М а з м ұ н ы
Кіріспе…………………………………………………………………………3
I — Тарау. Жеке адамға қарсы қылмыстардың
қылмыстық құқықтық сипаттамасы……………..……..……….…………….4
1.1. Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы
сипаттамасы……………………………………………………..………………………….5
1.2. Өмірге қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы……….………….………5
1.3. Денсаулыққа қарсы қылмыстар……………………….………………………21
1.4. Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар…..……………………40
1.5.Жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне
қарсы қылмыстар…………………………………………..………………….…………44
1.6. Жыныстық қылмыстар………………………………..…………………………46
ІІ-Тарау. Жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың алдын алудың
өзекті мәселелері………………………………………………..………………………..54
2.1. Адамның жүріс-тұрысын түзеудің теориялық
мәселелері……………………………………………………..………………….…………54
2.2. Тергеушінің түзеу мекемелеріндегі қылмыстылықтың
алдын алуы………………………………………………………………………………….55
2.3. Шартты түрде соттау қылмыстылықтың алдын
алудың шарасы ретінде………………………………………………………..………..57
2.4. Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан тұлғаларға
әкімшілік қадағалау қылмыстылықтың алдын алудың бір шарасы ретінде…………………………………………………………………………………..60
2.5. Жеке адамдарға қарсы рецидивті қылмыстылықтың
алдын алудың мәселелері…………………………………….………….…………….61
Қорытынды………………………………………………………………………………….63
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………..64
Кіріспе
Адам — қоғамның негізі. Адам болмаса, адамның құқықтары мен бостандықтары қадірленбесе, аяққа тапталса, онда қоғам өмір сүрмейді немесе оны адамзат қоғамы деп атау мүмкін болмайды. Жеке адам қоғамда өмір сүргендіктен және ең бастысы оған «адам» деп ат қойғандықтан, қоғамның ережелерін сақтауы тиіс және «адам» деген атқа лайықты болуы тиіс. Адам қоғамның жэне болашақтың негізі болғандықтан, адамның өмірі мен денсаулығы бірінші орынға қойылады. Адамзат әлі идеалды дәрежеге жетпегендіктен оның әрекеттерінде қателіктер кездеседі.
Олар қоғамға қауіпті әрекет жасайды. Басқа адамдарды қылмысқа итермелейді немесе өзі байқамай адамды қылмыскер етіп тәрбиелеуі мүмкін. Біздің міндетіміз бұған жол бермеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, адамды өркениеті қоғамның баласы етіп тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін көптеген салалар өз үлестерін қосады. Соның ішіндегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық салаларды атап өтуге болады. Жеке адамдарға қарсы қылмыстарды зерттегенде ең алдымен олардың алдын алу, мұндай қылмыстарды болдырмау жолдарын қарастырған дұрыс. Ал, қылмыс жасалып қойса, оны қылмыстық заңдармен дұрыс саралап, әділ жаза тағайындау аса маңызды. Ол үшін жеке тұлғаларға қарсы қылмыстардың қатарына қандай іс-әрекеттер жататындығын, олардың құрамын, белгілерін білуіміз қажет. Оларды басқа қоғамға қауіпті іс-әрекеттереден айырып дұрыс саралау керек. Осыларды толық зерттеп болғаннан кейін ғана олармен күресудің жолдарын, тиімді тәсілдерін және алдын алу шараларын ойластырып, қарастыруға болады. Менің еңбегім міне осы мәселелерге арналған.
І-тарау. Жеке адамға қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы
1.1. Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының конституциясының ІІ-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституциясының I-бабында «ең қымбат қазына — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», — деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасының барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық объектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылдаы. Тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне қарай жеке адамға қарсы қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді: өмірге қарсы қылмыстар; адам өлтіру (96-6.); жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (97-6.); жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (98-6.); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (99-6.); қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (100-6.); абайсызда кісі өлтіру (101-6.); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (102-6.).
Денсаулыққа қарсы қылмыстар: Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-6.); денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-6.); денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-б.); денсаулыққа жан күйзелісі (аффект) жағдайында зиян келтіру (108-6.); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-6.); қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-6.); денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-6.); ұрып-соғу (106-6.); азаптау (107-6.); қорқыту (112-6.); ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету (113-6.); соз ауруларын жұқтыру (115-6.); адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыру (116-6.); медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-6.); заңсыз аборт жасау (117-6.); науқасқа көмек көрсетпеу (118-6.); қауіпті жағдайда қалдыру (119-6.).
Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар: Адамды ұрлау (125-6.); бас бостандығынан заңсыз айыру (126-6.); психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру (127-6.); адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндіру (128-6.).
Жеке адамның ар-намысын және адамгершілігіне қарсы қылмыстар: Жала жабу (129-6.); қорлау (130-6.).
Жыныстық қылмыстар: Зорлау (120-6.); нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану (121-6.); он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер (122-6.); жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету (123-6.); жас балаларды азғындату (124-6.).
1.2. Өмірге қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы
Қазақ ССО-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің заңдылық анықтамасы берілмеген еді. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет адам өлтірудің заңдылық түсінігі берілген. «Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру» деп ҚК-тің 96-бабында тура көрсетілген. Осыған орай абайсызда кісі өлтіру заң бойынша адам өлтіру деп танылмайды. Бірақ топтық және тікелей объект белгісіне сәйкес бұл қылымыс құрамы (абайсызда кісі өлтіру) жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қалмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және ден және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайнынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып танылады. Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге белінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезеңі биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршендік белгілері біразға жалқасғанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни адам өмірінің соңғы сәті — биологиялық өлім.
Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс-әрекеттің және соның зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік байланыстың болуын айқындау қажет.
Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтірудің көпшілігі осылайша жасалады. Кінәлінің оқпен атылатын және суық қаурыдың, өзге де заттарды пайдалануымен, улаңдыру, жарылыс жасау, басқа да әдістерді қолдануы арқылы адам өмірінен айрылады. Адам өлтіру сонымен бірге жәбірленушіге психикалық әсер ету нысанында да болуы мүмкін. Әдетте жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарды жүйкесіне зақым келтіру жолымен өмірінен айыру әдебиеттерде мысал ретінде келтіру жиі ксздеседі. Соңғы уақыттарда адам жүйесіне әсер ету нысандары мен әдістерінің көбейе түсуінің нәтижесінде психикалық әсер ету жолымен адам өлтіру мүмкіндігі одан әрі кеңейе түсуде.
Адам өлтіру сондай-ақ әрекетсіздік насанында да болуы мүмкін. Бұл негізінен мынадай жағдайда болуы мүмкін. Кінәлі адам біреуді өмірден айыру мақсатымен өлімге араша тұра алатын мүмкіндігі бола тұра және осыған тікелей міндетті бола тұрса да әрекетсіздік жолымен оған өлім қаупін туғызады және өлімге жол береді.
Кінәлінің өлімнің жолын кесу жөніндегі әрекетті істеу міндеттілігі заң талаптарынан туындауы мүмкін (мысалы, ата-аналары өздерінің жаңа туған нәрестелерін немесе жас балалардын өлтіру мақсатымен тамақтандырмайды немесе олардың өмірін сақтап қалу үшін өзге де шараларды қолданбайды). Өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өздерінің табиғи қажеттерін қамтамасыз ете алмайтын жағдайларда қартайған ата-аналарын олардың ересек балалары олардан құтылу мақсатында осындай әрекеттер жасауы мүмкін.
Адам өлтірудің объективті жағынан екінші белгісі қалмыстың зардабы жәбірленушінің өлімі болып табылды. Өмірден айрыуға тікелей қасақаналық болғанымен қылмыстық зардаптың — өлімнің болмай қалуы кінәлінің әрекетіне оқталғандығы, адам өлтіруге оқталғандық ретінде саралауға негіз болады. Адам өлтіру кезінде, өлім әрекет жасалғаннан кейін бірден немесе белгілі бір уақыт өткенен кейін жүзеге асуы мүмкін. Келтірген зардапты кінә деп жүктеу үшін болған өлім мен субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі арасындағы себептік байланыстың болуы негіз болып табылады. Әрекет пен зардаптың арасында себептік байланыс болмаған кезде тұлға жасаған әрекеті үшін ғана жауапты болады. Өлтіруге тікелей оқталу айқындалған кезде өлтіру үшін оқталғандық жасалған болып табылады, ал өлтіруге жанама ниет болған кезде кінәлі адам нақты келтірген зиян үшін ғана жауап береді (мысалы, денсаулыққа зиян келтіргені үшін).
Адам өлтіру — материалдық құрамға жататын қылмыс.
Адам өлтірудің субъективті жағы ҚК-тің 96-бабына сәйекс тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылды. Адам өлтіру кезінде қасақаналық тікелей және сол сияқты жанама болуы да мүмкін. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне қол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігіне немесе қалай да өлімге әкелетіндігін біледі және өлімнің болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер төндендігін мойындайды, осы әрекеттің нәтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болу-болмауына немқүрайдылық танытады. Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары кең таралып отыр. Мұндай кезде белгілі бір құрбандардан басқа бөгде адамдар да өледі. Бұл оқиғада кінәлі белгілі бір құрбанға қатысты адам өлтіруде тікелей ниетте, ал бөгде адамдарды өмірінен айрыуға қатысты — жанама ниетте әрекет етеді.
Тікелей және жанама қасақаналықтар арасындағы айырмашылықты айқындаудың іс жүзінде үлкен маңызы бар. Адам өлтіруге оқталу, яғни кінәлінің әрекеті ол өлімнің болатынын сезетін, оның болуын тілегендігін, бірақ оның еркінен тыс себептер бойынша ол болмай қалғандығы бойынша анықталады. Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Кінәлінің ниетінің түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған қылмыстық барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі мен қарауын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен оқшаулауын (мысалы, адамның өмірлік маңызды органын жарақттау), кінәлінің қылмыстық әрекетті тоқтау себебін, сондай-ақ кінәлінің қылмыс істеу алдындағы және одан кейінгі мінез-құлқын (тіртібін), оның жәбірленушімен арақатынасын ескеруі тиіс.
Жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтыруы кінәлі үшін белгілі болып табылатын өмірлік маңызы бар органдарына пышақпен жарақат салу, дұрысында, өмірден айыруға тікелей ниеттің бар екендігін айғақтайды. Оқпен атылатын қаруды қолдану кінәлінің өлтіруге шынайы ниетте болатындығын айғақтайды және басқа жағдайлармен қатар кінәлінің адам өлтіру ниетінде болғандығына маңызды дәлелдеме болып табылады. Жақын ара қашықтықтан ату әдетте адам өлтіру мақсатында істеледі. Тікелей қасақаналық болған кезде кінәлі өлімнің болуын тілейді, сонымен бірге кінәлінің өлімнің міндетті түрде болуын қаламайтындығын да ескеру керек мұндай жағдайда. Оның ниеті баламалы түрде болуы мүмкін, оның шамалауы бойынша өлімнің болуы, сол сияқты денсаулыққа ауыр зиян келтіру мүмкіндігі және осы зардаптардың кез келгенінің болуын міндетті түрде тілейді. Ал егер оған байланысты емес жағдайлар бойынша қылмыстық нәтиже болмаған жағдайда ол адам өлтіруге оқталғандық үшін жауапқа тартылуы тиіс.
Адамды өлтірумен алдын ала қорқыту басқа мән-жайлармен қатар адам өлтіру ниетінің бар екендігіне маңызды дәлелдеме болып табылады. Дегенмен осындай қатер тудыруды айтқан адамның ой-ниетінің қаншалықты шын екендігін іс бойынша айқындау қажет. Тіпті, егер ол сөздер кейде және төндірілген қатерді жүзеге асыру мүмкіндігіне сырттай ұқсас кейбір әрекеттермен қоса айтылғанның өзінде, адам өлтіру ниетін жүзеге асыру туралы сөздер кінәлінің шын мәніндегі анық тілегін білдірмейді.
Адам өлтірумен қорқыту көбінесе оқпен атылатын немесе суық қаруды немесе өзге қаруды, сондай-ақ қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен жасалатын бұзақылық әрекетермен байланысты болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Адам өлтіруге жанама қасақаналық кезінде кінәлі өз әрекетінің нәтижесінде өлімнің нақты болу мүмкіндігін шамалайды. Кінәлі зардаптың қалай да болмай қоймайтынын шамалаған жағдайда сөз тек қана тікелей қасақаналық туралы бола алады (ҚК-тің 24-бабының 3-тармағы). Ниеттің осы түрлерінің арасындағы неғүрлым елеулі айырмашылық, заңда көрсетілгендей еріктілік кезеңі бойынша анықталады. Егер адам өлтіруге тікелей ниеттену кезінде кінәлі өлімнің болуын тілесе, ал жанама ниеттену кезінде оны кінәлі тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болуына неқұрайды қарайды. «Тілемейді» деген терминді «өлтіргісі келмейді» деген мағынада емес, «тікелей тілемейді» деген мағынада түсіну ксрек. «Саналы түрде жол береді» деген – кінәлі өлімді өз іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қабылдайды дегенді білдіреді.
Қасақана адам өлтірудің субъектісі 14 жасқа толған жеке тұлға болып табылады, ал ҚК-тің 97-102-баптарында көрсетілген жағдайларда адам өлтірудің субъектісі 16 жасқа толған адамдар болып табылады.
Адам өлтіру (96-бап)
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне адам өлтірудің негізгі құрамы мен ауырлататын жағдайында адам өлтірудің құрамы бір бапқа біріктірілген. Негізгі құрам — бұл осы қылмыстың ауырлататын түріне (96-баптың 2-тармағы) жатпайтын құрам. Негізгі құрамға (96-баптың 1-тармағы) мынадай адам өлтіру түрлері жатады: қызғаныштан, төбелес кезінде немесе ұрыс-керіс үстінде (бұзақылық себептер болмағанда), жәбірленушінің заңсыз әрекетіне байланысты, жеке қарым-қатынас негізінде туындаған кек алумен байланысты болған адам өлтіру оқиғалары.
Ауырлататын жағдайлардағы адам өлтіру ҚК-тің 96-бабының 2-тармағында көзделген. Қылмыстық құқық теориясында бұл жағдайларды топтарға бөлу қалыптасқан. Мұндай жағдайда бөлу өлшемі әртүрлі. Топқа бөлу үшін көбінесе қылмыс құрамының элементтері пайдаланылады.
1997 жылғы Қылмыстық кодексте ауырлататын жағдайлар белгілі бір тәртіппен орналастырылған, атап айтқанда: ең алдымен объектіге және объективті жаққа қатысты жағдайлар, сонан соң субъективті жаққа және субъектіге қатыстылары келтіріледі. Сондықтан адам өлтірудің ауырлататын жағдайлары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабында қалай орналастырылған болса, сол бойынша қарастырылады.
а) екі немесе одан көп адамды өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының “а” тармақшасы).
Адам өлтірудің бұл түрі кінәлі екі немесе одан көп адамды өмірінен айрыған жағдайда болады. Мұндайда кінәлінің екі немесе одан көп адамды өлтіру ниетінің болғандығы, яғни бірыңғай қасақана ниетінің болғандығын анықтау керек. Дұрысында жәбірленушілердің өлуі бір мезгілде болады. Мындай жағдайдың да болуы мүмкін: кінәлі әуелі бір адамды өлтіреді, содан соң біршама уақыт өткенен кейін, әдетте көп кешікпей, басқа адамды өлтіреді. Оның бір адамды емес, екі немесе одан көп адамды өлтіру ниетінің болғандығын дәлелдеудің маңызы бар. Мұндайда әр адамды өлтіру себептері бірдей болмауы мүмкін. Біреуін, ол мысал үшін — кек алу мақсатында, ал екіншісін бірінші кісі өлтіруді жасыру мақсатында өлтіреді. Сонымен бірге — екінші адамды өлтіру ниеті бірінші кісі өлтіруден кейін емес, оған дейін пайда болады. Осы жағдайларда кінәлінің осы «а» тармақшасымен сараланады.
Егер екі немесе одан көп адамды өлтіру ниеті бола тұра бір адам өлтірілсе және екіншісінің өміріне қастандық жасалған болса, мұнда екі немесе одан көп адамды өлтіру аяқталмағандықтан, кінәлінің әрекеті ҚК-тің 24-бабының 3-тармағы және 96-бабының 2-тармағының «а» тармақшасы бойынша саралануы тиіс.
б) адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының «б» тармақшасы).
Мұндай адам өлтіру кінәлінің жәбірленушіні немесе оның жақын туыстарын олардың қызметтік немесе қоғамдық борышын орындауына кедергі келтіру мақсатында, немесе олардан осындай әрекеттері үшін кек алу мақсатында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» № 7 қаулысында кез-келген адамның қызмет аясына жататын жұмысын қызметтік борышты орындау, ал қоғамдық борышты орындау деп — арнайы жүктелетін қоғамдық міндеттердің орындауын айтады. Сондай-ақ қоғам немесе жеке адамның мүддесіне бола (заңды бұзуға жол бермеу, дайындалып жатқан немесе қылмыс туралы өкімет органдарына хабарлау және т.б.) жасалған басқа әрекеттер де қоғамдық міндеттер болып танылады. Қылмысты саралау үшін жәбірленушінің қызметтік қоғамдық іс-әрекет жасағаннан бері өткен уақытының маңызы шамалы. Ең бастысы кінәлінің адам өлтіруі олардың осындай функцияларды атқаруына байланысты болады.
Адам өлтірудің осы түрі бойынша жәбірленушілер болып қызметтік немесе қоғамдық функция атқарған адамның езі немесе олардың жақын туыстары болуы мүмкін. Жақын туыстардың түсінігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 24-тармағында берілген. Олар ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бірге тұрған және бірге тумаған туыс аға-інілер мен апа-сіңлілері, ағасы, әжесі, немерелері.
Егер қызметтік немесе қоғамдық борышын орындаумен байланысты олардың өзін немесе жақын туыстарын өлтіргені үшін заңда арнаулы бап көзделген болса, онда кінәлінің әрекеті осы арнаулы норма бойынша саралауға жатады (ҚК-тің 167, 340-баптары).
в) дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сонымен бірдей адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының «в» тармақшасы).
Жас шамасының өте кішілігіне немесе кәрілігіне, дене мүшелерінің кемістігіне, аурулығына, соның ішінде жүйке ауруына шалдығу, ақыл-есінен уақытша айрылу немесе ақыл-есінің әлсіреуімен байланысты болған, оның дене мүшелерінің немесе психикалық жай-күйінің салдарынан кінәліге қарсылық көрсете алмаған немесе оны өмірінен айыруға жасаған әрекетінің сипатын түсінбеу жағдайын жәбірленуші адамның дәрменсіздік жай-күйі деп түсіну керек. Мұндай жай-күй алкогольден, сол сияқты есірткіден мас болудың және жүйкеге қатты әсер ететін дәрілік препараттарды немесе улы заттарды қабылдаудан болуы мүмкін. Саралау үшін жәбірнеушіні мұндай жағдайда кімнің душар екендігінің, бұған қандай себеп болғандығының ешбір мәні жоқ.
Адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру ұрлау не кепілге алу процесінде жәбірленушіні өмірінен айырған немесе аталған қыләдысты жасыру мақсатында адам өлтіру болған кезде орын алады. Адамды ұрлау түсінігі (ҚК-тің 125-бабында) және кепілдікке алу (234-бапта) берілген.
Адамды ұрлау және кепілге алу қасақана өлтірумен үштасқан жағдайда, не адам өлтіру осы істеген қылмыстарды жасыру әдісі болса мұндай әрекеттер дербес қылмыс құрамын құрайтындықтан, кінәлінің әрекеттері қылмыстың жиынтығы бойынша сараланады (ҚК-тің 125, 96-бабы, 2-тармағының «в» тармақшасы, 234, 96-баты, 2-тармағының «в» тармақшасы).
г) жүкті екендігі кінәліге белгілі әйелді өлтіру (ҚК-тің 96-бабының 2-тармағының «г» тармақшасы).
Адам өлтірудің бұл түрі жәбірленушінің айрықша жағдайына орай көтеріңкі қоғамдық қауіптілікпен сипатталады. Осы құрамның болуы үшін ең алдымен екі міндетті белгінің болуы шарт. Жәбірленуші кез-келген ұзақтықтағы жүктілік жағдайында болуы және ол туралы айыпкердің білуі керек. «Белгілі» деген термин айыпкер жәбірленушінің жүкті екендігінен хабардар болғандығын білдіреді. Бұл жағдайда осы жайдың толық растығына оның күмәнінің болған-бомағандығы маңызды емес, ең бастысы ол жәбірленушінің жүкті екендігі туралы жәбірленушінің өзінен немесс бұл туралы басқалар арқылы хабардар болады. Бұл жерде оның жүктілік мерзімі, ұрықтың өміршең еместігі, әйелдің жүкті екендігі жөнінде тиісті емдеу мекемелерінде есепте тұрған-тұрмағандығының оған қатысы жоқ.
Егер айыпкер жүктілік жөнінде қателесіп, жүкті емес әйелді жүкті әйел екен деп өлтірсе, онда оның әрекеті қылмыстық ниеттің бағытына қарай осы тұрғыдағы қылмысқа оқталғандық ретінде сараланады (ҚК-тің 24-бабы, 3-тармағы, 96-бабы, 2-тармағының «в» тармақшасы).
д) аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағыныц «д» тармақшасы).
Адам өлтірудің өзі қатыгездік әрекет. Осы тармақ бойынша әрекетті саралау үшін айрықша қатыгездік талап етіледі. Бұл жөнінде, ең алдымен адам өлтіру әдісі айғақтама болады. Адамды өмірінен айыру жәбірленушіні айрықша қорлау мен қинауға байланысты әдіспен жасалады: көптеген жарақат салу, тірідей өртеу, алдын ала, біртіндеп дене мүшелерін кесу, азапты әсер ететін уды қолдану, ұзақ уақытқа судан, жылудан айыру және басқалар.
