МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 тарау. Жаздық бидайдың биологиялық ерекшеліктері
- Жаздық бидайдың биологиясы және ботаникалық
сипаттамасы - Жаздық бидай өнімділігінің агробиологиялық
ерекшеліктері - Жаздық бидай өніміне әсер етуші негізгі
агроэкологиялық факторлар…………………………………………………………….
2 тарау. Жаздық бидайды өсіріп зерттеу орны……………………………….
- Топырақ — климат мелиоративтік және агроэкологиялық
жағдайы - Арал өңіріндегі егіншілік аймақтарының
агроэкологиялық және топырақ мелиоративтік
сипаттамалары
3 тарау. Жаздық бидай өнімінің қалыптасуының
морфофизиологиялық ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың маңыздылығы: астық өндірісі саласын жеделдетіп дамыту еліміздің азық-түлік қаіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік аграрлық саясаттың бірінші кезекті міндеттерінің бірі болып табылады. Арал өңірінде жылдан жылға күшейген су тапшылығы болып, жаз айларында Сырдария өзені суы ауыл шаруашылығын суландыруға жеткіліксіз болып отыр. Болашақта бұл жағдай одан да ушығуы мүмкін. Сондықтан суды аз талап ететін, экономикалық түрғыдан тиімді дақылдарды өндіріске енгізу керек. Бұл жағынан алғанда бидай бағалы азықтық дақыл оның биологиялық потенциалы жоғары [2,3].
Ерте жаздық дақыл — бидайды күріш ауыспалы егісіне енгізу, оны мелиоративтік және басқа танаптарда өсіру инженерлік дайындалған суармалы жерлер тиімділігін арттырады, суды үнемдейді, ауыспалы егіс танаптарынан түсетін жалпы дән өнімін көбейтеді [4-7].
Арал өңіріндегі күріш ауыспалы егісінде жаздық бидайдың епс көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді. Бірақ Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймағындағы суармалы епншілік жағдайда (күріш, мақта, көкөніс ауыспалы егістерінде) өсірілген жаздық бидай дәнінде белок және клейковина мөлшері төмендейді. Осыған сәйкес, оңтүстік облыстар (мысалы, Қызылорда облысы) қатты және күшті бидайды немесе оның ұнын солтүстік аймақтан сатып алуда. Сондықтан егіншілікті әртараптандыру (диверсификаииялау) бағдарламасына сәйкес, Қазақстандық Арал өңірінде жаздық бидайдың егіс көлемін 20-25 мың гектарға дейін ұлғайтып (бұл 1981-1990 жылдарғы егіс көлемі деңгейі), аталған дақылдың өсіру технологиясын жетілдіру арқылы сапалы астық мөлшерін арттыру керек. Бидайды өсіруге Арал өңірінің топырақ-климат жағдайы қолайлы, бірақ жайсыз кезеңдері де бар.
Ғылыми зерттеу мәліметтері және озат тәжірибе нәтижелеріне қарағанда [8-11] құрамында белок, клейковина мөлшері көп дән алуға болады.
Дән құрамында белок пен клейковинаның көп жиналуына азот тыңайтқыштарының әсері үлкен, ал клейковина сапасы — өсу кезеңіндегі, әсіресе масақтану фазасынан кейінгі кезеңдегі ауа райына, яғни гидротермиялық коэффициентке (ГТК) және сорт–NRK- ГТК факторларының өзара әсеріне байланысты.
Сонымен, жұмыстың мақсаты мен міндеті бидай дақылының өнімділігін арттыру, морфофизиологиялық ерекшеліктерін анықтап, оптимизациялау үшін минералды тыңайтқыштар технологиясын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі.
1- ТАРАУ. ЖАЗДЫҚ БИДАЙДЫҢ АГРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1.1. Жаздық бидайдың биологиясы және ботаникалық сипаттамасы
Бидай — әлемдегі ең кеңінен таралған дақыл, 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады. Бүкіл дақылдар өнімінің 60 %-ы бидайдан алынады. Адам организміне қажетті белоктар мен көмірсулар (углеводтар), витаминдер А, В, ЕЬ, Вб, РР, С, Д, Е, минеральды түздар және басқа да заттар бидай дәні қүрамында бар. Бидай белогындағы амин қышқылдары құрамы үйлесімді және организмге сіңімді [12, 13, 14-16].
Жүмсақ бидай дәніне қарағанда қатты бидай дәнінде белок көбірек. Бірақ жүмсақ бидайдың көптеген сорттарының дәні өте сапалы, оларды «күшті» бидай деп атайды.
Әлемдік стандарт бойынша бидай дәніндегі белок мөлшері 13,5%-дан кем болмауы керек. Қазақстанда өсірілген жаздық жұмсақ бидай сорттары дәніндегі белок мөлшері 1 2-19,8 % [17], клейковина мөлшері 19-31,4 % аралығында болды [18]. Бұл әлемдік стандарт деңгейіндегі көрсеткіш. Яғни, Қазақстанда өсірілетін жүмсақ бидайдың коммерциялық сорттары генетикалық тұрғыдан жоғары сапалы [17].
Бидай (Тгііісum L. туыстығы) астық (злак) тұқымдастығына (Graminea) жатады [13]. Қазіргі жүйелеу (систематикалау) бойынша (В.Ф.Дорофеев, 1980) ТгШсит туыстығында 27 түр бар [20]. Олардың негізгілері соматикалық клеткалардағы хромосомасына қарай 4 генетикалық топтарға бөлінеді [16, 19].
Бірінші тобы — 14 хромосомды диплоидты бидай түрлері:
- Тr. Trісum aegilopodies Linк — жабайы бір дәнді бидай.
- Тr.urartu Tum — жабайы Урарту бидайы.
- Тr. monococcum L. — бір дәнді мәдени бидай.
Eкінші тобы — 28 хромосомды тетраплоидты бидай түрлері:
- Тгісum сһаldicum — Халд бидайы.
- Тr. dicocoides (Когп). Ааr — жабайы қос дәнді бидай.
- Тr. Тіторһееуі Zһuк. — Зандури бидайы.
- Тr. раlаео-соlсһісum Меn — колхида қосдәнді бидайы.
- Тr. Dicococum Schubl — полва бидайы.
- Тr.durum Desf. — қатты бидай.
- Тr. Aethiopicum Jakubz — Абиссиния бидайы.
- Тr.turgidum L. – тургидум бидайы.
- Тr. carthlicum Nevski – қарталы бидайы.
- Тr. turanicum Jakubz – Туран бидайы.
- Тr.polonicum L. – Польша бидайы.
Үшінші тобы – гексаплоидты бидай.
- Triticum macha – Мах бидайы.
- Тr.spelta L. – Спельта бидайы.
- Тr. aestivum L. — жұмсақ бидай.
- Т compactum Hoct- карлик бидай.
- Т Sphaerococcum Perc.- домалақ дәнді бидай.
- Т Vavilovi Jakubz – Вана бидайы.
- Т amplissifolioum Zhuk – жалпақ жапырақты бидай.
Төртінші тобы – оклаплоидты бидай.
- Triticum funicidum Zhuk – жалпақ жапырақты бидай.
ТМД елдері аймағында, соның ішінде Қазақстанда бидайдың негізінен екі түрі – жұмсақ, бидай ең көп егіс көлемінде өсіріледі.
- кесте. Жұмсақ бидайдың түршелері және олардың негізгі сипаттмалары [21]
Түршелер аттары |
Қылтықты немесе қылтықсыздығы |
Масақ түсі |
Масақтың түктілігі |
Дән түсі |
Lutescens A1- |
қылтықсыз |
ақ |
түксіз |
қызыл |
Albidum A1 — |
-*- |
-*- |
-*- |
ақ |
Milturum A1- мультурум |
-*- |
қызыл |
-*- |
қызыл |
Erythospermum Korn- эритроспермум |
қылтықсыз |
ақ |
-*- |
|
Ferrugineum A1- ерригинеум |
-*- |
|
-*- |
|
Calsium-цезиум |
-*- |
|
-*- |
-*- |
Hostianum-гостианум |
-*- |
ақ |
түкті |
-*- |
Velutinum-bелютинум |
қылтықсыз |
|
-*- |
-*- |
Barbarossa-Барбаросса |
қылтықсты |
қызыл |
-*- |
-*- |
Alborum Korn альборубрум |
қылтықсыз |
|
түксіз |
ақ |
1.2. Жаздық бидай өнімділігінің агробиологиялық
ерекшеліктері
Жаздық бидай бір жылдық өсімдік. Оның өсіп даму дәуірі сортына байланысты 70-120 күн аралығында болады. Бидайдың өсіп даму фазалары (кезеңдері) төмендегідей: 1)тұқымның өнуі; 2)өскіннің «тебендеп» шығуы; 3) үшінші жапырақтың пайда болуы; 4) түптенуі; 5) түтіктенуі; 6) сабақтануы; 7) дақылдың бас алып масақтануы; 8) дәннің сүттенуі; 9) қамырлануы; 10) дәннің толық пісуі.
Ғалымдардың пікірі бойынша [21, 22], астық түқымдас злак өсімдігі, соның ішінде бидай — монокарптық сабақтар жүйесі, олардың төменгі буындары өте қысқарған. Өсімдіктерде жанама сабақтар мен қосымша буын тамырларының пайда болуы қысқарған буынаралықтарда, яғни түптену буынында өтеді. Негізгі өнім құраушы әрі фотосинтездеуші жүйе — бұл жеке өскен бір өсімдік емес, олардың қауымдастығы — агрофитоценоз, қысқаша агроценоз, яғни бүкіл егістік. Астық тұқымдас дақылдардың (бидай, арпа, сұлы) өмір сүру формаларын экологиялық — фенотиптік тұрғыдан жүйелеу нәтижесінде олардың негізгі төрт (типі) бар екені анықталды
- түрі (типі) — дәннен бір сабақты (масағымен) өсімдік өсіп жетіледі. Мұндай жағдайда тек үрық тамырлар өсіп дамиды. Астық тұқымдас ақылдардың осы типі егістігі түқым көп мөлшерде себіліп, тереңге сіңірілген немесе ылғал өте аз тәлімі жағдайда қалыптасады;
- түрі (типі) — егілген дәннен бас және жанама сабақтары бар өсімдік өсіп шығады. Түптену буынынан шығатын қосымша тамыр жүйесі нашар дамыған немесе тіпті өспейді. ¥рық тамыр жүйесі барлық сабақтардың дүрыс дамуын қамтамасыз ете алмайды. Жанама сабақтардың біразы жойылады, ал қалғандары нашар өсіп дамиды,
оның масақтарындағы дәндер семік болып, өнімділігі төмендейді;
III түрі (типі) — себілген дәннен бас және алғашқы кезекте пайда болған жанама сабақтары бар өсімдік қалыптасады, әрбір сабақ түбінен қосымша тамыр жүйесі жақсы дамиды. Осылай дамыған әрбір түп өсімдік бір мезгілде өсіп дамыған 2-5 жанама сабақ бере алады. Осы тип бойынша өсіп дамыған астық тұқымдас дақылдар егер топырақ қүнарлы болып, қоректік заттар және ылғал жеткілікті болса ең жоғары өнім береді,сабақтары берік болып, жатып қалмайды.
