АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Жетісу Алатауының табиғатының жалпы ерекшілектері

Жетісу Алатауының табиғатының жалпы ерекшілектері

 

ПІКІР

 

Бітіру жұмысы негізінен  кереспеден, 2 тараудан,қорытынды меке  пайдаланған әдебиеттерден  жеке  карта сызба нұсқауларынан тұрады.

Жұмысшы орындау  кезінде Аманбаев көптеген ғылыми  зерттеулермен әдебиетерді және материалдарды қолданды.

Автор І – тарауда  Жетісу Алатауының табиғатының жалпы  ерекшеліктеріне шоқталған, ашып айтқанда, ауданның географиялық       ертеуіне, және                                 мен ішкі суларына сипаттама берген.

ІІ тарауда  Жетісу Алатауының  солтүстік – орталық жотасының  жер бедерңңңңң    геоморфологиялық   типтерімен геологиялық  құрылысын  қарастырған. Зерттеу  барысында  ауданың  қазіргі жер  бедерінің  түзілу ерекшіліктерін  ғылыми  деректерді  пайдалана  отырып, түрдегі шынайы мәліметтерді келтірген.

Ауданның   геоморфологиялық  құрылысының  құрымдық  типтері мен  геологиялық құрылысым, атом  төрттік ңңңңңңңңң  қалыптасу  жағдайлармен  нақтылы  түрде  анықтап көрсеткен.

Ауданың  геоморфологиялық  типтерің бөліп  қарастырған: Олар

  • Биік таулы жер бедері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе

 

І Тарау. Жетісу Алатауының солтүстік – орталық жотасына физикалық —

географиялық сипаттама………………………………………………………………….

1.1.Жетісу Алатауының Солтүстік — Орталық жотасының орографиясы…….

1.2.Жетісу Алатауының   Солтүстік-Орталық  жотасының  геологиялық

тұрғыдан зерттелуі…………………………………………………………………………. 

1.3.Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық  жотасының тектоникалық

құрылысы………………………………………………………………………………………

 

ІІ Тарау.  Геологиялық құрылысы. Жербедерінің геоморфологиялық

типтері

2.1 Жетісу Алатауының геологиялық құрылысы

2.2.Жетісу   Алатауының Солтүстік-Орталық жотасындағы Жаңа

тектоникалық қозғалыстар

2.3.Жетісу  Алатауының   Солтүстік-Орталық жотасының Жер бедерінің

геоморфологиялық типтері

 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        Кіріспе

 

Бітіру жұмысының өзектілігі: Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде  Қытай халық республикасымен шектесетін табиғи шеп болып табылатын Жетісу Алатауын табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оны жеке табиғат аймағы ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері негіз болады:

  1. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай бір–бірінен терең тауаралы аңғарлар мен қазаншұңқырлар бөлініп жатқан орта биіктіктегі және биік қатпарлы–жатпарлы тау жоталарының басым болуы. Қазіргі жер бедерін жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен жаңғырған палеозой қатпарлы құрылымының айқындауы.
  2. Құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орнына сай құрлықтық ауа массалары басым болып, таулы, аңғарлы жер бедерінің әсерінен шұғыл континентті климаттың қалыптасуы. Батыс циркуляциясының әсерінен Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасы мол жауын –шашын түсуіне орай табиғатының сыртқы келбетін шөлді-шөлейтті, таулы далалы, таулы орманды, биік таулы субальплік және альплік ландшафтлар.
  3. Жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктеріне сәйкес тауалды далалар, қылқан жапырақты таулы ормандар мен биік таулы таулы субальплік және альплік шалғындар басым болуы.

Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының табиғатының ерекшеліктерін жан–жақты оқып үйрену жаһандану кезеңіндегі нарықтық экономикалық қатынастарға сәйкес табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып қоршаған ортаның тепе–теңдігін сақтау мәселесін шешумен қатар, қазіргі экологиялық ақуалын жақсартып адамның шаруашылық әрекетінен деградацияға ұшыраған геожүйелерді біртіндеп қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Бітіру жұмысының мақсаты:

  • жеке физикалық–географиялық провинция ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін табиғатының негізгі ерекшеліктерін айқындау;
  • ғылыми жазба деректерге сүйене отырып, қазіргі жер бедерінің сыртқы бейнесін айқындайтын геологиялық құрылысы мен табиғатының қалыптасу тарихын, пайдалы қазбаларының түзілу жолдарын анықтап, ой қорытындыларын шығару;
  • климатының қалыптасуына ішкі суларының қоректену режиміне, биіктік белдеулерінің ауысуына әсер ететін негізгі факторларға талдау жасау;
  • табиғат байлықтарын игеруге байланысты туындаған түйінді экологиялық мәселелер мен оны шешу жолдарын анықтау.

Бітіру жұмысының міндеттері:

Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының географиялық орны мен физикалық– географиялық тұрғыдан зерттелуі;

  • геологиялық уақыт ішіндегі табиғатының даму тарихын Палеозой, Мезозой, Кайназой эраларындағы палеогеографиялық, палеоэкологиялық жағдайы;
  • геотектоникалық құрылысының негізгі ерекшеліктері мен неотектоникалық қозғалыстардың қазіргі жер бедері мен пайдалы қазбаларының түзілуіне әсері;
  • климатының қалыптасуына, температура мен жауын– шашынның таралуына әсер ететін негізгі факторларды, жыл маусымдарындағы атмосфера циркуляциясының негізгі ерекшеліктер.

Ішкі суларының қоректену режимі, топырағы мен органикалық дүниесінің қалыптасуына әсер ететін орта жағдайларына, адамның шаруашылық әрекетінен қазіргі ландшафтларының өзгеруі мен оларды қалпына келтіру мәселелеріне жан – жақты талдау жасау.

Бітіру жұмысының әдістемелік-методологиялық негіздері:

Ұсынылған бітіру жұмысының теориялық негізі ретінде М.И.Давыдова мен Э.М.Раковскаяның «Физическая география СССР», Жаналиеваның редакциялық басшылығымен шыққан Қазақстан Республикасының физикалық географиясы, В.М.Чупахиннің «Физическая география Казакстана» оқулықтары басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, синтездеу, ой қорытындыларын шығару әдістері қолданылды.

Бітіру жұмысының практикалық  маңызы:

Ұсынылған практикалық жұмыстағы жазба деректер, тақырыптық карталар мен графиктік кестелерді, география мамандығының студенттері, туристік фирмалардың қызметкерлері, өндірістің жеке салаларының мамандары.

— Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны;

Бітіру жұмысы кіріспеде екі тараудан , қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының  физикалық-географиялық орыны, геологиялық құрылысы мен тектоникалық құрылысы және геологиялық зерттелу тарихы қарастырылған, сонымен қатар, геологиялық картасы   берілген.

Екінші тарауда Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының жер бедерінің геоморфологиялық типтері мен олардың таралу ерекшеліктеріне   сипаттама беріліп жер бедерін түзуші үрдістерді анықтаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Тарау. Жетісу Алатауының солтүстік – орталық жотасына физикалық –   географиялық сипаттама

 

1.1. Жетісу Алатауының Солтүстік – Орталық жотасының орографиясы

 

    Жетісу Алатауы Қазақстаның оңтүстік — шығысында орналысқан. Оның құрылысы  күрделі. Ол Солтүстік-Орталық және Оңтүстік-Орталық  жоталар тізбегінен тұрадыдан тұрады. Аталаған жоталар тізбегі  Көксу, Бұратала өзендерінің суайрығы болып табылатын Қоңыроба алқабында   түйлісіп, біртұтас тау жүйесін түзеді.Ең биік шыңы Сарқан,Лепс өзендерінің алабындағы абсолют биіктігі 4464метрге жететін Бесбақан шыңы.  Солтүстік-Орталық   жота бірінен бірі биік болып клетін басбалдақ тәрізді сатыланып келетін төбесі текшелі орқаш тау./1/

      Геологиялық  құрымы  өте  күрделі  әр түрлі болып келеді.Бұл  аймақта  палеозой қатпарлығы  айқын  көрінеді.    Солтүстік-Орталық   жотасының  ең көп тараған  девон мен карбонның  теңіздік  шөгінділері алып жатыр.Тау алды мен  тау аралық ойыстарға  кайназой  шөгінділері  жиналған.

    Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық   жотасының  жер бедері   орқаш таулы антиклимнормімен оларды бір-бірінен бөліп жатқан тау аралық ойыстар синклинормімен кзектесіп келуімен ерекшеленеді. Ол ірі жарылулармен  тиімденген, олар Жоңғар алды Балхаш маңы және  Алакөл. Мұнда жаңа техтоникалық қозғалыстарымен  сипаталады.

.  Солтүстік-Орталық   жотаның жер бедері  төрт типке  бөлінген: 1) Биік таулы  жер бедері  ; 2) Орта таулы жер бедері  ; 3) Аласа таулы жер бедері  ; 4) тау аралық ойпаттар.

Жетісу Алатауы Қазақстанның шығыс  бөлігінедегі  таулы  аймақ.Іле  аңғары мен  Алакөл  ойсыы аралығында,шығыс жақ шеті Қытай халық республикасының  солтүстік-шығыс  шекарасы өтетін  Жоңғар қақпасына дейі созылып жатыр.. Жетісу Алатауы  батыстан  шығысқа  қарай  450, солтүстіктен қарай  ені 100-125 шақырымға   созылып жатыр    Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық   жотасы   үш бөлікке  бөлінеді. Тастау, Сарқантау, Басқантау(абс.биікт.2800-3500м) Солтүстүстікке қарай  екінші  саты: Күнгей, Марқатау, Желді- Қарағай  таулары  кіреді абсолют  битіктігі 1500-2500мметр аралығында ауытқиды. Аталған тау жоталарын бірін бірі биік үш сатылы Аудаусай, Аманбөктер, Құрымбел,Теректі, Айпара-төңкеріс Лепсі, Екіаша, Ойжайлау, Сарыбөктер сыяқты тау аралық криптодепрессиялық ойыстар бөліп жатыр.  

    Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық   жотасының  жер бедері өте  күрделі, тау етегі  жазық, адыр, шоқы, тобешік  болып келеді. Сонан соң жоғары қарай  аласа  жайпақ  таулар, тобесі  қар мен мұз басқан  жоталар  жатады. Бұлардың  рельефі  биік  шыңдардан  тік  беткейлерден, аңғарлық және кқар тектес  мұздықтардан түзілген./2/

       Солтүстік-Орталық   жотаның  ең  көтеріңкі аймақтарынан, солтүстікке қарай  ені 30 шақырымға  жететін, палеогенге  дейінгі  денудациялық жазықтықтың  бір  көрінісі  ретінде Сарқан-Тентек өзендері аралығында биік  таулы үстірт  сақталынып қалды. Үстірттің  мередианальді  кесіндіде 1100 метр тереңдікте Басқан,Лепсі және Тентек өзен  алқаптары бар. Үстерттің солтүстігіндегі  биіктігі 1200 м террассалы  тектолникалық  кертпелі лепсі  ойпаты бөлінген. Үстірттен батысқа  қарай солтүстік жотаның етегінде  Аудаусай ойпаты жатыр, солтүстік  ендік  бойынша биіктігі 3100м –ге дейінгі  таулы  жүйелер Желді – Қарағай, Ақшығанақ, Көкжотамен шектелген. Үстіртен  батысқа  қарай  Сарыбұқтар(2000м) және батыстағы  жалғасы Ақши (1400м) ойпаты. Жатыр солтүстіктегі Тастау  жотасынан бөлек Айдаусай  ойпатының  батыс жалғасына. Құрымбел мен Арасан – Қапал ойпатының  солтүстік – шығысы Аманбөктер  ойысына ұласады. Олардың аралығын сарқан өзенінің аңғары бөліп жатыр. Арасан- Қапал, Теректі, Аманбөктер ойпаттары алдыңғы  сатыдағы  биіктігі 1500-2100 метр биіктік аралығында ауытқиды.  Қоңыртау,Қайрықкөл және  Марқатау  тауларымен шектелген, Балқаш маңы  жазықтығында  биіктігі 1100м Сарқан кертпешімен, батыстағы (биіктігі 1400м) Қызылағаш кертпештерімен  бөлінген. /3/

    Биіктігі 1000 метрден асатын  солтүстігінде биік таулы  үстермен шектесетін   Екіаша   және Лепсі ойыстары   орналасқан, биіктігі 1100м асуларен бөлінген. Ойжайлау ойысы  1400 метр биіктікте орналасқан. Ойыстар биіктігі 1400-2000м болатын Шатырбай, Ешкіөлмес, Үшқайың,Кеттібай-Борлы, Алмалы тауларымен  шектелген. Оның солтүстік етегінде биіктігі 900-1000м-де Төңкеріс ойысы орналасқан.Ол шығысында Ойжайлау Қараүңгір, Сарыбөктер, Ақши,Шолақ ойыстарына ұласады.  тағыда шығысында биіктігі 2000-2400 м.мі .  Солтүстік-Орталық   жотаның шығыс бөлігінде Көксуат, Күнгей (3000) жотасының солтүстік беткейлері ежелгі төрттік мұзбасуларының әсерінен түзілген  солтүстікке бағытталған перпендикуляр бағытта созылған Бесбақан, Қара-Алмалы, Арқалық деп аталатын таулармен тілімденген (2000-2500м). Ал солтүстік шығыс бөлігінде едәуір көтерілген Жабық тауы (2900м) жатыр. Бұлардан солтүстікке қарай тау аралық  Сапақ-Айпара ойысы   орналасқан. Ол биіктігі 1200-2300метр  болатын Шыбынды, Бұланбай, Қайқң, Қарасарық тауларын бір-бірінен  бөліп жатыр. Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық   жотасының  қиыр солтүстік- батыс шеті  Текелі  тауымен  аяқталған.

Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық   жотасының  шығысы биіктігі 2000метрге жететін Арпабиік тауымен аяқталады. Оның оңтүстік- шығыс шетінде тау аралық  Шолақ ойысы орналасқан./4/

    Осындай  жағдайдан  жоңғар Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық   жотасының  жер бедерін  сатыланып келуі  жақсы  байқалады. Солтүстікке қарай біртіндеп аласаратын ойыстардың  биіктік айырмалары Ақши ойысында 2000-1400 метр, Ттөңкерісте 600м дейінгі аралықта ауытқиды..

Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық   жотасының  батыс сілемдеріне: Үшқоныр,Бурақай,Лабасы,Қызылжар,Түйемойнақ,олар солтүстік – батыс бағытта созылып жатыр. Олардың әр қайсысын тау аралық криптодепрессиялық Көксу-Қаратал, Қоғалы Құрымбел  ойпаттары бөліп тұр.

   Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық   жотасының  ең биік жоталарында мәңгі мұздықтар  басып жатыр. Олардың жалпы саны 724,көлемі 1120,3 текше шақырым.  мұздықтар 12 топқа бөлінеді, оның 7  Солтүстік-Орталық   5 Оңтүстік-Орталық   жотада орналасқан.

  Бұлардың ең ірілері Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық   жотасының шегінде таралған. Олар, ұзындығы 5,5 шақырымға жететін Жамбыл , ұзындығы 8 шақырымғнан асатын  Берг мұздығынынан басталатын өзендердің   аңғарлары көбінесе терең шатқалдармен өтеді.

 

1.2. Жетісу Алатауының   Солтүстік-Орталық   жотасының

 

        Алакөл ауданының физикалық географиялық тұрғыдан зерттелу тарихы.   XX ғасырдың бірінші жартысына дейін Алакөл ауданының табиғатын физикалық географиялық тұрғыдан зерттеу баяу жүргізілді. Аймақтың табиғат жағдайы туралы алғашқы деректерді орта ғасырдағы саудагерлер жинады. Ол деректердің көбі толық емес әрі жүріп өткен бағыттарына ғана сипаттама берумен ғана шектеледі. Қазақстанның патшалық Ресейге қосылуына байланысты аймақтық табиғат жағдайлары мен байлықтарын зерттеу мәселелері қолға алына бастады.

Алакөл ауданының жер бедерін, геологиялық құрылысын оқып үйрену пайдалы қазбаларды іздестіру мен тікелей байланысты жүргізілген зерттеулерді Қазан төңкерісіне дейінгі және Кеңестік деп екі кезеңге бөліп қарастыруға болады.[1]

  Қазан төңкерісіне дейінгі кезең 1700-1917 жылдар аралықтарын қамтиды. Алакөл ауданының табиғаты туралы Патшалық Ресейдегі алғашқы жазба деректер XVIII ғасырдың басын мен 1840 -1841 жылдар аралығында Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігінің табиғатын географиялық тұрғыдан оқыр үйрену ісін белгілі орыс геоботанигі Александр Шнерк қолға алды. Ол Балқаш-Алакөл алабының табиғатын зерттеп, Жетісу Алатауы мен Аралтөбенің Флорасы жөнінде көптеген құнды деректер жинады.