Айрықша қатыгездікпен адам өлтіруге, сондай-ақ жәбірленушіні оған жақын адамдардың: балаларының, ата-аналарының, қалыңдығының және т.б. көзінше, кінәлінің өз әрекеті арқылы оларды ерекше күйзеліс пен қайғы-қасіретке әкелетінін біле тұрып, өлтіруі де жатқызылады.
Жәбірленушіге туыс адамдар ғана емес, қатысқан өзара қарым-қатынастағы сыйлас адамдар да (заңды некеде жоқ ерлі-зайыптылар, жігіт пен қалыңдық, камқоршылық мен бағып-қағуға алғандар, солардың қолындағылар, т.б.) оның жақындары деп танылуы мүмкін.
е) көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының «е»тармақшасы).
Адам өлтірудің осы түрін жасаған кезде кінәлі бір адамның ғана емес, көпшіліктің өміріне қауіп тудыратын тәсілді қолданады. Мұндай тәсілдерге адамдар көп болатын жерлерде жарылыс, өрт қою, су қаптату т.б. жатады. Кей жағдайларда көптеген адамдардың өміріне қауіп келтіру атылатын қаруды, улы заттарды, жарылғыш заттарды қолдану арқылы да жүзеге асырылады.
Көп адамдардың өміріне қауіпті тәсілге кінәлінің белгілі бір адамды өлтіру мақсатымен ол тұрған топқа қарай мылтық атуы, немес айдап келе жатқан автокөлігін топ ішінде тұрған сол адамға қарай зор жылдамдықпен бұрып, басып өтпекші болу әрекеттері де жатады. Мұндай ретте кінәлінің әрекетін дұрыс саралауға кісі өлтіру үшін таңдап алынған қылмысты істеу тәсілі мен қару қолданудың орнын дұрыс анықтаудың маңызы айрықша. ҚК-тің 96-бабы 2-тармағының «е» тармақшасымен жауапқа тарту үшін кінәлінің ниеті нақты бір адамды өлтіруге бағытталғанын, оны өлтіру үшін көп адамдардың өміріне қауіпті тәсіл қолданылып отырылғанын, нәтижесінде басқа адамның өмірі мен денсаулығына нақты зиян келтірілетінін сезетінін анықтау қажет. Осындай істелген іс-әрекетті көп адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған деп тану үшін, нақты кісіні өлтіру кезінде қауіпті жағдайда қалған басқа адамдарға зиян келгеніне немеее келмегеніне қарамастан жүзеге асырылады. Егер осындай жалпыға қауіпті тәсілді қолдану нәтижесінде адам өлімінен басқа адамға қасақана дене жарақаты келтірілсе, онда кінәлінің әрекеті нақты жағдайларға байланысты қылмыстың жиынтығы бойынша сараланады[1].
ж) ұйымдасқан топ жасаған адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының «ж»тармақшасы).
Адамдар тобы, алдын ала келіскен адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ деген түсінікті айқындау үшін қылмысқа қатысудың аталған нысандарына түсінік берілген ҚК-тің 31-бабын қарау керек.
Егер адам өлтіруге екі немес одан көп орындаушы күні бұрын бірлесіп қатысқан болса, ұйымдасқан адамдар тобы жасаған адам өлтіру болып танылады. Мұндайды қасақана адам өлтіруге бағытталған және жәбірленушіні өмірінен айыру процесіне тікелей қатысқан, бірлесе әрекет жасаған адамдар тобы деп тану керек. Бұл жағдайда тұлғаны кісі өлтіруді орындаушы деп тану үшін өлімнің барлық адамдар тобы бірлесіп келтірген жарақаттан, немесе солардың ішіндегі біреуінің тікелей келтірген жарақатынан болғандығы маңызды емес. Ең бастысы, барлық қылмысқа қатысушылардың ашықтан-ашық, өзара күш біріктірумен қасақана адам өлтіруге бағытталған әрекет жасағандығын айқындау қажет.[2]
Егер адам өлтіруді орындаушылар бірлесіп қылмыс жасау туралы алдын ала сөз байласқан болса, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының адам өлтіргені белгілі.
Адам әлтіруді орындаушылар бірлесіп адам өлтіру туралы алдын ала келісіп қана қоймай, сонымен бірге бір немесе бірнеше қылмысты жасау үшін алдын ала бірлесетін тұрақты адамдар тобын ойластырған болса, ұйымдасқан топтың адам өлтіруі орын алады.
з) пайда табу мақсатымен немесе жалданып, сол сияқты қарақшылықпен, қорқытып алу немесе бандитизммен ұштасқан адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының «з»тармақшасы).
ҚК-тің 96-бабы 2-тармағының «з» тармақшасы бойынша кінәлі немесе басқа адамдар үшін материалдық пайда алу немесе материалдық шығындардан құтылу мақсатында жасалған қасақана адам өлтіруді саралайды. Материалдық пайда: ол ақша, мүлік немесе мүлікке, тұрғын үй алаңына, үшінші адамнан сыйақы алуға құқықты алу түрінде болуы мүмкін. Материалдық шығаннан құтылу, қарызды өтеуден, мүлікті қайтарудан, көрсетілген қызметке ақы телеуден, алимент төлеуден т.б. босану мақсатымен адам өлтіруде пайдакүнемдік мақсатты білдіреді.
Адам өлтірудің осы түрінің мазмұнына пайда табу мақсатымен қарақшылықпен қорқытып немесе бандитизммен үштасқан жағдайларда жатады. Қасақана адам өлтіру қарақшылық, шабуыл жасау, қорқытып алу немесе бандитизм кезінде жасалынған болса, істеген әрекет аталған қылмыстардың жиынтығы бойынша саралауға жатады.
Іс-әрекетті пайда табу мақсатында жасалған адам өлтіру ретінде саралау үшін кінәлінің мұндай ойы адам өлтіргенге дейін болғандығын айқындау қажет. Егер бұл жағдай болмаса, (мысалы, адам өмірінен айырылғаннан кейін оның мүлкін иемдену) пайда табу мақсаты болмаған адам өлтіру құрамы мен ұрлық құрамын құрайды. Жәбірленушіні қарақшылықпен шабуыл, қорқытып алу немесе бандитизм жасалғаннан кейін өмірінен айыру аталған қылмысты жасыру мақсатында істелуі де мүмкін. Мұндай жағдайда адам өлтіру ҚК-тің 96-бабының 2-тармағының «к» тармақшасы бойынша сараланады.
Пайда табу мақсатымен адам өлтірген жағдайда кінәлінің материалдық пайда алу немесе материалдық шығыннан құтылу ниетінің болғандығын айқындау қажет. Егер бұл белгі айқындалмаса, онда адам өлтіруді пайда табу мақсатында деп саралауға болмайды.
Жалдану бойынша адам өлтіру, негізінде, белгілі бір төленетін ақыға жәбірленушіні «алып тастауды» қалаған адамның шақырған («жалдаған») адамы жүзеге асырғандықтан, пайда табу мақсатында адам өлтірудің бір түрі болып табылады.
и) бұзақылық ниетпен адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының «и» тармақшасы).
Бұзақылық ниетпен адам өлтіру қоғамды және жалпыға бірдей қабылданған моральдық нормаларды ашықтан-ашық сыйламаудың негізінде жасалады, кінәлінің мінез-құлқы қоғамдық тәртіпке ашық қарсы шыққан және өзін төңірегіндегілерге қарсы қою, соларға деген қарсылығын көрсету мақсатында жүзеге асырылады. Көбінесе бұл қылмыс себепсіз немесе болар-болмас нәрсені адам өлтіруге пайдаланумен жасалады.
Бұзақылық ниет — барынша күрделі түсінік. Оның өзге әртүрлі ниеттері болады, солардың әсер етуімен кінәлінің адамдарды, қоғамды сыйламайтындығын ашықтан-ашық көрсету ниетін тудырады, өзінің менмендігін көрсету, адамдарды қорлау, өзінің ұятсыздығы мен қатыгездігін көрсету жолымен қоғамдық тәртіпке қарсы шығады. Осы сезімдердің әсер етуімен белгілі бір, кейде тіпті елеусіз себептерден кінәліде ашу, ыза, кек қайтарғысы келетін көңіл-күй пайда болады. Осы сезімдер кінәлінің мінез-қулқының итермелеуші күшіне айналады. Сөйтіп кінәлінің ниетінде қоғамдық пікірге қарсы шығу, моральдың қарапайым нормаларын, адамның жеке басын сыйламаушылық қалыптасады. Мұндай бұзақылық ниет ең соңында адам өлтіруге әкеліп соғады. Егер мұндай ниеттер анықталмаса, ал кінәлінің қылмыстық мінез-қулқы жәбірленушімен өзара жеке қарым-қатынасы бойынша ғана пайда болса, онда бұл жағдайда адам өлтіру оның жасалған орнына қарамастан, бұзақылық мақсатта адам өлтіру ретінде саралануы мүмкін емес. Мұндай әрекет өзара ерегістен кісі өлтіруге жатады (96-баптың 1-тармағы). Көбінесе бұзақылық ниетте адам өлтіру ұрыс-керіс пен төбелестің нәтижесінде болады. Бірақ бұл ұрыс-керіс немесе төбелесте болған кез-келген адам өлтіру өзінен өзі бұзақылық ниетте адам өлтіру ретінде саралануы тиіс дегенді білдірмейді.
к) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатындағы, сол сияқты зорлау немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының «в» тармақшасы).
Бұл тармақта адам өлтіруді саралайтын екі дербес жағдай көзделген (зорлауды және жыныстық қатынас сипатындағы әрекетті олардың ұқсастығына орай бір жағдай ретінде біріктіруге болады).
Басқа қылмысты жасыру мен оны жасауды жеңілдету өздерінің мазмұны бойынша бір-бірінен айырмашылығы бола тұрса да, көп жағдайларда өзара қабаттасып байланысып тұрады. Негізінде кінәлі жасалып болған қылмысты жасыру үшін немесе оны жасауды жеңілдету үшін адам өлтіреді (оны жасағанға дейін немесе жасау үстінде). Адам құқық қорғау органдарына белгісіз өзі жасаған қылмысты жасырады.
Зорлаумен ұштасқан қасақана адам өлтіруді зорлау процесінде немесе оны жасыру мақсатында, сондай-ақ зорлау кезінде қарсылық көрсеткені үшін кек қайтару үшін жасалған адам өлтіру деп түсіну керек. Бұл жағдайда өз алдына дербес екі қылмыс жасалады. Сол себепті саралау ҚК-тің 96-бабының, 2-тармағының «к» тармақшасы бойынша және ҚК-тің 120-бабының тиісті тармағы бойынша жүргізіледі. Егер бұл қылмыстардың біреуі аяқталмаған болса, онда саралау кезінде ҚК-тің 24-бабына сілтеме жасалады.
Адам өлтіру тек қана зорлаумен емес және нәпсіқұмарлық си-патындағы күш көрсету әрекетімен де ұштасуы мүмкін. Мұндай әрекетке еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы жәбірленушіге немесе басқа адамдарға жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдалана отырып күш қолданумен немесе оны қолданумен қорқытып жасалған жыныстық қатынас сипатындағы өзге де әрекеттер жатқызылады. Егер мұндай әрекеттерді жасау процесінде немесе оларды жасыру үшін немесе оларды жасау кезінде қарсылық көрсеткені үшін адам өлтірген болса, онда зорлау кезіндегі сияқты екі қылмыстың жиынтығы бар екендігі белгілі (ҚК-тің 121-бабы және 96-бабының «к» тармақшасы).
л) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, дінге байланысты жек көрушілік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының «л» тармақшасы).
Адам өлтірудің мұндай түрі соңғы уақытта барған сайын кең тарала түсуде, әсіресе бұл ұлттық жек көрушілік немесе араздық себептері бойынша адам өлтіруге қатысты. Бұған көбінесе дұрыс ойластырылмаған ұлттық саясат итермелейді. Соңғы уақытта барған сайын ұлттың өзін-өзі дәріптеу идеясы өршіп барады. Бұл идеялар табиғи құбылыс болып табылдаы және ұлтаралық араздық пен алауыздықты бұл идеялар тудырмайды (әрине, егер олар әсіре ұлтшылдық пен әкстремизмге айналмаған жағдайда). Бірақ, өкінішке орай, ұлттық жеккөрушілік пен алауыздықты тұтандыруға мүдделі күштер бар. Егер мұндай ниеттер адамды өмірден айыруға бағытталу негізінде жүзеге асырылса, онда мұндай жағдайдағы адам өлтіру ҚК-тің 96-бабының 2-тармағының «л» тармақшасы бойынша сараланады. Мұнда адам өлтіру үшін сылтау барынша әр түрлі болуы мүмкін: жәбірленушінің немесе өзге адамдардың құқыққа қарсы әрекеттері (мұндай әрекеттер заңды да болуы мүмкін), діни жеккөрушіліктің немесе араздықтың салдарынан нәсілдік белгілері бойынша адам өлтірудің негізінде де осындай жағдайлар болады.
Осы тармақта көзделген қанды кек себебі бойынша адам өлтірудің бірнеше ерекшеліктері бар. Қанды кек, әдетте, кінәлінің туысқандарын өлтірген адамдарға жарияланады. Мұндайда қанды кектің құрбандары осы қанды кек жарияланған адамның өзі, сол сияқты оның туысқандары, сондай-ақ өзге де адамдар болуы мүмкін. Бұл қылмыстық субъектісі қанды кек әдет-ғұрып болып табылатын жерлердегі этникалық топқа жататын адам ғана болуы мүмкін. Саралау жасау үшін қылмыс жасалған жер маңызды роль атқармайды.
м) жәбірленушінің органдарын немесе тканьдерін пайдалану мақсатында жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының «к» тармақшасы).
«Жәбірленушінің органдарын немесе тканьдерін пайдалану мақсатында жасалған адам өлтіру» туралы белгі қылмыстық заңда бірінші рет көзделеді. Бұл қазіргі өмір шындықтарынан туындап отыр. Егер адамның органдарын немесе тканьдерін пайдалану мақсатында адам өлтірілсе, ол ҚК-тің 96-бабының, 2-тармағының «м» тармақшасы бойынша сараланады.
н) бірнеше рет қайталанған адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының «н» тармақшасы).
«Н» тармақшасына сәйкес бұрын қасақана кісі өлтірген адамның алғашқы қылмысы бойынша сотталаған сотталмағанына қарамастан қасақана адам өлтіру (абайсызда, қажетті қорғану шегінен асу жағдайында немесе қатты жан күйзелісі үстінде ашумен өлтіруден басқасы) сараланады. Бұрын жасаған қылмысы үшін қудалау мерзімі өтіп кетсе немесе сотталғандығы жойылса, иә болмаса одан арылған болса, онда бұрын кісі өлтіргендігі есепке алынбайды[3].
Егер айыпты ҚК-тің 96-бабының 2-тармағына сәйкес келетін, бұрын кісі өлтіргені немесе өлтіруге оқталғаны үшін сотталмаса, онда бұл әрекет жеке саралануға жатады (ҚК-тің 24-бабы және 96-баптың 1 немесе 2-тармақтары), тиісті тармақтары көрсетіледі. Ал соңғы адам өлтіру ҚК-тің 96-бабының, 2-тармағының «н» тармақшасы бойынша саралануға жатады. Әр мезгілде жауаптылықты ауырлататын екі рет адам өлтіруге оқталған (ҚК-тің 24, 96-баптары) немесе жауаптылықты ауырлататын жағдайда екі рет қасақана адам өлтірген (ҚК-тің 96- бабының-2-тармағының тиісті тармақшалары) және олардың бірде біреуі үшін сотталмаған адамның әрекетері тиісінше ҚК-тің 24-бабы және 96-бабының 2-тармағының «н» тармақшасы бойынша, осылармен қатар кінәлінің қылмыстарын ауырлататын жағдайларды белгілейтін тиісті тармақтар бойынша саралануға жатады.
Анасының жаңа туган баласын өлтіруі (97-бап).
Жаңа Қылмыстық кодексте анасының жаңа туған баласын өлтіргені үшін жауаптылық бірінші рет жеке қарастырылған. Заң шығарушы адам өлтірудің бұл түрінің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, оны дербес құрамға бөлуді мүмкін деп тапты. Бұл құрам үшін баланы туу кезінде немесе туғаннан кейін бірден қасақана өлтірген жағдайдың орын алу шарт. Бұдан басқа, жаңа туған баланы өлтіру біраз уақыттан кейін жүйкені зақымдайтын жағдай үстінде немесе есінің дұрысығын жоққа шығармайтын психикалық бұзылуы жағдайында орын алуы да мүмкін.
ҚК-тің 97-бабының санкциясына қарағанда, заң шығарушы мұндай адам өлтіруді әйелдердің туу кезіндегі және туғаннан кейінгі ерекше психикалық жай-күйлерін ескере отырып, жеңілдету жағдайлары кезінде жасалған қылмыс деп санайды. Сонымен бірге, әйелдің алдын ала жаңа туған баланы өлтіру ниеті болғандығы және бұған оның дәрменсіз жай-күйін пайдаланған оқиғалардың да болуы мүмкін. Мұны адам өлтірген кезде жеңілдету жағдайы деп санауға бола қояр ма екен? Оның үстіне заң шығарушы осындай оқиғаларды да ҚК-тің 96-бабында көзделген адам өлтіру деп санайды. Мұндай жағдайларда кінәлінің әрекеті ҚК-тің 96-бабының 2-тармағының «в» тармақшасы, яғни дәрменсіз жай-күйін пайдалана отырып адам өлтіру деп емес, керісінше ҚК-тің 97-бабы бойынша сараланады.
Психиканы зақымдайтын жағдай үстінде немесе психика бұзылуы жағдайында анасының жаңа туған баласын өлтіруіне келетін болсақ, онда мұндай адам өлтіру туғаннан кейін біршама уақыт өткен соң, бірақ бала жаңа туған деп саналатын кезең ішінде ғана орын алады. Психиканы зақымдайтын жағдайдың немесе психиканың бұзылу жағдайының болуын осы мәселеге байланысты сарапшылық қорытынды беретін психиатр айқындайды.
Жаңа туған бала түсінігі оның мазмұнын айқындау кезінде белгілі бір қиындықтарды туғызады. Заң әдебиеттерінде олар әртүрлі айтылады. Осыған байланысты түрлі мерзімдер көрсетіледі: бір тәулік, бір апта және бір ай. Кейбір авторлар жағдайға байланысты әр түрлі мерзімдерді пайдалануды ұсынады. Бұған келісу қиын. Баланың жаңа туған кезеңі адам өлтірудің жағдайына емес, баланың өзінің өсуіне байланысты ғой. Жаңа туған кезең деп баланың туғаннан кейінгі өмірінің алғашқы сатысы оның организмінің сыртқы орта жағдайларына бейімделетін уақыт ішіндегі бірінші кезеңі болып табылады. Бұл кезеңге ішкі органдар функциясының тұрақсыздығы тән болады. Жаңа туған кезеңнің ұзақтығы әркімде әр түрлі және бірнеше аптаның мөлшерінде, көбінесе үш-төрт апта бойына ауытқып тұрады. Айы-күнін толтырып туғандарда бұл мерзім шала туғандарға қарағанда қысқарақ.
Анасының жаңа туған баланы өлтіруі туу сәтінде немесе туғаннан кейін бірден болуы мүмкін. Осы кезеңде ҚК-тің 97-бабы бойынша адам өлтіруге баға беру үшін ананың психикалық жай-күйінің шешуі маңызы болмайды. Ең бастысы, бұл адам өлтірудің көрсетілген уақыты. Дегенмен, мынаны есте ұстау керек, адам өлтіру — туған адамды заңға қарсы қасақана өмірінен айыру. Туу — ұзаққа созылатын процесс, бірінші босанатындарға ол 15-20 сағатқа, қайталап босанатындар үшін 10-12 сағаттан тұруы мүмкін. Егер туған баланы емес, ал ұрықты өмірінен айыру орын алса, бұл жағдайда адам өлтіру болмайды.
Есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психиканы зақымдалуы немесе психиканың бұзылуы жағдайында адам өлтіруге келетін болсақ, онда мұндай әрекет ҚК-тің 97-бабы бойынша саралануы үшін баланың туған кезеңі ішінде жасалуы тиіс.
Бұл қылмыстың субъективті жағы, басқа да барлық адам өлтірудегі сияқты тек қана қасақаналықпен сипатталады.
Осы қылмыстың субъектісі арнайы қылмыстың орындаушысы, мұнда жаңа туған баланың он алтыға толған анасы ғана болуы мүмкін. Егер мұндай жағдайда қылмысты бірігіп орындаушы түріндегі қатысуылар болса, онда олар ҚК-тің 96-бабының 2-тармағының «в» тармақшасы бойынша жауапқа тартылады, ҚК-тің 97-бабында көрсетілген жеңілдету жағдайлары оларға қолданылмайды. Егер өзге қатысушылар қоса орындаушы болмай, ұйымдастырушының айдап салушының немесе көмектесушінің рөлінде болса, онда саралау күрделірек болады. Бұл жағдайда жоғарыда көрсетілген қылмысқа қатысушылар үшін ҚК-тің жауапкершілікті жеңілдететін 53 және 97- бабында көрсетілген жағдайлар (жеке, сипатта болғандықтан және жаңа туған баланың анасына ғана қатысты болуына байланысты) қолданылмайды. Сондықтан олар ҚК-тің 29-бабының тармақтары және 96-бабының 2-тармағының тиісті тармақшалары бойынша жауапкершілікке тартылады.
