«Жоғарғы оқу орны студенттеріне спорттық
машықтану үрдісін қалыптастыру»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800— мамандығы – Дене шынықтыру және спорт
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………….. |
5 |
||
|
|
||
1 ЖОО СТУДЕНТТЕРІНЕ СПОРТТЫҚ МАШЫҚТАНУ ҮРДІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ……………………………………………………….. |
9 |
||
|
|
||
1.1 ЖОО студенттеріне спорттық машықтану үрдісі…………………………. |
9
|
||
1.2 Күрес спорт түрінен машықтану сабақтарында дене қасиеттерінің маңызы…………………………………………………………………………………………… |
15 |
||
|
|
||
1.3 Оқу жаттығу сабақтарында күрес спорт түрінен машықтану үрдісін қалыптастыру………………………………………………………………….. |
20 |
||
|
|
||
1.4 Спорттық үйірмеде машықтанушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту әдіснамасы…………………………………………………………………. |
25 |
||
|
|
||
2 СПОРТ ҮЙІРМЕЛЕРДЕ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ДӘРЕЖЕЛЕРІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ……………………………… |
34 |
||
|
|
||
2.1 Дайындық жұмыстары және спорттық үйірмені ұйымдастыру………………………………………………………………………………….. |
34 |
||
|
|
||
2.2 Жаттығушылар белсенділерін даярлау және тәрбиелеу…………….. |
41 |
||
|
|
||
2.3 Күрес спорт түрінің ағза өсуі мен дамуына физиологиялық әсері…. |
45 |
||
|
|
||
2.4 Спортшыны психологиялық тұрғыдан дайындау жолдары…………… |
55 |
||
|
|
||
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………. |
64 |
||
|
|
||
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………….. |
66 |
||
|
|
Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының азаматтарында жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлық қалыптастыру тұжырымдамасы, Этникалық мәдени білім беру тұжырымдамасы және Елбасы Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты ғылыми-теориялық еңбегінде жаңа қоғамды құрушылар қандай болуы керек, қандай азаматты тәрбиелеу керек деген мәселеге зор көңіл бөлініп, оған ғылыми дәйекті жауап іздестірілген. Ол — өркениет әлеміне қазақ құбылысы болып кіретін азаматты дайындау. «Жас бала — жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді. Адам да сол тәрізді. Олай болса ұстамды, көрегенді, түп-түзу, жып-жинақы, әсем бейнелі адамға қараудың өзі тым жарасымды. Жастарымыздың үлгі алатын, ең таңдаулы ішкі, сыртқы адамгершілік-эстетикалық сапаларын үйренетін адамы, міне, осындай болуы керек.
Егеменді, зайырлы, демократиялы, құқықты мемлекетіміздің қазіргі таңдағы мақсаты — әлемдік өркениетке жету. Өркениетті республикамыздың болашағы жастар білімімен ұштасады. Қазіргі таңда білім алушыға қажетті жағдайлар жасауға, жеке адамды дамытуға бағытталған білім беру әдіс-тәсілдері жетілдірілуде. Студент және оның қоршаған ортасы- ұстаз, ата-ана, достары, тәлім-тәрбие ұйымдастырушысы, жетекшілері т.б. барлығының мақсаты — тұлға дамуына жағдай туғызу. Осы аталған ортаның әдіс-тәсілі, амал-құралы, дәріс түрлері студентті жан-жақты дамытуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері бүгінгідей ақпараттық технологиялардың дамыған кезінде алған білімін жан-жақты байыта отырып, өзін-өзі тәрбиелеуде түрлі әдістемелік жағдайларды біліктілікпен қолдана отырып, кәсіби шеберлігін шыңдау үшін үлкен мүмкіндіктері бар.
Жоғары оқу орны студенттердің іс-әрекетіне, жеке басының қасиеттеріне, кәсіби шеберлігіне жоғары талаптар қояды. Өзін-өзі тәрбиелеу — соңғы жылдары психология, әлеуметтану және педагогикалық озат практика даярлаған тұлғаны жетілдірудің тиімді жолдарының бірі. Студенттері жоғары оқу орнында алған білімін байыта отырып, оны өзін-өзі тәрбиелеуде біліктілікпен қолдана білуі тиіс.
Н.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» еңбегінде: «Тәрбиенің түпкі мақсаты-қоғамның нарықтық қарым-қатынысқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарда жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деген тұжырым жасаған. Осы орайда, халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы, сондай-ақ, спорттық іс-әрекеттер арқылы өзін-өзі тәрбиелей білген нағыз мәдениетті маман даярлау да бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналуда.
Мемлекет үшiн адамның денесінің сау болуы нақты материалдық мәнi бар кұбылыс. Қазiргi нарық заманында- денi сау адам үлкен маңыздылыққа ие. Елiмiздiң өндірістiк потенциалы мен қорғаныс қызметiне тiкелей керi әсер етіп отырған жағдай, елдiң ертеңгi болашағы, жалпы орта мектеп оқушылары мен орта және жоғары оқу орын студенттерінің денсаулықтары өте төменгi деңгейде болуы. Әскер қатарына қызмет етуге шақырылған жастардың денсаулық жағдайларына байланысты көпшiлiгi керi қайтарылуда. Мектеп табалдырығын аттаған бiрiншi сынып оқушылары мен қолына аттестат алғалы тұрған түлектердiң денсаулығын салыстырған зерттеушiлер, мектеп түлектерiнiң денсаулығының 4-5 есе төмен екенiн байқаған.
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің кәсіби тұрғыда өзін-өзі тәрбиелеуі әлеуметтік-педагогикалық мәселе болып табылады. Бұл дене тәрбиесі мамандарының кәсіби шеберлігін қайта шыңдаумен, мемлекеттің салауатты өмір салтын ұдайы дамытумен, сондай-ақ студенттер мәселелерінің демократиялық қоғамдағы өзгерістер жағдайында шешілуінің күрделенуімен байланысты.
Бұл міндет жоғары оқу орындарында білім алып жатқан болашақ дене тәрбиесі мамандарының да кәсіби даярлығының сапасына жоғары талаптар қойып отыр. Ал студенттердің кәсіби қалыптасуында оның өзін-өзі тәрбиелеуі маңызды рөл атқарады.
Дене тәрбиесі мен спорттық үйірмелер жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке даярлауға қызмет етеді.
Ой еңбегінің үлесі артып отырған қоғам дамуының қазіргі жағдайында ерік-жігердің көмегімен ойлау тәртібін қалыптастыру өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды міндетіне айналуда. Дене бітімін жетілдіру жөнінде де осыны айтуға болады. Күш, әсемдік, денсаулық, төзімділік, қабілеттілік және ағзаның төтенше жағдайларға тез бейімделуі — мұның бәрі дене жаттығуын талап етеді. Дене дамуы мен рухани дамуды қатар жетілдірмеу тұлғаның үйлесімсіздігіне алып келеді.
Еліміздің Президентi Н.Ә.Назарбаев: «Спорт — игiлiктi iс. Спортта мiнез – құлық, мәдениет қалыптасады. Спортпен айналысқан адам ар- ұятқа тиетiн iс жасамайды. Жастайынан дене тәрбиесімен шұғылданған адам бүкiл ғұмыр бойы табыска жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжiрибемнен бiлемiн», — деуi тарих сахнасының төрiнен спорт қозғалысының өзiндiк орны бар екендiгiн делелдейдi [1].
Ғалымдардың зерттеулерiне сүйенсек, елiмiзде соңғы жылдары халықтың табиғи өсу деңгейi және туу көрсеткiштерi төмендеп, ауру өсіп, өлiм-жiтiм деңгейi артқан. Әсiресе, балалар денсаулығы өте алаңдатарлық жағдайда, елімізде екi миллионнан астам балалар мен жасөспiрiмдер асқынған ауру түрлерi бойынша диспансерлiк есепке тiркелген.
Сондықтан адам тұлғасын сауықтыру – бұл оның маңызды, материалдық және рухани құндылықтарды құру мен тұтынудағы шығармашылық қызметінде қолданатын әдісінің жоғарғы даму деңгейі. Адамның негізгі күш-қуаты тек оның қызметінде, ең алдымен еңбек нәтижесінде көрінеді. Тек қана, еңбек іс-әрекеті арқылы адам қоғамға өзгеріс енгізе алады және өзінің күші мен қабілетін іс жүзінде көрсете біледі [2]. Мұндай іс-қимылды педагогикалық зерттеулерде «белсенді іс-әрекет» деп түсіндіріледі.
Сонымен, студенттердің дене тәрбиесі мен машықтану үрдісі қазіргі уақыттағы талап етіп отырған деңгейлерінің арасындағы қарама-қайшылық студенттердің дене дайындығын жетілдіруге педагогикалық мүмкіндіктер туғызатын спорттық үйірмелер оның ішінде күрес спорт түрін кең көлемде қолдану мәселесі ұсынылады.
- ЖОО-ғы оқу-тәрбие үдерісінде дене тәрбиесі мамандығы студенттерінің тиімді өзін-өзі тәрбиелей білуіне деген тұлғалық қажеттілігі мен оқу материалын игеру және жаңғыртуға бағдарланған білім беру үдерісінің нақты практикасы арасында;
- Дене тәрбиесі мамандығы студенттерінің болашақ маман ретінде тұлғалық-кәсіби қалыптасуына деген қажеттілік пен ЖОО-дағы оқу-тәрбие үдерісіне спорттық іс-әрекеттер арқылы студенттердің өзін-өзі тәрбиелеу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру факторы ретіндегі кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесінің жеткілікті түрде жасалмағандығы арасында қайшылықтар бар.
Жоғарыда айтылған қайшылықтарды, мәселелерді шешу қажеттілігі біздің зерттеу тақырыбымызды Аталған мәселенің бүгінгі күн талабына сай келуі, оның әдістемелік тұрғыдан зерттеліп, өңделуі мен тәжірибелік қажеттілігінің жеткіліксіздігі зерттеу тақырыбын таңдауға мүмкіндік жасады. Осыған орай, дипломдық жұмысымның тақырыбы: «ЖОО студенттеріне спорттық машықтану үрдісін қалыптастыру» деп аталады.
Зерттеу пән – ЖОО студенттері мен спорттық үйірмелердегі жаттықтыру сабақтары.
Зерттеу нысаны – ЖОО студенттері мен машықтанушы спортшылардың оқыту процесі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – ЖОО студенттеріне спорттық машықтану үрдісін күрес спорт түрі бойынша ұйымдастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, оқу-жаттығу сабағын басқару әдістемесін белгілеу.
Зерттеу жұмысының міндеті:
- ЖОО студенттеріне спорттық машықтану үрдісін күрес спорт түрі бойынша ұйымдастыру сабағының маңыздылығын анықтау;
- ЖОО студенттеріне спорттық машықтану үрдісін күрес спорт түрі бойынша ұйымдастыруда дене сапаларын жан-жақты дамыту;
- Күрес спорт түрі бойынша жаттығушылардың физиологиялық және психологиялық жағдайын анықтау;
- Жеке тұлғаға спорт түрінің техникасы мен тактикасын меңгертіп,
салауатты өмір салтын ұстауға дағдыландыру.
Дипломдық жұмыстың әдіснамалық негізі-жеке бастың спортты меңгеру маңыздылығы туралы, оның дамуындағы өзара байланыс теориясы мен тәжірибесі туралы қызметінің ролі, адамның қоғамдық қарым-қатынастың объектісі мен субъектісі екендігі туралы, қоғамдағы дене тәрбиесі процесінде болатын қауіпті және басқарылатын ара қатынастар туралы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- ЖОО студенттеріне спорттық машықтану үрдісін күрес спорт түрі бойынша ұйымдастыру сабағының маңыздылығы анықталды;
- ЖОО студенттеріне спорттық машықтану үрдісін күрес спорт түрі бойынша ұйымдастырып дене сапаларын жан-жақты дамытуда;
- Күрес спорт түрі бойынша жаттығушылардың физиологиялық және психологиялық жағдайы анықталды;
- Жеке тұлға болып күрес түрінің техникасы мен тактикасын меңгеріп,
салауатты өмір салтын ұстауға дағдыландырылды.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы-жұмыстың негізгі жағдайлары мен нәтижелері жалпы білім беретін мектептер мен гимназияларға, интернаттарға, спорт мектептеріне, ЖОО студенттеріне таратылып, практикаға ендірілді.
Жұмыстың ұсыныстары жаттықтырушылар мен дене тәрбиесі оқытушыларының жаттықтыру сабақтарын басқаруда баланың жас ерекшеліктері мен физиологиялық, психологиялық жағдайын ескеруді есепке алады.
Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарындағы оқу-жаттығу үдерісінде пайдалануға болады.
Жүргізілген зерттеудің практикалық мәнділігі ұсынылған қағиданың жүзеге асуы, оқытудың формалары мен әдістерін жетілдіру, студенттердің белсенділіктерін арттыру үшін оқу-жаттығу үдерісінде пайдалану, оқытушының педагогикалық шеберлігін, оның шығармашылық мүмкіндігін жетілдіру сияқты көкейкесті проблеманы шешуге мүмкіндік береді.
- ЖОО СТУДЕНТТЕРІНЕ СПОРТТЫҚ МАШЫҚТАНУ ҮРДІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
1.1 ЖОО студенттеріне спорттық машықтану үрдісі
ЖОО студенттеріне спорттық машықтану үрдісін күрес спорт түрі бойынша ұйымдастыру, күресте дене сапаларының дамыту жолдары мен күрес спорт сабақтарында жүзеге асырылады. Яғни ол мектептерде сыныптан тыс күрес секцияларында, ал жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі сабақтарында кең дамытылады.
Балуанның спорттық шеберлігінің артуының күрес әдіс-айласын меңгерту жолдары: түрегеліп тұрып күресу, партерде күресу, жатып күресу, ұстап жату, қылқындыру, қол-аяғын созу т.б. әдіс айлалар жатқызылады.
Күрес әдіс-айласын орындау кезіндегі негізгі, шешуші қимылдар: аяқпен шалу, ілу, арқадан асыра лақтыру, «жамбас», кеудеден асыра лақтыру, т.б. әдістерде шешуші қимыл түрлері және осы әдістерді орындаудың әртүрлі варианттары бар. Ұстап жату, қол аяқты созу, қылқындыру әдістерін орындау ерекшеліктері. Күрделі және қарапайым әдістер. Әдістердің бір-бірімен биомеханикалық орындалу ерекшеліктері. Тіреу нүктесі, тіреу алаңы. Балуанның жалпы салмақ орталығы, оның әдіс орындау кезінде кеңістекте өзгеруі. Тепе-теңдікті сақтау. Сыртқы және ішкі күштер. Салмақтың түсу нүктелері. Аудару, аунау, сүйреу. Бұлшық ет күші оның бағыты мен мөлшерінің әдіс орындау кезіндегі өзгеруі кең байқалады [3].
Күрес спорт түрінде жаттығуға оқыту әдістемесі қажетті мақсаттардың жүйелілігін анықтап, оқытудың әдістемелері: айту-хабарлау-көрсету, проблемалық оқыту, жоспарлау негіздерін құрады.
Оқыту құралдары: қалыптасқан қарапайым техниканы қолдану арқылы.
Үйретудің әдістемесі – толығымен, бөлімдерге бөліп. Қателіктерді анықтау және түзету жолдары арқылы жүзеге асырылады. Күрес жаттығуларын оқыту кезінде тренажерлерды қолдану, әдістер таңдаудың жолдары, ерекшеліктері, биомеханика тұрғысынан талдау (тіреу нүктесі, тіреу алаңы, олардың әдіс орындау кезіндегі өзгеруі және т.б.), тепе-теңдіктен шығару жолдары (шалу, қағу, ілу, өңгеру т.б. әдістер арқылы), партерде және жатып күресу кезіндегі тепе- теңдік қимылдары және созу жаншу және ұстап жату жағдайларынан шығу жолдары кең қолданылады.
Күрес тәсілдеріне үйрету жолдары:
— қарсыласы кілемнен көтеру арқылы орындалатын әдістер түрі, оны орындаудың ерекшеліктері.
— түрегеліп және партерде тұрған балуанның тепе-теңдігін бұзу арқылы, әдіс орындау. Денеден, киімнен ұстау арқылы иін заңдылығын іске асыру жолдары.
— тіреу алаңы, және салмақтың түсу нүктелерін анықтау, шалу, ілу, қағу, жамбас, иықтан асыра лақтыру партерде және ұстап жату әдістерін орындау кезінде анықтау.
— түрегеліп тұрғанда партерде немесе жатып күрескенде денеден немесе киімнен ұстаған жерден құтылу әдістері.
Балуан дайындығын анықтау жолдары:
— балуан туралы хабар жинау, сұрау, бақылау, баспа материалдарын зарттеу, бейне таспа түсіру. Жарыстарды қадағалау т.б.
— балуанның жеке басы – оның жасы, спорттық разряды, спорттық көрсеткіштері, дене бітімі ерекшелігі, тегі, ұлты, дене дайындығы ерекшелігі, күресу ерекшелігі, әдіс-айланы меңгеру деңгейі, сүйікті әдіс- айлалар түрі, қорғаныс ерекшелігі, күресті жүргізу тәсілі ерекшедігі.
— мінезінің ерекшелігі, жүйке жүйесінің ерекшелігі.
— балуанның психологиялық дайындығы. Күш-жігер, мінез-құлықтың ерекшеліктері. Батылдық, жігерлік т.б. қасиеттерді арттыру жолдары. Жүйке жүйесінің ерекшеліктері. Эмоция, оның күрес әсері [4].
Ұжымдық, еңбексүйгіштік, жауапкершілік т.б. қасиеттердің күреске әсері.
Батылдық, жігерлік қасиетті арттыру үшін қолданылатын жаттығулар түрлері.
Тәртіптілік пен жауапкершілікке әсер ететін жаттығулар.
Ұжымдық тәртіпке қажетті жаттығулар. Белгілі бір уақытта орындап үлгеруге қажетті жаттығулар.
Дене сапаларын күрес спорт түрі бойынша арттыру негізі.
Күрес спорт түрлерінде күштілікті арттыру.
Сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық ет көмегі арқылы оған қарсылық көрсетуді күш дейміз.
Күш үш түрлі бұлшық ет жұмысы тәртібінде пайда болады:
- Жеңу тәртібінде бұлшық ет жиырылады.
- Көну тәртібінде бұлшық ет созылады.
- Қозғалмайтын (статастикалық) тәртіпте бұлшық еттің ұзындығы өзгермейді.
Күштілікке тәрбиелеу жаттығулары. Күшті дамытудың амалдары мен әдістері. Күшті дамыту үшін жоғары қарсылықты жаттығулары колданылады. Олар екі топқа бөлінеді:
1.Сыртқы қарсылық жаттығулары. Сыртқы қарсылықтарға: әр түрлі спорт құралдарының салмағы, серігінің қарсы әрекеті сыртқы ортаның қарсылығы жатады.
- Өз салмағының ауырлығын басқару жаттығулары (серіппеде тартылу, отырып-тұру, секіру т.б.).
Күш қабілетін жетілдіру кезінде денеге түсетін күш (жүктеме) өте көп болмауы керек. Бұл адамның жалпы өсуін кідіртеді. Күшті арттыратын жаттығулар адамның шапшаңдық, күштілік, төзімділік қасиет-қабілеттерін дамытудың негізі болғандықтан, мұндай жаттығуларды үздіксіз және жеткілікті мөлшерде орындап отырған қажет. Өз беттерімен жаттығу кезінде күшті молайтатын жаттығулар икемділік пен жылдамдылық қабілеттерін арттыратын жаттығулардан кейін, ал көп жағдайларда төзімділікті арттыратын жаттығулардың алдында орындалғаны жөн[5]. Күш қабілетін жетілдіру үшін жаттығулардың төмендегідей түрлерін орындау керек:
а) кермеге тартылу, биікке өрмелеу, аяқты көтеру, еденге немесе гимнастикалық орындыққа етпеттен жатып, қолды бүгіп, жазу жаттығуларын орындау қажет;
ә) басқа ауыр салмақтар көтеру (бірнеше бала болып гимнастикалық орындықты және оның үстінде отырған оқушыларымен бірге көтеріп алып жүру), серіппелі спорт құралдарымен, батпан (гантель) көтерумен (алдымен салмағы 1-2 кг- дық, кейін 3 кг-дық батпан) жаттығу.
Күрес спорт түрлерінде жылдамдықты арттыру.
Жылдамдық дегеніміз белгілі бір уақыт ішіндегі жылдам қозғалыс әрекеті. Жылдамдық үш түрде пайда болады:
- Қарапайым және күрделі қозғалыс жылдамдығы.
- Жалғыз қимыл жылдамдығы.
- Қимыл жиілігі.
Жылдамдықты өлшеу жолдары. Жылдамдықтың көрсеткіштері. Әдіс-айланы орындау жылдамдығы. Жылдамдық, шапшаңдық қасиеттерін арттыру жолдары үшін жылдамдықты дамытатын арнаулы дене жаттығулары. Бұлшық ет күшін дамыту үшін арнаулы дене жаттығуларының өте көп түрі қолданылады. Осылардың анағұрлым қолайлысы да, тартымдысы да мыналар: Белбеуді белдеріне іліп, бір орында тұрған атқарушы мен әріптес резеңке жіпті созып, аяқтарын серпе алға ұмтылады.
Старт адымы, әріптестер бірінің иығына бірі қолын тіреп, алға қарай еңкейе бір-біріне қарсы тұрады Гимнастика қабырғасын немесе ағаш дінін қолымен итеріп, бір орында жүгіру жаттығулары жатқызылады.
Күрес спорт түрлерінде ептілік арттыру.
Ептілікті дененің қасиеті ретінде қандайда бір күрес қозғалыс міндетін орындауға бағытталған туынды қимыл деп атауға болады. Мысалы, барынша жоғары күш жұмсау, аяқтан шалу, бір жамбасқа алу т.б. Мұндай тапсырмалар әр түрлі қимылдарда болуы мүмкін. Қозғалыс міндеттерінің күрделілігі көптеген себептермен анықталды. Көбіне бірдей уақытта бірінен соң бірі орындалған қимылдардың сәйкес келуін талап етеді (қимылдардың үйлесімділігі және талаптылығы), яғни қозғалыс қимылдарының үйлесімділік күрделілігі ептіліктің бірінші өлшеуіші болып табылады. Егер қозғалыс өзінің кеңістік, уақыт және күш сипаттамасына орай оған сай келетін болса, яғни ол дәл орындалса, қозғалыс міндеті орындалады [6].
Күрес спорт түрлерінде иілгіштік арттыру.
Адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу қабілеттілігін – иілгіштік дейміз. Иілгіштіктің өсуі буын құрылыстарына; бұлшық еттің, сіңірдің созымдылығына: көңіл-күйге (жоғары көңіл-күйде икемділік артады) бой қыздыруға; сыртқы температураға; тәулік уақытына, күш даму деңгейіне (күші көп адамдардың икемі аз); спорттық мамандыққа және техникасына байланысты. Сонымен, созылу жаттығуларын амплитудалық орындау шегіне жеткізе, яғни буындарда жеңіл ауырту сезімдерін сезінгенше орындау қажет. Икемділікі дамытқанда жас ерекшеліктері үлкен рөл акарады. 20 жастан кейін жас ерекшеліктеріне байланысы қозғалыс амплудасы азаяды. Бәсең иілгіштікің кобеюі 9-10 жаста, белсенді 10-14 жаста байқалады. 15-17 жас иілгіштікті жетілдірудің ең соңғы шегі. Қыз балалардың буындарындағы жылжымалылық, ер балаларға қарағанда 20 — 30 % көп, сондықтан күш түсіруді оларға көбірек беруге болады.
Күрес спорт түрлерінде төзімділікті арттыру.
Адамның жұмысты ұзақ қарқынын азайтпай орындай алу қабілетін төзімділік дейміз. Адамның берілген қарқынды әрекетке және болдыруға қарсылық ете алу уақытын төзімділік өлшемі деп атаймыз.
Төзімділікті дамытудың амалдары мен әдістері. Төзімділікті дамытқанда үш негізгі міндетті орындаймыз:
- Тыныс алу деңгейін жоғары дамыту.
- Сол деңгейді ұзақ уақыт ұстау қабілеттілігін дамыту.
- Тыныс алу процестерін тез өрістетуді жоғары шамаға көтеру.
Қалыпты күшпен ұзақ уақыт орындалған циклді (жүгіру, ескек есу т.б.) және циклді (күрестегі лақтырулар т.б.) жаттығулар тыныс, жүрек-қан тамыры жүйелерінің өнімділігін арттырады, төзімділікті дамыту амалдары табылады, Төзімділікті дамыту үшін стандартты, үздіксіз және интервалды күш түсіру мен қатаң уақыт тәртібі жаттығулары қолданылады.
Стандартты үздіксіз жаттығулар әдісі. Жаттығуды орындау уақыты 10-нан 30 минөтке дейін, жүрек соғу жиілігі жұмыс кезінде минөтіне 150-170 рет. Осындай жаттығуларды орындау тәртібі жүректің соғу шамасын, тыныс алу деңгейін көтеруге көмектеседі. Бұл әдіс төзімділікті дамытудың бастапқы кезеңдерінде пайдаланылады. Интервалды жаттығу әдісі. Бұл жаттықтыруды жүргізу, жүрек қызметінің мүмкіншіліктерін арттыруға бағытталған.
Төзімділік қабілетін жетілдіру үшін бірінші кезекте күрделілеу жаттығулар пайдаланылады. Бұлар: аласа кермеге тартылу, гимнастикалық қабырғаға және орындыққа қолды тіреп, бірнеше рет бүгіп-жазу, онша ауыр емес заттырды көтеру.
Дене тәрбиесінде пайданылатын жаттығулар адам организімне белгілі бір дәрежеде әсерін тигізеді. Бұл әсер өте күрделі және әр түрлі болады, әрі ол оқушы денесінің барлық мүшелерін қамтиды. Адам денесінің барлық мүшелері өзара байланысты болғандықтан және сабақта әр түрлі жаттығулар өте көп қолданылатындықтан, организм жұмысқа тұтастай қатысады.
Денеге түсетін күшті (жүктемені) жаттығудан жаттығуға бірте-бірте өсіре берген жөн. Денедегі түсетін күшті, яғни жүктеме мөлшерін белгілеген кезде оның жүйелі және дәйекті болуын мейілінше дұрыс сақтауы қажет. Дұрыс ұйымдастырылған дене жаттығулары адамға қажетті күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік т.б. қасиет-қабілеттерінің қалыптасуына белсенді түрда әсер етеді [7].
