АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: ЖШС «Амиран» шаруашылығындағы сауын қондырғыларын санитариялық өңдеу шараларының тиімділігін бағалау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті»

Коммерсиялық емес акционерлік қоғамы

 

 

 

 

 

Сәрсен Е.С.

 

 

 

ЖШС «Амиран» шаруашылығындағы сауын қондырғыларын санитариялық өңдеу шараларының тиімділігін бағалау

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Мамандығы 5В120200 – «Ветеринарлық санитария»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

КОММЕРСИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

 

«Ветеринария» факультеті

 

«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)

 

Тақырыбы: ЖШС «Амиран» шаруашылығындағы сауын қондырғыларын санитариялық өңдеу шараларының тиімділігін бағалау

 

                                                                       Беттер саны                              

                                                                       Cызбалар мен көрнекті

                                                                       материалдар саны                    

                                                                       Қосымшалар                               —

 

 

 

Орындаған: күндізгі оқу бөлімі 5В120200 – «Ветеринарлық санитария» мамандығының 513 – топ студенті Сәрсен Ержан Серікұлы

 

                   2018 жылы « 23 » мамырда қорғауға жіберілді

 

 

Кафедра меңгерушісі, PhD                                                    Алиханов Қ.Д.

 

Жетекші, в.ғ.к., аға оқытушы                                                 Қоспақов Ж.

 

Норма бақылаушы,

в.ғ.к., қауым. профессор                                                         Ибажанова Ә.С.

 

Сарапшы, «Қайрат-Бота»

ШҚ, бас малдәрігері                                                               Несипбаев Н.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы — 2018 ж.

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

КОММЕРСИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

 

«Ветеринария»  факультеті

 

мамандығы 5В120200 – Ветеринарлық санитария

 

Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы

 

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

 

ТАПСЫРМАСЫ

 

 

Студент  Сәрсен Ержан Серікұлы

 

 

Жұмыс (жоба) тақырыбы: ЖШС «Амиран» шаруашылығындағы сауын қондырғыларын санитариялық өңдеу шараларының тиімділігін бағалау

 

Университет бойынша 2017ж. «14» қараша №550-К бұйрығымен бекітілген

 

Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі  2018 ж. « 23 » мамыр

 

Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері

«Амиран» ЖШС  шаруашылығындағы ветеринариялық — гигиеналық және санитариялық талаптардың сақталу деңгейі. ««Амиран» ЖШС  шаруашылығындағы мал қора нысандарында жүргізілетін дезинфекциялық шаралардың әдіс — тәсілдері. Шаруашылық маңындағы аймақтардың індетке қарсы сақтану шаралары. «Амиран» ЖШС  шаруашылығындағы дезинфекциялық шаралардың жүргізілу дейгейі. «Амиран» ЖШС  шаруашылығындағы жүргізілетін дезинфекциялық шараларда қолданылатын препараттарға салыстырмалы баға беру.

Дипломдық жұмыста (жобада) қарастырылатын сұрақтардың тізімі

  1. Шаруашылықтағы микроклимат параметрлері көрсеткіштерін зерттеу.
  2. Шаруашылықтағы нысандарды ылғалды тәсілмен дезинфекциялық препараттардың тиімділігін бағалау.
  3. Сауын қондырғыларын санитариялық өңдеу нәтижелерін салыстырмалы бағалау.
  4. «Амиран» ЖШС шаруашылығындағы профилактикалық дезинфекция шараларының экономикалық тиімділікті анықтау.

 

 

 

 

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

1 Санитарно-гигиенический режим в свинарниках для опороса. Мат. Всерос. н/пр. конф. «Гигиена содержания и кормления животных основа сохранения их здоровья и получения экологически чистой продукции», 21-23 сентября 2000 г., г. Орел, с. 180-182.

  1. Правила проведения дезинфекции и дезинвазии объектов государственного ветеринарного надзора, утверждены 15.07.02 г за № 13-5-02/0522 департаментом ветеринарии Минсельхоза России.
  2. БуткоМ.П., Власова Н.П., Цариков И.Н.,Пухлякова Г.Л. Ускоренная индикация сальмонелл на объектах внешней среды. Сб. н/тр. ВНИИВСГЭ «Проблемы вет.санитарии, гигиены и экологии». М., 2001, т. 111, с. 52-69.
  3. 4. Воздух. Контроль загрязнений по международным стандартам. Третье издание. М., Протектор, 2002, 432 с.

 

 

 

Жұмыстың (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

 

Тарау

Кеңесші

Мерзімі

Қолы

Кіріспе

Қоспақов Ж.

10.03.2018

 

Негізгі бөлім

Мырзабеков Ж.Б.

25.04.2018

 

Қорытынды

Барахов Б.Б.

10.05.2018

 

Экономикалық тиімділікті есептеу

 

 

 

Еңбекті қорғау және экология мәселелері

Сансызбаев К.К.

 

 

 

 

Кафедра меңгерушісі, PhD    __________________      Алиханов Қ.Д.

 

Жұмыс жетекшісі,

аға оқытушы                          ___________________     Қоспақов Ж.

 

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент            ___________________     Сәрсен Е.С.

 

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

КЕСТЕСІ

 

Рет саны

Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі

Жетекшіге ұсыну мерзімі

 

Ескертулер

1

Кіріспе

10.03.2018

орындалды

2

Дезинфекциялық шараларда қолданылатын препараттар

27.03.2018

орындалды

3

Жұмыстың мақсаты мен міндеті

05.04.2018

орындалды

4

Материалдар мен әдістер

18.04.2018

орындалды

5

Өзіндік зерттеулер

03.05.2018

орындалды

6

Қорытынды

10.05.2018

орындалды

7

Тәжірибелік ұсыныс

15.05.2018

орындалды

 

 

Кафедра меңгерушісі, PhD    __________________      Алиханов Қ.Д.

 

Жұмыс жетекшісі,

аға оқытушы                          ___________________     Қоспақов Ж.

 

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент            ___________________     Сәрсен Е.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

 

 

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

1

КІРІСПЕ

10

1.1

Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы

10

1.2

Зерттеу базасы, объектісі және мақсат, міндеттері

11

2

ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

12

2.1

Ірі қара шаруашылығының еліміздегі маңызы

12

2.2

Қазақстандағы ауыл шаруашылық құрылымдарының даму бағыттары

13

2.3

Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін  арттырудың  негіздері

15

2.4

Дезинфекциялық шараларда қолданылатын препараттар

20

3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

24

3.1

Зерттеу материалдары мен әдістері

24

3.2

Шаруашылыққа сипаттама

26

3.3

Зерттеу нәтижелері

27

3.3.1

Шаруашылықтағы микроклимат параметрлері көрсеткіштерін зерттеу

27

3.3.2

Шаруашылықтағы нысандарды ылғалды тәсілмен дезинфекциялық препараттардың тиімділігін бағалау

29

3.3.3

Сауын қондырғыларын санитариялық өңдеу нәтижелерін салыстырмалы бағалау

32

3.3.4

«Амиран» ЖШС шаруашылығындағы профилактикалық дезинфекция шараларының экономикалық тиімділікті анықтау

34

4

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

35

5

ҚОРЫТЫНДЫЛАР

37

6

ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

38

7

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

39

8

ҚОСЫМШАЛАР

42

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының 27.07.2007 жылғы №389-1 «Білім туралы» заңына ҚР МЖМБС 3.08.448 – 2006 жоғары кәсіптік білім; 5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған стандарт және ҚазҰАУ бекіткен (27.ІIΙ.2012 ж ) «Дипломдық жұмысын орындау ережелерінің» талаптары ескерілді.

        Дипломдық жұмыста қолданылған нормативтік сілтемелер:

МЕМСТ 202002-74Е Белгіленген пипеткалар      

МЕМСТ 29169-9 Зертханалық шыны пипетка

МЕМСТ 1770-7 Өлшеуіш ыдыстар: цилиндр, мензурка

МЕМСТ 18300-87 Техникалық этил спирті

МЕМСТ 12-4-013-75 Көзді қорғайтын герметикалық көзәйнек

МЕМСТ 6011-69 Денені қорғайтын заттар – комбинизон

МЕМСТ 5375-70 Резеңке етіктер

МЕМСТ 20020 Резеңке қолғаптар

МЕМСТ 24104-88 Зертханалық таразы

ТШ 64-1-3667-82 Автоклав

 

 

 

 

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ГИГИЕНА – малдың жоғары өнімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұстау, азықтандыру, күтудің рациональды әдістерін өолдана отырып жануарлардың денсаулығын сақтау және нығайту туралы ғылым.

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ САНИТАРИЯ – жануарлар гигиенасының талаптарын орындауға арналған практикалық шаралар жиынтығы.

ДЕЗИНФЕКЦИЯ – қоршаған ортадағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою.

КОМПОЗИЦИЯ — бірнеше химиялық компоненттерден құралған комплексті қосындылар.

ИНДИКАТОР қағазы – химиялық талдаударда ерітінділердің қышқылдық-негіздік қасиеттерін тез арада анықтау үшін қолданылады.

КОНЦЕНТРАЦИЯ – ерітінді құармындағы белсенді зат мөлшері.

 

 

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

МЕМСТ — мемлекеттік стандарт

ЕПА – ет  пептон агары

КТБ – колония түзуші бірлік

м2 – шаршы метр

см2 – шаршы сантиметр

м – метр.

м3 – метр куб

г – грамм

тг – теңге.

% — пайыз.

л – литр.

мл – миллилитр.

0С – цельсий градус.

Вт – Ватт.

В – Вольт.

мм – милиметр.

мин — минут

 

1 КІРІСПЕ

1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Iрі қара шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған.

Сапалы жем-азық базасы, қазіргі заманғы озық технологиялар шошқа шаруашылығын дамытуға, мал басын көбейтіп, мол өнім алуға мүмкіндік беретін алғышарттар дейді жергілікті ғалымдар.

Біздің өңірде шошқа шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол дейді мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымы Виктор Сиволап. Бірінші кезекте аграрлық өңір болғандықтан мол астық өсіру шошқа басын көбейтуге жағдай туғызады. Десек те, соңғы жылдары аталған саланың мейлінше кенжелеп қалғаны рас. Бүгінде облыста 280 мың шошқа өсіріледі. Бұл тоқсаныншы жылдардағы деңгейдің 60 пайызы.

Ғалымдардың пікірінше, шаруашылықтарда ресурс үнемдеу технологияларын пайдалануға аз көңіл бөлінеді. Бұл өз кезегінде үздік әлем стандарттарына сай ет өндіруге мүмкіндік береді. Әдетте технологиялар үлкен шығынды қажет етеді. Дегенмен, осы күні олар шошқа өсіруде мүлде қолданылмайды деп айтуға болмас.

Мал шаруашылығының бұл саласын қалпына келтіру үшін қомақты қаражат пен уақыт керек. Институт ғалымдары алға қойып отырған мақсат-міндеттердің орындаларына үмітті [1, 2, 3].

Ел экономикасының қуаттылығы оның қазба байлықтары мен минералдық ресурстар базасының көлеміне емес, алысты аңғаратын экономикалық реформалар стратегиясының бәсекелестікке қабілетті жоғарғы технологиялық тауар мен сапалы қызмет жасауға жағдай туғызуға негізделген жөн. 

Елбасы Н.Ә. Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай деген еді»… жүргізіліп отырған саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға көшу тәжірибесіндегі нақтылы қызметте тиімділігінің төмен болуы обьективті түрдегі кедергі факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден болды». Сондықтан аграрлық өнеркәсіптік саладағы экономикалық ахуал үнемі жан-жақты талдауды қажет етеді.

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына дейін және одан кейін қабылданған бәсекелестікке қабілетті тауар шығарып, қызмет көрсетуге бағытталған теориялық алғышарттарды экономикалық нақты көрсеткіштерге ұластыру қажет және ол бүгінгі күннің көкейтесті талаптарының бірі. Ол үшін, экономистердің пайымдауынша, әр ел әлемдік шаруашылықта өз тауарымен және қызметімен өз орнын табуы тиіс. Десе де, белгілі бір ел ішкі азық-түлік және киім-кешек сұранысын мейлінше өзі қамтамассыз еткен жағдайда ғана ұлттық экономика бәсекелестікке қабілетті болмақ және ол тұрақты экономикалық даму кепілі [16, 17].

Аграрлық секторда ғылымға жеткілікті дәрежеде негізделмей жүргізілген реформалар ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің құлдырауына алып келді, әсіресе мал шаруашылығы көбірек жапа шекті. Ауыл шаруашылығы саласының құрылымы, әсіресе ондағы өсімдік пен мал шаруашылығы қатынастары мүлдем өзгерді. Мәселен, 2002 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінде (1994 ж. бағамен) өсімдік шаруашылығы үлесіне 80% және мал шаруашылығы үлесіне небәрі 20% ғана тиесілі (1990 жылы 39% жэне 61% болған) болды. Мысалы, 1 шартты мал басына есептелген шартты саны азайып кеткен 1990 жылы 16,6 млн. бас болса, 2003 жылы 7,5 млн. басқа дейін немесе 55%-ға кеміген), ал мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі 77 %-ға азайған. Бұл жағдайда шаруашылық категориялары бойынша мал шаруашылығы саласында қайта бөлістіру өзгерді: ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлесі біраз азайып, ондағы мал басы саны және мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі де кеміген.

