АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Жеткіншек жаста мазасызданудың қалыпты жағдайда және ауытқуда көрініс беруі

Қазақстан  Республикасы  білім  және  ғылым  министрлігі

М.Әуезов  атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  Мемлекеттік  университеті

 

Психология  және  дефектология  кафедрасы

 

Жеткіншек жаста мазасызданудың қалыпты жағдайда және  ауытқуда көрініс беруі

 

 ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫНА

 

Шымкент – 2009

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе ………………………………………………………………………………………………………4

 

1 — бөлім. МАЗАСЫЗДАНУ  МӘСЕЛЕСІНІҢ  ТЕОРЕТИКАЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ.

1.1  Шетелдік  және  отандық  психологиядағы  мазасыздану  мәселесі……………………………………………………………………………………………………..6

1.2 Мазасыздану  ―  жеткіншектің  эмоционалды  аумағының  бұзылысы  ретінде……………………………………………………………………………………………………..12

1.3 Мазасызданудың  дамудағы  ауытқулар  кезінде  көрініс  беруінің  себептері  мен  механизмдері…………………………………………………………………..18

1.4 Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектердің  эмоционалды  аумағының  мінездемесі………………………………………………………………………….18

1.2 Сөйлеуінің  қарқыны, ырғағы  және жатықтығында бұзылысы  бар  жеткіншектердің  эмоционалды  аумағының  мінездемесі……………………23

1.4 Жеткіншек  жастағы  мазасызданудың  алдын  алу  мен  түзетудің  әдістемелік  негіздері……………………………………………………………………………….26

 

2 — бөлім. ПСИХИКАЛЫҚ  ДАМУЫ  КЕШЕУІЛДЕГЕН, ТҰТЫҒАТЫН  ЖӘНЕ  ҚАЛЫПТЫ  ДАМЫҒАН  ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ  МАЗАСЫЗДАНУЫНЫҢ  КӨРІНІС  БЕРУ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

2.1 Зерттеудің  әдістері  мен  әдістемелері.

Зерттелінушілер  құрамының  сипаттамасы………………………………………….29

2.2  Зерттеу  нәтижелерін  талдау………………………………………………………….32

2.3 Тұтығатын  балаларға  арналған  психологиялық-педагогикалық  ұсыныстар……………………………………………………………………………………………….42

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………….

ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ……………………………………………………………………………

ҚОСЫМШАЛАР…………………………………………………………………………………….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 Зерттеудің  көкейкестілігі:

 Қазіргі  таңдағы  халық  бастан  кешіп  отырған  дағдарысты  жеңудің  ең  маңызды  шарттарының  бірі ―  біздің  қоғамымыздың  интеллектуалды  ресурстарын  белсендіру  қажеттілігі  болып  отыр. Жекелеген  жағдайда, ол  адамның  өзін-өзі  және  өзге  адамдарды, қоршаған  адамдармен  қарым-қатынасын  түсіне  алу  қабілеті, тұлғааралық  қарым-қатынастарды  болжай  алу  қабілеті  ретінде  қабылданатын  қоғамдық  интеллекттің  даму  мәселесін  болжайды.

Заманауи  ғылыми  білім  тұлғаның  мазасыздану  мәселесіне  асқан  қызығушылық  танытуда. Бұл  қызығушылық  ғылыми  зерттеулерде  көрініс  беруде, онда  бұл  мәселе  психологиялық  және  өзге  де  көптеген  аспектілерде  талданып, негізгі  мәселе  болып  отыр.

Жеке  тұлғаның  қалыптасуымен  тығыз  байланыста  болатын  жеке  тұлғаның  эмоционалды-еріктік  аумағының  қалыптасуы ―  психикалық  дамуды  анықтайтын  ұзақ  және  қиын  үрдіс. Ол  қоршаған  адамдар, әсіресе  бала  тәрбиесімен  айналысатын  ересектер  тарапынан  болатын  ықпалдың  әсерімен  жүзеге  асады. Баланың  эмоционалды  аумағының  ерекшеліктерін  біле  алмайынша, олардың  әрекеттеріне  тиісінше  жауап  қайтару, сәйкесінше  жазалау  мен  мадақтау  таңдау, тәрбиені  мақсатқа  сай  басқару  қиын.

Мазасыздану ―  біздің  заманымыздың  өте  кең  тараған  психологиялық  феномені. Ол  көбіне  невроздар  мен  функционалды  психоздардың  симптомы  болып  табылады  және  де  басқа  аурулардың  синдромологиясына  енеді  немесе  жеке  тұлғаның  эмоционалды  аумағының  бұзылуының   негізгі  түрткісі  болып  табылады. Мазасызданудың  әлеуметтік  шарттандырылған  фактор  ретіндегі  мәні  Американдық  психологтар  мен  психопатологтар  ассоциациясы  өткізетін  жыл  сайынғы  симпозиумдардың  ең  алғашқыларында  атап  өтілді.

Ол  зерттеу  тақырыбын  таңдау  мен  оны  жүргізуге  негіз  болып  отыр.

Зерттеу  мақсаты: жеткіншек  жастағы  эмоционалды  мазасыздануды  қалыпты  жағдайда  және  ауытқуда  зерттеу.

Зерттеу  пәні: жеткіншек  жаста  мазасызданудың  көрініс  беруі.

Зерттеу  объектісі: жеткіншек  жаста  мазасызданудың  қалыпты  жағдайда    және  ауытқуда  көрініс  беру  ерекшеліктері.

Зерттеудің  негізгі  болжамы: жеткіншектердің  қалыпты  жағдайдағы  және  ауытқудағы  мазасыздануының  сандық  және  сапалық  ерекшеліктері  бар  деп  болжанды.

Жеке  болжамдар:

  • Психикалық дамуы  кешеуілдеген  балаларда  мазасыздану  деңгейі  қалыпты  жағдайдағы  балаларға  қарағанда  төмен.
  • Сөйлеуінің қарқыны, ырғағы және жатықтығы бұзылған  балаларда  мазасыздану  деңгейі  қалыпты  жағдайдағы    балаларға  қарағанда  жоғары.

Зерттеудің  мақсаты  мен  болжамдарына  сүйене  отырып, келесідей  міндеттер  айқындалды:

1)Мәселеге  байланысты  әдебиеттерді  талдау;

2)Зерттеудің  жалпы  концепциясын  таңдау;

3)Болжамды  тексеру  мақсатында  эмпирикалық  зерттеу  жүргізу;

4)Зерттелінушілердің  3  тобында  мазасызданудың  көрініс  беру  деңгейіне  салыстыра  талдау  жасау.

Зерттеудің  әдістемелік  негізіне  К.Гуард  концепциясы ( эмоциялардың  дифференциациясы  теориясы); психоаналитикалық  теориялар ( З.Фрейд, К.Хорни ); Ч.Д.Спилбергер  теориясы; ресейлік  психологтар  концепциясы (Захаров, И.В.Дубровина, В.Р.Кисловская, Л.И.Божович, К.С.Лебединская, В.В.Суворов, А.М.Прихожан, Н.Д.Левитов, Давыдов)  алынды.

Біз  келесідей  зерттеу  әдістерін  таңдадық: салыстырмалы, ұйымдастырушылық, стандартталған.

Зерттеудің  әдістері  ретінде:

  • Филлипстің мектепішілік  мазасыздануды  зерттеу  тесті;
  • Өзін-өзі бағалауды  зерттеу  тесті  (Ч.Д.Спилбергер, Ю.Л.Холлен).

Таңдау  құрамына  54  адам  кірді  (11-16  жас  аралығындағы  жеткіншектер). 11  жеткіншек – сөйлеуінің  бұзылысы  бар (сөйлеуінің қарқыны, ырғағы  және жатықтығы бұзылған  балалар), 18  бала – дамуы  қалыпты  жағдайда, 18  баланың  психикалық  дамуы  кешеуілдеген.

Зерттеу  жүргізу  базасы: Жетісай  қосалқы  мектеп  интернаты, мемлекеттік  мекеме  № 1  Саңырау  балаларға  арналған  мектеп  интернаты, мемлекеттік  мекеме  № 16  Мырзакент  орта  мектебі.

Тәжірибелік  маңыздылығы: қалыпты  жағдайда  және  ауытқумен  дамыған  балалардың  мазасыздану  жағдайының  салыстырмалы  талдау  жасау  жоспарында.

Жұмыс  құрылымы: жұмыс  кіріспеден, 2  бөлімнен, психологиялық-педагогикалық  нұсқаулардан, әдебиеттер  тізімінен, қорытынды, қосымшалар, 9  кесте  және  3  гистограммадан  тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 — бөлім.

МАЗАСЫЗДАНУ  МӘСЕЛЕСІНІҢ  ТЕОРЕТИКАЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ.

 

1.1  Шетелдік  және  отандық  психологиядағы  мазасыздану  мәселесі.

Эмоция  мен  сезімдер  шынайы  болмыстың  әсерлену  түріндегі  бейнеленуі  болып  табылады. К.Изардтың  «эмоциялардың  дифференциациясы  теориясында»  ұсынылған  жіктеуі  бойынша, эмоциялардың  іргелі  және  туынды  түрлері  болады. Іргелілерге:

  • қызығу-тынышсыздану;
  • қуаныш;
  • қайғыру-азап шегу;
  • таң қалу;
  • ашу-ыза;
  • жиіркенушілік;
  • жек көру;
  • қорқыныш;
  • ұят;
  • кінә жатады.

Қалғандары  туынды  эмоциялар. Іргелі  эмоциялардың  қосындысынан  құрамына  қорқыныш, ашу, кінә, қызығу-тынышсыздану  енетін  мазасыздану  секілді  кешенді  эмоционалды  күй  пайда  болады. Сонымен, мазасыздану  дегеніміз  не? Түрлі  авторлар  бұл  эмоционалды  күйге  түрлі  анықтама  береді. Тәжірибелік  психолог  сөздігінде, мазасыздану – индивидтің  қайғы-қасіретке  жауап  реакциясының  төмен  табалдырығымен  сипатталатын  қайғыдан  әсерленуге  бейімділігі: жеке  реакциялардың  ең  негізгі  параметрлерінің  бірі- деп  көрсетілген.

В.В.Суворова /28/  «Күйзеліс  психофизиологиясы»  кітабында  мазасыздануды  ішкі  тыныштық  пен  байсалдылықтың  жоғалуымен  байланысты  сипатталатын  психикалық  күй  ретінде  анықтайды  және  қорқынышпен  салыстырғанда  жеке  тәжірибе  контекстінде  мәнді  болатын  шынайы  субъективті  факторларға  тәуелділігін  анықтайды. Ол  мазасыздануды  физиологиялық  аспекті  үстем  болатын  теріс  эмоциялар  кешеніне  жатқызады.

А.М.Прихожан /22/  мазасыздануды  ұзақ  уақыт  аралығында  сақталып  тұратын  тұрақты  жеке  құрылым  ретінде  анықтайды. А.М.Прихожан  мазасызданудың  оятушы  күші  бар және  орын  басушылық  және  қорғаушылық  қызметінің  көрініс  беруі  басым  болатын, іс-әрекетті  жүзеге  асырудың  тұрақты  формалары  бар  деп  атап  өтеді. Кез  келген  өзге  де  кешенді  психологиялық  құрылым  сияқты  мазасыздану  да  эмоционалды  аспектісі  үстем  болғанда  құрамына  когнетивті, эмоционалды  және  операциялық  аспектілер  енетін  күрделі  құрылым  ретінде  сипатталады.

Мазасыздану  жаңа  туған  кездің  өзінде  де  пайда  болуы  мүмкін  немесе  нақты  айтсақ, оның  құрамдас  бөліктерінің  бірі – қорқыныш  екенін  атап  өту  керек.

Тәжірибелік  психолог  сөздігінде «Қорқыныш – индивидтің  биологиялық  немесе  әлеуметтік  тіршілік  етуіне  қауіп  төнетін  жағдайда  пайда  болатын  және  шынайы  немесе  елестетілген  қауіп  көзіне  бағытталған  эмоция» деп  жазылған / 26/.

Жалпы  алғанда, мазасыздану – жеке  тұлғаның  әлсіздігінің, бейімсіздігінің  субъективті  көрініс  беруі. Мазасыздану  эмоционалды  жайсыздықты  бастан  кешу, алда  болатын  қауіпті  сезіну  ретінде  адамның  маңызды  қажеттіліктерінің  қанағаттанбауының  көрініс  беруі, жағдайға  қатысты  үрейді  бастан  кешуінің, мазасыздықта  гипертрофирленген  денеде  берік  үстем  болуының  өзектілігі  болып  табылады.

Демек, мазасыздану – жеке  тұлға  сипаты, қорқынышқа  дайындығы. Бұл  қорқынышқа  тиесінше  жауап  реакция  қамтамасыз ететін, мүмкін  болатын  қауіп-қатер  жағдайында  сенсорлық  және  моторлық  кернеуге  мақсатты  түрде  дайындықпен  жоғары  назар  аудару  күйі.

Қорқыныш – мазасызданудың  ең  негізгі  құрамдас  бөліктерінің  бірі  болғандықтан, оның  өзіндік  ерекшеліктері  бар. Қорқыныш  алда  болатын  қауіп-қатердің  алдын  алушы  қызмет  атқарады, қауіп-қатер  көзіне  назарды  тұрақтатуға  мүмкіндік  береді, қауіп-қатерді  болдырмаудың  жолдарын  іздеуге  түрткі  болады. Аффект  күші  жағдайына  жеткенде, ол  іс-әрекет  стереотиптерін  таңуы  мүмкін  яғни – қашу, мелшиіп  қатып  қалу, қорғаныс  агрессиясы. Егер  қауіп-қатер  көзі  анықталмаса  немесе  танылмаса, пайда  болатын  күй  үрей  деп  аталады. Үрей – анықталмаған  қауіп-қатер  жағдайында  пайда  болатын  және  жағдайдың  ушығуын  күтуде  көрініс  беретін  эмоционалды  күй.

Л.И.Божович /5/  үрейді  өткен  тәжірибеде  орын  алған, қарқынды, сезінілген  ауру  немесе  аурудың  болатынын  сезіну  деп  анықтаған.

Л.И.Божовичпен  салыстырғанда  Н.Д.Левитов /18/  келесідей  анықтама  береді: «Үрей – мүмкін  болатын  жағымсыз  жағдайлар, күтпеген  жағдайлар, үйреншікті  жағдай  мен  әрекеттердің  өзгеруі, жағымдының, қажеттінің  кешеуілдеуінен  пайда  болатын, ерекше  күйзеліс (қорқу, толқу, тынышсыздану т.б.)  пен  жауап  реакцияларда  көрініс  беретін  психикалық  күй.

Психодинамикалық  бағыт  мазасыздануды  келесідей  түрде  қарастырады. З.Фрейд  /30/ бойынша: «Қорқыныш – аффект  күйі, яғни  белгілі  «рахаттану-рахаттанбау» қатарындағы  сезімдердің  тиесілі  кернеу  және  оларды  қабылдауды  бәсеңдету  иннервациясымен  бірігуі, сонымен  қатар, белгілі  маңызды  оқиғаның  көрініс  беруі  болуы  мүмкін». З.Фрейд  бойынша, қорқыныш  либидодан  пайда  болады  және  өзін-өзі  қорғау  қызметін  атқарады, жаңа, әдетте  сыртқы  қауіп-қатердің  белгісі  болып  табылады.

З.Фрейд  үрейдің  3  түрін  бөліп  көрсетті: шынайы, невротикалық, моральді. Оның  ойынша, үрей  қарқынды  импульстерден  келетін  жақында  болатын  қауіп-қатер  туралы  «Эгоға»  ескертетін  белгі  рөлін  ойнайды. Жауап  ретінде, «Эго»  қорғаныс  механизмдерінің  қатарын  қолданады, оның  ішінде: ығыстыру, проекция, ауыстыру, рационализация  т.б. Қорғаныс  механизмдері  бейсаналы  әрекет  етеді  және  индивидтің  шынайы  болмысты  қабылдауын  бұрмалайды.

Осы  бағыттың  өкілдерінің  бірі  К.Хорни, жеке  тұлғаның  дамуында  шешуші  фактор  бала  мен  ересек  арасындағы  қарым-қатынас  болып  табылады  деп  сендіреді. К.Хорни  жеке  тұлғаның  әлеуметтік  теориясында  балалық  шаққа  тән  2  қажеттілікті  бөліп  көрсетеді: рахат  алу  қажеттілігі (З.Фрейдпен  бұл  мәселеде  келіседі)  және  басты  қажеттілік  болып  есептелінетін  қауіпсіздікке  қажеттілік, оның  негізгі  түрткісі  тұтастық, қоршаған  әлем  мен  ондағы  қауіп-қатерден  қорғаныста  болу  және  өзгелерге  қажет  болу. Бұл  мәселеде  бала  түгелімен  ата-анаға  тәуелді. Жеке  тұлға  дамып-қалыптасуының  2  жолы  болуы  мүмкін: егер  ата-ана  осы  қажеттілікті  қамтамасыз  етсе, нәтижесінде  сау  тұлға  пайда  болады, екінші  жолы – егер  қорғаныш  болмаса, онда  тұлға  қалыптасуында  ауытқу  пайда  болады. Дегенмен, ата-ана  тарапынан  мұндай  нашар  қатынас  болуының  негізгі  нәтижесі – балада  өшпенділікке  бағдарының  дамуы  болып  табылады. Бала  бір  жағынан, ата-анасына  тәуелді, екінші  жағынан – оларға  қатысты  өкпелеушілік, ызалану  сезімдерін  сезінеді. Ол  әрине, қорғаныс  механизмдеріне  алып барады. Нәтижесінде  ата-аналы  отбасында  қауіпсіздікті  сезінбеген  баланың  іс-әрекеті  қауіпсіздік, қорқыныш, махаббат  пен  кінә  сезімдерімен  бағытталады, ол  ата-анаға  деген  өшпенділік  сезімін  басып  жаншу  мақсатындағы  психологиялық  қорғаныс  рөлін  атқарады, мұның  бәрі  үрей  тудырады.