Аффект (жан күйзелісі) жағдайында жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 98-бабы).
Заң шығарушы адам өлтірудің бұл түрін кенеттен бастаған қатты жан толғанысы жағдайында жасалған өлтіру ретінде айқындайды. Кінәлінің психикалық жай-күйі инстинктивті және сөзсіз-рефлекторлық қызметпен байланысты өткінші, интенсивті көңіл-күймен айқындалады. Көбінесе адам өлтірудің бұл түрі үшін ашу-ыза, жеккөрушілік және түңілу әсері тән болады. Аффект (жан күйзелісі) жай-күйі негізінен аз уақытқа, әдетте бірнеше минутқа созылады. Қатты жан толқуы тікелей сыртқы әсердің салдарынан кенеттен пайда болады.
Аффект жағдайында адам өлтіру кенеттен, теріс фактор әсер еткеннен кейін тікелей сол бойда жасалады. Мұнда уақыт аралық үзіліс болмайды немесе елеулі емес (мысалы, кінәлі болған жағдайдың мәнін бірден түсінбегенде)[4].
Аффект жағдайның басталуына негіз ретінде ҚК-тің 98-бабында мыналар көзделген: жәбірленушінің тарапынан болған зорлық, басыну немесе кемсіту не жәбірленушінің өзге де заңға қайшы немесе моральға жат әрекеті (әрекетсіздігі), жәбірленушінің үнемі қайталанып отыратын заңға қайшы немесе моральға жат мінез-құлқына байланысты туындаған психиканы зақымдайтын ұзаққа созылган жағдайлардың болуы соған тән. Зорлық күш көрсетумен (мысалы ұрып-соғу), сондай-ақ психикалық (денсаулығына зақым келтірумен, мүлкін жойып жіберумен және т.б. қорқыту) болуы мүмкін. Басыну адамдық қадір-қасиетін кемсітумен, жеке бсын қорлау арқылы жасалуы мүмкін. Өте ауыр балағаттау адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін жағымсыз нысанда дөрекі түрде кемсітумен көрінеді. Заң әдебиетінде мынадай пікір айтылады, өте ауыр балағаттау Қылмыстық кодекс нормаларында көзделген балағаттаудан өзгеше болуы мүмкін емес. Ол ҚК-тің 130-бабында көзделген қылмыс белгілеріне сәйкес келуі де немесе сәйкес келмеуі де мүмкін. Ал ар-намыс пен қадір-қасиетті кемсіту дәрежесін бағалау өлшеміне келетін болсақ, мұнда объективтік факторларды, сол сияқты субъективтік факторларды да ескеру қажет. Мысалы «фашист» сөзі соғыс ардагеріне және соғысқа қатысушыларға, ол үшін қасиетті болып саналмайтын жас буын өкіліне түрліше реакция туғызуы мүмкін.
1997 жылғы Қылмыстық кодексте аффект үшін негіз болуы мүмкін жағдайлардың аясы кеңейе түсті. Егер 1959 ж. Қылмыстық кодекс жәбірленушінің зорлық көрсетуі мен өте ауыр балағаттауынан басқа, егер осы әрекеттер кінәліге немесе оның жақын-туыстарына ауыр зардап келтірген немесе зардап келтіруі мүмкін болған жағдайда, өзге де заңға қайшы әрекеттері (әрекетсіздігі) жатқызылған болса, ал 1997 ж. Қылмыстық кодекс бойынша аффект үшін қылмысқа қарсы және тіпті моральға жатпайтын қарапайым әрекеттердің (әрекетсіздіктің) болуы жеткілікті. Моральға жатпайтын әрекет түсінігіне келетін болсақ, біздің еліміз бастан кешірген бірқатар моральдық құндылықтарды қайта бағалаумен байланысты олардың мазмұнын түсінуде де белгілі бір қиындықтардың пайда болуы мүмкін. Оның үстіне біздің қоғамымыз жікке бөліуге қатты ұшырап отыр және көптеген құбылыстарды түрлі әлеуметтік топтар түрліше қабылдайды. Оған қоса біз қазір әрекеттердің қандай моральға (социалистік немесе коммунистік) қайшы келетіндігіне сілтеме жасай алмаймыз. Сонда да қай уақытта болмасын, негізінен қоғам мүшелерінің көпшілігіне бірдей болып саналатын моральдық құндылықтар, жақсылық пен жамандық, ар, намыс жэне арсыздық, сенімділік пен сатқындық, үят пен үятсыздық деген пікір түсініктер болады. Міне, осылар баға беру негізіне алынуы тиіс.
Адам өлтірілетін аффект жай-күйі заңда көзделгендей кенеттен болған жағдайда емес, жәбірленушінің үнемі қайталанып отырған құқыққа қарсы немес моральға жат мінез-құлқына байланысты пайда болған, ұзақ уақыт психиканы зақымдайтын оқиғалармен де байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, тіпті бір қарағанда еленбейтін жағдайдың өзі шыдамның шегіне жеткізіп, адам өлтіруге әкеліп соқтыратын көңіл-күй жарылысының тұтандырғышы болып табылуы мүмкін.
Аффект жағдайында адам өлтіру тікелей де, сол сияқты жанама қасақаналықпен жасалуы мүмкін. Аффект кезінде екі немесе одан көп адамды өлтіру жағдайы Қылмыстық кодекстің 98-бабының 2-тармағында сипатталған. Екі немесе одан да көп адамдарды өлтірудің түсінігі ҚК-тің 96-бабының 2-тармағының «а» тармақшасында берілген.
Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде не қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 99-100-баптары).
Қылмыстық кодекс осы баптарда адам өлтірудің екі құрамын көздейді. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезді не қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде адам өлтіру. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіру жәбірленушіні өмірінен айыру қажеттігі болмаған кезде орын алады. Кінәлінің әрекеті сипаты және дәрежесі бойынша қастандықтың қоғамға қауіптілігіне анық түрде сәйкес келмейді.
Сот тәжірибесінде қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіруге саралау жасалған кезде қателіктер жиі жіберіледі. Бірқатар жағдайларда қажетті қорғану шегінен асып кету болмаған жәйттер де кездеседі.
Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіргенде тікелей де, сол сияқты жанама қасақаналықтың болуы мүмкін. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде айбайсыздықтан өмірінен айыру қылмысытық жауапкершілік болып есептелмейді.
Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде адам өлтіру ҚК-тің 100-бабында сипатталған.
Ұсталған адамның жасаған қылмысы ұсталу жағдайының сипаты мен қоғамға келтіретін қауіптілік дәрежесіне анық түрде сәйкес келмегенде, түлғаға ешбір қажеттіліксіз, шектен тыс, осы жағдай ту-дырмаған зиян келтіру қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану деп танылады. (ҚК-тің 100-бабы). Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіруден 100-баптың айырмашылығы – жәбірленуші оны өлтірген кезде қоғамға қауіпті қастандық жасамайды. Ұсталған тұлғаға ол қылмыс жасағаннан кейін зиян келтіреді. Бұл зиянның көлемі қылмыстың ауырлығына байланысты. Ұсталу жағдайына келетін болсақ, мұның да белгілі бір ролі бар, бірақ бірінші дәрежелі емес. Немесе кез-келген ұстау жағдайында (егер қажетті қорғану жағдайы туындамайтын жағдайда), мысалы өлтіруге немесе оның денсаулығына ауыр зиын келтіруге болмайды.
Ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді ұстау кезінде оны өлтіруге байланысты заң әдебиеттерінде әр түрлі пікірлер айтылған. Кейбір авторлар мұндай жағдайларда қоғам үшін қауіпті іс-әрекеттің жолын кесу құралы ретінде оларды өлтіру мүмкін деп санайды. Алайда мұндай көзқарастың авторларына айтарымыз: ұстау сәтінде бұл әрекет әлі анықталған жоқ. Оның іс-әрекетінің қауіптілігіне келетін болсақ, бұл бар болғаны болжам түрінде ғана, ол Қылмыстық кодекс нормаларында көзделген қандай да болмасын белгілі бір заңдылық бағаға жатқызылған жоқ. Сондықтан, бұл жағдайларда өлтіру, біздің пікірімізше, заңға қайшы.
Әйелдерге, анық мүгедектік белгісі бар адамдарға және өте жас балаларға немесе милиция қызметкерлеріне кәмлетке толмағандарға (егер олар қарулы қарсылық көрсеткен, қарулы не топ болып шабуыл жасаған. Адамдардың өміріне қауіп төндіретін, бұдан бөгде адамдар задрап шегуі мүмкін болатындай елеулі түрде адамдар Шоғырланған жағдайдан басқа жағдайларда) оқпен атылатын Қаруды қолдануға тыйым салынады.
Атылатын қаруы бар қылмыскерлердің, полицияға Қызметкерлері ұстайтын адамдардың, оларға көрсетілген ара Қашықтықты қысқарта жақындауға, немесе оның қаруына жанасуға әрекет етуі полиция қызметкерлерін оқпен атылатын қаруды қолдануына құқық береді.
Абайсызда адам өлтіру (ҚК-тің 101-бабы)
1997 жылғы Қылмыстық кодекс бойынша абайсыздықта адам өлтіріп алу адам өлтірудің түсінігіне жатпайды, ол өз алдына жеке қылмыс болып табылады. Мұның адам өлтіруден негізгі айырмашылығы өлімнің болуына қатысты кінә нысанының өзгешілігінде. Абайсыздықта адам өлтіріп алу үшқалақтықтың немесе ұқыпсыздықтың салдарынан болуы мүмкін. Үшқалақтық салдарынан адам өлтіріп алу кінәлі өз әрекетінен (әрекетсіздігінен) өлімнің болу мүмкіндігін шамалайды, бірақ өзіне өзі сеніп, оған жеткілікті негіз болмағанның өзінде де өлімнің жолын кесемін деп есептейді. Егер тұлға өзінің әрекетінен (әрекетсіздігінен) өлімнің болу мүмкіндігін шамаламаса, бірақ оған қажетті деңгейде көңіл бөлген немесе шамалаған кезде өлімнің болатындығын алдын ала болжауға тиіс болған жағдай үқыпсыздықтың салдарынан адам өлтіріп алу деп танылады.
Абайсыздықта адам өлтіріп алудың субъектісі — он алты жасқа толған адам болады.
ҚК-тің 101-бабының 2-тармағы осы қылмыстың неғұрлым қауіпті түрін қарастырады: екі немесе одан көп адамды абайсыздықта өлтіріп алуы.
Өзін-өзі өлтіруге жеткізу (ҚК-тің 102-бабы).
Қылмыстың мәні — қорқыту, қатыгездікпен қару немесе жәбірленушінің адамдық қасиетін кемсіту жолымен тұлғаны өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі өлтіруге қастандық жасауға жеткізуде.
Қылмыстың объективті жағы — қорқыту, қатыгездікпен қару немесе жәбірленушінің адамдық қасиетін ұдайы кемсіту жолымен тұлғаны өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі өлтіруге қастандық жасауға жеткізумен сипатталады. Соныдықтан да қорқыту сипаты бойынша әр түрлі болуы мүмкін деп айтуға болады: күш қолданумен, бостандығын шектеумен немесе бостандығынан айырумен, тіршілік ету құралынан айырумен және т.б.
Жәбірленушіге қатыгездікпен қарау, оны ұрып-соғудан, азаптау, денеге жарақат салудан, оны тамақтан, үй-жайдан айыру, бостандығын шектеуден және т.б. көрінеді.
Жәбірленушінің адамдық қасиетін удай кемсіту, кінәлінің жәбірленушімен екіжүзділік қарым-қатынаста болуы: оның жеке басын кемсіту, оның кемшіліктерін келеке қылу, оны басыну, оны масқаралайтын мәліметтер тартау және т.б. жағдайларда орын алады. Сонымен қатар мұндай фактілер біреу емес, ұдайы, яғни екі реттен көп болуы тиіс.
Жоғарыда аталған әрекеттер әрекет жасау жолымен, сондай-ақ әрекетсіздік жолымен де жасауы мүмкін.
Жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі немесе өзін-өзі өлтіруге қастандық жасауы осы қылмыстың объективті жағының міндетті белгісі болып табылады. Кінәлінің мінез-құлқы мен аталған зардаптың арасында себептік байланыс анықтауға тиіс.
1.3. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
және түрлері
Әрбір жеке адамның денсаулығы ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын факторлар болып табылады. Себебі адам денсаулығы — оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бәір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек. Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде Мемлекеттік бағдарламалар әзірленген, осы бағдарлама бойынша ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі жұмыс істеп отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының Адам және Азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтауға құқығы бар. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының азаматтары заңмен белгіленген тегін әрі кепілді медициналық көмектің барша түрін алуға құқылы. «Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі» делінген. Осыған орай азаматтардың денсаулығын нығайту, айналадағы қоршаған ортаны сақтау шараларын жүзеге асыру мақсатында, әсіресе өсіп келе жатқан жасөспірімдердің денсаулығын сақтау үшін мемлекеттік және жеке емдеу мекемелері заңғы сәйкес ақылы түрде не тегін медициналық жәрдем көрсетуді жүзеге асырып отыр.
Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейтік. Денсаулық дегеніміз адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі. Яғни, адам организмінің әрбір органы, әрбір мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқарады. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі — бұл қылмыстарды жасаған кезде, бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады. Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі оның міндетті эскери қызметке шақырылуына кедергі кслтіруі мүмкін, сондай-ақ әскери немесе басқа да арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау — тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туыстары үшін де үлкен залал келу салдарынан, оның жақын туысқандарына да белгілі бір көлемде материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін. Адамды ден-саулығынан айыру салдарынан оның өміріндегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы — адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады.
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстарды топтастырайық. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам денсаулығына қарсы қылмысқа қандай қылмыстар жататыны нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыстарға мыналар атады:
1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап); 2) денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру (104-бап); 3) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап); 4) ұрып-соғу (106-бап); 5) азаптау (107-бап); 6) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап); 7) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап); 8) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап); 9) денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап); 10) қорқыту (112-бап); 11) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын-тінін алуға мәжбүр ету (113-бап); 12) медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндетерін тисінше орындамауы (114-бап); 13) соз ауруларын жұқтыру (115-бап); 14) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру (116-бап); 15) заңсыз аборт жасау (117-баптың 4-тармағы); 16) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап); қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап).
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объектісі, объективтік жағын, субъектісін, субъективтік жағын жеке-жеке талдайық.
Дене жарақатының объектісі — бөгде адамның қалыпты ден-саулығы болып табылады.
Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объективтік жағы — басқа адамның денсаулығына, құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктер арқылы зиян келтірумен көрініс табады. Көбінесе Дене жарақаты әрекет арқылы жасалынады. Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі жолдармен, атап айтсақ Механикалық әсер ету арқылы (мүшелерге зақым келтіру), химиялық жол арқылы (улау, қышқылмен күйдіру), электрлік жолмен (тоқпен ұру), термикалық әсер ету (организмге инфекциялы ауруларды жұқтыру) арқылы, сонымен қатар психикалық әсер ету арқылы (гипноз) және басқа да тәсілдер арқылы дене жарақатын келтірсді. Әрекетсіздік арқылы да дене жарақаты келтіруі мүмкін, егерде белгілі бір адам өзіне жүктелген міндеттерін орындамаса.
Кейбір кездері дене жарақатын келтіру қылмыстық жауаптылықтан босатылуға негіз болып табылады, егер бұл жарақат мәжбүрлік қажеттілік жағдайында, яғни емдеу мақсатында болса. Мысалы, егер жәбірленуші өзінің организміне хирургиялық операциялар жүргізуге келісімін берсе, онда хирургтар осы хирургиялық операциялардан туындайтын белгілі бір зардаптарға жауап бермейді, себебі жәбірленуші хирургиялық операциялардан туатын салдарға қарсы болмады. Дене жарақатын келтіру спорт жарыстары кезінде де орын алуы мүмкін. Спорттың нақты түріне қатысты жалпы ережені сақтамау салдарынан туған дене жарақты денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде сараланады. Мысалы, футбол кезінде футбол ережесін өрескел бұзған кінәлі бөгде адамға және жарақатын келтірсе, онда оның әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде танылады.
Дене жарақатын келтірудің субъективтік жағы 2 нысаннан тұрады: 1) қасақана (тікелей және жанама), 2) абайсызда (менмендік және немқұрайдылық). Тікелей қасақана дене жарақатын келтіру бір адамның екінші бір адамға дене жарақатын келтіруді тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы түрде мақсаттар жасауы, ал жанама қасақаналықта кінәлі сондай зардаптың болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде береді. Абайсыздық нысанының өзінде сенімділік түрінде кінәлі өзінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен тауатын салдардың, яғни дене жарақатының болуын көре алады, бірақ ол салдар бола қоймас-ау деген өзіне сенімділік ниетте болады, немқұрайдылық түрінде адам дене жарақатының болатынын көре алмайды, бірақ көруге тиісті болатын.
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың субъектілері тУралы мәселеге тоқталайық.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15-бабының 2-тармағында көрсетілген дене жарақатын салумен байланысты мына қылмыстарды жасаған есі дұрыс субъектілер үшін 14 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап); 2) ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіру (104-баптың 2-тармағы).
Ал мына дене жарақаттарын салғаны үшін заң бойынша есі дұрыс субъектілері үшін 16 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап); 2) ұрып-соғу (100-бап); 3) азаптау (107-бап); 4) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап); 5) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап); 6) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап); 7) денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап); 8) қорқыту (112-бап); 9) соз ауруларын жұқтыру (115-бап); 10) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру (116-бап); 11) заңсыз аборт жасау (117-бап); 12) қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап).
Ал мына төмендегі дене жарақаттарын салумен байланысты қылмыстарды жасаған есі дұрыс арнаулы субъектілер заң бойынша жауапкершілікке тартылады: 1) заңсыз аборт жасау (117-бап); 2) медицина қызметкерлерінің өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындалмауы (114-бап); 3) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету (113-бап); 4) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап). Осы жоғарыдағылардан айқын болғандай кейбір дене жарақатын салған есі дұрыс субъектілер үшін 14 жас, ал кейбір субъектілер үшін 16 жас.
Сонымен қатар дене жарақаты қылмысын жасайтын арнаулы субъектілер де бар.
Енді ауыр дене жарақатын салу түсінігі мен түрлеріне тоқталайық. Жалпы денеге жарақат түсіру деп бөгде адамның Дснсаулығына қасақана заңсыз түрде немесе абайсыз денедегі ұлпалардың анатомиялық тұтастығын бүлдіру жолымен, әйтпесе басқа жолмен оның ағзаларының дұрыс жұмыс істеуін бұзу арқылы зиян келтіруді айтамыз.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ұғымына келетін болсақ, ол былай делінген: «Адамның өміріне қауіпті немесе кәруден, тілден, естуден, қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет әлпетінің қалпына келместей бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, ондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға үштасқан немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немес уытты умен ауруға душар еткен, денсаулықтың бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру».
Осы 103-баптың 1-тармағын талдап, тоқталып өтейік: «Денсаулыққа келтірілген зиянды сот-медициналық бағалау Ережесі» 1998 жылы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің N 240 бұйрығымен бекітілген. Осы Ережеге сәйкес:
а) Адамның өміріне қауіпті зиянға — миға зақым келтірілместен бас сүйегіне келтірілген жарақат; бас сүйектерінің ашық немесе жабық сынуы; ауыр дәрежедегі мидың зақымдануы; өмірге қауіпті түрдс миға қан қүйылуы; бел омыртқаны ауыр зақымдау; адамның іш қүрылысын, ас қорыту, зәр шығару органдарын жарақаттау, ауыр дәрежеде күйдіру т.б. жарақаттар келтірулер жатады. Өмірге қауіпті жарақаттың тізбегі жоғарыда айтылған Ереженің 7-тармағында тұтастай көрсетілген.
б) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан көруден айрылу — бұл адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру салдарынан адам көре алмайтын жағдайда душар болады. Айтып кететін бір жэт, адамның көре алмауы емделусіз болуы керек, уақытша көруден айрылу дене жарақатының элементі болмайды, яғни ол орташа ауырлықтағы дене жарақаты болып табылады.
Бір кездің көруін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Бір көздің көруінен айрылу салдарынан адам көзінің көру шеңбері 30 процентке тарылады және бинокулярлық көрудің бұзылуына әкеп соғады, ал мұндай жағдайлар кейбір кездері белгілі бір нәрселерді нақты қабылдау қабілеттілігін қиынға соқтарады немсе керудің мүмкіншілігін түпкілікті жоғалтады. Себебі, бір көзден айрылған адам мамандық түрін таңдағанда ған емес, сонымен қатар дем алу кездерінде де қиыншылықты басынан өткереді, ал кейбір кездері бақытсыздық жағдайлардың объектісі болуы да мүмкін. Сондықтан да көздің көру қабілетінің 35% мөлшерінде жоғалту немесе 2 метр қашықтықта бармақтың санын көре алмауы денсаулыққа ауыр зиян келтіреді деп есептелінеді және ауыр дене жарақаты етінде бағаланады.
в) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан тілден айрылу — сөйлеу қабілетін, ол ойын айланасындағыларға түсінікті түрде біріккен дыбыстармен жеткізу қабілетін бір жолала жоғалту. Даусын жоғалту салдарынан, яғни афония жағдайында адам өзінің ойларын тек қана сыбырлап жеткізе алады. Мұндай жағдайлар адамның еңбек ету қабілеттілігінің 25% мөлшерінде жоғалтуына әкеп соғады. Сөйлей алмау нәтижесінен адам қоғамдағы қатынастарға активті түрде қатыса алмайды, барлық уақытта өзінің бір кемшілігінің бар екенін сезінеді, адамдармен сөйлесуден аулақ жүреді, сондықтан да тілден айрылу адам денсаулығы үшін орасан зиянды болып табылғандықтан ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді.
г) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан естімей қалу дсп мүлде айықпайтын керендік және зардап шегуші қатты айтылған сөзді өте жақын жерден, қулағынан 3-6 см қашықтықта айтақанда ғана ести алатындай жағдайда қалуы. Жалпы есту адам организмінің сезім органдарының бірі. Күнделікті қарым-қатынас, жұмыс, дем алу уақыттары, теледидардан, радиодан хабар алу, есту сезімімен тығыз байланысты. Екі құлақтың есітпей қалуы — ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді. Бір құлақтың есітпей қалуы — жалпы еңбек қабілетінің 15 процентін, яғни кемінде үштен бірін жоғалту емес, сондықтан ол денсаулықтың бұзылуына әкеп соққан жеңіл деп бағаланады.
л) Қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жоғалтуға — аяқтың, қолдың физикалық тұрғыда денеден айрылып қалуын немесе сал (паралич) қалпында қалуы жатады және бұл жағдай ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Жыныс Қатынастарының қабілетін жоғалту, екі ені де зақымданып, оларды алып тастауға әкеп соғуы, сондай-ақ бала табу қабілетінен айрылу тұқымдылық қабілетінен айрылу деп саналады да, ауыр дене жарақаты қатарына жатады.
е) Сот медицинасы тәжірибесінде беттің аралануы тым жиі кездеседі. Бет жарақатын бағалау кезінде бірқатар факторларды: жарақат салған кезде оның адам өміріне қауіптілігін (ми шайқауы т.б.), сезім мүшелерінің зақымдануын және бет пішінінің қалпына келмейтіндей болып бұзылуын ескеру керек. Бет сиқының бұзылуы туралы мәселені сот шешеді. Бет жарақатының жазылуы дегеніміз тыртық көлемінің кішіреюі, табиғи жағдайлардың нәтижесінде олардың өңінің өзгеруі, мысалы, тыртықтардың әжімдерге, мойын қыртыстарына және т.б. ұқсап тұруы болып табылады, сондай-ақ консервативтік емдеу әдістерінің нәтижелері де осыған жатады. Ал егер консервативтік емдеу жақсы нәтижеге жеткізбей, зақымданушыға косметикалық операциялар жасалса, жарақат операцияның нәтижесіне қарамастан қалпына келмейтін жарақат деп қаралады да ауыр дене жарақатына жатады, өйткені мұндай жағдайда орын алатын іш құса болып қатты қайғыруға бет-пішіннің өзгеруі ғана емес, адамның қоғаммен байланысының бұзылу қаупі де негіз болады.
и) Еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалту деп — жалпы еңбек қабілеті, мамандықты талап етпейтін еңбекке қабілеттілік айтылады. Еңбек қабілетінің үштен бірін жоғалту зардап шеккен адамның жалпы еңбек қабілеті мен оның жоғалту көлемін онша өзгертпейтін жарақат зардаптарының біршама жақсаруы организмдегі өзгерістермен бірге байланысты. Еңбек қабілетін жоғалту тек тұрақты болады. Жалпы еңбек Қабілетінің 33% мөлшерін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Кәсіптік еңбек қабілетін жоғалтуды анықтау зардап шеккен адамның кәсіптік еңбек қабілетінен айыруға ниеттегендік анықталатын жағдайларда тергеушінің қаулысы немесе сот қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Еңбекке қабілетті адамның еңбек жоғалтуына апарып соғатын жарақаттар жас балаға, қарт адамға, кәмлетке толмаған жасқа, 1-топтағы мүгедекке, яғни еңбекке жарамсыз адамдарға салынуы мүмкін. Мұндай жағдайларда дене жарақатының қаншалықты ауыр екенін анықтағанда мыналар негізге алынады: 1) балалардың кейін ол 10 жасқа толғанда еңбек қабілетін қандай дәрежеде жоғалтқаны көрсетіледі; 2) мүгедек адамның алынған жарақатқа байланысты еңбек қабілетін біржола жоғалтуы дені сау адамдардікі сияқты анықталады, яғни мүгедектігі мен тобы ескерілмейді.
к) Егер келтірілген зақымдардың салдарынан түсік болса, екіқабат екендігінің мерзіміне қарамастан, ол ауыр дене жарақатына жатқызылады. Бүл орайда арнайы акушерлік-гинекологиялық зерттеулер арқылы түсіктің зардап шегуші организмінің жеке ерекшеліктеріне, яғни аурулығына немесе ішкі жыныс мүшелерінің жетілмегендігіне байланысты емес, қайта оған дене жарақатының тікелей болғаны анықталуға тиіс.
ж) Жарақат алуға байланысты іш қүса болу (психикасының бүзылуы) ауыр дене жарақатының белгісі болып табылады. Мысалы: бас сүйек жарақатына байланысты пайда болатын қояншық (эпилепсия) осындай ауру. Іш қүсаның диагнозын қою жэне оның себебі жарақат алуға байланысты екенін анықтау сот-психиатриялық сарапшаның қүзыретіне жатады
з) Есірткімен немес уытты умен ауруға душар еткен дснсаулықтың бүзылуын тудыру денсаулыққа қасақана ауыр зиын кслтіру. Бүл есірткі немесе уытты у арқылы адамды соған душар етіп, оған ауыр дене жарақатын келтіру болып табылады.
Енді жоғарыда көрсетіп кеткен 103-бапқа қайта оралып, оның 2-мармағына тоқталайық. Осы баптың 1-тармағындаңы эрекеттер: а) скі нсмесе одан да көп адамға қатысты жасалса; б) адамның қызметтік жүмысын емесе кэсіптік немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты жасалса; в) кінэліге дэрменсіз күйде екені белгілі, сол сияқты адамды Үрлауға немесе кепілге алуға үштасқан адамға қатысты жасалса; г) аса қатыгездікпен жасалса; д) үйымдасан топпен жасалса; е) жалдау бойынша; ж) бүзақылық ниетпен; з) элеуметтік, үлттық, нэсілдік, Діни өшпенділік немесе араздық түрғысында; и) жэбірнеушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында; к) бірнеше рет жасалса немесе оны осы Кодекстің 96-бабында көзделген кісі өлтірген адам жасса, — деп атап көрсетілген.
Осы 103-баптың 1 және 2-тармағында көзделген әрекеттер абайсызда жәбірленуішінің өліміне әкеп соғуы мүмкін. Ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өлімі бір құрамдағы екі кінә нысаны ретінде көрініс табады:
1) қасақана ауыр дене жарақатын табады;
2) абайсызда жәбірленушіге өлім келтіру.
Ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өліміне әкеп соғатын кінәлінің әрекеттері тікелей басқа адамның денсаулығына қол суғуға бағытталады, сондықтан да жалпы кінәлілік әрекеттері адам денсаулығына қарсы қылмысқа жатады. Жалпы кінәлінің әрекеттерінің субъективтік жағын қарастырсақ, кінәлі өзінің қасақана әрекеттері арқылы жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіреді, мундай әрекеттерді ол тілеп немесе саналы түрде жол беріп істейді, бірақ бұл әрекеттердің салдарынан келетін зардап, зиян жәбірленушінің өлімі абайсызда болады, яғни кінәлі жәбірленушінің өлуін тілемейді, ол өлмейді деген менмендік немесе немқұрайдылық қатынас түрінде болады. Егер абайсызда жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе, мұның салдарынан жәбірленуші өлетін болса, онда бұл жағдай абайсызда кісі өлтіру қылмысы құрамын құрайды. Сонымен ауыр дсне жарақатының салдарынан жәбірленушінің өлімі келген жағдайға байланысты жалпы заң бойынша 2 қорытынды шығаруға болады: 1) Егерде кінәлі тікелей немесе жанама қасақаналықпен өлтіруге бағытталған әрекеттерді жасап, мұның салдарынан жәбірленуші өлсе, онда кінэлінің әрекеті қасақана кісі өлтіру қылмысы қүрамын қүрайды. Егерде кінэлінің өлтіруге бағытталған тікелей қасақаналық эрекетінің салдарынан жэбірленушіге өлім келмей, оған тек ауыр дене жарақаты салынса, онда кіэлінің эрекеті кісі өлтіруге оқталу ретінде есптелінеді, ал жанама қасақаналықта -лснс жарақаты ретінде бағаланады. Жэбірленушіге өлім келтіруді мақсат түтпай жанама қасақаналықпен жасалған дене жарақаты өлтіруге оқталу ретінде қарастырылмайды.
2) Егерде ауыр дене жарақатының салдарынан келген жэбірленушінің өліміне кінэлінің тікелей немесе жанама қасақаналық ниеті болмаған кезде, онда кінэлінің эрекеті түтасымен 103-баптың ‘-тармағымен сараланады.
Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-бан)
Қылмыстық кодекстің 104-бабында көрсетілген қылмыстың денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруден өзгешелігі келтірілген зиянның дэрежесінде. Ауыр зиянға қарағанда орташа ауырлықтағы зиян келтіру мынадай өзіндік белгілерімен: 1) адамның өміріне қауіптіліктің болмауынан; 2) Кодекстің 103-бабында көрсетілген зардаптарға экеп соқпауынан; 3) денсаулықтың үзақ уақытқа бүзылуына; 4) жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін айтарлықтай түрақты жоғалтуға әкеліп соғумен сипатталады. 3 аптадан (21 күннен әрі) артық уақытқа уақытша еңбек жоғалту денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуы, ал жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін (10-нан 30%-ке дейін) жоғалту тұрақты жоғалту деп танылады.
Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірудің ауырлататын түрлері Қылмыстық кодекстің 103-бабында көзделген осындай белгілермен бірдей, сондықтан да оларды қайталап талдап жатудың қажеті жоқ.
Субъективтік жағынан көрсетілген қылмыс тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі 104-баптың 1-тармағы бойынша 16-ға толған, ал осы баптың 2-тармағы бойынша 14-ке толған адам болады.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап)
Қылмыстық кодекс денсаулықтың қысқа уақыттық бүзылуына нсмссе жалпы еңбек қабілетін айтарлықтай емес түрақты жоғалтуға экеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін жауаптылық белгіленген. Үзақтығы 6 күннен 21 күнге дейінгі уақыт аралығындағы денсаулыққа келтірілген зиян денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуы, ол жалпы еңбек қабілетінің 10% дейінгісін жогалту айтарлықтай емес тұрақты жоғалту деп танылады. Осы көрсетілген білгілердің әрқайсысы аяқталған жеке қылмыс Құрамдары болып танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет әртүрлі болуы мүмкін. Егер жеңіл зиян бұзақылық гаиетпен қоғамдық тәртіпті бұзумен ұштаса отырылып келтірілсе, онда кінәлінің әреқеті КК-тің 257-бабы бойынша сараланыды. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген есі дурыс адам.
Ұрып-соғу (106-бап)
Қылмыстық кодекстің 106-бабында тән ауруын келтірген, бірақ осы Кодекстің 105-бабында қамтылған зардаптарға әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерін жасау үшін жауаптылық беліленген. Жәбірленушінің тән ауруын келтіре отырып денеге дақ түсіру, тырнау, денесін қанталату, денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге жатпайтын басқадай зақым келтіру, ұрып-соғу деп танылады. Жәбірленушіні араға шақтыру, оған ине тығу, қолын бұрап ауырту, бір мәрте болса да теуіп жіберу, өзге де күш қолдану әрекетері жатады. Ұрып-соғудың белгісі 6 күнге дейін кетуге тиіс, орын алған жарақаттың белгісі көрсетілген уақытта кетпесе, онда іс-әрекет Қ-тің 105-бабымен саралануы тиіс. Ұрып-соғу белгілерін анықтау сот, тергеу органдарының құзыреті болып табылады, ал егер ұрып-соғу жарақат келтірумен үштаса, онда оның дәрежесін сот-медициналық сарапшысы анықтайды.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі жалпы — 16-ға толған адам.
Азаптау (107-бап)
Қылмыстық кодекстің 102 және 104-баптарында сипатталған зардаптарға әкеп соқпаған жағдайда адамды ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттері жолымен тән зардабын немесе психикалық зардап шектіргені үшін жауаптылық белгіленген.
Объективтік жағынан алғанда қылмыс азаптау арқылы — ұдайы ұрып-соғу немесе езге күш қолдану әрекеттері жолымен жүзеге асырылады.
Ұдайы ұрып-соғу жыл ішінде кемінде үш реттен артық сабау жатады. Тән зардабын шектіруге адамды астан, жылудан, сусыннан айыру немесе оны өте ыстық, не болмаса суық жерге жауып қою, шулы, ауасы ластанған жерде ұстау т.с.с. жатады.
Психикалық зардап шектіруге ұрып-соғу мен бірге адамды қорлау, оған бұзақылық әрекеттер жасау, әртүрлі жолмен қорқыту, сайқымазақ етулер жатады.
Күш қолдану арқылы зардап шектіруге үнемі өткір немесе қатты затпен, құралмен денені ауырту, күйдіретін, қыздыратын немесе басқа нәрселермен денені болмашы жарақаттау т.с.с. әрекеттер жатады.
Егер азаптаудың әсерінен денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтірілсе, онда кінәлінің әрекеті істің нақты жағдайларына байланысты ҚК-тің 103 немесе 104-баптары бойынша саралауға жатады.
Қылмыс күш қолдану немесе психикалық зардап шеккізу әрекеттері басталған сәттен бастап аяқталған деп табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам. ҚК-тің 107-бабының 2-тармағында азаптаудың ауырлататын түрлері:
а) кәмелетке толмаған немесе кінәліге дәрменсіз күйде екендігі белгілі, не кінәліге материалдық немесе өзге тәуелділіктегі адамға, сонымсн бірдей ұрланған не кепіл ретінде қолға түсірген адамға қатысты;
б) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
в) кінәліге жүктілік жағдайында екендігі белгілі әйелге қатысты;
г) азаптап;
д) жалдау бойынша;
е) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе дұшпандық тұрғысында жасалған әрекет үшін жауаптылық көзделген. Осы көрсетілген белгілерге сипаттама ауырлататын жағдайда кісі өлтіргені үшін қылмыс құрамына (96-баптың 2-тармағы) талдау жасағанда толық берілген.
Денсаулыққа жан күйзелісі (аффект) жағдайында зиян келтіру (108-бап). Қылмыстық кодексті денсаулыққа кенеттен пайда болған жан күйзелісі (аффект) жағдайында жасалған, жэбірленушінің тарапынан зорлық жасауға, қорлауға немесе ауыр тіл тигізуге, не жәбірленушінің құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) байланысты, сонымен бірге жәбірленушінің ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мінез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық бұзылу жағдайында касақана ауыр және орташа ауырлықтағы зиян келтіру үшіп жауаптылық көзделген.
Қылмыс объективтік жағынан аффекті жағдайында, жәбірленушіге қасақана ауыр немесе орташа аурылықтағы зиян келтіру арқылы сипатталады. Аффектілік жағдайдың түсінігін Қылмыстық кодекстің 98-бабын талдағанда бергенбіз, сондай-ақ жоғарыда жәбірленушінің денсаулыған ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру туралы да сипаттама бергенбіз.
Субъективтік жағынан бұл қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады.
Қылмыстық субъектісі 16-ға толған адам.
Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап)
Қылмыс объективтік жағынан алғанда денсаулыққа қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған қасақана ауыр зиян келтіру арқылы сипатталады.
Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде зиян келтірудің түсінігіне, қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасаған кісі өлтірудің талдағанда тоқталғанбыз.
Ауыр зиян келтірудің түсінігі ҚК-тің 103-бабында көрсетілген. Осы бап (109-бап) бойынша тек қасақана ауыр зиян келтірлегн жагдайда ғана қылмыстық жауаптылық туындайды, қажетті қорғаныс шегінен шығу арқылы басқа жағдайларда келтірілген зиян кслтірушілік үшін жауаптылық белгіленбеген.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама Қасақанылықпен келеді.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.
Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап)
Қылмыс объективтік жағынан қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру арқылы сипатталады.
Денсаулықа қасақана ауыр зиян келтірудің түсінігі ҚК-тің 103-бабьінда толық берілген. Ал қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде қажетті шараларды асыра қолдаудың шарттары Қылмыстық кодекстің 23, сондай-ақ 100-баптарында керсетілген.
Субъективтік жағынан қылмыс қасақанылықпен (тікелей немесе жанама) істеледі.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген адам. Денсаулыққа айбайсызда зиян келтіру (111-бап)
ҚК-тің 111-бабының 1-тармағында денсаулыққа абайсызда ауыр зиян келтіргені, ал 2-тармағында айбайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жауаптылық көзделген.
Осы баптың (111-бап) 3- тармағында денсаулыққа абайсызда орташа ауыртпалықтағы зиян келтіргені, ал 4-тармағында абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін жауаптлық белгіленген.
Денсаулыққа абайсыздықпен жеңіл жарақат келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық белгіленбеген.
Көрсетілген қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен (менмендік немесе немқұрайдылық) істеледі.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.
Қорқыту (112-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі адамдардың өмірі мен дснсаулығы.
Қылмыс объективтік жағынан өлтіремін немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына әзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп құртамын деп жарылыс жасау немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқыту, бұл қарқытудың іске асатындығына қауіптеудің жеткілікті негіздері бар екендігі арқылы сипатталады.
Заңда қорқытудың нақты түрлері — (өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, адамның жеке басына күш көрсету, мүлікті ертеу, жарылыс жасау, жалпыға қауіпті тәсілді қолдану) нақты керсетілген. Қорқытуды білдіру тәсілі сан алуан (ауызша, жазбаша, белгі беру немесе үшінші бір адам арқылы сәлем айту, белгілі бір нақты әрекеттер жасау) болуы мүмкін.
Қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты жағарыда көрсетілген қорқыту тәсілдерінің іске асатындығына қауіптенудің Жергкілікті негіздері бар екендігі болып табылады. Мұндай негіздер түрлі факторларды есепке ала отырып нақты жағдайларға байланысты шешіледі: кінәлінің қорқыту әрекеттерін жасау тәсілдері, онын қару-жарағының болуы; жеке тұлғасының ерекшеліктері (бұрын сотталғандығы, эмоциялық жай-күйі, т.с.с.) Қылмыс формальдық құрамға жатады және ондай қорқытулар жәбірленушіге мәлім болған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Егер өлтіремін деген қорқыту қару-жарақ сатып алумсн үштасса, онда кінәлінің эрекеті кісі өлтіруге даярланғандық болып табылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет эртүрлі болуы мүмкін, ол жаза тағайындалғанда есепке алынады.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған адам.
Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету (113-бап)
Соңғы жылдары медицина ғылымының елеулі жетістіктерінің бұл түрі органдарын немесе тінін басқа адамның өмірін сақтап қалу немесе қалпына келтіру үшін ауыстырып салуға қол жеткізу болып табылады.
Медицинадағы бұл жетістік ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамдардың органдарын немесе тінін алуға мэжбүр ету сипаты криминалдық жағдайлардың көрініс алуына экеліп соқты. Осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте осы тұрғыдағы қылмыспен күрес жүргізетін арнаулы норма — 113-бап пайда болды. Бұрынғы Қылмыстық кодексте мұндай норма болмаған еді. Қылмыстың объектісі адамдардың өмірі немесе денсаулығы. Объективтік жағынан қылмыс күш көрсете отырып немесе күш көрсетемін деп қорқыта отырып ауыстырып салу, пайдалану үшін басқа адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету арқылы жүзеге асырылады[5].
Адам органдарын немесе тінін алу тек қана донордың келісімі бойынша жүзеге асырылады, адам органдарын немесе тінін ауыстырып салу арнаулы заңмен реттеледі. Егер адам органдарын немесе тінін донордың келісімінсіз оны мәжбүрлеу арқылы алуға қол жеткізсе, онда мұндай әрекет қылмыс деп танылады. Мәжбүрлеу дегеніміз донорға күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы оны еріксіз органдарын немесе тінін беруге көндіру болып табылады. Мәжбүрлеудің заңда екі түрлі тәсілі көрсетілген: күш көрсету және күш көрсетемін деп қорқыту. Күш көрсетуге жәбірленушіні ұрып-соғу (106-бап); оның денсаулығына қасақана жеңіл немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірулер (104, 105-баптар) жатады.
Күш көрсетемін деп қорқыту кез келген дәрежедс денсаулыққа зиян келтіремін немесе қол-аяғынды байлап медицина мекемссіне операция жасауға апарамын, бас бостанығы еркіннен айырамын т.с.с. деген қорқытулар жатады.
Қылмыс құрамы формальдық және ол жәбірленушіден донор болуына келісім алғанына немесе алмағанына қарамастан мәжбүрлеу әрекеттерін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың ниеті әртүрлі болуы мүмкін: ауру адамға жордем көрсету; бастығының алдында жақсы көріну; пайдакүнемдік немесе атаққұмарлық және т.с.с.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.
Егер қылмыс кінәліге көрінеу дәрменсіз күйде екендігі белгілі немесе кінәліге материалдық немесе өзге тәуелділіктегі адамға қатысты; көрінеу кәмлетке толмағанға қатысты; екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса, онда бұл әрекеттері осы құрамының ауырлататын түрі болып табылады (113-баптың 2-тармағы).
Дәрменсіз күйдегі адамның түсінігіне ҚК-тің 96-бабының 2-тармағының «в» тармақшасы, ал материалдық немесе өзге де тәулділіктегі адамның түсінігіне ҚК-тің 102-бабының 2-тармағын талдағанда толық тоқталып өткенбіз.
Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында көзделген, абайсызда донордың қайтыс болуына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан нақ сол әрекеттер — осы қылмыстың аса ауырлататын түріне жатады (113-баптың 3-тармағы). Өзге ауыр зардаптарға Жәбірленушінің психикалық дертке ұшырауы, өзін-езі елтіру немесе ауыр дене жарақатын алу т.с.с. жатады. ҚК-тің 113-бабының 3-тармағында көрсетілген қылмыс құрамы материалдық. Осыған орай қьілмыс заңда көрсетілген осы зардаптардың біреуінің орын алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін реттейтін қоғамдық қатынастар, қосымша объектісі — адам өмірі.
Қылмыс объективтік жағынан медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін ұқыпсыз немесе оған адал қарамауының салдарынан немесе тиісінше орындамауынан орын алса, онда бұл әрекеттер адамның қайтыс болуына әкеп соғуы арқылы сипатталады.
Қылмыс әрекетсіздік арқылы медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін уқыпсыз немесе оған адал қарамауы салдарынан немесе тиісінше орындамауы және осының салдарынан жәбірленушінің қайтыс болуы, қылмыстың осы зардабы мен әрекетсіздіктің арасындағы себепті байланыстың тікелей орын алуы арқылы көрініс табады. Ұқыпсыз қарау деп өз міндетіне салғырт, жауапсыз қарауды, ал адал қарамауы деп тиісті міндетін талапқа сай атқармауы немесе ішінара шала атқаруын айтамыз. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттері арнаулы заңдармен және басқадай нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. Осыған байланысты ҚК-тің 114-бабының диспозициясы бланкеттік болып табылады. Қылмыс құрамы материалдық. Ол медицина қызметкерлерінің әрекетсіздігінен қылмыстың зардабы — адам өлімі болған сәттен бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен (менмендік немесе немқұрайдылық) істеледі.
Қылмыстың субъектісі арнаулы, 16-ға толған кәсіптік міндетін атқаратын медицина қызметкері.
ҚК-тің 114-бабының 2-тармағында ауыр зиян келтіруге, ал осы баптың 3-тармағында осы баптың бірінші тармағында көзделген, Денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқтырған әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген. Денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірудің түсінігіне ҚК-тің 103 және 104-баптарына талдау жасағанда тоқталып өткенбіз.
Соз ауруларын жұқтыру (115-бап)
Қылмыстың объектісі адам денсаулығына, ал кейбір соз ауруларын жүқтырғанда адам өмірі де болуы мүмкін.
Қылмыс объективтік жағынан өзінде соз ауруы бар екендігін білген адамның оны басқа адамға жүқтыруы арқылы жүзеге асырылады.
Өзінде соз ауруы бар адамның кез келген әрекеттер арқылы (жыныстық қатынас жасау, сүйісу, бір ыдыстан тамақ ішу, гигиеналық тазалықты сақтамау) басқа адамға жұқтыруын осы ауруды жұқтыру деп танылады. Соз ауруы жүқпалы аурулардың тобына жатады. Бұл ауру негізінен жыныстық қатынастар арқылы жұғады. Соз ауруларына: сифилис (мерез), гонорея, жүмсақ шанкр, лимфогранулематоз, соз гранулемасы т.б. жатады.
Соз ауруы бар адаммен жәбірленушінің өзінің келісіп жыныстық қатынас асауы ҚК-тің 115-бабы бойынша қалмыстық жауаптылықты жоққа шығармайды, мұндай ретте де кінәлі осы бап бойынша жауапқа тартылады.
Егер кінәлі адам әйелді зорлау кезінде өзіндегі соз ауруын жәбірленушіге жұқтырса, онда оның әрекеті ҚК-тің 120-бабының 2-тармағының «е» тармақшасы бойынша саралауға жатады.
Соз ауруларын жұқтыру субъектісі жағынан қасақаналықпен Де, айбайсыздықпен де (менмендікпен) жасалады. Кінәлі адам өзінің әрекетімен немесе әрекетсіздігімен жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіру қаупін туғызғанын сезеді, оның іс-әрекетінен өзі ауыратын соз ауруының басқа адамға жұғатынын біледі және оған саналы түрде жол береді. ҚК-тің 115-бабында көрсетілген қылмыс айбайсыздықтың немқұрайдылық түрі бойынша жасалмайды.
Қылмыстық ниет әртүрлі нысанда көрініс табады: кек алу, қатыгездікпен өзгеге жұқтыру, ішімдіктің, нашақорлықтың әсерінен, тағы сол сияқтылар. Кінәлі адам өзінің соз ауруымен ауыратынын білуі қажет. Ондай аурумен ауыратыны дәрігер арқылы ескертіледі, Ауруға одан емделу туралы, мұндай күйде жыныстық және басқадай жасаудың қауіптілігі туралы ескертіледі.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам. Өзінде соз ауруы бар екенін білген және оны басқаға жұқтырған адамға ҚК-тің 115-бабынын 2-тармағында осы қылмысты ауырлататын екі түрі: 1) екі немесе одан да көп адамға соз ауруын жұқтыру; 2) көрінеу кәмлетке толмаған адамға осы ауруды жұқтырғаны үшін көтеріңкі жауаптылық белгіленген.
Адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы (116-бап)
Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-тармағында басқа адамды керінеу ВИЧ/ЖҚТБ-ны жүқтыру қаупінде қалдырғаны үшін жауаптылық көзделген. Қылмыстың тікелей объектісі адамдардың өмірі және денсаулығы.
Қылмыс объективтік жағынан басқа адамды көрінеу керсетілген ауруды жүқтыру қаупінде қалдыруы арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта ғылымда осы ауруды жүқтырудың екі түрлі жолы белгілі. Оның біріншісі жыныстық қатынас арқылы, ал екіншісі қан арқылы (медициналық қүралдарды, шприцтерді тиісті дэрежеде пайдаланбай, осы аурумен ауыратын адам қанының басқа адамға жагылуы т.с.с.).
Қылмыс қүрамы формальдық, 116-баптың 1-тармағы бойынша жауаптылық ВИЧ/ЖҚТБ — ауыруын жүқтыру қаупін туғызған сэттен бастап аяқталған деп танылады. Бүл жерде қылмыс зарбады орын алмайды. Жүқтыру тэсілінің қылмысты саралауға эсері болмайды.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен Істеледі. Ол туралы заңның өзінде ауруды көрінеу жүқтыру деп тура көрсстіліп түр. Кінэлі адам өзінің эрекетімен басқа адамға ВИЧ/ЖҚТБ — ауруын жүқтыру қаупін тәндіргенін сезеді жэне осы эрскеттерді істеуді тілейді.[6]
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, өзінде иммун тапшылығы вирусы (ВИЧ/ЖҚТБ) бар адам ҚК-тің 116-бабының 2-тармағында өзінде ВИЧ/ЖҚТБ бар екендігі туралы білетін адамның оны басқа адамға жұқтыруын қарастырған. Бұл қылмыс керсетілген ауруды нақты жұқтырған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Осы — 3-тармағында екі немесе одан да көп адамға, не көрінеу толмағандарға ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтырғаны үшін жауаптылык белгіленген.
ҚК-тің 116-бабының 4-тармағында медицина қызметкерлерінің, сондай-ақ тұрмыстық немесе өзге халыққа қызмет көрсету ұйымы қызметкерінің өздерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамуының салдарынан басқа адамға ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыруы үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыстың бұл құрамының ерекшелігі оның арнаулы субъектісі — медицина қызметкерлерінің немесе кәсіптік міндеттерін атқаратын өзге де адамдар арқылы істелгендігінде болып табылдаы. Субъективтік жағынан бұл қылмыс 116-баптың 4-тармағы абайсыздықпен істеледі. Егер іс-әрекет қасақаналықпен істелсе, онда кінәлінің әрекеті қылмыстардың жиынтығы (ауыр дене жарақатын келтіру және 116-баптың тиісті тармағы бойынша сараланады.
Әйел зорлау, нәсіпқұмарлық сипаттағы күш қолдану, он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу және нәсіпқұмарлық өзге іс-әрекеттер, жас балаларды азғындату әрекеттерін жүзеге асыру кезінде жәбірленушіге кінәлінің ВИЧ/ЖҚТБ вирусын жұқтыру әрекеттері қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.
Заңсыз аборт жасау (117-бап)
Аборт дегеніміз заңда белгіленген тәртіппен жасанды жолмен жүктілікті жою болып табылады. Аборт әйелдердің өтініші бойынша 12 аптаға дейінгі жүктілік кезінде әлеуметтік көрсеткіштер бойынша 23 аптаға дейінгі жүктілік кезінде, ал медициналық негіздер мен әйелдің келісімі бойынша жүктілік мерзіміне қарамастан жүзеге асырылады. Абортты жүзеге асыру осындай қызметті жүзеге асыруға лицензия алған арнаулы мекемелерде жүзеге асырылады. Жүктілікті жасанды түрде жоюдың медициналық негіздерінің (көрсеткіштерінің) тізімін ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі анықтайды, ал әлеуметтік көрсеткіштердің тізімі Қазақстан Республикасы бекіткен ережелер бойынша белгіленеді.
Қылмыстың объектісі әйелдердің өмірі және денсаулығы. Объективтік жағынан қылмыс тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамның аборт жасауы арқылы (117-баптың 1-тармағы) сараланады. Заң бойынша абортты жоғары медициналық білімі бар хируг-гинеколог, акушер-гинеколог жүзеге асырады. Егер абортты жоғары медициналық білімі бар терапевт, невропатолог, медбике, фельдшер т.б. жасаса, онда олар осы қылмысты істегені үшін жауапты болады. Мұндай адамдар үшін тек қана аса қажеттілік жағдайында немесе орынды тәуекел ету арқылы әйелдің өмірін сақтап қалу мақсатымен жүзеге асырылған аборт үшін ғана қылмыстық жауаптылық орын алмайды. Субъективтік жағынан ҚК-тің 117-бабының 1-тармағында көзделген қылмыс тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам өзінде тиісті бағдардағы жоғары медициналық білім жоқ екенін және осыған байланысты аборт жасауға құқығы жоқ екенін сезеді, бірақ та соны тілеп әрекет істейді.
Қылмыстың субъектісі — жалпы, 16-ға толған тиісті бағдардағы жоғарғы медициналық білімі жоқ адамдар.
ҚК-тің 117-бабының 2-тармағында тиісті бағдардағы жоғары медпциналық білімі бар адамның заңсыз аборт жасағаны үшін жауаптылық көзделген.
Егер аборт емдеу мекемесінен тысқары жерде жүзеге асырылса (аса қажеттілік жағдайларынан басқа); аборт жасалатын әйел ауру болса немесе медициналық, әлеуметтік көрсеткіштер бойынша оған аборт жасауға негіз болмаса, бұрынғы жасалған аборттан соң 6 ай өтпесе, аборт заңсыз жасалған деп танылады.
Қылмыс заңсыз аборт жасаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және әртүрлі ниеттермен: пайдакүнемдік, тұрмысқа шықпаған немесе некесіз жағдайда пайда болған жүктіліктен арылуды өтінген әйелге аяушылық білдіру т.с.с.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі бар заңсыз аборт жасаған адам (хирург), гинеколог, акушер-гинеколог, осы қылмыстың ауырлататын түрі – ҚК-тің 117-бабының 3-тармағында заңсыз аборт жасағаны үшін бұрын сотталған адамның осы әрекетті қайталағаны үшін жауаптылығы көзделген. Жауптылықтың шарты — мұндай адамның сотталғандығы жойылмауы немесе сотталғандықтан арылмауы қажет. Егер сотталғандық атақ жойылса немесе одан заң бойынша арылса, онда кінәлінің осындай әрекеті ҚК-тің 117-бабының I, II немесе ПІ-тармармақтары бойынша саралануы мүмкін.
ҚК-тің 117-бабының 4-тармағында осы қылмыстың аса ауырлататын түрі тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі бар адамның, сондай-ақ мұндай білімі жоқ адамның заңсыз аборт жасауы абайсызда жәбірленуінің өлуіне не оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққаны үшін жауаптылық көзделген.
ҚК-тің 117-бабының 4-тармағында көрсетілген қылмыс материалдық құрамға жатады. Сондықтан да заңсыз жасалған аборт пен одан орын алған зардаптың арасындағы себепті байланысты анықтау қажет. Ауыр зиян келтірудің түсінігі ҚК-тің 103-бабында берілген.
Субъективтік жағынан ҚК-тің 117-бабының 4-тармағындағы қылмыс кінәлінің екі бірдей нысаны арқылы жүзеге асырылады.
Науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі ауру адамның өмірі және денсаулығы. Қылмыс құрамы материалдық. Қылмыстық кодекстің ҚК-тің 118-бабының 1-тармағы бойынша заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойынша көмек көрсетуге міндетті адамның дәлелді себептерсіз науқасқа көмек көрсетпеуі, егер бұл абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққаны үшін жауаптылық белгіленген.
Қылмыс объективтік жағынан: 1) заңға сәйкес немес арнайы ереже бойынша кемек көрсетуге міндетті адамның дәлелді себептерсіз науқасқа көмек керсетпеуі; 2) бұл әрекетсіздіктен абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиын келтірілуі; 3) әрекетсіздіктен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуы арқылы көрініс табады.
Заңға немесе арнайы ережеге сәйкес медицина қызметкерлері, басқа адамдар бақытсыз жағдайларға байланысты зардап шеккендерге, жарақат алғандарға, ұландарға немесе басқадай кенеттен пайда болған аурумен ауырғандарға тез арада көмек көрсетуге міндетті. Мұндай көмекті медициналық мекемелер аумақтық, ведомстволық немесе меншік нысанына, бағыныштылығына қармастан тез, кез келген уақытта, кез келген жерде көрсетуге міндетті. Дәлелді себептерсіз науқасқа көмек көрсетпесе және одан заңда көрсетілген зардап орын алса, онда кінәлі ҚК-тің осы бабының тиісті тармақтары бойынша жауапқа тартылады.
Дәлелді себептерге тойтарылмайтын күш орын алу (су тасқыны, жер сілкінуі), аса мәжбүрлік жағдайына байланысты дер кезінде көмек бермеушілік жатады. Дәлелді себептермен науқасқа көмек көрсетпеу қылмыстық жауаптылықты жоятын мән-жайға жатады.
Қылмыс заңда көрсетілген зардап — науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірлеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Орын алған зардап кінәлі адамның әрекетсіздігі себепті болуы керек.
Қылмыстың субъективтік жағы әрекетсіздік жөніндегі қасақаналық, ал одан орын алатын зардап абайсыздық болады.
Қылмыстың субъектісі — арнаулы, 16-ға толған, науқасқа көмек көрсетуге міндетті адам.
ҚК-тің 118-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері: абайсызда науқастың өлуіне не оның дснсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық көзделген. Мүндай зардаптарға сипаттама Қылмыстық кодекстің 101 жэне 111-баптың 1-тармағында берілген.
Қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап)
Қылмыстың объектісі — қауіпті жағдайда қалған адамның өмірі мен денсаулығы. Қылмыс объективтік жағынан өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайдағы және сәбилігіне, қарттығына, науқастығына немесе өзге де дэрменсіз күйінің салдарынан өзін-өзі сақтап қалу шараларын қабылдау мүмкіндігінен айырылған адамды кінәлі кісінің ол адамға көмек көрсету мүмкінідігі болған және ол адамға қамқорлық жасауға міндетті болған не оны өміріне, немесе денсаулығына қауіпті күйге өзі қалдырған жағдайларда көріну көмексіз қалдыруы арқылы көрініс табады: 1) кінәлі адам өмірі мен денсаулығына қауіп туған адамға қамқорлық жасауға міндеті болса және ол адамға көмек көрсету мүмкіндігі болса; 2) кінәлі адам оңдай адамдардың өмірін немесе денсаулығына қауіпті күйге өзі қалдырса. Бірінші жағдайда көрсетілген әрекетсіздік үшін мына сипаттағы адамдар жауапты болады:
1) заңның тікелей талаптары бойынша көмек көрсетуге міндетті адамдар: ата-аналар кәмлетке толмаған балаларына; балалары – кәрі ата-аналарына;
2) көрсетілген әрекеттерді кәсібі немесе қызметтік борышы бойынша атқаруға міндетті адамдар: мектеп мүғалімдері, өрт сөндірушілер, спорт үйірмелерінің жетекшілері, балалар бақшасының тәрбиешілері және басқалар;
3) көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруды келісім-шарт бойынша жүзеге асыруға міндетті адамдар: жас балалардың немесе мүгедек адамдардың жалдамалы күтушілері;
Көрсетілген адамдар қауіпті жағдайда қалған адамдарға көмек көрсетуге міндетті болса (объективтік белгі) және оны жүзеге асыруға мүмкіндігі болса ғана (субъективтік белгі) және оларды көрінеу көмексіз қалдырған белгілердің тұтастай орын алған жағдайында ғана қылмыстық жауапқа тартылады.
Қауіпті жағдайда қалдырудың себептері әртүрлі болуы мүмкін: жас мөлшеріне байланысты (сәби, қарттық) адам организмінде орын алатын патологиялық немесе физиологиялық процестерге байланысты (науқастың күнге күйіп денесінің жансыздануы, басы айналып құлап қалу, көпшілік жүретін немесе басқа да жерде адамның ескілікті дертіне байланысты ауқытша есі ауысып зардап шегуі), табиғи апаттарға байланысты (жер сілкіну, су тасу, қар көшкіні салдарынан үйінді астында қалған адамдар) т.б.
Кінәлі адам адамдардың өмірін немесе денсаулығын қауіпті жағдайға өзі қалдырып, көмек бермей кетіп қалса осы бап бойынша жауаптылыққа тартылады. Мұндай жағдайларда жол-көлік қиғасынан зардап шеккендерді тастап кету; көзі көрмейтін адамды көшеден өткізуге міндетті адамның оны жолға тастап кетуі т.б. осы сияқты әрекеттер жатады.
Қылмыс құрамы формальдық және ол заңда көрсетілген әрекетсіздіктерді істеген уақыттан бастап аяқталған деп саналады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Заңдағы қауіпті жағдайда көрінеу көмексіз қалдыру деген сөздің өзі осы қалмыстық субъективтік жағының дәл мәнін айқындап тұр. Қылмыстық ниет әртүрлі болуы мүмкін, ол жаза тағайындағанда еске алынады.
ҚК-тің 119-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі көмексіз қалдырған адамның абайсызда өлуіне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер үшін жауапттылық көзделген. Бұл ұғымдардың түсінігі ҚК-тің 101 жэне 111-баптарында көрсетілген.
1.4. Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар
Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік қүқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Бұл қағида Қазақстан Республикасының Конституциясының 12- бабаның 2-тармағында тура көрсетілген. Сондай-ақ Республика Конституциясында адамның жеке басына — өміріне, қадір-қасиетіне қол сүғылмауына кепілдіктер берілген.
Азаматтардың бостандықтары, қадір-қасиетін, ар-намысын қорғау әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады, соның ішінде жеке адамның бостандығына қол сұғатын әрекеттерге қарсы күрес жүргізуде. Қылмыстық заңның маңызы ерекше. Осыған орай Қылмыстық кодекстің көптеген баптарында адам бостандығын Қорғайтын заң нормалары бар.
Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстардың жеке құрамдары ҚК-тің 125-129-баптарында тікелей көрсетілген. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың топтық объектісі адам мен азаматтың бостандығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың тікелей объектісі нақты жәбірленушінің заң мен белгіленген бостандығын реттейтін қоғамдық қатынасы болып табылады.
Енді осы топқа жататын жекеленген қылмыс құрамдарына талдау жасайық.
Адамды ұрлау (125-бап)
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар (16-баптың 1-тармағы). Заңда көрсетілген реттерде ғана және тек соттан немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады (16-баптың 2-тармағы). Конституция әркімге өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқық береді (13-баптың 2-тармағы).
Адамды оның еркінен тыс жағдайда заңсыз, қасақана басып алып оған иелік етіп, ұрлаушылардың билігенде ұстауын адам ұрлау деп айтамыз.
Қылмыстың тікелей объектісі адамның жеке бостандығы, қосымша тікелей объект жәбірленушінің өмірі, денсаулығы, меншігі.
Қылмыстың жәбірленуішісі — жасына, денсаулық жағдайына, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына қарамастан ұрланған адам. Өз баласын басқа ата-анасынан, туыстарынан ұрлап алап кету бұл қылмыстың құрамына жатпайды. Қылмыс объективтік жағынан мына әрекеттерді белсенді түрде жүзеге асыру арқылы көрініс табады: тірі адамды оның еркінен тыс жағдайда жасырып, ашық түрде немесе алдау жолымен қолға түсіру; оны тұрғылықты мекен-жайынан немесе уақытша тұрып жатқан жерінен басқа жерге апару; ұрланған адамды бас бостандығынан айырып ұстау. Қылмыс адамды оның еркінен тыс жағдайда қолға түсірген уақыттан бастап аяқталган деп танылады, қылмыс формальдық құрамға жатады. Субъективтік жағынан қылмыс тек тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған кез келген адам.
ҚК-тің 125-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі көрсетілген. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі зор болады, егер ол:
а) алдын ала сөз байласып адамдар тобымен;
б) бірнеше рет;
в) өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданылып; г)қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;
д) кәмлетке толмаған көрінеу адамға қатысты;
е) кінәліге жүктілік жағдайында екендігі айқын әйелге қатысты; з) пайдакүнемдік ниетте жасалса.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген эрекеттер, его оларды:
а) ұйымдасқан топ жасаса;
б) ұрланған адамды нэсіпқұмарлық немесе өзгеше пайдалану мақсатында жасалса;
в) абайсызда жәбірленушінің өлуіне немесе өзге ауыр зардаптарға экеп соқса көрсетілген қылмыс құрамының аса ауырлататын түрі болып табылады. Көрсетілген ауырлататын және аса ауырлататын осы қылмыс құрамдарының түсініктеріне Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімінің жекеленген баптарында түсінік берілген.