 

 

1.2 Зерттеу базасы, объектісі және мақсат, міндеттері

Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама

Шаруашылықта пайдаланылған дезинфекциялық заттардың ғимараттар мен сауын қондырғыларын санитариялық өңдеуде қауіп келтірмейтін етіп жасауға мүмкіндік туғызады. Дезинфекциялық заттардың қолдану нормасы  және олардың ауадағы агрегаттық күйі объектті өңдеу тәсіліне тікелей байланысты мәліметтер нәтижелері келтірілген.

Дипломдық жұмысты орындау мерзімі және базасы

Дипломдық жұмыс 43 компьютерлік бетте терілген: кіріспе, ғылыми әдебиеттерге шолу, өзіндік зерттеулер, қорытынды, тәжірибелік ұсыныс, еңбек қорғау және қосымша материалдар бөлімдерінен тұрады, 6 — кесте, 8 – суретпен көркемделген.

Жұмыстың өндірістік зерттеулер бөлімі, Алматы облысы, Талғар ауданында орналасқан «Амиран» ЖШС шаруа қожалығында өтті.

Зерттеулердің мақсаты мен міндеттері

Зерттеу жұмысының мақсаты: «Амиран» ЖШС шаруашылығындағы мал қоралары мен сауын қондырғыларының санитариялық өңдеуге бағытталған профилактикалық дезинфекция шараларын жақсарту жолдарын зерттеу

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Шаруашылықтағы микроклимат параметрлері көрсеткіштерін зерттеу.
  2. Шаруашылықтағы нысандарды ылғалды тәсілмен дезинфекциялық препараттардың тиімділігін бағалау.
  3. Сауын қондырғыларын санитариялық өңдеу нәтижелерін салыстырмалы бағалау.
  4. «Амиран» ЖШС шаруашылығындағы профилактикалық дезинфекция шараларының экономикалық тиімділікті анықтау.

2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

2.1 Ірі қара шаруашылығының еліміздегі маңызы

Жалпы өнім көлемі бойынша ірі қара өсіру саласы елімізде үшінші орында.

Қазақстан Республикасында нарықтық экономика қалыптасқан жағдайда еліміздің егемендігін қамтамасыз етудің басты мәселелерінің бірі — жеткілікті азық -түлік қорын құру болып табылады. Осы аса маңызды бағытқа негізгі күш-жігерді шоғырландыру қазіргі кезеңнің бірінші дәрежелі міндеті болып саналады.

Республикада азық — түлік проблемасын шешуде ірі қара шаруашылығының алатын орны ерекше. Бұл еліміздің ет қорын жедел түрде толықтыруға мүмкіндік беретін мал шаруашылығының айрықша саласы.

Қазіргі кезеңде Қазақстанда өндірілетін барлық еттің 13 пайызы шошқа етінің үлесіне тиеді, ал Тәуелсіз Мемлекеттер Достығында (ТМД) — 50 пайызға дейін жетеді. 

Берілетін асықты алдын-ала өңдеуден откізіп, ірі тамыр жемістілерді, дәнді азықтарды, күнжараны ұнтақ-тап, картопты буландырып, пісіреді. Ірі азықты булап немесе «ұнтақтап, ашытқылаған жөп. Көк азықтың өзін турап, араластырып берген дурыс.

Шаруашылықтағы азық қорына байлаиысты шошқаларды жемді, жемді -картопты, жемді-тамыржемісті азықпен қоректендіреді. Жемді типтес рацяондар құрамында қыста 75-80, жазда 85-90 (қоректілігі бойынша) процент жем болады. Рационының 20-30 проценті тамыртүйнек жемістілер, көк азық, құрама сурлем, шөп ұиы, қурғақ қызылша жомы секілді азықтар болғандық-тан шошқаны қоректендіру арзанға түседі.

Жақсы күйлеп дұрыс ұрықтануы үшін ұрықтандыруға 10-14 күн қалғанда азықтандыру деңгейін 25-30 процентке ұлғайтып, сақа мегежіндердің әр 100 кг тірілей салмағына 1,5-1,8 кг, екі жасқа дейінгілеріне 1,8-2,4 кг құрғақ зат келетіндей етіп азықтандырады. Жануар  тектес азықтар жеткілікті болса рацион қоректілігінің 3-5 процентіндей) көк сүт, сары су, ет, сүйек немесе балық ұнын, т.б.) енгізеді [9, 10, 11, 12].

Қыстық рациондарда 180-200 кг салмақтағы 10 торай емізетін мегежіндерге 3,0-3,5 кг дән ұнтақтары) бұршақ, күнбағыс шроты, кебек т.б.) 1 к көк сүт, 0,2 кг балық ұны, 0,7 кг шөп ұны, 5 кг буландырылған картоп, 60 г прецититат, 30 г ас тұзы. 60 г  премис қосындысын берсе, жазда шөп ұны мен  тамыртүйнек жемістілерді 6-7 кг көк азықпен  ауыстырады. Туатын уақыты жақындағанда олардың азықтандыру деңгейін 50 процентке азайтып, туатын күні жылы  суға араластырған 0,5-0,6 кг жеңіл қорытылатын жемдер (сұлы, арпа, кебек т.б.) ұнтағын ішкізіп, толық нормамен азықтандыруға біртіндеп 56 күнде көшеді. Торайларын емізуді тоқтатқанда 2-3 күн бойы сүттілігін азайту үшін азық беруді  шектейді [13, 14].

Демек, жыл сайын құрамында 24, 54 және 108 мың бас болатын кешен үшін мал басын толықтыратын жас төлдерді өндіру, дайындау туралы мәселені дұрыс зоотехникалық тұрғыдан шешу үшін кешеннің құрамында асылтұқымдық ферма болуы қажет. Ол негізгі құрылыстан 1,5-2 жыл бұрын салына бастауы тиіс, сонда алғашқы кешендерге әкелінетін жас төлдерге деген мұқтаждық кемиді [15].

Мал дәрігерлік тұрғыдан алғанда да, кешендік асылтұқымдық ферма болғаны жөн. Тек асылтұқымдық ферма арқылы ғана басқа шошқалар басын әкелуді шектеуге болады, ал мұның өзі өсіріліп — өндірілетін табынды инфекциялық, аурудың таралуынан сақтайды. Ол бұл тұрғыдан алғанда, мал дәрігеріне — санитарлык тосқауыл болып табылады. Асылтұқымық, ферманың негізгі атқаратын қызметі — белгілі қолтұқымды немесе линиялық, текті, мал басын толықтыратын жас төлдермен қамтамасыз ету, мүнда жас төлдер қыскы серуенге шығарылып, жазда лагерлік күтімде өсірілуі тиіс.

Кешендегі табынының өндірстік құрылымы аналықтардың екі тобынан — асылтұқымдық және пайдаланылатын топтан құралады, айналымы аяқталған өндірісі бар шаруашылықтарда — үшінші бордақылау тобы болады.

 

 

2.2 Қазақстандағы ауыл шаруашылық  құрылымдарының  даму бағыттары

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары негізінен астық өндірісіне мамандандырылған. Бұған қалыптасқан егістік алқаптарының құрылымы да ықпал етеді, басқаша айтқанда азық дақылдарына арналған аумақтар мал шаруашылығы саласының дамуына сәйкес емес, олар бар болғаны орташа есеппен 550-600 шартты  басты қамтамасыз ете алады. Мұндай фактор, шағын көлемдегі жер аумағы ретінде, ауыл шаруашылығы         кәсіпорындарындағы  шоғырландыру деңгейінің өте төмен екендігін анықтап отыр: 1 кәсіпорынға  орташа МІҚ 300 басқа дейін және қой мен ешкі 1500 басқа дейін. Осы жағдайда оның жартысынан астамы 30-35 бас МІҚ және 100-250 қой мен ешкі келеді [18, 19, 20].

Жалпы өнімдер көлемдері бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының негізгі бөлігі шағын көлемді өндіріспен сипатталады: орташа республика бойынша бұл көрсеткіш 1 шаруашылыққа 34 млн. теңгені құрайды.

Шаруа қожалықтары бойынша жыртылған жер аумағы негізгі массада орташа 10 га келеді, сонымен қатар мал шаруашылығы да өте ұсақ көлемде көрініс тапқан: МІҚ 20 басқа дейін және 110-ға дейін қой мен ешкі. Бұл жағдайда мал шаруашылығымен 10% ғана шаруашылық айналысады. Қалыптасқан ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ұсақ көлемді болып келуі жер көлемі бойынша да және мал басы бойынша да үздіксіз технологиялық процесті қалыпты жағдайда қамтамасыз ете алмайды, ол ақырында өңдіріс тиімділігінің төмендеуіне келіп жеткізеді. Бәсекеге қабілетті және экономикалық жағынан пайдалы шаруашылықты құру ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының көлеміне айрықша талаптар қояды., оның өзі сол жергілікті аграрлық сектордың дамуына сәйкес болып келуі жөн.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары көлемдерінде, жер аумағы бойынша үлкен айырмашылықтар байқалады, бір облыс ішіндегі өлкелерде ұтымды өндіріс ұйымдастыру барлық уақытта да дәлелденген болып саналмайды. Көп кездесе бермейтін ірі кәсіпорындармен қатар, онша көп болмаса да, өте шағын көлемдегілер де жиі кездеседі. Шағын кәсіпорындарға қарағанда ірі шаруашылықтардың басымдығы байқалады онда барлық өндіріс факторлары тиімді сәйкестік тапқан және көп пайдаланылады, және соның негізінде жақсы қорытындыларға жетуге мүмкіндік мол [21, 22].

Орташа және ірі тауарлы өндірістік қуаттары мен инфрақұрылымдары дамыған кәсіпорында қызмет етіп жатыр, ауыл шаруашылық өндірістік технологиясы жер көлемдері орташа және ірі және материалдық техникалық базалары ұтымды пайдалануға мүмкіндігі бар мал шаруашылығы объектілеріне ыңғайланған. Атап өтетін нәрсе, жақын болашақта орташа және ірі тауарлы өндірісі бар табиғи-экономикалық жағдайларға сәйкестілер тұрақты дами алады деуге болады.

Орташа және ірі шаруашылықтардың басымдылықтары, жоғары деңгейлі мамандандыру, өндірісті шоғырландыру, рынок бойынша интеграциялау мүмкіндіктері сияқты факторлармен анықталды. Ірі және орташа кәсіпорын, әсіресе өсімдік шаруашылығы салаларында, шағынмен салыстырғанда басымдықты иеленеді. Оларда күрделі қаржыны тиімді пайдалануға мүмкіндік бар, олар ғылыми — техникалық прогресске барынша икемді. Астық өндіруші кәсіпорын, егер жыртылған жері 15-18 мың га шамасында иеленген жағдайда өте жоғары пайдалылық деңгейін көрсетеді.

Шаруашылық қызметінен алынатын таза табыстың негізгі массасын шағын кәсіпорындар тобы алады, мәселен ірінің үлесіне барлық кәсіпорынның 15,4 % құрайды, барлық ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан алынған таза кірістің 72 %-не келеді.

Интенсификациялау деңгейінің көтерілу жағдайында ауыл шаруашылық кәсіпорындарының көлемі, өндіріс күштерінің өсуі өзгермейтіндей болып қалмайды. Олар өздерінің өндіріс күштерінің әрбір нақты деңгейі шаруашылықтың интенсифтілік деңгейі және оны мамандандыру жағдайы үшін өздерінің оңтайлы шекараларын иеленеді.

Әртүрлі ауыл шаруашылық салалары үшін, өндірістің түрлі экономикалық жағдайларының қызмет етуі жағдайында оңтайлы көлемдер шамалары бірдей емес. Сондықтан ауыл шаруашылық кәсіпорындарының көлемдері жалпылама емес, белгілі бір мамандандырылған өндіріске ыңғайластырылады. Мамандандыру өндірісті интенсификациялаумен тығыз байланысты, оның өзі бір тектес өнімдер өндірісінің оңтайлы шоғырлануын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның оңтайлы көлемдері белгілі бір шаруашылықтың мамандандырылуы және интенсифтілік жағдайында еңбек ресурстары саны бар болса, барлық негізгі өндіріс факторларын пайдалану жэне ең бір тиімді сәйкестікті қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының оңтайлы көлемдерінің критериі — бұл барлығынан бұрын жоғарғы өндірістің нәтижелері, жоғарғы еңбек өнімділігі және өндірістің рентабельдігін қамтамасыз етеді [23, 24, 25].

Жұмыс күшіне жоғары ақы төленген жағдайда өндіріс үдерісін техникалық   жарақтандыру  шаруашылықты  оңтайлы  жүргізуге ынталандырып, төмен  болған  жағдайда  өндіріс  үдерісінің еңбек сыйымдылығын уақытша тоқтатып қоюға ықпал ететіндіктен, өндірістік ресурстар бағасы тауар өндірушілерді арзан ресурстарды өндірістік үдеріске кеңінен қолдануға, ал қымбат ресурстарды үнемдеуге итермелейді. Бұл жағдайда тауардың бағасы қоғамда өндірістік ресурстарды бөлуге қалай әсер еткенін еске алады. Яғни бағаның калыптасуының нарықтық тетігі келешекте өндіріс тиімділігін арттырудың негізі болып табылмақ. Нарықтық бағаның қалыптасуы тетік көмегі арқылы өте тиімді шаруашылық шешімдерін жүзеге асыруға кең жол ашпақ.