Денсаулықты нығайтуда, оқушылар организмінің жетілу, даму дәрежесін өсіруде жалпы дамыту жаттығуларының алатын орны ерекше. Жалпы дамыту жаттығулары әдетте дене тәрбиесі сабағының кіріспе бөлімінде, аз мөлшерде болса да, дене шынықтыру үзілістерінде, сабақ арасындағы үзілістер мен таңертеңгі гимнастикада т.б. реттерде қолданылады. 12-13 жастағы балаларға лайықты жалпы дамыту жаттығуларының үлгісі мен жаттығулар тобы оқулықтың «Гимнастика» тарауында беріледі. Сол жаттығуларды өз беттеріңмен жаттыққанда, таңертеңгі гимнастикада пайдалануларыңа болады.
Дене сапаларын жетілдірудің негізгі мақсаты- дененің дамып-жетілуіне көмектесу, денсаулықты нығайту. Бұл маңызды міндеттерді жүзеге асыру төмендегі жағдайлардың орындалуын қажет етеді.
- Оқушылардың сабақтағы қимыл-қозғалыс қызмет организмнің өсуі мен дамыуына көптеген тигізетіндей болуы қажет. Алайда, организмге шамадан тыс күш түсірілумеуі керек. Себебі үдемелі және ұзаққа созылатын, шамадан тыс күш жұмсауды қажет ететін жұмыс баланың дамуымен өсуін тежейді.
- Сабақта және жаттығулар орындау кезінде қолданылатын дене жаттығулары адам организміне жан-жақты әсер ету керек, яғни тірек апараттарының дамуына, мүсіннің қалыптасуына, нерв жүйесін нығайтуға, өсіп келе жатқан организмнің тиісті қажеттіліктеріне сәйкес зат алмасуының жақсаруына көмектесуі қажет.
- Оқулықта көрсетілген жаттығулардан тыс жалпы дамыту жаттығуларын таңдап, іріктегенде олар жас шамаларына, дұрыс өсіп-жетілулеріңе сәйкес келетін және жағымды әсер ететін болуын ескерген жөн.
Дұрыс іріктеп алынған дене жаттығулары, оларды жүйелі түрде пайдалану денсаулықты нығайтады, дененің дамуына көмектеседі.
Күрес спорт түріне арнайы жаттығулар тобы
1-жаттығу. Аяқ арасын ашып, кеудені тік ұстап, қолды екі қапталға түсіріп тұру керек. Одан кейін жайлап, қаптаомен елі қолды жоғары көтереді. Спортшы аяғының ұшына тұрып, еркін дем алады. Қайтадан қолды жайлап төмен түсіреді. Мұны 5-7 рет қайталаған жөн.
2-жаттығу. Аяқтың арасын ашып, қолды созады. Сөйтіп қолды оңға не солға қарай жайлап айналдырады. Бұл алғашқыда жай басталады да, содан кейін барынша тездетіле түседі. Айналыс үстінде демді бірқалыпты алып отыру керек. Жаттығу 3-4 рет қайталанады.
3-жаттығу. Аяқтың арасын ашып, алақанды төмен қаратып, қолды алға созады. Бір мезетте бір қолын жоғары, екінші қолын төмен түсіріп, шегіне жеткенше артқа созады. Осылай алма-кезек қайталап, жаттығуды 10-12 рет жасайды.
4-жаттығу. Аяқты қатар қойып, кеудені тік үстап, екі қолды қапталда ұстайды. Сөйтіп, оң аяқтың буындарын бүкпей, жоғары көтереді. Сол қолының ұшына тигізеді. Содан кейін сол аяғын оң қолымен дәл осындай қимылда байланыстырады, жаттығу 6-8 рет қайталанады.
5-жаттығу. Аяқтың арасын иық денгейінде ашып саусақтарын бір-біріне айқастырып доға жасайды да, оны басынан жоғары көтереді. Содан кейін әуелі оң, кейін сол бүйіріне қисайады. Мұны 6-8 рет қайталау керек.
6-жаттығу. Иық денгейінде аяқтың арасын ашып, алақанын жерге қоратып, қолдарын алға созады. Тізесін бүкпестен алақанды жерге тигізу керек. Бұлда 4-5 рет қайталанады.
7-жаттығу. Аяқтың арасын иық денгейінде ашып, қолдарын бүйіріне қояды. Сойтеді де жүресінен бірнеше рет отырады. Мұны да 15-18 рет қайталау керек.
8-жаттығу. Оң аяқты алға қарай созып бүгіле отырады. Екі қолмен тізесіне бір салмағын сала ырғалады. Содан кейін бұл қимылды сол аяғын алға қойып қайталайды. Жаттығу 6-7 рет жасалады.
9-жаттығу. Аяқтың ароасын иық денгейінде ашып, қолдарын бүйіреде таянады. Сөйтеді де, бел арқылы алдымен оң, кейін сол бағытта айналады. 14-16 рет жасау керек.
10-жаттығу. Шалқалап жаттады да, аяқтарын жоғары көтереді. Содан кейін оң аяғын алға, сол аяғын кейін созады. Бұл қимылды жиілете қайталып, 14-18 рет жасайды.
11-жаттығу. Етпетінен жатып бар салмағын екі қолымен аяғының ұшына түсіреді. Содан кейін қолының буынын бүгіп, кеудесін жерге тигізеді де қайтадан көтеріледі. 8-10 рет қайталанады.
12-жаттығу. Шалқасынан жатады. Көпір жасап, екі алақанымен жер тіреп иіледі. 6-7 рет қайталау қажет.
13-жаттығу. Екі аяқтың арасын иық денгейінде ұстап, шалқалап барып басымен жер тірейді. Содан кейін мойынға күш салып, ілгері-кейін ырғалады. Бұл жаттығу жасаған дұрыс. Кейінен бірте-бірте қолдың көмегінсіз орындалады. 10-14 рет қайталау керек.
14-жаттығу. Көпір жасап, өкшесіне қарай шұалқая иіле түседі. Бұл қимылды иегін кілемге тигізгенше жасайды. Жаттығу 10-15 рет қайталанады.
15-жаттығу. Бір орында тұрып, бір аяқпен, сосын екі аяқпен секіру. Бой жазуды жеңіл жүгіріспен аяқтауға болады. Осы жаттығулардан кейін қоңыр салқын сумен жуыну керек. Содан кейін-ақ дененің жеңілдеп, бұл жаттығуларды таңертенгілік гимнастиканың комплексіне енгізіп, күн сайын қайталап отырған дұрыс [8].
1.2 Күрес спорт түрінен машықтану сабақтарында дене қасиеттерінің маңызы
Көпшіліктік күрес спорт жұмыстарының негізгі ұйымдастырушы формасы дене тәрбиесі ұжымы болып табылады. Дене тәрбиесі ұжымының басшылығымен спорттық секция жұмыстар ұйымдастырылады.
Секция жұмысының мазмұны. Күрес секциясы дене тәрбиесі кеңесі мен оқытушылардың басшылығымен өз бетінше жұмыс істейтін студенттердің спорттық ұжымы болып табылады. Секцияның барлық ұйымдастыру және ішкі жұмыстарын жаттықтырушының басшылық етуімен негізінен студенттер күшімен шешілетіндей етіп ұйымдастыру керек. Секцияның бюросы төмендегідей жұмыстарды жүргізеді: секциялардағы топтар мен командалардың жүйелі сабақтарын кесте бойынша дәл уақытында өтуін бақылай отырып және сабақ кезінде қажетті тәртіп пен реттілік сақталатындай етіп ұйымдастырады. Секция ұжым кеңесінің және мұғалімнің басшылығымен секция мүшелерін жарыстарға тиянақты түрде даярлауды қамтамасыз ете отырып, факультет ішілік және университет ішілік жарыстарға топтар мен командалардың қатысуын ұйымдастырады; студенттердің секция мүшелерінің спортқа деген қызығушылығын, жауапкершілік, жолдастық сезімдерін және дене тәрбиесі ұжымына деген мақтаныш сезімін қалыптастыра отырып, олармен тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Секция спорттың күрес түрімен айналысатын студенттерді Президент сынамаларының нормативтерін тапсыруға дайындайды, Президент сынамаларын тапсыру барысының есебін жүргізеді және бұл жұмысты барлық жағынан қолдап, насихаттайды. Секция спорттың күрес түрінен Президенттік сынамаларды тапсыру және оған дайындалуға студенттерден арнайы топтар ұйымдастырады. Бұл топқа қатысқысы келген студенттердің барлығы да қабылданып, оларға сабақ өткізетін қоғамдық нұсқаушыларды белгілеп, бөледі [9].
Күрес спорт түрі бойынша жаттықтыру сабақтарының мазмұны мен бөлімдері.
Әр жаттығу сабағы үш бөлімнен тұрады:
- Дайындық бөлім; 2. Негізгі бөлім; 3. Қорытынды бөлім деп аталады.
Дайындық бөлімі. Негізгі мақсаты-спортшылардың ағзасын алдағы жаттығуға дайындау. Балуандарды сапқа тұрғызу, кезекшінің рапортын қабылдау, секция мүшелерін түгелдеу және олардың бой жазуы.
Әдетте бой жазу спортшы жәй жүрістен бастайды да, бірте-бірте жүгіруге көшеді. Одан кейін арнайы жаттығулар жасалынады. Дайындық бөлімінде арқанмен, гантельмен гирмен, ядро лақтыру, сондай-ақ акробатикалық жаттығуларды орындауға болады. Келесі бөлімде балуанның еркін болуы бойын жазу дәрежесіне тікелей байланысты. Бойын жазып, денесін қыздырмайынша негізгі бөлімге кірісуге болмайды.
Негізгі бөлім. Басты мақсат-оқу-жаттығу, белдесулер кезінде техникалық әдістерді үйрену, жетілдіру болып табылады. Бойын жазып денесі қызғаннан кейін жаттықтырушы негізгі бөлімде үйретілетін әдісті шәкірттеріне түсіндіреді, бір немесе бірнеше балуанды ортаға шығарып тәсілдерді көрсетеді. Содан кейін барып балуандар әлгі әдісті үйренуге кіріседі.
Қорытынды бөлім. Негізгі мақсат-спортшының ағзасын бірте-бірте бастапқы қалыпқа келтіру. Бұл бөлімнің ережесі бойынша спортшы жәймен жүгіріп, баяу жүріске көшу керек. Бұлшық еттерді босаңсытып, тыныс алуды бірқалыпты жағдайға түсіру шарт. Мерзімді кезінде жаттықтырушы шәкірттерін сапқа тұрғызу, сабақтың қалай өткендігін, кімнің көзге түскендігін айтылады.
Күрес спорт түрінен жаттықтыру сабақтарын ұйымдастыру жолдары төмендегідей үлгімен жүргізіледі.
Сабақ мақсаты-негізгі тұрыстарды және кілім үстінде орын ауыстырудың түрлерін және белдесудің әдістерін үйрену, арқан тарту.
Сабақтың жоспары: 1. Балуанның жеке гигенасы: Спорттық киім, құрал-жабдықтар туралы әңгіме. 5-7 минут; 2. Сабақтың дайындық бөлімі 25-30 минут; 3. Сабақтың негізгі бөлімі 60-70 минут: а) негізгі тұрыстарды үйрену-15 минут; б) кілем үстінде орын алмастыруды және белдесуді үйрену-25 минут; г) арқан тарту-10 минут. 4. Сабақтың қорытынды бөлімі-5минут.
Дайындық бөлімі бірқалыпты тыныс алып, бөлме ішінде жәй жүруден басталады. Бөлменің екі-үш рет айналғаннан кейін, спортшылар жүрісін тездете бастайды да, бірте-бірте жүгіруге көшеді. Әрбір 30 метрден кейін 10 метрдей қашықтықты қатты жүгіріп өтеді [10]. 3-4 минут жүгіргеннен кейін жылдамдықтарын бәсеңдетіп бірте-бірте баяу жүріске ауысады. Бөлмені айнала жүріп, мынадай жаттығуларды орындайды:
- Екі қолды қапталда, саусақты жұмып-ашу 20-25 рет қайталанады;
- Екі қолды алға созып, бірін жоғары, бірін төмен алма-кезек серпу 18-20 рет;
- Екі қолды алға созып, бір-біріне қайшылай серпу 18-20 рет. Бұл жаттығу тез орындалады.
- Екі қолды қапталда ұстап, әр адым сайын оңға, солға иілу. Оң жаққа иілген кезде сол қол қолтыққа, сол жаққа иілген кезде оң қол қолтыққа келеді. 10-15 рет қайталанады.
- Екі қолды айқастыра ұстап, денені оңға-солға бұру. 15-18 рет жасау қажет.
- Жүру. Екі қолды алға созып алақанды төмен қаратып ұстап, әрбір қадам сайын сол алақанға оң аяқты оң алақанға сол аяқты тигізу керек. 15-18 рет қайталануға тиісті.
Сабақтың негізгі бөлімі. Балуан үшін оның ең қолайлы жағдайы белдесу кезіндегі тұрысы. Белдесу тұрыстары оң қапталмен, сол қапталмен, бетпе-бет тұру болып үшке бөлінеді. Егер балуан оң аяғын алға жіберіп тұрса, бұл оң қапталмен келу, ал егер сол аяғын алға жіберіп тұрса, сол қапталмен, екі аяғын бір сызықтың бойында ұстап тұрса бетпе-бет тұру деп аталады.
Сабақтың негізгі бөлімінде төмендегідей арнайы жаттығулар дамытылады:
- Аттас жағынан белдеуінен ұстап орап лақтыру әдісін үйрену.
- Қағып лақтыру әдісін үйрету.
- Қырынан қағып лақтыру әдісін үйрету.
- Алдынан қағып лақтыру әдісін үйрету.
- Іліп лақтыру әдісін үйрету.
- Сырттан іліп лақтыру әдісін үйрету.
- Аяқтың астымен іліп лақтыру әдісін үйрету.
- Аяқпен көтермелеп лақтыру әдісін үйрету.
- Үйіріп лақтыру әдісін үйрету.
- Қос қолға күш салып лақтыру әдісін үйрету.
Cабақтың қорытынды бөлігінде спортшылар бөлме ішінде жай жүріп, тыныс алуын қалпына келтіретін және бұлшық еттерін босаңсытатын жаттығулар жасайды. Спортшыларды таратар алдында жаттықтырушы сабақтың қалай өткендігі туралы өзінің пікірін айтады.
Күрес спорт түрінің жаттықтыру сабақтары төмендегідей тақырыптар бойынша жүргізіліп жаттығушылардың техникасы мен тактикасын жан-жақты дамытады.
- Қос қолға күш салып лақтыру әдісін үйрету.
Сабақтың мазмұны: Күш дегеніміз – сыртқы қарсылықтарды жеңу қабілеттілігі.
Күрес сәтінде жаттығушылардың белдесу кезінде айрықша күш иық бұлшық еттеріне түседі. Яғни күш ала отырып лақтыру техникасын игеру көп күш-жігерді, тыңғылықты жаттығуды талап етеді. Екі қолмен, бір қолмен, бір аяқпен, белмен тарту әдістері бар Бұл шабуыл жасаушы жаттығушының бәсекелесін өзіне жақын арақашықтықта әдіс қолдануға қолайлы жағдай үшін қолданылады.
Тактикалық дайындық. Қорғанушы қарсыласының белдігінен, қос иыққа күш сала отырып лақтыру әдісін меңгеру қажет. Тізе тік ұстап, бүгілмеуі керек.
- Тепе-теңдіктен итеріп тайдыру әдісін үйрету.
Сабақтың мазмұны: Жаттығушылардың кілем үстінде тез немесе ыңғайлы қимылдауын қамтамасыз ететін кез келген сәтте әдіс қолдануға мүмкіндік туғызатындай болуы керек. Негізінен ол оң-сол қапталмен, аласа, биік, орташа тұру болып бөлінеді. Егер сол аяқ алда жүрсе, сол қапталмен, оң аяқ алда жүрсе оң қапталмен тұру деп аталады. Екі аяқтың бір сызықтың бойында тепе-теңдікте орналасуын бетпе-бет келу дейміз. Ал тізе буыны көбірек бүгілсе оны аласа, аз бүгілсе орташа, ал тізе буынының сәл ғана бүгілуін биік тұру деп атаймыз. Бірнеше жыл бойына күреспен айналысу барысында әр жаттығушының өзіне тән белдесуге тұру әдісі қалыптасады. Белдесуде әрбір жаттығушы өз тепе- теңдік тұру қалпын сақтамасы жеңіске жету, болмаса жаттығудың дұрыс орындалуы мүмкін емес.
Жаттығушының тепе-теңдік қалпынан шығатын тәсілі. Жеңнен, белбеуден, мойыннан ұстай қолданатын жұлқу әдістері бар.
- Шалып лақтыру әдісін үйрету.
Сабақтың мазмұны: Шалу әдістері өзінің тәжірибелік мәні жағынан қазақша күрестегі ең күрделі іс, ол әдістер тобы. Бұл әдістер негізінен аяқты шалу арқылы орындалады. Аяқтан шалу әдістері іштен, сырттан, қапталдан, қырқа шалу болып бірнешеге бөлінеді. Аяқтан шалу әдістерін орындау үшін алдымен қарсы жаттығушыны тепе-теңдік қалпынан шығарып, оның бір аяғының кілемнен көтерілуін қамтамасыз ету. Осындай сәтте аяқтан шалынған екінші аяқ та кілемнен көтеріліп, жаттығушының құлауына жағдай туғызады. Ол үшін көптеген тактикалық әдіс-тәсілдер бар.
- Алдынан шалу әдісін үйрету.
Сабақтың мазмұны: Бұл күрес әдістерінің бір түрі Қазақша күресте көбінесе аяқпен іштен немесе сырттан шалып жығу әдістері бар. Балуанның аяғы шалынған кезде шабуыл жасаушы кеудесімен, иығымен қағып оны сүріндіріп құлатады. Аяқпен іштен шалу әдістері қарсы балуан екі аяғының арасын алшақ ұстаған кезде оны жығу үшін қолданылады. Мұндай сәтте шабуыл жасаушы оны өзіне қапсыра тартып, аяқтан шалып жығу жолдарын іздейді. Яғни аяғын қарсы жаттығушының аяқтарының арасына қойып, тізе буыны тұсынан аяқпен шалып құлату сәтіне келеді. Содан кейін ол қарай сәл-пәл еңкейіп, бәсекелесін сүріндіріп құлатады.
- Арқадан асырып лақтыру әдісін үйрету.
Сабақтың мазмұны: Қазақша күрестегі арқадан асырып тастау әдісі өзінің техникалық күрделілігі жағынан ең қиын әдістердің бірі болып табылады. Арқадан асырып тастау әдісін жақсы меңгерген балуандар көп жағдайда таза жеңістерге жетеді.
Арқадан асырып тастау әдісі негізінен мынадай элементтерден тұрады.
- Ұстасу. 2. Арқаны бәсекелесіне қарай бұру. 3. Бәсекелесті кілемнен көтеру.
Арқадан асырудың арнайы жаттығулары.
1) Оң жақпен тұрып, оң аяқты алға жіберіп, сол аяққа қарай айналу. Тізе буындары сәл бүгіледі, алты-сегіз реттен қайталанады.
2) Оң иықпен сол тізеге қарай бүгілген тізе буынын жазып, соның екпінімен аяқты жерден көтеру.
3) Кілемнен көтеріліп, алға қарай оңжақ жауырынымен айналып түсу.
4)Оң жақпен қырындай тұрып, жеңнен, белдеуден ұстап, арқа бере бұрылып, салмақты алға жібере арқадан асырып тастау.
- Жеңнен және жағадан ұстап арқадан асырып лақтыру әдісін үйрету.
Сабақтың мазмұны: Әдісті қолдану үшін қарсы балуанның еңкейген сәтін дәл пайдалану керек. Көбінесе бұл орта қашықтықта қолданылады. Шабуыл жасаушы бәсекелесін өзіне әрі-бері жұлқи тартып, жағадан сәл жоғары көтеріп, шалатын аяғын ішке өткізеді де тез еңкейіп,орындалады.
Тактикалық дайындық. Қарсы жаттығушының әрі-бері жұлқып, қандай әдісті қолданылатындығын байқатпау.
Жіберілетін қателер.
- Бәсекелесінен тым қашықтап не жақындап кету.
- Бәсекелесін кілемге тірелген аяғы жаққа қарай итеру.
- Әдіс қолданған кезде аяқты жоғары көтермеу.
Қорғаныс.
- Шалатын аяқ жақтағы белдіктен ұстау.
- Шегініп кету.
- Тізе арасын қосып, шалатын аяқты сыртқа өткізбеу.
Қарсы әдістер.
- Сәл төмен отыра қалу.
- Аяқтың сыртынан шалу.
- Аяқты сыртынан тіреу.
- Қолды қолтықпен қысып арқадан асырып лақтыру әдісін үйрету.
Сабақтың мазмұны: Бұл әдісті бәсекелестердің тізені бүгіп аласа тұрған жағдайда орындауы қолайлы. Шабуыл жасаушы жаттығушы бәсекелесінің қолын қалтықтан қыса ұстап өзіне қарай жұлқи тартады да оны тепе-теңдік қалпынан шығарады. Сөйтіп, оңға не солға қарай оқыс бұрылып, арқаны бере айналып түседі. Арқадан асырып тастау әдістерін үйренудің ең оңай түрі қолдан ұстап қолтықпен қыса орындаған ыңғайлы [11].
Жіберілетін қателер.
- Бәсекелесті кілемнен көтере алмау. Бұл жаттығушының арқасымен бұрылуға кедергі жасайды.
- Тізе буынын ерте жазу.
- Жамбасты ішке сұғына енгізу. Бұл үлкен бұрылыс туғызып, әдістің дұрыс орындалуына кедергі жасайды.
- Қолын иыққа салып лақтыру әдісін үйрету.
Сабақтың мазмұны: Жаттығулар барысында жаттықтырушы шәкірттеріне барлық әдістерді үйретуге міндетті. Бірақ, сабақ барысында бір жаттығушының белгілі бір әдісті жақсы қолдана алатындығы байқалса, оны әрі қарай дамытуға баса назар аударған жөн. Үйренген әдістерді қолдану арпалысқан алыс үстінде өтеді. Қолын иыққа салып лақтыру әдісін үйрету үшін жаттығушының негізгі тұрысын сайлау қажет. Сондықтан да жаттығулар кезінде әдістерге қоса, комбинациялар, тактикалық тәсілдер де қатар үйретіледі, мұнысыз табысқа жету қиын.
Қолды иыққа салып лақтыру әдісін меңгеру үшін оң жақпен қырындай тұрып, жеңнен ұстап, арқа бере бұрылып, салмақты алға жібере арқадан асырып тастау. Бұл әдісті қолданған кезде екпінді бәсеңдетпей ауада айналып, кілемге тік түсуге болады. Жаттығу кезінде иықтан асырып тастау әдістерін оң және сол иықтан орындап үйренген жөн.
- Кеудеден асырып лақтыру әдісін үйрету.
Сабақтың мазмұны: Бұл- күрес тарихында өте ертеден қолданылып келе жатқан әдістер тобы. Бәсекелесін кеудеден асыра лақтыру үшін балуанның өзінің омыртқа буыны иілгіш, әрі күшті болуы керек.
Ал белдіктен ұстап, шалқалай иіліп кеудеден асыра лақтыру кезінде оң аяқтарын алға жіберіп, біріне-бірі қарсы тұрады. Осы сәтте шабуыл жасаушы балуан оң аяғын ішке енгізе алға ұмтылады да, сол аяғын да оның тұсына апарады.
Жіберілетін қателер.
- Белдіктен нашар ұстау.
- Жоғары көтерілгенде қолмен демей білмеу.
Кеудеден асыра лақтыру әдісін үйрену үшін арнайы жаттығулар тобы.
1) Белдіктен ұстап, бәсекелесінің ішіне ену.
2) Ішке сұғына еніп, кілемнен көтеру.
3) Артқа қарай иіліп құлау.
4) Түрегеп тұрып, артқа қарай шалқалай құлап, ауада айналып түсу.
5) Түрегеп тұрып, аяқтың екі арасында доп ұстап, артқа қарай шалқалай құлап, айналып түсіп, допты лақтырып жіберу.
- Қолмен денеден ұстап, шалқалап лақтыру әдісін үйрету.
Сабақтың мазмұны: Шабуыл жасаушы жаттығушы бұл жерде қарсыласын екі қолымен денеден мықтап ұстайды. Ішке ене оң аяғын көтеріп, қарсыласының аяқтарын көтеруіне жағдай туғызады да, өзі де жоғары көтеріле беріп, бір аяғына отырады. Осы әдістің орындалуы кезінде шабуыл жасаушы жаттығушының жоғары көтерілген аяғы қарсыласы асып түсетіндей кедергінің міндетін атқаруы керек. Денеден ұстаған қолдарын босатпай оң не сол қапталға қарай бәсекелесімен бірге кілемге құлайды.
Жалпы спорт түрі бойынша жаттықтыру сабақтарын жүйелі түрде ұйымдастыру сабақтың тиімділігін арттырып, жаттығушылардың дене даярлығын жан-жақты дамытады [12].
- 3 Оқу жаттығу сабақтарында күрес спорт түрінен машықтану үрдісін қалыптастыру
Дене тәрбиесінің күрес сабақтары оқу жоспары оқу-тәжірибелік түрінде болып онда күрес спорт түрлерінің тарихы, күрес спорт түрлерінің әдіс-айлалары, тәсілдерін үйрету, шеберлікті шыңдау, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, спорттық жарыстарды ұйымдастыру өткізу, оқу-жаттығу жиындарын өткізу жолдары оқытылады. Оқу-тәжірибелік сабақтарда әдіс-тәсілдерді үйрену, шеберлікті арттыру жаттығу негізінде өтеді.
Мамандарды дайындауға пәннің ролі маңызы оны оқу процесіне енгізудің объективті қажеттілігі негізінде дене шынықтыру түралы ғылыми-практикалық білімдерді меңгеру арқылы қоғамдық ретінде тани отырып, адам өмірімен қызметіндегі –білім, тәрбие, спорт және мәдениет құндылығын арттыруға арналған өзіндік мәдениетін тереңдете және кеңейте түсуде.
«Дене тәрбиесі» пәні жоғарғы кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес дене шынықтыру мәдениетінің қазіргі тұжымымдамалары негізіндегі білімдерді қалыптастырады. Пәнде оқу жоспарына негізделген барлық оқыту қағидалары, оқу әдістері, дене сапаларының барлық түрлерін жан-жақты дамыту жолдары қарастырылған. Білімнің барлық әдіс-тәсілдерін меңгерген студентер күрес спорт түрінің теориялық білімін толық меңгеріп, тәжірибелік тұрғыда барлық іс-қимылға икемді, жылдам, күшті, төзімді тұлға қалаптастыра алады [13].