ІҮ түрі (типі) — егілген дәннен бас және алғашқы кезекте пайда болған жанама сабақтары бар өсімдік қалыптасады, түптену түйінінен екінші қосымша тамырлар жүйесі өсіп жетіледі. Бірақ, түптену процесі осымен аяқталмай, бүкіл өсу дәуірі бойынша жүріп, екінші кезекте және одан кейін пайда болған жанама сабақ өседі. Дегенмен, кейінгі сабақтардың өсіп дамуы әдепкілерінен қалып кешігеді, біраз сабақтар масағының өнімі төмен болып, ал кейбір сабақтарда тіпті масақта болмайды. Өсімдіктердің мұндай типі сирек егістерде, түптену процесіне қолайлы жағдай болып, екінші қосымша тамырлар пайда болғанда байқалады. Мұндай егістікте (агроценозда) дақылдың пісіп жетілуі ұзарады, кейінгі пайда болған жанама сабақ масақтарындағы дәннің нашар толысып пісуі әсерінен егістік өнімі төмендеп, технологиялық және тұқымдық сапасы нашарлайды [23,24]
Егер топырақтың үстіңгі қабатында ылғал аз болса (мұндай жағдай қөктемде жиі болады, немесе егістік суарылмаса), қосымша тамырлар дамымайды. Нәтижесінде бас сабақтағы қоректік заттардың бір бөлігі жанама сабақтарға өтіп, оларды қоректендіреді де, бас сабақтың өсіп дамуы нашарлап кешеуілдейді. Ал, қоректік заттар мен ылғал жетіспеген жанама сабақтардың бір бөлігі нашарлап шетінейді, сосын қурап қалады. Мұндай жағдайда егістіктегі дақылдың (бидайдың, арпаның, сұлының, тарының) түптенуі дән өнімін құрауда теріс роль атқарады. Егер әрбір жанама сабақтардың түбінде жақсы дамыған қосымша тамыр жүйесі болса, бұл сабақтар бөлек, тәуелсіз қоректене алады, буынаралықтары ұзарып, әрбір жапырақ алаңы көлемі ұлғаяды, нәтижесінде бас сабақпен бірдей, синхроньды өсіп дамиды. Мұндай ІІІ-типті егістіктегі дақылдар (бидай, арпа, сұлы, тары) ең жоғары әрі сапалы өнім беріп, жатып қалмау қасиеті күшейе түседі 22, 23, 24].
Ш-тип бойынша дамыған дақылдың потенциальды мүмкіндігін қалыптастыру үшін керекті жағдайлар: 1) бас сабақпен алғашқы кезекте пайда болған жанама сабақтардың бірдей, синхроньды дамуы;
- әрбір жанама сабақ түбінен қосымша тамыр жүйесінің өсіп дамуы; екінші және үшінші кезекте, кейін пайда болатын, керек емес, ІҮ- типке тән жанама сабақтарды болдырмау. Ол үшін түптену фазасы кезінде топырақта ылғал жеткілікті болуы және де үстеме қоректендіру беру керек [22-27]. Сонымен, егістікте (агроценозда) өсімдіктердің біркелкі орналасуы және оптимальды тығыздылықта болуы нәтижесінде негізгі агроэкологиялық факторларды (жарық, жылу, ылғал, қоректік элементтер және көмір қышқыл газын) дұрыс пайдалануына қолайлы жағдай туындайды. Яғни, жоғары әрі сапалы өнім қалыптастыратын негізгі факторлар: а) егістіктегі (агроценоздағы) өсімдік саны оптимальды болуы; б) ондағы әрбір өсімдіктің және оның жанама сабақтары мен жанама буын тамырларының жақсы өсіп-дамуы [6, 7, 23, 24].
1.3. Жаздық бидай өніміне әсер етуші негізгі агроэкологиялық факторлар
Жарық режимі. Бидайдан жоғары өнім алу деңгейін анықтау-фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) мөлшеріне, қолайлы ауа райына және оптимальды (үйлесімді) агротехникада өсірілген жаздық бидай сорттарының биологиялық өнімділігіне байланысты. М.К.Каюмовтың [31] мәліметі бойынша, 40-50 ендікте егістікке түсетін фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) мөлшері 3,2-2,0 млрд.ккал/га, ал биомасса өнімі гектарына 400-250 центнерге дейін жетеді. Осы ендікте Арал өңірі де (43-46 ) орналасқан [32].
Бидайдың даму процестерінің дұрыс жүруі үшін оның фотопериодтық реакциясының маңызы бар. Дақылдың гүлденуі үшін күннің ұзақтығы тәулігіне 12-14 сағат болып, жарық мөлшері 1800-2000 люкстен кем болмауы керек [19].
Бидай дақылының өсу дәуірі (сәуір-шілде) кезінде, әсіресе масақтану фазасынан кейін Арал өңірінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмен — 29-34 % аралығында, кейде одан да төмен болады. Жаз айының көпшілік күндерінде аспан бұлтсыз болып, ауа қүрғақ әрі таза болады. Сондықтан, күн сәулесі энергиясы ауа арқылы өткенде атмосферада қалып қоймайды, нәтижесінде бидай егісіне көп мөлшерде фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) келіп түседі [32].
Сонымен, қазіргі кезеңде Арал өңірі жағдайында күн сәулесі энергиясы бидай өнімділігін шектеуші факторға жатпайды. Шаруашылықтарда өсірілген жаздық бидай егісі фотосинтетикалық белсенді радиацияның (ФБР) 0,5-0,8 %-дай ғана мөлшерін қабылдап бойына сіңіреді. Нәтижесінде өнім 11-14 ц/га аралығында болып отыр, ал бұл суармалы егіншілік жағдайы үшін өте төмен өнім. Сондықтан, егіншілердің қазіргі кезеңдегі ең басты мақсаты, күн сәулесі энергиясын пайдаланудың тиімді әсері коэффициентін (ТӘК) 1,5-3,0 %-ға дейін арттыру болып табылады.
Өсімдіктердің күн сәулесі энергиясын қабылдап бойына сіңіруі жапырақ алаңы көлеміне байланысты. Қызылорда облысында аудастырылған жаздық бидай сорттары егістігінің жапырақ көлемі 45-55 мың м2/га, ал жапырақ алаңы индексі (ЖАИ) — 4,5-5,5 м /м болғанда ең жоғары өнім алынады. Оптимальды (үйлісімді) тығыз егіске келіп түсетін қысқа толқынды радиацияның 60-90 %-ын сіңіреді, 10-30 % ауаға кетді, ал тек 5-10 %-ы ғана егіс арасынан өтіп, топыраққа сіңеді. Егістікте қабылданған күн сәулесі радиациясының 80-90 %-ы жапырақ арқылы қабылданады, ал қалған 10-20 %-ы сабақтар, масақтар және өсімдіктің басқа да органдары арқылы қабылдап бойына сіңіреді. Сонымен, суармалы егіншілік жағдайында күн сәулесі энергиясын көп мөлшерде қабылдайтын бидайдың оптимальды жапырақ көлемі 45-55 мың м2/га. Бұл деңгейге жаздық бидайдың егістіктегі қалыңдығы бір шаршы метр жерде 240-260 түп өсімдік немесе 600-650 масақты сабақ болғанда жетеді.
Егер егіс сирек болып, жапырақ көлемі аз болған жағдайда фотосинтетикалық белсенді радиацияны (ФБР) қабылдау мөлшері төмендейді, өйткені күн сәулесі радиациясы сирек өсімдіктер арасынан өтіп топыраққа сіңеді, ал бір бөлігі шашырап ауаға кетеді. Егістік өте қалың (тығыз) болған жағдайда өсімдіктердің бір-біріне көлеңкелеу және басқа да зиянды ценоздық әсері күшейе түседі. Аталған осындай жағдайдың бәрінде егістіктің дән өнімі төмендейді,
Температура режимі. Жаздық бидай салқын температура жағдайына төзімді дақыл. Бидай дәні 1-5 С-та өне бастайды, бірақ 2-4°С аралығында баяу өседі. Дәннің жақсЫ өніп шығуы үшін қолайлы температура Ю-15Х [21, 33, 34]. Дән орналасқан тереңдікте температура төмендеу (6-10°С) болса гриб ауруларымен, соның ішінде қаракүйе ауруымен аз зақымданады [13].
Қазақстанда, соның ішінде Арал өңірінде егілетін жаздық бидай сорттары да ядровизацияны қажет етеді. Яровизация қалыпты өтуі үшін қолайлы температура 2-5°С-тан Ю-і2°С-қа дейінгі аралық және бұл процесс 5-14 күнге созылады [19].
Өніп шыққан алғашқы өскіндер 1-3 С суықты көтере алады. Түптену фазасының дұрыс өтуіне жақсы әсер ететін температура 10-12°С, ал сабақтану (түтіктену) кезеңінде дақыл біршама жоғары температураны керек етеді. Масақтану, гүлдену кезеңдерінде ең қолайлы температура 20-25°С, ал дәннің толысу-пісуі фазаларында -18-26°С [33,34].
Жаздық бидайдың өсіп даму дәуірі сортына байланысты 90-105 күнге созылады, ал осы кезең аралығында керекті температуралар қосындысы 1550-1800°С. Бұл тәуліктік орташа температура +10 С-тан жоғары болатын кезең аралығына сәйкес келеді.
Минеральды, әсіресе азот тыңайтқыштарының тиімділігі температуралық жағдайға байланысты. Яғни, жаздық бидай егістігінде мол дән өнімі орташа температура 16,5-20 С болғанда қалыптасты, ал температура 30-35°С-тан жоғары болғанда дәннің толысып пісу кезеңі қысқарып, өнім төмендеді. Орташа тәуліктік температура 10С-қа көтерілгенде өнім 10 %-ға дейін төмендейді [35, 36].
Жаздық бидайдың масақтанып, гүлдену кезеңінен кейін, дән толыса бастаған кезде Арал өңірі жағдайында ауа температурасы 35-45 С аралығында болады. Яғни, бидай дәнінің толысуы қолайсыз жағдайда өтеді.
Суару режиміне талабы. Жаздық бидай ылғалды жеткілікті мөлшерде қажет ететін дақыл, оның транспирациялық коэффициенті -450-500.
Жаздық бидайдың ылғалды қабылдап сіңіруі (тәулігіне м7га) төмендегідей [28; 29]:
а) себу-түптеу аралығында — 12,2 м3/га тәулік;
ә) түптену-сабақтану кезеңінде — 36,9 м3/га тәулік;
б) сабақтану — масақтану кезінде — 64,5 м /га тәулік;
в) масақтану — дән толысу кезеңінде — 66,2 м3/га тәулік;
г) дән толысу — сүттену кезеңінде — 57,3 м /га тәулік;
д) дән сүттену — толық пісу кезеңінде — 29,5 м /га тәулік.
Жаздық бидайдың ылғалға талабын дақыл сорттарының ерекшеліктеріне, аймақтың гидротермиялық режиміне, радиациялық балансына сәйкес анықталады [29, 30].
Дәннің жақсы көктеп шығуы үшін өзінің салмағынан 50-60 % ылғал керек, ал түптену кезінде ылғалды көбірек қажет етеді. Осы кезеңде топырақта ылғал жетіспесе, дақылдың өсіп дамуы баяулайды, әрбір жанама сабақтың түбінен қосалқы буын тамырлар өспейді, нәтижесінде өнім төмендеп, дән сапасы нашарлайды. Ылғалды ең көп талап ететін фазалары: түптену-масақтану — дән толыса бастау кезеңдері [29, 33, 34].
Яғни, жаздық бидайдың потенциалды өнімін шектеуші факторлардың бірі — дақылдың өсу дәуірінің алғашқы кезеңінде топырақта ылғалдың аз болуы [37].
Жаздық бидай өсу дәуірі кезінде суарғанға қайтарымы мол дақыл. Суаруды ертерек, органогенездің П-этапының соңы, III — этапының бастапқы кезінде, яғни түптену фазасының басында жүргізген өте тиімді. Бұл жағдайда бидай жақсы түптеніп, әрбір жанама сабақ түбінен буын тамырлары жылдам өеіп нығаяды. Нәтижесінде масақ ірі болып, дән көп байланады [16, 30].
