АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: ЖШС «Амиран» шаруашылығындағы суалған буаз сиырлардың желінсау ауруын емдеу шараларын зерттеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

 

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

 

 

 

 

 

Әмір А.

 

 

 

ЖШС «Амиран» шаруашылығындағы суалған буаз сиырлардың желінсау ауруын емдеу шараларын зерттеу

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Мамандығы 5В120200 – «Ветеринариялық санитария»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

 

«Ветеринария» факультеті

 

«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)

 

Тақырыбы: ЖШС «Амиран» шаруашылығындағы суалған буаз сиырлардың желінсау ауруын емдеу шараларын зерттеу

 

 

                                                                       Беттер саны                                 46

                                                                       Cызбалар мен көрнекті

                                                                       материалдар саны                      16

                                                                       Қосымшалар                               —

 

 

Орындаған: күндізгі оқу бөлімі 5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының 512 – топ студенті Әмір Арайлым

 

                   2018 жылы « 05 » маусымда қорғауға жіберілді

 

Кафедра меңгерушісі, PhD                                                    Алиханов Қ.Д.

 

Жетекші, в.ғ.к., қауым. профессор                                        Барахов Б.Б.

 

Норма бақылаушы,

в.ғ.к., қауым. профессор                                                         Ибажанова Ә.С.

 

Сарапшы, «Қайрат-Бота»

ШҚ, бас малдәрігері                                                               Несипбаев Н.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2018

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

 

«Ветеринария»  факультеті

 

мамандығы 5В120200 – «Ветеринариялық санитария»

 

«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы

 

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

 

ТАПСЫРМАСЫ

 

 

Студент  Әмір Арайлым

 

Жұмыс (жоба) тақырыбы: ЖШС «Амиран» шаруашылығындағы суалған буаз сиырлардың желінсау ауруын емдеу шараларын зерттеу

 

Университет бойынша 2017ж. «14» қараша №550-К бұйрығымен бекітілген

 

Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі  2018 ж. « 21 » маусым

 

Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері

ЖШС «Амиран» шаруа қожалығындағы суалған буаз сиырлардың субклиникалық маститке шалдығу деңгейіне мән беру. Шаруа қожалықта маститке қарсы жүргізілетін ветеринариялық — гигиеналық және санитариялық шаралардың атқарылу деңгейі. ЖШС «Амиран» шаруа қожалығындағы суалған буаз сиырларды жаппай маститке тексеру шараларын жақсарту. Шаруашылықтағы суалған буаз сиырлардың субклиникалық маститіне қарсы жүргізілетін профилактикалық шаралардың әдіс — тәсілдері. Суалған буаз сиырларды емдеуде қолданылатын ұзақ әсер ететін антибиотикалық  препараттардың емдік қасиетінің тиімділігіне салыстырмалы түрде баға беру.

Дипломдық жұмыста (жобaда) қарастырылатын сұрақтардың тізімі

  1. Шаруашылықта субклиникалық маститтің таралу деңгейін зерттеу
  2. Суaлған буаз сиырларды емдеуде қолданылатын препараттардың тиімділігін бағалау
  3. Емдік шаралардың суалған буаз сиырлардың туғаннан кейінгі сүт сапасына әсерін анықтау
  4. Маститке қарсы жүргізілген шаралардың сиырлардың қан құрамына әсерін зерттеу
  5. Субклиникалық маститке қарсы жүргізілген шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу

 

 

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

1 Акназаров Б.К. Профилактика маститов и послеродовых заболеваний- матки у коров / Б.К. Акназаров, М:М. Джангазиев, О.С. Ибраимов- //Матер:. Международ, научно-практич. конф., «Современные проблемы ветеринарного обеспечения репродуктивного здоровья животных» посвященной 100-летию В.А. Акатова.- Воронеж, 2009.- С. 38-41.

2 Авдеенко В.С. Рекомендации по диагностике, терапии и профилактике мастита у коров. ‒ С. 2009. ‒ С. 71.

3 Иванова O.P. Экспресс-метод диагностики мастита -важный фактор при получении экологически чистого молока. /Экологические проблемы ветеринарной санитарии: тезисы докладов науч.-техн. конф. 1993. — №11 -С. 82.

4 Самэй Жан-Пъер. Маститы молочных коров: преимущество ранней диагностики //Ветеринария.  2003. -№6. — С. 6-7.

5 Климов Н.Т., Слободяник В.И. Практическое руководство по борьбе с маститами коров / ‒ Воронеж, 2012. ‒ С.87.

 

 

Жұмыстың (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

 

Тарау

Кеңесші

Мерзімі

Қолы

Кіріспе

Мырзабеков Ж.Б.

10.03.2018

 

Негізгі бөлім

Токаева М.О

25.04.2018

 

Қорытынды

Барахов Б.Б.

10.05.2018

 

Экономикалық тиімділікті есептеу

Жумаханов Б.К.

 

 

Еңбекті қорғау және экология мәселелері

Смаилова Г.А.

 

 

 

 

Кафедра меңгерушісі, PhD    __________________      Алиханов Қ.Д.

 

Жұмыс жетекшісі,

қауым. профессор                  ___________________     Барахов Б.Б.

 

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент            ___________________     Әмір А.

 

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

КЕСТЕСІ

 

Рет саны

Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі

Жетекшіге ұсыну мерзімі

 

Ескертулер

1

Кіріспе

02.03.2018

орындалды

2

Дератизация, оның түрлері мен санитариялық-эпидемиологиялық маңызы

17.03.2018

орындалды

3

Жұмыстың мақсаты мен міндеті

25.03.2018

орындалды

4

Материалдар мен әдістер

28.03.2018

орындалды

5

Өзіндік зерттеулер

01.04.2018

орындалды

6

Қорытынды

12.04.2018

орындалды

7

Тәжірибелік ұсыныс

10.05.2018

орындалды

8

Алдын ала қорғау

05.06.2018

орындалды

9

Қорғау

21.06.2018

орындалды

 

 

Кафедра меңгерушісі, PhD    __________________      Алиханов Қ.Д.

 

Жұмыс жетекшісі,

қауым. профессор                  ___________________     Барахов Б.Б.

 

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент            ___________________     Әмір А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

 

 

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

1

КІРІСПЕ

10

1.1

Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы

10

1.2

Зерттеу базасы, объектісі және мақсат, міндеттері

11

2

ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

12

2.1

Еліміздегі ірі қара шаруашылығында желінсау ауруының таралу маңызы

12

2.2

Ірі қара малының желінсау ауруын диагностикалау

16

2.3

Сиыр желінсау ауруының сүт сапасына әсері және алдын алу шаралары

20

3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

23

3.1

Зерттеу әдістері мен материалдары

23

3.2

Шаруашылыққа сипаттама

24

3.3

Зерттеу нәтижелері

26

3.3.1

Шаруашылықта субклиникалық маститтің таралу деңгейін зерттеу

26

3.3.2

Суалған буаз сиырларды емдеуде қолданылатын препараттардың тиімділігін бағалау

28

3.3.3

Емдік шаралардың суалған буаз сиырлардың туғаннан кейінгі сүт сапасына әсерін анықтау

30

3.3.4

Маститке қарсы жүргізілген шаралардың сиырлардың қан құрамына әсерін зерттеу

31

3.3.5

Субклиникалық маститке қарсы жүргізілген шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу

32

4

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

34

5

ҚОРЫТЫНДЫЛАР

38

6

ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

39

7

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

40

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Дипломдық жұмыста пaйдаланылған сілтемелер.

МемСТ 4.180-85 Салмақ өлшемі. Көрсеткіштер номенклатурасы.

МемСТ 556-81 Медициналық гигроскопиялық мақта. Техникалық шарттар.

МемСТ 1770-74Е Өлшемдік зертханалық шыны ыдыс. Цилиндрлер, мензуркалар, шыны сауыттар, пробиркалар.  

МемСТ 6709-72 Дистиллденген су. Техникалық шарттар.

МемСТ 13718-68 Айналымды таразылар (торсионды). Тексеру әдіс, тәсілдері.

МемСТ 14919-83Е Электрпештері, тұрмыстық электршкафтары. Жалпы техникалық шарттар.

МемСТ 17206-96 Микробиологиялық агар. Техникалық шарттар.

МемСТ 17299-78 Техникалық этил спірті. Техникалық шарттар.

МемСТ 19126-79Е Металл медициналық құралдар. Жалпы техникалық шарттар.

МемСТ 29112-91 Тығыз қоректік орталар. Жалпы техникалық шарттар.

МемСТ 4.492-89 Ветеринарлық биологиялық препараттар. Көрсеткіштер номенклатурасы.

МемСТ 13037-84 Ветеринарлық жақпамай. Техникалық шарттар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

AНЫҚТAМAЛAР

Дипломдық жұмыста қолданылған терминдер және олардың мағынасы.

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ГИГИЕНА – малдың жоғары өнімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұстау, азықтандыру, күтудің рациональды әдістерін өолдана отырып жануарлардың денсаулығын сақтау және нығайту туралы ғылым.

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ САНИТАРИЯ – жануарлар гигиенасының талаптарын орындауға арналған практикалық шаралар жиынтығы.

ПРОБИОТИК — тірі микроорганизмдерден және микробты заттардан құралған препарат, ол табиғи жолмен қолдану барысында физиологиялық, биохимиялық және иммундық реакцияларды микробты экологиялық жүйелерді қоздыру арқылы ағзаға пайдалы әсер береді.

ЖЕЛІНСАУ — желіннің қабынуы.

ДИАГНОСТИКА — техникалық ақауларды іздестіруге жөне анықтауға арналған теория, әдістер және жабдықтар туралы ілім.

КОМПОЗИЦИЯ – Бірнеше химилық компоненттен тұратын қосылыс.

ГИГИЕНА – Жануарлардың денсаулығын жақсартады. Азықтандырғанда рацион құрайды. Азықтандыру күтіп-бағу, жоғары өнімдермен қамтамасыз ету.