Базальді  үрей  дегеніміз  не? Ол  К.Хорнидің  ойынша  ең  негізгі  сезімдердің  бірі – қауіпсіздіктің  жоқтығынан  туындайтын  қарқынды  және  бойлап  енетін  сезім (Л.Хьелл, Д.Зиглер, 31).

К.Хорни  бойынша, базальді  үрейді  жеңу  үшін  бала  қорғаныс  стратегияларын  қолдануға  тура  келеді, оларды  К.Хорни  «невротикалық  қажеттіліктер»  деп  атады. Ондай  стратегияның  10  түрін  атап  өтті. Бұл  стратегияларды  3  негізгі  санатқа  бөліп  қарастырды: адамдарға  бағытталған, адамдардан  бағытталған және  адамдарға  қарсы  бағытталған. Басқаша  айтсақ, әр  санат  үрейді  төмендетуге  бағытталған.

Ч.Д.Спилбергер  бойынша, үрей – күй, ал  мазасыздану – жеке  тұлғаның  қасиеті  деп  ажыратылады. Ч.Д.Спилбергер  концепциясына  психоанализ  әсер етеді, ол  әлеуметтік  фактор  рөлін  бағаламай, балалық  шақта  мазасызданудың  тууына  ата-ананың  әсерін  басым  етіп  көрсетеді. Мазасыздану  деңгейі  әр  түрлі  адамдарда  бірдей  тәжірибелік  жағдаяттардың  түрлі  бағалануын  жеке  тәжірибенің, балалық  шақтың  және  ата-ананың  балаға  деген  қатынасының  әсерімен  түсіндіреді.

Үрей  күйін  зерттеуде  тура  осындай  пікірді  функционалды  бағыт  көрсетеді. В.М.Астапов /1/  үрейдің  жүре  пайда  болатын  және  жеке  тұлғалық  қасиет  ретіндегі  жалпы  теориясын  дамыту  үшін  үрейдің  қызметтерін  талдап  және  бөліп  қарастыру  қажет.

Функционалды  бағыт  үрей  күйін  тек  адам  күйін  сипаттайтын  реакциялар  қатары  ретінде  ғана  емес, сонымен  қатар  іс-әрекет  жасау  күшіне  әсер ететін  субъективті  фактор  ретінде  қарастыруға  мүмкіндік  береді.

Психологиялық  қызметтер  туралы  сұрақ  көбіне  үрейдің  генетикалық  тамырлары, үрейдің  пайда  болу  шарттары  мен  жағдайлары, іс-әрекетке  үрейдің  тигізетін  әсері  т.б.  дәстүрлі  мәселелерді  қозғауға  мәжбүрлейді. Демек, үрейдің  қызметтік  сипаттамасы  көптеген  бағыттардың  осы  күйдің  интерпретациясын  жасауынан  көрінеді. В.М. Астаповтың  пікірінше, үрей  күйі  қандай  да  бір  қауіп-қатердің  алдын  алады, төнген  қауіп  пен  жағымсыз  жағдайларды  болжайды, индивидке  ол  туралы  алдын  ала  хабарлайды. З. Фрейд  алда  болатын  қауіптің  сипатында  нақты  қауіптен  пайда  болатын  қорқынышты  және  елестетілген  қауіпке  жауап  реакция  ретінде  үрейді  бөліп  қарастырады. Сондықтан, кейде  үрейді  инерализирленген, белгісіз, жөнсіз  қорқыныш  ретінде   немесе  қауіп-қатердің  өзінен  емес, сол  қауіп-қатер  болатын  жағдайда  одан  қашып  құтылуға  мүмкіндік  жоқтықтан  туатын  күй  ретінде  анықтайды. Үрей  әрекеті  көбіне  шынайы  жағдай  шектерінен  шығып  кетеді, субъектіні  болашаққа  да, өткенге  де  алып  барады. Яғни, субъектке  жағдайды  «өзіндік»  көзқараспен  көруге  итермелейтін  ерекше, адекватты  емес  тенденция  бар  екендігін  байқауға  болады. Бұл  жағдайда  іздеу  мен  табу  қызметтерінің  жүзеге  асу  формалары  «жағдай  үстіндегі  белсенділік»  түрінде  көрінуі  мүмкін. Субъект  өз  еркімен  оған  ұсынылған  тапсырманың  шегінен  шығып  кетеді, жаңа  мақсаттар  қою  және  оларды  жүзеге  асыру  үрдісін  өзі  ұйымдастырып, көбіне  іске  асырылатын  әрекеттің  жетекші  мақсаттары  мен  түрткілеріне  қарсыласады. Қауіп-қатерді  табуға  басты  назар  аудару  іс-әрекет  сипатына  әсер  етуі  мүмкін. В.М.Астаповтың  пікірінше, үрейдің  белсенді-ізденістік  бағыты  қоршаған  ортаның  «стресстік  элементтеріне»  зейінді  тұрақтатумен  сипатталады, ал  динамикалық  тұрғыда  ұзақтығымен  және  тұрақтылығымен  сипатталады: ол  үрейдің  әрекетке  әсерін  жоятын  «тәртіпсіз  мінез-құлыққа»  негіз  болуы  мүмкін. Үрей  жүзеге  асыратын  қауіп-қатер  көзін  табуға  ұмтылудың, байқауымызша, патологиялық  бұзылыстарға  қатысы  бар, ол  патологиялық  бұзылыстар  кезінде  үнемі  қауіп-қатерді  іздеу  және  оны  өзге  адамдар бойынан  табу (жалған  шығын), өз  денесінен  табу (ипохондрия), және  өз  әрекеттерінің  нәтижелерінен  табу ( психастения)  және  т.б.  көрініс  береді. Қауіп  төндіретін  объектті  іздеу  әрекетінде  белсенділік  пайда  болады, үрейді  бәсеңдету  жолы – қауіп-қатер  көзін  алдын  ала  анықтау.

К.Гольдштейннің  ойынша, сау  индивидтің  еркіндігі – оның  таңдау  жасай  алатындығында, яғни, жаңа қоршаған  ортада  қиындықтарды  жеңуге  мүмкіндік  табуында.

В.М.Астапов  сонымен  қатар, үрейдің  тағы  бір  қызметін  атап  өтті, пайда  болған  жағдайда  бағалау  қызметі  және  де  жағдайға  қандай  мән  берілгендігі  маңызды  болып  табылады.

Н.И.Наенко  осы  өзгешелікке  көңіл  аударады: «үрей  күйінің  психофизиологиялық  ерекшелігі  сыртқы  әсерлерге  тәуелді  емес, іс-әрекет  мақсатының  жеке  мәні  мен  адам  тап  болған  жағдайды  өзінің  бағалауында». Қауіпті  жағдайға  мінез-құлық  реакциясының  дәстүрлі  3  түрі  бар: қашу, мелшиіп  қатып  қалу, агрессия. Бұлардың  әрқайсысы  субъекттің  мінез-құлық  бағдарын  өзінше  көрсетеді: қашу – қауіпті  объектімен  бетпе-бет  жүздесу  мүмкіндігін  жою, агрессия – қауіп-қатер  көзін  жою, мелшиіп  қатып  қалу – қандай  да  бір  белсенділікті  толық  жоғалту. Үрейдің  теріс  сипатта  көрініс  табуы  индивид  жағдайды  қауіпті  деп  бағалағанда  және  ол  жағдайдың  шешімін  табудың  дайын  және  жеткілікті  сенімді  әдістері  болмағанда  пайда  болады. Функционалды  бағыт  негізінде  бұл  күйді  тұлғаның  құндылықтары  деңгейінде  аффективті, сандық, мінез-құлықтық  реакцияларды  қамтитын  күрделі  үрдістің  нәтижесі  ретінде  анықтауға  болады.

Мазасызданудың  оның  көздерінде, құрамында, көрініс  беру  түрлерінде, орнын  басу  мен  қорғаныста  анықталатын  ерекшелігі  бар. Әр  жас  кезеңінде  тұрақты  құрылым  ретінде  мазасыздану  немесе  үрейдің  басым  болуына  жол  беретіндей  шынайы  қауіп-қатер  болмаса  да, көптеген  балалардың  мазасыздануын  тудыратын  белгілі  бір  салалар, болмыс  объектілері  бар.

Бұл  мазасызданудың  жастық  шыңдары  көбіне  мәнді  болатын  социогенді  қажеттіліктердің  нәтижесі  болып  табылады.

В.Р.Кисловская  проективті  тесттер  көмегімен  мазасызданудың  жастық  динамикасын  зерттеп, мектеп  жасына  дейінгі  балаларда  бала-бақша  тәрбиеленушілерімен  қатынаста  мазасызданудың  жоғарғы  деңгейі  бар  екендігін, ал  ата-анамаен  қатынаста  тек  аз  мөлшерде  болатындығын  байқайды. Бастауыш  сынып  оқушылары  өз  сыныптастарымен  қатынаста  аз  мазасызданып, ересектермен  қатынаста  мазөасыздану  жоғарылайды.

Жеткіншектер  өз  ата-аналарыман  және  құрдастарымен  қатынаста  көп  мазасызданады, ал  мұғалімдер  және  өзге  таныс  емес  ересектермен  қатынаста  мазасыздану  төмен  деңгейде  көрініс  береді. Жоғарғы  сынып  оқушылары  қарым-қатынастың  барлық  деңгейінде  және  түрлерінде  жоғары  мазасыздануды  бастан  кешеді, әсіресе  олардың  мазасыздануы  ата-ана  және  олар  қандай  да  бір  деңгейде  тәуелді  болып  тұрған  ересектермен  қатынаста  жоғары  деңгейде  мазасыздануды  бастан  кешеді.

И.В.Дубровина /9/  лангитюдті  зерттеулер  жүргізу  нәтижесінде  9-сыныпта  балалардың  мазасыздануы  7-8  сыныптағылармен  салыстырғанда  едәуір  төмендейді, бірақ  10-сыныпта  өзін-өзі  бағалау  мазасыздануымен  байланысты  қайта  көтеріледі. 8-10  сыныптарда  өзін-өзі  бағалау  мазасыздануының  көтерілуі  ол  сыныптардың  бітіруші  сынып  болуымен  түсіндіріледі.

Жасөспірімдерде  мазасыздану  деңгейінде, оларды  туғызатын  факторларда  жеткіншектермен  салыстырғанда  жыныстық  және  индивидуалды  айырмашылықтары  бар ( оқу  үлгерімі, құрдастар  арасындағы  беделі, өзін-өзі бағалау  өзгешеліктері). Бұл  В.С.Мерлиннің  интегралды  индивидуалдылық  туралы  теориясын  растайды.

Мазасыздану  теориясы  және  «үрей»  мен  «мазасыздану»  ұғымдарының  анықтамасын  қарастыру  келесідей  қорытынды  жасауға  мүмкіндік  береді: бұл  күйлер  қоғам  өмірінің  тарихи  кезеңдерімен  байланысын  табады, ол  қорқыныш  құрамында, үрейдің  жастық  шыңдарының  сипатында, үрейді  бастан  кешу  дылығында, соңғы  онжылдықта  біздің  елімізде  балалар  мен  жеткіншектер  арасында  мазасыздану  деңгейінің  едәуір  жоғарылауында  көрініс  табады.

Барлық  теорияларды  мазасыздануды  бейсаналық  импульстерге  сүйеніп, динамикалық  көзқарас  тұрғысынан  қарастыратын  шетелдік  (З.Фрейд, К.Хорни, К.Изард, Ч.Д.Спилбергер)  және  мазасыздануды  оның  атқаратын  қызметтері  тұрғысынан  қарастыратын  отандық  теориялар  деп  бөлуге  болады (В.В.Суворова, В.М.Астапов, И.В.Дубровина, Л.И.Божович, И.В.Имемадзе, Н.Д.Левитов, В.Р.Кисловская т.б.). Бұлар  мазасыздануды  2  түрге  бөледі:   реактивті  және  жекелік. Бұл  Ч.Д.Спилбергердің  үрей – күй, мазасыздану – жеке  тұлға  қасиеті  деп  ажыратқан  теориясына  сәйкес  келеді. Функционалды  бағытта  мазасыздану  жеке  тұлғаның  іс-әрекетін  ұйымдастыратын  субъективті  фактор  ретінде  қарастырылады. Сонымен  қатар, мазасыздану – іргелі  эмоциялардың  бірлескен  кешені  туралы  К.Изард  теориясы.

Үрей  күйінің  экспериментальді, эмпирикалық  және  теоретикалық  зерттеулерінің  көптігіне  қарамастан, қазіргі  заманғы  әдебиеттерде  бұл  ұғымның  концептуалды  өңделуі   И.ВИмемадзе  /13/  пікірі  бойынша  осы  күнге  дейін  толық  аяқталмай  отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Мазасыздану  ―  жеткіншектің  эмоционалды  аумағының  бұзылысы  ретінде.

 

 

МЕКТЕП                               БАЛА                          ІШКІ  ТАРТЫС

                                           (эмоционалды

                                                  аумақ)

 

Психиканы                                     

зақымдайтын  жағдай                   

 

 

                                                                           агрессия                               аутизм

                 үй                                   үй                

               көше                             жанұя

                                                                                                            қорқыныш

                                                                          мазасыздану             

 

 

 

Жеткіншек  жас  кезеңі  болып  11-ден  16  жасқа  дейінгі  аралық  есептелінеді. Бұл  кезең  жеткіншек  ағзасының  оң  өзгерістері  және  сапалық  дағдылардың  қалыптасуымен  ғана  емес, сонымен  қатар, дамудың  бұл  кезеңінде  маңызды  рөл  ойнайтын  ерекше  күйлердің  пайда  болуымен  сипатталады. Пубертаттық  кезең  психофизиологиялық  дамудың  өтуімен  және  баланың  әлеуметтік  белсенділігінің  қайта  құрылуымен  ерекшеленеді. Елеулі  өзгерістер  баланың  іс-әрекетінің  барлық  саласында  жүреді, бұл  жас  кезеңін  балалықтан  ересектікке  өтетін  «өтпелі»  кезеңге  айналдырады.

Жеткіншектік  кезең  дағдарыстарға, қиындықтарға, уайымдарға  толы  болып  келеді. Бұл  кезеңде  мінез-құлықтың  тұрақты  түрлері, мінез  бітістері, эмоционалды  жауап  реакцияларының  әдістері  пайда  болып, бекітіледі; бұл  жетістіктер, білім  мен  біліктілікті  арттыру, өзіндік  «Менін»  қалыптастыру, жаңа  әлеуметтік  позицияларға  қол  жеткізу  кезеңі. Сонымен  қатар, балалық  көзқарасты  жоғалтып, психологиялық  қолайсыздық  пен  мазасыздану  сезімінің  пайда  болу  кезеңі.

Жеткіншек  жас  кезеңін  көбіне  дамудағы  диспропорция  кезеңі  деп  атайды. Бұл  кезеңде  баланың  өзіне, өзінің  денесінің  өзгешеліктеріне  көп  назар  аударыла  бастайды; қоршаған  адамдар  пікіріне  жауап  реакциялары  күшейеді, өзін-өзі  бағалау  деңгейі  мен  қапаланғыштық  сезімдері  күшейе  түседі. Ең  алдымен, балалық  кезеңмен  салыстырғанда  өз  денесіне  көп  көңіл  бөлушілік  тек  физикалық  тұрғыда  дамудың  себептерінен  ғана  емес, сонымен  қатар, жаңа  әлеуметтік  рөлге  ие  болуымен  байланысты. Қоршаған  адамдар  жеткіншек  денесінің  жетілгендігінің  арқасында  енді  ол  дамудағы  белгілі  мәселелерді  шешу  қолынан  келеді  деп  күтеді.

Жеткіншектерде  дамудың  қалыпты  өтуіне  байланысты  да  мазасыздануы  болады, ол  ең  алдымен  дамудың  диспропорциясымен, әркелкілігімен  байланысты, яғни  тез  дамып  қалыптасу  немесе  дамудың  кешеуілдеуімен  байланысты.

