АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің

психологиялық негіздері

 

Алматы — 2010

«Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері» тақырыбында орындалған диплом жұмысына

 

ПІКІР

 

Мектеп психологы жұмысы көп салалары. Соның ішінде маңыздыларының бірі оқушыларға кәсіби бағдар беріп, болашақ өмір жолын анықтауға көмек көрсету болып табылады. Сондықтан ______________________________дипломдық зерттеу тақырыбы өте актуалды болып отыр.

Диплом жұмысы кіріспе, үш тарау, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысы тақырыбының актуалдылығы дәлелденіп, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, қолданылған ғылыми зерттеу әдістемелері анықталған.

«Білім беру жүйесіндегі кәсіби бағдарлау жұмысын ұйымдастыру» деп аталатын бірінші тарауда пеихологиялық қызмет көрсету жүйесі қалыптасу тарихына шолу жасалынған. Психологиялық қызмет ең бірінші мамандық тәрдие мәселелерін зерттеп, мамандык, кеңес беруден басталғаны көрсетілген. Сондықтан көптеген адамның психофизиологиялық қасиеттеріне ерекше талап қойатын мамандықтарға іріктеп алу әдістемелері жақсы қалыптасңан. Осы әдістемелерді қолданып баларға болашақ мамандығын анықтауға көмек көрсету барысында жоғары сынып оқушыларына қандай бағыттарда жүргізілетін жұмыстар маңызды екені анықталған.

«Кәсіби бағдар беру барысында оқушылардың жекелік қасиеттерін диагностикалау» деп аталатын екінші тарауда жоғары сынып оқушыларының жекелік психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтау үшін Айзенк, Стреляу тестілерімен темпераментті, Айзенк үсынған тесттің фрагменттерімен интеллектуалдық қабілетті зерттеу жүргізілген. Сонымен қатар жоғары сыныптағылардың коммуникативтік, ұйымдастырушылық қабілеттерін зерттеу жүргізіліп, олардың нәтижелері берілген.

«Кәсіби бағдарлау жұмысында коррекциялық ойындарды қолдану» деген үшінші тарауда психокоррекциялың жұмысты ұйымдастыру шарттары анықталып, жоғары сынып оқушыларымен жүргізуге ұсынылатын ойын коррекциялары элементтері көрсетілген.

Қорытындыда зерттеу барысында мектеп психологиялық қызметінің кәсіби бағдар беру жұмысын жетілдіруге негіз болатын тұжырымдамалар жасалған.

_______________________дипломдық жұмысы студенттің өзбетімен жүргізген теориялық және әдістемелік зерттеулерінің нәтижесі екені айқын көрінеді. Ол тақырыпты толық ашып, алдына қойған зерттеу міндеттерін толық орындаған. Сондықтан _______________________ психологиялық қызметті өмір тәжірибесіне сай ұйымдастыруға даярлығын көрсетеді.

Дипломдық жұмыс талаптарға сай орындалып, көркемделінген. Оны өте жақсы деп бағалауға болады деген пікір білдіремін.

 

 «Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері» тақырыбында орындалған диплом жұмысына

 

ПІКІР

 

Білім беру саласында психологиялық қызметті ұйымдастыру қазіргі кезде үлкен өзгерістер ендіруді талап етуде. Қазіргі мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыру М.Р.Битянова, И.В.Дубровина, Е.И.Рогов, В.Г.Прихожан және басқа ғалымдардың жасаған бағдарламалары бойынша жүргізілуде. Дегенмен оларда психологиялың қызмет көрсету барысында қолданылатын әдістемелер Ресей мектептеріне икемделінген, сонымен қатар мектеп бітірушілермен жүргізетін жұмыстар олардың болашақ мамандықтарын анықтап алумен байланысты болуы керек екені айқын. Сондықтан ______________ дипломдық зерттеу тақырыбы өте актуалды болып отыр.

Диплом жұмысы кіріспе, үш тарау, төрт параграф, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысының тақырыбының актуалдылығы дәлелденіп, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, қолданылған ғылыми зерттеу әдістемелері анықталған.

Бірінші тарауда психологиялық қызмет көрсету жүйесі қалыптасу тарихына шолу жасалған. Әдебиеттерді талдау негізінде психологиялық қызмет мамандыққа жарамдылықты анықтау және кәсіби бағдар беруден басталғаны көрсетілген. Сондықтан көптеген адамның психофизиологиялық қасиеттеріне ерекше талап қойатын мамандықтарға іріктеп алу әдістемелері жақсы қалыптасқан. Ал мектепте жүргізілетін кәсіби бағдарлау жұмысының қажеттілігін А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов теориялық жағынан дәлелдегенімен, психологтің осы бағыттағы жұмысын әр маман өзі анықтап алуы керек. Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстардың бір үлгісі осы жерде берілген.

Екінші тарауда жоғары сынып оқушыларының жекелік психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтау үшін темпераментті, интеллектуалдық қабілетті зерттеуге арналған тестілер қолданылып жүргізілген зерттеулер нәтижелері көрсетілген. Сонымен қатар жоғары сыныптағылардың коммуникативтік, ұйымдастырушылық қабілеттерін зерттеу нәтижелері берілген.

Үшінші тарауда психокоррекциялык, жұмысты ұйымдастыру шарттары анықталып, жоғары сынып оқушыларымен жүргізуге ұсынылатын ойын коррекциялары элементтері көрсетілген.

Қорытындыда зерттеу барысында мектеп психологиялық қызметінің кәсіби бағдар беру жұмысын жетілдіруге негіз болатын тұжырымдамалар жасалған.

_______________________ дипломдық жұмысы студенттің теориялық мәселелерді жақсы меңгеріп, психологиялық қызметті өмір тәжірибесіне сай ұйымдастыруға даярлығын көрсетеді. Дипломдық жұмыс талаптарға сай орындалып, көркемделінген. Оны қорғауға ұсынып, жоғары бағалауға болады.

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………..

 

1 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ

ЖҰМЫСЫН ҮЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МӘНІ…………………………………….

       1.1. Кәсіби бағдарлаудың қалыптасу тарихы………………………………….

       1.2. Оқушыларды алдын-ала кәсіби психологиялық

               диагностикадан өткізудің маңызы…………………………………………..

 

2 ТАРАУ. КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ

ЖЕКЕЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ДИАГНОСТИКАЛАУ……………………………..

        2.1. Оқушылардың темпераментін зерттеу……………………………………..

        2.2. Оқушылардың интеллектуалдық қабілетін зерттеу…………………..

 

3 ТАРАУ. КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ ЖҰМЫСЫНДА КОРРЕКЦИЯЛЫҚ

ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ…………………………………………………………………

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………..

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………………………………………..

 

КІРІСПЕ

 

Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол болуға тиіс.

Балаларға мамандық таңдату оңай жұмыс емес. Бұл проблеманы зерттеушілер П.П. Блонский, Г.Н. Стычинский, В.А. Сухомлинский, Ю.П.Сокольников, А.П.Сейтешов Г.А.Уманов, Л.К.Кермов және олардың шәкірттері баланы жас кезінен болашақ мамандығын саналы түрде анықтауға ата-аналар, психологтар мен педагогтар өз үлестерін қосуы керек екенін атап көрсеткен.

Қазіргі кезде көптеген психологиялық зерттеу әдістемелері көмегімен баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеп, қай салада қызмет атқаруға икем екенін болжамдап береуге болады. Атап айтсақ, темпераментті зерттеуге арналған Айзенк, Стреляу тестері, Басса-Дарки, Шмишек, Филипс жасаған мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау әдістемелері, таным процестерін зерттеу және қабілеттіліктің түрлерін анықтау әдістемелері көмегімен әр адамның жеке даралық психофизиологиялық ерекшеліктерін нақты анықтауға болады.

Сонымен қатар коммуникативтік және  ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу және барлық бағаланған қасиеттерді дамыту және қалыптастыру жолдары да анықталған. Дегенмен мектеп тәжірибесінде психологиялық қызметтің енді аяқ алып келе жатқанына байланысты оқушыларға дер кезінде психологиялық көмек көрсету сирек кездеседі. Психолог бар жерде олардың арсеналында қажетті психодиагностикалық әдістемелер тапшы. Ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби бағдар беру проблемасын шешу жолдары онша айқындалмаған. Сондықтан осы актуалдық проблеманың бір мәселесіне толығырақ түсініп, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеу жолдарын анықтап алу үшін диплом жұмысымның тақырыбын «Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері» деп анықтадық.

Зерттеу мақсаты — мектеп психологиялық қызметі тәжірибесінде психодиагностика жүргізу арқылы оқушылардың жеке даралық ерекшеліктерін анықтау және қызмет түрлеріне икемділігін болжамдау.

Зерттеу міндеттері:

-тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау;

-кәсіби психологиялық диагностиканы жүргізу ерекшеліктерімен танысу;

-оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін  зерттеу әдістемелерін қолдану жолдарын үйрену;

-оқушылармен кәсіби қажетті қасиеттерді қалыптастыру тренингін жүргізу.

Дипломдық зерттеу барысында келесі ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, психо-диагностикалық әдістемелерді іріктеп алу, мектеп оқушылары арасында олардың темпераментің, таным процестерін, интеллектуалдық қабілеттілігін анықтау тестерін қолданып жеке даралық қасиеттерін бағалау, тренинг элементтерін қолданып түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу.

Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

  1. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МӘНІ

 

1.1. Кәсіби бағдарлаудың қалыптасу тарихы

 

Кәсіби бағдарлаудың ғылыми негізде ұйымдастырылған түрі 1908 жылы Бостон қаласында кәсіби кеңес беру бюросы ашылған күннен басталды деп айтуға болады. Ал шын мәнінде кәсіби бағдарлау ежелгі дәуірде де орын алған. Бұл проблема адамзаттың қоғамдық даму қажеттілігінен пайда болды, сондықтан оның қоғам сияқты өзіне тән даму тарихы бар. Әрине кәсіби бағдарлау мамандықтардан бұрын пайда болуы мүмкін емес. Адамзаттың даму барысында топ мүшелері орындайтын функцияларының анықталуы мен байланысты, жануарлар өсіріп, дихандықпен шұғылдана бастағаннан, балаларға арнайы тәлім-тәрбие беру, оны болашақ өмірге даярлау көптеген жаңа проблемаларды тудырды. Адам өміріндегі барлық қажеттілікті қанағаттандыруға қажетті іс-әрекет түрлерін кәсіп деп атаумен байланысты сол кәсіпке тәрбиелеу жолдары да анықтала бастады.

Адамның кәсіби жарамдылығын бағалау элементтері ежелгі дәуірде қалыптаса бастаған. Б.д.д. 3-ші ғасырдың орта шенінде Ежелгі Вавилонда мектеп түлектерінен хатшыларды дайындауға сынақ жүргізіледі. Сол заманның білім көлемділігінің арқасында кәсіби даярлығын хатшы месопотамиялық цивилизацияның орталық ірі тұлғасы болады: ол кеңістікті өлшеуді, меншікті бөлуді, музыкалық аспаптарда ойнай алуды, өсімдіктерді ажыратып, олардың ішінен адамның денсаулығын нығайтуға қолданатындарын анықтауды т.б. іскерліктерді меңгеруді талап еткен.

Ежелгі Мысырда абыз жрецтері өнеріне тек қана нақты сынақтан өткен адамдарды ғана оқытқан. Ең алдымен талапкерлер тексеруден өтіп, барлық қойылған тапсырмаларды толық орындап шығуы шарт болған. Әңгімелесу барсында талапкердің өмірбаяндық мағлұматтарды анық бере алатындығы, білімдарлығының деңгейі анықталып, сыртқы бейнесі, жалпы қарым-қатынас жасауға қабілеті бағаланған. Сонан соң оның еңбеккерлігін, басқаларды тыңдай білуін, сөйлеуі мен үндемей отыратындығын тексерген. Өзінің оқуға қабілеті жоқ, ұзақ мерзім оқудың ауыр-жеңіл жерлеріне шыдамдылық көрсете алатындығына күмәнданғандарды отпен, сумен, аштықпен, өлім қаупімен қорқытып, сынаған.

Осы қатаң сынаудан және білімділігі бойынша таңдаудан әлемге әйгілі Пифагор өте білгенін тарих бізге хабарлайды. Пифагор оқуын аяқтағаннан соң Грецияға оралып, онда өз мектебін орнатты және оқуға қабылдау үшін өзі өткен сынақтарға ұқсас әртүрлі байқауларды ұйымдастырып, талапкерлер солардан өтуі керек болды.

Пифагор, ең біріншіден, адамның интеллектуалдық қабілетін диагностикалауға көп көңіл бөлді. Қазіргі кезге дейін Пифагор жасаған интеллектуалдық қызметке икемділікті анықтау кестесін кейбір психологтар мен палгерлер өз қызметінде қолданады. Сонымен қатар Пифагор адамның күлкісіне, жүріс-тұрысына үлкен назар аударды. Оларды адамның мінез-құлқының ең айқын көрсеткіштері деп анықтады. Пифагор ата-аналардың берген мағлұматтары мен мұғалімдердің ұсыныстарына да үлкен көңіл бөлді.

