АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесі

Мазмұны

 

І тарау. Оқушылардың танымдық белсенділігін  қалыптастыруда

өзіндік жұмыстың теориялық негіздері.

1.1 .Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі

       және мәні…………………………………………………………………………….. 1.2.Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі

     ретінде…………………………………………………………………………………..

1.3.Оқушылардың шығармашылық дербестігі………………………………

 

Птарау.    Жоғары    сынып    оқушыларының    танымдық   

белсенділігін қалыптастыру әдістемесі.

2.1.Оқушының танымдық қызметіндегі мұғалімнің шеберлігі………

2.2.Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесінің

      нәтижесі және әдістемелік ұсыныстар……………………………………..

 

Қорытынды……………………………………………………………………………………….

Қолданылған    әдебиеттер………………………………………………………………..

Қосымшалар.

 

І тарау. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері.

 

1.1. Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі және мәні.

 

Білім  беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі- таным  теориясы,  оқушы тұлғасын жан — жақты және  үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады.Бұл теория білім беру және  оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс -әрекет ретінде қарастырады.Білім беру және  оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі — танымдық белсенділік пен саналылық.

Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге , өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға , өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді.Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл — ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды.Оқушылардың белсенділік танымдық іс- әрекетінің көздейтін мүддесі -білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды.Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс — әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.

Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.Танымдық белсенділік — оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының , құштарлығының ерекше көрінісі.Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы , алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет.Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес.Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет.Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл — ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және  сөйлеу дербестігі т.б.Оқушылардың    танымдық    белсенділігін    дамыту    және     қалыптастыру мәселесіне   зерттеушілер,   педагогтардың,   әдіскерлердің   көптеген   еңбектері арналған.

Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және  талдау негізінде төрт бағытты бөліп көрсетуге болады.

Әлеуметтік -педагогикалық бағыт ежелгі дәуірден бастау алады.Оның көрнекті өкілдеріне ежелгі грек оқымыстылары: Сократ, Платон, Аристотель баланың белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, өз бетімен білім алудағы жетістіктері өзін- өзі тәрбиелеуде маңызды екендігін, жан- жақты жетілудің әрі обьекті, әрі субьекті екендігін жан- жақты негіздеген.Олардың пікірінше, белсенді ойлау адамның заттық, тәжірибелік іс- әрекетінің алғышарты болып табылады және  ойлай отырып оқушы іздену арқылы өз бетімен білім алады.Өзіндік іс- әрекеті нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруде белсенділігі артады деген пікірде болды.

Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтардың талдау нысанасы болып келді.Ол Мишель Монтень, Томас Мор, Томаззо Компанелла еңбектерінде жалғасын тапты.Енді баланы өз бетінше әрекет ететін, саналы, ойлы, сыншыл азамат тәрбиелеу талабы туындады.Ол үшін жаңа білімді игеруде өз бетінше жұмыс жасап, өзі таным жолына бет бұрып, таным өрісінің жаңа шеңберіне жету жолын дұрыс таңдап алуы қажет болды.

 

Дидактикалық — әдістемелік бағыт Я.А.Коменский еңбектерінен бастау алады.Оның «¥лы дидактика» еңбегінде жазылған дидактикалық принциптерін ұсына келіп, оқушылар өз бетінше істейтін белсенді әрекетін ұйымдастыру және  оқыту, мұғалім мен оқушының әрекетін талдау мәселелерін қарастырады.Бүл бағыт бірнеше ғасырлар бойы жалғасын тауып, одан әрі дамыды.Бұл Ж.Ж.Руссоның, И.Г.Песталоццидің, А.Дистервергтің еңбектерінде дами түсті.

Психологиялық- дидактикалық бағыт К.Д.Ушинский,Ы.Алтынсарин еңбектерінен бастау алады.Оқушылардың өзіндік әрекеті тек қана оқытудыңпедагогикалық әдістері мен құралдары төңірегінде ғана емес, сондай — ақ зерттеу нысаны ретінде танылуымен сипатталады.

К.Д.Ушинский танымдық әрекет мәселесіне мән беріп, «өзіндік жұмыс -оқытуды жетістікке жеткізудің бірден- бір жолы» деп есептеді.Осы жұмыстың нәтижесіне жету үшін мұғалім мен оқушының оқу үрдісіндегі еңбегін дұрыс бөлуі деп түсіндірді.К.Д.Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет оқушылардың өзіндік жұмысына философиялық және  психологиялық-педагогикалық тұрғыда талдау жасайды.

Ы.Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, ой -әрекетін жаттықтыруда мұғалімнің ролін жоғары бағалады.Ал К.Д.Ушинский мұғалімнің ролін ескере отырып, ол оқушының белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу, көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.К.Д.Ушинскийдің пікірін П.Ф.Каптерев одан әрі дамытты, оның пікірінше, сабақта мұғалім бағыттаушы ғана, ал оқушының білімді игеруі өзіндік ішкі мүмкіндіктеріне байланыстылығын атап көрсетті.Бұл бағытта П.Ф.Каптерев, А.П.Вахтеров, Ы.Алтынсариннің және  т.б. педагогикалық ойларын жатқызуға болады.В.П.Вахтеров оқушының оқу танымдық белсенділігін арттыратын әдіс- тәсілдерді көрсетіп көптеген эксперименттер жүргізді.

Жаңашыл педагогикалық бағыт. Қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі өзгерістермен айқындалады.Қоғамдағы оқу ағарту, білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға , оқу үрдісінде тиімді әдіс- тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады.Оқытудың жаңа технологиясы (инноватика, танымдық белсенділікті дамыту, модуль жүйесі, саралап, көп деңгейлік негізде, мультимедия жүйесін қолдану т.б) озат зерттеушілер, жаңашыл педагогтар идеясы орта мектеп жағдайындағы білім берудің қызметіне жаңаша сипат әкелді.

Танымдық іс- әрекет, танымдық белсенділік,танымдық ізденімпаздық мәселелері жөнінде оқу — әдістемелік, психология — педагогикалық әдебиеттерге ғылыми зерттеулерге шолу жасау барысында танылған жаңашыл педагогикалық бағытты бөліп көрсетуге болады. Ю.К.Бабанский білім беруді оңтайландыру жүйесін ұсынса, М.А.Данилов пен Б.П.Есипов оқушының танымдық міндеттерін шешуде танымдық белсенділікті қалыптастыратын оқыту әдістерінің дидактикалық тұрғыдағы классификациясын жасады.

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын танымдық әрекетін дамытуда проблемалық оқытудың маңызын В.И.Зазвязинский, М.И.Махмутов, Ж.Б.Қоянбаев, А.А.Бейсенбаева атап көрсеткен.

Оқушының оқу — танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін арттырудың тиімді қүралдарының бірі — оқушының өзіндік, өздігінен білім алу әрекеті жайлы Т.С.Сабыров, М.А.Құдайқұлов, Р.С.Омарованың еңбектері маңызды.Оқушылардың оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде А.Н.Ильясова, Н.Д.Хмель, С.А.Ұзақбаева, О.С.Сыздықова, Р.Н.Төлеубаева, Б.И.Мұханова, М.С.Молдабекова т.б. еңбектерін ерекше атап өтуге болады.

Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл — ой әрекеті.Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл — амалдарынан тұрады.Танымдық белсенділікті бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым, оның алуан қырлы сипатын айқын көреміз.

Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын болудан, ұмтылыстан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.

Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейінніц тұрақты күйін қажет етеді.

Қабылдау түйсікке қарағанда күрделі процесс, ол түйсіктер арасындағы белгілі қатынастарға тәуелді, оның физиологиялық негізі бірнеше анализаторлардың бір мезгілде бірлесіп қосақталған әрекетінен туындайды.Мәселен, дыбысты көркем фильмді адам көру, есту анализаторлары арқылы қабылдайды.Қабылдаудың негізгі бір қасиеті оның тұтастығы.Қабылдаудың обьектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанмен, адам оларды бүтіндей тұтастай қабылдайды.Қабылдау ойлаумен тығыз байланысты.Обьектілердің мазмұны белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы аталғанда ғана, толық қабылданады.Заттар мен құбылыстардың мағыналығы және  оларды жалпылау қабылдау қасиеттеріне жатады.Бала түсініксіз тілде айтылатын сөздердің мағынасын қабылдай алмайды.Жалпылау тәсілі қабылдаудың мағынасын арттырып, адам сезіміне және ой- әрекетіне әсер етеді.Қабылдаудағы иллюзиялар дегеніміз — заттардың бейнесін бұрмалап, теріс бейнелеу.Иллюзиялар әр қилы себептерге байланысты.Көру талдағыштарының ерекшеліктері, қабылдау жағдайының өзгеруі, көргенді бейнелеп болжау, көздегі әр түрлі кемістіктер иллюзияға себеп болады.Балаларды жалған қабылдаудан арылтып, обьектіні дұрыс қабылдауға үйрету — ұстаз қызметіндегі басты міндет.Бақылау мен байқағыштық туралы мәселе де маңызды нәрсе.Өйткені, бақылау арқылы адам белгілі бір нәрсені, құбылысты жүйелейді, жоспарлы түрде бейнелеп, оның дамуы мен өзгерісін танып біледі.Байқағыштық адам зейінінің шоғырлануын, қызығуын, нақты әрекетін талап етеді.Бақылау мен байқағыштық — адам тіршілігі үшін қажетті қасиет.

Ес — адамның ақыл — оймен тығыз байланысты күрделі психикалық процесс.Оның есте сақтау, қайта жаңғырту, еске ендіру, ұмыту сияқты өзіндік процестері бар.Бір нәрсені есте сақтау оны өзге нәрселермен байланыстыру деген сөз.Сондай байланыстардың болатынын тұңғыш көрсеткен -Аристотель.Мұндай байланыс ассоциация деп аталады.Есті біріншіден, оның дүниетанымдық, екіншіден, адамның ақыл — ойын қалыптастыруда алатын ролі тұрғысынан қарастырған дұрыс.Көптеген эксперименттік зерттеулерде, мидың түрлі бөлімдеріне жасалған операцияларда ми қабығының түрлі алқаптарының зақымдануы естің кейбір түрлерінің нашарлауына әкеліп соқтыратындығы дәлелденген.Мәселен, мидың желке аймағы зақымданса, көру есінің, самай аймағы зақымданса, сөз қозғалыс есінің нашарлайтыны байқалған.Есте сақтау адамның   қабылдау,   қиял,   ойлау,   сезім   түрлері,   қызығу,   мүдде   сияқты психикалық құбылыстармен тығыз байланысты.Адамның есі бұрынғы білімімен, ескі мен жаңаны ұштастырып отыру нәтижесінде дамиды.

Заттар мен құбылыстардың байланыс — қатынастарының миымызда жалпылай және  жанама түрде_бейнеленуін ойлау дейміз.Ойлаудың қамтитын шеңбері кең.Ойлау танымның жоғарғы сатысы.Оның айрықша ерекшелігі — сөзбен тығыз байланыстылығы.Ойлау мен сөйлеу органикалық бірлікте болады.Ой шындығы тіл арқылы беріледі.Шындықтағы себеп- салдарлық байланыстар тәжірибеде танылып , белгілі тілдік формалармен аталады.

