АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Жеңіл атлетика түрлерінен сабақ өткізу әдістемесінің негіздері

Жеңіл атлетика түрлерінен сабақ өткізу әдістемесінің негіздері

 

ЖОСПАР

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………3

 

І-бөлім.

1.1. Оқытудың жалпы мәселелерi…………………………………………………….6

1.2. Жеңiл  атлетикалық жаттығулар тәсiлiн үйренудегi қатенi түзету мен алдын алудың түрлерi…………………………………………………………….10

1.3. Спорттық жүру әдiстерiн үйрету……………………………………………..10

1.4. Орташа және алыс қашықтыққа жүгiрудi үйрету……………………..15

1.5. Кросқа жүгiрудi үйрету…………………………………………………………..19

1.6. Қысқа қашықтықта жүгiрудi үйрену………………………………………..19

1.7. Кедергiлерден өтiп жүгiру……………………………………………………….24

1.8. Кедергiшiнiң арнайы жаттығулары және жалпы жетiлдiрушi кешенi…………………………………………………………………………………………..28

 

ІІ-бөлім.

2.1. Ұзындыққа секiрудi үйрену…………………………………………………….30

2.2. Биiктiкке секiрудi үйрену………………………………………………………..32

2.3. “Қадамдау” әдiсiмен секiру тәсiлi……………………………………………34

2.4. “Лақтырылу” әдiсiмен секiру тәсiлi…………………………………………34

2.5. Биiктiкке секерудi»фосбюри-флоп» әдiсiмен секiрiп үйрену……..37

2.6. Сырықпен секiру әдiсiне үйрету………………………………………………40

2.7. Үш адымдап секiру тәсiлiн үйрету…………………………………………..46

2.8. Бiр орында секiру……………………………………………………………………47

2.9. Қадам……………………………………………………………………………………..48

2.10. Секiру…………………………………………………………………………………..49

2.11. Ядро лақтырудың әдiс-тәсiлiн үйрену…………………………………….51

2.12. Граната лақтыру тәсiлiне үйрету……………………………………………57

 

Қорытынды…………………………………………………………………………………..61

Әдебиеттер……………………………………………………………………………………62

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің өзектілігі. Соңғы онжылдықта оқыту процесiнiң тиiмдiлiгiн арттырудың жаңа тәсiлдерi мен әдiстерi қарқынды түрде зерттелуде. Бұл бiр бiрiншi кезекте бiлiм дамуындағы объективтi үрдiспен байланысты оқитындардың санын үздiксiз көбейту және ғылыми-техникалық ақпарат көлемiнiң тез өсуi‚ сол сияқты оқу мерзiмдерiн қысқартумен байланысты. Айтылғандардың бәрi белгiлi мөлшерде дене шынықтыру жаттығуларын үйрету процесiне қатысты.

Спорттық шеберлiк деңгейi өскен көпшiлiк спорттың дамуын, дене шынықтыру жаттығуларын үйрету процесiнiң жаңа әдiстерi мен тәсiлдерiн iздеудi талап етедi. Жалпы және кәсiптiк бiлiм беру процесiн жетiлдiрудiң көп тараған бағыттарының бiрi бағдарламалық оқыту әдiсi болып табылады.

Оқытудың тиiмдiлiгi бағдарламаның сапасымен ғана емес‚ сонымен бiрге оның реализацияның әдiстерiмен де анықталатыны көпшiлiкке белгiлi.

Диплом жұмысы спортпен айналысушылардың жаттығуларды өз бетiнше жасауын жеңiлдететiн басқару жүйесi бар жеңiл атлетикалық жаттығуларды алғашқы оқыту әдiстемесiне тәрбиелеуге тұңғыш рет әрекет жасап отыр.

Диплом жұмысын талдағанда спортпен айналысуды ендi бастаған спортшылармен сабақ процесiнде тексерiлген педагогиканың‚ физиологияның‚ спорттық медицинаның қазiргi кездегi мәлiметтерi ескерiлдi.

Жұмыстың мақсаты: жеңiл атлетикадан әртүрлi барлық ақпарат құралдары (көздерi) бойынша Қазақстанның ұлттық кадрларына көмектесу‚ оқу құралы қазақ және орыс тiлдерiнде жалпы бiлiм беретiн мектептердегi дене тәрбиесi пәнi мұғалiмдерiне‚ жоғары оқу орындарының дене тәрбиесi кафедраларына‚ жас жаттықтырушыға және ендi бастаған спортшыларға‚ жеңiл атлетиканың түрлерiнiң техникасын өз бетiнше үйренiп‚ меңгерушiлерге арналған. Диплом жұмысы «Жеңiл атлетика және оқыту әдiстемесi» пәнiнiң бүкiл курсын оқып үйретуге ұмтылмайды‚ бар болғаны тар мағынада (қысқаша) жеңiл атлетикалық курстардың көп түрлiлiгiн және жаттығулар тәсiлiн үйрету әдiстемесiн көрсетедi.

Оқытудың дәстүрлi әдiстерiнiң кемшiлiктерiнiң бiрi (оның iшiнде дене шынықтыру жаттығуында) – бiр сабаққа берiлетiн материал көлемiнiң шамадан тыс көп болуы‚ ал оны меңгеру нәтижесiнiң көлемi көп уақыт аралығында‚ ойланбаған жүйеде‚ элементаралық бағалар негiзiнде өткiзiледi. Бұл материалды оқыту мен оны спортшының меңгеруiнiң сәйкес келмеуiне алып келедi.

Меңгерiлмеген бөлiмдердiң (сабақтардың) көбейiп кетуi бағдарламаны меңгерудi қиындатады және бiлiмдi, дағдыны‚ шеберлiктi практика жүзiнде қолдануда қателер пайда болуын қалыптастырады. Бұл дене шынықтыру жаттығуларын үйрету кезiнде‚ орындау кезiнде кемiстiктер‚ жаттығуларды дұрыс орындамауға әкеледi‚ сондықтан‚ жаттығуды толық тиiмдi орындай алмайды.

Сонымен бiрге‚ оқыту процесi-бұл мұғалiмдер оқушылардың бiрлескен мақсатты қызметi‚ онда мұғалiм оқушыларға белгiлi мәлiметтер берiп қана қоймай‚ сонымен бiрге бiлiм шеберлiк пен дағдыны меңгеру процесiне де белсендi басшылық жасайды.

Бағдарламалық оқыту әдiстерi кибернетикадан-(басқарудың жалпы заңдылықтары туралы ғылымнан) алынған. Бұл оқытуға басқарудың жалпы заңдары тұрғысынан қарауға‚ ақпараттық процестердiң тиiмдiлiгiне‚ оқыту процесiн мақсатқа сәйкес жеделдету және алгоритмдеуге мүмкiндiк бердi.

Бағдарламалық оқыту мазмұны негiзiнен бiлiмдi меңгеру процесiн басқаруды жақсартудан тұрады. Бұған былай жетуге болады: бiрiншiден‚ материалды аз “мөлшерлердi” бөлу керек‚ бұл оқушылардың бiр айтқанда меңгеруiне оңай және осы “мөлшерлердi” жеңiлден күрделiге қарай бiр жүйемен орналастыру керек. Екiншiден‚ берiлген материалды оқушының қалай меңгерiп жатқаны туралы мұғалiмге ақпарат беретiн үздiк бақылау жүйесiнiң оқыту процесiне енуi және талдануы арқылы.

Үздiксiз бақылау маңызды фактор болып табылады‚ ол материалды әрi қарай оқытудың көлемiне‚ мазмұнына және жүйелiлiгiне тiкелей әсер етедi. Ақпаратты мұғалiм мен оқушылардың бұлай өзара жеткiлiктi алмасуы басқаруды жақсартады және оқу процесiнiң тиiмдiлiгiн арттырады.

Бағдарламалық оқытудың негiзгi принциптерi мен әдiстерiн дене шынықтыру жаттығуларын (оқыту) үйретуге де жетiстiкпен пайдалануға болады.

Адамда қозғалыс дағдыларының қалыптасуы қозғалысты түрде (балаларды жүруге үйрету‚ бiрнеше тұрмыстық дағдылар бойынша) немесе арнайы ұйымдастырылған оқыту жүйесi процесiнде өтедi. Соңғысында‚ педагогикалық және физиологиялық бiлiм беру заңдылықтары‚ қозғалыс дағдыларын және оқытудың нақты тапсырмаларынан шығатыны‚ түзету мақсатында “адым” әлементтерiн меңгеру үшiн бақылау жүйесi және жас ерекшелiгi деңгейiнiң күрделiлiгiн оқытатын жаттығу элементтерiн меңгерудiң жүйелiлiгiн қарастыратын жүйе талдануы мүмкiн.

Оқу материалын бөлек кезеңдерге бөлу‚ олардың әрқайсысынан тапсырмалар жасау және олардың меңгеруi үшiн бақылау әдiстерiн анықтау-мiне осылардың өзi-бағдарламалау деп аталады. Дене шынықтыру жаттығуларын оқытуға жататындар‚ мұндай мөлшер аяқталған болуы керек‚ жаттығу элементiн бiр деңгейде қолдануды меңгеруге қарапайым‚ жеңiл түрi жеткiлiктi. Бiр сабақта оқушыларды мұндай оқу материалының мұндай екi немесе үш фазаларымен таныстыру ұйғарылады.

Зерттелудің деңгейі. Профессор Н.А.Бернштейн бiрнеше деңгейден тұратын қозғалыс актiсiн басқарудың топтама-сызбасын ұсынды. Адам ағзасын басқару қызметiнiң сызбасын басқа ғалымдар да ұсынды. Бұл сызбалардың негiзгi идеясы мынадай:

Жалпы түсiнiк бойынша ағзаны реттеушi (орталық жүйке жүйесi) және реттелушi бөлiмдерден (дене бөлiмдерiнен‚ iшкi мүшелерден және т.б.) бөлiмдерден тұратын өзiн-өзi реттейтiн жүйе ретiнде қарастыруға болады.

Күрделi қозғалыс тапсырмасын күшейту (өрiстету) үшiн көп бұлшық еттердiң үйлескен жұмысы қажет‚ олардың әрқайсысы‚ өз кезегiнде көптеген жекелеген “қозғалыс бiрлiктерi-талшықтардан тұрады‚ бұл талшықтар үйлесiмдi мотонейрондарды басқаруды және қан айналу және тыныс алу мүшелерiнiң қызметiн өзгерте отырып‚ бұлшық еттi қажеттi қуатпен қамтамасыз етедi”.

Берiлген қозғалысты орындай отырып‚ бiз әрбiр бұлшық еттiң жұмысын‚ әрбiр қозғалыс бiрлiгiн анықтай алмаймыз (қызмет көрсету жүйелерiнiң-жүректiң жиырылу жиiлiгi‚ тыныс алу жиiлiгi т.б. қызметi сияқты). Жүйке жүйесiнiң жоғары бөлiгi (үлкен ми сыңарлары) жалпы мағыналы мiндет-әсер ету бағдарламасын қояды.

Мақсаты мен міндеттері. Ұсынылған жекелеген оқыту әдiстерi өсу күрделiлiгi тәртiбiмен орналасқан жаттығу элементтерiн жеңiл меңгеруге арналған “адымдар” жүйесi болып табылады (оқытылатын әрбiр жаттығу келесi материалға элемент ретiнде енетiн кезде), мұнымен ұсынылған жаттығудың әрқайсысы бiр кезде және бақылау тапсырмасы-айналысушылардың оқу үлгерiмiн бақылау әдiсi болады. Мұндай “кадрлiк” бақылау принцип бойынша мынадай әрекеттердi бақылауға мүмкiндiк бередi:

а) үйреткен материалды (оқытқанды) меңгергеннен кейiн‚ жаңаға көшу (материалға).

б) егер жаңа элемент меңгеруге қиын болса‚ онда жаттығуларға оралу керек (қайталау керек).

Кадрлiк бақылау-жеңiл атлетикалық жаттығуларды алғашқы үйреткенде де маманданған спортшыларда техникасын қалыптастыру процесiнде де қолданылуы мүмкiн (қозғалыс элементтерiнде қателердiң бөлiнуiне көмектесетiн).

Зерттелудің объектісі. Қозғалыстардың орындалуы және оның қуатпен қамтамасыз етiлуi реттеудiң ең төменгi деңгейiнде жүзеге асырылады. Кейбiр қозғалыстарды жоғары бөлiмдердiң қатысуынсыз-ақ жiберуге болады.

Басқарудың мұндай көп деңгейлi құрылуы‚ орталықтандырылғанға қарағанда тиiмдiрек‚ өйткенi бас мүше әрбiр құрама бөлiмнiң қызметiн дәл белгiлейдi.

Мұндай жағдайда басқарушы мүше күрделi болып жұмыс iстей алмауы мүмкiн. Мұндай көп-деңгейлi құрылыстан қорытынды шығара отырып‚ Л.В.Чхаидзе iшкi және сыртқы басқару шеңберiнен тұратын адамның ерiктi қозғалысын реттейтiн екi-шеңберлi сызбаны ұсынды.

Сыртқы шеңбер төменгi деңгейге берiлетiн бұйрықтардың орындалуына тiкелей байланысты болады және ағзадан тыс көру‚ есту және сезiну мүшелердi арқылы керi байланыста болады. Л.В.Чхаидзенiң пiкiрi бойынша‚ сыртқы шеңбердiң көмегiмен қозғалыстың мағыналық бөлiмiн басқару жүзеге асырылады‚ ал iшкi шеңбер бойынша (ағзаның iшiнде)-қозғалыстарды талдап тексеру жүзеге асырылады. Сыртқы шеңбер бойынша ағзаға мағыналық қозғалыс бағдарламалары және жiберу белгiлерi түседi.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

 

 

 

І-БӨЛІМ.

 

  • Оқытудың жалпы мәселелері

 

Басқару нысаны адам болып табылатын басқару процесiн оқытуды қарастырғанда бiлiм жетiстiктерiнiң шамасы бойынша адамдардың қозғалыс белсендiлiгiн заңдылықтары жайлы және жекелеген дағдыларының ерекшелiктерiнiң қалыптасуында оқыту процесi меңгерiледi деп ұйғарылады. Сондықтан басқару үйлесiмдiлiгi бiрiншi кезекте басқару нысаны үйрену деңгейiне тәуелдi болады.

Жекелеген әдiстемелерге тоқтамас бұрын дене шынықтыру жаттығуларын оқыту процесiнiң бiрнеше жалпы мәселелерiне мақсатқа сай тоқталып өту керек. Жүру‚ жүгiру‚ секiрулер және лақтыру-бұлар белгiлi автоматтандырылған қозғалыс актiлерiн әртүрлi қайталау негiзiнде құрылған қозғалыс дағдылары‚ олардың қалыптасу негiзiнде орталық жүйке жүйесiндегi уақытша байланыстардың құрылуы жатыр.

Мұндай байланыстардың құрылу механизмiн мынадай үлгiмен түсiнуге болады.

Адамның немесе жануарлардың әрбiр қозғалысының басында бас миы қабығының белгiлi бөлiмдерiнiң шартты және шартсыз рефлекторлық қозуы болады. Таныс жаттығуларды қозғалыс дағдысын жасайтын белгiлер-көру мүшесiнен тiрек-қимыл аппараттан‚ мұғалiмнiң бұйрығы және т.б. баратын импульстар болуы мүмкiн.

Дағдылы қозғалыстарды орындау кезiндегi қозу және тежелу процестерiнiң кезектесуi тиiстi қозғалыс орталықтарында ғана емес‚ сонымен бiрге бұлшық ет жұмысы кезiндегi қан айналу‚ тыныс алу қызметiнiң үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн вегатативтiк орталықтарында болады. Бұл бейненi И.П.Павлов динамикалық деп атады‚ ол iшкi және сыртқы ортаның жағдайына сәйкес белгiлi шекарада өзгерiп отырады. Мысалы‚ жүгiру жолдарының сапасына байланысты‚ жалпы құрылымын сақтау кезiнде бiрнеше жүгiру қозғалысты басқару белгiлi үлгi шеңберiнде жүзеге асырылады.

Қайта-қайта қайталау қозғалыстың неғұрлым тиiмдi түрлерiн қайталауға және қозғалысты автоматтандыру деп аталатын бiрлiгiн таңдап алынған уақытша байланыстарды нығайтуға әкеледi. Осының арқасында қозғалыстар дәл‚ тез (ритмi) ырғағы мен жиiлiгi (оптималüды) үйлесiмдi болады.

Табиғи жағдайларда адамдар мен жануарлардың қозғалыс дағдылары саналатын iздеу қозғалыстары нәтижесiнде қалыптасады‚ онда орындалу процесiнде қажетсiз қозғалыс элементтерi алынып тасталынады‚ ал тиiмдiлерi‚ нәтижелерi-бекiтiледi.

Жаңа қозғалыс дағдылары бұрын меңгерiлген қозғалыстарды қолдану негiзiнде қалыптасады‚ (табысқа жеткен) қозғалыс дағдыларының қоры неғұрлым көп болса‚ олар соғұрлым алуан түрлi‚ адамның қозғалыс сапалары неғұрлым дамыған болса‚ ол соғұрлым жаңа қозғалыстарды тезiрек меңгередi. Сондықтан күрделi қозғалыстарды үйретудiң алдында арнайы дайындық және жетiлдiретiн жаттығуларды меңгерудi қарастыратын жан-жақты жалпы және арнайы дене дайындығы болу керек.

Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру процесi үш кезеңнен тұрады:

Бiрiншi басқару кезеңiне (топтап қорыту)-үлкен ми жартыларының қабығындағы қозу процесiнiң кең иррадиациясы тән. Оқу басында оқушылар жаңа жағдайға түседi. Жүйке жүйесi орталығына ми қабығының әртүрлi аймағын қоздыратын көптеген әртүрлi қозулар (тiтiркенулер) түседi.

Iшкi тежелудiң салыстырмалы жетiспеушiлiкпен бiрiгуi көптеген қажетсiз қозғалыстың пайда болуына әкеледi‚ ағзаның жүрек-қан тамырларының‚ тыныс алу жүйелерiнiң және т.б. әртүрлi жоғары реакцияларына әкеледi. Оқытудың бұл кезеңiнде қозғалыс аппараты қызметi мен iшкi мүшелер арасында жеткiлiктi үйлесiмдiлiк жоқ.

Екiншi кезеңқозу және тежелу процестерiнiң қосындысы (шоғырлануы) жаттығуларды қайта-қайта қайталау кезiнде шартты-рефлекторлық байланыстардың мамандануы болады‚ сондықтан қозғалыс дәл болады. Оқудың басында пайда болған артық қозғалыстар тежеледi‚ өзiн-өзi бақылаудың әсерiмен және мұғалiмнiң көрсетуiмен шеттетiледi.

Бұл кезеңнiң өзiне тән ерекшелiгi-артық қозғалыстың тоқтап қалуы.

Екiншi кезеңде қозғалыс дағдыларының дәлдiгi болады‚ бiрақ ол жеткiлiктi күштi емес және әртүрлi себптердiң әсерiмен жиi бұзылуы мүмкiн.

Үшiншi кезеңдетұрақты қозғалыс дағдысының негiзi‚ алдыңғы кезеңде құрылғандар қалыптасады‚ жаттығуларды орындауды жеңiлдететiн элементтермен толықтырылады‚ артық бөлшектерден босайды.

  Қозғалыс автоматтандырылады-үлкен дәлдiкпен‚ жеңiлдiкпен‚ сенiмдiлiкпен‚ аз қуатпен орындалады‚ оны орындау үшiн бақылау ақпаратын аз керек етедi.

Бiрақ кезеңде арасындағы айқын шекараны бақыламаса да болады. Жеңiл атлетиканың жаттығуының келесi элементiн оларды бiрнеше рет қатарынан еш қатесiз орындағанан кейiн барып‚ кiрiсу (өту) керек. Егер элемент онша күрделi болмаса‚ оған көп уақыт жұмсап қажетi жоқ.

Қозғалыс дағдыларының қалыптасуы кезiнде құралған орталық жүйке жүйесi арасындағы байланыстар-тұлғалар қозғалыстың жалпы схемасы тәрiздес.