КОНЦЕНТРАЦИЯ – ерітінді құрамындағы белсенді зат мөлшері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Дипломдық жұмыста келтірілген қысқартулардың мағынасы:

БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы

ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы

АҚ – Акционерлік қоғамы

БДСҰ – Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымы

ГФР – Герман Федерация Республикасы

АҚШ – Америка Құрама Штаттары

ІҚМ – Ірі қара мал

млн — миллион

м — метр

кг — килограмм

г — грамм

см3 – сантиметр куб

АГС – антигистаминді сарысу

АҚ – акционерлік қоғам

ШБ – шаруашылық бірлестігі

ЖСТ – жалпы стандарт

ДЖ- денешікті жасушалар

КЖТ – калифорниялық жедел тест

ЖЖТ – жедел желінсау тестілері

СБТ – сүт бақылау тақташасы

ЖЭДҚ – жедел экспресс диагностикалау құралы

УТЖ – ультра толқынды жиіліктер

ӨБ — өлшем бірлігі

Вт – вольт

Гц – герц

АО – алдыңғы оң жақ

АС – алдыңғы сол жақ

АрО – артқы оң жақ

АрС – артқы сол жақ

ЭШЖ — эритроциттердің шоғырлану жылдамдығының

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 КІРІСПЕ

1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы.

Сүтті ірі қара шаруашылықтарына едәуір зиян келтіретін аурулардың бірі. сиырдың желінсау (мастит) ауруы. Желінсау сүт бездерін қабындыратын қатерлі кесел. Ол жылдың кез келген мезгілінде, сиыр сауылып жүргенде, тіпті суалған кезінде де пайда болады. Желінсау ауруынық әсерінен кейбір шаруашылықтардың сүт өндіру көрсеткіші едәуір төмендейді. Желінсау ауруы. сүт бездерінің зақымдануының әсерінен болады. Ол аурудын, белгілері сипатына қарай білінбей (суб.клиникалық) немесе ұйыма түрде (серозды), катаральды, фибринозды, іріңді, геморралогиялық қабыну түрінде етіп, малды өлім.жітімге ұшыратуы да мүмкін.

Әсіресе клиникалық белгісінің байқалмауынан және оны ажыратудың қиынға соғуына байланысты субклиникалық желінсау өте қатерлі болып табылады. Өйткені, субклиникалық желінсаумен ауырған сиырдың сүтін пайдалану адамның немесе жас бұзаулардың денсаулығына да зиянды болады. Мұндай жағдайда, желінсаудың бұл түрінде сүттің түсі әдеттегі сүттен айырмасы болмайды, бірақ оның құрамында патогенді (патогенный) немесе токсигенді микрофлора болады. Ол адам мен жануарлар үшін де зиянды.

Сүттің құрамына желінсаумен ауырған сиырдың сүті сәл араласқанның өзінде (10%) одан жоғары сапалы сүт тағамдарын әзірлеуге мүмкіндік болмайды. Міне, осыған байланысты желінсау ауруының пайда болуы, оның таралуы, қандай ауру екенін ажыратып оны емдеуде ғылым мен тәжірибеде қолданылып жүрген тәсілдерден хабардар болу әрбір шаруашылық басшысының, зоотехникалық.мал дәрігерлік мамандық иелерінің, сондай.ақ сүт комплекстерінде істейтін жұмыскерлердің тікелей міндеті деуге болады. Олар желінсау ауруына қарсы күрес шараларын күшейте отырып сүт өндіруді арттырумен бірге, оның тағамдық және санитарлық сапасын да арттыруға қол жеткізеді.

Қaзіргі уaқытта желінсaудың табиғатта кездесетін барлық түрлерін емдеудің орасан көп түрлері бар, оларды айыру, анықтау тұрғысында көптеген еңбектер жазылған [1, 2].

Кез келген ауруды диагностикалаудың басты мақсаты оны бірден ауру жануар маңында орындалуын көздейтіні белгілі. Оған бірқатар химиялық әдістер жатады. Иммундық және фaгоцитарлық белсенділік жағдайы желінсаулардың, әсіресе бастапқы кезеңдерінде пайда болуының хабарламашы-көрсеткіші болады, диагностикалау кезінде соматикалық жасушалар саны, сүттің рН-ы, тұндырылуы тәрізді әдістер міндетті түрде орындалуы керек [3].

Тағы бір айта кететін жайт, жасырын желінсаулардың шамамен 10-15%-ның емделмей қалатыны туралы деректер көптеп ұшырасады [4], ал бұған кейбір анықталынбай қалған (уақыт, күш, жабдық-жадығат, қаражат т.б.) жағдайларға орай, емделінбей қалған сиыр бастарын қосса бұл сандық мәліметтің жоғары болары хақ!

Көптеген жағдайларда сиырлардың жасырын желінсауларын емдеу мақсатында антибиотиктер терапиясы қолданылады, ал бұл ем, өкінішке орай сүт тұтынушыларын уытты-аллергиялық кеселдерге шалдығуға әкеліп соғуы ықтимал. Сонымен қатар, айта кететін, баршаға түсінікті қарапайым жайт, қабыну барысының дамуына ықпал ететін көрініс жануар организмінің дұрыс азықтандырмау, пайдаланбау, түрлі жарақаттарға шалдығуына орай әлсірейтіндігі [5, 6]. Осы кезде, бірқатар авторлар деректері бойынша, айқын лейкопения, бүйрекүсті бездері белсенділігінің төмендеуі, сиырлар  организмінің иммундібиохимиялық реактивтілігінің әлсіреулері орын алады.

Осы тұрғыда, біз өз алдымызға суалған буаз сиырлардың жасырын желінсауларын диагностикалау және сиырлардың жасырын желінсауларын емдеу үшін қолданылатын антибиотикалық препараттардың қолдану мүмкіндігін ойластыру, сиырлардың сүт сапасына профилактикалық шаралардың тигізер әсері мен организмінің иммунді күйін жан-жақты зерттеуді мақсат етіп,  мәселелер қойдық.

 

 

1.2 Зерттеу базасы, объектісі және мақсат, міндеттері

Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама

ЖШС «Амиран» шаруа қожалығындағы жүргізілетін суалған буаз сиырларды емдеуге қарсы қолданылатын антибиотикалық препараттардың тиімділігі анықталды. Және де антибиотикалық препараттардың өндірілетін сүт сапасы мен малдың организміне әсер ету механизмі туралы анықталған мәліметтер дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызын аша түскен.

Дипломдық жұмысты орындау мерзімі және базасы

Дипломдық жұмыс 43 компьютерлік бетте терілген: кіріспе, ғылыми әдебиеттерге шолу, өзіндік зерттеулер, қорытынды, тәжірибелік ұсыныс, еңбек қорғау және қосымша материалдар бөлімдерінен тұрады, 7 — кесте, 7 – суретпен көркемделген.

Жұмыстың өндірістік зерттеулер бөлімі, Алматы облысы, Талғар ауданы, Қаратоған ауылында орналасқан ЖШС «Амиран» шаруа қожалығында өтті.

Зерттеулердің мақсаты мен міндеттері

Зерттеу жұмысының мақсаты: Суaлған буаз сиырларды емдеуде пайдаланылған антибиотикалық препараттардың тиімділігін анықтап, олардың өндірісте қолданылуына салыстырмалы түрде баға беру

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Шаруашылықта субклиникалық маститтің таралу деңгейін зерттеу
  2. Суалған буаз сиырларды емдеуде қолданылатын препараттардың тиімділігін бағалау
  3. Емдік шаралардың суалған буаз сиырлардың туғаннан кейінгі сүт сапасына әсерін анықтау
  4. Маститке қарсы жүргізілген шаралардың сиырлардың қан құрамына әсерін зерттеу
  5. Субклиникалық маститке қарсы жүргізілген шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу

 

2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

2.1 Еліміздегі ірі қара шаруашылығында желінсау ауруының таралу маңызы

Қазіргі кезде еліміздің тәуелсіздігін дамытып, экономикасын жоғары деңгейлерге жеткізу мақсатында мал шаруашылығының алатын орыны зор, сонымен қатар Қазақстан бүкіл әлемдік сауда ұйымына мүше болуды көздеуде. Бұл жоғары сапалы тауарлар мен өнімдер шығарылуын қажет етері сөзсіз.

Ал мал бастарын көбейтіп, сүт өнімділігін жоғарылатуды тежеуші мәселелердің бірі сиырлардың акушерлік-гинекологиялық аурулары, оның ішінде желінсаулар.

Көптеген авторлардың пайымдауынша сиыр желінсаулары айтарлықтай дамып, 2-5 тен 10-55%-ға дейінгі шаманы қамтиды. Клиникалық белгілері айқын түрде өтетін желін қабынулары мен жасырын түрде өтетіндердің орта есеппен алғандағы қатынасы 1:2-2:5 құрайды [2, 7].

Қазіргі уақытта желінсаудың табиғатта кездесетін барлық түрлерін емдеудің орасан көп түрлері бар, оларды айыру, анықтау тұрғысында көптеген еңбектер жазылған.

Кез келген ауруды диагностикалаудың басты мақсаты оны бірден ауру жануар маңында орындалуын көздейтіні белгілі. Оған бірқатар химиялық әдістер жатады. Иммундық және фагоцитарлық белсенділік жағдайы желінсаулардың, әсіресе бастапқы кезеңдерінде пайда болуының хабарламашы-көрсеткіші болады, диагностикалау кезінде соматикалық жасушалар саны, сүттің рН-ы, тұндырылуы тәрізді әдістер міндетті түрде орындалуы керек [9].

Тағы бір айта кететін жайт, жасырын желінсаулардың шамамен 10-15%-ның емделмей қалатыны туралы деректер көптеп ұшырасады, ал бұған кейбір анықталынбай қалған (уақыт, күш, жабдық-жадығат, қаражат т.б.) жағдайларға орай, емделінбей қалған сиыр бастарын қосса бұл сандық мәліметтің жоғары болары хақ!