Топырақ-мелиоративтік жағдайы және қоректену режимі. Топырақтың мелиоративтік жағдайына — топырақ түрлері, олардың тұздану деңгейі, берілетін судың минерализациялану мөлшері, жер асты суының тереңдігі, топырақтың қышқылдығы, себу алдында топырақты өңдеу сапасы және тамыр өркендеп өсетін топырақ қабатының қүрылымы жатады [30, 38].
Күріш өсіруші аймақтардың топырақ жамылғысы негізінен шөлейт жағдайда қалыптасқан топырақтар (сазды сұр топырақ, тақыр тәрізді және тақырлар) және гидроморфты (шалғынды-аллюмий, шалғынды-батпақты, батпақты) болып келеді. Олардың ішіндегі құнарлысы — шалғынды-аллювий, шалғынды-батпақты топырақтар. Түздану типі — хлоридты-сульфатты, бір метр топырақ қабатындағы тұздар мөлшері тығыз (құрғақ) қалдық бойынша 0,882-1,816 %. Жер асты суы тереңдігі 2-5 м. Топырақтың суды төмен өткізгіштік (фильтрациялау) қасиеті өте төмен. Атыз топырағына сумен көп мөлшерде ерітінді түздар келеді [32, 40].
Тыңайтқыштар беру жүйесі дұрыс болған жағдайда жаздық бидай аталған барлық топырақ типтерінде жоғары өнім береді.
Ауылшаруашылығы өндірісін интенсивтендіру — жүргізілген химияландыру шараларына, әсіресе қолданылған тыңайтқыштар мөлшеріне тікелей байланысты [32, 30, 38, 39, 41-43] өйткені бидай өнімін арттыруда және топырақ құнарлығын жақсартуда минеральды тыңайтқыштар өте күшті әсер ететін фактор [30,44].
Арал өңірінде күріш егіншілігін интенсивті дамыту 1965-1966 жылдары басталып, 1980-1990 жылдары егіс көлемі 95-110 мың гектарға жетті. Осы жылдарда минеральды тыңайтқыш қолдану күрт артып, орташа өнім гектарына 49-55 центнерге дейін жетті. Мысалы, 1965-1967 жылдары күріш ауыспалы егісіндегі әрбір гектар егіс танабына әсер етуші зат есебімен 43 кг/га минеральды тыңайткыштар енгізілсе, 1981-1985 жылдары бұл көрсеткіш 228 кг/га деңгейінде берілді [2, 30, 39, 43].
Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаздық бидай (күздік бидаймен қатар) дәнді дақылдар ауыспалы егісінде негізгі дақылдардың бірі ретінде егілуде. Яғни, жаздық бидай күріш, қызылша, мақта, темекі ауыспалы егістерінде де өндіріледі. Мысалы, күріш ауыспалы егісінде көп мөлшерде беріледі де, жаздық бидай егісіне өте аз мөлшерде берілуде.
Арал өңіріндегі суармалы егіншілік жағдайында берілген тыңайтқыштардың тиімділігін арттыратын екі фактор бар:
1) товарлы күріш өндіруді интенсификациялау кезеңі (1965-1990 жж.) аралығында қарашіріктің (гумус) алғашқы тың жерлер кезіндегі дейгейі (1,8-2,5 %) көп мөлшерде азайып, 0,8-1,1% деңгейіне жетті, ал бұл өз кезеңінде топырақ қүнарлығын төмендетті;
2) суармалы егіншілік жағдайында ылғал жеткілікті болғанда берілген тыңайтқыштардың тиімділігі арта түседі.
Жоғары өнім кұрау үшін жаздық бидай топырақтан көп мөлшерде қоректік заттар алып бойына сіңіреді.
Өсімдіктер табиғатта кездесетін элементтердің барлығын сіңіреді, соның ішінде біреулерін көп мөлшерде, кейбіреулерін аз мөлшерде қабылдайды, бірақ солардың арасында 20-25 элемент биологиялық тұрғыдан өте қажетті. Күріш және бидай дақылы үшін биологиялық аса қажетті элементтерге: көміртегі, оттегі, сутегі, азот, фосфор, калий, натрий, магний, кальций, кремний, күкірт, хлор, ванадий, хром, молибден, марганец, темір, кобальт, мыс, мырыш, селен, фтор, иод, бор, қалайы (олово) жатады. Бидай денесіндегі құрғақ заттардың негізгі массасы — көміртегі, оттегі, сутегі, азот элементтерінен қүралған. Сондықтан, бұл элементтерді —органогендер деп атайды. Бидайдың осы элементтерді сіңіріп пайдалануы фотосинтез, тыны салу, су режимі процестерімен- тығыз байланысты. Бидай ұлпаларындағы азот, фосфор, калий мөлшері 0,1-10 % аралығында. Сондықтан бұларды макроэлементтер деп атайды. Дақылдың құрғақ заттары құрамындағы кальций, магний, күкірт мөлшері 0,1-0,5 % аралығында болып макроэлементтер мөлшеріне жақын. Қалған биологиялық аса қажетті элементтер бидайдың қүрғақ биомассасында 0,15-0,01% аралығында болса, олар — микроэлемент-тер, ал 0,01 %-дан аз болса — ультрамикроэлементтер деп аталады [45, 46, 55, 56].
Азот — белоктар, нуклейн қышқылы, ферментер, оның ішінде НАД және НАДФ, витаминдер және басқа да органикалық заттар құрамының негізгі компоненті. Сондықтан азоттың жеткілікті мөлшерде болуы фотосинтез процесін күшейтіп, бидайдың жылдам өсуіне және жоғары биомасса қүрауына жағдай жасайды.
Д.А.Прянишниковтің [47] пікірі бойынша, топырақта сіңімді азоттың мөлшері қаншалықты көбейсе, дақылдардың өнімі де соншалықты артады. Бірақ, топырақтағы азот тым көп болған жағдайда бидайдың вегативті мүшелері (органдары) күшті өсіп, үзарады, көп түптеніп, дақыл жатып қалуы мүмкін. Ал, топырақта азот аз болғанда бидайдың жапырақтары сарғайып, кейін өліп кұрайды [13].
Зерттеу нэтижелеріне [13] қарағанда, азот тыңайтқышы бидай сабағының анатомиялық құрылысына да әсері бар. Топырақта азот көп болғанда бидай сабағы үзарып өседі, бірақ склеренхима қабаты болады. Калий өсімдіктегі көмірсулар (углеводтар) қозғалысына және көмірсу — белок алмасу процееіне қолайлы әсер етеді [54, 55], механикалық ұлпалардың синтезделіп құралуын қамтамасыз етіп, гриб ауруларына төзімділігін күшейтеді [13].
Бидайдың жас мүшелерінде (органдарында) калий көбірек болады, өсу дәуірінің соңына таман калий өсімдіктің басқа жас органдарына жылжиды. Жаздық бидайдың калийді ең көп сіңірген кезеңі — масақтану фазасы.
Арал өңірі топырақтарындағы калий мөлшері зерттеліп анықталған жоқ. Ал, тәжірибе жүргізілген учаске топырақтарында калий мөлшері (200-300 мг/кг) орташа деңгейде болды. Дегенмен, бұл өңірде ұзақ жылдар (1965-2005 ж.ж.) бойы күріш, бидай және басқа дақылдар егіліп, егістікке калий тыңайтқышы берілмегендіктен топырақтағы калий мөлшері азайған болуы мүмкін.
Сондықтан бидайды себу алдында калий тыңайтқышын беру дақылдың өсіп даму процестерін күшейтіп, дән өнімділігін арттырады.
Жаздық бидай егісінен жоғары әрі сапалы өнім алу үшін тыңайтқыштарды, оның ішінде калийді жыл сайын жеткілікті мөлшерде беру керек. Бидайдың қоректік заттарды көп мөлшерде қажет етуі түптену-масақтану кезеңі аралығында болады. Өйткені, бұл кезеңде тамыр жүйесі, бас сабақ пен жанама сабақтары және жапырақтары тез өсіп, фотосинтез процесі күшейе түседі, осының әсерінен биомасса интенсивті құралады. Көктеп шығу-түптену кезеңі аралығында (3 жапырақты кезден -6-7 жапырақты кезге дейін) жаздық бидай дақылы азотты көбірек қажет етеді. Осы кезеңде фосфор және калийде өте қажет. Аталған қоректік элементтердің жеткіліксіз болуы өсімдіктегі белок алмасу процесін нашарлатады, тамыр жүйесі мен жанама сабақтары баяу өсіп дамиды, масақта дән аз байланып, олардың біразы ұшық (семік) болып, өнім азаяды. Сондықтан себу алдында азот және фосфор тыңайтқыштарын енгізу және түптену кезеңінің басында азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіру егісте мол әрі сапалы дән өнімінің құралуына жағдай жасайды. Жеткілікті мөлшерде азот-фосфор берілгенде калий тыңайтқышын енгізу (беру) тиімді. Берілетін азот, фосфор және калий тыңайтқыштарының ара қатынасы топырақ құнарлылығына және егістегі өсімдіктердің қалыңдығына байланысты болуы керек.
Микроэлементтер. Ауыспалы егістегі негізгі дақыл-күріштің өнімі көбеюіне сәйкес топырақтан дегізгі қоректік элементтерді көп мөлшерде сіңіреді. Сондықтан, күріш егісіне берілетін тыңайтқыштар мөлшері артуда [56-58]. Бұл егіншілікте микроэлементтерді қолданудың керектігін көрсетіп отыр. Микроэлементтерді «топырақ-адамдардың тамақтануы» цикліне қосуы өсімдіктердің қоректенуінен басталады, өйткені адамның дұрыс өсіп дамуы үшін бор, мыс, мырыш, марганец, молибден, кобальт т.б. элементтер азғантай мөлшерде болса да керек [59-66].
Көптеген ғалымдар [45, 60, 64-66] мырыш, молибден, мыс, бор, кобальт, марганец, ванадий бар тыңайтқыштарды қолданғанда ауыл шаруашылығы дақылдарының, соның ішінде бидайдың өнімі артып, дән сапасы жақсарғанын анықтады. Микроэлементтерді қолданғанда оның тиімділігі — топырақ жағдайына (карбонаттылығы, эрозияциялануы, тұздануы, орта реакциясы), агротехникалық жағдайларға (көп жыл қатарынан күріш егу) байланысты. Бидай егісіне микроэлементтерді енгізудің керектігі топырақ анализі нәтижесіне, вегетациялық және далалық тэжірибелер нэтижесі негізінде анықталады [45, 59, 63, 66].
Микроэлементтер қолданылғанда дақылдың өсіп дамуы жылдамдатылып, дән өнімін көбейтеді, ауруларға төзімділігі артады, қорғану реакциясы күшейеді. Өйткені, көптеген биохимиялық реакцияларды кэдімгі температурада күшейтетін ферменттер құрамында микроэлементтер бар. Осы ферменттердің қатысуымен синтезделу, ыдыратып бөлшектеу, органикалық зат алмасу реакциялары жүреді [59, 63, 66]. Сондықтан, оптимальды (оңтайлы) мөлшерде микроэлемент қолданудың мәні үлкен.
2-тарау. ЖАЗДЫҚ БИДАЙДЫ ӨСІРІП ЗЕРТТЕУ ОРНЫ, ТАБИҒИ ЖӘНЕ АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
2.1. Топырақ-климат, мелиоративтік және агроэкологиялық жагдайы
Сыр өңірінің топырақ-климат жағдайы ертеден-ақ зерттелген [67-71].
