АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Жеткіншектерге мамандық бағдар берудің теориялық және әдістемелік негіздері

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Д.А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Жеткіншектерге мамандық бағдар берудің теориялық және әдістемелік негіздері

 

Алматы — 2010

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………….

 

1 БӨЛІМ. МАМАНДЫҚ БАҒДАР БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ

НЕГІЗДЕРІ.

1.1.Орта буын оқушыларын мамандық таңдауға даярлаудың

психологиялық негіздері………………………………………………………………………………

1.2.Мамандық бағдар беруде жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескеру……..

 

2 БӨЛІМ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАМАНДЫҚҚА ИКЕМДІЛІГІН

АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2.1. Мамандық бағдар беру барысында оқушылардың жекелік

қасиеттерін зерттеу……………………………………………………………………………………..

2.2. Оқушылардың мамандыққа қызығушылығын диагностикалау………………….

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………..

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………………………………………………….

 

КІРІСПЕ

 

Психологиялық қызметтің міндеттерінің бірі — оқушылардың әр түрлі мамандықтарға икемділігін анықтау негізінде олардың болашақта тиімді қызмет атқару саласын таңдап алуға көмек көрсету. Бұл проблеманы жан-жақты зерттеу 19 ғасырда басталып көптеген ғалым психологтар оның әр түрлі аспектілерін зерттеді. 20 ғасырдың басында В.Вундт, Мюнстерберг, Бине т.б. ғалымдар ұйымдастырған зертханалар зерттелінушілердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалау арқылы олардың мамандыққа жарамдылығын анықтаған. Бұрынғы кеңес мектептерінде мамандыққа баулу мәселелеріне үлкен көңіл бөліп, көптеген ғалымдар осы проблеманы зерттеуге үлкен үлес қосқан. Ю.В.Болыпакова, П.П.Блонский, Н.К.Крупская, В.И.Лебедев, Г.Н.Стычинчкий, В.А.Сухомлинский, Ю.П.Сокльников, А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов, Л.К.Керимов, Т.Х.Хамракулов. Олар өз зерттеулерінде мамандыққа баулу жұмысының құрылымын, мазмұнын және пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді анықтап, мектеп қабырғасында балалармен жүргізілетін мамандыққа икемділігін анықтау жұмыстарының бағдарламасын жасады.

Қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін толық және жан-жақты талдап шығуға мүмкіндік бар. Сондықтан мектеп тәжірибесінде мамандыққа баулу және мамандыққа икемділігін анықтап беру жұмысын мектеп психологі жүргізуі керек. Мектептерде психологиялық қызмет ұйымдастырылуына байланысты барлық оқушылардың жеке-даралық ерекшеліктерін, әр баланың қызығушылықтары мен интеллектуалдық қызметке икемділігін, таным процестері мен жекелік қасиеттерін сандық және сапалық жағынан толық бағалап шығуға, баланың психологиялық портретінің ерекшеліктерін жүйелі түрде зерттеуге мүмкіншілік бар. Психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа баулу жұмысы арқылы әр оқушыға тиімді көмек көрсетуге мүмкіншіліктер бар.

Мектеп психологі оқушылардың мамандықтар саласына икемділігін зерттеумен қатар, оларды қазіргі кезде кең тараған мамандықтармен таныстырып, оларды орындау үшін жаңа техниканы және технологияны меңгерудің қажеттілігін, осы проблеманы шешу жолдарын анықтауға ықпал жасайтын іс-шараларды ұйымдастыруы керек. Оқушыларды мамандыққа баулу мәселесі өте актуалды болып отырғанына байланысты біз дипломдық зерттеу тақырыбын «Жеткіншектерге мамандық бағдар берудің теориялық және әдістемелік негіздері» деп анықтадық.

Зерттеу объектісі — мектеп психологиялық қызметі.

Зерттеу пәні — мектеп психологінің оқушыларға мамандық бағдар беру жұмысы.

Зерттеу мақсаты — мектеп психологі жұмысында оқушылардың жеке даралық психологиялық ерекшеліктерін зерттеу арқылы орта буын оқушыларының мамандықты саналы таңдауына негіз құру.

Зерттеу міндеттері:

— білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет арқылы мамандық бағдар беру проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау және мектеп психологінің оқушылардың мамандық қызығушылығын зерттеу әдістемелерін жинақтау;

— мектеп оқушыларының жекелік психикалық қасиеттерін зерттеу әдістемелерінің ішінен мамандық бағдар беруге пайдаланылатындарын іріктеп алып, оларды жүйге келтіру;

— жеткіншектердің мамандықа қызығушылығын диагностикалау және зерттеу нәтижелерін талдау арқылы балаларға мамандық таңдауға көмек көрсету жолдарын анықтау.

Талдау, оқушылардың жеке даралық психикалық қасиеттерін бағалау үшін темпераментті анықтауға Айзенк, Стреляу тестері, мамандыққа икемділігін анықтауға Климовтың жасаған тесті, балалардың ұйымдастырушылық және коммуникативтік қасиеттерін зерттеу тестері көмегімен оқушыларды зерттеу және нәтижесін талдау.

Зерттеу базасы Алматы қаласындағы № 87 орта мектеп.

Дипломдық жұмысты орындау екі кезеңде жүрді.

Бірінші кезеңде мамандық бағдар берудің психологиялық негіздерін зерттеу, бұл жұмыстың мазмұны және әдіс — тәсілдерімен танысу, ғылыми әдістемелік әдебиеттерді талдау, дипломдық зерттеу тақырыбын, зертеу жұмысының ғылыми аппаратын анықтау жұмыстары жүргізілді.

Екінші кезеңде мектеп оқушыларының жекелік психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және нәтижелерін талдау арқылы олардың мамандыққа қызығушылығын, қабілеттерінің ерекшеліктері анықталып, баланың қай салада қызмет атқаруға икем екендігі туралы болжам жасалды.

Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

1 БӨЛІМ. МАМАНДЫҚ БАҒДАР БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1. Оқушыларды мамандықты таңдауға даярлаудың

психологиялық негіздері

 

Мамандық — рrоfessio — деген фрацуз тілінде ресми түрде жариялаймын деген мағнаны білдіреді. Мамандық бағдар беру — әр адамның жекелік қасиеттеріне, қызығушылығына, қабілетіне, қоғамдық қажеттілікке байланысты мамандық таңдап алуына ықпал жасау.

Мамандықты дұрыс таңдаудың өр адамның өз өмірінде табысты болуына және әлеуметтік ортада барлық қабілетін толық ашуға негіз болатындығын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде дәлелдеп шыққан. Мамандыққа бағдарлаудың негізін құрушылар Ф.Гальтон, А.Кершенштейнер, Г.Мюнстерберг, П.П.Блонский, Ю.П.Сокольников,

Т.Н.Мальковская, Г.А.Уманов т.б. ғалымдар әлеуметтік-кәсіби бағдарлау идеяларын қалыптастырды. Осы идеяларға сүйене отырып барлық ізгіниетті мемлекеттер өз ұрпақтарын тәрбиелеу барысында оларға кәсіби бағдар беру, кәсіп беру мәселелерін өз халқында қалыптасқан дәстүрлерге сүйене отырып ғылыми негізде шешу жолдарын іздестіруде.

Жалпы білім беру мектептерінің тұжырымдамасында оқушыларды қандай да бір іс-әрекет түріне баулу және әр баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін, қабілеті мен білімділігін анықтауға мүмкіндік беру қажет екені анықталған. Бұл мәселені шешу әр мектепте әр түрлі жолдармен жүргізіліп жатыр. Психологиялық қызмет ұйымдастырылған мектептерде балалардың жекелік психикалық қасиеттерін анықтаумен шектелуде. Ал шын мәнінде бұл қызмет көпқырлы және көпсырлы болуға тиісті.

Оқушыларды алдын-ала кәсіби диагностикалаудан өткізу проблемасын зерттеу үшін көптеген арнайы және жалпы диагностикалық әдістемелер жасалған. Оның ішінде Айзенк пен Стреляудың темпераментті өлшеу тестері, Бине-Симон жасаған интеллектуалдық қабілеттілікті анықтау шкаласы, Айзенктің интеллекті зерттеу тестерінің вербалдық, математикалық және техникалық субтестілері, Филипстің баланың мазасыздану деңгейін анықтау тесті, коммикациялық және ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу тестері тағы сол сияқты көптеген әдістемелер. Олардың нәтижесін кәсіби бағдарлауда қолдану ережелерін Айзенк, Лемтес т.б. анықтаған.

Бұл жұмыстың мазмұны жеке адамнаң психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты зерттеп келесі компоненттер бойынша мағлұмат алудан тұрады:

— мінез-құлқының жеке-даралық ерекшеліктерін анықтау;

— жүйке қызметінің жеке-даралық ерекшеліктерін анықтау;

— қызығушылығы, бейімділігі, қабілеті, кәсіби ниеттері туралы мағлұматтар алу;

— құндылық бағдарлануы;

— білімі, іскерлігі және дағдалары.

Кәсіби бағдарлауды жүргізуге негіз болатын идеялар жастарға білім беру тұжырымдамасында анықталады. Біздің мектеп тұжырымдамасында кәсіби бағдарлау идеясы әр адамға мамандықты дұрыс таңдауға қажетті қабілеттері мен қызығушылығын анықтауды ұйымдастыру. Әдіснамалық сипатта бұл проблема оқушылардың өмірлік және кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізудің даралық ұстанымы жатады. Бұл ұстаным бойынша оқушылардың өмірлік және кәсіби жоспарларына байланысты топтау арқылы, сыныптастыру жұмысын жүргізу негізінде оларға бағдар беру программасы анықталады.

Кәсіби бағдарлау жұмысын негізгі екі кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Біріші кезең — әлеуметтік-кәсіби бағдарлау. Бұл кезеңде балаларға жалпы мамандық, мамандық бойынша қызмет атқару, табыс көзі, мамандық шеберлік және сондай жалпы мағлұматтар беріледі. Бұл кезеңнің міндеттері:

— мамандақ туралы жалпы ұғымды меңгерту, мамандықтар әлеміне саяқат жасау арқыла баланың мағлұматтылығын қалыптастыру;

— шебер адамдардың құрметке бөленетінін, олар материалдық және рухани байлыққа өз шеберлігі арқылы жеткендіктерін көрсету;

— мемелкеттің әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясына байланысты ңандай мамандықтардың болашағы мол деп болжамдауға болатындығын көрсету;

Туыстарының, таныстарының, достарының мамандықтарын, олардың перспективасын көрсету;

— еңбектің шығармашылық сипатымен таныстыру;

— еңбек романтикасы туралы мағлұмат беру;

— еңбектің материалдық және рухани байлықтың көзі екенін көрсету.

Осылайша еңбек, кәсіби әрекеттің өзі құндылық екенін айқындап, әрбір жеке адамның мамандықты дұрыс таңдап өмірдегі өз орнын табуға ұмтылылысы болғанда ғана оның қызығушылығы одан әрі дамып, мәртебесі өсіп, жоғары мансаптық орынға ие болуына мүмкіндік туады. Мамандыққа қызығушылығы бар адамға оны толық және сапалы меңгеруге жол ашылады.

Кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда құндылықтардың қалыптасуына үлкен әсерін тигізетін нәрсе — мотивтер екенін ескеру қажет. Мамандықтарды таңдау мотивтерін алты топқа бөлуге болады:

— жалпы мотивировка;

— мамандықтың романтикасы;

— танымдық сипатындағы мотивтер;

— қоғамдық мәні бар мамандық таңдау мотиві;

— беделге, үлгіге сүйену;

— мотивацияланбаған таңдау.

Барлық мотивтері сипаты бойынша төрт топқа бөлеміз: а) нақты еңбекке бағытталған, мақсаты анықталған, дәлелге негізделген мотивтер; б) нақты емес, жеткіліксіз себептестірілген мотивациялар; в) сенімсіз, негізсіз мотивациялар; г) ешқандай негізі жоқ мотивациялар.

Өзінің қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтыла отырып, адам өз алдына нақты бір мақсат қояды, бірақ бұл мақсат өз бетімен жүрмейді, ол адамның бағыттылығымен тығыз байланысты жүреді де оның барлық іс-әрекеттерінің бағдарламасын болжамдайды. Қажеттіліктерді, қызығушылықтарды қанағаттандыру, мақсатын жүзеге асыру нақты бір мәселелерді шешусіз, сәйкесінеше жұмысты орындаусыз мүмкін емес. Сондықтан әрбір жағдайда адам объект, құбылыс немесе іс-әрекет түрлерін таңдайды. Осылайша таңдау жеке адамның қажеттілігін өтейді.

Мамандық таңдау мотивтерін анықтауға арналған көптеген әдістемелер бар. Оларды қолданып зерттеу жүргізу нәтижесінде балалардың мектеп бітіру шағында мотивациялық сферасы өте нашар көрініс беретіндігі анықталған. Бұл жағдай мектеп түлектерінің қалаулары анықталмастан, болашақ өмір жолын анықтауға өздері үлес қосуға шамасы келмейтіндігін көрсетіп отыр.

Жеке адамның басқа психикалық қасиеттері де өзара тығыз байланыста болады. Осы байланыстылықты былайша көрсетуге болады: қажеттіліктер — қызығушылықтар — объективті құндылықтар — мотивтер — мақсат — таңдау.

Психологияда темпераментті деп адамның психикалық процестерінің динамикасын анықтайтын қасиетті айтады. Темпераменттің табиғатын И.П.Павлов зерттеген. Оның ілімі бойынша жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері — қозу мен тежелудің жүру күші, олардың алмасуы, динамикасы. Темперамент олардың тек қана біреуіне тәуелді болмайды, олардың үйлесімділігіне тәуелді. Бұл үйлесімділікті И.П.Павлов жүйке қызметтерінің түрлері деп атаған. Неміс ғалымы И.Кантттын сыныптастыруы бойынша темперамент төрт типке бөлінген. Қант берген типологияны Павловтың сипаттамаларымен толықтырып, қазіргі кездегі психологияда ең кең қолданылыатын сыныптастыру негізінде темперамент типтері холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик деп бөледі.

1 — холерик. Бұл темперамент өкілдерінің жүйке процестері күшті жүреді, барлық іс-әрекеттерге белсенді кіріседі де шалағай орындап тастайды, сапаға терең үңілмейді, қозу процесі күшті және басым болғандықтықтан олар көп жерде ұшқалақтық көрсетеді, жаңалықты қуанышпен қолдайды, тәуекелге барғыш, ұрысқақ, кек сақтамайды, жүріс-тұрысы үйлесімсіз.

2 — сангвиник. Сангвиниктердің жүйке процестері күшті жүреді, қозу мен тежелу процестері тепе тең, жеңіл алмасады, іскер, сөзшең, адамдармен тіл табысқаш, барлық әрекетке ынтамен бастайды, бірақ қазағушылығы тез басылады, барлық жұмысты қызықты және қызықсыз деп бөледі, икемделгіш.

3 — флегматик. Флегматиктердің жүйке процестері күшті жүреді, байсалды, барлық нәрсені ойланып, асықпай сапалы орындайды, сыйысымды, тіл табысқыш, ашушаң емес, жай қимылдайды.

4 — меланхолик. Меланхоликтердің жүйке процестері баяу жүреді, салмақты, қозу және тежелі процестері жай алмасады, үйреншікті жерде іскерлік, ашық-жарқындық көрсетеді, жаңалықтан қорқады, сасқалақ, кейде ұстамалы.

Темперамент ерекшеліктерін диагностикалауға Айзенк, Стреляу тестерінен кеңінен қолданады. Осы әдістемелерді қолдану арқылы тек темперамент типі анықталып қана қоймастан, сонымен қатар балалардың экстраверсия-интроверсияның қайсысына жақын екені анықталып, невротизмнің байқалатындығы да диагнотикаланады.