Жүйке орталықтары мен қозғалыс аппараты аралығындағы қозғалысты орындау процесiнде айрықша байланыс болады: жүйке орталықтары қозғалысты шақыратын импульстарды-команданы жiбередi және бiр мезгiлде оның орындағаны туралы ақпарат әкелетiн керi байланыс-аференттi алады. Мұнымен қозғалысты басқарудың үздiксiздiгi қамтамасыз етiледi‚ яғни оның түрлерi мен өзгешелiгi оны орындау шарттарымен сәйкес келедi‚ алынған нәтижелерде өзгередi. Мұндай басқару қозғалыс дағдылары құрылып қойған және қозғалыс автоматтандырылған кездеде iске асырыла бередi.

Оқыту процесiнде ағзаның қабiлеттiлiгiн басқаруға мақсатты түрде жаттықтыру‚ қалыптастыру керек. Жаттығуларды орындау шарттары (жағдайлары) неғұрлым тұрақты болса‚ дағдының тұлғасы  (тұрақтылығы‚ дәлдiгi‚ қайталануы) соғұрлым мықты болады. Бiрақ iс-тәжiрибе жүзiнде кез келген жаттығуды басымдықпен дәл қайталау мүмкiн емес‚ яғни оны орындаудың iшкi жағдайлары өзгередi (желдiң бағыты мен күшi‚ жолдың‚ жабдық т.б. сапасы).

“Өте тұлғалы” қозғалыс дағдысы былай өтедi‚ сыртқы ортаның өзгертiлген жағдайларында жаттығуларды орындау тиiмдiлiгi қозғалысты iшкi әлсiз басқару салдарынан төмендейдi. Басқаруды жақсартуға өзгерушi жағдайларда белгiлi жаттығуларды орындау жолымен жетуге болады (тiке жүгiру‚ бұрылыстар бойынша‚ тауға және әртүрлi жағдайларда-отырып‚ жатып және т.б. жүгiру).

Қозғалыс бөлшектерiн бақылау және басқару басқарудың сыртқы шеңберiне жататын жоғары жүйке жүйесiнiң төменгi бөлiмдерiне жүктеледi‚ iшкi реттеудiң бiрiншi және екiншi шеңберi өзара байланыста болады.

“Тәсiл” түсiнiгiне тек қана қозғалыс түрлерi емес‚ сонымен бiрге басқа ерекшелiктерi-екпiн‚ ырғақ‚ күш т.б. жатады. Iс-әрекеттiң тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгi соңғы нәтижемен емес‚ қозғалыс ұқсастығы дәрежесiмен анықталады.

Жаттығуларды үйрену оқушыларға ең алдымен iс-әрекет туралы дұрыс түсiнiк беру керек. Iс-әрекеттi басқару процесiнде мұғалiм жаттығуды оның үлгiсiмен тексерiп қана қоймай‚ сонымен бiрге қатенi жөндеуге де бұйрық бере алады.

“Дұрыс” немесе “дұрыс емес” деген бұйрықтар бойынша мұғалiм қозғалысты дұрыс меңгеруге көмектеседi.

Оқушылар спорттық терминологияны бiлмеуi мүмкiн және берiлген бұйрықты өзiнше‚ дұрыс қабылдамауы мүмкiн. Сондықтан мұғалiмнiң нұсқаулары дәл‚ анық‚ қысқа (ықшам)‚ оқушылардың түсiнуiне оңай болу керек. Айтылғандардан мынадай қорытынды шығады: автоматтандырылған дағдыны құру процесiнде мынадай мiндеттер бөлiнедi:

а) Оқушыларда алдағы iс-әрекеттiң дұрыс үлгi-бағдарламасын құру.

б) Iшкi шеңбердiң жеке бағдарламалық құрылымында ұқсас бағдарламаны құру (Л.В.Чхаидзе).

Қозғалыс дағдысының қалыптасуы iшкi және сыртқы басқару шеңберiнiң бiрiккен iс-әрекетiмен қалыптасады. Мұнда сыртқы шеңбер қозғалыстың мағыналық бөлiмдерiмен‚ ал iшкi шеңбер қозғалыстың биомеханикалық мақсаттылығын қамтамасыз етедi.

Уақытша байланыстарды тұлғалық-үлгi-бағдарламасы тұрақтылығын тудыратын нығайту деңгейi бойынша шеңбердiң басқарушы әсерi қысқарады және қозғалыстың жалпы мағыналық жағына саяды. Бұл кезең‚ мiндеттi түрде қозғалыс дағдысын автоматтандыру жағдайына сәйкес келедi.

Бұл кезеңге мақсатты түрде сыртқы шеңбердiң қозғалыстың ұсақ бөлшектерiн мағыналық бақылауын қосуға болады. Бұл қозғалыстың нәтижесiнде‚ оған бейiмделмеген‚ автоматтандырудың биомеханикалық мақсаттылығы айырылған.

Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру кезiнде мұғалiм басқару шеңберлерiнiң өзара байланыс ерекшелiктерiн ескеруi және жетекшi (басшы) бұйрықтарды iрiктеу керек (жағдайға сәйкес). Бұйрықтардың ерекшелiктерiне байланысты мұғалiм қозғалыс дағдыларын автоматтандыру және оқыту процестерiн қысқаруға немесе бәсеңдетуге болады.

Оқу құбылысын басқаруда тек сөз жүзiнде бұйрық берудi мақсат тұтпай‚ сонымен бiрге оқушыларға жаттығуларды әсерлi орындауын қамтамасыз ететiн жағдайлар тудыру керек. Оқытушы тек қатенi түзетулермен емес‚ әрi оны болдырмау тәсiлiн қарастырғаны жөн. Тек осы жағдайда кемшiлiктердi жою амалдарын жасау қажет.

Жаттығуды дұрыс орындалудың келесi негiзгi себептерiн анықтау.

 

1 кесте.

қ

Қатенiң пайда болу негiздерi

Жою жолдары

1

Қимылдың дұрыс бұйрық берiлмеуiнен немесе ондағы сөздердi дұрыс қолданбауынан немесе оқушылардың үлгiнi дұрыс қабылдамауынан туатын қателер.

Үлгiнi сөздi түзету жолымен дұрыстау‚ кинограммамен таныс-тыру т.б.

 

2

Дене дайындығының жетiспеуi (күш жетiмсiздiгi‚ жылдамдық‚ координация т.б.)

Арнайы-дайындық жаттығуларын орындау.

 

3

Жаңа жаттығуды орындауды меңгере алмай тез ауысу.

Алдыңғы жаттығуды қайта орындау.

 

Осындай үлгiмен жеңiлатлектика жаттығуларын оқып үйренудi төменгi үш бөлiкке бөледi:

Бiрiншi (1-2 ай). Жалпы және арнайы дене дайындығы деңгейiнен бiлiм беру. Бұл кезеңде қатаң бағдарламаны ұстанбайды‚ тек шартты жағдайда (топтар құрамы‚ дайындық деңгейi т.б.) шикiзат таңдайды. ЖДД бойынша бақылау жаттығуларымен сайыс өткiзедi.

Екiншi (2-3 ай). Нақты жаттығулармен оқуды бастау (қысқа қашықтықта жүгiру‚ ядро лақтыру және басқалар). Бұл кезеңде оқып-үйрену бағдарлы болады және айқын әдiстемемен жүргiзiледi‚ яғни нақты үйрену материалдары ұсынылады. Кезеңнiң соңында үйренген жаттығулар бойынша сайыс өтедi.

Үшiншi кезең. Көпжылдық машықтану және нақты жаттығулардың қатенi түзету‚ жеке әдiстердi құру‚ машықтану әдiстемесi‚ сайыстарға қатысу сияқты түрлерiн меңгердi. Бұл кезеңде оқу iсi жеке ерекшелiктерге бағдарланған болуы мүмкiн‚ яғни жалпы және арнайы‚ тәсiлдiк‚ еркiн т.б. дайындық түрлерiнiң спорттық нәтижелерiне бағытталған деңгейiне жоспарланады.

Оқуды түрлi келтiрiлген әдiстермен өткiзуде төмендегi педагогикалық қағидалар мен ережелердi ұстану керек:

Жаттығуды ұйғарыммен жасауды үйрену.

Бiр дайындыққа 2-3 жаттығудан ендiру.

Дайындық бөлiмiне арнайы-дайындық жаттығуларын ендiру.

Дайындықтың негiзгi бөлiмiн алдыңғы сабақтарда меңгерген жаттығулардың бiр-екеуiн қайталаудан бастау.

Әр жаңа жаттығуды алғашқыда жеңiлдетiлген түрде (байсалды ырғақта‚ аз күшпен т.б.) ең басты негiзгi элементке назар аудара үйрену.

Тәсiлдiң негiзiн меңгермей сайыстарға қатыспау.

Жеңiл  атлетикалық жаттығулар тәсiлiн үйренудегi қатенi түзету мен алдын алудың жалпы әдiстемесi.

 

  • Жеңiл атлетикалық жаттығулар тәсiлiн үйренудегi қатенi  түзету мен алдын алудың түрлерi

 

Кез-келген жаттығуды әртүрлi бөлiмдерде нәтижелi меңгеру оқу әдiсiнiң дұрыстығына байланысты. Бұнда өмiршеңдiк үйренушiлердiң жаттығу мiндеттерi мен оны орындау тәсiлi болып табылады.

Сол үшiн жаттығуды үйренуге кiрiспес бұрын оны оқушыларға осы жаттығу жөнiнде толыққанды көзқарас қалыптастыратындай етiп‚ толық аяқтап жасап көрсету қажет. Сосын жаттығулар туралы қысқаша түсiнiк беру керек. Мысалы‚ ұзындыққа секiруде негiзгi күш жүгiрiп өту жылдамдығы мен алға емес жоғары тебiлуге түсу керек екенiн көрсетедi. Содан кейiн бiрiншi жаттығуды секiруден бастап көрсетiп‚ оның маңызы мен орындалу әдiсiн үйретедi.

Түсiндiрме жаттығу барысында толықтырылып‚ әрi қысқа да нақты болуы керек. Мысалы‚ қарапайым жаттығулардағы жүгiру‚ көрсету және түсiндiру үйренушiлерге жаттығудың өзiн жасап көрсетедi. Бұнымен оларда келесi жаттығуларда жүзеге асырылатын табиғи қимылдар туындайды.

Көрсетудегi қимылдар үйренушiлерден талап етiлетiндей көрсеткiшке сәйкес болуы керек. Егер олай болмаса‚ жаттығу туралы оларда қате көзқарас қалыптасады‚ тек көрсетiлгендi қайталағанда ғана қатесiн жөндейдi. Оқытушы дайындықта әрбiр оқушының жаттығу орындауын қадағалап‚ егер керек жағдайда қатенiң қай жерде екенiн‚ оны жөндеу жолдарын көрсетедi.

Ең бастысы оқушылардан талап етiлетiнi‚ бұл-орындау дәлдiгi мен тәсiлдi меңгеру жаттығулары. Әрине бұған көп уақыт кетедi‚ бiрақ бұл жаңадан үйренушiлердiң қимыл қателерiн басынан бастап жөндеу үшiн керек. Егер бұл оқушының әдетiне сiңiп кетсе‚ жөндеуге қиын соғады‚ әрi оқу iсiн баяулатады‚ яғни спорт шеберлiгiнiң өсуiн қимылдатады.

 

  • Спорттық жүру әдiстерiн үйрету

 

Жүру-адам қозғалысының табиғи тәсiлi. Спорттың бiр түрi ретiнде ол жеңiл атлектикаға енедi және қарапайым жүруден орындалу әдiсiнiң шартты ережелерiмен өзгешеленедi (ажыратылады). Спорттық жүрiстен жарыстар 3 км-ден 50 км ара қашықтықта өткiзiледi.

Жүрудiң барлық тәсiлдерiнiң негiзгi белгiсi бiр аяқпен (жалғыз тiреу) немесе екi аяқпен (екi қатарлы сүйеу‚ тiреу) жердi үнемi тiреу болып табылады. Жүрудiң жүгiруден негiзгi айырмасы да осында.  Жүгiру кезiнде жалғыз тiреу мен тiреусiз (ұшу кезеңi) кезек кезектесiп отырады. Спорттық жүрiс кәдiмгi жүруге көп ұқсас және үйлесiмдiлiгi жөнiнен күрделiрек және жылдамдығы жағынан тиiмдiрек.

Спорттық  жүрiс жай жүрiстен жылдамдығы бойынша 2-2,5 есе асып түседi және бұл жылдамдық адымның ұзындығы мен жиiлiгiне тәуелдi болады. Жай жүруде адым ұзындығы 1 минутта 80-90 см-дi және жиiлiк 110-120 адымды құрайды‚ спорттық жүруде адым ұзындығы 1 минутта 115-120 см және жиiлiк 180-200 және одан да көп адымды құрайды.

Спорттық жүрiстi тiк жағдайда жалғыз тiреу қалпын үйреткен жақсы. Бұл қалыпта тiрейтiн аяқ түзу тұрады. Бүгiлген сермейтiн аяқ санды маятник тәрiздi қозғалып сәл биiк және алға шығады.

Жүру кезiнде дене тiк қалыпта болады‚ бiрақ аяқпен тебiлiп, жылжу кезiнде оның орындалуы оңай болу үшiн алға еңкейедi.

Жүру кезiнде санның тiк осiнен қозғалуының адым ұзындығын ұзартуға мүмкiндiк беретiн үлкен маңызы бар. Жүру кезiнде спортшының қолы бүгiледi‚ бүгiлу бұрышы әрбiр спортшының жекелеген ерекшелiктерiне байланысты өзгерiп отырады.

Спорттық жүрiстiң тәсiлiне жай жүрудiң элементтерi берiлген. Сондықтан кемшiлiктердi (спорттық жүрiстегi) жай жүрудi түзеуден бастау керек. Кәдiмгi жүрудiң жылдамдығын бiрте-бiрте өсiрiп және кемшiлiктердi жойып‚ еркiн және табиғи жүре бiлу жетiстiктерiне жетуге болады. Осылай‚ спорттық жүру әдiсiн үйренуге жай жүрудi қалыптастыру арқылы өтуге болады.

Спорттық жүрiс әдiсi толығымен мынадай жалпы талаптарға сай болу керек: тиiмдiлiк‚ үнемдiлiк және қозғалысы тез‚ қарапайым.

Спорттық жүрiс әдiсiнiң негiзгi ерекшелiктерiтiк те‚ түзу аяқпен жүрiс‚ жамбас сүйектерiнiң және қолдың белсендi қозғалуы.

Спорттық жүрiс локомоторлық‚ оралымдық жаттығуларға жатады. Осыған байланысты оның әдiстiк талдауы үшiн спортшының бiр оралым iшiндегi-екi адымының қозғалыс ерекшелiктерiн қарау жеткiлiктi.

Спорттық жүру әдiсiнiң маңызды элементтерiнiң бiрi-тиiмдi алға шығу және аяқты жерге қою. Кезектi адым жасау кезiндегi аяқты сермеу‚ маятник тәрiздi қозғалыспен алға қарай жамбас сүйектерiнiң ең басты бұрылу үлгiсiмен есептеледi. Тiзе буынынында аяқты бүгудiң жүгiруге қарағандағы айырмашылығы аз болу керек‚ ол тiзе қозғалысы жоғарыға қарағанда алға көбiрек бағытталады.

 Спорттық жүрiс әдiсiн меңгеру мынадай жаттығулардан басталады:

  1. Әртүрлi бастапқы қалып жағдайынан дененi алға еңкейту.

аяқтар бiрге;

аяқтар бөлек;

аяқтар бiрге‚ отырып;

аяқтар бөлек‚ отырып.

  1. Санды айналып қозғалту.
  2. Кез келген қатты немесе жұмсақ жерде өкшемен жүру.
  3. Қолды тiзенiң үстiне қойып‚ аяқты толық бүгiп‚ жүру.
  4. Тауға аяқты түзу ұстап жүрiп шығу және аяқ бiрте-бiрте толық бүгiп жүру.
  5. Бiр-бiрiнен бiр адым қашықтықта‚ бiр-бiрiмен арқа түйiстiрiп тұрып‚ оңға және солға бұрылып бiр-бiрiне допты беру.

Спорттық жүру әдiсiн үйрете отырып‚ оның әсемдiгiн ұмытпау керек. Спорттық жүрiстiң жай жүрiстен аз болса да айырмашылығы болуы керек.

Жекелеген элементтерiн үйретуге кiрiспес бұрын‚ спортшыларға спорттық жүрiстiң әдiсi жайлы толық айту керек‚ содан кейiн барып мынадай жүйелiлiкпен үйретуге көшу керек.

 

2 кесте.

Негiзгi әдiстемелiк мiндеттер

Негiзгi құралдар

Мөлшерi

Ұйымдастырылған әдiстемелiк көрсеткiштер

I. Буындарда қоз-ғалысты дамыту

 

I. Аяқты түзу ұстап‚ алға еңкею.

 

2-3х10-15рет

 

Жаттығуды тұрып орын-дауға болады. Қол саусақтарын тiректен төмен түсiруге тырысу керек.

 

2. Гимнастикалық орындықта‚ түзу аяққа еңкейiп‚ аяқ-тың ұшы өзiне қарайды.

2-3х10-15 рет

 

Жаттығуды орындау кезiнде бұғауды сәл көтеру керек.

 

 

3. Әрбiр қадам жүргенде‚ ұшымен тұрған түзу аяққа дененi еңкейтiп‚ қолды жерге тигiзу керек.

2-3х10 адым

 

Сермейтiн түзу аяқты бiрнеше айналдырып‚ өкшемен тұруына ерекше көңiл бөлу керек.

 

4. Тұрып‚ аяқтар бiрге‚ аяқтың ұшын көтерiп‚ өкшенi көт-ерiп‚ түсiрiп тербеу.

2-3х10-15рет

 

Тербелудi жеңiл орындау керек.

 

 

5. Қолды тiзеге қойып‚ еңкейiп жѕру.

 

2-3х15 адым

 

Қолды тiреу аяғының тiзесiне‚ әрбiр адымда қою керек.

2. Аяқты тiреуге дұрыс қоюды және баспалдақ арқылы домалатуды ѕйрету.

 

6. Еденге екi қолды артқа тiреп отыру. Айналмалы қозғалу: табанды жоғары құлашты бүгу және жазу.

2-3х10-15 рет

 

Жай қарқынмен‚ аяқтар түзу және тiреуден жоғары.

 

 

7. Аяқтар бөлек. Аяқтың ұшынан өкшеге домалату.

2-3х15-20рет

 

Дененi тiк ұстау‚ аяқтың ұшын көтеруге екпiн түсiру.

 

8. Жѕру кезiнде аяқ-тың ұшын барынша көтеру.

2-3х40м

 

Алдыңғы тiреу кезiнде аяқ түзу‚ қол түсiп тұрады.

 

9. Аяқтың арасын ашып‚ аяқтың арты-нан бүкiл табанмен‚ алдынан өкшемен тұру. Аяқ қалпын кезектестiру.

2-3х20-30 рет

 

Кезектестiргенде жеңiл‚ бiр қалыпты орындау керек. Аяқтар түзу.

 

 

10. Гимнастикалық орындыққа арқаны сѕйеп тұру‚ аяқтар бөлек. Қолдың көме-гiмен артқа еңкею.

 

2-3х10-15рет

 

Аяқ пен дененi түзу ұстау. Еңкейген кезде (жерден) тiреуден аяқты ажырат-пау. Жаттығуды жай орындау керек. Гимнас-тикалық қабырғадан 1-1.2м қашықтықта тұру керек.

3. Аяқты бiрге толық қозғалтып‚ тiк осiнде жамбас-ты қозғалтуды үйрету.

 

11. Шалқасымен жа-ту‚ қолдар жан-жақта‚ аяқтар бiрге. Аяқты 900-бұрышқа түзу көтеру және дененi қозғалтпай‚ оңға-солға түсiру

Әр жаққа

2-3х15-20 рет

 

Жай қарқынмен орындау

 

 

12. Бiр аяқпен тұру‚ тiзеден бѕгiлген аяқ-ты жан-жаққа бұру.

Әр аяқпен

2-3 х 20-30 рет

Аяқты жан-жаққа бұру кезiндегi құлашқа назар аударыңыз.

 

13. Қолдарды кеуде-нiң алдында ұстау. Иықпен жамбасты екi жақтан да қарама-қарсы бЅру.

1-2 минутта

2-3 рет

 

Басында санды құлашына екпiн түсiру бұру‚ сосын қарқынды өсiру.