Ойлау формалары— ұғым, пікір және ой қорытындысы деп үшке бөлінеді.Ұғымда заттардың жалпы және  негізгі қасиеттері бейнеленеді.¥ғымдар арқылы адам танымның ұзақ процесінің нәтижесі қорытылады.Ғылыми ұғымдарды меңгеру мектепке түсіп оқи бастаған кезден басталады.Соған орай, мұғалім баланың ойлау тәсілдерін дамыту үшін алғашқыға көрнекілік әдісті пайдаланып, сондай-ақ әр заттың өзіндік белгілерін ажырата білуге баулып отыруы керек.Ойлау үстінде адам бұрын есте сақталған біліміне сүйенеді, оның эмоция, сезім әрекетінде белсенділік туады, қызығуы, темпераменті жанданады,бүлар адамның ойлау қызметіне өң беріп, мақсатты іске бағыттайды. Қиял — адамның есінде сақталған қабылдау, елестету, ойлауды қайтадан өндеп, жаңартып, солардың негізінде жаңа бейнелер жасау.Ол еңбек әрекетінде, әсіресе шығармашылық еңбек үстінде дамып отырады.Қиял — ойлаумен бірге алдын -ала болжау, жаңа бір нәрсені жасау, материалдық обьектіде іске асырылатын нәрсені идеалды түрде көз алдыңа елестету процесі.Қиял бейнелері нәтижесінде адамның шындықты, ақиқатты тануының шекарасы кеңейіп отырады.Осы процестің жәрдемімен адам өзіне тікелей әсер етпеген нәрселерді танып біледі, өткендегіні,  келешектегіні,  сондай-ақ басқалардың  ойы  мен  сезімін  аңғара алады. Мұғалім еңбегі де шығармашылық сипатта болады.Ол сабақ үстінде алдындағыны қиялмен болжап түрады.Оқушылар да өз келешегін қиялы арқылы болжап, шамалайды.Адамның білім қоры, тәжірибесі, белгілі көзқарасы, айқын сенімі мол болса, оның соғұрлым шындыққа сай дұрыс қиялдауға мүмкіндігі мол болады. Қиялда жасалатын бейнелер сөз арқылы тұжырымдалады.Арман -қиялдың ерекше бір түрі екендігін айта келіп, әр оқушының жарқын болашағын алдын — ала қиялдап, аңсап қана қоймай, соған жету жолында күресе білу керектігін мықтап еске салу қажет.Бұл жерде қиялдың осы түріне қарама -қарсы құрғақ қиял болатындығын еске салған абзал.

Шәкірттің қиял қабілетін дамыту, тәрбиелеу, оның келешекті армандай алу қасиетін қалыптастыру — мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.Оқушы қиялының дамуына мектепте алған білімі ерекше әсер етеді.Адамға деген мейірімділік, ізеттілік, тілектестік т.б. тамаша қиялсыз өрістей алмайды.Бала қиялын дамытуға көркем әдебиет, музыканың, сурет салудың, еңбек сабақтарының мәні зор.Зейін — дербес психикалық процеске жатқызуға болмайды.Зейін адам санасының барлық жақтарымен қосақтасып оның психикасын белгілі бір обьектіге бағыттап жинақтайды.Зейін қасиеттерін түсіндіру үшін оларға жеке -жеке сипаттама берген жөн.Мәселен, зейіннің көлемі дегеніміз — адамның бір уақыт ішінде қамтитын обьектілерінің саны.Зейіннің бөлінілуі оқушылар меңгеруге тиісті нәрселердің қасиеттері мен ерекшеліктеріне байланысты.Зейіннің табиғатын дүрыс түсіну үшін обьектілерді дүрыс қабылдап, олардың мән жайын түсіну қажет.Бұл оқушылардың дағдысын қалыптастыруды талап етеді.Зейіннің аударылуын іс — әрекет үстінде, яғни тиісті міндеттерді шешу үшін бір обьектіден екінші обьектіге, немесе оның бір жағына сананы әдейі аудару арқылы қалыптасатынын нақты мысалдармен түсіндіру қажет.Зейіннің басты бір қасиеті — оның тұрақтылығы.Зейнді түрақтата алу жүйке процестерінің күшіне, әрекет сипатына қалыптасқан әдетке байланысты.Сабақ   үстінде    баланың    зейінін    белгілі    бір    әрекетке    ғана шоғырландырып, оны үнемі тұрақты етуге, ол үшін алаңдатушы тітіркендіргіштермен күресе білуі шарт.Зейін әсіресе, жас балаларда шашыраңқы келеді.Өйткені, олардың сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленгіш тізгіні күшті.Шаршағандық, өз ойымен әлек болу, қолайсыз эмоциялық күй бала зейінін ауытқытып, түрлі нәрселерге әсерлендіреді.Оқу тәрбие процесінде мұғалім балалардың мұң — мұқтажына, көңіл күйіне, денсаулығына, сабақ үлгеруіне үнемі зейін қойып отыруы тиіс.Өйткені, бала зейінінің, ой өрісінің өсуі мүғалімдер үшін аса қажетті обьект.Оқушылар адамда сондай-ақ сыртқы және ішкі зейіндердің де болатынын, олардың өзіндік ерекшеліктерін ескергені жөн.Мәселен, айналаға зер салып қарау, жай көңіл аудару сыртқа бағытталған зейін делінсе, адамның өз ойына, адамгершілік қасиеттеріне, әсемдікті сезіп білуіне, көңіл-күйіне, басынан кешкен оқиғаларының санасының бағытталуы ішкі зейін делініді.

Сондықтан оқу барысында оқушының таным белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық ықылас — ынтасын шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастырады.Шәкірттің қабылдауы негізінен, мүғалімнің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне байланысты.Оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз болатындай даярлық жұмыстары жүргізіледі.Оқушылардың оқу-танымдық қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады.Баланың өзіндік сезімдік танымы негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі бар:

1-Дәреже – жаңғыртушы белсенділік – шәкірттің материалды жадылап, қайта жаңғыртуға , оны үлгі бойынша қолдануға , меңгеруге ұмтылысымен сипатталады.Белсенділіктің 1 – дәрежесіне тән көрсеткіш – оқушының бойында білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы

2-Дәреже — түсіндіруші белсенділік-оқушының оқығанын зерделеуге, оны өзінебелгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда пайдалану жолдарын   меңгеруге   ұмтылысынан   көрінеді.2-дәрежеге   тән көрсеткіш оқушының бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда   оны    жеңудің   жолдарын    қарастыруынан    байқалатын   үлкен дербестігі.

 3- Дәреже — белсенділіктің шығармашылық дәрежесі — оқушының тапсырманы шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталады.Бұл дәреженің ерекшелігі — мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның негіздері мен әр алуандылығы.

Сөйтіп, оқудағы белсенділік — оқушының іс — қимыл жағдайы ғана емес, осы іс -қимылдың сапасы, онда оқушының қызмет мазмұны мен сипатына қатынасымен, өзінің рухани -ерік, күш-жігерін оқу-танымдық мақсаттарға жетуге жұмылдыруға деген ұмтылысымен айқындалатын тұлғасы көрінеді.

Дербестік әрекетке өздігінен икемделудің сапалық көрінісімен;мотивті және  белсенді қылықтың оқушыға тән арнаулы нысандары мен тәсілдерін синтездеумен; өмір шындығының белгілі бір жақтарына оқушының тұрлаулы, мінез-құлықта тиянақталған қатынасымен сипатталатын жүйелі білім алу ретінде қарастырылады.Танымдық белсенділік туралы анықтамаларға талдау жасай отырып, сондай-ақ педагогикалық эксперимент нәтижелерін пайдаланып, оқушылардың танымдық белсенділік белгілері жүйелерін анықтадық.Оған үш белгі тән:

  • оқу-танымдық әрекеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты;
  • оқу-танымдық әрекеттің интеллектуалдық сипаты;
  • оқу танымдық әрекеттің реттеушілік сипаты;

Танымдық белсенділік компаненттерінің құрамын төртке бөліп қарастырдық: мотивтік-операциялық, еріктік және бағалау-нәтижелік.Танымдық белсенділік компоненттерінің құрамы 1-суретте көрсетілген.

Сонымен, танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс — әрекет проблемасына арналған көптеген еңбектерді зерттеу мынадай қорытынды жасауға әкелді: белсенділік— жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс — бітімі болып табылады, ол сезімталдық, танымдық және  еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық мотив пен өзбеттілік әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуімен сипатталады.

 
 Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру.

 Балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және  дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және  моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік міндет болып саналады.

Педагогикалық-пихологиялық әдебиеттердегі талдауда көрсетілгендей «танымдық белсенділік» терминінің негізінде белсенділік жөнінде түсінік жатыр.Ол әртүрлі салада талдауды талап етуші көп аспектілі феномен ретінде көрінеді.

  • биологиялық (П.К.Анохин, В.М.Бехтерев, И.М.Сеченов т.б.)
  • психологиялық (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, В.С.Мухина, Б.Ф.Ломов)
  • әлеуметтік (А.Н.Леоньтев, А.В.Петровский, Л.Рубенштейн)
  • педагогикалық (Я.А.Коменский,    Д.Локк,    Ж.Ж.Руссо,    К.Д.Ушинский,Г.И.Шукина, Т.И.Шамова)

Биологиялық аспект — белсенділік мәселелері түсінігімен байланысты белсенді бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесі болып табылатындығы жөнінде түсінікпен тығыз байланысты. Ол өзін-өзі ретке келтірумен  негізделеді.Биологиялық белсенділік адамның ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін оған тұқымқуалау қасиеті.Осы өзара қарым-қатынас кезінде ағза мен оның  тіршілік ету шарттарымен аралығында туатын қарама-қайшылық          жоюға  бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды, сонымен қатар
осы әсерді жоюға мүмкіндік беретін және  мінез-құлық құруға өткен оқиғаға емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкіндік беретін физиологиялық механизмдер де туып отырады. ( П.К.Анохин)Белсенділік бейне белгісі тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тірі материяның іштей детерминацияланған  іс- әрекеттің   бір   түрі         болып табылады. (В.З.Коган).Белсенділік көзі болып сыртқы орта және  ағзада тұратын және  өтетін ішкі үрдістер табылады.Адам өзіндік табиғи сапаларының күшімен, әлеуметтік мәнділік күшімен де белсенді келеді.

Психологиялык аспект — тұрғысынан белсенділік С.Л.Рубенштейн көзқарасындағы жалпы психика жөніндегі детерминистік түсінік беру сұрағының бір бөлігі ретінде қарастырылады.Мұнда белсенділік ішкі шарттар арқылы болатын сыртқы себептерінің әрекетінде көрінеді.Белсенділік адамның жаңа қарым — қатынасына айналады, бұл адам жеке тұлға ретінде көрінгенде және  белсенді әрекет қарым-қатынас иесі болған жағдайда болады. С.Л.Рубенштейн адамның белсенділігін былай түсіндіреді:«Сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан ішкі шарттар арқылы әрекет жасайды».