Қазақстанның оңтүстік облыстарында суармалы егіншілікке жарамды 8 млн. гектар жер бар. Олар Шардара су қоймасынан бастап Сырдария өзенінің екі жағасында Арал теңізіне дейін орналасқан. Территория бойынша Шымкент және Қызылорда облыстарына жатады. Суармалы егіншілік үлкен массивтерде (аймақтарда) орналасқан: олар — Қызылқұм, Түгіскен, Жаңақорған-ІПиелі, Қызылорда және Қазалы алқаптары [72, 73]
Қазақстан Республикасының Қызылорда облысы — 226,0 мың км» жерді алып жатыр. Шығысы мен оңтүстік-шығысында Шымкент облысымен, солтүстігінде — Қарағанды (Жезқазған), солтүстік-батысында — Ақтөбе облыстарымен, оңтүстігінде — Өзбек Республикасымен шектеседі (1-сурет).
Облыс Сырдария өзенінің төменгі ағысының бойында, Азия шөлінің белдеуінде орналасқан Туран ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр. Батысында — Арал теңізі, оның солтүстік және шығыс бөлігі жиегіндегі аралдармен қоса облыс құрамына енеді. Жазықтың абсолюттік деңгейі оңтүстікте 200 м, Арал теңізінің жағасында — 53 м. Облыстың оңтүстігі мен батысында жал-жал, ойдым-ойдым, төбе-төбе құмдар алқабы бар [30, 72, 73].
Облыстың климаты шұғыл континентті: жазы ыстық, қысы суық, қар алағат түседі. Облыс бойынша ауаның орташа жылдық температурасы +7-11°С. Орталық Азияға тән атмосфералық процестер, ауа массаларының, соның ішінде циклондардың жылжуы Арал өңірінің климаттық ерекшелігін анықтайды. Батыстық ылғалды және солтүстіктен келетін суық ауа массалары температураны төмендетіп, жауынның немесе қардың жаууын туындатады [30, 73].
Жылдың жылы кезеңі үшінші аймақта (Арал, Қазалы аудандары) 20-25 наурыздан 8-15 қарашаға дейін, екінші аймақта (Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында) 14-18 наурыздан 11-16 қарашаға дейін, бірінші аймақта (Жаңақорған, Шиелі аудандарында) 3-6 наурыздан 20-23 қарашаға дейін. Ең суық ай – қаңтар, ең жылы ай – шілде. Облыс территориясында жаз ыстық және ұзақ болады. Ең жылы айда (шілдеде) ауаның орташа температурасы 26-280 С төңірегінде болады.
2-кесте. Егіншілік аймақтарындағы ауа райының негізгі көрсеткіштері (1972 – 2007ж.)
Көрсеткіштер
|
Егіншілік аймақтары және метеостанциялар |
|||
Түгіскен (Аққұм) |
Жаңақорған Шиелі |
Қызылорда |
Қазалы |
|
Ауа температурасы +10°С-тан ауысуы: көктемде күзде |
3.04 13.09 |
5.04 14.10 |
9.04 9.10 |
14.04 10.10 |
+100С-тан жоғары темпера-турасы бар күндер саны |
192 |
191 |
182 |
176 |
Кезең ішіндегі +10°С-тан жоғары температура қосындысы |
4176 |
3929 |
3724 |
3650 |
Ауа температурасы +15°С-тан ауысуы: көктемде күзде |
21.04 26.09 |
22.04 26.09 |
26.04 21.10 |
30.04 21.09 |
+15°С-тан жоғары температурасы бар күндер саны |
157 |
156 |
147 |
143 |
Кезең ішіндегі +15°С-тан жоғары температура қосындысы |
3782 |
3482 |
3281 |
3217 |
Суық болмайтын кезең ұзақтығы, күндер |
178 |
177 |
176 |
167 |
Шіоде айындағы орташа температура, °С |
29,2 |
26,0 |
25,8 |
26,1 |
Жауын шашын мөлшері, мм Бір жылда мамыр-қыркүйек айларында |
159 29 |
119 24 |
109 31
|
124 40 |
құрғақшылық жылдары небәрі 30-80 мм, ал ылғалы мол жылдары 200-215. мм жауын жаууы мүмкін. Келіп түсетін жалпы радиация қосындысы 116-127 ккал/см2. Облыстың температура ресурсы ерте дәнді дақылдарды өсіруге жеткілікті [30, 73].
Ауаның 10 С-тан жоғары жылы температураның жиынтығы бірінші аймақта — 3800-4200°С, екінші аймақта — 3700-4100°С, үшінші аймақта — 3500-3800°С. Облыс территориясындағы жылудың мол қоры суармалы жағдайда дәнді дақылдар, көкөніс (овощ), бақша, жеміс-жидек дақылдарын өсіруге мүмкіндік береді [30, 73].
2.2. Арал өңіріндегі егіншілік аймақтарының агроэкологиялық және топырақ-мелиоративтік сипаттамалары
Түгіскен аймагы — шөл зонасының жусанды-эфемерлі даласын алып жатыр. Аймақтың негізгі бөлігінде тақыр тәрізді топырақ (41 %) дамыған. Дарияға жақындаған сайын шөлге айналған шабынды топырақ (20 %), шөлейттенген (12 %) және шалғынды-батпақты топырақтар бар (20 %). Су өткізу мүмкіндігі 55 м куб/сек Келінтөбе магистральды каналы арқылы аймақ суландырылады [30, 73].
Аймақтың табиғи жағдайы күріш және ерте дәнді дақылдар өсіруге қолайлы, өйткені топырағы қүнарлы, жазда күн сәулесі мол, қүрғақ ауа райы қалыптасады және сумен жақсы қамтамасыз етілген. Дақылдарды өсіруге қолайлы жылы күндер үзақтығы — 192-226 күн.
Бұл аймақта көктемдегі суық кезең сәуірдің екінші он күндігінде аяқталады, ал күздегі суық қазанның бірінші он күндігінде түседі, яғни суықсыз кезең үзақтығы 157-178 күн. Көктемдегі ең соңғы суық наурыздың екінші-үшінші онкүнтігінде, кейде сәуірдің басында болып өтеді, ал өте қолайсыз жылдары мамыр айында да болуы мүмкін. Түрақты қар жамылғысы қарашаның аяғында пайда болып, наурыздың екінші-үшінші он күндігінде түгел еріп кетеді. Қар қалыңдығы жүқа 8-10 см, немесе оданда аз. Қар жамылғысының ерімей жату ұзақтығы 50-70 күн. Аймақтағы топырақ негізінен екі түрлі: суармалы егіншілік (күріш плантациялары және дәнді дақылдар) орналасқан бөлігінде шалғынды-батпақты топырақтар, ал басқа жерлерде тақыр тәрізді тұзданбаған, немесе аздап тұздаған топырақтар бар.
Жаңақорған-Шиелі суару аймағы — облыстың оңтүстік бөлігінде Сырдарияның оң жағасында орналасқан және егіншілікке жарамды жерлер көлемі үлкен. Аймақ Жаңашиелі және Сунақта ирригацйялық жүйелері арқылы суландырылады. Жаңашиелі каналының ұзындығы 89 км, су өткізу мүмкіндігі 102 м куб/сек. Сунақата суару жүйесі 1943 жылы салынған, канал ұзындығы 25 км, су өткізу мүмкіндігі 12 м куб/сек. Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы нашар, өйткені жер асты суы жақын орналасқан.
Қызылорда суару жүйесі — Сырдарияның екі бетіндегі Қызылорда облысының орталық бөлігінде орналасқан үлкен территорияны қамтиды. Бүған үш аудан — Сырдария, Жалағаш, Қармақшы административтік аудандары кіреді. Аймақтың топырақ жамылғысы әртүрлі, бірақ негізінен шалғынды-батпақты, аллювиальді шалғынды-батпақты топырақтар. Мұнда күріш өсіру тиімді. Тұздану типі-хлорлы-сульфатты. Тұздардың жинақталуы топырақтың бір қалыпты еместігіне және дренаждық қасиетіне байланысты. Оның үстіне суару суларымен бірге көп мөлшерде (22-28 т/га) тұз қосындылары келіп түседі. Жер асты суы 1-5 м тереңдікте жатады. Олардың минерализациялануы 1-13 г/л, бірақ көпшілік жағдайда 5-10 г/л болады [30, 73]. Ауа райы Түгіскен және Жаңақорған-ІЫиелі аймағының климатына ұқсас. Жазы ыстық әрі құрғақ, шілдеде температура 38-42°С-қа дейін жетеді, маусым-қыркүйек айларында жауын-шашын болмайды. Дақылдардың өсуіне қолайлы жылы кезең — 191-208 күн. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 50-120 мм, олардың көпшілігі қыс және көктем айларында жауады. Сондықтанда бұл жерлерде егіншілік тек суармалы жағдайда мүмкін. Көп жылғы мәлімет бойынша жылы кезең сәуірдің екінші он күндігінде келіп, қазанның бірінші он күндігінде суық түседі және жылы уақыт ұзақтығы 176-182 күн. Кейбір жылдары суық наурыздың екінші-үшінші онкүндігінде аяқталады, қарашаның басында қайтадан түседі. Осындай жылдары жылы кезең 200-215 күнге созылады. Қысы қысқа, суық, бірақ арасында жылы күндер жиі болады. Тұрақты қар жамылғысы желтоқсанның үшінші онкүндігінде қалыптасады, ал қары бар кезең үзақтығы 50-70 күн.
Қазалы суару аймағы. Сырдарияның екі бетінде орналасқан, 60 мың га жерді алып жатыр. Қазалы су торабы салынып біткеннен кейін бұл аймақта күріш егіншілігі интенсивті дами бастады. 1965 жылы мұнда күріш егісі көлемі 3,8 мың га болса, 1979 жылы 10,8 мың гектарға жетті, ал 2000 жылы 8,5 мың га болды. Топырағы және басқа табиғи жағдайы жоғарыда аталған аймақтармен үқсас. Дегенмен Сырдарияның төменгі сағасында топырақтың механикалық қүрамы ауырланып, сазды болады әрі тұздануы күшейе түседі. Тұрақты қар жамылғысы желтоқсанның екінші-үшінші онкүндігінде пайда болады және ұзақтығы 85-90 күн. Көктемгі жылы күндер Қызылорда облысының оңтүстігімен салыстырғанда 10-15 күн, ал күзде 5-7 күн кейін келеді.
Сонымен, Қызылорда облысының топырақ жамылғысы әртүрлі, дегенмен негізінен екі түрі бар: егіншілік зонасында ылғалды (гидроморфты) топырақ және қуаңшылық (субареальды) жағдайда қалыптасқан, көне суару жүйелері іздері бар шөл дала топырақтары. Осындай эртүрлілігіне қарамастан, шөл далалық жағдайына, ауа райына байланысты жазық жерлердегі топырақтардың кейбір ортақ қасиеттері бар [30, 73].
- Жоғары карбонаттылығы (көмір қышқыл эк 10-25 %). Тұзданған жерлерді сумен шайғанда карбонаттылық топырақтың тұздылығын азайтушы қасиеттердің бірі. Топырақта карбонаттардың көп болуы фосфор тыңайтқыштарының ерімейтін, бірақ өсімдіктер сіңіре алатын қосындылар түрлеріне айналуын жылдамдатады.
- Профилі аллювиальды топырақтар түрлеріне сәйкес қатпарлы
шөгінділер. Мұндай топырақтарда шаң тәрізді бөлшектер 40-75 %,
көлемі 1 -0,25 мм фракциялар өте аз, 1 мм-ден ірі бөлшектер жоқ.
З.Макроструктуралар жоқ,су өткізбейтін микроқұрылымдар көп.
4.Топырақтың жоғарғы қабаты (0-15 см), ал шөл дала топырағының орта қабаты (20-150 см) өте тұзданған. Түздану типі-хлорлы-сульфатты, күкірт қышқылының натрий, магний, кальций тұздары басым. Суармалы аймақтар тұздану деңгейі бойынша эртүрлі: Жаңақорған-Шиелі аймағының топырағы және жер асты суы аз деңгейде түзданған. Қызылорда аймағы топырағы орташа мөлшерде, ал Қазалы аймағы топырағы өте жоғары деңгейде түзданған.