Осы кездерде Қытайда үкіметтік-төрелік қызмет және көптеген мамандықтар болды. Осы мамандықтарға қызметшілерді іріктеп алу, оларды өз функцияларын атқаруға даярлау барысында кәсіби таңдаудың өз ерекшеліктеріне сәйкес келетін түрлері қалыптаса бастады. Олардың көбісі халықтың салт-дәстүрін білу, өзін және Отанын қорғауға қажетті іскерлік пен дағдыны меңгеруі, басқаларға өте ыңғайлы да жағымды жағдайларды жасау сияқты қабілеттерді тексеруге арналған жарыстар жүргізілді. Сол сияқты Ежелгі Спарта, Рим, Афина тарихында да кәсіби жарамдылықты зерттеуге, білімдарлықты бағалауға арналған көптеген инициациялар түрлері, емгихандар мен семинарлар, философтар мектептері дәстүрлері кеңінен тарады.

Спартада жауынгерлерді тәрбиелеу жүйесі ерекше дамыған болды. Бұл қала-мемлекеттеер балалармен қатар әскери-дене тәрбиесінен барлық қыздарда өтетін болды. Өйткені жауынгерлер соғысқа аттанып кеткен кезде әйелдер көптеген құлдарды игеріп отыруға шамасы келетін жауынгерлік қасиеттер көрсетуі керек болды. Сондықтан адамның дене тәрбиесіне, денсаулығын нығайтуға, қара күші мен қайратын көбейтуге ерекше көңіл бөлінді.

Римде тәлім-тәрбие жұмысында гладиаторлар даярлау ерекше мәртебеге ие болды. Жақсы тәрбиеленген гладиаторлар ақсүйектер мен мемлекет басшыларының көңлін көтеруге, ер азаматтардың айбаттылығын, шыдамдылағын, жауға деген қатыгездігін тәрбиелеуге қосатын үлесі өте үлкен болып келді. Сонымен қатар білімдар адамдарды, өнер салаларындағы мамандарды, көптеген жеңіл кәсіптерді үйрететін мектептер ашыла бастады. Ежелгі Римде сауаттылық кең тараған. Сондықтан плебейлерге арнаған жарлықтар жазба түрде шығарылып, балалардың сауатын ашатын әліппе ретінде осы жарлықтарды үйреткен. Баласының сауатын ашып, оған мамандық білім бермеген ата-анаға балалары қамқорлық көрсетуіне мемлекет тарапынан тыйым салынған.

Афина басқа локонияларға қарағанда адамның интеллектуалдық қасиеттерін жоғары бағалап, оны дамытуға өте үлкен орын берген.

Үндістанда б.д.д. 900-600 жылдардан бастап зергерлік, ұсталық, тоқымашылық, арқаншы, тігінші, бояушы, балташы, ағаш ұсталары, құмырашы, үй қызметкерлерінің әртүрлі категориялары, кәсіби акробаттар, көріпкелділер, сырнайшы, жылан арбаушы, биші, саудагерлер т.б. мамандықтар кеңінен тарады. Әр маман өз кәсібін өзінің балаларына, үрім-бұтағына үйретіп шығарған.

Орта ғасырларда адамзаттың орындайтын іс-әрекетінің түрлері көбеюімен байланысты көптеген кәсіптер пайда болып, шеберханалардағы мамандықтардың түрі, теңізшілер, кеншілер тағы басқа көптеген мамандықтар пайда болады. Осы еңбек түрлеріне даярлықтан өткізетін көптеген кәсіптік мектептер және жұмыс орнында үйрету кең тарайды. Сонымен қатар жоғары квалификациялық мамандар даярлайтын гимназиялар мен университеттер ашылады.

Кәсіби бағдарлау қоғамдық процеске айналып 19 ғасырдан бастап кәсіби диагностика, кәсіпке жарамдылықты анықтау аяқ ала бастайды. Сонымен қатар кәсіби ағарту, кәсіби кеңес беру, әлеуметтік кәсіби адаптация және кәсіби тәрбиелеу ғылыми жағынан байыпталып зерттеліне бастады.

Бұл жұмыс әр адамның жекелік психикалық ерекшеліктерін анықтап, әр адамның тіршілік түрлеріне икемдішігін анықтаумен ұштастыру мәселелері қарастырылады. Ағылшын ғалымы Ф.Гальтон жеке тұлғаның психикалық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда анықтаудың іргетасын құрушылардың бірі болды. Осы айырмашылықтарды зерттеу мақсатымен Ф.Гальтон Лондонда 1888 жылы халықаралық медициналық және денсаулық сақтау әдістерін қолдану көрмесін ашты. Көрмеге келушілер өздерінің тән қабілетімен қатар психикалық ерекшеліктерін 17 көрсеткіштер бойынша анықтап алуға мүмкіндіктер жасалды.

1908 жылдың қаңтар айында Бостон қаласында жастарды кәсіби бағдарлау жұмысының алғашқы бюросы ашылып, мұнда талапкерлердің өмірлік еңбек жолын анықтауға көмек беретін әдістемелер қолданыла бастады. Бұл бюроның іс-әрекеттерін ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби бағдарлаудың бастамасы деп айтуға болады. Көп ұзамай осыған ұқсаған бюролар Нью-Иоркте ашылды. Оның міндетіне әр, түрлі мамандықтардың адамға қоятын талаптарын зерттеп, мектеп оқушыларының қабілетін анықтау болды. Бұл бюроның негізін құрушылардың бірі Ф.Парсонс табысты мамандық таңдаудың үш негізгі факторларын бөліп көрсетті:

— әр адамның өзін-өзі дұрыс бағалауы, өзінің іс-әрекет түрлеріне бейімділігін, қабілетін, қызығушылығын, ұмтылысын, мүмкіндіктерін және шектеуліктерін дұрыс бағалауы;

— әрбір таңдаған мамандық бойынша қызмет атқарғанда табысты жұмыс істеу үшін ненің қажет екенін білуі;

— мамандықтың талабы мен байланысты білімді өзін-өзі бағалаудың нәтижесін үйлестіре алуы.

Осы және көптеген әлеуметтік психологиялық зерттеулердің нәтижесінде 1911 жылы Англияда 17 жастан төмен оқушыларға мамандық таңдауға міндетті түрде көмек көрсету туралы Заң қабылданды.

АҚШ-та мамандарды кәсіби жарамдылығы бойынша таңдаудан өткізуге ерекше көңіл бөлінді. Гарвард университетінің психологиялық зертханасының директоры Г.Мюнстерберг, психотехникалық зерттеулердің негізін құрушылардың бірі, кәсіби таңдау жүргізу технологиясын анықтап, өз зертханасында көптеген әдістемелер жасауға өз үлесін қосты.

Біріші дүниежүзілік соғыс барысында әскери техниканы басқарушылардың кәсіби жарамдылығын анықтап іріктеп алу қажет екені дәлелденді. Осы қызметті жолға қою үшін көптеген арнайы зерттеулер жүргізілді. Германияда 1922 жылы кәсіби бағдарлау және кеңес беру жүйесін құру жайлы Заң қабылданды. Кәсіби кеңес беру бюросының ұстанымдары бойынша еңбек биржасында мынадай ережелер құрылды:

— жеткіншектерді мамандық таңдауға жоспарлы түрде даярлау;

-бюро жұмысын мектептермен тығыз байланыста ұйымдастырып, мектеп бітірушілермен арнайы жұмыстарды келесі бағыттарда жүргізу;

— мамандықтар туралы мағлұматтар беру;

— мектеп бітірушілердің жекелік қасиеттерін анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізу;

— жұмысқа немесе кәсіби мектептерге ұсыныс хат толтыру.

Кәсіби бағдарлаудың ғылыми педагогикалық негізін қалауға  халыққа білім беру жүйесін бұрынғы Кеңес жерінде құруға үлкен үлесін қосқан А.В.Луначарский, П.П.Блонский өз үлестерін қосты. 1927 жылы Санкт-Петербургте кәсіби кеңес беру бюросы ашылды. Бұл жерде мамандыққа баулу тәжірибесімен қатар ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. 1928 жылы П.П.Блонскийдің «Педалогия негіздері» деп аталатын еңбегі жарық көрді. Тәжірибелік психологиялық білімді ол кезде педалогия деп атады. Осы еңбекте жеке адамның тұлғалық қасиеттерін жан-жақты зерттеу, және ағзаның физиологиялық ерекшеліктерін анықтау әдістемелері жүйеге келтіріліп берілді.

Дегенмен бұл зерттеулерді тәжірибеде қолдану көптеген қиындыққа жолықты. 1936 жылы «О педалогических извращениях в системе наркомпроса» деп аталатын ВКП(б) ОК қаулысы бойынша сол кезде көптеген ірі қалаларда ашылған әлеуметтік психологиялық зертханалар мен бюролар жабылып, педалогиялық зерттеулерге толық тыйым салынды. Содан 20 ғасырдың 60-шы жылдарына дейін тәжірибелік психологиялық зерттеулер біздің елде жүргізілмей қалды.

Шет елдерде бұл тәжірибе өте кең тарап, Еуропалық ғалымдар К.Айзенк, Кеттел, Бине, Симон т.б. көптеген ғалымдар адамдардың жекелік қасиеттерін, интеллектуалдық іс-әрекеттерге икемділігін, жан мен тәннің бір-біріне тәуелділігін т.б. көптеген проблемаларды зерттеу жолдарын анықтап, оларды психологиялық кеңес беруде қолдану жолдарын зерттеді.

1984 жылы қабылданған Кеңес мектептерінде жүргізілген реформаның материалдарында мектептерде психологиялық қызметтерді ұйымдастырып, психологиялық зерттеулерді кеңінен қолдану қажеттілігі көрсетілген. Сонымен қатар психологиялық кеңес беру орталықтарын ашу туралы көптеген ұсыныстар жасалған. Осы кезден бастап көптеген Ресей мектептерінде, Балтық жағалауындағы мемлекеттерде мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру орталықтары ашыла бастады. ССРО ғылым академиясы жанынан мамандық бағдар беру ғылыми зерттеу институты ашылып, онда осы бағытта көптеген зерттеулер жүргізілді.

Қазақстанда кәсіби бағдар беру проблемалары педагогика ғылымдарының докторылары, профессор А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов, Л.К.Керимов, және олардың шәкірттері жан-жақты зерттеді. Олардың айтуы бойынша кәсіби бағдар беру-психологиялық, педагогикалық және медициналық іс-шаралар жиынтығы болып келеді. А.П.Сейтешов мамандыққа баулу және кәсіби бағдарлау баланың дүниеге көзқарасының қалыптасуына негіз болады деп дәлелдеген. Бұл жұмыс жастардың тілегі, ықыласы мен олардың мүмкіндіктерін бір-бірімен үйлестіруге бағытталған. Сонымен қатар халықтың тұрмыс шаруашылығы мен жалпы қоғамда мамандарға деген қажеттілікті ескере отырып, еңбекке жарамдылық процесін оңтайландыруға бағытталған.

 

1.2. Оқушыларды алдын-ала кәсіби психологиялық

диагностикадан өткізудің маңызы

 

Кәсіп — proaessiо — деген фрацуз мамандығымды тілінде ресми түрде жариялаймын деген мағынаны білдіреді. Кәсіби бағдарлау — әр адамның жекелік қасиеттеріне, қызығушылығына, қабілетіне, қоғамдық қажеттілікке байланысты мамандық таңдап алуына ықпал жасау.

Мамандықты дұрыс таңдаудың әр адамның өз өмірінде табысты болуына және әлеуметтік ортада барлық қабілетін толық ашуға негіз болатындығын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде дәлелдеп шыққан. Кәсіби бағдарлаудың негізін құрушылар Ф.Гальтон, А.Кершенштейнер, Г.Мюнстерберг, П.П.Блонский, Ю.П.Сокольников, Т.Н.Мальковская, Г.А.Уманов т.б. ғалымдар әлеуметтік-кәсіби бағдарлау идеяларын қалыптастырды. Осы идеяларға сүйене отырып барлық ізгі ниетті мемлекеттер өз ұрпақтарын тәрбиелеу барысында оларға кәсіби бағдар беру, кәсіп беру мәселелерін өз халқында қалыптасқан дәстүрлерге сүйене отырып ғылыми негізде шешу жолдарын іздестіруде.

Жалпы және кәсіби білім беру мектептерінің тұжырымдамасында оқушыларды қандай да бір іс-әрекет түріне баулу және әр баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін, қабілеті мен білімділігін анықтауға мүмкіндік беру қажет екені анықталған. Бұл мәселені шешу әр мектепте әр түрлі жолдармен жүргізіліп жатыр. Психологиялық қызмет ұйымдастырылған мектептерде балалардың жекелік психикалық қасиеттерін анықтаумен шектелуде. Ал шын мәнінде бұл қызмет көпқырлы және көпсырлы болуға тиісті.

Оқушыларды алдын-ала кәсіби диагностикалаудан өткізу проблемасын зерттеу үшін көптеген арнайы және жалпы диагностикалық әдістемелер жасалған.

Оның ішінде Айзенк пен Стреляудың темпераментті өлшеу тестері, Бине-Симон жасаған интеллектуалдық қабілеттілікті анықтау шкаласы, Айзенктің интеллекті зерттеу тестерінің вербалдық, математикалық және техникалық субтестілері, Филипстің баланың мазасыздану деңгейін анықтау тесті, коммикациялық және ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу тестері тағы сол сияқты көптеген әдістемелер. Олардың нәтижесін кәсіби бағдарлауда қолдану ережелерін Айзенк, Лемтес т.б. анықтаған.