Көптеген жағдайларда сиырлардың жасырын желінсауларын емдеу мақсатында антибиотиктер терапиясы қолданылады, ал бұл ем, өкінішке орай сүт тұтынушыларын уытты-аллергиялық кеселдерге шалдығуға әкеліп соғуы ықтимал. Сонымен қатар, айта кететін, баршаға түсінікті қарапайым жайт, қабыну барысының дамуына ықпал ететін көрініс жануар организмінің дұрыс азықтандырмау, пайдаланбау, түрлі жарақаттарға шалдығуына орай әлсірейтіндігі. Осы кезде, бірқатар авторлар деректері бойынша, айқын лейкопения, бүйрекүсті бездері белсенділігінің төмендеуі, сиырлар  организмінің иммундібиохимиялық реактивтілігінің әлсіреулері орын алады [8, 9].

Сонымен қатар, кез-келген қабыну кезінде, белсенді биогенді аминдер деңгейі, әсіресе гистамин деңгейінің күрт өсуі байқалады. Ауру жануарлар қанында гистамин деңгейінің жоғарылауы, лимфоциттердің Т-супрессорлық қызметін белсендірте түседі, ал бұл жануар организмінің иммунді реактивтілігін бәсеңдетеді  деп атайды M. Plaut et all.2000. Организмнің ішкі ортасына бөгде ақпараттағы белгілері бар заттар түсуі оның құрылымдық және химиялық құрамының бұзу қауіпін туғызады. Ішкі ортаның сандық және сапалық тұрақтылығының, яғни гомеостазының, сақталуы барлық  организмдегі  жүйелердің өздігінен реттелуі салдарынан қамтылады [10].

Иммунитет — гомеостаз белгіленуін білдіретін шамалар қатарына жатады. Иммунитет құралуына барша организм ат салысады, ондағы қорғаныс реакциялары өзара тығыз байланыста болады. Өзіндік қорғаныс факторларымен қатар көптеген өзіндік емес факторлар да организмнің қорғаныс реакцияларына белсенді түрде қатынасады. Міне, осы иммунологиялық өзгерістерді зерттеу, кейіннен қолданылатын емнің жалпы организмнің иммунологиялық күйіне түзетімдік әсер етуі үлкен қызығушылық тудыратыны баршаға мәлім жәйт, сонымен қатар зерттеушілердің ойы экология тұрғысынан таза, емдік тиімділігі басым ем түрлерін жасауға бағышталған.

Тіршілік әлемінің дамуы жануарлар тобының жеке бір дамыған тобы – сүт қоректілердің пайда болуына әкеліп соқтырды. Ал бұл топтың ерекше қасиеті аналықтарында арнайы сүт безінің болуы. Сүт безінің басты қызметі — өз ұрпағын қоректендіру [1, 11, 12].

Адамдардың ғасырлар бойы дамуы кезінде жануарларды өзіне бағындыруы (доместикация) арқасында сүт безі ұрпағын қоректендіру қызметтілігімен қатар адам үшін аса бағалы қорек көзі – сүт өндіру қызметін де атқара бастады.

Ғылымның қазіргі деңгейдегі дамуы сүт сауу үрдісін, қызмет орындаушы мүше – сүт безі мен сүт бөлінуіне ықпал ететін орталық нерв және нейро – эндокрин жүйелерінің қатысуымен өтетін, күрделі жүйе екенін тағы дәлелдеді. Сауын үрдісі қызметінің бұзылуы сүт безінің және оның қызметін қадағалайтын механизмдердің патологиясына байланысты өтеді.

Соңғы жылдары сүт безі патологияларына айтарлықтай еңбектер арналған [3, 6, 13]. Ветеринария мамандарына нақты сүт безі мүшелерінің кеселдері үлкен кесірін тигізуде.

Желінсау сүт безі патологиясының негізгі түрі болып саналады, ал оның таралу жиілігі әр түрлі авторлардың деректері бойынша алуан түрлі. Бірқатар авторлардың деректеріне сүйенетін болсақ Латвияның кейбір шаруашылықтарында жылына сиырлардың 20 %-ы желінсауға шалдығады. MatiIIa  (1995) сиырлардың жасына, сауын мерзіміне қарамастан желінсауға шалдығуы 25-тен 50%-ға дейінгі шаманы қамтитынын атайды.ToIIe (1917), Сіеske, ViIgoen (1974) тәрізді авторлар сауын сиырларында созылмалы желінсаулардың жалпы зерттеген фермалардағы табынның 40%-ын құрғанын көрсеткен [14].

Клиникалық бақылаулар  мен әдеби деректер талдауы желінсаулардың сауын мерзімі мен қайта өндіру кезеңдеріне  тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Н.И. Полянцевтің (1983) зерттеулерінде сауын сиырларының 18% суалым кезінде желінсауға ұшырайтыны байқалады. Желінсау індетін тану Е.А. Курьянов және басқаларының (1983) еңбектерінде жақсы зерттелінген. Олар суалым кезінде желінсау сиырлардың 6,7 % — да дамығанын анықтаған. Ал төлдеуге дейінгі және төлдеуден кейінгі кезеңдерде желінсаулар 28,4 % — ға дейін өседі екен [1, 3, 15].

Көптеген авторлардың (1984) деректері бойынша суалым кезінде желінсау 20,1 % -нан анықталған, айта кетерлігі алғашқы 10 – күн ішінде желінсау сиырлардың 7,2 % -да байқалған.

Қырым түбегінің кейбір шаруашылықтарындағы жүргізілген зерттеулер кезінде желінсауды жалпы табындағы сиырлардың  20 %  анықтаған. Ғалымдардың деректері бойынша Ленинград облысы бойынша орта есеппен алғанда желінсаулар сиырлардың 27 % -ын құраған.

Ж.Қ. Қоспақов пен Ж.Д. Маусымбаевтардың (1990) деректері бойынша Қазақстандағы желінсау таралу деңгейі 5 –тен 30 % -ға дейінгі аралықты құрайды.

Желінсаулар сиырларды әсіресе машинамен саууға іріктеген кезде желін көлемін, үрпі аумағы мен орнығуын, сүт бөлу уақытын ескермегенде байқалады. Желінсаулардың таралуына соғылу, жаралану, желін ұлпасына микрофлора енуі (стрептококк, стафилококк, ішек таяқшасы т.б.), түрлі ауруларда мал ағзасының уыттануы, шу түспеуі, мен төлдеуден кейінгі эндометриттер, қора-жайлардың антисанитарлық жағдайы, толық бағамды азықтандырмаулар т.б. ықпалын тигізеді [7, 9, 16].

Кейде желінсаулар сиырлардың аусыл, туберкулез немесе басқа жұқпалы ауруларға шалдығуына байланысты дамиды. Желіннің індеттенуі төсеніш арқылы немесе желінді жуып-шаю кезінде қолданылатын заттар, сауын аппараты арқылы өтуі мүмкін.

Микробтар жатырға, желінге, өзге жыныс жолдарына түрлі аурулар кезінде қан арқылы түсе алады. Өзге гинекологиялық патологиялармен қатар, желінсауларды түспей қалған шу қалдықтары, азықтық уланулар кезіндегі қан мен лимфаға түскен уыттар да тудыра алады.

Желінсаулардың пайда болу жиілігімен сиырлардың гормоналдық жағдайындағы байланысты табуға ізденістер жасап баққан. Өз тәжірибелерінде ғалымдар үш табындағы сиырларда, үш жыл бойы 497 желінсауды келесі тәртіпте тіркеген: төлдеуден кейінгі алғашқы айда 87 (16,1%), төлдеуден кейінгі 31-күннен буаздылыққа дейінгі 30-күнге дейін 288 (56,6%), 31-күннен буаздылықтың 120-шы күніне дейін 83 (16,7%),  буаздылықтың 4-ші айынан төлдеуге дейін 44 (11%) болған.

Біршама ғалымдардың деректері бойынша сиырлардың басым көпшілігі (82 %) желінсаумен сауын мерзімінің алғашқы 5- айында, яғни сүттің ең көп өндірілуі кезінде ауырған. Тәулігіне көп сүт беретін (11-ден 29 кг-нан жоғарыға дейін) сиырлар, өнімділігі төмен сиырлардан көрі желінсауға көбірек шалдығады [7, 17]. Мәселен, тәулігіне 5-кг сүт беретін сиырлардың ауруға шалдығуы 1,6 %, ал 11-20 кг беретін сиырларда 13-16 % болады.

Қоздырушы түрі мен тітіркендіргіш әсердің ұзақтығына, ауру үрдісі кезіндегі мал ағзасының резистенттілігіне байланысты сүт безінде өтіп жатқан қабыну үрдістерін екі негізгі түрге – клиникасы айқын және жасырын ағымда (субклиникалық) өтетін деп бөледі.

Тюмень облысында жасырын желінсаулардың орта есеппен 13,7 %  сиырларда болатынын анықтаған, ал суалу кезінде олар 11,1 – 40,6 % сиырларда тіркеген. Сүт өндіру кезінде сиырлар жасырын желінсауға жиі шалдығатынын анықтаған (37 % ).

Кейбір ғалымдар өздерінің зерттеулерінде сиырлардың жасырын желінсауға көп (37,6 % ) шалдығатынын атап өткен [14, 18].                   

Қазiргі уақытқа дейін сиыр желінінің ауруға шалдығу себебі туралы мәселе көптеген дау-дамайлар тудыруда.

Бірқатар ғалымдардың пайымдауынша желінсаулар көптеген әрі түрлі себептерден пайда болып дамиды, яғни полиэтиологиялы болып табылады. Желiнсау дамуы көптеген себептерге байланысты. Ғалымдардың тұжырымдауы бойынша бұл себептерді екі негізгі топқа жинақтауға болады: біріншісі – сыртқы орта әсері, ал екіншісі – тұқым қуалаушылық немесе малдардың ауруға бейімділігі.

Осы себептердің басым көпшілігін бірінші топқа жатқызу қажет. Бұлардың ішіндегі негізгілері: сиырларды машинамен сауу тәртібінің бұзылуы, жоғары деңгейдегі қысым, қысым жиілігінің ұлғаюы, сауын аспаптарын тым көп ұстау немесе уақытынан бұрын қосу [9, 10, 12, 19]. Соңғы қағиданы былай түсіндіруге болады, сүт бөлу рефлексі қанға окситоцин гормоны бөлінген кезде бастау алады, ал бұл бөліну желін үрпілерін жуып, дайындағаннан кейінгі 30-40 секундта болатыны белгілі.Толық бағалы сүт бөлу рефлексіне дейінгі сауу, 25 % -ға дейін сүтті аз алуға әкеліп соғады, яғни бұның арты желінсауға апарып соғады.