Әлеуметтік тұлғалық аспект мәселелері іс — әрекет кезіндегі тұлғаның белсенділігін зерттеумен байланысты.Тұлғалық белсенділік адамның тек табиғи қасиеті ғана емес дегенге сүйенеді.Бұл орайда субьект белсенділігі сыртқы материалды және  ішкі психикалық әрекетті өз қатарына қосатын затты іс -әрекеттің бірдей жүйесі болып табылады.Тұлға белсенділіктің өзіне ғана тән түріне ие-әлеуметтік өзіндік әрекет, мұнда ол белгілі бір мақсатқа жетеді.Бұл әрекет өз жеке тұлғасының өзгеруімен және  әлеуметтік ортаның өзгеруімен байланысты өзгеруі мүмкін.Белсенділікті тұлғаның әлеуметтік сапасы деп қарасақ, оны әрекеттің қысқа сипаттамасында қарастырып көрген дұрыс.Әрекет бұл адамның қоршаған әлемді меңгеруінің және  белсенді құруының бір түрі.Жеке тұлға әрекет барысында қалыптасады, дамиды.Тұлғаның әрекетке қарым-қатынасына байланысты, әрекет мақсатқа жете алуы бойынша әртүрлі болуы мүмкін.Белсенділік болмыстың қоғамдық формаларын құруға және  адамның қоғамдық мәнін жүзеге асыруға бағытталған іс — әрекет болып табылады.

Педагогикалық аспектідегі белсенділік мәселесін зерттеу берілген түрлі түсіндірулермен байланысты:

  • белсенділік баланың таным іс- әрекетіне деген қатынасын сипаттайды;
  • белсенділік субьектінің іс-әрекетке қатынасын ( қажеттілік , мотив, ерік,эмоция) көрсететін негізгі белгілермен қатар тұлғаның сипаттамасы ретінде түсіндіріледі;

Педагогикалық аспект түрғысынан белсенділіктің үш түрін бөліп қарауға болады:

  • ақыл — ой белсенділігі;
  • интеллектуалды белсенділік
  • танымдық белсенділік;

Ақыл — ой белсенділігі элементарлы іс-әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделі түріне дейінгі барлық деңгейдегі нағыз әмбебап іс-әрекет шарты болып табылады.Ол түрлі модификацияларда көрінуі мүмкін:

1 .Ынталандыру жаңалығынан туған зейін белсенділігі және бағдарлы – зерттеу іс-әрекетінде бағытталған зерттеу белсенділігі ретінде;

2.Интеллектуальды ынталылық түріндегі көрінетін белсенділік ретінде; Ақыл-ой белсенділігінің орталық ядросын когнитивті функциялар мен процестер құрайды.Н.С.Лейтес былай бекітті: ақыл-ой белсенділігі-кез келген денісау балаға тән, бірақ әртүрлі деңгейде болады.Өз бақылауының кең материалында Н.С.Лейтес «балалық шақтың әр кезеңі — белсенділік дамуының өзіндік сапалы сатысы» деген қорытындыға келді.

Интеллектуальды белсенділік- өзіндік шарттарға сай ой әрекеті ретінде түсіндіріледі.Бүл терминнің кең өріс алуы, жиі қолданылуы Д.Б.Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты.Оның пікірі бойынша, интеллектуалды белсенділік интеллектуалды емес факторлардан көрінетін жүйенің интегралдар қасиеті болып табылады .

Танымдьқ белсенділік — жалпы белсенділік феноменінің маңызды саласы, оның негізі ретінде адамның ең маңызды қасиеті болып табылады.Танымдық белсенділік адамға өте маңызды және  күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық   анықтамаларында   көптеген   тұжырымдамаларға   ие.Білімді белсендіру мәселесіне байланысты     әр еңбектерде таным  белсенділігіне анықтама берілген .Оның зерттелуіне маңызды үлес қосқандар М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов,   М.А.Данилов,   М.И.Махмутов,   Т.Ш.Шамова,   Г.И.Щукина және  т.б.   Маңызды   әлеуметтік  күшіне  байланысты  бүл   мәселе  қазіргі диалектикада, білім беру тәжірибесі мен тәрбиеде негізгі болып саналып отыр.Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде   белсенділіктің төмендегідей анықтамалары бар:

  • Адам зейіні   белсенділігінің   таңдаулы   бағыттылығы   (Н.Ф.Добрынин,
    Т.Рибо).
  • Таным субьектісінің ақыл-ой қабілеттерінің көрінуі (С.Л.Рубенштейн)
  • Әртүрлі сезімдерді белсендіргіш (Д.Фрейер)
  • Адамның іс-әрекеті мен санасының деңгейін жоғарылататын эмоционалды-еріктік және ақыл-ой процесінің ерекше қорытпасы (А.Г.Ковалев)
  • Білімді қарқынды    меңгеруге    әзірлік,    яғни    қабілет    пен    ұмтылыс (Н.А.Половников)
  • Тұлғаның күшейтілген танымдық жұмысы мен сипатталатын еріктік жағдай (Р.А.Низамова)
  • Оқушының өмірлік күшінің әсерлілігі (Г.И.Щукина)
  • Таным мақсатына жетудегі құлықтық еріктік әрекеттерді жиюға ұмтылумен және білім беру сипатына , мазмұнына қатысты тәрбиеленуші тұлғасының айқындалуы, әрекет сапасы (Т.И.Шамова)

Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты.Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласы мен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және  қатысушылармен танымдық қарым-қатынасы маңызды келеді.Сонымен бірге адамның барлық жоғары таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсенділендіруге танымдық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді.Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес-алты жас аралығында қарқынды келеді.Бұл әсіресе баланың логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі ретінде.

Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа , дәстүрсіз түрлері де пайда болуда.Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда.Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда.

Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес.Сыныптық сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі — оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы — оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды.Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және  оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады.Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультатативтік, қосымша, конференция сабақтары, үйдегі оқу жүмысы, тәжірибелік -зертханалық және  пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және  емтихан, өзіндік жүмыс түрлерін жатқызуға болады.

Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлеледеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және  бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім проблемалық жағдай туғызып, талқыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятып, олармен ақылдаса отыра оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық ізденушілік әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады.

Экскурсия жұмысының мақсаты — оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту.Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор.

Ол барлық оқу пәндерінде , әсіресе физика, химия, биология, тарих сабақтарында кеңінен қолданылады.Бұл оқушылардың оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және  оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді.Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар: Біріншісі — кіріспе экскурсия деп аталады.Ол сабақта күрделі тарауда тақырыптарды өтер алдында үйымдастырылады.

Екіншісі — ілеспелі экскурсия деп аталады.Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізіледі. Үшіншісі — қорытынды экскурсия.Ол күрделі немесе тақырыпты өтіп болғаннан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау,бекіту мақсатын көздейді.ХVШ ғ. Францияның атақты ғалымы Жан-Жак Руссо балалардың сезімін дамыту үшін, олармен табиғатқа экскурсия жасау қажеттігін дұрыс деп тапты.Оқытудың бұл түрі тек XIX ғ. бастап қолданыла бастады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультатив түрі оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге байланысты ұйымдастырылады.Оның қызметі көпжақты: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дүниетанымын тереңдетеді және  кеңейтеді; белгілі бір пәнге қатысты танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады.Оқушылардың пәнге бейімділігін ескере отырып, факультативтік оқуды олардың қалаған мамандықтарына сай психологиялық және  практикалық дайындығын арттыру және  кәсіби бағдарын қалыптастырудың нәтижелі формасы ретінде қолдануға болады.Ол оқудың жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз етіп, оқушылардың өзіндік білім алуы мен шығармашылық дамуына да ықпал етеді.Оқушылардың факультативтік оқуда алған білімдері мен дағдылары сабақтарда белсенді қолданып, олардың міндеттері , мазмұны мен әдістері арасындағы өзара байланыс логикалық тұрғыда іске асса, онда оқу жүйесінің нәтижесі анағұрлым артады. Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді.Оқу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің тағы бір міндеті — оқушылардың сабақтан тыс кездерінде танымдық әрекеттерін тереңдету, үлгермеушілікті болдырмау.Сондықтан кейбір оқушылардың дарын-талаптарын, ғылымға бейімділігін немесе сұранысын сабақ барысында толық қамтамасыз етіп,жағдайлар жасауға әр кезде мүмкіндік бола бермейді.Ол үшін оларға үйірме мен ғылыми жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы бар. Пәндік үйірме жүмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар.Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және  тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдай туғызып отырады.Оқушылардың пәндік үйірме жұмыстары оқыту процесін жандандырып, оның сапасын көтеруге әсер етеді.Үлгере алмаушылықты жою үшін жеке немесе бір топ оқушылармен қосымша және  консультация сабақтары да ұйымдастырылады.

Сынақ жүмыстарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі мақсат -бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру.Сынақ жүмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауаптары, бақьлау және  топтық, практикалық — лабораториялық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма және баяндама жазу түрінде жүргізіледі.

Үйдегі оқу жұмысы — оқушылардың үйде өз бетімен орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады.Сондықтан да оны кейде оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырылады.Оқушының үйдегі оку жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және  берік болады.Оның маңызы оқыту жүмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше.Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор.Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады.Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл- ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады.

Оқушылардың өзіндік жұмыстары.

Оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше.

Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдеріне  олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру, танымдық және  шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде.Ол үшін өзіндік жұмыс оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес,оқыту процесінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. А.Байтұрсынов : оқушының өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керектігін атап айтқан болатын.Жалпы білімге деген құштарлық- кез келеген сыныптағы балаға тән қасиет.Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу -бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей. Ал,В.Г.Лембергтің пікірінше,өзіндік жүмыстарды ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:

  • жұмыстың мақсатын айқын түсінуі;
  • жұмыстың жемісті аяқталуына оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
  • жұмысты өз еркімен,қалауымен орындауы.

Оқушының-таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі- оқушының өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті.Өзіндік жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары ,сөзсіз,ой еңбегінің мәдениетімен байланысты.Білімді игеру барысында оқушы кездесетін қиыншылықтарды жеңуде табандылық еске сақтау,кітаппен жұмыс,байқау және  жазба жұмысын жүргізе білу,ой әрекеттерінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру,өзін бақылай білуі керек.Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

  • мұғалімнің нақты тапсырмалар ,нұсқаулар беруі;
  • жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
  • мұғалімнің басқаруымен оқушының дербестігінің мөлшері;
  • олардың жүмысты өз еркімен және қалауымен істеу,оған әсер ететін
    мотивтер.

Өзіндік жұмысты мұғалімнің дұрыс басқара білуі және  оқушының дербестік әрекетінің деңгейінің артып отыруы- осы жұмысты ұйымдастырудың негізгі белгілері болып табылады.Оқушылардың дербестігінің даму деңгейіне қарай өз бетінше істейтін жұмыстарды репродуктивтік және шығармашылық деп арнайы екі топқа бөлуге болады.Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:

1.Өзбетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы.

 2.0қуға деген қабілетінің артуы.

3.Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және  тиімді игеру 4.Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.

5.Өз ойының дербестігі.

Оқушының өз бетінше кітаппен жұмыс істеу,бақылау,жаттығу,экперимент жүргізіуі іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.Репродуктивтік жұмыстарға— оқушының дайын үлгіге қарап жасайтын жүмыстары(көшіріп жазу,жаттығулар, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу,сабақ үстінде орындаған тапсырмаға ұқсас тапсырманы үйде орындау т.б.) жатады.Оқушылардың өзіндік жұмыстарының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал- тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Шығармашылық жұмыстар -оқушының өздігінен баяндама , реферат, модельдеу, көрнекі құралдар жасауы т.б.Өзіндік жұмыс танымдық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда,  болашақта  білімді  өз  бетінше  жинай  алу  қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады,ойлауды жандандырады және  оқып үйренуде оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады.Оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және  таным қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады. Оқушылардың танымдық белсенділігі — оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және  оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті.Оқыту процесінде оқушының белсенділігі екі түрлі сипатта болады: сыртқы және  ішкі белсенділік.