Бұл жұмыстың мазмұны жеке адамның психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты зерттеп келесі компоненттер бойынша мағлұмат алудан тұрады:

— мінез-құлқының жеке-даралық ерекшеліктерін анықтау;

— жүйке қызметінің жеке-даралық ерекшеліктерін анықтау;

— қызығушылығы, бейімділігі, қабілеті, кәсіби ниеттері туралы мағлұматтар алу;

— құндылық бағдарлануы;

— білімі, іскерлігі және дағдылары.

Кәсіби бағдарлауды жүргізуге негіз болатын идеялар жастарға білім беру тұжырымдамасында анықталады. Біздің мектеп тұжырымдамасында кәсіби бағдарлау идеясы әр адамға мамандықты дұрыс таңдауға қажетті қабілеттері мен қызығушылығын анықтауды ұйымдастыру. Әдіснамалық сипатта бұл проблема оқушылардың өмірлік және кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізудің даралық ұстанымы жатады. Бұл ұстаным бойынша оқушылардың өмірлік және кәсіби жоспарларына байланысты топтау арқылы, сыныптастыру жұмысын жүргізу негізінде оларға бағдар беру программасы анықталады.

Кәсіби бағдарлау жұмысын негізгі екі кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Біріші кезең — әлеуметтік-кәсіби бағдарлау. Бұл кезеңде балаларға жалпы мамандық, мамандық бойынша қызмет атқару, табыс көзі, мамандық шеберлік және сондай жалпы мағлұматтар беріледі. Бұл кезеңнің міндеттері:

— мамандақ туралы жалпы ұғымды меңгерту, мамандықтар әлеміне саяхат жасау арқылы баланың мағлұматтылығын қалыптастыру;

— шебер адамдардың құрметке бөленетінін, олар материалдық және рухани байлыққа өз шеберлігі арқылы жеткендіктерін көрсету;

— мемелкеттің әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясына байланысты қандай мамандықтардың болашағы мол деп болжамдауға болатындығын көрсету;

— туыстарының, таныстарының, достарының мамандықтарын, олардың перспективасын көрсету;

— еңбектің шығармашылық сипатымен таныстыру;

— еңбек романтикасы туралы мағлұмат беру;

— еңбектің материалдық және рухани байлықтың көзі екенін көрсету.

Осылайша еңбек, кәсіби әрекеттің өзі құндылық екенін айқындап, әрбір жеке адамның мамандықты дұрыс таңдап өмірдегі өз орнын табуға ұмтылылысы болғанда ғана олардың қызығушылығы одан әрі дамып, мәртебесі өсіп, жоғары мансаптық орынға ие болуына мүмкіндік туады. Мамандыққа қызығушылығы бар адамға оны толық және сапалы меңгеруге жол ашылады.

Кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда құндылықтардың қалыптасуына үлкен әсерін тигізетін нәрсе -мотивтер екенін ескеру қажет. Мамандықтарды таңдау мотивтерін алты топқа бөлуге болады:

-жалпы мотивировка;

-мамандықтың романтикасы;

-танымдық сипатындағы мотивтер;

-қоғамдық мәні бар мамандық таңдау мотиві;

-беделге, үлгіге сүйену;

-мотивацияланбаған таңдау.

Барлық мотивтерді сипаты бойынша төрт топқа бөлеміз:

— нақты еңбекке бағытталған, мақсаты анықталған, дәлелге негізделген мотивтер;

-нақты емес, жеткіліксіз себептестірілген мотивациялар;

-сенгісіз, негізсіз мотивациялар;

-ешқандай негізі жоқ мотивациялар.

Өзінің қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтыла отырып, адам өз алдына нақты бір мақсат қояды, бірақ бұл мақсат өз бетімен жүрмейді, ол адамның бағыттылығымен тығыз байланысты жүреді де оның барлық іс-әрекеттерінің бағдарламасын болжамдайды. Қажеттіліктерді, қызығушылықтарды қанағаттандыру, мақсатын жүзеге асыру нақты бір мәселелерді шешусіз, сәйкесінеше жұмысты орындаусыз мүмкін емес. Сондықтан әрбір жағдайда адам объект, құбылыс немесе іс-әрекет түрлерін таңдайды. Осылайша таңдау жеке адамның   қажеттілігін өтейді.

Мамандық таңдау мотивтерін анықтауға арналған көптеген әдістемелер бар. Оларды қолданып зерттеу жүргізу нәтижесінде балалардың мектеп бітіру шағында мотивациялық сферасы өте нашар көрініс беретіндігі анықталған. Бұл жағдай мектеп түлектерінің қалаулары анықталмастан, болашақ өмір жолын анықтауға өздері үлес қосуға шамасы келмейтіндігін көрсетіп отыр.

Жеке адамның басқа психикалық қасиеттері де өзара тығыз байланыста болады. Осы байланыстылықты былайша көрсетуге болады:

қажеттіліктер — қызығушылықтар — объективті

құндылықтар — мотивтер — мақсат — таңдау.

Психологияда темпераментті деп адамның психикалық процестерінің динамикасын анықтайтын қасиетті айтады. Темпераменттің табиғатын   И.П.Павлов зерттеген. Оның ілімі бойынша жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері — қозу мен тежелудің жүру күші, олардың алмасуы, динамикасы.

Темперамент олардың тек қана біреуіне тәуелді болмайды, олардың үйлесімділігіне тәуелді. Бұл үйлесімділікті И.П.Павлов жүйке қызметтерінің  түрлері деп атаған. Неміс ғалымы И.Кантттын сыныптастыруы бойынша темперамент төрт типке бөлінген. Кант берген типологияны Павловтың сипаттамаларымен толықтырып, қазіргі кездегі психологияда ең кең қолданылыатын сыныптастыру негізінде темперамент типтері холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик деп бөледі.

1 — холерик. Бұл темперамент өкілдерінің жүйке процестері күшті жүреді, барлық іс-әрекеттерге белсенді кіріседі де шалағай орындап тастайды, сапаға терең үңілмейді, қозу процесі күшті және басым болғандықтықтан олар көп жерде ұшқалақтық көрсетеді, жаңалықты қуанышпен қолдайды, тәуекелге барғыш, ұрысқақ, кек сақтамайды, жүріс-тұрысы үйлесімсіз.

2 — сангвиник. Сангвиниктердің жүйке процестері күшті жүреді, қозу мен тежелу процестері тепе-тең, жеңіл алмасады, іскер, сөзшең, адамдармен тіл табысқыш, барлық әрекетке ынтамен бастайды, бірақ қызағушылығы тез басылады, барлық жұмысты қызықты және қызықсыз деп бөледі, икемделгіш.

3 — флегматик. Флегматиктердің жүйке процестері күшті жүреді, байсалды, барлық нәрсені ойланып, асықпай сапалы орындайды, сыйысымды, тіл табысқыш, ашушаң емес, жай қимылдайды.

4 — меланхолик. Меланхоликтердің жүйке процестері баяу жүреді, салмақты, қозу және тежелу процестері жай алмасады, үйреншікті жерде іскерлік, ашық-жарқындық көрсетеді, жаңалықтан қорқады, сасқаншақ, кейде ұстамалы.

Темперамент ерекшеліктерін диагностикалауға Айзенк, Стреляу тестерінен кеңінен қолданады. Осы әдістемелерді қолдану арқылы тек трмперамент типі анықталып қана қоймастан, сонымен қатар балалардың экстраверсия-интроверсияның қайсысына жақын екені анықталып, невротизмнің байқалатындығы да диагностикаланады.

Адамның темпераменті таза бір типте болуы сирек кездеседі. Көбінесе темперамент бірнеше түрінің қосындысы болып келеді. Сондықтан темпераментті зерттеу нәтижесінде доминанта көрсеткіші темпераменттің қай типінен екенін анықтап, қосалқы көрініс берген типтердің де мінездемесіне үлкен көңіл аударған дұрыс болады. Темперамент типін анықтау негізінде балаларға олардың жүйке процестерінің күшті және әлсіз, теріс көрсеткіштерін анықтап беріп, өзін-өзі тәрбиелеу барысында теріс көрсеткіштерінің әсерін төмендету қажет екені түсіндіріледі.

Сондай-ақ жеке адамның даралық ерекшеліктеріне мінез-құлық жатады. Психологияда мінез-құлық ерекшеліктерін келесі төрт көрсеткіштермен бағалайды:

-ұжымға және басқа адамдарға деген қатынасы,  сыйласуы, сыйысымдылығы;

-еңбекке деген қатынасы, еңбеккерлігі, шыдамдылығы, табыскерлігі;

-заттарға деген қатынасы, мұқияттылығы, үнемділігі, пысықтығы немесе салақтығы, ықтиярлы немесе ықтиятсыздығы;

-өзіне деген көзқарасы, өзін-өзі жақсы көруі, көкіректігі, мақтаншақтығы, атақ құмарлығы.

Адамның мінезі кез-келген қасиеттердің кездейсоқ жиынтығы емес. Мінездің жеке көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланыста болып бір тұтастық құрады. Мінездің барлық көрсеткіштері және темперамент ерекшеліктері біріне-бірі тәуелді байланыста. Дегенмен, темпераментті өзгертуге болмайды, ал мінез-құлық көріністері тәрбиеленеді, оны адам өзін-өзі тәрбиелеу барсында жетілдіруге болады.

Кәсіби бағдар беру және кәсіби таңдалу барысында осы және тағы басқа жекелік ерекшеліктер талданады. Жекелік психикалық қасиеттерді диагностикалау әдіс-тәсілдері көп мөлшерде қалыптасқан. Олардың көмегімен барлық психикалық қасиеттерді жан-жақты талдап шығуға мүмкіндіктер мол.

Мінез-құлық ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемелер ішінде Филипс жасаған оқушылардың мектептегі мазасыздану деңгейін анықтау тесті, Шмишектің мінез акцентуациясын анықтау әдістемесі, бала агрессиясын зерттеуге арналған Басса-Даркидің тесті тағы сол сияқты бірнеше әдістемелерді қолданып, әр адамның мінез ерекшеліктерін толық, және жан-жақты бағалап шығуға мүмкіндік береді. Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтамалар береді. Біреулері ол адамның қоршаған орта құбылыстарынан өзін қорғауға арналған тұқым қуалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе (Лоренд, Анри), екіншілері жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрация мен байланыстыратын теориялар да бар (Маллер, Дуб, Доллард).

Агрессия терминімен жеке тұлғаның субъект-субъекттік қатынаста деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді. Деструктивтік әрекет дегеніміз адамның алдында тұрған бөгетке шабуыл жасап, қиындықты жеңуге деген белсенділігі. Сондықтан агрессияның оң және теріс көріністері бар екенін жақсы түсіну қажет. Мысалы, адам өз өмірін, немесе басқа адамдардың өмірін сақтауға, табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға болады. Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін.

Жеткіншек жас кезеңінде себепсіз агрессия, немесе жалған қауіпке бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстың түрлерін, себебін, және мөлшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселені зерттеп, агрессиясы нормадан тыс дамыған балалармен түзету жұмысын жүргізуі керек.

А.Басс және А.Дарки агрессияны сипаттағанда оны негізгі екі топқа бөледі. Біріншісі -мотивациялық агрессия, осы құбылысты туғызған себеп-сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осы түрін анықтап алуға тиіс. Екіншісі -инструменталдық агрессия, немесе өзін қорғау үшін, басқаларды зәбірлеуге қолданатын әрекеттері. Бұл қасиеттің көрініс беруі сегіз формада болуы мүмкін. Оларды кәсіби бағдар беру барысында анықтау арқылы мінезді тәрбиелеу туралы кеңес ұйымдастыруға негіз болады.

Кәсіби бағдар беру барысында балалардың іс-әрекет түрлеріне қабілеттілігін анықтаудың орны ерекше. Осы заңдылықты ескере отырып, біртіндеп бейімділікті тәрбиелеу керек. Бейімділік деген адамның тіршілік объектісіне ықыласымен, жасампаздықпен, шығармашылықпен қарауы және оны меңгеруге белсенділік білдіру. Әдетте оқушының тапсырмаға деген бейімділігі болса, оны орындауға бала уақытын үнемдемейді және өз тілегін сапалы орындалғанын талап етеді. Осы әрекет барысында бала табысты болса, ол қабілетінің бар екенінің кепілі.

Қабілеттіліктің негізгі көрсеткіші ретінде жаңа білімді және іскерлікті тез және сапалы меңгеруі, ептілігін жетілдіруге ынтасы, іс-әрекет нәтижесінің жоғары дәрежеде болуы. Оқушыларда кәсіби бағдарланудың нәтижесі ретінде біз тек мектеп бағдарламасын меңгеруі емес, сонымен қатар қандай-да бір мамандықты меңгеруге бейімділігін қарастырамыз. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті, дағдыны тез және сапалы меңгеруі, іс- әрекетте табысты болуы, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі.