 

 

14. Аяқтың ұшымен тұру. Сан тiк осiнде‚ тiзенi бүкпей бұру.

Әр жаққа 50-60 рет

 

Қолдар шынтақтан бѕгi-ледi және жѕру кезiндегi-дей қозғалады.

 

15. 14 жаттығуды тек секiрiп қайталаңыз.

Әр жаққа 50-60 рет

 

Қолдар шынтақтан бүгiледi және жүру кезiндегiдей қозғалады.

 

16. Орнында тұрып‚ дененiң салмағын кезектестiрiп тiреуiш аяққа түсiру‚ бос аяқтың тiзесiн және (санды) алға шығару.

2-3х10-15 рет

 

Санның қозғалысына екпiн түсiру.

 

 

17. Санды тiк осiнен екi жаққа бұрып‚ түзу сызықпен кең адым-мен жүру.

2-3х40-50м

 

Қолдар бүгулi‚ аяқты өкшемен қою. Қарқынды бiрте-бiрте өсiру.

 

 

18. 17 жаттығуды қайталау‚ бiрақ оң аяқты ортаңғы сызықтың сол жағына‚ сол аяқты-оң жағына қою.

2-3х40м

 

Санның тiк осiнен жан-жаққа қозғалуына екпiн түсiру.

 

 

19. Балтырды жерге қарама-қарсы қой-ып‚ жүру.

2-3х40м

 

Балтырды жоғары көтер-меу керек.

 

 

20. Кең адыммен жүрумен кезектес-тiре отырып‚ кiбiр-тiктеп жүру.

2-3х60х80м

 

Кiбiртiктеп жүрудiң ұзындығы 50-60см‚ жал-пақ адымның ұзындығы-110-115 см. Аяқтар түзу‚ сермейтiн аяқты өкшемен қою.

 

23. Қолды артқа қойып‚ спорттық жѕру.

2-3х30-40м

 

Иыққа күш түсiрмей‚ және көтермей.

 

24. Қолды кезекпен ортаға және сырты-мен артқа қозғалту.

2-3х30-40м

 

Иыққа күш түсiрмей‚ және көтермей.

 

5. Бұрылыс бойын-ша жүру әдiсiн үйрету.

 

25. Шеңбердiң орта-сына дененi еңкей-тiп‚ бұрылыс бой-ынша еркiн спорт-тық жүру.

2-3х60-80м

 

Жүруге қарағанда‚ оң қол сыртына көп бұрылады‚ қарқынды бiрте-бiрте өсiру керек.

 

26. Диаметрлерi әртүрлi шеңберлер бойынша спорттық жүрiс.

2-3 реттен

 

Шеңбер диаметрi 5-6 м-ден 15-20м-ге дейiн

 

 

27. Шеңбердiң инi (доға) бойынша спорттық жүру “Ире-леңдеп жүру”

 

2-3 реттен

 

Бұрылыстарда жүру ережесiн 5-6 адым солға және 5-6 адым оңға жүрiп‚ ұстау. Аяқтар түзу‚ сермейтiн аяқты өкшемен қою.

 

28. Бұрылыс бойын-ша тiке жолға шығу‚ спорттық жүруi.

2-3х80-100м

 

Бұрылыстарда бойынша тiке жолға шығып жүрудi қалыптастыру.

 

29. Тiке жолмен спорттық жѕрiп‚ бЅрылу.

2-3х80-100м

 

Тiке жүруден бұрылып жүруге өтудi қалыптас-тыру

6. (Кедергiлi) Ойлы-қырлы жерлермен жѕру әдiсiн үйрету.

30. Тауда спорттық жѕру.

2-3х100-120м

 

Көлденең жазықтықта жүргенге қарағанда дененi алға көп еңкейту‚ қолды көбiрек бүгу.

 

31. Спорттық жүрiс-пен таудан түсу.

2-3х60-80м

 

Айына 1-2 рет

 

7. Спорттық жүрiс техникасын қалып-тастыру.

32. 150-200 м-ге бөлiнген жерлерде спорттық жүрiс.

2-3 рет

Дененi артқа көп ауытқыту.

 

33. Санның бұрылу құлашын өзгерту ѕшiн адым ұзынды-ғын бiрте-бiрте өсiр-iп‚ 150-200 м-лiк бөлiктерде спорттық жүру.

2-3рет

 

Қолдар еркiн. Адым ұзындығы 3-4‚5 табан

 

 

34. Орташа жарыс жылдамдығымен 100-400м бөлiктерде спорттық жүру.

2-3 рет

 

Санның жұмысына және түзу аяқты өкшемен қоюға бөлу керек. Қолдар 900С бұрышпен бүгiлген.

 

35. 800-2000 м-лiк бөлiктерде спорттық жѕрiс.

2-4 рет

 

Жаттығуды бөлiктерiне қарағанда‚ демалыс бөлiк-терi 1-1.5 есе көп.

 

36. 200-400 м-лiк бөлiктерде жылдам-дықты өсiре отыр-ып‚ 60-тан 90 минут уақыт аралығында спорттық жүрiс.

5-10 рет

 

Орташа жарыс жылдам-дығынан төмен жылдам-дық.

 

 

37. 1 км ара қашық-тыққа 9-дан 7 минут жылдамдықпен 4 сағатқа созылған спорттық жүрiс.

Айына 1-2 рет

 

Жылдамдықты орташа жарыс жылдамдығына сабақтың мiндетiне сәйкес өсiру.

 

 

  • Орташа және алыс қашықтыққа жүгiрудi үйрету

 

Орташа және алыс қашықтыққа жүгiрудiң өзiне тән ерекшелiгi-едәуiр ұзақтығы және жоғары қарқындылығы. Орташа ара қашықтыққа 500-ден 200см-ге дейiнгi барлық қашықтықтар жатады (ерлер мен әйелдерге арналған)‚ алыс қашықтыққа жүгiру 3000‚ 5000‚ 10000 м және олардың арасындағы қашықтықтар жатады.

Жүгiру-жеңiл атлетиканың неғұрлым қарапайым‚ табиғи жаттығу түрi. Бұл аралымдық жаттығу‚ сондықтан оның әдiсiмен танысуға талдау жасау үшiн бiр қозғалыс оралымын (тiреудiң екi кезеңiнен және екi ұшу кезеңiнен тұратын екi аттау) қарастырса жеткiлiктi.

Жүгiрудiң негiзгi сәтi (кезеңi) тебiлетiн аяқпен алға тебiлу және осы кезде тiзеден бүгiлген сермелетiн аяқты алға шығару болып табылады. Тебiлу бұрышы орташа қашықтыққа жүгiретiндерде шамамен 46-480‚ стайерлерде-49-500. Ұшу кезiнде сермелетiн аяқты тiктеп‚ төмен түсiредi‚ ал тепкi аяқты бүгедi. Санды қозғалту бұрышы 115-1200-ға жетедi. Жерге түсетiн кезде алдымен жерге табанның алдыңғы бөлiгi‚ соңынан өкше тиедi. Алыс қашықтыққа жүгiруде жерге алдымен аяқтың ұшы‚ сосын бүкiл табан тиедi. Бұлай түсу аяқты жолға жеңiл қоюға жеткiзедi (көмектеседi). Тiк кезiнде аяқ буыннан бүгiлген (134-1360-қа)‚ дене еркiн.

Жүгiру кезiнде дененi еңкейту бұрышы 6-дан 1000-қа дейiн өзгерiп отырады және жүгiру жылдамдығына тiкелей тәуелдi болады: жылдамдық жоғары болған сайын‚ дене соғұрлым алға еңкейедi. Қол қозғалысы еркiн және аяқ қозғалысымен сәйкес‚ бас түзу‚ табиғи қалыпта тұрады.

Орташа және алыс қашықтыққа жүгiрудi шартты түрде төрт кезеңге бөледi:

Ссөре (бастапқы қалып).

Сөрелiк қарқын және сөрелiк үдеу.

Ара қашықтықтар бойынша жүгiру.

Мәреге жету.

Жүгiру сөреден түрегелiп шығу қалпынан басталады‚ оның екi нұсқасы бар: қолды тiреп (“А” нұсқасы) және тiреусiз (“Б” нұсқасы). Бiрiншiсi негiзiнен‚ орташа қашықтықтарда‚ екiншiсi-алыс қашықтықтарға қолданылады.

“Сөреге” (“На старт”) деген бұйрық берiлiсiмен‚ спортшы бастапқы қалыпқа келедi. Сөре (Старт)-бұл спортшының сөре сызығында келесi бұйрықтар мен қимылдарды орындау үшiн ыңғайлы орналасуы. Бұл бұйрық бойынша бүкiл дене үш тiреу нүктелерi аралығында бiрдей бөлiнедi-қолдар және аяқтар (“А” нұсқасы) немесе дене салмағы алда тұрған‚ әдетте‚ күштi аяққа түседi (“Б” нұсқасы)

“Алға” деген команда бойынша (сөре тапаншасынан ату немесе басқа да дыбыстық белгi) жүгiру қозғалысы орындалып‚ еңкейiп‚ жолдың жиегiнен ыңғайлы қалып алу үшiн‚ жоғары жылдамдық алу үшiн‚ жүгiрушi бiрте-бiрте ара қашықтық бойынша жүгiруге өтедi.

Мәрелiк үдеу‚ оның ұзындығы және жылдамдығы жүгiрушiнiң жаттығу және жылдамдық мүмкiншiлiктерiне байланысты.

Жоғары жылдамдықты меңгерген спортшылар 100-1500м-гi орташа қашықтықта жүгiрудi бастайды‚ 400-600м қашықтық үшiн алыс қашықтыққа жүгiруде мәреге дейiн басталады.

Арнайы төзiмдiлiктi меңгерген жүгiрушiлер мәрелiк үдеудi бұрын бастайды (орташа қашықтыққа жүгiретiндер-250-300м‚ стайерлер 600-1000 м).

Ара қашықтыққа жүгiрудi аяқтағананнан кейiн‚ бiрден тоқтауға болмайды‚ жүгiрудi (инерция) екпiн күшiмен бiртiндеп жүруге ауыстыру (өту) керек.

Орташа және алыс қашықтыққа жүгiрумен танысып болғасын‚ жүгiру әдiсiн меңгеруге кiрiсуге болады‚ ұсынылған жүйелiлiктi сақтай‚ ұстана үйренедi.

 

3 кесте.

N

 

Негiзгi әдiстемелiк мiндеттер

Негiзгi жаттығулар

Мөлшерi

Әдiстемелiк көрсеткiштер

1

Дұрыс жүгiру қозғалысын үйрету.

 

1. Қатты бұрылған санды артқа лақтыр-ып‚ жүгiру.

 

30-60м

 

Қолдар еркiн төмен тѕсiрiлген. Дене мен бас түзу‚ бiр сызықты құрайды.

 

 

2. Иық белдеуiндегi бұлшық еттердi босаң-сытып жүгiру.

30-60м

 

Дене және тiрек аяқ түзу сызықты құрай-ды.

 

 

3. Тiзенi жоғары көтерiп‚ азырақ алға қозғалтып‚ жүгiру.

30-40 м

 

Жаттығуды отырып немесе тұрып жасауға болады.

 

 

4. Қолдарды қозғал-ту‚ жүгiру кезiндегi-дей қолдардың жұмысы.

10-15 сек

 

 

2.

 

Жүгiру кезiнде тебiлуге үйрену.

 

5. Табанмен тебiлiп, алға жылжу.

 

30-40м

 

Негiзгi екпiн‚ аяқтың ұшымен емес‚ табан-мен тебiлуге түсiрiл-едi.

 

 

6. Тiзеден бүгiлген сермейтiн аяқты бел-сендi түрде алға-жоғары шығару‚ және тебiлетiн аяқты тiктеу.

30-40м

 

Негiзгi екпiн‚ аяқтың ұшымен емес‚ табан-мен тебiлуге түсiрiл-едi.

 

 

7. Екiншi аяқтың (қарсылығын) кедер-гiсiн жеңе отырып‚ бiр аяқпен секiру.

20-30м

 

Жаттығуды орнында немесе алға жылжып орындауға болады.

3.

Түзу жолмен еркiн “сермеп” жүгiрудi үйрету.

8. Тең қарқынмен жүгiру.

100-150

 

Жүгiру қозғалысының дұрыс үлгiсiн сақтау.

4.

Бұрылыстармен жүгiрудi үйрету.

 

11.Жолдың iшкi жие-гiне дененi еңкейтiп‚ бұрылыс бойынша жүгiру.

 

50-60м

 

Барлық өзгертулер аяқты жолға қоюда‚ дененi еңкейтуде қол-дың жұмысы жүгiру жылдамдығы сияқты бұрылу радиусина тәуелдi. Бұл үшiн сол иық салмақ тепе-теңдiгiн сақтау үшiн алға шығады.

 

 

12. Оң аяқтың таба-нын iшке бұрып‚ бұрылыс бойынша жүгiру.

 

 

 

 

13. Оң қолды iшке белсендi қозғалтып‚ бұрылыстар бойынша жүгiру.

 

 

 

 

14. Әртүрлi радиус-пен бұрылыстар бой-ынша жүгiру.

 

14-жаттығуды алаңда орындаған жөн.

 

 

 

15. Бұрылыстар бой-ынша түзу жолға шығып жүгiру.

 

 

 

 

16. Тiке бұрылумен жүгiру.

 

 

5.

Жоғарғы сөреден жүгiруге және жыл-дамдық алуға үйрету.

17. Тiке‚ жылдам-дықпен жүгiру.

40-60

 

Б.Қ.-табандар қиылыс- пайды‚ тұлға алға ұмтылып‚ қолдар түсiрiлген.

 

 

18. 17 жаттығу‚ бiрақ б.қ.-күштi аяқ алда.

40-60см

 

Аяқ арасы 2-2.5 табан

 

 

19. Қолға тiрелмей‚ жоғарғы сөремен жүгiру.

40м

 

Сөре сызығы арасы және алда тұрған аяқ 1.5 табан.

 

 

20. Қолға тiрелiп‚ жоғарғы сөреден жүгiру.

 

 

 

 

21. Жоғарғы сөреден бөлек жолдарға бұрыла жүгiру.

40м

 

Жоғарғы сөреден екi нұсқамен жүгiру.

 

 

 

22. Жалпы сызықта жоғары сөреден жүгiру.

 

40м

 

Негiзгi мiндет-жыл-дамдық алу және тiреуiште ыңғайлы орын табу.

6.

Мәреге жетуге үйрену.

 

23. Соңғы 100-150м

жылдамдықпен жүгiру.

 

Екпiндi ұлғайтып‚ еркiндiктi сақтап‚ жүгiру қимылын дұрыстау.

 

 

24. Соңғы 120-150м

жылдамдықпен жүгiру

 

 

 

 

 

 

  • Кросқа жүгiрудi үйрету

 

Крос-бұл ойлы-қырлы жерлермен жүгiру. Ойлы-қырлы жерлермен жүгiру әдiсi орта және алыс қашықтықтарға жүгiру әдiсiне ұқсас. Бiрақ‚ жолда кездесетiн кедергiлер спортшыдан жүгiру әдiсiн сәл өзгертудi және ол қиындықтарды аз қуат жұмсап және жылдамдықты сәл ғана бәсеңдетiп‚ жеңу керек.

Топырағы қатты түзу жолдарда “сiлтеу” адымы қолданылады: қаттырақ жерлерде адым қысқарады‚ қозғалыс жиiлiгi өседi‚ ал аяқ жерге бүкiл табанымен қойылады.

Түсу кезiнде аяқ өкшемен қойылады‚ дене мен иықтар артқа сәл еңкейедi‚ адым ұзындығы өседi‚ ал қолдар тепе-теңдiктi сақтайды.

Биiктiкке көтерiлгенде‚ табанды аяқтың ұшымен қояды‚ дене едәуiр алға еңкейедi‚ қол жоғары құлашпен қозғалады.

Өте iрi төмен түсулер мен көтерулер мақсатқа сәйкес және ирек  адыммен жасалады.

Шағын шұңқыр‚ ор‚ жылғалардан (енi 2-м-лiк) жылдамдықты бәсеңдетпей‚ кәдiмгi секiру адымымен өтуге болады‚ егер топырағы ыңғайлы болса‚ мүмкiндiгiнше кедергiден өтер алдында жылдамдықты өсiру керек. Онша биiк емес шарбақтардан 50-70 см қабырғаларды  “кедергiлiк адыммен” өту керек‚ биiктеу кедергiлердi бiр аяқты тiреп немесе тiреусiз қолмен өтеуге болады.

Кедергi жерлерден өтiп жүгiру әдiсiн орташа және алыс қашықтыққа жүгiру әдiсiн меңгергеннен кейiн оқыту керек. Жекелеген элементтердi үйретуге кiрiспес бұрын үйренушiлерге жүгiру әдiсi туралы дұрыс толық түсiнiк беру керек және содан кейiн барып ұсынылған әдiстемелiк жүйелiлiк бойынша оқытуға кiрiсу керек.

 

  • Қысқа қашықтықта жүгiрудi үйрену

 

Қысқа қашықтықта жүгiру немесе спринтерлiк жүгiру жылдамдық жаттығуы болып табылады. Яғни аз ғана уақытқа негiзделген (60 дейiн) және жоғарғы дәрежедегi қарқынды (10м/сек) жұмыс жүгiрудi басты құрамы белсендi екпiндiлiк болып табылады‚ (артқа тебiлу) яғни сермеу аяғымен тiзенi бүгiп жылдамдықпен алға-жоғары басумен байланыстыру. Ұшу кезеңiнде сермеу аяғын туралап қояды және табанның алдыңғы бөлiгiн оцмт-а құрылысына қарай төмен түсiредi (12-15см) ал сермеу аяғын бүгiп алады. Сермеу аяғы жанасу кезiнде тiзе бүгiледi. Табанды жолға‚ түзу ұзыннан қойып‚ қорғаныс аяғы тiземен бүгiлiп‚ кеуденi алға қарай икемдеп‚ барлық дененi босатып және келесi екпiнге дайындау.

Жүгiрудi шартты түрде 4 кезеңге бөледi:

Сөре (жүгiрудi бастау алдындағы дайындық жағдай).

Спортшының жақын қашықтықта жоғарғы сөреде жылдамдық алуы (13-15 жүгiру қадамы).

Арақашықты сақтай жүгiру.

Мәре.

Жүгiру спринтте төменгi сөре деп аталатын дайындық қалпынан басталады және жоғарғы тез жылдамдық алу мүмкiндiгiн беретiн сөре тiректi қолданады.

Iс-тәжiрибелiк үйрену сөре тiрегiн қоюдан және сөре қалпына бейiмдеуден басталады. Сөре сызығының алдында тұрған жүгiрушi бiрте-бiрте белгiленген қалыпқа келе бастайды. “Сөреге” бұйрығы берiлгенде сөре тiрегiнiң алдына келiп‚ сөре сызығына қолын тiреп және тiрек алаңындағы алдыңғы тепкiге аяғын толық орналастырады. Сосын артқы тепкiнiң тiрек алаңына келесi аяғын қойып‚ осының барысында алдыңғы қойған аяғын бередi иедi және арттағы аяқтың тiзесiн түсiрiп‚ қолын сөре сызығының алдына қояды. Бұл жерде иық сөре сызығына қарай сәл алға икемделедi немесе оған қиылысатындай болып тұрады. “Дайындалыңдар” бұйрығында бүкiл дене тең қалыпта тiректiң төрт нүктесiне орналасып‚ иықтар сөре сызығына немесе қол тiрегiнiң сәл алдына қойылады. Осы қалыпта мен жамбас пен арасындағы бұрыш алдыңғыда 90-1000‚ ал келесiсiнде 120-1400 шамасында болу керек.

“Алға” бұйрығында (немесе басқа дыбыстық белгiлерде) спортшы жүгiру қимылдарын қолымен бастап‚ дененi алға ұмтылдыра жүгiредi (бiрақ тепкiден секiрмейдi). Алда тұрған аяқ бұл жағдайда толық тураланады. Сөренi озу жылдамдығын сақтай отырып‚ одан әрi жоғарылата қашықтыққа жүгiрудi жалғастырады.

Мәреге жету-желаяқтың соңғы 10-15м жылдамдықты сақтау мақсатында орындалатын соңғы күш жұмсауы.