Болашақтағы ең бір маңызды мәселелердің бірі құрылымдық өзгерістер жасау болып табылады, яғни мал шаруашылығын қалпына келтіріп және оны одан әрі дамыту, ол азық-түлікпен қамтамасыздық талаптарымен анықталады, жэне ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесіндегі мал шаруашылығының өз ролін қамтамасыз ету, сонымен қатар етті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы жылқы шаруашылығын қайта дамытуды қарастырады [26].

 

 

2.3 Ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  экономикалық  тиімділігін  арттырудың  негіздері

Өндіріс тиімділігі — экономикалық категория. Ол — өндіргіш күштер мен өндірістік қарым — қатынастың кең көлемді кешенді шарттарының қалыптасуы. Соның нәтижесінде кеңейтілген ұдайы өндірістік үдеріс қамтамасыз етіледі.

Тиімділіктің басты мәселесі — нарықтық экономика жағдайында тауар өндірушілердің мүддесі үшін тұтыну кұнын өндіру кезінде ресурстарды мейлінше үнемдеу. Осы жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің тәуекелділігіне  мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық, құқыктық нормативті актілермен анықталып, өндіріс табыстылығының есебінде жүргізіледі.

Тиімділік — ұлғаймалы ұдайы өндірісті ұтымды жүргізудің алғы шарты. Ресурстарды таңдау кезінде баламалы нұсқаларды анықтау үшін пайдаланылатын сапалы бағалау көрсеткіші болумен бірге, ол өндіріс резервтерін анықтау, өндіріс құрылымының қалыптасуын жалпы да тікелей бағалау кезінде қолданылады. Тауар — ақша қатынасы жағдайында өндіріс тиімділігі ұтымды экономикалық тиімділікті сипаттайды. Мұндай жағдай жалпы өндірістік шығындардан қол жеткен нәтиже шамасы абсолюттік мөлшерде артық болып тұрғанда ғана орын алады. Осындай ұтымды тиімділік кез келген ұйымдық — құқықтық шаруашылықтың оңтайлы жұмыс істеуінің, кеңейтілген өндірісті жүргізудің ең бір қажетті шарты болып есептеледі. Сондай — ақ ол материалдық өндірістің барлық буынында ғылыми — техникалық прогрестің дамуы үшін зор экономикалық қозғаушы күшке айналып, тұтыну құнының сапасын жақсартады. Бәсекенің салыстырмалы еркін іс — әрекет жасаған кезінде өндірісті тиімді жүргізудін басты міндеттерін бір уақытта шешуге жол ашатын нарықтық тетік « механизм », біріншіден, тауар өндірудің дәл сол мезгілде қоғамдық сұранымға сәйкестігін бағаласа «сандық және сапалық жағынан», екіншіден, қойылған міндеттерді тиімді жолмен шешу үшін өндіріске жаңа тәсілдерді енгізуді ынталандырумен бірге, бағаның өзгеруі мен ауытқуы, пайда, тағы басқадай құнды категориялар арқылы халық шаруашылығында өндірістік ресурстар мен тауарларды ағымды нарықтың сұранымына сәйкес бөлуге, экономиканың оңтайлы дамуына оң ықпал ете отырып,  экономиканың тиімділігін арттырады [27].

Баға нарықтық экономика жағдайында әртүрлі тауарлар нарығының дамуына, солар арқылы жалпы қоғам көлемінде өндірістік ресурстар мен тауарларды бөлу арқылы қоғамдық өндірісті реттеуші рөлін атқарады. Мұндай жағдайда әрбір өндірістік   ресурстың   өзіне   тән   бағасы   болады   және   ол тауарлық баға сияқты белгіленген ресурстың сұранымы мен ұсынымының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Осы бағаның құрылымы белгілі болғандықтан, мейлінше аз шығын жұмсай отырып, көп өнім өндіру үшін, соған лайықты өндірістік үдерісті таңдау мүмкіндігі туады.

Кейбір кәсіпорындар шегінде мұндай ыңғайлы тандауға иек арту ірі шаруашылық кешендерінде өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттырудың шешуші факторы болмақ. Екінші сөзбен айтар болсақ, ,барлық табиғи ресурстарды толығымен пайдаланып, оған толық көлемде қол жеткізген жағдайда ғана экономика қалыптаспақ.. Осындай жағдайда экономика мәселелерінің маңызы анықталынады. Өйткені ресурстардың жеткіліксіз мөлшерде болуы өндірістің толық көлемде тауар өндіру мүмкіндігін шектейді. Мұндағы ең басты мәселе — ең алдымен қандай тауарлар өндіру қажет, ал қандай түрлерінің қажет еместігін шешіп алған жөн. Осыған байланысты өндірістің экономикалық өсуі, барлық табиғи ресурстардың толық игерілуі, экономикалык тиімділік, бағаның тұрақты деңгейі, өндірушінің экономикалық еркіндігі, тауарды әділеттілікпен бөлісу сиякты негізгі экономикалық мақсаттар қалыптасады [10, 28].

Агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін анықтау үшін, оның мақсатын, қоғамның  материалдық  жағдайының оңтайлануының және әлеуметтік  факторларды камтамасыз етуді ескеру керек. Нарықтық экономика  жағдайында  ауыл  шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігінің  мәселелері — бұл ең қажетті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің  мәселесі. Бұл орайда өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру мәселесін нарықтық экономика жағдайында маңызды әлеуметтік-экономикалық факторларды ескермей, қарастыру мүмкін емес. Бұған өндіріс құралдарына меншік түрлерінің өзгеруі де жатады.

Аграрлық саясаттың қазығы болып есептелінген ірі кәсіпорындарға иек арту негізінде дұрыс болатын. Мұндай өндіріс әсіресе өнеркәсіп технологияларды қолданып жұмыс істейтін мамандаңдырылған кәсіпорын еңбек өнімділігін арттыру мен табиғи, материалдық — техникалық еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың үлкен мүмкіндіктеріне ие болады. Бірақта ірі өндірісті абсолюттеу, шағын және орта өндірісті, оның ішінде шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды елемеу республиканың ауыл шаруашылығына нұқсан келтірері хақ .

Қазіргі кезде экономикалық қатынастар мен өндіріс жағдайының өзгеруіне байланысты нарықтық қатынастарға көшу кезіндегі ауыл шаруашылығы өңдірісінің экономикалық тиімділігін анықтау қажетті деңгейде дей алмаймыз. Бұл жағдай ең алдымен бағалаудың теориялық және әдістемелік аспектілерін нақтылауды кажет етеді [11, 23, 29].

Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай дегенді. « … жүргізіліп отырған саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға көшу тәжірибесіндегі нақтылы қызметті тиімділігінің төмен болуы объективті түрдегі кедергі факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден болды». Сондықтан ауыл шруашылығындағы экономикалық ахуалды жан-жақты талдау қажет. Қазір реформалау үдерісіндегі ауыл шаруашылығы жағдайы мәнде деңгейде өзгерді.

Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және ол экономикалык, дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті дамыту, саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөль атқарады. Көптеген жылдар бойы өнімді еңбекке ынталандыру тетіктерін жете пайдаланбағандықтан аграрлык, салада терең дағдарыс қалыптасты. Одан шығудың бірден-бір жолы, сөзсіз, осы салада кешенді және жүйелі түрде экономикалық реформа жүргізу еді. Ал оның қалай жүзеге асырылып жатқандығына талдау жасайтын болсақ, ең алдымен нарықтық қатынастарға көіпу тактикасындағы орын алған қателіктерді атап өту керек. Бұл ауыл және барлық халық шаруашылығында реформа жүргізудің стратегиялық бағытын жүзеге асыруда қолдан жасалынған қиыншылықтар тудырды. Әуелі көптеген жылдар бойы орталықтан басқару жағдайында қалыптасқан шаруашылықпен айналысу мен еңбек ету психологиясын жекеменшік өрістеген жағдайға бейімдеу революциялық емес, эволюциялық процесс екені ескерілмеді. Әсіресе мал шаруашылығын дамытуда жергілікті халықтың еңбек ету «философиясы» назарға алынбады. Эволюциялық өзгерістер нарыққа өтуге дайын емес ортаға «секіріспен» ауыстырылды [15, 30].

Агроөнеркәсіп кёшенінің 1-ші және 3-ші сала кәсіпорындарының монополиялық жағдайында бағаны біржақтылы босату, жекешелендірудегі ұйымдық-экономикалық және құқықтық ретсіздік, жергілікті жерлердегі өз бетімен кетушілік ұдайы өндіріс процесінің бүзылуына, қоғамдағы дағдарыстық жағдай мен әлеуметтік шиеленісудің күшеюіне алып келді. Мүның өзі аграрлық секторды нарық жағдайына бейімдеу тәжірибесін ескере отырып төмендегідей түжырымдар жасауға мүмкіндік береді:

— аграрлық сектордың өндірістік-әлеуметтік  ерекшелігіне қарай онда нарықтық механизмді ешқандай шектеусіз және түзету енгізусіз «таза» күйінде пайдалану өндірістік потенциалды қолдану тиімділігінің төмендеуін және әлеуметтік мәселелердің шиеленісуін тудырады;

— меншік пен шаруашылық жүргізудің түрлері мен әдістерін өзгерту процесі бәсекелес нарықтық орта қүрудың алғы шарты ретінде мемлекеттің бағыттауы мен қолдауы нәтижесінде біртіндеп дамуы тиіс; сондықтан көпукладтылық, ұсақ тауарлы жеке және ірі өндірістің (ерікті кооперация негізінде) үйлесуі үзақ мерзімге сақталады;

— аграрлық сектор нарықтық өзін-өзі реттеудің «бастапқы
алаңы» ретінде нарықтың дамуы үшін реттеу мен қолдаудың ерекше мемлекеттік саясаты енгізілетін эковомиканың бірінші саласы болуы қажет; оның мәні — әкімшілік емес, экономикалык, құралдарды (баға, салық, несие, т.б.) өзара байланысқан жүйе ретінде пайдалану болып табылады. Ең алдымен экономикалық реттеуде жер реформасы — мемлекет деңгейіндегі үлттық мәселелерді қамтитын аса күрделі процесс. Әлемдік тәжірибеде жерге шексіз жеке меншіктік құқығын бермей, мемлекет және қоғамдык, мүдделердің артықшылығын қамтамассыз ететін әртүрлі шектеулер бар. Мұндай хұқықты беру- мақсат емес, тек жерді пайдалану тиімділігін арттыру үшін пайдаланатын құрал. Ауыл тұрғындарын көбірек толғандыратын мәселе — жерге жеке меншік орнатудан гөрі, одан алынатыны өз еңбегінен тускен нәтижеге иелік ету хұқығы. Атап айтқанда, кеңінен етек алған бұрынғы тәжірибені, яғни алдымен ауылдың бар өнімін, пайдасын алып қойып, соңынан дотация, қарыздарын өтеу түрінде біртіндеп қайтарудан арылу мүмкіндігін беру қажет болды.

Ауыл еңбеккерлері жерді сенімді пайдалану үшін республи-камыздың Ата заңымызға сәйкес жерді үзақ мерзімге жалга, немесе өмірлік мұрагерлікке беру өте тиімді екенін баса айту керек. Сондықтан жер туралы  заңда бұл процессті аяғына дейін жеткізу мәселесін қарастыру өте маңызды іс екені белгілі [7, 18, 31].

Жер қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары: а) ауыл шаруашылығында өндірістің негізгі құралы ретінде жердің бағасын анықтау; ә) жердің сапасына қарай жер салығының мөлшерін белгілеу; б) ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерді қорғау мен тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды жузеге асыру, оның ішінде жердің құнарлылығының сақталуы мен жақсаруын бақылау. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерінің айырбасындағы біздер әуел баста жіберіп алған баға қайшылығы қүн заңын сақтамаудың, ал, нақтырақ айтқанда, ерікті баға белгілеудің қағидасын дүрыс пайдаланбаудың салдарынан болғанын өмір көрсетіп отыр. Ауылшаруашылық өнімінің бағасын реттеу жүйесі тұтынушылардың да, өндірушілердің де мүдделерін қорғауы керек, Нарықты тез арада азық-түлікпен толықтыру үшін агроөнеркәсіп кешенінің 2-ші саласында баға қүрылу процесі барынша ерікті болғаны тиімді. Бүл жағдайда аграрлық сектор үпіін өндіріс қүралдарын  шығаратын барлық монополист кәсіпорындар үшін (агроөнеркәсіп кешенінің І-ші саласы) келісім бағасының жоғарғы мөлпіерін мемлекет деңгейінде белгілеу керек те, ал 3-ші салада ауылшаруашылық ұйымдық құрылымы баға белгілеумен айналысқаны жөн болар еді.