Адамның темпераменті таза бір типте болуы сирек кездеседі. Көбінесе темперамент бірнеше түрінің қосындысы болып келеді. Сондықтан темпераментті зерттеу нәтижесінде доминанта көрсеткіші темпераменттің қай типінен екенін анықтап, қосалқы көрініс берген типтердің де мінездемесіне үлкен көңіл аударған дұрыс болады. Темперамент типін анықтау негізінде балаларға олардың жүйке процестерінің күшті және әлсіз, теріс көрсеткіштерін анықтап беріп, өзін-өзі тәрбиелеу барысында теріс көрсеткіштерінің әсерін төмендету қажет екені түсіндіріледі.

Сондай-ақ жеке адамның даралық ерекшеліктеріне мінез-құлық жатады. Психологияда мінез-құлық ерекшеліктерін келесі төрт көрсеткіштермен бағалайды:

— ұжымға және басқа адамдарға деген қатынасы, сыйласуы, сыйысымдылығы;

— еңбекке деген қатынасы, еңбеккерлігі, шыдамдылығы, табыскерлігі;

— заттарға деген қатынасы, мұқияттылығы, үнемділігі, пысықтығы немесе салақтығы, ықтиярлы немесе ықтиятсыз дығы;

— өзіне деген көзқарасы, өзін-өзі жақсы көруі, көкіректігі, мақтаншақтығы, атақ құмарлығы.

Адамның мінезі кезкелген қасиеттердің кездейсоқ жиынтығы емес. Мінездің жеке көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланыста болып бір тұтастық құрады. Мінездің барлық көрсеткіштері және темперамент ерекшеліктері біріне бірі тәуелді байланыста. Дегенмен, темпераментті өзгертуге болмайды, ал мінез-құлық көріністері тәрбиеленеді, оны адам өзін-өзі тәрбиелеу барсында жетілдіруге болады.

Кәсіби бағдар беру және кәсіби таңдалу барысында осы және тағы басқа жекелік ерекшеліктер талданады. Жекелік психикалық қасиеттерді диагностикалау әдіс-тәсілдері көп мөлшерде қалыптасқан. Олардың көмегімен барлық психикалық ңасиеттерді жан-жақты талдап шығуға мүмкіндіктер мол.

Мінез-құлық ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемелер ішінде Филипс жасаған оқушылардың мектептегі мазасыздану деңгейін анықтау тесті, Шмишектің мінез акцентуациясын анықтау әдістемесі, бала агрессиясын зерттеуге арналған Басса-Даркидің тесті тағы сол сияқты бірнеше әдістемелерді қолданып, әр адамның мінез ерекшеліктерін толық және жан-жақты бағалап шығуға мүмкіндік береді. Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтамалар береді. Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтама береді. Біреулері ол адамның қоршаған орта құбылыстарынан өзін қорғауға арналған түқым қуалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе (Лоренд, Анри), екіншілері жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрация мен байланыстыратын теориялар да бар (Маллер, Дуб, Доллард).

Агрессия терминімен жеке тұлғаның субъект-субъекттік қатынаста деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді. Деструктивтік әрекет дегеніміз адамның алдында тұрған бөгетке шабуыл жасап, қиындықты жеңуге деген белсенділігі. Сондықтан агрессияның оң және теріс көріністері бар екенін жақсы түсіну қажет. Мысалы, адам өз өмірін, немесе басқа адамдардың өмірін сақтауға, табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға болады. Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін.

Жеткіншек жас кезеңінде себепсіз агрессия, немесе жалған қауіпке бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстың түрлерін, себебін, және мөлшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселені зерттеп, агрессиясы нормадан тыс дамыған балалармен түзету жұмысын жүргізуі керек.

А.Басс және А.Дарки агрессияны сипаттағанда оны негізгі екі топқа бөледі. Біріншісі-мотивациялық агрессия, осы құбылысты туғызған еебеп-сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осы түрін анықтап алуға тиіс. Екіншісі — инструменталдық агрессия, немесе өзін қорғау үшін, басқаларды зәбірлеуге қолданатын әрекеттері. Бұл қасиеттің көрініс беруі сегіз формада болуы мүмкін. Оларды кәсіби бағдар беру барысында анықтау арқылы мінезді тәрбиелеу туралы кеңес ұйымдастыруға негіз болады.

Кәсіби бағдар беру барысында балалардың іс-әрекет түрлеріне қабілеттілігін анықтаудың орны ерекше. осы заңдылықты ескере отырып, біртіндеп бейімділікті тәрбиелеу керек. Бейімділік деген адамның тіршілік объектісіне ықыласымен, жасампаздықпен, шығармашылықпен қарауы және оны меңгеруге белсенділік білдіру. Әдетте оқушының тапсырмаға деген бейімділігі болса, оны орындауға бала уақытын үнемдемейді және өз тілегін сапалы орындалғанын талап етеді. Осы әрекет барысында бала табысты болса, ол қабілетінің бар екенінің кепілі.

Қабілеттіліктің негізгі көрсеткіші ретінде жаңа білімді және іскерлікті тез және сапалы меңгеруі, ептілігін жетілдіруге ынтасы, іс-әрекет нәтижесінің жоғары дәрежеде болуы. Оқушыларда кәсіби бағдарланудың нәтижесі ретінде біз тек мектеп бағдарламасын меңгеруі емес, сонымен қатар қандай-да бір мамандықты меңгеруге бейімділігін қарастырамыз. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті, дағдыны тез және сапалы меңгеруі, іс-әрекетте табысты болуы, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі.

Білімге, ептілікке және дағдаға деген қатынасында адамның қабілеті, қандай да бір мүмкіндігі ретінде көрінеді. Білім, іскерлік, дағдыларды адамның меңгеруі көптеген жағдайларға байланысты жүреді. Мысалы, қоршаған ортасының әсері адам қалай оқытылғаны, оның іс-әрекеттері қалай ұйымдастырылғаны, қарым-қатынас мәдениетіне үлкендердің қандай үлгілері негіз болды — бұлардың бәрі күнделікті өз әсерін тигізіп, сол адамның барлық адамдық қасиеттерді меңгеріп, өзінің қабілеттерін ашуға негіз болады.

Адамның қандай да бір мамандыққа қабілетін дамытатын қолайлы жағдайлар туындаған кезде жоғарыда аталған шарттар мен физиологиялық процестер көрініс береді. Соның нәтижесінде адамның қабілетінің нышаны ашыла бастайды. Адамның мамандықта табысты болуын болжамдау оның табиғи қасиеттерінің ерекшеліктерін зерттеуден бастау керек. Сонымен қатар қабілеттен басқа жеке даралық ерекшеліктерге мінез-құлық ерекшеліктері темпераментпен өте тығыз байланысты.

Бұл қасиеттер консервативтік, кертартпа әсері бар, тұрақты қасиеттер.

Қабілет ерекшеліктерін жан-жақты зерттеген Б.М.Теплов оны жалпы және арнайы қабілеттерге бөлген. Жалпы қабілет адамның өміріне қажетті барлық іс-әрекет түрлерін тез меңгеруі және оларды сапалы орындауы. Арнайы қабілет адамның іс-әрекет түрлерінің бір саласында ерекше табысқа ие болуын қамтамасыз етеді. Мысал ретінде музыкалық, көркем-өнерлік қабілеттерді атап өтуге болады.

Мамандыққа бағдарлау барысында осы қабілеттірдең түрлерін нақты анықтап, іс-әрекеттің қандай түрлерінде адам ерекше табысқа тезірек жететінін болжамдауға мүмкіндік туады. Интеллектуалдық қабілетті зерттеуге арналған әдістемелер өте көп. Солардың ішінен Айзенк тестерін атап өтіге болады. Айзенк Тестері сегіз субтестен түрады. Әрқайсысы 50 тапсырмадан құрылған. Олардың ішінен вербалдық, математикалық, техникалық қабілетті анықтау субтестілері деп әр түрін жеке дара қолданып, іс-әрекеттердің қай түрінде адам өзінің қабілеттерін толық ашуға мүмкіндіктері молырақ екені анықталады.

Мамандық бағдар беру барысында балалардың психикалық ерекшеліктерін жан-жақты диагностикалау арқылы олардың болашақта қай салада табыста болуға мүмкіншіліктері молырақ екенін анықтауға көмек еөрсетіледі. Зерттеу нәтижелері бойынша болалармен кеңес жүргізіліп, олардың пәнедерге қызығушылығы, мектептен тыс қызығушылығы, мамандық таңдау мотивациялары, ата-аналарының мамандықтары, мамандықтар туралы мағлұмат алу көздері тағы көптеген мәселелер анықталады.

Адамдардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты ғылыми негізде ұйымдасіырылған түрі 1908 жылы Бостон қаласында кәсіби кеңес беру бюросы ашылған күннен басталды деп айтуға болады. Ал шын мәнінде кәсіби бағдарлау ежелгі дәуірде де орын алған. Бұл проблема адамзаттың қоғамдық даму қажеттілігінен пайда болды, сондықтан оның қоғам сияқты өзіне тән даму тарихы бар. Әрине кәсіби бағдарлау мамандықтардан бұрын пайда болуы мүмкін емес. Адамзаттың даму барысында топ мүшелері орындайтын функцияларының анықталуы мен байланысты, жануарлар өсіріп, дихандықпен шүғылдана бастағаннан, балаларға арнайы тәлім-тәрбие беру, оны болашақ өмірге даярлау көптеген жаңа проблемаларды тудырды. Адам өміріндегі барлық қажеттілікті қаиағаттандыруға қажетті іс-әрекет түрлерін кәсіп деп атаумен байланысты сол кәсіпке тәрбиелеу жолдары да анықтала бастады.

Адамның кәсіби жарамдылығын бағалау элементтері ежелгі дәуірде қалыптаса бастаған. Б.д.д. 3-ші ғасырдың орта шенінде Ежелгі Вавилонда мектеп түлектерінен хатшыларды дайындауға сынақ жүргізіледі. Сол заманның білім көлемділігінің арқасында кәсіби даярлығын хатшы месопотамиялық цивилизацияның орталық ірі тұлғасы болады: ол кеңістікті өлшеуді, мекшікті бөлуді, музыкалық аспаптарда ойнай алуды, өсімдіктерді ажыратып, олардың ішінен адамның денсаулығын нығайтуға қолданатындарын анықтауды т.б. іскерліктерді меңгеруді талап еткен.

Ежелгі Мысырда абыз жрецтері өнеріне тек қана нақты сынақтан өткен адамдарды ғана оқытқан. Ең алдымен талапкерлер тексеруден өтіп, барлық қойылған тапсырмаларды толық орындап шығуы шарт болған. Әңгімелесу барсында талапкердің өмірбаяндық мағлұматтарды анық бере алатындығы, білімдарлығының деңгейі анықталып, сыртқы бейнесі, жалпы қарым-қатынас дасауға қабілеті бағаланған. Сонан соң оның еңбеккерлігін, басқаларды тыңдай білуін, сөйлеуі мен үндемей отыратындығын тексерген. Өзінің оқуға қабілеті жоқ, ұзақ мерзім оқудың ауыр-жеңіл жерлеріне шыдамдылық көрсете алатындығына күманданғандарды отпен, сумен, аштықпен, өлім қаупімен қорқытып, сынаған.

Осы қатаң сынаудан және білімділігі бойынша таңдаудан әлемге әйгілі Пифагор өте білгенін тарих бізге хабарлайды. Пифагор оқуын аяқтағаннан соң Грецияға оралып, онда өз мектебін орнатты және оқуға қабылдау үшін өзі өткен сынақтарға ұқсас әртүрлі байқауларды ұйымдастырып, талапкерлер солардан өтуі керек болда.

Пифагор, ең біріншіден, адамның интеллектуалдық қабілетін диагностикалауға көп көңіл бөлді. Қазіргі кезге дейін Пифагор жасаған интеллектуалдық қызметке икемділікті анықтау кестесін кейбір психологтар мен палгерлер өз қызметінде қолданады. Сонымен қатар Пифагор адамның күлкісіне, жүріс-тұрысына үлкен назар аударды. Оларды адамның мінез-құлқының ең айқын көрсеткіштері деп анықтады. Пифагор ата-аналардың берген мағлұматтары мен мұғалімдердің ұсыныстарына да үлкен көңіл бөлді.

Осы кездерде Қытайда үкіметтік-төрелік қызмет және көптеген мамандықтар болды. Осы мамандықтарға қазметшілерді іріктеп алу, оларды өз функцияларын атқаруға даярлау барысында кәсіби таңдаудың өз ерекшеліктеріне сәйкес келетін түрлері қалыптаса бастады. Олардың көбісі халықтың салт-дәстүрін білу, өзін және отанын қорғауға қажетті іскерлік пен дағдыны меңгеруі, басқаларға өте ыңғайлы да дағымды жағдайларды жасау сияқты қабілеттерді тексеруге арналған жарыстар жүргізілді. Сол сияқты Ежелгі Спарта, Рим, Афина тариханда да кәсіби жарамдылықты зерттеуге, білімдарлықты бағалауға арналған көптеген инициациялар түрлері, емтихандар мен семинарлар, философтар мектептері дәстүрлері кеңінен тарады.

Спартада жауынгерлерді тәрбиелеу жүйесі ерекше дамыған болды. Бұл қала-мемлекетте ер балалармен қатар әскери-дене тәрбиесінен барлық қыздарда өтетін болды. Өйткені жауынгерлер соғысқа аттанып кеткен кезде әйелдер көптеген құлдарды игеріп отыруға шамасы келетін жауынгерлік қасиеттер көрсетуі керек болды. Сондықтан адамның дене тәрбиесіне, денсаулығын нығайтуға, қара күші мен қайратын көбейтуге ерекше көңіл бөлінді.

Римде тәлім-тәрбие жұмысында гладиаторлар даярлау ерекше мәртебеге ие болды. Жақсы тәрбиеленген гладиаторлар аксүектер мен мемлекет басшыларының көңлін көтеруге, ер азаматтардың айбаттылығын, шыдамдалағын, жауға деген қатыгездігін тәрбиелеуге қосатын үлесі өте үлкен болып келді. Сонымен қатар білімдар адамдарды, өнер салаларындағы мамандарды, көптеген жеңіл кәсіптерді үйрететін мектептер ашыла бастады. Ежелге Римде сауаттылық кең тараған. Сондықтан плебейлерге арнаған жарлықтар жазба түрде шығарылып, балалардың сауатын ашатын әліппе ретінде осы жарлықтарды үйреткен. Баласының сауатын ашып, оған мамандық білім бермеген ата-анаға балалары қамқорлық көрсетуіне мемлекет тарапынан тиым салынған.

Афина басқа локонияларға қарағанда адамның интеллектуалдық қасиеттерін жоғары бағалап, оны дамытуға өте үлкен орын берген. Үндістанда ежелгі дәуірден бастап зергерлік, ұсталық, тоқымашылық, арқаншы, тігінші, бояушы, балташы, ағаш ұсталары, құмырашы, үй қызметкерлерінің әртүрлі категориялары, кәсіби акробаттар, көріпкелділер, сырнайшы, жылан арбаушы, биші, садагерлер т.б. мамандықтар кеңінен тарады. Өр маман өз кәсібін өзінің балаларына, үрім-бұтағына үйретіп шығарған.

Орта ғасырларда адамзаттың орындайтын іс-әрекетінің түрлері көбеюімен байланысты көптеген кәсіптер пайда болап, шеберханалардағы мамандықтардың түрі, теңізшілер, кеншілер тағы басқа көптеген мамандықтар пайда болады. Осы еңбек түрлеріне даярлыңтан өткізетін көптеген кәсіптік мектептер және жұмыс орнында үйрету кең тарайды. Сонымен қатар жоғары квалифакациялық мамандар даярлайтын гимназиялар мен университеттер ашылады.