Мәре сызығын жылдамдықты төмендетпей‚ секiрмей жүгiрiп өтедi. Ең соңғы қадамда ғана дененi июге болады‚ бiрақ бұл жеңiс үшiн барлық жүгiрушiлер бiрдей уақытта‚ бiрдей күшпен жiптi қиып өткенде ғана нәтижесiн бередi.

200-400м жүгiргенде бiрiншi 100 метр қашықтықты бұрыла жүгiредi‚ сондықтан сөре тепкiсiнде жолдың сыртқы сызығына жақын iшкi жағы иiлген және жақын бұрылысқа қиыла жасалған. “Сөреге” бұйрығында жүгiрушi тепкiнiң мұндай жағдайында сөре сызығына оң иығын алға берiп тұрады‚ бұл тiке сызықты жолда сөрелiк жылдамдық алып‚ бұрылыста ептiлiкпен өтуге көмектеседi.

Бұрылыспен жүгiргенде тұлға ортаға қарай иiлiп‚ сол жақ iшке қарай бұрылғандай болады‚ ал оң иық сәл алға ыңғайлап‚ оң аяқты iшке сәл басыңқырай жолға қояды.

Қысқа қашықтыққа жүгiру өте көп күш пен оны жұмсаудағы үнемдiлiк және қозғалыс тездiгiн‚ сонымен қатар бұлшық еттердi бос тастауды талап етедi. Сондықтан жаңадан үйренушiлерге жалпы айқындаушы дене дайындығын алу мiндеттi. Бұл үшiн арнайы спорт ойындары ережелерi жұмыс жасайды.

Оған қимыл ойындары‚ жүгiру‚ секiру‚ акробатика‚ жалпы дамытушы және арнайы-дайындық жаттығулары кiредi. Ең бастысы-бұлшықеттi жетiлдiру.

Спринт әдiсiн меңгеру үлкен және орта қашықтықтарға жүгiруден‚ яғни төзiмдiлiктен басталады. Осыған сәйкес келесi жаттығуларды меңгеру керек:

Аяқпен тiке‚ өкшенi тiрей жүгiру.

Тiзенi жоғары көтерiп жүгiру.

Тобықты шапалақтай жүгiру.

Аяқтарды ауыстыра секiрiп жүгiру.

Бiр аяқпен секiрiп жүгiру.

Жүгiрудiң жеке бөлiктерiн үйренумен қатар үйренушiлерге ол туралы толық дұрыс мәлiмет беру керек. Қысқа қашықтыққа жүгiрудi үйренуде келесi әдiстемелiк тәжiрибеге сүйену керек.

 

4 кесте.

Негiзгi әдiстемелiк мiндеттер

Негiзгi жаттығулар

Мөлшерi

Ұйымдастырушы әдiстемелiк көрсеткiш

1. Жүгiруде дұрыс тебуге үйрету.

1. Табанды итерiп аяқты буындарын туралап жүгiру.

30-40м

Дененi тiк сақтау.

 

2. Санды алға бұлғау және белсендi итере секiрiп жүгiру.

40-60м

 

Дене тiк. Санды бұлғай көлденеңде көтеру.

 

3. Бiр орында санды жоғары көтерiп және тiзенi бүгiп жүгiру.

10-15сек

 

Алға итеру. Тiрек-тен 1-1.5м қолды тiреп тұру.

 

4. Қысқа қадаммен жүгiру. БЅнда тiзенi тiк қалпында алға бұлғау және итеру.

40-60м

 

Дене тiк. Тiзенi сәл алға бүгу.

 

 

5. Тауға немесе қарсылықпен жүгiру. 4 жаттығу-дағыдай орындау.

40-60м

 

Қарсылықты жең-iп‚ санды бұлғай көтеру.

2. Қашықтыққа ер-кiн жүгiру.

 

6. 2-50С шалқайып‚ бөлiмге тiк жүгiру.

60-80м

 

Қимылдық жүйе-лiлiгi мен еркiндi-гiне назар аудару.

 

7. Инерция арқылы тiке жүгiру.

30-40м

20-30м

Мұнда қайталап секiру және әр үйренушiге өз қабi-летiмен меңгерiп кетуге мүмкiндiк туады.

 

8. Қашықтыққа ырғақты ауыстыра жүгiру.

60-80м

 

 

3. Бұрылыспен жүг-iруге үйрету.

9. Бұрылысқа қарай сағат тiлiмен иiле жүгiру.

40-60м

 

 

 

10. Әр түрлi дөңгелек радиусымен жүгiру. 9-жатты- ғудағыдай орындау керек.

14-20 м

 

 

 

11. Ырғақты ауыстыру арқылы бұрылыспен жүгiру.

 

80-100м

 

Тiке жүгiруден бұрылысқа және керiсiнше ауысуда үйренушiлер жүгi-ру әдiсiн сақтау керек.

 

12. Бұрылыс арқылы тiке шығып жүгiру.

60-80м

 

 

 

13. Бұрылысқа тiке кiру арқылы жүгiру.

60-80м

 

 

4. Төменгi сөреге жылдамдықпен жүгiрудi үйрену.

 

14. Қалыпты жағдайда бiр аяқты алға жiберiп жылдам-дықпен жүгiру.

60-80м

 

Аяқтың башпайы-мен тұрып және жай жылдамдық-пен бастау.

 

15. Қ.Ж. — бiр қолмен тiреп жылдамдықпен жүгiру.

 

40-60м

 

Санды барынша жоғары көтерiп‚ кең адымдау.

 

16. “Сөреге”‚ “Тыңдаңдар” бҮйрығын жүгiрiп өтумен орындау.

20-30м

 

 

 

17. Төменгi сөреден тауға немесе кедергiмен жүгiру.

20-30м

 

 

 

18. Төменгi сөреден жыл-дамдық алу кезiндегi иiлудi сақтап жүгiру.

30м

 

 

 

19. Төменгi сөреден жыл-дамдық алу кезiндегi белсендi иiлудi сақтау белгiсiмен жүгiру.

 

30м

 

Бiрiншi белгi ал-дыңғы темпiден 3.5-4 табан қашық-тықта бөлу керек. Әрбiр қадам 0.5 табанға көбеедi. 

 

20. Төменгi сөреден ұрылған доптар арасындағы белгiлер-мен жүгiру.

40м

 

 

 

21. Инерциямен төменгi сөреден жүгiру.

50-60м

 

Аяқтың белсендi қимылын бақылау.

 

22. Бұрылысқа төменгi сөреден жүгiру.

40-60м

 

 

5. Жоғарғы жыл-дамдық пен мәреге еркiн жетуге үй-ренiп жүгiру.

 

23. Жүрiп жүгiру.

 

20-30м

 

Жоғарғы жақын жылдамдықпен орындалатын бар-лық жаттығуларда зейiндi қимыл жиi-лiгi мен еркiндiгiне аудару керек.

 

24. Жүрiп келе жатып, жүгiрiп‚ мәреге жету.

50м

 

 

 

25. Бұйрықпен төменгi сөреден бұрылысқа бұйрық-пен жүгiру және мәреге жету.

60-100м

 

Ол үшiн 100 м-ден жылдамдық алатын инерция‚ мәреге жету бөлiктерiн кесiп көрсету керек.

 

1.7. Кедергiлерден өтiп жүгiру

Жасанды кедергiлермен жүгiру ерлерде 110 м және 400м‚ әйелдерде 100м және 400 метрдi құрайды. Қысқа қашықтыққа жүгiру сияқты бұл да жылдамдық жаттығулары тобына кiредi. Кедергiмен жүгiру спортшыға кедергiден өту және олардың арасымен жүгiру әдiсiн меңгеруге мүмкiндiк бередi. Бiр сөзбен айтқанда кедергiмен жүгiру-спринтердiң қимылы. Бiрақ қарапайым жүгiруде қимыл ырғағы қосарлы қадамнан тұрса‚ кедергiмен жүгiруде кедергiлердi мiндеттi түрде аттап өтуде. Ол өзгередi. Кедергiнi ең қарапайым жүгiру қадамынан өзгеше жүгiрумен аттап өтедi. Осы үшiн кедергiден секiрмей жүгiрiп өту керек.

Кедергi арасында жүгiру және оны бағындыру ырғақты қозғалысты бейнелейдi. Сөре‚ бiрiншi кедергiге дейiнгi жүгiру‚ кедергiлiк қадам‚ кедергi арасындағы жүгiру және мәреге жету-кедергiлермен жүгiру әдiсiнiң негiзгi элементтерi.

Барлық қашықтықтарға жүгiру төменгi сөреге тұрудан басталады. Бiрiншi кедергiге дейiнгi аралық 7 немесе 8 қадам болады. Бұл жағдайда серпiмдi аяқ артқы немесе алдыңғы табан тiреуiшке қойылады. Сөрелiк қалып негiзiнен 100 метрге жүгiрудегi төменгi сөреден айырмашылығы жоқ‚ тек сөрелiк жылдамдықпен озуда тұлға азырақ иiлiп‚ бағыт алысы жоғарылайды.

Желаяқтың келесi қозғалысы кедергi алдындағы тебiлу орнына тура түсуiмен және кедергiлердi аттап өту жағдайына сәйкес болып шығуымен шартталады. Кедергiшi бұл үшiн шамамен алты қадамдай жерде қалыпты жүгiрудi бастауы керек.

Кедергiге жақындағанда серпiмдi аяқты орнына қысқа қашықтыққа жүгiргендей етiп қояды.  Кедергiнi аттап өтудi бұлғаушы аяқтың қуаты және жоғары иiлген тiзесi мен тұлғаны июдi көбейтуден бастайды.

Қозғалушы аяқтың мұндай қозғалысы серпiмдiлiктiң жиiлiгi мен күшiн арттырып‚ кедергiлiк қадам жолын мiндеттейдi. Содан кейiн қозғалушы аяқтың тiзесiн белсендi тiктейдi.

Әртүрлi қозғалғыш аяққа бiр уақытта қолды төмен жеткiзедi және тұлғаны алға еңкейтедi. Тебiлетiн аяқты тез әрi күштi итергеннен кейiн тiзенi күшпен иiп‚ жанына қаратады‚ ол кедергi шегiнен жоғары көтерiлiп‚ одан асып өтедi. Бұл қимылдың жүйелiлiгi мен бiрiздiлiгi ОЦМТ-ң ең төмен тiк тербелiсiн қамтамасыз етедi. Ұшудағы тепе-теңдiктi сақтау мен жерге қонуда кедергiнi асып өту жүгiруге дейiн тоқтаусыз жүргiзiледi‚ ол келесi кедергiлерге жеткiзiп кедергiшi әдiсiнiң‚ тепе-теңдiгi  мен босаңсуын жүйеленедi.

Спортшы кедергiден қозғалғыш аяғының басын тiктеп қонады. Тебiлетiн аяқтың тiзесiн алға белсендi жiбередi. Бұл қимыл тұлғаның барынша иiлуiмен бiрге кедергi жанындағы ұзын алғашқы қадамды қамтамасыз етедi. Ол кедергiмен жүгiрудiң негiзгi ырғағын құрайды. Бiрақ бұл спортшының жеке қабiлетiне де байланысты. Мысалы‚ ұзын бойлы спортшыда кедергiден кейiнгi қадам кедергiден өту қалпында қысқа болады‚ ал екiншi қадам үш қадамның ең ұзыны болмақ. Әрине үшiншi қадам ең жауаптысы‚ ол сол жылдамдықпен тұлғаның алға иiлiп келесi кедергiнi алуына лайықты жағдай жасайды.

Кедергiлер арасында жүгiрудi орындау әдiсiне қарапайым жүгiру тәсiлiмен шамалас‚ тек соңғы қадам ғана алдыңғыларынан қысқарақ. Кедергiлер арасындағы қадамдар ұзындығы және орындалу уақыты тәсiлiмен жүйеленеуi керек.

Қорытындылай келе есте ұстайтыны‚ жерге қонудағы тепе-теңдiк пен қимылды бақылау сақталады‚ әрi кедергiнi аттап өтудегi аз уақыт талап ететiн тәсiл ең тиiмдiсi саналады.

Кедергiмен жүгiрiп мәреге жету спринттегiдей‚ тек көбiнесе соңғы бөгеттi бағындыруға байланысты. Кедергiден тәсiлмен өту қашықтықтың соңғы бөлiгiнде жылдамдықты ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.

Кедергiмен жүгiру тәсiлiн талдағанда американдық және еуропалық кедергiмен жүгiру мектептерiнiң қазiргi замандық жүйелi‚ тиiмдi тәсiлдерiн басшылыққа алу тиiмдi.

Американдық мектептердiң ерекшелiгi қашықтыққа жүгiру уақытында қол жұмысын арттыру. Осыдан жүгiрудi басқарудың шартты әсерi‚ қашықтықтағы әр қадамды қатаң бақылауға алу пайда болады. Бұл аяқ жұмысының кейбiр қателiктерiн жөндеуге көмектеседi.

Еуропалық мектептер жоспарының жүйесiне мыналар кiредi:

Кедергiден өтудiң жүйелi және үнемдi тәсiлi “шабуыл” кезiнде қозғаушы аяқ соңына дейiн тураланбайды‚ тек жалғыз үздiксiз қимылмен кедергiге табанның алдыңғы бөлiгiн қоюда түсiрiледi.

Кедергiден түсуде‚ кедергi арасында жүгiруде ерекшелiк қадамның ұзындығына емес‚ қимылдың жиiлiгiне‚ санның барынша қимылына жасалады.

Кедергiмен жүгiрудiң екi мектеп тәсiлiнiң ұштасуы спортшының жеке биохимиялық қабiлетiнiң лайықты шарттарын құрайды‚ ол кедергiшiнiң стилi деп аталады. Атап айтқанда жүйеленуi неғұрлым көп болса‚ спортшының жүгiрудегi жеке қабiлетiн тудырады.

Кедергiмен жүгiруге үйрену қысқа қашықтыққа жүгiрудiң тәсiлiн‚ ұзындық пен биiктiкке секiрудi үйренген соң бастайды. Бұл уақытта спортшы келесi жаттығуларды орындай iстей алу керек:

Әртүрлi бөлiктер мен арнайы дайындалған жүгiру жаттығуларын қысқа қашықтықта меңгеру.

Ұзындық пен биiктiкке секiру және секiрушiнiң арнайы дайындық жаттығулары.

Иiлгiштiк пен буындарды қимылдатудың арнайы дайындық жаттығулары.

Қарапайым акробатикалық жаттығулар.

Жеке элементтердi үйренуден бұрын кедергiмен жүгiрудiң дұрыс тәсiлдерiн жаңадан бастаушыларға таныстырып‚ содан кейiн барып келесi жаттығуларды үйренуге кiрiскен жөн:

 

 

5 кесте.

N

 

Негiзгi әдiстемелiк мiндеттер

Негiзгi жабдықтар

Мөлшерi

Ұйымдастырылған-әдiстемелiк көрсеткiш

 

Шабуылдаушы аяқты қимылға үйрету.

 

1. Қ.Ж.-тебiлетiн аяқ тiректен бiр қадам алдында. Дененi қимылдатумен бiрге қозғалғыш аяқтың тiзесiн жоғары-төмен қозғалтып‚ бүгiлген қолды алға жiберу керек.

2-3

6-8 рет

 

Тiрекке өкшемен қозғалғыш аяқпен‚ қолмен тиiп тұру. Тiрек алдына кедергiнi керектi биiктiкке қою керек. Көзқарас қозғалғыш аяқтың басында бағытталады.

 

 

 

2. Қ.Ж.-қадамдап түрып‚ тебiлгiш аяқты гимнастика-лық аттан 1‚5 метр қашықтықта орна-ласқан. №1 жатты-ғуды тiке қозғал-ғыш аяқтың өкшесi аттан тайғанақтап өтетiндей орындау керек.

 

Мүмкiндiгiнше қозғалғыш аяқты имеу керек. Тұлғаны тiке ұстау керек.

 

 

 

3. №2 жаттығуды бiр‚ екi‚ үш қадам-нан жүрiп орындау керек

2-3

8-10 рет

 

Қозғалғыш аяқтың тiзесiн санға жақындату. Тұлға тiк ұсталады.

 

 

4. Қ.Ж.-төмендеген кедергiден қадамда түрады. №2 жатты-ғуды қозғалғыш аяқты кедергiден барынша жiберiп‚ алға жүгiру.

2-3

8-10 рет

 

Тебiлгiш аяқты табанның алдыңғы бөлiгiне қояды.

 

 

 

5. №4 жаттығуды бiр‚ екi‚ ѕш қадам-дап жүрiп орындау.

2-3

6-8 рет

 

Тебiлгiш аяқты жүгiру қимылымен ауыстыру.

 

 

Тебiлгiш аяқты ауыстыруды үйрену.

 

6. Кедергiнi қабыр-ғамен қиылысты-рып бiр қадам қашықтықта қояды. Қабырға алдында бiр қадам қашық-тықта тұрып‚ оған қолмен тiрелiп‚ тура тебiлгiш аяқты артқа қойып‚ оған тiзенi иiп‚ жүгiру қалпын кедергi жиегiнде тiземен табанның iшкi жағы сырға-найтындай жүргiзу керек.

2-3

8-10 рет

 

 

 

 

7. №6 жаттығуды кедергiнi қабырғаға қатар қойып орын-дау.

 

2-3

8-10 рет

 

Кедергi қозғалғыш аяқтың бiр табанының артына орналас-қан. Тебiлетiн аяқты соңғы-артқы қалыпқа бiрте-бiрте жылдамдықпен ауысу.

 

 

8. ҚЖ-кедергiден қадам алыс тұрып‚ тебiлген аяқты алға қояды. Жоғарғы алға күштi иiлген қозғалғыш аяқтың тiзесiн барынша түсiрiп‚ кедергiнi қырынан өткiзу.

2 рет

 

Тебiлгiш аяқты кедергiден жақын өткiзедi және кедер-гiден табанның оң жағына қойылады. Табанмен бiрге аяқ қалпымен қолды жат-тықтырады. Жаттығуларды кедергiден жүгiрiп өтумен аяқтайды.

 

 

9. Тебiлгiш аяқты кедергiден қыры-нан өту. Тебiлгiш аяқтың алға қарай қимылымен бiрге қолды алға төмен жiбередi‚ ал келесi қолды жұдырықпен артқа қарай жiберу керек.

4-6 кедергi

ден

 

 

 

 

10. N9 жаттығуды жай жүгiрумен өткiзу.

2-3 рет

4-2 кедергi-ден

 

Жаттығуды санды көтерумен орындайды.

 

 

11. Жаттығуды бiр-бiрiнен 2-3 м қашықтықта орна-ластырып‚ кедер-гiден жүрiп өту.

2-3

4-6 рет

 

Кедергiнiң 50-70 см. Тебiле-тiн аяқтың тiзесi дененiң орта сызығы жанынан жоғары-алға қозғалады.

 

 

Кедергiден ыр-ғақ арқылы өтуге үйрену.

 

12. Шартты кедер-гiден өту.

 

Аралық 2-4 рет

 

“Аралықты” екi ұзынша жолды сызық арқылы белгiлейдi. Бiрiншiсiн‚ бiр орында шартты кедергiге тебiлумен бастайды‚ екiн-шiден-кедергiден орнына қону.

 

 

13. “Аралықты” жүгiру-озу қадамымен өту.

2-4 рет

 

Қ.Ж.-жоғарғы сөреден жат-тығу орындау.

 

 

14. “Аралықты” 6 жүгiру қадамымен өту.

 

2-4 рет

 

“Коридор” аралық қадам-дарын 3 жүгiру қадамымен өту. Кедергiмен биiктiктi бағындыру.

 

 

15. Бiр кедергiнi 6 жүгiру қадамымен бағындыру.

 

 

 

 

16. 2-4 кедергiнi 6 жүгiру қадамымен бағындыру.

2-4 рет

 

Кедергiлер биiктiгiн және олардың арасындағы қашықтықты бағындыру.

 

 

17. Бiр кедергiнi 8 жүгiру қадамымен бағындыру.

2-4 рет

 

Кедергiнiң биiктiгi мен арақашықтығы бiрте-бiрте жарысқа жақындайды.

 

 

18. Бiр кедергiнi 8 жүгiру қадамымен төменгi сөреден бағындыру.

2-4 рет

 

Кедергiге дейiнгi қашықтық ерлерде 13м-72см‚ әйелдерде 13м.

 

 

 

19. 2-4 кедергiнi 8 жүгiру қадамымен төменгi сөреден бағындыру.