Ауыл шаруашылығында экономикалық қарым – қатынастарды реттеу үшін залогтық (кепілдікті) сатып алу операциясы бойынша есеп айырысуды енгізу жөніндегі ұсыныстардың едәуір мәні бар. Бүл жағдайда шикізатты өңдеп, дайын өнімді алғаннан соң тауар өндірушілерге шикізат құны мен нақтылы төленген аванс сомасы арасындағы айырмашылықты залогтық баға бойынша төлеу қажет. Кепілдіктік-сатып алу операциясын жүзеге асыру үшін дайындаушы және өңдеуші кәсіпорындарды кепілдікті сатып алу ұйымдары етіп қайта құратын болсақ нарықтық баға құрылымын және ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің алатын пайдасын реттеуге жағдай жасалынады. Бүл операциялар, біріншіден, нарықтағы ұсынысты азайтады, екіншіден — фермерлерге несие беруге мумкіндік жасайды. Өйткені оның көлемі кепілдікке өткізілген ауылшаруашылық өнімінің мөлшерімен анықталады. Кепілдікті баға өндіруші қолданып отырған бағаның төменгі мөлшерін білдіреді. Пайда табудың ең төменгі қажетті мөлшерін қолдау үшін жәрдемақы деңгейін анықтау мақсатында мемлекет мақсатты бағаны белгілеуі тиіс. Сонда ол дайындаушы ұйымдар арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілері табысының құралу көздерін де реттейді. Осылайша бағаның құрылу процесін мем-лекеттіқ реттеу механизмі қалыптасар еді [20, 32].

Аграрлық секторда тауар өндірушілердің тұрақты жұмыс істеуі үшін түрақты қаржы-несие жүйесі әлі құрылмаған. Банк процентінің жоғарғы мөлшері ақша айналымын және өндірісті тұрақтандыруға мүмкіндік бермейді. Негізгі мәселелердің бірі -бүл қаржы қорларының үнемі жетіспеуі және ауылға тиімді несие беру механизмінің жасалынбағандығы.

Агроөнеркәсіп кешенінің шаруашылык, жүргізуші субъектілеріне мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларда қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыруы үшін 5 жылдық мөлшерге дейін ұзақ мерзімдік несие беру тиімді болар еді. Ол үшін мемлекеттің қаржы-несие саясатында мынадай талаптарды орындау қажет:

— мемлекеттік деңгейде бекітілген бағдарламаларға сай қаржы босату;

  • республикалық  және  жергілікті  бюджеттердің, меншік түріне байланыссыз кәсіп орындар қорларының, банктердің, дайындаушы және қызмет көрсетуші ұйымдардың ауылшаруашылығына жұмсалатын қаржыға үлестік қатысуы;

— жеңілдікті салық салу.

Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қаржы жағдайына сатылған өнімге уақтылы есеп ‘айырысудың сақталмауы қатты әсер етеді. Сондықтан өзара есеп айырысудың бақылау мерзімін бекіту керек [10, 22, 33].

Мемлекеттік салық саясатында ауыл шаруашылығына қатысты жеңілдікпен салық салу арқылы олардың ынталанды-рухы функциясын күшейту керек, Салық салудың негізгі объектісі ретінде жалпы табысты ғана алу тиімді болар еді.

Жер салығы, оның мөлшерінің экономикалық негізделуі аса төмен болғандықтан, жердің сапасы мен өнім бағасының өзгеруін тұрақты анықтап тұру қажеттігінен негізгі салыққа жанама толықтырушы ретінде қолданылуы мүмкін,

Мемлекеттің инвестициялық саясатына келетін болсақ, құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруда шетел инвестицияла-рының маңызы зор. Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық саясат, барлық меншік түріндегідей, кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасының сапалық жақсаруын, өнімді өңдеу, сақтау және өткізу базаларының дамуын қамтамасыз етуі керек болады. Ал, әлеуметтік салада, бюджеттік қорлармен қатар, шетел инвестициялары да келесі бағыттарды қаржыландыру үшін аса қажет:

  • мемлекеттік маңызы бар табиғатты қорғау шаралары мен мелиоративтік жұмыстар;
  • жолдардың, электр қуатын беру жүйелерінің, магистральды газ және су құбырларының, телефон коммуникациясының, канализация жүйелерінің құрылысы;

— ауылдың денсаулык, сақтау, білім беру, мәдениет, бала-бақша (және қарттар үйі) объектілерінің құрылысы мен оларды қамтамасыз ету;

—   жоғары білімді мамандар дайындау, күрделі ғылыми зерттеулер жүргізу және т.б.

Аграрлық салада экономикалық реформаны жүзеге асыру, ең алдымен, басқару жүйесін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Мемлекеттік реттеу шараларын жүзеге асыру ісінде мемлекеттің және шаруа қожаларының функцияларын айқын ажыратудың мәні зор Мемлекеттік  басқару  органдарының  функцияларын төмендегідей етіп қарастыруға болар еді:

— агроөнеркәсіп кешенінің, дамуын бюджеттік қаржыландыру, баға, несие, салық, инвестицидлық және әлеуметтік саясат арқылы реттеу;

— мемлекеттік  саясат  бағдарламалары  мен  ауылшаруашылығының өркендеу жоспарларын, нормативтік заң актілерін жасап дайындау;

  • мемлекеттік азық-түлік қорын қалыптастыру;
  • түбегейлі ғылыми-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру;
  • ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу;
  • халықаралык, экономикалық байланыстарды» реттеу;
  • инсиекциялық бақылау;
  • жер қорын, өнімді стандарттау жүйесін басқару;
  • ветеринарлық бақылау.

Жалпы аграрлық қатынастарды басқару жуйесіндегі міндет — олардың стихиялы түрде дамуына, тәртіпсіздік жайлаған, басқаруға келмейтін жағдайға жетуіне жол бермеу болып табылады [26, 34].

 

 

2.4 Дезинфекциялық шараларда қолданылатын препараттар

Дезинфектанттардың көпшілігі аттары әртүрлі болғанымен салыстырмалы түрде химиялық заттардың бір тобына жатады.  Бір топ препараттарының бірдей жағдайда әсерлері де бірдей болады. Бір топқа жататын препараттардың айырмашылығы айтарлықтай емес.

Барлық дезинфекциялық заттар келесі топтарға бөлінеді: галоидты қосылыстар, оттекті қосылыстар, ПАВ, гуанидиндер, альдегидтер, спирттер, фенодар.

Классификация негізіне препараттың улы әсер ету аймағы қойылған, бұл заттардың улылық және қауіптілік деңгейі  рецептура құрамы, жұмысшы концентрация құрамы және әсер ету уақытына байланысты.

Галоидты заттар.

Галоидты қосылыстар – бұл құрамында бром, йод, хлор бар қосылыстар.

Галоидты дезинфектанттар бактерицидтік қасиеті өте жоғары, әсіресе споралы бактериялар, микобактериялар, вирустарға өте сезімтал.  Бұл заттар қораларды дезинфекциялауға, санитариялық – техникалық құралдарды өңдеуге, тазалау құралдарын, ыдыстарды дезинфекциялауға қолданылыады. Құрамыда хлоры бар заттарды үлкен екі топқа бөледі : органикалық және органикалық емес хлорлы қосылыстар [19, 35].

Хлордың пайдалы қасиеттерімен  қатар (жоғары белсенділік, антимикробтық әсері, дезодорациялық және ағарту қасиеттері, гомогендік қасиеті және т.б.) бірқатар кемшіліктері бар :

— нашар ериді, кальций гипохлориді, хлорлы әк түрінде тұнба лайда болады;

— трихлоризоцианур қышқылының, дихлордиметилгидантоиннің нашар еруі  ( 0,05 —  0,1 % ), дихлораминдердің мүлдем ерімеуі;

—  тұрақтылығының төмендігі, соның салдарынан препаратты сақтағанда белсенділігі жоғалады және жұмысшы ерітінділердің құрамындағ белсенді хлордың қажетті концентрациясын бақылап отыруға тура келеді ;

— жұмысшы ерітінділердің сақталуының қысқа мерзімі.

— жануар организміне белгілі бір дәрежеде улы әсері бар;

— қоршаған ортаға қолайсыз әсері;

— төзімділігі мықты микроорганизмдерге (туберкулез микобактериялары, сңырауқұлақтар, споралар, бациллдер) кейбіреулерінің белсенділігінің төмендігі, мысалы, хлорамин, соның салдарынан жұмысшы ерітінділерді міндетті түрде қолданар алдында дайындау керек;

— өңделетін субстратта органикалық заттардың болуынан белсенділігінің күрт төмендеуі;

— өңделетін беткейлерге зиянды әсері;

— материалдардың беріктігін төмендетеді, металлдарға коррозиялық әсері бар.

Оттекті заттар.

Бұл препараттар тобының құрамында ең негізгісі болып оттегі саналады. Оның құрамында сутегінің асқын тотығы, тотықты қосылыстар, қышықылүстілер болады. Дәстүрлі сутегінің асқын тотығынан басқа құрамына ПВК, Перамин, ПФК – 1, Пероксимед, Виркон, Перформ, Дезоксон — 1, Дезоксон – 4, Дисмо – зон, Секусепт – пульвер және т.б.  сияқты қоспалары кіретін кешенді препараттар кеңінен қолданылады.

Оттекті препараттар антимикробтық әсері өте зор, өткір иісі жоқ, экологиялық тұрғыдан таза. Бұл препарат  беткейлерді, ыдыстарды, санитарлық – техникалық қондырғыларды дезинфекциялауға қоланылады. Кейбір препараттардың спороцидтік қасиеті бар, алайда ол препараттар металдарға коррозиялық әсері салдарынан өте сирек қолданылады (сутегінің  6 % асқын тотығы. Оттекті заттардың ең керемет артықшылығы – оның өткір иісінің болмауы, сонықтан да оны малы бар қораларда және адам бар жерде қолдана беруге болады. Бұл препараттармен жұмысты қарғау маскаларысыз істей беруге болады.

Сірке қышқылының негізінде шығарылатын препараттарға Дезоксон – 1 және Дезоксон – 4 жатады, олардың ерекшелігі оларда стабилизатор бар. Ал, бұл препараттардың кемшілігі – коррозиялық белсенділігі, сірке қышқылының өткір иісі, міндетті түрде респираторларда жұмыс істеу керек, себебі препаратты шашыратқанда кілегей қабықтарды тітіркендіреді [27, 36].

Дезоксон-1 – түссіз, құрамында  6 – 9 % срке қышқылы бар, өзіндік иісі бар, суда және спиртте жақсы еритін сұйықтық. Бактерицидтік, вирулицидтік және спороцидтік қасиеті өте жоғары. Полиэтилен немесе шыны ыдыста сақталады (өзінің белсенділігін 6 ай бойы сақтайды). Дезинфекцияға  концентрациясы 0,025 – 1,0 %  болатын ерітінділерді қолданады.

Бұл жұмысшы ерітінді дезинфекцияға (профилактикалы немесе ошақты) да, кейбір шыны немесе пластмассадан жасалған заттардың стерилизациясында да қолданыла береді.

Виркон.  Вирулицидтік және бактерицидтік қасиеті бар көп компонентті препарат. Виркон құрамына мыналар кіреді: ПАВ, натрий тұзы, додецилсульфатты қышқыл, қайнатылған тұз, ашық қызыл бояғыш зат, препаратқа жеңіл, лимон иісін беретін ароматизатор.

Беткейлік белсенді заттар.

ББЗ-ды анионды (SO3-, OPO3 -, COO- және т.б.), катинды (аминдер), және ионогенді емес (сулы ерітінділерде иондарға бөлмейді). ББЗ – ЧАС және амфотерлік беткейлік-белсенді қосылыстар жататын дезинфектанттар тобы.

Бұл препараттар тобының артықшылығы — өткір иісінің болмауы және улылық деңгейінің төменділігі. Сондықтан да оларды мал қораларында қолдана беруге болады. Ал, адамдар отыратын бөлмелерге сақтықпен қолдану керек, себебі, олардың антивирустық және антимикробтық қасиеттерішектелген, ал, спороцидтік қасиеті мүлдем жоқ болғандықтан.

ББЗ – тұрақты, жуу қасиеттері жақсы, улылығы төмен, бірақ антимикробтық қасиеті белгілі бір микробтарға ғана әсер етеді. ББХ-дың кемшіліктері: олардың әсеріне микроорганизмдердің тез үйренуі және бактериостатикалық әсерінің болуы. ББЗ сұйық концентраттары аллергендер болып табылады, себебі, тері мен кілегей қабықтарға резорбтивті және тітіркендіре әсер етеді. Полимерлі ББЗ өңделетін объектілер үстінде қиын кететін пленканы түзеді, Егер ББЗ-ын альдегидтер және спирттермен қосса, онда препараттың дезинфекциялық қасиеттері күшейе түседі.

Альдегидті заттар.

Препараттардың бұл тобына глутар альдегиді жатады. Көп жылдар бойы практикада формальдегид қолданылып келді. Формальдегид – түссіз, өткір иісті, тыныс жолдары мен көздің кілегей қабықтарын қатты тітіркендіретін улы газ. Формальдегид суда жақсы ериді, 40 % сулы ерітіндісі түрінде шығарылады.  Оны дезинфекциялық камерада заттарды зарарсыздандыру және газды стерилизаторларда суық әдіспен стерильдеу үшін қолданылады.