- Микробиологиялық процесстер өте жылдам, интенсивті өтеді. Бұл органикалық заттардың жылдам шіріп бөлшектенуіне экеліп соғады. Барлық топырақ түрлерінде калий көп, жылжымалы фосфор түрлері орташа, немесе одан төменгі деңгейде, ал азот өте аз. Сондьщтан органикалық және минералды тыңайтқыштарды, әсіресе азоты көбірек беру керек [30, 70-73].
Жерді мелиорациялау нәтижесінде Қазақстан, соның ішінде Арал өңірі күріш егіншілігі жедел дамыған аймаққа айналды. Күріш пен дәнді дақылдарды (бидай) өсіріп жинаудың барлық процестерін (үдерістерін) механикаландыруға .мүмкіндік беретін инженерлік жүйелер жасалынды. Осы жүйелер негізінде күріш және басқа дақылдар өсірудің жаңа аймақтары игерілді. Олар: Алматы облысында — Ақцала, Шарын, Тасмұрын алқаптары (массивтері); Қызылорда облысында — Түгіскен, Жаңақорған-Шиелі, Орталық (Қызылорда) және Қазалы алқаптары; оңтүстік Қазақстан облысында — Қызылқұм алқабы [30, 72, 73]. Қазақстандық Арал өңірінде күріш егіншілігі 1965-1966 жылдардан бастап қарқынды дамыды, ал 1980-1990 жылдары бұл бағалы дақыл 90-100,3 мың гектар көлемінде өсірілді, дән өнімі Қызылорда облысы бойынша орташа 49-52 ц/га, бидай өнімі 12-15 ц/га деңгейіне дейін жетті. Күріш және бидай егісінен мұндай жоғары өнім алынған жағдайда бұл дақылдар негізгі қоректік элементтерді (МРК) көп мөлшерде топырақтан алып сіңіреді. Нәтижесінде ауыспалы егіс танаптарының топырақтарындағы минеральды қоректік элементтерінің айналымы ажыратылып, олар дәнмен, сабанмен әкетіледі. ¥зақ уақыт суға бастырылған күріш атызы топырағына оттегінің ауамен келуі тоқтатылады, топырақтың минерологиялық құрамы және қоректік заттардың тереңдік (профиль) бойынша орналасуы өзгерді. Мұндай өзгерістер жер асты суы жақын орналасқан және түзданған топырақтарда күштірек болады [30, 73].
Аталған қолайсыз жағдайларды өзгертіп жақсарту және топырақ құнарлығын арттыру үшін егістікке минеральды және органикалық тыңайткыштарды оптимальды мөлшерде беріп, көп жылдық шөптердің (жоңышқа, түйежоңышқаның) егіс көлемін ұлғайту керек. Өйткені көпжылдық шөптер күріш ауыспалы егісі танаптарының топырағын органикалық қалдықтармен көп мөлшерде байытып қамтамасыз етеді [30, 39, 73]. Бұл күріштің және бидайдың биологиялық өнімімен (дән, сабан) экетілген қоректік элементтерді «Қайтару заңдылығын» сақтауға мүмкіндіктер туғызады.
Қызылорда облысындағы суармалы жерлер көлемі 277,6 мың гектар, оның ішінде 206,0 мың гектары — инженерлі дайындалған жерлер. Мүнда 382 ауыспалы егіс, оның ішінде 285 күріш ауыспалы егісі 165,6 мың гектар жерлерге орналасқан. 2001-2002 жылдары ауыспалы егіс 70,7 %, яғни 117 мың гектар көлеміне күріш, бидай және басқа дақылдар орналасқан. Бұлардан басқа 21,9 мың гектар көлемінде 73 жемшөптік ауыспалы егіс, 4,5 мың гектарға орналасқан 24 көкөніс — бақша ауыспалы егістері бар [30, 73].
Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы агромелиоративтік зерттеулер және жер асты суларының тереңдік деңгейі мен тұздану режимі бойынша анықталды. Қазіргі кезеңде (01.01.2005 жылғы мәлімет бойынша) жавдайы жақсы деп бағаланатын суармалы жерлер көлемі 39,8 мың гектар, қанағаттанарлық — 104,8 мың га, жағдайы қанағаттанарлық емес — 70,1 мың га, оның ішінде топырағы тұзданған жерлер — 32,0 мың га, жер асты сулары деңгейінің тьім көтерілуі және тұздануы нәтижесінде құнарсызданған жерлер — 38,0 мың гектардан асады [30, 73, 74]. Күріш ауыспалы егісі танаптарындағы жер асты суларының режиміне әсер етуші негізгі факторлардың бірі егістікті суару тәртіптемесі. Жер асты суларының толығуы куріш егісін суару барысында судың фильтрацияланып, төменге сіңуі және жер асты суларымен қосылуы нәтижесінде болады.
Жер асты суларының азайып, деңгейінің төмеядеуі топырақтан судың булануы, дренаждық ағыс және жер асты суларының ағысы арқылы басқа жаққа әкетілуі немесе дарияға қайтадан құйылуы арқылы болады. Сондықтан, жер асты сулары деңгейінің өзгеруі жыл бойына екі кезеңге бөлінеді:
а) Өсу дәуірінде (мамыр-тамыз айлары) күріш атыздары мен каналдар ішінде су болғандықтан жер асты суы деңгеш көтеріледі;
б) Куз-қыс-көктемгі кезеңде каналдар мен күріш атыздарында су болмайды, нәтижесінде жер асты суы деңгейі төмендейді.
Арал өңірінде күріш ұзақ жылдар бойы (1965-2005 ж.ж.) өсірілуі әсерінен аймақтағы жер асты суларының деңгейі күріш еплген суармалы жерлерде және де күріш егілмеген көрші табиғи агрофитоценоздар астындағы сулар деңгейінің жалпы көтерілуше себепкер болды. 1980-1985 жылдарда күріш жыл сайьш 90-100,3 мың гектар жерлерге егіліп өсірілді. Бұл өз кезегінде жер асты суы деңгейінің көтерілуін туындатты. Мысалы, 1990-2000 жылдары жер асты суы деңгейі 2-3 м болатын суармалы жерлер көлемі артып, 199,5-221,3 мың гектарға жетті. Сонымен бірге, жер асты суларының минерализациялануы күшейіп, 1-3 г/л және одан да жоғары (5 г/л) болды. Сыр өңірінде Түгіскен, Жаңақорған — Шиелі Қызылорда, Қазалы алқаптарын игергенге дейін (яғни 1965-1966 жылдарға дейін) жер асты суларының режимі табиғи факторларға байланысты болатын және де гидрогеологиялық тип бойынша қалыптасатын. Жер асты суларын толықтырушы көз — Сырдария өзені еді, ал атмосфералық жауын — шашынның әсері жоқ. Ол кезеңдерде, яғни 1965-1974 жылға дейін суармалы жерлердің мелиоративтіх жағдайы қалыпты әрі тұрақты болатын. Жер асты сулары 4-6 м және оданда тереңге орналасқан және олардың жылдық (немесе маусымдық) ауытқуы 0,4-0,6 м аралығында еді.
Сырдария өзенінің суы табиғи қүнарлы сапасынан айрылған. Су құрамындағы органикалық және ылайлы бөлшектердің орнына зиянды қоспалар жылдан жылға көбейіп келеді. Өзен арнасынан минерализацияланған тұздар, пестицидтер және улы заттар қосылған қашырқы-дренаж сулары, өндіріс орындары мен елді мекендерден шыққан лас сулардың қосылуы (құйылуы) нәтижесінде дария суының сапасы нашарлауда. Мысалы, Сырдария өзенінің жоғарғы (бас) жағындағы суының минерализациялануы 0,3-0,5 г/л мөлшерінен төмен, ал Қызылорда қаласы тұсындағы өзен суының минерализациялануы 1,6-2,0 г/л. Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы су ресурстарының жылдан жылға азайған қолайсыз жағдайда дамуда.
Арал өңіріндегі суармалы жерлердің агроэкологиялық және мелиоративтік жағдайының нашарлауы коллекторлы-дренажды ағын суларда тұзды қоспалардың көбеюіне және жер асты суларының көтеріліп минерализациялануына байланысты. Бұл процесс күшейе түсуде, ал соңғы 10 жыл ішінде 60 %-ға артты. Мұның себебі: суару және жер асты суларының минерализациялануы, сонымен бірге бүкіл аймақтағы қашыртқы — дренажды жүйелердің нашар, бұрынғы проектілік қуатынан көп төмен жұмыс істеуіне байланысты. Нәтижесінде суармалы жерлер қайтадан тұзданып, құнарсызданып, біртіндеп айналымнан шығып қалуда. Атап айтқанда, Қызылорда Гидрогеологиялық — мелиоративтік экспедицияның зерттеулеріне қарағанда [74, 75], облыс территориясында тұзданбаған суармалы жерлер көлемі — 353 га, аз тұзданған жерлер көлемі — 113,6 мың га, орташа деңгейде тұзданған — 45,9 мың га, күшті тұзданып сорланған жерлер көлемі — 55,1 мың га. Топырақтың тұздану типі (түрлері)-хлоридті-сульфатты және сульфаты. Осыған сәйкес, күріш шаруашылығын одан әрі дамыту егіншілік мәдениетін жақсартып, дақылдар (күріш, бидай т.б.) өнімділігін арттыру үшін көптеген проблемаларды шешу керек [30, 73-75]:
— су ресурстарын тиімді пайдалану, күріш, бидай егіншілігі өнімділігін (дән-астық) арттыра отырып, су пайдалануды үнемдеп азайту;
— коллекторлы-дренажды жүйелер параметрлерін бұрынғы проектілік деңгейге жеткізу;
- тазаланбаған қашырқы-дренаж және суару суларын азайту, оның құрамындағы улы компоненттерден тазарту;
- инженерлі дайындалған суармалы жерлердің агромелиоративтік жағдайын жақсарту мақсатында кешенді шараларды іс жүзіне асыру, суару және қашырқы-дренаж жүйелерін тазалап реконструкциялау, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу;
- күріш, бидай және басқа дақылдарды өсірудің агроэкологиялық тұрғыдан негізделген сорттық технологиясын өндіріске енгізу; егіншілік саласын биологизациялап, ауыспалы егіс дақылдарының суару режимін, минеральды тыңайтқыштарды беру (қолдану) мөлшерін мерзімін және әдістемелерін оптимизациялап қолайландыру;
- арамшөптермен (күрмек, шиін, доңыз,қоға т.б.) күресу үшін агротехникалық және агробиологиялық әдістемелерін (мысалы, түйежоңышқа егісі көлемін ұлғайтып, жоғары өнімді егісін қалыптастыру арқылы арамшөптерді жою) тұжырымдап өндіріске енгізу және экологиялық түрғыдан залалсыз гербицидтерді қолдану;
- күріш ауыспалы егісі танаптары топырағының қүнарлылығын арттыру және агромелиоративтік жағдайын жақсарту шараларын үздіксіз жүргізу.
3 – тарау: ЖАЗДЫҚ БИДАЙ ӨНІМІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ МОРФОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дағдарысты Арал өңіріндегі күріш ауыспалы егісінде жаздық бидай егісі көлемі жылдан жылға өсіп келеді. Бұл бағалы дақылды мелиоративті және басқа танаптарда өсіру инженерлі дайындалған суармалы жерлердің тиімділігін арттырады, суды үнемдеп, ауыспалы егіс танаптарынан түсетін дән (астық) өнімін көбейтеді [2,5,30,33]. Сондықтан, күріш ауыспалы егісінде жаздық бидайды өсіру технологиялық зерттеп, морфофизиологиялық ерекшелігін және агроэкологиялық негіздемесін тұжырымдау керек. Яғни, бидай дақылының өнімділігін арттырып, дән санасын жақсарту үшін минералды тыңайтқыштарды қолдану жүйесін және өсіру технологиясын жетілдіру қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелердің бірі.