2-4 рет

 

Кедергi арасындағы қашық-тық жарысуға жақындайды.

 

 

 

20. 10 кедергiнi 8 жүгiру қадамымен төменгi сөреден бағындыру.

2-4 рет

 

Кедергiлер арақашықтығы ерлерде 9‚14м‚ әйелдерде 8‚5м.

 

 

 

1.8. Кедергiшiнiң арнайы жаттығулары және

жалпы жетiлдiрушi кешенi

 

Тiк аяқтарды жан-жаққа 10-30 рет қимылдату.

№1‚ бiрақ қимылдың соңына қарай аяқты тiзенiң буынына қарай 10-30 рет бүгу.

Тiрекке қырымен тұрып‚ аяқты 10-30 рет шеңбер жасап қимылдату.

Тiрекке бетiмен тұрып‚ аяқты алға-артқа 10-30 рет қимылдату.

Еркiн аяқпен тiрекке 10-30 рет жоғары секiру.

ҚЖ-дан дененi алға қарай 10-30 рет бүгу.

Әртүрлi биiктiктегi кедергiге қырымен қарап кедергi шегiнен табан сырғанай 10-30 рет өтедi.

Кедергiден 100-120 см қашықтықта тұрып қозғалғыш аяқты 10-30 рет иiп-бүгу.

Кедергiден тебiлуден 120-130 см-де тұрып‚ қозғалғыш аяқты алға-жоғары қимылымен санды барынша көтередi‚ тiзенi өкшемен қабырғаға тiрейдi.

 

 

 

ІІ-бөлім.

 

2.1. Ұзындыққа секiрудi үйрену

 

Ұзындыққа секiру ұзақтығы жүгiру уақытында жететiн көлденең жылдамдыққа және тебiлу кезiндегi күш пен жылдамдыққа‚ қону кезiндегi әдiс-тәсiлдiкпен айқындалатын белсендi ұшу бұрышына байланысты. ОЦМТ ұшудағы тепе-теңдiк пен биiктiктi сақтау мiнездемесi ұзындыққа секiрудiң “аяқты бүгу”‚ “жазылу” және “қайшылау” сияқты негiзгi тәсiлмен ерекшеленедi.

Жүгiрудiң ұзындығы спортшының жылдамдығыы мен жеке ерекшелiгiне байланысты әйелдерде 25-35м‚ ерлерде 35-45 м-ге жуықтайды. Жиекке тура түсуге спортшы тебiлуге арналған 6-8 жүгiру қадамы делiнетiн бақылау белгiсiн пайдаланады. Жүгiрудi ҚЖ-бiр аяққа алда‚ тұлғаны алға ұмтылдырудан (жоғарғы сөредегi сияқты) бастайды. Бұл жүгiрудегi алғашқы қадамдардың әрдайымғы көлемiн қамтамасыз етедi және жылдамдықты үдетуге мүмкiндiк бередi.

Жүгiрудiң ортасына дейiн желаяқтың тұлғасы бiрте-бiрте тiктеледi. Тебiлу орнына жақындағанда жүгiру қадамы былай өзгередi: үшiншiсi тебiлу орынан қалыпты және қысқарақ қадам жасайды‚ екiншiсi-қарапайым қадамнан 15-25 см ұзынырақ‚ соңғысы-алдыңғысынан 30-45 см қысқарақ болады (екiншi тебiлу орнынан). Соңғының алдындағы қадамының көлемденуi отырумен‚ яғни ОАКА-ның төмендеуiмен‚ ал соңғы қадамды қысқарту-жоғарылатумен орындалады.

Бұл тебiлудiң орындалуын жеңiлдетедi. ОАКА жоғарылауы аттас тебiлу аяқтың қолымен қозғаушы аяқтың жоғары қимылдауы есебiнен орындалады. Сондықтан секiрудi үйренуде осы жаттығуларды дұрыс орындауға назар аудару керек.

Ең соңғы қадам алдыңғыларынан қысқарақ болады. Бұнда тебiлу орнына аяқты тек тiзе буынын бүгiп өкше мен тобықты қысқа жолмен қояды (шамамен бүгу бұрышы 170-1720 болады). Ауысу кезеңiнде санмен тiзе арасындағы тiк бұрыш 136-1400-қа кiшiрейедi‚ ал тебiлу кезеңiнде үлкейедi.

Тебiлуден кейiн секiрудiң барлық тәсiлдерiн бiрдей орындаған спортшы ұшу кезеңiне өтедi. “Ұшу қадамының” басында спортшы денесi тебiлуден кейiнгi жағдайдағыдай болады. Ұшу кезеңiнiң бұл бөлiмi жалпы секiру ұзындығының 4/1 бөлiмiне созылып‚ аяқтың тiктелуiмен аяқталады (“аяқ жазу” тәсiлi)‚ секiрудiң таңдаулы жүгiру қимылымен байланысты аяқтың иiлуi (“иiлу” әдiсi) мен жүгiру қимылына ұзартылады.

Тепе-теңдiктi сақтау мен алға айналу үшiн тұлғаны итергеннен кейiн екi қол күшiмен артқа тебiлу керек. Өкше белден сәл төмен‚ башпайларды “өзiне қарай” тартып‚ дененi алға ұмтылдырып‚ қолды төмен түсiру үшiн‚ секiргенде жерге қонуды жазылған аяқты алға көтеру керек. Желаяқтың қонудағы бұндай тәсiлi “топтық” немесе қонуға дайындық деп есептеледi.

Жерге қону ұшудағы “қадам” сияқты ұзындыққа секiрудiң барлық тәсiлдерiмен бiрге орындалады. Аяқтар қонуды бәсеңдетiп‚ құм бетiне тигенде‚ тiзе буындарын жазып‚ отырумен алға немесе қырымен алға қарай өтедi.

Ұзындыққа секiрудi үйренуге дейiн төмендегiдей жаттығуларды орындау керек:

екi аяқтың тебiлуiмен жартылай отыру‚ ауада тiзенi кеудеге жеткiзiп‚ жеңiл қону.

Кедергi жиегiнен жүгiре тура секiруiн‚ әртүрлi топтармен ауадан жеңiл қону.

Аяқтан аяққа тебiле ұшып секiрiп‚ 15-20 м бөлiктi бағындыру.

Бiр орында екi аяқпен тебiлiп‚ бiр аяқтың сәл тебуiмен кез-келген биiктiкке секiру (ат‚ үстел т.б.).

Жүгiрiп келiп‚ бiр аяқтың тебiлуiмен кез-келген жоғарыдағы аяқ‚ бас‚ иыққа тигiзу.

Секiру “қадамымен” шағын көлденең кедергiлердi жүгiрiп өту.

Жоғарғы сөреден 30 м бөлiкке нәтиже үшiн жүгiру.

Үйренушiлерге жаттығу алдында секiру туралы үйренетiн және сосын жеке элементтерiн меңгеретiн дұрыс жаттығулар беру керек.

 

6 кесте.

Негiзгi әдiстемелiк мiндеттер

Негiзгi құралдар

Мөл-шерi

Ұйымдастырылған-әдiстемелiк көрсеткiшi

1. Келесi қадам-дарды ырғақпен итеруге үйрену.

 

· Орнынан секiру.

· Жоғары-алға секiру.

2. қадамнан жоғары-алға секiру. Бiрiншiсi екiншiсiнен 20-30см ұзын болуы керек.

10-15 рет

10-12 рет

8-10 рет

 

Жамбас-сан буындарын қыспай ҚЖ тебiлу аяғын алға қадамдату. Тебiлгiш аяқты тебiлу орнына тiзе буынын жазатын қысқа жолға қояды‚ желаяқтың сызығында тұрады. 

 

4. Кедергiлерден тiке жүгiрiп өтiп секiру.

5-6 рет

 

Секiрулер әр түрлi топтаулармен орындалады

 

5. Аяқтан аяққа секiру.

 

3-4 30м

 

Алға жоғары тебiлуге назар аудару керек.

 

6. Сәл жүгiрумен кеңiс-тiкке секiру.

5-6 рет

 

Бiр немесе екi аяқпен итерiлу.

2. “Аяқты тiктеу” әдiсiмен секiруге үйрену.

7. Екi аяқпен тебiлiп‚ жартылай отырумен жоғары секiру.

5-6 рет

Ұшуда тiзенi кеудеге тарту‚ иықты алға имеу керек.

 

8.”Қадамдап” орында секiру.

5-6 рет

 

“Құлау” қону қалпы‚ қозғалғыш аяқ алда‚ тұлға тiк‚ иық сәл артқа шалқайған.

 

9. Сәл жүгiрумен “қадамдап” секiру.

5-6 рет

 

Жүгiру ұзындығы 6-8 м. Қозғалғыш аяққа жүгiрiп келiп қону.

 

10. №9 жаттығуды қайталау.

 

5-6 рет

 

Ұшу кезiнде бел дененiң аумағы

 

11. №10 жаттығуды белсендi аяқ қимылын алға жiберiп орындау.

5-6 рет

 

Жартылай жазылған аяқпен қону.

 

 

12. №11 жаттығуды аяқты алға барынша жiберiп орындау.

5-6 рет

 

Қол төменде‚ тұлға алға еңкейген‚ бөксе тiзеден сәл жоғары‚ аяқта жартылай жазылған.

 

13. Орташа жүгiрiп өтiп толық секiру.

5-6 рет

 

Жүгiрудiң соңғы үш қадам ырғағына назар аудару.

 

14. Толық жүгiрудi анықтау.

6-8 рет

 

Жүгiру мен оның ұзынды-ғын үйренушiлердiң дайын-дығына қарай анықтайды.

3. “Иiлу” әдiсiмен секiрiп үйрену.

 

15. Орташа жүгiрудегi “қадамдап” секiру-қоз-ғалғыш аяқты төмен-артқа жiберiп “иiлу” қалпын көрсету.

5-6 рет

 

№15-16 жаттығуларды желаяқтың ұшу кезiңiне керектi қимылын 30-40 см-ге тебiле көтерiлiп орын-дайды.

 

 

16. №15 жаттығуды аяқты алға барынша қозғап қайталайды.

5-6 рет

 

Қонудан жерге шалқая құлаудан сақтану ѕшiн‚ қолды лезде алға көтерiп‚ шұңқырдан алға немесе жанына шығу.

4. “Қайшы” тәсiлi-мен секiрiп үйрену.

 

17. “Қадамдап” секiру қозғалғыш аяқты төмен-артқа жiберiп‚ тебiлмелi аяқты алға қояды.

6-8 рет

 

Ұшу кезеңiндегi қозғалғыш аяқты артқа жiберу және серпiмдi аяқты алға қою-жүгiру қимылына ұқсас. Серпiмдi аяққа жүгiрiп келiп және қадам қалпын сақтау-мен қонады.

 

18. Жаттығу №17-дегiдей орындалады‚ бiрақ қол мен иiлу

6-8 рет

 

Қолдар қимылды жүгiру-дегiдей‚ бiрақ

 

19. №18 жаттығуды орындауда қозғалғыш аяқтарды тартумен екi аяққа қонады.

6-8 рет

 

 

5. Ұзындыққа секi-ру тәсiлiн әртүрлi әдiстермен жѕзеге асыру.

 

20. Ұзындыққа бѕтiн-дей және бөлшектей секiру әртүрлi жүгiру-лермен орындалады.

5-6 рет

 

Басты назарды жүгiру соңындағы қимыл көлемiнiң ұлғаюына‚ тебiлудiң алдын-дағы соңғы қадамдар ырғағына‚ желаяқтың тебiлу әрекетiне аудару керек.

 

2.2. Биiктiкке секiрудi үйрену

 

Ұзындыққа секiру нәтижесi спортшының әдiс-тәсiлдiк дайындық деңгейiмен тiкелей байланысты. Жеңiл атлектиканың ұзындыққа секiрудiң тәсiлдерiнiң негiзгi элементтерi тебiлуге дайындық‚ бiр уақытта жиектен ауысу мен қозғауды серпiмдiлеу болып табылады.

Жиектi бағындырудың көптеген әдiстерi бар. Түрлi ауқымдағы сайыс тәжiрибелерiнде кездесетiн “қадамдау”‚ “толқын”‚ “сырғанау”‚ “лақтырылу”‚ “фосбюрифлап” деген 5 түрлi тәсiл бар. Күштiсi болып “лақтырылу” мен “фосбюрифлап” есептеледi. Айтқандай соңғы жылдары жаттықтырушылар мен спортшылардың көпшiлiгi “фосбюрифлап” әдiсiн секiруде ең алдыңғы қатарлы деп есептейдi. Жиектi бағындырудың төрт әдiсiнде жүгiрiп өту мен тебiлудiң үздiк тәсiлi бар‚ бiрақ әдiстен ерекшеленетiнi-жиектен асып өту. Егер спортшы жиектi бағындыруда “атқа отырғандай болса‚ “толқын” мен “сырғанап өту” әдiсiнде жиек үстiне қырымен қарап жатады‚ ал “лақтырылуда” жиекке бетiн берiп‚ iшiмен жатады.

Биiктiкке секiрудi үйрену жаттығулары

 

 

2.3. “Қадамдау” әдiсiмен секiру тәсiлi

 

Жиектiң орналасуына қарай 7-13 қадам ұзындықты 30-400 (кейде 800) бұрыш жасап жүгiрiп өтедi. Тебiлудi жиек орналасуынан 70-90 см қашықтықта жиектен алыс тұрған аяқпен жүзеге асырады. Жүгiрiп өту шартты түрде екi бөлiмнен тұрады: алдыңғы бөлiм (5-9 қадам) және негiзгi бөлiм (2-4 қадам).

Спортшы жүгiрiп өтудiң алдыңғы бөлiмiнде белсендi жылдамдықты (6-8 м/сек) арттырады‚ ал негiзгi бөлiмде қозғалғыш қимылды тебiлуге жалғастырады. Секiрушi соңғы екi қадамды орындауда иiлiген қозғалғыш аяққа жеңiл аяқты топыраққа апарады. Осыған байланысты жүгiрiп өтудiң соңғы қадамы соңғының алдыңғысынан 25-35 см қысқарақ болады.

Тебiлгiш аяқты топыраққа қою кезеңiнде секiрушi қозғауды келесi аяқпен орындайды. Қозғауды аяқтаған соң‚ спортшы тебiлудi орындайды. Тебiлу мен қозғау уақытындағы барлық қимыл тек алға-жоғары бағытталады. Ұшуда спортшы қозғаушы аяқ жиек деңгейiнен көтерiлгенде‚ оны башпаймен‚ iшке бұрып‚ жылдам қимылмен төмен түсiредi. Тебiлгiш аяқты жоғары көтерiп‚ жиектен өту кезiнде тұлғаны тiк ұстап‚ башпаймен сыртқа бұрады. Қонуды қозғаушы аяқпен атқарады.

 

2.4. “Лақтырылу” әдiсiмен секiру тәсiлi

 

“Лақтырылу” әдiсiнде секiрушi жүгiрiп өтудi жиекке 30-450 бұрыш жасай отырып орындайды және одан 80-100 см-ге тебiледi.

Жүгiрiп өту мен тебiлу “сырғанап өту” мен “толқын әдiсiне” қарағанда жиек үстiнде‚ ұшу кезiнде айналу қимылымен ерекшеленедi.

Айналу қимылдары қозғаушы аяқтың белсендi жылдамдығымен жүзеге асырылады.

Қозғауды бұлай орындау спортшының жиектен өту кезiнде iшiмен төмен қарап жатуына әкеледi. Тебiлгiш аяқты жоғары иiп‚ тiзенi сыртқа бүге‚ өкшенi жамбасқа тигiзедi‚ сосын башпайды сыртқа керi айналдырып‚ жиекке қатар етiп тiктейдi (сурет‚ кино). Спортшы айналу қозғалысын жалғастырып‚ жиектi қалдырып‚ қозғаушы аяқ пен қолға қонады.

Биiктiкке секiрудiң осы екi әдiсi бiр-бiрiнен көп ерекшеленедi және бөлек бөлек оқып-үйренiлуi керек.

Биiктiкке секiру тәсiлiн табысты меңгеру үйренушiлердiң жалпы дене дайындығын анықтағанда мүмкiн болады.

Әртүрлi кедергiлерден бiр немесе екi аяқпен тебiлiп секiру.

Жоғары iлiнген нәрсеге қолды‚ басты‚ қозғаушы аяқты тигiзу үшiн секiру.

20-40 м-ге көлемдi қозғаушы қадаммен жүгiру.

Биiктiкке секiру тәсiлiн үйренуде әртүрлi әдiстер туралы жалпы мәлiмет алып‚ сосын төменде көрсетiлген жеке жаттығуларды меңгеруге кiрiседi.

 

 

7 кесте.

Негiзгi әдiстемелiк мiндеттер

Негiзгi құралдар

Әдiстемелiк көрсеткiш

1

2

3

1. Тебiлу мен жүгiрiп өту ырғағына үйрену.

1. ҚЖ-қадамға тұрып‚ тебiлгiш аяқты алға жiбередi. Қозғаушы қимылдарды аяқпен орындайды.

2. ҚЖ-қадамға тұру. Қозғауды ақпен‚ қолмен орындау.

Бiрдей тебiлгiш аяқ-қолмен тiректен ұстау.

 

3. ҚЖ-қадамға тұру‚ қозғауды аяқ пен қолдың тебiлуiмен орындау.

Қол мен аяқ қозғауын қимыл жылдамдығын арттыра орындау.

 

4. Қозғаушы аяққа отырып‚ тебiлмелi аяқтың басына алға қойып‚ қозғаушы қол-аяқтың алға-жоғары жылжу арқылы жоғары тебiлудi орындайды.

Қозғаушы аяққа отыру оның 90-1200 иiлген бұрышы есебiнен орында-лады. Отыру уақытында қолды жазады.

 

5. N4 жаттығуды қ.ж. тұрып‚ тебiлгiш аяқты алға жiберiп‚ белгiлермен қадамдап орындайды.

Қадам ұзындығы белсендi. Бiрiншi қадам соңғысынан 30-40 см ұзынырақ.

 

6. Жүруде 5-жаттығуды орындау барысында тебiлмелi аяқпен белгiге түседi.

Белгiге жүрудегi қадам-дар саны және орындау жылдамдығы барынша ұлғаяды (7-11 қадам 3-4 м/сек).

 

7. 6 жаттығуды орындау.

Қадамдар саны 6-жаттығудағыдай. Жүгiрiп өтудегi жылдамдық 6-8 м/сек-қа өседi. Орға қону.

 

8. Тiке жүгiрiп келiп жиектен секiруде жүгiру қадамы 4‚6‚8‚10 және т.б.-ға дейiн өседi.

Жаттығуды жоғарыға iлiн-ген заттарға қол жеткiзу-мен орындау. Кедергiлер мен секiруде биiктiк бiрте-бiрте ұлғаяды.

 

9. №8 жаттығуды жиек биiктiгiн ұлғайта отырып орындау.

 

2. Секiрушiнiң жиек үстiндегi негiзгi қимылын “қадамдау” әдiс-iн қолданып үйрену.

10. ҚЖ-жиекке қырымен қадамдап тұру. “Қадамдау” әдiсi арқылы жиектен алыс тебiлгiш аяқпен бағындыру.

Жиек үстiндегi негiзгi қимылдарды орындау.

 

11. 10-жаттығуды қозғалғыш аяқ-ты жиектен түсiруде башпай арқылы iшке айналдыру.

Секiру 3-5 қадамнан жүг-iрудегi бұрышты жиекке қаратып орындайды.

 

12. 11-жаттығуды тебiлмелi аяқты жиектен өткiзуде башпаймен сыртқа айналдырады.

 

 

13. Жүгiру мен оның ұзындығы-ның жеке бұрышын анықтау.

Жаттығуды бiрнеше мәр-те орындау.

3. Секiру тәсiлiн жүзеге асыру.

14. Жиектен “қадамдау” әдiсi арқылы әртүрлi биiктiктен секiру.

Секiрудi орта‚ кiшi және толық жүгiрумен орындау.

4. Денеге “лақ-тырылу” әдiсi-мен секiрудегi айналуға керек-тi қозғалғыш қол мен аяқ қимылына үйрену.

16. 15-жаттығуды 2-3 қадамда қимыл ырғағын сақтау жасау.

Қозғау алға-жоғары бағыт-талған.

 

17. 15-жаттығуды орта және толық жүгiрумен орындау.