Сыртқы белсенділік дегеніміз-оқушы әрекетінің сыртқы көріністері(белсенді қимыл қозғалыстары, мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы т.б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін. Оқушының ішкі белсенділігі — оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Оқушының өзіндік жұмысы оқу материалдарын нығайта түсу,жаңа материалды игеру мақсатын көздейді.Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз бетімен әрекет жасауға үйрету,бүгінде көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша XXIғ. іске асыруға тиісті өзекті проблемасы болып табылады.Р.Г.Лемберг , Е.Я.Голант, Д.Н.Богоявленский, Л.В.Занков және  тағы басқа көрнекті ғалымдардың еңбектерінде өзіндік жүмыс оқушылардың өзін-өзі бақылауын қалыптастыру,ақыл-ой тәрбиесін беру құралы ретінде анықталады.Соңғы онжылдықта өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық, әдіснамалық проблемалары көптеген ғалымдардың еңбектеріне арқау болып, әртүрлі бағыттарда қарастырылады:

-оқуды белсендіру құралы ретінде (Б.П.Есипов, П.И.Пидкасистый);

-оқушылардың    танымдық    белсенділігін    қалыптастыруға    бағытталған теориялық тұжырымдамалар (И.Я.Лернер, М.И.Махмутов);

-дербестік- өзіндік ұстаным, рухани практикалық білім ретінде ;

-дербестік жеке тұлғаның қасиеті мен сапасы ретінде (К.А.Абульханова, К.КПлатонов);

Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру проблемасын ғалымдар А.Х.Аренова, А.Я.Савченко айналысты.Өзіндік оқу іс- әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың өзіндік
шығармашылық іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады.Өзіндік іс-
әрекеттің қажеттілігі оқушыны ойға жетелеуінде, ойланта отырып өзіндік
ойының      қалыптасуы         оны   шығармашылық  жұмысқа жетелейді.Шығармашылық еңбек алдымен оқушыға қанат бітіреді, қиял береді.Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік оқу іс- әрекеті ұғымын дамытуды біз философиялық категориялар бірлігінде қарастырамыз:

  • іс- әрекет — бұл жалпыға ортақ;
  • танымдық іс-әрекет-оқу іс-әрекеті- жалпы;
  • оқушылардың өзіндік оқу іс- әрекеті- жеке;

Іс-әрекеттің негізінде танымдық іс әрекет дамиды.Танымдық іс- әрекет өзіндік оқу іс- әрекетіне айналып, жеке тұлғаның интегративті білімін қамтамасыз етеді.Ғылыми педагогикалық зерттеулерде «өзіндік жұмыс» ұғымына бірнеше анықтамалар берілген:

  • оқыту үрдісінде енгізілген оқушылардың өзіндік жұмысы мұғалімнің
    тікелей  қатысуынсыз   орындалатын  жұмыс;   бұл   жағдайда  оқушылар саналы түрде тапсырманың мақсатына қол жеткізуге өздерінің күштерін пайдалану    және  танымдық іс- әрекеттерінің нәтижелері арқылы іске асады (Б.П.Есипов);
  • оқушылардың тапсырмаларды еш көмексіз, мұғалімнің бақылауынсыз
    орындауы (Р.М.Микельсон);
  • өзіндік оқу   іс-   әрекеті  дегеніміз-   бұл  дидактикалық  ұғым,   ғылыми
    практикалық міндеттерді өз бетімен қою, оның шешімін табудың өзіндік
    тәсілдерін болжау және  анықтау, жеке тұлғаның өзін- өзі бақылауы,өзін-өзі бағалауы негізінде педагогикалық үрдіске қатынасушылардың өзара іс-әрекетінде     қалыптасқан     жеке     тұлғаның интегративті білімі(А.Х.Аренова);

Өзіндік жұмысқа бейімдеу — оқушыны өзін-өзі дамытатын белсенді тұлға ретінде өзін тануға,өзіндік дамуға, өзін бақылап бағалауға қабілетті,мұғаліммен тең диалогтық қарым -қатынасқа түсе алатын тұлға ретінде қалыптастырушы фактор.Біздің пікірімізше оқушыларды өзіндік жұмысқа бейімдеу тиімді болу үшін мынадай шарттар керек:

  • өзіндік жұмыстың мәні мен қызметтері нақтыланып ашылуы;
  • өзіндік жұмысқа   бейімдеуге   арналған   арнайы   дидактикалық   жүйе
    жасалынуы;
  • тиімді қызмет ететін және дамытуға қабілетті арнайы жүйе анықталып
    тэжірибелік сынақтан өтілуі

Өзіндік жұмыстың түпкі мақсаты оқушының оқу — танымдық тапсырмаларды өз бетінше орындауы арқылы өзінің оқу процесін жетілдіруі.Біз анықтаған жүйенің өзіндік жұмыс блогына:өзіндік әрекет, өзіндік басқару және  өзіндік бағалау компоненттері жатды.

Өзіндік әрекет блогының мақсатына өзіндік жұмысқа бейімдеуді жүзеге асыратын әрекет қимылдарды оқушының өзінің таңдап алуы, оларды алдын-ала жоспарлауы жатады.Өзіндік әрекет білім беру процесінің барлық кезеңдерін қамтуы тиіс, оның мақсатын айқындаудағы мұғалімнің миссиясы оқушының оқыту процесіндегі өзінің ролін мойындауына қажетті жағдайлармен  қамтамасыз ету.

Айталық, өзіндік бақылау әрекеттері жүйесі десек , өзіндік әрекет оның бір бөлігі ретінде бірнеше қимылдардан тұрады: өзіндік білім алуды жоспарлау, алған білімін жүйелеу, қорытындылау және түзетіп отыру, білімін реттеу,түзету,өзінің танымдық әрекетін біліміне сай жоспарлау жатады.Аталған компоненттер өзара тығыз байланысты біртұтас жүйені құрайды.

Өзіндік бағалау толыққанды процесс ретінде белгілі бір мақсатта оқушының өзіндік басқаруы және  өзіндік әрекеті аясында іске асады.Олай болса біз өзіндік әрекетті ұйымдастыруға арқау боларлық танымдық тапсырмаларды дидактикалық құрал ретінде қарастыра отырып олардың өзара байланысын  шартты түрде төмендегі суреттегідей нақтылаймыз.

1 — Схема

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 — Кесте

Өзіндік әрекет қимылдары

Мазмұны

1 .Оқушының өзінің оқу-танымдық әрекетінің күйін анықтап талдай білу

— бастапқы жағдайды және  алға қойған мақсатпен немесе берілген үлгілермен салыстырып өзінің оқу- танымдық әрекетінің нәтижелерін белгілеп бағалау; -өзінің оқу-танымдық әрекетінің нәтижелерінің өзіндік жұмыстың қалай ұйымдастырылғандығына тәуелділігін анықтау; — өзінің оқу- танымдық әрекетін эдіс- тәсілдер, мазмұн, тиімділікті жүзеге асыратын технологияны орынды бағалау, талдау, бақылау.

2.Өзінің оқу-танымдық әрекетінің процесін жоспарлай алуы және  құрастыра білуі

-өзіндік жріыс және  бақылауды жүзеге асыру әрекетінің оқу материалын жоспарлау; -өзіндік жұмыс пен өзіндік бақылау үшін оқу материалының мазмұнын іріктеп алу; -өзінің оқу-танымдық әрекетінің жоспарланған нэтижелерін тексеру; -өзінің жеке басының және  оқу-танымдық әрекетінің перспективасын, қажетті уақытты жоспарлау;

3.Өзінің оқу- танымдық әрекетін реттеп түзету және жетілдіру

-жіберілген қателерге және  олардың себептеріне талдау жасау; -жіберілген қателерді жөндеу жолдарын анықтау; -алынған фактыларды қорытындылап, өзінің оқу әрекетін теориялық тұрғыдан ұғыну және  өзіндік жү-мыс және бақылау бойынша білімін, білігін және дағдысын шығармашылықпен қолдану негізінде болашақ перспективаларын анықтап әрі қарай жетілдіру;

2 – Сурет

 

3- сурет.

 

 

 Осы айтылғандарды қорытындылай келіп аталған әрбір қимылдың өзіндік мазмұны- оқушыда бұрыннан бар білім мен дағдылар негізінде қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асырылатын нақты қимылдар жиынтықтарынан тұратындығын атап өткен жөн.Әрбір қимыл дамып қалыптасудың белгілі бір кезеңінде ғана болып, тек өзіне ғана тән рөлді атқарады.Өзіндік әрекеттің үшінші компоненті құралға танымдық оқу әрекеті жатады.Өзіндік әрекет арқылы жүзеге асырылатын танымдық оқу әрекетінің түпкі мақсаты- тұлғаны қалыптастыру.Өзіндік жұмысқа бейімделу өзіндік танымдық әрекетті қажетсінуді тудырады.Оның белгілеріне: білімді қажетсіну, білімді ғана емес оны игеру жолын тереңірек меңгеруге құштарлық, оқу материалына сын көзбен қарау,бір мәселе бойынша өз көзқарасының болуы, өз бетінше ойлау, өзінің тіршілік әрекеті және  ары қарай білімін көтеру үшін жаңа білім алуға ұмтылуы жатады.

Өзіндік жұмысқа бейімдеу негізінен оқушы тұлғасы арқылы жүзеге асырылғаны мен оған бейімделу мұғалімнің қатысуымен жүретін процесс.Біз анықтаған өзіндік жұмысқа бейімдеу жүйесі толығымен субьектінің өзіндік байланысты өзгерістерді байқауына мүмкіндік береді. Өзіндік жұмыс және  оның құрам бөлігінің біріне жататын өзіндік басқару тұтас бір дидактикалық жүйе құрайды.Осы тұрғыдан, біздің пікірімізше өзіндік басқару мен өзіндік бақылау ұғымдарын ішкі процестері жағынан қарастыру оқушының оқу- танымдық әрекетінің көкейкесті күйін талдауға, оның дамуын болжауға мүмкіндік береді.Енді осы мәселені теориялық түрде негіздейік.Бүл тұрғыдан бірінші ретте оқушының өзінің оқу- танымдық әрекетін ұғынуы, оны реттеу және  жетілдіруімен көрінетін өзіндік бақылау негізделеді және оған өз тұлғасының дамуы жағдайында өзіндік жүмысқа бейімделуге алғашқы сатысына баса назар аудару қажет.Өзіндік бақылауға бейімдеудің алғашқы кезеңдерінде өзіндік басқару әрекеті жеткілікті болмайды.Өзіндік бақылауға бейімдеу мақсатын жүзеге асыратын өзіндік басқару оқушылардың теориялық білімді терең игеруге , оның көмегімен өз білімін тұрақты түрде толықтырып және жаңартып отыруды қажетсінуді әдетке айналдыруды және ойлау әрекетін дамытып, өзіндік бақылауға бейімдеудің тиімді әдіс, тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді.Оқушыны өзіндік бақылауға бейімдеудің педагогикалық концепциясының басты мақсаты баланың өзіндік еркін дамуында педагогтың кәсіби көмек көрсетуі болып табылады.

 Өзіндік жұмыс әдістері.