Глутар альдегиді негізінде мынадай препараттар бар: Сайдекс, Глутарал Н, ерігіш Дюльбак. Олар қолдануға дайын ерітінділер және тек дезинфекция мен стерилизацияға арналған.ЧАС және глутар альдегиді негізінде Гигасепт ФФ препараты шығарылған. Сирек қолданылатын препараттарға мыналалр жатады: Дезоформ, Корзолин Д, Секусепт- форте, Септодор-форте, Хелипур Х плюс. Бұл заттар тек дезинфекцияда қолданылады, ал стерилизацияда қолданылмайды. МД-520, АЭРОДЕЗИН 2000, Инцидур, Корзолин, Мельзепт, Микроцид препараттары да тек қана дезинфекциялық мақсатта қолданылады. Дконекс-50ФФ, Альдесол, Нео-дишер, Септо-200-нью, Бианол препараттары кеңінен қолданылады, ал Бианол стерилизацияда да қолданыла береді.

Бұл препараттардың кемшілігі – міндетті түрде персонал жоқ кезде дезинфеция жасау керек.

Гуанидиндер.

Бұл препараттардың ең негізі күрделі органикалық қосылыстар болып табылады. Гуанидиндер грам оң және грам теріс микроорганизмдерге белсенді әсер етеді, ал, вирустар, саңырауқұлақтар мен спораларға белсенділік танытпайды. Антимикробтық белсенділігі гуанидиндер ББЗ-мен қосылыс түзгенде арта түседі. Осыған негізделе отырып мынадай препараттар шығарылды: Демос, Катасепт, Лизоформин, Лизетол АФ, Пливасепт 5%. Лизетол АФ және Пливасепт 5% препараттары құрал-жабдықтарды дезинфекциялауға арналған.

Фогуцид және Полисепт препараттарын өңделетін беткейлерде ұзақ уақытқа (3 – 7 тәулік) өзінің бактерицидтік қасиетін қалдырады. Алайда пленканың пайда болуына байланысты бұл препараттарды ыдыстар мен құрал-жабдықтарды зарасыздандыруға және оларды аэрозольдер түрінде қолдануға болмайды.

Спирттер.

Этанол, пропанол, изопропанол негізіндегі препараттар. Ішінде бактерицидтік және вирулицидтік қасиеттері ең жоғарысы этил спирті. Әсіресе, 70 % этил спирті микроорганизмдерге өте белсенді, оның тригороцидтік қасиеті жоқ.

Спирттер негізінде мынадай препараттар жасалған: ИД-220, Гротанат. Арнайы қоспалардың болуына байланысты спирттердің қасиеттері жан-жақты : бактерицидтік, вирулицидтік, фунгицидтік, туберкулоцидтік (Атмостерил, Бациллол плюс, Де-конекс, Соларсепт, Инцидур, Нью Альфа аэрозоль, ФД-322).

Спирттер негізіндегі басқа қоспалармен қосылған тері антисептиктері қолдануға дайын препараттар болып табылады. Дамисепт, Стериллум, Кутасепт Ф, Октенидерм, Спитадерм хирург қолдарын өңдеуге арналған препаратар.

Фенолдар — өзіндік иісі бар, балқу температурасы 43 – 540 С болатын, суда жақсы еритін призматикалық кристалдар. Дезинфекцияға көбінесе сұйық фенолдар қолданылады. Сұйық фенолды кристалдарын қыздыру арқылы балқытып және үстіне фенолдың жалпы мөлшерінің 10 пайызындай су қосып алады [18, 37].

3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

3.1 Зерттеу материалдары мен әдістері

Зерттеу материалдары. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында  қолданылған  материалдар; электронды таразы, дезинфекциялық препараттар, ылғалды және көбікті дезинфекциялық  қондырғы, химиялық стақандар мен пипеткалар.

Дезинфекциялық препараттарға сипаттама

Кальцийленген сода (Na2Со3). Құрамында (ГОСТ 5100-49) 95-96% сілті, 0,1-0,3% суда ерімейтін заттар бар ақ ұнтақ. Кальций содасы суда тез еріп, өзі түзілген қосындыларға ыдырайды.

Кальций содасы жиі қолданылатын арзан препарат. Ол 4-6 қабаттан тұратын қағаз қапшықта сақталады. Қапшықта дәрі дайындалған зауыттың аты, рет саны салмағы және ГОСТ 5100-90 көрсетілген Кальций содасының 10% ерітіндісін дайындау үшін 11,1 г құрғақ дәрі керек. Оны 88,9 мл суға езеді де, тиісті ерітінді әзірлейді. Кальций содасы негізінен мал саууға арналған препараттарды, сүт құятын ыдыстарды жуу үшін және де көптеген өндіріс орындары қолданылып келеді.

Зерттеу әдістері

Гигиена және азықтандыру кафедрасының қоректік орталарды егу, сұйылту және және микроорганизмдердің өсуін бақылау мақсатында бокста жұмыс істеу әдістемесін қолдандық. Ең алдымен жұмысты бастамас бұрын бокста кварц шамын 10 минутқа қосып қоямыз, яғни ауадағы микроорганизмдерді жою мақсатында, сонан соң кварцты өшіріп, арнайы киімдерді киіп (халат, қалпақ, маска) зерттеу жұмысына кірісеміз.

Сұйылту  әдісі

Дезинфекциялық заттардың тиімділігінің салыстырмалы бағасын санитарлық өңдеуге дейінгі және кейінгі шайынды сұйықтықтың жалпы бактериалдық санына байланысты жүргіздік.

Шайындыны сұйықтықтағы жалпы бактерия санын «шұжық және шұжық өнімдерін өңдеу өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған санитарлық ережелерде» көрсетілген ережелер бойынша анықтадық. Шұжық өңдеу құралдарының жұмыс бетінен алынған шайындылардағы жалпы бактериалдық ластануды шайынды сұйықтықты ет — пептонды агарға егу және соңынан өсіп шыққан микроорганизмдер колония санын анықтау жолымен жүргізілді.

Кезекті жуу және дезинфекция жүргізу алдындағы шайынды алу 100см² зерттелетін нысанда стеильді мақта тампонымен алынды. Шайындыны технологиялық құралдардың кейбір жерінен- қабырғалардан, конвейерлерден, фасовкалаудан алғанда ауданды есептемей-ақ алынды.

Тампонды дайындау үшін алюминий, ағаш стерженьдерді қолданады, оның бір ұшына түзу валик (30х50мм ) түрінде мақта орадық, ал пробиркаға кіретін деңгейге, мақталы тығын жасалды. Стерженнің пробиркадан соңына дейін ара қашықтығы 12 см. Тампондарды пробиркаға қойып, қағазбен орап, 30 минут бойы 15 атм. қысымда автоклавта стерильдейді.

Сынама алу алдында тампонды 10 мл стерильді физиологиялық ерітінді құйылған пробиркаға алмастырдық. Сүрту алдында су көп болып кетпес үшін пробирка қабырғасына қысып сығып, сынама алынғаннан кейін тампонды осы пробиркаға салып мұз салынған термостатқа тігінен қойып, сол күйінде лабораторияға әкелдік. Егуге байланысты барлық іс- шараларды асептика ережелерін сақтай отырып жасадық.

Микроб колониясының жеке өсімін алу мақсатында шайынды суды стерильді құбыр суына немесе физиологиялық ерітіндіге араластырдық. Ол үшін тампонды пробиркадан мұқият сығып алғаннан кейін стерильді пипеткамен 1 мл алып 9 мл су немесе физиологиялық ерітіндісі бар пробиркаға тамыздық да бірінші ерітуді – 1:10. Басқа стерильді пипеткамен пробирка ішінен 1 мл алып екінші пробиркаға құйдық. Сөйтіп, 1:10, 1:100, 1:1000, 1:10 000 ара қатынасты алдық. Соңғы үшеуінен 1 мл сұйықтық алып стерильді Петри аяқшасына құйып үстіне ерітілген және 40-45ºС- қа дейін суытылған ет — пептонды агарын құйдық. Ал дәл нәтиже алу үшін әрбір пробирканы үш Петри аяқшасына ектік. Агар суыған кезде аяқшаларды 37ºС температурада термостатқа қойып, 48 сағаттан соң өсіп шыққан колониялар санын санадық. МЕМСТ 9225-84 сәйкес есепке 30 дан немесе 300 ден аз колониялар өсіп шыққан аяқшалар алынды. Әрбір аяқшадағы 1 мл колония үлгісіндегі бактерияның жалпы санын анықтау үшін сәйкес егуге көбейттік. Шығарылған нәтижелерді саналған аяқша санына бөліп, соңғы нәтижені табтық.

1 см зерттелетін нысандағы жалпы бактериалдық ластануды көрсету үшін 1 мл- дегі бактерия санын 0,1- ге көбейттік.

Мал қора ауасының микробпен ластану деңгейі И.И. Гуславский, Ж.Б. Мырзабеков, П.Ш. Ибрагимов, О.О. Тағаев (1990) ұсынған сұйықтықпен ұстау әдісі таза химиялық әйнектен жасалған 50 мл УМ-1 АЗВИ шыны түтікпен (микроорганизмдерді ұстағыш құрал) анықтадық. Зерттелетін қажетті ауа көлемі УГ-2 типті универсалді газоанализаторымен анықталды. Сүзгіш сұйықтық ретінде физиологиялық ерітіндісін алдық.

Автоклавпен жұмыс істеу ережесі

Жұмысты бастамас бұрын автоклавтың өлшегіш бөліктерін толық тексерілуден өткіздік. Автоклавта буды автоматты түрде жүйелеу су құбырының электровакуумды монометрінің тілінстерилизация режиміне сәйкестендіріп: төмендегі тілді 0,1 атм қысымнан төмен қойып, жоғарғы тілін жұмыс қысымынан жоғары қойдық.

Су құбырының камерасын су өлшегіш әйнектің жоғарғы белгісіне дейін толтырдық. Сонан соң автоклавтың стерилизациялық камерасына стерилденетін ыдыс-аяқтар, материалдарды толтырып, автоклавтың қақпағы арнайы болтпен айқастандырып жапдық. Сонан соң электр тоғына қосып, автоклавқа бу жібердік. Су құбыры камерасында бу және қысым пайда болуы үшін стерилизациялық камерадан ауаны шығардық. Ауаны шығару әдісі автоклавтың конструкциясында анықтадық. Басында автоклавтан ауа бөлек-бөлек мөлшерде шығады сонан соң үзіліссіз бірдей бу шығады, яғни стерилизациялық камерадан ауа толығымен шықты деп айтуға болады. Ауаны толығымен шығарған соң кран жабылғаннан кейін стерилизациялық камерадағы қысым жайлап жоғарылай бастады.

Монометр тілі (стрелка) белгіленген қысымды көрсеткеннен кейін стерилизация басталды. Осыдан кейін автоклавтың қысымы белгілі деңгейде тұру үшін, қыздырудың қарқындылығын азайтады. Стерилизация аяқталар кезінде қыздыру тоқталады, су құбыры және стерилизациялық камераға бу жібергіш жабылып және камерадағы бу қысымын төмендету мақсатында вентильді ашады. Монометр тілі 0-жеткен соң жайлап автоклавтың қақпағы жоғарыда айтып кеткендей айқастырылған күйінде ашамыз. Стерильденген зертханалық ыдыстарды арнайы қағазбен орап боксқа қойдық.

 

 

3.2 Шаруашылыққа сипаттама

«Амиран» ЖШС шаруа қожалығы 2010 жылы инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында экспортқа бағытталған сүт өнімдерін өндіру бойынша салынған типтік жобадағы тауарлы сүт фермасы. Бұл ферма 660 бас сауын сиырына арналған. Бұл ферманың жалпы ауданы 9 гектар, елді мекеннен 7 км жерде орналасқан. Кешен құрамында 660 бас сауын сиырларына арналған қора, сауын залы, 654 бас бұзауға арналған қора, төлдеуге арналған арнайы зал,көң жинау орыны, 7 сүрлемдік азық траншеялары, авто өлшегіш, дезинфекциялық кедергі ғимараты, санитариялық өткізу бекеттері, әкімшілік тұрмыстық ғимараттар бар. Кешенге арналған құрал жабдықтар: Голландия, Ирландия, Германия мемлекеттерінен алынып орнатылған. 660 бас асыл тұқымды Голштино – фриз 2 жастан асқан қашарлар Венгриядан әкелінген. 2010-2012 жылдары 1121 бас төл алынған. Казіргі кезде олардың саны 1800 бас. Әр сауын сиырдан күніне  орташа есеппен 26,5л сүт сауылады, жылына 1 сиырдан 800 л сүт сауылады. Кешеннің бір күндік сүт өңдірісі  14 000 литр. Бұл кешенді салу үшін 1млрд 250 млн қаржы жұмсалған.

Әр қоражайдың ұзындығы 130 метр, ені 30 метр, биіктігі 12 метр. Кешенде дәл осындай үш қоражай бар. Келешекте тағы да екі қоражай салу жоспарлануда. Кешенде малдардан қан алу, вакцинация жасау, дезинфекция, дезинсексия жұмыстары толығымен жүргізіліп отырады.