Желінсаулардың пайда болып, таралуына сауын орындарындағы антисанитарлық жағдайлар, ең бастысы сауын аспаптарын жуып, залалсыздандыру тәртіптерін ұстанбау зор ықпалын тигізеді. Табында індеттің таралуы сауу гигиенасы бұзылғанда, бірнеше сиырды микробқа қарсы заттары салынбаған, бір шелекті қолданып жуу, сонымен қатар табында желінсаудың созылмалы түрімен ауыратын сиырлар болуы кезінде жиі байқалады [1, 2, 9, 20].

Малдарды дұрыс ұстамау, қора-жайлардың жағдайының жөнді болмауы, суық, лас, ылғалды еденде ұстау, серуендеудің кемістігі немесе мүлдем болмауы, азықтандырылу бұзылуы немесе рационда түрлі азықтық заттар – ақуыз, қант, дәрумендер, микро- және макроэлементтер кемістігі мал организмінің түрлі кеселдерге қарсы тұру қасиетін төмендетіп, желінсаулардың пайда болып, таралуына ықпалын тигізеді.

Дегенмен кейбір ғалымдардың мәліметтері бойынша, желінсаулар дамуы сүт фермаларындағы барлық өндірістік жұмыстарды қарқындатумен тығыз байланысты. Қалыпты өндірістік жағдайларда ұсталынатын сиырлар желінсауға жиі шалдығады.

 

 

 

 

2.2 Ірі қара мaлының желінсау ауруын диагностикалау

Ветеринарлық тәжірибесінде желінсауларды балау үшін клиникалық, цитологиялық, бактериологиялық және иммунологиялық әдістер қолданылады.

Клиникалық зерттеулерге жалпы және жергілікті дене температурасын, тамыр соғуы жиілігін, тыныс алуын өлшеу, мес қарын жиырылуын тексеру, тері, желін үсті лимфа түйіндерінің, жүрек тамыр жүйесінің, шырышты қабаттар және көбею ағзаларының күйін зерттеулер енеді [9, 10, 14, 17, 21].

Мысалы,  желін терісін қарау арқылы оның түсінің өзгергендігін және түрлі зақымдануларды, жүн жамылғысы, тері асты қан тамырларының жағдайын біледі.

Гемморагиялық желінсау кезінде қызыл немесе қоңыр-қызыл түстес дақтар пайда болады. Флегмона дамуы жолақты гиперемия пайда болуымен сипатталады. Желін гангренасы (өлі еттенуі) кезінде бастапқыда қызғылт, кейіннен көкшілт қоңыр және жасыл дақтар пайда болады. Желін төрттіктерінің әртүрлі қызарулары сірі, фибринозды, іріңді-катаралды желінсауларда, көптеген абсцесстерде (іріңді қуыс) байқалады.

Сонымен қатар сүт сапасын тексереді, анамнез жинақталынады. Жоғарыда айтылған белгілері бойынша клиникалық желінсау түрлерін айыру қиындық тудырмайды олар сірі, катаралды, фибринозды, іріңді, гемморагиялық, өзіндік болып бөлінеді.

Сірі желінсау кезінде жалқаяқ теріасты шеліне, бөлікаралық, аралық желін ұлпаларына жиналады. Фибринозды желінсау ұлпа бойына, сүт жолдарына шөгіп, жинақталуымен сипатталады. Іріңді желінсау үш түрде өтеді, гемморагиялық желінсау ұлпа бойына, желін тарамдары (альвеола) мен сүт жолдарында қанталаулар тудыруымен сипатталады.

Ал айқын көрінетін белгілері жоқ, сүттің сыртқы көрінісі өзгермей өтетін жасырын желінсауларды уақтылы анықтау айтарлықтай қиындықтар тудырады және осындай сүттің жалпы сауылған сүтпен араласып кетуі қауіпін туғызады.

Желінсаулардың жасырын түрлерін диагностикалау

Физика, химия, математика тәрізді негізгі ғылымдар мен олардың ықпалында дамыған молекулярлы биология мен генетика, биохимия және өзге қолданбалы ғылымдардың соңғы жылдардағы дамып жетілуі – клиникалық түрде желін патологиясы білінбейтін кезеңдерде желінсаулардың физиологиялық, биохимиялық үрдістерін зерттеуге мүмкіндік берді.

Желінсаулар кезіндегі патологиялық үрдістердің кезеңалды күйлері мен жасырын кезеңдері туралы түсінік материалдық негізге ие бола бастады. Бұл қағида, әрине түбегейлі тәжірибе және клиникалық тұрғыдағы дәлелдеулерді қажет етеді Желінсаулардың бастапқы, жасырын кезеңдері жайлы сүт безінің биохимиялық, цитологиялық көрсеткіштерін бақылап, тұжырымдар  жасалынады [9, 14, 22].

Қабыну үрдісінің патофизиологиясына байланысты желінсау дамуы келесі үрдістерден тұратын кезеңдерден құралады:

1 Зақымдалған безге полиморфты ядролы лейкоциттердің жинақталуы.

2 Мүше ұлпaлары мен жасушалары біртұтастығының бұзылуы және олардың тысқары шығуы.

3 Тaмыр бойы өткізгіштігінің жоғарылауы әсерінен сүт безі ұлпаларына қанның жасушалық және жасуша маңы бөліктерінің шығуы.

Ғалымдардың айтуынша сүттің электрлік өткізгіштігін және ондағы хлор, натрий, калий иондарының құрамын, соматикалық жасушалар санын, лактоза шоғырлануын, бактериологиялық көрсеткіштерді зерттеп, желінсаулар кезінде электрөткізгіштіктің ұлғаятынын, хлор мен натрий иондары құрамының жоғарылайтынын, соматикалық жасушалардың көбейетінін көрсеткен. Авторлар сүт сауу арақашықтығы неғұрлым көп болса (3-тен 9-сағатқа дейін), соғырлым электрөткізгіштігі де көбейетінін атап өткен.

Кез келген ауруды диагностикалаудың басты мақсаты оның бірден ауру малдың маңында орындалуы екені анық. Осыған кейбір химиялық әдістерді жатқызуға  болады, бұл кездері сүт бөліктерінің реакциясы уақыт бойынша бірнеше секундта немесе минутта өтеді де оның сандық және сапалық бағалануына қарапайым заттар қажет етіледі.

Желінсаулар мен желінсау алды жағдайларын диагностикалау ветеринарлық тәжірибеге сүт-бақылау тақталарын енгізудің арқасында  едәуір жеңілдеді. Осы тақта көмегімен димастин үлгісі жеңіл әрі жылдам орындалады.

Желінсауларды балаудың осы тобына калифорниялық тестті де жатқызуға болады, реагент ретінде алкил-акрилсульфаттары мен май қышқылдарының сульфанаттары пайдаланылады.

Иммундық және фагоцитарлық белсенділігінің жағдайы да желінсаулардың, әсіресе оның бастапқы кезеңдерінде, пайда болуының, дамуының хабарламашысы – көрсеткіші болып табылады. Көптеген ғалымдардың зерттеулерінде сүттің лизоцимдік белсенділігі сүт безі қызметінің жағдайын білдіретін өзіндік белгі екені дәлелденген [2, 17, 23]. Осы орайда автор соматикалық жасушалар саны, сүттің рН-ы сүтті тұндыру тәрізді белгілермен салыстырғанда желінсауды анықтаудағы лизоцим титрлігінің хабар етіп балайтындығын айқындаған. Клиникасы айқын сиырлардан жаңа сауылған сүттің бактериоцидтік белсенділігі жоғары болатынын көрсеткен, бұл арқылы автор иммунобиологиялық механизмнің желінсаудың пайда болу уақытында, сонымен қатар ағымы мен сауығуы кездерінде аса маңызды екенін атап өткен. Сүттегі лейкоциттердің фагоцитарлы белсенділігін бағалау үшін опсондыфагоцитарлы реакцияны пайдалана отырып, новокаин мен аскорбин қышқылы тәрізді препараттарды қолдану дамып келе жатқан инфекцияға организмнің қарсы тұруын жоғарылата отырып, лейкоциттардың фагоцитарлы белсенділігін күшейтетінін көрсеткен [24]. Осы кезде аскорбин қышқылын желін үрпісіне енгізу концентрациясы 0,4 %, ал новокаин немесе тримикаиндікі 0,5 %-дан аспауы керек. Енгізілетін препараттардың оптималды мөлшері 10 мл. болып табылады.

Бүгінгі күні барлық зерттеушілер сүт шаруашылығының негізгі шығыны жасырын желінсаулардан келетіні жайлы тұжырымға келді.

Желінсауға шалдыққан сиырлардың сүтінде бактерия, лейкоцит, нейтрофил және қабыну үрдісіне тән өзге жасушалар саны күрт өседі.

Міне, сондықтан да зерттеушілердің  басым көпшілігі, сүттегі осы ДЖ-ды санау,  жасырын желінсау түрлерін ерте анықтауда өте тиімді деп есептейді. Ал бұл өз алдына, желінсауға шалдыққан сиырлардан алынған сүттің жалпы сауылған сүтпен араласуын және сүттің сұрыптығын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Жоғары сұрыпты  сүтте 500 мың/см³-дан  астам денешікті жасаушалар болмауы керек. Көптеген зерттеулер арқылы сүттегі ДЖ саны мен желін індеттенуі аралығындағы өзара байланыстың (корреляция) 0,5-0,54-ке тең екені анықталған. Егер жиналатын сүтте 200 мың/мл ДЖ болса, табында желінсаумен 6 % желін бөлігі, ал 1,5 млн ДЖ мл болса ондай бөліктер 45 % болады.  Бірқатар авторлар желінсаулы сүт қоспаларын анықтау үшін жалпы сүтте іріткілік және резазуриндік сынамаларды, Хотис сынамасын, сондай-ақ лейкоциттер мөлшерін санауды ұсынады [1, 3, 5, 25]. Қоспалы сүтті анықтау үшін ең тиімді тәсіл болып бактериологиялық зерттеу табылады дегенге саяды.  Сүттегі лейкоциттер мен өзге жасушалар мөлшерін анықтау үшін Штернгаймер-Мальбин тәсілін қолдануды ұсынады. Лейкоциттердің сүттегі мөлшерін анықтаудың өзге қолданыстағы әдістерінің ішінде басым көп зерттеушілердің пікірінше ең дәл нәтиже беретіні Прескот-Брид ұсынған әдіс.