Өзіндік жұмыстар барша әдістер жүйесінің қай-қайсысына да тән оқу шарты.Мектеп тәжірибесінде ежелден келе жатқан тәсіл- оқу жұмысының бір бөлігі сабақта орындалады, ал ұмытып қалмас үшін , оқушы оны үйде қайталап , берілген тапсырмаларды орындап, бекітеді.Өзіндік оқу жүмысы ұйымдасу, орындалу формасына орай сыныптық және  үйдегі болып , екіге бөлінеді.Сынып жұмыстарының басты міндеті — бақылау, ал үй жұмыстарының міндеті — бекіту, қорытындылау, бақылау реттестіру.Сыныпта ұйымдастырылған өзіндік жұмыстар оқушылардың ырықты зейіні мен өзбетінше ойлау қабілетін дамытады, мінезіндегі дербестік қажетін қалыптастырады.

Тірек болар білімдар мен ептіліктерді іске қосып,пайдалану үшін өзіндік дайындық жұмыстары өткізіледі.Дайындық келесідей формада болуы мүмкін: қандайда деректерді қайталау, салыстыру,әрекет тәсілдерін еске түсіру.Өзіндік оқу жұмыстары қатарына ең алдымен оқушылардың кітап немесе басқа білім көздері бойынша оқу материалдарымен өзбетінше танысуы кіреді.

Ал өзіндік тексеріс жұмыстары ретінде оқушының сыныпта және үйде орындайтын оқу тапсырмаларының бәрі пайдаланылады.

Мұғалім әрдайым өзіндік жұмыстар тиімділігін қамтамасыз ететін барша жағдайлар мен шарттарды ескерген жөн.Мұндағы мақсат — оқу мазмұны мен әдістемесін анықтап алу.Әр сабақтағы өзіндік жұмыстар өз ерекшелігіне не, осыған орай олардың формалары мен орындалу әдістеріне байланысты өзгереді.Бірақ, бәріне қойылатын талаптар жалпыға бірдей ортақ.Олардың арасында аса маңыздысы — өзіндік жұмыстарды жеңіл әрі дұрыс орындауға қажет тіректердің жеткілікті болуы.Өзіндік жұмыстың орындалу сапасы мен жеделдігі тапсырманы бастапқы ұсыну тәсіліне тәуелділігіне қарай өрнектелді, оқушыларға түсінікті ме,мұндай қиыншылық негізіндегі тапсырмаларға дайын ба,бұл тапсырмаға ұқсас жұмыстар бұрын орындалды ма және  т.б.

Өзіндік жұмыстың бір түрі — жаңа материалмен оқушыларды оқулық бойынша таныстыру.Таныса отырып оқушы өзбетінше мақсат белгілейді, белгісіздерін анықтайды, бастыларын бөліп алып, әрекеттер бірізділігін түзіп,

олардың орындалуына бақылау қояды.

Сыныпта және  үйде орындалатын өзіндік жұмыстарды жоспарлай отырып, мұғалім келесі талаптарды ескергені жөн:

  • сабақ құрылымындағы өзіндік жұмыстар орнын күні ілгері байыптау;
  • өзіндік жұмыстардың оқу іс- әрекетінің басқа оқу әдістері және
    формаларымен үйлестіру жолдарын қарастыру;
  • өзіндік жұмыстарды орындау барысында туындауы мүмкін
    қиыншылықтарды алдын ала көре білу ;
  • тапсырма формаларын анықтау;
  • қажетті дидактикалық материалдарды іріктеу;
  • оқушы жүмыстарын тексеру мен өзіндік тексерудің тиімді тәсілдерін
    ойластыру.

Жалпы қорыта айтқанда өзіндік жұмыстың мақсаты- оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығуын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту.Мұғалім сабақта әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыруы қажет.Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ окушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге үйретеді.Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілетті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан- жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.

Выготский: « Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі.Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек»- деген екен.

Негізгі мақсатымыз баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық қабілетін қалыптастыру және ой- өрісін дамыту арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерінің маңызын ашу.

Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман : мұғалімге сегіз қырлы бір сырлы ерен қасиет иесі болуды міндеттейді.Ұстаз алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте сақтауы әрқилы шәкірттердің жүрегіне жол тауып олардың шығармашылық қабілетін дамыту күрделі құрылым екені даусыз.

Шәкірттерге әсер ету жолдары түрліше. Тәжірибелі мұғалім ізденісті әр баланың жан- дүниесіне үңілуден бастайды.Әрбір шәкірттің жан дүниесінің есігін ашатын кілтін қолға түсіру- сезімталдық- көрегендік- сергектік-білімпаздық- ізденімпаздық- шығармашылық қабілетін байқап, оқытып жүрген шәкірттерінің өзіндік ерекшеліктерін жете зерттеп, біліп алған соң, әдіс- тәсілдерді солардың қабылдау деңгейіне қарай іріктеп талдап қолданады.Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі.

Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек.Осыған қол жеткізгенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесімен сақтаушысына , кітап – мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады»- деп айтқан екен.

Олай болса, қызықты сабақтар- мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, көтерілген белесі, абырой атағы, мақсат-мұраты.Ұстаз көкейінде шәкірттерді өзіне баулып алу үшін «Не істей аламын», «Не істеу керек»- деген сұрақ сауалнама әрекетке, әрекет нәтижелер жобасына , ал нәтижелер жобасы — практикаға енгізуге жетелейді. Ал практиканың ақиқат өлшемі- білім сапасы болмақ. Сондықтан да өзіндік жұмыс білікті маман дайындаудың негізгі бір тиімді жолы болып табылады.Дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығуды туғызуға, таным үрдісінің әдіс- тәсілдерін игеруге, танымдық қабілетінің дамуына , адамның дербес жұмыс істеу мәдениетін көтеру шығармашылық пен жұмыс істеуге және  ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік жасайды.

 

1.3.Оқушылардың шығармашылық дербестігі.

Оқыту үрдісі екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар олардың ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді.Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктері – олардың ықыласын және өз  еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады.

Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары түріне олардың өз еркімен амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.

Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б. оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарты болып табылады.Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау үрдісінде қалыптасады.

Оқудағы дербестілік оқып үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынталылық пайда болуымен, назар мен ой-сана әрекетінің бағыттылығымен оқып жатқан материалды түсінуімен бейімделінеді.

Белсендірудің қандай да тәсілі мен әдістерін пайдалануда оқушының қабілет дәрежесін ескеру керек.Күрделі танымдық міндеттерді танымдық қабілет дәрежесі жоғары оқушыларға ғана тапсыруға болады.Оқушыға таным күшіне сәйкес келмейтін, мүмкіндігінен жоғары, білім деңгейінен анағұрлым асып түсетін міндеттер жүктеу білім беруде оңды нәтиже бермейді.Оқушылардың шығармашылық дербестігін, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен ғылыми-шығармашылық апталық, жобалар,пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор.Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет.Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық дербестігі мен ізденімпаздығын қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қажет.

Мұғалім оқушыларға шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар қойылады:

1-шығармашылық тапсырмалар дайындауда оқылатын пәннің жеке сипатын, мазмұнын ескеру;

2-шығармашылық тапсырмалыр түрлі деңгейде болуы;

3-кезекті тапсырма бұрын берілген тапсырмамен байланыста және бір жүйеде берілуі;

4-білімі мен біліктерін жетілдіретіндей болуы;

5-тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге өзгеруі;

6-оқушының жеке қабілеттерін ашатындай болуы және шығармашылық дербестігін дамытатындай дәрежеде болуы керек;

Сонымен, оқушылардың дербес, шығармашылықпен жұмыс істей алу әрекеті мейлінше белсенділікті, ынталықты, ізденімпаздықты, өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді, оны оңтайландыру, оқушының күнделікті рухани қажетіне айналдыру мектептің қазіргі кезеңдегі маңызды міндеті.

Шығармашылық – оқушының танымдық қабілеттеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды.

Оқушының шығармашылық дербестігінің пайда болуы оның іс-әрекетінен айқын аңғарылады.Ең әуелі оқушының іс-әрекетке деген көзқарасы өзгеріп , танымдық белсенділігі арта түседі.Оқушының шығармашылық дербестігі қалыптасқанда баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады.Шығармашылық дербестік әртүрлі сапада көрінуі мүмкін.Оның күрделі табиғатының өзі оның жеке адам дамуының түрткісі, қозғаушы күші екендігін көрсетеді.

Мәселені шешуде талданған негізгі ұғымдардың көлемі мен мазмұнына үңіле отырып, оқушының шығармашылық дербестігін қалыптастырудың мәні мынада деген тұжырымға келдік;

1-қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге, ғылым жаңалықтарына тұрақты қызығушылықтың пайда болуына;

2-оқу-танымдық міндеттер мен мақсаттарын орындауға талпыну;

3-білім алуға, шығармашылық жұмыстарға тұрақты қызығушылық;

4-жеке тұлғаның сапалық көрсеткіші ретінде көрінетін қабілеті мен қасиеттерінің дамуына;

5-жеке тұлғаның дербес интеллектуалдық ой-өрісінің кеңеюі;

6-тұрақты ізденімпаздық шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелі дамуына әсер етеді.

Шығармашылық дербестік ұғымы төңірегіндегі тұжырымдар, анықтамалар бұл ұғымның өзіндік ерекшеліктерін, әртүрлі психикалық прцестерден туындайтын интеллектуалдық, эмоциялық, бағыттаушы байланысын және жеке тұлғаға беретін білімнің маңызын ашып көрсетеді.Ғалымдардың бұл мәселе төңірегінде айтқан ойларын қолдай отырып, өз зерттеу пәнімізге байланысты шығармашылық дербестік ұғымына өз анықтамамызды береміз.

  Біздің пайымдауымызша, « шығармашылық дербестік – жеке тұлғаның танымдық қажетсінуі мен қызығушылығын, белсенділігі мен танымдық ізденімпаздығын қамтитын сан қырлы білім алуынан көрінетін, күрделі шығармашылық қалыптасуымен аяқталатын интеллектуалдық қабілетін.

Шығармашылық дербестік оқушы іс-әрекетінің сапасы ретінде көріне отырып, үнемі ізденіп, белсенді әрекет ететін жеке тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік туғызады.Шығармашылық дербестік адам өмірінің жаңа деңгейге көтеріп, түрлі туындылар мен жаңалықтардың шығуына негіз болып, жағымды эмоциялық көңіл-күй орнатады.

  Жүйелі жүргізген зерттеулеріміз оқушының шығармашылық дербестігінің деңгейі, бағыты мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіне тікелей байланысты екендігін көрсетті.Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, оқу материалының түсініктілігі, мазмұндылығы, оқытуды ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер, мұғалім мен оқушы арасындағы жылы қарым-қатынас , оқушылардың шығармашылық дербестігінің қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.Сонымен, шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады;

1.Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.

2.Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.

3.Оқушы мүмкіншілігіне сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.

4.Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды есепке алып зерттеу.

5.Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.

6.Шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтау, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау.

7.Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылық пен өткізу.

Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді.Жқғарыда аталған мәселенің екінші тармағына тоқталатын болсақ, қызығушылық – оқыту, ақыл-ойды жетілдіру жеке адам тәрбиесінде байланыстырушы буын болып табылады.