Білімге, ептілікке және дағдыға деген қатынасында адамның қабілеті, қандай да бір мүмкіндігі ретінде көрінеді. Білім, іскерлік, дағдыларды адамның меңгеруі көптеген жағдайларға байланысты жүреді. Мысалы, қоршаған ортасының әсері адам қалай оқытылғаны, оның іс-әрекеттері қалай  ұйымдастырылғаны, қарым-қатынас  мәдениетіне үлкендердің қандай үлгілері негіз болды бүлардың бәрі күнделікті өз әсерін тигізіп, сол адамның барлық адамдық қасиеттерді меңгеріп, өзінің қабілеттерін ашуға негіз болады. Адамның қандай да бір мамандыққа қабілетін дамытатын қолайлы жағдайлар туындаған кезде жоғарыда аталған шарттар мен физиологиялық процестер көрініс береді. Соның нәтижесінде адамның қабілетінің нышаны ашыла бастайды. Адамның мамандықта табысты болуын болжамдау оның табиғи қасиеттерінің ерекшеліктерін зерттеуден бастау керек. Сонымен қатар қабілеттен басқа жеке даралық ерекшеліктерге мінез-құлық ерекшеліктері темпераментпен өте тығыз байланысты. Бұл қасиеттер консервативтік, кертартпа әсері бар, тұрақты қасиеттер.

Қабілет ерекшеліктерін жан-жақты зерттеген Б.М.Теплов оны жалпы және арнайы қабілеттерге бөлген. Жалпы қабілет адамның өміріне қажетті барлық іс-әрекет түрлерін тез меңгеруі және оларды сапалы орындауы. Арнайы қабілет адамның іс-әрекет түрлерінің бір саласында ерекше табысқа ие болуын қамтамасыз етеді. Мысал ретінде музыкалық, көркем-өнерлік қабілеттерді атап өтуге болады.

Кәсіби бағдарлау барысында осы қабілеттердің түрлерін нақты анықтап, іс-әрекеттің қандай түрлерінде адам ерекше табысқа тезірек жететінін болжамдауға мүмкіндік туады. Интеллектуалдық қабілетті зерттеуге арналған әдістемелер өте көп. Солардың ішінен Айзенк тестерін атап өтуге болады. Айзенк тестері сегіз субтестен тұрады. Әрқайсысы 50 тапсырмадан құрылған. Олардың ішінен вербалдық, математикалық, техникалық қабілетті анықтау субтестілері деп әр түрін жеке дара қолданып, іс-әрекеттердің қай түрінде адам өзінің қабілеттерін толық ашуға мүмкіндіктері молырақ екені анықталады.

Кәсіби бағдар беру барысында балалардың психикалық ерекшеліктерін жан-жақты  диагностикалау арқылы олардың болашақта қай салада табысты болуға мүмкіншіліктері молырақ екенін анықтауға көмек көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері бойынша балалармен кеңес жүргізіліп, олардың пәнге деген қызығушылығы, мектептен тыс қызығушылығы, мамандық таңдау мотивациялары, ата-аналарының мамандықтары, мамандықтар туралы мағлұмат алу көздері тағы көптеген мәселелер анықталады.

 

2 ТАРАУ. КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛІК ҚАСИТТЕРІН  ДИАГНОСТИКАЛАУ.

 

2.1. Оқушылардың темпераментін зерттеу.

 

Дипломдық зерттеу барысында кәсіби бағдар беру жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін оқушылардың жекелік ерекшеліктерін зерттедік. Эксперименталдық зерттеу жұмыстары Сарығаш аудынының А.Байтұрсынов атындағы мектеп -гимназиясының жоғары сынып оқушылары арасында жүргізілді. Бұл параграфта балалардың темпераментін анықтауға Айзенк және Стреляу тестерін қолданып жүргізілген жұмыстың нәтижелері көрсетілген. Зерттеуге қатысқан балалар саны 36. Төменде Айзенк және Стреляу тестері келтіріліп, солардың көмегімен анықтаған балалардың көрсеткіштеріне сипаттама бердік.

 

Темпераментті Айзенк тестімен зерттеу.

Бұл тесті орта сынып оқушыларынан бастап ересек адамдарға дейін қолдануға болады.

Мақсаты: баланың темпераментін және эмоционалдық тұрақтылығын (невротизмнің көрінісін) анықтау.

Орындау ережесі: «сізге 57 сұрағы бар бланкі мен жауап парақ берілді. Сұрақтардың әрқайсысына «ия» немесе «жоқ» деген жауап беріп оны жауап параққа жазыңыз. Дұрыс жауапты табу үшін көп ойланудың ешқандай қажеті жоқ. Өйткені бұл тапсырмалар арқылы білімді немесе ақыл-ойдың даму деңгейі бағаланбайды, берілген сұрақтарға дұрыс немесе қате жауап жоқ. Әр адамың өз ойы өзіне дұрыс. Сондықтан ең бірінші ойға келген жауапты сұрақ номерінің тұсына жазыңыз».

Сауалнама.

  1. Тынығу үшін, немесе ерекше сезімге бөлену үшін жаңалық іздеуге құмарлыққа жиі бөленесіз бе?
  2. Сізді түсінетін, жұбататын және көңліңізді көтеретін достарға қажеттілікті жиі сезінесіз бе?
  3. Өзіңізді уайымсыз адаммын деп есептейсіз бе?
  4. Алдыңызға қойған мақсаттан бас тарту сізге қиын ба?
  5. Іс-әрекеттерді бастамай тұрып, алдын-ала, асықпай ойланып аласыз ба?
  6. Берген сөзіңізді барлық уақытта орындайсыз ба?
  7. Сіздің көңіл- күйіңіз құбылмалы ма?
  8. Жылдам сөйлеп, тез қимылдайсыз ба?
  9. Ешқандай себепсіз өзіңізді бақытсыз адаммын деп есептеген уақытыңыз болды ма?
  10. Дауласу барысында неге де болса бел байлауға даярсыз ба?
  11. Сізге ұнайтын адаммен танысуға ұяласыз ба?
  12. Қатты ашуланғанда не істегеніңізді білмей қалатын жағадай болады ма?
  13. Жағдайға байланысты ойланбай әрекет жасауыңыз жиі болады ма?
  14. Өзіңіздің айтқаныңыз немесе істегеніңіз туралы ойлар сізді жиі мазалайды ма?
  15. Адамдар мен кездескеннен кітап оқығанды көбірек ұнатасыз ба?
  16. Сіздің намысыңызға тиу оңай ма?
  17. Компанияда жиі болғанды ұнатасыз ба?
  18. Басқаларға айтқыңыз келмейтін ойларыңыз бар ма?
  19. Кейде күшіңіз тасып, тауды қопаруға дайын болып, ал енді бірде әлсіреп қалатыныңыз рас па?
  20. Өзіңіздің қарым-қатынас жасайтын ортаңызды ең жақын достармен шектеуге тырысасыз ба?
  21. Арманға жиі бөленесіз бе?
  22. Сізге дауыс көтергендерге солайша жауап бересіз бе?
  23. Өз әдеттеріңіздің барлығын жақсы деп есептейсіз бе?
  24. Сіз өзіңізді кінәлы деп сезінуіңіз жиі болады ма?
  25. Сіз өз сезіміңізді жүгендеместен, көңілді компанияда жақсы тынығуға кабілеттісіз бе?
  26. Керенау жағдайында жиі боласыз ба?
  27. Басқалар сізді көңілді және еті тірі адам деп есептейді ме?
  28. Бір істі бітіргеннен соң, ол тірлікті «одан да жақсы орындауға болар еді» — деген ойға бөленесіз бе?
  29. Үлкен жиындарда өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз бе?
  30. Сіз өсек айтатын кездер болады ма?
  31. Әртүрлі ойларға бөленіп, ұйқыңыз қашып кететін кез болады ма?
  32. Бір нәрсені білгіңіз келсе сіз оны кітаптан іздейсіз бе?
  33. Кейде жүрегіңіз қатты соғады ма?
  34. Барлық көңілді шоғырландыруды талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?
  35. Кейде қалтырап-дірілдеп кетесіз бе?
  36. Сіз барлық уақытта шыныңызды айтасыз ба?
  37. Бір-бірін әзілдеп отыратын компанияны ұнатпайсыз ба?
  38. Сіз ашушаңсыз ба?
  39. Тез шешім қабылдауды талап ететін жұмыс сізге ұнайды ма?
  40. Сізді, еш уақытта болмаған неше түрлі сұмдықтар және қайғылы оқиғалар болып қалса не болар еді, деген ой жиі мазалайды ма?
  41. Сіз асықпай, жай қимылдайтыныңыз рас па?
  42. Жұмысқа, біреумен кездесуге жиі кешігесіз бе?
  43. Жағымсыз түстерді жиі көресіз бе?
  44. Сіз өте сөзшең болғандықтан әр кездескен адаммен әңгімелесіп қалуға тырысатыныңыз рас па?
  45. Бір жеріңіз ауырады ма?
  46. Достарыңызбен ұзақ уақыт жолыға алмасаңыз мазасызданасыз ба?
  47. Сіз шыдамсыз адамсыз ба?
  48. Таныстарыңыздың ішінде сізге ұнамайтын адам бар ма?
  49. Өзіңізге сеніміңіз күшті ме?
  50. Сіздің кемістіктеріңізді немесе жұмысыңызды сынаған сіздің намысыңызға тиеді ме?
  51. Көптеген адам қатынасатын іс-шаралардан ләзаттанасыз ба?
  52. Сіз өзіңізді басқалардан кем деп санайсыз ба?
  53. Қызықсыз ортаны жандандырып жібере аласыз ба?
  54. Өзіңіз білмейтін нәрсеңізді білетіндей болып көрсеткіңіз келеді ме?
  55. Өзіңіздің ден саулығыңыз туралы қам жейсіз бе?
  56. Басқаларды әзілдеуге құмарсыз ба?
  57. Сізді ұйқысыздық мазалайды ма?

Нәтижесін бағалау кілті.

Экстраверсияны бағалау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп есептелінеді: Ия — 1, 3, 8, 10, 13, 17, 22, 25, 27, 39, 44, 46, 49, 53, 56; Жоқ-5, 15,20,29,32,37,41,51. 0-10 балл жинасаңыз сіз интровертсіз; 15-24 балл жинасаңыз сіз экстравертсіз; 11 — 14 балл — амбиверт көрсеткіші болып табылады.

Невротизмді анықтау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп бағаланады: Ия-2,4,7,9, 11, 14, 16, 19, 21, 23, 26, 28, 31, 33, 38, 40, 43,45,47,50,52,57;

0-10 эмоционалдық жағынан тұрақтылықтың көрсеткіші;

11-16 сезімталдық белгісі;

17-22 жүйке жүйесі күйзелгенінің белгісі бар; 23-24

невротизм патологияға жақындаған.

Өтірікшілік көрсеткішін анықтау:

Келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп бағаланады.

Ия — 6, 24, 36; жоқ — 12, 18, 30, 42, 48, 54.

0-3 балл жинасаңыз сізге барлық уақытта сенуге болады.

4 — 5 — жалғандығыңыз көрініп тұр;

6 — 9 — жауаптарыңыз ақиқатқа сай емес, оларды өңдемей- ақ қойса да болады.

Бағалау шкаласы бойынша анықталған жиналған баллдарды жоғарыда берілген графиктің горизонталдық бағанына экстраверсия түсіріп, ал невротизм көрсеткішін вертикалдық бағанға орналастыру керек. Сол нүктелерден түсірген перпендикулярлардың қиылысқан жері зерттелушінің темпераментіндегі жетекші типті көрсетеді. Осы көрсеткіш бағандардың қилысқан жеріне жақын орналасса ол адамда барлық темпераменттің көрсеткіштері анық байқалатынының белгісі.

Көрсеткіштер бойынша мінездеме.

Сангвиник-экстраверт: тұрақты адам, әлеуметтендірілген, сыртқы дүниеге бағытталған, ашық-жарқын, қарым-қатынасқа құмар, кейде көп сөйлейтін, уайымсыз, көңілді, басшылыққа құмар, жолдас-жоралары көп, өмірсүйгіш.

Холерик-экстраверт: айнымалы адам, ашушаң, қозғыш, ұстамды емес, агрессиясы анық байқалатын, оптимист, белсенді, жұмысқа қабілетті және көңіл- күйі тұрақсыз, стресс жағдайында -психопат.

Флегматик-интроверт: тұрақты адам, байсалды, ашулануы қиын, ойшыл, іскер, ұстамды, сенімді, сыйысымды, қарым-қатынасқа жайлы, интеллектуал, жай қимылдайды, ұзақ уақытқа созылған қолайсыз жағдайда көңіл-күйін, ден- саулығын бір қалыпты сақтайды.

Меланхолик-интроверт: тұрақсыз адам, мазасыздануы күшті, пессимист, сыртқы көрінісі бойынша сабырлы, бірақ эмоциясы терең, оған ұзақ уақыт бөленіп жүреді, ойшыл, интеллектуал, стресс жағдайында ішкі кернеуі күшейеді, депрессияға ұшырап, денсаулығы, жұмысқа қабілеті төмендейді.

Зерттеу нәтижелері.