Сиырлардың жасырын желінсауларын диагностикалауды жетілдіру үшін сау және жасырын желінсауға шалдыққан сиырлар уызының биохимиялық зерттеулері өткізілген. Сау және жасырын желінсауға шалдыққан сиыр уыздарында бұзаулаған күні биохимиялық талдаулар өткізілген, осы зерттеулер негізінде ауру желін бөліктерінің уызында жалпы ақуыз 32 %, соның ішінде еріген ақуыз 20 %, сарысулық альбуминдер 35 %, лактоза 27 % жалпы фосфор 17 %-ға аз болған. Айта кетері нуклеин қышқылдары 16 %, С-дәрумені 12 % гликопротеидтер 35 %-ға көп болғаны аталады [21, 26].

Көптеген отандық және алыс-жақын шет ел зерттеушілерінің мәліметтері бойынша желінсауға шалдыққан сиырлардың сүтіне айтарлықтай түрде физикалық (жабысқақтығы 1,55-ке дейін төмендейді, қалыпты жағдайда 2,21, тығыздығы 1,0216-1,0269 г/см дейін төмендейді) көрсеткіштермен қатар, химиялық көрсеткіштер де өз әсерін тигізеді.

Титрлік қышқылдығы 14-15 типті 10º Т-ға  дейін 5-тен 13º Т ауытқуымен төмендейді ( қалыпты жағдайда 16-20ºТ), зақымдалған бөліктердің белсенді қышқылдығы (рН) 7,7-7,10 құраса,  зақымдалмағандардікі — 6,65.

Сүтте денешікті жасушаларды анықтаудың бірнеше әдістері бар. Мысалы: көзбен шолу әдісі; ВМЛК-вискозиметрін қолданып анықтау т.б. әдістерді жатқызуға болады. Желінсауды балаудың зертханалық әдістерінде сүтті бактериологиялық,  иммунологиялық тұрғыда осы кесел қоздырғыштарын бөлу және сүт безі мен жалпы бүкіл организмнің қорғаныш күштерінің деңгейін анықтау мақсатында зерттеу кешендері қолданылады.

Желінсауларды балау мақсатында,  құрамында беткейлік белсенді заттары (ББЗ) бар реактивтер қолданылады, оған димастин, мастидин, мастит-диагност, мастоприм, Воронеждік желінсау тесті және басқаларын жатқызуға болады. Шет елдерде калифорниялық желінсау тесті (КЖТ), софия-тесті, бернбург, рапид-тесттері тағы басқалары қолданылады.

Соңғы жылдары осы аталған препараттардың шығарылмауына байланысты жедел желінсау тестілерін (ЖЖТ) қолдану жолға қойылған.

Міне осындай тестілердің тиімділігін анықтау мақсатында желінсауларды балау кезінде 5-тестті сынаудан өткізген. Олар 5 % — дық димастин ерітіндісін, 1,25 % — дық универсал, 2 % — дық мастидин ерітіндісін, уайтсайд үлгісін және 0,5 % — дық бромтимолблау ерітінділерін пайдаланған. Өткізілген сынамалық тәжірибе нәтижесінде авторлар уайтсайд үлгісінің (4% NaOH) жоғары тиімділігін анықтаған (96,5%) [10, 27].

Сиыр желінсауларының жасырын түрін анықтау үшін бірқатар зерттеушілер әртүрлі диагностикумдарды сынаған кезде өзге тесттерге қарағанда 5 % — дық димастин ерітіндісі, тазартылған суда әзірленген 10 % — дық димастин ерітіндісі, крахмал геліндегі электрофорезбен центрифугирлеу үлгілерінің сезімділігі жақсырақ екені анықталған.

Индикаторлы үлгілер лейкоцит зерттеулерімен салыстырғанда көптеген сау болып келген  сиырларда оң реакция береді. Бұлардың ішінде бромтимол үлгісінің дұрыстылығы ең аз, одан соң димастин, ал мастидин үлгісі сенімдірек болып шықты.

Денешікті жасушалар санын біле отырып, жиналынған сүтпен араласқан қалыпсыз сүтті анықтап, желінсауды диагностикалау мүмкін екендігін мәлімдейді. Беткейлік белсенді заттар (ББЗ) көмегімен өндірістік жағдайларда жылдам әрі дәл түрде сүттегі денешікті жасушалар санын анықтауға болады.

Желінсауға шалдыққан және одан ада сиырлардың уыз сүтінің биохимиялық құрамын зерттеген. Олардың пайымдауынша осы деректер жасырын желінсауды балаудың қосымша көрсеткіштері бола алады. Краснодар өңірі жағдайларындағы сүт фермаларында жасырын  желінсаулар түрлерін балау үшін 4 % — дық кір жуғыш “Лотос-М” ұнтағының ерітіндісі пайдаланылған. Оң нәтиже реакция қойғаннан кейінгі 15-20 секундта байқалған. Осы нәтижелердің мастидин көрсеткіштерімен сайма сай келуі 77,7 % құраған.

Тұндыру үлгісі сүт безі ұлпаларының айқын морфологиялық өзгерістері кезінде ғана “оң” нәтиже береді де тек 20 % жағдайларда жасырын желінсауға шалдыққан сиырларды анықтай алады, ал димастин 65 % жағдайда анықтауға мүмкіндік береді, тұндыру үлгісінің аз сезімталды екенін тағы бірқатар авторлар да атайды [16, 22, 27, 28]. Біздің деректер де тұндыру үлгісінің аз сезімталды және қолайсыз әдіс екенін көрсетті. Бұл үлгі желін ұлпаларындағы айқын өзгерістер кезінде ғана оң нәтиже береді, ал ондай нәтижелерді көбіне кәдімгі клиникалық зерттеулер көмегімен алуға болады. Бромтимол үлгісі 65,4 %-да анықтайды. Алайда өзге әдістермен салыстырғанда сүт бөлуінің бұзылуларын үнемі айыра алмайды. Желінсауды экспресс диагностикалау аспабын (ЖЭДА) кеселге шалдыққан сиырларды анықтау үшін қолдану, желін жағдайына байланысты сүттің электр тоғын өткізу өзгергіштігіне негізделген. Аспаптың жалпы қолданылатын, классикалық тесттермен өзара байланыстылығы (коррекция) жоғары.

Маститодиагност сульфанол ( RС6 Н 43 Na ), натрий үшполифосфаты (Na 5P 3O 10) , суда еритін көкшіл бромтимол (МРТУ-6-09-1483-64) және розол қышқылдарының (С19 Н14 О8 ) қоспасы. Құрғақ күйінде ол белсенділігін бес жыл, ал ерітінді түрінде тоңазытқышта ( t 3-50 С) үш жыл бойы сақтайды, сонымен қатар маститодиагностың 1л – 1000 сүт үлгісін талдауға жетеді. Индикаторды келесі түрде дайындайды: тазартылған, 70-760 С — ға дейін жылытылған суда 50 г натрий үшполифосфатын  және 300 г ұнтақ түріндегі сульфонолды ерітеді. Қоспа еріп, ерітінді 20-250 С дейін суығанда  суда еритін  0,2 г көкшіл бромтимол мен 5 мл 1 % — дық розол  қышқылының спирттті су ерітінділерін қосады.

Сиырлардың жасырын желінсауын уыздың биохимиялық құрамы бойынша диагностикалап, ауру үрдісіне тек зақымдалған желін бөліктері ғана емес, параллельді орналасқан бөліктер де қандай да бір дәрежеде шалдығатынын болжамдайды [3, 9, 29].

 

 

2.3 Сиыр желінсaу ауруының сүт сапасына әсері және алдын алу шаралары

Желінсаулардың әлемнің әр елдерінде кең етек жайғандығы әдеби деректер легінен көрініс табуда, түрлі авторлардың әрқилы мәліметтеріндегі айырмашылықтар осы кеселдің полиэтиологиялы болуына орай еш күмән тудырмауы қажет.

Сиыр табындарындағы желінсаудың таралуы Қазақстан мен өзге елдерде кең көлемде дамып, 2-5-тен 10-55%-ға дейінгі шаманы қамтиды. Клиникасы айқын түрде өтетін және жасырын желінсаулар шамамен 1:2-2:5 қатынастығында өршиді [2, 4, 5, 18, 30].

Қазақстан жоғары сұрыпты сүт тапсыру бойынша әлемдегі соңғы орындардың бірінде бір желінсауға шалдыққан сиырдың сүт өнімділігі жылдық есепте 10-15% — ға төмендейтіндігі белгілі [5].  Сонымен қатар сүт безінің түрлі ақаулықтарында, ең алдымен оның семуіне (атрофия) байланысты орта есеппен 5% — ға дейінгі малдар шығындалады, ал бұл өз алдына қайта өндіруге кері ықпалын тигізетіндігі  ақиқат.  Біз өз зерттеулерімізде сиыр желінсауларының физиотерапия, фармокологиялық алдын алу, фармакотерапия мәселелерімен байланысқан жайларға көңіл бөлуді жөн санадық. Механикаландырылған фермаларда желінсауларды емдеуге үлкен мән беріледі. Антибиотиктермен қатар көптеген жаңа тәсілдер мен әдістер ұсынылған, мәселен,  ультрадыбыс,  магнит алаңымен емдеу, түрлі жылу көздерімен желінді қыздыру

Сүт және сүт өнімдерінің сапасына әсер ететін фактордың бірі-желінсау. Желін үрпісінің асқынуы кезінде сүттің құрамының  физикалық-химиялық, биологиялық қасиеттері өзгереді. Аурудың асқынуы үрпінің ісінуіне байланысты. Клиникалық формадағы желінсаулар кенеттен байқалады. Сүттің құрамында көп мөлшерде құрғақ зат, май, казеин, лактоза, калций тұзы, фосфор, магний, витаминдер, М лизоцим титр мөлшері азаяды.

