умышленное убийство и борьба с ним. Воронеж, 1965. С.158.
[5] Коржанский Н.Н. Обьект и предмет уголовно – правовой охраны. Москва, 1980. С. 140
[6] Наумов В. Уголовное право Российской Федерации. 2001. стр.49.
[7] Қайыржанов Е.И. Интересы трудящихся и уголовный закон, Алма – ата, 1973. С. 27.
[8] Никифоров А.С. Обьект преступления по советскому уголовному праву. М., 1960. С. 164.
[9] Пионтковский А.А., Меньшагин В.Д. Курс уголовного право. Особ.часть. Москва, 1955 т.1. С. 59.
[10] Курляндский А.И. Советский закон на страже интересов личности, Москва, 1953. С. 69.
[11] Федоров М.И. Понятие обьекта преступления по советскому уголовному праву, Пермь, 1957. Вып.4. кн.2 С.188.
[12] Пионтковский А.А. Курс советского уголовного права. Т.2. М., 1970. С.76
[13] Гроздинский М.М. Престуление против личности. Москва, 1923. С.4.
[14] Курс советского уголовного право, Москва, 1971. Т.5. С.82.
[15] Никифоров А.С. Обьект преступления по советскому уголовному праву. М., 1960. С. 164.
[16] Кудрявцев В.Н. Обьективная сторона преступления. М., 1960. С.9.
[17] Мокринский С., Натансон В. Преступление против личности. Харьков, 1923. С.72.
[18] Ковалев М.И., Раськов П.Т. Причинная связь в уголовном праве. Москва, 1958. С.24.
[19] Натансон В. Преступление против личности. Харьков, 1923. С.55.
[20] Пионтковский А.А., Меньшагин В.Д. Курс уголовного право. Особ.часть. Москва, 1955 т.1. С. 59.
[21] Утевский Б.С. Уголовное право. Особ. Часть. М., 1978. С. 45.
[22] Коржанский Н.Н. Обьект и предмет уголовно – правовой охраны. Москва, 1980. С. 21
[23] Коржанский Н.И. Советское уголовное право. Часть особенная. Волгоград, 1973. С.88.
[24] Побегайло Э.Ф. Умышленное убийство и борьба с ним. Воронеж, 1965. С.158.
[25] Алауханов Е. Қылмыстық құқық. Алматы. Жеті Жарғы. 2001ж. 26-бет
[26] Наумов В. Уголовное право Российской Федерации. 2001. стр.49.
[27] Федоров М.И. Понятие обьекта преступления по советскому уголовному праву, Пермь, 1957. Вып.4. кн.2 С.188.
[28] Пионтковский А.А. Курс советского уголовного права. Т.2. М., 1970. С.76
[29] Гроздинский М.М. Престуление против личности. Москва, 1923. С.4.
[30] Алауханов Е. Қылмыстық құқық. Алматы. Жеті Жарғы. 2001ж. 29-бет
[31] Швельцер П.Е. Уголовное право. М. 1997. С.45.
[32] Козак В.Н. Право граждан на необходимую оборону. Саратов, 1972. С. 25.
[33] Беляев В.Г., Свидлов Н.М. Вопросы квалификации убийств, Волгоград, 1983. С.64
[34] Слуцкий И.М. Обстоятельство, исключающие уголовную ответственность, Л., 1956. С.21.
[35] Магомедов Асбег Ахмеднабиевич, Правовые последствия освобождения от уголовной ответственности, Москва 1990 г., С.54
[36] Бушуев Г.В. Социально и уголовно правовая оценка причинение вреда преступнику. М., 1976. С. 15.
[37] Кудрявцев В.Н. Обьективная сторона преступления. М., 1960. С.33.
[38] Бородин С.В. Ответственность за убийство по советскому уголовному праву. М., 1963. С.14.