Кәсіби бағдарлау қоғамдық процеске айналып 19 ғасырдан бастап кәсіби диагностика, кәсіпке жарамдылықты анықтау аяқ ала бастайды. Сонымен қатар кәсіби ағарту, кәсіби кеңес беру, әлеуметтік кәсіби адаптация және кәсіби тәрбиелеу ғылыми жағынан байыпталып зерттеліне бастады.

Бұл жұмыс әр адамның жекелік психикалық ерекшеліктерін анықтап, әр адамның тіршілік түрлеріне икемдилігін анықтаумен ұштастыру мәселелері қарастырылады. Ағылшын ғалымы Ф.Гальтон жеке тұлғаның психикалық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда анықтаудың ірге тасын құрушылардың бірі болды. Осы айырмашылықтарды зерттеу мақсатымен Ф.Гальтон Лондонда 1888 жылы халықаралық медициналық және денсаулық сақтау әдістерін қолдану көрмесін ашты. Көрмеге келушілер өздерінің тән қабілетімен қатар психикалық ерекшеліктерін 17 көрсеткіштер бойынша анықтап алуға мүмкіндіктер жасалды.

1908 жылдың қаңтар айында Бостон қаласында жастарды кәсіби бағдарлау жұмысының алғашқы бюросы ашылып, мұнда талапкерлердің өмірлік еңбек жолын анықтауға көмек беретін әдістемелер қолданыла бастады. Бұл бюроның іс-әрекеттерін ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби бағдарлаудың бастамасы деп айтуға болады. Көп ұзамай осыған ұқсаған бюролар Нью-Йоркте ашылды. Оның міндетіне әр түрлі мамандықтардың адамға қойатын талаптарын зерттеп, мектеп оқушыларының қабілетін анықтау болды. Бұл бюроның негізін құрушылардың бірі Ф.Парсонс табысты мамандық таңдаудың үш негізгі факторларын бөліп көрсетті:

— әр адамның өзін-өзі дұрыс бағалауы, өзінің іс-әрекет түрлеріне бейімділігін, қабілетін, қызығушылығын, ұмтылысын, мүмкіндіктерін және шектеуліктерін дұрыс бағалауы;

— әрбір таңдаған мамандық бойынша қызмет атқарғанда табысты жұмыс істеу үшін ненің қажет екенін білуі;

— мамандықтың талабы мен байланысты білімді өзін-өзі бағалаудың нәтижесін үйлестіре алуы.

Осы және көптеген әлеуметтік психологиялық зерттеулердің нәтижесінде 1911 жылы Англияда 17 жастан төмен оқушыларға мамандық таңдауға міндетті түрде көмек көрсету туралы Заң қабылданды.

АҚШ-та мамандарды кәсіби жарамдылығы бойынша таңдаудан өткізуге ерекше көңіл бөлінді. Гарват университетінің психологиялық зертханасының директоры Г.Мюнстерберг, психотехникалық зерттеулердің негізін құрушылардың бірі, кәсіби таңдау жүргіжу технологиясын анықтап, өз зертханасында көптеген әдістемелер жасауға өз үлесін қосты.

Біріші дүниежүзілік соғыс барысында әскери техниканы басқарушылардың кәсіби жарамдылығын анықтап іріктеп алу қажет екені дәлелденді. Осы қызметті жолға қою үшін көптеген арнайы зерттеулер жүргізілді. Германияда 1922 жылы кәсіби бағдарлау және кеңес беру жүйесін құру жайлы Заң қабылданды. Кәсіби кеңес беру бюросының ұстанымдары бойынша еңбек биржасында мынадай ережелер құрылды:

— жеткіншектерді мамандық таңдауға жоспарлы түрде даярлау;

— бюро жұмысын мектептермен тығыз байланыста ұйымдастырып, мектеп бітірушілермен арнайы жұмыстарды келесі бағыттарда жүргізу:

— мамандықтар туралы мағлұматтар беру;

— мектеп бітірушілердің жекелік қасиеттерін анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізу;

— жұмысқа немесе кәсіби мектептерге ұсыныс хат толтыру.

Кәсіби бағдарлаудың ғылыми педагогикалық негізін қалауға халыққа білім беру жүйесін бұрынғы Кеңес жерінде құруға үлкен үлесін қосқан А.В.Луначарский, П.П.Блонский өз үлестерін қосты. 1927 жылы Санкт-Петербургте кәсіби кеңес беру бюросы ашылды. Бұл жерде мамандыққа баулу тәжірибесімен қатар ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. 1928 жылы П.П.Блонскийдің «Педалогия негіздері» деп аталатын еңбегі жарық көрді. Тәжірибелік психологиялық білімді ол кезде педалогия деп атады. Осы еңбекте жеке адамның тұлғалық қасиеттерін жан-жақты зерттеу, және ағзаның физиологиялық ерекшеліктерін анықтау әдістемелері жүйеге келтіріліп берілді.

Батыс Еуропа елдерде бұл тәжірибе өте кең тарап, Еуропалық ғалымдар К.Айзенк, Кеттел, Бине, Симон т.б. көптеген ғалымдар адамдардың жекелік қасиеттерін, интеллектуалдық іс-әрекеттерге икемділігін, жан мен тәннің бір-біріне тәуелділігін т.б. көптеген проблемаларды зерттеу жолдарын анықтап, оларды психологиялық кеңес беруде қолдану жолдарын зерттеді.

1984 жылы қабылданған Кеңес мектептерінде жүргізілген реформаның материалдарында мектептерде психологиялық қызметтерді ұйымдастырып, психологиялық зерттеулерді кеңінен қолдану қажеттілігі көрсетілген. Сонымен қатар психологиялық кеңес беру орталықтарын ашу туралы көптеген ұсыныстар жасалған. Осы кезден бастап көптеген Ресей мектерінде, Балтық жағалауындағы мемлекеттерде мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беоу орталықтары ашыла бастады. ССРО ғылым академиясы жанынан мамандық бағдар беру ғылыми зерттеу институты ашылып, онда осы бағытта көптеген зерттеулер жүргізілді.

Қазақстанда кәсіби бағдар беру проблемалары педагогика ғылымдарының докторылары, профессор А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов, Л.К.Керимов, және олардың шәкірттері жан-жақты зерттеді. Олардың айтуы бойынша кәсіби бағдар беру — психологиялық, педагогикалың және медициналық іс-шаралар жиынтығы болып келеді. А.П.Сейтешов мамандыққа баулу және кәсіби бағдарлау баланың дүниеге көзқарасының қалыптасуына негіз болады деп дәлелдеген. Бұл жұмыс жастардың тілегі, ықыласы мен олардың мүмкіндіктерін бір-бірімен үйлестіруге бағытталған. Сонымен қатар халықтың тұрмыс шаруашылығы мен жалпы қоғамда мамандарға деген қажеттілікті ескере отырып, еңбекке жарамдылық процесін оңтайландыруға бағытталған.

 

1.2. Мамандық бағдар беруде жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескеру

 

Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы психологиялық және физиоллогиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екі жақтылық орын алады. Сондықтан бала көптеген қиналыстарға ұшырайды: болашақта кім болатынын, өмірде орындайтын әлеуметтік ролін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді.

Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алуы мүмкін.

Жеткіншектердің дене мүшелерінің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын алады. Мәселен, олардың аяқ-қолдары, бет-мойыны тез ұзарады да, кеудесінің өсуі, бүлшық еттерінің ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің бір келкі дамымауы салдарынан жеткіншекте «өзін жарым-жан сезінуң деп аталатын комплекс пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп, немесе бір жағына қисайып жүреді. Жеткіншек жас кезеңінде балалардың эндокриналық жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге дайындайды. Ми қабығының жасушалары жыныс армондарының тітіркендіруіне әсерленгіш. Сондықтан жеткіншектер көп мәселелердің байыбына үңіліп жатпайды, сөзді аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін қылықтары осының салдарынан туады.

Бұл жас кезеңі «өтпелі кезеңң, «қиын жасң, «проблемалың т.б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процесстермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалық шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.

Жеткіншек жас кезеңіндегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс дамып кетуін акцентуация деп атайды. Акцентуацияның байқалу ерекшеліктерін Леонгард жан-жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған. Сонымен қатар осы жас кезеңінде мазасыздану да бала өмірінде едәуыр орын алады.

Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп мұғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткіншіктің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді.

Жеткіншек жастың ерекшеліктері:

— барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердең қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келуі;

— үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы;

— үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде, өрескіл мінез көрсетуі;жеткіншек істі игеру жағынан әлі бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі.

Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне, ересектер талабын оңай орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар. Олар:

Балалардың оқудан басқа айналысатын шаруасының болмауы.

— Радио, теледидар, басқа да ақпарат көздерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған еліктейтіндігі.

Өзінен үлкен балалармен танысып, солардың жарамсыз әрекеттеріне еліктейтіндігі.

Күні-түні фантастикалық және криминалистикалық әдебиеттерді оқып, ондағы кейіпкерлерге еліктеуі. Акцентуацияның көрініс беруі.

— Агрессиясының анық байқалуы.

Психологтың жеткіншек жас кезеңіндегілерімен жүргізетін жұмыстарының міндеттері мен мазмұны осы ерекшеліктерден туады. Барлық іс-шаралар жеткіншектердің жасымен байланысты проблемаларын ескере отырып, оларды шешуге немесе шешу жолдарын табуға көмектесуге бағытталады. Сонымен қатар осы жас кезеңінде баланың интеллектуалдық дамуына үлкен көңіл бөлу қажет.

Мінездің акцентуациясы дегеніміз мінездің жеке көріністерінің күшейтіп, норманың шегіне шығу нәтижесі.

Акцентуацияның белгілері: адамның ызақор болып, кейбір стресс факторларына өте қызу түрде реакция беруі. Сонымен қатар дәл өзіне тікелей қатысы жоқ факторлаға немқұрайды қарауы (басқа адамдарға қатысы бар факторлар болсада). Акцентуацияны көп психиаторлар психопатияның бастамасы деп түсінеді. Оларды шизоидты тип және этелептикті тип деп екіге бөледі. (Кречмер, Шелдон).

Психологияда мінез акцентуациясын сыныптастыру жүргізгендер оны негізгі екі топқа бөліп, оларды интровертті (нормадан тыс тұйық мінезді) және экстровертті (нормадан тыс ашық мінезді) деп көрсеткен.

Егер интроверт өз-өзіне жетіп, қарым-қатынасы шектеліп, үндемей түйліп қалатын болса, экстроверт қарым-қатынасқа да, іс-әрекетке де тоймайды. Мақтаншақ, шалағай, иланушылық, сөзі еш тоқтамайтын, өзін-өзі басқара алмайтын болады. Олар көрініс бергенде сензитивтік акцентуация (ерекшелігі — мазасыздану деңгейі өте жоғары, ешқандай себепсіз қорқып үркіп жүретіндігі, өзіне-өзі сенбеушілігі, басқалардан өзін кем көріп, жаңа таныстардан, топтардан өзін қашық ұстайды). Осы кемістіктерін жою үшін кішкентайлармен қарым-қатынас жасайды. Демонстративтік тип — эгоцентрист болады. Өзін дүниенің ортасы деп есептеп, барлық адамдар тек сол үшін өмір сүріп, тек соған қызмет жасауын қажет етеді. Өтірікші, мақтаншақ, өзін басқадан артық етіп көрсеті үшін барлық әдіс-тәсілді қолданады. (Өзінің ойынша ешкім оған көңіл аудармаса өзін-өзі өлтіргісі келген болып спекталь қоюы да мүмкін). Адам өзін-өзі тәрбиелеп акцентуацияға блокада (кедергі) қоюына болады. Ол үшін өзін-өзі сын көзбен қарауы қажет.

Жеткіншек кезең балалардың қатарластарымен қарым-қатынас жасауға тырысу және мінез қүлқында тәуелсіздікке, тұлғалық автономдыққа тырысуын белгілейтін белгілер сияқты бірқатар спецификалық қасиеттердің пайда болуымен сипатталады. Жеткіншектік кезеңнің ерекшелігі — дамудың барлық жақтарына әсер ететін бірден болатын саналы өзгерістер. Бұл өзгерістер әртүрлі жеткіншектерде әртүрлі уақытта жүреді. Мысалы, қыздар балаларға қарағанда барлық жағынан тез өседі. Сонымен қатар жеткіншектердің психикалық дамуы да әртүрлі жүреді, психикасының бір жағы тез дамыса, басқа жағы жай дамиды. Бұл кезеңде интериндивидуалды ассинхронды даму да (жеткіншектердегі бір хронологиялық жасқа жататын психикасын түрлі жақтарының даму уақытымен сай келмеуі) интроиндивидуалды ассинхронды даму да (бір оқушының дамуының түрлі жақтарын сипаттайды) тән. Сондықтан да белгілі бір оқушыдағы психологиялық ерекшеліктердің пайда болу уақытының ерте де кеште пайда болатынын ескеру керек. Сонымен қатар жеткіншектік кезең һ-танымдық процестердің күшті дамитын уақыты. 11-16 жасқа дейінгі кезең қабылдаудың мақсаттылығымен, тұрақты, ырықты зейіннің және логикалық естің қалыптасуымен сипатталады.

Жалпы, жеткіншектік жас адам өміріндегі критикалық кезеңге жатады. Оның пайда болу себептері, сипаты мен мағынасы әртүрлі психологтармен түрліше түсіндіріледі. Көптеген авторлар бұл кезеңді кедергісіз де өтудің мүмкіндігін атап көрсетеді. Кризис бұл жағдайда үлкендердің толығымен жеткіншектерге деген дұрыс емес қатынасы ретінде қарастырылады және баланың жаңа жас кезеңіндегі алдында тұрған мәселелерді қарсы ала алмауынан түсіндіріледі (Ремшмидт X. 1994) Л.С. Выготский кризистің әрбір негативті симптомдарында «белгілі бір позитивті мазмұн болады» деп атап көрсетеді. Яғни, бұл мәлімет бойынша, үлкендердің жаңа қажеттіліктерді реализациялау үшін жағдай жасау жолымен кризистің пайда болуымен қашуы нәтижесіз болып табылатындығы шығады. Жеткіншектер үлкендерді ақырлы жағдайға дейін алып келеді де сөйтіп өзі осы ақырлы жағдайларды басынан өткеру үшін өзінің күшін тексеруге мүмкіндік алып, нақ осы қарама-қайшылықтар арқылы жеткіншек өзін, өзінің белгілі бір мүмкіндіктерін біледі, өзінің пайымдау қажеттілігін қанағаттандырады. Егер, жеткіншек жас, ешқандай қарама-қайшылықсыз ететін болса немесе «тәуелді кризис» типімен көрінетін болса арықарай кеш, сондықтан да ауыр. 17-18 жастағы қатты өтетін кризис тіпті кейінірек адамдарды жас және ересек жас кезіндегі сипаттайтын созылмалы инфантилді балалық позиция қалып қояды. Олай болса, «жеткіншектік кризистің позитивті жағы» деп отырғанымыз тәуелсіздікке күресу арқылы, яғни, қауіпсіз жағдайда жүріп жатқан және ақырлы формаларға келтірмейтін күрес арқылы бала өзіндік танымы мен пайымдауын қанағаттандырады, балада тек қана өзіне деген сенімдік сезім, өзіне ғана арқа сүйеу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар балада өмірлік қиындықтарды да қарсы алу мінез — құлқы қалыптасады. Жеткіншектік кезеңдегі кризис дамудың басқа да критикалық кезеңдері сияқты үш фазамен орындалады:

  1. Негативті, яғни ескі әдеттердің, стереотиптердің қалуы, бұрынғы қалыптасқан құрылымдардың құлауы.
  2. Кризистің кульминациялық нүктесі жеткіншектік жаста -13 жас.
  3. Посткритикалық фаза, яғни, жаңа құрылымның қалыптасуы, жаңа қатынастың құрылуы.