  Қызығушылықтың арқасында білім де, оны игеру үрдісі де , интелектті дамытуда қозғаушы күш және жан-жақты дамыған адам тәрбиелеуде маңызды фактор болуы мүмкін.К.Д.Ушинский: ˝ еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен ?˝- деген.Ендеше , оқыту негізгі ерікті қызығушылық жағдайда болуы керек.Сол себепті, білім алуға қызығушылықты дамыту үшін негізгі жағдайлар болғаны дұрыс.Олар:

1-Оқушының өз бетімен ізденуге , жаңа білім ашуға, проблемалық тапсырмалар шешуге тартылуы;

2-Бірізділік, біртекті ақпарат жалықтырады.Жаңа материалдың жас ерекшелігіне сай және оны игеру мүмкіншілігінің болуы;

3-Әрі қарай жұмыс істеуге қызықтыру үшін игеріліген білімнің жиі тексеріліп отырылуы;

4-Оқу материалын бергенде мұғалім анық та эмоционалды болуы оқушыға , оның пәнге деген қызығушылығына жақсы әсер етеді;

Н.И.Болдырев, М.А.Данилов еңбектерінде танымдық тапсырмалар маңызын оқушыларда бар білімдерін шоғырландырып, талдау жасау арқылы өз беттерімен ізденуге талпындыратын болуы керек деп тұжырымдайды.Ол үшін қойылған міндеттерді шешу жолдары дайын күйінде берілмей, оқушылар арқылы іздеп табылуы керектігі анықталған.Ақыл-ой ынтасы, қиындықты жеңу- балалардың ойлауын дамытады, оқуға қызығушылығын көтеріп, жағымды эмоциялық күй тудырады.Таным белсенділіг дәрежесі оқушының өзіне; тәрбиесіне, сана-сезіміне, еркіне, қызығушылығына байланысты.Егер балада бұл қасиеттер аз болса, оны қалыптастырып дамыту мұғалімнің міндеті.Оқушының белсенділік дәрежесі оқытушының педагогтық шеберлігіне, қолданған әдіс-тәсілдеріне қайтарған жауабы тәрізді.Жақсы нәтижелерге жету үшін ең алдымен дайындық және түсіндірме жұмыстарын тиянақты әрі жүйелі түрде жүргізу басты шарттардың бірі ретінде есептеледі.

 

 

 

 

 ІІ тарау.Жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесі.

2.1. Оқушылардың танымдық қызметіндегі мұғалімнің шеберлігі.

 Мұғалімнің негізгі мақсаты – жас ұрпақты өмірге тәрбиелеу, оқыту , үйрету.Бұл педагогикалық мақсаттан туындайды.Педагогикалық мақсат дегеніміз – жас ұрпақты философиялық, экономикалық, саяси, адамгершілік, құқықтық, биологиялық тұрғыдан қарап, жан-жақты білім, тәрбие беріп, қоғамға қажетті азамат етіп шығару.

Мұғалімнің шеберлігі — өз пәнін жетік меңгерген, істің мәнін біліп, балалармен тіл табысып, оқу-тәрбие жұмысын жүргізу болып табылады.

Мұғалімнің шеберлігі үш қырынан көрінеді:

  • Ұйымдастыра білу шеберлігі;
  • Қарым – қатынас шеберлігі;
  • Ықпал ету, баланың іс — әрекетіне керегінше қуат беру немесе тежеу.

Ұйымдастыра білу шеберлігі — әр ұстаздың өзінің атқаратын іс-шарасының мақсаты болып табылады.Сол мақсатты орындау үшін ұстаз іс-шараның сценариін жазып, әр қатысушыға рөлдерін бөліп, ойнап шығуы керек.Ол үшін әр шәкірт қалай ойнау керек екенін үйретіп, ақыл кеңес беріп, тапсырманы орындауына қатыстыруы тиіс.Ұстаздың шеберлігі әр оқушыға өзіне лайықты рөл беріп, өзі де солардың ортасынан орын алып, қызмет ету.

Қарым – қатынас жасай білу шеберлігі – балалардың іс-әрекеті, қатынасы – тәрбиенің негізгі тетігі.Балалар өзара немесе ересектермен қатынас арқылы білім, тәрбие, үлгі-өнеге алады.Сондықтанда қатынас сауатты, маңызды, мазмұнды, өнегелі, үлгілі болғаны оған қарым-қатынастағы ең бастысы- оның мазмұндылығында.

Мұғалімнің қарым-қатынастық элементтері:

-қатынастың мақсаты мен мазмұны;

-шәкірттерге сүйкімді болып, олардың сеніміне кіру;

-ақ жарқын, ашық мінез танытып, ыстық суығына күйіну;

-шәкірттердің рухани байлығына атсалысу;

-шәкірттерді тыңдай білу, керек жерінде әдетті сақтай отырып, баланы

дұрыс жолға бағыттау;

-мұғалімде тіл байлығы болу керек, мәнерлеп айту, әңгімешіл, нақты

дәлелді сөйлеу;

-пікір сайыс кезінде әдетті сақтай отырып шындықтың бетін ашып, әділ

баға беру;

-мәдениетті мінез танытып, соны шәкірттің бойына сіңіру т.б.

Қарым – қатынас жасай отырып, ықпал ету шеберлігі – мұғалім өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен шұғылданады.Сонымен қатар, мұғалім баланың іс-әрекетіне саналы түрде ұстаздық әдіс-тәсілдерді, тәрбиенің түрлерін қолдана отырып, бағытты ықпал етіп, жақсы ісін қуаттап, көңілден шықпайтын әрекеттерін тежейтін кезеңдері болады.

Мұғалімнің шәкіртке ықпал етуінің үш жолы бар:дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу.

Шебер мұғалім —  әдіс – тәсілдердің көптеген түрлерін пайдалана отырып, балаға ықпал жасауға тырысуы керек.

Ұстаздық ықпал етудің әдіс – тәсілдері:

а) Ұстаздық өсиет;                        в)Ұстаздық ақыл – кеңес беру;

б) Ұстаздық үйрету;                     г)Ұстаздық өзіне тарту;

Сабақтағы оқушылардың танымдық қызметін басқарудағы шеберлік бірнеше факторларға тәуелді.Маңызды факторлардың бірі;

-оқушылар үшін пәнді қызықты ету;

— сабақтың танымдық мазмұнын жетілдіру;

— оқушылардың танымдық қабілетіне сәйкес кері байланыс жасау.

Шеберлік негізі- жеке тұлға мәдениеті, білім мен өрісті дүниетаным және осы сапалар мен кіріге ұштасқан педагогикалық техника мен озат тәжірибе.

Шебер мұғалім оқушылардың сабаққа, білім алуға қызығушылығын қалыптастыру және дамыту үшін мынадай келесі ережелерді басшылыққа алады:

1.Оқушылардың танымдық қызметін дамыту ол үшін зерделенетін пәнге, ақыл-ой еңбегі процесіне қатысты оқу әдістемелік дидактикалық материалды даярлау арқылы ұйымдастыру;

2.Оқу еңбегі кез-келген еңбек сияқты түрліше өтілсе;

3.Шебер мұғалім зерделенетін пәннің қажеттігін маңызын және мақсаттылығын өзі терең түсініп модульдік жолменен игеруге мүдделі болуы;

4.Жаңа оқу материалы бұрынғы оқылған, игерілген оқу материалдары мен байланыстары болса оқушылар үшін соғұрлым қызықты;

5.Оқу қиын болуы керек.Дегенмен шамасы келуі керек.

6.Оқушылардың әрбір жұмысы жиі тексерілсе және бағаланса жұмыс істеу қызықты;

  1. Оқу процесінде оқу материалының проблемалы мәселелері және оны шешудің жолдары шәкірттерге қатысты баяндалуы , қолданылуы пәнді игеруге ықыласты арттырады.

Осындай жұмыстарды танымдық қызметте басшылыққа алуы мұғалімнің оқу процесін басқаруын жеңілдетеді.Ең негізгісі сапалы меңгеруге жеткізеді.

Нағыз мұғалім қалаған сұраққа қалыптан тыс жауап тауып, оқушы көңілінен шығады, оның ойына қозғау салып,толғанысқа келтіре алады.Мұндай ептілік өз пәнін тереңдей білген, өз білгендерін оқушыларға жеткізе алатын мұғалімге тән қасиет.

Шеберлікке жету кезеңдері келесідей: озат мұғалімдер тәжірибесін бақылау; арнайы әдебиеттерді оқу; өз оқу істерінде оқытудың жаңа әдістерін ендіріп бару, өзіндік сарап жүргізіп отыру.

Шеберліктің және бір маңызды көрсеткіші- оқушыларды белсенділікке ынталандыра білу,олардың қабілеттерін, дербестігі мен зерделілігін көтере түсу, балаларды сабақ барысында ой толғауға үйрету.

Мұғалімнің міндеті- оқуға қажетті ұнамды көңіл шарпуларының сол оқу процесінің өзінен пайда ету.Сол үшін де ол жұмыс түрлерін ауыстырып отырады, оқушылардың белсенділігіне қозғау салады, жарқын мысалдар, деректер пайдалануымен бала қызығуларын оятады.Бір жұмыс не әдіс түрін қайталай беруден оқушы жалығады, сондықтан да жаңа тәсілдерді іздестіру мұғалімнің шартты міндеті болуы қажет.

Шебер педагог – сабақ лекция, диспут сабағы, сабақ-экскурссия, қоғамдық байқау сабақтары  және т.б. өткізуіне ерекше назар аударады.Оқушылардың ойлануын арттыру мақсатымен мүмкіндіктері мол шығармашылық пен жұмыс істейтін мұғалімдер лекциялық баяндауларда:

-диалог құрады                                                                         — 

-сұрақ қояды

-қайталау                                 

-ұқсастықтарды табу т.б.

Оқушылардың оқу процесінде ақыл-ойының белсенділігіне сәйкес білім алу заңдылықтарына қатысты семинар сабақтары себепкер болады.Шебер мұғалімдердің практикада диспут сабақтары маңызды орын алады.Шебер мұғалімнің шығармашылық сипаттағы мәні ұстаз бен оқушылардың бірлескен ақиқатты іздестіру еңбегі ол мәдени ойлаудың зертханасы.Олар оқушылардың үздік ойларын , тапқырлығын ынталандырады.Сонымен бірге олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Оқушылардың сабақта білімдерін игеру процесін дұрыс ұйымдастыру үшін шебер педагог кері байланысты ұтымды ойластырады.Кері байланысты ұйымдастырудың мәнділілігі:

-бақылау қабілетінің мәнділігінде;

-оқушылармен пікір алысудың әрбір педагогикалық қадамдарын

ойластыруда;

-ойлау амалдарының шебер байланыстыруында;

Педагогикалық еңбектің шеберлері әрқашан сабақтың  тиімділігін арттыру үшін мынадай шараларды жүзеге асыруы керек:

  1. Ұйымдастырушылық кезеңге мейлінше аз уақыт жұмсау.
  2. Жазбаша үй жұмысын сабақ үстінде тексеруге мейлінше аз уақыт бөлу.

3.Сабақ үстінде жеке оқушыдан ауызша сұрауға барынша аз уақыт жұмсау.

  1. Сабаққа оқушының жаңа материалын меңгеруіне ықпал ететіндей өзіндік тапсырмаларды көбірек ендіру.

5.Оқушының өз бетінше меңгеруге қиналатын материалдары бойынша ауызша баяндауды пайдалану.

6.Міндетті түрде оқушыны сабақ үстінде өз бетінше білім алуға қабілетін дағдыға үйрету, кітаппен және т.б. қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білуге үйрету.

7.Үй жұмысының сипатын өзгерту.Алған білімін үй тапсырмасын орындауға шығармашылықпен ізденіспен пайдаланатындай оқушыны өз бетінше ойланып, жол табуға итермелейтіндей, сабақта алған білімді практикада қолданатындай тапсырмалар беру.