  1841-1842 жылдары аралығында Г.С. Корелин Тарбағатай мен Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігіне саяхат жасап, аймақтың табиғатына физикалық-географиялық сипаттама берді. Ол өсімдіктер жамылғысын жанжақты зерттеп , түр құрамын анықтады.

1855-1858 жылдар аралығында Ш.Ш. Уалиханов Жетісу мен Қашқарияға саяхатының барысында алғаш рет Балқаш пен Алакөл ертеректе бір көл болған деген болжам айтты. Ол өз ойын көктемде еріген қар,  жаңбыр суымен толығып, аумағы артқанда екі көл бір-бірімен қосылатынын дәлелдей келе олардың араларын жазда кеуіп қалатын сорлар бөліп жатқаны арқылы дәлелдейді.

Шыңғысұлы Шоқан Уалиханов Алакөл   ойысы мен Жетісу Алатауының флорасымен фаунасына сипаттама бере отырып тау беткейлеріндегі биіктік белдеулерінің байқалатыны жөнінде өз пікірін айтып сол кезеңдегі ғалымның жетістіктеріне сай үш белдеуге бөлді. Олар: Таулы, жартылай таулы және жазық белдеу.

   1866 жылы А.Голубев Алакөл, Ұялы, Сасықкөл, Жалаңашкөл жағалауына саяхат жасады. Ол өз еңбегінде Алакөл жүйесіндегі көлдерге физикалық-географиялық сипаттама берді.

  1871 жылы Матусовский Жоңғарияның шекаралас ауданы арқылы Зайсаннан Манасқа дейін Бағыттық кескіндеу жұмыстарын жүргізді. Ол өзен бөліктеріне Тарбағатайдың  оңтүстік беткейі мен Еміл, Ырғайты, Жаманты, Тентек  өзенінің салалары жөнінде қысқаша деректер берген.

Тентек Жаманты,Ырғайты өзендері бастау алатын  Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының шығыс бөлігін   алғашқы зерттеу жұмыстары ХІХ ғасырдың екінші жартысында И.В. Мушкетов (1874), Г.Д.Романов (1879) және Р.Закржевсктердің (1892) аумақтың жекелеген бөліктеріне маршруттық зерттеу сапарларын жасағаннан кейін басталды. И.В.Мушкетовтың еңбегінде бірінші рет Жетісу Алатауының аса ежелгі құрылымы-гнейсті метаморфтық қабаты мен кристаллды тақтатастары мен бірқатар пайдалы қазбалардың пайда болуы     ( темір, мыс, қорғасын) туралы қысқаша сипаттама берілді. /6/

 1874-1890 жылдар аралығында Түркістанға белгілі геолог И.В. Мушкетов саяхат жасады. Алты  жылға созылған ғылыми экспедицияның нәтижесінде жинақталған нақты заттай дерек көздері Орта Азияның табиғаты жөніндегі маңызды деректер „Түркістан” атты іргелі еңбегіне негіз болды. Түркістан түсінігіне И.В.Мушкетов „Түркістан” немесе „Түркістан алабы“ Солтүстігінде Шыңғыстау мен Арал Ертіс суайрығының, батысында Мұғалжар мен Үстірттің шығысында Тарбағатайдың, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Памир, Тянь-Шань, Жетісу Алатауының аралығындағы Азия құрлығының ірі бөлігін алып жатқан аймақ” деген анықтама береді. [2]    1878-1879 жылдар аралығында И.В.Мушкетовтың экспедициясының құрамында болған Т.Р.Романовский Түркістанның геологиялық картасын құруға қажетті материал жинаумен айналысты.

Сол жылдар арлығында 1886 және 1893 жылдары Закржевский топограф Богданов пен бірге Еміл өзенінің аңғары мен Барлық жотасының таулы бөлігінің көзмөлшері кескіндеу жұмыстарын жүргізді. Жүргізген бақылауларының нәтижелеріне сүйеніп “Барлық таулы өлкесінің қысқаша очерктері” еңбегін жазды. 1892 жылы Р.Заваржевский Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігін тағы зерттеді. Зерттеу нәтижесінде аймақтың геологиялық-геоморфологиялық тұрғыдан аса көрнекті ғалым В.А. Обручев зерттеді. Ол аталған ойыстағы лесстің түзілуінің эолдық ғылыми болжамын ұсынды.  Ғалым өзінің шекаралық „Жоңғария“ атты еңбегінде тұрақты түрде түзілген шаң-тозаңның негізгі көзі Алакөл мен Балқаш, Жалаңашкөлдің аралықтарындағы Қарақұм, Сарықұм,сияқты сусымалы, төбелі құм шағылдар екенін атап көрсетті. Солтүстік-батыс желдері құм шағылдардан көтерілген ұсақ шаң-тозаңдардың оңтүстік-шығысындағы Барлық тауының етегіне шөктіріп лесс түзілген деген ой қорытындысын шығарады. Ол Барлық пен Шолақ тауларының аралығын бөліп тұрған Жіңішке көнтағай қолатын,  Жоңғар қақпасы деп атауды ұсынды.[3]

   В.А.Обручевтің 1907, 1914, 1940 жылдар аралығында жүргізген экспедициялық зерттеулері нәтижесінде Алакөл ойысы мен оған шектесетін Тарбағатай, Барлық-Майлы, Жетісу Алатауының геологиялық-геоморфологиялық құрылысының ерекшеліктерін анықтады. Ол ойыстың жербедерінің қалыптасуында мезозой құрылымдарының дамуы мен кайназой эрасындағы жаңа (Бірмағамбетов. Қазақстанның физикалық-географиялық тұрғыдан               зерттелуі. Алматы: Рауан 2004. 55-57б) тектоникалық қозғалыстарының нәтижесінде жүрген тік бағыттағы көтерілулер мен үзілмелі бұзылыстардың ерекше рөл атқарғаны жөнінде жан-жақты түсінік береді. Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысын зерттеу нәтижесінде мезозой мен кайназойдағы тектоникалық үрдістерді сағылулар мен созылулардың күресінің барысында алғашқысы басым болатынын айғақтайтын пульсациялық теориясын ұсынды. Бағыттық сипат алғанына қарамастан В.А.Обручевтің көптеген ой қорытындылары әлікүнге дейін өзінің маңызын жоғалтқан жоқ.  

Ол геологиялық құрылысының ұқсастығын ескеріп Барлық-Майлы таулары Жетісу Алатауының жалғасы деп санады. Жоңғар техтоникалық жарығының бойындағы Жоңғар қақпасы Жетісу Алатауын Барлық-Майлы тауларынан бөліп тұрған опырылмалы ойыс екені жөнінде дұрыс түсінік берді.

 1904 жылы Алакөл ойысының шығыс бөлігіне В. В. Сапожников экспедициясы зерттеулер жүргізді. Зерттеулердің нәтижесінде ойыспен шектесетін тау жүйелерінің орографиясы, өзен торлары мен жүріп өткен жолына қысқаша сипаттама берген «Жетісу очерктері» атты еңбегін жазды. Өз еңбегінде ғалым Алакөлдің оңтүстік бөлігінде  оңтүстік- батыстан солтүстік -шығысқа бағытталып созылып жатқан табиғи бөгеті болғаны жөнінде қызықты дерек келтірді. Оның ұзындығы 15 верст екі 20-100 саженге жеткен. Ұзын бөгет Лепсі мен Барлық -Арасынды, Бақтыны байланыстыратын төте жол болды. 12-15 жыл бұрын бөгет біртіндеп бұзыла бастады деп жазды. (В.А.Обручев. Пограничная Джунгария. І. ІІІ. Вып. –М. 1940. 50-60б.)  

     1906 жылы А.К.Мейстер  Тентек  және Лепсі өзендерінің алаптарының төменгі таскөмір кезеңіне жататын фаунаны және таскөмірдің пайда болуын анықтады. 1906-1910 жылдар аралығында Жетісу Алатауының солтүстік бөлігін В.А.Обручев (1915) зерттеу жүргізді. Оның еңбегі Жетісу Алатауының кеңестік бөлігінің геологиялық құрылысының ерекшелігін және жер бедерінің қалыптасуы туралы дұрыс түсінік қалыптастыруға көп мүмкіндік туғызды.

     1916 жылы Н.Г.Кассин басқарған (1927), П.А.Грюша, М.Ф.Крутиков, В.А.Николаев, К.Б.Терлец және А.А.Шильниковтардың атқарған еңбектері, Жетісу Алатауының солтүстік  бөлігінің тектоникасын, осы аумақтың палеогеографиясын зерттеді.

     Ұлы Қазан революциясынан кейін Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының геологиялық зерттелуі Түрксібті салумен байланысты болды. С.В. Калесник (1933) Жетісу Алатауының  Солтүстік жотасынан, Ырғайты, Жаманты  өзендерінің бастауларынан гнейстер мен гранитті-гнейстерді анықтап, сипаттама берді. Ф.А. Макаренко (1936) ортатентек Көксуат өзендерінің алабынан жоғарғы силур фаунасын анықтады және жоғарғы силур кезеңінің конгломератынан (жұмыртас) малтатас гнейстерінің жұмырланғанын кездестірді./7/.    1927 жылы Жетісу Алатауының солтүстік беткейінде  Н.Н.Горностаевтің экспедициясы жұмыс істеді. Зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасай келе, аймақта Кайназой эрасының неоген-төрттік дәуірлеріндегі неотектоникалық қозғалысынан соң екі мұзбасу жүргені жөнінде қорытынды шығарды. Ежелгі төрттік мұзбасуларының аралық кезеңінде жабын және жартылай жабын мұздықтардың қарқынды еруінің нәтижесінде Алакөл ойысындағы қалыңдығы бірнеше жүз метрге жететін моренналы жыныстардан тұратын зандрлы жазықтар түзілгендігі жөнінде өзінің ғылыми болжамын ұсынды. Ол Балқаш-Алакөл ойысының қазіргі бедері Текелі (Вюрм) мұзбасуларының қалың моренналы шөгінділерінің өңдеуі нәтижесінде түзілді деп есептеді. Н.Н.Горнастаевтің пікір бойынша Текелі мұзбасуынан соң Балқаш-Алакөл ойысы Арал-Каспий алабына қарай ашылатын ауқымды өзен аңғары болған.

     1929-1931 жылдардың аралығында Жетісу Алатауының Солтүстік беткейімен Алакөл ойысының батыс бөлігінде С.В.Калесник геологиялық-геоморфологиялық кескіндеу жұмыстарын жүгізді. Олар Алакөл ойысындағы палеогеннің қызыл түсті сазды жыныстарын зерттеді. Алакөл плитасына жататын бұл қызыл түсті саздар негізінен карбонатты гипсті жыныстардың қатарына жататынын анықтады. Төртік дәуірдің сусымалы ұсақ құмды, сазды, моренналы шөгінділеріне сипаттама берді. Жаңа тектоникалық қозғалыстарға баса назар аударған ғалым экспедициялық зерттеу нәтижесінде төрттік дәуірдің шөгінділердің жарып жатқан бірнеше тектоникалық жарықтарды анықтады.

КСРО Геология комитетінің Жерасты сулары бөлімінің қауылысына сай 1931 жылы Б.К.Терлецкийдің экспедициясы Солтүстік Жетісуда гидрогеологиялық барлау жұмыстарын жүргізді. Барлау жұмыстары нәтижесінде Алакөл ойысына қысқаша физикалық – географиялық сипаттама берді. Автор Балқаш – Алакөл ойыстарының тектоникалық құрылысы мәселелеріне баса назар аударып, ойыстан дизьюктивтік дислонацияның басым екенін атап өтті. Терлецкий Балқаш-Алакөл ойысын қоршап жатқан тау жүйелерінің барлығын геотектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде тік бағытта көтерілген баспалдақ тәрізді төбесі текшелі орқаш таулар Жалаңашкөл, Алакөл, Сасықкөл, көлдерінің Орталық бөлігіндегі опырмалы ойыс деген қорытындыға келді.

     1933-1934 жылдар аралығында Алакөл ойысының солтүстік шығыс бөлігінде Е.Д.Шлигиннің жетекшілігімен геологиялық топ жұмыс істеді. Геологиялық барлау жұмыстарының барысында жинақталған нақты материялдарға талдау жасай отырып Алакөл ойысы мұнайлы ауданның қатарына шығарды. Е.Д.Шлыгиннің тобы алғаш рет Алакөл ойысының солтүстік-шығыс бөлігінің 1:50000 масштабты геологиялық және геоморфолгиялық картасы құрды. Зерттеу жұмыстарын қорыта келе Е.Д.Шлыгин Алакөл ойысының Солтүстік шығыс бөлігін төменде көрсетілген төрт геоморфологиялық провинцияға бөледі. Олар:

  1. Ұсақ таулы.
  2. Арасан таулы үстірті.
  3. Жетісу Алатауының тауалды бөлігі.
  4. Ежелгі эолдық аккумляция

Ғалым өз картасында аталған аумақты провинциялар тармағына бөліп, пайда болуы жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар жер бедерінің геоморфолгиялық типтерін ашып көрсетеді. Сонымен қатар ол қалдық таулар, тектоникалық кемерлер, ежелгі жағалаулардың кемерлерін қосымша шартты белгілермен көрсетеді.

   Б.К.Терлецкий (1934) ортадевондық фаунаны анықтады және Нұрбай, Қызылталөзендерінің аңғарларындағы  құмтасты — тақтатасты қабатты девон кезеңіне жатқызды.

1934-1935 жылдары А.К.Жерденко, С.Н.Колова және С.С.Ларканың  басшылығымен Жетісу жотасының шығыс бөлігіне зерттеу-кескіндеу жұмыстары жүргізілді. 1940 жылы М.М.Юдичевтің «Жоңғар Алатауы» атты монографиясы жарияланды. Бұл еңбегінде автор сол кезеңдегі шөгінділер туралы материалды да енгізді және стратиграфияға, тектоникаға, вулканизмге, ауданның жалпы тарихи даму заңдылығына нақты сипаттама берді, сондай-ақ генезистік пайда болу және кейінгі геологиялық зерттеу жұмыстары туралы да айтты. 1936 жылы қазақ геология тобы Б.А.Афанасвевтің жетекшелігімен Алакөл ойысының оңтүстік-шығыс бөлігіне экспедиция ұйымдастырып, Юра дәуірінің көмірлі қабатына барлау жұмыстарын жүргізеді. Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде Б.А.Афанасевев Алакөл ойысының тектоникалық құрылысының сызбасын жасады. Оның ойынша Алакөл ойысы бірнеше тектоникалық жарықтардан тұратын ерекше терең Синиклиза болып табылады. Автор тасты өзеннің жайылма үсті текшелері мен Алакөлдің оңтүстік шығыс жағалауларына сипаттама берді. Афанасьевтің қорытындысы бойынша қазіргі жалаңашкөл көміралабының соншалықты практикалық маңызы жоқ болды.

1940 жылы М.М.Юдичев Жетісу Алатауының геологиялық құрылысына арналған зерттеулерінде меридианальды бағыттағы тангецианальды сығысудың (қысудың) әсерінен субендік бағытта созылған негізгі жоталар тізбегін солтүстік-шығысында Алакөл ойысы орналасқан жоңғар тектоникалық жарығы көлбеу қиып өтеді деген қорытынды шығарды.

 1945 жылдан бүгінгі таңға дейінгілерде Балқаш-Алакөл ойыстарында орта және ұзақ масштабты геологиялық кескіндулермен геофизикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу басым болды. 1945 жылы Жоңғар қақпасының маңындағы Барлық тауының етегінде М.И.Жаймин мен В.Ф.Қажыбаевтың басшылығымен Юра жасындағы Жалаңаш көл көмір алабы ашылып 800 метрге дейінгі тереңдікте терең бұрғылау жұмыстары жүргізілді.

1945-1980 жылдар аралығында жүргізілген зерттеу жұмыстарына А.А.Алексеев, И.А.Афоничев, В.А.Буш, О.А.Барзаковский, басқа да танымал геологтар қатысты. Соңғы 10-30 жылда Алакөл ойысында Оңтүстік Қазақстан геологиялық басқармасы геологиялық барлау-кескіндеу жұмыстарын жүргізді. И.А.Афоничев, Б.А.Буш және Н.И.Филатова сынды ғалым-геологтар Жоңғар Алатауы мен Балқаш-Алакөл ойысының геологиялық құрылысына жүргізген зерттеулерін жинақтап бірқатар ғылыми еңбектерін басып шығарды. Ұзақ жылдар жүргізген зерттеулердің нәтижесінде қазіргі геотектоникалық құрылысы жөніндегі ғылыми түсініктер қалыптасты.