Шаруашылықтың жанында «Амиран» ЖШС сүт өңдеу зауыты бар. Бұл жерге  шаруашылықтан күніне 14 т сүт әкелінеді. Мұнда келіп түскен сүттің құжаттары тексеріліп, кейін одан сынама алып, сезімдік көрсеткіштер бойынша тексеріп, әр түрлі реакциялар қою арқылы анықтап, күдік тумаған жағдайда ғана сүт және сүт өнімдері сатылымға  жіберіледі.

Сауын залы  сауын апараттарынан, сауынға бару жолынан, сауыннан шығу жолдарынан тұрады. Кешенде қазіргі кезде сауында жүрген 600-ге тарта сауын сиырлары бар. Олар 120 бастан 5 бөлікке бөлініп әр қорада ұсталады. Бұлай бөлу себебі олардың сүт өнімділігіне байланысты:

  • Бірінші қорадағы сиырлар сүтті ең көп беретін сиырлар тұрады. Тәулігіне 35-37 л сүт береді.
  • Екінші қорадағы сиырлардан сауылатын сүт мөлшері – 27-29 л;
  • Үшінші қорадағы сиырлардан сауылатын сүт мөлшері – 23-25л;
  • Төртінші қорадағы сиырлардан сауылатын сүт мөлшері – 16-17л;
  • Бесінші қорадағы сиырлардан сауылатын сүт мөлшері – 14-16 л.

Шаруашылықта сауын әр 8 сағат сайын жүргізіледі. Сауыннан кейін сиырлардың желіні арнайы ерітінділермен жуылады. Желінсаумен ауырған сиырларды сауыншылар арнайы ыдысқа сауып алады. Желінсаумен ауырып жүрген сиырлардың құйрығында арнайы белгісі болады.

Шаруашылықтағы малдарды күніне 3 рет азықтандырады. Әр қораның азық рационы әр түрлі. Шаруашылықтағы малдарға 7 түрлі азық қоспаларын жемге қосып береді, яғни соя, арпа, рис мичка, дрожжи, шрот, премикс қосып береді. Сонымен қатар жоңышқа және сүрлем береді. Шаруашылықтағы малдарға азық сауынға кетер кезінде салынады. Ең алғашқы азық таңертең 07:00 беріледі, түсте 15:00, кешкісін 23:00 беріледі. Әр қораға берілетін азықтың түрі бірдей болғанымен, олардын мөлшері әр түрлі. Ең құнарлы азықты бірінші қорадағы сиырларға береді. Себебі олардың сүт беру мөлшері басқа қораға қарағанда көбірек.

 

 

3.3 Зерттеулердің нәтижелері

3.3.1 Шаруашылықтағы микроклимат параметрлері көрсеткіштерін зерттеу

Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын арттыру және көбейту жолдарының жаңа технологиясын енгізу, қазіргі таңда елімізде өзекті мәселе болып отыр. Мал шаруашылық өндірісіндегі өнімділікті көбейту тәсілдерінің бірден — бірі азықтандыру жүйесі болса, ал екінші орында қора-жай микроклимат параметрлерін оптимальды жағдайға келтіру болып тұр. Себебі, микроклиматтың жануарлардың тіршілік ету қабілеттігі мен өнімділігіне тигізер әсері мол.

Қора-жай микроклиматы дегеніміз — белгілі бір шектелген кеңістіктегі ауаның жағдайы (температурасы, ылғалдылығы, атмосфералық қысымы, газ құрамы, шу деңгейі, жарықтылығы, қысымы және микроорганизмдер жиынтығы).

Мал қорасының қолайсыз микроклиматының әсерінен малдың жалпы өнімділігі, көбею қабілеттілігі төмендейді, азық шығынына және жас төлдердің өліміне әкеп соғады. Малдардың функционалдық жұмысының ауытқуларының нәтежиесінде өкпе ауруларына, ас қорыту жүйесінің бұзылуына, кетоз, остеомаляция, рахит, агалактия т.б. сияқты ауруларына шалдығады.

Микроклиматтың жағымсыз әсеріне әсіресе өнімділігі жоғары малдар өте сезімтал екені анықталған. Сондықтан, мал денсаулығын сақтау және өнімділігін жоғарлату үшін мал қораларда оптимальды микроклиматтың маңызы өте зор.

Көптеген ғалымдардың пікірлері бойынша жануарлар өнімділігінің 50-60 % азықтармен анықталса, 15-20 % күтімі және 10-30 % мал шаруашылық орындарының қора-жай микроклиматына байланысты.

Ірі қара шаруашылығындағы мал қораларының ауа температурасы 35 % дейін төмендеуі салдарынан бұзаулардың өсуі 12-15 % азаюына және тыныс алу жолдарының аурулары 15 % артатыны анықталған. Мал шаруашылық орындарында жануарлардың организміне токсикологиялық әсер ететін факторы – газдық құрамы (аммиак, көмірқышқыл газы, күкіртті сутегі, көміртегі тотығы, азот окисиді) болып табылады. Олардың шамадан тыс жиналуы зиянды потологиялық әсер етіп, жануарлардың тыныс алу жолдарының салдануына және өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.

Мұндай жағдай көбінесе қоралардың ауа алмасу жүйесінің (вентиляция) нашар істейтіндігінен туындайды. Осының салдарынан зиянды газдардың шекті жіберілу концентрациясы 10 есеге дейін жоғарылайды. Сол себептен жануарларды ұстайтын қораларда зиянды газдардың деңгейін қадағалап тұрудың басты мәселесі оптимальды микроклиматын тұрақты ұстап тұру жәнеде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін жайлы әрі зиянсыз жағдайды туғызу.

Жоғарыда айтылған шараларды негізге ала отырып, еліміздегі халқымыздың әл – ауқатын арттыруда ауыл шаруашылық өнімімен үздіксіз қамтамасыз етіп келе жатқан Алматы облысы, Талғар ауданында орналасқан «Амиран» ЖШС шаруашылығындағы сиыр қоралардың микроклимат параметрлері бақылауға алынды.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының басты мақсаты — бұзаулардың жақсы өсіп жетілуіне, өнімділігінің артуына, әр түрлі жұқпалы және жұқпалы емес ауруларға шалдықтыруына және өлім-жітімнің азаюына әсер ететін микроклимат факторларының бірі мал қора ауасының алмасуын қалыпты жағдайға келтіру.

Жалпы, мал қоралардың ауа алмасуы кеңестік заманда орнатылған жүйемен іске асырылуда.  Сондықтан бұл жүйенің әбден тозығы жетіп, ауаның алмасуын реттей алмауда Сондықтан, қазіргі таңда ауа алмасу жүйесін реттеуде ауа алмасудың жаңа үлгідегі типін ұсынуды талап етіп отыр. Осы мәселені негізге ала отырып, ауа алмасу жүйесінің деңгейін реттеудің режимін анықтау жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу жұмыстары ең алдымен қора бос тұрған кезде микроклимат параметрлері анықталып, өндіріс процесі кезінде микроклимат параметрлерінің өзгеруіне назар аударылды.

Біздің өндірістік тәжірибеміздің алғашқы зерттеу сатысы шаруашылықтағы ғимараттардың микроклимат көрсеткіштерін анықтау жұмыстары жүргізілді. Микроклимат көрсеткіштері жергілікті ауа — райына және жыл мезгіліне, ғимараттармен қоралардың құрылысына және материалдарына, ауаның ауысуына, жылу жүйесіне, каналдардың құрылысына, фермадағы технологиялық процеске байланысты болып келеді. Микроклимат дұрыс болмаған жағдайда ғимараттың ішкі құрылымының бұзылуына және сол ғимараттың температурасының көтерілуі немесе төмендеуіне әсерін тигізеді. Сондықтанда, ғимараттың микроклиматының көрсеткішіне басты назар аударуды қажет етеді. Шаруашылықтағы ғимаратының микроклимат көрсеткіштерінің зерттеу нәтижелері 1-ші кестеде берілген (күзгі мезгілде анықталды).

 

1-кесте. Шаруашылықтағы қоралардың микроклимат параметрлерінің көрсеткіштері

 

Зерттелетін

нысандар

Микроклимат көрсеткіштері

Температура, ºС

Ылғалдылық, %

Ауа қозғалысы, м/с

№1 Сиыр қорасы (зерттеу)

 

10-14

 

70-72

 

0,3-0,4

№2 Сиыр қорасы (бақылау)

 

10-15

 

68-70

 

0,2-0,3

Бордақылау қорасы

 

15-18

 

64-66

 

0,4-0,5

Бұзаулар қорасы

12-14

68-71

0,1-0,2

Тайыншалар қорасы

 

6-8

 

60-72

 

0,3-0,4

 

Шаруашылықтағы нысандардың микроклимат параметрлерін зерттеу барысында Бұзаулар қорасы микроклимат параметрлері басқа да ғимарат микроклимат параметр көрсеткіштерімен салыстырғанда негізгі норма көрсеткіштерінен ауытқымағанын байқадық.

 

 

3.3.2 Шаруашылықтағы нысандарды ылғалды тәсілмен дезинфекциялық препараттардың тиімділігін бағалау.

Дезинфекцияның тиімділігі көп жағдайда оның қолдану тәсілдеріне байланысты. Ылғалды дезинфекция жүргізу химиялық ерітінділермен залалды беткейлерді (микроорганизмдермен ластанған) тегіс өңдеп, ылғалдандыруға негізделген. Сонымен қатар бұл тәсілдің өзіндік кемшіліктері де бар: санитариялық өңдеуге дезинфекциялаушы заттар мен судың көп шығындалуы, құралдар мен құрылыс заттарының жылдам коррозияға ұшырауы. Мал шаруашылығы нысандарын ылғалды тәсілмен дзинфекциялау үшін сұйықты көп мөлшерде дисперсиялай алатын жақсы қондырғы қажет. Беткейлерді көп мөлшерде суландыру (1м2 өңделетін жерге 1л дейін жұмыс ерітіндісі жұмсалады) қорада ылғалдылықтың жоғарылауына әкеп соқтырады.

Дезинфекцияның тиімділігі экспозицияға, яғни препараттың инфекциялық ауру қоздырғыштарына әсер ету уақытына көп байланысты болады. Ылғалды тәсілде тік беткейлерді залалсыздандыру қиынға соғады, себебі, оларда дезинфекциялық сұйықтар төмен қарай ағып, қажетті уақытқа дейін жанасуы болмайды. Қабырғалар мен басқа да тік беткейлерді хлорлы препараттармен дезинфекциялағанда, сұйықтың көп бөлігі олардан ағып кетеді. Майлы бояумен боялған қабырғалардағы сұйықтықтың ұсталу мөлшері 50-80-100 мл/м2, ал құммен сыланған қабырғаларда 200-300 мл/м2 тең.

Дезинфекциялаушы ерітінділерді қысқа уақыт ішінде қолдану нәтижесінде инфекция қоздырушыларының залалсыздандырғыш (дезинфекциялық) заттармен байланысы және экспозициясы қажетті деңгейде болмайды. Ал, бұл өз кезегінде дезинфекциялық өңдеу нәтижесінің төмендеуін, мал шаруашылығы және өзге де нысандардағы металл қондырғыларының коррозиясын тудырады. Осы көрсеткіштердің барлығы ылғалды дезинфекцияны қымбат тәсілге айналдырады.

Дезинфекцияның ылғалды тәсілінде мал шаруашылығы орындарында қол жетуі қиын жерлері (қи, желдету құбырлары, бел білектер, саңылаулар және т.б.) дезинфекциялық ерітінділермен толық өңделмейді немесе жеткіліксіз өңделу салдарынан осындай жерлерге құрамында ауру қоздырушылары бар шаңдар көптеп жиналады. Мұндай жағдайда ылғалды дезинфекциядан кейін де зиянды шаңдар мал қора ауасына қатты бөлшекті аэрозольдер түрінде көтеріліп, жануарларды зақымдауы мүмкін.

Бұл шараларды жүргізу үшін, қазіргі таңда, яғни нарықтық экономикада препараттардың шығынын анағұрлым азайтқан жөн. Ол кез-келген препараттың әсер етуіне байланысты, қажетті концентрациясын қолдану керек екенін ұқтырады. Сонда ғана біз, еліміздегі дезинфекциялық шараларды дұрыс жүргізуге мүмкіндіктер тудыра аламыз. Осы мақсатта шаруашылықта қолданыста жүрген калцийленген сода препаратын және Circo Top AFM препаратымен салыстыра отырып, ылғалды тәсілмен ДУК автоқондырғысының көмегімен дезинфекциялық шараларды жүргіздік. Бұл зерттеулердің нәтижесі төмендегі 2-ші кестеде көрсетілген.

 

2-кесте. ДУК дезқондырғысымен калцийленген содамен санитариялық өңдеу нәтижелері

 

Зерттелетін

нысандар

Жалпы микроб саны,мың КТБ/см2

Дезинфек. дейін

Дезинфек. кейін

Дезинфекц.

тиімділігі,%

№1 Сиыр қорасы (зерттеу)

40,0±1,4

11,0±1,2

72,5

№2 Сиыр қорасы (бақылау)

53,0±1,6

7,0±1,2

65,6

Бордақылау қорасы

24,0±1,0

5,0±1,5

73,7

Бұзаулар қорасы

23,0±1,8

4,0±1,6

65

Тайыншалар қорасы

18,0±1,4

3,0±1,3

63,3

 

2-ші кестеге мәліметтерге сілтеме жасай отырып, Калцийленген содамен жүргізілген дезинфекциялық шаралардың орташа тиімділігі 68 %-ды құрады.