Әдебиеттерде жас ерекшелік кризисінің пайда болуының екі негізгі бағыты көрсетілген:

  1. Тәуелсіз кризис-біршама кең тараған түрі. Оның симптомдары — еріктік мінезділік, негативтілік, үлкендерлі мойындамау, олардың талаптарына деген бейкөзқкрас, қызғаныш т.с.с. Әрине бұл «симптомдар жиынтығы» әр жас ерекшелігіне байланысты әртүрлі көрінеді.
  2. Тәуелді кризис — бұл біріншіге қарама-қарсы: шектен тыс тыңдаушылық үлкендерге немесе күштілерге тәуелділік, бұрынғы қызықтарға, мінез-құлық формаларының регрестілік т.с.с.

Егер тәуелсіздік кризисі- алға ұмтылу, ескі нормалармен ережелерден шығу болса, тәуелділік кризисі- артқа шегіну болып табылады. Бұл екеуі де өзін анықтау варианттары. Бірінші жағдайда-«мен енді бала еемеспін қызбын» десе, екінші жағдайда «мен әлі баламын және бала болып қалғым келеді» деген бір-біріне қарама-қарсы ағымдар. Даму бойынша біршама жақсы әсер ететін бірінші вариант. Ж.Плаженің зерттеулеріне сүйенетін болсақ, тұлғаның ағымдық қасиетерінің дамуы 12-13 жаста жаңа мағынаға ие болады екен, яғни шын өмір рамкасынан шығатын бағалықтар мен идеалдар мен адам үшін маңызды болып табылады: әлеуметтік шындық, бостандық достық , махаббат, ашық, ашықтық т.б.

Бұл түсініктердің барлығы жеткіншектер үшін эмоционалды боялған, жекелік маңызды. Бірақ бұл құндылықтар даму ерекшеліктері қабылдауға әсер етеді, ең алдымен «танымдық эгоцентризм» жеткіншек үшін айналадағы өмірге қарағанда біршама реалды болып табылады. Жеткіншектер қызығуларының өзіндік сипаты болып, олардың алды-артына қарамай бір нәрсемен айналысу. Жеткіншектердің мұндай мінез-құлқына әсер ететін нақты әсерлер — қажеттіліктің күштілігі, интенсивтілік және эмоционалды реакцияның өткірлігі. Бұл кезеңдегі оқушылардың жоғары бағалылық орын алады, бұл кезде оқушы еш нәрсе көрмейді де естімейді де. Егер мұның бәрі ситуативті туса онда одан оншалықты қорқуға болмайды. Бірақ оның жиі қайталануы жеткіншектерді инфантелизмге ұшыратады, өйткені 13-14 жастағы балада мотивтер иерархиясы қалыптаса қоймаған, жүйелі қызығушылық жоқ,оның мотивациялық сферасы әлі кедей. Бұлармен жұмыс істегенде олардың қызығушылығын арттыру керек. Жеткіншек өз мұңына, кінәлі сезімінің жуынуы да мүмкін. Бұл жағдайда олар «жүйкеге әсерететін» музыка немесе шамамен алғаш танысу сияқты мінез-құлықтық қатерлі формасы тән. Бұлардағы аффективті реакция күшті бұзылған сипат алып отырады. Аффект дегеніміз адамның белгілі бір жағдайдан шығуының адекватты шешімін таба алмауы. Жеткіншектік кезеңдегі оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі факторлар мыналар:

  1. Дисгармониялық отбасы-ол психологиялық үйлеспеудің түрлі варианттарын кіргізеді:

— отбасыдағы белгілі бір мүшелерінің біреуінің жүйке-психикалық ауытқуы, не химиялық бағыныштылықта болуы мүмкін;

— отбасыдағы негізгі мәселе — сол отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасы болып табылатын дисгармониялық отбасылар: әдебиеттерде дисгармониялық семьялардың түрлі типтері көрсетілген:

— гармониялық емес, дестругенді, құлап бара жатқан және құлаған отбасылар сонымен бірге сырт көзге күшті болып көрінетін отбасылар.

  1. Соматикалық аурулар және ауыр жарақаттар. Хроникалық -соматикалық аурулар дұрыс емес торбиеге байланысты жеткіншектерде «толық емес» сезімді болдыруы мүмкін.
  2. Жеткіншектік қатарларымен дұрыс қатынас жасамауы, қатарластарымен дұрыс достық қатынасты құра алмау, оларда даралық аномалды дамуды туғызады.

Адамның жаткіншектік жаспен ересектік арасындағы кезең -жасөспірімдік кезеңде ағзаның барлық физикалық дамуы аяқталады, ерте жасөспірімдік жастағы психикалық дамудың ерекшеліктері дамудың әлеуметтік ситуациясының спецификасына байланысты. Жасөспірімдердің болашаққа қарауы, өмірлік жоспарлар мен перспективалардың құрылуын Л.И. Бажович жоғарғы сынып оқушысының өмірінің аффективті орталығы деп есептеледі. Ерте жасөспірімдердің жаңа құрылуы балаладың жекелік және өмірлік өзіндік анықталуға дайындығы болып табылады (Дубровина И.В. 1989) Э.Эриксон осы жастағы дамудың түрлі варианттары мен жалпы заңдылықтарын талдай отырып, ерте жасөспірімдік псипотологияға эдентикалық кризиспер тығыз байланысты уақытша перспективаны ауытқуы тән болып табылады. И.С.Кон өзінің қазіргі мені толғандырып жүрген балалардың саны жеткігшектік және жасөспірімдік жаста бірдей болса, 15-16 жаста өзінің болашақ «мен» туралы ойлануы күрт өседі.

Жасөспірім кезейінде конструктивті даму барысынан келесі ауытқулар болуы мүмкін:

— идентентификациялауының диффузиялылығы: адамның иденттілік қалыптастыруға қысқа мерзімді мүмкінділігінің жоқтығы.

— уақыт диффузиясы: екі көрініспен пайда болатын уақыт сезімінің бұзылуы. Уақыт диффузиясы қорқыныш немесе өлімді тілеумен байланысты;

— жұмыстың тұрып қалуы: көбінесе идентика диффузиясымен көрінетін табиғи жұмыс қабілетінің бұзылуы;

— жат идентитификцияның орын алуы: идентификцияа қалыптасуында нормамен әсер ететін барлық факторлар мен рольдердің мойындалмауы. Яғни, мұны үлкендер керек емес немесе кауіпті деп бағалайды.

Негізінен бұл ауытқулар аса қауіпті көрінгенмен көп жағдайда есею процесі рамкасы толығымен дұрыс вариация болып табылады бірақ егер де ақырғы жағдайда психикалық ауруларға немесе антисоциалды мінез-құлықтың анық формасына алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, қазіргі ерте жас өспірімдердің жыныстық қатынасқа деген қызығуы артып отыр. Жыныстық қатынастың ерте басталуы түрлі жат қылықтармен (төмен үлгерімділік, қылмыс жасаумен, алкоголизммен, жүйкелік психикалық аурулармен) байланысуы мүмкін, және мұны дәлелдейтін статистика бар. И.Кон пікірімен келісетін болсақ, ол — «ешқандай да сексуалды ережелермен заңдар немесе идеалдар интровертті және экстровертті, невротикпен тұрақты индевидті тепе-тең жағдайда толығымен билей алмайды, өйткені бір адамның қорегі басқа адам үшін у болып табылуы мүмкін. Осыны түсінуден барып психикалық саулық басталады» — дейді Кон И.С. Атақты американдық рок музыкант Ди Снайдер «жеткіншектерге арналған өмір сұру курсы» кітабында өз досының теориясы туралы айтады. Ол өз теориясын «мұның себебі не» деп атап, мүмкін деген мотивтерді талдайды. Олар:

  1. Өзін жалғызбын деген сезінуден арылу немесе танымал болғысы келу;
  2. Өзінің ата-аналардан тәуелсіздігін білдіргісі келгендік;
  3. Көмек керектігі туралы ішкі санадағы дауыс;
  4. Махаббатты ұстап қалу үшін;
  5. Себебі «мүны барлығы істеп жатыр». Жасөспірім үшін өз қатарластарымен қарсыласу қиынға түседі.

Сонымен, жыныстық қатынасты меңгеру әр бір жасөспірімнің міндеті. Өйткені ол адамның ертеңгі өміріне негіз болады, бірақ бұл жөніндегі кедергілердің болуы жасөспірімдердің мінез-құлқының ауытқуына негіз болады (өзіне сенбейді, қорқыныш сезімі билейді, өзін кем санайды, ішкі сөйлеуге ұшырауы мүмкін т.с.с.)

Жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне себеп болатын факторлар жан-жақты. Олар ауытқып отырады. Психологияда бұл кезеңдегі проблеманы мінез-құлық ерекшеліктерін екіге бөліп қарастырылады:

  1. Интернализацияланған (өзіне бағыттылған);
  2. Экстернализацияланған басқаларға бағытталған. Экстернализацияланған мінез-құлық ассоциалды мінез-құлықтың соңғы жағдайы болып табылады. Жасөспірімдердің мінез-құлқының өзгеруі — негізі мен олардың ерекше жағдайларға талпынуы, мектепте танымды болғысы келуі. Невский И.В. жасөспірімнің ерекше мінез көрсетуіне негіз болатын психологиялық жағдайларды атап көрсетеді. Олар:
  3. Жасөспірімдердің құрбандықты қажетсінуі.
  4. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты эмоционалды тұрақсыздық білдіруі.
  5. Агрессиясының анық байқалуы.
  6. Акцентуация түрлерінің анық байқалуы.
  7. Психикалық дамудағы ауытқулардың жиі кездесуі.
  8. Өзін-өзі төмен бағалауы.
  9. Өзін бейадекватты төмен бағалау. Бұл жағдайларға әсер ететін факторлар:
  10. Микроәлеуметтік фактор — бұған жасөспірімнің іс-әрекетінің негізгі үш сферасы кіреді: отбасы, мектеп және қатарларының референтті группасы: отбасылық тәрбие сферасында психологтар оның гипер және гипосүйемелдеу сияқты тәрбие стильінің дұрыс емес жақтарының болуын көрсетті. Айта кететін нәрсе истереоидты және гипертандты сипаттағы акцентуыацияның қалыпты емес типі үшін қатерлі болатын гиперсүйемелдеу, ал гипосүйемелдеу-шизоидті және эмоционалды мобильді тип үшін қатерлі болып келеді (Трудные судьбы, 1991). Сонымен бірге эмоционалды үйлеспеудің Александров А.А. «фрустрациялау» деп атап оның екі типін көрсеткен.
  11. Агрессивті қорғану типі — бұл отбасындағы эмоционалды итерілуден қалыптасады;
  12. Оппозициялы тип — «бүл отбасы кумирі» тәрбиесі негізінен қалыптасады.

Аграссивті қорғану типі — ерекше қиын агрессивті сипатпен ерекшеленеді. Мұндай балалар төбелескіш, жаушыл, конфликтігі түскіш, тұрақсыз, мектептегі тәртіптің дезорганизаторы болып, бұл балалар дөрәкі бұзылысқа барады. Алкогольдікке салынуы мүмкін. Мұның негізгі себебі аланың туылуы қажетсіз болған жағдайда ол соны сезінеді. Баланың қағылып тастауы түрлі формаларда көрінеді, құпиялық өтті. Ата-аналардың олардың қатты сөйлесуінен көрінеді. Бұл негізінен конфликтідегі, достығы жоқ отбасыларда көрінеді. Бала барлық уақытта нервті жағдайда жүреді, отбасыдағы үлкендерді өтпелетуінен қорғанудан агрессивті қорғану қалыптасады. Балалар айналадағыларға сенбеушілікпен қарайды, «біреу барлығына қарсы» позициясы отбасыдан тыс уақытта да қалыптасады, осының негізінде айналадағы адамдармен де конфликтіге түседі, олар оны қаға бастайды, оны эгоист қатал деп есептейді, бірақ ол мұның бәріне өзін кінәлімін деп есептемейді, барлығына басқаларды кінәләйді.

Оппозициялы тип бұл ата-аналардың өз балаларын «соқыр махаббатпен» жақсы көруі, балалардың барлық еркеліктерін көтеруі, кемшілігіне мән бермеу, оларды аспанға көтеру т.с.с. Осының негізінде олар әлеуметтік ортаға тиісінше бейімделе алмайды. Сондықтан да оларда «ішкі конфликт» туады. Бұл сонымен бірге, тіктелген, жоғары өкпелегендік, айналамен конфликтілік қатынас туады. Мұғалімдер оларды дұрыс бағаламайды, мұндай оқушылар өзін көрсеткісі келіп тұрады. Сондықтан қанағаттанбаған олар кері мінез-құлық көсете бастайды. Сонымен қатар мұндай мінез-құлық жасөспірімдерге ата-аналарының тәуелсіз өмір сүргісі келгеннен және олардың шектен тыс қаталдығынан туады. Сондықтан жасөспірімдерде олардың көңілін өзіне аударғысы келіп түрады. Осы себептен оппозициялы типтегі балалар қалыптасуы мүмкін.

Микроәлеуметтік фактор-қазіргі уақытта жасөспірімдердің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Бұл негізінен қоғамның идеологиялық тенденциясынан экономикалық тенденцияға өтуінен көрініп отыр. Сондықтан жасөспірімдерде статистикалық түрғыдан кері мінез-құлық кең деңгейде көрініп отыр. Оған бірден бір себеп «орта» болып отыр. Бұларда олардың бір сезімдердің орнына потологиялық сипаттағы келесі бір сезімдердің келуі мүмкін.

Жалпы, оқушылардың мінез-құлқының ауытқып немесе бұзылып келе жатқанын неден байқауға болады. Мәліметтерге сүйенсек бала тырнағын тістеп отыруы мүмкін, ол ішкі мазасызданудың пайда болуынан да және түнгі шытырман жағдайлардан дакөрінеді, яғни мінез-құлықтың өзгеруінің көріністері болып табылады.

Сонымен қорыта келе жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік кезең бір-бірімен тығыз байланысты болып табылады. Оларға әсер ететін себептердің мазмұны да бірдей және бүл екі жас бір-біріне тәуелді. Мысалы, жеткіншектік кезең психикалық процестермен, жекелік дамуын, ағзаның физикалық жетілуімен сипатталса, жасөспірімдік кезеңде ағзаның жетілуі аяқталады, жасөспірімнің ішкі позициясының күрт өзгеруімен сипатталады.

 

2 БӨЛІМ  ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАМАНДЫҚҚА ИКЕМДІЛІГІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

 

2.1. Мамандық бағдар беру барысында оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеу

 

Жеткіншек жас кезеңінің ерекшеліктерін ескере отырып мамандық бағдар беру барысында балаларды зерттеуге арналған бірқатар тестерді жинақтап алдық. Бірінші кезеңде балалардың темпераментін анықтағанды дұрыс көрдік. Ол үшін біз Стреляу тестін пайдаландық.

 

Темпераментті Я.Стреляу тестімен анықтау

Мақсаты: темперамент типін және жүйке процестерінің тепе-теңдігін анықтау.