Зерттелінген 36 оқушының басым көпшілігі холерик-экстраверт көрсеткіштеріне жақын болды. Сондықтан олармен әңгімелесу жүргізгенде холерик температінің ерекшеліктерін жан-жақты түсіндіріп, өзін-өзі тәрбиелеу барысында шалағайлықты, көп жұмысты үстіртін істейтіндігі, ұрысқақтығы оларға табиғи жақын қасиет екенін атап өтіп, олар өздерін тәрбиелеу барысында осы теріс көрсеткіштердің әсерін төмендетіп, холериктің батылдығын, жаңалыққа құмарлығын, кешірімділігін нығайту керек екндігін де көрсеттік.

Айзенк тесті бойынша зерттелінушілердің

Темпераментін бағалау кестесі.

Бағаланатын көрсеткіштер

Зерттелінушілер саны

1. Экстраверттер

21

2. Интроверттер

8

3. Амбиверттер

7

4. Невротиктер

21

5. Эмоционалдық тұрақтылар

15

6. Өтірікшілер

31

 

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей зерттелінген 36 баланың 21 невротиктер, 31 өтірікшілер, басым көпшілігі холерик-экстраверттер болып шықты. Олардың мінез-құлық ерекшеліктерін балалардың өздеріне түсіндіру үшін талдауды тереңірек жүргізіп, темпераменттер көрсеткіштері бойынша әр зерттелінушшің мінездемесін жасадық. Сонымен қатар қосымша Я.Стреляу тестін қолданып темперамент ерекшеліктерін тереңірек анықтауға кірістік.

 

Темпераментті Я.Стреляу тестімен анықтау.

Мақсаты: темперамент типін және жүйке процестерінің тепе-теңдігін анықтау.

Орындау ережесі: Тесте берілген 134 сұрақтарға жауапты талдау арқылы темперамент көрсеткіштері мен жүйке процестерінің жүру ерекшеліктерін анықтауға болады. Сұрақтарға жауапты ия, жоқ, білмеймін деп беру керек. Жауап дұрыс немесе қате болуы мүмкін емес. Әр адамның өз жауабы өзіне дұрыс және сол адамның өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді. Сондықтан, қойылған сұрақтардың ретін бүзбастан, онша көп ойланбастан, үш вариант жауаптың біреуін жауап параққа жазыңыз. Білмеймін деген жауапты сирек қолданған жөн.

 

Сауалнама.

  1. Сіз өзіңізді басқалармен тез танысатын адамдарға жатқызасыз ба?
  2. Іс-әрекетке кірісу үшін басқалардан нұсқау күтесіз бе?
  3. Жұмыстан шаршағаныңыз басылу үшін қысқа уақыт ішінде дем алғаныңыз жеткілікті ме?
  4. Ыңғайсыз жағдайда жұмысты орындай аласыз ба?
  5. Пікірталас болғанда тақырыпқа байланысы жоқ аргументтерді пайдаланасыз ба?
  6. Ұзақ үзілістен соң жұмысқа қайтып оралуыңыз оңай ма (демалыс, каникул)?
  7. Жұмысқа беріліп кеткенде шаршағаныңызды ұмытып кетесіз бе?
  8. Біреуге берілген тапсырманың орындалуын шыдамдылық пен күтесіз бе?
  9. Әр түрлі уақытта төсекке жататын болсаңыз, ұйықтауыңыз барлық уақытта бірдей жеңіл болады ма?
  10. Сізге сеніп ашқан сырды құпияда сақтай аласыз ба?
  11. Бірнеше апта немесе айлар бойы айналыспаған жұмысқа жеңіл ораласыз ба?
  12. Шыдамдылықпен, ерінбей түсіндіресіз бе?
  13. Терең ойланып істейтін істі жақсы көресіз бе?
  14. Қызық емес жұмысты орындау барысында жалығып, ұйқы басып кетеді ме?
  15. Күшті тебіренуден кейін жеңіл ұйықтайсыз ба?
  16. Өзіңіздің күшті жағыңызды көрсетуге құмарсыз ба?
  17. Бейтаныс адамдардың алдында өзіңізді еркін ұстайсыз ба?
  18. Ашуыңызды басқаларға көрсетпеу сізге оңай ма?
  19. Сәтсіздікте сабырлылық сақтайсыз ба?
  20. Қажет болғанда, өз мәнерлеріңізді басқа адамдардың мінезіне икемдейсіз бе?
  21. Ерекше жауапкершілікті талап ететін функцияны орындауға құмарсыз ба?
  22. Басқалардың әсерінен көңіл-күйіңіз өзгереді ме?
  23. Қиын-қыспақта өзіңізге сеніміңіз сақталады ма?
  24. Пікірімен санасатын адамның алдында өзіңізді емін-еркін сезінесіз бе?
  25. Күтпеген жерде күн тәртібі өзгерсе, сіз сасып қалмайсыз ба?
  26. Қажетті жауапты тез табасыз ба?
  27. Сіз үшін өте маңызды шешімді күту барысында байсалдылық көрсете аласыз ба?
  28. Демалыс, каникулдың бірінші күндері сіз үшін жеңіл өтеді ме?
  29. Тапқырсың ба?
  30. Жүрісіңізді, тамақтануыңызды жай басарларға теңестіруіңіз оңай ма?
  31. Дем алуға жатқанда тез ұйықтайсыз ба?
  32. Сабақта, жиналыстарда сөз алуға құмарсыз ба?
  33. Ашулануыңыз оңай ма?
  34. Жұмысқа кірісіп кеткеннен соң оны тоқтатуыңыз оңай ма?
  35. Басқаларға кедергі келтірмеу үшін үндемей отыруға қиналмайсыз ба?
  36. Шағыстырушыларға ермей қаласыз ба?
  37. Басқалармен тіл табысып жұмыс істеуіңіз оңай ма?
  38. Шешім қабылдау үшін, барлық жағдайларды салыстырып көресіз бе?
  39. Кітап оқығанда, автордың ойын басынан аяғына дейін қадағалап отырасыз ба?
  40. Жолаушылармен әңгімелесіп отырасыз ба?
  41. Егер, пікірталас нәтижесі жемісті болмайтынын білсеңіз, сол әңгімеге қатысудан өзіңізді ұстап қаласыз ба?
  42. Нақты қимыл әрекетті талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?
  43. Басқалардың пікірімен санаса отырып өзіңіздің шешіміңізді өзгерте аласыз ба?
  44. Жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәртібіне тез үйренесіз бе?
  45. Күндіз қызмет атқарған болсаңыз, түнде жұмыс істеуге шамаңыз келеді ме?
  46. Әдеби кітаптарды тез оқисыз ба?
  47. Кедергі кездескенде жоспарлаған нәрседен тез бас тартасыз ба?
  48. Ұстамдылық көрсете аласыз ба?
  49. Тез оянасыз ба?
  50. Жылдам жауап бермей, ұстамдылық көрсете аласыз ба?
  51. Шуға көңіл бөлмей жұмысты орындай аласыз ба?
  52. Шындықты бетіне баспай, шыдамдылық көрсете аласыз ба?
  53. Емтихан алдында, бастықпен сөйлесерде ұстамдылық көрсетесіз бе?
  54. Жаңа ортаға тез үйренесіз бе?
  55. Жаңалыққа құмарсыз ба?
  56. Күндіз ауыр жұмыс істегеннен соң толық демалуға түнгі ұйқы жеткілікті ме?
  57. Қысқа мерзім ішінде түрлі-түрлі әрекет жасауды талап ететін жұмыстан бас тартасыз ба?
  58. Өмірде кездесетін қиындықтың басым көбін өзіңіз дербес шешесіз бе?
  59. Өзіңіз сөйлеуден бұрын басқалардың пікірін тыңдап аласыз ба?
  60. Жүзе білетін болсаңыз, суға кетіп бара жатқан адамды құтқаруға әрекет жасайсыз ба?
  61. Қажырлы еңбек етуге қабілеттісіз бе?
  62. Ескерту жасау артық болып түрса, өзіңізді ұстап қала аласыз ба?
  63. Жұмыс орныңызға мән бересіз бе?
  64. Бір жұмыстан екіншісіне ауысуыңыз оңай ма?
  65. Маңызды шешім қабылдау үшін барлық мүмкіндіктерді салыстырып көресіз бе?
  66. Басқалардың оқшау мінезіне қатты ашуланасыз ба?
  67. Басқа адамның тіршілігіне үңілмеу, қағаздарын оқымау сізге оңай ма?
  68. Біркелкі орындалатын жұмыстан жалығасыз ба?
  69. Көпшілік ортасында тәртіп сақтау сізге оңай ма?
  70. Артық дене қимылын жасамай сөйлеу, жауап беру сізге қиын ба?
  71. Көңілді ортаны жақсы көресіз бе?
  72. Көп күшті талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?
  73. Ұзақ уақыт жұмысқа беріліп істейсіз бе?
  74. Жылдамдықты талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?
  75. Қиын кезеңде ұстамдылық көрсетесіз бе?
  76. Ұйқыдан оянғаннан соң төсектен бірден тұрасыз ба?
  77. Өзіңіз тапсырманы орындап болғаннан соң басқалардың бітіргенін сабырмен күтесіз бе?
  78. Жағымсыз жағдайды көргеннен соң бұрынғыдай ынтаменен әрекетіңізді жалғастырасыз ба?
  79. Күнделікті басылымдарды жылдам қарап шығасыз ба?
  80. Басқалар түсінбейтіндей жылдам сөйлейтін кездеріңіз болады ма?
  81. Ұйқыңыз қанбаса жұмысты сапалы орындай аласыз ба?
  82. Ұзақ уақыт үзіліссіз жұмыс істей аласыз ба?
  83. Бас немесе тіс ауруы мазалағанда жұмыс істей аласыз ба?
  84. Басқалар сізді күтіп, көңіл көтеріп отырғанын біле тұрып алаңдамай жұмысыңызды аяқтайсыз ба?
  85. Төтенше сұрақтарға тез жауап бересіз бе?
  86. Тез сөйлейсіз бе?
  87. Қонақ келетін болса өз жұмысыңызды саспай орындайсыз ба?
  88. Сенімді дәлелдер әсерімен өз пікіріңізді өзгертуіңіз жеңіл ме?
  89. Шыдамдысыз ба?
  90. Өзіңізден жай қимылдайтындардың жұмыс темпіне икемделе аласыз ба?
  91. Өз уақытыңызды ұйымдастырғанда, бірнеше бір-бірімен үйлесімді жұмысты қатар орындауға шамаңыз келеді ме?
  92. Көңілді компанияда қобалжығаныңыз басылады ма?
  93. Бірнеше істерді қиналмастан бір уақытта орындайсыз ба?
  94. Көшеде болған қайғылы оқиғаның куәгері болсаңыз, өмірге деген сеніміңіз сақталады ма?
  95. Нақты қимылдарды талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?
  96. Жақын адамдарыңыз істі болғанда салқын қандылық көрсетесіз бе?
  97. Қиын жағдайларда өзіңізге сенесіз бе?
  98. Бейтаныс адамдар арасында, үлкен топтың ішінде өзіңізді еркін сезінесіз бе?
  99. Қажет болса сөзіңізді бірден тоқтата аласыз ба (жиналыс, кино, спектакль басталғанда)?
  100. Басқалардың жұмысты атқару ережесіне икемделуіңіз оңай ма?
  101. Іс-әрекет түрлерін өзгертуге құмарсыз ба?
  102. Төтенше жағдайда басқалардың әрекетін басқаруды мойныңызға аласыз ба?
  103. Жағдай көтермейтін кезде күлкіңізді баса аласыз ба?
  104. Жұмысқа бірден кірісіп кетесіз бе?
  105. Келіспейтін нәрсеңізге қарсы сөз айтасыз ба?
  106. Уақытша депрессияға бөленбеуге шамаңыз келеді ме?

107.Ақыл-ой қызметінен қатты шаршағаннан соң күндегідей ұйықтайсыз ба?

  1. Ұзақ уақыт, ішкі кернеу қыспай, күте аласыз ба (мысалы, кезекті)?
  2. Нәтижесі сәтсіз болатынын білсеңіз, оған араласпай тұрасыз ба?
  3. Тартыс-талас кезінде саспастан дәлел іздейсізбе?
  4. Күтпеген жерде өзгерістер туғанда дұрыс шешімін таба аласыз ба?

112.Сізге өтініш жасағанда тыныштық сақтайсыз ба?

  1. 113. Сізге өтініш жасамай ақ медициналық процедуралардан өтесіз бе?
  2. Бар күшіңізді салып жұмыс істеуге даярсыз ба?
  3. 115. Демалыс өткізу, көңіл көтеру жайыңызды ауыстырып тұрасыз ба?
  4. 116. Жаңа күн тәртібіне үйрену сізге оңай ма?
  5. 11 Төтенше жағдайларда басқаларға көмек көрсетуге асығасыз ба?
  6. 11 Спорт жарыстарын, цирк өнерін тамашалаған кезде өз әсеріңізді ерекше дыбыстар мен қимыл әрекеттер арқылы білдіресіз бе?
  7. Көпшілікпен сөйлесуді талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?
  8. 120. Өзіңіз бет-әлпетіңіздің көрінісін қадағалайсыз ба?
  9. Дене күшін талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?
  10. Өзіңізді ержүрек адаммын деп есептейсіз бе?
  11. Күтпеген жағдайда дауысыңыз өзгереді ме?
  12. Сәтсіздікке кездескенде барлығын тастай салмауға шамаңыз келеді ме?