Қылмыстық кодекстің 125-бабының ескертуіне сәйкес ұрланған адамды өз еркімен босатқан адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс қүрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Бас бостандыгынан заңсыз айыру (126-бап)
Қылмыстың кодекстің 126-бабында адамды, оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан айыру үшін жауаптылық белгіленген. Бұл құрам ҚК-тің 125-бабында көрсетілген қылмысқа ұқсас. Одан айырмашылығы адам өзі тұратын жерден басқа жерге ауыстырылмайды, оған өлтіремін немесе денсаулыққа зиян келтіремін деп қорқыту арқылы еркін жүріп-тұруға шек қойылмайды, егер бұл талапты орындамаса оған ескертілген зиянның келтірілуі есіне салынады.
Қылмыстың тікелей объектісі адамның жеке басының бостандыгы, қосымша тікелей объектісі адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігі. Қылмыстың жәбірленушісі кез келген адам болуы мүмкін. Объективтік жағынан қылмыс адамды, оны ұрлауға байланысты емес жағдайда бас бостандығынан айырумен сипатталады. Яғни жәбірленушінің еркін — қалауынша жүріп-тұруына тыйым салынады, немесе оны бір тұрғын жайға жауып қояды не байлап, қорқытып зорлықпен ұстайды, өз тілегі бойынша адамдармен кездесу мүмкіндігінен айырылады.
Қылмыстың жасалу тәсілі жәбірленушіні күш қолданып немесе күш қолданбақшы болып қорқыту болып табылады. Қылмыс құрамы формальдық. Адам бас бостандығынан заңсыз айырылған уақыпан бастап қылмыс аяқталған деп танылады. Заңсыз бас бостандыгынан айыру мерзімі қылмысты саралауға әсер етпейді.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет әртүрлі: қызғаныш, кек алу, бұзақылық т.с.с. болуы мүмкін.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған жай адам. Лауазым адамдардың мұндай әрекеттері Қылмыстық кодекстің тиісті басқа баптары бойынша саралануға жатады. Осы қылмыс құрамының ауырлататын және өте ауырлататын түрлері ҚК-тің 125-бабында көрсетілген белгілермен ұқсас.
Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру (127-бап)
Психиатриялық стационарға орналастырудың негізі және тәртібі Қазақстан Республикасының «Психиатриялық көмек көрсету және азаматтарға ондай көмек көрсетуге байланысты кепілдіктер туралы» арнаулы Заңында көрсетілген. Осы заңға сәйкес психиатриялық стационарға осындай дертпен ауыратын адамдар тек қана дәрігерлік-психиатриялық комиссияның тиісті қорытындысына немесе сот қаулысына сәйкес орналастырады. Сау адамды психиатриялық стационарға орналастыру заңсыз деп танылады. Қылмыстың тікелей объектісі -адамның бостандығын реттейтін қоғамдық қатынастар.
Объективтік жағынан қылмыс адамды психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру немесе заңсыз ұстау арқылы сараланады.
Заңда көрсетілмеген негіздер бойынша немесе жалған құжаттар жасау жолымен сау адамды психиатриялық стационарға орналастыру осы мекемелерге заңсыз орналастыру деп танылады.
Емдеу мерзімі өткен немесе сауыққан адамды шығарудан бас тарту психиатриялық стационарға заңсыз ұстау деп табылады.
Қылмыс формальдық құрамға жатады, ал адамды психиатриялық стационарға заңсыз орналастырған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасқанылықпен істеледі. Қылмыстың ниет пайдакүнемдік, кек алу, жек көру, қызғаныш т.б. болуы мүмкін. Қылмыстық ниеттің іс-әрекетті саралауға әсері болмайды, бірақ жаза тағайындағанда ескерілуі мүмкін.
Қылмыстың субъектісі — заңсыз психиатриялық стационарға орналастыруға немесе заңсыз ұстауға шешім қабылданған адамдар (дәрігер-психиатр, емдеуші дәрігер немесе жалған құжат дайындаған психиатр-дәрігер, сондай-ақ қаулы шығарған судья). Басқа 16-ға толмаған адамдар осы қылмыстың ұйымдастырушы, айдап салушысы немесе көмектесушісі болуы мүмкін.
Дәл сол әрекет, егер ол:
а) пайдакүнемдік ниетпен жасалса;
б) адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаса;
в) абайсызда жәбірленушінің өліміне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (127-баптың 2-тармағы).
Пайдакүнемдік ниеттің түсінігі ҚК-тің 96-бабының 2-тармағының «3» тармақшасында берліген. Адамның қызмет бабын пайдаланып психиатриялық стационарға заңсыз орналастыруға ықпал жасауы ҚК-тің 127-бабының 2-тармағының «б» тармақшасымен саралануға жатады.
Абайсызда жәбірленушінің өлімге душар болуы заңсыз психиатриялық стационарға орналасқанына ыза болған адамның өзін-өзі өлтіруі немесе басқа есі ауысқан аурулардың жабылып өлтіруі салдарынан орын алуы мүмкін. Өзге де ауыр зардаптарға -жәбірленушінің ауыр, орта дене жарақатын алуы, өзінің немесе туыстарының психиатриялық ауруға шалдығуы т.с.с. жатады.
Адамдарды пайдалану үшін көндіру (128-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі адамдардың бостандығы мен еркі, қосымша тікелей объект жәбірленушінің ар-намысы, адамгершілігі.
Қылмыс объективтік жағынан адамдарды алдау жолымен жасалған нәсіпқүмарлық немесе өзгедей пайдалану үшін азғырып-көндіру әрекеттері арқылы сараланады.
Қылмыстың өзі әрекет арқылы алдау тәсілін қолданып жүзеге асырылады. Алдау (жұмыс беру, қызмет көрсету, оқу-өндірістік істерді ұйымдастыру арқылы адамдарды жиып алып, оларды нәсіпқұмарлық әрекеттермен айналасуыға немесе өзгедей) жезөкшелік, притон ұйымтастыруға т.с.с. пайдалану үшін азғырып көндірумен үштасады.
Азғырып көндіруге алдау жолымен жиналған адамдарға нәсіпқұмарлықтың артықшылығын, пайдасын құлағына сіңдіріп әртүрлі айла-шарғылар жасау жатады.
Қылмыс құрамы формальдық, ол адамдарға алдау әрскетін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, пайдакүнемдік мақсатпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген адам, лауазымды адамдардың қызмет бабын пайдаланып істеген мұндай әрекеттері қызмет бабын теріс пайдалағандық деп танылады (307-бап).
а) Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) кәмлетке толмағандығы көрінеу анық адамға қатысты жасалған әрекеттер осы қылмыстың ауырлататын түрі (ҚК-тің 128-бабының 2-тармағы).
Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында көзделген, ұйымдасқан топпен жасалған не азғырып көрдірілген адамдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету мақсатында жасалған әрекеттер көрсетілген қылмыстың аса ауырлататын түріне жатады (ҚК-тің 128-бабының 3-тармағы).
1.5. Жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы
қылмыстар
Жала жабу (129-бап)
Қылмыстық кодексте жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату — деп көрсетілген.
Қылмыстың тікелей объектісі адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті, беделі.
Қылмыстың заты көрінеу жалған мәліметтер.
Қылмыстың жәбірленушісі болып кез келген адам, оған есі дұрыс емес, кәмлетке жасы толмаған, өлген адамдар да жатады.
Объективтік жағынан қылмыс белсенді әрекет арқылы басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нүқсан келтіретін, оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату жолымен жүзеге асырылады. Тарату деп осындай жалған мәліметтерді өзінен басқа кем дегенде бір адамға, бірнеше адамға, белгісіз адамдар тобына айтуын немесе баспасөзге жариялауда, радио, теледидар арқылы, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеген сөз арқылы жеткізуді айтамыз.
Қылмыс құрамы формальдық. Қылмыс жалған мәліметтерді тартқан уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Мұндай мәліметтер: біріншіден шындыққа жатпайтын жалған болуы; екіншіден адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін болуы керек. Мысалы, жәбірленушіні соз ауруымен ауырады деп бөтен адамға айтса немесе ол үнемі притон ұйымдастырады деп көп адамның арасына сөз таратса.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам адамның ар-намысына және қадір-қасиетіне, беделіне тиетін көрінеу жалған мәліметтер тарататынын сезеді және соны істеуді тілейді. Шын мәнінде жаңылысып айтқан мұндай мәліметтер үшін Қылмыстық жауаптылық туындамайды. Қылмыстық ниет сан қилы болуы мүмкін: кек алу, жек көрушілік, қызғаныш, мансапқорлық т.с.с. Қылмыстың субъектісі -16-ға толған кез келген адам[7].
Көпшілік алдында сөз сөйлегенде не көпшілікке таратылатын шығармада, не буқаралық ақпарат құралдарында жала жабу — осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (129-баптың 2-тармағы).
«Көпшілік» деген термин — қоғамдық орындарда, көп адамның ортасында, бөтеннің арасында осындай мәліметтерді тарату дегенді білдіреді. Көпшілікке таратылатын шығармаға- кітаптар, фильмдер, плакаттар, картиналар, фотоальбомдар жатады. Бұқаралық ақпарат құралдарына газет, журнал, радио, теледидар, бейнекасетталар арқылы жалған мәліметтерді таратулар жатады.
Жала жабудың аса қауіпті түрі Қылмыстық кодекстің 129-бабының 3-тармағында көрсетілген — ол адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен уштасқан жала жабу болып табылады. Бұл қылмыстардың түсінігі ҚК-тің 10-бабының 4, 5 тармақтарында берілген.
Жаба жабу әрекетін саралағанда кінәлінің пиғылының адамның ар-намысына жэне адамгершілігіне қарсы бағытталғанын анықтаудың маңызы зор. Егер кінәлінің адам жалған мәліметтерді жәбірленушіні қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатын көздеп таратса, онда оның әрекеті жала жабу емес, көрінеу жалған сөз жеткізуге (351-бап) жатады. Көрінеу жалған сөз жетізуде қылмыс жасады деген мәліметтер әдетте қылмыстық іс қозғайтын орандарға хабарланады.
Қорлау (130-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі — адамдардың ар-намысы, қадір-қасиеті, беделі.
Қылмыстың жәбірленушісі кез-келген адам.
Объективтік жағынан қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгілерінің бірі адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту болып табылады. Кемсітудің тәсілі сан алуан болуы мүмкін: ауызша, жазбаша, әрекет арқылы. Әдепсіз түрде кемсітуге моральға, адамгершілікке жатпайтын әдепсіз сөздермен, жаман, тсріс қимылдар көрсетумен немесе бетіне түкірумен, ұрумен, балағат сөздермен тілдеу сияқты әрекеттер жатады. Мұндай қорлау әрекеттері нақты адам немесе бір топ адамға қатысты орын алуы мүмкін.
Қылмыс құрамы формальдық, ол жәбірленушіні қорлайтын әрекеттер орын алған сәттен бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан алғанда қылмыс тікелей қасана-қалықпен істелінеді. Кінәлі адам бөтен адамның ар-намысын, қадір-қасиетш әдепсіз түрде кемсітетіні сезеді және оны жүзеге асыруды тілейді.
Қылмыстың субъектісі -16-ға толған адам.
Қылмыстың алдында сөз сөйлегенде не көпшіліккс таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында қорлау — осы қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады (130-баптың 2-тармағы). Қылмыстың ауырлататын бұл түрлерінің мазмұны жала жабу (129-бап) құрамының ауырлататын түріне ұқсас.
1.6. Жыныстық қылмыстар
Жыныстық қылмыстардың қоғамға қауіптілігі өте зор және ол кең өріс алған қылмыстардың бірі. Оның қоғамға қауіптілігі сол мұндай қылмыстарды істеу азаматтардың заң қорғайтын жыныстық бостандығына және жыныстық бостандығына қол сүғылмаушылыққа қасақана қол сүғу арқылы, оларға моральдық, рухани, адамгершілік тұрғысынан зиян келтіре отырып, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына зор қатер туғызады.
Бұл тұрғыда қылмыстардың топтық объектісі жеке тұлғалардың жыныстық бостандығын, жыныстық бостандыққа қол сүғушылықты реттейтін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Қылымыстың тіелей объектісі жыныстық бостандықтың, жыныстық бостандыққа қол сүғулмаушылықтың жекеленген салалары болып табылады.
Объективтік жағынан бұл тұрғыдағы қылмыстардың барлығы белсенді әрекет арқылы жүзеге асырылады. Заңдылық құрылысы жөнінен бұл қылмыстар (зорлаудың ауырлататын түрінен басқалары) формальдық құрамға жатады.
Субъективтік жанынан осы топқа жататын қылмыстар тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Қылмыстың субъектісі нақты қылмыс құрамының ерекшеліктеріне байланысты 14, 16 немесе 18-ге толған кез келген ер немесе әйел жынысты адамдар болады. Зорлаудың (120-бап) субъектісі тек ер жынысты адам болады. Енді осы топқа кіретін жекеленген құрамдарға талдау жасайық.
Зорлау (120-бап)
Зорлаудың тікелей объектісі әйелдің жыныстық еркі және бостандығы, ал қосымша тікелей объектісі эйелдің денсаулығы, ар-намысы болып табылады. Қылмыстың жәбірленушісі тек қана әйел жынысты адамдар болады.
Объективтік жанынан алғанда зорлау жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау арқылы көрініс табады.
Зорлау дегеніміз еркектің әйелдің еркінен тыс, оның келісімінсіз табиғи түрде жыныстық қатынас жасауы болып табылады. Бұдан басқа күш қолданылып жасалатын жыныстық актілер нәсіпқұмарлық сипаттағы басқадай іс-әрекеттерге жатады (мысалы, табиғи емес түрде жыныс қатынасын жасау, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің зорлықпен жасалатын жыныстық қатынастары т.с.с.).
Зорлауды жүзеге асырудың тәсілдері заңда (120-бап) атап көрсетілген. Олар: 1) жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолдану; 2) немесе оны қолданбақшы болып қорқыту; 3) жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау деп тура көрсетілген. Күш қолдануға жәбірленушінің қарсылығын басу үшін оны ұрып-соғу, жарақаттау, басқа да тәнін ауыртатын жарақаттар келтіру, қол-аяғын байлау, тұрғын жайға қамап, ерекше ұстау, шақыруға мүмкіндік бермеу әрекеттері жатады.
Күш қолданбақшы болып қорқытуға кінәлінің жәбірбенушіні, оның балаларын немесе жақын туыстарын, өзгеде оған жақын деген адамдарды ұрып-соғып, сабайтынын, азаптайтынын, немесе басқада зорлық әрекеттерін жасайтынын білдіретін әрекеттері жатады.
Жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалануға оның дене бітімі немесе психикалық жай-күйіне байланысты (өте жастығына, кемтарлығына, есінің кіресілі-шығасылы болуына, басқадай ауыр науқастағы немес ессіз күйге келуі салдарынан) өзіне қарсы істеліп жатқан әрекеттердің сипаты мен мәнін түсінбеушіліктен немесе оны түсінгенімен жәбірленушінің оған қарсылық көрсетуге мастығынан, немесе басқадай негіздер бойынша шамасы келмеген жағдайлары жатады.
Зорлау құрамы болу үшін кінәлі адам заңда көрсетілген тәсілдердің бірін қолдана отырып, жәбірленушімен физиологиялық жағдайда жыныстық қатынаста болуы қажет. Яғни көрсетілген қылмыс жыныстық актіні бастаған уақыттан, яғни кінәлінің өз жыныс мүшесін жәбірленушінің жыныс органына енгізген сәттен бастап аяқталған деп танылады.
Қолданылып жүрген қылмыс заңы алдау арқылы жыныс қатынасын жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық белгілемейді. Сондықтан да әйелді алдап, яғни оған үйленемін деп сеніміне қиянат жасау жолымен жыныс қатынасын жасауда әйелді зорлау қылмысының құрамы жоқ.
Ал күш жұмсау арқылы жәбірленушімен жыныс қатынасын жасауға бағытталған, бірақ кінәліге байланыссыз себептермен орындамай қалған қасақана әрекет зорлауға оқталу деп саналады.
Зорлауға оқталуды басқа қылмыстардан ажыратқанда кінәлі жәбірленушімен жыныс қатынасын оның еркінен тыс жасауды мақсат қылғанын және қолданылған күш осы мақсатқа жету үшін жұмсалғанын анықтау керек. Бұл жағдайлар анықталмаса, онда кінәлінің әрекетінде зорлауға оқталғандық үшін қылмыс құрамы жоқ.
Жәбірленушіні жыныс қатынасын жасауға көндіругс бағытталған дәмелену, жалыну, сондай-ақ алдау сияқты әрекеттерді зорлау немес оған оқталу деп саралауға болмайды. Нақты жағдайларға байланысты мұндай іс-әрекеттер егер кінәлінің әрекетінде мәжбүрлеу фактісі орын алса ҚК-тің 123-бабымен сара-лануы мүмкін. Қазақстан Республиксының Жоғарғы Соты Пленумның 1993 жылғы 23 сәуірдегі осы қылмыс жөніндегі айтылған Қаулысында әйелді зорлаудан өз еркімен бас тарту мәселесін дұрыс анықтаудың маңызына ерекше тоқталған. Осы Қаулыға сәйкес қылмыс жасауға кіріскен адам зорлауға оқталу кезінде оны ақырына дейін жеткізуге мүмкіндігі барын біле тура зорлаудан өз ықтиярымен бас тарта оның әрекеті әйелді зорлаудан өз еркімен бас тарту деп саналады[8].
Зорлаудан өз еркімен бас тартуға дейінгі жасалған қоғамға қауіпті әрекеттер (соққыға жығу, денеге жарақат салу, киімді жырту және т.б.) нақты жағдайларға қарай денеге қасақана жарақат салу, қасақана мүлікті жою және басқа жауаптылықты белгілейтін Қылмыстық кодекстің баптары бойынша сараланады.
Жыныс қатынасын жасауға физиологиялық жағынан қабілеті жоқ адамның жыныстық қатынастар жасау әрекеттері нақтылы жағдайларға байланысты бұзақылық, қорлау немесе өзгедей жауап-тылықты көздейтін. Қылмыстық кодекстің басқа баптары бойынша саралануы мүмкін. Мұндай әрекеттер зорлауға оқталғандық деп та-нылмайды.
Субъективтік жағынан зорлау тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлі адам жәбірленушімен оның сркінен тысқары жағдайда заңда көрсетілген тәсілдерді қолданып жыныс қанытасын жасайтынын біледі, сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді.
Зорлаудың субъектісі болып 14-ке толған ер адам ғана болады. Әйелдер осы қылмыстың ұйымдастырушысы, айдап салушысы неме-се көмектесушісі болуы мүмкін.
ҚК-тің 120-бабының 2-тармағында зорлаудың мынадай ауыр-лататын түрлері көзделген:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған зорлау (ҚК-тің 31-бабының 1, 2, 3-тармармақтарын қараңыз).
б) өлтіремін деп қорқытумен ұштасқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған зорлау.
Өлтіремін деп қорқытуға жәбірленушінің езін, балаларын, жақын туыстарын, басқа да жақындарын шын мәнінде елтіруге бағытталған іоәрекеттерді жүзеге асыруға негіз боларлық сездср айтуы, қимылдар кәрсетулері (мысалы: қару-жарақ, жарылатын зат, суық қаруды кезенуі) жатады. Жәбірленушіге және басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен зорлауда осы қылмыстың ауырлататын жеке түрі керсетілген. Қатыгездіктің түсінігіне ҚК-тің 96-бабының 2-тармағының «д» тармақшасына талдау жасағанда толық тоқталғанбыз.
е) Жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соққан зорлау. Өзінде соз ауруы бар екенін білетін адам әйел зорлауды жүзеге асырса немесе зорланған жәбірленуші осы аурумен ауырса кінәлінің әрекеті осы тармақ бойынша тікелей сараланады.
г) бірнеше рет немесе бұрын нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасаған адам.
Бірнеше рет зорлау деп аяқталғаны немесе аяқталмағанына, сондай-ақ кінәлінің осы қылмысты жүзеге асырудағы атқарған роліне қарамастан Қылмыстық кодекстің 120-бабын қамтитын екі немесе одан да көп қылмыстарды істеуін айтамыз. ҚК-тің 120-бабының 2-тармағының «г» тармақашасы бойынша саралауға істеген қылмысы үшін кінәлінің бұрын сотталғандығы немесс сотталмағандығы есепке алынбайды. Бұрын нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасаған адамның (121-бап) әйсл зорлагына да (120-бап) осы баптың 2-тармағының «г» тармақшасымен саралануға жатады.
Егер кінәлі адамның зорлағаны немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасағаны үшін бұрын сотталғандығы жойылса немесе ол адам жаман атақтан арылса, онда ол осы қылмысты бірнеше рет жасаған деп танылмайды.
Кінәлі адам шамалы уақыт ішінде бір ниетпен жәбірленушімен бірнеше рет жыныс қатынасын жасаса, онда оның осы әрскетінде зорлаудың бірнеше мәрте жасалған құрамы бар.
д) Көрінеу кәмлетке толмаған адамды зорлау 14-пен 18 жастың арасындағы жәбірленушіні олардың кәмлетке толмағынын кінәлінің көрінеу біле тура зорлау әрекеттері баптың осы тармағы бойынша саралануға жатады[9]. Егер кінәлі адам жәбірленушінің жасы жөнінде шын мәнінде қателессе, онда оны осы тармақ бойынша жауапқа тартуға болмайды.
Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-тармағында зорлаудың өте ауырлататын мына түрлері үшін:
а) абайсызда жәбірленушінің өлуіне әкеп соқтырған;
б) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыруына немесе өзгс ауыр зардаптарға әкеп соқан;
в) жәбірленушінің он төрт жасқа толмағанын көрінеу біле тұрып;
г) қоғамдық зілзала жағдайларын пайдаланған немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалған зорлық үшін жауаптылық көзделген.
Абайсызда жәбірленушінің еліміне әкеп соқтырған зорлауда кінәлінің екі нысаны орын алады. Зорлап жаныс қатынасын жасауды кінәлі тікелей қасақаналықпен жүзеге асырады, ал одан болатын зардап — жәбірленушінің елуіне абайсыздықпен жол береді.
Қасақана кісі өлтірумен ұштасқан зорлау әрекеті орын алса, онда кінәлінің әрекеті ҚК-96-бабының 2-тармағының «к» тармақшасы және ҚК-120-бабының тиісті тармақтарымен қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.
ҚК-120-бабының 3-тармағының «б» тармақшасында көрсетілген езге де ауыр зардаптарға жәбірленушінің езін-әзі елтіруі немесе өзін-езі өлтіруге оқталуы, бала туу, жыныстық қатынас жасау қабілетінен айырылуы, т.с.с. жатады.
Нәпсіқұмарлық сипаттагы зорлық әрекеттері (121-бан)
Қылмыстың объектісі жәбірленушінің (әйелдің де еркектің де) жыныстық бостандығы.
Қылмыс объективтік жағынан жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жасалған еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесс нәпсіқұмарлық сипаттағы езге де қатынастар арқылы сипатталады. Яғни бұл қылмыстың объективтік жағы мындай езіндік сапалық көрсеткіштер арқылы керініс табады. Ол біріншіден нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттер, бұл әрекеттердің үлгі тізбегі ҚК-121-бабының диспозияциясында: еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы (лесбиянство) және езгеде әрекеттер деп көрсетілген. Екінішіден мұндай әрекеттер жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолдану немесе оны қолданбақшы болып қорқыту не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Ерікті түрде орын алатын мұндай нәсіпқұмарлық қатынастар үшін қылмыстық жауаптылық көрсетілмеген.
Еркектің екінші бір еркекке (жәбірленушіге) зорлық әрекеттерін қолдана отырып, оның келісімінсіз жыныстық қатынасын жасау еркек пен еркектің жыныс қатынасы деп танылады.
Әйелдің екінші бір әйелге (жәбірленушіге) зорлық әрекеттерін қолдана отырып, оның келісімінсіз жыныстық қатынасын жасау әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы(лесбиянство) деп танылады.
Өзгеде нәсіпқұмарлық сипаттағы зорлық әрекеттерге еркск пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынастарына жатпайтын, басқа тұрғыдағы жыныстық құмарлықты қанағаттандыруға бағытталған әртүрлі әрекеттер жатады, оған еркектің әйелдермен немесе әйелдің еркектермен нәсіпқұмарлық сипаттағы әртүрлі зорлық қатынастары жатады. Мысалы: табиғи түрге жатпайтын зорлық жыныстық қатынастары (жәбірленушінің жыныс органдарынан басқа дене мүшелерін пайдалану арқылы жыныстық құмарлықты қанағаттандыру (анус), садистік тәсілдерді қолдану; жәбірленушінің жыныс органын күйдіру, оған мүйіз, таяқ, басқа зат тығу; әйелдің еркекті оның еркіне қарамастан жыныстық қатынас жасауға зорлауы (онанизм) т.с.с.
Некрофилия — кінәлінің езі өлтірген жәбірленушімен зорлық қатынасын жасауы болып табылады. Кінәлінің мұндай әрекеті ҚК-тің 121-бабымен емес 96-бабының 2-тармағының «к» тармақшасымен саралануға жатады. Ал өздігінен өлген адамның мәйітімен жыныстық қатынас жасауды жауаптылық ҚК-тің 275-бабында керсетілген (өлгендердің мәйіттерін немесе олар жерленген жерлерді қорлау). Бұл қылмысты кінәлі адам күш қолдану немесе оны қалданбақшы болып қорқыту не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл ұғымдардың мазмұнына зорлау (ҚК-тің 120-бабы) құрамын талдағанда толық тоқталып еткенбіз.
Қылмыс формальдық құрамға жатады. Қылмыс күш қолдану немесе оны қолданбақшы болып қорқыту не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалану арқылы нәсіпқұмарлық сипаттағы әрекеттерді істеуді бастаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам өзінің әрекеттерінің қоғамға қауіптілігін сезеді және соны істеуді тілейді. Қылмыстың негізгі ниеті жыныстық құмарлықты қанағаттандыру болып табылады. Бұдан басқа кейбір реттерде кек алу, адамгершілікті аяққа басу, кінәлінің өзінің жыныстық қабілетсіздігін (импотенттік) жасыру ниеттері де орын алуы мүмкін.
Қылмыстың субъектісі — 14-ке толған ерлер немесе әйелдер.
Қылмыстық кодекстің 121-бабының 2 және 3-тармақтарында осы қылмыстың ауырлататын және өте ауырлататын түрлері үшін жауаптылық белгіленген.
Жыныстық қатынас жасауга, еркек пен еркектің
Жыныстық қатынас жасауына, әйел мсн әйелдің
Жыныстық қатынас жасауына немесе нәсіпқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету (123-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі жыныс бостандығы, қосымша тікелей объект жәбірленушінің ар-намысы, адамгершілігі немесе мүліктік мүдделері.
Объективтік жанынан қылмыс адамды бопсалау, мүлкін құртамын, бұлдіремін немесе тартып аламын деп қорқыту жолымен де жәбірленушінің материалдық немесе өзге тәуелділігін пайдаланып жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерді жасауға мәжбүр ету арқылы сипатталады. Мұндағы мәжбүр ету дегенді — нәпсіқұмарлық әрекетті жасауға зорлау деп түсінген жөн. Заңда адамды бопсалау, мүлкін құртамын, бұлдіремін немесе тартып аламын деп қорқыту жәбірленушінің материалдық немесе өзге тәуелділігін пайдалану арқылы мәжбүрлеу тәсілдерін қолдану осы қылмыстың объективтік жағының қажетті белгілері болып табылатыны анық көрсетілген.
Бопсалауға — жәбірленушінің немесе оның жақын туыстарын масқаралайтын мәліметтер таратамын деген қорқытулар жатады.
Мүлікті одан әрі пайдалануға жарамсыз етіп тастаймын деп қорқыту мүлікті құртамын деген қорқытуға жатады. Мүлікті бастапқы қалпына келтіру үшін күрделі жөндеу қажет болады деп қорқыту мүлікті бүлдіремін деген қорқытуға жатады.
Мүлікті тартып алған жағдайда жәбірленушінің оны өзінің қалауынша билеп, пайдалана алмай қалады.
Жәбірленушінің толық немесе ішінара кінәліге кіріптар болуы (оның асырауында, күтуінде болуы немесе оның тұрғын жайында тұруы) материалдық тәуелділік деп саналады.
Өзге де тәуелділікке жәбірленушінің кінәлі адамға қызметі, жұмысы жағынан (материалдық жағынан емес) бағынышты немесс соның бақылауында болуы жатады. Мысалы оқытушы мен оқушының, лауазымды адам мен оған бағынышты қызметкерлердің арасындағы қатынас.
Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол заңда көрсетілген тәсілдерді қолданып жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәспіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбұр еткен сәттен бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет жыныстық құмарлықты
қанағаттандыру.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған әйел немесе еркек жынысты адам.
Он алты жасқа толмаган адаммен жыныстық қатынаста болу және нәсіпқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер (122-бап)
Қылмыстың объектісі – 16 жасқа толмаған адамның жыныстық бостандығына қол сұғушылық.
Қылмыстың жәбірленушісі – 16-ға толмаған ер және әйел жынысты адамдар.
Қылмыстың объективтік жағы он алты жасқа толмағаны айқын адаммен жыныстық қатынаста болу, еркек пен еркектің немссс әйел мен әйелдің қатынасы арқылы көрініс табады.
Көрсетілген қылмыс құрамы болу үшін біріншіден кінәлі адам 16-ға анық толмаған жәбірленушімен жыныстық қатынаста (оның ішінде әйел мен еркектің немесе әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы да) болатынын білуі қажет (қылмыстың субъективтік жағы), екіншіден олардың мұндай жыныстық қатынаста болуы және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерді істеуге өзара келісімі болуы қажет, үшіншіден жәбірленуші 18-ге толған адаммен ерікті түрде болатын осы қатынастың мән-жайын, сипатын толық ұғынуы қажет.
Қылмыс жыныстық қатынас немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер басталған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам анық 16-ға толмаған адаммен жыныстық қатынста немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзгеде қатынаста болғанын сезеді және соны істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі — 18-ге толған ер немесе әйел жынысты адам.
Жас балаларды азгындату (124-бап)
Қылмыстың объектісі жеткіншектердің адамгершілік тұрғысынан дұрыс қалыптасуы болып табылады.
Объективтік жағынан қылмыс — он төрт жасқа жетпегендігі айқын адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттерді жасау арқылы көрініс табады.
Кінәлінің немесе жеткіншектердің жыныстық құмарлығын жыныстық қатынас жасаумен байланыссыз түрде қанағаттандыруға бағытталған әртүрлі іс-әрекеттерді істеуі азғындық деп танылады.
Азғындық әрекеттер интеллектуальдық және қимыл көрсету арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуальдық азғындыққа әртүрлі порнографиялық өнімдерді, бейне фильмдерді көрсету, жыныстық тақырыптағы әдепсіз әңгімелер айту, осы тұрғыдағы шығармаларды оларға оқуға берулер жатады. Қимыл арқылы істелген азғындыққа жеткеншектердің көзінше жыныстық немесе өзге де нәпсіқұмарлық әрекеттерді істеу, жыныс органдарын оларға көрсету, жеткіншіктерді өзара жыныстық немесе өзге де нәпсіқұмарлық қатынастар жасауға азғыру немесе зорлау әрекеттері жатады.
Қылмыстың жәбірленушісі болып 14-ке толмаған ер немесе қыз балалар танылады. Азғындық іс-әрекеттерді жасауға жеткіншіктердің келісім беруі кінәлінің қылмыстық жауаптылығын жоққа шығармайды. Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол азғыру әрекеттерін бастаған сәттен бастап-ақ аяқталған деп танылады. Егер осындай азғыру әрекеттері жәбірленушінің келісімімен жыныстық немесе өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы қатынаспен үласса, онда кінәлінің әрекеті ҚК-тің 122-бабымен саралануға жатады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақанылықпен істеледі. Кінәлі адам жасы анық 14-ке толмаған жеткіншекке күш қолданбай-ақ азғындық іс-әрекеттер жасағанын сезеді және соны істеуді тілейді. Қылмыстық ниет жыныстық құмарлықты әстерлеу.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған ер немесе әйел жынысты адам.
II тарау. Жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың алдын алудың өзекті
мәселелері
2.1. Адамның жүріс-тұрысын түзеудің теориялық мәселелсрі
Ю.Н.Голиктің және Б.Г.Прошкиннің пікірінше адамның жұріс-тұрысына жазалау мен қолдау үлкен әсер етеді. Жазалау мен қолдау шараларын дұрыс қолдану керек. Оларды дұрыс қолданбау салдарынан, ол қаншалықты игі істерге бағытталса да, қоғамға пайдасынан зияны көбірек болады. Соның ішінде оны қолданудың кринималды жолдары да жиі кезедеседі, кісі өлтіргені үшін сыйақы төлеу.
Көптеген адамдар, соның ішінде педагогтар тәрбиеде жазаны мүлдем алып тастау қажет дейді. Бұл туралы дау бүгін пайда болған жоқ, ол бұрынанан келе жатыр. Жазалау қүл етіп тәрбиелейді деген пікірге А.С.Макаренко, жазаламау бұзақыны тәрбиелейді, деп жауап дерген.
Белгілі бір әрекеттерді жасамағаны үшін (қоғамдық жүріс-тұрыс, қауіпсіздік ережелері т.б.) жазалау шаралары қолданылады. Адам, жазага үшырамау үшін алдына қойылған талаптарды орындауға мәжбүр болады. Яғни, мұнда қорқыту жүйесі жұмыс істейді. Бірақ оның мүмікндіктері шектеулі. Р.Ланьер былай деген: су ішкісі келмеген жылқыны қинап су ішкізу мүмкін емес, сол сияқты адамды да істегісі келмеген жұмысты дене жарақатын саламын деп қорқытып, ол істі ынтасымен істеу мүмкін емес.
Ынтасымен ісете алмасаңда, әрине, істеуге болады, автоматты түрде. Жазалау тағы бір жағдайда оң нәтиже бермейді, ол адамның жазадан құтылмайтындығын түсініп, өз жағдайының шарасыздығын сезініп, қоғамнан көбірек тартып алғысы келетіндігі. Бұған жеке тұлғаға қарсы қылмыс жасап жазаланбаса, өз әрекеттерін одан әрі өршелендіруі нақты мысал бола алады.
Жақын арада немесе қатаң жазалаумен қорқыту оң нәтиже бермейді деп айтып кеттік. Көп адамдар жазаны қаталдату керек, сонда қылмыс азаяды дейді. Бірақ, ол практикада ешқандай дәлелін таппады. Заң шығарушылар соны біліп, мұндай халге бармай отыр. Айталық, көптеген қылмыстарға, соның ішінде ұрлық үшін өлім жазасы тағайындалсын. Қылмыскер үшін оны ұстаушылардың қолына түскеннен гөрі оларды өлтіріп қашып кету тиімді. Қылмыскер ол әрекетке барады да. Зұлымдық зұлымдықты тудырады. Жазаның тым қатаң болуы басқа қылмыстарға жол ашады. Сондықтан, білікті заңгерлер жаза тағайындағанда қылмыстық ауырлығын, сотталушының жеке тұлғасын және өзге мән-жайларды ескеру қажет дейді. Бұл қағида қылмыстық заңдармен бекітілген.
Жазалау мен қолдау бір-бірімен тығыз байланысты. Жазалау, қолдау қолданылған кезде нәтиже бермейді және керісінше жазалау қолданылатын жерде қолдау оң нәтиже бермейді. Бұл жазалау және қолдау шараларының бірі басым екендігін білдірмейді. Оларды кешенді түрде қолдану керек. Ол екеуі қатар жүргенде ғана тиімді болады. Ол екеуін орынды және білікті қолдану керек. Қазір жазаны қолдану жүйесі жетілдірген, ал қолдау жүйесі тиісті түрде жетілдірмеген. Қолдау шараларын біріншіден жүйслеу қажет. Ол қалыпты және сонымен қатар иерархиялық сатыда күрделі болу қажет. Оның жүйесі жазалау жүйесінен де күрделі болу қажет. Екіншіден, қолдау жүйесі барлық қоғамдық қатынастарға ену керек. Ол адамды әр уақытта алға қарай итермелеу керек. Үшіншіден, бұл жүйе үнемі дамып отыру қажет. Төртіншіден, қолдау шарасын қолданған кезде адамның жеке тұлғасы, талғамы, қызығушылығы, жастық ерекшеліктері және т.б. ескерілу қажет. Және бесіншіден, қолдау шарасының тәртібін дәйекті түрде жетілдіру керек.
Адам өзі жасаған жақсылығы қайтатындығын және керісінше жамандық жасаса ол өзіне жамандық болып оралатынын жете сезіну керек.
Жоғарыда айтылғандардан көретініміз қолдау шарасы да жске тұлғаларға қарсы қылмыстардың алдын алудың бір жолы болып табылады[10].
2.2. Тергеушінің түзеу мекемелеріндегі қылмыстылықтың
алдын алуы
Алдымен, қылмыстықтың алдын алуда нені түсінетіндігімізді анықтап алу қажет. Ғалымдардың арасында бұған байланысты келі-сімге келтірілген бір пікір жоқ. Кейбір авторлар алдын алуды қылмыстық алдын алу мен оны туындататын жағдайларды жою жұмыстарының жүйесін түсінсе, екіншісі «қылмыстылыққа жол беретін объективті және субъективті себептерді қою» деп түсінеді. Алғашқы авторлардың берген түсініктері алдын алудың мәнін толық ашық көрсетпейді. Ал, екінші авторлар алдын алу жұмыстарының жүйесін өте жалпыландырып жіберген. Субъективті пікірлерді жою қажеттігі бола тұра, оны объективті жағдайларға қарама-қарсы қоюға болмайды. Себебі, субъективті себептер объективті себептерсіз өзінен өзі пайда болмайды. А.И.Данилюктің пікірінше, қылымыстың алдын алу дегеніміз — қоғамның материалдық-техникалық негізін құруға, моральды кодекс рухындағы жаңа адам тәрбиелеуге, қылмыстықтың алдын алуға, тиюға, қылмысты ашуға, құқық бұзғанды жазалау және қайта тәрбиелеуге қоғамда құқықтық мәдениетті дамытуға байланысты жүргізілетін мемлекеттің жәнс қоғамдық ұйымдардың саяси, әкономикалық, құқықтық және өзге де шаралардың жүйесі болып табылады. Бұл алдын алу жұмыстарының тек жалпы түсінігі. Ал, тергеушінің алдын алу жұмыстары, соның ішіндегі түзеу мекемелеріндегі алдын алу жұмыстары сотталғандардың құқықтық жағдайының, анықтама органдармен қарым-қатынастардың, күзет тәртібінің, құқықтық мәдениетті ендірудің ерекшеліктерімен көрініс табуы қажет.
Тергеушінің түзеу мекемелеріндегі қылмыстылықтың алдын алу жұмыстарын екі тұрғыдан қарауымыз қажет: іс жүргізушілік және іс жүргізушілік емес.
Тергеушілік қылмыстық іс жүргізушілік қызметінде екі міндет орындалады: біріншіден, алдын ала тергеу жүргізілуі, екіншіден, қылмыстылықтың алды алынады. Қылмыстық істі дер кезінде қозғау және тергеу — жаңа одан ауыр қылмыстардың жасалмауның кепілі. Қылмысты тез және толық ашу айыптаушының білгілі бір уақыт аралығында жаңа қылмыс жасауын болдырмай, рецедивтің алды алынады. Және басқа сотталғандардың қылмыс жасасаң жазалатындығын сездіру мақсаты орындалады. Сезіктіні дер кезінде ұстаудың бұлтартпау шарасын таңдаудың қылмыстылықтың алдын алуда үлкен маңызы бар. Бүлтартпау шарасын ол түлға жаңа қылмыс жасауы мүмкін деген жағдайларда қолданылады. Бүлтартпау шарасын қолданғанда бұл тұлғалардың құқықтық жағдайын және олар жазасын өтеп жүргенде жаңа қылмыс жасап, сонымен қоғамға қауіпті екендігін көрсеткендігін ескере отырып, бүлтартпау шарасы ретінде қамау қолданылады. Мұндай тұлғаны оқшаулар өзге қылмыстардың болуын тудырмайды. Бұл «бүлтартпау шарасын дұрыс қолдану қылмыстылықтың алдын алудың бір шарасы екендігін дәлелдейді.
Түзеу мекемелерінің қызметінің ерекшелігіне байланысты тер-геушінің қылмыстық іс аяқталмай тұрып алдын алу жұмыстарын жүргізу қажеттігі туады, ал кейбір жағдайларда тергеу әрекетін жүргізу барысында жүргізіледі. Мұндай қажеттілік, мысалы, қауіпсіздік ережелері, күзет тәртіптері және т.б. жағдайларда туындайды. Бұлар оқиға болған жерді қарау барысында анықталып, тергеуші кеткен олқылықтарды түзетуге нұсқау береді.
Сотталушыны тінту кезінде ақша, қару және түзеу мекемеле-рінде қолдануға тыйым салынған өзге заттар табылуы мүмкін. Олар іске қатыстылығына байланысты іске дәлелдеме ретінде тіркслуі немесе түзеу мекемесінің әкімшілігіне жою, не мемлекетке аудару не сақтау үшін беріледі. Түзеу мекемелерінде тыйым салынған зат-тарды алып қою жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың алдын алудың тағы бір жазасы болып табылады.
Түзеу мекемелерінде жеке тұлғаларға қарсы қылмыстардың алдын алуға қылмыстық іс аяқталғаннан кейін қолайлы жағдай туындайды. Ол кезде барлық жағдайлар толық, жан-жақты, объективті анықталады. Мұндай тергеушінің бірнешеге алдын алудың іс жүргізушілік амалдары бар. Олардың ішіндегі ең маңыздысы ұсыныс. Түзеу мекемелерінде барлығы алдын ала ескеріледі және ойластырылады. Бірақ, сонда да кейбір кемшіліктер кездеседі. Мұндай кемшіліктер жаңа қылмыс жасауға жол ашады.
Тергеушінің ұсынысында бұл кемшілктер көрсетіліп, оларды жоюдың нақты шаралары көрсетілуі тиіс. Сотталғандардың құқықтық жағдайының ерекшелігіне және олардың қауіптілігіне байланысты мундай усыныстар тез арада орындалуы тиіс. Олай болмаған жағдайда кінәлі тұлғалар жауап беруі тиіс. Жоғарыда аталған кемшілктерді қою қылмыстың алдын алудың бір шарасы ретінде көрініс табады.