1949 жылы Алакөл ойысының Солтүстік және Шығыс бөлігіндегі К.В.Курдюков пен И.М.Смеловскийдің басқарумен бүкіл одақтың аэрологиялық тірестің Балқаш маңы экспедициясы жұмыс істеді. Экспедицияның жұмысының нәтижесінде ауданның 50000 масштабты геологиялық картасы жасалды.    1950-1960 жылдары Жоңғар тектоникалық жарығының құрылысы мен оның Вари қатпарлы құрылымын қалыптастырудағы рольі жөніндегі әртүрлі ғылыми қөзқарас қалыптасты.

1956 жылы қазақ КСР жергілікті өнеркәсіп министірлгі Жалаңаш көл көмір кенінің қорын бағалап жаңа болашағы зор кенорындарын табу мақсатында геологиялық барлау тобын жіберді. Ізденіс жұмысының нәтижесінде 1980 жылдары Жалаңаш көл кен орында ашық әдіспен көмір өндіру ісі қолға алынды. Понтелеев, Мойсеенко, сикицин 1957: Ренгаретен 1958, Афоничев, 1960, 1967 сынды ғалымдар Жоңғар тектоникалық жарығын Вари тектоникалық аймағын палеозой ұзақ уақыт бойы шектеп тұрды деп санады. Филатова Буш басқа да геологтар Жетісу Алатауының Солтүстік шығысын көлбей өтетін Жоңғар тектоникалық шарығы жоғарғы палеозойда пайда болды деп есептейді.

 

     Ұлы Отан соғысы жылдары полиметалл және сирек кездесетін металлдардың кен орындарын зерттеу Жетісу жотасының барлық бөлігінде жүргізілді. Оңтүстік жотада  А.С.Осипов Солтүстікке — Н.М.Колпаков пен Е.В.Орлов (1941), П.П.Зотов (1941), Г.Н.Ионова (1945) зерттеу жұмыстарын жүргізді.

    1951-1955 жылдары Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігінде А.И.Семенов пен Г.В.Нехорошев жұмыс істеді. Олар жоғарғы полеозой стратиграфиялық схемасын толықтырды және аумақтың тектоникасы мен пайдалы қазбаларын зерттеді.  1953-1956 жылдары Н.А.Афаничев пен А.Е. Савичев (1958)ЖетісуАлатауының солтүстік-шығыс бөлігінің жалпы стратиграфиялық сызбасын жасады, құрылымдық-фацияльды зоналар мен  зона тармақтарына бөлді.

     Л.К.Диденко-Кислицина, Е.П.Кислицин Жаманты-Тентек өзендерінің алабында   (1965-198о) кайназой түзілімін бөлді және Жетісу Алатауының қазіргі тектоникалық құрылысын, жер бедерінің қалыптасуын зерттеді.

Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігінің жербедерінің қалыптасу заңдылықтырын зерттеуге 1960-1990 жылдардың аралығында белгілі ғалым Л.К.Диденко зор үлес қосты. Ол неоген-төрттік дәуірлерде жүрген неотектоникалық қозғалыстардың Жетісу Алатауы мен Алакөл ойысының қазіргі жер бедерін қалыптастырудағы алатын орынын жан-жақты зерттеді.

 

 

 

 

геологиялық  тұрғыдан зерттелуі 

Алматы облысына жататын Жетісу Алатауына алғашқы зерттеу жұмыстары ХІХ ғасырдың екінші жартысында А.И. Шренком (1840), А.Влангали (1851), И.В. Мушкетов (1874), Г.Д.Романов (1879) және Р.Закржевсктердің (1892) аумақтың жекелеген бөліктеріне маршруттық зерттеу сапарларын жасағаннан кейін басталды. И.В.Мушкетовтың еңбегінде бірінші рет Жетісу Алатауының аса ежелгі құрылымы-гнейсті метаморфтық қабаты мен кристалды тақтатастары қаралды және Қатутау, Қалқан, Алтынемел тауларында бірқатар пайдалы қазбалардың пайда болуы     ( темір, мыс, қорғасын) туралы қысқаша сипаттама берілді.

          1906 жылы А.К.Мейстер  Мұқыры және Лепсі өзендерінің алаптарының төменгі таскөмір кезеңіне жататын фаунаны және таскөмірдің пайда болуын (Қарасай, Мұқыры) анықтады.  1912 жылы П.А. Казанский Көксай мыс кен орнын сипаттады және Жетісу Алатауының гранитоидының варисстік кезеңі туралы өз ойын білдірді.

          1906-1910 жылдар аралығында Жетісу Алатауының Пограничный көрші шығыс ауданында (Қытай территориясында) В.А.Обручев (1915) зерттеу жүргізді. Оның еңбегі Жетісу Алатауының кеңестік бөлігінің геологиялық құрылысының ерекшелігін және жер бедерінің қалыптасуы туралы дұрыс түсінік қалыптастыруға көп мүмкіндік туғызды. /5/

          1916 жылы Н.Г.Кассин басқарған (1927), И.Горький, П.А.Грюша, М.Ф.Крутиков, В.А.Николаев, К.Б.Терлец және А.А.Шильниковтардың атқарған еңбектері, Жетісу Алатауының оңтүстік бөлігін зерттеді және стратиграфия, тектоника, вулканизмнің алғашқы жүйесі туралы сондай-ақ осы аумақтың палеогеографиясын зерттеді.

          Ұлы Қазан революциясынан кейін Жетісу жотасының геологиялық зерттелуі Түрксібті салумен байланысты болды. В.Я.Гринев (1928) Малайсары тауынан пермь кезеңінің флорасын тапты, пермь түзілімінің схемалық кескіндемесін жасады және Жетісу жотасының батыс бөлігіндегі интрузиидің пермьдік жасын анықтады. С.В. Калесник (1933) Жетісу жотасының Солтүстік жотасынан, Басқан және Тастыбұлақ өзендер бастауларынан гнейстер мен гранитті-гнейстерді анықтап, сипаттама берді. Ф.А. Макаренко (1936) Ақсу және Биен өзендерінің алабынан жоғарғы силур фаунасын анықтады және жоғарғы силур кезеңінің конгломератынан (жұмыртас) малтатас гнейстерінің жұмырланғанын кездестірді./6/

          Б.К.Терлецкий (1934) ортадевондық фаунаны анықтады және Қызылағаш өзен бассейндегі құмтасты — тақтатасты қабатты девон кезеңіне жатқызды.

          1933 жылға дейін пайдалы қазбаларды іздестіру оң нәтиже бермеді, тіпті Жетісу жотасы пайдалы қазбаларға кедей деген тұжырымдар да жасалды. К.И. Постов (1931) Хоргос өзенінің бассейні алтынды екендігін анықтап, бұдан біраз алтын алуға болады деп қорытынды жасады.

          Е.Д. Шлыгин (1936) Алакөл көлінен шығыс аумақта юра кезеңінде түзілген көмір белгілерін және осы территорияда мұнай бар екендігін болжам жасады.

          Жетісу Жотасының батыс бөлігінің қазіргі геологиялықзерттелу негізі М.М.Юдичевпен (1933-1940) байланысты. Ол 1933 жылы Текелі полиметалл кен орнын ашты және оған жоғары баға берілді. Көксу өзені бассейндегі гнейстер мен кристалды тақтатас қабаттарды М.М. Юдичев кембрийге дейінгі кезеңге жатқызды. Текелі кен орнын ол мезотермальды типке жатқызды; кеннің түзілуіне неғұрлым қолайлы жағдай туғызған әктас және аз мөлшерде тақтатас саналады, ал негізгі кен бақылау құрылымына зонаның ендік бағыттағы тектоникалық жарылыстары жатады. 1934-1935 жылдары А.К.Жерденко, С.Н.Колова және С.С.Ларка  басшылығымен Жетісу жотасының шығыс бөлігіне зерттеу-түсіру жұмыстары жүргізілді. Хоргос, Чыжын және Өсек өзендерінің алабынан молибден, вольфрам, висмут, полиметалл кендерінің қалыптасқандығы анықталды.

          1933 жылы Текелі кен орындарына және оған жақын аудандардан полиметалл зерттеу, барлау жұмыстары басталады. Кен орындарын Е.А.Немов 1935-1938 жылдары, Г.Б.Роговер 1936-1938 жылдары және Г.С.Лабазин 1937 жылы зерттеді./7/

          Е.А.Немов Текелі ауданының кен орнын зерттеді және Суықтөбе, Алмалы, Ақтөбе, Желжота, Петровск кен орындарын сондай-ақ рудалардың пайда болу жолдарын анықтады. Текелі өзені жағалауындағы құмтасты-тақтатасты қабатты,ол Текелі тастопшасы деп, ал Суықтөбе тауының  негізінен  карбонатты құрылымын-суықтөбе тастопшасы деп атады.

          Алтын-Емел жотасымен Қатутау тауынан М.С.Лизунов (1936) және Ж.А.Айталиев (1936) полиметалл және мыс рудаларының пайда болуын зерттеді.

          Жетісу жотасының солтүстік жән солтүстік-батыс жоталарына М.С.Швецов пен И.И.Лякин (1936), Ф.А. Карпенко, В.С.Карпенко, М.Г.Лякин, Н.И.Хомизури (1937), В.Д.Темофеев, Г.Д.Зиновьев, Г.И.Зубков (1939),                 Н.М.Колпаков (1941) зерттеу жұмыстарын жүргізді.

          1936-1938 жылдары Чжа және Көксу өзендерінің алаптарында И.И.Машкара геологиялық зерттеу жүргізіп, аумақтың тектоникасын және стратиграфиясын толықтыратын мол материал жинады. Ол девон кезеңінің эффузивті қабаты мен карбондық туфты қабаттарды бөлді және метаморфологиялық қабаттардың сәйкес келмейтіндігін, сондай-ақ суықтөбе және текелі тастопшаларының фауналық сипаты жоғары силур типі екендігін, фациальды аудандардың төменгі таскөмір шөгінділерін анықтады.

          1940 жылы М.М.Юдичевтің «Жоңғар Алатауы» атты монографиясы жарияланды. Бұл еңбегінде автор сол кезеңдегі шөгінділер туралы материалды да енгізді және стратиграфияға, тектоникаға, вулканизмге, ауданның жалпы тарихи даму заңдылығына нақты сипаттама берді, сондай-ақ генезистік пайда болу және кейінгі геологиялық зерттеу жұмыстары туралы да айтты./8/

          Ұлы Отан соғысы жылдары полиметалл және сирек кездесетін металлдардың кен орындарын зерттеу Жетісу жотасының барлық бөлігінде жүргізілді. Оңтүстік жотада  А.С.Осипов Солтүстікке — Н.М.Колпаков пен Е.В.Орлов (1941), П.П.Зотов (1941), Г.Н.Ионова (1945) зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жамантас және Қызыл-Тентек кен орындары құрылыс материалына ұсынылды. Іле даласында мұнай мәселесін байланысты геологиялық және геофизикалық жұмыстарды (Костенко, Волин, Мордвилко, Проводников және т.б. 1942) жүргізді.

          1949-1951 жылдары Балқаш маңы экспедициясының ВАГТ қызметкерлері М.И. Александрова, Н.А. Афоничев, А.В.Волин, Е.П.Пантелеев және М.Д.Стааль шамамен Жетісу жотасының солтүстік бөлігіне түгелдей геологиялық- түсіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ауданның стратиграфиясы мен тектоникасы нақты анықталды, көптеген пунктерде девон және таскөмірлік фауна табылды. 1950 жылы М.И.Александров, Н.А.Афоничев және А.Е.Сабичев Сарышылды  өзен алаптарынан төменгі және жоғарғы сарышылдық қорғасын-мырыш кен орнын анықтады.

          Осы уақытта Жетісу жотасының оңтүстік бөлігіндегі зерттеу және геологиялық түсіру жұмыстары Қазақ геологиялық басқарушылығымен жүргізілді. 1948-1949 жылдары Қатутау тауы мен Алтын-Емел жотасынан Б.Д.Бабичев және басқалары бірнеше шағын флюоритті және гематитті пайда болуларды анықтады.

          1950 жылы Жетісу жотасының Оңтүстік жотасында геологиялық түсіру жұмысын А.П.Чекалов жүргізді./9/

          1951-1955 жылдары Жетісу жотасында А.И.Семенов пен Г.В.Нехорошев жұмыс істеді. Олар жоғарғы полеозой стратиграфиялық схемасын толықтырды және аумақтың тектоникасы мен пайдалы қазбаларын зерттеді. Осы жұмыс негізінде 1954 жылы А.И.Семенов аумақтың геологиялық даму тарихымен металлогендік дамуын қарастырды, сондай-ақ бірінші рет аумақтың интрузивті кешені мен рудаминералды формацияның шөгінді және вулканогендік формациясы деп бөлді. Бүкіл регионды ол құрлымдық-металлогендік зона қатарына бөлді және қазбалардың жекелеген түрлерін зерттеуге ұсыныс берді.

          1953-1956 жылдары Н.А.Афаничев пен А.Е. Савичев (1958) жетісу жотасының солтүстік жотасының жалпы стратиграфиялық сызбасын жасады, құрылымдық-фацияльды зонаға және зона алдына бөлді сондай-ақ Солтүстік Жетісу жотасының геологиялық даму кезеңінің негізін қарастырды.

          1953 жылы Оңтүстік Қазақстан геологиялық басқарушылығы жоспарлы геологиялық жұмыстарың Оңтүстік және Батыс Жетісу жотасында жүргізуді бастады.

          1954 жылы С.Е.Майрин, В.Г.Севестянов және П.П. Тихонов Жетісу жотасының Оңтүстік жотасынан силур түзілімін, карбон және пермь дәуірінің барлық үш бөлігін анықтады. 1955 жылы Сары-Өзек ауданынан С.Е. Майрин мен П.П.Тихонов бірінші рет төменгі вулканогенді түзілімді флораны Г.П. Радченконың зерттеуімен бөліп қарастырды.

          1956 жылы В.А.Ботезату бұрын төменгі карбондық деп есептелінген Қатутау тауының вулканогенді-шөгінді түзілімін жоғарғы карбон мен пермь дамуына жатқызды./10/

          С.Е.Майрин, В.Д.Стеркин және т.б. (1956-1960) жұмыстарының нәтижесінде Жетісу жотасының оңтүстік бөлігінің стратиграфиялық және Қаратау тауларынан           (Солтүстік жота) силурге дейінгі гранитоидтар анықталды.

          И.И.Никитченко (1957-1960) төменгі таскөмір түзілімін бөлген сызбаны ұсынды, жоғарғы лудлов және девон түзілімдерінің фауна топтамаларын жасады, интрузивті фазаларды, гранитоидты фацияларды бөлді және олардың ыдырау уақыттарын анықтады. К.А.Азбель, Г.М.Фремд және т.б. (1958-1963) жоғарғы палеозой қабатының құрылымын зерттеді. Г.М.Фремд Оңтүстік Жетісу жотасынан вулкандық жыныстардың мынадай түрлерін игнимбриттер, лахаровты брекчилер және т.с.с. вулкандық аппараттардың қатарлық жағдайын зерттеді.