125.Сізге өтініш жасаса ұзақ уақыт тыныш отыра аласыз ба?

  1. Егер күлкіңіз біреудің намысына тиетін болса, сіз өзіңізді ұстай аласыз ба?
  2. Тұнжыраған көңіл-күйіңіздің жарқын жүзге айналуы оңай ма?
  3. Сізді күйгелектендіру оңай ма?
  4. Қоршаған ортаның салт-дәстүрін сақтау сізге оңай ма?
  5. Көпшіліктің алдына шығуды ұнатасыз ба?
  6. Жұмысқа ұзақ даярлықсыз кірісіп кетесіз бе?
  7. Өз өміріңізді тәуекелге тігіп, басқаларды құтқаруға барасыз ба?
  8. Қимыл әрекеттеріңіз ширақ па?
  9. Жауапкершілікті талап ететін жұмысты ынталанып мойныңызға аласыз ба?

Бағалау шкаласы:

Жауап кілтке сай келсе — 2 балл; Жауап сай келмесе — 0 балл; Білмеймін

деген жауап — 1 балл.

Өңдеу кілті:

Қозу күшін анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе шкала бойынша бағаланады:

Ия — 3, 4, 7, 13, 15, 17, 19, 21, 23, 24, 32, 45, 56, 60, 66, 72, 73, 78, 81,82,83,94,97,98, 102,  105, 106, 113, 114, 117, 121, 122, 124, 130, 132,133,134;

Жоқ-47, 51, 107,123,

Тежелу күшін анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе ол шкала бойынша бағаланады:

Ия — 2, 5, 8, 10, 12, 16, 27, 30, 35, 37, 38, 42, 48, 50, 52, 53, 59, 62, 65, 67, 69, 70, 75, 77, 84, 87, 89, 90, 96, 99, 103, 108, 109, 110, 112, 118, 120, 125, 126, 129;

Жоқ- 18,34,36, 128.

Жүйке процестерінің динамикасын анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе ол шкала бойынша бағаланады:

Ия — 1, 6, 9, 11, 14, 20, 22, 26, 28, 29, 31, 33, 40, 41, 43, 44, 46, 49, 54, 55, 64, 68, 71, 74, 76, 79, 80, 85, 86, 88, 91, 92, 93, 95, 100, 101, 104, 111, 115, 119, 131;

Жоқ-25, 57, 63, 116.

Қозу және тежелу процесстерінің көрсеткіштері 42 және одан жоғары болса, өлшенген жүйке процесінің күшті жүретінін көрсетеді.

Қозу және тежелу процестерінің ара қатынасы жүйке процестерінің тепе-теңдігін көрсетеді. Егер ара қатынасы 1-ге жақын немесе тең болса ол көрсеткіштің иесі байсалды болады, қозу көрсеткіші басым болса — ол адамның қозғыштығын, ұстамсыздығын көрсетеді, ал тежелу басым болса — ол адамның тормоздан шығуы қиын, тежелгіш екенінің белгісі болады.

Зерттеулер нәтижесі келесі кестеде көрсетілген.

 

Аты-жөні

қозу

тежелу

Ара қатынасы

1

Асанбай Е.

48

42

1,1

2

Абуталип Ж.

51

43

1,2

3

Абдуллаева Г.

60

46

1,3

4

Бегалиева М.

42

42

1

5

Бегман С.

44

44

1

6

Бурабаев Қ.

45

42

1,1

7

Дарханбаева С.

48

46

1,1

8

Дәметкен У.

49

45

1,2

9

Ешмуратов Ғ.

46

46

1

10

Елшібай Д.

44

44

1

11

Қалижанова Б.

45

42

1,1

12

Камақова Ж.

19

38

0,5

13

Көлбай Р.

46

42

1,1

14

Кемелов Б.

47

39

1

15

Ламашев Ә.

44

42

1

16

Махамбетова Г.

42

42

1

17

Макеева Ж.

49

41

1,1

18

Мақулбек У.

51

42

1,2

19

Мамбетов К.

29

48

0,6

20

Нағашыбаева Л.

45

45

1

21

Ниғмет Ш.

48

41

1,1

22

Оразбай Д.

41

49

0,9

23

Омарханулы Д.

38

49

0,9

24

Оразалиев Б.

46

41

1,1

25

Пазылбек Ж.

47

46

1,1

26

Райымжан А.

43

49

0,9

27

Рахымбекова 0.

49

43

1,2

28

Райстан К.

46

42

1,1

29

Садықова Ж.

51

41

1,2

30

Сарымурат Г.

43

42

1

31

Сапарбаева Н.

49

43

1,2

32

Турсынова Н.

48

40

1,2

33

Тасболат Б.

46

46

1

34

Темірәлі 0.

47

41

1,2

35

Шораева М.

42

42

1

36

Шертай П.

44

41

1,1

 

Барлақ көрсеткіштерді қорытындылап келгенде сыныптағы оқушылардың басым көпшілігі қозғыш, қозу процесі тежелуден басым екені анықталды. Бұл балаларға өзін ұстамдылыққа тәрбиелеп, байсалдылыққа, басқа адамдарға кешірімді болуға өзін үйретпесе олардың жауабы тітіркендіргіштің күшінен көп басым болуы мүмкін. Ондай адамды халық шыбық тимес, шық етер деп жақтырмаушылықпен атайды.

 

2.2. Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттін зерттеу.

 

Оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеу толығырақ болу үшін Айзенктің вербалдық тестін жүргіздік.

Интеллектуалдық қабілеттілікті зерттеуге арналған Айзенк тесті сегіз субтестерден тұрады. Олардың бесеуі адамның жалпы интеллектуалдық даму деңгейін бағалауға арналған: лингвистикалық, математикалық, техникалық, дизайн, көркем-бейнелі және көрнекі-логикалық ойлау көрсеткіштерін бағалау үшін, ал үшеуі — арнайы қабілеттерінің даму сатысын зерттеуге арналған. Субтестердің әрқайсысы жеке-дара орындалады, немесе барлық тапсырмаларды орындау фрагментарлық түрде жүргізілуі мүмкін екенін анықтадық.

 

Лингвистикалық қабілетті анықтауға арналған Айзенктің сөздік (вербалдық) субтесті.

Мақсаты: жас өспірімдерден бастап үлкендерге дейінгі жас кезеңіндегілердің сөздік интеллектін және шығармашылық қабілеттін зерттеу.

Вербалдық субтест сөздік интеллектіні немесе логикалық ойлау процесін зерттеуге арналған. Тестте анаграммалалар кеңінен қолданылған. Анаграмма дегеніміз ретсіз жазылған әріптер жинағы. Оны шешу үшін берілген әріптердің орындарын ауыстырып қою арқылы мағыналы сөз шығару керек.

Сонымен қатар көптеген сөздердің ортақ жұрнағын, жалғауын т.б. бөліктерін дұрыс табу арқылы шешілетін тапсырмалар келтірілген.

Субтестіде бірте-бірте күрделенетін 50 тапсырма берілген. Қабілеттіліктің даму деңгейін бағалау белгіленген уақыт ішінде дұрыс шешілген тапсырмалардың жалпы санын орындаудың норма көрсеткішімен салыстыру жолымен жүргізіледі.

Орындау ережесі: «Сіздерге 30 минутта шешуге 50 тапсырма берілген. Тапсырмаларды көп ойланбай тез орындау қажет. Егер субтестің қандай да бір тапсырмасы тез орындалмаса, оны өткізіп жіберіп, келесісін орындаңыз. Уақыт қалса тастап кеткен тапсырмаға қайта оралуға болады».

Нәтижелерін бағалағанда берілген уақытта дұрыс орындалған тапсырмалардың жалпы саны ғана есепке алынады.

Тапсырмалар:

  1. Нүктелердің орнына үші әріптен тұратын сөзді қйыңыз. Ол сөз, мағынасы жағынан жақшанң сыртындағы сөздерді білдіруге тиіс.

ҰЛПА (…) Заттың КҮЙІ

  1. Жақшаның ішіне бірінші сөзді аяқтайтын және екінші сөзді бастайтын әріптер жазыңыз:

ПЫШ (…) ША

  1. Анаграмманы шешіңіз және берілген төрт сөздің ішінен мағынасы жағынан артық сөзді табыңыз:

КОХЙКЕ

СНИНЕТ

ЕЖУРК

ЛТУФОБ

  1. Барлық топтастырылған сөздерді аяқтайтын жалпы жұрнақты табыңыз. Нәтижесінде барлығынан мағыналы сөздер шығуы тиіс.
  2. Жақшаның сыртында тұрған сөздерді біріктіретін сөзді жазыңыз:

АҚҚУ(…) ҚҰС

  1. Бірінші сөзді аяқтайтын және екінші сөзді бастайтын сөзді жазыңыз:

ҚА (…) МА

  1. Анаграмманы шешіңіз:

ОЗУРКА

АЙБА

РСАВЕБЕКЕ

ВДШИЕН

  1. Келесі үш сөздің жалпы бастамасын табыңыз:
  2. Жақшаның сыртында тұрған сөздерді сөйлемге біріктіретін сөзді жазыңыз:

КІТАП (…) БҰЛАҒЫ

10.Бірінші сөзді аяқтайтын және екінші сөзді бастайтын сөзді жазыңыз:

ПӘ(…)ЕК

  1. Анаграмманы шешіңіз:

АЧТОП

АИДРО

ФАГРЕЛТЕ

АШУНРА

12.Мына үш сөздің ортақ бастамасын табыңыз:

1З.Бірінші сөзді аяқтайтын және екінші сөзді бастайтын сөзді жазыңыз:

ТАҚ(…)ЛАҚ

14.Жақшаның ішіне сыртындағы тұрған сөздердің синонимін жазыңыз:

КҮРЕС(…)ШАЙҚАС

15.Артық сөзді табыңыз:

АПНИСЕЛЬ

ЕШИ

НАСААН

АРНА

ЛАРҮМТ

  1. Келесі сөздердің бәріне ортақ жалғауды жазыңы.

17.Бірінші сөзді аяқтайтын және екінші сөзді бастайтын сөзді жазыңыз:

САЯ(…)ҚЫН

18.Артық сөзді табыңыз:

САРАТ

ҚҒЛЫТЗАҚ

ЗИКВГОДА

ОЗАР

ЛСТО

19.Берілген сөздердің бәріне ортақ жалғауды табыңыз:

20.Жақшаның сыртында тұрған сөздерге ортақ синоним табыңыз:

ИНФУЗОРИЯ (…) БІР ЖАСУШАЛЫ

21.Мағыналық жағынан бірінші сөзді аяқтайтын және екінші сөзді бастайтын сөзді жазыңыз:

НҰРЛЫ (…) ТАСПА

22.Артық сөзді табыңыз:

РЫКОЧВА

ЛЬБГДОУ

ҒАҢҚАЖ

ЛПУЬЕД

23.Жақшаның сыртында тұрған біріктіретін сөзді табыңыз:

ӨТІРІК (…) ӨРГЕ БАСПАС

24.Берілген сөздердің бәріне ортақ жалғауды табыңыз:

25.Бірінші сөзді аяқтайтын және екінші сөзді бастайтын сөзді жазыңыз:

СА(…)ОН

26.Артық сөзді табыңыз:

ЗМАТЕ

РАЖПИ

АГОВЛ

ИНЕРГ

27.Жақшаның сыртында тұрған сөйлемге біріктіретін сөзді табыңыз:

ӘДЕПТІЛІК (…) АДАЛДЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

28.Бірінші сөзді аяқтайтын және екінші сөзді бастайтын сөзді жазыңыз:

О(…)С

29.Артық сөзді табыңыз:

слоо коти

РЕБЛАГД

слоо

окоти

ООРТОНТ

РЕБЛАГД

30.Берілген сөздердің бәріне ортақ жалғауды табыңыз:

  1. Берілген сөздердің бәріне ортақ жалғауды табыңыз:
  2. Жақшаның сыртындағы сөздерге ортақ синоним тауып оны жақшаның ішіне жазыңыз:

ӘДЕМІ(…)КЕРЕМЕТ

  1. Бірінші сөзді аяқтайтын және екінші сөзді бастайтын әріптерді жазыңыз.

ЖАЗҒЫ(…)ТАЙ

 

  1. Артық сөзді табыңыз:

КҮРІБТ

ҒАРЙОТ

шыықмш

ФИЛИНДЬ

35.Берілген сөздердің бәріне ортақ жалғауды табыңыз:

  1. Бірінші сөзді аяқтайтын және екінші сөзді бастайтын әріптерді жазыңыз:

АҰША(…)АША

  1. Артық сөзді табыңыз.

НЙНЕЙЭШТ

КИНСЕКД

ВЕХЧО

КЗААЛЬБ

СОЙТОТЛ

  1. Жақшаның сыртында тұрған сөздерді сөйлемге біріктіретін сөз табыңыз.