Күрес спорт түрінің жаттығу сабақтарының негізгі мақсаты дене тәрбиесінен тереңдетілген білім берумен бірге теориялық және тәжірибелік негіздерін үйрету. Пән толық тәжірибелік тұрғыда жүргізіліп, төмендегідей басқарылады:
- Жалпы дайындық жаттығуларын толық меңгеру.
- Күрес техникасы мен тактикасын үйрену.
- Оқыту мен дағдыны қалыптастыру.
- Сабақ тақырыбына қарай үйрету әдістерін таңдап алу.
- Оқытудың дидактикалық қағидаларын қолдану.
- Оқытудың жүйелілігін, ғылымилығын, еріктілігін қадағалау.
- Студенттердің өзіндік жұмыс орындауын есепке алу.
- Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырып, басшылыққа алу жолдарын белгілеу.
Күрес сабақтарының міндеттері:
— Күрес тактикасы: шабуыл, үдемелі шабуыл, мезгілдік шабуыл, қарсы шабуыл техникаларын игеру.
— Бәсекелес қимыл-әрекетін барлау міндеттері: балуанның белдесу кезіндегі тұрысы, ұстасу мәнері, жүрісі, жан-жақты дайындығын ескеру.
— Жарыс ұйымдастыру ереже жолдары: спорт зал жағдайы, кілемнің жағдайы, жарыс өтетін бөлменің температурасы, ылғалдылығы, тазалығы. Төрешілердің білімі, мінез-құлқы және жанкүйерлер жағдайын реттеу.
— Психологиялық дайындық – бұл шын мәніндегі аса қажетті өнер. Ол тек бұлшық еттерді жетілдіру ғана емес, ең қиын жарыстарда қобалжымауға, қарықпауға, қиындықты жеңе білуге көмектесетін жүйке жүйесін қалыпты жағдайда ұстауды үйрету.
— Қауіпсіздікті сақтау және өзін-өзі сақтаудың ерекшеліктері. Жаттықтырушының үйренушіні әдіс-айла және жаттығуды орындау кезеңінде қауіпсіздігін сақтау жолдарын есепке ала отырып оқыту.
Жалпы тәжірибелік сабақтардың әр бірінде сабақтың тақырыбына сай мақсаттар мен міндеттердің жүйелі басқарылып жүргізілуі пәннің дұрыс дәріс беруін көрсетеді.
Дене тәрбиесі сабағында күрес спорт түрінің қолдану әдістері. Олар:
Жаттығу әдістері. Күрестің жаттығу әдісіне-балуанның жан-жақты дайындығы, шеберлігі, айла-әдістерді және жастардың жан дүниесінің өсуіне әсер ететін оқу-жаттығу жүйесі жатады. Жаттықтырушы мен балуандардың жаттығу кезіндегі іс-әрекеттері осы бір ғана мақсатқа бағытталған. Сондықтан да жаттықтырушының қызметі алдымен өз шәкірттерінің бойына патриотизм, еңбек сүйгіштік, Отанға деген сүйіспеншілік, достық принципшілдік, батылдық, спорттық режимді сақтау, кішіпейілділік сияқты қасиеттерді дарытуға бағытталады [14]. Осылардан мынадай мақсаттар туындайды:
- Денсаулықты жақсарту.
- Жан-жақты шынығу және жігерлілікті дамыту.
- қазақша күрестен теориялық білім алу және оны жетілдіру.
- Күрес техникасы мен тактикасын меңгеру.
- Жаттығу жүйесіне, жарысқа қатынасуға дағдылану.
Бөлек жаттығу орындау әдісі. Күрделі техникалық қимылды бірнеше жеңіл әлементтерге бөліп, палуан меңгеріп болған кезде элементтерді біріктіріп орындайды. Бөлек жаттығулар әдісін қолданғанда палуан мына шарттарды орындауы тиіс:
- Техника жағынан күрделі жаттығуды өте ұсақ элементтерге бөлу тиімді болмайды.
- Әр келесі орындалатын элемент алдыңғының жалғасы болуы керек.
- Элементтерді 2-3 тен топтап, қайталау.
- Бөлінген элементтерді басында баяу қалыпта, одан кейін жылдамдату керек.
Бөлек жаттығулар әдісін пайдаланып, жаттығулардың төменгі типтері орындалады. Техниканың жаңа варианттарын үйрету барысында, жаттығуларды көрсету арқылы меңгеріледі. Арнаулы жаттығуларды үйретуде олардың орындалуының жылдамдығы да ескерілді. Техникада қате жібермеу үшін түзету жаттығулары өткізіледі. Ондай жаттығулар арнаулы және қосымша жаттығуларға бөлінеді. Қателерді түзету үшін қарама-қарсы жаттығулар үлкен әсер етеді.
Назарды біртіндеп ауыстыру әдісі. Техникалық дайындықтағы ең әсерлі әдіс назарды аудару. Жаттығу барысында оның бөлек элементтеріне көңіл бөлу. Мысалы: бір элемент техниканы да, тактиканы да меңгеруге лайықты болып есептеледі. Әр элементтің дұрыс орындалуына назар аударып, қатесіз орындауға тырысу керек. Элементтерді орындау нұсқауларымен бірге жаттықтырушының көрсеткен элементтерін жаттап үйренген жөн.
Орындалған жаттығуларды талдау әдіс. Техника меңгеру барысында палуан әр қимылын талдай білуі тиіс. Техниканы талдау және қателіетерді түзету жиі өткізілуі керек. Талдауды палуанның өзі жасауы керек, ал жаттықтырушы түзеп, толтырып, түсіндіріп тұрады.
Техниканы талдауда көрнекті құралдардың маңызы зор.
Жедел хабарлама әдісі. Палуан өзі орындаған жаттығуларды сырттан көре алмайды, сондықтан өзіне бақылау жүргізу және өзіне баға беруі қиын.
Жедел хабарлау әдісі жаттығу барысында арнаулы құралдар жаттығу орындалуының сапасын көрсетіп тұрады. Спорт техниксы міндетті түрде шұғылдану /машықтану/ дәрежесіне байланысты. Палуанды техникалық және тактикалық дайындауды педагог-жаттықтырушы басты роль атқарады. Жаттықтырушының педагогикалық дарыны, білімі және жұмысына сүйіспеншілікпен қарауынан көптеген мақсаттарға жетуіне көмектеседі. Палуан жарыстың алдылдағы әр күннің жоспарын орындап тұруы керек. Жаттығушылар әр сабақта техника-тактикалық дайындықтың маңызы үлкен екенін түсіндіріп, әр әдістің дұрыс орындалуын қадағалап тұруы қажет.
Күрес спорт түрінің жаттықтыру сабақтары төмендегідей тақырыптар бойынша жүргізіліп жаттығушылардың техникасы мен тактикасын жан-жақты дамытады [15].
Қос қолға күш салып лақтыру әдісін үйрету. Сабақтың мазмұны: Күш дегеніміз – сыртқы қарсылықтарды жеңу қабілеттілігі.
Күрес сәтінде жаттығушылардың белдесу кезінде айрықша күш иық бұлшық еттеріне түседі. Яғни күш ала отырып лақтыру техникасын игеру көп күш-жігерді, тыңғылықты жаттығуды талап етеді. Екі қолмен, бір қолмен, бір аяқпен, белмен тарту әдістері бар Бұл шабуыл жасаушы жаттығушының бәсекелесін өзіне жақын арақашықтықта әдіс қолдануға қолайлы жағдай үшін қолданылады.
Тактикалық дайындық. Қорғанушы қарсыласының белдігінен, қос иыққа күш сала отырып лақтыру әдісін меңгеру қажет. Тізе тік ұстап, бүгілмеуі керек.
Тепе-теңдіктен итеріп тайдыру әдісін үйрету. Сабақтың мазмұны: Жаттығушылардың кілем үстінде тез немесе ыңғайлы қимылдауын қамтамасыз ететін кез келген сәтте әдіс қолдануға мүмкіндік туғызатындай болуы керек. Негізінен ол оң-сол қапталмен, аласа, биік, орташа тұру болып бөлінеді. Егер сол аяқ алда жүрсе, сол қапталмен, оң аяқ алда жүрсе оң қапталмен тұру деп аталады. Екі аяқтың бір сызықтың бойында тепе-теңдікте орналасуын бетпе-бет келу дейміз. Ал тізе буыны көбірек бүгілсе оны аласа, аз бүгілсе орташа, ал тізе буынының сәл ғана бүгілуін биік тұру деп атаймыз. Бірнеше жыл бойына күреспен айналысу барысында әр жаттығушының өзіне тән белдесуге тұру әдісі қалыптасады. Белдесуде әрбір жаттығушы өз тепе- теңдік тұру қалпын сақтамасы жеңіске жету, болмаса жаттығудың дұрыс орындалуы мүмкін емес.
Жаттығушының тепе-теңдік қалпынан шығатын тәсілі. Жеңнен, белбеуден, мойыннан ұстай қолданатын жұлқу әдістері бар.
Шалып лақтыру әдісін үйрету. Сабақтың мазмұны: Шалу әдістері өзінің тәжірибелік мәні жағынан қазақша күрестегі ең күрделі іс, ол әдістер тобы. Бұл әдістер негізінен аяқты шалу арқылы орындалады. Аяқтан шалу әдістері іштен, сырттан, қапталдан, қырқа шалу болып бірнешеге бөлінеді. Аяқтан шалу әдістерін орындау үшін алдымен қарсы жаттығушыны тепе-теңдік қалпынан шығарып, оның бір аяғының кілемнен көтерілуін қамтамасыз ету. Осындай сәтте аяқтан шалынған екінші аяқ та кілемнен көтеріліп, жаттығушының құлауына жағдай туғызады. Ол үшін көптеген тактикалық әдіс-тәсілдер бар.
Алдынан шалу әдісін үйрету. Сабақтың мазмұны: Бұл күрес әдістерінің бір түрі Қазақша күресте көбінесе аяқпен іштен немесе сырттан шалып жығу әдістері бар. Балуанның аяғы шалынған кезде шабуыл жасаушы кеудесімен, иығымен қағып оны сүріндіріп құлатады. Аяқпен іштен шалу әдістері қарсы балуан екі аяғының арасын алшақ ұстаған кезде оны жығу үшін қолданылады. Мұндай сәтте шабуыл жасаушы оны өзіне қапсыра тартып, аяқтан шалып жығу жолдарын іздейді. Яғни аяғын қарсы жаттығушының аяқтарының арасына қойып, тізе буыны тұсынан аяқпен шалып құлату сәтіне келеді. Содан кейін ол қарай сәл-пәл еңкейіп, бәсекелесін сүріндіріп құлатады.
Арқадан асырып лақтыру әдісін үйрету. Сабақтың мазмұны: Қазақша күрестегі арқадан асырып тастау әдісі өзінің техникалық күрделілігі жағынан ең қиын әдістердің бірі болып табылады. Арқадан асырып тастау әдісін жақсы меңгерген балуандар көп жағдайда таза жеңістерге жетеді.
Арқадан асырып тастау әдісі негізінен мынадай элементтерден тұрады.
- Ұстасу. 2. Арқаны бәсекелесіне қарай бұру. 3. Бәсекелесті кілемнен көтеру.
Арқадан асырудың арнайы жаттығулары.
1) Оң жақпен тұрып, оң аяқты алға жіберіп, сол аяққа қарай айналу. Тізе буындары сәл бүгіледі, алты-сегіз реттен қайталанады.
2) Оң иықпен сол тізеге қарай бүгілген тізе буынын жазып, соның екпінімен аяқты жерден көтеру.
3) Кілемнен көтеріліп, алға қарай оңжақ жауырынымен айналып түсу.
4)Оң жақпен қырындай тұрып, жеңнен, белдеуден ұстап, арқа бере бұрылып, салмақты алға жібере арқадан асырып тастау.
Жеңнен және жағадан ұстап арқадан асырып лақтыру әдісін үйрету.
Сабақтың мазмұны: Әдісті қолдану үшін қарсы балуанның еңкейген сәтін дәл пайдалану керек. Көбінесе бұл орта қашықтықта қолданылады. Шабуыл жасаушы бәсекелесін өзіне әрі-бері жұлқи тартып, жағадан сәл жоғары көтеріп, шалатын аяғын ішке өткізеді де тез еңкейіп,орындалады [16].
Тактикалық дайындық. Қарсы жаттығушының әрі-бері жұлқып, қандай әдісті қолданылатындығын байқатпау.
Жіберілетін қателер.
- Бәсекелесінен тым қашықтап не жақындап кету.
- Бәсекелесін кілемге тірелген аяғы жаққа қарай итеру.
- Әдіс қолданған кезде аяқты жоғары көтермеу.
Қорғаныс.
- Шалатын аяқ жақтағы белдіктен ұстау.
- Шегініп кету.
- Тізе арасын қосып, шалатын аяқты сыртқа өткізбеу.
Қарсы әдістер.
- Сәл төмен отыра қалу.
- Аяқтың сыртынан шалу.
- Аяқты сыртынан тіреу.
Қолды қолтықпен қысып арқадан асырып лақтыру әдісін үйрету. Сабақтың мазмұны: Бұл әдісті бәсекелестердің тізені бүгіп аласа тұрған жағдайда орындауы қолайлы. Шабуыл жасаушы жаттығушы бәсекелесінің қолын қалтықтан қыса ұстап өзіне қарай жұлқи тартады да оны тепе-теңдік қалпынан шығарады. Сөйтіп, оңға не солға қарай оқыс бұрылып, арқаны бере айналып түседі. Арқадан асырып тастау әдістерін үйренудің ең оңай түрі қолдан ұстап қолтықпен қыса орындаған ыңғайлы.
Жіберілетін қателер.
- Бәсекелесті кілемнен көтере алмау. Бұл жаттығушының арқасымен бұрылуға кедергі жасайды.
- Тізе буынын ерте жазу.
- Жамбасты ішке сұғына енгізу. Бұл үлкен бұрылыс туғызып, әдістің дұрыс орындалуына кедергі жасайды.
Қолын иыққа салып лақтыру әдісін уйрету. Сабақтың мазмұны: Жаттығулар барысында жаттықтырушы шәкірттеріне барлық әдістерді үйретуге міндетті. Бірақ, сабақ барысында бір жаттығушының белгілі бір әдісті жақсы қолдана алатындығы байқалса, оны әрі қарай дамытуға баса назар аударған жөн. Үйренген әдістерді қолдану арпалысқан алыс үстінде өтеді. Қолын иыққа салып лақтыру әдісін үйрету үшін жаттығушының негізгі тұрысын сайлау қажет. Сондықтан да жаттығулар кезінде әдістерге қоса, комбинациялар, тактикалық тәсілдер де қатар үйретіледі, мұнысыз табысқа жету қиын.
Қолды иыққа салып лақтыру әдісін меңгеру үшін оң жақпен қырындай тұрып, жеңнен ұстап, арқа бере бұрылып, салмақты алға жібере арқадан асырып тастау. Бұл әдісті қолданған кезде екпінді бәсеңдетпей ауада айналып, кілемге тік түсуге болады. Жаттығу кезінде иықтан асырып тастау әдістерін оң және сол иықтан орындап үйренген жөн.
Кеудеден асырып лақтыру әдісін үйрету. Сабақтың мазмұны: Бұл- күрес тарихында өте ертеден қолданылып келе жатқан әдістер тобы. Бәсекелесін кеудеден асыра лақтыру үшін балуанның өзінің омыртқа буыны иілгіш, әрі күшті болуы керек.
Ал белдіктен ұстап, шалқалай иіліп кеудеден асыра лақтыру кезінде оң аяқтарын алға жіберіп, біріне-бірі қарсы тұрады. Осы сәтте шабуыл жасаушы балуан оң аяғын ішке енгізе алға ұмтылады да, сол аяғын да оның тұсына апарады.
Жіберілетін қателер.
Белдіктен нашар ұстау.
Жоғары көтерілгенде қолмен демей білмеу.
Кеудеден асыра лақтыру әдісін үйрену үшін арнайы жаттығулар тобы.
1) Белдіктен ұстап, бәсекелесінің ішіне ену.
2) Ішке сұғына еніп, кілемнен көтеру.
3) Артқа қарай иіліп құлау.
4) Түрегеп тұрып, артқа қарай шалқалай құлап, ауада айналып түсу.
5) Түрегеп тұрып, аяқтың екі арасында доп ұстап, артқа қарай шалқалай құлап, айналып түсіп, допты лақтырып жіберу.
Қолмен денеден ұстап, шалқалап лақтыру әдісін үйрету. Сабақтың мазмұны: Шабуыл жасаушы жаттығушы бұл жерде қарсыласын екі қолымен денеден мықтап ұстайды. Ішке ене оң аяғын көтеріп, қарсыласының аяқтарын көтеруіне жағдай туғызады да, өзі де жоғары көтеріле беріп, бір аяғына отырады. Осы әдістің орындалуы кезінде шабуыл жасаушы жаттығушының жоғары көтерілген аяғы қарсыласы асып түсетіндей кедергінің міндетін атқаруы керек. Денеден ұстаған қолдарын босатпай оң не сол қапталға қарай бәсекелесімен бірге кілемге құлайды [17].
Жалпы спорт түрі бойынша жаттықтыру сабақтарын жүйелі түрде ұйымдастыру сабақтың тиімділігін арттырып, жаттығушылардың дене даярлығын жан-жақты дамытады.
1.4 Спорттық үйірмеде машықтанушылардың жас ерекшеліктеріне
сай оқыту әдіснамасы
Ғылымға сүйенсек, 7-8-жастан бастап-ақ күреспен шұғылдануға, болады. Бірінші топқа жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік мектептер, коледждер мен ЖОО-ры жатады, онда спорттың бұл түрі дене тәрбиесі бағдарламасына ендірілген.
Мектептегі спорт жұмыстары мектеп ұжымының секциялары мен алғашқы дайындық топтарында жүргізіледі. Олардың міндеттеріне балаларды сабаққа жүйелі тартумен қатар оларға ойынның алғашқы дағдыларын меңгертуде және дарынды балаларды БЖСМ-де шұғылдануға таңдау кіреді.
БЖСМ, БЖОРДМСМ, ЖСШМ, мамандандырылған мектеп-интернаттар-бұлар жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауға арналған арнайы жұмыстар жүргізілетін мекемелер. Олардын міндеттер:
- оқушылардың жан-жақты дене дайындығы мен денсаулығын нығайтуға, күштің дамуына көмектесу;
- жоғары дәрежелі командалар мен құрама командаларға резервтер дайындау;
- оқушыларды рухани төзімді, ерік-жігері, тәртіпті етіп тәрбиелеу;
- ЕОҚ+мөлшерін орындауға дайындық.
БЖМ, БЖОРДМСМ, арнайы мектеп-интернаттарын белгіленген тәртіп бойынша министрлік пен құзырлы орындар құрады.
БЖОРДМСМ бастапқы дайындық топтары бүкіл оқушылардың 31,7%-н кұрайды. Оқу жаттықтыру топтарына 65% және спорттық жетілдіру топтарына 3,3% бала қатысады.
Алғашқы дайындық топтары 10-13 жастағы, оку-жаттықтыру — 12-16 жастағы және спорттық жетілдіру топтары 16-20 жастағы спортшыларды біріктіреді.
1 кесте
БЖСМ оку бағдарламасында дайындық түрлері бойынша уақытты болу
Дайындық түрлері |
Топтарына қарай уақытты бөлу |
||
Бастапқы дайындық |
Оқу-жаттыктыру |
Спорттық жетілдіру |
|
Ілімдік |
|
||
Жалпы дене |
|
||
Арнайы дене |
|
||
Әдістік |
|
||
Тәсілдік |
|
||
Интегралдық |
|
||
Инструкторлык |
|
Алғашқы дайындық топтарында жұмысты ұйымдастырудың негізгі принциптері әмбебаптық пен жан-жақтылык болып табылады. Оқу-жаттықтыру топтарында бұл принциптер әсерлі бола береді, бірақ ойын әрекетінің элементтері келтіріледі. Спортты жетілдіру топтарында негізгі принциптер арнайы дайындық болып табылады. Оның негізінде жеке ерекшеліктерінің есебі жатыр.
Оқушылардың жасы мен тәрбесіне қарай дайындықтың түрлеріне уақытты бөлу әртүрлі.
Күресшілерді көпжылдық дайындау түзу жүйені көрсетеді, ол оқу материалы мен жаттығу жүктемесін біртіндеп, мүмкіңдігіне қарай катаң қадағалап өсірумен сипатта болады .
Балалар мен жасөспірімдер тобымен жұмыс жасау ерекшеліктері.
Жас күресшілерді дайындауда өскелең ағзаның физиологиялық ерекшеліктері мен дайындық міндеттерін осы ерекшеліктерге сәйкестендіруте негізделеді.
Негізгі дағды мен білікті қалыптастырумен сәйкестендіріп, дене және қызметтік дайындықтың дұрыс әрі дер кезінде негізін қалау жоғары спорт нәтижелеріне жеткізетін жұмыстарды жүргізуге көмектеседі.
Мына жағдайларды ескеру қажет:
- Жасына қарай бала ағзасы өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер сан жағынан да (салмағы, бойы), сапа жағынан да әсер етеді. Сондықтан балаларға үлкендерге қоятындай емес, талаптардын көлемін азайтып, оларды баланын жасына лайықтап беру қажет.
- Бала ағзасының дамуы үздіксіз әрі қалыпта жүреді. Белгілі бір кезеңдерде түбегейлі өзгерістер болады (өсу екпіні мен процестеріне қарай бойдың, бұлшықет салмағаның өсуі, мүшелер мен жүйелердің дамуы түрлі жас кезендерінде әртүрпі). Мысалы, жыныстық жетілу кезеңі ұлдарға қарағанда қыздарда ерте болады; 11-13 жаста қыздар бой мен салмақ жағынан ұлдардан озып кетеді; ұлдарда бұлшыкет күші 13-14 жаста, қыздарда 11-12 жаста карқынды дамиды.
- Балалардың дене сапаларының даму қарқыны мен басқа да қабілеттері белгілі бір кезеңдерге сәйкес келеді. Нәтижесінде белгілі бір дене сапалары мен басқа да қасиеттерін дамыту үшін қолайлы алғы шарт жасауға болады. Жауап беру шапшандығы, мысалы, 15-жасқа дейін меңгеру негізінде жүргізіледі. Бұның негізінде оқушылар болашақта әдістік амалдардың барлығын менгере алатын база құрылады.
Әдістік дайындық негізінде- өтілген әдістерді ауысудың тұрлі әдістерімен және бір-бірімен үйлестіре орындау қабілетін тәрбиелеу (бүгілу, бірізді қадағалау, секіру, т.б.). Бұл үйлесімдер бір мезгілде бірізді әдістердің көп санын қарастырмауы тиіс.
Тәсілдік дайындықтың негізгі міндеттері — үйренген әдістік амалдармен байланысты жеке іс-әрекетті мектептегі тәсілдік ойлау мен тәсілдік қимыл негізінде. құрылатын қабілеттерді қалыптастыру мен дамыту.
Мұнда зейінді, жағдайды көзбен есте сақтау; уақыт пен кеңістікті бағдарлауды дамыту қажет.
Тек арнайы жаттығуларды емес, қозғалыс ойындарын да кең колданады. Жаттығуларда лайық дайындықтан соң ойын әдісін пайдалану қажет.
Бұл сатыдағы ойын дайындығының міндеті — жас күресшілердің дене, әдістік, тәсілдік дайындықтарына едәуір ықпал ету. Негізгі құралдары сәйкес әдісті пайдаланумен жалпы дайындық жаттығулары мен ережелері жеңілдетілген ойындар болып табылады [18].
Алғашқы дайындық топтарындағы оқытудың екінші жылы біріншісінің қисынды жалғасы болып табылады. Онда да дене және әдістік дайындыққа баса назар аударылады: белгілі спортшыларды іріктеу жүргізіледі. Алайда екінші жылы дене дайындығына берілетін уақыт азайтылып, тәсілдік жәнс ойын дайындығына бөлінетін сағат саны көбейеді.
Үйренген тәсілдік іс-әрекетттермен әдістік дағды қоры едәуір артады. Ойын саны көбейеді.
Оқу-жаттықтыру топтарындағы дайындық
Оқу-жаттықтыру топтарындағы жұмыстын негізгі принциптері -дайындықтың ойын ерекшелігінің сипаттарына сәйкес жан-жақтылығы (қызметі бойынша).
Бұл кезендегі дайындық міндеттері:
- Оқушылардың денсаулыгын нығайту мен ағзасын шынықтыру, жалпы дене дайындығының денгейін арттыру, «батылдар мен ептілер» және «спорттық ауысым» — III және IV дәрежелі нормативті мөлшерін тапсыру.
- Әдіс пен тәсілді жетілдіруге қажетті арнайы қабілетті дамыту.
- Әдіс пен тәсілдін негіздерін жақсы меңгеру.
- Әрбір оқушының командадағы ойын қызметін анықтау, осы арқылы дайындықты тұлғаландыру.
- Жаттықтыру сабақтарын жарыс тәртібіне жақындату қимыл тәсілдерінің негіздерін меңгеру және жарыс әрекетінің дағдыларын тәрбиелеу (баскетболдан)
- Күнделік жүргізу, ойынды жазып жүру жүйесіне алынған мәліметтерді талдау дағдыларына баулу.
- Баскетболдан жарыс ұйымдастыру мен өткізу дағдыларын игеру.
- Дайындық түрлері бойынша мөлшерлік талаптар мен спорт дәрежесінің мөлшерлемесін орындау.
Жалпы дене дайьшдығының көлемін азайту нәтижесінде оқу-жаттықтыру топтарында тәсілдік және ойын дайындығының көлемі артады. Сол арқылы бұл жастағы дайындықтың негізгі міндеті балаларды спорт қимылдарына баулу болып табылады. Бұл саты болашақ күрес шеберін дайындау тұрғысынан алып қарағанда ең маңыздысы больш табылады, сондықтан жас-жыныс дамуымен туындайтын алғышарттар қимыл дағдысы мен өнерін қалыптастыру, жеке қабілеттерімен бейімділігін анықтауда кен мүмкіндіктер береді.
Бұл кезеңдегі дене дайындығы 10-11 жастағы балаларды дайындаудан көп ерекшеленбейді. Оқытушы алдында ұқсас міндеттер қойылады, бірақ мүмкіндіктері кең, яғни бұл жастағы балалардың орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөліктері белсенді жұмыс істейді, ол күрделі жаттығуларды үлкен көлемде және үлкен қарқынмен қолданумен жан-жақты жұмыс жүргізуге мүмкіндік беретін көптеген жүйке байланыстарының түзілуіне көмектеседі.
Негізінен арнайы дене сапаларын қалыптастыруға көңіл аударылады. Бұл жаста шапшаңдық пен жыпдамдық күш сапаларын дамытуға арналған алғышарттар қолайлы [19].