Жаттығуды жоғары секiр-iп орындау.

 

18. 17 жаттығуды орындағанда тебiлгiш аяқты өкше қозғаушы аяқтың тiзесiнiң үстiне‚ ал тiзенiң өзi сыртқа қайтарылған етiп орындайды.

Қонуды қозғаушы аяқпен орындау. Секiрушi 180-2700 ұзындық айналасына бұрылады.

 

19. 18 жаттығуды тебiлетiн аяқты тiзесiн сыртқа қарата қону алдында түзулеп орындауға болады.

Секiрудi секiру шұңқыры-на қонумен орындайды.

 

20. 19-жаттығуды иiлiп тұрған жиектен өтiп жасайды.

Жүгiру ұзындығы 3-5 қадам.

6. Секiрудiң бүтiндей тәсiлiн меңгеру.

21. Әртүрлi биiктiктерге орналас-қан жиектен секiру.

Жиек үстiндегi тұлға иiлу бұрышы бiрте-бiрте кiшiрейедi (300-дан 00-ге дейiн). Секiрудi үлкен‚ орта және толық жүгiру-мен орындау.

 

“Лақтырылу” әдiсiмен секiрудегi

2.5. Биiктiкке секерудi»фосбюри-флоп» әдiсiмен секiрiп үйрену

 

Американдық Ричард Фосбюридiң ХIХ Олимпиададағы жеңiсiнен кейiн‚ мамандар оның биiктiкке секiрудегi әдiсiнiң ерекшелiгiн байқады. Ол әдiс жүгiрудегi жоғарғы жылдамдығы және секiрушi денесiнiң жиек үстiнде арқасымен жату қалпы мен одан кейiн жиектен өту кезеңiнде бетiн жоғары берiп‚ санымен өтуiмен ерекшеленедi.

Секiрудiң бұл әдiсi жеңiл атлетика өмiрiне “фосбюри-флоп” деген атпен ендi. Бұл әдiстi биiктiкке секiруде жүгiру‚ күштiлiгiмен‚ жылдамдығымен көзге түсетiн барлық секiрушiлер-ерлер мен әйелдер‚ бозбалалар мен бойжеткендер де қолдана алады. Бұны әсiресе көп сайысшылар пайдаланады.

Биiктiкке секiрудiң “фосбюри-флоп” әдiсi жүгiру мен тебiлуге дайындық тебiлу‚ жиектен өту және қону деп аталатын бөлiмдерден тұрады. Жүгiрудi 9 м/сек жылдамдықта доға тәрiздес етiп жасайды. Талдау барысында секiруден дүниежүзi спортшыларының (Фосбюри‚ Шеберт‚ Сотомайор‚ Паклин‚ Авденко‚ Быкова және т.б.) тәжiрибелерiнен белгiлi (салыстыру үшiн Республика мен облыстың мықты секiргiштерiнiң көрсеткiштерiн алуға болады) жүгiру доғасының көрсеткiштерiн беруге болады:

Бiрiншi қадам-27‚50

Екiншi қадам-34‚50

Үшiншi қадам-400

Төртiншi қадам-490

Бесiншi қадам-500

Жүгiру қадамдарының саны-7-11.

Секiрушi жиекке бетiн қаратып (бiр аяқ алда)‚ тұлғаны алға иiп тұрады. Жүгiрудiң бұлай басталуы қадамның бiрiздiлiгi мен ырғақтың өсуiн қамтамасыз етедi. Жүгiрудiң ең жоғарғы жылдамдығы соңғы үш қадамда дене өсуiмен сақтауда жетедi.

Соңғы үш қадам жүгiру ырғағының кезегi мен оның ұзындығы және дене алға-артқа иiлуi‚ жиекке қарай қырын қарап тұруымен бейнеленедi. Соңғы үш қадамның ырғағы шамамен мынандай болады: орыннан тебiлген үшiншi қадам-қалыпты ұзындықта‚ екiншiсi 25-30 см сәл ұзындау‚ ал соңғысы екiншiсiнен 35-40 см қысқа. Отыру сияқты орындалатын соңғы қадамның ұлғаюы секiрушiге жүгiру кезiнде жылдамдықты жоғалтпау және дененi тепкi аяғына тез жылжытуға мүмкiндiк бередi.

Тебiлетiн аяқты топыраққа қоюды тiзе буынын өкшеден түзу және ОЦТТ алдына қоюмен жүзеге асырады. Аяқ топыраққа тигенде оны жеңiл бүгiп‚ санды алға жiбередi. Тебiлудi жиекке одан алыс тұрған аяқпен қырынан тұрып орындайды. Доға тәрiздес жүгiру кезiнде пайда болатын орталық жүгiру күшi дененi көлденең жазықтықта айналдыруды бiлдiредi. Сондай-ақ ОЦТТ-ң жиекке тебiлу орнына сәл жақын орналасуы‚ атап айтқанда‚ аяқтың алға-ортаға қимылы секiрушiге дененi жиекке терiс қарап бұрыла тебiлуге мүмкiндiк бередi.

Көлбеуден өту жиек жазығында иық қимылы және аяқты санға жақындатып‚ тiзе буындарын жазып‚ сәл төмен қараумен жүзеге асырылады. Тек секiрушiнiң ОЦТТ-ы ғана көлбеу құрылысында оның буын бөлiктерiн қаншалықты бүгiп-жазғанына байланысты. Бұл аяқты ауыстыры мен топтастырылған қонуды орындауды жеңiлдетедi.

Қону дененiң мойын және иығымен орындалады. Қону кезiндегi ұрылу күшiн секiрушiнiң тез топтастыруы жеңiлдетедi.

Қону-секiрудiң маңызды бөлiмi. Соққылар мен зақым алудан сақтану үшiн қону орны тегiс және ыңғайлы болу керек.

Ұзындыққа “фосбюри-флоп” әдiсiмен секiрудi үйренбес бұрын‚ ол туралы жалпы мәлiмет алып‚ жеке әдiстемелiк амалдарға сосын көңiл аудару керек.

8 кесте.

Негiзгi әдiстемелiк мiндеттер

Негiзгi жабдықтар

Әдiстемелiк көрсеткiштер

1. Тебiлу тәсiлiн меңгеру.

 

1. Тебiлу аяғында түрып‚ алға-ортаға тiзесi жазыл-ған аяқ және қолмен қозғау.

Қол-аяқ қимылы бiр уақытта орындалады

 

2. Қозғаушы аяқпен түрып‚ тебiлетiн аяқты тебу орнына қояды. Дененi алға жоғары жылжытып‚ тiзесi жазылған аяқ-қолмен жоғары-ортаға қозғауды орындау.

 

 

3. 2-жаттығуды тебiлумен орындау.

 

 

4. 3-жаттығуды 2 жүру қадамымен орындау.

Қимылдың шамалы жиiлiгiмен жасау.

2. Соңғы қадамның ырға-ғын және тiке жүгiрудегi тебiлуге үйрену.

7. Жүгiрудiң соңғы екi қадамын тебiлiп белгiлер бойынша жүгiрiп өту.

 

 

8. 7-жаттығуды 2-4 соңғы қадамын жүгiрумен орын-дау.

 

 

9. 7-жаттығудың 4-9 қада-мын жүгiру.

 

 

10. 9-жаттығуды әртүрлi кедергiлермен (ат‚ үстел т.б.) секiрудi орындау.

 

3. Доға бойынша жүгiруде соңғы қадамның тебiлу ырғағын үйрету.

11. 6 қадам жоғары секiру және соңғы екеуiн доға бойынша жүгiрiп өту.

Аталған жаттығуларда қол-қимылының жиiлiгiн көтеру керек.

 

12. Доға бойынша соңғы қадамдарын толық жүгiру-мен жоғары секiру.

Жүгiрудiң соңғы үш қадамының жылдамдығын ұлғайту және ең соңын еркiн жүгiрiп өту.

 

13. 12 жаттығуда соңғы алты қадамды жүгiрiп өтедi.

 

 

14. Доға бойынша жүгiру-дегi барлық қадамдарды жүгiрiп өтiп‚ жоғары секiру.

 

 

15. Доға тәрiздес жүгiру-ден секiрiп‚ жиек деңгейi-нен жоғары атқа отыру.

 

4. Қону үшiн жиектi бағындыруды үйрену.

 

16. Доға жүгiруден атқа арқамен қонып секiрiп‚ керi бұрылу. Ат жиек деңгейiнен биiк құрылған.

 

Жиектен өту кезiндегi иiлгiш-бүгiлгiш бөлiкке назар аудару. Аяқты еркiн қойып‚ қону кезiнде тiзенi топтастыра бүгу.

 

17. 15-жаттығуды дененiң иық пен мойын бөлiмдерi-нен қону. Ат есебi мөл-шерден аз. Жиек биiктiгi қону деңгейiнен биiк.

 

5. Секiру тәсiлiн меңгеру.

18. Биiктiкке толық секiру.

 

 

«Фосбюри-флоп» әдiсiмен секiрiу

 

 

2.6. Сырықпен секiру әдiсiне үйрету

 

Сырықпен секiру жүгiру‚ тебiлуге дайындалу‚ тебiлумен сырыққа асылу‚ асылудан иiлiп ұмтылуға‚ құлауға көшу‚ аспалы (планка) немесе белдеме темiрден өту және қону тәсiлдiк жаттығулардан тұрады.

Жүгiрген кезде сырықты биiкке көтере ұстау қажет. Қоспа мен қолдың аралығы 70-80 см. Әр қадам ұзындығы 35-45 см. Жүгiрудi бастаған секiрушi жылдамдықты бiрте-бiрте ең қолайлы‚ үйлесiмдi сәтке дейiн көтередi. Соңғы 3-4-шi қадамда тебiлуге дайындалу қажет‚ яғни сырықтың алдыңғы ұшын жүгiру жолына көлденеңiнен түсiре ұстап‚ қону (приземление) қорабына (яùик) қарай туралайды (сурет кадрлары): соңғы қадам алдында оң қолдың белсендi қимылымен сырықты оң аяқтың астына алға және жоғары қарай тiрей қойып‚ сол аяқпен мықты тебiлу арқылы сырыққа асылу немесе шығу (вход) әдiсi орындалады (сурет кадрлары). Сырықты дұрыс қоя бiлу және тебiлу спортшыға секiру кезiнде жақсы нәтиже бередi.

Сырыққа дұрыс шыға бiлудiң шартты мiндетi сырықты оң аяқтың астына қою (бұл үшiн тебiлу орны мен оң қолдың қоспа буыны түзу сызық сияқты сәйкестенуi қажет) және алға қарай мықты тебiлу‚ яғни шығу (барлық кеудемен ұмтылу) болып табылады.

Секiрушi тебiлу арқылы сырыққа асылуға көшедi. (сурет кадр). Асылудың ұзақтығы сырықтың майысқақ келуiне және неғұрлым биiктен ұстауына байланысты. Сонан соң сырықтан кету және аяқты көтеру әдiсi орындалады (сурет кадр): секiрушi аяғын көтере (сурет кадр) керi бұрылғандай қалыппен аяқтарын сырыққа жақындатады (сурет кадр). Сырықтан шығу яғни аспалы темiрден өту және аяқтарды көтеру сырықтың неғұрлым жақсы иiлуiмен сәйкес келуi қажет.

Секiрушi қолын созып барып сырықтың шетiне қарай тартылады (сурет кадр). Спортшы сырықтың басқарушы мүмкiндiгiн пайдалана отырып, солға бұрылуымен сырықты өзiне жақын ұстап‚ аспалы темiрден өтудi оң және сол қол қызметтерiмен сырыққа сүйене отырып жүзеге асырады. Секiрушi аспалы темiрден барлық денесiн бүгiлте өтiп‚ аяқтарымен немесе арқасымен қорабқа қонады.

Сырықпен секiрушiнiң арнайы дайындығының алғашқы кезеңi мiндеттi түрде 4-6 айға созылып‚ онда жеңiл атлетика‚ гимнастика және де басқа дене шынықтыру жаттығулары түрлерiн терең игеру мүмкiндiктерiне байланысты қаралады. Атап айтқанда:

20-100 м қысқа қашықтыққа жүгiру.

40-80 м қашықтықтағы кедергiлерден өту‚ кедергi биiктiгi 76 см.

Бiр орында тұрып және жүгiрiп келiп ұзындыққа секiру.

Әр түрлi салмақтағы құралдарды итеру және лақтыру.

Аспалы темiрлерде‚ шеңберде‚ арқандарда жаттығу.

Әр түрлi секiрулер.

Акробатика тәсiлдерiмен-аунау‚ салтто‚ баспен тұру‚ қолмен жүру және т.б.

Әр түрлi жағдайда лақтыру.

Әр түрлi салмақтағы (20-дан 70-кг-ға) темiрлердi көтеру.

Спорт және қимыл ойындары.

Екiншi кезеңiнде кемi үш дайындықты‚ яғни сабақты сырықпен секiрудiң әдiс-тәсiлдерiн игеруге жiбередi‚ ал келесi дайындықтар апталық аралым бойынша дене бұлшық еттерi сапасын күшейтуге жұмсалады. Осыдан кейiн ғана шеберлiк тәсiлдерiн жоғарылату мен сайыстарға қатысу үшiн арнайы мамандандырылған дайындыққа ұластыруға болады.

  1. Сырықты қозғалта жүрiп орындау. Жаттығуды 80-120 см-ге жеткiзу мақсатында iстеу. Сырықты оң қолмен бастан жоғары ұстау‚ сол қолмен 20-30 см төмен ұстау қажет. Сырықтың төменгi ұшы сол аяқтың ұшына қарсы 20-30 см қашықтыққа тiреледi‚ шеберлiктi арттыру үшiн. Сырық оң иыққа қарсы орналасады. Сол аяқтың тебiлуiмен және оң аяқтың белсендi сермеуiмен алға өтiп‚ алға қараған бетте екi аяқпен жерге қонады. Асылу кезiнде оң қол түзу, тiк.

Дененiң асылудағы және тебiлу кезiндегi дұрыс қалпын бақылау. 5. 4-шi жаттығудағыдай қозғалмалы сырыққа асылу‚ бiрақ тебiлу алдында орнынан кетiп сырыққа асылу есебi бойынша қолдар бүгулi (50-60 см). Тебiлуден соң оң қолды түзу ұстау. Дұрыс тебiлудi бақылау. 6. 5-шi жаттығудағыдай қозғалмалы сырыққа асылу‚ бiрақ тебiлуден және сырықтың майысуынан соң аяқтарды көтерiп сырыққа жақындату қажет. Алға қараған бетте екi аяқпен қону.Сырықтың құлап кетпеуiн қадағалау. 3. Тебiлiп, сырыққа асылу тәсiлiне үйрету.        7. Тебiлудi және сырыққа асылуды б.қ-та орындау-сол аяқ тебiлу орнында‚ оң қол қоспа буынымен қолды жоғары көтеру деңгейiндей биiктiкте сырықты ұстау‚ сол қол 20-40 см төмен. Сол аяқпен тебiлу арқылы оң аяқты сермеп‚ дене қозғалысымен алға өту‚ яғни сырыққа асылу‚ сонан соң алға қарап екi аяқпен жерге қону. Жаттығуды сырықпен секiруге арналған орында және секiру шұңқырына қонып орындау қажет.

Сырықпен секiрудiң тәсiлдерiнен толығымен түсiнiк алған соң‚ келесi жеке бөлiктерiн үйретедi.

 

9 кесте.

Негiзгi мақсаттар

Негiзгi қолданылатын

жаттығулар мазмұны

Әдiстемелiк ескертулер

1. Сырықты ұстап алып жүруге үйрету.

 

1. Сырықты иықтың ѕстiмен‚ астымен және бастан жоғары ұстау. (қолдар шынтақтан бүгiлiп жиналған‚ оң қолды тiк ұстау).

1-2 жаттығуды бiр орында‚ адымдап‚ жүгiрiп орындау‚ сырықты еркiн ұстауға жету керек.

 

2. Сырыққа асылу әдiсiне үйрету.

 

2. Сырықты әр түрлi қал-ыпта ұстап (иық үстiмен‚ астымен және бастан жоғары) еркiн ырғақта алып жүру немесе жүгiру.

 

 

3. Қозғалыссыз тiк түрған сырыққа екi қолмен ұстап асылу‚ қолдар мен қоспа буындар аралығы 20-40 см.

Сырықты ұстау биiктiгi қолды тiке жоғары көтеру деңгейiндей.

 

 

Сырықты қозғалта жүрiп орындау. Жаттығуды 80-120 см-ге жеткiзу мақсат-ында iстеу. Сырықты оң қолмен бастан жоғары ұстау, сол қолмен 20-30 см төмен ұстау, қажет. Сырықтың төменгi ұшы сол аяқтың  ұшына қарсы 20-3 см қашықтыққа тiреледi, шеберлiктi арт-тыру үшын.

Асылу кезiнде оң қол түзу.  Дененiң асылудағы және тебiлу кезiндегi дұрыс қалпын бақылау.

 

 

Сырық оң иыққа қарсы орналасады. Сол аяқтың тебiлумен және оң аяқтын белсендi  сермеуiмен алға өтiп, алға қараған бетте екi аяқпен жерге қонады.

 

 

5. 4-шi жаттығудағыдай қозғалмалы сырыққа асылу есебi бойынша қолдар бүгулi (50-60 см). Итерiлу-ден соң оң қолды түзу ұстау.

Дұрыс итерiлудi бақылау.

 

 

6. 5-шi жаттығудағыдай қозғалмалы сырыққа асылу, бiрақ итерiлуден және сырықтың майысуы-нан соң аяқтарды қөтерiп сырыққа жақындату қажет. Алға қараған бетте екi аяқпен қону.

Сырықтың құлап кетпеуiн қадағалау.

 

3. Тебiлiп сырыққа асылу тәсiлiне үйрету.

 

7. Тебiлудi және сырық-қа асылуды б.қ-та орындау – сол аяқ итерiлу орнында, оң қол қоспа буынымен қолды жоғары көтеру деңгейiндей биiк-тiкте сырықты ұстау, сол қол 20 – 40 см төмен. Сол аяқпен тебiлу арқылы оң аяқты сермеп, дене қозғалысымен алға өту, яғни сырыққа асылу, сонан соң алға қарап екi аяқпен жерге қону.

Жаттығуды сырықпен секiруге арналған рында және секiру шұңқырына қонып орындау қажет

 

 

8. Бiр қадам жасап итерiлу және сырыққа шығу. Жаттығуды б.қ. орындай-ды-оң аяқ (итерiлу орына қарай) сол қолмен сырықты оң қолдан төмен ұстап‚ спортшы кеудесiмен алға қарай сырыққа өтуге ұмтылады.

Спортшының сырыққа итерiлiп шығу сәтiн қадағалау.

 

 

9. 8-шi жаттығудағыдай екi қадамдап тебiлу және сырыққа шығуды орын-дау‚ бiрақ қимылды бастамас бұрын‚ төменгi шетiн тiреп‚ сырықты оң иыққа түсiру керек.

Асылу кезiнде оң қолды түзу

 

4. Сырықты тiреп қою әдiсiне үйрету.

 

10. Сырықты “иық асты” жағдайынан “иық үстi” жағдайына ауыстыру. Б.Қ.-сол аяқ алда‚ қолдар сырықты иық астында ұстайды (сырық жолға тиедi) оң аяқпен адымдап қолдар бас деңгейiндей биiктiкте сырықты алға-жоғары алып жүредi: оң қол сол қолға 20-40 см-ге жақындайды. Б.Қ. қайта оралу.

Жаттығуды бiр қадамдап қол мен аяқ қимылын сәйкестендiре отырып‚ бiр қалыпта орындау‚ мәрелiк жағдайда қолдар бүгулi.

 

 

11. “Иық асты” жағдайы-нан сырықты ауыстыру. Оң аяқ қадамымен 10-шы жаттығуды орындау‚ сол аяқ қадамымен қолдар сырықты бастан жоғары көтередi. Оң аяқ балтыры жолға қарама-қарсы болуы тиiс.

 

 

12. “Иық асты” жағдайы-нан сырықты “бастан жоғары жағдайына” ауыс-тыру. Жаттығуды жүгiру жолында қадамдап және жүгiрiп орындау.

Сырықты соңғы екi қадамда алып жүрудi қадағалау.

 

5. Сырықты тебiлумен байланыстырып тiреу әдiсiне үйрету.