Субклиникалық желінсаумен ауырған сиыр сүттінде қантты хлор саны 3,0-12,56, орташа көлемі 7,92 болады. Сау сиырлардың сүттінде 3,01 құрайды. Сулы ионның сүттегі концентрациясы  ауырған сиырдағы көрсеткіші 6,84-7,19, тығыздығы -8-12°Т.У, сау сиырларда орташа көрсеткіш-6,66-16,8 °Т. Сүттің химиялық құрамының өзгеруі сүттің тығыздығының төмендеуіне әкеледі 24-25 оА [18, 31, 32, 33].

Желін үрпісінің ісінуі кезінде сиыр сүтінің жалпы ақзат құрамы 3,45 %-ға дейін жоғарылайды. Орташа деңгейдегі сүтте оның көрсеткіші 3,10 % құрайды. Лактоза 4,6 мг %, кальций 131,5-ға дейін, фосфор 85,5 мг % төмендейді. Сау сиырлардың сүтіндегі осы көрсеткіштер- 5,11 мг% , 137,6 мг%, 87,5 мг%.

Желінсауға қарсы ең бірінші көзделетін мақсат — комплекстік сақтандыру шараларын ұйымдастыру. Әсіресе мал организмінің табиғи төзімділігін арттыруға бағытталған зоогигиеналық және мал дәрігерлік шараларға ерекше мән беріледі. Өйткені малдың жалпылай не жекелеген мүшелерінің төзімділігі нашарлаған жағдайда ірі қарада, әсіресе жас төлдерде көптеген аурулар, соның ішінде желінсау ауруы пайда болады. Сондықтан желінсауға қарсы сақтандыру шаралары жүргізілгенде, ең әуелі малдың жалпы төзімділігін кемітуге әсер ететін факторларды болдырмау әрекетін қарастырады. Демек, желінсауға қарсы жүргізілетін сақтандыру шаралары тек осы мақсатта ғана емес, басқа да кең тараған ауруларды (ішек-қарын, жүрек-қан тамыры т. б.) болдырмауға, сөйтіп сиырдың сүттілігін және асыл тұқымдық сапасын жақсартуға бағытталады.

Ірі қара өсіретін шаруашылықтарда мал организмінің табиғи төзімділігінің нашарлауы нәтижесінде пайда болатын шартты түрдегі жұқпалы және жұқпайтын аурулар өте қатерлі келеді [34, 35, 36].

Малдың табиғи төзімділігі нәсіліне, азықтандыру, күтіп-бағу және пайдалану жағдайына байланысты. Мұның өзі көне заманнан бері малдың табиғи сұрыпталуы болып келеді: Бұл олардың табиғи төзімділігін арттырумен қоса, осы бағалы қасиетін ұрпағына да дарытуда. Осыған байланысты іріленген мал шаруашылықтарында шартты инфекциялық ауруларға қарсы жүргізілетін сақтандыру шараларының ең басты принципі — мал организмінің табиғи төзімділігін сақтауға немесе оны қалпына келтіруге бағытталған азықтандырудың, күтіп-бағудың және пайдаланудың технологиялық амалдарын қарастыруда болып отыр. Мәселен, бұзаулаған дені сау сиырдың сауылуының алғашқы алты айы кезінде сүтіндегі лизоцим «М» титрі сиырдың табиғи төзімділігі деңгейінің нақтылы көрсеткіші бола алады. Лизоцим «М» титрі қалыпта болған жағдайда желін паренхимасының қабынуы мүлде дерлік байқалмайды. Ал, малдың табиғи төзімділігі нашарлаған жағдайда сүттегі лизоцим «М» титрінің көрсеткіші төмендеп, олардың әр түрлі ауруларға төзімділігі нашарлайды. Сиыр эпизоотологиясын тексеру барысында желінсаудың пайда болуы негізінен төрт түрлі себепке байланысты екендігі анықталды. Атап айтқанда:

  1. Сиырды азықтандыру режимінің бұзылуынан болатын желінсау, бұл — жыл ішіндегі күллі желін ауруының 50 процентіне жуық;
  2. Жарақаттанудан, негізінен алғанда, сиырды машинамен дұрыс саумаудан пайда болатын желінсау;
  3. Сиырдың бұзаулар алдындағы және одан кейінгі кезеңінде пайда болатын желінсау, бұл — жыл ішіндегі барлық желін ауруының 30 процентіне жуық;
  4. Басқа да себептерден пайда болатын желінсау. Мәселен, инфекциялық желінсаудың үлесі шамалы, бірақ кейбір жағдайда, әсіресе грибок, аусыл, бруцеллез, туберкулез ауруларынан пайда болатьш желінсау эпизоотияға, яғни жаппай індетке айналуы мүмкін. Эпизо-отологиялық деректерге сүйенетін болсақ, ірі шаруашылықтарды әсіресе сиырды азықтандыру кезінде жарақаттануына және бұзаулау кезінде пайда болатын желінсауға қарсы сақтық шараларын жүргізудің айрықша маңызы бар екендігі аңғарылады.

Азықтандыру режимінің бұзылуының салдарынан да желінсау ауруының пайда болуы мүмкін. Соның әсерінен малдың жалпы табиғи төзімділігі де нашарлайды. Сондықтан сиырды желінсаудан сақтандыру мақсатында азық рационының биологиялық құндылығын ұдайы бақылап отыру қажет.

Азықтандыру режимінің бұзылуынан сиырдың желінсауға ұшырайтындығы ғалымдардың зерттеу жұмыстарында дәлелденген. Мәселен тәжірибе жүзінде бірінші жағдайда сапалы сүрлем, қант қызылшасы және басқа да балғын азықтар мол берілген, ал екінші жағдайда бұл азықтардың мөлшері де, сапасы да бастапқы жағдайдан төмен болған. Сонда екінші жағдайда күтіп-бағылған сиырлардың желінсауға жиі шалдығатыны аңғарылған. Демек, азық рационын құнарландыру арқылы малдың жалпы табиғи төзімділігін қалпына келтірумен қоса, оларды әр түрлі асқазан ауруларынан, соның ішінде желінсаудан да сақтандыруға болады [5, 13, 37, 38].

Сиыр қорада зоогигиеналық және мал дәрігерлік-санитарлық шаралар тиісті талапқа сай ұйымдастырылатын болса, онда сиырды байламай баққанда желінсау ауруларын барынша азайтуға толық мүмкіндік бар. Алайда, деп атап көрсетеді авторлар, бұл прогрессивтік тәсілді үстірт ұйымдастыру сауын сиыр арасында желінсау ауруын өршітіп жіберуі мүмкін.

Сауын сиырлар да еркін серуендетіліп, ірі азық, ал жылы күндері балғын азық пен жем берілуі тиіс. Ішетін сумен де қамтамасыз етілуі керек. Жайып бағу аралығында төлдерді, құнажындар мен сиырларды күн сайын бірер сағат серуендетіп тұрған жөн. Жоғарыда айтылған талаптарды бұлжытпай орындау дені сау, әрі өнімді төл алуға мүмкіндік береді.

Аулада, жайылымда бағу сиырдың өнім беру мерзімін арттырудың, әрі желінсаудан сақтандырудың басты тәсілі болып табылады.

Сиырды жыл бойы қорада бағу бірқатар аурулардың таралуына себепші болады. Малдың ұзақ уақыт бойы серуендемей, қорада қамалуы салдарынан желін ісінеді, оның ақыры сүт безінің төзімділігі нашарлап, желінсауға шалдығуына әкеп соғады [7, 39, 40, 41, 42].

 

 

 

3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

3.1 Зерттеу мaтериалдары мен әдістері

Дипломдық жұмыстың теориялық және эксперименталдық бөліктері Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының зертханаларында және Алматы облысы, Талғар ауданында орналасқан ЖШС «Амиран» шаруа қожалығында жүргізілді.

Зерттеу материалдары. Зерттеу  жұмыстарын жүргізу барысында қолданылған  материалдар; электронды таразы, пробиотикалық культуралар, пробиркалар, колбалар, Петри аяқшасы, химиялық стақандар мен пипеткалар, қоректік орталар, физиологиялық ертінді.

Ғылыми-өндірістік зерттеу лактацияланған сиырларды 2 топқа бөліп, зерттеу тобына 12 бас, бақылау тобына 12  бас алынды. Жануарлар әр түрлі зерттеу базасында ұсталды, зерттеу 2 апта жүргізілді.

Желін үрпісін сауылғаннан кейін арнайы пульверизатор арқылы пробиотикалық препараттарды сауын аппараты алынғаннан кейін  қолдандық, препаратты желін үрпісіне  жоғарыдан төмен қарай 2-3 с аралығында шаштық. Бақылау тобындағы сиырлардың желін үрпісі арқылы емдеу шаралары («Dryclox-kel» препараты (Украина) және «Орбенин ДС» (АҚШ) препаратымен) жүзеге асырылды.