          А.М.Жиырев және т.б. (1963) Бурақой, Қаратал өзендерінің маңынан каледондық гранитоидтар сондай-ақ ақешкі өзені маңынан жоғары силурлық фаунаны анықтады. 1957-1963 жылдары Солтүстік-Шығыс Жетісу жотасында геологиялық түсіру және ізденіс жұмыстарын ВАГТ партиясы Б.В. Алабужина, Ю.В.Борзаковск, М.Н.Барцев, В.А.Буш, В.С.Войтович, Н.М.Давыдов, В.К. Дмитриев, А.Ф. Степаненко,Ю.А. Твердислав, Н.И. Филатов және т.б. басшылығымен жүргізілді. Нәтижеде ортапалеозойлық қабаттың стратиграфиялық бөлу, ауданның осы бөлігінің тектоникалық құрылымы нақтыланды, девон және таскөмір кезеңнің фауналарын толықтыратын топтамалар жасалды, Буланбай тауынан мәскеу ярусының орта карбон түзілімінің пайда болуы зерттелді.  /11/

Бұл аймақта жүргізілген 1953 жылғы геологиялық түсіру және зерттеу жұмысы барысында кен орындары мен рудалардың пайда болу жолдары көптеп анықталды. Оңтүстік Жетісу Алатауынан Көксай мыстапорфировты Біжін полиметалл және Арқарлы алтын-рудалы кен орнының (Майрин, Севастьянов 1954-1955) пайда болуы, витофирлердің өндірістік шикізаттары мырыш, мыс және алтынның пайда болу жолдары (малайсары тобы), сондай-ақ Шығыс Қатутау мысты-молибденді, жоғарғы Теректі молибденді, Қатутау мысы және т.б. анықталды. Бұрын белгілі және жаңадан пайда болған кен орындары мен рудаларда зерттеп-барлау және ревизиондық жұмыстар жүргізілді. Бұған әсіресе Текелі-Суықтөбе руда қабаты (Х.И.Мурсалимов, И.С.Бродский, В.П.Стеценко, П.А.Руденко,А.В.Орлов, И.И.Волосиков және т.б.), Көксайлық мысты (В.В. Науменко,В.В. Березовиков, М.В.Кукарена) және Арқарлы алтын рудасы (Г.Б.Левин,К.И.Груздев, Ю.Е.Яренский) кен орындарын зерттеу жұмыстары жатады; Солтүстік Жетісу жотасында алтын кенін зерттеу жүргізілуде (Е.П.Кислицин және т.б.)

          Геологиялық түсіру, зерттеу және барлау жұмысының барысы 50-жылдардың екінші жартысында аймағының геологиялық және металлогенді әртүрлі қырларын қамтитын тақырыптық зерттеуге көшті. 1956 жылы Орталық және Оңтүстік Жетісу Алатауының зерттеу тобы Қ.И.Сәтпаев атындағы геологиялық ғылыми Институттың  геологтары Б.И.Вейц, П.К.Жуков, Ю.И.Казанин, А.К. Каюпов, Н.П. Крикунова, Н.А. Розыбақиева, Н.А. Пигулевский, А.Е. Шлыгин) төменгі палеозойдың руда аралас қабатын, Көксу-Текелі руда қабатын, Текелі, Көксу, Суықтөбе кен орындарының шөгінді жыныстарының минералогиясы мен руданың геохимиясын және шамалы өзгерісті руданың петрографиясын зерттеді. Б.И.Вейц, Н.А.Розыбакиева, А.Е.Шлыгин (1956-1960) Суықтөбе және Көксу руда кен орындарының минералогиялық және геохимиялық құрамын, ал Б.И.Вейц пен Н.П.Крикунова (1960-1964) Текелі және алмалы кен орындарын зерттеді./12/

          1957 жылы Н.Н.Костенко Жетісу Алатауының оңтүстігінен ақтау тастопшасының олигоцендік жасын, ал батысынан арал тастопшасының баламасы саналған (миацен) Сарыөзек тастопшасын бөліп зерттеді.

          Н.А. Афоничев пен А.Е. Савичев өз зерттеу жұмыстарын 1958-1960 жылдары Жетісу Алатауының солтүстік бөлігінде жалғастыра отырып, орта палеозойдың стратиграфиясын нақтылады, Жедин, Кобленц, Эйфель және Живет ярустарының фауналық түзілім сипатын анықтады, Салқынбел,Сарқан және тастау тастопшаларын бөлді. Олар сондай-ақ құрылымды — фациальды зона және зона алдын белгіледі. Олардың негізгі даму  кезеңдерін регионның қатпарлы және жарылым құрылымдарына және т.б. сипаттама берді.Осы геологтардың кейінгі зерттеу жұмыстары (1960-1965) аумақтың геологиялық даму тарихына және Жетісу Алатауын геологиялық құрылымға аудандастыруға жаңа материалдар қосты./13/

          Л.К.Диденко-Кислицина, Е.П.Кислицин және т.б. (1965-1958) кайназой түзілімін бөлді және Жетісу Алатауының қазіргі тектоникалық жағдайын бірнеше қырларын және жер бедерінің қалыптасуын нақтылады.   Геофизикалық зерттеу жұмыстары Жетісу Алатауында, Алакөл және Іле ойыстарының қойнауында мұнай болуына байланысты жүргізілді.  Бұл региондағы геофизикалық және оған қатысты материалдармен Ю.А.Акопов, К.И.Волкова, В.И.Гольдшмидт, В.Д. Гульницкий, И.И.Ерусалимский, Н.М.Ефремова, Л.З.Злавдинов, В.В.Иванова, М.Г.Косой, Д.С.Кубарев, Г.А.Никитин, В.К.Поляков, Л.Г.Сафенрейтер, Ю.Л.Фокшанский және т.б. айналысты.   

           1962-1963 жылдары Қ.И.Сәтпаев атындағы геология ғылым институты және Оңтүстік Қазақстан геолгиялық басқарушылығы Жетісу Алатауының геофизикалық зерттеу материалдарына есеп беру барысында геологиялық және металлогендік мәліметтер дайындады. Осы жұмыстың нәтижесі басты жұмыстың негізгісі болып саналады.

 

1.3.  Жетісу  Алатауының   Солтүстік-Орталық   жотасының тектоникалық құрылысы

 

          Жетісу жотасының геологиялық дамуының күрделі әрі ұзаққа созылған үрдісі, оның территориялық құрылымының біртекті еместігін көрсетеді. Жетісу жотасы толықтай Қазақ қатпарлы облысына жатады.    Оның оңтүстік бөлігі каледонның консолидерленген массиві, ал солтүстігі Жетісу-Балқаштың герцин қатпарлы жүйесінің элементі болып табылады. Реглонда үш түрлі қасиетті құрылымдық кешендер анықталған: жеке геосинклинальдық, орогендік, постгеосинклинальдық.

          Жеке геосинклинальдық құрылымдық кешеннің құрамына геосинклинальдық ерте және орта даму кезеңін көрсететін төменгі және орта құрылымдық баспалдақ кіреді және оған қатпарлықтың түзу сызықтық типі тән. /14/

          Орогендік құрылымдық кешеннің құрамына орогендік даму кезеңінде қалыптасқан қатпарлы жүйеден кейінгі әлсіз дислазиренген мезозойдың және кайнозойдың қалыпты түзілістерімен аралас болып келеді. Жетісу жотасының жеке геосинклинальдық және орогендік кешендерін қамтитын эпигерциндік фундаментіне Солтүстік Жетісу жотасы, Орталық Жетісу жотасы және Оңтүстік Жетісу жотасының антиклинорийлері жатады.

          Постгеосинклинальдық құрылым кешені тауалды және тауаралық иіндерде (кешендерде) дамыған (Солтүстік Жетісу жотасының синклинорий ұзақ уақыт) Іле, Оңтүстік Балқаштың, Жетісу алды, Алакөл т.б. Солтүстік Жетісу жотасының синклинорийі ұзақ уақыт дамыған Солтүстік Жетісу жотасының терең иінді ойысының орынында қалыптасты, сонымен қатар Тастау және Сарқан құрылымдық формациондық зона территориясын қамтиды. Онда шамамен девон және төменгі таскөмір түзілімі ашық жатыр. Синклинорийдің қатпарлы құрылымдары бір мезгілде қалыптаспаған./15/

          Сарқандық құрылым-формациондық зонадағы олардың пайда болуы жоғары девондық — төменгі таскөмірлік қатпарлықта қалыптасқан. Сондай-ақ осы уақытта Тастау құрылымының негізгі элементтері орта карбонның басында басталған негізгі қатпарлықта қалыптасқан.

          Олардың ішінде Буланбай, Жанжүрек, Күнгей, Тастау синклиналі, Үйгентас антиклинальдері ерекшеленеді. Ірі қатпарлықтар ондаған шақырымға созылады. Мысалы Күнгей синклинальнің ұзындығы шамамен 60 км, ал Жанжүрек қатпарлығы одан әрі Тамшылы тауы арқылы Кетті-Байбурлы тауында 110 км-ге созылды. Қатпарлардың ені ондаған шақырымға жетеді, кейде 5-10 шақырымнан аспайды. Қатпарлардың көп бөлігі түсу бұрышы 45-80º, көбінес 60-70º түзу симетриялы.

          Ірі қатпарлықтар ұсақ қатпарлықтармен араласқан және тектоникалық бұзылу әрекеті көп бөлігінде қатпарлы құрылымының осіне сай немесе олардың үшкір бұрыштарымен өтеді.

          Тастаулық зонада негізінен орта құрылымдық баспалдақ дамыған. Синклинальдың ядросы төменгі таскөмірде пайда болып қалыптасқан. Ал антиклинальдер Тастау тас топшасының төменгі түзілім бөлігінде немесе ядросынан төменгі девон эйфельдік  ярус жыныстары анықталған.

          Орта құралымдық қатпарлық жынысының жалпы тарауына қарамастан төмен жағына қарағанда жоғарғы горизондтары біршама әлсіз дислоцириенген. Оларда неғұрлым брахи қатпарлық форманың сипаты пайда бола бастаған және құлама бұрышының жынысы неғұрлым көп.

          Сарқан зонасына ендік бағыты шамамен 250 шақырым арақашықтықтағы ірі Сарқан синклиналі тән. Оның қанаттары төменгі құрылымдық қатпарлығында пайда болған (төменгі девон-эйфельдік ярус), ал ядросы живеттік түзілім (орта құрылымдық қатпарлық). Сарқан синклиналі ұсақ қатпарлы қатпарлықпен түзілген. Кең талданған түзу қатпарлы симетриялы, көлбеулі жиі қатпарлықтар ірі құламалы қанатты болып келеді.

          Солтүстік — Жетісу синклиноридегі  құрылымдық-формациондық зона алдында Алакөл, Жоңғар, Сандықтас-Шолақ және Арасан түзілімдері қалыптасуда.  Алакөл-Жоңғар (Басты Жоңғар) түзілімі Жетісу жотасынан алшақтаған ірі аумақтық құрылым болып табылады. Мұндағы ең интенсивті қозғалыс ерте палеозой эрасына сәйкес альпілік дәуірде болып өткен және ерте герциндік шөгуі кезіңде де болуы мүмкін. Алайда құрылымдық-формациялық жағдайдың элементтері анықталмады. /16/

          Тастау және Сарқан құрылымдық-формациялық зона алдын бөліп тұрған сандықтас-Шолақ түзілімі Жоңғар қақпасынан Жоңғар алды ойысына дейін 200 км-ге созылған және батысы геофизикалық әдістермен күрделенген кайнозой түзіліміне  жалғасады. Түзілімнің созылуы 300 ден 280º аралығында ауытқиды. Кейде көлемді болып келеді. Жарылымның вертикальды орналасуы жүздеген метрді қамтиды.

          Арасан түзілімі ендік бағытта Тастау өзенінің бастауынан оның Сандықтас-Шолақ түзілімінен Үшқара тауына дейін салаланып, солтүстік батысқа бағытын өзгертіп, Балқаш маңына қарай кетеді. Бұл түзілім Солтүстік Жетісу синклинорийді Орталық Жетісу антиклинорийден бөліп тұр. Түзілім солтүстік жота көтерілген альпі дәуірінде жаңғырған.

          Солтүстік Жоңғар антиклинорийінде анық құрылымды Жоңғар және Лепсі кешендерінің интрузилері тараған. /17/

          Ултрогенезді интрузилі Жоңғар кешені (пироксениттер және серпентиниттер) Алакөл-Жоңғар түзіліміне тән. Олар бұзылулармен шектесетін ұсақ денелер түзеді. Солтүстік -Жетісу синклинорийінде гранитті интрузиялы Лепсі кешені екі белдеуде солтүстік-батыс бағыттан анықталған. Массивтер доға тәріздес болып келеді.

          Орталық Жоңғар антиклинорийі жоғарғы  Лудлауда түзілген сыртқы геосинклинальды иінді ойыста Орталық Жоңғар зона алды орнында дамыған. Бұл түзілімнің негізгі құрылым элементтері жоғарғы девон ерте таскөмір қатпарлығының пайда болуы нәтижесінде қалыптасты. Оның құрамында төменгі құрылым қатпарының жыныстары басым. Орта құрылымдық қатпар, орта кезеңде қалыптасып, орта девондық жоғарғы лудлауда түзілген қиылыспайтын бұрышты каледон құрылымдық кешенінде жатыр. Өзінің геосинклинальды даму кезеңінде Орталық Жоңғар зона алды қазіргі кезде Қапал, Желді — Қарағай және Мыңшұңқыр антиклинальдері Салқынбел, Қызылағаш және Балықты синклинальдері түрінде қалыптасып келе жатқан ішкі геосинклинальды көтерілулер мен грабен-синклинальдарымен астасып жатыр. Орталық Жоңғар антиклинорий күрделі қатпарлы құрылым түзеді. Оңтүстік, оңтүстік-батыс бағыт енеді және Мыңшұңқыр (Мыңшұңқыр антиклиналі) тауымен созылған, ал солтүстігі Желді-Қарағай, Көктасты (Желді-Қарағай антиклиналі) қамтиды және ендік бағытта Жетісу жотасының солтүстік-батыс сілемдеріне ұласады (Қапал антиклиналі).

          Төменгі каледон құрылым қатпары өзіндік интенсивті дислокациялы ұсақ қатпарлықтан қалың қатпарлыққа дейін, әсіресе интенсивті дислокация құрылымының қырлы бөлігінде, сондай-ақ антиклинорий ядросында шөккен төменгі палеозойлық жыныс неғұрлым тыныш және түсу бұрышы кейде 20-25º-тан аспайды.

          Жоғарғы Лудлов және девон түзілімі (Орта қатпарлық) түсу бұрышы 40-70º дейінгі түзу субендік бағыттағы қатпарлығы шайылған. Жоғарғы (төменгі таскөмірлік) құрылымдық қатарда брахиқатпарлар (Ақсу, Сай-Тентек өзендері бастауларының брахисинклинальдері) дамыған. /18/

          Басты түзілімі ойсыз гранитті массивімен жалғасады. Боротола синклинорийі Жоңғар-Балқаш геосинклиналь жүйесінің Боротола өлкелік сыртқы зона иінінде қалыптасқан және бір атаудағы зона алды территорияны қамтиды. Синклинорий орта құрылым қатпарының жыныстарымен араласқан және орта таскөмір дәуірінің қатпарлығында қалыптасқан. Синклинорийде әртүрлі қатпарлық типтері тараған. Түзу қатпарлы құрылым төменгі, жоғарғы девонға дейінгі кезеңде қалыптасып, Қызылжар, Лаба тауларында, Дәуренбек жотасында тараған. Жоғарғы және төменгі таскөмір құрылым қатпарлығы брахимүсінді кейде сандық тәрізді болып келеді.

          Боротола синклинорий оңтүстікте герцин және каледон консолидация облыстарын бөліп тұрған Текелі — Сайрайнор түзілімімен шектеседі. Ол субендік бағытта Текелі тау ауданынан Сайрайнор өзеніне дейін 250км аралықта оңтүстікке қарай доға тәрізді иілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Тарау.    Геологиялық      құрылысы.   Жербедерінің  геоморфологиялық  типтері

 

2.1 Жетісу Алатауының геологиялық құрылысы

 

Солтүстік Жоңғар Алатауының  геологиялық құрылысы өте күрделі және әр түрлі болып келеді. Осы аимақта  палеозой  қатпарлығы  айқын көрінеді. Палеозой  эрасында Жоңғар Алатауының территориясы  Қазақстан геосинклинальді облысының бір  бөлігі болып саналады.

        Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық   жотасының  екі  құрылымды қаптарлы геологиялық болып қарастырады./19/

  Солтүстік-Орталық   жотаың  ең көп  тараған девон мен  карбонның  теңіздік шөгінділері алып жатыр, ал  оңтүстікте  вулконогендік тас  көмір және  пермь  құрылымдарының  есебіне  тиеді.

   Тау алды және тау  аралық  ойыстарға  кайназой  шөгінілері  жинаған. Ежелгі  кайназой  шөгінділері  әсіресе су  айрықтарда, сонымен бірге кайназойға  дейінгі  пенеплендерде  сақталады.

  Мезозой  шөгінділері тау  алды  ойыстарында  дамыған, сондықтан  бұлардың  жалаңаштану аймағы  онша көп мөлшерде емес.

Төменгі палеозой  шөгінділері.Қазіргі  кезенде  төменгі  палеозойдың  қалыңдығы  Сарышабан, Суықтобе, Текелі, және жыланды кен  қабаттарында  ертедегі  вулканды жыныстардың  жатқаны  туралы пікір қазіргі  кезеңге дейін бар. (В.А. Буш). Дегенмен кейбір  геологтар (Ю.И.Казанин және т.б.( осы вулканды жыныстар өте жас орта  палеозой да болған деп айтады.