Денесіндегі  өзгерістерді  ұғыну – жыныстық  даму  кезеңінің  маңызды  мәселелерінің  бірі  болып  табылады. Жеткіншектер  өз  денесінің  өзгерістеріне  деген  өзгелердің  реакциясын  ескеріп, өзі  туралы  пікірлер  қатарына  қосады (қолдау, таңырқау  және  жиіркену, кекесін, жек  көру). Ол  жеткіншектің  өзін-өзі  бағалауын  төмендетіп, өзіне  сенімсіздік  пен  қарым-қатынаста  ұялшақтықтың  пайда  болуына, өзінің  қоғамдық  маңыздылық  сезімін  жоғалтуына  алып  келеді. Сонымен  қатар, жыныстық  жетілу  баланың  өзіндік  ерекшелігі, мақтанышы  мен  өзіне  көңілі  толу  сезімдерінің  қалыптасуымен  тығыз  байланысты.

Х.Ремшмидт  /25/  «Жеткіншектік  және  жасөспірімдік  кезең»  атты  еңбегінде  атап  өткендей, қалыпты  өзгерістер  диапазоны  белгісіз  болғандықтан, баланың  өзін  өзге  құрдастарымен салыстыру  пайда  болады, мазасызданудың, үлкен  жанжалдар, депрессивті  күй, тіпті  созылмалы  невроздардың  пайда  болуына  алып  баруы  мүмкін.

Бұған  ағзаның  мынадай  функциологиялық  өзгерістерін  жатқызуға  болады: ерте  жыныстық  жетілу, дамудың  кешеуілдеуі, сонымен  қатар  жеткіншектің  мазасыздануын  туғызатын  себептерге  безеулер, салмақтың  аздығы  немесе  көптігі, бойдың  өсуінің  кешеуілдеуі  сияқтыларды  жатқызуға  болады.

Келесі  себеп  ретінде  жеткіншектің  жыныстық  дамуын  айтуға  болады. Бұл  үрдісте  маңызды  рөлді  орталық  жүйке  жйесі  атқарады, яғни  жүйкелік  және  психикалық  феномендердің  интеграциялану  орны.

Осылайша, жыныстық  қажеттіліктер  мен  қызығушылықтар  дамиды, олар  әлеуметтік-психологиялық  және  әлеуметтік-мәдени  факторлардың  әсерінен  (жыныстық  тәрбие, жеке  психикалық  жетілгендік, ересектер  үлгісі)  мінез-құлықта  түрлі  көрініс  табады: психоаффективті, яғни  махаббаттың  қозғалтқыш  күші  және  белгілі  адамға  қатынасы, немесе  психофункциологиялық  түрде, яғни  белгілі  бір  серіктің  қатысынсыз  жыныстық  қанағаттанудң  болуы. Бірақ, мұнда  жыныстық  бұзылыстар  орын  алуы  мүмкін: белгілі  бір  себептерден  дамудың  болмауы, кейде  жыныстық  қызығушылық  және  оған  сәйкес  бастан  кешулердің  болмауы. Егер  қажетті  әлеуметтік-психологиялық  (әлеуметтік-мәдени)  факторлар  жоқ  болса, немесе  балаларда  жазалау  мен  шек  қою  жағдайлары  көп  болса, жыныстық  қажеттіліктер  дамымай  қалуы  немесе  жоқ  болып  кетуі  мүмкін. Бұл  қалыпты  даму, психикалық  бастан  кешулер  және  мінез-құлық  аралығында  тартыс  пайда  болуына  алып  баруы  мүмкін. Ол  өзін-өзі  бағалаудың  төмендігі  мен  өзіне  сенімсіздік  туғызуы  мүмкін.

Мазасызданудың  көрініс  беруі  2  түрде  болуы  мүмкін: қорқыныш – ашу  және  қорқыныш – уайым, олар  түрліше  көрініс  береді, бірақ екеуі  де  тұлғаны  бірдей  деңгейде  бейімсіздендіреді.

Есею  кезеңінде  мектеп  пен  отбасының  маңыздылығына  көңіл  аудару  қажет. Себебі, жеткіншектік кезең  ересек  болып  көрінуге  ұмтылу  және  ересек  бола  алмау  арасындағы  шиеленістер  кезеңі. Бұл  ешкімге  тәуелді  болғысы  келмеу  мен  ересектер  сөзін  тыңдау  қажеттілігі  арасындағы  шиеленістер.

Жеткіншек  кезеңінің  қиындықтары  тез  әсерленгіштік, ипохондриялық  реакциялармен, аффективті  мінез-құлық, біреудің  өкпелетуіне  күшті  жауап  реакциясының  болуы, ересектерге  қатысты  сыншылдықтың  жоғарылауына  байланысты  болады.

Егер  бұл  ерекшеліктерді  есепке  алмаса, жеткіншектердің  мінез-құлқы  мен  дамуында  тұрақты  бұзылыстар  пайда  болуы  мүмкін. Мұнда  ата-ана  мен  бала  арасындағы  қатынас  өте  маңызды. Жеткіншек  жас  кезеңі – өтпелі  кезең, балалықтан  ересектікке  өту  кезеңі  болғандықтан, баланың  эмоционалды  және  когнетивті  аумағының  қалыптасуына  теріс  әсер  ететін  көптеген  дау-жанжалдар  пайда  болады.

Бала  үшін  құрдастарының  рөлі  арта  түседі, ол  үлгі  алатын объект  ретіндегі  ата-анамен  арада  түсініспеушілік  пайда  болуына  алып  барады. Ата-аналар  тарапынан  шектеулер  тоқтатулар  көбейе  түседі, отбасыдағы  өзгерістермен  байланысты  дау-жанжалдар  саны  артады. Экономикалық  жағдайлар  мазасыздануға  себеп  болуы  мүмкін: себебі, жеткіншек  өзін  әрдайым  тәуелді, бағынышты  етіп  сезінеді.Мектепте  оқудың  ұзаққа  созылуына  байланысты  жастар  қаржылық  жағынан  ата-анаға  ұзақ  уақыт  тәуелді  болады. Мектептегі  оқу  үлгермеушілігі  дау-дамайға  себеп  болуы  мүмкін. Ата-аналар  мен  балалар  арасындағы  қиын  қарым-қатынас  тек  жас  ерекшелігі  себебінен  туындаған  жанжал  емес, экономикалық  жағдайдың  дамуы  мен  технологиялардың  алға  ілгерілеу  себебінен  ата-аналар  да  балалар  сияты  өзін  сенімсіз  және  мазасыз  сезінеді, бұл  олардың  өзіндік  мінез  бітісін  қалыптастырып, шешім  қабылдаудағы  әлсіздік  пен  мазасыздануын  тудырады. Әлеуметтенеудің  маңызды  инстанциясы  тек  отбасы  мен  үй  емес – мектеп  болып  табылады. Жастық  дамудың  негізгі  кезеңі  ретінде  жасөспірімдіктің  пайда  болуы  жалпы  бұқаралық  білім  беру  жүйесінің  қалыптасуымен  тығыз  байланысты. Мектептегі  жанжалдар  көбіне  оқу  үлгерімі, бейімделу, бедел  және  бөлектену  мәселелерінен  туындайды. Оқу  үлгеріміне  қатысты  қойылатын  талаптармен  байланысты  мұғалімдермен  де, құрдастарымен  де  арада  жанжал  пайда  болады. Мұғалімге  қатысты  қарсылық, білім  алу  мен  оқуда  жетістікке  жетуден  бас  тарту  пайда  болуы  мүмкін. Мұндай  мінез-құлық  қабілетті  балаларда  да, сыншыл  көзқарастағы  балаларда  да  кездесуі  мүмкін. Құрбы-құрдастарымен  арадағы  қатынаста  бақталастық  себебінен  жанжал  тууы  мүмкін. Бұл  оқушылардың  әлеуметтік-психологиялық  бейімделуі  және  сыныпты  бірыңғай  қоғам  ретінде  сақтап  қалуға  әсер  етеді. Бөлектену  мен  беделділік  себебінен  туындайтын  жанжалдар  мектеп  ережелері  балалардың еркіндігіне  шектеу  қоятындықтан  пайда  болады.

Мазасыздану – жеке  тұлғаның  әлсіздігінің, бейімсіздігінің  субъективті  көрініс  беруі. Кіші  және  үлкен  жастағы  жеткіншектердің  өзіндік  ерекшеліктері  бар, олар  елеулі  емес, бірақ  бұл  кезеңді  сипаттаушы  қасиеттер  психикалық  дамудың  деңгейі  мен  сипатындағы  ерекшеліктер  туралы  айтуға  болады, бір  жағына – ерте  жеткіншектік – балалық  кезеңнің  бір  түрі, оның  өз  ерекшеліктері  бар, екінші  жағынан  — жеткіншек  өсіп  келе  жатқан  адам, ересек  өмірдің  табалдырығында  тұрған  адам.

Психикалық  дамуының  жетілгендігі, мүмкіндіктерінің  көбеюі, жеткіншектің  өзіне-өзі  жауап  беру  қажеттілігін  туғызады, ол  ересектердің  оның  құқықтарын, мүмкіндіктерін  мойындауын, қоғамдық  маңызды  әрекеттерге  араласуын  талап  етеді. Дегенмен, ересектер  жеткіншектің  енді  кішкентай  бала  емес  екендігін  сезініп, оған  жоғары  талаптар  қояды, бірақ, жеткіншектің  өзімен-өзі  болып, өз  өміріне  өзі  жауап  беру  құқығына  көбіне  шек  қояды. Осыдан  келіп  дау-жанжалды  жағдайлар, қапалану  мен  қарсылықтың  түрлі  формалары  туады.

Жеткіншек  кезеңінің  негізгі  жаңалығы – оларда  өзіндік  санасының  пайда  болуы, яғни  қарым-қатынас  шектерінің  кеңеюінің, жеткіншектің  қоғаммен, ересектермен, құрдастарымен  қатынасының  күрделенуінің  нәтижесінде  пайда  болады.

Мазасыздану  күйі  жеткіншектік  кезеңнің  дағдарысының  нәтижесі, ол  түрліше  өтуі  мүмкін  және  ол  жеткіншек  өмірінің  барлық  саласына  әсер  етіп, оның  тұлғасын  өзгеріске  ұшыратады. Бұл  дағдарыстар  мінез-құлықтық, тұлғалық  бұзылыстардың  және  біз  тоқталып  өтетін  мазасызданудың  пайда  болуына  себеп  болуы  мүмкін.

Ересектердің  жеткіншектің  өзіндік  бағалау  деңгейін  кемсітуін  олар  өте  тез  көңіліне  алады. Ересектердің  жастық  дамудың  кезеңдерін  білмеу  себебінен, жеткіншек  тұлғасының  дамуы  қалыпты  өтпейді, яғни  «жеткіншек  кезңінің  дағдарысы»  көптеген  қиыншылықтармен  күрделенеді. Ұқсастық  дағдарысы  жеткіншектің  толыққанды  дамымағандық  сезімімен, дипрессивті  күймен  және  жыныстық  әрекеттермен  сипатталады. Х.Ремшмидттің  ойынша, ұқсастық  дағдарысын  балалық  статусын  жоғалтуына, биологиялық  мүмкіндіктері  әлеуметтік  мүмкіндіктермен  сәйкес  келмеуіне, өз  құзырлық  статусына  сенімсіздігіне, есейіп  келе  жатқан  баланың  ағзасындағы  биологиялық  өзгерістерге  жауап  реакция  ретінде  қарастыруға  болады.

Сенімсіздік  пен  қорқыныш  балада  тіпті  дене  және  жанының  бірлігін  жоғалтып  алудан  қорқыныш  сезімін  тудыратындай  деңгейге  жетуі  мүмкін, сондықтан  «жеткіншектер  көбіне  мінез-құлықтық  ритуалдар  ойлап  табады» (Х.Ремшмидт).

Д.И.Фельдштейн  /29/  жеткіншектердің  толығымен  жаңа  психикалық күйін  дифференциалды  талдап  қарастырды, ол  өсіп  келе  жатқан адамның  өзн  қоршаған  өмірде  тұлға  ретінде  бекітіп, қарым-қатынаста  өз  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыру  қажеттілігімен  анықталады. Мұның  барлығы  психикалық  тұрғыды  түрлі  шарттарды  анықтап, толық  сипаттауға  мүмкіндік  береді, яғни  жеткіншек  даму  дағдарысының  3  кезеңі  болады. Д.И.Фельдштейн   бірінші  кезеңді  «локальді – еркелік»  деп  атады. Ол  10-11  жасар  жеткіншектің  ұмтылысы  ересектер  тарапынан  оның  маңыздылығы  мен  мәнділігін  белгілі  тапсырмалар  орындау  арқылы  мойындату  қажеттілігінде  көрініс  береді, сондықтан  локальді  деп  аталады, ал  еркелік  деу  себебі, жеткіншек  әрекеттерінде  ситуативті-шарттандырылған  эмоциялар  басым  болады. Өзімен-өзі  болуға  мұндай  эмоционалды  байытылған  ұмтылыс  әр  балада  әр  түрлі  деңгейде  көрініс  береді, ол  мотивациялық  құрылымдарда  көрінісін  табады. 10-11  жасар  жеткіншектер  олардың  есейгендігін  өзгелердің  мойындауына  қол  жеткізуге  тырысады.

Арнайы  ұйымдастырылған  жағдайлардағы  балалардың  мінез-құлқы  мен  қатынасын  бағалау  нәтижелері  көрсеткендей  жеткіншектердің  өзімен-өзі  болуға  ұмтылысының  жоғарылауы  тек  ересектер  олардың  белгілі  құқықтарын  түсінуіне  қол  жеткізу  тілегіне  байланысты  емес, сонымен  қатар, олардың  әлеуметтік-құпталған  істерді, нақты  тапсырмалардың  маңыздылығын  түсіну мен  орындауға  негізделеді.

Д.И.Фельдштейн  екінші  кезеңді  «құқықтық-мәнді»  деп  атады. 12-13  жасар  жеткіншек  белгілі  істер  жасау  мен  шешім  қабылдауға  қатысуымен  қанағаттанбайды, жеткіншекте  қоғамдық  мойындау  қажеттілігі  пайда  болады, отбасындағы, қоғамдағы  құқықтары  мен  міндеттерін  игеру  жүреді, «мен  қалаймын»  деңгейінде  емес, «мен  жасай  аламын», «мен  жасау  керекпін»  деңгейіндегі  ересектікке  ұмтылы  қалыптасады.

«Бекітілген-нақты»  деп  аталатын  үшінші  деңгейінде, 14-15  жасар  жеткіншекте  ересектік  өмірде  тіршілік  етуге  дайындық  қалыптасады, ол  өз  мүмкіндіктерін  қолдануға, өзін  көрсетуге  ұмтылыс  туғызады, өзін-өзі  анықтау  мен  өз  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыру  қажеттілігін  күшейтеді.

Демек, жеткіншектік  кезеңді  оның  негізгі  көрсеткіші – психикалық  күйінің  өзгеруі  негізінде  зерттеу  тек  кіші  және  ересек  жеткіншекді  қарастыруға  ғана  емес, сонымен  қатар, олардың  деңгейлеп  дамуының  күрделі  динамикасын  ашуға  мүмкіндік  береді.

Жеткіншектің  мінездемесіндегі  маңызды  құбылыс – оның  жаңа  әлеуметтік  позициясы – өз  «менін»  саналы  түрде  түсінуі. Бұл  өзін-өзі  бағалауда  және  құрдастарымен, ересектермен  қарым-қатынаста  жүзеге  асады. Өз  тұлғасына  көп көңіл  бөлушілік, өзінің  жекелік  қасиеттерін  түсіну  мен  бағалау  қажеттілігі  бірнеше  шетелдік  псхологтармен  біржақты  түсіндірілді, олар  бұл  шынайылықтың  шегінен  шыққандық  көбіне  эгоизм, эгоцентризм, аутизммен  қатар  жүреді  деп  түсіндірді. Дегенмен, жеткіншектің  өзін-өзі  қадағалау, өзін-өзі  бағалау, өзін-өзі  жетілдіру  қажеттіліктері  жай  үстіртін  қызығушылық  емес  және  мақсатсыз  өз  ішкі  дүниесіне  үңілу  ретінде  көрініс  бермейді, ол  өз  жетістіктері  мен  кемшіліктерін  талдау, өз  мақсаты  мен  іс-әрекетінде  ненің  дұрыс, ненің  бұрыс  екендігін  түсінуге  ұмтылу, неге  қол  жеткізіп, неден  бас  тарту  керектігін  ұғыну  сияқты  моральді  қажеттіліктерден  туады. Яғни, өзіне  деген  қызығушылық  тұлға  қасиеттері   ашыла  түсетін  өмір  мен  әрекеттер  қажеттілігінен  туады. Жеткіншек  жаста  көрініс  беретін  жалғыз  қалғысы  келу  қажеттілігі  туралы  айтсақ,  ол  жалғыздыққа  ұмтылыс  емес, ол  ойлану  мен  өз  ойларын  тұрақтандыру  үшін  жағымды  жағдайлар  жасау  қажеттілігінен  туындайды. Бұл  кезеңде  құрдастарымен  қатынасы  қиындайды.