Желін үрпісінің жалпы микробтық ластануын анықтау үшін саууға дейін және сауудан кейін пробиотикалық препаратпен өңдегеннен кейін жұғынды алынады. Микроб колониясының жеке өсімін алу мақсатында шайынды суды стерильді құбыр суына немесе физиологиялық ерітіндіге араластырады. Ол үшін тампонды пробиркадан мұқият сығып алғаннан кейін стерильді пипеткамен 1 мл алып 9 мл су немесе физиологиялық ерітіндісі бар пробиркаға тамызады да бірінші ерітуді – 1:10. Басқа стерильді пипеткамен пробирка ішінен 1 мл алып екінші пробиркаға құяды. Сөйтіп, 1:10, 1:100, 1:1000, 1:10 000 ара қатынасты алады. Соңғы үшеуінен 1мл сұйықтық алып стерильді Петри аяқшасына құйып үстіне ерітілген және 40-45ºС- қа дейін суытылған ет- пептонды агарды құяды. Ал дәл нәтиже алу үшін әрбір пробирканы үш Петри аяқшасына егеді. Агар суыған кезде аяқшаларды 37ºС температурада термостатқа қояды, ал  48 сағаттан соң өсіп шыққан колонияларды санайды. МЕМСТ 9225-84 сәйкес есепке 30 дан немесе 300 ден аз колониялар өсіп шыққан аяқшаларды алады. Әрбір аяқшадағы 1 мл колония үлгісіндегі бактерияның жалпы санын анықтау үшін сәйкес егуге көбейтеді. Шығарылған нәтижелерді саналған аяқша санына бөледі де соңғы нәтиже табылады. Өсу жылдамдығына байланысты Петри табақшасында өскен колониялардың санын 1-15 тәулігінен кейін санайды. Табақшадағы колониялардың орташа санын анықтайды да формула бойынша 1 мл-дегі клеткалар санын есептедік:

 

М=а*10n/v,  (1)

 

мұндағы, М — 1 мл-дегі микроорганизм клеткаларының саны; а – Петри табақшасындағы микроорганизмдер колониясының орташа саны; 10 – сұйылту коэффициенті; n – егу жүргізілген сұйылтудың реттік саны; v – егуге алынған суспензияның көлемі.

         Зерттеу әдістері

  Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена кафедрасының қоректік орталарды егу, сұйылту және және микроорганизмдердің өсуін бақылау мақсатында бокста жұмыс істеу әдістемесін қолдандық. Ең алдымен жұмысты бастамас бұрын бокста кварц шамын 10 минутқа қосып қоямыз, яғни ауадағы микроорганизмдерді жою мақсатында, сонан соң кварцты өшіріп, арнайы киімдерді киіп (халат,қалпақ,маска) зерттеу жұмысына кірісеміз.

Сұйылту дайындау

Пробиотикалық препараттардың тиімділігін салыстырмалы бағасын  желінді өңдеуге дейінгі және кейінгі әр желін үрпісінен сынама алу арқылы жалпы бактериалдық санына байланысты жүргіздік.

Кезекті әр желін үрпісінен стерильді мақта тампонымен сынама алынды.

Тампонды дайындау үшін алюминий, ағаш стерженьдерді қолданады, оның бір ұшына түзу валик (30х50мм ) түрінде мақта орадық, ал пробиркаға кіретін деңгейге, мақталы тығын жасалды. Стерженнің пробиркадан соңына дейін ара қашықтығы 12 см. Тампондарды пробиркаға қойып, қағазбен орап, 30 минут бойы 15 атм.қысымда автоклавта стерильдейді.

Сынама алу алдында тампонды 10 мл стерильді физиологиялық ерітінді құйылған пробиркаға алмастырады. Сүрту алдында су көп болып кетпес үшін пробирка қабырғасына қысып сығады. Сынама алынғаннан кейін тампонды осы пробиркаға салып мұз салынған термостатқа тігінен қояды немесе осы күйінде лабораторияға әкеледі. Егуге байланысты барлық іс- шараларды асептика ережелерін сақтап жасайды.

Автоклавпен жұмыс істеу ережесі. Жұмысты бастамас бұрын автоклавтың өлшегіш бөліктері толық тексерілуден өтуі тиіс. Автоклавта буды автоматты түрде жүйелеу су құбырының электровакуумды монометрінің тілінстерилизация режиміне сәйкестендіреді: төмендегі тілді 0.1атм қысымнан төмен қояды, ал жоғарғы тілінжұмыс қысымынан жоғары қояды.

 

 

3.2 Шаруашылыққа сипаттама

Қазақ тағамтану академиясының «Амиран» ЖШС зауыты.

2010 жылы іске қосылған зауыт жылына 1500 тонна балаларға арналған тағамдар шығаруға қауқарлы. Зауытты ашуға 1300,0 млн.теңге жеке қаражат тартылған. «Амиран» 2015 жылдың алғашқы төрт айында 315,2 тонна сүт, 203,8 млн.теңгеге 394 тонна өнім өндірген. Мұнда балаларға арналған сүт тағамдарының 11 түрі шығарылады.

Қазақ тағамтану академиясының «Амиран» ЖШС зауыты балаларға арналған сүт және сүт тағамдарын шығарады. 2010 жылдың аяғында 1300 миллион теңге қаражат есебінен іске қосылды. 87 жұмыс орны құрылған. Өндіріс қуаттылығы жылына 1500 тонна балаларға арналған тағамдар шығарып келеді.

2015 жылдың төрт айында 315,2 тонна сүт, 203,8 миллион теңгеге 394 тонна өнім өндірді, қуаттылығы 105,1 пайызды құрады. Зауыт шығаратын өнім пайдалы және емдік микроорганизмдерге – бифидобактерияларға, қышқыл сүт бактерияларға, лактобактерияларға, ацидофильді микроорганизмдерге өте бай.

Зауыт сүт өнімдерінің 11 түрін шығарады. Ассортиментте балалар тағамына арналған сүт, 6 айдан асқан балаларға арналған сүзбе-паста, жасқа толған балаларға арналған түйірлі сүзбе, бір жастан асқан балаларға арналған «тірі» йогурт және жеміс-жидек дәмі бар «тірі» йогурт, 6 айдан асқан балаларға арналған қышқыл сүт қоспасы, іркіт бар.

 

 

Сурет-1. «Амиран» ЖШС мал шаруашылығы

 

Шетелдік селекцияның 800 сауын сиырына лайықталған заманауи сүт кешені 2014 жылы құрылған. Қаржыландыру көлемі 3,5 миллиард теңге, қаржыландыру көзі – заемдық және жеке қаржы болып табылады. Шаруашылық үшін 1528 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер бекітілген. Негізгі бағыты – сүт зауытын өз шикізатымен қамтамасыз ету үшін сүт өндіру.

2014 жылдың соңында Канададан асыл тұқымды сүтті бағыттағы қара-ала сиырдан 800 бас әкелінді. Сүт кешенінде 800 бас сиырға лайықталған сиыр қора, бұзау ұстайтын 3 ғимарат, сиыр туатын орын, ветеринарлық-санитарлық аймақ салынды. 1450 тонна шөп сиятын жабық орны бар. Сиыр сауатын зал американдық «Baumatic» фирмасының сиыр сауатын құрылғысы – параллельмен жабдықталған. Биылғы жылдың басынан бері жалпы сүт сауымы 1700 тонна, 1 сиырдан орта есеппен тәулігіне сауылатын сүт – 27 келіні құрады.

Сиырлар тұратын арнайы орындарды, сиыр сауатын цехтардан тұрады.

Барлық сиырлардың денсаулығына қарайтын арнайы ветеринариялық блок және бас мал дәрігер бар және әр бөлімге қарайтын жекеленген мал дәрігерлері қарастырылған.

Ауaның жер бетіндегі қабатының иондалуы негізінде ғарыштық сәулелер мен радиоактивтік сәулелердің шағылысуларының әсерінен болады.Сонымен қатар ауада иондар су шашырағанда (құлама суда, су атқылағанда) газдың сиректелуі әсерінен, ультракүлгін сәулелерінің ықпалымен де пайда болады. Аталған себептердің салдарынан молекула немесе газ атомынан бір немесе бірнеше сыртқы электрондар бөлініл шығады. Бос электрон бірден теріс зарядтала отырып, бейтарап молекулаға қосылады да қалғандары оң зарядталады. Электрон, көбінесе оттегін қабылдайды. Сондықтан да негізгі теріс аэроион оттегі ионы болып табылады.

 

 

3.3 Зерттеу нәтижелері

3.3.1 Шаруашылықта субклиникалық маститтің таралу деңгейін зерттеу

Қaзіргі кезде еліміздің тәуелсіздігін дамытып, экономикасын жоғары деңгейлерге жеткізу мақсатында мал шаруашылығының алатын орыны зор. Осы қиын-қыстау, өтпелі нарық кезеңінде мал бастарын көбейтіп, сүт өнімділігін жоғарылатуды тежеуші мәселелердің бірі сиырлардың акушерлік гинекологиялық аурулары.

Желінсаулар салдарынан келетін экономикалық шығындарға сүт өнімінің төмендеуі, сүттің технологиялық қасиеттерінің нашарлауы, сиырлардың уақытынан бұрын шығындалуы, төлдердің түрлі ауруларға шалдығуы, азықтандыруға кететін қосымша шығындар, оған қоса ауруларды емдеуге шығындалатын қаражаттар жатады.

Желінсаулардың балауының сенімді әдістерінің бірі — кешенді балау жүргізу жұмыстары. Оған аналықты, оның сүт безін клиникалық зерттеу, сүт сынамаларына талдау жасау кіреді. Сонымен қатар, жасырын желінсау түрін анықтаудың маңызы зор.

Зерттеу жұмысымыздың алғашқы сатысы шаруашылықта жалпы маститпен ауру сиырлардың деңгейін анықтау жұмыстары жүргізілді.  

Маститтың таралу деңгейін диактостикалау үшін, кафедрада құрастырған «Промастит» индикаторының көмегімен жүргізілді. Зерттеу жұмысы Алматы облысы, Талғар ауданының Кемертоған ауылындағы «Амиран» ЖШС шаруашылығында жүргізілді.

Зерттеу нысаны ретінде шаруашылықтағы голштин тұқымдас сиырлар пайдаланылды, желінсауларды балау әдістерін жүргізу және сүт безі мен әр желін бөлігінен алынған сүттегі өзгерістерге көңіл аудардық.

Шаруашылықта жалпы сиырлардың әртүрлі кезеңдегі мастит ауруына шалдығу деңгейін анықтау жұмыстарының нәтижесі төмендегі 1-ші кестеде келтірілді.