   Сарышабан кен  қабатының жыныстары  Солтүстік-Орталық   жотасының  біліктік  бөлігіндегі Үлкен және Кіші Басқан, Ақсу, Қоржын өзендері бастауында, Желдіқарағай тауларында таралған.

    Сарышабан кен  қабатының құрамы  барлық  аймақта  біркелкі  және де кристаллды алап емес, кварцит, гнейстер, слююда, мәрәмлар басым.  Солтүстік-Орталық   жотасының  Ақшығанақ өзенінің  бастауындағы кен  қабаты  кескінін Н.И.Филатова сипаттаған./20/

    В.А.Буштың  мәліметтерінде Желдіқарағай  тауларының   кен  қабаттарының құрамында мәрмәр, гнейстер, қою жасыл кварцитті-диориттер мен  тақтатастар бар.

    В.А. Буштың  мәліметтері  бойынша  Арасан тауының Сарышабан кен  қабатының  кескінінде кварцті-биотиті граниттер, биотитті кварцит, ірі кристаллды ақ мәрмәрдан тұрады. Олардың кен қабатының қалыңдығы 1100метр .

 Орта палеозой. Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының аумағында  орта палеозой  қабаттары  кеңінен  жайылған, солтүстікте және  солтүстік – шығыста жоғарғы  силурдың, девонның, төменгі таскөмірдің теңіз шөгінділері  кең таралған.

 Силур  жүйесі. Солтүстік-Орталық жотаның шығысында, төменгі девон жүйесі Салқынбел кен қабатында таралған.  Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының Желдіқарағай жотас Көкжота тауында, Салқынбел аңғарының, маңында Мыңшұңқыр  тауларында жоғарғы  силур және  төменгі  девонның  теңіздік филиті  шөгінділері  таралған. Олардың ұзындығы 150 шақырымға жетеді  ені тар.

    Желдікарағай  жотасымен Көктас  тауларындағы  Салқынбел кен қабатында  төменгі  палеозой жыныстары  таралған. Салқынбел мекенімен Ешкіөлмес тауларында жоғарғы силур жүйелері таралған. Оларды негізінен конгламератты – брекчиларқұрайды..  Салқынбел кен қабатының құрамында қалың  флиштер кіреді, жекелеген  аумақтарда  кристаллды тақтатастар  мен конгломераттардың қалың қабаттарына ұласады. Флиштердің  айнымалы ырғақ-тылығының  қалыңдығы 1-70метр аралығында ауытқиды. Ырғақтылық  шамамен  жыныстардың  гранулометриялық  және литологиялық  құрамы бойынша  өзгереді. Кәдімгі  ырғақтылық ірі  түйіршікті  құмдардан  құралып, перитпен аяқталады. Салқынбел мекенінде  флиш екі түрлі  ырғақтылығымен  сипатталады. Төменгі бөлігіндегі  ырғақтылығында сұр-қызылт құмды карбонаттар, жоғарғы  бөлігінде  тақтатастар мен әр түрлі  салюдалар бар./21/

     Салқынбел мекенінен шығысқа қарай, Желдіқарағай жотасынан,     Киікбай өзенінің  солтүстік  су  айрығында сол  сияқты  Қапал өзенінің алабында кремний жыныстары, әктасты тақтатастар қабаты конгломераттардың ішкі  формацияларында жатыр. Осы жоғарғы  силурдың органикалық қалдық қабаттары Желдіқарағай жотасы мен Қапал  өзені  алабының жоғарғы  қабатына кіреді.

 Девон жүйесі.Төменгі  девонжүйесінің  жедін қабатының шөгінділері  Басқан  және Лепсі өзендерінің бастауында  аз ғана  аумақты алып жатыр. Жедін қабаты теңіздің терригенді фациясы көрсетілген. Негізгі  кескінінде базальтті конгломераттар бар, қалындығы 130метр. Жедін шөгінділерінде карбонатты материалдар мен рифті әкстастар кең таралған..

       Кіші және  Үлкен Басқан су  айрықтарында  негізінен  қалындығы 7-9 метрге жететін орташа  жұмыр тастар конгломераттар мен кварц, гнейс, тақтатастар   жамылғысы жақсы құралған.

         Қоблан  қабаты  Жедін қабатына   қарағанда аумағы аз. Құрамы Жедін  қабатына  жақын. Мұнда алевролит, әкстастар,құмдақтар, сазды тақтатастар  көрсетілген. Қблан шөгінділерінде рифті әкстастар аз.  Ешкіөлмес  тауларында тақтатастардың, алевролиттердің, әкстасты-сазды тақтатастардың қалың қабаттары таралған. Олардың қалыңдығы 450-500метр.

           Төменгі  девонның эйфел қабаты Сарқан қабаты. Сарқан кен қабатының құрамына  сазды  алевролит, жанартаулық күл кіреді.

        Тентек және  Тастау өзендерінің алаптарында    спилит қабаты анықталған. . Сарқан кен қабатының жыныстарында тақтатастар көп. Сарқан кен қабатының  төменгі  шекарасы айқын емес, мұнда  ірі тектоникалық блок жатыр. Дегенмен  Желдіқарағай  жотасының солтүстік  етегіндегі   жарылуларда   Сарқан кен қабаты  дамыған. Қоңыртау және Қайрақкөл  тауларында  Сарқан кен  қабатында сазды-тақтатасты шөгінділерімен  жамылған. Сарқан кен қабатындағы  жыныстарда  органикалық  қалдықтары сирек. Шилікөл тауының тақтатасты  бришиден тұруы  төменгі девон  жасының шөгінділерін көрсетеді.

         Орта девон шөгінділері кең  жайылған және  эйфель мен живет қабатына бөлінген./22/

          Эйфел қабаты. Ақшығанақ тауымен Желдіқарағай тауларына  бөлінген, олардың құрамында сұр және жасыл құштастар мен  сланецтер бар. Ақшығанақ тауының  солтүстігіндегі беткейінде  эйфель төгінділері сұр – жасыл әр-түрлі қалыңдықты құм  тастардың қалыңдығы 1300 метр толығымен көрсетілген.

          Желдіқарағай жотасының батысында эйфель шөгінділері көрсетілген, оның қалындығы 50 метрге жететін сұр түстітақтатастан тұрады..

  Живет қабаты. Живет шөгінділері Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталықжотасындағы  Теректі, Қоңыртау, Қайрақкөл, Тастау тауларында, Ақши мекенінде кең  таралған. Осы қабатта  алевролит, туфтар, кремний  жыныстары, палеишікті құм тастар кіреді. Үшқайық  тауларында живет қабатында  вулкандық  материалдар  мөлшері көп дамыған.

       Қайрақкөл  тауларында  жасыл-сұр сазды және кремний – сазды сланецтер, филит кіреді./23/

       Жоғарғы девон. Жоғарғы девон шөгінділері  қабаттарға  бөлінген немесе тастау кен қабаты.  Фран шөгінділері  Қызылжар, Түйемойнақ, Текелі тауларының аз ғана  аумағын алып жатыр. Түйемойнақ  тауында көбінесе әкті – құмтастар, алевролит, алевропериттен  құралған. Кварцті  профир туфтары және құба-сұр туфоалевролит кездеседі. Қалыңдығы 270м.

      Текелі  тауында  фанс  қабатында  қалын жасыл сұр туфты  құмтастар мен  туфтар, андезитті  профериттер, алевролиттер, көнгломераттармен  бейнеленген  қалыңдығы 1600метр.Фамен қабаты. Қызылжар және  Түйемойнақ  тауларында  фамен қабаты  шөгінділері жатыр, онда  туфоконгламераттардың  қалыңдығы 60м дейің, туфоқұмтастар, бұның үстінде  палимекті  құмтастар алевролиттер және  сланецтер жатыр.                  

  Таскөмірде Жетісу жотасының орталық бөлігінде орта девонда түзілген шөгінділер қатпарланып, орталық Жетісу антиклинорийі қалыптасты. Сандықтас-Шолақ жарықтарын бойлай жүрген көтерілулер Солтүстік Жетісу жотасы иінінің оңтүстік бөлігінде қамтыды. Осы кезеңде Жетісу жотасы Балқаш геосинклинальды жүйесіне теңіздік шөгінділердің жинақталуы одан әрі жалғасты. /24/

        Таскөмір дәуірінің басында Жетісу жотасының оңтүстік бөлігі мен Шу-Іле тауларының аралығын қамтыған жанартаулы белдеудің қалыптасуы басталды. Онда андезитті-дацитті жанартаулық-шөгінді жыныстар түзілді.

        Таскөмір дәуірінің орталық бөлігі мен пермь және триастың басында орта таскөмір қатпарлануының нәтижесінде Балқаш-Жоңғар геосинклиналды кезеңі толық аяқталып, қатпарлану үрдісінің барысында тауаралық иіндерде Солтүстік Жоңғар, Баратола синклинорилері түзілді.     Осы кезеңде Жетісу жотасының орталық және оңтүстік бөлігінде блоктық ығысулар байқалды. Қатпарлану нәтижесінде тау жыныстарының ірі массаларының ығысуы қарқынды магматизм нәтижесінде метасоматикалық құбылыстар магмалану мен граниттену үрдісі байқалды.

       Орта таскөмірден бастап Жоңғар-Балқаш геосинклиналды жүйесі постинверсиялық (орогендік) кезеңде дамыды.

     Ежелгі саяз теңіздер тек Боротола иінінде ғана сақталды. Осы кезеңде Шығыс Қазақстанның батысы мен Алакөл ойысында қалың таскөмірлі қабаттар мен терригенді шөгінділер түзілді.

      Таскөмір дәуірінің ортасынан бастап солтүстік Жоңғар синклинорилерінде шеңберлі жанартаулы белдеулер қалыптасып, қарқынды вулкан атқылау әрекеті Жетісу жотасының солтүстік және Сарыарқаның шығыс бөлігін қамтыды.  Балқаш маңы Іле ойыстарындағы жанартаулы белдеудің атқылауы нәтижесінде жинақталған эффузивті жыныстардың қалыңдығы 2,5-6 шақырымға жетті. Жоғарғы палеозойдың екінші жартысынан бастап жанартау атқылау Жетісу жотасының шығыс бөлігіндегі Ебінұр ойысында жүріп, андезиттер түзілді.

      Жетісу жотасында вулкан атқылау нәтижесінде шөгінді пирокластикалық, доцитті, липоритті, андезитті, субсілтілі формациялар түзілді.  Пермь дәуірінде ірі интрузиялық массаның көтерілуінен биотитті және биотитті-роговикті алдамшы гранитті Жаман Қотыртас, Арасан, Лепсі сияқты ірі массивтер түзілді. Осы постмагмалық интрузиялық үрдіспен сирек кездесетін металдар вольфрам мен молибденнің, титан, кобальттың кендері түзілді. /25/

      Жетісу жотасының оңтүстік бөлігінде интрузивтік әрекет вулканизммен қатар жүріп, пермьнің соңында негізгі және қышқыл граниттер түзілді.

     Жоғарғы палеозойда тектоникалық әрекет бірнеше рет қайталанып, нәтижесінде Жетісу жотасының геосинклинальдық дамуы толық аяқталып, біртұтас біріккен қатпарлы белдеуге айналды.

     Мезозой мен кайнозой эрасының басында Алматы облысының аумағындағы таулы аймақтарда постгеосинклинальды режимі орнады. Таулардан тектоникалық иіндерге тасмалданып, шөгіп қалың қабат түзді де, мезозойда Балқаш-Алакөл, Іле ойыстары қалыптасты.

      Юра дәуірінде ойыстардың жеке бөліктерінде қалыңдығы 300-600 метрге жететін қалың көмірлі қабаттар түзілді (Іле, Балқаш, Жалаңаш көл, Мұқыры көмір алқаптары). Іле ойысында бор дәуірінің қабатында флорасы мен динозаврлардың сүйектері сақталған. Тұтастай алғанда мезозой эрасында салыстырмалы түрде тұрақты тектоникалық режимде өтіп каледон, герцин қатпарлықтарында түзілген Іле, Күнгей, Теріскей, Жетісу Алатауы сыртқы күштердің әсерінен денудацияланып аласарды.     Осы кезеңде үгілу қабатына қолайлы жағдайлар туды.

      Кайназойдың басында аймақта бір-бірінен айырмашылығы бар екі тік бағыттағы тектоникалық қозғалыстар жүрген облыс байқалды.

Шайылып жатқан Жетісу, Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары;

     Тау жүйелерін бір-бірінен бөліп тұрған Балқаш-Алакөл, Іле және жаңадан пайда болған Жоңғар алды ойыстары.

        Кайнозой эрасындағы облыс аумағындағы тау жүйелерінің көтерілуі мезозойдың үгілу қабатының шайылуына әсер етіп, таяз сулы теңіздердің табанында ұсақ шөгінділердің (қызыл түсті) жинақталуына әсер етті.

          Кайнозойдың басында қатпарлы элементтерінің негіздерінің иілуінен таулы аймақтарда алқапты қамтыған антиклинальды және синклинальды белдеулер қалыптасып, тауаралық иіндермен ендік бағытқа созылған жоталар тізбектері түзілді./26/

 

 

Плиоценжүйесі. Алакөл ойпатында плиоцен  шөгінділердің кескіні бұрғылау  бойынша көрсетіледі (төменен жоғары):

  1. Тығыз, аргелитәрізді қызыл-құба саз………………… 16 м.
  2. Малта тастар мен қиыршық тасты қуба –қоңыр саздар………………………………………………………….260м
  3. Қоңыр саздар………………………………………………..118м
  4. Мамта жәнге қиыршық тасты шөгінділер мен қуба саздар…………………………………………………………..347 м.
  5. Қызылжар, Айдаусай, Қарсарық, Киікпай ойпаттардында да сөз шөгінділері жатыр. Теректі және Арасан-Қапал ойпатының шөгінділері құм-тасты қызыл-сур саздар кіреді, қалындығы 22 м -60 м.

Жоғарғы планценге кіретін солтүстік Жетісу Алатауының солтүстік бөлігінің Қорғос кен қабатына қиыршық тасты конгламератар кіреді, олар Сапақ-Айпара және Төңкеріс ойыстарының кескініне де кіреді, қалындығы 30 метреден аспайды./27/

 Төрттік шөгінделер.Төменгеі төрттік мұздық шөгінділері Айдаусай ойысындаа және Мыңшұңқыр тауларында кеңінен таралған. 3000-3700 метр биіктікте мореналар жатыр. Олардағы малта тастар, саздар әлсіз құрылған материалдар кіреді.

          Палезой жыныстарының ежелгі мұзбасу кезеңдернен  қалған тастарының көлемі 0,3 м-ден-3 м-ге дейінгілер жамылған. Суайрықтардағы үйінділер 5-8 м-ге дейін жетеді.

  Моренналы шөгінділері қойтастар мен қиыршық тастар, құмар мен құмдақтар Ешкіөлмес , Ақшұнақ , Текелі, Бесбақан т.б. жоталарда дамыған. Қойтасты – қиыршық тастар және құмдақтардың қалыңдығы 12-60 мметрге дейін, саздақтың қалыңдығы 6-40 м-ге дейін.(3)

          Лес түріндегі саздақтан сүтқоректілердің қалдытарынан сүйек табылған. Б.С. Қожамқұлованың аңықталуынша бұл қалдықтар ежелгі төрттік жасында пайда болған деп сипатайды.Балқаш-Алакөл ойыстарында антропоген шөгінділерінің қалындығы 500 метрге дейін барады. Төменгі төрттіктегі шөгінділерге гоби конгламераттары кіреді, бұлар тау алды мен тау аралық ойпаттарда, су айрықтарда жақсы дамывған. Бұларда гоби конгламераттары цементтерлген қой –тасты –малтасттар,   саздақтармен жамылған, қой –тасты-малтатастардың қалындығы 6-200 метрге дейін, ал саздақ -80 метрге дейін барады.