Жеткіншек  достық  қарым-қатынасты  қажет  етеді, себебі  тек  достықта  шынайы  теңдік  болуы  мүмкін. Бірақ, бақталастықтың  кесірінен  дау-жанжалдар  тууы  мүмкін. Көбіне  жеткіншектер  олардың  беделі  мен  өзін-өзі  бағалауына  нұқсан  келтіретін  адамдарға  қатысты  агрессивтілік  танытады, яғни, психикалық  қорғаныс  механизмі  іске  қосылады  да, ол  агрессияда  көрініс  береді. Негізінде  мұндай  жеткіншектердің  өзін-өзі  бағалауы  төмен, мазасыздануы  жоғары, олар  өзіне  сенімсіз, шүбәланғыш  келеді.

Жеткіншектер  оларға  деген  ересектердің  қатынасына  сезімтал  келеді, ересектердің  берген  бағасы  олардың  өзін-өзі  бағалауына  үлкен  әсер  етеді. Бұл  әсер  оң  да, теріс  те  болуы  мүмкін.  

Мектептегі  дау-жанжалдар  кейін  түзету  қажет  болатын  мінез-құлық  бұзылуларын  туғызуы  мүмкін,  мысалы,  «мектеп  фобиясы»  оның  астарында  мектептен  қорқу,сабақтан  қашу  жағдайында  кемсіту  мен  кекесіннің  болуынан  қорқу  жатыр. Ал  отбасы  мен  үй  оң  фактор  ретінде  қабылданады ,  жеткіншек   дезадаптациясына  себеп  болады. Бұған  бірнеше  себептер  бар: күрделенген  психикалық  жағдайлар (үйдегі  қолайсыздықтар, ұрыс-керістің  орын  алуы, дау-жанжалдар  т.б.), ата-анасының  білімі  мен  экономикалық  жағдайы. Жеткіншек  дезадаптациясына  мектептен  кету  де  себеп  болуы  мүмкін. Мұндай  жеткіншектерде  әлеуметтік  мінез-құлық  пен  жеке  тұлғалық  бұзылулар  орын  алуы  мүмкін. Оған  себеп  ретінде  тұлға  қалыптасуының  бұзылыстары, көңіл-күйдің  төмендігіне  бейімділік, өзін-өзі  бағалауының  төмендігі  нәтижесінде  өзіне  сенімсіздік  пен  жоғары   деңгейдегі  мазасыздану  болуы  мүмкін.

Ш.Бюллер  жасөспірімдік  кезеңде  2  фазаны  бөлектеп  көрсетті:  оң  және  теріс. Жеткіншектік  шақ  теріс  фазаға  жатады, оның  сипаттаушы  белгілері: мазасыздану, ашушаңдық, агрессивтілік, мақсатсыз  жанжалдар  және  физикалық  және  психикалық  мүмкіндіктерге  сай  келмейтін  өзімен  өзі  болуға  ұмтылыс. Ш.Бюллер  пікірінше, бұл  фаза  қыздарда  11-13  жаста, ер  балаларда  14-16  жаста  басталады.  

 

 

 

 

 

1.3 Мазасызданудың  дамудағы  ауытқулар  кезінде  көрініс  беруінің  себептері  мен  механизмдері.

 

Алдыңғы  параграфта  біз  қалыпты  дамыған  жеткіншектердің  мазасыздануының  көрініс  беру  себептері  мен  механизмдерін  қарастырдық.

Көптеген  авторлар  атап  көрсеткендей, жеткіншек  жас  кезеңі – қалыпты  бұзылулар  кезеңі, дегенмен  бұл  кезең  жүйке-психикалық  ауруларға  шалдығумен  қиындатылса, эмоционалды  мазасызданудың  көрініс  беруі  қалыпты  дамыған  жеткіншектермен  салыстырғанда  өзгеше  сипатта  болады.

Дамудағы  ауытқулар  мәселесі  өте  күрделі  болып  табылады, ол  тек  психологияны  жанап  өтпейді, сонымен  қатар  оның  әлеуметтік, педагогикалық, философиялық  және  медициналық  аспектілері  бар.

Дамуында  ауытқуы  бар  балаларды  біз  психиканың  эмоционалды  жағын  зерттеу  контекстінде  қарастырамыз.

Негізгі  ұғымдарды  анықтап  талдайық: психикалық  дамудың  кешеуілдеуі, сөйлеудің  қарқыны, ырғағы  және  жатықтығының  бұзылуы, олардың  қалай  сипатталатынын  анықтап, осы  күйді  бастан  кешетін  жеткіншектердің  эмоционалды  аумағын  қарастырайық.

 

 

 

 

1.4 Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектердің  эмоционалды  аумағының  мінездемесі.

 

Балалар  дамуының  ерекше  аномалиясы  ретінде  психикалық  дамудың  кешеуілдеуін  кешенді  зерттеу  кеңес  дефектологиясында  60-жылдары  етек  жайды (Т.А.Власова, В.М.Астапов, Н.С.Певзнер, В.М.Лубовский  т.б.).

Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  балалардың  психикалық  дамуының  ерекшеліктері  мәселесінің  теоретикалық  аспектісін  жасау  қажеттілігі  дамудың  өзге  аномалияларымен  салыстырғанда, сонымен  қатар  біздің  ойымызша  қалыпты  дамыған  балалармен  салыстыру  психологиялық  және  педагогикалық  тәжірибенің  қажеттілігімен  шарттандырылған.

Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  балалар  туралы  клиникалық  ақпараттар  мен  олармен  жүргізілетін  коррекциялық  жұмыстарды  ұйымдастыруға  жалпы  нұсқаулар  Т.А.Власова  мен  Н.С.Певзнердің  «Дамуында  ауытқуы  бар  балалар  туралы»  кітабында  мұғалімдерге  көмек  ретінде  берілген.

Соңғы  жылдардағы  психикалық  дамуыдың  кешеуілдеуін  қарқынды  және  жоспарлы  зерттеу  құнды  ғылыми  ақпараттар  алуға  жол  ашты, бұл  зерттеулер  нәтижелері  бастауыш, орта, жоғары  сынып  оқушылары  арасындағы  үлгерімі  төмен  оқушылар  құрамы  әр  түрлі  екенін  көрсетті. Олардың  үлгермеушілігінің  пайда  болу  себептері  түрлі, сонымен  қатар  психикалық  дамудың  теріс  тенденцияларының  орнын  басу  мүмкіндігі  де  түрлі. 6-8  жастағы  балаларды  зерттегенде  профилактика  мен  коррекция  жүргізу  үшін  бұл  мүмкіндіктерді  ескеру  қажет.

Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  балалар  бірнеше  белгілермен  сипатталады  да, олар  бұл  күйді педагогикалық  қолдан  жіберіп  алушылық  пен  олигофрениядан  ажыратуға  мүмкіндік  береді: оларда  жекелеген  анализаторлардың  бұзылулары  жоқ, олардың  ақыл-ойы  дамымаған  емес, дегенмен  жалпы  бұқаралық  мектепте  үлгерімі  нашар, оның  себебі – полиморфты  клиникалық  симптоматика – мінез-құлықтың  күрделі  формаларының, тез  шаршау, әлсіреу  және  жұмысқа  қабілеттіліктің  төмендеуінің  кесірінен  мақсатқа  бағытталған  іс-әрекетердің  есеймегендігі. Бұл  симптомдардың  патологиялық  негізі  болып  кеңес  ғалымдарының, клиницисттердің  және  психологтардың  зерттеулері  көрсеткендей  орталық  жүйке  жүйесі  бастан  кешкен  органикалық  ауру  табылады (Т.А.Власова,  Н.С.Певзнер, К.С.Лебединская, В.М.Лубовский  т.б.). Бала  ауырған  орталық  жүйке  жүйесінің  органикалық  ауруы  және  одан  қалған  белгілер (орталық  жүйке  жүйесінің  резидуалды  органикалық  жетіспеушілігі)  мидың  қандай  да  бір  жүйелерінің  қызметтерінің  бұзылуларына  патологиялық  негіз  болып  табылады, әсіресе, маңдай  бөлімдерінің.

Бұл  ойды  бірінші  болып  Н.С.Певзнер  айтты. Кеңестік  мамандардың  одан  кейінгі  зерттеулерінде  бұл  ой  дәлелденді. Ми  қабатының  қызметінің  нашарлауы  психикалық  дамудың  парциальді  бұзылуларына, танымдық  әрекеттердің  қалыптасуының  бұзылуына  алып  келеді. Ми  қызметінің  парциальді  бұзылуларында  психикалық  дамудың  мүмкіндіктері, ойлаудың  абстракциялау  мен  жалпылау  қызметтері  олигофреник  балалармен  салыстырғанда  көбірек  маңызды  болуы  мүмкін. Бірақ  бізді  психикалық  дамуы  кешеуілдеген  балалардың  эмоционалды-еріктік  аумағы, оның  психикалық  дамуы  кешеуілдеген  балаларда  көрініс  беруі  көбірек  қызықтырады. Танымдық  қабілеттіліктің  дамуындағы  қиындықтармен  қатар  энцефалопатиялық  синдромдар – гиперактивтілік, импульсивтілік, сонымен  қатар  үрей, агрессия  т.б. көрініс  беруі  мүмкін, ол  да  орталық  жүйке  жүйесінің  органикалық  жетіспеушілігі  туралы  хабар  береді. М.С.Певзнер  жүргізген  зерттеулер  психикалық  дамуы  кешеуілдеген  балалардың  негізгі  көрсеткіш  симптомдары  эмоционалды-еріктік  аумағының  дамымағандығы, инфантилизм  екенін  көрсетті. Бұл  симптомдардың  өзге  симптомдармен  қатынасы  дамудың  кешеуілдеуінің  өзге  клиникалық  нұсқаларын  бөліп  көрсетуге  негіз  болады.

Дамудың  кешеуілдеуінің  бірінші  формасы  тек  эмоционалды-еріктік  аумағының  дамымағандығымен  және  сонымен  қатар  сөйлеу  қызметі  мен  танымдық  қабілетінің  жеткілікті  деңгейде  дамығандығымен  сипатталады. Екінші  формасында  танымдық  қабілетінің  дамымағандығы  қатар  жүреді.

Үшінші  формасында  психофизикалық  инфантилизм  танымдық  қабілеттің  дамымағандығымен  қоса, нейродинамикалық  бұзылыстармен  күрделенеді. Төртінші  формасы  эмоционалды-еріктік  аумағы  және  де  танымдық  қабілетінің, сонымен  қатар, сөйлеу  қызметінің  дамымағандығымен  сипатталады, бұл  жіктеуді  У.В.Ульянова  ұсынды. Өзге  авторлардың  ойынша, психикалық  дамудың  кешеуілдеуінің  анықтаушы  симптомы  болып  тек   эмоционалды-еріктік  аумағы  табылады,  және  тек  интеллект  бөлшектері  сақталған  жағдайда. Т.Е.Сухарева, Т.А.Власова,  Н.С.Певзнер, Е.С.Иванов  және  т.б.  авторлардың  пікірінше, церебральді  астения, аффектке  жақындық, психологиялық  бұзылулар  тек  жұмысқа  қабілеттілікті  төмендетіп  қоймай  психикалық  дамудың  кешеуілдеуі  кезінде  танымдық  қабілеттіліктің  бұзылуын  тереңдетіп, психикалық  дамудың  кешеуілдеуінің  пайда  болуына  негізгі  себеп  рөлін  ойнауы  мүмкін.

Сонымен, психикалық  дамудың  қатты  кешеуілдеуінің  органикалық  табиғаты  бар. Көптеген  авторлар  бұл  патологияның  пайда  болуының  негізгі  себептерін  атап  өтті, оған  жататындар: жүктілік  патологиясы, тума  пайда  болатын  аурулар, сырқаттар, шала  туылу, асфиксия, ерте  постнатальді  аурулар. Көптеген  авторлардың  ойынша (К.С.Лебединская, И.Ф.Марковская, Т.И.Самодумская  т.б.)  психикалық  дамуы  кешеуілдеген  балаларда  ең  алдымен  интеллектуалды  функциялар  бұзылысқа  ұшырайды, эмоционалды  аумағының  қауіптілігі, сонымен  қатар, денесінің  есеймегендігі  баланың  жағдайын  одан  бетер  қиындатады.

Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  балалардың  клиникалық  ерекшеліктері  туралы  белгілі  ғылыми  ақпараттарды  пайдаланып  бұл  күйдің  бірнеше  түрін  бөліп  көрсетеді. Психикалық  инфантилизм (эмоционалды  жетілмеген  балалар), астеникалық  күйлер (ұзаққа  созылатын)  жеңіл  түрлері  болып  табылады. Осы  түрде  психикалық  дамуы  кешеуілдеген  балаларда  алғашқы  бұзылулар (немесе  ерте  кезеңде  постнатальді  дамудың  төмендеуі)  ең  алдымен  жалпы  қалыптасу  қарқынының, эмоционалды-еріктік  реакциясының  бұзылуы, осы  негізде  жұмысқа  қабілеттіліктің  төмендеуі, тез  шаршау, зейін  мен  естің  аритмиясы, сыншылдықтың  жоқтығы  пайда  болуы  мүмкін. Бұл  психиканың  ерекшеліктері  балалардың  оқуына  теріс  әсерін  тигізбей  қоймайды. Бұл  балалар  жалпы  бұқаралық  білім  беретін  мектепте  оқытылады, бірақ  педагогтың  жеке  көмегінің  арқасында.

Ми  қабатының  жеке  қызметтерінің  жетіспеушілігімен  байланысты  танымдық  қабілеттіліктің  алғашқы  бұзылуларымен  сипатталатын   психикалық  дамудың  кешеуілдеуі (бұл  балаларда  интеллектуалды, эмоционалды-еріктік  аумағы  және  де  нейрофизиологиялық  және  көбіне  соматикалық  дамуында  ахау  пайда  болуына  негіз  бар)  ең  күрделі  түрі  болып  табылады. Бұл  балалар  психикалық  дамуы  кешеуілдеген  балаларға  арналған  арнайы  мектептерде  білім  алады.

Отандық  дефектологтар  педагогикалық  тұрғыда  қараусыз  қалған  балаларды  психикалық  дамуы  кешеуілдеген  балалар  санатына  жатқызбайды, дегенмен  ұзақ  мерзімді  ақпарат  жетіспеушілігі, сензитивті  кезеңде  психикалық  түрткілердің  жоқтығы  баланың  даму  мүмкіндіктерінің  төмендеуіне  алып  баруы  мүмкін. Мұндай  балалар  да  жалпы  білім  беретін  мектептерде  білім  алады. Г.Е.Сухарева /10/  «психикалық  тұрақсыздық»  ұғымын  бөліп  қарастырады, бұл  ұғымның  астарында  ерік  күшінің  жоқтығы, еріктің  әлсіздігі, сенгіштік  жатыр, яғни  мінез-құлқы  тұрақсыз  жеткіншектер. Ол  психикалық  дамуы  кешеуілдеген  балаларды  аффективті-еріктік  аумағының  жеткіліксіз  есейгендігімен  сипаттайды. Тұрақсыз  тұлғалардың  даму  динамикасын  талдай  келе  Г.Е.Сухарева  олардың  әлеуметтік  бейімделуі  олардың  өздеріне  емес  қоршаған  ортаның  әсеріне  тәуелді  деген  ойын  айтты. Бір  жағынан, олар – көнгіш  және  импуьсивті, екінші  жағынан – еріктік  әрекетінің  жоғарғы  формаларының  есеймегендігі, қиындықтарды  жеңуге  бағытталған  әлеуметтік-құпталған  тұрақты  өмірлік  стереотиптерді  қалыптастыруға  қабілеттіліктің  жоқтығы, қарсы  тұруға  бейімсіздік, өзіне  шек  қоюдың  қалыптаспауы, қоршаған  ортаның  теріс  әсерін  тез  қабылдау. Бұл  қасиеттер  сыншылдықтың  төмен  деңгейі, есеймегендік, жағдайды  тиесілі  деңгейде  бағалауға  қабілеттіліктің  жоқтығын  сипаттайды, ал  нәтижесінде психикалық  дамуы  кешеуілдеген  балаларда  мазасыздану  болмайды.

 Г.Е.Сухарева   «психикалық  тұрақсыздық»  ұғымын  жеткіншектердің  мінез-құлық  бұзылыстарына  қатысты  қолданады, ол  бұл  ұғымның  астарында  жоғары  көнгіштіктің  кесірінен  өз  мінез-құлық  бағдарын  қалыптастыру  мүмкіндігінің  жоқтығы, өз  әрекеттерін  рахат  алу  эмоциясымен  басқаруға  бейімділік, ерік  күшін  пайдалануға  қабілетсіздік, еңбек  әрекеттерін  жүйелі  орындауға  қабілетсіздікті  түсінеді  және  де  аталған  ерекшеліктермен  байланысты – тұлғаның  жыныстық  есеймегендігі, мұның  барлығы  моральді-адамгершілік  ұстанымдардың  әлсіздігі  және  тұрақсыздығында  көрініс  береді. Г.Е.Сухареваның  психикалық  тұрақсыздық  түрі  бойынша  аффективті  аумағы  бұзылысқа  ұшыраған  жеткіншектермен  жүргізген  зерттеулері  келесідей  нәтижелер  берді: мұндай  жеткіншектер  моральді  тұрғыда  есеймегендікпен, парыз  және  жауапкершілік  сезімдерінің  жоқтығымен, өз  талап-тілектеріне  шек  қоюға  қабілетсіздікпен, мектеп  тәртібіне  қарсылықпен  және  қоршаған  адамдардың  жағымсыз  мінез-құлық  түрлеріне  көп  еліктеушілікпен  сипатталады.