Тәжірибе 2006 жылы Арал өңірі агроэкологиясы және ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының Қарауылтөбе тәжірибе шаруашылығында жүргізіледі. Алғы дақылы – күріш, тәжірибе алаңы 30 м2 қайталануы 4 мәрте. Зерттеу үшін жаздық бидайдың Саратовская 29, Казахстанская 10 сорттары алынды. Тәжірибе схемасы 3 – кестеде келтірілген.
3 – кесте. Тәжірибе схемасы
Тыңайтқыштардың жылдық нормасы, кг/га (әсерлі зат есебімен) |
Тыңайтқыштарды енгізу әдістері, кг/га |
||
|
Себу алдында |
Үстеп қоректендіру |
|
Түптену кезеңі басында |
Масақтану кезеңінде |
||
1. N0P0 (бақылау) 2. P60 3. N60P60 4. N90P90 5. N120P60 6. N150P60 7. N150P90 8. N120P60 9. N150P90 10. N120P90 |
— P60 N60P60 N90P90 N120P60 N150P60 N150P90 N120P60 N150P90 N120P90 |
— — — — N30 N30 N30 — — — |
— — — — N30 N30 N30 N30 N30 — |
Дақылдардың морфогенезі жөнінде көптеген материалдарды тұжырымдағын Т.И.Серебрякова [21, 25], Н.А.Ламан және басқалары [22] астық тұқымдас злактердің өсу бірлігі – фитоөлшем концепциясын ұсынып негіздеді.
Фитоөлшем, немесе өсу бірлігі дегеніміз бұл дақылдың әр мезгілде бөлектенетін өсу конусы, жапырағы бар сабақ өсі бөлігі. Сабақтың осындай бөлігінің өзіндік өсуі нәтижесінде дақылдың ярустық өсуі іс жүзіне асады. Фитоөлшемнің дамуы жапырақ тақтайшасы мен қынабының біртіндеп өсуі нәтижесінде жүреді де, тілшенің пайда болуы арқылы толық бөлектенеді. Біздің зерттеу нәтижелеріміз бұл концепцияны дәлелдеді [7, 30].
Жинақталған ғылыми мәліметтерге [7, 21-23] қарағанда, астық тұқымдас дақылдардың (бидай, арпа, еүлы, тары) сабағы бөлек-бөлек фитоөлшемдерден тұрады. Олардың өсуі барысында даму процестері мен агроэкологиялық факторлардың біртіндеп ауысуына қарамастан сабақта бірнеше бөлектенген аймақты байқауға болады (1,2 сурет).
1) базальды аймақ — топырақ бетінде немесе шамалы тереңдікте орналасқан; 2) вегетативті өсу аймағы — бұл тік түрған сабақ; 3) гүл шоғыры (масақ), яғни репродуктивті аймақ.
Астық түқымдас злак өсімдІгі, соның ішінде бидай-монокарптық сабақтар жүйесі, олардың төменгі буындары өте қысқарған [22, 30]. Бидай өсімдігінде жанама сабақтар мен қосымша тамырларының пайда болуы қысқарған буын аралықтарда, яғни базальды аймақта (түптену буынында) өтеді. Жаздық бидайдың өсіп-дамуы барысында фотосинтез процесінде синтезделген органикалық заттардың өсімдіктің басқа мүшелеріне жылжып бару жылдамдығы және мөлшері өзгереді. Мысалы, дақылдың түптенуі кезінде синтезделген көмірсулар жапыраққа, өсу нүктесіне және тамырға барады; сабақтану кезеңінде сабаққа және қалыптасып келе жатқан масаққа жылжиды; тек масақтану және гүлдену кезеңінен кейін жоғарғы буынаралықтар мен үстіңгі үш жапырақтарда синтезделген органикалық заттар масақтағы дәндерге келіп, олардың толысуын қамтамасыз етеді (3-сурет). Яғни, мол дән өнімнің қалыптасуына үстінгі үш жапырақ, буынаралық және қынап фотосинтезінің үлесі зор [14, 30, 76]. Сондықтан, жоғарғы фитоөлшемдердің (үстіңгі жапырақтар, буынаралық және қынаптың) өсіп-жетілуін, өнім құраудағы рөлін (Әсерін) зерттеп анықтау өзекті мӘселенің бірі.
Бидай егісіне әртүрлі мөлшерде минералды, әсіресе азот тыңайтқышы берілгенде сабақ пен масақ ұзарады. Нәтижесінде, бидайдың сабақтану фазасынан толық пісу кезеңдері аралығында егістің фотосинтезінде сабақтың үлесі 11 %-дан 93 %-ға дейін өседі және фотосинтетикалық потенциал мөлшері артады [77]. Ылғалы мол жылдары немесе суармалы егіншілік жағдайында жаздық бидайдың жоғарғы үш жапырағы мен үстіңгі буын аралықтардың
Сурет.1 Злак текті дақылдардың Сурет 2 Бидай мысалында дақылдардың фитоөлшем сабақтың құрылымдық схемасы:
құралымының
схемасы:
1-жапырақ тақтайшасы а-қалқанша
2-жапырақ қынабы б-колеоптиле
3-жапырақ орналасқан буын в-жапырақ қынабы
4-буынаралық г-жапырақ қынайшасы
5- буынаралық түбіндегі жанама бүршік 1-11-фитоөлшемдер
Сурет. Бидай өсімдігінде ассимиляттардың түзілуі және мүшелерге бөлініп тасымалдануы. Қою қараланғаны – ассимиляттардың көп мүшелерде құралған аймақтары; жебе сызықтар – ассимиляттардың жылжу бағыты және қарқындылығы. (V.Syoy, 1966) фотосинтетикалық потенциалдағы және өнім құраудағы үлесі артады (3-сурет), ал құрғақ жылдары — масақтың үлесі көбейеді [8, 69].
Зерттеу нәтижелеріне қарағанда (4, 5-сурет), бидай сабағының
буынаралығының ұзарып өсуіне және ассимиляциялаушы жапырақ алаңы көлемінің ұлғаюына тыңайтқыштар мөлшері мен енгізу әдістерінің әсері үлкен.
Тыңайтқыш мөлшерінің артуына байланысты бидайдың Саратов 29 және Қазақстан 10 сорттарының сабақ буын аралығы (әсіресе, жоғарғы екі буын аралық) көбірек ұзарады. Қазақстан 10 сортының буын аралығы шамалы қысқалау. Осындай заңдылықтар жанама сабақтарда да байқалды (4, 5-сурет). Атап айтқанда, тыңайтқыш берілмеген (бақылау) нұсқада Саратовская 29 сортының бас сабағының ең үстіңгі, бірінші буынаралығы -34,6 см, екіншісі — 16,0 см, Казахстанская 10 сортында- 30,6 және 15,6 см болғанда, бірінші сорттың жанама сабақ буынаралығының ұзындығы 33,8 және 16,7 см, ал Казахстанская 10 сортының — 30,1 және 15,1 см болды. Азот
тыңайтқышы бөлшектеп берілген 7-нұсқада (N90Н90+ N30+ N30) бас сабақтың жоғарғы бірінші буын аралығының үзындығы Саратовская 29 сортында 43,5 см болып, 25,7 %-ға, екінші буын аралық 24,6 см болып 53,7 %-ға артты, ал Казахстанская 10 сорты бойынша — 41,5 және 22,8 см болып 35,6 % және 46,2 %-ға артып ұзарады. Осындай заңдылықтар жанама сабақтарда да байқалды (4, 5 суреттер).
Бидай жапырағының фотосинтез интенсивтілігі (қарқындылығы) басқа
мүшелерге (соның ішінде сабаққа) қарағанда анағұрлым жоғары. Осыған қарамастан, сабақ пен оны қаптаған қынаптың фотосинтездік рөлі өте зор [76,77,78]. Осыған сәйкес, тыңайтқышын бөлшектеп берген жағдайда бидай сабақтарының жоғарғы буын аралықтарының ұзаруы фотосинтетикалық потенциал құрамында сабақтың үлесін көбейтеді. Мұның өз кезегінде дән өнімінің артуына әсері бар.
Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, үстіңгі жалау жапырақпен бірге жоғарыдан бірінші және екінші буын аралық, оны қоршаған қынаптардың өнім құраудағы фотосинтездік үлесі өте зор, шамамен 30 — 41 % болады [14, 28,30]. Сондықтан, тыңайтқыш (әсіресе азот) мөлшері артуына байланысты сабақтардың жоғарғы екі буын аралығының ұзаруы фотосинтетикалық потенциалда сабақтың үлесін арттырады, және де бұл бидай дақылының биологиялық ерекшелігі.
Суармалы егіншілік жағдайында тыңайтқыштар бөлшектеп берілген және топырақта ылғал жеткілікті болған жағдайда жаздық бидайдың түптенуі күшейіп, дән өнімін құрауда жанама сабақтар үлесі артады. Мысалы, тыңайтқыш берілмеген нұсқада дән өнімін құраудағы жанама сабақтар үлесі 19,5-21,0%, тыңайтқыш дозасы аздап көбейген (N60Р60+ N90+ N90) нұсқада 48,3-51,6 %, тыңайтқыштар дозасы оптималды деңгейде болып және оны бөлшектеп бергенде (N90Р90+ N30+ N30) жанама сабақтар үлесі 60,0-61,6 % болды. Бұл дән құрамындағы белок пен клейковина мөлшеріне әсер етуі мүмкін.
Бидай дәнінде жинақталатын крахмалдың негізгі бөлігі масақтану фазасынан кейінгі фотосинтез нәтижесінде жинақталады [14, 28, 30, 78]. Сондықтан, масақтану фазасынан кейін бидайдың ең жоғарғы жалау, екінші және үшінші жапырағының көлемі үлкендеу болуы, фотосинтетикалық потенциалында, биомасса және дән өнімін құрауда олардың үлесі көбірек болады [7, 28, 30, 76].
Бидай егісіне берілетін тыңайтқыштар мөлшерін арттыру және оны бөлшектеп беру (7-нұсқа) дақылдың түптенуін күшейтеді, өнімді (масақты) сабақтардың санын көбейтіп, әрбір сабақтағы жапырақтардың алаң көлемін ұлғайтады (6, 7-суреттер). Атап айтқанда, тыңайтқыш берілмеген (N0Р0) нұсқада Саратовская 29 сортының бас сабағындағы ең жоғарғы жалау жапырақ көлемі 7,2 см2, екіншісінікі — 7,8 см2, үшіншісі — 6,9 см2, ал Казахстанская 10 сортында — 7,1; 7,8; 6,9 см2 болды.
Азот тыңайтқышы бөлшектеп берілген 7-нұсқада Саратовская 29 сортының бас сабағында жалау жапырақ көлемі 13,5 см2, яғни 87,5 %-ға, екіншісі — 13,8 см2 болып, 76,9 %-ға, үшіншісі — 10,6 см2 болып, 53,6 %-ға артты, ал Казахстанская 10 сорты бойынша бүл көрсеткіштер — 14,0; 13,7 және 11,1 см2 болып, 97,1 %, 77,8 %, 60,8 %-ға артты. Осындай заңдылықтар жанама сабақтарда да байқалды (6,7-суреттер). Тыңайтқыштар дозасы артып, оларды бөлшектеп берген нұсқада (7-нұсқа) жапырақтардың өмір сүруі және фотосинтетикалық қызметі ұзарады, ал бұл өз кезегінде дән өнімінің қалыптасуына жақсы әсер етті. Бұл тұжырымдамалар басқа ғалымдардың зерттеу нәтижелерімен сәйкес.