          Ортатөрттік шөгінділеріне аллювий шөгінділері жақсы дамыған. Олар үштік және төрттік жүйелері террасаларында Қоңырбұлақ кен қабаты шөгінділерімен          жамылған. Орта төртік шөгінділері екі қабатты құрайды, оларға қой тасты – малта тас пен лесс түріндегі саздақ кен қабаты деп аталатын үшінші террасада қалындығы 80 м. Төртінші террасада Басқан кен қабатының қалындығы 130 метрге дейінжетеді. (Диденко-Кислицина 1965). Бұл кен қабаттар төрттік дәуірдің бірінші және екінші жартысында болған./28/

          Орта төрттік шөгінділерінің құрылымы ысырынды конустардың екі аккумилятивті циклі тау етегінде жақсы көрсетілген. Мұнды ірі кесек материалдары және жұмырланған материалдар да аз емес. Мұндай көрсетулер Ақсу өзендегі ысырынды конустағы кескінінде байқалады.

          Аллювилі – пролювилі шөгінділері Жетісу Алатауының шығыс бөлігінің етегінде кең таралған. Мұндағы шөгінділердің жатуы екі ырғақтылықпен көрестеіледі. Шығыс жоталардағы әр бір ырғақтылығы қиыршық және ұсақ тасты шөгінділерден жайылған.

          Жоғарғы төрттік шөгінділерінде соңғы морена шегіндегі кесекті материалдары, сазды – құмдақтарымен толтырылған  мореналардан тұрады.

Қазіргі шөгінділер.Тауларда мұздықты және флювлогляциальді құрылулар көрсетілген. Тау аралық ойыстар мен кейбір жеке аймақтардағы тау өзені аңғарларында аллювий және проллювий шөгінділері бар.

          Аллювий бірінші жайылма террасасымен өзен жайылмаларында материалдық грануламетриалық жіктелуі мен шайылуы жақсы көрсетілген. Төменгі бөлігінде ұсақ тасты және қиыршық тасты құмды-саздатармен тастырылған./29/

          Проллювий ысырылу конустарында құрылады және тау алы шлейфтерінде, олардағы шөгінділердің жиналуы уақытша су ағыны әсерінен болады. Қиыршық тасты – құмдақ материалдары проллювийдің құмды саздарымен толтырылған.

          Деллювий шөгінділері беткей мен тау етегінде жиналған. Делювийдің құрамы беткей етегінде қиыршық тасты,  құмайтты жыныстардан турады. Беткей етегінен алыстаған сайын лессті саздақты сазды жыныстарға ауысады.

          Солтүстік-Орталық жотадағы диллювидің құрылуы ортатөрттіктің соңынан қазіргі кезеңге дейін жалғасуда.

          Мұздық шөгінділер.Жоңғар Алатаудың жоғарғы биік таулы зонасында жамылған. Шөгінділердің жинақталуы ккайназой эрасының төтрттік дәуірінде басталған көрінеді және осы дәуірдің екінші жартысында қайтадан қарқынды дамуы. Осы кезеңдегі биік таулардағы эрозиялардың тілімденуі әлсіз болған.

                   Қазіргі мұз басу жотаның барлығына дерлік тараған. Мұнда әр түрлі типі: аңғарлы, карлы, шеткі аңғарлары аспалы және   шоқылардың  мұздықтары тараған. Мұз басудың үлкен топтары 4000 метрден асатын биікітіктерде орналасқан (Лепсі, Үлкен және Кіші Басқан, Қаратал және Көксу өзендерінің жоғары жақтарында).

          Жоғарғы төрттік дәуірдің басында жылыну болып өтті, осы кездегі Жетісу  Алатауының мұздықтары дерлік шегініп барады./30/

 

2.2.Жетісу  Алатауының   Солтүстік-Орталық  жотасындағы

      Жаңа тектоникалық қозғалыстар

 

          Жоңғар Алатауы альпілік жер бедері орқаш таулар мен опрылмалы ойыстардың кезектесіп келуімен ерекшеленеді. Олар: Оңтүстік Балқаш маңы, Жоңғар алды және Алакөл. Жетісу Алатауында жалпы көтерілулердің екінші кезекті құрылымы өзашыған: жоталар госрт –антиклинальдар және оларды бөліп турған грабен синклинальдар тау аралық ойыстар, сонымен қатар үшінші кезекті құрылымдар жамылғы қаптарлары.

          Бірінші кезектің негізгі құрылымдарына альпілік басты жоталардың су айрықтарындағы горст-антиклинальдары, көптеген учаскелерде полеозой антиклинорнімен сәйкес келетін Көксу –Қараталы грабен – синклиналімен бөлінген. Солтүстік жотасында Желдіқарағай, Қаратау, Күнгей, Тастау, Бұланбай горст-антиклинкальдары орналасқан. Кейбір горст антиклинальдар палеозой жасында бір аттас антиклинальдардың орнында қалыптасқан. Мысалы

 Желдіқарағай, Кейбіреулері керісінше синклинальдар  қалыптасқан, мәселен Қайрақкөл сонымен қатар грабен – синклинальдар арасында Қапал –Арасан, Сапақ-Айпара  ойыстарында да бар. Алаң орны түгелімен шайылған және де тек таудың беткейлерінде опырықтар горизонтальді болып қалыптасқан қалдықтар сақталынған. Олардың көпшілігі солтүстік беткейде көп. Батыс бағытта сынықтар саны азайған. Сатылану саны беткейлерде көп дамыған, Жетісу Алатауының Алакөл ойыстарын, Белқайың, Күнгей жоталарын қоршаған. /31/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоңғар Алатауының солтүстік бөлігі арқылы мередианальді кескені.

 

Құрастырған Л.К. Диденко-Кислицина. 1. –палеозой; 2-палеогенге  дейінгі тегістелу беті; 3-палеоген және неоген; 4- антропоген; 5-жарыла бұзылулар; 6- тектоникалық көтерілулерінің амплитудасы: І –плиоценен кейін, ІІ – антропоген кейінгі.

 

          Айдаусай бетінде сиклиналь опырғы 2000-2800 м биіктікте орналасқан, ал ойыстардың палеозой фундаменті шамамен 300-400 метр төмен. Жоғары палеоген жасындағы қалың моренналы және флювиоглецииальді материалдарының қалың қабатында сазды шөгінділері жатыр. Беткейдегі мен неогенің құмы саздақ шөгінділері бар. Ойыстан Солтүстік-Орталық  жоталардың амплитудалық көтерілуі 2300 м.

          Солтүстік ойыстардың ішінде  Сапақ-Айпара жақсы зерттелген. Оның солтүстігі мен оңтүстігінде  тектоникалық жарықтар бар. Ойыстың оңтүстік бөлігіндегі  тектоникалық жарықтардың ұзындығы  20 , ені 1 шақырымға дейін жетеді. Іргетасы теңіз деңгейінен  600-500 метр биіктікте  орналасқан.Кайназой шөгінділерінің  қалындығы 400 метр.

          Көксуат опырығы 2200-2300 метр биіктікте орналасқан. Көрінісі денудациалы жазытық, Көкмойын өзенінің су айрықтарында жалаңаш полеозой шөгінділері кездеседі. Осы бөлікте төменгі антропогеннің мореналары сақталынған және оны палеоген құмдары мен саздар жауып жатыр. Опырықты Солтүстік және Оңтүстік Көксуат жарылулары қоршаған. Күнгей жотасының беттік фундаментіне амплитудалық көтерілуі 670-700 , Тастау жотасында 1000 метр.

Құрылымның шығысындағы дамуы Алакөл — Жоңғар жарығы мен шектеледі. Балқаш маңы жазығы алдыңғы жоталарында жарықтар арқылы бөлінген.

          Жоңғар Алатауын қоршаған Алакөл, Балқаш маңы ойыстарының құрылысы  күрделі және жарықтарымен жеке биоктарға бөлінген. Сондықтан палеозой фундаменті әр түрлі тереңдіктерде жатыр. /32/

          Тау аралық ойыстардың құрылысы өте күрделі, Қарғалы гарбен синклиналі солтүстік шығыс бағытта 1400 шақырымға сзылған, оның бастыстағы ені 40, шығыстағысы 10шақырым.

          Жоңғар Алатауының жаңа құрылымдық қалыптасуы үш кезеңге бөлуге болады: 1) Орталық Жоңғардағы жазық тау антиклинальдар мен синклинальды  қатпар негізінде түзіледі; 2) Майысу амплитудаларының көбеюі мен жаңа солтүстікке, шығысқа, батысқа қарай ерте пайда болғандардың тереңдеуі. 3) Дедьюктивті тектониканың палеозой фундаментінің  деформацияға ұшырағанан пайда болуы 4 тектоникалық фазаға бөлінеді. Палеоген – миоцен фазасы палеогенге дейінгі денудациялық беттің майысудын әкеледі.

          Жетісу Алатауының біліктік  бөлігінде 500 метр биіктікке дейін антиклинальдар пайа юолды және оларды бөлетін Көксу –Бураталы ойысы. Күшті жоғарғы плиоценді хоргас тектоникалық фазасы 1900-2100 м-ге көтерілген.

          Жетісу Алатауының солтүстік және шығыс бөлігінде көтерілу амплитудасы 200-300 метр болады. Көтерілулер жотаның екінші тармағын қалыптастырды, мәселен Желдіқарағай, Ақшығанақ, Тастау.

          Күшті Жоңғар фазасы орта антропогенде ауданды көтерілуге ұшыратты, алдымен төменгі антропогенде бұл зоналар әлі қалыптаспаған  облыстары болып саналады. Батыста бұл фаза үстірттердің көлемін ұлғаюымен қатар жаңа көтерілулерді туғызды (Сарыбастау , Қызылжар және т.б.) және солтүстікте жаңа тектоникалық құрылымдар пайда болды- Лепсі,Ойжайлау, батыс бөлікте Сапақ-Айпара, Төңкеріс опрылмалы ойысты  синклейнальдары, сонымен қатар оларды бөліктін горст – антиклинальдары пайдаболды.

          Соңғы тектоникалық қозғалыстар болғанда орта антропогендік тау алдында ысырылу конустарының шеттері көтерілді.

          Жетісу Алатауында жарылулар үш бағытта айқын көрінеді. Солтүстік-шығыс немесе шығыс –солтүстік – шығыс, солтүстік батыс.  Жарықтардың рөліне қарап, олардың герциндік шөгінділер жинақталғанға дейін пайда болғандығы білінеді./33/

          Геосинклинальді құрылым элементтері және қатпарлы құрылымдар көп жағдайда бұынан қалғандығын көрсетеді. Мысалы,Солтүстік Жоңғар және Бортал ойыстарында синкипорий қалыптасқан.

          Тектоникалық қозғалыстар әлі жалғасуда, оған дәлел антиклинальдің қатарлары, кей жердердегі жарылуы, ежелгі жыныстардың қозғалуы және т.б. (Курдюков; 1953; Афоничев, 1960; Диденко-Кислицина, 1964, 1965).

          Сонымен Солтүстік тянь-Шань орогенді зонасы екі ірі күмбезді көтерілуге бөлінеді: 1) Жоңғар; 2) Солтүстік тянь. Бұл көтерілуре тілімдеген рельефті таулар болып табылады.

          Бұл жерлердегі су айрықтарда неогенге дейінгі тегістелу беттерінің қалдықтары сақталған.

 

2.3.Жетісу  Алатауының   Солтүстік-Орталық   жотасының

Жер бедерінің геоморфологиялық типтері

 

 Солтүстік Жоңғар Алатауында көтерілеулері солтүстік –батыс бөлігі жарықтарға ал ендік бағытта созылған, жер бедерінде тектоникалық кертпештер мен шектелген опырындыларға бөлінген. Бұған Үйгентас, Лепсі, Сапақ-Айпара ойыстары жатады. Солтүстік Жоңғар 2000 метрден-3000 метрге дейін көтерілген. Басты Жоңғар жарығы айқын бөлінген. Бұл жарық субендік бағытта шамамен 500 шақырымға  созылып жатыр.

          Балқаш көлінен оңтүстікке қарай орогенді зонаның етегіне дейін Балқаш ойпатына бөлінеді. Бұндағы ірі тектоникалық құрылым 900 м-ге жетеді./34/

          Алакөл сыртқы орогенді ойпаты оңтүстіктен Жоңғар жарығымен шектелген. Бұл жер бедерінде  тау аралық ойыс екені айқын көрінген. Бұл ойпаттың оңтүстігі тік болып келген. Бұл жерде неотектоникалық майысу амплитудасы – 1000 және оданда жоғары биіктікте  болады.

          Солтүстік Жоңғар Алатауының морфоскульптурасын қарастыралық. Морфоскульптура негізінен экзогенді процестер әсерінен құрылады. Осы аймақтың морфологиялық және генетикалық формаларының таралуы орографиялық сызба-нұсқада көрсетілген. Территорияда флювиальді, мұздықты,  аридті, денудациялы беткейлі болып көрсетілген.

          Морфоскульптура жердің дамуында әр түрлі жастағы геоморфологиялық кездерде дамыған, сонымен осы территорияның морфоскульптурасына сүйене отырып, төрт геоморфологиялық рельеф типтеріне бөлеміз: 1) биік таулы рельеф; 2) орташа таулы рельеф; 3) аласы таулы рельеф; 4) тау аралық ойпаттар.

 

Солтүстік Жоңғар Алатауының морфоскульптуралық сызба

(Л.К. Веселованың материалдары бойынша)

 

 Биік таулы рельеф.Неоген мен төменгі төрттік дәуір бойында болған альпі орогенезінің нәтижесінде үгіліп тегістелген рельефтің орнында жоғары көтеріліп тейстелу беттерінің түрі өзгерген, қазіргі биік таулы рельеф пайда болды. Бұл аймақ 3000 метр биіктікте жатыр. Рельеф интенсивті эрозионды тілімденуімен ататталады, үшкір грабендермен, еңкіш –тасты грабен және еңкіш- тасты беткейлермен.

          Жоталардың көтерілуі нәтижесінде мұздық пішіндері жақсы дамыған.

          Жоңғар Алатаудағы қар сызығы солтүстік –батыстан солтүстікке шығысқа қарай көтеріледі, беткейлері 3300-3500 метр. Биік тауға жотаның орталық бөлігі кіреді. Бірінші типті – биік таулы тейстелу – беттігі өте кең аумақты дамуымен сипаталады. /35/

          Бұған мұздықтар мен фирндер және бұдан үшкір шыңды биік грабендермен тасты беткейлері кіреді. Дегенмен мұндағы жайпақ мұздықтарда денудациялық жазықтықтық көрінісі бар.

          Альпілік жарылулар кеңінен дамыған денудациялық тілімденуден тектоникалық кертпештер бар. Беткей мен өзеннің жоғары бөлігінде кар мен цирк дамыған. Алқаптардың жоғарғы бөлігі трог тәрізді болып сипатталады. Мұздықтарда әр түрлі рельеф пішінділері және төбешікті мореналар жиектелген. Кейде соңғы мореналар мен цир, кардан сынған материалдар жылжып гравитациялық тасқындар жолақ түрінде көрінеді.

          Биік таулы рельефте механикалық үгілу қорқынан опырылулар кесек шөгінділері кеңінен таралған , осы себептерден әр түрлі бөгетті өзендер құралған, мысалы тентек өзеннің жоғары жағында.

          Ежелгі неогенге дейінгі денудациялывқ жазықтар және олардың қалдықтары биік таудың 3600-3800 метр биіктіктен көрінеді.       Ежелгі және қазіргі мұздану аудандарындағы рельефте мұздықты жоталар мен тау аралық ойпаттар да дамыған. Мұзды рельеф пішіндері әр түрлі процестерден мұздықты экзарациямен аккумиляция болады. Жоңғар Алатаудындағы мұзды рельефтер мұзданудың төрт дәуірінен өткен, төменгі антропоген, орта антропоген және қазіргі. /36/

          Таулы аймақтың геоморфологиялық құрылымын көп жылға зерттеулердегі көрсеткіштерде осы антропоген кезінде таудың морфоструктуралық құрылуындағы аридті зонасын мұздардан еріген сулардың рөлін өзгертуде. Қазіргі дәуірдегі олардың көлемі азаюда. Мұздың морфоструктурасының дамуы тек мәңгі мұздық зонасының қазіргі жағдайы ғана емес, сонымен бірге ежелгі және палеоклимат жағдайларынада байланысты болады, оларда дамыған гипсометриялық деңгейлерін 3-ке бөлінеді және олардағы мұздың морфоструктурасының дамуы әр түрлі жаста. Төменгі гипсометриялық деңгейінде өзен аңғарларында орналасқан аккумилятивті және экзогендік мұзды рельеф пішіндері және де беткей алдындағы алдынғы қатарлы жоталар (1200м-ден -1800-200 м), екінші деңгейге гипсометриялық деңгей бойынша орташа таулар, қазіргі орманды –шалғынды белдеуі және булардан жоғары деңгейі мәңгі мұзды белдеу.