Тергеушінің түзеу мекемелерінде жеке тұлғаларға қарсы қылмыстардың алдын алу іс жүргізушілік амалдармен шектелмейді. Алдын алу жұмысында іс жүргізушілік емес амалдардың да маңызы ерекше. Бұл қызметтің нысандары әр түрлі болады. Мысалы, тергеу-ші бір сотталғанды тергеу барысында, екінші бір сотталғанның басқа қылмыс жасауға оқталып жүргендігін анықтайды. Бұл жағдайда тергеуші сотталған адамға заңды түсіндіріп, оның ойлаған қылмысын жасау салдарын түсіндіріп қана қоюға құқылы. Әрине мұндай әсер ету қылмыс жасауға бел буғандарға, мұндай шарамен түзелмейтіндерге және әрекетінде қылмыс құрамы барларға әсер ет-пейді.
Тергеушінің түзеу мекемесінде құқықтық тәрбиелеудің жеке тұлғаларға қарсы және езге де қылмыстардың алдын алуда маңызы ерекше. Құқықтық тәрбиелеу келесі жолдармен жүргізілуі мүмкін: жергілікті радиомен, лекция оқумен, жеке және топтық әңгімелесумен, құқық және түзеу мекемелерінің қызметкерлерінің жүргізетін кешенді шаралармен (киноленталар көрсету, сұрақ жәнс жауап кештері).
Сонымен тергеушінің түзеу мекемелеріндегі жеке тұлғаларға қарсы қылмыстардың алдын алу дегеніміз іс жүргізушілік және іс жүргізушілік емес шаралардан тұратын, өз екілетті шеңберінде өзге мемлекеттік орындармен бірлесіп жүргізілетін, рецидивті болдырмауға, қылмыс жасауға тиімді жағдайларды жоюға және азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруге бағытталан жұмыстардың жиынтығы және тергеушінің маңызды міндеті болып табылады.
2.3. Шартты түрде соттау қылмыстылықтыц алдын алудың шарасы ретінде
Қылмыстылықпен күресудің ең тиімді амалдарының бірі -қылмыстық жазалау. Оның мемлекеттің күштеп орындалатын амалдардың бірі ретіндегі мақсаты сотталғанды түзей және қайта тәрбиелеу, заңдарды, қоғамның бірлесіп өмір сүру ережелерін орындату, сонымен қатар басқа қылмыстардың болуына жол бермей, олардың алдын алу болып табылады. Бұл мақсаттарға жету-жетпеуіміз соттың әрбір іс бойынша жазаның түрін таңдауына байланысты. Жаза әділ, ақылға сыйымды, мақсатты болған кезде ғана тиімді әрі әсерлі болатынын практика көрсетіп отыр.
ҚР ҚК 38-бабында жазаның мақсаты анықталған, ол әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сотталғанды түзеу, сондай-ақ сотталғанды және өзге адамдардың басқа қылмыс жасауының алдын алу.
Ауыр қылмыс жасағандар мен рецидивистерді және өзге қауіпті қылмыскерлерді қатаң жазалау халықтың моральдық мінде-ті. Сонымен қатар абайсызда және өмірдің ерекше жағдайларының әсерінен жасаған қылмысты оның моральдық қасиетіне, өмір сүру салтына, жалпы өмірге деген көзқарасына қайшы болса оған жеңілірек жаза тағайындау қоғамның мүддесінде.
Кейбір тұлғалар жаза қаншалықты ауыр болса, қылмыспен күресу соншалықты тиімді болады деп есептейді. Бұл менің ойымша қате түінік. Себебі, жаза әділетсіз және тым қатаң болса, сотталып шыққан адам айналасындағыларға да қатаң талап қоя бастайды, ол ашуланшақ болып шығуы мүмкін, қоғамға қас көзқараспен қарайды. Сондықтан қатаң жаза тағайындау қоғамға пайда емес, зиян алып келеді.
Сотталған бас бостандығынан айыру ол түзеліп қоғамға адал азамат болып оралуы үшін қолданылады. Бұл жағдайда мемлекет тек сотталғанның мүддесіне емес, сонымен қатар қоғамның мүддесі үшін әрекет етеді.
Егер бұл мақсатқа жету үшін бас бостандығынан айырудан жеңілірек жаза тағайындаумен жетуге болатын болса, сот органдары бас бостандығынан айыру жазасын қолданбау керек.
Бас бостандығынан айыру — қылмыстық жазалардың ішіндегі ауыр жазалардың бірі. Ол ауырлық дәрежесінен өлім жазасынан кейін тұр.
Бас бостандығанан айыру қоғамды қауіпті қылмыскердерден қорғайды, басқа қылмыс жасауды шектейді және болдырмайды және оның басқа адамдарға теріс әсерінен қорғайды.
Бас бостандығынан айырудың жағымсыздығы сотталған адамды отбасынан, достарынан, үйреншікті өмір сүру салтынан, қоғамдық пайдалы байланыстарынан үзетіндігенде. Сол үшін жазаның бұл түрін тек өзге жаза түрлерін қолдану мүмкін болмағанда ғана қолданады.
Жазаны орындауды кейінге қалдыру сотталған адамға оң әсер етеді. Үкімді орындауды кейінге қалдыру институты ССРО кезінде алғаш рет 1977 жылы 15 ақпандағы Жоғарғы кеңес Президиумының ССРО және Одақтас республикалардың қылмыстық заңдарының негіздеріне толықтырулар туралы жарлығымен енгізілді. Кейінге қалдыру 3 жылға дейін сотталған мәлімет жасқа толмағандарға қолданылады. Оны қолдану барысында үкімді орындауды кейінге қалдыру өті тиімді тәжірибе жүзінде көрініп, 1982 жылы оның қолдану аясы кеңейді. Ол 3 жылға дейін алғашқы рет сотталған барлық адамдарға қолданылатын болды.
Қазіргі 1997 ж. 16 шілдеде қабылданған ҚРҚК де бұл институт шартты түрде соттау атауымен енді. Қылмыстық кодекстің өз бабында: «Егер түзу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандыынан шектеу, бас бостандығынан айыру немесе тәртіптік әскери бөлімде үстау жазасын тағайындағанда сот сотталған жазалы өтілмей түзелуі мүмкін деген қорытындыға келсе, ол тагайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы шығарды. Шартты түрде соттау қолданылған жағдайда сот жазасын қылмыстық сипаты мен қоғамдық дәрежесін, айыпталушының жеке басын, соның ішінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жағдайларды ескереді. Шартты түрде соттау тағайындалған кезде сот сотталған адам мінез-құлқымен өзінің түзелгенін дәлелдеуге тиіс. Сынақ мерзімін белгілейді. Сынақ мерзімі бір жылдан үш жылға дейінгі үзақтықта тағайындалады. Шартты түрде соттау кезінде жазаның мүлікті тәркілеуден басқа қосымша түрлері қолданылуы мүмкін. Сот шартты түрде соттауды тағайындай отырып, сотталған адамға белгілі бір міндеттерді орындауды: шартты түрде сотталған адамның мінез-қүлқын бақылауды жүзеге асырушы арнаулы мемлекеттік органға хабарламай түрақты, жүмыс істейтін, оқитын жерін ауыстырмауды, белгілі бір орындарға бармауды, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, соз ауруларынан немесе ВИЧ/ЖҚТБ-дан емделу курсынан өтуді, отбасына материалдық көмек көрсетуде жүктеуі мүмкін. Сот шартты түрде адамға оның түзелуіне септігін тигізетін басқа да міндеттерді орындауды жүктей алады[11].
Шартты түрде сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды оған дәлілдік берілген мамандандырылған мемлекеттік орган, ал әскери қызметшілер жөнінде әскери бөлімдер мен мекемелердің ко-мандованиесі жүзеге асырады. Шартты түрде сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сынақ мерзімі ішінде сот шартты түрде сотталған үшін бұрын белгіленген міндеттерді толық немесе ішінара бұзуы не толықтыруы мүмкін делінген. Ал, 64-бабында шартты түрде сот-таудың күшін жою немесе сынақ мерзімін үзарту туралы былай делінген. «Егер шартты түрде соттаушы сынақ мерзімі өткенге дейін өзінің түзелгенін дәлелдесе, шартты түрде сотталушының мінез-құлқына бақылау жасауды жүргізетін органның ұсынысы бойынша сот шартты түрде соттаудың күшін жою және сотталған адамнан соттылықты алып тастау туралы қаулы ете алады. Бұл орайда шартты түрде сотталудың белгіленген сынақ мерзімінің кем дегенде жартысы өткен соң күші жойылуы мүмкін. Егер шартты түрде сотталған адам өзіне жүктелген міндеттерді орындаудан жалтарса немесе сол үшін өзіне әкімшілік салынған қоғамдық тәртіпті бүзса, сот сынақ мерзімін үзарта алады, бірақ ол бір жылдан аспауы керек.
Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде өзінс сот жүктеген мінедеттерді ұдайы немесе әдейі орындалмаған, сол сияқты қоғамдық тәртіпті үдайы немесе қасақана бұзған жағдайда сот осы баптың бірінші бөлігінде аталған органның ұсынысы бойынша шартты түрде соттаудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы шығарды. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде абайсызда қылмыс жасаған не кішігірм ауырлықтағы қасақана қылмыс жасаған жағдайда шартты түрде сотталудың күшін жою немесе оны сақтау туралы, мәселені сот жаңа қылмыс үшін жаза тағайындалған кезде шешіледі. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде орта-ша ауырлықтағы қасақана қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда сот шартты түрде сотталудың күшін жойып, жаза тағайындайды.
Көріп отырғанымыздай шартты түрде соттау сотталғанды дұрыс жолға түсуіне итермелейді. Оны туған-туысқандарынан, дос-тарынан, үйреншікті өмір салтынан ажыратпайды. Ол сотталған адамның түзелуіне және жаңа қылмыс жасамауына ықпал етеді. Сон-дықтан, шартты түрде соттауды да жеке тұлғаларға қарсы қылмыстарды алдын алудың бір жолы болып табылады.
2.4. Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан тұлғаларға әкімшілік қадағалау қылмыстылықтың алдын алудың бір
шарасы ретінде
Жеке адамдарға қарсы қылмыс жасағандардың рецидивін болдырмауда бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарға әкімшілк қадағалаудың маңызы ерекше десек қателеспейміз.
Әкімшілік қадағалау өзге алдын алу шараларына қарағанда өзгешелігі оның мемлекетік мәжбүрлеу шарасы болып табылатындығында. Ол белгілі бір уақыт аралығында жүргізіледі. Бұл шараның басты мақсаты сотталып шыққандардың қайтадан қылмыс жасауын болдырмау. Әкімшілік қадағалау, мәжбүрлеу шарасы бола тұра, тәрбиелеу шарасы да болып табылады. Әкімшілік қадағалау барысында мәжбүрлеу және тәрбиелеу шаралары өз үйлесімділігін табады.
Тәрбиелеу және мәжбүрлеу шаралары бір-бірімен белгіленген қатыста болады. Олардың бірлігі оларды қолдану негізінде: сот-талып шыққанның жаңа қылмыс жасау мүмкіндігі, бұл фактілі негіз, ал құқықтық негіз полиция органдарының әкімшілік қадағалау туралы қаулы. Тәрбиелеу және мәжбүрлеу шараларының басты мақсаты біреу, ол қадағалап отырғандардың жаға қылмыс жасауын болдырмау. Оларды қолдану мерзімі бірдей.
Тәрбиелеудің және мәжбүрлеудің айырмашылығы, мәжбүрлеу тұлғаның белгілі бір құқықтарын шектейді, ал тәрбиелеу ешқандай мүдделерді қозғамайды. Құқық қорғау органдары мәжбүрлеу шарасы ретінде тек заңды көрсетілгендерді қолдана алады. Ал, тәрбиелеу шаралары шектелмеген.
Тәрбиелеу барысы педагогика қағидаларына сүйенеді.
Мәжбүрлеу шаралары барлық қадағаланушылармсн орындалуы міндетті емес. Ол көптеген жағдайларға байланысты болады. Бірақ, әкімшілік ережелерді барлығы бірдей орындайды. Белгілі бір көлемде полиция органдары мәжбүрлеу шараларын қаталдатуы немесе жеңілдетуі мүмкін. Мысалы, қадағалаушының жүріс-тұрысы нашар болса, оған барлық мәжбүрлеу шаралары қолданылады, қарама-қарсы жағдайда барлық мәжбүрлеу шаралары алынды[12].
Әкімшілік қадағалауда қолданылатын шаралардың барлығы қадағалауға бағытталмаған. Бұл шаралар тұлғаның қайтадан қылмыс жасауының алдын алады. Олар бақыламайды, тек жұріс-тұрыстың қандай болу керектігін түсіндіреді.
2.5. Жеке адамдарға қарсы рецидивті қылмыстылықтың алдын алудың мәселелері
Жеке адамдарга қарсы қылмыстылықтың алдын алудың ішін-дегі өзекті мәселелердің бірі — рецидивті қылмыстылықтың алдын алу оның себептері де бар. Біріншіден, рецедивті қылмыстылық үлкен орын алады. Екіншіден, бұрын сотталғандар қылмыстылықтың ауа райының өзгерте алатындығын теория мен тәжірибе дәлелдеп отыр. Үшіншіден, рецидивті қылмыстық әлеуметтік, психологиялық, статистикалық табиғатты тұрғысынан жете зерттелмеген.
Жеке тұлғаларға қарсы рецедивті қылмыстардың алдын алу ең алдымен психологиялық әсер етеді. Ал, сотталып шығып, тордың арғы шеті қандай болатындығын көргендерге қылмыс жасамау туралы психологиялық әсер ету өте қиын. Қылмыс жасап сотталып шыққандардың қылмыс жасауда белгілі бір тәжірибелері болады. Сондықтан, олар қайтадан қылмыс жасаған кезде ұсталмаймыз деп ойлайды.
Рецедивті қылмыстықтың алдын алудың қазір тек тиімді екі ғана жолы бар:
Бірінші, заңның жалпы алдын алу қызметі. Қылмыс жасауға дайын жүргендердің тек жартысын ғана заң ұстап қалады. Ал қалғандары ұсталмаймыз деп ойлайды немесе жазадан қорықпайды. Бұл қылмыстық жазалардың тиісті түрде қатал емес дегсн ойға алып келуі мүмкін. Бірақ жазаның қатаңдығының тиімсіз жақтарын жоғарыда айтып кеткен болатынбыз. Сонымен, қылмыстық тәжірибесі бар адамдардың жаңа қылмыс жасауының қылмыстық жаза тоқтатпайды деген сөз.
Рецедивті қылмыстылықтың алдын алудың тағы бір жолы құқық қорғау органдарының қызметі болып табылады. Осы органдар өз қызметтерін дұрыс орындағанда көптеген қылмыстардың алды алынады. Ал, тәжірибесі бар қылмыскерлер құқық қорғау органдарының назарына оңайлықпен іліне қоймайды.
Жоғарыда айтылғандар жеке тұлғаларға қарсы рецидивті қылмыстардың алдын алу мәселелері жете зерттеліп, дамытылмаған.
Менің ойымша мұндай психология әсер ету мүмкін емес, тек олардың қылмыс жасауына итермелейтін жағдайларды қою керек. Мұнда ең алдымен материалдық қажеттікті қанағаттандырудың өзге жолдарын ойластыру аса маңызды. Мысалы, бұрын тапрысыпен кісі өлтіріп, сотталып шыққан адам өз отбасын асырау үшін бұрынғы кәсібіне қайтадан оралуы мүмкін және бұрын жіберген қателіктерін бұл жолы жібермеуге тырысады. Екіншіден, қоғам мұндай тұлғалардан теріс бұрылмау қажет, қарсы жағдайда барлық мәжбүрлеу шаралары алынады. Үшіншіден, сотталған адамдары жазасын өтеу барысында жұмысқа бейімдеу қажет[13]. «Адамды адам еткен — еңбек» деген мақалды осы жерде мысал ретінде келтіруге болады.
Қорытынды
Жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар қоғам үшін және философия, дін, психология, әтика, құқық үшін орталық тақырыптардыц бірі болып табылады.
Біздің мемлекетімізде жеке адамдарға қарсы қылмыстар өміріміздің барлық саласында отбасында, өндірісте, саясатта көрініс тапқан.
Соңғы кезде тапрысыпен кісі өлтіру, ұрып-соғу, зорлау көбейіп келеді. Бұл қылмыстардың көбейуі қоғамның және көптеген адамдардың рухани мәдениетінің тәмендеуіне және дөрекілеуіне байланысты. Бұдан біздің өміріміздің барлық салаларының дұрыс жұмыс атқармайтындығын, әтикалық тәрбиеде кешірілмейтін қателіктер бар екенін, ал кейбір жағдайларда мұндай тәрбиенің мүлдем болмайтындығын көреміз.
Кеңес Үкіметі кезінде әркім ез кершісінің өзінен бай бол-майтындығына кезі жететін. Қазір бай адамдар, олардың ішінде негізсіз байығандар көбейіп кетті. Біздің мемлекетіміз оған дайын емес сді.
Оның үстінде адамдардың кәптеген игіліктердің бар екенін бірден білді. Кешелердегі әдемі дүкендер адамдарды материалдық игіліктерге жету үшін және нәпсісін қанағаттандыру үшін «ерлік» жасауға итермелейді. Осыдан кісі елтіру, ұрып-соғу, зорлау көбсйіп кетті.
Сондықтан, қоғамның санасын, соның ішінде заңгерлердің са-насын түпкілікті езгерту қажет. Қылмыс жасаған адамдармен қоса оларға көмектесетін және жазадан қүтылуға жәрдемдесетін кейбір заңгерлер қылмыстықтың кебейуіне себепкер болады.
Біздің міндетіміз жеке адамдарға қарсы қылмыстардың табиғаты мен себептерін түсініп, олардың алдын алу болып табылады. Бұл біздің тек қоғамдық емес, сонымен қатар азаматтық борышымыз.
Қолданылған нормативтік актілер:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл.
- «Қылмыстылықпен күрес мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы!» ҚР заңы 5 шілде 2000 жыл.
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 16 шілде 1997 жыл.
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» 1994 жылғы 23-желтоқсандағы 7 қаулысы.
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін Заңдарды соттардың тәжірибесі туралы» 1993 жылдың 23-сәуіріндегі 1 қаулысы.
Қолданылган әдебиеттер
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік.
Алматы,2001.
- А.Н.Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Алматы, 2000.
- Бородин С. Ответственность за убийство: квалификация и наказания по
российскому праву. Москва, 1994.
- Загородин Н.И. Преступления против жизни по советскому уголовному
праву. Москва, 1961.
- Читлов Д.С. Охрана здоровья граждан от тяжких насильственных
посягательств: уголовно-правовые и криминалогическис исследования.
Саратов, 1974.
- 3аң №8, 2002, 43 б. 7. 3аң №5-6, 2000, 96. 8.Ақиқат 1999 №9, 10, 186.
- Егеменді Қазақстан 31 қазан 2000.
- Егеменді Қазақстан 14 шілде 2001.
- Актуальные проблемы борьбы с преступностью. Сборник научных
трудов. Ташкент, 1983.
- Актуальные вопросы с преступностью. Под ред. В.Д.Филимонова
Томск. 1990.
- Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан, Алматы,
1999.
- Саркисов Г.С., Красиков Ю.А. Ответственность за преступления
против жизни здоровья, свобода и достоинство личности. Ереван, 1990.
- Ткаченко В.И. Квалификация преступлений против личности. Москва,
1981.
- Чечель Г.И. Жестокий способ совершенствования преступлсния против
личности. Начальник. 1992.
- Совершенствование мер борьбы с преступностью и ее профилактика.
Сборник научных трудов. Ташкент, 1989.
- Вопросы повышения эффективности борьбы с преступностыо.
Редактор: проф. А.Л.Ременсон. Томск, 1980.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
I-тарау. Жеке адамға қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық
сипаттамасы.
1.1. Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
1.2. Өмірге қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы.
1.3. Денсаулыққа қарсы қылмыстар.
1.4. Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар.
1.5. Жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы
қылмыстар.
1.6. Жыныстық қылмыстар.
ІІ-тарау. Жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың алдын алудың өзекті
мәселелері.
2.1. Адамның жүріс-тұрысын түзеудің теориялық мәселелері.
2.2. Тергеушінің түзеу мекемелеріндегі қылмыстылықтың алдын
алуы.
2.3. Шартты түрде соттау қылмыстылықтың алдын алудың
шарасы ретінде.
2.4. Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан тұлғаларға
әкімшілік қадағалау қылмыстылықтың алдын алудың бір шарасы
ретінде.
2.5. Жеке адамдарға қарсы рецидивті қылмыстылықтың алдын
алудың мәселелері.
Қорытынды.
[1] Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулылар жинағы. А. 1997, 1-том, 92-бет.
[2] Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулылар жинағы. 90-бет.
[3] Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулылар жинағы. 93-бет.
[4] Комментарий к УК РФ. Особенная часть. /Под.ред.Ю.Скуратова. М. 1996. 16-17 беттер.
[5] Бородин С.В. Ответственность за убийство: квалификация и наказания по российскому праву. М. 1994. 134стр.
[6] Комментарий. Уголовный кодекс Республики Казахстан. Алматы. 2001. 63 стр.
[7] Комментарий по уголовному кодексу Республики Казахстан. Алматы. 1999. 23 стр.
[8] Ткаченко В.И. Квалификация преступления против личности. М. 1981.; 109 стр.
[9] Чечель Г.И. Жестокий способ совершения преступления против личности. Начальник. 1992. 203 стр.
[10] Актауальные вопросы борьбы с преступностью. Под ред. В.Д.Филимонова. 3-7 беттер. Томск. 1990.
[11] Актуальные проблемы борьбы с преступностью. Сборник научных трудов. Ташкент 1983. 104 бет. А.С.Закутский. 25-30 беттер.
[12] Вопросы повышения әффективности борьбы с преступностью. Редактор: проф.А.Л.Ременсон. Томск 1980. 88-93 беттер.
[13] Актуальные вопросы с преступностью. Под ред. В.Д.Филимонова 127-130 беттер. Томск. 1990.