Бидай егісіне берілетін тыңайтқыштар мөлшерінің көбеюі және бөлшектеп беру мол дән өнімінің қалыптасуына әсері зор екені анықталды (4-кесте). Бидай егісінен ең жоғарғы дән өнімі (30-34,5 ц/га) тыңайтқыштар (N90Р90+ N30+N30) мөлшерінде берілген нұсқада алынды. Егістікке осындай мөлшерде тыңайтқыштар берілген жағдайда бидайдың түптенуі және өнімді (масақты) сабақтар саны артты. Әрбір буынаралық (әсіресе жоғарғы екеуі) ұзарды, сабақтардағы жапырақ алаңы ұлғайып, олардың өмір сүру мерзімі ұзарып, фотосинтетикалық қызметі күшейді. Нәтижесінде ең жоғарғы дән өнімі қалыптасты [7,30,76]. Өйткені масақтың қалыптасуына, әрбір масақшыдағы дәннің жақсы толысуына жапырақтардың фотосинтез жүргізу кезеңінің ұзақ балуына байланысты, яғни фотосинтездеуші жапырақ көлемі ұлғайып, қаншалықты ұзақ сақталса, масақшалардағы дән соншалықты жақсы толысады.
Тыңайтқыштарды N120Р90 кг/га ә.з.мөлшерінде себу алдында беру нұсқасындағы бидай өнімі бөлшектеп берілген нұсқадағы дән өнімі деңгейіне жақын. Сондықтан тыңайтқыштардың барлық мөлшерін дақылды себу алдында беру өндірісте қолданылды.
Жаздық бидай егіснен жоғары өнім алу – аймаққа келіп түетін фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) мөлшеріне және
Сурет 6. Тыңайтқыш мөлшері мен енгізу әдістеріне байланысты бидайдың Саратовскай 29 сортының бас сабақ (А), жән 1-ші жанама сабақ (Б) жапырақтары алаңының көлемі (см2):
Белгілеулер: 1- N0Р0; 2-Р90; 4. N90Р90; 7- N90Р90+ N30+N30;
9- N120Р90+0+ N30; 10. N120Р90.
Сурет 7. Тыңайтқыш мөлшері мен енгізу әдістеріне байланысты бидайдың Казахстанский 10 сортының бас сабақ (А), жән 1-ші жанама сабақ (Б) жапырақтары алаңының көлемі (см2):
Белгілеулер: 1- N0Р0; 2-Р90К90; 4- N90Р90; 7- N90Р60+ N30+N30;
9- N120Р90+0+ N30; 10. N120Р90.
4-сурет. Жаздық бидай егісіне берілген
минеральды тыңайтқыштардың дән өніміне әсері
Саратовский 29 сорты |
|||||
1. N0P0 (бақылау) 2. P60 3. N60P60 4. N90P90 5. N60P60+ N30+ N30 6. N90P60+ N30+ N30 7. N90P90+ N30+ N30 8. N90P60+ О+ N30 9. N120P90+ О+ N30 10. N120P90 ЕКЕА05— дана/м2 немесе ц/га |
245 241 241 243 248 244 249 243 242 247
11,7 |
320 358 435 450 558 610 644 476 567 563
14,8 |
1,31 1,48 1,80 1,85 2,25 2,50 2,58 1,96 2,34 2,28
— |
23,4 32,7 44,6 46,0 55,5 60,0 61,3 49,0 57,3 56,1
— |
14,7 17,8 24,0 25,0 28,2 29,4 32,1 24,5 29,4 28,1
2,93 |
Казахстанский 10 сорты |
|||||
1. N0P0 (бақылау) 2. P60 3. N60P60 4. N90P90 5. N60P60+ N30+ N30 6. N90P60+ N30+ N30 7. N90P90+ N30+ N30 8. N90P60+ О+ N30 9. N120P90+ О+ N30 10. N120P90 ЕКЕА05— дана/м2 немесе ц/га |
233 239 241 238 243 248 252 245 248 247
12,4 |
295 315 466 490 580 629 656 538 587 587
14,8 |
1,27 1,33 1,93 2,07 2,38 2,54 2,60 2,20 2,37 2,36
— |
21,0 24,1 48,3 51,6 58,1 60,6 61,6 54,5 57,8 57,6
— |
12,8 15,1 19,6 22,0 30,0 31,2 32,7 25,0 28,0 27,4
3,06 |
интенсивтілігіне, топырақ-климат жағдайына, оптимальды дозада берілген минеральды тыңайтқыштар мөлшеріне, егістегі өсімдік тығыздылығын оптимизациялап қолайландыруға, бидай сорттарының биологиялық өнімділігіне және барлық агротехникалық шараларды уақтылы әрі сапалы жүргізуге байланысты. Зерттеу нәтижелеріне [14, 78] қарағанда, бидай дәнінде жинақталған крахмал мен белок дақылдың масақтану фазасынан кейінгі фотосинтез процесінде пайда болған органикалық заттар. Осыған сәйкес, бидайдың гүлдену фазасынан кейінгі фотосинтездеуші жүйені екі бөлікке бөлуге болады: синтездеуші (ассимиляттардың пайда болу көзі) және қорға жинаушы жүйелер.
Жаздық бидай сабағының, әсіресе жанама сабақтарының қүрылымдық бөліктері (буынаралық, үстінгі жапырақтармен олардың қынаптары) фотосинтезінің қарқынды жүріп, масақтағы дәндерді синтезделген органикалық заттармен интенсивті қамтамасыз етуі әрбір жанама сабақ түбінен өсіп, жақсы дамыған буын тамырлардың санына байланысты [8-сурет]. Атап айтқанда, тыңайтқыш берілмеген немесе аз (N90^90 кг/га Ә.з.) берілген жағдайда буын тамырлары өспейді немесе нашар дамиды да, жанама сабақтардың қоректенуі бас сабақ тамырлары арқылы жүреді. Нәтижесінде жақсы жетілген жанама сабақтармен бірге нашар дамыған сабақтарда пайда болады [8-сурет].
Жаздық бидай егісіне себу алдында N90Р90 кг/га ә.з. тыңайтқыштар берілгенде, түптену кезеңі басында азот (N30 кг/га) тыңайтқышымен үстеп қоректендірілгенде, және де топырақта ылғал жеткілікті болғанда әрбір жанама сабақтар түбінен қосымша буын тамырлары көп әрі жақсы өсіп дамиды да, жанама сабақтар өз алдына дербес қоректенеді, фотосинтез процесі қарқынды жүрді де, жанама сабақтар бас сабақтан қалыспай, синхроньды өсіп дамиды. Жанама сабақ бөліктерінде (буынаралық, үстіңгі жапырақтары мен қынаптарында) түзілген органикалық заттармен масақ толық қамтамасыз етіліп, ондағы дәндер жақсы толысып жетіледі (8-сурет). Мұндай егісте ең жоғары әрі сапалы өнім қалыптасады.
Сурет 8. Тыңайтқыш мөлшері мен енгізу әдістеріне байланысты бидайдың Казахстанский 10 сортының бас сабақ (А), жән 1-ші жанама сабақ (Б) жапырақтары алаңының көлемі (см2):
ҚОРЫТЫНДЫ
- Астық тұқымдас дақылдар, соның ішінде бидай-монокарптық сабақтар жүйесі, және әрбір сабақ бөлек-бөлек фитоөлшемдерден тұрады. Агроэкологиялық факторлардың (тыңайтқыштар мөлшері, енгізу мерзімі, тәсілдері, агроценоздағы өсімдік тығыздылығы, қоректену алаңы т.б.) осы фитоөлшемдердің өсіп қалыптасуына әсері күшті.
- Азот тыңайтқышының мөлшері артып (N120 кг/га Ә.з.), бөлшектеп берілген нүсқада бидайдың Саратовская 29, Қазақстан 10 сорттарының бас сабағының жоғарыдан бірінші буын аралығы бақылау (NоРо) нұсқасымен салыстырғанда 25,7-35,6 %-ға, екінші буын аралық 46,2-53,7 %-ға артып үзарды. Осындай заңдылықтар жанама сабақтарда да байқалды. Сабақ пен оны қоршаған қынаптың фотосинтездік ролі зор екені белгілі. Ал, бүл өз кезегінде дән өнімінің артуына әсері бар.
- Бидай егісіне берілген тыңайтқыштар мөлшерін көбейтіп, оны бөлшектеп берген нұскада масақты сабақтардың саны артып, әрбір сабақтағы жапырақтар алаңының көлемі ұлғайды. Атап айтқанда, зерттелінген бидай сорттарының бас сабағындағы жоғарғы жалау жапырақ көлемі, бақылау (NоРо) нұсқасымен салыстырғанда 79,2-87,2 %-ға, екінші жапырақ 69,2-77,8 %-ға, үшінші жапырақ 53,6-60,8%-ға артып үлғайды. Осындай заңдылықтар жанама сабақтарда да байқалды.
Бидай дәнінде жинақталатын крахмал мен белоктардың негізгі бөлігі масақтану фазасынан кейінгі фотосинтез процесінде жинақталатынын ескерсек, жапырақ алаңының мұндай үлкеюі дән өнімін құрауда елеулі үлес қосады. Бұл суармалы егіншілік жағдайында жаздық бидай егісінде жоғары өнімнің қалыптасуын түсіндіретін жаңа түжырымдама.
- Тыңайтқыштар бағасы қымбат болғандықтан күріш егісіне
тыңайтқыштар аз мөлшерде берілсе, жаздық бидайдан жоғары әрі
сапалы өнім алу үшін тыңайтқыштар дозасын N120-150Р90 кг\га ә.з. деңгейіне дейін көбейту керек және азот тыңайтқышын бөлшектеп берген дүрыс. Мүндай жағдайда әрбір жанама сабақ түбінен буын тамырлары пайда болып, өсіп жетіледі, жанама сабақтар тәуелсіз, өз алдына дербес қоректене алады, бас сабақтан қалыспай, синхронды өседі. Мұндай егістікте ең жоғары әрі сапалы өнім қалыптасады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Күрішбаев А.К. Қазақстан Республикасындағы астық өндірісі-
нің жай-күйі және проблемалары //Жаршы.- 2003.- №11.- Б. 3-6. - Система сельскохозяйственного производства Кызылордин-
ской областы (Рекомендации).- Алматы: Бастау. — 2002. — 512 с. - Жайлыбай К.Н., Тоқтамысов Ә.М., Кенбаев Б., Сағындықова
А.С. Дағдарысты Арал өңірінде егіншілік саласын әртараптандыру
астық өндіруді молайту және қауіпсіздендіру жолы //Астық және
астық өнімдері. — 2004. — № 4. — Б. 25-28. - Рамазанов Х.Д., Шермагамбетов К. Продуктивность
различных рисовых севооборотов //Вестник с/х науки Казахстана. —
1990.-№1.-С.28-31. - Сағындықова А.С., Жайлыбай К.Н., Тоқтамысов Ә.М. Су
ресурстары, егіншілік саласын диверсификациялау және- Арал
өңірінің агроӘкологиялық мӘселелері //Жаршы.- 2002. — № 3. — Б.49-52. - Жайлыбай К.Н., Тоқтамысов Ә.М., Шермагамбетов К.