Келесі эксперименталдық жұмыстар Circo Top AFM препаратын қолдану арқылы жүргізілді. оның зерттеу нәтижелері төмендегі 3-ші кестеде берілген.

 

3-кесте. ДУК дезқондырғысымен Circo Top AFM препаратымен санитариялық өңдеу нәтижелері

 

Зерттелетін

нысандар

Жалпы микроб саны,мың КТБ/см2

Дезинфек. дейін

Дезинфек. кейін

Дезинфекц.

тиімділігі,%

№1 Сиыр қорасы (зерттеу)

38,0±1,6

1,0±1,2

97,3

№2 Сиыр қорасы (бақылау)

45,0±1,5

1,5±1,4

96

Бордақылау қорасы

22,0±1,8

1,0±1,0

99,0

Бұзаулар қорасы

24,0±1,4

1,5±1,2

98,5

Тайыншалар қорасы

18,0±1,5

1,0±1,0

98,3

 

3-ші кестеден алынған нәтижеге қарап, «Circo Top AFM» препаратының 3%-дық концентрациясына келетін болсақ мұндағы көрсеткіштер өте жоғары болғанын көрсетіп отыр. Яғни, деинфекция тиімділігі орташа есеппен 96% құрады. Жалпы мал шаруашылығында дезинфекциялық шараларды жүргізуде 3%-ды концентрациясын қолданған жөн екені анықталды.

Дезинфекциялық шаралардың нәтижесінде Circo Top AFM препараты дезинфекция тиімділігі жағынан Калцийленген содамен қарағанда 28 %-ға жоғары болды. Мұның нәтижесін төмендегі кестеден байқауымызға болады.

 

4-кесте. Профилактикалық дезинфекциядағы препараттардың салыстырмалы көрсеткіштері

 

Препараттар

Дезинфекцияның тиімділігі, %

Дезинфекция

тиімділігінің айырмашылығы, %

Circo Top AFM 3%

96

28

Калцийленген сода 10%

68

 

Демек шаруа қожалығында ылғалды тәсілмен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, дезинфекция тиімділігі жағынан жақсы көрсеткішке қол жеткізген Circo Top AFM препараты, Калцийленген содаға қарағанда анағұрлым тиімді екені анықталды.

3.3.3 Сауын қондырғыларын санитариялық өңдеу нәтижелерін салыстырмалы бағалау

Сүттің санитариялық сапасы сүт өнідірілетін ферманың санитариялық жағдайын, сүтті сүт зауыттарына жібермес бұрын алғашқы өңдеу сапасына тығыз байланысты. Алайда, сүттің сапасының төмендеуінің және бұзылуының негізгі себептерінің бірі — микроорганизмдер, олар сүтке қоршаған ауадан, желіннен, сауу кезінде  сауыншылар қолдарынан және  технологиялық қондырығлардан келіп түсіуі мүмкін.

Сүттің микробтармен ластануы 90 % жағдайда сүт сауу қондырғыларын, ыдыстарын, салқындатқыш және технологиялық қондырғыларды сапасыз жуып, дезинфекциялаудан болады. Сапасыз дезинфекциядан кейін аз мөлшерде қалып қалған сүттің өзі микрофлораның дамуына өте қолайлы орта болып табылады. Бұл жағдайға сәйкес қолмен сауғанға қарағанда, аппаратпен сауғанда сүттің микробтармен ластануының мүмкіндігі көбірек екені көрініп тұр.  Осылайша сүт ыдыстары мен қондырғыларын санитариялық өңдеудің тиімді әдістері мен дезинфекциялық препаратты дұрыс таңдаудың маңызы өте зор.

Сүт қондырғыларының санитариялық жағдайының сүттің санитариялық гигиеналық сапасына әсерін зерттеу мақсатында біз  «Амиран» ЖШС қожалығында өндірістік тәжірибе жүргіздік.

Зерттеу нысанасы ретінде сауу қондырғылары, сүт ыдыстары, тасымалдауға арнлаған ыдыстар, технологиялық қондырғылар алынды.

Сүт фермасында сауу қондырғыларын және сүт ыдыстарын санитариялық өңдеу мақсатында калцийленген сода қолданылады, сондықтан да тәжірибелер Circo Top AFM препараты мен Калцийленген соданың көрсеткіштерін салыстырмалы түрде анықтау негізінде жүргізілді.

Зерттеулердің нәтижесі 5 және 6 кестелерде көрсетілген.

 

5-кесте. Калцийленген соданың бактерицидтік белсенділігінің салыстырмалы көрсеткіштері

 

Сауын қондырғысының жеке бөлшектері

Жалпы микробтық ластану,  мың м.д./ см

Дезинфекцияға дейін

Дезинфекциядан кейін

Тіршілік қаб төмендеуі, %

1

Үрпі резинасы

90,1±1,9

33±1,3

63,4

2

Коллектор

89,3±1,6

29±1,5

67,6

3

Қондырғы шлангасы

160,1±1,5

26±1,4

85,1

4

Пластмасс сүт жолы

87,4±1,4

31±1,3

64,6

5

Әйнек сүт жолы

63,5±1,6

27±1,2

71,2

6

Сүт жинаушы

41,7±1,5

10±1,1

76,9

7

Танк шлангасы

154,1±1,6

49±1,4

68,3

8

Салқындатқыш шланг

47,5±1,8

9±1,3

86,4

 

5-ші кестеден алынған мәліметтер бойынша Калцийленген соданың санитариялық-гигиеналық дезинфекциялық препарат ретінде қолданған тиімсіз екені көрініп тұр. Бұл дерекке зерттелетін беткейлерді тиісті препараттармен өңделген соң микробтық ластану деңгейінің орташа көрсеткіші дәлел бола алады: Калцийленген содамен өңдегенде микробтардың тіршілігінің жою көрсеткіші 76,9 % құрады.

Калцийленген соданың бактерицидтік қасиеті төмен болып қана қоймай, сонымен қатар, оның коррозиялық белсенділігі өте жоғары, ал бұл жағдай сүт қондырғыларын істен тез шығуына ықпал етеді.

 

6-кесте. Circo Top AFM препаратының бактерицидтік белсенділігінің салыстырмалы көрсеткіштері

 

Сауын қондырғысының жеке бөлшектері

Жалпы микробтық ластану,  мың м.д./ см

Дезинфекцияға дейін

Дезинфекциядан кейін

Тіршілік қаб төмендеуі, %

1

Үрпі резинасы

93,1±1,7

11±1,4

98,8

2

Коллектор

84,3±1,5

23±1,2

97,7

3

Қондырғы шлангасы

145,1±1,9

3±1,4

98

4

Пластмасс сүт жолы

89,4±1,8

1±1,3

98,9

5

Әйнек сүт жолы

78,5±1,6

0±0

100

6

Сүт жинаушы

87,7±1,6

0±0

100

7

Танк шлангасы

165,1±1,7

4±1,3

97,6

8

Салқындатқыш шланг

54,5±1,8

14±1,5

97,5

 

Жұғынды сұйықтық пен сауу және технологиялық қондырғылар беткейінде дезинфекциялық препараттың Circo Top AFM-нің қалдық мөлшерін анықтау мақсатында индикаторлық әдіс қолданылды. Тәжірибе нәтижесі бойынша қондырғыларды шаюдан кейін олардың беткейінде дезинфекциялық препараттың қалдық мөшері жоқ екені анықталды.

Сауын қондырғыларын Circo Top AFM препаратымен санитариялық өңдеу нәтижесінде, дезинфекция тиімділігі орташа есппен 98,9 % құрап, Калцийленген сода көрсеткішімен салыстырғанда (76,9 %) 22 %-ға жоғарылайтындығы анықталды.

Сауу қондырғыларының тазалығын көрсететін тағы бір көрсеткіш – оның беткейлерінде ішек таяқшасының табылмауы. Осыған байланысты, біз өз зерттеулерімізде жұмысшы беткейлерден алынған жұғынды сұйықтығынан 1 мл алып Эндо ортасында ектік. Термостаттау нәтижесінде ішек таяқшасы жоқ екені анықталды.

 

 

3.3.4 «Амиран» ЖШС шаруашылығындағы профилактикалық дезинфекция шараларының экономикалық тиімділікті анықтау

Әртүрлі дезинфекциялық ерітінді қолданудың тиімділігін  бағалаған кезде маңызды көрсеткіштерінің  бірі-экономикалық тиімділігі есептелінеді.

Белгілі бір дезинфекциялық ерітінділерді қолдана отырып санитариялық жұмыстарды жүргізу тиімділігін бағалау барысында мынандай көрсеткіштерді білу қажет: қолданылған препараттардың (концентраттық) бағасы, жұмысшы ерітінділердің концентрациясын, 1 жұмысшы ерітінділерінің бағасын, 1м2 өңделетін беткейге кететін жұмысшы ерітінділерінің шығынын. Жоғарыда аталған көрсеткіштерді біле отырып 1м2 беткейді өңдеуді бағасын және жалпы өңдеудің бағасын білуге болады.

Жұмысшы ерітінділерінің шығынын біле отырып, шаруашылықтағы қораларға санация жүргізуге арналған препараттардың шығынын есептеуге болады. Экономикалық тиімділікті есептеу нәтижелері 7-ші кестеде келтірілген.

 

7-кесте. Әртүрлі зарарсыздандырғыш ерітінділерді қолдана отырып шаруашылықты санитариялық өңдеу бағасының салыстырмалы есебі

 

Препараттар

1л  концентраттық

Бағасы,тг

Жұмысшы ерітінділерінің

Концентрациясы,%

1 л жұмысшы ерітінділерінің бағасы

1 м2\мл

Жұмысшы ерітінділерінің шығыны

Өңдеудің бағасы

1 м2,тг

Калцийленген сода

450 тг

10

50

0,3

15

Circo Top AFM

1500тг

3

45

0,3

13,5

 

7-ші кестеде көрсетілгендей Калцийленген сода қолданған кездегі өңдеудің бағасы 1м2 жерге 15 тг құрады, «Circo Top AFM» препаратын қолданғанда бұл көрсеткіш 13,5 тг болды. Жүргізілген есептеулер бойынша «Circo Top AFM» сияқты қазіргі заманғы дезинфекциялық ерітіндіні пайдалану экономикалық тиімдірек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Дезинфекциялық  жұмыстарды  атқаратын  адамдар  жеке  бас  гигиенасын  қатаң  сақтап, бекітілген  нормаларға  сәйкес  арнайы  киімдердің  комплектін  иеленуі  қажет. Көздің  немесе  тыныс  алу  жүйесінің  кілегейлі  қабығына  тітіркендіріп  әсер ететін  препараттарды  қолданғанда, тек  арнайы  көзәйнектерде  және  респиратормен  жұмыс  істеуі, ал  дезинфектанттың  концентрленген  ерітінділермен  жұмыс  істегенде  резеңке  қолғаптарды  киюі  тиіс. Дезинфекциялаушы заттардың  аэрозольдерімен  жұмыс  істейтін  адамдар  противогаз  киюі  керек.

Алғашқы  жәрдем  қорапшаларында  сол  шаруашылыққа  қолданылатын  зарарсыздандырғыш  ерітінділерді  бейтараптайтын  ерітінділер  болуы  тиіс .

Зарарсыздандырғыш  ерітінділермен  жұмыс  істеу  кезінде  темекі  тартуға  және  тамақ  ішуге  болмайды . Жұмыс  істеп  болған  соң, қолы  мен  бетін  жылы  сумен, сабынмен жуып, ал  зарарсыздандырғыш  заттардың  ерітінділерін  дайындауға  қолданылған  ыдыс  пен  дезинфекциялық қондырғыны  ыстық  сумен  жуу  керек.

Бұл  ереженің  орындалуына  жауапкершілік  кәсіпорын  басшыларына, ал  дезинфекцияны  жүргізудің  дұрыстығы  мен  толықтығына  комплекстік  ветеринариялық  дәрігеріне  артылады.

Мал өсіретін қораларда жұмыс істейтін жұмысшылар, қызметкерлер мен мамандардан талап етіледі: а) жұмысқа түсер алдында туберкулез, бруцеллез және сальмонелла мен ішек құрттарының бар-жоқтығына міндетті түрде тексеруден өту керек. Бұл аурулармен ауырған адамдар малдарды күтіп-бағуға жіберілмейді;

б) мерзімді уақытта аудандық тазалық-эпидемиологиялық стансасының жоспары бойынша тексерулерден өтіп тұру (флюрография, тоқсанына 1 рет бактериологиялық тексеру), зерттеулердің нәтижелері санитарлық кітапшасына жазылуы тиіс;

в) шаруашылықтың өндірістік аумағына кірерде ветеринариялық тазалық өткізгішінде немесе өткізгіш бөлмесінде жұмысшылар өз сырт киімін шешіп арнайы киім кию керек.

г) шаруашылықта қабылданған тәртіп пен бекітілген нұсқауларды бұлжытпай орындау. Осы талаптардың барлығы жұмысшылар, қызметкерлер мен мамандар үшін дайындалған шаруашылықтың ішкі тәртіп шарттарына енуі тиіс.