Жасөспірімдерге күш жаттығуларын жүктегеңде абай болу керек. Балалармен жұмыс істегенде «Бас тартқанға дейін» әдісті жұктемесі қолданылмайды. Қайталау әдістерін қолданған дұрыс. Жүктеме қуатын жартысына дейін азайтқанда оның ағзаға әсері тиімді болып, жасөспірімдердін жұмыс қабілеті ересектердің көрсеткішіне жақыңдайды.
Әсіресе бұл жастағы қыздардың дене дайыңдығы әдісіне басты көңіл аудару керек. Ағзадағы нейроэндокриңдік қатынастардың биологиялык қайта құрылуы негізгі дене сапаларының өсу қарқынына ықпал етеді.
Бұл жастағы кыздарға жаттықтыру барысын карқынды ету дұрыс емес екені белгілі. Дене дайьшдығына ойын қимылдарының ерекшелігіне сәйкес жүргізу қажет. Оның жылдық айналымдағы көлемі 30% -дан кем емес, мұңда лайық ықпалдар әдісі қолданылады.
Орталық жүйке жүйесі процесінің белсендірілуі, көптеген жүйке талшықтарының түзілуі, сондай-ақ бұл жастағы тежеуіне реакциялардың біршама тұрақтылығы күрделі әдіс амалдары мен олардың үйлесімдерін көптеп үйренуге мүмкіңдік береді. Сәйкес жағдайда белсенді қарсы қимылдағы әдістер үшін алғы шарттар пайда болады.
Әдіспен жұмыс жасағанда қимыл дәл әрі әсерлі болғанына мұқият назар салып, күрделі ойын жағдайларында оны пайдалануға көңіл аудару қажет. Дәлелдеуді дамытуда ерекше бақылауға алу керек, себебі бұдан кейін түрден табысқа жету қиынырақ болады.
Жылдамдық әдісімен жұмыс істеуге назар аудару керек. Салу тәрізді әдістерде тез дәлдеу дайындыққа кеткен уақытты қысқарту мен жұмысшы кезеңін тұрақтандыру көмегімен болады.
Тәсілдік дайындық міндеттері:
- үйренген әдіс амалдарьша негізделген жеке тәсіл қорын кеңейту;
- екі және үш адамдык, командалық өзара әрекет дағдысын тәрбиелеу;
— ойын қызметінің ерекшелігіне үйрену, талдауға деген қабілеттілігін дамыту бұл жұмысты табысты жүргізуге мүмкіндік береді.
Оқушыларда дербес тәсілдік ойлау дағдысын қалыптастыру арнайы тәсілдік өзара әрекетті меңгеру барысында атқарылады, бірақ оларды үйрену жұмысы өзіндік мақсатта болуы тиіс. Бұл айла-шарғылар нақты жағдайларда табысты қимылдауға көмектесетін негізгі мүмкіндік береді. Бұл айла-шарғылар негізінде шығармашылық ойлауды тәрбиелеу қажет.
Командалық қимыл дағдыларын меңгеру команданы ойнатуға көмектесуі тиіс. Алайда бұл сатыда ойын қызметін дәл бекітуге тырыспау керек. Тәсілдік дайындық міндеттері тәсілдік «кеөсайысқа» ұқсауы тиіс: ойыншы қажет болған жағдайда команданың кез-келген ойыншысының міндетін орындауы тиіс. Бұл әрқайсысының шығармашылық қабілетін арттыруға септігін тигізеді [20].
Оқу-жаттықтыру топтарындағы ойын дайындығы мақсатты бағытты сипатта болады. Бұл сатыда ойын дайындығынын барлық құралдарын пайдаланады. Жоғары дене жүктемесі жағдайында бағдар алу мен әдіс табуды игеруге өзара түсінікке үйренуге бағытталған, нақты бағдарлы жаттығуларға ерекше көңіл аударылады.
Спорттық жетілдіру топтарындағы дайындық.
Бұл топтардағы оқу-жаттықтыру жұмыстарының басты принципі-мамандандырылған дайындық, оның негізінде ойын қызметі мен оқушылардың жеке ерекшеліктері жатыр. Мамандандыру жан-жақты дайындыққа сүйеніп орындалады.
Бұл жастағы балалармен жұмыстың негізгі бағыты дене мүмкіндіктерін, әдістік және тәсілдік шеберліктерін үнемі жетілдіруге ұмтылуға баулу. Әдіс қоры кеңейіп, әдістерді орындау сапасы артады. Алдыңғы сатыдағы міндеттерді атқаруды жалғастырумен қатар мыналарды орындау керек:
а) арнайы сапаларды жетілдіру мен дене дайындығы құралдарын кең қолдану негізінде қимыл мүмкіндіктері шеңберін кеңейту «күш пен ерлік» -1 дәрежелі ЕЛКД кешенінің молшерлеріне дайындалу және тапсыру.
ә) түрлі амалдарды үйлестірумен, әдістерді жеке ерекшелігіне лайықты етумен командада орындаған белгілі бір қызметімен сәйкес жаңа әдісті менгеру барысында әдіс қорын кеңейту;
б) жарыс жағдайы мен қарсыласының тәртібіне қарай өзара әреткетіне
меңгеру;
в) ойын қызметін бекіту мен оны орындауды қамтамасыз ететін
дағдыларды кеңейту;
г) түрлі ауқымдарды жарыстарға жүйелі қатысу нәтижесінде ойын
тәжірибесін игеру;
ғ) әдіс пен тәсілдік өзара әрекет әсерлігін арттыру;
д) жасөспірімдерді жоғары дәрежелі командаларға қойылатын
талаптарға өткізу.
Сабақ 12-15 адамнан құрылған топтарға жүргізіледі. Мына әдістер қолданылады: топтық мөлшерленген жаттығулар аз топтық (шағын топтарда немесе жеке). Әдіс_қоры жаттығуларды ұйымдастыру түрлеріне қарай кеңейеді. Көрсету әдісі сөз әдісіне жаттығу-ойын әдістеріне орын береді. Сабақтарда тренажерлар, сондай-ақ қарқыңдылығын бақылайтын және оны талдайтын құрылғылар кең қолданылады.
Жаттықтыру сабақтарында міндетті түрде жүктеменің екі түрі қолданылады: бірқалыпты белсенділікпен біршама ұзаққа созылған жұмыс (90-120 мин) және лайық демалыс үзілістері бар жоғары қарқынды шағын мерзімдік жұмыс.
Бұл кезеңде ойын дайындығы үлкен орын алады. Атлеттік дайындықта арнайы дене сапаларын дамытатын жаттығулар үлкен маңызы ие болады. Шапшаңдыққа иілгіштікке, ептілікке арналған жұмыстар жалғасады; күш пен төзімділікті дамыттуға ерекше назар аударылады. Күшті дамытуға арналған жаттығуларды қате мөлшерлеу сүйектің есуі мен бүкіл денені қалыптастыруға қолайсыз әсер етеді. Жоғары қысым түсіруді жиі қолдануға болмайды. Бұндай жаттығуларды жүргізу әдістемесі жарылу күшінің жасау әдістемесіне әэйкес келуі тиіс.
Бұл сатыда да жылдамдық жаттығуларына мен беріледі. Төзімділікке арналған жаттығулар ойын әрекетіне тән ерекше сипатга болуы шарт: олар ұзақ уақыт бойына ауыспалы жағдайда өте шапшаң орындалуы тиіс.
Әдістік дайындыққа жылдамдық әдісін меңгеруге назар аударылады. Әдісті жетілдіру үшін әртүрлі жаттығулар қолданылады:
- қимыл құрылымын жетілдіру үшін бірдей жағдайда амалдарды немесе олардың кешендерін көп дүркін қайталау;
- жағдай демалыс үзілістерімен алдын ала шартталған өзгермелі жағдайда амалдарды немесе олардың кешендерін орындау;
- сол сияқты, бірақ жағдай күрт езгереді;
- қарсы әрекеттің өсуінде барынша тиімді шешім қабылдауды қамтамасыз ету;
- түрлі қызметтік және психологиялық жағдайларда амалдар мен өзара әрекеттерді орындау;
Тәсілдік дайындықтың негізгі міндегтері:
— шағын топтарда және командада тәсілдік өзара әрекетті шапшаң меңгеру қабілетін тәрбиелеу;
- оларды ойынды жүргізудің тандаған жүйесі мен оның түрлеріне қарай көрсете білуді тәрбиелеу;
- ортақ тәсілдік жоспарды іске асыру барысында бастама көтеруді дамыту.
Бұл топтағы сабақтарда негізгі салмақ ойын дайындығына түседі. Мұнда команданың ойынпаздығына, ортақ міндеттерді танып, жеке міндеттерді шеше білуге назар аударады. Сондықтан жеке тәсілге ерекше көңіл бөлінеді.
Спорттық жетілдіру топтары үшін жылдық айналымдағы дайындық түрлері бойынша оқу материалы былай бөлінеді: сағаттарды жалпы көбейтумен тәсілдік және интегралдық дайындық көлемі артады.
Күресшілерді дайындау жүйесіндегі іріктеу
Жаңадан келіп, шебер болғанға дейін мықты күресшілер 6-9 жыл мақсатты бағытталған оқу-жаттықтыру жұмыстарынан өтеді (дарындылары 5-7 жылда).
Спортшылар дайындығының ұзақтығы мен спорт жетістіктерінің өсу деңгейі бір жағынан сабақтың өте ерте басталуына, екінші жағынан шапшаң спорттық жетілдіруге қабілетті дарынды жастарды іздеу мақсатында мерзімді қысқарту қажеттігін анықтайды.
Спорттық іріктеу ұйымдастыру-әдістемелік іс-шаралар жүйесін қарастырады, оған педагогикалық, психологиялық, дәрігерлік-биологиялық және әлеуметтік зерттеу әдістері кіреді, оның негізінде белгілі бір спорт түрінен мамандандыруға балалардың жасөспірімдер қабілеттері анықталады.
Осыған сәйкес төмендегіше маңызды жүлделерді бөліп қарастырады:
- спорттық бағдар (дарынды балаларды табу, оларға күреспен айналысуға бағыт беру және мамандырылған жаттықтырудың бастапқы сатыларына әкслу);
- баскетболдағы спорттық жетілдіруге қабілетгілігі мен болашағын анықтау;
- жоғары нәтижеге жетуге қабілетті команданы топтау мен ұжымды қалыптастыру үшін іріктеу.
Сонымен іріктеуді аталған спорт түрі ерекшеліктеріне адамның қабілет сәйкестігін анықтайтын процесс ретінде түсіну керек. Әлем сахнасында жеңіске жету үшін күреске дарынды адамдарды даярлаудын бағыттық жүйесі қажет.
Потенциалдық спорт мүмкіндіктерін анықтау үшін баскетболдағы жоғары нәтижелерді анықтайтын ықпалдар туралы нақты түсінік болуы қажет. Белгілі спортшылардың жеке сапаларын, олардың ойын қимылдарын, спорттық жолын зерттейді. Жоғары дәрежелі ойыншы дайық болуы тиіс талаптар негізінде ойыншылар мен командалардың үлгі сипаттамасы құрылады.
Үлгі сипаттамасы. Команда құрамының, команда ойыншыларының үлгі сипаттамасы, оларадың қызметіне қарай жеке-топтық ойыншылар үлгісі спорттық жетілдіру үшін бағдар болып табылады. Жоғары дәрежелі ойыншының үлгісі жауапты жарыстардағы ойыншы қимылының сипаттамасынан, спорттық тұлға шыңы кезеңіндегі дене, тәсілдік және әдістік дайындығынан, кызмет пен психологиялык дайындығынан, морфологиялық ерекшелігінен, жасы мен спорттық тәжірибесінен құралады.
Мысал ретінде КСРО біріншілігіне төрт жылдық айналымда бірінші лигада қатысқан ерлер командасыиа арналып жасалған корғаушының үлгі сипаттамасын келтіреміз.
Қорғаушы қарсылас команданын көшбасшысын (диспетчерін. мергенін) қорғаныстың кез-келген жүйесінде тығыз бақылай алады, әріптестерін қауіпсіздендіреді, прессингте белсенді және әсерлі қимылдайды, команда тылының қауіпсіздігін сақтандырады.
2 кесте
Дене мен әдіс дайындығы көрсеткіші
Көрсеткіштер |
1994ж. үздігі |
1995/96 жылғы |
1997/98 жылғы |
60 м-ге жұлқыну шапшаңдығы (с) |
|
|
|
20 м-ге жұлқынау шапшаңдығы (с) |
|
|
|
Арнайы жұмыс қабілеті: қайталамалы жүргізу |
|
|
|
2×40 м/мин |
|
|
|
Қалқанның биік нүктесіне қол жеткізіп секіру |
|
|
|
Орнынан (см), екпінмен 3,5 м (см), купер тесті |
|
|
|
Оның психикалық тұрақтылық денгейі мына мәліметтермен сипатталады;
- реакция шапшаңдығы — 159,3мс,
- антиципация реакциясьшьщ шапшандығы — 53,4мс
- таңдау реакциясының шапшаңдығы — 14,9мс
- тежегіш дифференциясының реакция шапшаңдығы — 15,8мс.
Іріктеу сипаттары мен әдістері
Іріктеуде үш сипатқа сүйенеді: бейімділігі, дарындылығы мен қабілеттілігі.
Бейімділік — бұл туа біткен және өмірдің алғашқы жылдарында пайда болған анатомдық — физиологиялық ерекшеліктері, яғни дененің кейбір бөліктері, бұлшықет немесе жүрек тамыр жүйелерінің ерекшелігі баскетболдағы болашақ жетістік үшін іргетас болуы мүмкін.
Дарыңдылық бұл жеке тұлғаның сапалары мен қасиеттер кешені, қай жағдайда болсын спорттық табысқа жету мүмкіңдігі осыған байланысты болады. Іріктеуде дарындылық басты сипат болып табылады. Дарындылық ұғымына белгілі бір дағдыны меңгерудегі табысты қамтамасыз ететін сапа ғана кіреді. Олар қимыл синағында немесе ақыл-ой сипатында болуы мүмкін (мысалы, қимыл шапшаңдығы немесе дәлдігі, жедел ойлауы).
Қабілеттілік қимыл немесе операцияға қабілетімен, яғни билігі мен дағдысы арқылы сипатталады. Қабілеттілікті оқушылар әдістік-тәсілдік негізгі материалдарды меңгеріп, дайындықтың белгілі бір деңгейіне жеткен кезде ғана бағалауға болады. Шеберлер командасына негізгі сипат ретінде осы спортшының қабілетін памдалана отырып іріктейді [21].
Іріктеу әдістемесі баскетболшының морфологиялық белгілері, қызметтік, қимылдық және психологиялық іс-әрекеттің жалпы сипаттамасын алуға мүмкіндік беретін зерттеу бағаларға, әдістері мен тестерді пайдалануды ұсынады. Мысалы, бойды өлшеу жалпыға ортақ есептеу әдістемесіне сәйкес портативтік антропометрмен өлшенеді. Дене сапаларын бағалау үшін олардың даму денгейі туралы ұғым беретін тесттер ұсынылады [22].
Іріктеуді ұйымдастыруда бүкіл дайындық сатысы барысында бақылау нәтижелері маңызды роль ойнайтьшын ескеру қажет.
Тұрақты белгілер қатарына антропометрия, дене жұмыс қабілетінің көрсеткіштері (МПК, Р\УС17о, қандағы лактаттың жоғары қоспасы, бұлшықеттің биоэнергетикалық сипаттамасы, т.б.), жекелеген жылдамдык сапалары (қарапайым қимыл реакциясының латенттік уақыты, қысқа қашықтыққа жүгіру жылдамдығы) жатады.
Спорттық іріктеуді күресшіні бастаушыдан жоғары дәрежелі спортшыға дейінгі дайыңдықтың барлық кезеңдерінде жүргізілетін процесс ретінде қарастыру қажет. Түрлі сатыдағы іріктеу сипаты мен әдістерін таңдау команда табысын құрылымдық талдауға негізделуі тиіс Бірінші сатыда бейімділігі анықталып, балалардың жасы мен дайындығына қарай қимыл белсенділігі бағаланады. Екінші сатыда, балалар күресте дайындықтың белгілі бір деңгейіне жеткен кезде олардың ойынға дарындылық дәрежесін бағалауға болады. Бұдан соң үшінші сатыда дарындылық пен дағдыны игеру негізінде спорт қимылдарында көрінетін қабілеттілік қалыптасады. Төртінші сатысы — бұл спорт шеберлігін қалыптастыру.
Дайындығын талдау тек үшінші сатыда ғана, жүргізіледі. Бұдан төменгі деңгейлерде жеке тұлғаның сапасы мен қасиеттеріне мән беріледі.
- СПОРТ ҮЙІРМЕЛЕРДЕ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ДӘРЕЖЕЛЕРІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
- 1 Дайындық жұмыстары және спорттық үйірмені ұйымдастыру
Мектептегі спорттық – көпшіліктік жұмыстарды ұйымдастырудың түрлері. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру оны табысты дамытуға елеулі үлес қосады. Сабақтан тыс кезде өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар мектептегі дене тәрбиесі ұжымының секцияларында оқушылармен өткізілетін сабақтар түрінде де және дене тәрбиесі ұжымының басшылығымен сыныптарда немесе мектептің барлық оқушыларымен өткізілетін көпшіліктік шаралар түрінде де ұйымдастырылады. Мектеп осы жұмыстардың арасында дене тәрбиесі мен спорттан жұмыстар жүргізетін және оқушылардың дене тәрбиесін алдағы уақыттарда жақсартуға көмек беруі арқылы танылған мектептен тыс мекемелерді кеңінен пайдаланады. Мұндай мекемелерге бірінші кезекте: жасөспірімдердің спорт мектептерін, оқушылардың қалалық және аудандық үйлері мен сарайларын, қалалық және аудандық балалар парктерін, балалардың спорттық стадиондарын және басқаларды жатқызуға болады.
Мектептен тыс мекемелердің міндеттеріне өсіп келе жатқан жас ұрпақка адамгершілік және жан-жақты тәрбие беру ісі бойынша мектепке кең көлемде көмек беру жұмыстары жатады. Сыныптан тыс көпшіліктік және оқу-спорт жұмыстарының кең көлемде қанат жаюына мектепке демеушілік ететін ұйымдар, бірінші кезекте ерікті спорт қоғамдары үлкен көмек бере алады. Мәселен, Искра, Динамо, Қайрат, Спартак және басқа да осы сияқты спорт қоғамдарының тәжірибелері мектептегі спортты жаппай дамыту мен жақсартуға қамқорлық жасап келе жатқандары толық көрсетіп отыр.
Ең ақыры, оқушылардың тұрмыс тіршілігі мен оқу еңбегіне дене тәрбиесін енгізуге оқушылардың ата-аналары мен мектеп мұғалімдері де үлкен көмек көрсете алады.
Сыныптан тыс дене тәрбиесі ұжымының жалпы жұмыс жоспары
- Оқушы-белсенділердің мәжілісін өткізу.
- Ұжым кеңесінің жаңа құрамына кандидаттар ұсыну жөнінде мектептегі оқу ісі бөлімімен келісу.
- Секцияға жазылу туралы хабарландыру әзірлеу.
- Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерін кайта тіркеуден өткізу.
- Дене тәрбиешілері мен сынып жетекшілері арқылы дене тәрбиесі ұжымының жаңа мүшелерін тіркеу.
- Ұжымның құрамындағы оқушылардың жиналысын өткізу және дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің жаңа құрамын сайлау.
- Ұжым кеңесінің жаңа құрамының жиналысын өткізу жэне олардыц міндеттерін өзара бөлу.
- Мектепте мынадай секциялар ұйымдастыру .
- Секция жұмыстарының кестесін құрастыру. Кіші топтарымен жүргізілетін жұмыстар бойынша қоғамдық нұсқаушылар белгілеу.
- Спорт алаңын толық жабдықтау және жеке-командалық біріншілігі бойынша жеңіл атлетикадан күзгі жарыстарды ұйымдастыру: а) 5-б-сыныптар:60 м-ге жүгіру, ұзындыкка секіру, гранат лақтыру, 10×40 м-лік эстафета жауапты …; ә) 7-8-сыныптар: 100 м-ге жүгіру, биіктікке секіру, гранат лақтыру, 10×40 м-лік эстафета -жауапты …; б) 9-11-сыныптар: 100 м-ге, 500-1000 м-ге жүгіру, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, гранат лақтыру, ядроны сермеп итеру, үлкен (кіші) эстафета— жауапты ….
Сыныптан тыс жұмыс түрлері және жұмыс жасау. Секция мүшелерінің және дене тәрбиесі кеңесі мсн мұғалімдердің басшылығымен өз бетінше жұмыс істейтін оқушылардың қоғамдық ұжымы болып табылады. Секцияның барлық ұйымдастыру және ішкі жұмыстарын мүғалімнің басшылық етуімен негізінен оқушылар күшімен шешілетіндей етіп ұйымдастыру керек [23].
Сыныптан тыс жұмыстың түрлері: секциялардаіъі топтар мен командалардың жүйелі сабақтарын кесте бойынша дәл уақытында өтуін бақылай отырып жөне сабақ кезінде қажетті тәртіп пен реттік сақтайтындай етіп ұйымдастырады. Секция ұжым кеңесінің және мұғалімнің басшылығымен секция мүшелерін жарыстарга тиянақгы түрде даярлауды қамтамасыз ете отырып, жекеменшілік жәнс мектептен тыс жарыстарға топтар мен командалардьш қатысуын ұйымдастырады оқушылардың, секция мүшелерінің спортқа деген қызығушылығын, жауапкершілік, жолдастық сезімдерін жәес мектеп дене тәрбиесі ұжымына деген сезімін қальпттастыра отырып, олармен тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Жұмыс жүргізу жолы:
- 1. Дене тәрбиесі мен спортқа окушыларды көптеп тартып, оларды Президеит сынамаларын тапсыруға даярлау.
2.Оқушылардың денсаулығын жетілдіру, сабақ үлгерімін артыру жүзеге асыру бойынша мектепке қолғабыс тигізу
3.Сабақтарда оқушылардың ашан білімі мен дағдыларын жетілдіру, спортпен жүйелі түрде айналысуға деген олардаң ұмтылысын туғызу.
4 Оқушылар арасында қоғамдық дене тәрбиесі белсенділерін: дене тәрбиесі ұйымдастырушыларын, қоғамдық нұсқаушыларды, команда капитандарьш, спортың әр түрі бойынша төрешілерді және өзге де басқару белсенділерді даярлау.
- Оқушылар мен олардың ата-аналары арасында деес шынықтыру мен спортты үгіттеу және насихаттау. Дене тәрбиесі ұжымы. Көпшіліктік спорт жұмыстарының негізгі ұйымдастырушы формасы орта мектептердің дене тәрбиесі ұжымы болып табылады. Дене тәрбиесі ұжымының басшылығымен сыныптардағы оқушылар арасында дене тәрбиесі бойынша көпшіліктік жұмыстар ұйымдастырылады. Дене тәрбиесі ұжымы мектеп директоры мен дене тәрбиесі пәні мұғалімінің басшылығы және мектеп белсенділерінің (оқушылар), сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің, мектеп дәрігерінің қатысуы және олардың белсенді көмегі болып табылады.
Мектептің дене тәрбиесі ұжымы төмендегідей міндеттерді
атқарады.
- Дене тәрбиесі мен спортқа оқушыларды көптеп тарту, оларды Президент сынамаларын тапсыруға даярлау.
- Оқушылардың денсаулығын нығайту, денесінің дамуын жетілдіру, сабақ үлгерімін арттыру жұмыстары бойынша мектепке қолғабыс тигізу.
- Сабақтарда оқушылардың алған білімі мен дағдыларын жетілдіру, спортпен жүйелі түрде айналысуға деген олардың ұмтылысын туғызу.
- Оқушылар арасынан қоғамдық дене тәрбиесі белсенділерін: дене тәрбиесі ұйымдастырушыларын, қоғамдық нұсқаушыларды, команда капитандарын, спорттың әр түрі бойынша тәрешілерді және өзге де басқарушы белсенділерді даярлау.
- Оқушылар мен олардың ата-аналары арасында дене шынықтыру мен спортты үгіттеу және насихаттау.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін ұжым өз жұмысын екі бағытта құрады: 1) өз секцияларындағы оқу-спорт жұмыстарын ұйымдастыру бағыты бойынша; 2) мектептің барлық оқушыларының арасында көпшіліктік дене тәрбиесі жұмыстарын кеңінен өрістету бағыты бойынша.
Дене тәрбиесі ұжымдарына қабылдау. Дене тәрбиесі ұжымына денсаулық жағдайы және қай дәрігерлік топқа жататындығына қарамастан 5-11 — сыныптардың кез келген оқушысы қабылданады. Денсаулығына байланысты секциялық сабақтарға қатысуға рұқсат етілмеген оқушылар ұжымның қоғамдық және ұйымдастыру (төрешілік ету, шахмат, дойбы және т. б. секцияларда есеп жүргізу) жұмыстарына қатысады. Ұжымға кіргісі келетін оқушылар ұжым кеңесіне (советіне) арыз береді.
Қанағаттанғысыз бағасы бар немесе мінез-құлқы нашар оқушылар, өздерінің кемшіліктері мен жетістіктерін, нашар бағасын түзеткенше ұжымдағы жаттығу сабақтарына жіберілмейді. Дене тәрбиесі ұжымының мүшелері ынталы болып, жақсы оқуға, тәртіпті болуға, ұжым секцияларының бірінде жүйелі түрде жаттығуға, жастарына сәйкес таңдап алған спорт түрлері бойынша Президент сынамаларының нормативтерін тапсыруға, жарыстарға қатысуға міндетті.
Ұжым кеңес. Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерішң жалпы жиналысы 5 -9 адамнан ұжым кеңесін сайлайды. Кеңес бір жылға сайланып, ұжымның барлық жұмысына басшылық етеді. Дене тәрбиесінің мұғалімі кеңестің құрамына шешуші дауыспен енеді. Кеңес өз жұмысына мектептің ұстаздары мен жетекшілерін тартады. Кеңес өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды. Кенестің әрбір мүшесіне кеңес жұмысының қайсы бір саласына, мысалы, оқу-спорттық, үгіт-насихат, шаруашылық, көпшіліктік т. б. жұмыстардың біріне басшылық жасау тапсырылады. Кеңес мүшелері бұдан басқа сыныптардағы көпшіліктік жұмыстарды ұйымдастыруға бөлінеді.