Минеральды тыңайтқыштар дозасы, қолдану Әдістері мен тұкым себу
мөлшерінің жаздық бидай агроценозының қалыптасуына және
өніміне Әсері //Жаршы. — 1999. — № 5. — Б. 69-78. - Жайлыбай К.Н., Тоқтамысов Ә.М., Шермагамбетов К.,
Сағындықова А.С. Морфофизиологические основы формирования
урожая яровой пшеницы в условиях Приаралья //Вестник науки
Акмолинского аграр. университета им.С.Сейфуллина. — Астана. —
-Т.Ш,№1.-С. 65-69. - Середа Н.А. и др. Влияние удобрений и способов обработки
почвы на качество зерна яровой пшеницы //Зерновые культуры. —
-№2.-С.14-16. - Кондратенко Е.П., Пинчук Л.Т. Можно ли получить высоко-
качественное зерно яровой пшеницы в Кемеровской области //
Зерновые культуры. — 2000. — № 5. — С.8-9. - Завалин А.А. и др. Влияние условий азотного питания на
урожайность и качество зерна различных сортов яровой пшеницы //
Агрохимия. — 2000. — № 7. — С.27-34. - Макаров В.И. и др. Урожайность и качество зерна яровой
пшеницы при дробном внесении азотных удобрений //Зерновые
культуры. -1988. -№ 5.- С. 18-19. - Петинов Н.С. Физиология орошаемой пшеницы. — Москва:
Наука.-1959.-554 с. - Носатовский А.И. Пшеница.- Москва: Колос- 1965. — 568 с.
14..Полымбетова Ф.А., Мамонов Л.К., Әбиев С.Ә. Қазақстанның жаздық бидайы. — Алматы: Ғылым. — 1991. — 162 б.
- Оразалиев Р.А. Қазақстан бидайы. — Алматы: Қайнар. — 1984.
-203 6. - Керефов К.Н. Биологические основы растениеводства. —
Москва: Высшая школа. — 1975. — 421 с. - Абугалиева А.И. Качество зерна хлебопекарной пшеницы в
Казахстане: генетический потенциал, конкурентоспособность и
картирование //Вестник науки Акмолинского аграрного университета
им. С.Сейфуллина. — Астана. — 2001. — Т.ІІІ, № 2. — С.36-42. - Комишник В.А. и др. Мониторинг качества зерна мягкой
пшеницы за последние 5 лет в условиях северных областей
Казахстана //Вестник науки Акмолинского аграрного университета
им.С.Сейфуллина. — Астана. — Т.ІІІ, № 2. — С. 13-20. - Әрінов Қ.Қ. және басқ. Өсімдік шаруашылығы практикумы.
— Ақмола. — 1996. — 256 б. - Цыганков В.Н., Цыганков И.Г. Регенеративная способность
яровой пшеницы в селекции на адаптивность //Аграрная наука. —
-№2.-С.16-18. - Серебрякова Т.И. Морфогенез побегов и Әволюция
жизненных форм злаков. — Москва: Наука, 1971. — 358 с. - Ламан Н.А., Стасенко Н.Н., Каллер С.А. Биологический
потенциал ячменя. — Минск: Наука и техника. — 1984. — 216 с. - Стасенко Н.Н. Әколого-фенотипическая классификация
жизненных форм хлебных злаков по способу ветвления и
образованию придаточной корневой системы в связи с их
продуктивностью и устойчивостью к полеганию //Физиолого-
биохимические основы повышения продуктивности растения. —
Минск.-1980.-С.ЗЗ-38. - Добрынин Г.М. Рост и формирование урожая хлебных и
кормовых злаков. — Л.: Колос. — 1969. — 275 с. - Серебрякова Т.И. К вопросу о побегообразования и кушения
у злаков //Ботан.журнал. — 1962. — т.47, № 3. — С.427-432. - Суворова Т.Н. Кущения злаков // Ботан.журнал. — 1959. —
т.44,№9.-С.1291-1298. - Суворова Т.Н. Побегообразование у злаков //Ботан. Журнал.
-1959.-Т.44, №3.-С.407-411. - Кумаков В.А. Физиология яровой пшеницы. — Москва:
Колос.-1980.-207 с. - Кумаков В.А. Биологические основы возделывания яровой
пшеницы по интенсивной технологии. — Москва: Росагропромиздат. —
-104 с. - Жайлыбай К.Н., Тоқтамысов Ә.М. Жаздық бидай. — Алматы:
Бастау.-2006.-166 с. - Каюмов М.К. Программирование продуктивности полевых
культур (Справочник). — Москва: Росагропромиздат. — 1989. — 368 с. - Жайлыбай К.Н. Күріш егісінен мол өнім алуды
программалау. — Алма-Ата: Қайнар. — 1985. — 28 б. - Жайлыбай К.Н., Токтамысов А.М., Кенбаев.,
СагындыковаА.С. АгроӘкологические особенности возделывания
пшеницы, ячменя, овса в рисовом севообороте //Вестник КГУ им.
Коркыт-Ата. — 2002. — № 1 (13). — С. 133-135. - Мейрманов Г., Әлімбетов Қ., Шермағамбетов К. Қызылорда
облысында жаздық және күздік бидай өсірудің интенсивтік
технологиясы жайлы ұсыныстар. — Қызылорда. — 1994. -13 6. - Міlоsеу Wheat yeild as depending on nitrogen gvanty and temperatura in thе stage of formation and fling grain \\\A// 7-11 зері., 1998 /1§. ]. Ріапі Рһузіо1.-1998.- р.287.
- Геманцев Л.А., Крупнов В.А. Влияние температуры воздуха
на продуктивность яровой пшеницы в зоне каштановых почв
Поволжья //Вестник РАСХН. — 2001. — № 2. — С.33-35. - Стрижева Ф.М. Урожайность яровой пшеницы в
контрастных Әкологических условиях //Аграрная наука. — 2003. — №
6.-С. 19-20. - Алешин Е.П., Руденко В.Ф., Стовба Л.И. Программирование
высоких урожаев риса. — Краснодар. — 1977. — 96 с. - Жайлыбай К.Н., Сарсенбаев Б.А., Рамазанова С.Б., Таутенов
И.А., Шермагамбетов К. Қазақстан күріш егіншілігінде тыңайтқыш
қолданудың агроӘкологиялық және морфофизиологиялық
негіздемесі. — Алматы: Бастау. — 2002. — 32 б. - Рекомендации по сохранению качества воды в низовьях реки
Сырдарии (Коллектив авторов). — Кызылорда. — 1998. — 54 с. - Петербургский А.В., Никитин В.И. Применение удобрений и
баланс питательных веществ в земледелии СССР //Агрохимия. —
— № 2. — С.22-26. - Смирнов П.М. Проблемы азота в земледелии и результаты
исследовании с ІЧ15 //Агрохимия. — 1977. — № 1. — С.3-25. - Рамазанова С.Б., Вильгельм М.А. Применение удобрений и
урожайность сельскохозяйственных культур в Кызылординской
области //Научные основы производства риса в Казахстане. — Алма-
Ата.-1987.-С.9-18. - Михеев Е.К. Влияние минеральных удобрений на
урожайность озимой пшеницы в орашаемых условиях юга УССР
//Агрохимия. — 1980, № Ю.- С.59-65. - Алешин Е.П., Конохова В.П. Краткий справочник рисовода.
— Москва: Агропроиздат.- 1986. — 253 с. - Алешин Е.П., Алешин Н.Е. Рис. — Москва. — 1993. — 504 с.
- Прянишников Д.Н. Азот в жизни растений и в земледелии
СССР.-Москва.-1945. - Rdriguez Danuel, Keitjens W.G Gouarian J.Plant iear area expansion and assimilate production in wheat (Triticum aestivum L) growing under low phosphorus \\ Plant and Soil – 1998 — 200, № 2. -р.227-240.
- Колосов И.И. Влияние условий минерального питания на
формирование корня как органа поглощения //Сборник «Памяти ак.
Д.Н.Прянишникова» — Москва. — 1950. - Колосов И.И. Корневое питание растений //Физиология
растений. — 1956. — № 3, вып.2. - Соколов А.В. Агрохимия фосфора. — М.-Л.: АН СССР. —
-206 с. - Пономарева А.Т. Фосфорный режим почв и фосфорные
удобрения. — Алма-Ата: Кайнар. — 1970. — 204 с. - Елешов Р.Е. Фосфорные удобрения и урожай. — Алма-Ата:
Кайнар.-1984.-152 с. - Полевой В.В. Физиология растений. — Москва: Высшая
школа. — 1989. — 464 с. - Калкенұлы Ж. Өсімдіктер физиологиясы. — Алматы: Қазақ
университеті. — 2004. — 456 б. - Смирнова Н.Н. Удобрение риса. — Москва: Россельхозиздат.-
-64 с. - Алешин Е.П., Сметанин А.П., Елагин И.Н. Передовые
приемы возделывания риса. — Москва: Колос. — 1972. — 152 с. - Рамазанова С.Б., Нургизаринов А.М. Применение удобрений
и урожайность риса в Кызылординской области 7/Повышение
Әффективности рисовых комплексов в Казахстане. — Алма-Ата. —
1981.-С.59-86. - Школьник М. Н. Значение микроӘлементов в жизни растений и
земледелии. — М.- Л.: Изд -во АН СССР . — 1950. - Каталымов М.В. МикроӘлементы и микроудобрения — М.- Л.:
Химия.-1965.-330 с. - МикроӘлементы в СССР. — Рига: Зинатис. — 1987. — Вып. 28.-.87
с. - Анепок П.И. Микроудобрения. — Л.: Агропромиздат. — 1990. —
272 с. - Сайкин Ф.В. Традиционные и новые Әлементы питания расте-ний. — Усть — Каменогорск. — 2002. — 134с.
- Имангазиева Г. К., Кусманов М. В., Змаженко А.М. Әффектив-
ность внесения микроудобрений под кукурузу на сероземных почвах /
/ Вестник с. — х. науки Казахстана. — 1985. — № 9. — С. 20 — 22 . - Ерыгин П.С. Физиология риса. — Москва: Колос. — 1981. — 208
с. - Алешин Е.П., Рымарь В.Т., Шеуджен А.Х. и др. Рекомендации
по применению медьсодержащих микроудобрений под рис. — Красно-
дар.-1987.-8с. - Коростелев Н.А. Климатический очерек бассейна Сырдарьи,
как хлопкового района. — Ленинград. — 1925. — 108 с. - Колосков П.И. Агрохимическое районирование Казахстана. —
М.: Изд -во АН СССР. — 1947. — 268 с. - Розанов А.Н. Сероземы Средней Азии. — М.: Изд -во АН
СССР.-1951.-460 с. - Боровский В.М. и др. Древняя дельта Сырдарьи и Северные
Кызыл-Кумы. — Алма-Ата. — 1958, т.1. — 514 с: 1959, т.2. — 418 с. - Боровский В.М.и др. Антропогенное опустынивание рочв
Приаралья. — Алма — Ата: Наука. — 1984. — 224с. - Бакиров Ш., Бапаев С. Әкономическая Әффективность мелио-
рации в производстве риса. — Алма — Ата: Кайнар. — 1979. — 120 с. - Жайлыбай К.Н. Күріш егіншілігі және Әкология. — 2006. — 182 б.
- Жайлыбай К.Н. және басқ. Арал өңіріндегі суармалы
жерлердің қазіргі жағдайы және дӘстүрлі емес дақылдар өсіру
перспективалары / / Жаршы. — 2007, № 3. — Б. 44-48. - Сагимбаев С, Куламбаев К., Баймбетов Б. Дренирование и со-
стояние орошаемых земель в Кызылординской области. — Кызылорда. —
2003.-32 с. - Жайлыбай К.Н., Тоқтамысов Ә.М., Сағындықова А.С. Күріш
ауыспалы егісінде жаздық бидай өсірудің морфофизиологиялық
ерекшеліктері //Жаршы. — 2003, № 6. — Б.26-31. - Митрофанов Б.Д. и др. Роль листьев, стеблей и колосьев
озимой пшеницы в фотосинтезе посева //Пути повышения
интенсивности фотосинтеза. — Киев: Наукова думка. — 1969. — Вып.З.
— С.69-86. - Турбин Н.В. Биология и сельское хозяйство //Новое в жизни,
науке, технике. /Серия «Биология»- Москва: Знание. — 1978. — № 3. —
64 с.