          Ежелгі антропоген морфостурктурасы мұздар процесі әрекетінен құрылған жартылай жамылған мұздануда өзен аралық жазықтарындағы пенеплен қалдықтарында ғана учаскелі мореналар изометриялық формалардың төмендеуі және де жеке үлкен валундар (мұз дәуірінен қолған тау жынысты үлкен домалақ тастар), көлденең ені 0,5 ден 10-15 м дейінгі ерекше гранитайдтар сақталған, әсіресе мұзды мүсін пішіндері Арғанаты, Биен, Үлкен және Кіші Басқан өзен бассейндерінде көрсетіледі. /37/

          Таулы алқапты мұздықтардың мұздықты морфоскульптурасы орта және жоғары антропогенде үлкен аймақта сақталған. Олар аккумутивтті және экзарациялық тип тармақтарына  бөлінеді: 1) Айдаусай, Қапал, Аралтөбе ойпатарының мореналық жазықтары; 2) орта антропогенде орта биіктіктегі таулы жоталардағы ірі өзендердің барлығында соңғы мұз басу мореналарындағы трогтар, 2500-2600 м биіктікте трогтар және цирк, хар жақсы дамыған.

          Қазақ КСР атласы бойынша (1982) мұздықтардың жалпы көлемі 1963,3 шаршы шақырымды  құрайды, соның ішінде Жоңғар Алатауның мұздығы ең көп аймақ, аумағы 1000 км2 немесе 50,0 пайызы құрайды. Мұздықтар морфоструктурасы негізінен өзен аңғарларының бастауларында құрылады. Олар әр түрлі салалары және морена, кар, трогтар көрсетіледі. Қазіргі мореналардың әр түрлі морфологиялық құрылысы: тік беткей жүйесіндегі соңғы морена, биіктігі 40 мден 50 м-ден көп тобешікті мореналардығы (көлдер) әр түрлі кіші-гірім сатылы мореналы көлдер және т.б.     Қазіргі кезде мұздардың аумағы кейін шегінуде.

Орта биіктіктегі таулы рельеф. Орта биіктіктегі таулар рельефі Жоңғар Алатауында абсолюттік биіктігі 2000-3000 метр аралығында орналасқан. Бұл рельеф типі негізінен қатты тілімдеген биік таулы рельефке ауысатын өтпелі зона болып табылады. Ол биік таулы рельефке жалғасады. Кей      жерлерде жеке массивтер құрайды: Алатай, Марқатау.  Орта биіктіктегі таулар жотаның скульптура типтеріне ысырындылар опырындылар және жылысулар жатады. Олар беткейдегі өзен аңғарларында, уақытша су айрықтарында, беткей жотасында әр түрлі гипсометриялық көрсеткіштері артады, беткей бойынша олардың ұзындығы 10метрге дейін барады. Сонымен ысырандылар Тастау және Басқан өзендері алқабында дамыған. /38/

          Мұздықты скульптурада флювиогяциальлды морфоскульптуралар бар. Олар флювиогляциалды жазықтардың алқаптарында  таралған (Қаратал мен Лепсі өзендері алқаптарында). Осы флювиогляциолды морфоскульптураға ежелгі антропоген мұздануы кіреді. Ең жас морфоскульптураға (қайта құрылуда) таулы алқаптың мұзданулары өзен алқабында шоғырланған, көрсетілген алқаптарда флювиогляциалды-гляциальды ысырынды конустар жатады. Қазіргі кезеңде жаңа морфоскульптуралар қайта құрылуда. Орташа тауларда жарылулар көп таралған, бұл жерлерде беткілік процестерінде: опырындылар, жылжыма сілемдері кіреді, рельефі эрозиянды қатты тілімдеген, тектоникалық кертпештермен жиектелген. Мәселен, Тастау және Күңгей жоталарын жағалай опырындылар, алқаптары терең шатқалдармен, ал өзен аралары үшкір тасты қырқалар көрсетілген. Олардың алқаптары мен өзендері кең жайылған, ағысы да баяу.

          Мұнда ежелгі мұз басу іздері қалған. Мысалы Тастау тауларында трогтар, цирктер, карлар сақталынған.

           Бор мен палеогенде денудацияның риликтілі морфоскульптуралық пенеплен қалдықтары сақталынған. Мысалы, Тентек және Лепсі өзендері аралықтарында, Мыңшұңқыр мен Сарқан тауларында  анық байқалады. .

          Биіктігі 2700-2900 метрден биік және одан да жоғарыдағы пенепленнің рельеф пішіндерін, қазіргі және қарлы үгілулердің даму жағдайлары, ежелгі мұздың іздері байқалады.

          Денудациалы–гравитациялық морфоскульптурадағы орта биіктіктегі тауларда үйілу процестері, тік беткейлер, территорияның сейсмикалық белсенділігіне құрылуына әсерін тигізеді. Морфоне Басқан өзен аңғарларында жылысулардың ұзындығы 0,5-0,7 шақырым және де делювиальді материалдармен жабылған. Бұл белгі бір дәрежеде беткейді бұзылудан сақтайды. Сонда да бұл жерлерде жылжымалар, көшкін бұзылуы процестерінің қалдықтары бар./39/

Аласа таулы рельеф.     Аласа таулы рельеф орта биіктіктегі таулар жиектеліп орналасқан, өз алдына абсолюттік биіктігі 1000-2000 метр аралығында массивтерді құрайды. Жоңғар Алатауының бұл типіне тегістеу рельеф формалары тән. Бұл облыста аңғарлар  Ү тәріздес көлденең профилін сақтайды, жиі эрозиялық тор құрайды. Аңғарлар мен сайлардың тереңдігі 50-100 м, беткей бұрышы 20-250. Аласа таулы рельеф типін алдыңғы рельеф типтерімен салыстырғанда эрозиялық процестер баяу, себебі салыстырмалы биіктік амплитуданың төмен болуы жауын-шашын аз болуы мен түсіндіріледі. Төменгі белдеуінде тұрақты су ағындары өте сирек, аласа таулы рельеф аридті  климатымен ерекшеленеді. Бұл аймақта жызықтық денудация жақсы дамыған.

          Солтүстік Жоңғар Алатауындағы аласа таулы рельефінде жоғарғы силур, девон-карбон төменгі карбон (құмды сланецті қабат, эффузивті туффоногенді қабат және басқалар), сонымен қатар гранидті жыныстар таралған.

          Сонымен қатар  бұл рельеф типінің таралу айағында ұсақ тектоникалық сызаттар. Аласа  таулы рельеф әр түрлі дәрежеде тілімденуемен және едәуір ежелгі пенеплен көтерілген пішіндерінің дамуымен сипатталады.

     Аласа таулы  рельефтің беткі қабатында лесс тәріздес  саздақтар, ал тереңдігі 20-30метр флювиогияциальді қой тасты-малтатастардан тұрады.

    Қазіргі кезенде антропогенді рельеф пішендерін көптеген кездестіруге болады.      Жылысулар әсіресе өзен аңғарының  беткейлерінде уақытша су ағындары аңғармарында кездеседі, ұзындығы беткейде боймай жоғары 10 метрден 100 метрге дейін. Мысалы, Тастау және Басқан өзен аңғарларында  жылысулардың  ұзындығы 0,5-0,7 шақырымға жетеді.

Тегістелу Беттері.Морфоструктуралық реликтілі-пенеплен неогенге дейінгі жазықтар бор палеоген кезеңдеріндегі денудациялық қалдық түрінде сақталған, ол 800-1000метрден 3600-3800 метірге дейінгі биіктіктерден табылады. Мысалы, тегістелу  беттері Сарқантауда, Тентек және Лепсі өзендерінің  аралығында  Мыңшұнқырда, Лепсі өзенінің бастауларында айқын көрінеді. Солтүстік Жоңғар Алатауының тегістелу беті рельефі өте  тегіс емес. Бұл жеңіл адырланған, кейде ұсақ шоқыманған, жайпақ сайлы және өзен аралық беткей тәріздес болып келеді. /40/

Тегістелу беттерінің батыс-оңтүстік –батысқа қарай көлбеу еңіштену бұрыштары 50-70 екені байқалады.

          Күшті денудацияның әсерінен борпылдақ жыныстар жамылғысы жарықшақталған тасты элювилерден тұрады.

          Эрозионды таулық рельеф типінің жасы мен генезисіне тоқталсақ, солтүстік Жоңғар Алатауының тектоникалық қозғалыстар бір рет қайталанып қайталанып қойған жоқ , палеозойға дейін басталып қазіргі кезеңге дейін басталып, жүріп жатыр мезозой және неоген дәуіріне дейінгі уақытта.

Тау аралық ойыстар.     Рельефтің бұл типі оңтүстік Қазақстан тауларының ішінде, әсіресе Жоңғар Алатауында дамыған. Тау аралық ойыстар жоталарға паралелл, негізінен ендік бағытта созылған, кейбір ойыстар биік көтерілген, қазіргі өзендері шатқалдармен тілімделген (Қапал-Арасан). Кейде олардың түбі кертештермен кесілген де, жазықтармен жалғасады кейбіреулері керісінше терең төмен түскен (Қоғалы). Енді біреулері жота етегінен жоғары жатыр (Желдіқарағай). Бұл жерде сақталған, мореналар мұздықтардың дамымағанын дәлелдейді. Төңкеріс тау аралық ойпатының бірі болып есептеледі. Бұл жерде (сақталмаған, мореналар мұздықтардың да) неоген және төрттік дәуір шөгінділерінің қалындығын 2000 м. Бұл ойпат рельефте денудирленген  керткеш түрінде көрсетілген, тектоникалық жарықпен шектелген./41/

Балқаш-Алакөл ойысында өз алдында екі ойыстан тұрады. Бұлар әр түрлі болып дамыған. Алакөл фундаменті ығысулармен бөлшектелген, тау аралық ойыс. Алакөл ойыстың оңтүстік беткейі басты Жоңғар жарығымен кесілген. Негізгі Жоңғар жарығы тар тау аралықтары 10 шақырымнан аспайтын Жоңғар қақпасы  Алакөл ойысын ішкі Жоңғарды біріктіреді. Балқаш ойысы терең және біркелкі иілмеген, кең тау алдында платформалы иілу, оның ең төмен түскен бөлігі Жетісу Алатауына қарай біртіндеп  көтеріледі. Көлдік шөгінділердің болуы төрттік дәуір бойында ойыстық режимнің ұзақ болғандығын дәлелдейді.

          Қазіргі тау аралық ойыстың беткі қабаты аллювиальді-пролювиальді жазықтармен шлейфтермен көлдін террасаларындан құрылған. Тау аралық  ойпаттардың рельефі толқынды немесе төбелі-бөктерлі болып дамыған неоген төменгі антропоген шөгінділері  бойынша дамыған.

 

2.4. Климаты және ішкі сулары.

 

  Климаты.Жоңғар Алатауының таулы және биік  қоңыржай  континентті.Ауа температурасының  жиынтығы солтүстік таулы  жүйесінде 22000 тан өзгереді, орташа тауларда 12000-қа дейін болса, биік таулы аймақта шамамен 400 -ты  және оданда аз болады. Орташа таулар мен аласа тауларда қысы құрғақ, жазы жылы. Биік таулы аймағында қысы құрғақта, жазы салқын. Жауын-шашын тау алдында жылына 300 мм ден 800 мм ге дейін жауса,ал биік тауда оданда көптүседі. Жоңғар Алатауының солтүстік беткейінің аласа тау зонасының климатына сипаттаманы Лепсі метеостанциясының мәлеметтерінп алуға болады (абсалюттык биіктігі 1011м). Мұнда январьдағы температура 19,1, июльде 16,80, орташа жылдық абсалюттік  ауа температурасының тт-410.  Ауа температурасының жиынтығы 100 жоғары 19250 құрайды, кезеңнің жалғасуы осы температурамен 132 күн, аязсыз кезеңі 85 күнге созылады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 532 мм-ге жетеді. Қыста таулардағы қар көшкінін  бақылап отырады, бұл деген тау ішіндегі аудандарды игеруге ауылдарға және құрылыс жолдарына кедергі жасауға мүмкін. Шамамен биіктіні 2600-2800 м-ден жоғарыда мәңгі мұздар жайылған./42/

      Батыс жоңғар провинциясы негізінен дала зонасына, ал тауалды  жартылай шөл, ылғалдылығы жетіспейді. Жылдық негізгі  маусымында жазы жылы, қысы жұмсақ болады. Ауаның температурасы 100 тан 34000-қа дейін және таудың  оңтүстік етегінде 22000тан көбірек. Осы батыс Жоңғардың оңтүстігі жылы. Қараталдағы метеостанциясының  мәліметтерінде тау етегінің  солтүстік –батыстың  абсалюттік  биіктігі 420м болса, ал жылдық  температурасы 35870 құрайды.  

     Жоңғар қақпасының  климаты континентті және құрғақ, тау етегі жартылай шөлді. Жоңғар қақпасында өте күшті өтпе желдер жиі болып тұрады. Олардың күші  70-80 м/с дейін жетеді. Егер антициклондары шығыс, солтүстік- шығыс, оңтүстік – батыс Жоңғар жотасына орналасса, онда оңтүстік- шығыс желі-евгей пайда болады. Егер жоңғар жотасының антициклоны солтүстік пен солтүстік батыста жатса, онда кері бағытты желдер, яғни сайқан пайда болады

 Гидрографиясы. Жоңғар Алатауының өзен торлары жауын-шұашын әсерінен жақсы дамыған, өзендердің көбі Балхаш пен Алакөл тұйық көліне құяды. Кейбір өзендер  биік таудан  шыққан кезде  суларын өз  шөгінділеріне  жоғалтады және батпақтану пайда болады. /43/

    Жоңғар Алатаудағы көптеген  өзендердің көзі қар  сызығынан  жоғары мұзды  аймақтан  пайда  болады( Ақсу, Басқан). Олар  көбінесе атмосфералық жауын – шаұшынмен қар мен  мұздардық  еруінен, жер асты суларымен қоректенеді. Мысалы  Биже, Көктерек т.б майда өзендер. Қыста жиналған қалын қар мен  мұздардың еру  нәтижесінде су  деңгейінің  тез  көтерілуі мен өзен суының  жайылуынан көктем мен жазда  ұзаққа  созылған су  тасқыны  болып тұрады. Қар  сызығынан  томенгі  өзендер көбінесе  жауын-шашын мен  жер асты  суларымен қоректенеді. Көптеген өзендердің су  жинау алаңы 3000км2 жетеді. (Тентек өзенінде-3300км2). Тасқын кезіндегі өзендердің су шығыны 10-20 рет көбейеді. Мысалы январдағы, Тентек өзенінің орташа шығыны 9-15 м3/сек болса, ал көктемдегі тасқын уақыты кезінде 200-360 м3/сек дейін көбейеді.

  Жоңғар Алатауынан шығатын өзендердің аңғарлары көбінесе терең шатқалдармен өтеді. Таулы аудандағы өзендердің басым көпшілігі бастауының алқабы көнсекьентті. Ендік бойынша жатқан тау аралық ойпаттардың  қиылысу  учаскелерінде  алқабы субсеквентті болып келеді. Кейбір  өзендер ( Тастау, Алдаусай,Теректі және т.б. өзендер) ойпаттардың солтүстік  бүйірін бойлаған тектоникалық сызаттарды пайдаланып тау аралық  ойпатқа келіп құяды.

   Тау  аралық  ойпаттарда өзендердің  алқабы  астау  тәрізді  пішін болып келеді, сол жердің  көтерілу  қиылысында, палеозойдық күрделі  жыныстарынан терең  аңғарлар  құрылады(Колтоков ойпатының  шығыс  бөлігіндегі Қызылтөғай өзенінде). Антиклинальді  көтерілу құрылысы  ауданында асардың саны 7-8 ге дейін барады. Тау аралық  ойпаттарда  терраса  биіктігі  бірнеше  метрден 180метірге дейін  өседі. Бәріненде солтүстіктегі Ақсу, Басқан, Тентек,ырғайты өзендері алқабының террасалары жақсы  дамыған. Өзендердің таудан шыққан кездегі құсау ағысы күрт  жоғарлап, сарқырамалар  пайда  болады.Таулардағы  өзендердің  құлау алысы 100м ден көп. Ал тау аралық ойпаттардағы өзендердің құлау 3-30м дейін азаяды, тау алды  жазығына  келгенде  олардың  құлау ағысы жазығына  келгенде олардың  құлау ағысы 6-1,5 метірге дейін азаяды./44/

         Асау аралық  ойпаттардың  ішінен тек  Коипоков  ойпатында ғана койпайда болған. Тау аралықтағы өзендер алқабы  бойында көлдерде де кездеседі олардың  дамыу мұздықты.