Қорытындылай  келе  келесідей  нәтижелер  шығаруға  болады. Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектер  қызығушылықтың  тежелуі  бойынша  психикалық  тұрақсыздықпен, мінез-құлық  бұзылуларымен  сипатталады.

Бұзылулардың  мұндай  түрлері  бар  жеткіншектерді  эмоционалды-еріктік  есеймегендігінің  белгілері, парыз  бен  жауапкершілік  сезімінің, ерік  күштерінің, интеллектуалды  қызығушылықтың  жетіспеушілігі, ара  қашықтық  сезімінің  жоқтығы, түзетілген  мінез-құлық  пен  инфантильдік  сипаттайды.

Үстіртін  эмоционалдылық  дау-дамайды  жағдайларға  алып  барады, оларды  шешу  үшін  балаға  өзін-өзі  қадағалау  мен  өзін-өзі  талдау  жеткіліксіз  болады. Қарым-қатынастағы  қамсыздық  теріс  әрекеттердің  нәтижесінде  көрініс  береді, сонымен  қатар, балада  жағдайдың  қиындығы  мен  күрделілігін  бағалау  жеткіліксіз  болады. Жеткіншектер  оңай  уәде  беріп, оны  оңай  ұмытып  кетеді. Олардың  оқудағы  сәтсіздіктеріне  қатысты  уайымдары  жоқ. Ал  оқуға  қызығушылықтың  әлсіздігінен  аула  ойындарына, қимыл  және  дене  жаттығуларына  қажеттілік  туады. Ер  балалар  ашуланшақтыққа, қыз  балалар  көз  жасына  бой  алдырғыш  келеді. Қыз  балалар  да, ер  балалар  да  өтірік  айтуға  бейім  болады, себебі  ол  өзін-өзі  бекітудің  есеймеген  түрінің  әдістеріне  жатады. Жеткіншектердің  бұл  тобына  тиесілі  инфантильділік  көбіне  церебро-органикалық  жетіспеушілік, қимылының  тежелгендігі, қыңырлығы, жақсы  көңіл-күйдің  эйфориялық  көрінісі, анық  вегетативті  құрамымен  бірге  жүретін  аффективті  шабуылдар, көбіне  бастың  ауруымен  жалғасатын  еңбекке  қабілеттіліктің  төмендеуі, қатты  шаршап-шалдыққыштықпен  сипатталады.

Сонымен  қатар, мұндай  жеткіншектердің  өзін-өзі  бағалау  деңгейі  жоғары, мазасыздану  деңгейі  төмен, қызығушылықтар  деңгейі  қалыпты  емес, жетістіктеріне  реакциясы  әлсін, сәттіліктерді  үлкейтіп  қабылдайды.

Демек, бұл  топ  жеткіншектері  оқуға  мотивациясы  жоқтығымен  сипатталады, ал  ересектердің  беделін  мойындамау  біржақты  есейгендікпен  және  сонымен  байланысты  ересек  жасқа  тиесілі  өмір  сүру  жағдайына  қызығушылықпен  қатар  тұрады.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.2 Сөйлеуінің  қарқыны, ырғағы  және жатықтығында бұзылысы  бар  жеткіншектердің  эмоционалды  аумағының  мінездемесі.

 

Қазіргі  таңда  көптеген  зерттеулердің  арқасында  сөйлеудегі  бұзылулар  мен  тұтығудың  пайда  болу  көздерінің  табиғатына  белгілі  көзқарастар  қалыптасты. Дегенмен, тәжірибелік  жұмыстар  санының  көптігіне, белгілі  теоретикалық  тұжырымдар  мен  түрлі  болжамдардың  барлығына  қарамастан, осы  күнге  дейін  бұл  ахаудың  пайда  болу  себептері  мен  орталық  механизмдерін  түсіндіретін  толық  мәліметтер  мен  нақты  болжамдар  жоқ.

Сөйлеудің  бұзылулары  мәселесімен  А.Р.Лурия, Н.И.Жинкин  айналысқан, олардың  ойынша  тұтығу  кезінде  сөйлеу  жүйесінің  өзін-өзі  реттеу  қызметі  бұзылады. Бұл  ойды  кейінірек  В.М.Васильев, Шкловский, А.Г.Воронин, Ю.Б.Некрасова  т.б.  растады.

Л.З.Арутюнян  /3/  пікірі  бойынша, «Тұтығу – сөйлеудің  жатықтығы  бұзылып, қалтырауында  көрініс  беретін, клиникалық  және  этиопатологиялық  қатынаста  түрлі  болып  келетін  аурулардың  симптомы».

Кейде  тұтығатын  адамдардың  сөйлеуінде  спазматикалық  баяулық  болмайтын  жағдайлар  кездеседі, ол  жағдайлар  адам  жеке  қалғанда, қарым-қатынастан  тыс  кездерде  болады. Сөйлеудің  қалтырауы  әдетте  белгілі  бір  эмоционалды  күйлер – жекелік  және  ситуативті  үрей  барысында  пайда  болады. Ол  есту  каналындағы  кері  байланыстың  бұзылуымен  түсіндіріледі. Тұтығу  барысындағы  сөйлеудің  қалтырауының  пайда  болуы  табиғи  сөйлеу  циклінің  ішкі  синхрондығының  бұзылуынан  болады, ол  кері  байланыстың  сигналдарын  беру  мен  өңдеудің  қажуынан  пайда  болуы  мүмкін.

Тұтығудың  бастапқы  кезеңін  қарастырайық, яғни, сөйлеудегі  қалтыраудың  алғаш  пайда  болуы  мен  бекітілуін  қарастырайық. Л.З.Арутюнян  «Тұтығу – балалар  сырқаты»  деп  өз  пікірін  айтқан. М.Е.Вингейттің  ойынша, 84  %-дан  көп  жағдайларда  тұтығу  6  жасқа  дейінгі  балаларда  бастау  алады. Бұл  ойды  Г.А.Волкова  растайды, оның  ойынша, балалардың  тұтығуы  жекелік  және  мінез-құлықтық  бұзылулармен  тығыз  байланыста  дамиды, және  де  баланың  жүйке-психикалық  жағдайына  да  байланысты  болады, ал  ол  өз  кезегінде  күрделі  симптоматика  мен  сөйлеу  бұзылыстарына  шарт  болып  табылады. Бұл  жас  кезеңінде  морфо-функционалды  сөйлеу  жүйесі  енді  қалыптасады, ми  құрылымдарының  рационалды  минимизациясы  әлі  аяқталмайды  және  де  ересек  жасқа  тән  жүелік  әрекеттердің  сапалық  жаңа  деңгейіне  көшу  әлі  басталмаған.

Тұтығу  этиологиясы  туралы  О.Бледстейн  өз  пікірінде  бұл  мәселе  бойынша  3  негізгі  бағытты  атап  өтеді: бірінші  бағыт  бұл  бұзылуды  қарапайым  невроз  деп  қарастырып, психогенді  негізіне  көңіл  аударады; екінші  бағыт  бойынша  тұтығу  үйретілген  немесе  бекітілген  мінез-құлық  әрекеті  немесе  әдет  болып  табылады; үшінші  бағыт  физиологиялық  ахау  немесе  жетіспеушілік концепциясына  сүйенеді.

Л.З.Арутюнянның  ойынша, тұтығу  пайда  болуының  3  мүмкіндігін  қарастыру  қажет. Біріншісі – тұтығу  сөйлеу  онтогенезінің  артта  қалуы  барысында  пайда  болғанда. Мұндай  жағдайда  балалардың  жалпы  және  ұсақ  дене  моторикасы  өте  қатты  бұзылысқа  ұшырайды, сенсомоторлы  бақылауы  әлсірейді. Әдетте  бұл  балалардың  анализінде  психикасының  зақымдану  жағдайлары  туралы  көрсеткіштер  жоқ. Келесі  топ – миының  жалпы  латерализациясының  деңгейі  мен  вербальді  қызметінің  төмендеуі, сол  жақ  жартышарлары  оң  жақ  жартышарлардағы  үрдістерге  қатысты  өзінің  жетекшілік  рөлін  толық  деңгейде  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  бермейтін  балалар.

Баланың  бастапқыда  сау  миына  күйзелістің  тигізген  әсерінен  де  тұтығу  пайда  болуы  мүмкін. Қысқаша  қарастырылып  отырған  барлық  жағдайларда  сөйлеудің  қалтырауы  сөйлеудің  өзін-өзі  реттеу  қызметінің  бұзылуы, уақытша  кедергілердің  нәтижесі  болып  табылады.

Бала  ойын  өз  ахауына  тұрақтандырғанда, сөйлеу  акті  эмоционалды  болып  кетеді. Уақыт  өткен  сайын  әр  тұтығатын  адамның  қарым-қатынастық  қиыншылықтарының  өз  иерархиясы  пайда  болады, ал  жеткіншек  жаста  қарым-қатынас  негізгі, жетекші  әрекет  түрі  болып  табылатындықтан, тұтығу  бұл  қажеттілікті  қанағаттандыруда  кедергі  болып  табылады. Кез  келген  іс-әрекет  түрі, соның  ішінде  сөйлеу  әрекеті  де, орталық  жүйке  жүйесінің  белсенділігін  анықтайтын  функционалды  күй  фонында  жүзеге  асады. Функционалды  күй  бірнеше  факторлармен  анықталады, яғни  нақты  әрекеттер  мотивациясы, жүйке  жүйесінің  күйі, тұлға  типі. Қандай  да  бір  себептерден  пайда  болатын  эмоционалды  кернеу  функционалды  күйді  өзгертеді, соның  арқасында  іс-әрекетке  әсер  етеді.

Э.Л.Наенко /19/  эмоционалды  кернеу  күйіне  тән  3  реакциялар  тобын  бөліп  қарастырды:

1)  мазасызданудың  пайда  болуы (тынышсыздану, қайғыру, қорқыныш, уайым т.б.).

2) моторлы-мінез-құлықтық  реакциялардың  өзгеруі (қол  треморының, бұлшықет  кернеуінің  пайда  болуы).

3) ойлау  үрдістерінің  өту  сипаты  мен  интеллектуалды  әрекеттерді  ұйымдастырудың  өзгеруі.

  Л.З.Арутюнян  тұтығуды  тұрақты  патологиялық  күйдің  бір  түрі  ретінде  қарастырады, ол  3  құрамдас  бөліктерден  тұрады:

  • 1) сөйлеудің  қалтырауы;
  • 2) үнемі  мазасыздану  күйінде  болу;
  • 3) өз  ахауын  жасырып  қалу  тілегі.

М.И.Буяновтың  /12/  пікірінше, тұтығу – клиникалық  тұрғыдан  қарастырғанда  түрлі  бұзылыстардың  белгісі, атап  айтқанда: логоневроз  және  неврозға  ұқсас  логосиндром  екеуінің.

Ол  тұтығуды  2  түрге  бөліп  қарастырады: невротикалық  және  неврозға  ұқсас.

Жеткіншек  жаста  көбіне  неврозға  ұқсас  логосиндром  кездеседі. Мұндай  жеткіншектер  тез  жараланғыш, олар  үшін  қоршаған  адамдардың  олар  туралы  пікірі  маңызды, олар  шешім  қабылдауда  әлсіз, өзіне  сенімсіз, әсершіл, өзін-өзі  бағалау  деңгейі  төмен, тұтығудың  нәтижесінде  эмоционалды  тұрақсыздық  пайда  болуы  мүмкін. Бұлардың  барлығы  жеткіншектердің  өзінің  толыққанды  дамымағандық  сезімін  және  жазылуға  тілегін  күшейтеді. Тұтығуды  былайша  тек  сөйлеу  патологиясын  емес, сонымен  қатар  жекелік  бұзылуларды  қамтитын  күрделі  медико-психологиялық  құрылымның  бөлігі  ретінде  қарастырғанда, тұтығудың  өзге  симптомдармен  байланысын  түсінуге  мүмкін  болады.

Сонымен  қатар, оқу  әрекетіндегі  қиындықтар  да  бар, оның  ерекшеліктерінің  бірі – тұрақсыздық. Іс-әрекет  тұрақсыздығының  сыртқы  көрініс  берулері  түрлі  жағдайлармен  шарттандырылуы  мүмкін. Ол  импульсивтілік  пен  жұмысты  ұйымдастыру  әлсіздігі  болуы  мүмкін, ал  бұл  жағдайлар  үлгі  мен  нұсқаулықты  талдай  алмау, өз  әрекетін  алдын  ала  ойластыра  алмау, барлық  кезеңдерін  бірінен  соң  бірін  орындауды  жспарлай  алмаудың  нәтижесі  болуы  мүмкін. Ол  іс-әрекет  барысындағы  қиындықтарды  жеңу  үшін  ерік  күшін  көрсете  алмау  мен  еліктегіштік  болуы  мүмкін. Және  соңғысы, эмоционалды  тұрақтылықтың  төмендігі  мен  сыртқы  әлсірететін, көңіл  аулайтын  әсерлердің  әрекетінің  нәтижесінде, сонымен  қатар, шешім  қабылдаудағы  әлсіздік  және  үлгі  мен  нұсқаулықты  толық  қабылдай  алмаудан  туатын  абдырау  сезімінің  нәтижесінде  іс-әрекетте  ахау  болуы  мүмкін.

Бұл  сипаттамалар  үрей  мен  мазасызданыдың  дамуына  негіз  болады, ал  олар  ауруды  одан  бетер  қоздыра  түседі.

Эмоционалды  бұзылулар  мен  тұтығатын  жеткіншектер  мәселесі  бойынша  әдебиеттер  аздығын  атап  өту  керек, осының  нәтижесінде  талданған  әдебиеттердің  аздығы  түсіндіріледі.

Демек, тұтығатын  жеткіншектер  қарым-қатынас  және  оқу  секілді  іс-әрекет  түрлерінде  эмоционалды  кернеу  мен  мазасыздануды  бастан  кешеді, себебі  ол  екеуі  де  қарым-қатынастық  белсенділікті  талап  етеді.

Мазасыздану – тұлға  қасиеті  ретінде  бұл  жеткіншектерде, біріншіден – өз  ахауы  туралы  білгендіктен, екіншіден – сөйлеуден  қорқатындықтан (логофобия), үшіншіден – олар  өзгелер  сияқты  емес  екенін, олардың  ахауы  оларды  қалыпты  дамыған  жеткіншектерден  ерекшелеп  тұруға  негіз  болатынын  білгендіктен  пайда  болады. Сенімсіздік, өзін-өзі  бағалаудың  төмендігі, әсерленгіштік  пен  жарланғыштық  салдарынан, үрей  мазасыздануға  айналады  да, тұлғаның  ажырамас  бөлігі  болып  қалыптасады. 

 

 

 

4 Жеткіншек  жастағы  мазасызданудың  алдын  алу  мен  түзетудің  әдістемелік  негіздері.

 

Эмоционалды  мазасызданудың  түзету  жұмыстары  тұлғалық  бұзылулардың  әр  түріне  (тұтығу, психикалық  дамудың  кешеуілдеуі  және  т. б.)  сәйкес  кешенді  түрде  және  өзгеше  сипатта  жүргізілуі  тиіс.

Кешенді  түзету  жұмыстары  келесідей  бағыттардан  тұрады:

  • Медициналық реабилитация (оңалту).
  • Әлеуметтік-педагогикалық реабилитация – ол  әлеуметтік  маңыздылықты  қайта  құру  мен  мектеп  жағдайларына  бейімділікті  жақсартуды  қарастырады.
  • Психологиялық реабилитация – тұлғаның  девиациясының  белгілерін  жою.

Медициналық  қызметкерлердің, мектептегі  мұғалімдер, психологтар  т.б.  бірігіп  атқарған  жұмыстары  жеткіншектер  мазасыздануының  төмендеуіне  жол  ашса, күнделікті  өмір  шарттарына  жеткіншектің  бейімделуіне  жағдай  жасайды  (әлеуметтік  бейімділік), демек, тұлға  дамуны  жағымды  жағдайлар  жасайды.

Бұл  бағыттарды  қысқаша  сипаттайық:

Медициналық  түзету  жұмыстары (коррекция) – бұл  өзге  реабилитациялық  іс-шараларға  негіз  болатын  іргелі  жұмыс. Дәрігер  психологиялық  және  әлеуметтік  реабилитацияның  ұйымдастырушысы, басқарушысы, қадағалаушысы  болып  табылады. Мазасыздану  түрлі  ауру-сырқаулардың  құрамдас  бөлігі  болуы  мүкін, сондықтан  тек  ауруды  ғана  емес, сонымен  қатар  ол  аурумен  қатар  жүретін  бұзылыстарды  емдеу  керек. Психофармокологиялық  құралдар, емдік  дене  жаттығулары, физиотерапия, әуенді  жаттығулар, еңбек  терапиясынан  басқа  психотерапияның  түрлі  әдістері  қолданылады, олар  қиындықтарды  біртіндеп  жоюға  түрткі  болады.