Кеңес өзінің отырыстарына топтардың жетекшілерін, команда капитандарын, дене тәрбиесі белсенділерін шақыра отырып, үнемі жиналып тұрады. Кеңес мектеп директоры мен ұжым мүшелерінің жалпы жиналысының алдында жылына кемінде екі рет өз жұмысы туралы есеп береді. Кеңестін есепті баяндамасы жылына бір рет педагогикалық кеңесте тыңдалады. Кеңес бір жыл бұрын өз жұмысы туралы алдағы жылға жоспар жасайды. Жоспар мектептің жылдық жоспарымен байланыста жасалады және оның жеке бір бөлімі ретінде енеді.
Секция — дене тәрбиесі ұжымының аса маңызды бөлімі. Дене тәрбиесі ұжымының барлық оқу-спорттық жұмысы спорттың жеке түрлері бойынша түзілген секцияларда құрылады. Секция белсенділері мүғалімнің және мектеп кеңесінің (оқушылардың) көмегімен және басшылығымен спорттың сол түрінен көпшіліктік жұмыстар жүргізеді.
Оқушылардың секциялардағы спорттың қай түріне қызығшылығы болуы негізінде оқу және тәрбие жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.
Секция дене тәрбиесі оқу сабақтары бағдарламасының материалдарын оқушылардың жақсы және тиянақты меңгеруіне көмектеседі. Секцияларда дене тәрбиесінің мұғаліміне көмектесе алатын дене тәрбиесі белсенділері даярланады. Сондай-ақ Президенттік сынамалар бойынша жұмыстар ұйымдастырылады. Секция мектеп дене тәрбиесі ұжымының аса маңызды ұйымдастырушысы және оқытып-үйрету буыны болып табылады [24].
Дене тәрбиесі ұжымында қандай секциялар ұйымдастырылады? Мектеп дене тәрбиесі ұжымында бірінші кезекте қандай секцияларды ұйымдастыруға болады? Мектептер тәрбиесіне сүйенсек, жеңіл атлетика, гимнастика, волейбол, баскетбол, футбол, теннис, велосипед спорты, коньки, шаңғы тебу, ату спорты, жүзу, өлкетану бойынша секциялар жетекші орында болуы керек. Гимнастикалық залы жоқ ауыл-селолық мектептерде шаңғы спортының, жеңіл атлетиканың, спорттық ойындардың, жүзудің, коньки тебудің және велосипед спортының дамуына ерекше мән беру керек.
Мектептегі дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың жүзеге әлі толық аспай келе жатқан маңызды кұралы өлкетану жұмыстары болып табылады. Осы айтылғандардан қандай секцияларды ұйымдастыруға болады деген мәселені әр мектеп өз мүмкіндік жағдайына қарай шешеді.
Секцияны ұйымдастырғанда мектепте оның жұмыс істеуі үшін жағдай жасалынған ба, жоқ па, осыны анықтап алу керек. Мұндай қажетті жағдайларға жататындар: спорттың сол түріне қызығатын оқушылардың жеткілікті тобының болуы, сабақ өткізілетін орынның және қажетті спорт жабдықтардың болуы, сабақтардың әдістемелік басшылықпен қамтамасыз етілуі. Секциялар мектеп орналасқан жердің климаттық және географиялық жағдайын еске ала отырып ұйымдастырылады.
Спортты меңгерген оқушы өз жолдастарынан көш ілгері озып кетсе және мектеп секциясы оның одан әрі өсуін қамтамасыз ете алмаса, онда оны мүмкіндігіне қарай жас-өспірімдердің спорт мектебіне жіберген тиімді. Бірақ мұндай жағдайдың өзінде де оқушы өз мектебінен байланысын үзбей, оның атынан жарыстарға қатысып, қоғамдық-нұсқаушы міндетін атқарып, ұжым кеңесінің жұмысына көмектесе отырып, мектептің дене тәрбиесі ұжымымен және жалпы мектеппен байланыста болуға тиіс.
Дайындық жұмыстары және үйірмені ұйымдастыру. Мектеп ұжымында секциялар ұйымдастыру үшін дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Дайындық жұмыстарының мазмұнына енетін мәселелер: секцияны ұйымдастыру туралы мәселені ұжым кеңесінде қарау; дайындық жұмыстарын жүргізу үшін уақытша бюро немесе жауапты оқушыларды, кеңес мүшелерін және мектеп белсенділерінің өкілдерін белгілеп, бөлу; жаттығатын орынмен гимнастикалық залмен, алаңдармен, шаңғы базасымен, жүзу станцияларымен және т. б. қамтамасыз ету; бірінші кезекте белсенділердің күшімен осы базаларды жөндеуден өткізу, егер қажет болса қайта жабдықтау; қажетті спорт жабдықтары (доптар, коньки, шаңғы және т. б.) мен киімдерін алу; оқушылар арасында түсінік жұмыстарын жүргізу (мұғалімнің әңгімесі, сыныптардағы ауызша хабарлау және хабарландырулар ілу, мектептің қабырға газетін пайдалану, спорттың сол түрі бойынша спорт шеберлерімен кездесу, спорттық кинофильмдерді көрсету); мектеп сыныптарында секция мүшелерін бейнетаспаға жазу; мұғалімнің нұсқауымен жаттығудың өткізу кестесін жасау; секцияны ұйымдастыру жиналысын өткізу және секция төрағасын сайлау; секцияға жазылғандарды дәрігерлік бақылаудан өткізуді ұйымдастыру, секция жұмыстарының қажетті құжаттарын дайындау (қатысушылар тізімі, сабақ журналы).
Секция мүшелері топтар мен командаларға бөлінеді. Топтарда жетекшілер, ал командаларда капитандар сайланады. Бұлар өздерінің топтары мен командаларындағы тәртіп, ұйымдастыру жұмыстарына, тәртіп пен реттілікке жауап береді. Топ жетекшілігі мен капитандық орындарға неғұрлым беделді және тәртіпті оқушыларды ұсыну керек.
Секция жұмысының мазмұны. Секция мұғалімнің және дене тәрбиесі кеңесі мен мұғалімдердің басшылығымен өз бетінше жұмыс істейтін оқушылардың қоғамдық ұжымы болып табылады. Секцияның барлық ұйымдастыру және ішкі жұмыстарын мұғалімнің басшылық етуімен негізінен оқушылар күшімен шешілетіндей етіп ұйымдастыру керек. Секцияның бюросы тәмендегідей жұмыстарды жүргізеді: секциялардағы топтар мен командалардың жүйелі сабақтарын кесте бойынша дәл уақытында өтуін бақылай отырып және сабақ кезінде қажетті тәртіп пен реттілік сақталатындай етіп ұйымдастырады. Секция ұжым кеңесінің және мұғалімнің басшылығымен секция мүшелерін жарыстарға тиянакты түрде даярлауды қамтамасыз ете отырып, мектепішілік және мектептен тыс жарыстарға топтар мен командалардын қатысуын ұйымдастырады; оқушылардың, секция мүшелерінің спортқа деген қызығушылығын, жауапкершілік, жолдастық сезімдерін және мектеп дене тәрбиесі ұжымына деген мақтаныш сезімін қалыптастыра отырып, олармен тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Секция спорттың сол түрімен айналысатын оқушыларды Президент сынамаларының нормативтерін тапсыруға дайындайды, Президент сынамаларын тапсыру барысының есебін жүргізеді және бұл жұмысты барлық жағынан қолдап, насихаттайды. Секция жаттығушылардың спорттағы жетістіктерін есепке алып отырады және осы есепті әрбір оқушыға жеткізеді. Ол үшін спорттың сол түрі бойынша секцияның және мектептің рекордтары кестеге түсіріліп, көрнекі орынға ілінеді. Секция мектеп дирекциясы және дене тәрбиесі кеңесі өткізетін көпшіліктік шараларға қатысады, оқушылар өз өнерлерін көрсетуді, ашық сабақтарды, секциядағы спорт түрі бойынша барлық оқушыларға арналған тиісті жұмыстарды ұйымдастырады. Секция спорттың сол түрінен Президенттік сынамаларды тапсыру және оған дайындалуға білдірген оқушылардан арнайы топтар ұйымдастырады. Бұл топқа қатысқысы келген оқушылардың барлығы да қабылданып, оларға сабақ өткізетін қоғамдық нұсқаушыларды белгілеп, бөледі. Дәл осылай етіп жеңіл атлетика секциясы секіру, лақтыру және жүгіруден Президенттік сынамаларды тапсыруға тілек білдірген топтар ұйымдастырылады. Мұндай топтарды тікелей сыныптар бойынша ұйымдастырған тіпті қолайлы [25].
Мектептің жоғары сыныптары түгелге дерлік жарыс (жолына шығатын шаңғы және жеңіл атлетикалық жаяу жарысқа (кросқа) даярлық кезеңіндегі секция жұмысының ) мәні ерекше. Секция оқушыларды мүшелікке тарту жөнінде үздіксіз жұмыс жүргізуі қажет. Секцияларда өзге оқушыларға спорттың сол түрімен басқа оушылардың айналысуына мүмкіндік бермейтін жабык топтар болмауын кадағалап отыруы керек. Жаңадан катыса бастағандар спорттың сол түрінің техникасын меңгеріп алғанша оларға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Көп жағдайда секцияға жаңа келген оқушы секция басшылығы тарапынан колдау таба алмай, жаттығуға қатысуды тоқтатып, секцияны тастап кетеді. Жаңадан қатысқандар үшін кейде арнайы топтар мен сабақтар ұйымдастырылады. Жаңадан қатысушылармен жаттығулар өткізуге мұғалімге көмектесу үшін жоғары сынып оқушылары арасынан белсенділер тартылады.
Ұжым секцияларында кейде құрамның тұрақсыздығы байқалады, осы мәселеде көп жұмыстар атқарылуы керек. Мұндай тұрақсыздыққа оқушылардың өз уақыттарын дұрыс жоспарлай алмауы, оқу жүктемесінің өте көп болуы, жаттығып жүрген спорт түріне оқушының тиянақты қызығушылығының болмауы, спортты жаңа бастағандарға дұрыс көңіл бөлінбеуі, секцияда өткізілген сабақтардың іш пыстыруы, спортпен айналысудың болашағын түсінбеу және білмеу оқушыларға дене тәрбиесі мұғалімі тарапынан дұрыс қолдау көрсетілмеу, секция сабақтары кестесінің қолайсыз жасалуы және басқалар себеп болады.
Тұрақсыздықтың себептерін мұқият түрде зерттеп білу және әрбір нақты жағдайда оның алдын алу шараларын жүргізу қажет.
Озат мұғалімдердің іс-тәжірибесінен дене тәрбиесі ұжымының табысты болуына оқу озаттары мен дене тәрбиесі белсенділеріне сүйенетін мұғалімнің тиянақты ұйымдастыру жұмыстары жол салатындығын көреміз.
Секция мүшелерінің жалпы жиналысы өз араларынан секция төрағасын сайлайды. Төрағаны ұжым кеңесі бекітеді.
Дирекция тарапынан басшылық. Мектеп директоры мектептегі сыныптан тыс спорттық және кәпшіліктік дене тәрбиесі жұмыстарының жағдайына жауап береді. Директор мектепте осы жұмыстарды жүргізуге қажетті жағдайларды жасауға, атап айтқанда: мұғалім шақыру, жаттығу үшін орын (спорт алаңы, гимнастикалық зал) ұйымдастыру, қажетті құрал-жабдықтарды алу, спорттық және кәпшіліктік дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізу үшін оқушылар ұжымын, сынып жетек-шілерін, бүкіл ұстаздар қауымын және мектеп дәрігерін іске қосуға міндетті.
Директор мектеп дене тәрбиесі ұжымының жұмысын ұйымдастыру мен жақсарту ісіндегі оқушылар талабын қолдап, бағыттап отырады және бұл іске оқушылардың ата-аналарын да тартады. Директор дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды мектептің алдында тұрған негізгі оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағыттай отырып, оның жағдайы мен сапасын бақылайды.
Дене тәрбиесі мұғалімінің рөлі мен маңызы. Дене тәрбиесі мұғалімінің сыныптан тыс жұмыстардағы рөлі әте зор. Жұмыстың табысты болуы оның кәсіби біліктілігіне, жұмысқа берілгендігіне тікелей тәуелді. Өз пәнін теориялық және практикалық жағынан жақсы білу мен педагогикалық шеберлік — дене тәрбиесі мұғаліміне қойылатын міндетті талаптар осылар.
Мектепте сьшыптан тыс спорт жұмыстарын әдістемелі жағынан дұрыс және қызғылықты етіп ұйымдастыра алатын кәсіби білікті дене тәрбиесінің маман мұғалімі жұмыс істеуі қажет. Арнаулы білімі жоқ, бірақ өзін жұмыста жақсы көрсете білген дене тәрбиесінің мұғалімін білім жетілдіру курсына жіберу немесе сырттай дене тәрбиесінен білім алу үшін оқып алуына мүмкіндік жасау керек. Ұжым секцияларындағы оқыту ісіне өзге ұйымдардан оқытушыларды (спорт шеберлерін, ерікті спорт қоғамдарынан жаттықтырушыларды, әскери бөлімдерден нұсқаушыларды және т. б.) жұмысқа тартқан жағдайда оқушылармен жұмыс жүргізуге лайықты, яғни балалармен жұмыс істеген педагогикалық тәжірибесі бар адамдарды іріктеп алу керек. Секциядағы жаттықтырушылық жұмысқа адамдар тек директордың рұқсатымен ғана қабылданады [26].
Дене тәрбиесінің мұғалімі директордың алдында мектептегі дене тәрбиесінің барлық бөлімдері үшін, оның ішінде сыныптан тыс жұмыстар үшін де жауап береді. Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізетін барлық адамдар өздерінің жасаған барлық құжаттарын бекітіп отыратын дене тәрбиесінің мұғаліміне тікелей бағынады.
Мұғалім жұмысының мазмұны. Мұғалім ұжым кеңесімен бірлесе отырып дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың жоспарын жасайды және директордың бекітуіне ұсынады.
Мұғалімнің міндетіне жұмыс бағдарламасын, оқу жоспарын, Президент сынамаларын тапсырудың графиктерін, жарыс календарларын жасау және ұжым секцияларындағы жүйелі және өз мәніндегі сапалы оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру жұмыстары кіреді. Ол ұжым кеңесімен бірлесе отырып мектептегі дене тәрбиесі белсенділерін: сыныптардағы дене тәрбиесін ұйымдастырушыларды, жекелеген секцияларда мұғалімге көмек беретін қоғамдық нұсқаушыларды, спорттың жекелеген түрлері бойынша бақылаушылар мен төрешілерді, команда капитандарын, топ жетекшілерін, жалпы мектептік көпшіліктік шараларды жүргізетін ойын бастаушыларды даярлауды ұйымдастырады. Дене тәрбиесінің мұғалімі педагогикалық кеңесте және ата-аналар жиналыстарында мектептегі дене тәрбиесінің жағдайы мен кезекті міндеттер туралы баяндамалар жасайды, сынып жетекшілерін нұсқаумен таныстырады, ұжым кеңесімен бірлесе отырып сыныптардағы көпшіліктік спорт жұмыстарын ұйымдастыруда оларға көмекке келеді, ұжым секцияларындағы спорттық жұмыстарға белсенді түрде қатысуға мектеп белсенділерін даярлайды, сыныптан тыс жұмыстардың есеп және Президент сынамаларын тапсыру мен мектеп оқушыларының спорттағы жақсы жетістіктерін арнайы есепке алады.
Сыныптан тыс жұмыстар мұғалімнен ынта-ықыласты, көп күш пен уақыт жұмсауды талап етеді. Мектептегі дене тәрбиесін жақсарту мақсатында есепке алынатындай спорттық-көпшіліктік жұмыстардың мұғалім білмейтіндей бірде-бір мәселесі болмайды.
Мұғалімнің сыныптан тыс жұмыстары. Сыныптан тыс сабақтар барысындағы мұғалімнің тәрбие жұмыстары маңызды мәселе больш табылады. Дене тәрбиесі ұжымындағы барлық тәрбие жұмыстары мектеп белсенділерімен тығыз байланыста және олардың белсенді көмегі негізінде құрылады.
Дене тәрбиесінің мұғалімі мектеп кеңесіне сүйене отырып сыныптан тыс (спорттық) жұмысты оқушыларға қоғамдық борыш, абыройлы болу сезімдерін дарыту, өзінің іс-қимылына саналы түрде жауап беру, білімдерді ғылым негіздерін жақсы меңгеру, азаматтық-адамгершілік нормаларын қатаң сақтау жауапкершілігін қалыптастыру сияқты мектептегі күнделікті және тиянақты тәрбие жұмысына көмек беретіндей етіп ұйымдастыруы керек. Дене тәрбиесінің мұғалімі спорттық жаттығуларды ұйымдастырылуы жағынан үлгілі етуге, оқушыларды үлкендермен және мұғалімдермен сөйлескенде өзін дұрыс ұстай білуге, мектеп директорымен, мұғалімдермен кездескенде сәлемдесуге, жолдастарымен, жоғары сынып оқушыларымен сөйлескенде әдепті, сыпайы болуға, қоғамдық орында мәдениетті болуға, ұжым мүшелеріне сыйластықпен қарауға және «Оқушыларға арналған ережеде» баяндалған жалпы қабылданған мінез-құлық ережелерін қатаң сақтауға үйретуге міндетті. Әсіресе, тәртіптілікке, жинақылыққа, бой түзеуге деген биік талап жоғары сынып оқушыларына қойылуы керек. Дене жаттығуларымен айналысу барысында оқушыларға қойылатын тазалық пен ұқыптылыққа деген талаптардың үлкен мәні бар [27].
Тәртіпті қалыптастырудың негізгі әдістеріне мыналар жатады: түсіндіру, сендіру, мұғалім мен озат оқушылардың жеке бас үлгісі, көрсету, белгіленген талаптарды орындау; ісінде оқушылардың жаттығуы, олардың орындалуын бақылау, оқушылар ұжымын дұрыс ұйымдастыру, мақтау мен жазалауын ескеру.
Оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарда, жарыстарда мінез-құлық ережелеріне үйретіп, бұл ережелерді практикада орындай білуге баулу керек.
2.2 Жаттығушылар белсенділерін даярлау және тәрбиелеу
Ұжым кеңесі мен мұғалімнің аса маңызды міндеттерінің бірі — дене тәрбиесі ұжымының айналасына мектеп оқушыларының арасынан көп санды және тиісті деңгейде дайындықтан өткізілген белсенділерді ұйымдастыру мен топтастыру. Ондай белсенділерсіз сыныптан тыс спорттық жұмыстардың өрісін кеңейту мүмкін емес.
Белсенділердің бірінші тобы — дене тәрбиесінің ұйымдастырушылары мен насихаттаушылары. Бұл топқа жататындар: сыныптардағы дене тәрбиесінің ұйымдастырушылары, топ жетекшілері, секция төрағалары, ұжым кеңесінің және оның жанынан ұйымдастырылған әр түрлі комиссиялардың мүшелері.
Белсенділердің екінші тобы — мұғалімнің оқу-спорт жұмыстары жөніндегі көмекшілері, арнайы семинарлардан өтіп, мұғалімнің бақылауымен және тапсыруымен оқушылар тобымен сабақ өткізетін қоғамдық нұсқаушылар, жеке командалардың жаттығуында мұғалім мен жаттықтырушыға көмектесетін спорттық командалар капитандары, спорттың жеке түрлері бойынша төрешілер, жарыстардағы бақылаушылар мен хатшылар және т. б.
Белсенділердің үшінші тобы – көпшіліктік спортшыларды жүргізетін, жарыс пен әр түрлі ойындарды басқарушылар.
Белсенділерді даярлаудың негізгі түрі — семинарлар, ал басқару түрі — жеке немесе топтық нұскау беру мен мәжілістер.
Дене тәрбиесінің ұйымдастырушылары, кеңес мүшелері, секция төрағалары, қоғамдық нұскаушылар және спорттың жеке түрлері бойынша тағайындалған төрешілер үшін семинарлар өткізіліп тұрады.
Семинарларды халыққа білім беру бөлімдерімен бірлесе отырьш аудандық немесе қалалық дене тәрбиесі және спорт комитеттері ұйымдастырып, өткізеді. Семинарлар осы аталған ұйымдармен келісе отырып, тікелей мектептің езінде өткізілуі де мүмкін.
Спорттың жеке түрлері бойынша қоғамдық нұсқаушыларды даярлағанда семинар бағдарламасында мектептегі дене тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны туралы, дене тәрбиесі жүйесінің негізі болып есептелетін Президент сынамалары туралы, спортпен айналысуға байланысты адам организмі мен оның қызметінде болатын өзгерістер туралы және сол спорт түрі бойынша теориялық және практикалық сабақтар: мектепте жаттығу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу әдістері, жарыс ережелері мен оны ұйымдастыру, спорттың осы түрінін техникасы мен тактикасын үйрену туралы мәселелерді қарастыру керек.
Спорттың жеке түрлері бойынша төрешілерді даярлауда семинар бағдарламасында спорт саласындағы мектептің міндеттері, Президенттік сынамалар, оқушы-спортшыларды тәрбиелеудегі төрешілердің рөлі, бірыңғай спорттық классификация, спорт түрінің қысқаша техникасы мен тактикасы, жарысты ұйымдастыру мен өткізу, жарыс ережесі, төрешілік ету мәселелері қарастырылады [28].
Мектептің жағдайында спорттың түріне, семинарға жіберілген оқушылардың даярлық деңгейіне байланысты оқу жоспары басқарушы ұйымдардың рұқсатымен нақтыланып, өзгеруі мүмкін.
Семинарларда даярлықтан өткен белсенділер жүйелі басшылықты және мамандығын түрақты жетілдіріп отыруды қажет етеді. Басшылық ең алдымен жекелей және топтық нұскау беру түрінде іске асырылады.
Мұғалім жас төрешінің жұмысын бақылай отырып, оған әр түрлі жөн сілтеуі мүмкін: міне осыны жеке нұсқалар деуге болады. Мұғалім сыныптардағы дене тәрбиесі ұйымдастырушыларын жинап және алда болатын мектеп спартакиадасына байланысты олармен бірге спартакиаданың күнтізбесі мен ережесін пысықтайды және оларды ұйымдастыру жұмыстарының мазмұны туралы нұсқау береді. Немесе екі жеті сайын қоғамдық нұсқаушыларды жинап, секциядағы болатын алдағы екі-үш сабақтың мазмұны бойынша нұсқаулық өткізеді. Мұны топтық нұсқау беру немесе нұсқаулық сабақтар деуге болады.
Жиналыстар (мәжілістер), оқу жиындары және конференциялар басшылық ету және мамандықты жетілдіру түрі болып табылады. Бұларды алдын ала белгіленген және мұқият әзірленген бағдарлама бойынша халыққа білім беру бөлімдері мен дене тәрбиесі және спорт жөніндегі басқармалар өткізеді. Нұсқау беру мақсатында дене шынықтыру белсенділерінің жұмысын есепке алуды ұйымдастыруға және жүргізілген жұмыстар туралы қоғамдық ұйымдардағы есепке назар аудару кажет. Сынып дене тәрбиесінің ұйымдастырушысы сынып мүшелерінің жалпы жиналысында, төраға секция мүшелерінің жалпы жиналысы алдында, топ жетекшісі топтың жалпы жиналысында, команда капитаны өз командасының алдында есеп береді. Алдыңғы қатарлы белсенділерге алғыс жариялап (мектеп бойынша), спорттық құрал-жабдықтарды пайдалануға жеңілдіктер беру арқылы көтермелеп отырған жөн.
Көпшіліктік спорт жұмыстарының негізгі ұйымдастырушы формасы орта мектептердің дене тәрбиесі ұжымы болып табылады. Дене тәрбиесі ұжымының басшылығымен сыныптардағы оқушылар арасында дене тәрбиесі бойынша көпшіліктік жұмыстар ұйымдастырылады. Дене тәрбиесі
ұжьмы мектеп директоры мен дене тәрбиесі пәні мұғалімінің басшылығы және мектеп белсенділерінің (оқушылар), сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің, мектеп дәрігерінің қатысуы және олардың белсенді көмегі болып табылады. Мектептің дене тәрбиесі ұжымы төмендегідей міндеттерді
атқарады.
- Дене тәрбиесі мен спортқа оқушыларды көптеп тарту, оларды Президент сынамаларын тапсыруға даярлау.
- Оқушылардың денсаулығын нығайту, денесінің дамуын жетілдіру, сабақ үлгерімін арттыру жұмыстары бойынша мектепке қолғабыс тигізу.
- Сабақтарда оқушылардың алған білімі мен дағдыларын жетілдіру, спортпен жүйелі түрде айналысуға деген олардың ұмтылысын туғызу.
- Оқушылар арасынан қоғамдық дене тәрбиесі белсенділерін: дене тәрбиесі ұйымдастырушыларын, қоғамдық нұсқаушыларды, команда капитандарын, спорттың әр түрі бойынша төрешілерді және өзге де басқарушы белсенділерді даярлау.
- Оқушылар мен олардың ата-аналары арасында дене шынықтыру мен спортты үгіттеу және насихаттау.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін ұжым өз жұмысын екі бағытта құрады:
1) өз секцияларындағы оқу-спорт жұмыстарын ұйымдастыру бағыты бойынша;
2) мектептің барлық оқушыларының арасында көпшіліктік дене тәрбиесі жұмыстарын кеңінен өрістету бағыты бойынша.Спорттың мақсаты мен міндеті
Спорт дегеніміз — әрбір жеке тұлғаның таңдаған спорт түрінен жоғарғы нәтижеге жетікізу саласы. Яғни жарыс әрекстінің, спортшыларды жарыстарға катысуға даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дсне шынықтырудың бір түрі. Қызметі спорттық әрекет, жарысушылық. интернационалдық, жүйксні реттсйтін, комуникативтік ақпараттық, жалпы мәдениеттік, д е н е н і жетілдіру, эвристикалық, бейбітшілік қызметі, ойын-сауықтық іс-әрекет..
Жарыстар жөніндегі ереже. Алдын ала, бәрінен бұрын жарыс күнтізбесін жасаумен бір мезгілде «Жарыстар жөніндегі ереже» жасауы керек. «Ережені» сол жарысты өткізетін жауапты ұйым жасайды, облыстық деңгейдегі жарыстар жөніндегі ережені облыстық білім департамеіптері аудандық оқушылар жарыстары жөніндегі аудандық оқу бөлімдері, ал мектепішілік жарыстар жөніндегі ережеге дене тәрбиесінің мұғалімі жасап, мектеп директоры бекітеді [29].