Орындау ережесі: Тесте берілген 134 сұрақтарға жауапты талдау арқылы темперамент көрсеткіштері мен жүйке процестерінің жүру ерекшеліктерін анықтауға болады. Сүрақтарға жауапты ия, жоқ, білмеймін деп беру керек. Жауап дұрыс немесе қате болуы мүмкін емес. Әр адамның өз жауабы өзіне дұрыс және сол адамның өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді. Сондықтан, қойылған сұрақтардың ретін бұзбастан, онша көп ойланбастан, үш вариант жауаптың біреуін жауап параққа жазыңыз. Білмеймін деген жауапты сирек қолданған жөн.

 

Сауалнама.

  1. Сіз өзіңізді басқалармен тез танысатын адамдарға жатқызасыз ба?
  2. Іс-әрекетке кірісу үшін басқалардан нұсқау күтесіз бе?
  3. Жұмыстан шаршағаныңыз басылу үшін қысқа уақыт ішінде дем алғаныңыз жеткілікті ме?
  4. Ыңгайсыз жағдайда жұмысты орындай аласыз ба?
  5. Пікірталас болғанда тақырыпқа байланысы жоқ аргументтерді пайдаланасыз ба?
  6. Ұзақ үзілістен соң жұмысқа қайтып оралуыңыз оңай ма (демалыс, каникул)?
  7. Жұмысқа беріліп кеткенде шаршағаныңызды ұмытып кетесіз бе?
  8. Біреуге берілген тапсырманың орындалуын шыдамдылық пен күтесіз бе?
  9. Әр түрлі уахытта төсекке жататын болсаңыз, ұйықтауыңыз барлық уақытты бірдей жеңіл болады ма?
  10. Сізге сеніп ашқан сырды құпияда сақтай аласыз ба?
  11. Бірнеше апта немесе айлар бойы айналыспаған жұмысқа жеңіл ораласыз ба?
  12. Шыдамдылықпен, ерінбей түсіндіресіз бе?
  13. Терең ойланып істейтін істі жақсы көресіз бе?
  14. Қызық емес жұмысты орындау барысында жалығып, ұйқы басып кетеді ме?
  15. Күшті тебіренуден кейін жеңіл ұйықтайсыз ба?
  16. Өзіңіздің күшті жағыңызді көрсетуге құмарсыз ба?
  17. Бейтаныс адамдардың алдында өзіңізді еркін ұстайсыз ба?
  18. Ашуыңызды басқалаға көрсетпеу сізге оңай ма?
  19. Сәтсіздікте сабырлылық сақтайсыз ба?
  20. Қажет болғанда, өз мәнерлеріңізді басқа адамдардың мінезіне икемдейсіз бе?
  21. Ерекше жауапкершілікті талап ететін функцияны орындауға құмарсыз ба?
  22. Басқалардың әсерінен көңіл-күйіңіз өзгереді ме?
  23. Қиын-қыспақта өзіңізге сеніміңіз сақталады ма?
  24. Пікірімен санасатын адамның алдында өзіңізді емін-еркін сезінесіз бе?
  25. Күтпеген жерде күн тәртібі өзгерсе, сіз сасып қалмайсыз ба?
  26. Қажетті жауапты тез табасыз ба?
  27. Сіз үшін өте маңызды шешімді күту барысында байсалдылық көрсете аласыз ба?
  28. Демалыс, каникулдың бірінші күндері сіз үшін жеңіл өтеді ме?
  29. Тапқырсың ба?
  30. Жүрісіңізді, тамақтануыңызды жай басарларға теңестіруіңіз оңай ма?
  31. Дем алуға жатқанда тез ұйықтайсыз ба?
  32. Сабақта, жиналыстарда сөз алуға құмарсыз ба?
  33. Ашулануыңыз оңай ма?
  34. Жұмысқа кірісіп кеткеннен соң оны тоқтатуыңыз оңай ма?
  35. Басқаларға кедергі келтірмеу үшін үндемей отыруға қиналмайсыз ба?
  36. Шағыстырушыларға ермей қаласыз ба?
  37. Басқалармен тіл табысып жұмыс істеуіңіз оңай ма?
  38. Шешім қабылдау үшін, барлық жағдайларды салыстырып көресіз бе?
  39. Кітап оқығанда, автордың ойын басынан аяғына дейін қадағалап отыасыз ба?
  40. Жолаушылармен әңгімелесіп отырасыз ба?
  41. Егер, пікірталас нәтижесі жемісті болмайтынын білсеңіз, сол әңгімеге қатысудан өзіңізді ұстап қаласыз ба?
  42. Нақты қимыл әрекетті талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?
  43. Басқалардың пікірімен санаса отырып өзіңіздің шешіміңізді өзгерте аласыз ба?
  44. Жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәртібіне тез үйренесіз бе?
  45. Күндіз қызмет атқарған болсаңыз, түнде жұмыс істеуге шамаңыз келеді ме?
  46. Әдеби кітаптарды тез оқисыз ба?
  47. Кедергі кездескенде жоспарлаған нәрседен тез бас тартасыз ба?
  48. Ұстамдылық көрсете аласыз ба?
  49. Тез оянасыз ба?
  50. Жылдам жауап бермей, ұстамдылық көрсете аласыз ба?
  51. Шуға көңіл бөлмей жұмысты орындай аласыз ба?
  52. Шындықты бетіне баспай, шыдамдылық көрсете аласыз ба?
  53. Емтихан алдында, бастықпен сөйлесерде ұстамдылық көрсетесіз бе?
  54. Жаңа ортаға тез үйренесіз бе?
  55. Жаңалыққа құмарсыз ба?
  56. Күндіз ауыр жұмыс істегеннен соң толық демалуға түнгі ұйқы жеткілікті ме?
  57. Қысқа мерзім ішінде түрлі-түрлі әрекет жасауды талап ететін жұмыстан бас тартасыз ба?
  58. Өмірде кездесетін қиындықтың басым көбін өзіңіз дербес шешесіз бе?
  59. Өзіңіз сөйлеуден бұрын басқалардың пікірін тыңдап аласыз ба?
  60. Жүзе білетін болсаңыз, суға кетіп бара жатқан адамды құтқаруға әрекет жасайсыз ба?
  61. Қажырлы еңбек етуге қабілеттісіз бе?
  62. Ескерту жасау артық болып тұрса, өзіңізді ұстап қала аласыз ба?
  63. Жұмыс орныңызға мөн бересіз бе?
  64. Бір жұмыстан екіншісіне ауысуыңыз оңай ма?
  65. Маңызді шешім қабылдау үшін барлық мүмкіндіктерді салыстырып көресіз бе?
  66. Басқалардың оқшау мінезіне қатты ашуланасыз ба?
  67. Басқа адамның тіршілігіне үңілмеу, қағаздарын оқымау сізге оңай ма?
  68. Біркелкі орындалатын жұмыстан жалығасыз ба?
  69. Көпшілік ортасында тәртіп сақтау сізге оңай ма?
  70. Артық дене қимылын жасамай сөйлеу, жауап беру сізге қиын ба?
  71. Көңілді ортаны жақсы көресіз бе?
  72. Көп күшті талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?
  73. Ұзақ уақыт жұмысқа беріліп істейсіз бе?
  74. Жылдамдықты талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?
  75. Қиын кезеңде ұстамдылық көрсетесіз бе?
  76. Ұйқыдан оянғаннан соң төсектен бірден тұрасыз ба?
  77. Өзіңіз тапсырманы орындап болғаннан соң басқалардың бітіргенін сабырмен күтесіз бе?
  78. Жағымсыз жағдайды көргеннен соң бұрынғыдай ынтаменен әрекетіңізді жалғастырасыз ба?
  79. Күнделікті басылымдарды жылдам қарап шығасыз ба?
  80. Басқалар түсінбейтіндей жылдам сөйлейтін кездеріңіз болады ма?
  81. Ұйқыңыз қанбаса жұмысты сапалы орындай аласыз ба?
  82. Ұзақ уақыт үзіліссіз жұмыс істей аласыз ба?
  83. Бас немесе тіс ауруы мазалағанда жұмыс істей аласыз ба?
  84. Басқалар сізді күтіп, көңіл көтеріп отырғанын біле тұрып алаңдамай жұмысыңызды аяқтайсыз ба?
  85. Төтенше сүрақтарға тез жауап бересіз бе?
  86. Тез сөйлейсіз бе?
  87. Қонақ келетін болса өз жұмысыңызды саспай орындайсыз ба?
  88. Сенімді дәлелдер әсерімен өз пікіріңізді өзгертуіңіз жеңіл ме?
  89. Шыдамдысыз ба?
  90. Өзіңізден жай қимылдайтындардың жұмыс темпіне икемделе аласыз ба?
  91. Өз уақытыңызды ұйымдастырғанда, бірнеше бір-бірімен үйлесімді жұмысты қатар орындауға шамаңыз келеді ме?
  92. Көңілді компанияда қобалжығаныңыз басылады ма?
  93. Бірнеше істерді қиналмастан бір уақытта орындайсыз ба?
  94. Көшеде болған қайғылы оқиғаның куагері болсаңыз, өмірге деген сеніміңіз сақталады ма?
  95. Нақты қимылдарды талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?
  96. Жақын адамдарыңыз істі болғанда салқын кандылық көрсетесіз бе?
  97. Қиын жағдайларда өзіңізге сенесіз бе?
  98. Бейтаныс адамдар арасында, үлкен топтың ішінде өзіңізді еркін сезінесіз бе?
  99. Қажет болса сөзіңізді бірден тоқтата аласыз ба (жиналыс, кино, спектакль басталғанда)?
  100. Басқалардың жұмысты атқару ережесіне икемделуіңіз оңай ма?
  101. Іс-әрекет түрлерін өзгертуге құмарсыз ба?
  102. Төтенше жағдайда басқалардың әрекетін басқаруды мойныңызға аласыз ба?
  103. Жағдай көтермейтін кезде күліңізді баса аласыз ба?
  104. Жұмысқа бірден кірісіп кетесіз бе?
  105. Келіспейтін нәрсеңізге қарсы сөз айтасыз ба?
  106. Уақытша депрессияға бөленбеуге шамаңыз келеді ме?
  107. Ақыл-ой қызметінен қатты шаршағаннан соң күндегідей ұйықтайсыз ба?
  108. Ұзақ уақыт, ішкі кернеу қыспай, күте аласыз ба (мысалы, кезекті)?
  109. Нәтижесі сәтсіз болатынын білсеңіз, оған араласпай тұрасыз ба?
  110. Тартыс-талас кезінде саспастан дәлел іздейсізбе?
  111. Күтпеген жерде өзгерістер туғанда дұрыс шешімін таба аласыз ба?
  112. Сізге өтініш жасағанда тыныштық сақтайсыз ба?
  113. Сіздге өтініш жасамай ақ медициналық процедуралардан өтесіз бе?
  114. Бар күшіңізді салып жұмыс істеуге дараярсыз ба?
  115. Демалыс өткізу, көңіл көтеру жайыңызды ауыстырып тұрасыз ба?
  116. Жаңа күн тәртібіне үйрену сізге оңай ма?
  117. Төтенше жағдайларда басқаларға көмек көрсетуге асығасыз ба?
  118. Спорт жарыстарын, цирк өнерін тамашалаған кезде өз әсеріңізді ерекше дыбыстар мен қимыл әрекеттер арқылы білдіресіз бе?
  119. Көпшілікпен сөйлесуді талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?
  120. Өзіңіз бет-әлпетіңіздің көрінісін қадағалайсыз ба?
  121. Дене күшін талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?
  122. Өзіңізді ержүрек адаммын деп есептейсіз бе?
  123. Күтпеген жағдайда дауысыңыз өзгереді ме?
  124. Сәтсіздікке кездескенде барлығын тастай салмауға шамаңыз келеді ме?
  125. Сізге өтініш жасаса ұзақ уақыт танаш отыра аласыз ба?
  126. Егер күлкіңіз біреудің намысына тиетін болса, сіз өзіңізді ұстай аласыз ба?
  127. Тұнжыраған көңіл-күйіңіздің жарқын жүзге айналуы оңай ма?
  128. Сізді күйгелектендіру оңай ма?
  129. Қоршаған ортаның салт-дәстүрін сақтау сізге оңай ма?
  130. Көпшіліктің алдына шығуды ұнатасыз ба?
  131. Жұмысқа ұзақ даярлықсыз кірісіп кетесіз бе?
  132. Өз өміріңізді тәуекелге тігіп, басқаларды құтқаруға барасыз ба?
  133. Қимыл әрекеттеріңіз ширақ па?
  134. Жауапкершілікті талап ететін жұмысты ынталанып мойныңызға аласыз ба?

Бағалау шкаласы:

Жауап кілтке сай келсе — 2 балл; Жауап сай келмесе — 0 балл; Білмеймін деген жауап — 1 балл.

Өңдеу кілті:

Қозу күшін анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе шкала бойынша бағаланады:

ия — 3, 4, 7, 13, 15, 17, 19, 21, 23, 24, 32, 45, 56, 60, 66, 72, 73, 78, 81, 82, 83, 94, 97, 98, 102, 105, 106, 113, 114, 117, 121, 122, 124, 130, 132, 133, 134; жоқ — 47, 51, 107, 123.

Тежелу күшін анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе ол шкала бойынша бағаланады:

Ия — 2, 5, 8, 10, 12, 16, 27, 30, 35, 37, 38, 42, 48, 50, 52, 53, 59, 62, 65, 67, 69, 70, 75, 77, 84, 87, 89, 90, 96, 99, 103, 108, 109, 110, 112, 118, 120, 125, 126, 129; Жоқ — 18, 34, 36, 128.

Жүйке процестерінің динамикасын анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе ол шкала бойынша бағаланады:

Ия — 1, 6, 9, 11, 14, 20, 22, 26, 28, 29, 31, 33, 40, 41, 43, 44, 46, 49, 54, 55, 64, 68, 71, 74, 76, 79, 80, 85, 86, 88, 91, 92, 93, 95, 100, 101, 104, 111, 115, 119, 131; Жоқ — 25, 57, 63, 116.

Қозу және тежелу процесстерінің көрсеткіштері 42 және одан жоғары болса, өлшенген жүйке процесінің күшті жүретінін көрсетеді.

Қозу және тежелу процестерінің ара қатынасы жүйке процестерінің тепе-теңдігін көрсетеді. Егер ара қатынасы 1-ге жақын немесе тең болса ол көрсеткіштің иесі байсалды болады, қозу көрсеткіші басым болса — ол адамның қозғыштығын, ұстамсыздығын көрсетеді, ал тежелу басым болса — ол адамның тормоздан шығуы қиын, тежелгіш екенінің белгісі болады.

Зерттеу нәтижесі.

Аты-жөні

қозу

тежелу

Ара қатынасы

1. Омар Ғ.

48

42

2. Ерғали В.

51

43

1,2

3. Мақпал Ә.

60

46

1,3

4. Раиса X.

42

42

1

5. Балқия 0.

44

44

1

6. Қатира С.

45

42

7. Ғаля Қ.

48

46

1,1

8. Ғабит Л.

49

45

1,2

9. Қасымқан К.

46

46

1

10. ҚайратТ.

44

44

1

11. Каражан 0.

45

42

1,1

12. ЛәззатР.

19

38

0,5

13. МәдинаН.

46

42

14. Манзура Д.

47

39

1

15. Мағжан В.

42

42

1

16. МахфузаХ.

49

41

17. УмирниссоЕ.

51

42

1,2

18. ҚалипаН.

29

48

0,6

19.НұрғалиН.

45

45

1

20. Жансая Т.

48

41

21. Насиба Т.

41

49

0,9

 

Стреляу тесті бойынша зерттеу нәтижесі бойынша 7 бала байсалды, ал қалғандарының қозу процесі басым, немесе экстраверсиясы басым келді. Екі тестің нәтижесі бір-біріне сай екені анық байқалды. Сондықтан темпераментті зерттеу нәтижесі ақиқат жағдайды көрсетіп тұр деп айтуға әбден болатындығы дәлелденді.