Педагогикалық  түзету  жұмыстары – мектепте  оқыту  барысында  жүзеге  асырылады. Әлеуметтік  реабилитацияның  қажетті  элементтерінің  бірі  болып  жеткіншектердің  күнделікті  бос  уақытын  ұйымдастыруға  көмек  көрсету  табылады. Бұл  олардың  эмоционалды  тонусының  жоғарылауына, еріктік  қасиеттерді  тәрбиелеуге, қарым-қатынас  дағдыларын  қалыптастыруға, психиканың  жалпы  қалыпты  қызмет  етуіне  жол  ашады.

Психологиялық  түзету  жұмыстары – қабылданған  талаптар  жүйесінде  «тиімді  модельге»  сәйкес  келмейтін  психикалық  дамудың  ерекшеліктеріне  түзету  енгізу  әрекеттері. Бұған  емдеу  әдісі  ретінде  психотерапияны, алдын  алу  әдісі  ретінде  психокоррекцияны  жатқызуға  болады.

Психологиялық  әсер  етудің  ерекше  формасы  ретінде  психологиялық  түзету  жұмыстары  теоретикалық  түрде  отандық  психологияның  іргелі  ережелеріне  негізделеді, олардың  негізгілері  келесідей:

  • В.И.Мясищевтің теоретикалық  концепциясында  жасалынған  ереже, ол  ереже  бойынша  жеке  тұлға  маңызды  қатынастар  жүйесінің  жемісі  болып  табылады, сондықтан  тиімді  психотерапия  және  психокоррекция  жұмыстары  түзету  үрдісіне  жеткіншектің  өзі  мен  оның  отбасын  қатыстырмай  мүмкін  болмайды.
  • А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет  теориясының  ережесі, ол  ереже  бойынша  даму  үрдісіне  оң  әсер  ету – дамудың  басты  әрекеттеріне  басшылық  ету, ал  бұл  жағдайда  балаларды  тәрбиелеу  жұмыстарына  және  баланың  басты  іс-әрекеттеріне  әсер  ету.
  • Д.Б.Эльконин жасап  шығарған  ереже, ол  ереже  бойынша  ойын  әрекетінің  түзетушілік  мүмкіншілігі  адам  әлеуметтік-ұйымдастырылған  ойындық  жаттығулар  үрдісінде  қатынасатын  жаңа  әлеуметтік  қатынастар  тәжірибесінде.
  • С.Л.Рубинштейннің адамдар  арасындағы  психологиялық  қатынастардың  түрлері  туралы  тұлғаның  теоретикалық  концепциясының  ережесі.

Психологиялық  түзету  жұмыстарының  әдістері  сан  түрлі. Оларды  негізгі  бағыттардың  ерекшеліктеріне  сәйкес  шартты  түрде  топтастыруға  болады, олардың  ішінде:

  • Мінез-құлықтық бағыт.
  • Іс-әрекеттік бағыт.
  • Когнетивті бағыт.
  • Психоаналитикалық бағыт.
  • Экзистенциалды-гуманистік бағыт.
  • Гештальт-терапия.
  • Психодрама.
  • Денеге бағытталған  терапия.
  • Психосинтез.

10)Трансперсоналды  бағыт.

Балалардың  жүйке-психикалық  аумағын  емдеу  үшін  ата-аналарды, балалар  мекемелерінің  медико-педагогикалық  персоналын, халақтың  кең  бұқарасын  невротикалық  күйлердің  алдын  алу  және  болған  жағдайда  оларды  емдеу  жұмыстарымен  таныстыру  қажет.

Демек, балалар  мен  жеткіншектер  психотерапиясының  міндеті  тек  ауру  симптомдарын  жоюмен  шектелмейді, сонымен  қатар, қайта  бейімделу  мен  қайта  әлеуметтендіруге  жағдайлар  жасау.

Түзету  әдістерінен  басқа  психогигиена  мен  психопрофилактика  әдістері  де  бар.

Психогигиена – адамның  жүйке  психикалық  саулығын  сақтау  мен  нығайту, психикалық  аурулардың  алдын  алу  туралы  ғылым.

Психопрофилактика – психикалық  аурулардың  алдын  алуға  бағытталған  түрлі  іс-шаралардың  күрделі  жүйесінен  тұратын  жалпы  профилактиканың  бір  бөлімі. Психогигиена  мен  психопрофилактика  бір-бірімен  тығыз  байланысты, оларды  тек  шартты  түрде  ажыратуға  болады.

Профилактиканы  алғашқы, екінші  және  үшінші  профилактика  деп  ажыратады. А.П.Слободянник  өзінің  «Психотерапия»  кітабында  біріншіге  мыналарды  жатқызады:

  • Провизорлы (қоршаған ортаның, әлеуметтік  жағдайлардың, отбасының, еңбек  үрдістерінің  сауығуы).
  • Генетикалық (генетикалық кеңестер).
  • Эмбриологиялық (әйелдерді емдеу, жүктілік  пен  отбасы  гигиенасы  т.б.).
  • Постнатальді (дамудағы ахауларды  табу).

Екінші  профилактиканың  мақсаты  бастылып  келе  жатқан  психикалық  ауруды  тоқтату  болып  табылады. Оған  жататындар:

  • Ерте диагностикалау.
  • Сауыққанға дейін  емдеу.
  • Ұзақ мерзімді  қолдап  тұрушы  ем.

Үшінші  профилактикаға  созылмалы  аурулардың  алдын  алуға  арналған  іс-шаралар  жатады. Осы  мақсатта  келесілер  қолданылады:

  • Дәрілік терапия.
  • Аурудың болмысы  мен  қоршаған  ортасын  сауықтыру.
  • Тұлғааралық қатынастарды  қадағалау.
  • Ауруларды жұмыспен  қамту.

Жалпы  алғанда,  түзету  мен  алдын  алу  жұмыстарының  міндеті  жоғары  тәуекелдік  топтарға  қатысты  жүзеге  асырылатын  қайта  құруларға, тәуекелдің  психологиялық  факторлары  болып  табылатын  жағымсыз  психологиялық  жаңаруларды  қайта  өзгертуге, баланың  өзгелермен  гармониялы  қатынастарын  қайта  қалыптастыруға  бағытталған  ұйымдастырылған  психологиялық  әсер  ету  шараларын  жүзеге  асыру   болып  табылады.

Диагностика – бұл  психокоррекцияның  бастапқы  кезеңі, ол  зерттелінушілер  белсенділігі  принципін  ұстануды  талап  етеді.

Демек, психокоррекциялық  әсер  етудің  негізгі  құрамы  болып  отбасында  жұбайлар  арасында  да, ата-аналар  мен  балалар  арасында  да  жаңа  әлеуметтік  қатынастардың  эмоционалды  бай, тұрақты  тәжірибесін  қалыптастыру  табылады.

Қорытындылай  келе, психокоррекциялық  үрдісте  ең  негізгісі  психологиялық  және  жүйелік  әсердің  кешенділігі  болып  табылатынына  назар  аудару  қажет. Сондықтан, психологиялық  коррекция (түзету) – ол  қайта  құру, баланың  психологиялық  тәуекел  факторларын  қайта  құру, отбасыда  гармониялы  қатынастарды  қайта  қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

2 — бөлім.

ПСИХИКАЛЫҚ  ДАМУЫ  КЕШЕУІЛДЕГЕН, ТҰТЫҒАТЫН  ЖӘНЕ  ҚАЛЫПТЫ  ДАМЫҒАН  ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ  МАЗАСЫЗДАНУЫНЫҢ  КӨРІНІС  БЕРУ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

 

2.1 Зерттеудің  әдістері  мен  әдістемелері.

Зерттелінушілер  құрамының  сипаттамасы.

Зерттеу  әдістері  ретінде  келесілер  таңдалды:

  • ұйымдастырушылық;
  • стандартталған;
  • салыстырмалы.

Біз  математикалық  өңдеу  әдісін  Фишердің  φ  критерийін  қолдандық, оның  формуласы  келесідей:

 

                             N1×N2

φ = ( φ1 – φ2 ) ×  ———

                             N1+N2

 

Әдістеме  ретінде  таңдалды:

1)Өзін-өзі  бағалауды  зерттеу  тесті (Ч.Д.Спилбергер, Ю.Л.Ханин)

2)Филлипстің  мектепішілік  мазасыздануды  зерттеу  тесті.

Ч.Д.Спилбергердің  үрей  мен  мазасыздану  мектебі – автордың  1966-1973  жылдары  жасап  шығарған  жеке  тұлғалық  сауалнамалар  тобы.

Ч.Д.Спилбергер  концепциясына  сәйкес, үрей – күй, ал  мазасыздану – жеке  тұлғаның  қасиеті  деп  ажыратылады.

Үрей – шынайы  немесе  елестетілген  қауіп-қатерге  жауап, белгісіз  қауіп  сезімімен  сипатталатын  диффузды  объектісіз  қорқыныштың  эмоционалды  күйі, ал  қорқыныш  онымен  салыстырғанда  анық  шынайы  қауіпке  жауап  реакция.

Мазасыздану – өмірдің  түрлі  жағдайларында  қобалжуды  бастан  кешуге  бейімділіктен  тұратын  жеке  психологиялық  ерекшелік. Автордың  пікірі  бойынша, осы  аталған  екі  психикалық  көрініс  берудің  айырмашылықтарын  өлшеуге  мүмкіндік  бар, оларды  А – state ( үрей – күй)  және  А – trait ( үрей – қасиет)  деп  белгілейді, яғни  уақытша, өткінші  ерекшеліктер  және  салыстырмалы  тұрақты  бейімділік. Сауалнама  жеке  дара  және  топпен  тестілеуге  мүмкіндік  береді.

1976-1978  ж.ж.  Ю.Л.Ханин  (32)  бейімдеп, өзгертіп  және  стандарттап  STAI-дың  орыс  тілді  нұсқасын  жасады, ол  енді  Спилбергер-Ханиннің  реактивті  және  жеке  тұлғалық  мазасыздану  шкаласы  ретінде  белгілі  болды.

Шкала  әрқайсысында  20  тапсырма  бар  2  бөлімнен  тұрады. Бірінші  шкала  (STAI:×1)  адамның  дәл  қазір  өзін  қалай  сезініп  тұрғанын  анықтауға  арналса, екінші  шкаланың  тапсырмалары  (STAI:×2)  мазасыздануды  жеке  тұлғаның  қасиеті  ретінде  диагностикалауға  бағытталған.

Әр  шкаланың  өз  орындау  нұсқаулары  бар, жауап  бланкілерін  толтыру  қиын  емес, тестілеу  уақыты  шамамен  5-8  минут. Сауалнамаға  енгізілген  әр  сұраққа  респонденттің  жауаптары  4  баллды  шкалада  бағаланады. Бірінші  және  екінші  бөлімдердің  бағалау  шкалаларының  позицияларының  вербальді  интерпретациясы  әр  түрлі. STAI:×1  үшін  «жоқ» — 1  балл, «көбінесе  жоқ» — 2 балл, «көбіне  ия» — 3  балл, «ия» — 4  балл. STAI:×2  үшін  «ешқашан» — 1  балл, «кейде» — 2  балл, «көбіне» — 3  балл, «әрқашан» — 4  балл.

Ю.Л.Ханин  мазасызданудың  деңгейлеп  көрініс  беруінің  нормативін  тапты:

20-34  балл – төмен  деңгей,

35-44  балл – орташа  деңгей,

46  баллдан  жоғары – жоғары  деңгей.

Бұл  сауалнама  қолданбалы  зерттеулерде  кең  таралған, әсіресе  клиникалық  психодиагностика  саласында  және  шынайы  диагностикалық  нәтижелер  үшін  жоғары  бағаланады (тест  сұрақтары  1-қосымшада).

 

Филлипстің  мектепішілік  мазасыздануды  зерттеу  тесті.

Мақсаты: бастауыш  сынып, орта  буын  және  жоғары  сынып  оқушыларының  мектеппен  байланысты  мазасыздануының  деңгейі  мен  сипатын  зерттеу.

Тест  58  сұрақтан  тұрады, оларды  оқып  беруге  және  жазбаша   түрде  парақпен  ұсынуға  болады. Әр  сұрақты  мұқият  оқып, «ия»  немесе  «жоқ»  деп  нақты  жауап  беру  қажет. Жауап  парағының  жоғарғы  жағына  оқушының  аты-жөні  және  сыныбы  жазылады (сауалнама  сұрақтары  қосымшада  көрсетілген).

Жауаптар  өңделгенде  тестпен  келіспеушіліктің  жалпы  саны  есептелінеді. Егер  жауаптар  саны  50 %-дан  асса, мазасыздану  деңгейі  ортадан  жоғары, ал  егер  75 %-дан  асса, онда  мазасыздану  деңгейі  жоғары. Жауаптар  8  фактор  бойынша  талданады. Оқушының  жалпы  ішкі  эмоционалды  күйі  талданады, ол  қандай  да  бір  мазасыздану  синдромы  және  оның  санымен  анықталады.

Факторларға  мазмұндық  сипаттама:

  • Мектепішілік жалпы  мазасыздану – баланың  мектеп  өміріне  енуінің  әр  түрлі  формаларымен  байланысты  болады: мұғалімдермен  тіл  табысуы, сабақтарға  үлгерімі, оқушының  табысты  болуына  мұғалімдер  тарапынан  тілектестіктің  барлығы, бала  табысты  болғанда  оның  қуанышына  шын  көңілден  ортақ  болатындардың  барлығы  және  жалпы  эмоционалдық  күй-жағдайы.
  • Әлеуметтік стресс  жағдайында  болу – баланың  әлеуметтік  қатынасының  қалыптасқандығы: құрдастармен  қатынасуы, оқушылар  арасындағы  статусы, баланың  бір  салада  өте  табысты  болуы, оған  тәуелділердің  барлығы, жолдастарының  оның  пікірімен  санасатындығы, басқалар  алдында  беделдігі.
  • Табысты болуға  қажеттілік  фрустрациясы – балаға  табысты  болуға  мүмкіндік  бермей  отырған  неше  түрлі  жағымсыз  жағдайлар  және  олардың  түрі, көптігі, баланың  осы  проблеманы  шешуге  мүмкіндігінің  барлығы  немесе  жоқтығы, қажеттіліктерінің  түрлері, спорттағы  табыстылығы, оқу  барысындағы  жетістіктер.
  • Баланың өзін-өзі  байқауы  мен  бағалауы – басқаларға  өзінің  мүмкіндіктерін  көрсете  алатындығы, оның  шеберлігімен  байланысты  оң  эмоциялары  немесе  олақтығымен байланысты  жағымсыз  эмоционалдық  күйзеліс  жағдайлары, осы  жағдайдан  шығу  жолдарын  іздейтіндігі.
  • Баланың білімін  тексеру  мен  бағалау  жағдайынан  қорқуы – оқып, біліп  алған  нәрселерін  тақтаның  алдында  айтып  беруге  ұялатындығы, әсіресе  көпшілік  алдында  сәтсіздікке  ұшыраудан  қорқып, мазасыздануы.
  • Айналасындағы адамдардың  баладан  үміт  етуін  ақтай  алмаудан  қорқуы – ата-анасының  алдында  жауаптымын, оларды  ренжітпеу  керекпін  деген  ойы, төмен  баға  аламын  деп  уайымдауы  және  нашар  бағаны  күтуі.
  • Стресске психофизиологиялық  қарсы  тұруы  төмен  болуы – өзінің  іс-әрекеттерін  ұйымдастыра  алмауы, мектепішілік  әрекеттерінде  салақтық  элементтерін  көрсетуі, көпшілік  алдында  ептілік  білдіре  алмауы, нәтижесінде  қоршаған  орта  тітіркенгіштері  әсеріне  реакциясының  жоғары  болуы.
  • Мұғалімдермен қарым-қатынас  жасауға  қорқатынымен  байланысты  проблемалары – мұғалімдердің  басым  көпшілігімен  қарым-қатынас  жасауының  қалыптаспауына  байланысты  мектептің  балада  теріс  эмоция  туғызуы.

 

Зерттелінушілер  құрамының  сипаттамасы.

Зерттелінушілер  құрамында  54  адам  бар. Олар  11-16  жас  аралығындағы  жеткіншектер. Зертелінушілердің  3  тобы  зерттелді:

  • психикалық дамуы  кешеуілдеген;
  • сөйлеу қарқыны, ырғағы  және  жатықтығы  бұзылған;
  • қалыпты дамыған  жеткіншектер.

Әр  топта  18  адам  бар.

Зерттеу  жүргізу  базасы: Жетісай  қосалқы  мектеп  интернаты, мемлекеттік  мекеме  № 1  Саңырау  балаларға  арналған  мектеп  интернаты, мемлекеттік  мекеме  № 16  Мырзакент  орта  мектебі.

Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектер  тобында: 7  қыз  бала  мен  11  ер  бала.

Сөйлеуінде  ахауы  бар  балалар  тобында: 6  қыз  бала  мен  12  ер  бала.

Қалыпты  дамыған  балалар  тобында: 10  қыз  бала  мен  8  ер  бала.

 

2.2  Зерттеу  нәтижелерін  талдау.