Әрбір мал қораларында дәрі-дәрмектер мен байлап-таңатын материалдары бар медициналық қобдиша болу керек.

Шаруашылықта малшылардың кәсіптік ауруларының алдын алу үшін медициналық көмек шаралары қарастырылуы тиіс. Сүзек, паратиф, сальмонеллез, дизентерия, сары ауру т.б. аурулармен ауырған малдар “А” зонасына жіберіледі.

Жоғары сапалы өнім өндіру үшін жұмысшылар үшін тазалық-гигиеналық жағдайлар ұйымдастырылуы керек. Осының арқасында бірнеше кезекте малшылардың көптеген әлеуметтік мәселелері шешіледі, яғни еңбек, жұмыс және демалыс мәселелері оң шешімін табады. Азық дайындау мен тарату, суару, сауу, тазалау процестерін механикаландыру кәсіпорындарында ауыр еңбекті жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Дегенмен шаруашылықта технологияның бұзылуы механизмдердің істен шығуы, қауіпсіздік техникасының сақталмауы, адам организміне ерекше әсер ететін факторлар қалыптасуы мүмкін. Жем тартатын транспортер бұзылса онда қолмен тартуға келеді. Электроэнергиясы ұзақ уақыт болмаса немесе вентиляция жүйесі істен шықса қораларда микроклимат бұзылады. Ауа көмірқышқыл газымен, аммиакпен, күкіртті сутегімен, шаңмен ластанады. Қоралардағы көмірқышқыл газы негізі малдың тыныс алуымен шығады.

Санитариялық киім күнделікті ауыстырылады.

Шикізат пен дайын өнімге бөгде заттар түспеуі үшін цехқа кірерде әйнек немесе металл заттарды алып кіруге рұқсат етілмейді, киімге түйреуіш, ине тағуға, қалтаға айна, сырға, тарақ т.б. заттарды салуға болмайды.

Жұмысшылар қолдарының тазалығына көп көңіл аударғаны жөн, тырнақтары алынып, жұмыс жасардан соң және жасар алдында қолды міндетті түрде тазалап жуған жөн.

Қызметкерлердің жеке бас гигиенасы.

Дезинфекциялық жұмыстарды атқаратын адамдар жеке бас гигиенасын қатаң сақтап, бекітілген нормаларға сәйкес арнайы киімдердің комплектін иеленуі қажет. Көздің немесе тыныс алу жүйесінің кілегейлі қабығына тітіркендіріп әсер ететін препараттарды қолданғанда, тек арнайы көзәйнектерде және респиратормен жұмыс істеуі, ал дезинфектанттың концентрленген ерітінділерімен жұмыс істегенде резенке қолғаптарды киюі тиіс. Дезинфекциялаушы заттардың аэрозольдерімен жұмыс істейтін адамдар противогаз киюі керек.

Алғашқы жәрдем аптечкаларында сол шаруашылықта қолданылатын зарарсыздандырғыш ерітінділерді бейтараптайтын ерітінділер болуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 ҚОРЫТЫНДЫЛАР

  1. Шаруашылықтағы нысандардың микроклимат параметрлерін зерттеу барысында микроклимат параметрлері негізгі норма көрсеткіштерінен ауытқымағаны анықталды.
  2. ДУК дезқондырғысымен жүргізілген ылғалды дезинфекцияның сапасы Circo Top AFM препаратының әсерінен кейін 96 %-ға дейін жоғарыласа, Калцийленген содамен санитариялық өңдеу нәтижесі 68 %-ды құрап, дезинфекция тиімділігі жағынан Circo Top AFM препараты Калцийленгенсоданың нәтижесімен салыстырғанда 28 %-ға жоғарылағаны анықталып отыр.
  3. Сауын қондырғыларын Circo Top AFM препаратымен санитариялық өңдеу нәтижесінде, дезинфекция тиімділігі орташа есппен 98,9 % құрап, Калцийленген сода көрсеткішімен салыстырғанда (76,9 %) 22 %-ға жоғарылайтындығы анықталды.
  4. Экономикалық тиімділігі бойынша, калциленген соданы қолданған кездегі өңдеудің бағасы 1м2 жерге 15 тг құрады, «Circo Top AFM» препаратын қолданғанда бұл көрсеткіш 13,5 тг болды. Нәтижесінде 1,5 тг үнемдеуге болатындығы анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

  1. Шаруашылықтағы барлық ветеринариялық-санитариялық шараларды жүргізу барысында Circo Top AFM препаратын кеңінен қолдануды ұсынамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Санитарно-гигиенический режим в свинарниках для опороса. Мат. Всерос. н/пр. конф. «Гигиена содержания и кормления животных основа сохранения их здоровья и получения экологически чистой продукции», 21-23 сентября, г. Орел, 2000 г., с. 180-182.
  2. Правила проведения дезинфекции и дезинвазии объектов государственного ветеринарного надзора, утверждены 15.07.02 г за № 13-5-02/0522 департаментом ветеринарии Минсельхоза России.
  3. БуткоМ.П., Власова Н.П., Цариков И.Н.,Пухлякова Г.Л. Ускоренная индикация сальмонелл на объектах внешней среды. Сб. н/тр. ВНИИВСГЭ «Проблемы вет.санитарии, гигиены и экологии». М., 2001, т. 111, с. 52-69.
  4. Воздух. Контроль загрязнений по международным стандартам. Третье издание. М., Протектор, 2002, 432 с.
  5. Правила проведения дезинфекции и дезинвазии объектов государственного ветеринарного надзора. — М., 2002. — С. 5.
  6. 6. Антипова Л.В., Астанина В.Ю., Глотова И.А. О перспективах разработки искусственных мясных продуктов на основе белков чечевицы. //Материалы международной конференции «Продукты ХХ века», Москва, 16-18 декабря 1998. – с. 42-45.
  7. 7. Доценко В.А. Практическое руководство по санитарному надзору за предприятиями пищевой и перерабатывающей промышленности, общественного питания и торговли. -СПб.: Гиорд, 2002, — С.496.
  8. Сбанов Н.Б. Разработка моюще-дезинфицирующих средств для санитарной обработки оборудования и инвентаря мясоперерабатывающих предприятий: автореф… канд. вет. наук. – Алматы, 2006. — С. 7-10.
  9. Барахов Б.Б. Ветеринарно-санитарная оценка пенной дезинфекции на объектах ветеринарного надзора: диссертация… канд. вет. наук – Алматы, 2010., 117 с.
  10. Селиверстов В.В., Дудницкий И.А., Попов Н.И. Дезинфекция в системе ветеринарно-санитарных мероприятий // Ветеринария. – 1999. — №2. — С. 3.
  11. Попов Н.И. СТЭП — новый пенообразующий дезинфектант для ветеринарии // Проблемы ветеринарной санитарии и экологии: тезисы докладов Международной научной конференции. – 1999. — С. 72.
  12. Гордеева А.К. Продуктивные качества коров чёрно-пёстрой породы при разном уровне энергетического питания в условиях Предбайкалья : автореф. дис. … канд. с.-х. наук / Гордеева А.К. — Улан-Удэ, 2006. — 21 с.
  13. Дегтерёв Г. О новых моющедезинфицирующих средствах для молочных ферм / Г. Дегтерёв, А. Рекин // Молочное и мясное скотоводство. — 2000. — N6.-C.4-9.
  14. Дегтярёв Г.П. Новые направления в повышении качества молока / Г. П. Дегтярёв // Научно-технический прогресс в животноводстве — ресурсосбережение на основе создания и применения инновационных технологий и техники : сб. науч. тр. — Подольск, 2008. — N18.-C.40-47.
  15. Горелик О.В. Качество молока в зависимости от сезона / О. В. Горелик // Практик. — 2003. — N9/10.-C.22-25.
  16. Варюхин А.В. Исследование содержания йода в питьевом коровьем молоке различных торговых марок / А. В. Варюхин, Н. А. Михайлов // Актуальные проблемы вет. медицины : сб. науч. тр. / СПбГАВМ. СПб., 2009. — N140.-C.12-14.
  17. Варюхин А.В. Йод в молоке. Проблема Северо-Запада / А. В. Варюхин // Материалы науч. междунар. конф. профессорско-преподават. состава, науч. сотрудников и аспирантов СПбГАВМ. — СПб., 2009. С. 17-20.
  18. Варюхин А.В. Йод-полимерные ветеринарные антисептики в животноводстве. Перспективы использования /А. В. Варюхин // Материалы науч. междунар. конф. профессорско-преподават. состава, науч. сотрудников и аспирантов СПбГАВМ. — СПб., 2006. С.6-7.
  19. Васильев В.В. Контроль качества молока перед доением / В. В. Васильев //Ветеринария. — 2003. — N6.-C.44-45.
  20. Ковалевский И.А. Гигиена доения и качество молока / И. А. Ковалевский // Актуальные проблемы вет. медицины в условиях современного животноводства : материалы междунар. науч.-практ. конф. / Минск, 2005. — N38.-C.265-268.
  21. Козлов А.Н. Гигиена молочного производства на фермах / А. Н. Козлов [и др.] // Ветеринария с.-х. животных. — 2005. — N12.-C.79-81.
  22. Козлов А.Н. Профилактика маститов у коров при машинном доении / А. Н. Козлов // Материалы XIII науч.-техн. конф. / Челяб. гос. агроинженер. ун-т. — Челябинск, 2003. — Ч.2.-С.172-177.
  23. Дегтерёв Г. О новых моющедезинфицирующих средствах для молочных ферм / Г. Дегтерёв, А. Рекин // Молочное и мясное скотоводство. — 2000. — N6.-C.4-9.
  24. Колчев А.Г. Взаимосвязь между уровнем соматических клеток в молоке и продуктивностью коров / А. Г. Колчев // Прогрессивные технологии производства продуктов животноводства в Сибири / Сиб. науч.-исслед. и проект-технолог, ин-т животноводства. — Новосибирск, 2007. — С.44-48.
  25. Дегтярёв Г.П. Новые направления в повышении качества молока / Г. П. Дегтярёв // Научно-технический прогресс в животноводстве — ресурсосбережение на основе создания и применения инновационных технологий и техники : сб. науч. тр. — Подольск, 2008. — N18.-C.40-47.
  26. Кондрахин И.П. Методы ветеринарной клинической лабораторной диагностики / Кондрахин И.П. — М. : Колос, 2004. — 520 с. 85. Коренник И.В. Производство качественного молока / И. В. Коренник // Ветеринария Кубани. — 2009. — N2.-C.29-30.
  27. Коростылева Л.А. Причины возникновения мастита и его влияние на качество молока / Л. А. Коростылева, Д. Ш. Баймишева // Ветеринария с.-х. животных. — 2006. — N11.-С.47-48.
  28. Лобанов СМ. Дезинфекция объектов животноводства препаратами на основе йода : автореф. дис. … канд. биол. наук / Лобанов СМ. — М., 2001. — 23 с.
  29. Косолапова В.Г. Молочная продуктивность коров при использовании кормовых дрожжей в рационах / В. Г. Косолапова // Сельскохозяйственная биология. — 2008. — N4.-C.68-70.
  30. Михайлов Н.А. Ветеринарно-гигиенические условия содержания коров в молочном скотоводстве / Н. А. Михайлов // Материалы 62-ой юбилейн. науч. конф. молодых ученых и студентов, посвящ. 200-летию высшего ветеринарного образования в России и 200-летию СПбГАВМ / СПбГАВМ. — СПб., 2008. — С.82-83.
  31. Кощеев П.С. Влияние характера доения на состояние вымени и содержание соматических клеток в молоке коров уральского типа / П. С. Кощеев // Материалы Всерос. конф. инновации молодых учёных по сельскому хозяйству России. — М., 2006. — Ч.2-С.47-52.
  32. Монклавит — новый безопасный и экологически безвредный ветеринарный препарат / А. Ф. Кузнецов, О. В. Романова, А. Г. Петропавловский, В. Г. Головкин // Ветеринарное обеспечение в современном иппобизнесе : материалы И-ой междунар. науч.-практ. конф. — СПб, 2002. — С.31-34.
  33. Крусь Г.Н. Методы исследования молока и молочных продуктов / Крусь Г.Н., Шалыгина A.M., Волокитина З.В. — М. : Колос, 2000. — 386 с.
  34. Олейник А.В. Маститы у высокопродуктивных коров / А. В. Олейник // Ветеринария. — 2007. N8.-C.9-12.
  35. Крусь Г.Н. Технология молока и молочных продуктов / Крусь Г.Н. [и др.]. — М. : Колос, 2004. — 455 с.
  36. Романенко Л.В. Методы контроля полноценности кормления высокопродуктивных коров / Л. В. Романенко // Вестник РАСХН. 2007.-N5.-C.88-90.
  37. Кряжева В.Л. Улучшение экологического качества молока / В. Л. Кряжева // Практик. — 2004. — N1/2.-C.76-79.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8   ҚОСЫМША

 

 

Сурет — 1. Сауын қондырғысынан жұғынды алу.

 

 

 

Сурет — 2. Қораның микроклиматын Masttech MS 67 құрылғысымен

өлшеу.