КЕЛ(…)ОҚЫЛЫҚ

  1. Берілген сөздердің бәріне ортақ жалғау табыңыз:
  2. Жақшаның сыртында тұрған сөздерге ортақ синоним табыңыз:

СЫЛТАУ(…)ДӘЛЕЛ

  1. Бірінші сөзді аяқтайтын және екінші сөзді бастайтын әріптерді жазыңыз:

ТАР(…)АП

  1. Артық сөзді табыңыз:

ЛЕДРАТЕДИ

ЫШЫБН

 АСМА

МИТТЕР

  1. Жақшаның сыртындағы сөздерге ортақ сөзді табыңыз:

БІЛІМ(…)ӨМІР

  1. Бірінші сөзді аяқтайтын және екінші сөзді бастайтын әріптерді табыңыз.

АТЫ(…)ШАН

  1. Келесі сөздердің ортақ жалғауын жазыңыз:
  2. Артық сөзді табыңыз:

зоық

ИЫРС

ТАІКП

лыықж

47.Келесі сөздердің ортақ жалғауын табыңыз:

  1. Бірінші сөздің соңы, екінші сөздің басы болатын ортақ әріптерді табыңыз.

БАУЫР(…)АР

  1. Келесі сөздердің бәріне ортақ жалғауды табыңыз:
  2. Артық сөзді табыңыз:

РЫМБАОД

ҒААНЫШ

ЕЕМРЕН

ДАҚРАЫСН

Орындау уақыты 30 минут.

Айзенк вербалдық субтестінің жауаптары.

  1. 1. ГАЗ
  2. АҚ

3.ЖҮРЕК.

Қалған сөздердің барлығы спорттық ойындарды біліреді: хоккей, теннис, футбол.

  1. ОР
  2. КИЕЛІ
  3. ЛА
  4. АБАЙ.

Қалған сөздердің барлығы әншілер милияларын білдіреді: Серкебаев, Днишев, Корузо.

  1. ҚАРА
  2. БІЛІМ
  3. ТЕР
  4. РАУШАН. Қалған сөздердің барлығы құралдарын білдіреді: почта, телеграф, байланыс радио.
  5. АЛ
  6. ТАЙ
  7. СОҒЫС
  8. ШИЕ. Қалған сөздердің барлығы А әріпінен басталады: апельсин, ананас, анар, алмұрт.
  9. ОЛ
  10. АМЕБА
  11. СТОЛ. Қалған сөздердің барлығы гүлдер түрлерін білдіреді: астра, қызғалдақ, гвоздика, роза.
  12. ОМ
  13. АМЕБА
  14. БЕЙНЕ
  15. ЖАҢҒАҚ. Қалған сөздердің барлығы иттер түрлерін білдіреді: овчарка, бульдог, пудель.
  16. СӨЗ
  17. ЕЛ
  18. РАЙ
  19. ПАРИЖ. Қалған сөздердің барлығы өзендер атын біддіреді: Волга, Темза, Нигер.
  20. АР-ҰЯТ
  21. ТАР
  22. БЕЛГРАД. Қалған сөздердің барлық дауысты дыбыстары О әрпі болып келеді: Осло, Токио, Торонто.
  23. АС
  24. ИНА
  25. СҰЛУ
  26. ТҰРЫМ
  27. ДЕЛЬФИН. Қалған сөздердің барлығы қүстардың аттарын білдіреді: бүркіт, торғай, шымшық.
  28. АР
  29. ҚАР
  30. ЭИНШТЕЙН. Қалған сөздердің барлығы атақты жазушылар аты: Диккенс, Чехов, Бальзак, Толстой.
  31. БАЛАЛАР
  32. АҒА
  33. СЕБЕП
  34. АЗ
  35. ТЕЛЕДИДАР. Қалған сөздердің барлығы жәндіктерді білдіреді: шыбын, маса, термит.
  36. МЕКТЕП
  37. РАУ
  38. АТ
  39. КІТАП. Қалған сөздердің барлығы Жануарларды білдіреді: қозы, білдіреді: қозы, сиыр, жылқы
  40. АЙ
  41. ЖАН
  42. ЫР
  43. ДОМБЫРА. Қалған сөздердің барлығы туысқандарды білдіреді: нағашы, немере, қарындас.

Бағалау шкаласы: Дұрыс орындалған тапсырма бір балл деп бағаланады.

Вербалдық тест нәтижесін бағалау графигі.

 

Графиктің бағандарының горизонталдық сызығына дұрыс жауаптар саны түсіріледі, ал вертикалда орналасқан бағанда интеллектуалдық қабілет коэффициеті (1(3) көрсетіледі. Екі баған арасындағы бұрышты тең бөлетін диагональ салынады. Дұрыс жауаптар саны түскен нүктеден жоғары қарай, диагональмен қилысқанша перпендикуляр шығарылады да, оның диагональмен қилысқан жерінен IQ бағанына перпендикуляр жүргізіледі. Қилысқан жеріндегі сан тексерілген адамның интеллектуалдық қабілетінің коэффициенті болып табылады.

Егер көрсеткіш 100-130 баллдың арасында болса, ол нормадағы баға деп есептеуге болады. Көрсеткіші нормадан төмен не жоғары болса — ол ерекше қабілеттіліктің, немесе интеллектуалдық дамудағы дағдарыс көрсеткіші болуы мүмкін. Бұл көрсеткішті басқа тестілер көмегімен тағы дәлелдеу қажет.

 

Зерттеу нәтижесі.

 

Көрсеткіштері

қатысқандар

Жинаған

1

Жоғары Орта

11

18

130-150

115-129

 

Бұл көрсеткіштер гимназия сыныбы оқушыларының интеллектуалдық көрсеткіштері жоғары екенін байқатады. Айзенк тестімен қатар бірнеше тапқырлыққа арналған, шығармашылықты талап ететін тапсырмаларды орындағанда көрсеткіштері бұл тапсырманы орындағаннан жоғары болды. Айзенк тестін орындау барысында балаларға қиын болған тапсырмалар анаграммаларды шешу болды.

Сонымен қатар коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілітті зерттеу (КОС — коммуникативные и организаторские способности) тестін жүргіздік.

Бұл жерде тесті келтірместен тек нәтижесін, көрсетіп өткенді дұрыс көрдік.

КОС нәтижесі.

Оқушылар

Коммуникативтік

ұйымдастырушылық

36

28 пайыз

39 пайыз

 

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей мектеп бітіру алдында тұрған балалардың көпшілігінің ұйымдастыру ісіне және қарым-қатынасты ұйымдастыруға икемдері аз екені анық байқалды. Қазіргі кездегі мамандықтардың басым көпшілігі басқалармен қарым-қатынас жасауға икемділікті, ашық, жылы жүзді, сыйысымды, ұйымдастырғыш болуды талап етеді.

Кәсіби бағдарлау барысында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру ойын тренингтерін және мамандыққа баулу мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстар ұйымдастыру қажет екені байқалды. Сондықтан балалардың ішінен талапкерлерін бір топқа жинап, олармен ойын тренигтерінің бірнеше элементтерін жүргіздік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ ЖҰМЫСЫНДА КОРРЕКЦИЯЛЫҚ

ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ

 

Кәсіби кеңес берудің интерактивтік түріне және белсенді шығармашылық әдісіне кәсіби бағдарлау ойындары жатады.

Соңғы кезде интерактивті әдістерге өте үлкен көңіл бөлінуде. Ал тренигті фрагментарлық түрде жүргізу, біздің ойымызша, интерактивтік әдістің нағыз өзі болып табылады.

Балаларға кәсіби бағдар беру жұмысы олардаң жас және жекелік ерекшеліктерін ескеріп олардың мінез-құлықтарына тән ауытқуларды коррекциялау психолог міндеттерінің бірі. Осы міндетті атқару үшін біз жоғары сынып оқушылары арасында оларды тұйықтықтан шығарып, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған коррекция жүргізуді ұйғардық.

Зерттеулерді жан-жақты талдау нәтижесінде оқушылардың темперамент көрсеткіштері және мінез-құлық ерекшеліктері анықталды. Жоғары сынып оқушылары жасындағы балалардың мінез-құлқындағы негізгі көрінісі — көкіректік, немесе эгоистік екендігі диагностикалау барысында анықталды. Эгоизм (дарашылық) түрлі себептермен (табиғи ерекшеліктерімен, сыртқы түрімен, ата-анасының байлығы мен, өз кемшілігін жасырумен және көпшілік ортаның ыңғайымен байланысты) сипатталады.

Жас өспірімдерде орын алатын осы кемістіктердің әсерін төмендету үшін психокоррекциялық жұмыстар жүргіздік. Оны бастау алдына оқушылармен әңгімелесіп, жас өспірімдік шақта орын алатын ауытқулар, одан шығу жолдары туралы бірнеше кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Коррекциялық топқа тек өздері қатысамын деп қызығушылық білдіргендер ғана айтылды. Топтық коррекциядан өткісі келгендер шамадан тыс көп болғандықтан оларды диагностикалау нәтижесіне қарап іріктеп алу қажет болды.

Коррекциялық жұмыстың бірінші фазасында келесі міндеттер атқарылды:

-оқушылар коррекцияның қажет екенін сезінуін қамтамасыз ету;

-баланың көңіл-күйін көтеріп, әр қатысушы өзін-өзі қауіпсіз жағдайда сезінуін қамтамасыз ету;

— топтағылардың ішкі қайшылықтарын сыртқа шығаруға даярлау, ол үшін вербалды емес қарым-қатынас түрлерін қолданып бір-біріне жақындастыру.

Бұл фазада топтағылар бір-бірімен жақындасып, бір-біріне икемделіп адаптациядан өтеді. Осы фазадан өткеннен кейін коррекция қажет деп тапқандардан бір топ түздік. Бұл топпен жүргізілген коррекциялық жұмыс сыныпта орын алатын қайшылықтарды жоюды негізгі мақсат ретінде анықтады. Сондықтан мақсатты — қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және мамандық таңдаумен байланысты мәселер шешу тренингі деп атадық. Ол келесі міндеттер арқылы жүзеге асырылды:

-әр қатысушыға өз проблемаларын түсініп, ол жағдайдан шығу жолдарын табуға көмектесу;

-топтың дәстүрін қалыптастыру;

-мамандық таңдау барысында кездесетін қиындықтармен таныстыру;

— кәсіби іс-әрекеттер түрін модельдейтін ойындар ұйымдастыру;

— мамандық таңдау процесін модельдеу;

— сезіммен иланушылықты қалыптастыру, соның нәтижесінде басқаларға сиымды, тіл табысқыш, адамгершілікті жоғалтпайтын, басқаларға жаны ашитын, басқаларды өзіндей силайтын позициясын қалыптастыру.

Осы анықталған міндеттерді орындау үшін ситуативті-коммуникативті ойындар қолданылды. Олардың біразын осы жерде келтіреміз.

 

Ситуативті-коммуникативті ойындар.

Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және мамандық таңдау ситуациялары арқылы оларды жақын болашағын болжамдауға үйрету және басқалармен сыйысымды болу қажеттілігін мойындату.

 

Міндеттері:

— коммуникативті ойындар барысында балалардың ашық-жарқындығын тәрбиелеу;

-балалардың қарым-қатынасын мақсатты түрде ұйымдастыру және оны басқару;

— балаларды өздерінің қарым-қатынасын басқаруға үйрету;

-балалардың әр түрлі мамандықтарға қатынасын қалыптастыру;

— мамандық таңдау моделін қүру.

Қолданылған тренингтік ойындар.

  1. Амандасу.

Топтағылар сыртқы және ішкі шеңбер құрып бір-бірімен қарама-қарсы жұптасып тұрады.

Бірінші вариант:

Қарама-қарсы тұрғандар бір-бірімен мимика және пантомимика арқылы амандасып, өздерінің достарын көргеніне қуанышты екенін білдіреді.

Екінші вариант.

Топтағалар бір-бірімен қол алысып, құшақтасып амандасады және амандасқан адамына жылы жүзбен қарап, оған бірнеше  жағымды сөздер айтады. Қанша көп адамға жылы сөз айтса, сонша ол адамның өзінің көңіл-күйі көтеріңкі болады.

Осы сияқты тренингтік ойындардың бірнеше түрлерін әр тренинг кездесуіне дайындап келу керек.

Жүргізілген тренингтерге оқушылардың қызығушылығы өте жоғары болды. Қатысушылар басқа оқушыларға өздерінің алған тәжірибесін және сезімін айтып бергенде басқа оқушылар да тренингке қатысқысы келетіндігін, барлық мектеп оқушыларына арнап жүргізу керек екендігін айтты.

  1. Ассоциация ойыны.

Ойын шарты: ойынға сынып оқушылары толық қатысуына болады. Ойын бірнеше кезеңде жүргізіледі. Әр кезеңін бұл жерде араб цифріменен белгілейміз.

Ойынның диагностикалық мүмкіндігі: ойын оқушылардың мамандық туралы мағлұматтарының барлығын және аталған мамандықтарға олардың эмоционалдық қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.

Ойынды жүргізу:

  1. Ойын аты жарияланып, ойынды жүргізуге үш адам тағайындалады.
  2. Анықталған үш адам сыныптан шығып, олар қандай да бір мамандықты жасырады. Жүргізушілер топтағы балалардың үшеуін топтың алдына шақырып алып, қандай мамандықты жасырғанын тауып алу тапсырмасын береді. Қатысушылар ассоциациялық сұрақтар қойып, жасырылған мамандықты анықтайды. Мысалы: мамандық қызметті орындауға қандай жиһаздар мен құрал-жабдықтар керек?