 

Зерттеу  мақсаты  психикалық  дамуы  кешеуілдеген, тұтығатын  және  қалыпты  дамыған  жеткіншектердің  мазасыздануының  көрініс  беру  ерекшеліктерін  зерттеу  және  салыстырмалы  талдау  жасау  болғандықтан, келесідей  нәтижелер  алынды:

Өзін-өзі  бағалауды  зерттеу  тесті (Ч.Д.Спилбергер, Ю.Л.Ханин)

  • Психикалық дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектер  (18  адам)

Жекелік  мазасызданудың  жоғары  деңгейі – 3 адам — 13%

Жекелік  мазасызданудың  орташа  деңгейі – 15 адам — 87%

  • Ситуативті мазасызданудың  жоғары  деңгейі – 8 адам — 40%

Ситуативті  мазасызданудың  орташа  деңгейі – 10 адам — 60%

Нәтижелері  график  түрінде  1-суретте  көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл  нәтижелер  психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектерде  мазасыздану  деңгейінің  жоғарылауы  байқалмайды, тек  бірнеше  адамда  ол  жоғары  деңгейде. Демек, мазасызданудың  төмендігі  іс-әрекет  түрткілеріне  жоғары  назар  аударуды  және  жауапкершілік  сезімін  арттыруды  талап  етеді. Бұл  жеткіншектер  өзін-өзі  бағалауының  жоғарылығымен, мінезінің  тұрақсыздығымен, өзгелерге  тартымдылығының  жоғарылығымен, аффектілі-еріктік  аумағының  жеткіліксіз  есейгендігімен  сипатталады, олар  жағдайды  дұрыс  бағалауға  бейімсіз, қарсылық  көрсетуге  қауқары  жоқ, үстіртін  эмоционалды, жетістікке  реакциясы  әлсін  т.б.

  • Тұтығатын жеткіншектер.

               Жекелік  мазасыздану, жоғары  деңгей – 12 адам — 63%

         Жекелік  мазасыздану, орташа  деңгей – 6 адам — 37%

  • Ситуативті мазасыздану, жоғары  деңгей – 12 адам — 63%

Ситуативті  мазасыздану, орташа  деңгей – 6 адам — 37%

Нәтижелері  график  түрінде  2-суретте  көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл  топтағы  жеткіншектер  мазасыздану  деңгейі  бұған  дейінгі  топтағылармен  салыстырғанда  жоғары, ол  олардың  өзін-өзі  бағалауының  төмендігімен  шартталған, демек, мазасыздануы  жоғары, сезімталдығы  жоғары, сөйлеу  ахауымен  байланысты  өзіне, өз  күшіне, жетістіктеріне  сенімсіздік  байқалады.

  • Қалыпты дамыған  жеткіншектер:

       Жекелік  мазасыздану, жоғары  деңгей – 7 адам — 39%

             Жекелік  мазасыздану, орташа  деңгей – 11 адам — 61%

  • Ситуативті мазасыздану, жоғары  деңгей – 7 адам — 39%

Ситуативті  мазасыздану, орташа  деңгей – 11 адам — 61%

Нәтижелері  график  түрінде  3-суретте  көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалыпты  дамыған  жеткіншектерде  мазасыздану  деңгейі  біртегіс  таралған. Ол  мазасызданудың  белгілі  деңгейі – жеткіншектің  белсенді  әрекеттерінің  табиғи  және  маңызды  ерекшелігі  болуымен  түсіндіріледі. Әр  адамның  өзіне  тиесілі  тиімді  және  қажетті  мазасыздану  деңгейі  болады, басқа  сөзбен  айтқанда  ол  пайдалы  мазасыздану (Рогов Е.И., 24). Осы  тұрғыда  адамның  өз  күйін  бағалауы  өзін-өзі  бағалау  мен  өзін-өзі  тәрбиелеудің  маңызды  құрамдас  бөліктерінің  бірі  болып  табылады.

Біздің  болжамдарымыздың  дұрыстық  деңгейін  есептеп  көрейік. Математикалық  өңдеу  ретінде  Фишер  критерийін  пайдаланамыз.

Осы  критерийдің  көмегімен  екі  болжамның  мәнін  салыстырамыз.

Болжамдарды  құрайық:

Н0  психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектерде  мазасыздану  деңгейі  қалыпты  дамыған  жеткіншектермен  салыстырғанда  жоғары емес.

Н1  психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектерде  мазасыздану  деңгейі  қалыпты  дамыған  жеткіншектермен  салыстырғанда  жоғары.

Кесте  сызайық:

 

 

Кесте 1.

Фишер  критерийін  орналастыру  үшін, мазасызданған  және  мазасызданбаған  жеткіншектер  топтарын  қойып  салыстыруға  арналған  төртмәнді  кесте.

 

 

Зерттелінушілер тобы

 

Әсері  бар

Әсері  жоқ

Зерттелінушілер саны

Зерттелінушілер  саны

Зерттелінушілер саны

Тұтығатын

12 адам

63%

6 адам

37%

18

Қалыпты

6 адам

34%

12 адам

66%

18

Σ

18 адам

97%

18 адам

103%

36

 

 

Ф1  (63%) = 1,834

Ф2  (34%) = 1,254

 

 

                            N1×N2

Ф = ( Ф1 – Ф2) × ———— = 0,589 × 3 = 1,767

                             N1+N2

 

Фкр = 1,64 ( р ≤ 0,05)

          2,31 ( р ≤ 0,01)

 

Р = 0,03

Фэмп > Фкр ( 1,767 > 1,64)

 

Н0  теріске  шықты. Демек, болжам  3 %  мәндік  деңгейде  дәлелденді. Тұтығатын  жеткіншектерде  мазасыздану  деңгейі  қалыпты  жағдайдан  жоғары.

 

 

Филлипстің  мектепішілік  мазасыздануды  зерттеу  тесті  бойынша  келесідей  нәтижелер  алынды:

 

Жеткіншек  жаста  қарым-қатынаспен  қатар  оқу  әрекеті  де  негізгі  әрекет  болып  табылатындықтан, кейбір  жеткіншектер  патологиялық  әсердің  негізгі  факторы  ретінде  мектеппен  байланысты  мазасыздануды  бастан  кешеді.

Тест  бойынша  келіспеушіліктердің  жалпы  саны:

І.  Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей  ——-

Орта  деңгей – 13 адам — 64%

Төмен  деңгей – 5 адам — 26%

ІІ.  Тұтығатын  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей – 9 адам — 50%

Орта  деңгей – 5 адам — 26%

Төмен  деңгей – 4 адам — 24%

ІІІ. Қалыпты  дамыған  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей – 5 адам — 27%

Орта  деңгей – 8 адам — 46%

Төмен  деңгей – 5 адам — 27%

Біз  көріп  тұрғандай, теориялық  тұжырымымыз  тәжірибеде  дәлелденді. Тұтығатын  жеткіншектер  оқу  әрекетінде  жоғары  деңгейдегі  мазасыздануды  бастан  кешеді, себебі ол  қарым-қатынастық  белсенділікті  талап етеді, ал  тұтығатын  жеткіншектерде  бұл  тұрғыда  қиындықтары  болады.

 

Кесте 2.

Мектепішілік  жалпы  мазасыздану  факторы  бойынша  көрсеткіштер.

 

 

Жеткіншектер  тобы

Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектер

Қалыпты  дамыған  жеткіншектер

Тұтығатын  жеткіншектер

Орта  мәні

 

8,3

10,5

13,6

 

Ең  жоғарғы  деңгейдегі  мазасыздануды  баланың  мектеп  өміріне  енуінің  әр  түрлі  формаларымен  байланысты  болғандықтан, тұтығатын  жеткіншектер  бастан  кешеді.

 

  1. Әлеуметтік стресс жағдайында  болу.

І.  Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей – 3 адам — 17%

Орта  деңгей – 6 адам — 33%

Төмен  деңгей – 9 адам — 50%

ІІ.  Тұтығатын  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей – 10 адам — 55%

Орта  деңгей – 8 адам — 45%

Төмен  деңгей ——-

ІІІ. Қалыпты  дамыған  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей – 3 адам — 17%

Орта  деңгей – 6 адам — 33%

Төмен  деңгей – 9 адам — 50%

 

Кесте  3.

Әлеуметтік  стресс  жағдайында  болу  факторы  бойынша  орташа  көрсеткіштер.

 

Жеткіншектер  тобы

Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектер

Қалыпты  дамыған  жеткіншектер

Тұтығатын  жеткіншектер

Орта  мәні

 

3,7

5,3

7,4

 

Психикалық  дамуы  кешеуілдеген   және  қалыпты  дамыған  жеткіншектерде  өз  құрбыларымен  әлеуметтік  қатынасқа  түсуде  қиындықтары  жоқ, ал  тұтығатын  жеткіншектерде  олармен  салыстырғанда  едәуір  қиын, себебі  баланың  қарым-қатынасқа  қажеттілігін  жүзеге  асыру  мен  қанағаттандыруда  тұтығу  тежегіш  болып  табылады.

 

  1. Табысты болуға  қажеттілік  фрустрациясы.

 І.  Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей – 3 адам — 17%

Орта  деңгей – 6 адам — 33%

Төмен  деңгей – 9 адам — 50%

ІІ.  Тұтығатын  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей – 13 адам — 72%

Орта  деңгей – 5 адам — 28%

Төмен  деңгей ——-

ІІІ. Қалыпты  дамыған  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей – 3 адам — 17%

Орта  деңгей – 8 адам — 44%

Төмен  деңгей – 7 адам — 39%

 

Кесте  4.

Табысты  болуға  қажеттілік  фрустрациясы  факторы  бойынша  орташа  көрсеткіштер.

 

Жеткіншектер  тобы

Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектер

Қалыпты  дамыған  жеткіншектер

Тұтығатын  жеткіншектер

Орта  мәні

 

4,7

4

5,7

 

Тұтығатын  жеткіншектер  өзге  екі  топтағы  жеткіншектермен  салыстырғанда  оларға  табысқа, үлкен  жетістіктерге  жетуге  қажеттіліктерін  дамытуға  жол  бермейтін  жағымсыз  психикалық  фонды  бастан  кешеді.

 

  1. Баланың өзін-өзі байқауы  мен  бағалауындағы  қорқынышы.

І.  Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей – 1 адам — 6%

Орта  деңгей – 7 адам — 39%

Төмен  деңгей – 10 адам — 55%

ІІ.  Тұтығатын  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей – 15 адам — 83%

Орта  деңгей – 3 адам — 17%

Төмен  деңгей ——-

ІІІ. Қалыпты  дамыған  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей – 2 адам — 11%

Орта  деңгей – 10 адам — 55%

Төмен  деңгей – 6 адам — 33%

 

Кесте  5.

Баланың  өзін-өзі  байқауы  мен  бағалауындағы  қорқынышы  факторы  бойынша  орташа  көрсеткіштер.

 

Жеткіншектер  тобы

Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектер

Қалыпты  дамыған  жеткіншектер

Тұтығатын  жеткіншектер

Орта  мәні

 

4,3

4,6

4,9

 

Тұтығатын  жеткіншектер  теріс  эмоционалды  күйзелісті  бастан  кешеді, себебі  өзін  өзгелерге  көрсетіп, өз  мүмкіндіктерін  демонстрациялау  қажет  болғандықтан.

 

  1. Баланың білімін тексеру  мен  бағалау  жағдайынан  қорқуы.

І.  Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей – 1 адам — 6%

Орта  деңгей – 7 адам — 39%

Төмен  деңгей – 10 адам — 55%

ІІ.  Тұтығатын  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей – 12 адам — 66%

Орта  деңгей – 6 адам — 34%

Төмен  деңгей ——-

ІІІ. Қалыпты  дамыған  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей – 3 адам — 17%

Орта  деңгей – 11 адам — 61%

Төмен  деңгей – 4 адам — 22%

 

Кесте 6.

Баланың  білімін  тексеру  мен  бағалау  жағдайынан  қорқуы  факторы  бойынша  орташа  көрсеткіштер.

 

Жеткіншектер  тобы

Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектер

Қалыпты  дамыған  жеткіншектер

Тұтығатын  жеткіншектер

Орта  мәні

 

3,2

3,8

4,3

 

 

Өзге  де  нәтижелердегі  секілді  бұл  фактор  бойынша  да  тұтығатын  жеткіншектер  нәтижелері  айқын  және  ерек. Олар  білімін  тексеру  мен  бағалау  жағдайында  теріс  әсерді және  мазасыздануды  бастан  кешеді.

 

  1. Айналасындағы адамдардың баладан  үміт  етуін  ақтай  алмаудан  қорқуы.

І.  Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей ———-

Орта  деңгей – 5 адам — 28%

Төмен  деңгей – 13 адам — 72%

ІІ.  Тұтығатын  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей – 14 адам — 77%

Орта  деңгей – 4 адам — 23%

Төмен  деңгей ——-

ІІІ. Қалыпты  дамыған  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей – 5 адам — 28%

Орта  деңгей – 10 адам — 55%

Төмен  деңгей – 3 адам — 17%

 

Кесте  7.

Айналасындағы  адамдардың  баладан  үміт  етуін  ақтай  алмаудан  қорқуы  факторы  бойынша  орташа  көрсеткіштер.

 

Жеткіншектер  тобы

Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектер

Қалыпты  дамыған  жеткіншектер

Тұтығатын  жеткіншектер

Орта  мәні

 

2,2

2,6

3

 

 

Айналасындағы  адамдардың  баланың  әрекеттеріне, ойларына   баға  беруінде олардың үміт  етуін  ақтай  алмаудан  қорқуымен  байланысты  мазасызданады,  төмен  баға  аламын  деп  уайымдауы  және  нашар  бағаны  күтуі өзін-өзі  бағалауының  төмендігімен  түсіндіріледі.

 

  1. Стресске психофизиологиялық қарсы  тұруы  төмен  болуы.

І.  Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей ———-

Орта  деңгей – 3 адам — 17%

Төмен  деңгей – 15 адам — 83%

ІІ.  Тұтығатын  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей – 10 адам — 55%

Орта  деңгей – 5 адам — 28%

Төмен  деңгей – 3 адам — 17%

ІІІ. Қалыпты  дамыған  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей – 5 адам — 28%

Орта  деңгей – 10 адам — 55%

Төмен  деңгей – 3 адам — 17%

 

Кесте  8.

Стресске  психофизиологиялық  қарсы  тұруы  төмен  болуы  факторы  бойынша  орташа  көрсеткіштер.

 

Жеткіншектер  тобы

Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектер

Қалыпты  дамыған  жеткіншектер

Тұтығатын  жеткіншектер

Орта  мәні

 

1,2

1,7

2,2

 

 

Стресстік  сипаттағы  жағдайларда  баланың психофизиологиялық  қарсы  тұруының  төмен  болуының  нәтижесінде  қоршаған  орта  тітіркенгіштері  әсеріне  реакциясының  жоғары  болуы.

 

  1. Мұғалімдермен қарым-қатынас жасауға  қорқатынымен  байланысты  проблемалары.

І.  Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей ———-

Орта  деңгей – 5 адам — 27%

Төмен  деңгей – 13 адам — 73%

ІІ.  Тұтығатын  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей – 16 адам — 88%

Орта  деңгей – 2 адам — 12%

Төмен  деңгей ——-

ІІІ. Қалыпты  дамыған  жеткіншектер.

Жоғары  деңгей – 4 адам — 22%

Орта  деңгей – 9 адам — 50%

Төмен  деңгей – 5 адам — 28%

 

Кесте  9.

Мұғалімдермен  қарым-қатынас  жасауға  қорқатынымен  байланысты  проблемалары  факторы  бойынша  орташа  көрсеткіштер.

 

 

Жеткіншектер  тобы

Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  жеткіншектер

Қалыпты  дамыған  жеткіншектер

Тұтығатын  жеткіншектер

Орта  мәні

 

3

3,2

3,5

 

 

Жеткіншектер  мұғалімдермен  қарым-қатынас  жасауға  қорқатынымен  байланысты,  мұғалімдердің  басым  көпшілігімен  қарым-қатынас  жасауының  қалыптаспауына  , әсіресе  авторитарлы  стильде  басқаратын  мұғалімдермен  қарым-қатынас  жасауының  қалыптаспауына  байланысты олардың  мазасыздану  деңгейі  жоғарылайды, сөйтіп, мектеп  балада  теріс  эмоция  туғызады  және  оқу  үлгерімінің  нашарлауына  себеп  болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Тұтығатын  балаларға  арналған  психологиялық-педагогикалық  ұсыныстар.

 

Тұтығатын  балалардың  мазасыздану  деңгейін  едәуір  төмендету  үшін  жеткіншектермен, мұғалімдермен, ата-аналармен  мақсатқа  сай  көп  бағытты  жұмыстар  жүргізу  керек.

Жұмыстар  келесі  бағытта  жүргізіледі:

Бірінші  кезең – жекелік  ерекшеліктерді, отбасылық  қарым-қатынасты  және  сыныптастарымен  қарым-қатынасын  диагностикалау.

Екінші  кезең – жеткіншектермен, ата-аналармен  және  мұғалімдермен  жеке  дара  кеңес  жүргізу.