Кез келген «Жарыс жөніндегі ереже» мынадай бөлімдерді қамтуы керек: жарыстың міндеттері, жарысқа даярлық пен оны өткуге басшылық, жарыстың өткізілетін уақыты мен орны, командалар мен қызығуушылардың құрамы, жарыс бағдарламасы, бағалау жүйесі жәнс бағдарламаның әрбір түрі мен тәсілі, бағдарламаның нөмірлері мен спорт түрлері бойынша жеке қатысушы-жеңімпаздар мен Жеіңімпаз командаларға сыйлық беру мсн мадақтау реттері тапсырыс (заявка) беру мерзімдсрі.
«Ереже» сыныптарға, мектептерге, аудандарға, облыстарға сол жарысты өткізуден екі ай бұрын хабарлануы тиіс. Жарыстың бағдарламасы. Жарыс бағдарламасында тек ең маңызды және қойылған міндеттерді шешуге қажетті деген нәрселер ғана болуы қажет. Бағдарламада жас ерекшелігі топтарына бөлінген спорттық жаттығулар түрі мен спорттың түрі атап айтқанда және сынақ түрі жағынан командалық па, жекелсй ме немесе жекелей командалықта, осылар көрсетіледі.. Спортшылар оқушылардың жас ерекшелігше сәйкес келуі керек, Кептеген мектептің жасөспірімі жарыстарының жоғарыда тұрған ұйымдардың ұсынған бағдарламалары мен спорттың жеке түрлері бойынша жасалған ережелер алынып жүр.
Сыныптан тыс дене тәрбиесі ұжымының жалпы жұмыс жоспары
- Окушы-белсенділердің мәжілісін өткізу.
- Ұжым кеңесінің жаңа құрамына кандидаттар ұсыну жөнінде мектептегі оку ісі бөлімімен келісу.
- Секцияға жазылу туралы хабарландыру әзірлеу.
- Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерін кайта тіркеуден өткізу.
- Дене тәрбиешілері мен сынып жетекшілері арқылы дене тәрбиесі ұжымының жаңа мүшелерін тіркеу.
- Ұжымның құрамындағы окушылардың жиналысын өткізу және дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің жаңа құрамын сайлау.
- Ұжым ксңесінің жаңа құрамының жиналысын өткізу жэне олардың міндеттерін өзара бөлу. Мектептен тыс дене тәрбиесі. Мектептен тыс жүмыстарды ж\фгізу негізінен 5-сыныптан басталып, 11-сынып-пен аяқталады. Мұнда мектептегі 5-11 сыныптарда дене тәрбиесі бойынша өткізілетін мектептен тыс жрмыстардың алдына қойған максат-міндсттері, бағыт-бағдарлары, оларды ұйымдастыру әдіс-тәсілдері өзінін тұтастық сипатын сақтай отырып, жүйслі түрдс беріледі [30].
Дене тәрбиесі мен спорт бойынша жүргізілегін мектептен тыс жұмыстар мектептегі оқу тәрбис ісінін маңызды бөліктерінің бірі болып табылады және оқу-төрбие ісінің міңдеттрін, атап айтканда, дене тәрбиесі бойынша мектсп бағдарламасыңда көрсетілген міндетерді табысты түрде шешуге жәрдесуді алдына мақсат етіп койып отыр. Дене тәрбиесі мсн спорт бойыынша жүргізілетін мектсптен тыс жұмыстар мектептін оқу жоспары арқылы дене тәрбиесі сабақтарында оқушылардың алатын білім, білім, дағдыларын тереңдетуге, окушылардың денсаулығы мен денесінін жан-жақты даму деңгейін өсіруге, спортпен жүйелі түрде айналысуға деген қызығушылықтарын арттыруға тиіс.
Дене тәрбиесі мен спорт бойынша жүргізілетін мектепттен тыс жұмыстар Отанға деген сүйіспеншілік пен шын берілгендікті, саналы тәртіп пен адамгершілік тәрбиесінің өзге де жақтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мектептен тыс дене тәрбиесі орталық спорт кешеңдерінде, спорт сарай, мәдениет орталықтарында. спорттық манеждерде жүргізіледі.
- 3 Күрес спорт түрінің ағза өсуі мен дамуына физиологиялық әсері
Ағза өсуі мен дамуының жетілу кезеңіндегі әртүрлі қарқынының ортақ заңдылығына сүйене отырып, жас ерекшелігіне қарай кезеңдерге бөлу қабылданған. Барлық жетілу кезеңі шартты түрде бірнеше жас кезеңдеріне бөлінеді, яғни уақыттың өмірлік кезеңдері, бұл кездерде өсу және даму процестері жүреді, сондай-ақ ағзаның морфофункцияналдық ерекшеліктері де осы кезге сай келеді.
Әлеуметтік тұрғыдан жас кезеңдерін қандай да бір әлеуметтік іс-әрекетке дайын болуға қажетті уақыт аралығы деп қарау керек.
Жас ерекшелігіне қарай кезеңдерге бөлінудің түрлі үлгілері бар. Бірақ балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінде халықаралық симпозимда қабылданған кезеңдер схемасын пайдаланған дұрыс. Бұл үлгі балалық және жасөспірім кезеңдеріндегі өсу және даму процесі қарқынының өзгерістерін нақты және дұрыс көрсетеді [31].
Бұл үлгіге сәйкес жетілу кезеңінде 7 кезең жасалған:
1–жаңа туған кезең -1-10 күн;
2 – нәрестелік кезең – 10-1 жыл;
3 – сәбилік кезең -1-3 жыл;
4 – бірінші балалық кезең – 4 -7 жыл;
5 – екінші балалық кезең, ұлдар – 8-12 жыл; қыздар — 8 -11 жыл;
6 – жеткіншектік кезең, ұлдар – 13 -16 жыл; қыздар – 12- 14 жыл;
- — жасөспірімдік кезең, ұлдар – 17 -21 жыл; қыздар – 16 -20 жыл; [28].
Күрес спорт түрімен 10-18 жастың аралығында айналысуға мүмкіндігі бар. Бұл кезеңде организмнің өсіп дамуы біртіндеп жақсы дамыды. Дене мүшелерінің және ағза жүйелерінің дамуы бір-бірімен өте тығыз байланыста, яғни біртұтас құлылым.
Денедегі ішкі және сыртқы мүшелердің және жүйелердің өсу қарқындылығы санынан да мөлшерінің өзгеріске ұшырауыда біртіндеп байқалады. Сондықтан біз дене дамуы, қарқыны және салмағы әртүрлі адамдармен кездесеміз. Сондықтан жасөспірімдердің әртүрлі жастағылардың арасындағы шекаралық деңгей анықтауда жиі қиындыққа соғады.
Машықтандыру сабақтары бокс спорт үйірмесімен айналысушы жаттығушыларда жас ерекшеліктеріне қарай топқа бөліп жүргізіледі.
Олар: кіші топ 14-15 жас, үлкен (жоғары) топ 16-17 жас, жас өспірімдер тобы 18-19 жас және ересектер тобы 20 жас және одан жоғары жастағы жаттығушыларды топтастырады.
Бұр әрбір топ өз жас ерекшелігіне қарай, жарыс ережесіне сай бір-бірінен ажыратылып топтастырылады.
12-18 жас жыныс жүйелерінің жетілуі кезеңіне дәл келеді. Жұмыс жүйелерінің жетілу процесін байланысты өзгеруі, ағзаның барлығына өзінің әсерін тигізеді. 12-15 жаста дененің ұзындыққа өсуі өтеді, сондай-ақ гипофиз және щитовидный бездері қызметінің күшейтілуімен сәйкес келеді. Жас ерекшелігіне қарай кіші топтарда омыртқасының, көкірек клеткаларының, тазының және төмен жақтарының сүүйектенуі бітпейді. Ересек адамдарға қарағанда байланыс аппараттары жұмсақ. Осы ерекшеліктерін есептеп, күшті және иілгіштікті дамытатын жаттығуларды абайлап қолдану қажет. Бұларды артықша қолдану сүйектердің өсуіне қарама-қайшы әсерін тигізуі мүмкін және мүсінінің дұрыстығына әсерін тигізуі мүмкін және мүсінінің дұрыстығына әсерін тигізеді. 16-18 жаста өсу қарқыны азайыңқырайды және жасөспірім жылына шамамен 3 см-ге өседі [32].
Жас ерекшелігіне қарай 14-18 жас аралығындағылар ағзасының күш жинауда қарқынды дамыған, мүлтіксіз епті, төзімділігі артқан, барлық мүшелер жұмысы белсендіріліп, жас ерекшелігін қарай жүйке жүйесінің қалпы өзгеріске ұшырауы, жүрек және тыныс алу мүшелерінің жұмысы, тұлғаны бойы, жайына қарай өзгеріске ұшырайды. Сондықтан 14-16 жас кезінде бұлшықет жұмыстарына көптеп жаттығулар жұмысының қарқындылығын күшейту қажет.
Ал 17-18 жас жасөспірімдерде бұлшықет ұлпасында күш қуаты артады, жүрек-қантамырлар жүйесінің қызметі әлдеқайда дамыған, тамыр соғысы жоғарылайды, қан қысымы төмендейді, жүрек көлемінің соққысы, ересектердің жүрек көлемінің соққысына тең келеді.
Күресші машықтануда жаттығудың техникасы мен тактикасын меңгеруде тұлғаның денелік және психологиялық жағдайына күш салады.
Сондықтан жасөспірім жаттығумен айналысуда оларға оқыту қажет, олар неғұрлым жас кезде, белсенділікті жетеу қарқынды жүреді. Кездейсоқ алған соққылар жүйке жүйесінің қалпын тежеуге ұзақ күш салады. Сондықтан жаттығуларды бөліп, ұзақтығын бақылап, тынығу ұзақтығын ескеріп отырған жөн. Сондай-ақ күштілік соққыларын толық қолданып отыру қажет. Жасқа қарай белсенділік қарқындылығын ерекшелігіне сай мөлшерін, салмағын, жүйлермен мүшелер белсенділігін, әсіресе жүйке жүйесін бақылауға ұстау қажет. Жылдамдық координациясы, күш санасы арта түседі.
Жүрек бұлшықетінің және барлық ағза дамуы жаттығумен жалпы қарқындылығы міндетті. Бүкіл ағза машықтану үстінде ішкі мүшелерге, бұлшық еттерге салмақ түсірсе жүректің, жұмыс қарқындылығын екі есеге арттырып қатты күш салады. Мұндайда жүрек гипертрофия жағдайына үшырауы мүмкін. Сондықтан жүрек-қантамырлар жүйесінің жұмыс белсенділігін өз денгейінде ұстау жалпы дене дайындығының жүйке және дене салмағының денгейінде ұстауға мынадай: жүру, жүгіру, жүзу, спорттық жүріс жаттығулары көмектесе алады.
Жасқа сай артериальдық қысым балалар мен жасөспірімдерде біртіндеп көтеріліп, қан қозғалысының жылдамдығы жоғарылайды. Бұл үшін дене жүктемелерін жүрек-қантамырлар жүйесінің қызметіне сай игеру қажеттігін меңгеру. Қалыпты қан қысымы 18 жаста бірдеңгейде теңеседі.
Жасөспірімдердің қан қысымының ұлғаюы белгіленеді. Артық жүктеме алғанда олардың жүрегі ауыруы және басы айналуы байқалады. Шаршау жағдайы жеңіл байқалады. Үзбей жаттығудың нәтижесінде бұл қайшылық көрініс біртіндеп ғайып болады. Үлкен шыдамдылықты ерек ететін жаттығуларды қолданғанда, жүректің гипертрофиясына әкелуі мүмкін. Жүректің артық қуаттылығын қайтару үшін жүктемені қатаң біртіндеп ұлғайту қажет.
Жасөспірімдердің үлкен жастағыларына жүйке жүйелерінің жұмысцы жүрек қызметінің реттеуде өте дұрыс құрылады. Жүрек соғуы-аз, жүрек көлемінің соғуы-ересектердің байқалуындағыға жақын [33].
Көрсетілген өзгерістер арнайы шыдамдылықтың дамуына жағдай туғызады. Жасөспірімдердің ағзасы ұзақ уақыт бойынша жұмысқа қабілеттілігінің жоғары деңгейде ұстап тұру қабілетін меңгере алмайды. Жасөспірімдер тез шаршайды, бірақ, тез өзінің күші қалпына келеді. Күшінің тез қалпына келуі сонда өтеді, егер олар аз және оңтайлы жүктеме алғанда. Қатсыушылардың күшінің орнына келуі заттардың көтеріңкі ауысуының есебінен болады. Сондықтан да барлық сабақ бойынша жұмыс қабілеттілігін сүйемелдеу үшін, демалу үшін жиі үзіліс қажет. Жүктемені артық мөлшерде алғанда қыатысушылардың күшті қалпына келтіруі созылады. Сондықтан да үлкен жүктеме, ересектердің іс-тәжірибесіндей жасөспірімдерге жол беруге болмайды.
Жүрек-қантамырлар жүйесі қызметінің жоғарлауы тыныс алу жүйесінің қызметін күшейтеді.
16-18 жаста өкпе массасының көлемі күшейеді, өмір сүрумен байланысын арттырады.
Бізге белгілі бұлшық ет қызметінің белсенділігі ондкағы қан мөлшерінің жұмыс қабілетіне байланысты, бұлшық ет қызметін арттырады. Сондықтан алдымен бұлшық еттің қанмен қамтамасыз етілуін бақылап, соңынан бұлшық ет қызметінің белсенділігін арттыру қажет. Яғни күрес жаттығу сабағының алдын-ала, немесе оқу жекпе-жек сәтінде, жаттығушы тым шаршағыш келеді, өйткені тыныс алу дұрыс қойылмаған, бұлшық ет шынығуы жеткіліксіз, .нағыз жекпе-жек сәтінде белсенділік көрсете алмайды. Жас өспірім жаста ересектерге қарағанда күресші жекпе-жек сәтінде ерте шаршайды. Сондықтан ересектерге қарағанда жасөспірім жастағылардың жаттығу сабақтарын таза ауада, сыртқа алаңда өткізген жөн, өйткені тыныс алу оттегімен толық қамтамасыз етілуін ескеру қажет.
12-15 жастағы жасөспірімдердің ет ұлпалары ұзындыққа тағы да қарқынды өседі, көлденеңіне қарағанда және 15 жаста денесінің барлық салмағының мысалға 32 пайызға құрастырылады. Жасөспірімдердің ет жүйесінің функционалдық мүмкіншілігі, ересектерге қарағанда төмен. Осыдан күшке және төзімділікке арналған жаттығуларды қолдану қатаң регламенттік болу қажет және жүктеменің ұлғаюының сатысы оған бейімделуінің өлшемінде.
Ғылыми деректерге қарағанда 13-15 жаста қимыл анализаторларының қалыптасуы аяқталады. Осыған орай 15 жастан бастап күшті мақсаттылықпен дамытуға мүмкіндік туады. Еттер ұлпасы қуатты өседі және 17-18 жастағы жасөспірімдердің денесінің салмағының 44% жетеді, сондықтан дене қуаттылығын керек ететін техникалық қимылдарды үйренуге мүмкіндік туады. Жасөспірімдердің ішкі құрылысы мен іш еттері ілсіздігі жағынан байқалады. Мұндай жағдай жаттығуларды байқап қолдануына кенрек етеді, қалайда жасөспірімдердің әдістемелік сабағында олардың жүрек-талшықтарының жүйелеріне ерекшеліктерін ескеру керек.
Жасөспірімдердің тыныс алу мүшелері, сондай-ақ өзінің ерекшеліктері бар. Соның бір ерекшелігі көкірегінің дамуын периметрі жәй өтеді, дененің ұзындыққа өсуіне қарағанда. Осы жағдай тыныс алу жүйелерінің дамуын шектейді. Тыныс алу реттелуі жетілдірілмегеннен дене жаттығуларын үлкен жүктемемен өткізу тыныс алудың ырғақтығы бұзылуы мүмкін. Бұл қаралып жатқан жаста мәнді өзгеріске балалардың психикасы да кіреді. Одан әрі психологгиялық ысылуы өтіледі. Жасөспірімдер 12-15 жаста ересектерге ұқсауға тырысады, өз бетінше ынталануға, ерлікте көзге түсуге. Олардың мынадай жоғары психологиялық қабілеттілігі дамиды, шын ойлауы, өзінің істерін және мінезін қорыта білуін және талдауын. Ересек болуға тырысып, жасөспірімдер теріс мінездерін көрсетуі мүмкін: қызбалық, дөрекілік т.б. Оқытушының мақсаты қатысушыларға дұрыс қабілеттілігін дамытуды ояту болып саналады, керекті бағыт беру. Оны да ұмымпаған жөн жасөспірімдер бір қызметпен айналысып, қолжетерлік мөлшерлерде бақылауын жоғалтады. Олар барынша үлкен салмақ көтеруге тырысады, барынша жарысқа жиі қатысуға, арнайы дайындықсыз күрделі әдісті істеуге талпынады. Сондықтан да жасөспірімдерге қатаң педагогикалық бақылау қажет [34].
Оқыту мен жаттығу сабақтарында психологиялық жас ерекшелігін ескеру негізгі факторлардың бірі.
Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық саласы ересектер психологиялық саласы ересектер психологиялық санасынан ерекшеленеді. Балалар мен жасөспірім жаста бұл саланы жаттықтырушының педагогикалық шеберлігінен оның жаттығу сабағында әр бір баламен жекелей жұмыс жүргізгенінен байқауға болады. Балалар мен жасөспірімдерде көру қабілеті өте жақсы дамыған. Бұл жаста жаттығушы жоғары дәрежеге жетуде техникалық машықтануды меңгеруде сәттілікке жетеді. Жасөспірімдер бұлшық ет қызметінің жұмысын өзі бақылау жасауда белсенділігінің даму қарқындылығын аңғара алады.
Жасөспірім жасында мінездік ерекшеліктер орталық нерв жүйелері қызметінде әсемдік және нерв процестерінің қозғалмалығы болып табылады. Сол, икемділікті керек ететін жаттығуларды тез игеріп кетуін мүмкіндік алады.
12-15 жастағы жасөспірімдердің жүйке пройестерінің оянуымен және тежеуі бір қкалыпта емес екендігі белгіленеді. Ояну процесі тежеу процесінен асыңқырақ болады. Сондықтан да жасөспірімдер тәртіпті жиі бұзады, ересектерге қарағанда. Жүйке процестерінің бірқалыптылығын жетіспегенінен көңіл күйінің жылдам ауысуына және жүйке жылдам шаршауына әкеледі. Осыны есептей отырып, оқытушы сабақты жоғары деңгейде өткізуге, қатысушылардың қызметін жиі өзгертуге талпыну қажет.
16-18 жастағы жасөспірімдердің бөлімдердің әрі қарай қызметінің дамуы жалғасады. Бұл жаста олар сабырлылық бірқалыпты бола бастайды. Алға қойған мақсатын біліп, олар жеке жетілдіруге талпынады, жолдастьық сезімі көріне бастайды, бір-біріне көмектесуі және өзінің білірмін кейін қалушыларға береді. Бұл олармен оқу-тәрбие жұмысын өткізззуін жеңілдетеді. Жоғары жастағы жасөспірімдер өзінің дамуымен ересектерге жақын. Сонымен, жасөспірімдер өзінің даму процесінде өзіне тән ересектерге ерекшеліктері өзідерінде бар. Сондықтан да олармен сабақ өткізгенде біліп және осы ерекшеліктерді есептеу қажет. Жаттықтырушыларға жас ерекшеліктерін есептеу балуандарды тек жақсы дайындауда емес, әрі және организмін паталогиялық өзгерістерінен қашады. Бұл және сауықтырғыш бағытына жетеді, бұл дене тәрбиесінің негізгі мақсаты болады. [35].
Қимыл белсенділігі. Адам күнделікті іс-әрекетінде-тұрмыста, өндірісте, дене тәрбиесі мен спортпен айналысқанда әралуан қозғалыс жасайды. Физиологиялық тұрғыдан алғанда-өзара таптаурынды тізбектелген қозғалыс әрекеттері (қимылдар) белгілі мақсатқа жету үшін орындалатын жаттығулар. Оның ішінде спорттық жаттығулар ең жоғары көрсеткішке жету мақсатын талап етеді. Дене жаттығулары бұлшықет іс-әрекетіне қарай 3 топқа бөлінеді:
- Бұлшық еттің белсенді көлемі;
- Бұлшықеттің жиырылу түрі-тұрақты немесе жылжымалы;
- Жиырылу күші немесе алымы.
Бұлшықеттің жаттығуға қатысатын белсенді көлемі бойынша: жергілікті, аймақтық және ауқымды болып жіктеледі. Тұрақты қозғалыс-дене қалпын сақтау, аспаптарды мығым ұстау түрінде атқарылады. Дене жаттығуларының көбісі (жүру, жүгіру, жұмыс істеу т.б.) жылжымалы қозғалыс түрінде болады. Тұлғалық жаттығулар кезінде бұлшықеттердің күші, оның жиырылу жылдамдығына кері қатынаста болады: неғұрлым жылдамдық тез болса, соғұрлым аз күш жұмсалады.
Бұлшықеттің жиырылу күші мен жылдамдығы оның алымын құрады. Оның күші (алымы) жоғары болған сайын, жиырылу мерзімінің ұзақтығы қысқара береді.
Күш түсетін жаттығуларда бұл қозғалыс сапасын көрсетеді. Ал, бұлшықеттің алымы күш түсетін жылдам жаттығуларда маңызды орын алады.
Бұлшықеттердің орташа күш пен жылдамдық жұмсап жаттығу мерзімін ұзақ уақыт сақтау қабілетін-шыдамдылық дейді.
Жаттығулардың негізгі сипаты-олардың энергиялық құны: тыныш отырғанда-1,6 ккал/мин, жүргенде (5км/сағ жылдамдықпен)-4 ккал/мин, жүгіргенде(8 км/сағ)-9ккал/мин болады. Алайда, ол арқылы жаттығудың ауыртпалығын анықтау жеткіліксіз. Сондықтан басқа да физиологиялық көрсеткіштерді анықтау қолlанылады (оттегін тұтыну жылдамдығы, жүректің соғу жиілігі, өкпе желдетілісі т.б.).
Спорттық жаттығулар оралымды және оралымсыз болып бөлінеді.
Оралымды жаттығулар бірнеше рет қайталанып отыратын қозғалыс түрінде болады (жүгіру, жүру, жүзу т.б.). Ал, оралымсыз (ациклді) қозғалыста қимыл белсенділігі әртүрлі бағытта өзгеріп тұрады (спорттық ойындар).
Жаттығулардың алымы физикалық жүктемені көрсететін шамамен (ватт; кг/мин) және организм әсерленісін айқындайтын физиологиялық жүктемемен өлшенеді. Физикалық жүктеме күшейген сайын физиологиялық алым өсе түседі. Сондықтан оның сипатын анықтау үшін жүктемеден кейінгі салыстырмалы физиологиялық өзгерістер тіркеледі.
Спорттық жаттығулар кезіндегі физиологиялық өзгерістердің көбісі дене еңбегі сияқты бағытта болады. Алайда, олар ауқымды, қарқынды және тез қажытатын толқынды келеді [36].
Олардың көлемі адамның шыдамдылық (төзімділік) қабілетіне байланысты болады. Істелетін жұмыстың түріне және сипатына қарай шыдамдылық әртүрлі болады:
- статикалық және динамикалық-тұрақты және жылжымалы жұмысты ұзақ уақыт орындау қабілеті;
- жергілікті және ауқымды шыдамдылық-бұлшықеттердің көбісі қатысуымен осындай жұмыстарды ұзақ уақыт орындау қабілеті;
- күштің шыдамдылығы-алымды бұлшықет жұмыстарын бірнеше рет қайталау мүмкіндігі
- анаэробты (оттегінсіз) және аэробты (О2) энергиясымен жабдықтау арқылы жұмыс ұзақ мерзімде істеу қабілеті.[37].
Физиологиялық әсерленістер. Тынысалу және қан жүйесі. Спорттық жаттығулардың дені бұлшықеттердің ауқымды көлемі және оттегі қатысуымен атқарылады.
Аэробты мүмкіндік оттегі максималды тұтыну (ОМТ) жылдамдығымен айқындалады.
Шыдамдылықты машықтандыру кезінде айналымдағы қан көлемі (АҚК) көбейеді. Шынықтпаған адамдарда ол 5,5л (76,3мл/кг дене салмағының), ал спортшыларды 6,4 л (95,4 мл/кг дене салмағының) болады. Машықтану әсерінен жоғары аэробты жүктемеден кейін қанда бұлшықеттер зат алмасу өнімдері сүт қышқылдары жинақталады. Қанайналымы жүйесінде көрнекті өзгерістер байқалады:
а) жүрек өнімділігі артады;
ә) екпінді көлем көбейеді;
б) жүректің соғуы қалыпты жағдайда және тұрақты жұмыс кезінде де баяулайды (брадикардия);
в) жүрек жұмысы күшейеді;
г) дененің белсендірілген мүшелеріне және тіндеріне қан көбірек бөлінеді;
д) жаттықтырылған бұлшықеттерде, ағзаларда және тіндерде капилляризация өседі.
Сөйтіп машықтану нәтижесінде шыдамдылықтың екі негізгі белгісі қалыптасады:
- ең жоғары аэробты мүмкіндік;
- іс-әрекеттің үнемділігі.
Шыдамдылықты жаттықтырудың жағымды жақтары әртүрлі физиологиялық жүйелерде құрылымдық тірліктік өзгерістер тудырады.
Сонымен бірге аэробты жұмыс орындау үрдісінде орталық жүйке жүйесінің және эндокриндік реттелістің қызметі жоғары сатыға көтеріледі.
Жүректің жұмысы күшеюі қарқынды іс-әрекеті арқылы атқарылады. Жүректің соғуы минутына 60-80 реттен 120-220 рет жиіленеді, екпінді көлем 60-80-нен 100-150 мл-ге дейін көбейеді, қанның минуттық көлемі-4-5л-ден 25-30л, тіпті 40л-ге дейін өседі.
Бұларды қан қысымы көтерілуі, МҚК ұлғаюы, қан ағыны жылдамдауы және жүрекке оралатын веноздық көлем көбейгендіктен болады.
Тұлғалық жаттығулардың денсаулықты жақсартудағы физиологиялық тетіктері [38].
- Қимыл белсенділігі айқас бейімделісті дамытады. Ол әртүрлі түтіктердің әсеріне икемделу әсерленіс арқылы гомеостазды тұрақты сақтайды. Жаттығулар нәтижесінде организм суыққа, жүктемелерге жоғары төзімділік иемденді. Мұны бейарнамалы немесе айқас бейімделіс дейді. Стресс түрткілер әсер еткенде тектік аппарат биоэнергетикалық үрдістерді күшейтеді.