8.Жаңа оқу материалын сабақ үстінде бекітуге көңіл бөлу.

9.Үйде осы есте бекіту жұмысы онан әрі жалғасын табатындай тапсырмаларды көбірек беру.

10.Үйге практикалық  мазмұндағы тапсырмаларды көбірек беру.

11.Үй тапсырмасын сол күні орындауға алғы шарттар жасау.

12.Тапсырманы түрлі бағытта беру.( ауызша немесе жазбаша)

13.Таңдауы мен бірге психологиялық талдау жасайтын тапсырмалар.

14.Топтық жұмыстар.

Шебер мұғалімдер өзінің пәнін терең білу менен бірге шәкірттерін толғандыратын, қызықтыратын мәселелерді білу керек.Атап айтқанда саясат ғылым, өнер,техника және спорт саласында.

 

2.2. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесінің мазмұны және әдістемелік ұсыныстар.

 

Көптеген ғалымдар оқыту әдістерін мазмұнына, қолданылуы мен іс-әрекет түрлеріне, мақсатына, мәніне қарай түрліше топтайды.Біз жалпы оқыту әдістерін талдап, жүйелей отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы әдістер тобын мынадай негіз бойынша топтадық:

  1. Ақпараттың берілуі мен қабылдау сипаты бойынша – дәстүрлі әдістер жүйесі ( Е.Я.Голанд, И.Т.Огородников, С.П.Петровский) : сөздік әдіс (әңгіме, әңгімелесу, дәріс т.б.) ; көрнекілік (демонстрация, көрсету т.б.); практикалық ( сарамандық жұмыс, шығарма т.б.).
  2. Оқушы мен мұғалімнің өзара әрекеті бойынша – Лернер – Скаткин топтаған әдістер жүйесі: баяндау – иллюстративті әдіс, репродуктивтік әдіс, проблемалық баяндау әдісә, ішінара – іздену немесе эвристикалық әдіс, зерттеушілік әдіс.
  3. Мұғалім іс- әрекеті компоненті бойынша – Ю.К.Бабанскийдің әдістер жүйесі, бұл оқыту әдісіне 3 үлкен топ әдістер кіреді:

а) оқу – танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру ( сөздік, көрнекілік, практиаклық, репродуктивті және проблемалық индуктивті,

өзіндік жұмыс ).

б) бақылау және өзіндік бақылау әдістері ( ауызша және жазбаша                                                                                                                                     бақылау, лабораториялық және практиаклық жұмыс бағдарламаланған  бақылау, т.б).

в) оқу танымдық  әрекеттегі  мотивация және реттеу әдісі (қызығушыылқты қалыптастыру әдісі: танымдық ойындар, өмірдегі жағдайларды талдау;  оқытуда жауапкершілік пен  міндетті қалыптастыру оқытудың қоғамдық және  жеке тұлғайлық          маңызын түсіндііру, педагогикалық шарттарды ұсыну).

  1. Оқушы мен мұғалімнің ішкі және сыртқы іс-әрекеттерінің сабақтастығы бойынша – М.И.Махмутовтың әдістер жүйесі: проблемалы дамыта отырып оқыту әдістері орта мектеп жағдайында жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыруда тиімділігі тәжірибе жүзінде анықталды.Әдісті нақты жағдайда қолдану үшін оны төмендегідей жоспар бойынша талданды: белгілері – анықтамасы – негізгі қызметі – ережесі – қолданылуы – басқа әдістерден айырмашылығы.

  Оқу үрдісіндегі әдістердің маңызын физиолог И.П.Павловтың сөзімен көрсетуге  болады, ол: ˝… жақсы әдіспен өте талантты емес адам да көп нәрсе жасайды, ал нашар әдіспен ұлы адамның өзі де текке жұмыс істейді˝,- деген болатын.Осы орайда біз педагогтың кәсіби біліктілік әлеуетінің құрылымының компоненттерін ғылыми зерттеулер негізінде көрсеттік.Педагогтың кәсіби біліктері әлеуетін анықтау педагогтың кәсіби білімдері, қабілеттері мен біліктері: белсенді ойлауы, өзінің ниеті мен жоспарын өмірде жүзеге асыру , нәтижеге жетуі ретінде белгілі болады.Педагоготың кәсіби біліктілік әлеуеті – бұл мұғалімнің біріккен әр алуан деңгейдегі әрекеті мен дайындық аспектілерін, кәсіби іс-әрекетке қатынасын білдіреді.Педагогтың кәсіби әлеуеті педагогикалық мамандыққа жүктелген міндеттерді орындаудағы еңбекте педагогикалық үрдістің мәнін жеке түсінуі мен оқу- тәрбиелеу әрекетін үйлестіру мүмкіндігі ретінде қаралады.

Сондай-ақ зерттеулер нәтижелері танымдық белсенділіктің көрсеткіштері мен өлшемдерін, даму деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді.

Оқушының оқу үрдісіндегі танымдық белсенділігінің деңгейлері

        Оқушының оқу белсенділігінің сипаты.

1.Жоғары деңгей.

( шығармашылық)

  1.Қалыптасқан белсенді танымдық ұмтылыстың болуы, құбылыстың маңыздылығына қызығушылық танытады.

  2.Обьектіні тани біледі, сипаттай алады, танымдық міндеттерді өз бетінше қояды, тапсырмаларды шешудің жолдарын болжап, өз бетінше айқындайды.

  3.Білімін шығармашылық тұрғыда қолданады, белсенді іс-әрекет дербестігі сақталынады, өз әрекеттерін бақылап, өздігінен бағалайды.

  4.Республикалық олимпиадаларға, әр түрлі білім сайыстарына қатысады; семинар сабақтарында баяндама, реферат жазады, зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады.

2.Орташа деңгей

( эвристикалық)

  1.Танымдық әрекет деңгейін өз бетінше таңдайды, білімі мен іс-әрекет тәсілдерін қолданады.

  2.Оқушылардың мотивін, мақсаттық қатынасы өзіндік жұмысқа шығармашылық компоненті ретінде қалыптасқан, бірақ өзіндік әрекетін басшылыққа алу керек.

  3.Ынталық пен бейімділіктің өзара байланысы толық емес, танымдық әрекет деңгейін таңдау үлгі бойынша немесе мұғалімнің көмегімен орындалады.

3.Төменгі деңгей

( жаңғыртушы)

  1.Танымдық тапсырмаларды өз бетінше орындай алмайды, өздігінен жұмыс істеуді қажетсінбеуі  (тақтадан, сыныптасынан көшіреді), танымдық істің қандай да бір түріне қабілетінің болмауы жатады.

  2.Оқу үрдісінде мұғалімнің көмегін қажетсінеді, тапсырманы үлгі бойынша баяу орындайды.

  3.Танып білуде белсенділік танытпайды, қиыншылықты жеңу ниеті тқмен.

 

2-кесте.   Оқушылардың танымдық белсенділігі дамуының деңгейлері.

 

Оқушыларды белсендіруде мұғалім оқушылардың қабілеттері мен қызығушылығын, сыныпта жақсы ахуал орнату, олардың ар-намысына тимеуді және жетістіктерін мақтау, тиімді әдістер арқылы, шығармашылық сабақтар ұйымдастыру , өзіндік жұмыс істеуге мүмкіндік беру т.б. қажет.

 

 4 – сурет  Оқушылардың белсенділігін ұйымдастыру.

 

 

Қабілеттері мен қызығушылығын ескеру

 

 

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, белсенділік – адамның өз бетінше әрекет етуге дайын болуға ұмтылысынан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.

Жаңа технология, дәстүрлі емес әдіс тәсілдердің маңызы жоғары,бірақ қазіргі кезеңде орта мектептерде бүгінгі күні әлі де болса өз мәнін жоймаған,  оқу үрдісінде пайдаланып жүрген, қазіргі қалыптасқан оқыту жағдайында жеке оқыту ( репетитор, тьюторлық, менторлық, отбасылық оқыту, өз бетімен білім алу, алыстан білім алу), ұжымдық сабақтар ( шығармашылық сабақтар, семинарлар, мектеп лекциясы, конференция, олимпиада, экскурсия, іскерлік ойын т.б.), жеке ұжымдық жұмыстар арқылы (шығармашылық ай, пәндік және ғылыми апталықтар, жобалар), оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға болады. (2-схема).

Танымдық белсенділікті қалыптастыруға бағытталған оқытуды ұйымдастыру формалары.

 

Олимпиада

 

Өз бетімен білім алу

 

Жобалар

 

 

       
     
   
 

 

 

Іскерлік ойындар

 

Алыстан білім алу

 

 

 

       
   

Факультатив

 

   
 

 

 

 

 

 

 

 Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған сабақтар түрлерін төртке бөліп қарастыуды ұсынамыз:

  • Танымдық
  • Коммуникативтік
  • Шығармашылық
  • Әдіснамалық

Сабақ үстінде белсенділіктері қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетейік:

-өзіндік пікірлерін дәлелдеу;

-пікірталастар мен талқылауларға қатысуы;

-өзінің жолдасына, мұғалімдерге сұрақ қоюы;

-жолдасының жауабына пікір айту;

-сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;

-үлгермеушілерге түсініксіз жерлерін түсіндіру;

-өз бетімен күрделі тапсырмаларды таңдау;

-танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету;

-өзіндік бағалауға жағдай туғызу, өзінің танымдық және практикалық

әрекетін талдау;

-танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдіс-тәсілдерді

қолдану арқылы орындау.

Оқудағы белсенділік оқып үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке түрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой-сана операциясының бағыттылығымен ( талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау т.б.), оқып жатқан материалды түсінуімен бейімделеді.

Жаңа материалдарды түсіндіруде ақпарат беруші қызметінде ғана қалмай, мұғалім баланың танымдық белсенділігін қалыптастырудағы әрекеттерінің міндеттеріне тоқталсақ:

-білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру;

-білімді шығармашылқпен қолдануға дағдыландыру және оқу

 проблемаларын шешуде шеберліктерін арттыру;

-оқу тапсырмасын орындау үрдісінде оқу операцияларын қолдануға

үйрету; 

-оқытудың ғылымилығын арттыру;

-ғылыми дүниетанымды қалыптастыру т.б.

Өзіндік жұмыс пен шығармашылық сабақтарды өткізу оқушының танымдық белсенділігін арттырудың құралы, сапалы білім берудің шарты, оқу үрдісін ұйымдастыру факторы, оқытудың жекелік бағдары болып табылады.

Ауыл мектебінің білім ошақтарының қашықтығы мен білім алу кеңістігінің шектеулігіне байланысты оларды оқытуда алыстан білім алу тиімді болып табылады.

Қазір алыстан оқыту технологиясы және Интернет желісі көмегімен жүзеге асатын алыстан білім берудің кейбір мақсаттарына тоқталсақ:

1.Оқушыны жеке оқу пәні бойынша емтиханға дайындау;

2.Оқушыны жоғары оқу орнына түсуге дайындау;

3.Мектеп бағдарламасының тарауындағы немесе мектептен тыс курстар тақырыптарын терең оқыту;

4.Әр оқу пәнінен оқушының білім,білік , дағдыларының толымсыз тұстарын толықтыру, т.б.