 

13. Сырықты тебiлумен байланыстырып жерге тiреу. Б.Қ.-қонатын шұң-қырдан 5-5.50 см қашық-тықта қолдар сырықты иық астында ұстайды: соңғы қадам алдында 10-шы жаттығуды орындау‚ ал соңғысында 11-шi жат-тығуды орындау‚ құмға сырықпен қадалу‚ тебiлiп асылу арқылы аспалы темiрден өтiп‚ алға қарап қону. Бұл жаттығуды 6-8 жүгiру қадамы арқылы орындау.

Сырықты дер кезiнде тiреп және сырыққа дұрыс шығу әдiсiн қадағалау.

 

 

14. Сырықты тебiлумен байланыстырып тiреу және қапталмен сырыққа шығып асылу.

 

 

15. 14-шi жаттығуды сырықты қорапқа тiреп орындау. 4-6-8 қадамы арқылы. Жүгiру жылдам-дығына байланысты сырықты ұстау биiктiгiн көтеру.

 

6. Аяқты көтерiп және бұрылып құлауды бай-ланыстыруды үйрету.

 

16. Аяқты көтерiп‚ жамбасты бiрлестiре отырып аунау‚ құлау. Жәшiкке арқасымен тұрып (оң қол тiке созылған) сол аяқты сермей сырықпен жоғары бөлiгiн бүкте (аунау немесе құлау)‚ сол қолдың иiлгiштiгiмен дене сол аяқтың ұшымен солға қарай 1800-қа бұрылғанда сырықпен тартылу қажет. Соңғы жағдайда сырықты иыққа жақын ұстау керек.

Аяқ пен қолдың бiрлесе қимылдауын қадағалау.

 

 

17. Сырықпен ұзындыққа секiру‚ жаттығуды 4-6-8 жүгiру қадамынан соң орындау. Бұрынғыға қарағанда ұстау деңгейi 10-15 см төмен.

Жаттығуды құмды шұң-қырда орындауға болады.

 

7. Аспалы темiрден өтудi үйрету

 

18. Биiктiгi 160-180 см аспалы темiрден секiрiп өту және құлау жәшiгiне арақашықтық 80-100 см болады.

 

 

19. 18-шi жаттығуды 6-8 –10 жүгiру қадамдары арқылы орындау‚ тiреудi бiртiндеп жәшiкке жақындату.

 

8. Тез жүгiруге және тебiлу орнына дәл түсуге үйрету.

 

20. 30-40 м үзiндiде сырықпен жоғары жыл-дамдықта жүгiру.

 

 

21. 30-40 м үзiндiде және соңғы екi қадамда сырық-ты алып жүгiру. Жүгiрiп келу ұзындығын анықтау.

 

9. Секiру тәсiлдерiн игеру-дi жетiлдiру және нығайту.

 

22. Әртүрлi биiктiкте қойылған аспалы темiр-лерден (планки) қысқа немесе түгелдей жүгiрiп келiп секiру.

Жеке қателiктердi жою.

 

 

Сырықты тебiлумен байланыстырып тiреу әдiсiне үйрету

 

Тез жүгiруге және тебiлу орнына дәл түсуге үйрету.

 

 

2.7. Үш адымдап секiру тәсiлiн үйрету

 

Үш адымдап секiру түзу сызықтың бойымен аяқтың ара қашықтығын бiрдей етiп алып‚ қадамдар арқылы (бiрiнен соң бiрi) орындалады. Секiрудiң жалпы ұзындығын қадам арасынан өлшейдi‚ яғни бiрiншi секiру орындалған соң қону тәсiлi үшiншi секiруден кейiн орындалады. Ереже талабына сәйкес жарыс кезiнде үш адымдап секiру мынадай тәсiлдер арқылы орындалады: бiрiншi секiру‚ бiр аяқпен тебiлiп‚ серпiлу аяғымен “қону арқылы орындалады”- “бiр орында секiру” екiншi секiру-секiру қадамын жасау арқылы орындалады‚ аяқты сермеп барып қону‚ үшiншi бұл ұзындыққа секiру‚ бұл спортшылардың спорттық дәрежесiне байланысты әр түрлi әдiстермен орындалады.

Тебiлу барысында секiрушiнiң қимыл бағыты өзгередi, яғни бiрiншi секiру кезiнде 15-180-қа‚ екiншiсiнде 12-150-қа‚ үшiншi секiру кезiнде 16-200-қа өзгередi. Бұл биiкке көтерiлудi жақсы қалыптастырады‚ яғни “бiр орында секiруде 35-40 см-ге тең‚ қадам кезiнде 18-22 см-ге теңеледi және секiруде 30-35 см-ге тең. Бұл жағдайда “бiр орында секiру” ұзындығы барлық секiрудiң 38%-тiң құрайды‚ қадам-29.5% және секiру-32.5%-тi құрайды.

I қадам және тебiлуге дайындық үш адымдап секiруде қадам өз ұзындығымен мiнезделедi‚ яғни жүгiру қадамының саны‚ жылдамдық және қозғалыс ырғағы. Тәжiрибелi жүгiрушiлерде жүгiру қадамы 19-20-дан аспайды‚ ал қадам ұзындығы 38-47 см-дi құрайды. Қадам Б.Қ.-тан басталады‚ ол алғашқы қадамдар ұзындығының бiрдей болуына септiгiн тигiзедi.

Соңғы 6-8 қадамның ұзындығын жоғарғы дәрежеге дейiн көтередi де‚ ал 2-4 қадамды тебiлу орнына дейiн жоғарғы дәрежедегi жылдамдықпен жүгiредi. Тебiлуге алғашқы дайындық көбiне қарапайым түрде өтедi және қадамның ара қашықтығында ұзындыққа секiруге қарағанда азғана өзгешерек болады. Бұл ұзындыққа секiрушiге қарағанда үш адымдап секiрушiнiң тебiлуден соң керектi биiктiктi ала-алмауынан болады.

 

2.8. Бiр орында секiру

 

Мұны күштiрек аяқпен орындайды. Серпiлу аяғының тiзесiн бүгiп алға және жоғары апарады. Бұл қимыл көбiне алға қарай орындалады. Қол қимылы мейлiнше артқа қарай серпiлiп және тепе-теңдiктi сақтайды. Ұшу кезеңiнде аяқты кезектестiрiп ауыстыруға асықпай‚ қадам жасаған кезде аяқты шамалап тартып яғни созуға тырысу қажет. (сурет кадрлары)

Ары қарай секiрушi аяқтардың қызметiн батыл түрде ауыстырып‚ тебiлу аяғының тiзесiн‚ балтырын көтерiп‚ осындай жолмен белсендi түрде қону орнына тұрады (сурет кадр).

Қону уақытысында тебiлу аяғының қызметi келесi‚ яғни екiншi рет секiруге дайын тұруы тиiс. Сондықтан көтерiлу кезiнде аяқты қатты созып, алға қарай қоюдың қажетi жоқ. Аяқтардың қызметiн ауыстырып‚ тебiлген  аяқты жерге қарай түсiрiп‚ тез бүгiп және секiрушi аяқты қыздыратындай қимыл жасауы қажет (сурет кадр).

Аяқты жерге тигiзгенде дененiң жалпы жүктемесi тiрек аяғына түседi және аяқты жерге тигенге дейiн түзулеу қажет. Секiру кезiнде яғни аяқ көтерiлгенде бiр қолды артқа және екiншi қолды алға сермейдi де‚ қону уақытысында екi қолды да артқа сермеп‚ келесi секiруге дайындалу қажет. (сурет кадрлары)

2.9. Қадам

 

Тебiлу аяғын жерге қою кезiнде сермеу аяғын алға апарады (сурет кадр). Сермеу аяғының қимылы тебiлудi жеңiлдетедi. Секiрушi қадам жағдайын қабылдайды. Бұл жағдайда көлденең жылдамдық жинақталады да‚ тебiлу бұрышы ұлғаяды.

 

Қадам жасау қызметiнде қолды жартылай бүгiп артқа қарай жiберiп‚ неғұрлым ұзаққа секiруге тырысу қажет (сурет кадр).

Қону алдында сермеу аяғын неғұрлым жоғары көтередi де‚ кеуденi соған қарай бұрады. Сонан соң серпу аяғын бүгедi де‚ жедел төмен түсiредi (сурет кадр). Қону кезiнде секiрушiнiң денесi күшi тiрек аяғында болады‚ ал кеуденi иiу деңгейi бiрнешеге төмендейдi.

2.10. Секiру

 

Қадам жасаудан соң көлденең жылдамдық мейлiнше бәсеңдейдi‚ бiрақ бұл үшiн тебiлу күшiн жинақтау қажет. Тебiлу бұрышының шамасы қадам жасау кезiндегiдей‚ ал ұшу бұрышы одан әлдеқайда аумақты‚ үлкен. Тебiлудi ұзындыққа секiру кезiндегiдей орындайды. Ережеге сәйкес секiрушiлер ұшуды үш рет қадам қызметi арқылы жасайды (сурет кадр) және секiрiп кету кезi сирек.

Үш адымдап секiрудiң тәсiлдерiн үйренер алдында мынадай жаттығуларды орындау қажет:

Үш адымдап бiр аяқтан келесi аяққа қадамдап секiру. Тепкi аяғын “қыздыру” қимылымен барлық өкшенi төмен-артқа қойып‚ бiрiншi тебiлудi екi аяқпен орындайды.

Бiр аяқтан келесi аяққа қадамдап секiрудi 2‚ 4‚ 6 жүгiру қадамдары арқылы орындау.

Ұзын және қысқа қашықтықтан ұзындыққа секiру.

Жылдамдықпен тiке және бұрылыстар арқылы жүгiру.

Бiр орында тұрып әр түрлi жағдайда секiру-кiшкене жүгiруден соң аспалы ағаштан секiру‚ гимнастикалық көпiршеден тебiлу т.б.

Үш адымдап секiру тәсiлдерiн мынадай әдiстемелiк жаттығулардан соң меңгеруге болады

Үш адымдап секiру тәсiлдерiн мынадай әдiстемелiк жаттығулардан соң меңгеруге болады:

 

10 кесте.

Негiзгi

Негiзгi қолданылатын жаттығулар

Әдiстемелiк

1. Тепкi аяғын дұрыс қойып‚ сермеу аяғымен бiрдей қимыл жасауға үйрету

·Қадамдап бiр орында бiр аяқтан бiр аяққа секiру.

·10-13 м аралығында бiр аяқтан келесi аяққа қадамдап секiру.

·Бiр орында тұрып бiр аяқта балтырларды жоғары көтерiп секiру.

10-13 м аралығында бiр аяқта жүгiре секiру.

Тепкi аяғын қою қимылы артқа-төмен бағытталады‚ аяқты бүкiл табанмен қояды.

 

2. Дұрыс ырғақты және нақты жүгiрудi бiр орында түрып секiруге үйлестiрудi үйрету.

 

·8-10 м жүгiру қадамдары арқылы серпiлудi, яғни шұңқыр арқылы орындау.

·12-16 м жүгiру қадамары арқылы серпiлiп жүгiруге көшу.

Қайталап жүгiру арқылы бѕкiл қадамдарды анықтау. Жүгiрiп келiп серпiлiп жүгiру және қайтадан кәдiмгi жүгiру.

Соңғы қадамдарда жыл-дамдықты арттыру.

 

3. Үш адымдап секiру ырғағына үйрету.

 

·Белгiлер бойынша 4-6 жүгiру қадамынан соң үш адымдап секiру.

Белгiлер бойынша 8-10 жүгiру қадамынан соң үш адымдап секiру.

Белгiлер арасы 2‚5м

Белгiлер арасы  2‚5 м

 

4. Үш адымдап секiру тәсiлiн игерудi нығайту‚ жетiлдiру.

 

·8-10 жүгiру қадамдары арқылы “серпiлу қадам-дарын орындау.

·8-10 жүгiру қадамдары арқылы “қадам-секiрудi” орындау.

·12-14 жүгiру қадамдары арқылы ѕш адымдап секiру.

·14-16 жүгiру қадамдары арқылы үш адымдап секiру.

Толығымен жүгiрiп үш адымдап секiру.

Аяқтарды ауыстыру ыр-ғағын асықпай орындау қажет.

Қолдар белсендi сермеу қимылын орындайды. 

Орындау барысында негiзгi зейiндi дұрыс ырғаққа‚ жалпы дененiң үйлесiмдi қимылына аудару қажет.

 

 

 

 

2.11. Ядро лақтырудың әдiс-тәсiлiн үйрену

Ядро лактыру-жылдамдықты және күштiлiктi талап ететiн көлемi 213‚5 см шеңбер iшiнде тұрып ұзындыққа лақтырады. Адам жынысына және жасына қарай мынадай салмақтағылар қолданылады:

3кг-кiшкентай қыздар мен бойжеткендер үшiн.

4кг-үлкен жастағы жiгiттер үшiн.

5-6 кг-орта жастағы жiгiттер үшiн.

7 кг‚ 257 гр-ер кiсiлер үшiн.

Ядроның ұзаққа ұшуы алғашқы жылдамдыққа‚ ұшу бұрышы мен биiктiгiне байланысты. Ұшу жылдамдығы 9-14 м/сек‚ ұшу бұрышы 40-430 тең. Егер осы жаттығуларды орындаған жағдайда‚ ядроны лақтыру төмендегiдей нәтиже бередi:

11 кесте.

Ұшу жылдамдығы:

м/сек

Ұшу бұрышының тиiмдiлiгi

Ұзаққа ұшу

10

40‚50

11‚90 немесе көп

11

410

14‚00 немесе көп

12

41‚50

16‚50

13

420

19 немесе көп

14

42‚50

22‚00 немесе көп

 

Ядроны өзiне тән жүгiрумен‚ аяқпен бiр орында тұрып секiру арқылы бiр қолмен лақтырып. Оны лақтыру 0‚45 сек-қа созылып‚ секiрудiң ұзақтығы 90-95 см-дi құрайды‚ жылдамдығы шамамен 2 м/сек-қа тең. Қону кезiнде аяққа (оң немесе сол) ұзақтығы 0‚35 сек созылатын мәрелiк күш түседi. Секiрудiң басталуынан ядроның ұшқынына дейiнгi барлық жаттығулар 0‚8 сек аралығында орындалады.

Лақтыруға дайындалғанда спортшы шеңбердiң алыс нүктесiне арқасын берiп тұрады. Бiр аяғын (оң немесе сол) 1-2 табан артқа қалдырады немесе әдiс-тәсiлдiң түрлерiне қарай аяқтарды бiрiктiредi. Артқы аяқ (оң немесе сол) сермеу қимылын орындау үшiн босатылып‚ барлық дене салмағы алдыңғы аяққа түсiрiледi. Барлық жаттығуларды орындауда бос қолды (оң немесе сол) жоғары көтеру‚ дене бұлшық етiнiң оң немесе сол жартысының серпiмдiлiгн қамтамасыз етедi. Ядроны кеуде буынында ұстап‚ қол саусақтарымен мойынға қысады. Лақтыратын қолдың қоспасы иiлгенде бас-бармақ кеудеге тиiп тұруы қажет. Бас алға‚ еркiн қарап‚ иық лақтыру бағытына 45-550 бұрыш жасайды. Бұндай бастапқы қалып топтасып сөреге тұруда тиiмдi нәтиже бередi.

Сөреге тұрғанда спортшы шеңбер диаметрi бойымен лақтыру бағытына қарай қозғала бастайды. Алғашқы сермеуден соң дене көлденең қалыпта еркiн (оң немесе сол) аяқпен еңкейiп‚ тiрек аяқты иiлтiп‚ бiрдей уақытта еркiн аяқты да иiлтiп және тiземен оң немесе сол аяққа жақындайды (сурет кадрлары).

Сөреден шығарда бөлек топтағы дене қозғалысының жылдамдығы арқа мен мықын бұлшық еттерiнiң күшi есебiнен табиғи әрi ұтымды қалыпта болуы тиiс. Бұл топтаманы жеңiл‚ қиындықсыз‚ тепе-теңдiктi сақтай отырып орындайды.

Сөре алудың басты мақсаты үйлесiмдi бақылай отырып секiру жылдамдығын арттыру. Сөренi еркiн аяқты жоғары-төмен сермеу арқылы нысанаға қарай және тiрек аяғы тебiле түсiп орындайды. Серпiмдiлiк жiгерлi әрi еркiн орындалады. Тiрек аяқ пен кеуде арасындағы иiлу бұрышы 650‚ ал еркiн қол қарама-қарсы жаққа түзу қозғалады. (сурет кадр). Тiрек аяқты (көбiне оң) шеңбердiң ортасына табанның алдыңғы бөлiгiне қояды. Сонымен бiр мезгiлде еркiн аяқты (көбiне сол) қойып‚ мәрелiк күш үшiн қалыпты жағдайда бұрылыс жасай бастайды (көбiне солға қарай). Бiрiншi екi аяқпен дененi теңейдi.

Қону сәтiнде қамтылғандай еркiн қолдың жоғары-төмен белсендi қозғалысы арқылы дененiң доға тәрiздес қалпын сақтайды. Тiрек аяқ тұсындағы иық дене бұрылысының соңында келесi иық деңгейiне дейiн көтерiлiп‚ лақтыратын қолдың белсендi туралауымен аяқталатын жоғары-алға қимылын жалғастырады. Бұл қимыл ядроның алғашқы ұшу жылдамдығын арттырады (сурет кадрлары). Дене тепе-теңдiгiн сақтау үшiн спортшы шеңбер бойында.

Мәрелiк күш итеру‚ лақтыру әдiсiндегi ең жауаптысы әрi күрделiсi. Ядроға берiлетiн күш ең жоғары деңгейге дейiн көтерiлiп‚ ұшу сәтiнде нөлтге теңеледi. Мәрелiк қимылды орындау уақыты “0‚30-0‚35”-тi құрайды және үлкен күштiлiк нәтижесiнде де бiраз жұмыс атқаруға болады. Мысалы: жоғарғы дәрежедегi спортшылар ең жоғарғы күштi 550 кг/сек аралығында 7 және оданда көп мөлшерге тең жағдайда дамытады. Салыстыру үшiн салмағы 150 кг штанганы көтеретiн спортшы‚ штангашы күшiн 4‚3 арттырады.

Қазiргi заманғы ядро лақтыру әдiс-тәсiлдерi спортшыларға күштi дамыту мен оны iс-жүзiнде тиiмдi пайдалануда жоғары талаптар қояды. Ядроны үздiк лақтырушылардың дене құрылысының жақсы дамуы және үлкен күштiлiк пен жылдамдықты игеруi кездейсоқтық емес.

Ядро лақтыруды үйренуде мынадай жаттығуларды игеру керек:

Қолды жерге тiрей жатып‚ бүгiп-жазу.

Аспалы белдеме темiрге тартылу.

Бiр аяқта секiру.

30 м-ге жылдам жүгiру.

30-50 кг-дық заттармен жаттығу жасау.

Екi қолмен ядроны алға және бастан жоғары артқа қарай лақтыру.

Үйренудiң алдында айналысушыларға ядроны итеру‚ лақтыру жөнiнде толығымен түсiнiк берiлiп‚ сонан соң төменде келтiрiлген әдiс-тәсiлдердi үйрету қажет.

 

12 кесте.

Негiзгi мақсаттар

Негiзгi қолданылатын жаттығулар

Әдiстемелiк нұсқаулар

1. Ядроны ұстауға және лақтыруға үйрету.

 

1. Ядроның негiзгi сал-мағын күштi қолдың үш саусағына түсiрiп ұстау‚ бас бармақ пен кiшi саусақ көмекшi қызмет атқарады.

Ядроны орналастыру қос-паның күштiлiгiне бай-ланысты‚ қоспа күштi болса‚ ядроны әрi қарай орналастырады.

 

2. Қолды соза‚ ядроны жоғары көтерiп және оны мойынға түсiру‚ иықтың жалғасындай етiп‚ бiр қолды жанға шығару.

Иыққа және иық астына қатты күш түсiрмеу қажет.

 

 

3. Ядроны 1-шi жаттығу- дағыдай ұстап‚ алға‚ жоғары көтерiп және қоспаның күшiмен итере-дi.

Жаттығуды оң және сол қолмен орындайды.

 

 

4. Ядроны 1-шi жаттығу-дағыдай ұстап‚ оны алға және жоғары көтерiп‚ мойынға түсiредi‚ содан соң қолды бүгiп‚ қол күшiмен жоғары және алға итеру қажет.