Ассоциациялық сұрақ дегенге балалар бірден түсінбей қалса мысал келтіріп түсіндіріп беру керек.

  1. Жүргізуші сұрақ қоюшыларға екі сұрақтан артық қоюға болмайтынын түсіндіреді және ол сұрақты кімге қоятынын анықтап айтуға тиіс.
  2. Келесі кезеңде үш оқушы бөлмеден шығады, ал қалғандары мамандықты жасырады. Ойын 7-15 минут жүргізіледі.
  3. Сұрақтар мен жауаптар толық айтылғаннан соң мамандықтарға сәйкес келгендігі талданады. Мысалы: Әскери ұшқыш мамандығы жасырылса оған жауап космонавт, полиция қызметкері, автогонщик болуы мүмкін. Бұл жерде мамандықтар адамдар әрекетіне және қолданылатын құрал жабдықтарға ұқсас талаптар қойылатыны түсіндіріледі.
  4. Ойын аяқталғаннан соң оны талдау барысында қандай сұрақтар мамандықты анықтауға көмектесті, ал қай сұрақтар жаңылдырғаны анықталады.
  5. Ойынды дайындау барысында ассоциациялық сұрақтардың варианттарын дайындап алуға болады. Балалар сұрақ беруге қиналған уақытта оларға бір-екі сұрақты түрткі ретінде айтып беру керек.
  6. Кәсіби бағдарлау ойыны

Жүргізуші қатысушыларды ойын шарттарымен таныстырады. Қазіргі кезде біздің елде психолог, психолог-кеңесші мамандықтары дамып келеді. Кеңесші психологқа балалар ата-аналарымен мамандық таңдау үшін кеңес сұрап келеді.

Жүргізілетін ойынның мақсаты — әр мамандықтың ерекшеліктерін көрсету. Қатысушылар арасында орындайтын рольдері бөлінеді: психолог, ата-аналар, мамандық таңдаушы бала.

Ойынды оқушылар шығармашылығын көрсетіп өз беттерімен ұйымдастырып жүргізеді, ал психолог тек олардың өз рольдерін қалай орындап жатқанын бағалап, қажет болса кеңес беріп отырады.

Бұл ойын барысында психологиялық қызмет пен ата-аналар функцияларын балалар қаншалықты жақсы түсінетіндігі, олардың бір-бірімен тіл табысатындығы анықталап, психолог мамандығына бағдарлау жүреді.

  1. Біз нені жақсы көреміз?

Қоршаған ортамен қатынас жасағанда біз олардың ішінен ұнайтын және ұнамайтын нәрселерді байқаймыз. Көбінесе бұл бағаны біз адамдардың ішкі қасиеттерімен байланыстырамыз. Сол сияқты адамдардың да бізге ұнайтын және ұнамайтын мінез көрсеткіштері бар. Қазір әрқайсысың қағазға адамдардың қандай қасиеттерін жоғары бағалап қабылдайтынымыз туралы жазып беріңдер. Кім туралы жазып отырғандарыңды айту міндетті емес. Ұнамды қасиеттер көп адамдарда кездесетін жинақы болуы мүмкін.

Енді өзіңе өте ұнайтын бір кісінің ерекше ұнайтын бес қасиетін белігле. Бастадық.

Берілген мерзім аяқталғаннан соң барлық қатысушылар шеңбер бойынша отырып сағат тілімен кезектесіп жазған қасиеттерін оқып шығады. Оқыған қасиеттер бойынша кімді танығанын айтып береді. Сонымен, өздеріне кім, не үшін ұнайтынын анықтайды. Жазылған қасиеттердің қайсысы өзіңе тән? Бұл сұраққа әркім өз-өзіне жауап беруі керек. Қай мамандық болса да адам қызмет орнында табысты болу үшін жағымды мінез көрсеткіштері басым болуға тиіс екені анықталады.

  1. Шеңбер бойынша фраза.

Балаларға қандай да болса бір қарапайым тапсырманы басқаларға жеткізу ұсынылады. Мысалы: Бастық тапсырма берді: бақта алмалар түсіп жатыр. Оны жинап алып, қолдануға жарайтындарын бір ыдысқа, ал жарамайтындарын екінші ыдысқа салып, олармен не істеу керек екені айтылады.

Енді, жүргізушінің оң жағындағы ойыншыдан бастап осы фразаны кезекпен келесі отырғанға тапсырма ретінде айтамыз.

Әр адам ол фразаны жаңа интонациямен айтуы керек (қуанышты, сүраулы, таң қалушылық белгісімен, немқұрайды және т.б.) Егер қатысушы жаңа интонация таба алмаса ол ойыннан шығады. Ойын үш-төрт жеңімпаз қалғанынша жалғастырылады.

Қарым-қатынас барысында интонацияның орны, тапсырманың мағнасын дәл жеткізе алатындығы талданады. Қызмет барысында бастық пен орындаушы арасындағы түсінбеушілік тапсырманы дұрыс тыңдамағаннан шығатыны анықталады.

 

  1. Айна.

Қатысушыларға төрт тапсырма беріледі:

  1. Жолсапарға жиналу.
  2. Автобуспен адамдар тасу.
  3. Дастархан даярлау.
  4. Психологиялық кеңес беру.

Бұл тапсырмалардың ерекшелігі мынадай. Әр тапсырманы екі адам жұптасып орындайды. Жұптағылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, екеуінің біреуі уақытша айна болады да, ол өзінің жұптасының барлық қимылын дәл қайталауы керек. Бір көріністен кейін жұптағылар рөлдерін ауыстырып келесі тапсырманы сол орындау шарты бойынша жасайды.

Топағы басқа балалар көрермендер болып, айна ролін орындаушының шеберлігін бағалайды. Біртіндеп барлық қатысушылар жұптасып ойынға қатысады және әр жұптың орындаған тапсырмасы бұрынғылардікін қайталамайтындай болуы керек.

Әр топтағыларға басқа-басқа мамандықты көрсететін тапсырмаларды анықтау қажет.

  1. Елсіз арал.

Психолог қатысушыларды ойын шартымен таныстырады. Мұхит бойында бірнеше күн болған табиғи оқиғадан кейін кемедегі адамдар елсіз аралға келіп орналасады. Осы аралда олар 20 жыл өмір сүреді. Апаттан құтылғандардың қолында үрлеме қайықтан басқа ештеңе қалмайды.

Ойынға қатысушылар үш топқа бөлініп, үш саладағы мамандық өкілдері болады (ауыл шаруашылық, құрылысшылар, қызмет көрсету жүйесі қызметкерлері). Олар тіл табысып, бір бірінің мамандықтарын толықтырып, барлық қажеттіліктерін қамтамасыз етуі керек. 20 жыл ішінде апаттан құтылғандар қалай өмір сүріп, қандай салт-дәстүрлерге, қандай заңдарға сүйеніп өмір сүретінін, нені өсіріп, олардың өмір сүруіне кім басшылық жасайтынын, қандай мерекелерді ашып, тағы қандай құндылықты басшылыққа алатынын көрсетуі керек.

Әр топ тапсырманы алғаннан кейін екі сағаттай дайындық жұмысын жүргізеді. Топқа дайындаған көріністі көрсетуге 30 минут уақыт беріледі. Топ өздерінің қай мамандық өкілі екенін ешкімге айтпайды. Олар өздерін жан-жақты таныстыру үшін көрнекі құралдарды, көптеген көріністер, өмір салтын ұсынады. Басқа екі топ мүшелері көрермендер бола отырып олардың кәсібін анықтауы керек.

Бұл жерде біз жеті ойынның қысқаша мазмұнын келтірдік. Барлық ойын тренингіне арналған сценариларды тақырыпқа икемдеп варианттарын жасап алуға болады. Бұл ойындардың оқушыларға болашақ өмір тек ойында ғана жеңіл, соның өзін шешу қиын болып отырғанын түсіндіру керек. Сондықтан мамандық таңдауға зер салып, өте жақсы дайындықпен бару қажет екенін әр бала түсінсе, психолог бұл саладағы міндетін орындау жолында деп айтуға болады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

«Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері» тақырыбы бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жоғары сынып оқушылары арасында кәсіби бағдарлау қажетті екенін дәлелдедік. Оған негіз болған келесі қорытындылар: 1. Психологиялық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде психологиялық қызмет көрсету тарихи кәсіби бағдар беруден басталған. 19 ғасырдың аяғында және 20 ғасырдың басында көптеген Еуропа елдері мен АҚШ-та кәсіби бағдар беру және мамандыққа жарамдылықты анықтау зертханалары ашылып, мамандықтың адамдар психофизиологиялық ерекшеліктеріне қоятын талаптарын анықтап, сол талаптарға сай іріктеу жүргізу әдістемелері қалыптасқан.

  1. Мамандықтар бойынша ағарту жұмысын жүргізу және кәсіби бағдар беру жұмысының мәні өте терең. Өйткені әр мектеп бітіруші өзінің болашақ мамандығын жекелік психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай анықтағанда ғана олар мамандық қызметінде табысты болады. Сондықтан мектеп психологиялық қызметінің міндеттерінің бірі -балаларға мамандыққа баулып оларды кәсіби бағдадарлау болып табылады. Диплом жұмысында кәсіби бағдарлаудың негізгі үш саласы анықталған:

— әлеуметтік ортаның даму ерекшеліктері бойынша қажетті мамандықтарды насихаттау;

— оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігін анықтап, сол зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып олардың икемі келетін қызмет салаларын болжамдау;

— мамандық таңдау мотивтерін зерттеп олрадың құндылықтарға сай келетінін талдау.

  1. Оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу барысында балалардьің басым көпшілігінің темперамент типінің доминантасы холерикке жақын екені анықталды. Сонымен қатар олардың мектеп бітіру алдындағы мазасыздануы, невротизмінің көрсеткіші жоғары, байсалдылығы төмен, қозу процесі тежелуден басым болды. Гимназия сыныптары оқушыларының интеллекті жоғары және орта болғанымен олардың коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеті ортадан төменге жақын болып шықты. Мұның бәрі мектеп бітірушілерге жедел психологиялық көмек керек екендігіне дәлел болды.
  2. Кәсіби бағдарлау жұмысының тиімділігін арттыру мақсатымен кәсіби бағдарлау коррекциялық ойындарын қолданып тренинг элементтерін жүргіздік. Ойын барысында балалар көптеген мамандықтарға қойылатын талаптармен танысып, мамандарға қойылатын талаптарды талдады. Диплом жұмысында Т.Р.Нұрмұхамбетованың сабақтарда берген тренингтік ойындарының жеті түрін келтірдік. Оларды қойылған мақсатқа байланысты неше вариантта жасап шығаруға үлгі ретінде пайдалануға болады.
  3. Психологиялық қызмет балаларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысын балалар мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап жүйелі түрде жүргізу қажет.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

 

  1. Абрамова Г.С. Практическая психология. -М., 2001.
  2. Абрамова Г.С. Психологическое консультирование. — М., 2001.
  3. Алдамуратов Жан тану негіздері. Алматы, 2001.
  4. Андреева Г.М. Социальная психология. — М., 1980.
  5. Батаршев А.В. Тестирование. Основной инструментарий практического психолога. -Ростов- на-Дону, 2000.
  6. Бадмаев Б.Ц. Методика преподавания психологии. М.,2003.
  7. Бектенгалиева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру. -Алматы, 2003.
  8. Битянова М. Практическая психология. — М., 1996.
  9. Выготский Л.С. К вопросу о динамике детского характера. Собр.соч. в 6 т. — М., 1983. Т.4.
  10. Валиева М., Білім беру технологиялары. -Алматы, 2002.
  11. Дубровина И.В., Прихожан Л.И. Положение о школьной психологической службе. — М., 1985.
  12. Диагностическая и коррекционная работа школьного психолога. Под ред. И.В.Дубровиной. — М., 1987.
  13. Жарықбаева Қ. Жан тану негіздері. Алматы, 2001.
  14. Жарықбаев. Психология.- Алматы, 2003.
  15. Көмекбаева Л.К. Психологиялық қызметті
  16. Леонова Л.Б. Психологическая ұйымдастыру. -Алматы, 2003.диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. — М., 1990.
  17. Майерс Д. Социальная психология. — Питер, 1998.
  18. Немов Р.С. Психология. В 3-х томах. Т.З. -М., 1995.
  19. Общая психология. под ред. А.В.Петровского. М.,1986.
  20. Петровский А.В. Психология. — М., 1998.
  21. Психологические тесты для деловых людей. Под ред.

Литвинцовой. — М., 1998.

  1. Психологические тесты. В 2х томах. Под ред. А. А. Карелиной. — М., 2000.
  2. Психодиагностические методы. Под ред. А.А.Бодалева. — Ленинград, 1976.
  3. Психологическая диагностика. Под ред. К.М.Гуревича. — М., 1981.
  4. Практическая психология в тестах. Составители С.Римский, Р.Римская. — М., 1999.
  5. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. — М., 1996.
  6. Риамский Р., Римская М. Практическая психология в тестах. — М., 1997.
  7. Столяренко Л.Д. Основы психологии. — М., 1997.
  8. Тесты, тесты, тесты. Под ред. М.Мацковского. — М, 1990.
  9. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. -М., 1995.