 Топырағы мен  органикалық дүниесі.Топырағы мен өсімдіктер жамылғысы.Солтүстік  Жоңғар Алатауының топырақ жамылғысының  тарауындағы  таулы және биік  таулы рельефіне  байланысты.

     Тауларды көшкеріп жатқан  алювилі  жазықтарды және  шалғындық  топырақтардың, құмдардың ірі  алқаптары алып жатыр. Ежелгі аллювилі биік террасаларда, сондай-ақ таулардың алдыңдағы  шөлейттердің  зонасыда сұр  топырақтар  дамыған. Биіктігі 700-1700м болатын биік тау алды мен аласа  тау алды аймағында  ашық және  қоңыр тау  каштан топырағы тараған. 1700 м биіктіктен 2000-2200 м-ге дейінгі  биіктердегі  орташа  таулардыңғ  аласа  бөліктері аумағында  шалғынды  даланың  тау қара топырағы, ал биік  бөліктерінің  аумағында, 2000-2800м биікте субальтілік  таулық – шалғындық қара  топырақ  тәрізді  топырақтар дамыған. Мұндағы 1200-1400-2000м биіктіктерде  жекелеген массивтер түрінде  таулы – ормандық  қоңырқай  топырақтар тараған. Үстірт тәрізді  шоқылармен  жоталарда едәуір оңірді таулық-шалғындық-далалық топырақтар алып жатыр. Альпілік белдеуде,2800-3400-3600м биіктіктерде таулы-шамғындық, шымтезекті және жартылай шымтезекті  қонырқай топырақтар басым. Кей  жерлерде мұнда таулық-далалық  жартылай шымтезекті  топырақтар кездеседі, олардың алып жатқан жерлері көлемді емес./45/

      Солтүстік Жоңғар Алатауының өсімдіктері де, топырақтары сияқты, биіктік зоналық заңдылықтарына бағынады. Тау жоталарының жазық алқапты жусанды,сортанды шөлдер алып жатыр, бұдан жөғарырық алқапты жұсанды –шымды – дақылды даламен аусады. Аласа таулардың аумағында биіктігі  700-900м ден 1200-1700м ге дейінгі биіктіктерде шөл жамылғысы бетеге мен бозы басым таулық шымды-дақылды дала  түрінде  көрінеді. Жөғарыда олар орташа таулы шалғынды дала мен орманға өтеді. Далалар мен жайылысы мен  шабындыққа айналасады. Мұнда  бидай, бақшалық дақылдар т.б. өсіріледі 1200-1700м биіктіктен 2000м биіктіккке дейін таулық  орманды-шалғынды –далалық зонаның аумағында жекелеген алқаптар түрінде жапырақты ормандар да кездеседі олардың құрамында жабайы жеміс ағаштары мен бұталар көп. Ормандарда долана  Тянь-Шань шетені т.б өседі. Негізінен өзен аңғарлары мен шатқалдарда сирек  ормандар учаскелері кездеседі олардың тау беткейлеріне көтерілуі  сирек.

          Жоғарыда Тянь-Шань шыршасынан тұратын қылқанды ормандар өседі. Шыршалы  ормандар орта таулық  шыршалықтар 1400 м ден 2500-2600 м-ге дейінгі  биіктердің шегінде тараған. Бұлардың ішінен мүкті, шөпті-мүкті, ьұталы биік шөпті және аралас шыршалықтар бөлінеді. Мүкті шыршалықтар солтүстік және солтүстік- шығыс экспозициадағы  таулардың тік беткейлерін алып жатыр. Олардың орман тоғайы сирек, мүк жамылғысы ғана қалың.

    Шөпті-мүкті  шыршалықтар неғұрым жайпақ  беткейлерде өседі. Олардың сүректері қалың, шөп қабаты мен мүк жамылғысы тәуір жетілген. Бұталы биік шөпті шыршалықтар сирек парк итмұрын, қарақат, кейде шетендерден  тұратын бұталар көп болады./46/

    Биік таулы  шыршалықтар 2500 м-ден жоғары биіктіктерде өсетін сирек  орман болып саналады. Бұлар өз ішінен қыналы шыршалықтар, аршалық шыршалықтар және шалғынды  шыршалықтар болып бөлінеді.

   Қыналы шыршалықтар жоңғар Алатауында, терең шатқалдардың  тұйықтарында, ғана  таралған. Аршалар оларға қарағанда шыршалықтары жақын. Шалғындық майда шөпті  шыршалықтар  Тянь-Шань шыршасының жоғарғы  шегінде өседі. Бұл көшеттер өте сирек. Жоңғар  Алатауында кей жерлерде шыршамен бірге май қарағай да кездеседі.

    Жоғарғы  белдеудерде альпілік шалғындар  қымқанды ормандар таралған белдеудің жоғарғы  биліктерінен  тұрады, мұнда – сұлы басы, бетеге, түрлі шөптен-қазтамақ, манжетка, сарғалдақ т.б кіреді. Субальтілік  шалғындары ең құнарлы жазғы жайылым болып табылады.  Альпі шалғындары, субальті шалғынынан  жоғарырақ  орналасады,әрі  мәңгілік  қарларға (айналады) дейін көтеріледі.

Мұндағы өсімдіктер жамылғысы үзік-үзік: ол қияқты-дақылды өсімдіктер мен әр түрлі әдемі шөптерге жататын сарғалдақ, қөзышешек, желайдар, көкнәр т.б. өсімдіктерден турады.

   Альпі жалғындарынан жоғары мұзды – нивальді зонаға  жататын мұздықтар, жартастар орналасқан. Мұндағы өсімдік жамылғысы жартастарке тастарға  шыққан балдырлар мен  қыналар түрінде  кездеседі. /48/

 Жануарлар дүниесі. Солтүстік  Жоңғар Алатауының төменгі дала зонасында: Саршұнақ, қөсаяқ аламан, тықан,құм тышқандары; ал бауырмен жөрғалаушылардан: жыландар, кесіркелер, тасбақалар т.б кездеседі.

         Таулық орманды-далалық зонасында; борсық, қабан, қоян т.б. құстардан көгершін, славка, қара шымшық, ақбас шымшық және т.б кездеседі.

         Қылқанды ормандарында: сілеусін,сібір елігі, орман және тас сурасы, аңкіс, қасқыр, түлкі, құстардан: клест, дубленос, самырсын т.б кездеседі.

       Биік таулы  көкалдында және  шалғынды  далада  тау текесі архар, тянь-шань аюп,марал мекендесе; құстардан улар, альпі юмкасы кездеседі.

     Ең жоғары субальті – альпі зонасында: жануарлардан қар барысы, шақылдақ, тау текесі, шақылдақ, шалғындарда  әндемекті жетісу тритоны т.б мекендейді.

Би-тарау Жетісу Алатауының солтүстік орталық жобасының  жер бедерінің  номорфологиялық пантері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Солтүстік Жоңғарда ең көп тараған девон мен карбонның теңіздік шөгінділері алып жатыр, ал оңтүстікте вулконогендік тас көмір және пермь құрылымының есебіне тиеді.

  1. Қарстырылып отырған аймақтың генезисін, морфологиясын, жасыл анықтайтын эндогенді факторлар рөлі басты орында.
  2. Жоңғар Алатауының қазіргі кезеңдегі тектоникалық ерекшеліктері; а) Тектоникалық жарылулар зоналары ендік бағытта созылуы; б) Олар Альпы тау түзілуі процесі дәуірінде және негізінен төрттік дәуірінде құрылған. в) қазіргі кезде тау түзілу процесі интенсивті түрде жалғасып отыр.
  3. Бұл зонадағы су айрықтардығы неогенге дейінгі қалдықтар қазіргі кезеңдегі рельеф типтері мен формаларының ежелгі тегістелу беті (пенеплен) кезеңіндегі қалдығы екендігі дәлелдейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер.

 

  1. Атлас Казаской ССР т.І. М, 1982.
  2. Афоничев Н.Н. №№ и металлогения Джунгарского Алатау. Алматы. 1966г.
  3. Афоничев Н.Н. Новейшая тектоника и рельеф северного склона Джунгарского Алату. Алма –ата, 1960. в.7.
  4. Веселова Л.К. Морфоскульптура гор югно-восточного Казахстана.  Современные рельефообразующие процессы на территории Казахстана. Сб. Научных статей. Изд. КазГУ. 1987.
  5. Воскресенский . Геоморфология СССР. М. 1968г.
  6. Вилисгаузова А.В. Владимиров Н.М. Рельеф Казахстана. Часть 2. Алма-ата, 1991г.
  7. Гвозденский, Николаев В.А. Қазахстан. Изд. «Мысль». М. 1971.
  8. Голоскопов В.П. Флора Джунгарсокго Алатау. Алма-ата, 1984.
  9. Диденко-Кислицина Л.К. Новейшая тектоника Джунгарского Алатау.
  10. Диденко-Кислицина Л.К. Южно-Балхашская, Лепсинская и Алакольская впадина. Геология СССР. М, 1971.
  11. Геология СССР. Т.40. 1971. М.
  12. Зенкова В.А. «Ледники Джунгарского Алатау». В.3. Алма-ата, 1959.
  13. Русско-Казахский словарь. Т.І-ІІ. Алма-ата, 1981.
  14. Сваричевская З.А. Геоморфология Казахстана и Средней Азии. М.1983.
  15. Юдичев М.М. Джунгарского Алатау Л-М,1940.
  16. Щукин И.С. Геоморфология Средней Азии. М. 1983.
  17. Юичев М.М. Альпийские движения в Джунгарскогом Алатау. «Проблемы сов. геологии», 1937, №2.
  18. Щульц С.С. Роль тектонических процессов в образовании современного рельефа Тянь-Шаня. М-Л, 1948. В.39.

19.Абдулин А.А. Геология Казахстана. Алма-Ата. Наука 1981. 312-бет.

20.Афоничев     Н.А.     Новейшая     тектоника     и     рельеф северного
склона Джунгарского Алатау. Вопросы географии Казахстана. Алма- Ата. 1960. 136-150-бет.

21.Афоничев    Н.А.,    Азбель    К.А.,    Борукаева    М.Р.   Геологическая карта СССР-(43), (44). Талды-Курган.М., 1978.146-187-бет.

23.Афоничев Н.А., Азбель К.П., Байкенев Ш.А., Борукаева М.Р., Диденко- Кислицына Л.К., Мотрин С.Е., Шлыгин А.Е. Геологическое строение.- В.кн.:   Геология   и  металлогения  Джунгарского  Алатау.   Алма-Ата, Наука, 1966, 16-144-бет.

24.Беручев Г.М., Бекшивили К.Р., Флейшман СМ. Главные типы селевых потоков    и    особенности    структурных    селей.    Изв.АН    КазССР, серия географ, 1960. №6. 24-28-бет.

25.Богданович      К.И.,      Карк      ММ.,   Корольков      Б.Я.,      Мушкетов
Д.И.Землятрессние в северных цепях Тянь-Шаня 22 декабря   1860 г. Труды Геолкома, новая серия, вып. 89. 1914.38-56-бет.

26.Беспалов   В.Ф.    Альпийская   тектоника   Южного   Казахстана.   Изв. АН. КазССР. Сер. геол. 1965.№1. 8-20-бет.

27.Бочкарев В.П., Медеуов А. Склоновые процессы в горных районах Юго-Восточного Казахстана. Инженерная геология. 1990. №6. 50-58- бет.

28.Горбунов    А.П.      Мерзлотные    явления    Тянь-Шаня.-Труды    Каз- НИГМИ, 1970,вып..39, 266-бет.

Ю.Диденко-Кислицына    Л.К.       Кайнозой.-В       кн.:       Геология       и

металлогения Джунгарского Алатау. Алма-Ата. Наука, 1966, 87-314- бет

  1. П.Диденко-Кислицына Л.К. Новейшая    тектоника    Джунгарского Алатау.   Проблемы тектонических движений   и   новейших структур земной коры. М., Наука, 1968, 117-124-бет. 12.Диденко-Кислицына   Л.К.   Новейшая   тектоника.-   В.кн.:   Геология и металлогения Джунгарского Алатау. Алма-Ата. Наука, 1966. 160-167-бет.
  2. Диденко-Кислицына Л.К.      Геоморфология,      стратиграфия      и новейшая тектоника северо-восточной части Джунгарского Алатау. Материалы по геологии и полезным ископаемым Южного Казахстана. Алма-Ата. 1965.62-91-бет.
  3. Н.Думитражко Н.В. Некоторые         вопросы         картирования селей. Геомрфология.№4, 1976, 65-70-бет.

32..Думитражко Н.В. Геологические условия образования селей в СССР. В кн.:  Материалы  V  Всесоюзного  совещания  по  изучению  селевых потоков и мер борьбы с ними. Баку. Изд. АН Азерб.ССР, 1962, 15-21-бет.

33.Жандаев М.Ж. Сели и их прогнозирование.-В.кн.: Горные геосистемы. М., 1982.204-205-бет.

34.Жандаев     М.Ж., Абрасилов     С.А.      Формирование     дельты     р. Или.М.,1987.45-64-бет.

35.Эрозионные и русловые процессы. Луцк. 1991, 101-107-бет.

36.Жандаев М.Ж. Эрозия и пространственное развитие речных долин сб.Современные      рельефообразующие      процессы      на     территории Казахстана. Алма-Ата, 1988 3-15-бет.

37.Иверонова М.И. Движение осыпей   в долине р. Чон-Кзыл-Су. Труды института географии АН СССР, т. 68, вып.4, М., 1954, 5-44-бет.

38.Иверонова     М.И.     Опыт     количественного     анализа     процессов современных денудации. Изв. АН СССР, сер. географич., вып.2, М, Изд. Наука, 1969, 13-25-бет.

39.Калецкая     М.С.,     Авсюк     Г.А.,     Матвеев     С.Н.     Горы     Юго-Восточного Казахстана. Текст к «Геоморфологической карте горных областей Юго-Восточного Казахстана «. М-б   1:1 000 000. Алма-Ата. 1945, 214-бет (каз ФАН СССР, ИГ АН СССР). 23.Колотилин Н.Ф. Деформации горных и береговых склонов в условиях сейсмических и селевых районов Юго-Восточного Казахстана. Алма-Ата. Изд. АНКаз.ССР, 1961. 155 -бет. 24.Колотилин    Н.Ф.,    Бочкарев    В.П.,    Антоненко    Э.М.,    Новицкий С.А. Инженерно-геологические        условия        предгорной        зоны Заилиского Алатау.Алма-Ата. Наука. 1967. 140-бет.

40.Колотилин       Н.Ф.,       Медеуов       А.,        Тютькова       Н.А.        О региональных закономерностях    проявления    селевых    процессов    в условиях     горных сооружений Казахского орогенного пояса. В. кн.: Горные геосистемы. М., 1982.209-210-бет.

41.Констенко    Н.Н.    Геологический    разрез  Джунгарского    Алатау    и его  полеозоологическое  обоснование.- В.кн..:Материалы  по  истории Фауны и флоры Казахстана, т.Ш. Алма-Ата. Изд. АН КазССР, 1961.38-42-бет. 27.Куликовский       К.Т.,       Эдинов       Ю.И.       Геолого-тектонические условия  формирования         селей         на         северных         склонах Заилийского     Алатау. Материалы   научно-технического    совещания по   вопросам   методике изучения прогноза селей, обвалов и оползней. Душанбе. 1970.13-18-бет.

42.Кусаинов С.А. Жалпы   геоморфология. Алматы.   «Қазақ университеті 1998. 106-235-бет.

43.Курскеев     А.К.,     Тимуш        А.В.     Альпийский     тектогенез     и сейсмогенные структуры:  (Джунгаро-Северо-Тянь-Шанский регион). Алма-Ата.   1987. 80-бет.

44.Клямзина      Г.А.,      Иванова      Т.Г.      Зависимость      интенсивности горизонтальных колебаний от крутизны склонов. Вопросы инженерной сейсмологии. Вып. 15.80-89-бет.

45.Пузырова климатическое районирования южного Казахстана. Вопросы гографии Казахстана. Вып. Алма-Ата 1962 48 т 50 с

46.Утешов А.С. Типичный для климата Казахстана внутри годовые соотношение месячных температур воздуха и атмосферных осадков. Вопросы геог. Казахстана вып.14. Алмат-ата 1968 18-20 стр.

47.Целепанов О.М. Средняя Азия: — Алма-АтаГидрометелизат 1963. 155-157.