4. Ядроны 1-шi жаттығу-дағыдай ұстап‚ оны алға және жоғары көтерiп‚ мойынға түсiредi‚ содан соң қолды бүгiп‚ қол күшiмен жоғары және алға итеру қажет.

Қоспаны алға және сыртына бүгiледi.

 

 

5. Дәл осылай‚ бiрақ қолды ядромен төмен түсiрiп және аяқты бүгiп‚ 4-шi жаттығу-дағы көрсетiлгендей ядроны итеру қажет.

 

 

6. Б.Қ.-сол аяқты алға жiберiп (егер ядро оң қолда болса). 5-шi жаттығуда көрсетiлгендей оң аяқпен алға қадамдап‚ ядроны итеру қажет.

Қадам жылдам бүгiлуi қажет.

 

2. Мәрелiк күшке үйрету.

 

7. Сол жағымен түрып (ядро оң қолда болған жағдайда) аяқты иықтың енiне қарай итеруге бағыттап‚ ядроны мойын артына қарай ұстау және сол қол еркiн жоғары көтерiлуi қажет‚ оң тiзеге қарай сол иықпен иiлiп‚ оң аяқты жинап б.қ. оралу.

Жаттығуды тұрақты және қолайлы жағдайларда орындау қажет.

 

 

8. Б.Қ.-7-шi жаттығуда көрсетiлгендей ядроны алға және жоғары итерiп‚ оң аяқпен алға және солға бұрылу қадамын жасау қажет.

Аяқты түзулеп және кеуденi тебiлу бағытына қарай бұрып‚ ядроны итеру қажет.

 

 

9. Итеру бағытына қарай арқамен тұрып‚ оң тiзеге сол иықпен иiлiп (егерде ядро оң қолда болса) және ядроны 8-шi жаттығуда көрсетiлгендей етiп итеру қажет.

 

3. Бiр орында секiруге үйрену (жүгiрудегi секiру түрi “скачок”)

 

10. Тебiлу бағытына қарай бетпен тұрып‚ оң аяқпен қадам жасап‚ тобықтың сыртынан сол аяқпен алға қадам жасау желiсiне ауысып‚ тебiлу бағытына қарай сол жағымен түрып‚ 8-шi жаттығудағыдай тебiлу қажет.

 

 

11. Оң аяқпен артқа қарап түрып‚ тебiлу бағытына қарай сол аяқты тобық артына қойып‚ оң қолмен ядроны ұстап‚ сол қолды жоғары көтеру. Кеуденi оң аяқтың бүгiлген тiзесiне қарай иiп‚ жиырылуды орындау.

Жаттығуды снарядпен және снарядсыз орындау.

 

 

12. Жиырылып барып сол аяқты сермеп‚ оң жақпен тебiлу арқылы сырғанап секiрудi орындайды және мәре күшi ѕшiн бастапқы қалыпты қабылдайды.

 

 

13. Лақтыру бағытына арқамен тұрып секiрудi орындайды және құралдың мәре қимылын жасайды.

 

 

14. 13-шi жаттығуда көрсетiлгендi орындау қажет. Бiрақ шеңбер сыртында тұрып.

 

 

15. Жарыстардың ереже-лерiн сақтап‚ 13-шi жаттығуды шеңбер iшiнде орындау қажет.

 

4. Ядро лақтыру әдiсiн игерудi нығайту.

 

16. Әр түрлi салмақтағы ядроларды шеңбер iшiнде лақтыру.

17. Белгiлi бiр көрсеткiшке жету үшiн ядроны шеңбер iшiнен лақтыру.

 

 

Ядро лақтырудың әдiс-тәсiлiн үйрену жаттығулары

 

 

2.12. Граната лақтыру тәсiлiне үйрету

 

Басқа жеңiл атлетикалық жаттығулармен салыстырғанда-граната лақтыру жеңiл атлектика спортының ең жас түрi. Алғаш рет бұл спорт түрi 1924 жылы жарыстар бағдарламасына енгiзiлген және 30-шы жылдары КСРО-да ең танымал да‚ көлемдi жаттығулардың бiрi болды. Соғыс жылдарынан кейiн граната лақтырудағы рекордтар өсе бастады‚ бiрақ танымалдылық пен қызығушылық күрт төмендей бастады. Бұл жағдайлар граната лақтырудың жарыс бағдарламасына енгiзiлмегендiктен деп түсiндiрiлдi. Сондай-ақ граната лақтырудағы қимыл-әрекеттер найза лақтырумен ұқсас келедi және көпшiлiк қыз-жiгiттер соңғысына көп көңiл бөледi. Алайда‚ граната лақтыру спорттың қолданбалы түрi болғандықтан‚ бұл спортты меңгеру‚ әсiресе жасөспiрiм кезде‚ найза лақтыру тәсiлдерiн игеруге көп көмегiн бередi.

Сонымен бiрге граната лақтырудың әдiс-тәсiлiн игеру дене күшiн жетiлдiруге‚ жылдамдыққа‚ дененiң иiлгiштiгiне‚ ептiлiкке баулиды және әскери немесе ауылдық спортышлардың арасында дамытуға қолайлы. Бұл жеңiл атлектиканың бiрден-бiр және қарапайым түрi‚ мұны дене тәрбиесi мамандарының көпшiлiгi игерiп алып кетедi‚ сондықтан граната лақтыру спортының маңызы басқа спорт жаттығуларына қарағанда ескерусiз қалып кетуi мүмкiн.

Граната толығымен темiр металдан жасалған. Оның салмағы ерлер үшiн 700 гр‚ әйелдер үшiн 500 гр‚ ал ұзындығы 23‚6 см-дi құрайды.

Гранатаны шамамен ұзындығы 25-30 м қашықтықта жүгiрiп келiп орындайды.

Гранатаны қоспасы мықты қолмен ұстап‚ иықтың үстiнен‚ яғни бастың деңгейiнде саусақтармен қыса ұстайды. Бұлай ұстағанда гранатаның өсi лақтыру қолының жалғасы сияқты болып көрiнедi. Егер бұлай ұстауға саусақтардың және қоспаның күшi жетпесе‚ басқалай жолмен яғни үйлесiмдi етiп жұдырықта ұстауға болады.

Жүгiрудi мынадай екi кезеңге бөлуге болады: бастапқысы және соңғысы және соңғысы немесе негiзгiсi. Бастапқы бөлiм-бұл 10-12 метр жүгiру қадамы‚ яғни еркiн‚ кең көлемдi жылдам жүгiрiспен және үйлесiмдi көлденең жылдамдықпен орындалады. Сонан соң жүгiрудiң төрт қадамды негiзгi бөлiмi басталады. Негiзгi мақсаты сермеу болып табылады‚ яғни снарядтан сермеу күшiмен озу; лақтыруға ыңғайлы жерге орнығу‚ лақтыруды орындау және жүгiрудi тоқтатып‚ лақтыру сызығының бойына тоқтау. Гранатаны иық арқылы бастан асыра лақтыру тәсiлiмен орындайды.

Сермеудi (бұлғау) екi тәсiлмен орындайды: Бiрiншi-гранатаны доға тәрiздi алға‚ артқа‚ төменге сермеу. Бұл әдiс лақтыру қолының бұлшық еттерiн қатайтуға мүмкiндiк жасайды‚ сермеудiң ұзаққа созылуына жағдай туғызады және сермеуден лақтыруға көшу аралығындағы келеңсiздiктi жояды.

Келесi әдiс-гранатаны алға және артқа сермеу. Бұл әдiс жүгiрудiң соңғы бөлiмiнде лақтырушының дене мүшелерiне қолайлы сәт туғызады және снарядқа шапшаң күш жұмсауға ыңғайлы. Гранатаның ұшу бұрышы 40-420-тi құрайды. Дұрыс лақтырған граната тiке және бiркелкi ұшады.

Граната лақтыру тәсiлдерiн күнделiктi мынадай әдiстемелiк нұсқаулармен орындауға болады:

 

13 кесте.

Негiзгi мақсаттар

Негiзгi қолданылатын жаттығулар

Әдiстемелiк нұсқаулар

1. Гранатаны ұстау тәсiлi-не үйрету.

 

·Снарядты күштi қолдың қоспасымен жазылған әдiстердiң бiрiн пайда-ланып ұстау.

·Қолды алға қарай әр түрлi деңгейде созу.

Гранатаны бастан жоғары ұстап‚ лақтыратын қоспаны қозғалту‚ икемдеу.

Лақтыратын қолды икемдеу барысында тек шынтақты ғана иiу қажет.

 

2. Гранатаны бiр орында тұрып тiке алға лақтыруға үйрету

Б.Қ. гранатаны бiр қоспа-мен алға-жоғары лақтыру‚ лақтыру бағытына қарап тұрып‚ сол аяқ алда‚ оң аяқтың ұшында‚ гранатаны сәл бастан жоғары ұстау қажет.

Жаттығуды орындағанда‚ б.қ. тұрып барлық дененi оң аяқтың ұшына аудару‚ кеуденi иiу‚ (лақтыру кезiнде иiудi күшейту). Қозғалысты жүйелi түрде аяқ‚ кеуде‚ қоспа арқылы орындау.

 

Б.Қ.-алдыңғыдай. Бiр қол-мен алға-төмен сермеу

 

 

Б.Қ.-дәл осылай. Алға-жоғары сермеу‚ иықты қозғалысқа келтiру.

 

 

Б.Қ.-дәл осылай. Гранатаны бастан асыра артқа жiберу. Оң аяқпен тебiле алға-жоғары сермеу.

Жаттығуды оң аяқты нық басып орындау‚ тек сермеу соңында ғана аяқ ұшында тұру.

 

7-шi жаттығуды орындау. Б.Қ.-сол аяқты жоғары көтеру‚ оң аяқты сәл бүгiп нық басу.

 

3. Гранатаны бiр орында тұрып сермеп лақтыруға үйрету.

 

Б.Қ.-оң аяқта тұрып (өкше бұрышы 450) сол иық лақтыру бағытында‚ гранатаны иық көлемiнде ұстау. Бiр уақытта сол аяқты алға жiберiп‚ иықтарды лақтыру бағы-тына бұру.

Граната ұстаған қолды бiр қалыпты иықпен қоса бұру.

 

 

Б.Қ.-9-шы жаттығуды орындау‚ оң аяқты бүгiп‚ иықтар лақтыру бағыты-мен перпендикуляр.

Соңғы жағы 7-шi жаттығу-дағыдай болуы тиiс.

 

 

Б.Қ.-дәл осылай. Грана-таны бұлғау арқылы лақтыру.

Шынтақ қозғалысын қада-ғалау‚ оң қол жоғары.

4. Снарядты басып озу тәсiлiн үйрету.

 

Снарядты басып озуды (снарядсыз) қадамдап орындау-10-шы жаттығу-дағы б.қ.-сол аяқты алға жiберiп‚ оң аяқпен қайшыландыра алға жылжу‚ сол аяқты жерге (топырақ) тигiзбей.

12‚ 13-шi жаттығуларда оң қолды бүгу. Қайшылама қадамын орындағанда жамбас мен аяқ тiзелерiн артқа беру қажет және тiзе‚ балтыр және кеуде бұрышын шектеу тиiс.

 

Снарядты басып озуды снарядсыз (имитация) қадамдап орындау-сол аяқта секiру қажет. 12-шi жаттығу. Қайшылау қадамында (оң аяқты жiберу кезiнде) сол аяқпен тебiлiп‚ алға соза отырып оң аяқты басып озу.

 

 

13-шi жаттығу. Грана-таны лақтырудың басында сол аяқты жерге қою (өкше бұрышы 15-200).

Сол аяқты белсендiрек жерге қою қадам ұзын-дығын шектеп.

 

5. 4-қадамдап граната лақтыруға үйрету.

 

Гранатаны алып жүру‚ лақтыру қадамдарын снарядсыз орындау. Лақ-тыру бағытына қарай тұрып‚ сол аяқ бақылау белгiсiнде. Оң аяқтан бастан барлық 4 қадамды да орындау‚ гранатаны сермеу жағдайына жеткiзу.

Әр лақтыру қадамында гранатаның және кеуденiң қимылын қадағалау.

 

 

15-шi жаттығуды жүгiру қадамымен орындау (бар-лық қозғалысты нақты орындау).

Бастапқыда еркiн орындау керек.

 

 

4-қадамдап граната лақтыру.

17-18-шi жаттығуларда оң аяқтың алға‚ жоғары созылуын қадағалау.

 

17-шi жаттығуды жүгiрiп орындау.

 

6. Жүгiрiп граната лақ-тыруға үйрету.

5-7 қадамнан соң бақылау белгiсiне дәл жетудi белгiлеу.

 

 

19-шы жаттығуды жат-тығуды граната лақтыру-ды снарядсыз қайталау.

 

 

Гранатаны 5-7 жүгiру қадамынан соң лақтыру.

 

 

5-7 қадамнан соң бақылау белгiсiне дәл түсiрудi қадағалау.

 

 

22-шi жаттығуды граната лақтырып қайталау.

 

 

5-7 жүгiре қадамдап граната лақтыру.

 

 

Жүгiру ұзындығын жеке-лей анықтау.

 

 

Жеке тоығымен жүгiрiп граната лақтыру.

 

7. Граната лақтыру тәсiлдерiн меңгерудi нығайту.

Бiр орында тұрып аз ғана немесе толығымен жүгiрiп лақтыру.

 

 

Лақтырудағы әр түрлi лақтыру тәсiлдерiн толығы-мен қайталау.

 

 

 

 

Қорытынды

 

Жеке тұлғаның дене мәдениеті – оның ішінде жеңіл атлетика нақты тарихи құбылыс. Оның ілімдік ағыны халықтық және спорттық педагогика болып табылады. Парасаттылық ойлары мен жалпы адамзаттық құндылықта құрылған, салауатты өмір салты және денсаулықты нығайтуды бағдарлау, жеке тұлғаның жалпы мәдениеттің бір бөлігі сияқты нақты феноменалдық қалпын түсінуден шығып жастарды дене мәдениетіне қалыптастыруды іске асыруды талап етеді.

Жеңіл атлетика жекеден тұлғаның жалпыға қарай ұласатын мәдениетінің құрамдас бөлігі болып, қозғалыс қызметтеріне жақсы тиімді әсер етіп және денсаулықты нығайтуға педагогикалық үрдісті бағыттаған көмегімен қалыптасқан, өзіне ағзаның функционалды мүмкіншіліктерін көтеру бірлігін жинайды, ақыл-ой және дене еңбегінің қабілеттілігін, ақылдылық қасиеті, ошіау, ынталы, тапқыр, байымды, адамгершілік қасиеті, өзін-өзі ұстау, тәртіптілік, шыншыл, батыл, шешімді, дене шынықтыру бірлігінде тану және төртіпке келу, жеке тұлғаның әр түрлі қасиетін көрсетеді.

Жастардың дене тәрбиесінің көрсеткіштерін қалыптастырудың жоғары деңгейі болып, жүгіру әдістері болып саналады, ол адамның өмірдегі негізгі кызметтері: жанұяда, мектепте, жұмыста, қоғамда, мемлекеттің міндеттерін табысты орындау үшін тұтас субъекті, адамгершілік және дене қасиеттері жан-жақты жетілген дені сау қоғамға еркін кіру шарты табылады.

Жеңіл атлетика әрекетін қалыптастырудың негізгі әдістеріне педагогикалық жүйенің негізгі бөлшектерін іс жүзінде асыру есебі кірген (мақсат, міндеттері, мазмұны, тәсілі, түрлері, әдістері мен амалдары, тапсырма) олардың бірлігі және өзара байланысы.

Жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру, денсаулықты нығайтуға бағытталған жеңіл атлетика түрлерін қызметіне және дене шынықтыру жүйесіне жастарды қатыстыру педагогикалық жүйеде көрсетілген. Осы қызметтердің бір түрінің дамуы немесе әлсіз деңгейі педагогикалық үрдісінде жастарды дене тәрбиесін қалыптастыру жүйелерін деформациялауға әкеледі.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Н.Г.Озалин‚ В.И.Веронин. Жеңiл атлетика. Дене тәрбиесi институттарына оқулық. ФиС‚ М.1972-1989ж.ж.
  2. В.А.Головин және басқалар. Дене тәрбиесi. Оқулық‚ ФиС. М.1983ж
  3. М.П.Кривоносов және басқ.жеңiлатлетикалық жаттығуларды оқыту әдiстемесi. Оқулық‚ Жоғары мектеп баспасы. Минск. 1986ж.
  4. Ж.К.Холодов. Мектептегi жеңiл атлетика. Оқытушылар үшiн оқу құралы. Фи.С. М.1993ж
  5. Т.С.Усманходжаев және басқ.мектептегi дене тәрбиесi. Оқу құралы. Ташкент‚ 1987ж
  6. Ю.Ф.Грацко және басқ.мектептегi жеңiл атлетика сабағы. Әдiстемелiк оқулық. Минск. 1989ж
  7. А.А.Гер-Овенесян. Дене тәрбиесiнiң педагогикалық негiздерi. Оқулық. ФиС. М.1978ж
  8. Ф.П.Суалов және басқ. Жас жеңiл атлет.жаттықтырушыларға оқулық. ФиС. М.1984ж
  9. Л.С.Холянков. Жаттықтырушының жеңiлатлетикадан кiтабы. Жаттықтырушы оқулығы. ФиС. М.1987ж
  10. С.М.Вайерховский. Жаттықтырушы кiтабы. Оқулық. ФиС. М.1971ж
  11. А.В.Коробов. Жеңiл атлетика мектебi. Оқу құралы. ФиС. М.1968ж
  12. И.П.Залатаев және басқ.дене тәрбиесi. Оқулық. ФиС. М.1984ж
  13. А.Н.Макаров. Жеңiл атлетика. Оқулық. “Ағарту iсi” баспасы. М.1987ж
  14. Ф.Уйлт. Жүгiру‚ жүгiру‚ жүгiру. Статья жиынтығы‚ ФиС. М.1967ж
  15. В.П.Платонов. Спорттың жаттығуды қазiргi жүйесi. Оқу құралы. “Медицина” баспасы. 1980ж
  16. Д.Каугсилмен. Жүзу ғылымы. Оқулық. ФиС. М.1975ж
  17. Г.И.Кукушкин және басқ.Дене тәрбиесiнiң советтiк жүйесi. ФиС. М.1975ж
  18. Жеңiл атлетика. Әдiстемелiк журналдар. М.1987-1988ж.ж
  19. Ә.С.Озолин. Қысқа қашықтықта жүгiру. Оқулық. ФиС. М.1986ж
  20. Л.А.Касыгаева және басқ. жүгiру. Оқу құралы. “Ағарту iсi” баспасы. Ленинград. 1962ж
  21. П.Демин. Дайындық және арнайы жеңiл атлетика жаттығулары. ФиС. М.1984ж
  22. С.М.Дедковский. Спорттық жаттығудың негiздерi. Оқу құралы. ФиС. М.1977ж
  23. Л.П.Матвеев. Спорттық жаттығудың негiздерi. Оқу құралы. ФиС. М.1977ж
  24. В.П.Филин. Жасөспiрiмдер спортының теориясы және әдiстемесi. Оқулық‚ ФиС. М.1987ж
  25. В.Б.Попов‚ В.А.Креер. Жеңiл атлетиканың секiру түрлерi. Оқулық. ФиС. М.1986ж
  26. П.Н.Гойхман. Секiру түрлерi. Оқу құралы. “Ағарту iсi” баспасы. Ленинград. 1960ж
  27. А.П.Стрижак. Жеңiл атлетиканың секiру түрлерi. Оқулық. “Денсаулық” баспасы. Киев. 1989ж
  28. В.Г.Алабин және басқ. Жеңiл атлетика тренажерлары және арнайы жаттығулар. Оқулық. ФиС. М.1976ж
  29. В.В.Петровский. Спорт және кибернетика. Оқулық. “Денсаулық” баспасы. Киев. 1987ж
  30. М.М.Сидоренко. Жеңiл атлетика. Оқулық. Минск. 1968ж
  31. Ф.П.Суслов және басқ. Қазiргi спорттық дайындықтың жүйесi. Оқулық. М.1995ж
  32. Н.Г.Озолин. Спорттық жаттығудың қазiргi жүйесi. Оқу құралы. ФиС. М.1970ж