 

Көрсеткіштері

қатысқандар саны

Жинаған баллдары

 

Жоғары

Орта

Төмен

11

7

3

130-150

115-129

100-114

 

Орта буын оқушыларының жас ерекшеліктері олардың жеткіншек жас кезеңдегі екендігімен байланысты. Осы жас кезеңіне тән балалардың мазасызденуы жоғары болуы мүмкін. Осы проблема балалар алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуге бөгет болуы мүмкін. Сондықтан біз зерттеу барысында «Пиктограмма» әдістемелерін пайдаландық.

«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі

Графикалық әдістер көбінесе дербес және көмекші ретінде қүрастырылады. Мамандарда олар негізінен өте нашар сенімсіз ретінде бағаланады. Алайда, олар адамға шындықты жобалау және өз бетінше елмеуге мүмкіндік береді. Демек, сурет белгілі дәрежеде адамның жеке тұлғасын, оның көңіл-күйін, сезімдерін, уайымдарын, қарым-қатынасын көрсетеді.

Практиктер сурет тесттерді жиі қолданады. Суреттің нәтижесі бала өзінің күйзелістерін ауызша айтып жеткізе алмайтындығынан оның ішкі дүниесінің көрінісін білдіреді. Әрине, зерттеуші үшін оның суреттері қандай бейнеде қолданғаны және олардың көмегімен қандай мәлімет алынғандығы әрқашан түсінікті.

Психодиагностиканың мақсаты жобалық графикалық әдістерінің оның нәтижесінің психотүзету үрдісінде қолданды, сол сияқты көбінесе олар бала өзінің ішкі дүниесін көрсетуге және өзін түсінуге ықпал етеді.

«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі сирек кездесетін, бірақ қызықты және мәліметті әдістеме болып табылады. Ол адамның эго күшінің диагностикасына, оның жағымсыз жағдайларға қарсы тұру қабілетіне бағытталған. Сонымен қатар, қорғаныс механизмдернің қасиеттері мен жеке тұлға резервтерін ашуға көмектеседі.

Нұсқау

Нұсқау классикалық вариантта қарапайым түрде беріледі. Зерттеушіге тік Бағытталған қағаздың А4 ақ парағына адамның суретін салу ұсынылады, ал бүдан кейін сондай басқа параққа бөлек — жаңбыр астындағы адамның суретін салуды тапсырады.

Екі суретті салыстыру адамның стресстік қолайсыз (жағымсыз) жағдайда ол қиындық кезінде не сезінетіндігін анықтауға мүмкіндік береді.

Тестілеу кезінде салынған суретті бақылау маңызды және зерттеушінің барлық айтқандарына назар аудару керек. Көбірек сенімді мәлімет алу үшін зерттелінушіге қосымша сұхбат жүргізу керек.

Суреттерді интерпретациялау кезінде келесі мәліметтерге көңіл бөлу керек. Интепретацияда ұсыныстарға сүйене отырып, логикалық көзқараспен барлық арнайы датальдарды талдауға көшуге болады.

«Жаңбыр астындағы адам» суретін «Адам» суретімен салыстырғанда көптеген айырмашылықтарды айқандауға болады.

Экспозиция қалай өзгергенін қарау маңызды. Сонымен, мысалы, егер адам күтіп тұрғандай бейнеленсе, онда бүл өмірдің қиын жағдайларынан кету тенденциясымен байланысты, қиындықтан қашумен де байланысты болуы мүмкін (мысалы, әсіресе, егер адамның бейнесі құс ұшатын биіктіктен бақыланғандай бейнеленсе).

Жаңбыр астындағы адам кескіні парақтың жоғарғы жағына жылжу жағдайында зерттеулушінің әрекеттен қашу бейімділігі, сонымен қатар қорғаныс механизмдерінің бар екендігі айтылады.

 

Кескіннің өзгеруі (трасформация)

Кескіннің көлемінің ұлғаюын кейде жасөспірімдерде кездеседі. Олар көбірек күшті және өздеріне сенімді болғандығын білдіреді.

Кескіннің кішіреюі зерттелуші өзін қорғау мен жақтаушылықты қажет еткенді танытады, өзінің өміріндегі жауапкершілікті басқа адамдарға көшіруді көздейді. Кішкентай кескіндеулерді салатын бала әдетте өзінің сезімін көрсетуге ұялады және адамдармен өзара қарым-қатынасы кезінде кейбір кедергілер мен көпшілік тенденцияларына ие болады. Олар стресс нәтижесінде депрессиялық жағдайға душар болатындығын сездіреді.

Егер де Жаңбыр астындағы адам суретінде кескіндерді бейнелеу кезінде дененің қандай да бір бөлігі (аяқ, қол, құлақ, көз) салынбаса, онда бұл қорғаныс механизмдерінің өзгешеліктерін және эго реакциясының көріну ерекшеліктерін көрсетеді.

Киімнің болмауы мінез-құлықтың анықталған таптаурындарын ескермеумен, сезінудің албырттығымен байланысты.

 

Жаңбыр белгілері (атрибуттары)

Жаңбыр — адамдарда болатын кедергілер, жағмсыз әсерлер.

Бейнелеудің сипаты адамның қиын жағдайларды қалай қабылдайтындылығымен байланысты: сиректамшылар — уақытша, жеңуге болатын жағдайлар, боялған тамшы немесе сызықтар — қиын, үздіксіз жағдайлар.

Жаңбырдың қайдан «келетінін» (адамның оң немесе сол жағынан) және қандай бөлік көп жағдайда әрекетке душар болатынын анықтау керек.

Интерпретация адам кескіні немесе оң және сол жағының жазылған мәнімен қатысып жүргізіледі.

Қара бұлт жағымсыз жағдайларды күту белгісі болып табылады. Бұлттар, қара бұлттардың санына, олардың мөлшерінің қалындығына, орналасуына назар аудару маңызды. Депрссивтік жағдайда барлық аспанды алатын ауыр қара бүлт бейнеленеді.

Шалшық су, батпақ,балшық бұл үрейлі жағдайдың салдарын, «жаңбырдан» кейін қалатын қайғыруларды бейнелейді.

Шалшықтың бейнелеу ерекшелігіне назар аудару қажет (форма, тереңдігі, шашыранды). Адам кескініне шалшық қалай орналасқанын ескеру маңызды. (Кескеннің артқы жағынаннемесе алдыңғы жанына орналасқан ба, адамдарды барлық жағынан қоршаған немесе оның өзі шалшықта тұр ма?).

Қосымша бөлшектер

Барлық қосымша бөлшектер (үй, ағаш, орындық, машина) немесе адам қолына ұстайтын заттар (сөмке, гүл, кітап) қосымша сыртқы тірекке деген қажеттіліктің көрініс ретінде қарастырылады.

Бөлшектерді көбірек толықтай түсіндіру (мәнін ашу) көрсетілген бейненің символдық мәнін құрайды. Мысалы, найзағай дамудағы жаңа циклдің бастауын және адамның өміріндегі қайғылы өзгерістерді бейнелеуі мүмкін. Найзағайдан кейін жиі пайда болатын күннің шығуын алдын-ала білдіретін кемпірқосақ толығымен орындалмаған армандарды білдіреді.

Қолшатырдың сырты жағымсыз нәсерлерден психикалық қорғанудың символикалық бейнесін түсіндіреді. Бйнелерді түсіндіру көзқарасы бойынша қолшатыр бейнесінде ана мен әкесіне байланысты белгі ретінде қарастырылады. Қолшатырдың жауын-шашыннан қорғауы да, қорғамауы да мүмкін.

Сонымен, мысалы үлкен қолшатыр-саңырауқұлақ адам адам үшін барлық қиын жағдайларды шешетін анасының немқұрайдылығын дәлелдеуі мүмкін.

Адамдардың кескініне қатысты қолшатырдың көлемі мен орналасуы психологиялық қорғаныс механизмі әрекетінің қарқындылығын көрсетеді.

 

Бөлшектердің бұрмалануы мен өткізілуі

Қатысты бөлшектердің болмауы шиеленісті жағдайларға және психикалық қорғаныс механизмдерін ығыстырудың салдары болуын көрсетуі мүмкін. Мысалы, суретте қолшатырдың қатыспауы қиын жағдайда ата-анасы жағынан көмектің болмауы жағдайын көрсетуі мүмкін.

 

Суреттердегі түстер

Суретті қарапайым қаламмен орындауға болады. Көп адамдар түрлі-түсті қаламның қолдануын қалайды. Егер зерттелушіде түрлі-түсті қаламдардың барлығы түгел болмаған жағдайда түстерге қарап шешім шығарудың қажеті жоқ.

Түстер белгілі бір сезімдерді, көңіл-күйді және адамдардың қарым-қатынасын білдіруі мүмкін. Сонымен қатар, әртүрлі реакциялардың және шиеленісу жағдайдың да бейнелеуі мүмкін.

Жақсы бейімделген эмоциялық қалапты бала әдетке 2-ден 5-ке дейінгі түстерді қолданады. 7-8 түстер жоғары лабильділікті көрсетеді. Бір түстің қолданылуы эмоциялық өзгеруде қорқыныштың болуын көрсетеді.

 

Қорытындылау кезеңі

Суреттің интерпретациялау кезеңі 1-ші және 2-ші кезеңінен алынған мәліметтер жиынтығы болып табылады. Стандартты тесттер нәтижесінің және адам туралы мәліметтерге қатысып алынған барлық материалдар талданады.

 

Тест нәтижесін талдау кестесі

Балалар аты

 

1. Омар Ғ.

Сенімді досты қажетті етеді, эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, шешілмеген проблемалар, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

2. Ерғали В.

Өзін жоғары бағалайды, әлеуметтік ортадағы өз орнына қанағаттанбайды, танымдық қызығушылығы жоғары, барлық уақытта іс-әрекет үстінде, тынымсыз, шыдамсыз.

3. Мақпал Ә.

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, сондықтан басқалармен тіл табысуы қиын, оны барлығы көкірек, тәлпіш деп қабылдайды, инфантилизм анық байқалады.

4. Раиса X.

Проблемалары көп, эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, өзін бағалауы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

5. Балқия О.

Достықты қажетсінеді, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, мазасыздануы анық байқалады.

6. Қатира С.

Тіректі қажет етеді, сырқаттанады, танымдық қызығушылығы жоғары, өзіне сенімі төмен, сырласуға қорқады, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

7. Ғалия Қ.

Өзін бағалауы жоғары, әлеуметтік ортадағы өзінің орнына қанағаттанбайды, эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, мазасыздануы анық байқалады.

8. Ғабит Л.

Өзін төмен бағалайды, әлеуметтік ортадағы өз орнына қанағаттанбайды, өзінің өнерге деген, танымдық қызығушылығы жоғары, барлық уақытта іс-әрекет үстінде, бірақ керек кезінде көмек көрсетететін адамдар сүйеніш болмады деген ренжіш оның тіршілігіне теріс әсерін тигізіп жүр.

.9. Қасымхан К.

Қарым-қатынасқа құмар, танымдық қызығушылығы жоғары, барлық уақытта іс-әрекет үстінде. сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизмі анық байқалады.

10. Қайрат Т.

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

11. Қаражан О.

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы төмен, сүйеніп қажеттілігі анық байқалады, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

12. Ләззат Р.

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыздық көрсетуі мүмкін

13. МәдинаН.

Өзін жоғары бағалайды, әлеуметтік ортадағы өз орнына қанағаттанбайды, танымдық қызығушылығы жоғары, барлық уақытта іс-әрекет үстінде.

14. Мазура Д.

Қоршаған адамдарға сенімі төмен, бақаларға тәуелді, эгоцентризм элементтері байқалады, сезімтал, эрудицияны жоғары бағалайды, танымдық қызығушылығы жоғары балалармен достасады.

15. Мағжан В.

Өзіне сенімі төмен, бақаларға тәуелді, эгоцентризм, сезімтал, эрудицияны жоғары бағалайды, техника қызықтырады.

16. МахфузаХ.

Өзіне сенімі төмен, бақаларға тәуелді, эгоцентризм, сезімтал, эрудицияны бағаламайды.

17. Умирниссо Е.

Өзіне сенімі төмен, бақаларға тәуелді, эгоцентризм, сезімтал, қол өнерді, сахналық өнерді жоғары бағалайды, білімді бағалайды.

18. Қалипа Н.

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, білімді жоғары бағалайды, шеше алмай жүрген проблемалары көп.

19. Нұрғали Н.

Өзіне сенімі күшті, басқаларға тәуелді емес, барлық мәселені өзі шешуге тырысады, эгоцентризм анық байқалады, сезімтал, эрудицияны жоғары бағалайды, дегенмен басқалардың көмек көрсеткенін күтеді.

20. Жансая Т.

Өзін жоғары бағалайды, басқаларға тәуелді емес, эгоце анық байқалады, іскер, сезімтал, эрудицияны жоғары бағалайды, өзі барлық уақытта ізденіс үстінде.

21.Насиба Т.

Басқаларға сенімі төмен, басқаларға тәуелді, мазасыздануы күшті, корқыныш сезімі анық байқалады, сезімтал, эрудицияны жоғары бағалайды, достасуға құмар, бірақ ешкіммен өзі бірінші болып таныспайды, өзінің ұялшақтығына өзі қамығады.

 

Бұл тесті жүргізу нәтижесінде балардың басым көпшілігі басқа адамдарға бағытталғандығын және олар қарым-қатынасқа құмарлығын толық қанағаттандыруға мүмкіндіктері болмай жүргендігін байқадық. Соның нәтижесінде олардың мазасыздануы байқалатындығы анықталды. Бірнеше әдістемелер нәтижесін салыстырып талдау арқылы жеткіншектерге эгоцентризм мен инфантильдік қосарласып келетінін байқадық. Сондықтан бұл балалардың мамандықты таңдауға даярлығы төмен, үлкендердің көрсеткенімен жүруге даяр екен дем тұжырымдама жасауға болатындығы анық болып тұр.

Осы көрсеткіштер балалардың мамандық таңдау мотивациясын, олардың бұл ойға бөленетіндігін анықтау қажет болды. Бұл зерттеулер технологиясы және нәтижесі келесі параграфта келтірілген.

 

2.2. Оқушылардың мамандыққа қазығушылығын диагностикалау

 

Мамандық таңдау мотивациясы көптеген көрсеткіштермен сипатталуы мүмкін. Осы проблеманы зерттеушілер ішінде А.И.Ионинас мамандыққа қызығцшылықты зерттеу мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Ол балалардың қызығушылығын анықтауды олардың мамандық таңдау мотивациясын зерттеуден бастауды ұсынған. Біз өзіміздің зерттеуімізді осы ұсыныстан бастадық.

Қушылардың мамандық таңдау мотивациясын анықтауға Климовтың «Жекелеп диагностикалау» әдістемесін пайдаландық. Бұл тест бойынша балалардың іс-әрекет түрлерінің қайсысына ыңғайлы екенін анықтадық. Бұл әдістеме келесі бес көрсеткіш бойынша аданың қызығушылығын және қай салада қызмет атқаруға икем екенін анықтауға арналған. Олар:

Адам — табиғат;

Адам — техника;

Адам-адам;

Адам — белгілеу жүйесі;

Адам — көркем бейне. Бұл әдістеме жаңадан пайдаланып жүрген тәсілдерге жатады.

Е.А. Климовтың «Жекелеп диагностикалау» әдістемесі.

Бұл әдістеме Е.А. Климовтың жіктеуі бойынша әр түрлі мамандыққа адам таңдауға арналған. Бл әдісті жас өспірімдер мен ересек адамдарды кәсіптік бағдарлауда да қолдануға болады.