Алыстан білім берудің 5 түрін бөліп көрсетуге болады:

1-түрі:˝Мектеп -Интернет˝

2-түрі:˝Мектеп-Интернет-Мектеп˝

3-түрі:˝ Оқушы-Интернет-Мұғалім ˝

4-түрі: ˝Оқушы-Интернет-Орталық ˝

5-түрі: ˝ Оқушы-Интернет ˝

Алыстан оқытудың ерекшеліктеріне талдау жасай отырып, орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларының жеке білім алуына , оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыруға жағдай жасайтын алыстан оқытудың  3 түріне тоқталып өтеміз:

1-і түрі: Оқушы-Интернет-Мұғалім. Бұл сабақ электрондық пошта, чат, веб-ресурстар көмегімен өткізіледі және тақырыпты немесе құбылысты терең оқытуды, жоғары оқу орындарына түсуге дайындауды мақсат етіп қояды.Сабақ алыстан оқыту курсы, семинарлар, консультациялар түрінде өтіледі.Оқытудың бұл түрі мектептегі қосымша оқыту қызметін атқарады.

2-і түрі: Оқушы-Интернет-Орталық.

Алыстан оқытудың бұл түрі білім беруде жеке тұлға ерекшеліктеріне сай оқытуға бағытталады.Теллекомуникация технологиясының міндеті-оқушылардың жеке бағдарланушылығын күшейту, оқушыларға жалпы білім беру дайындығының деңгейін, формасын, қарқынын таңдауға мүмкіндік беру.

  Оқушылар бір мектепте оқымаса да, дистанттық орталықтан білім ала алады,жеке тұлғалық қабілеттеріне байланысты шығармашылық әлеуетін көтеруге мүмкіндік беріледі.Мұндай түрдегі алыстан білім беру жүйесін ұйымдастыру үшін аса қуатты құрал-жабдықтар, білім беру үрдісін басқаратын және оны жүзеге асыратын арнайы білім беру бағдарламалар, серверлер қажет.

Осы жағдайда білім беру алыстан оқытуды, жекелеп оқытуды және оқушының шығармашылығын қамтиды.

3-і түрі: Оқушы-Интернет.

Алыстан білім алудың бұл түрінде оқушы бір мезгілде бірнеше мұғалімдерден әр түрлі оқу пәндері бойынша білім ала алады.

Ауыл және қала мектептеріндегі жоғары сынып оқушылары арасында жүргізілген сауалнамалардың нәтижелерін талдай отырып,оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білмеуі және оқу материалдарын талдау, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білмеуі байқалады.Алынған мәліметтерді талдай отырып, оқушылардың танымдық білігі өзіндік білім алуы төмен дәрежеде екенін көрдік.

  Ауыл мектептерінің оқушылары компьютерді пайдалана білгенімен Интернетпен жұмыс жасап көрмегені белгілі болды.Қазір ХХІ ғасыр заманында ғылыми-техникалық прогрестің озық тәжірибелерін оқу үрдісінде қолданылады десек те,ауыл мектептері жағдайында бұл жүзеге аспай отыр.Интернет дүнижүзілік компьютерлік жүйемен өзара байланыста болып, кез-келген тақырыпта ақпаратпен қамтамасыз ете алады.Мұның энциклопедиядан ерекшелігі, мұнда ақпараттар легі толықтырылып және жаңарып отырады.Интернет арқылы оқушы аз уақыт ішінде көп ақпарат жинайды, игереді.Сондай-ақ , олар жаңа технологиямен жұмыста пайдалы тәжірибе жинақтайды.

Орта мектептерде дәстүрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында , өзіндік жұмыс ұйымдастырылады.

  Оқушылардың өзіндік жұмыстарында мынадай тәсілдерді кең қолдана отырып , танымдық белсенділігін арттыру тиімді болады:

-оқу материалындағы ортақ заңдылықтарды таба білу;

-тапсырмаларды жүйелі беру;

-өзін-өзі бақылай және өз жұмысын тексере білу;

-қосымша ақпараттар жинау;

-теориялық материалдарды практиакда қолдана алу т.б.

Орта мектептерде жоғары сынып оқушыларымен жүргізілген зерттеулеріміздің қорытындысы мынадай болды: оқуға қызығушылығы төмен — 56% ( 10 сынып); өз ойын, пікірін дәлелдеу білігі қалыптаспаған 43% (11 сынып); өз білімін іс жүзінде қолдана алмайды- 40% (10 сынып), негізгіні бөліп көрсете алмайды- 30% (11 сынып), қарапайым жалпылауды білмейді — 51% (10 сынып), күрделі емес тақырыпты, жағдайды өз бетінше талдай білмейді — 55% (10 сынып).

 

 

Эксперимент барысында 11 сынып оқушыларының арасында сауалнама, пікір алысу ұйымдастырылды.

Жауап бергендердің 12,2% танымдық деңгейін дамытатын болса, 57,3% «жоқ», 30,5%- » кейде» деген жауап қайтарды.

Егер жеке тұлғаның өз тарапынан танымдық белсенділікті қалыптастыру әрекеттеріне бақылау жасамаса, ізденіс нәтижесі бағаланбаса, жетістіктерге жетуге болады деп айту қиын.Өзгелердің тарапынан болатын бақылаудан гөрі, оқушы өз білім деңгейіне , біліктері мен дағдыларын сын көзбен қарап, бақылау жасауы, оның білімді сапалы меңгеруіне, жұмыстың нәтижесін көруде барынша көмектесетінін тәжірибе көрсетіп отыр.

Ауыл мектептеріндегі оқушылардың өзіндік жұмыс істеу белсенділігі.

         Сауалнама жауаптары.      

Оқушылардың жауаптары

Бақылау сыныптары

Эксперимент сыныптары

10 (65)

11(70)

10 (65)

11 (70)

1. Өз бетінше білім аламын және белсенді әдістерін білемін

 

 25%

 

28%

 

61%

 

67%

2.Өзіндік жұмыс кезінде оқу әдебиеттерін пайдаланамын

 

 21%

 

27%

 

60%

 

67%

3.Ғылыми әдебиеттерді пайдаланамын

  5%

 

7%

12%

15%

4. Мерзімді баспасөзбен жұмыс жасаймын

 30%

 

32%

45%

55%

5. Интернетті пайдаланамын

   —

   —

   —

   —

 

Көптеген оқушылар өзіндік жұмысқа мән бермейді.38%-і өзіндік жұмысты мүлдем жоспарламайды, 32%-і жоспар құрғанымен оны орындамай тастайды, 14%-і әр күнге жоспарлайды, 10%-і бір аптаға, 6%-і бір айға жоспарлайды.

 Эксперимент барысындағы зерттеулеріміздің нәтижесін талдай келе мынадай қорытынды жасадық : орта мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесін қайта қарау, танымдық белсенділікті қалыптастыруда оқыту үрдісіндегі әдіс-тәсілдерді арнайы ұйымдастыру- оқу үрдісін жетілдірудің негізгі басты шарты деген тұжырым жасадық.

Жоғарыда келтірілген педагогикалық әдіс-тәсілдерді ұйымдастыру және педагогикалық іс-шаралар ( сынып сағаттары, сайыстар, диспут, шығармалар, танымдық тапсырмалар) ұйымдастырылуы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, дүниетанымын кеңейтеді, білім мен қабілетін шыңдауға мүмкіндік алады, алған білімдерін практикада еркін пайдалануға , т.б. дағдыланады.

Жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесі бойынша жүргізілген педагогикалық оқу – танымдық әрекеттер мен

Шараларды ұйымдастыру әрекеттеріне жүргізілген эксперименттің нәтижелерін сараптап бағалау, қорытындылау негізінде төмендегідей көрсеткіштер анықталынды.

     Оқушылардың танымдық белсенділігінің қалыптасу деңгейлері. 

   Деңгейі    

Эксперименттік сыныптар

Бақылау сыныбы

 Төмен

                  33,7%  

         45,6%

 Орташа

                  45,3%

          50,5%

 Жоғары

                  21%

          12,9%  

 

Зерттеудің соңғы кезеңдеріндегі алынған нәтижелерді талдау барысында эксперименттен кейінгі көрсеткіштер мен экспериментке дейінгі көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде эксперимент жұмысы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға тиімді ықпал етті деп тұжырымдауымызға мүмкіндік береді.

Эксперимент жұмыстарын қорытындылай келе, танымдық белсенділікті қалыптастыру мәселесі кешенді сипатта, сатылы түрде дамып отыру қажет, әрбір оқушының танымдық әрекеті мен шығармашылығы, белсенділігі, ізденімпаздығы қоғамдағы ғылыми-техникалық және әлеуметтік экономикалық үрдістерді қалыптастырып дамуының факторы болып табылатынын баса айтқымыз келеді.

 

 

 

                    Бастапқы                        Аралық                         Эксперимент

                        көрсеткіш                    көрсеткіш                            нәтижесі

7 – сурет Оқушылардың танымдық белсенділігінің қалыптасу деңгейлерінің өзгеруі
Қорытынды
.

Сонымен зерттеу барысында дайындалған теориялық қағидалар мен жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру моделі негізінде және тәжірибе эксперимент жұмысы нәтижесінде алынған мәліметтер зерттеудің ғылыми болжамын дәлелдей түседі және мынадай тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:

  1. Қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылым, білім салаларындағы өзгерістерге байланысты орта мектептердегі оқушыларға білім беру сапасына қайта қарап, жақсартуды талап етеді.
  2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады.
  3. Танымдық әрекеттегі белсенділік компаненттерін бір арнаға біріктірген тиімді болады: мотивациялық, еріктік, мазмұнды-операциялық, бағалау- нәтижелік .
  4. Тәжірибелік – экперименттік жұмыстарда зерттеліп дәлелденген жоғары сынып оқушыларының танымдық-белсенділігін қалыптастыру көрсеткіштерімен өлшемдерін , деңгейлерін жалпы білім беретін орта мектептерде оқу үрдісін жетілдіруді ұйымдастыруда қолдану тиімді.
  5. Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық-белсенділігін қалыптастыру жеке тұлғаның өзіндік ақыл-ой дербестігін, шығармашылық әлеуетін көтереді.
  6. Оқушылардың танымдық-белсенділігін қалыптастыратын педагогикалық шарттар жиынтығы мен тиімді әдіс-тәсілдерді, оқытудың түрлі формаларын қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеріп, танымдық ой- өрісін арттыруға болатынын эксперимент жұмыстарының қорытындыларынан көруге болады.

Дипломдық жұмысымызда оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың маңыздылығын зерттей келе мынадый ұсыныстар туындады:

— Мектептегі жоғары сынып оқушыларына конференциялар, дебаттар, дөңгелек столдар, іс-шаралар жыл сайын жүргізіліп отырылуы керек.

— Өзіндік жұмысқа бейімдеудің дидактикалық жүйесін тиімді жүзеге асыратын оқытудың жаңа технологияларын жасап іске ендіру.

—  Оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік жұмыстарын дамыту барысында кешенді мақсатты бағдарлама жасау.

— Аттестация,  педұжымды  моральдық – материалдық  жағынан ынталандыру жұмысын жүйелі жолға қою.

—  Оқушының қабілеті мен білімін көтеру мақсатында оқу жоспарларын жасау.

—  Оқу  үрдісінде  ауқымды  түрде  педтехнологияларды    қолдану, компьютер арқылы ақпараттандыру.

—   Қосымша танымдық сабақтарды көбейту.

Қоғамның әлеуметтік дамуына сай , келешекте білім берудің жаңа технологиясына сай жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың әдіснамалық, ғылыми-теориялық жақтары жете зерттеуді қажет етеді.Сонымен қатар оны болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда жеке проблема ретінде арнайы зерттеуге болады.