Үшінші  кезең – жеткіншектермен  жеке  дара  немесе  топтық  түзету  жұмыстары.

Төртінші  кезең – даму  динамикасын  қадағалау  үшін  қайта  диагностикалау.

Мұғалімдермен: жеткіншек жас кезеңінің  жекелік  психологиялық  ерекшеліктері  туралы  ағарту  мақсатында  семинарлар  мен  сабақтар  өткізу.

Ата-аналармен: жеткіншек  жас  және  оның  ерекшеліктері  жайында  семинар  мен  жиналыстар  өткізу.

Жеткіншектердің  мазасыздануын  едәуір  төмендету  үшін  педагогтар  мен  ата-аналар  жеткіншектің  қандай  да  бір  әрекет  түрімен  айналысып, сол  салада  жетістікке  жетуін  қамтамасыз  етуі  керек. Жеткіншекті  азырақ  ұрсып, оның  мүмкіндіктерін  бағаламау  мен  кемсітуді  тоқтату  керек, керісінше, оны  көбірек  мақтап, оның  жеткен  жетістіктерін  өзгелермен  салыстырмай, тек  өзінің  бұрынғы  әрекеттеріне  қарағанда  жақсырақ  болғанын  атап  өту  керек. Жеткіншек  табысты  бола  алмайтын  салаға  азырақ  көңіл  аударту  керек. Жеткіншекке  көбірек  сенім  арту  керек. Оның  әрекеттеріне  шынайы  көңіл  аударып, оның  табыстарына  сену  керек. Мектеп  пен  үйдегі  жағдайына  көбірек  көңіл  аудару  керек. Жылы  эмоционалды  қарым-қатынас, үлкендермен  сенімді  қарым-қатынас  құру  баланың  жалпы  мазасыздануын  бәсеңдетуге  көмек  береді. Сыныптағы  әр  жеткіншек  үшін  жағымды  эмоционалды  климат  тудыру  үшін, жеткіншектің  сыныптағылармен  жеке  қатынастарының  жүйесін  қадағалау  қажет. Өзіне  көңіл  аудартпайтын, тыныш  жеткіншектерді  де  назардан  тыс  шығаруға  болмайды, олардың  оң  қасиеттерін  тауып, дамыту  қажет, олардың  өзін-өзі  бағалау  деңгейін  жоғарылатып, тұлғааралық  қарым-қатынастар  жүйесіндегі  орнын  жақсарту  керек. Сонымен  қатар, ата-аналар  мен  мұғалімдер  бұл  жеткіншектерге  деген  жеке  қатынасын  өзгертуі  керек. Қажет  болған  жағдайда, психологтың  кеңестеріне  жүгінуге  болады.

Бұл  нұсқаулар  ата-аналар, мұғалімдер  және  психологтар  үшін  пайдалы.

 

 

Қорытынды.

Соңғы  онжылдықта  шет  елде  және  біздің  елде  үрей, эмоционалды  және  психикалық  кернеу  және  күйзеліс  мәселелеріне  аса  үлкен  назар  аударылуда. Үрей  күйі  түрлі  стрессорларға  бірінші  эмоционалды  ситуативті  жауап  реакциясы  болып  табылады, сондықтан  кез  келген  мәнді  әрекеттердің  қатысушыларының  эмоционалды  тұрғыда  бастан  кешулерінің  маңызды  бөліктерінің  бірі  болып  табылады, әсіресе  табиғи  жағдайларда.

К.Изардтың  пікірінше, мазасыздану  кешенді  эмоционалды  күй  ретінде  іргелі  эмоциялардан  тұрады. Және  осы  әр  эмоция  жеке  тұлғаның  жалпы  жағдайына  өз  оятушы  күшімен  әсер  етеді.

Мазасыздану – жеке  тұлғаның  бейімсіздігінің, әлсіздігінің  субъективті  көрініс  беруі.  Ол  тұлға  қасиеті, қорқынышқа  дайындығы.

Үрей – ситуативті  көрініс  беру, мазасыздану – жеке  тұлғаның  қасиеті  деп  ажыратылады. Бұл  ойды  Ч.Д.Спилбергер  және  функционалистер  қолдайды, олардың  ойынша, үрейді  ол  атқаратын  қызметтер  тұрғысынан  талдау  керек.

Психоаналитиктердің  ойынша, үрей- Эгоны  төніп  келе  жатқан  қауіп  туралы  ескертетін, инстинктивті  импульстерден  тарайтын  белгі. Және  үрей  индивидтің  негізгі  қажеттіліктері  қанағаттандырылмағанда  пайда  болады, мысалы  қауіпсіздікке  қажеттілік (К.Холл, Г.Лидсей, 31).

Сонымен  қатар, үрейдің  жас  ерекшеліктеріне  қатысты  өзгешелігі  бар. Әр  жас  кезеңінде  тұрақты  құрылым  ретінде  мазасыздану  немесе  үрейдің  басым  болуына  жол  беретіндей  шынайы  қауіп-қатер  болмаса  да, көптеген  балалардың  мазасыздануын  тудыратын  белгілі  бір  салалар, болмыс  объектілері  бар. Бұл  мазасызданудың  жастық  шыңдары  көбіне  мәнді  болатын  социогенді  қажеттіліктердің  нәтижесі  болып  табылады.

Көптеген  авторлардың  пікірінше  өтпелі, дағдарысты, сензитивті, қиын  т.б.  болып  есептелінетін  жеткіншек  жаста  бала  үшін  құрдастарымен  қарым-қатынасы, жыныстық  дамудың  бұзылыстары, ұқсастық  дағдарысы, беделділігі, деперсонализация  синдромы, өзін-өзі  бағалау  даулары, өзіне-өзі  қол  жұмсау  жағдайлары, нарцистикалық  дағдарыс  пен  ассоцалдық  және  деликвенттік  сияқты  мәселелер  маңызды  болып  табылады. Мазасыздану – тұлғаның  дамуы  мен  мінез-құлқында  тұлғалық  құрылым  ретінде  түрткі  қызметін  атқаруы  мүмкін, яғни  өзге  түрткілер  мен  қажеттіліктер  бойынша  әрекеттердің  орнын  басуы  мүмкін. Жеке  тұлғаның  дамуы, мінез-құлқы  мен  әрекеттеріне  мазасыздану  теріс  те, оң  да  әсер  етуі  мүмкін, дегенмен, соңғы  жағдайда  ол  құрылымның  бейімділігімен  сипатталған  болмыстық  шектеулері  болуы  мүмкін.

Дамуында  ауытқуы  бар  балаларды  зерттей  келе, психикалық  дамуы  кешеуілдеген  балалардың  эмоционалды-еріктік  аумағының  дамымағандығы, эмоцияларының  есеймегендігі, сыншылдықтың  жоқтығы, өзін-өзі  бағалауының  жоғарылығы  байқалады, олардың  белсенді  зейінінің  тұрақтылығы  төмен, оқуға  мотивациясы  үстіртін  сипатта, яғни  жұмысқа  қабілеттілігі  төмен, есінің  және  зейінінің  аритмиясы  бар, олардың  жағдайды  тиесілі  деңгейде  бағалауға  қабілеті  жоқ. Осының  барлығы, әрине, бас  миының  органикалық  бұзылуларымен  ушықтырылады.

Балалардың  келесі  тобы, керісінше, жоғары  сезімталдық, жараланғыштық, жоғары  мазасызданушылық, өз  күштеріне  сенімсіздікпен  сипатталады, олар – тұтығатын  балалар. Біз  білетініміздей, тұтығу – үш  нәрседен  құралған  кешенді  ауру: сөйлеуіндегі  дірілдер, тұрақты  үрей  күйі  және  өз  ахауын  жасырып  қалуға  ұмтылыс.

Қарастырылып  отырған  балалардың  топтарының  дамуының  өз  ерекшеліктері  бар  және  түзету  іс-шараларының  кешені  балалардың  әр  тобы  үшін  арнайы  сипатта  жасалынуы  қажет.

Бірақ, эмоционалды  күйді  түзетуде  жалпы, негізгі  жол  бар  және  ол  кешенді  сипатта. Ол  ең  алдымен  медициналық, педагогикалық, психологиялық  реабилитация, ол  күнделікті  өмірде  баланың  бейімділігін  арттыруға  және  мазасыздануды  төмендетуге  бағытталған.

Жүргізілген  зерттеу  барысында, біздің  болжамдарымыз  дәлелденді  деуге  болады, себебі, біз  көріп  отырғанымыздай, тұтығатын  балалардың  мазасыздану  деңгейі  қалыпты  дамыған  балаларға  қарағанда  жоғары, ал  психикалық  дамуы  кешеуілдеген  балалардың  мазасыздану  деңгейі  қалыпты  дамыған  балалармен  салыстырғанда  төмен. Сонымен  қатар, біз  тұтығатын, психикалық  дамуы  кешеуілдеген  және  қалыпты  дамыған  жеткіншектердің  эмоционалды  мазасыздануының  сандық  және  сапалық  өзгешіліктері  бар  деген  болжамымызды  дәлелдедік.

Болжамдар  3 %  маңыздылық  деңгейінде  дәлелденді. Солайша, зерттеу  жүргізу  барысында  алға  қойылған  мақсаттар  мен  міндеттер  іске  асырылды.

Мазасыздану  деңгейінің  көрсеткіштері  максимумнан  минимумға  ығысуы  байқалған  балардың  3  тобы  бөлініп  шықты.

Мазасыздану  деңгейі  төмен  балалардың  жауапкершілік  сезімдерін  арттырып, іс-әрекет  түрткілеріне  басты  назар  аудару  керек.

Мазасыздану  деңгейі  жоғары  балалар  үшін  жағдайлар  мен  тапсырмалардың  субъективті  маңыздылығын  төмендетіп, көңілін  іс-әрекеттің  бір  саласына  аудартып, табысқа  жетуге  сенімділік  сезімін  қалыптастыру  қажет. Мазасызданудың  жоғарылығы  адамның  құзырлылығын  бағалау  жағдайында  үрей  күйінің  пайда  болуына  әкеп  соқтырады.

Мазасыздану , мінез  қасиеті  ретінде – өмірге  деген  пессимистік  көзқарас, яғни  өмір  қауіп  пен  қатерге  толы  деп  бағалау. Егер  мұндай  жеткіншектердің  мазасыздануы  күшейсе, қорқыныш – мазасызданудың  негізгі  серігі  пайда  болады, бұл  жағдайда  невротикалық  қасиеттер  дамуы  мүмкін.

Өзіне-өзі  сенімсіздік, мінез  бітісі  ретінде – өзіне, өзінің  күші  мен  мүмкіндіктеріне  қарсы  бағытталған  бағдар. Сенімсіздік  мазасыздану  мен  шешім  қабылдауда  әлсіздік  тудырады, ал  олар  тиесінше  мінез-құлық  қалыптастырады.

Осылайша, өзіне-өзі  сенімсіз, шүбәланғыш, ұялшақ, мазасыз  жеткіншек  шешім  қабылдауда  әлсіз, көбіне  инфантильді, көнгіш  болып  келеді. Өзіне-өзі  сенімсіз, мазасыз  жеткіншек  көбіне  шүбәланғыш  келеді, ал  шүбәланғыштық  өзге  адамдардың  ол  жеткіншекке  сенімін  төмендетеді. Мұндай  жеткіншек  өзгелерден  қорқады, олардың  кекесінін, өкпелетуін  күтеді. Бұл  өзгелерге  бағытталған  агрессия  түрінде  психологиялық  қорғаныс  реакциясының  пайда  болуына  алып  келеді. Осылайша, жеткіншектер  көбіне  таңдайтын  белгілі  әдістердің  бірі  мынадай  ойға  негізделген: «Ештеңеден  және  ешкімнен  қорықпас  үшін  барлығы  менен  қорқатындай  ету  керек». Агрессия  маскасы  бала  үрейін  тек  қоршаған  адамдардан  ғана  емес, өзінен  де  жасырады. Дегенмен, олардың  ішкі  жан  дүниесінде  сол  баяғы  мазасыздану, өзіне  сенімсіздік, абыржу  және  сүйеніштің  жоқтығы  бар.

Мазасызданудың  теріс  нәтижесі, оның  жалпы  интеллектуалды  дамуға  әсер  етпей, дивергентті (шығармашылық)  ойлаудың  қалыптасуына  теріс  әсер  етуі  мүмкін, ал  ол  жаңадан, белгісізден  қорқыныштың  пайда  болуына  алып  келеді.

Демек, мазасыздану  деңгейі  жоғары  адамдар  санатына  жататын  тұлғалар  өзін-өзі  бағалау  мен  іс-әрекетіне  қатысты  қауіп-қатерді  кең  диапазонда  қабылдап, өте  қызу  мазасыздану  күйімен  жауап  қайтаруға  бейім.

Біздің  зерттеудің  тәжірибелік  маңыздылығы  бар  және  мазасыздану  деңгейі  жоғары  жеткіншектерді  диагностикалау  мен  коррекциялау  шеңберінде  жалғасын  табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер  тізімі:

  1. Астапов В.Н. Үрей күйін  зерттеуде  функционалды  бағыт.// Психологиялық  журнал, 1992 ж. Т. 13 №5.
  2. Абрамова Г.С. Практикалық психологияға  кіріспе.- М.: «Академия» баспасы, 1996ж, с 224.
  3. Арутюнян Л.З. Тұтығуды қалай  емдейді? – М., 1993ж.
  4. Блюм Г. Жеке тұлғаның  психоаналитикалық  теориясы, 1996ж.
  5. Божович Л.И. Тұлға қалыптасуының  мәселелері. Д.И.Фельдштейн  ред-мен. М.: «Институт  практической  психологии» баспасы, Воронеж, 1995ж, 352  б.
  6. Бреслав Г.М. Балалық шақта  тұлға  қалыптасуының  эмоционалды  ерекшеліктері. – М.: 1990ж.
  7. Баярд Р., Баярд Д. Мазасыз жеткіншектің  толқуы. – М., 1978ж.
  8. Вилюнас В.К. Эмоционалды құбылыстар  психологиясы. – М., 1976ж.
  9. Дубровина И.В. Мектептегі психологиялық  қызмет. – М., 1997ж.
  10. Дамуында ахауы бар  балалар./ В.М.Астапов  жас. – М., 1995ж.
  11. Захаров А.И. Балалар қорқынышын  қалай  жоюға  болады? – М., 1986ж.
  12. Жеткіншектердің тұтығуы/ Н.И.Буянов жас. – М., 1990ж.
  13. Имемадзе И.В. Мазасыздану мектеп жасына  дейінгі  кезеңде  оқу  факторы  ретінде.// Психологиялық  зерттеу, Тбилиси, 1966ж.
  14. Изорд К. Адам эмоциялары. – М., МГУ баспасы, 1980ж.
  15. Кочубей Б. Балалар үрейі: не, қайдан, неге? // Отбасы мен  мектеп, 1988ж., №7.
  16. Кочубей Б., Новикова Е. Мазасыздануды қалай емдеуге  болады? // Отбасы  мен  мектеп, 1988ж., №8.
  17. Кочубей Б., Новикова Е. Мазасыздану белгілері // Отбасы мен  мектеп, 1988ж., №8.
  18. Левитов Н.Д. Үрей мен мазасыздықтың  психикалық  күйі.// Вопросы  психологии, 1969ж., №1.
  19. Немов Р.С. Психология. №2 кітап, — М.,Просвещение, Владос, 1995ж.
  20. Обухова Л.Ф. Балалар психологиясы: Теориялар, дәйектер, мәселелер. – М., 1995ж.
  21. Наенко Н.И. Психикалық кернеу. – М., 1975ж.
  22. Прихожан А.Н. Мазасызданудың пайда болу  себептері, оның  алдын  алу  және  жеңу.// Психологиялық  ғылым  мен  білім. 1998ж., №2.
  23. Психологиялық сөздік./ А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский ред-мен, — М., 1990ж.
  24. Рогов Е.И. Білім беру саласындағы  тәжірибелік  психологтың  кітабы. – М., 1996ж.
  25. Ремшмидт Х. Жеткіншектік және жасөспірімдік  кезең. Тұлға  қалыптасуының  мәселелері. – М., 1994ж.
  26. Тәжірибелік психолог сөздігі./ С.Ю.Головин  ред-мен. – Минск: Харвест., 1997ж.
  27. Спиваковская А.С. Балалар неврозының алдын  алу. – М., 1997ж.
  28. Суворова В.В. күйзеліс психофизиологиясы. – М., 1975ж.
  29. Фельдтштейн Д.И. Жас ерекшелік және  педагогикалық  психология  мәселелері. – М., 1995ж.
  30. Холл К., Линдсей Г. Тұлға теориясы. – М., 1997ж.
  31. Ханин Ю.Л. Спорттағы үрейді зерттеу.// Вопросы  психологии, 1997 ж., №3.
  32. Фрейд З. Психоанализ және блалар  неврозы. – С-Пб., 1997ж.
  33. Балалық шақтағы эмоционалды  бұзылулар  мен  оларды  түзету./ Лебединский В.В. – М., 1990ж.
  34. Ястребова А.Б. Жалпы білім беретін  мектеп  оқушыларының  тұтығуын  түзету. – М., 1980ж.