Әдістеменің амазмұны: сыналушы ұсынылған 20 жұп қызметтің ішінен оның бір ғана түрін таңдап алып, жауптар парағының тиісті торына «+» қосу белгісін қоюы тиіс.

Нұсқау: «Тиісті оқуды бітіргеннен кейін сіз кез келген жұмысты алып кете аласыз дейік. Дегенмен Сізге екі мүмкіндіктің біреуін ғана таңдау қажет болса, қайсысын қалар едіңіз.»

Қорытындыларды түсіндіру:

Жауаптар парағы 5 бағананың әрқайсысындағы «+» белгісін есептеп шығаруға ыңғайланып жасалған. Бес бағананың әрқайсысы белгілі мамандыққа сәйкестендірілген. Ал сыналушы мамандықтың ең көп «+» белгісін алған типін таңдауы тиіс. Мамандықтар типтерінің атауға бағаналарға бөлініп беріліп отыр:

  1. Адам табиғат, мұнда тірі ағзалар, өсімдіктер, жануарлар мен биологиялық үрдістер еңбек объектісі болады. Бұған агроном, зоотехник, мал дәрігері, бағбан, орманшы кіреді.
  2. Адам техника, мұнда техникалық жүйелер, машиналар, аппараттармен қондырғылар, материалдар мен энергия (қуат) еңбек объектісі болады. Бұған радиомеханик, токарь, слесарь, жүргізуші, инженер кіреді.
  3. Адам — адам, адамдар, топтар, ұғымдар кіреді. Мамандықтар — қызмет көрсету саласы, медицина, педагогика, заң қызметі.
  4. Адам — белгілеу жүйесі. Олардың еңбек объектісі: шартты белгілер, шифрлар, кодтар, кестелер. Бұл салада корректорлар, бағдарламашылар, машинистер, статистер, экономисттар істейді.
  5. Адам — көркем бейне. Бұл адамдар еңбек объектісі көркемдік бейнелер жасау, олардың ролі, элементтері мен ерекшкліктер. Зергер, фотосуретші, музыкант (сазгер), суретші, өнертанушы, жазушы, әртіс.

 

 

 

 

 

Сауалнама

 

1 а.

Жануарларды бағып, күту

немесе

1б. Машиналар мен құрал -саймандарға қызмет көрсету (бақылау, қарау, реттеу)

2а. Ауруларға көмектесу

немесе

2 б. Есептеу машиналарына кестелер, сызбалар, бағдармалар жасау.

3 а. Кітап, плакат, көркем ашық хаттарды безендіру сапасын бақылау

немесе

3 б. Өсімдіктердің жай-күйін, өсіп- дамуын қадағалау.

4 а. Материалдарды өңдеу (ағаш, мата, металл, пластмасса және т.б.)

немесе

4 б. Тауарларды тұтынушыға жеткізу, жарнамалау, сату.

5 а. Ғылыми-көпшілік  кітаптарды, мақалаларды талқылау

немесе

5 б. Көркем кітаптарды талдау (пьесалар, концерттер)

6 а. Малдардың төлдерін күту, өсіру (жануарлардың тұқымдарын)

немесе

6 б. Жолдастарды жаттықтыру (немесе кішкентайларды) бір іс-әрекетті орындауға көмектесу (еңбекке, оқуға, спортқа қатысты).

7 а. Суреттерден, бейнелерден көшірме жасау (не музыка аспаптарын жөндеп күйге келтіру)

немесе

7 б. Жүк таратын, түсіретін (көтергішке тасымалдау) құралын басқару (көтергіш кран, трактор, жылумен жүретін тепловоз)

8 а. Адамдарға керекті мәлеметтер беру, түсіндіру (анықтама бюросы экскурсия және т.б.)

немесе

8 б. Көрмелер, витриналар көркемдеу, рәсімдеу (немесе пьеса, концерт дайындау)

9 а. Нәрселер, бұйымдар (киім-кешек, техника) тұрғын үй жөндеу

немесе

9 б. Мәтіндегі, кестелердегі, суреттегі қателерді тауып, түзету.

10 а. Жануарларды емдеу

немесе

10 б. Есептеу, есептен шығаруды орындау.

11 а. Өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару

немесе

116. Өнеркәсіптік бұйымдардың жаңа түрлерін конструкциялау, жобалау (машиналар, киім-кешек, үйлер, азық-түлік өнімдері)

12 а. Адамдар арасындағы даудамайды талқылап, түсіндіріп, сендіріп, жазалау, көтермелеу

немесе

12 6. Сызбалар, кестелрді талқылау (тексеру, анықтау, тәртіптеу)

13 а. Көркемөнерпаздар үйірмесінің жұмысын бақылау, тексеру

немесе

13 6. Микробтардың өмірін бақылап, зерттеу.

14 а. Медицина аспаптарын,

аппараттарынжөндеп, қызмет көрсету

немесе

14 6. Жараланған, күйген

адамдарға, медициналық көмек көрсету.

15 а. Көрген, елестеген, қиялдағы оқиғаларды көркемдеп шығару

немесе

15 б. Көрген-білген оқиғалар мен құбылыстарды жазып беру, бақылаған құбылыстан есеп жазу, өлшеген объектілер есептеу.

16 а. Аурухана лабораториясында анализ жасау

немесе

16 б. Ауруларды қабылдау, әңгімелесу, ем-дәрілер жазып беру.

17 а. Бөлменің, үйдің ішін, бұйымдарды бояу, сурет салу

немесе

17 б. Машиналар мен құрал-сайманды құрастыру, жинау.

18 а. Құрбы-құрдастарды, кішкене балаларды театрға, мұражайға апару, экскурсияға, туристік жорықтарға шығару

немесе

18 б. Сахнада ойнау, концерттерге қатысу.

19 а. Сызбаларға қарап машиналардың, киім-кешек бөлшектерін жасау, үй салу

немесе

19 б. Сызумен айналысу, сызбалар, карта көшірмелерін жасау

20 а. Өсімдіктер ауруларымен, баубақшаның, орман жауларымен, зиянды жәндіктермен күресу

немесе

20 б. Клавишті машиналармен жұмыс жасау (жазу машинасымен, телетайп, теру машинасы және т.б.)

 

Климов әдістемесі бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесі

Көрсеткіштер

Оқушылар саны

1. Адам — табиғат

2

2. Адам — техника

3

3. Адам-адам

13

4. Адам — белгілеу жүйесі

1

5. Адам — көркем бейне

2

 

Кестеде көрсетілген зерттеу нәтижесі зерттелінген балалардың басым көпшілігі «адам-адам» адамдар, топтар, ұғымдар кіреді. Оларға ұсынылатын амандықтар — қызмет көрсету саласы, медицина, педагогика, заң қызметі т.с.с. басқа адамдармен қатынаста болуды талап ететін жұмыстарды қалайтыны анықталды. Ал «Адам — табиғат» және «Адам — белгілеу жүйесі» көрсеткіштері бойынша таңдаулар өте аз болғандықтан бұл салалардағы қазмет ерекшеліктеріне балалар әлі онша түсінбеген деп таптық. Өйткені «Адам — табиғат» саласы адамдарға ең жақын, «адам-адам» саласынан кейін тұруы керек сияқты.

Оқушылардың басқа адамдармен жұмыс қабілетін тереңірек зерттеу мақсатымен олардың коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілетін КОС (Коммуникативные и организаторские способности) әдістемесімен зерттедік.

Коммуникациялық ұйымдастырушылық қабілетті; зерттеу әдістемесі (КОС)

Төменде берілген сүрақтарға «ИЯ» немесе «ЖОҚ» деп жауап беріңіз.

  1. Сіздің араласып түратын достарыңыз көп бе?
  2. Жолдастарыңыздың көпшілігін сіздің пікіріңізді қабылдауға міндеттейсіз бе?
  3. Жолдастарыңыздың Сізге жасаған ренішін есіңізде көпке дейін сақтайсыз ба?
  4. Қиын жағдайда дұрыс шешім қабылауға Сіз қиналасыз ба?
  5. Көптеген бейтаныс адамдармен танысуға тырысасыз ба?
  6. Қоғамдық жұмыстармен айналысу Сізге оңай ма?
  7. Сізге адамдармен араласқаннан гөрі кітап оқып, уақыт өткізу ұнай ма?
  8. Өз пікіріңізден тез айнисыз ба?
  9. Өзіңізден жасы үлкен адамдармен тіл табысуыңыз оңай ма?
  10. Достарыңызбен ойын ойнап, оларға ойын үйретуді ұнатасыз ба?
  11. Сізге жаңа ортаға кіріп кеті қиын ба?
  12. Бүгінгі орындайтын жұмысыңызды ертеңге жиі қалдырасыз ба?
  13. Жора-жолдастарыңыз Сіздің пікіріңізге келісуі оңай ма?
  14. Жолдастарыңыз Сіздің пікіріңізбен келісімге келтру үшін күш саласыз ба?
  15. Жаңа ұжымға үйрену сізне қосымша қиындық туғызды ма?
  16. Өз уәдеңізді, міндетіңізді орындамағаныңыз үшін жолдастарыңызбен ренжіспейтініңіз рас па?
  17. Қолайлы сәт кездескенде, жаңа адаммен танысуға ұмтыласыз ба?
  18. Маңызды іс-әрекетте шешім қабылдау кезде бастаманы өзіңізге жүктей аласыз ба?
  19. Сізді қоршаған адамдар мазалай ма және жеке болғыңыз келеді ме?
  20. Өзіңізге бейтаныс ортада қиналатыныңыз рас па?
  21. Үнемі көпшіліктің ортасында жүру Сізге ұнайды ма?
  22. Бастаған ісіңіз аяқталмаса ашуланасыз ба?
  23. Бір істің бастамасын қолға алсаңыз қиыншылықты сезесіз бе?
  24. Жолдастарыңызбен жиі араласқаннан шаршайтыныңыз рас па?
  25. Ұжымдық ойындарға қатысуды ұнатасыз ба?
  26. Сіздің жолдастарыңызға қатысты мәселені шешуге белсенділікті жиі қолыңызға аласыз ба?
  27. Толық қатынаста емес адамдарыдң арасында өзіңізді сенімсіз сезінетіңіз рас па?
  28. Істеген ісіңіздің шындығын дәлелддеу үшін сирек күш салатыныңыз рас па?
  29. Толық таныс емес ортаға сергітуді, көңіл көтеруді ендіре аламын деп сенесіз бе?
  30. Қоғамдық жұмыстарға қатысасыз ба?
  31. Таныстарыңыздың көп болмауын, оларды шектеуге тырысасыз ба?
  32. Сіздің ойыңыз, шешіміңіз өз достарыңыздың арасында қолдау таппаса, оны дәлелдеуге ұмтылмайтыныңыз шындық қой?
  33. Бейтаныс ортаға түскенде өзіңізді жеңіл сезінесіз бе?
  34. Өз достарыңыз үшін әр түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға шын ниетіңізбен кірісесіз бе?
  35. Көпшіліктің ортасында сөйлегенде өзіңізді сенімді, бірқалыпты сезінетіндігіңіз рас па?
  36. Кезесуге жиі кешігіп келесіз бе?
  37. Достарыңыздың көп екені рас па?
  38. Өз достарыңыздың ортасында жиі көзге түсесіз бе?
  39. Толық таныс емес ортада өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз бе?
  40. Таныстардың, көпшіліктің ортасында өзіңізді сенімсіз сезінетініңіз рас па?

Коммуникациялық қабілетті анықтау үшін келесі сұрақтарға жауап кілтпен сәйкес келсе 1 балл деп есептелінеді:

ИЯ- 1,5,9,13,17,21,25,29,33,37;

ЖОҚ-3,7,11,15,19,23,27,31,35,39;

Ұйымдастырушылық қабілетті анықтау үшін келесі сүрақтарға жауап кілтпен сәйкес келсе 1 балл деп есептелінеді:

ИЯ — 2,6,10,14,18,22,26,30,34,38;

ЖОҚ — 4,8,12,16,20,24,28,32,36,40;

Әр қабілет бойынша сәйкес келген белгілерді санап шығып зерттелініп отырған қабілеттің коэффициенті төменгі формула бойынша анықталады:

КОС нөтижесі.

Оқушылар саны

Коммуникативтік қабілеті жоғары

ұйымдастырушылық қабілеті барлар

21

12

14

 

Кестеде көрсетілгендей балалардың барлығының қабілеті бар, зерттелінеген 21 баланың ішіне 9 оқушы екі қабілеттің де нышаны бар екенін анық байқатты.

Балалар аты

коммуникативтік

ұйымдастырушылық

1. Омар Ғ.

9

9

2. Ерғали В.

8

4

3. Мақпал Ә.

9

3

4. Раиса X.

5

8

5. Балқия 0.

7

3

6. Қатира С.

4

9

7. Ғаля Қ.

8

8

Б.ҒабитЛ.

3

7

9. Қасымқан К.

8

9

10. ҚайратТ.

3

8

11. Каражан О.

6

7

12. ЛәззатР.

5

10

13. МәдинаН.

6

8

14. Манзура Д.

8

6

15. Мағжан В.

7

9

16. МахфузаХ.

4

8

17. Умирниссо Е.

8

8

18. ҚалипаН.

9

9

19. НұрғалиН.

7

8

20. Жансая Т.

9

7

21.НасибаТ.

6

9

 

Кестеде көрсетілгендей балалардың басым көпшілігі ашық-жарқын, басқалармен қарым-қатынас жасау оларға қиын емес, ал солардың ішінен 9 баланың коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттері бірдей көрініс беретіні анықталды. Олар мектепте барлық сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға ұйытқы болып жүрген белсенді балалар екені анықталды. Қазіргі кездегі мамандықтардың барлығы немесе басым көпшілігі басқа адамдармен тіл табысып, сыйысымды болуды талап ететін болғандықтан балаларды осы саладағы қызметтерге икемділігін жетілдіру қажет деп санадық. Сондықтан психокоррекциялық әсері бар ойындарды кеңінен пайдалану қажет деп түсіндік.

Келесі кезеңде оқушылардың мамандық таңдауға эмоционалдық қатынасын қалыптастыруға арналған кеңес беру машығын жүргіздік.

«Мамандыққа эмоционалдық қатынасын анықтау» әдістемесі.

Бұл әдістеме екі тапсырмадан тұрады: сурет салғызу және жанама сұрақтар аркылы мамандық таңдау ойынын жүргізу.

Мақсаты: балаларға өздерінің мамандық таңдауға саналы көзқарасын қалыптастыру.

Машықты жүргізу барысында балаларға сурет салғызу арқылы олардың өздерінің болашақ мамандығын таңдау қажеттілігін туғызу және «алтыншы сезім» ойыны көмегімен мамандыққа қанағаттану-қанағаттанбау мәселесін шешуге даярлау.

Кіріспе сөзде балаларға әр адам өз мамандығын саналы таңдап алса оның болашақта сол мамандықта шеберлікке жетуге, лауазымдық қызметке ие болудың ең тиімді жолы екенін түсіндіру қажет. Барлық мамандықты «ұнайды-ұнамайды», «жақсы-жаман», «сол салада қызмет атқаратын маман болғым келеді-келмейді» деп бағалауға болады. Көп мамандықтар туралы өз пікірімізді айтуға әлі дайын болмауымыз мүмкін. Дегенмен, мамандық туралы мәліметіміз өте тапшы болғанның өзінде, біз оны қабылдаймыз, немесе қабылдамаймыз. Мамандыққа көзқарасымыз, оған эмоционалдық қатысымыз немен байланысты екенін анықтап алудың маңызы бар.

Бірінші тапсырма.