- Тұлғалық жаттығулар организмнің әрекеттік қосалқы мүмкіндіктерін көтереді. Физиологиялық қосалқы пәрмен эволюция барысында қалыптасқан ағзалар немесе жүйелердің өз іс-әрекеттік қарқынын бірнеше рет өсіре алатын қабілеті. Мұны жұптасқан-викарлық ағзалардың (бүйрек, талдағыштар,т.с.с.) өтеміс қызметінің басқа әрекеттерді жорғары деңгейде өте алатын мүмкіндігінен байқауға болады. Мәселен, спортшылар оттегінің мөлшері 16%-ға дейін азайған, көмірқышқыл газы 23%-ға дейін көбейген жағдайда жұмыскерлік қабілетін ұзақ уақыт сақтай алады.
- Жаттығулар иммунитет жүйесін жақсартады. Дене жаттығуларымен жүйелі айналсу гуморалдық және жасушалық иммундық қорғаныш қасиетін өсіреді, антиген әсерленісін күшейтеді.
- Қимыл жаттығулары денсаулықты шыңдайтын дене шынықтырудың негізгі құралы болып саналады. Олар табиғи түрткілермен (ауа, су, күнге шарпылу) жан дүниесі жаттығулармен бірге қолданған жағдайда өте нәтижелі болады.
Қоғалыстың жүйке-ет жүйесіне әсері ерекше байқалады. Қимыл кезінде зат алмасу, қанайналымы жақсарады. Сондықтан бұлшықеттердің физикалық, химиялық қасиеттері өзгеріп, олардың өнімділігін қамтамасыз етеді. Жүйелі қозғалыс белсенділігі бұлшықеттердің гипертрофиясын (әсері нәрлену) тудырады. Олардың құрамында актин-миозин, миоглобин, гликлген, АҮФ т.б. көбейеді. Тұрақты қозғалыстардан қантамырлары мен жүйке талшықтарының терең ұштары өзгеріске ұшырайды. Сөйтіп тірек-қимыл жүйесінің құрылысы өсіп қалыптасады. Олардың қызметі сенімді, өте үйлесімді және үнемді түрде жүзеге асады. Қимыл-қозғалыс белсенділігін сауатты ғылыми тұрғыда жүргізу дене бітісін өсу және даму үрдістерін, әсіресе табиғаттық кезеңде дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Дене қозғалыстары адамның рухани күйін дамытуда ерекше орын алатыны көне шығыс медицина саласында ертеден белгілі (йога, цигун, у-шу т.б.). Сондай-ақ оны «тән саулығы-жан саулығы» дейтіні дәлелдейді.
Қимыл белсенділігі реттеуші жүйелердің қызметіне әсер етеді. И.П.Павловтың айтуынша, қимыл-қозғалыс адамға «бұлшықет қуанышын» береді. Қимыл кезінде ОЖЖ-нің өңдейтін ақпарат көлемі өседі, оның барлық құрылымдарының қызметі артады, қозу мен тежелу үрдістері белсендіріледі және теңестіріледі. Қозғалыс зерде, ұластыру, нұрлану, шығармашылық үрдістерін күшейдеді.
Ми қыртысына шеттен келетін серпіністер гипоталамус-гипофиз жүйесін белсендіреді. Сөйтіп барлық сөлініс бездірінің қызметі кірістіріледі. Ол қозғалыс кезінде вегетативтік жабдықтау ағзалардың қызметіне оңтайлы жағдай жасайды. Мәселен, жүгіру немесе басқа белсенді қозғалыс кезінде қанға гормондар, эндорфиндер жиналады. Олар абыржу, үрей, ауырсыну және ашығу сезімдерін азайтады.
Организмнің қосалқы мүмкіндіктері өсіп, оның тіршіліктік сергуі (тонусы) артады.
Адамның стресс түрткілеріне кәдік себептерге төзімділігі, тұлғалық және психикалық жұмыскерлігі, шыдамдылығы қалыптасады [39].
Қозғалыс сапасының дамуы. Өсу және даму барысында балалар қозғалысының негізгі сапасы және үйлесімділік қабілеттері қалыптасады. Жас кезеңдерінде олардың тиімді және нәтижелі өтуіне өзіндік сезімтал кездері сәйкес келеді. Ол әрбір бұлшықет әртүрлі мерзімдік (гетерохонды) өтеді. Мәселен, жазғыш бұлшықеттердің күші 16 жаста, ал бүккіш еттер 20 жаста ең жоғары дәрежесіне жетеді. Оның жедел жетілу жеткіншектік кезеңде байқалады, ал 18 жаста күштің өсуі баяулайды. Ол 25-26 жаста аяқталады.
Саусақ бұлшық еттерінің күші 7 жаста-12-13 кг; 10 жаста-17-20 кг; 14 жаста-27-35 кг; 17 жаста-31-48 кг.
Бел бұлшық еттерінің күші 7 жаста-31-34 кг; 10 жаста-38-42 кг; 14 жаста-53-54 кг болады.
Қозғалыс істерінің жылдамдығы дамуы 4-5 жаста басталып, 14-30 жаста ең жоғары сапасына жетеді, сезімтал кезеңдері 6-14 жаста байқалады.
Қимыл дәлдігі қозғалыстың үйлесімдігін көрсетеді, ол қозғалыс талдағышының дамуына байланысты. Балалар 4-5 жаста дәл, нәзік жете қимылдар жасай алады. Мұндай әрекеттік қимыл 6-7 жаста басталып 25-30 жаста максимумға жетеді, оның сезімтал кезі 11-16 жаста болады.
Ептілік-дәл қимыл мен жылдам орындаудан құралады. Бұл 6 жастан кейін басталып, 17 жаста дамиды, оның сезімтал кезі 8-13 жаста өтеді.
Бұлшық еттердің шыдамдылығының дамуы баяу жүреді. Сондықтан 12-13 жасқа дейінге балалар ұзақ жүктемелерден сақтануы керек. Шыдамдылықтың жұмыскерлігінің жақсы қалпына келу қабілеті 7-9 жастағы балаларда білінеді. Ол ең жоғары деңгейіне 16-18 жаста жетеді.
Икемділіктің сезімтал кезеңі 3-8 жастың арасында байқалады.
Гипокинезия мен гиподинамия дененің даму екпінін өзгертеді.
Жас ұлғайған сайын қимыл-тірек жүйесінің қызметі әлсірейді 30 жастағы адамдарда аз қозғалысты өмір сияқты бұлшықеттің күші мен көлемі азаюына әкеледі. Еркектерде бұл андрогендердің азаюына сәйкес келеді.
Қартаю кезінде ерікті қимылдарды, дене қалпын және тепе-теңдікті реттейтін жүйке тетіктерінің әлсіреуімен қатар жүреді.
Жасқа сай қарапайым және күрделі қозғалыс әсерленістерінің мерзімі ұзарады, баяу және сенімсіз қимылдар байқалады. Мұның барлығы қарт адамдардың қозғалыс белсенділігін шектейді. Сондықтан олардың дене жаттығуларының және спорттық қимылдарының көп ерекшеліктері болады [40].
Машықтанудың физиологиялық маңызы. Машықтанудың негізгі мақсарты-сауықтыру. Оның негізгі тәсілдері-адамның тірліктік күйін жоғары деңгейде жақсарту және сақтау үшін әртүрлі қозғалыс әрекеттерін пайдалану. Машықтану нәтижесінде организмде көптеген құрылымдық және әрекеттік бейімделу өзгерістері туады. Олар әуелі әралуан жүктемеге жедел бейімделу түрінде өтеді.
Бұлшық еттерге жүктемелер қайталанған жағдайда оның негізінде ұзақ мерзімді икемделу қалыптасады. Мұның тұрақтылығы тұлғалық жүктемелерге машықтанғандықты көрсетеді. Ол жоғары тірліктік пәрменді және оны жүктемеге сәйкес жоғары деңгейде, әрі үнемі өткеруге мүмкіндік береді. Осыған орай, дене сымбаты мен кәдік түрткілерге төзімділік қалыптасады.
Жоғары деңгейге жету биохимиялық және физиологиялық үрдістердің тектік ерекшеліктеріне, ОЖЖ әрекеттік белсенділігіне, нейро-гуморалдық реттеліс қабілетіне байланысты болады. Қимыл жүктемелеріне бейімделісіне иммундық жүйе тікелей қатысады. Сөйтіп, машықтануды жүйке, эндокриндік және иммундық жүйелердің бірлестірілген үйлесімді іс-әрекеті қамтамасыз етеді.
Ауыр спорттан, қажыттатын әлеумет жүктемелерден иммунодепрессия пайда болады. Ол психоэмоциялық күйзелістің белгісі болып есептеледі.
Жаттығулардан жүрек массасы ұлғаяды, ол 40% қалыпты жағдайда үнемді жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.
Қозғалыс іс-әрекетін қамтамасыз ететін әрекеттік жүйе тынысалу және қан жүйелерін іске соқады.
Тынысалу жиілейді және тыныстық көлем тереңдейді, өкпенің ауа алмастыратын беткейлік ауданы өседі, альволярлық желдетілісі ұлғаяды, одан оттегін тұтыну 3-4%-дан 4-5%-ға дейін артады.
Жаттығулардың нәтижесінде денешынықтыру тыныштық жағдайда тынысты үнемді атқаратын ОЖЖ-де динамикалық стереотип қалыптасады. Тыныс жиілігі жаттығулар кезінде сирейді (11-14 рет/мин), ол шынықпаған адамдарда 16-20 рет/мин болады. Қанда эритроциттердің саны азаяды, миогендік ликоцитоз байқалады.
Тыныс алу бұлшық еттерінің екпінді қозғалысы жүрекке қанның қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Тынысалу және қанайналымы жүйелерінің үйлесімді әрекеттінен тіндерді оттегімен тиімді эритроцитоз болғандықтан ұлғаяды. Оны қан түзетін ағзалардың жоғары қызметі жүзеге асырады.
Қанның оттегін сиымдылығы қалыпты деңгейінен (18-20%) шамалы ғана (1-2%) ұлғаяды. Алайда О2 көп мөлшерде тұтынғандықтан, оның артерия мен вена тамырларындағы айырмашылығы өседі. Белсенді қозғалыс кезінде бұлшықеттердің және ішкі ағзаларда жиналған зат алмасу өнімдері хеморецепторлар арқылы тынысалу орталығының жұмысын күшейтеді.
И.Я.Аршавскийдің айтуынша, «бұлшық еттің энергиялық ережесіне сәйкс вегетативтік деңгейі қозғалыс белсенділігіне тікелей тәуелді келеді.
Жаттықпаған ер адамдарда ОМТ орта шамамен 3-3,5 л/мин (45-50 мл/кг х мин) болса, әйелдерде- 2-2,5 л/мин (35-40мл/кг х мин) болса, спорттық жаттығуларда ол екі есе өседі: мәселен, қашықтыққа жүгірушілерде: 5-6 л/мин (80 мл/кг х мин), ал шаңғышы әйелдерде-4 л/мин (70 мл/кг х мин) аса болды [42].
Спортшылардың тынысалу жиілігі сирек, тыныстық көлемі денесі шынықпағандардан артық болады. Мұны: 1) өкпе көлемі ұлғаюы; 2) тынысалу бұлшықеттерінің күші мен шыдамдылығының артықтығы; 3) кеуде қуысы мен өкпенің созылғыштығы және 4) жолдарында ауа тасқынына кедергінің төмендігі қамтамасыз етеді.
Өкпе желдетілісінің нәтижелілігі сыртқы тыныстың шыдамдылығы машықтанғандығын көрсетеді. Сонымен тынысалу жүйесінің шыдамдығы машықтандырудың басты нәтижесі:
— өкпе көлемдері мен сиымдылығының ұлғаюы;
— сыртқы тыныстың алымы мен нәтижелілігінің артуы;
— өкпенің диффузиялық қабілетінің өсуі.
Сауықтыру жаттығуларын мөлшерлеу
Машықтану деңгейін анықтау үшін өзін-өзі бақылау жүргізіп отыру керек. Оны әрекеттік сынамалар арқылы тексереді (20 рет отырып тұру, тынысты тоқтату мерзімін анықтау, дене қалпын ауыстыру т.с.с.).
Жаттығу алымдарын мөлшерлеудің бірнеше тәсілдері бар:
- Салыстырмалы алымаксимум дене жұмыскерлігінің проценті;
- Жүректің соғу жиілігі (ЖСЖ);
- Жаттығуды қайталаудың ең жоғары саны;
- Жаттығудан кейінгі сезіну күйі;
- Адам жеке басының тұлғалық денсаулық деңгейі.
Салыстырмалы алым жалпы ең жоғарғы жұмыскерліктің 50-70 құрауы керек. Машықтану кезінде жаттығулардың әсерінен жүректің соғу жиілігі өсуінің табалдырық, орташа және шың деңгейі болады. Жалпы талаптарға сай орташа көрсеткіш 180 санынан адамның жасын шегеру арқылы анықталады.
Тәжірибелі спортшыларды (3жылдан астам) басқа теңдеу қолданады (ЖСЖ=170-2/1 жасы).
Жаттығуды қысқа мерзім ішінде (30 секунд) ең көп қайталау мөлшерінің 25-50 % машықтану үшін оңтайлы деп саналады.
Тәжірибе бойынша адамның жаттығудан кейінгі көңілі, оны жалғастыру ниеті, жағымсыз әсерленістің болмауы, еркін тынысалуы жүктемеге жақсы шыдамдылықты көрсетеді. Машықтану сабақтары жартылай күшпен немесе оның 4/3 бөлігінде өтуі тиіс[43].
Тұлғалық денсаулықты жақсарту үшін қолданылатын жүктеменің жоғарғы шегі ЖСЖ бойынша анықталады: І топта-100-110 рет/мин, ІІ топта-110-120 рет/мин, ІІІ топта-120-130 рет/мин, IV топта-131-150 рет/мин, V топта-150 реттен астам болады.
Мәселен, ЖСЖ минутына 150-160 ретке жететін жүктемелерді аптасына бір сағат созылатын жаттығу, 2-3 рет жеткілікті, ал ЖСЖ 100 рет/мин болса, күніне 1-2 рет жаттығу жасау керек.
- 4 Спортшыны психологиялық тұрғыдан дайындау жолдары
Спортшының психологиялық дайындығы. Күресші белгілі бір іс-әрекетке дайындау-бұл сол іс-әрекетке жемісті қатысуға дайындықты қалыптастыру процесі деген сөз. Осы дайындық ішінде бірқатар компонентерді атап көрсетуге болады: олар-бұлшықеттік, функционалды, операциялы, психологиялық және т.б. Кез-келген іс-әрекетке жаттығушы психологиялық жағынан дайын болуы керек.
Әсіресе, өзгермелі жағдайларға, мақсатқа жету кезеңдерінде, қажеттіліктер күш жұмсау және құнды бағыт-бағдар қажет. Спортшы іс-әрекеті дәл осындай белгілерге ие. Енді іс-әрекет нәтижесі де оған риза болу, ішкі психологиялық жағдайы, адамның қобалжулары да оның іс-әрекет процесінде психологиялық дайындығына ғана емес, сонымен бірге, кез-келген іс-әрекетпен жүретін оның шарттарына: нақты күн тәртібіне, жеке тұлға бағалануына, мүмкін болатын жазалаулар мен мадақтауларға адамдардың белгілі бір тобымен араласу ерекшеліктеріне және қуаттылығына қатысты болады.
Іс-әрекетке психологиялық дайындық-әрқашан психологиялық дайындықтың нәтижесі болады. Бірақ кейде ол бей-берекет, ұйымдаспаған түрде іске асатын болдғндықтан, онша көріне бермейді. Күресшіден ерекше жинақтылықты, күштерін жұмылдырып, барын салуда, жоғары шеберлікті қажет ететін іс-әрекеттің кейбір түрлерінде психологиялық дайындық іс-әрекет барысына дейін және сол әс-әрекет кезінде ұйымдастырылады және жоспарлы түрде іске асырылады. Осындай іс-әрекет түрлеріне спорттық іс-әрекет жатады. Бір кездерде спорт психологиясында негізгі мәселе-дағдылар болды. Одан кейін 50-жылдар мен 60-жылдардың басында бірінші орынға спортшы ерік-жігері қойылды. Ал қазір міне, жиырма жылдан көп уақыттан бері, басқа көптеген мәселелерді артта қалдырып, психологиялық дайындық мәселесі ғылыми-практикалық да, ғылыми зерттеу жұмыстарында да алдыңғы орынға шықты [44].
Спортшының психологиялық дайындығы-бұл спорттағы оқу-тәрбие жұмыстарының үлкен бір бөлігі. Психологиялық дайындықтың түпкі мақсаты деп, спортшы қарым-қатынас жүйесін өзгерте отырып, жеке тұлғада спорт үшін маңызы бар қасиеттерді қалыптастыру және жетілдіруді айтамыз. Жалпы психологиялық және арнаулы психологиялық дайындық.
Бұл процестің негізгі мақсаты-боксшының психологиялық дайындығын
жасау болып табылады: 1) Ұзаққа созылатын жаттығу процесіне; 2) жалпы жарыстарға және 3) нақты жарысқа спортшының психикалық дайындығын жасау, қалыптастыру, болып табылады. Ұзаққа созылатын жаттығулар мен жарыстарға психологиялық дайындық алдын-ала жүргізілетін және жалпы психологиялық дайындық деп аталады, ал нақты бір жарысқа тікелей дайындық арнайы психологиялық дайындық деп аталады.
Осы жалпы және арнайы психологиялық дайындықтар арасында дайындықтың соңғы кезеңіндегі спортшының психикалық жағдайын түзету мақсаты көзделген арнаулы іс-шаралар өткізілуі мүмкін. Мұндай іс-шараларға деген қажеттілік жалпы психологиялық дайындықты бір жүйенің жоқтығынан туындайды және де олар өткізілген жұмыстарды нақтылайды. Психикалық жай-күйлер корекциялық бағдарламасы алдын-ала және нақты психологиялық дайындықтың біріктірілген іс-шараларының қысқартылған нұсқаларын білдіреді.
Бірақ, жеке тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру мен жетілдіру-бұл дайындықтың түпкі мақсаты болып табылады. Күнделікті іс-шаралардың мақсаты нақты қойылады. Ол-боксшы бойында жаттығу немесе жарыстың табысты болуын қамтамасыз ететін жағымды психикалық жай-күй жасау болып табылады. Актуальды психологиялық жай-күй жаттығудың жемістілігі мен сапасын анықтайды, бірақ, ол келесі дәріс-сабақта болмауы мүмкін. Ол іс-әрекет уақытша іске асатын фонды айқындайды. Енді осы жай-күй созылмалы, бір қалыпты болуы үшін оның негізіне спортшының іс-әрекет процесіне, осы процесс шарттарына, өз-өзіне, жүктемелерге және т.б. деген қарым-қатынасы жатқызылуы тиіс [45].
Қалыпты жағдайға түсе отырып, актуальды жай-күй негізге айналады және іс-әрекеттің едәуір ұзақ мерзімге созылатын өзіне тән нақтылықпен ерекшеленетін психикалық білімділік сияқты жеке тұлға қасиеттерін анықтайды. Мысалы, бір спортшы жаттықтырушы тапсырмасын үнемі сапалы әрі жемісті орындайды, ал екінші мұны анда-санда істейді. Біріншісінің жұмысқа қабілеттілігі жаттығу процесіне деген шын көңілмен қарым-қатынасынан көрінеді, ал екіншісі-бүгінгі көңіл-күймен байланысты болады. Сондықтан осындай психикалық жай-күй әрбір жаттығу сайын, сабақ барысында психологиялық-педагогикалық әсер етулерін жиынтығын қолдана отырып, қалыптастыру қажет. Сөйтіп, психологиялық дайындық-бұл психикалық жай-күй негізге айналғанша, одан кейін жеке тұлға қасиеті болғанша реттелетін күрделі процесс. Осы аталған процестің орталық мақсаты-психологтар, ата-аналар, жаттықтырушылардың әсерінен, яғни тәрбиелеу барысында және өзін-өзі іштей ұйымдастыру мен жұмылдыру, яғни спортшының өзін-өзі тәрбиелеу процесінде болатын спорттық мінез-құлық негізін құрайтын тиісті қарым-қатынастарды қалыптастыру мен пысықтау болып табылады.
Спортшының психологиялық дайындығында негізгі психологиялық құбылыстардың үш тобын: процестер, жай-күйлермен қасиеттерді жетілдіру негізінде психика дамуының классикалық жалпы кестесі айқын көрініс табады. Тәрбиелену мен өзін-өзі тәрбиелеу барысында психикалық жай-күйлер мен процестердің өзгерулері болып тұрады. Осы айтылғандардың бәрі спортшының психологиялық дайындығының мақсаты-спорттық жарыс пен жаттығудың табыстылығын білдіреді. Жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру мен жетілдіру болып табылатындығы дәлелдейді [46].
Дамудың осындай күрделі процесі спорттық іс-әрекеттің әртүрлі жағдайларында спортшының мінез-құлқы мен жай-күйін басқару арқылы іске асады. Психологиялық жай-күйді басқару мен жеке тұлға қасиеттерін тәрбиелеу іс-әрекет пен оның нәтижесі ретінде бір-бірімен тығыз байланысты. Жақсы ұйымдастырылған және жеткілікті ұзақ психологиялық дайындық, спортшыны басқару қажеттілігінің одан әрі азаюына әкелуде. Өзін-өзі басқаруды, өзін-өзі реттеуді жетілдіру жүйесі спортшының жеке тұлғасының маңызды мінездемесі ретінде оған жаттығу кезінде де, жарыстар кезінде де көп байқала бермейтін резервті мүмкіндік.
Тәсілдік дайындықтың психологиялық негіздері. Күресшінің тәсілдік дайындығы дегеніміз- жарыс кезінде кездесетін мақсаттарды тиімді шешу әдістерін жетілдіру мен осы мақсаттардың тиімділігін анықтайтын арнайы қабілеттерді дамыту болып табылады.
Тәсілдік дайындықтың психологиялық ерекшеліктері мен мәнін түсіну үшін мынадай ұғымдарға түсінік беру керек: тәсіл, мақсатқа жету;
Тәсіл-бұл жарыс жағдайына орай әдістік амалдарды қолдану құралдарының жиынтығы. Қызу жарыс кезінде спортшы немесе бүкіл команда тәсілінде белгілі бір өзгермелі қимыл сызығы көрінеді. Мысалы, жекпе-жек сәтінде қарсыласының рингтегі оқыс қимылдарына назар аудармастан тұрған жерінде орынсыз қателер жіберуі мүмкін. Бұл оның жарысты жалғастыру үшін өз ойлары туралы қарсыласында қате пікірлер тудыру тәсілі.
Сонымен, тәсілдік іс-әрекет жарыс басында спортшы алдындағы шешімдер жиынтығынан құралады. Бұдан келіп тәсілдік дайындықтың белгілі бір жағдайларда алға қойылған мақсаттарды білдіретіндігін көреміз. Екі жағдайда да спортшының мақсаттары әр түрлі. Мысалы, ойын кезінде өз қарсыласынан ұтылу, оған тосқауыл жасау шабылдаушы позицияға шығу керек болады. Осы мақсаттарға орай, ол жеке өзі, арнайы шешімдер қабылдауы керек. Жарыс кезіндегі спортшы қимылы мақсаттарды шешудің үзіліссіз шешімдер-күрделі реакциялар арасындағы спортшының тәсілдік ойлауының бірден-бір ерекшелігі.
Тәсілдік ойлау барысында спортшы мақсаты мен шешу құралы арасында байланысты орнатуға тырысады. Бұл жерде оқиғалар барысын алдын-ала түсіне білуі жағдайлардың мүмкін болатын өзгерісін алдын-ала байқау ерекше орын алады. Қандай да бір шешім қабылдау кезінде спортшы қарсыласының әлсіз және күшті жақтарын тез анықтап, ескертуді, жарыс өтіп жатқан жағдайларды, сыртқы факторларды тез анықтауды үйрену тиіс [47].
Күресші іс-әрекетінің негізгі түрі ретінде. Дене шынықтыру да бұқаралық спортта да адамдардың іс-әрекеті өзіне, өздерінің физикалық және психологиялық сапаларын жетілдіруге бағытталған. Бұл іс-әрекеттің негізгіу мақсаты-тұлғаның гармониялық дамуының ажырамас бөлігі болып табылатын физикалық өркендеу.Негізгі мақсатқа жету күнделікті арнайы физикалық жаттығуларды талап етеді. Жаттығулардың тиімділігі мен жүйелілігі, физикалық сапалар дыбыстарының белгілі бір деңгейінде айқындалады.
Күресшінің жеке басының қасиеттері іс-әрекеттерінде, қылықтарында көрінеді: ол өзінің пайдалы немесе зиянды сапаларын көрсетеді. Н.Г.Чернишевскийдің сөзіне қарағанда, адамның ақылы мен мінез-құлқы туралы ең анық мәліметтерді ол адамның іс-әрекеттерін зерттеу арқылы ғана білуге болады.
Күресшінің іс-әрекеті теориялық және практикалық формада жүзеге асырылады. Теориялық іс-әрекетінің мысалы ретінде ғылымның теориялық формула, ереже, сурет және т.с.с. құбылыстардың жалпы заңдылықтарын белгілейді. Сондай-ақ практикалық іс-әрекеттің мысалы ретінде табиғаттағы заттар мен құбылыстарды бақылап, эксперимент жасау арқылы зерттейтін ғалымдардың жұмысын алуға болады.
Бірақ қандай іс-әрекетте болса да теориялық және практикалық іс-әрекеттің компоненттері бар. Іс-әрекеттің құрылымындағы мақсат қоя білу, жоспарлауды, жұмыс әдістерін іріктеп алуды теориялық іс-әрекетке, ал қалғандарын практикалық іс-әрекетке жатқызуға болады.
Адамның іс-әрекетінің маңызды бір формасы-адамның бір-бірімен қарым-қатынаста болуы. Бұл тек сөз сөйлеуде ғана жүзеге аспайды, сонымен қатар іс-әрекеттің басқа формаларында да, айталық дене тәрбиелік және спорттық өнермен шұғылдануда да жүзеге асады. Олардың іс-әрекеті мыңдаған басқа адамдарға қуаныш әкеледі., сүйсіндіреді, олар белгілі спорт қайраткерлерімен қарым-қатынаста болып, шығармашылық қабілеттерін одан әрі шыңдауға кеңестер алады, елімізге жеңіс пен мәртебе сыйлайды.
Дене шынықтыру мен спортта оқытушылардың психологиялық негіздерінің ортақ қасиеттері бар, алайда оларда біраз айырмашылықтар да кездеседі. Спорттық және дене тәрбиесінің іс-әрекеттері психологиялық ерекшеліктері анықталады [48].
Жарыс пен жаттығудың психологиялық ерекшеліктер. Жарысқа психологиялық дайындық жүйесі спортшының жарысқа психологиялық дайындығын қалыптастыруды шешетін бірқатар міндеттерді біріктіреді.