«Болашақ мамандығым туралы ойланғандағы сезімім» тақырыбында сурет салу. Сурет простой карандашпен «А4» форматтағы параққа салынады.

Сурет салу нәтижесін талдау

Аты

Жіберген уақыты

Болашақ мамандығына эмоционалдық қатынасы

1. Омар Ғ.

58

Үлкен мән береді және терең ойланады

2. Ерғали В.

51

Үлкен мән береді және терең ойланады

3. Мақпал Ә.

58

Үлкен мән береді және терең ойланады

4. Раиса X.

42

Мамандық таңдау алыс перспектива деп есептейді

5. Балқия О.

36

Мамандық таңдау алыс перспектива деп есептейді

6. Қатира С.

45

Мамандық таңдау алыс перспектива деп есептейді

7. Ғаля Қ.

37

Мамандық таңдау алыс перспектива деп есептейді

8. Ғабит Л.

59

Үлкен мән береді және терең ойланады

9. Қасымқан К.

66

Үлкен мән береді және терең ойланады

10. ҚайратТ.

49

Үлкен мән береді және терең ойланады

11. Каражан 0.

55

Үлкен мән береді және терең ойланады

12. ЛәззатР.

39

Мамандық таңдау алыс перспектива деп есептейді

13. МәдинаН.

56

Үлкен мән береді және терең ойланады

14. Манзура Д.

27

Болашақ мамандығы туралы әлі ойланбайды

15. Мағжан В.

52

Үлкен мән береді және терең ойланады

16. МахфузаХ.

49

Үлкен мән береді және терең ойланады

17. Умирниссо Е.

26

Болашақ мамандығы туралы әлі ойланбайды

18. ҚалипаН.

39

Мамандық таңдау алыс перспектива деп есептейді

19. НұрғалиН.

45

Үлкен мәін береді және терең ойланады

20. Жансая Т.

48

Үлкен мән береді және терең ойланады

21.НасибаТ.

21

Болашақ мамандығы туралы әлі ойланбайды

       

 

Бұл әдістеменің нәтижесін талдағанда баланың суретті салуға жіберген уақытымен талдайды. Кестені талдау арқылы 21 оқушының ішінде 11 бала болашақ мамандығын эмоционалды терең қабылдап, болашаған анықтауға көп көңіл бөлетіндігі байқалды, ал екеуі — болашақ мамандығы туралы ойланбастан, арқасын кең салып жүр екен. Осы жинаған материалды талдау арқылы балаларды қандай мәселелер мазасыздандырып жүргені туралы «алтыншы сезім» машығын жүргізуге себеп туды.

Екінші тапсырма.

«Алтыншы сезім» машығы.

Қатынасушыларға келесі сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Сұрақтар бланкіге толтырылған болады. Ұсынылған сұрақтардан өздеріне ұнағанын белгілеу керек.

  1. Алшынемесе…
  2. Жыл айларының біреуін ата.
  3. Келесі сандарды жаз: 7, 13, 99, 100, 258, 555. Бір санның сыртына шеңбер кигіз.
  4. Келесі сөздерді жаз: өкпе, бауыр, жүрек, бүйрек. Біреуіне шеңбер кигіз.
  5. Реңктердің үйлесімділерін тап: қызыл — көк, жасыл — күлгін, қоңыр — сұр, алтын сары — қоңыр қызыл. Бір жүпты белгіле.
  6. Шеңбер, квадрат, үшбұрыш, толқын сызық сал, біреуіне шеңбер кигіз.
  7. Бір өлеңнің атын жаз.
  8. Бір ғимаратты ата.
  9. Ақшаның санын жаз.
  10. Бір мүсінді ата.
  11. Тағымдардың бір түрін ата.
  12. Музыкалық аспапты ата.
  13. Әскери шиннді ата.
  14. Бір ғылым саласын ата.
  15. Бір әріп жаз.
  16. Бір буын жаз.
  17. Бір сөз жаз.
  18. Бірнеше нүкте қойып шық.
  19. Бір санды жаз.
  20. Барлық қатысушыларға ұнайтын сыйлықты жаз (ақшадан басқа)
  21. Аурудың атын жаз.
  22. Адамға құнды нәрсені ата.
  23. Біздің осында жиналған себебімізді жаз.
  24. Агрессия туралы мақал айт.
  25. Махаббат туралы мақал айт.
  26. Сағат көрсететін уақытты жаз.
  27. Мінез көрсеткішін ата.

Аты

Жауап саны

Мазмұндық талдау

 

1. Омар Ғ.

18

Үлкен мән береді және терең ойланады

 

2. Ерғали В.

15

Үлкен мән береді және терең ойланады

 

3. Мақпал Ә.

16

Үлкен мән береді және терең ойланады

 

4. Раиса Х.

13

Мамандық таңдау алыс перспектива деп есептейді

 

5. Балқия О.

16

Мамандық таңдау алыс перспектива деп есептейді

 

6. Қатира С.

15

Мамандық таңдау алыс перспектива деп есептейді

 

7. Ғаля Қ.

17

Мамандық таңдау алыс перспектива деп есептейді

 

8. Ғабит Л.

18

Үлкен мән береді және терең ойланады

 

9. Қасымқан К.

21

Үлкен мән береді және терең ойланады

 

10. Қайрат Т.

19

Үлкен мән береді және терең ойланады

 

11. Каражан О.

19

Үлкен мән береді және терең ойланады

12. Ләззат Р.

19

Мамандық таңдау алыс перспектива деп есептейді

13. Мәдина Н.

22

Үлкен мән береді және терең ойланады

14. Манзура Д.

17

Болашақ мамандығы туралы әлі ойланбайды

15. МағжанВ.

17

Үлкен мән береді және терең ойланады

16. Махфуза Х.

14

Үлкен мән береді және терең ойланады

17. Умирниссо Е.

11

Болашақ мамандығы туралы әлі ойланбайды

18. Қалипа Н.

19

Мамандық таңдауға біраз даярлықтан өту керек деп есептейді

19. Нұрғали Н.

20

Адам-адам, адам-техника, мамандық таңдауға үлкен мәін береді және терең ойланады

20. Жансая Т.

18

Мамандығы адам-адам, таңдауына үлкен мән береді және терең ойланады

21.Насиба Т.

12

Болашақ мамандығы туралы әлі ойланбайды

         

 

Бұл тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың өз болашақтары туралы ойлары оларды әлі тікелей толғандыру жағдайында емес екені анықталды. Сонымен қатар балалардың сана-сезімінің, құндылықтарының, жалпы адамдарға деген көзқарастарының қалыптасуы туралы пікір айтуға мүмкіндік туды.

Осы машықтан басқа тоғыз коррекциялық ойындар дайындалып, олардың көмегімен «адам-адам» қатынастағы мамандықтарға қажетті қасиеттерді қалыптастыруға негіз құрылды.

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

 

Мамандыққа бағдарлау проблемасын шешуге арналған іс-шараларды қанша ерте бастаса оның нәтижесі сонша тиімді болады. Дипломдық зерттеу барысында мектептердегі мамандыққа баулу және мамандық бағдар беру жұмысы жүйеге келтірілмеген екендігі анық байқалды. Бұл жұмыс мектеп психологиялық қызметін ұйымдастырудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Осы проблеманы мектеп тәжірибесінде шешу жолдарын анықтау оңай емес. Өйткені психологтар арсеналында қазақ мектептерінде мамандық бағдар беру барысында пайдаланылатын әдістемелер өте кем. Сондықтан дипломдық зерттеу тақырыбын «Жеткіншектерге мамандық бағдар берудің теориялық және әдістемелік негіздері» деп атадық. Тақырып бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижесінде келесі қорытындылар жасадық.

  1. Мектептерде мамандық бағдар беру жұмысын жеткіншек жас кезеңінде ұйымдастырудың маңызы өте үлкен. Өйткені осы жас кезеңінде балалардың тәжірибелік интеллекті қалыптаса бастайды. Осы психологиялық ерекшеліктеріне байланысты балаларды болашақ мамандығы терең толғандырады. Бұл проблеманы зерттеушілер Т.Н.Мальковская, Ю.П.Сокольников, А.П.Сейтешов т.б. мамандық қызығушылықтың қалыптасуына осы кезеңді синзитивті деп атауға болады. А.П.Сейтешовтың айтуы бойынша болашақ мамандығын ерете анықтаған баланың жаман жолға түсуге уақыты қалмайды. Сондықтан көптеген педагогикалық-психологиялық проблемаларды шешудің тиімді жолы болып табылады.
  2. Мамандық бағдар беру барысында балалардың жекелік психологиялық қасиеттерін жан-жақты зерттеп, жеткіншек жас кезеңінде кездесетін акцентуация, мазасыздану басқа ауытқулардың ерекшеліктерін анықтап, оның ерекше дамып кетпеуін болдырмай, профилактикалық жұмыстарды жүргізуге ыңғайлы жағдай туады. Өйткені, балалардың ауытқуын анықтау үшін зерттеу жүргізу мен мамандық бағдар беру үшін дүргізілетін зерттеулердің олардың психологиялық жағдайына тигізетін әсерлерінің айырмашылығы өте үлкен. Мамандық бағдар беруге жүргізілген зерттеулерді осы буындағы негативизмі асқынып тұрған балалар оң бағалап қабылдайды.
  3. Мамандық бағдар беру көпаспектілі проблема. Сондықтан бұл жұмыс бірнеше кезеңде ұйымдастырылады:

Жеткіншек жас кезеңінің даму ерекшеліктерін анықтау; Балалардың жекелік психикалық қасиеттерін зерттеу;

— Әлеуметтік ортаның даму ерекшеліктеріне байланысты қазіргі кезде керекті мамандықтарды насихаттау;

— Оқушылардың қызығушылықтары мен қарым-қатынасқа бейімділігін анықтау;

— Мамандық таңдау мотивтерін зерттеп, олардың құндылықтарға сай келетінін талдау.

  1. Балалардың жекелік психикалық қасиеттерін зерттеу барысында олардың акцентуациясы анық байқалатыны, мазасыздануы жоғары анықталды. Балалардың мамандыққы қызығушылығын зерттеу барысында олардың басым көпшілігі «адам-адам» қатынасқа жақын екендігі, және бұл қатынас талап ететін кримуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттерінің едәуір дамығанын анықтадық.
  2. Психологиялық қызметті ұйымдастыру барысында балаларға мамандық бағдар беру жұмысын қанша ерте ұйымдастырса, оның нәтижесі сонша тиімді болады. Сондықтан мектеп психологі өзі тарапынан жүргізетін мамандыққа баулу жұмыстарын орта буын оқушыларынан бастағаны орынды екені дәлелдеуді талап етпейді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

 

  1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.
  2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы, 1996.
  3. Анциферова Л.Н. Психология формирования и развития личности. М.,

1981.

  1. Бектенгалиева С.Х., Дцгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру. Алматы, 2003.
  2. Битянова М.Р. Практическая психология. М., 1997.
  3. Бап-Баба С. Жантану негіздері. Алматы, 1998.
  4. Бабасов Е.М. Конфликтология. Минск, 2000.
  5. Бэрон Р., Ричардсон Д. Агрессия. С-Пб,. 1998.
  6. Бютнер К. Жизнь с агрессивными детьми. М., 1991. Ю.Бернштейн К.А. Очерки по физиологии движений и физиологии активности. М., 1966.
  7. Валлон А. Психологическое развитие ребенка. М., 1967.
  8. Возрастная и педагогическая психология. Под ред. М.В.Гомезо и др. М., 1984.
  9. Выготоский Л.С. Собрание сочинений в 6 томах. М., 1982.
  10. Валиева М. Білім беру технологиясы және оларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу. Алматы, 2002.
  11. Грановская Р.М. Элементы практической психологии. М., 1997.
  12. Диагностика готовности детей к обучению в школе — анализ поведения. М., 1993.
  13. Дьяченко О.М. Об основных направлениях развития воображения у

детей. Ж. «Вопросы психологии», 1988, № 16.

18.Добсон Дж. Непослушный ребенок. Под ред.Н.Коршуновой. М., 1992.

  1. Донченко Е.А., Титаренко Т.М. Личность: конфликт, гармония. Киев,

1989.

  1. Дружинин В.В. и др. Введение в теорию конфликта. М., 1989.
  2. Драгунова Т.В. Проблема конфликта в подростковом возрасте. Ж.

«Вопросы психологии», 1972, № 2.

  1. Дубровина И.В. Настольная книга школьного психолога. М, 1996.
  2. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Алматы, 2004.
  3. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1970.
  4. Золотнякова А.С. Проблемы психологии общения (социальный и

личностные типы общения, их профессиональные, познавательные и генетические аспекуты). Ростов-на-Дону, 1976.

  1. Зейгарник Б.В. Патопсихология. М., 2000.
  2. Квимен В. Прикладная психология. С-Пб., 2001.
  3. Кле М. Психология подростка: Психосексуальное развитие. М., 1991.
  4. Козлов Н.И. Как относиться к себе и людям, или Практическая

психология на каждый день. М., 1998.

  1. Кон И.С. Психология ранней юности. Книга для учителя. М., 1989.
  2. Кристофер Э., Смит Л. Тренинг лидерства. Питер, 2001.
  3. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. МГУ, 1981.
  4. Матейчик 3. Родители и дети. Книга для учителя. М., 1992.
  5. Морозов А.В. Деловая психология. С-Пб., 2000.
  6. Мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға

арналған психодиагностикалық қызмет. Құрастырған Л.К.Көмекбаева. Алматы, 2004.

  1. Нұрмұхамбетова Т.Р., Рсмаханбетова Ш.Е. Тәжірибелік психология.

Шымкент, 2004.

  1. Немчин Т.А. Состояния нервно-психологического напряжения. Л., 1983.
  2. Немов Р.С. Психология. В 3 т. т.З. М., Г996.
  3. Особенности обучения и психического развития школьников 13-17 лет.

Под ред. И.В.Дубровиной, Б.С.Кругловой. М., 1998.

  1. Овчарова Р.В. Семейная академия: Вопросы и ответы. М., 1996.
  2. Осипова А.А. Введение в практическую психокоррекцию. М., 2000.
  3. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Психологический словарь. М, 1990.
  4. Популярная психология для родителей. Под ред. А.С.Спиваковской. С-Пб., 1997.
  5. Платонов К.К. Психологический практикум. М., 1980.
  6. Поддьяков Н.К. К вопросу о развитии мышления. М., 1981.
  7. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы.

Алматы, 1987.

  1. Петровский А.В. Способности и труд. М., 1996.
  2. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. М., 1996.
  3. Рыбалко Е.Ф. Возрастная и дифференциальная психология. М., 1990.
  4. Римский С, Римская Р. Практическая психология. М., 1999.
  5. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Ростов-на-Дону, 2002.
  6. Семья в психологической консультации. Под ред. А.А.Бодалева,

В.В.Столина. М., 1999.

  1. Субботский Е.В. Ребенок открывает мир. М., 1991.
  2. Снайдер Д. Практическая психология для подростков. М., 1999.
  3. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы, 1993.
  4. Теплов Б.М. Проблемы индивидуальных различий. М„, 1961.
  5. Учителям и родителям о психологии подростка. Под ред. Г.Г.Аракелова. М., 1990.
  6. Херсонский Б.Г., Дворяк С.В. Психология и психопрофилактика

семейных конфликтов. Киев, 1991.

  1. Хоменстаускас Г.Т. Семья глазами ребенка. М., 1989.
  2. Цукерман Г.А., Мастеров Б.М. Психология саморазвития. М., 1995.
  3. Щербаков А.И. Проблемы возрастной психологии. М., 1987.
  4. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М., 1995.
  5. Чернявская А.П. Психологическое консультирование. М., 2004.