А.Ц.Пуни жасаған жарысқа психологиялық дайындықтың жобалық жоспарында осы жүйе берілген.
Келтірілген жобалық жоспар жүргізілген жұмыс үшін тек жалпы басшылық болуы мүмкін. Спорттың әр түріне және ешбір спортшыға жеке қолданғанда оны нақтылау керектігі заңды құбылыс.
Спортшының жарысқа дайындығы жүйесіне мынадай бөліктер кіреді:
а) жарыстың шарттары туралы ақпараттар жинау;
б) жарыс алдындағы спортшының жаттыққандық деңгейінің бағалануы мен өзін-өзі бағалау;
в) жарысқа қатысудағы мақсаттары мен міндеттерінің қойылуы;
г) жарыста өнер көрсету мотивтерін актуальдандыру;
д)алдындағы ақыл-ой қызметін бағдарламалау;
е) спортшының өз мүмкіндіктерін іске асыруға сенімділік сезімін қалыптастыру;
ж) оптимальды эмоциональды жағдайды қалыптастыру;
з) максимальды еріктік күштерге дайындықты көбейту және оларды жарыс жағдайында ашып көрсету дағдысы;
и) жарыс жағдайындағы психологиялық қалыпты өзіндік реттеу тәсілдерін меңгеру.
Бұлардың бәрі бір-бірінен бөлінбейді қайта тығыз байланыста болады, егер осы звеноның біреуі әлсіресе, онда бүкіл жүйе ақсайды [49].
Спорт қызметінің заңдылықтары. Адамның қозғалысқа деген тұтынушылық қажеттілігін үнемі қанағаттандыруы, дене қасиеттерін дамыта отыруы, дене жаттығуларының бірте-бірте осы заманғы спорт түрлеріне ұласуына әкеліп соқты. Пайда болуының алғашқы басқыштарында-ақ олар қоғамдық бағаға ие болады, өйткені, олардың нәтижеселері қоғамдық топтардың кейбір өкілдерінің екіншілерінен артықшылық денгейін көрсетті. Дәл осы жағдайлар қозғалыстық қимылдардың жарыстық сипаттамаға ие болуы мен олардың белгілі бір ережелермен реттелуімен байланысты.
Сонымен, дене жаттығулары біршама өзіндік ерекшеліктері бар-спорттық қызмет деп аталатын адам қызметінің жеке бір түріне айналады.
Спорттық қызмет әдетте:
1) арнайы дене жаттығуларын орындағанда әртүрлі формада көрінетін бұлшық ет белсенділігімен, споттық қызмет барысында адам денесін қажетті мөлшерде шынықтырады, жалпы дене дайындығынан өтеді.
2) таңдаған спорт түріндегі дене жаттығуларын орындау үшін жоғары техниканы меңгеру мен ол спортшыдан арнайы және жүйелі жаттығуды талап етеді, жаттығу барысында ол белгілі бір қимылдық дағдыларды меңгереді және жетілдіреді.
3) таңдаған спорт түрінде жетістікке жетуге ұмтылумен; белгілі бір дене жаттығуларында өте жоғары нәтижеге жетуге бағытталған;
4) спорттық жарыстар кезінде әсіресе, шиеленіскен сипатқа ие болатын бокс пен жүйелі жаттығулар;
5) дене және рухани күштердің өте жоғары көрінуімен арнайы әдеттер мен дағдылардың, моторлы қабілеттердің дамуымен, оларды үнемі жоғары денгейде ұстап тұру;
6) дереу көрінген сапалы сипатымен, үлкен жауапкершілік сезімімен және барынша тиімді нәтижелерге және рекордтарға қол жеткізуге бағытталады.
Отандық философиялық және психологиялық әдебиеттерде адам қызметінің көп түрі әдетте, үш негізгі түрге-ойынға, оқуға және еңбекке тіреледі. Бірақ, адам қызметі тарихи процесте қоғамның материалдық жағдайларының, адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастардың, олардың рухани және материалдық қажеттіліктерінің дамуына сай үздіксіз өзгереді, дамиды, жетіліп отырады. Бұл жерде адам қызметінің әртүрлі салалары жаңа мазмұнға, жаңа қоғамдық мәнге ие болады, өз қатарына көптеген адамдарды тартады, олардың белсенділігін арттырады [50].
Сондықтан, әсіресе, психологияда осы үштік сақталып, толықтырылады. Қазіргі кезде оған: қарым-қатынас, өнер, спорт және т.б. жатады. Осы заманғы қоғам дамуында спорт жеке тұлға қалыптастыруда, адам қызметінің негізгі түрі болып саналады. Өйткені, жемісті еңбек оқыту мен және спортпен қосылып, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Спортқа қызығушылығының өсуі және оның функцияларының кеңеюінің себебін адамның ғылыми-техникалық революцияның гиподинамия (аз қозғалысты мамандықтар), жүйке психикалық шаршау, келеңсіз жайттарға қарама-қарсы қозғалыстың қажеттілігін сезіну факторларын келтіруге болады. Бұл жерде спортпен айналысудың тек сауықтыру гигиеналық сияқты ұғымды жағын ғана емес, сонымен бірге еңбек ас шалдығу нәтижесінде болатын тікелей экономикалық тиімділігі де қарастырылады. Соңғы кезде спортпен айналысу жеке тұлғаның әлеуметтенуіне де әсер етуде. Бұл әсіресе жас адамдардың тез бейімделуі мен араласуынан көрінеді.
Спорттағы психологиялық диагностика. Психологиялық диагностика-зерттеушіне белгілі жеке тұлға (индевид) немесе топты сипаттаушы психикалық компоненттерді бағалайтын экспериментальды әдістердің арнайы орентациясын айтуға болады. Анықтамасында көрсетілгендей, диагностиканың елеулі кезеңінде осы шақтағы беймәлім психикалық құбылыстар зерттелмейді, керісінше, бұрынғы белгілері алдын-ала анықталған факторлар әсерімен белгісіз жағдайларда көрінетіндері: жеке тұлғалық айырмашылықтар жүктемелерге, жарыстарға бейімделуі бағаланады.
Спорттағы психодиагностика спортшы жеке басының қасиеттерін, психикалық процестер деңгейін (мысалы, құрамының жаңа ойыншыларының қабілеттерін анықтау үшін) жаттығу және жарыс кездерінде психикалық жай-күйлерін, жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бағалауға бағытталған.
Психодиагностика әдістері мен құралдарын таңдағанда зерттеуші ең алдымен төмендегі принциптерді басшылыққа алу керек:
1) Обективтілік принципі: психикалық құбылыстарды өмірде кездестіретіндей күйінде, іс-әрекеттің сыртқы және ішкі жағдайларын байланыстыра қарауды ойластырады, бұл жерде диагностика мәліметтері тәжірибе жасаушының тілегі мен мүмкіндіктерімен емес, олардың объективті мінездемесімен байланыста талдануы керек.
2) Комплекстік принцип: әдістемелерді комплексті пайдалануды немесе әртүрлі өмір жағдайларындағы эксперименттік көрсеткіштерді алмастыруды, айқындалатын элементтерді біріңғай құрылымға біріктіру үшін қолдануды және жекелеген процестер, қалыптар арасында байланыстарды орнатуды талап етеді.
3) Динамикалық принципі: кез-келген психикалық құбылысты оның мінездемесін ескере отырып, обективті дамуын тек қазіргі уақытта ғана емес, даму перспективасымен де қарастырылуы керек екендігі, диагностика жүргізілгенде әбден бекіген қасиеттері бар жоғары класты тәжірибелі спортшы жеке басында кездесетін мүмкін болатын өзгерістерді де мысалы, оның мотивациясы немесе стрессті факторлардың шексіз әсеріне психологиялық тұрақтылығын да ескеру қажеттілігін білдіреді.
4) Аналитикалық-синтетикалық зерттеу принципі: бір жағынан, психиканың кейбір элементтерін, екінші жағынан, жеке тұлғаның немесе белгілі біл психикалық жай-күйдің толық мінездемесін бөліп көрсетеді, бірақ, көбінесе диагностика осы аталған спортшы немесе команда туралы жалпы қорытындыға алып келу керек.
Диагностиканың осы аталған принциптері әдістемені таңдауға және диагностиканы ұйымдастыруға қойылатын нақты талаптарды айқындайды.
Валидтілік- біл жағынан, психологиялық эксперименттер нәтижелері, екінші жағынан, сыналушының іс-әрекеті мен жүріс-тұрыс түрлері мен формалары арасындағы байланысты көрсетеді. Ол психологиялық эксперименттің өміршеңдігін айқындайды. Кеңінен қарастырғанда тесттің валидтілігі өзі қызмет ететін қайсыбір мақсаттар мен тілектерге қаншалықты жақын екендігін білдіреді. Психолог, өз пікірінше, спортшы реакциясының жылдамдығын бағалайтын жаттығулар ойлап табуы мүмкін. Дегенмен, қандай да бір тестті орындау тиімділігі реакцияның жылдамдығына емес, жауап беруші қимылдың орындалу уақытына тәуелді.
Спорттағы психодиагностиканың жалпы принциптері мен әдістері тексерулердің мақсаты мен міндеттеріне қарай қолданылады.
- Диагностикаға арналған әдістемелердің;
- Спортшының жеке тұлғалық қасиеттерінің ;
- Психикалық процестер ерекшеліктерінің;
- Психикалық жай-күйлерінің ерекшеліктерінің;
Спорттық командалардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің жинақтары бар.
Күрес спорт түрлерінің психодиаграммасын жасауға арналған бағдарлама.
- Спорттық қимылдардың біркелкі қатаң нақтылығы.
2, Тәсілдердің алуан түрлілігі және күрделілігі.
- Жалпы алғанда жарыстар ұзақтығы.
- Кейбір қимылдардың қайталануының жиілігі мен ұзақтығы.
- Қимылдардың жылдамдығына қойылатын талаптар.
- Ақпарат процестерінің күрделілігімен құрамы.
- Реакция процестерінің жылдамдығына қойылатын талаптар.
- Оны өңдеудің күрделілігімен құрамы.
- Күштердің көріну ерекшеліктері.
- Дене төзімділігіне қойылатын талаптар.
- Жарыстар барысында эмоциональды қалыптардың ерекшеліктері.
- Тактика ерекшеліктері (жекелік, топтық және т.б.)
Жекелеген спорт түрлерінің психодиаграммасын жасауға арналған материалдар байқаудың жүйелі әдістерін қолдану нәтижесінде пайда болады, хронометраж, статистикалық талдау, кейбір ақпараттық әдістемелер (мысалы, реакцияметрия, диномометрия т.б.) спорттық қызметтің қалыпты жағдайларында қолданылады.
Күресшіге психологиялық мінездемесін жасауға арналған бағдарлама.
- Жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерінің көрінуі: күш салмақтылық, жүйке процестерінің қозғалмалығы, жүйелі психологиялық, педагогикалық мәліметтер бойынша.
- Жеке тұлғаның бағыттылығы: қажеттілік, қызығушылық, еңбекке, сабаққа, спортқа деген қарым-қатиынас, спорттық қызметтің мотивтері.
- Мінездің моральді-еріктік белгілері: ұжымдық сезімі, тәртіптілік, бастамашылық, ұжымдағы қарым-қатынас.
- Жеке тұлғаның эмоциональды көріністері: олардың интенсивтілігі, спорттағы табыстары мен жеңілістерге қарым-қатынас, жарыстар мен жаттығулардың болатын көңіл-күйлер.
Сонымен қатар- тәсілдік дайындық қажет.
Күресшінің тәсілдік дайындығы дегеніміз- жарыс кезінде кездесетін
мақсаттарды тиімді шешу әдістерін жетілдіру мен осы мақсаттардың тиімділігін анықтайтын арнайы қабілеттерді дамыту болып табылады.
Қимылды үйрету мен жетілдірудің психикалық негіздері.
Спортшыны дайындау процесі көп қырлы. Шартты оны үйрету және жаттығу кезеңі деп екіге бөледі, дегенмен, ол бірегей және үзіліссіз педагогикалық процесс. Өйткені, біз күрес спорт айла-тәсілдерін үйрете отырып, жаттықтырамыз, өздерінің мақсаты мен әдістері, тәсілдері жағынан ұқсас емес.
Ал жаттығу деп-осы меңгерілген дағдылар, білімдер мен тәсілдерді пысықтап, жетілдіруге бағытталған дайындық кезеңін айтамыз. Жаттығудың негізгі міндеті-әдістерді жекелей және топтық тәсілдік қимылдарды жетілдіру, дене шынықтыру дағдыларын, психологиялық процестерде дамыту, адамгершілік және ерік-жігерді тәрбиелеу болып табылады.
Жарыс жағдайындағы психикалық қалыптарды реттеу мен өзін-өзі реттеу тәсілдері.
Зерттеу жұмысының міндетін жүзеге асыру.
- Қазақстандағы спорт пен дене тәрбиесінің педагогикалық жүйесін және әлеуметтік даму негіздерін ашып көрсету;
- Спорттық ұйірмелердегі оқушылардың жас ерекшелігіне сай дене тәрбиесінің ерекшеліктерін анықтау;
- Спорт мектептерінде жаттығатын балалар мен жасөспірімдердің дене сапаларын бокс спорт түрі бойынша жан-жақты дамыту;
- Күрес спорт түрі бойынша жаттығушылардың физиологиялық және психологиялық жағдайын анықтау;
- 5. Жаттығушылардың бокс спорт түріне байланысты жас ерекшеліктерін анықтау, жаттығу сабақтарын жүйелеу әдістерін енгізу;
- Жеке тұлғаға спорт түрінің техникасы мен тактикасын меңгертіп, салауатты өмір салтын ұстауға дағдыландыру негізінде дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі жағдайда оқушылардың жеткіншек және жасөспірім кезеңдегі дене тәрбиесі мен спорт тұжырымдамасын әдістемелік тұрғыдан негіздеу және тәжірибелік әдістемелік ұсыныстар жасау.
Қорытынды
Дипломдық жұмыста жалпы жасалған зерттеу жұмыстары күрес спорт түрі бойынша спорттық жаттығу сабақтарының оқу-жаттығу топтамалары, күреспен айналысушылардың жас ерекшелік негізі, физиологиялық-психологиялық әсері толықтай топтастырылды.
Спорт дегеніміз — әрбір жеке тұлғаның таңдаған спорт түрінен жоғарғы нәтижеге жетікізу саласы. Яғни жарыс әрекстінің, спортшыларды жарыстарға катысуға даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дсне шынықтырудың бір түрі. Қызметі спорттық әрекет, жарысушылық. интернационалдық, жүйксні реттсйтін, комуникативтік ақпараттық, жалпы мәдениеттік, д е н е н і жетілдіру, эвристикалық, бейбітшілік қызметі, ойын-сауықтық іс-әрекет..
Күресшілер дайындауда жас ерекшелік негізі — машықтандыру сабақтары күрес спорт үйірмесімен айналысушы жаттығушыларда жас ерекшеліктеріне қарай 4 топқа бөліп жүргізіледі.
Олар: кіші топ 14-15 жас, үлкен (жоғары) топ 16-17 жас, жас өспірімдер тобы 18-19 жас және ересектер тобы 20 жас және одан жоғары жастағы жаттығушыларды топтастырады.
Бұр әрбір топ өз жас ерекшелігіне қарай, жарыс ережесіне сай бір-бірінен ажыратылып топтастырылады. Әрбір жаттықтырушы жаттығушылардың жас ерекшеліктеріне сай жаттығу мөлшерінің салмақ түсіруін көтеріп немесе бәсеңдетіп отырады. Жаттығудың артық салмақ түсіруі ағзаның қажуына әкеліп соғады. Сондықтан күрестің жалпы дене дайындығын арттыру мақсатында жекелей, жалпы, арнайы жаттығуларды өз деңгейінде қолдана отырып, негізгі мақсат жарыс сатыларында жоғарғы нәтижелер көрсетуге тұлға белсенділігін дамыту.
Физиологиялық әсері — жас ерекшелігіне қарай кіші топ 14-15 жас аралығындағылар ағзасының күш жинауда қарқынды дамыған, мүлтіксіз епті, төзімділігі артқан, барлық мүшелер жұмысы белсендіріліп, жас ерекшелігін қарай жүйке жүйесінің қалпы өзгеріске ұшырауы, жүрек және тыныс алу мүшелерінің жұмысы, тұлғаны бойы, жайына қарай өзгеріске ұшырайды. Сондықтан 14-15 жас кезінде бұлшықет жұмыстарына көптеп жаттығулар жұмысының қарқындылығын күшейту қажет, соңынан тынығу керек.
Ал 16-17 жас үлкен топ бұлшықет ұлпасында күш қуаты артады, жүрек-қантамырлар жүйесінің қызметі әлдеқайда дамыған, тамыр соғысы жоғарылайды, қан қысымы төмендейді, жүрек көлемінің соққысы, ересектердің жүрек көлемінің соққысына тең келеді.
Күресші машықтануда жаттығудың техникасы мен тактикасын меңгеруде тұлғаның денелік және психологиялық жағдайына күш салады.
Сондықтан жаттығумен айналысуда оларға оқыту қажет, олар неғұрлым жас кезде, белсенділікті жете қарқынды жүреді. Кездейсоқ алған соққылар жүйке жүйесінің қалпын тежеуге ұзақ күш салады. Сондықтан жаттығуларды бөліп, ұзақтығын бақылап, тынығу ұзақтығын ескеріп отырған жөн. Сондай-ақ күштілік соққыларын толық қолданып отыру қажет. Жасқа қарай белсенділік қарқындылығын ерекшелігіне сай мөлшерін, салмағын, жүйелермен мүшелер белсенділігін, әсіресе жүйке жүйесін бақылауға ұстау қажет.
16-18 жаста өкпе массасының көлемі күшейеді, өмір сүрумен байланысын арттырады.
Бізге белгілі бұлшық ет қызметінің белсенділігі ондағы қан мөлшерінің жұмыс қабілетіне байланысты, бұлшық ет қызметін арттырады. Сондықтан алдымен бұлшық еттің қанмен қамтамасыз етілуін бақылап, соңынан бұлшық ет қызметінің белсенділігін арттыру қажет. Яғни күрес жаттығу сабағының алдын-ала, немесе оқу жекпе-жек сәтінде, жаттығушы тым шаршағыш келеді, өйткені тыныс алу дұрыс қойылмаған, бұлшық ет шынығуы жеткіліксіз, .нағыз жекпе-жек сәтінде белсенділік көрсете алмайды. Жас өспірім жаста ересектерге қарағанда боксшы жекпе-жек сәтінде ерте шаршайды. Сондықтан ересектерге қарағанда жасөспірім жастағылардың жаттығу сабақтарын таза ауада, сыртқа алаңда өткізген жөн, өйткені тыныс алу оттегімен толық қамтамасыз етілуін ескеру қажет.
Психологиялық әсері — боксшыны белгілі бір іс-әрекетке дайындау-бұл сол іс-әрекетке жемісті қатысуға дайындықты қалыптастыру процесі деген сөз. Осы дайындық ішінде бірқатар компонентерді атап көрсетуге болады: олар-бұлшықеттік, функционалды, операциялы, психологиялық және т.б. Кез-келген іс-әрекетке жаттығушы психологиялық жағынан дайын болуы керек.
Әсіресе, өзгермелі жағдайларға, мақсатқа жету кезеңдерінде, қажеттіліктер күш жұмсау және құнды бағыт-бағдар қажет. Спортшы іс-әрекеті дәл осындай белгілерге ие. Енді іс-әрекет нәтижесі де оған риза болу, ішкі психологиялық жағдайы, адамның қобалжулары да оның іс-әрекет процесінде психологиялық дайындығына ғана емес, сонымен бірге, кез-келген іс-әрекетпен жүретін оның шарттарына: нақты күн тәртібіне, жеке тұлға бағалануына, мүмкін болатын жазалаулар мен мадақтауларға адамдардың белгілі бір тобымен араласу ерекшеліктеріне және қуаттылығына қатысты болады.
Күресшіні дайындауда: Іс-әрекетке психологиялық дайындық және жалпы психологиялық және арнаулы психологиялық дайындықтар қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. «Қазақстан Республикасында 1996-2000 жылдар аралығында бұқаралық спортты дамыту туралы мемтекеттік бағдарламасы» // 1996 ж. 19 желтоқсан. № 3276.
- Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» Ел Призидентінің Қазақстан халқына жолдауы Алматы, 1998, 240 бет.
- Қазақстан Республикасының Дене мәдениеті және спорт туралы Заңы. 1999 ж. 2 желтоқсан. №490-13 ҚР // Sport, 2000, №1, 4-11 қаңтар.
- Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы. Қазақстан республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы. №571, // Астана, 2001 ж.
- Адамбеков Қ.І. «Оқушылардың дене тәрбиесілеудің педагогикалық негізі» п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, -1995, 38 бет.
- Аяшев А.О. Болашақ мұғалімнің тәрбие жұмысына кәсіби даярлығын дене тәрбиесінің құралдары арқылы қалыптастыру. п.ғ.д. дисс. авторефеераты, М., 1993, 55б.
- Кузнецов З.И. Мектеп жасындағы балалардың негізгі дене қасиеттерін дамыту // ғылыми конференциясының жинақтары, Поланга, 1966 ж.
- Сапарбаев М.Б. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің теориясы мен практикасы. п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, 1993, 318 б.
- Гейнца К.А. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі 1-9 сынып оқушыларының нұсқалық бөлімдерін жете зерттеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты. М., 1995, 22 б.
- Жұманова А.С. «7-9» жастағы қазақ балаларының дене тәрбиесі ісінің мазмұнын тәжірибеде дәлелдеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты Алматы,-1997.
- Алимхананов Б.У. Дене мәдениеті бойынша оқу бағдарламасының нұсқалары. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Санкт-Петербург. 1994, 22 б.
- Платонов В.Н. Спортшылардың қазіргі замандағы дайындық жүйесінің негізі. // Киев, «Здоровья» 1999.
- Құланов Қ.А. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесінің дамуы (1966-1985) п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 1990, 22 б.
- Набатникова Н.И. Субмаксимольді және жоғары қуат арқылы жасалатын циклдік жұмыс кезіндегі спортшының арнайы төзімділігін жетілдіру мәселелері. п.ғ.д. дисс. авторефераты. М., 1974, ж.
- Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, Астана, 1998, 378-бет.
- Бриль М.С. Б.Ш.Ө.С.М. қабылдаудағы балалардың жеке бас ерекшеліктерін зерттеу (баскетболдан) п.ғ.к. дисс. М., 1968, 188 б.
- Атаев К.А. Балалардың жүйелі түрдегі дене тәрбиесі. // Ғылыми практикалық конференцияның тезистері. Ташкент. Джизак, 1991. 21 б.
- Биданов Б.Ж. Оқушылардың сабақтан тыс кездегі дене тәрбиесінің педагогикалық кезеңдері. п.ғ.к. дисс. авторефераты. Алматы, 1992, 1-20 беттер.
- Ворюшин В.В. 9-12 жастағы оқушылардың сабақтағы және ү.йірмедегі футбол сабақтарының ерекшелігінің зерттеулері. п.ғ.к. дисс. авторефераты. М., 1968, 22 бет.
- Қаражанов Б.Қ. Адамның моторлық адаптациясы п.ғ.д. дисс. авторефераты М., 1992, 1-85 беттер.
- Филин В.П. Мектеп жасындағы оқушылардың спорттық проблемалары. п.ғ.д. дисс. авторефераты, М., 1970.
- Ашмарин В.А. Дене тәрбиесіндегі педагогикалық зерттеулердің теориясы мен әдістемесі. Дене тәрбиесі және спорт, М., 1976, 223 б.
- Пономарев Н.И. Дене тәрбиесі қоғам және адам мәдениетінің бір саласы. // Алматы, 1996, 308 бет.
- МатвеевЛ.П. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі дене мәдениеті институтына арналған оқулық. Дене тәрбиесі және спорт, М, 1976, 236 б.
- Ботагариев Т.А. Аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, оқушылардың дене тәрбиесін жетілдірудің ғылыми-педагогикалық негіздемесі. (Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе обылыстарының материалдары негізінде). п.ғ.к. дысс. Авторефераты, Алматы, 2001.
- Хан А.Н. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының құрылымдарының педагогикалық негіздері. п.ғ.д. дисс. авторефераты. М. , 1984. 33 бет.
- Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. Алматы 2005.569 бет.
- Тастанов Ә.Ж. Оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілетін дене тәрбиелеу процесінің педагогикалық негізі. п.ғ.к. дисс. авторефераты. А., 2003. 44 бет.
- Ақжол А. Боксшының тактикалық дайындығы. Шымкент 2002.
- Потапов И.А., парпиев Ө., Сарсенова С.Т. Спорт физиологиясы. А., ҚазДТМИ, 1998.
31.Дегтерева И.П. Бокс М., «ФиС» 1979.
- РомановВ. «Жасөспірім боксшыларды дайындау» -М., «Д және С» 1979
- Романенко М.И. Боксшының шеберлігін жүзеге асыру негіздері М., «Д және С» 1989.
- Чудинов В.А. Бастауышы боксшының дене тәрбиесі М., «Д және С» 1986.
- Қазақ боксшылары . Ер-Дәулет. Алматы-1999.
- Остьянов В.Н., Гадамак И.И. Бокс. Оқу мен жаттығу Киев , Олимпиадалық әдебиет 2001 ж.
- Бокс. Энциклопедия. М., 1998 ж.
- Сафьяно Н., Ихвирашвили Б. Қазақстан Рингінің жұлдыздары. Алматы «Қаржы-қаражат» 1998 ж.
- Дене тәрбиесінен әдістемелік нұсқаулар М., «Жоғары мектеп» 1993 ж.
- Бокс (жыларалық), М., Д және С» 1996 ж.
- Нұрмаханов Ә. Боксшы болғың, келе ме ? –Алматы: «Сенат», 1994.
42.Хедман Р. Спортивная физиология. М., «ФиС» 1980
- Фомин Н.А. Физиология человека . М., «Просвещение».
- Зациорский В.М: Спортивная метрология: Учебник для ИФК. –М.: ФиС, 1982.
- Ильин Е.П. Психофизиология физического воспитания. –М.: Просвещение, 1980.
- Климов Е.А. Психология профессионального самоопределения. –Ростов-на-Дону: Феникс, 1996.
- Кретти Брайент Д. Психология в современном спорте.- М.: ФиС. 1978.
- Матвеев. Л.П. Общая теория спорта. –М.: 5-й филиал Вое-низдата, 1997.
- Платонов В.Н. Адаптация в спорте. – Киев: Здоровья, 1988.
- Платонов В.Н. Современная спортивная тренировка. – Киев: Здоровье, 1980.