Кесте -1. Әртүрлі кезеңде маститтың түрлері мен таралу деңгейін анықтау нәтижелері

 

Кезеңдер

Сиырлар саны

Маститтің пайда болу түрлері

барлығы

Маститпен ауырғаны

Жасырын түрі

Клиникалық көріністері

серозды

катаральді

іріңді- катаральды

сиырлар

%

сиырлар

%

сиырлар

%

сиырлар

%

сиырлар

%

Сауын

129

15

11,2

12

9,1

1

0,9

1

0,9

1

0,4

Суалуға дайындау

137

18

13,2

15

11,4

1

0,5

2

1,4

Суалу

145

26

18,1

20

14,1

1

0,9

2

1,3

3

1,8

 

1 –ші кесте нәтижелерін талдау барысында, шаруашылықта маститтің жасырын түрі сауын кезінде орташа 9,1% сиырда байқалса, клиникалық түрі орташа 2,2% болды, оның ішінде серозды түрі — 0,9%, катаральді — 0,9% және іріңді-катаральді — 0,4% жануарларда кездескен. Суалуға дайындау кезеңінде маститтің жасырын түрі орташа 11,4% сиырды құраса, клиникалық түрі орташа 1,9% болды, оның ішінде катаральді түрінің саны — 0,5% және іріңді-катаральді түрінде — 1,4% жануарларда кездескен. Ал, суалу кезеңінде маститтың жасырын түрі 14,1% шамасында сиырларда байқалса, клиникалық түрі орташа есеппен 4,0%-ды құрады, оның ішінде серозды түрі — 0,9%, катаральдіда — 1,3% және іріңді-катаральді түрінде — 1,8% сиырларда кездескен.

Кестеден алын сандық мәліметтердің нәтижесінде маститтің жасырын түрі сиырларда суалу кезеңінде көп кездесетіні анықталды. Бұл көрсеткішті төмендегі диаграммадан байқауға болады (1-сурет).

 

 Сызба-1. Маститтің жасырын түрінің таралу диаграммасы

 

Сондықтан маститтің алдын алу және емдеу шараларын жүргізу үшін сиырларды суалу кезеңінде бастаған жөн екенін аңғардық.

 

 

3.3.2 Суaлған буаз сиырларды емдеуде қолдaнылатын препараттардың тиімділігін бағалау

Келесі зерттеу жұмыстары маститтің жасырын түрімен ауырған сиырларды емдеу шаралары жүргізілді. Негізгі зерттеу жұмысының мақсаты суалу кезеңінде маститтің жасырын түрімен ауырған сиырларды толықтай емдеу және клиникалық маститке өтіп кетпеу жолдарын қарастыру болды.

Экспериментальдық зерттеулерге алынған ауру сиырларды клиникалық зерттеу кезінде олардың жалпы күйі біршама өзгеріссіз, дене температурасы, тамыр соғу жиілігі мен тыныс алу реті нормадан аспайтын деңгейді құрады. Зақымдалған желін бөліктерінен алынған секретті визуалды бағалау кезінде нормадан ауытқу білінбеді. Жоғарыда аталғандарды ескере келе біз ауру малды бөлектеп алып, оған қажетті жағдайлар жасадық: тыныштық, тұрған жерін таза, құрғақ етуін қамтамасыз етіп, рациондағы жем, шырынды азықтарды азайтып, сапалы пішенге көшіру керектігі айтылды.

Тәжірибеге алынған сиырлардың жасы, ұстау жағдайы бірдей жағдайда болды, сиырлардың дене температурасы, тамыр соғуы мен тыныс алу параметрлері жалпы қолданыстағы әдістер бойынша өлшеніп отырды.

Анықталған ауру сиырлардан әрқайсысында 5-бастан 2-топ құрылды.

Жалпы шаруашылықта маститті емдеуге қарсы тұрақты препараттарды қолданбайды. Өнеркәсіп орындары қандай препаратты ұсынса сол препаратпен емдік шараларын жүргізе береді. Сондықтан біздің зерттеулер шаруашылықта пайдаланған екі препараттың тиімділігін салыстырмалы түрде зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Бірінші топтағы ауру сиырларды (n=5) «Dryclox-kel» препаратымен (Украинада өндірілген) ем жобасымен емдедік,  үрпі ішіне 10мл көлемде, 5 күн бойы. Левомицетин сықпа майы үрпілерге массаж жасалды.

Екінші топтағы сиырларға (n=5) «Орбенин ДС» препаратымен (АҚШ) 10 мл дозада үрпінің 4/1 бөлігіне енгіздік. Топ сиырларына 15 минуттан желін үстінен астына қарай үрпілерге массаж жасадық. Сонымен қатар бұл топтарғада Левомицетин сықпа майын жақтық. Алынған мәліметтерді компьютерлік вариация көмегімен статистикалық өңдеуден өткіздік.

Суалған кезеңде жүргізілген емдік шаралардың нәтижесі төмендегі 2-ші кестеде келтірілді.

 

 

 

 

 

Кесте -2 . Маститтің жасырын түрін емдеу нәтижелері

 

Емдеу топтары және қолданған препараттар

Препаратты енгізу аралығы және мерзімі

Дозасы және инъекция орны

Препаратты енгізу күндері

Сауығу мерзімі

1-топ, «Dryclox-kel» препаратымен емдеу

24 сағғатан соң, 5 күн бойы

10 мл, барлық үрпіге

4

9 күннен соң сауықты

2-топ, «Орбенин ДС» препаратымен

24 сағғатан соң, 5 күн бойы

10 мл, барлық үрпіге

4

6 күннен соң сауықты

 

2-ші кестеден алынған сандық мәліметтердің негізінде, суалған сиырларға өткізілген ем схемалары жобасы және ем нәтижесі ретінде барлық тәжірибеге алынған сиырлардың сауыққанын көруге болады. Сонда да сиырлардың сауығу мерзімдері біркелкі болмады, ол 1-ші тәжірибелік топтағы «Dryclox-kel» препаратымен емдеуде пайдаланылған сиырлар толықтай 9 күнде жазылып шықса, ал 2-ші топтағы сиырларды «Орбенин ДС» препаратымен емдегенде 6 күнді толықтай жазылып шықты.

 

   

Сурет -2. Маститті емдеу шаралары

 

 

3.3.3 Емдік шаралардың суалған буаз сиырлардың туғаннан кейінгі сүт сапасына әсерін анықтау

Суалған сиырларды емдеу жұмыстарынан кейін олардың толық жазылғандарын есепке ала отырып, туғаннан кейін сауын кезеңінде емдік препараттардың сүт сапасына әсерін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қолайсыз жағдайларда және де сауын машиналары бұзылған жағдайда міндетті түрде сүттің құрамында соматикалық торшалардың көбейіп кетуі, сүттегі әр түрлі өзгерістер майдың және лактозаның, белок және хлор құрамының өзгеруі, қышқылдығының және тығыздығының өзгеруі және т.б. көрсеткіштері өзгеріске ұшырауы мүмкін. Сонымен бірге май, ақзат, лактоза, соматикалық торшаларды алынған сүттің сапасына қарап анықтайды. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері төмендегі 3-ші кестеде берілді.

 

Кесте — 3. Маститке қарсы емдік препараттардың сүттің сапасына әсерін анықтау нәтижелері

 

Сүттің көрсеткіш-

тері

Зерттеу топтары

«Орбенин ДС» препараты

«Dryclox-kel» препараты

зерттеудің басталуы

зерттеудің аяқталуы

зерттеу-

дің басталуы

зертеу-

дің аяқталуы

1

Май, %

3,0 ±0,56

3,44±0,38

2,1±0,09

2,3±0,14

2

Протеин, %

3,58±0,34

3,73±0,54

3,6±0,07

3,01±0,05

3

Соматика-

лық торшалар, мың/ см³

628 ±25,2

367±23,6

553±12,5

473±11,9

4

Казеин, %

2,54 ±0,5

2,97±0,01

2,29±0,08

2,35±0,25

5

Лактоза, %

3,42±0,18

3,01±0,09

4,58±0,08

5,0±0,11

6

Құрғақ зат, %

11,6±1,56

12,38±0,84

11,56±0,71

11,04±02

7

СОМО, %

8,03±0,81

9,43±0,63

8,32±0,7

8,94±0,82

8

Сүт қышқылы, мг %

17,25±0,56

19,5±0,61

18,2±0,7

14,8±0,43

 

«Орбенин ДС» препаратымен емделген сиырлардың сүтінің сапасының көрсеткіштері «Dryclox-kel» препаратымен емделген сиырлардың көрсеткіштерімен салыстырғанда жақсы нәтижеге қол жеткізілгендігін байқаймыз. Мысалы, «Орбенин ДС» препаратымен емделген сиырлардыңдың сүтінің майлылығы 3,0 %-ды құрап, «Dryclox-kel» препаратымен емделген сиырлардың көрсеткішіне (2,1%) қарағанда 0,9%-ға жоғары екені анықталды.

Соматикалық торшалардың саны бойынша, «Орбенин ДС» препаратымен емделген сиырларда зерттеудің соңында торшалардың санын — 367±23,6 мың/ см³ дейін төмендетсе, «Dryclox-kel» препаратымен емделген сиырларда торшалардың саны — 473±11,9 мың/ см³ дейін ғана төмендеп, «Орбенин ДС» препаратының көрсеткіштеріне қарағанда сүт спапсының нашар екенін байқауға болады.

Жалпы, суалған кезеңде жүргізілген емдік шараларының нәтижесінде, «Орбенин ДС» препаратымен емделген сиырлардың сүтінің сапасы жақсара түскендігіне көз жеткіздік. Демек, маститің жасырын түріне қарсы емдік-профилактикалық шараларды «Орбенин ДС» препаратын пайдалана отырып жүргізген тиімдірек болатындығы анықталды.

 

 

3.3.4 Мaститке қарсы жүргізілген шaралардың сиырлардың қан құрамына әсерін зерттеу

Біз желінсаудың жасырын түріне қарсы жүргізілген кешенді емнен кейінгі зерттеу жұмыстарын өткізер алдында сиырлардан қан алып, қандағы гематологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің өзгеріске ұшырауын зерттедік және оларды нормативтік көрсеткіштермен салыстырдық.

Зерттеулерге алынған сиырлар тобының қан құрамы көрсеткіштерінің нәтижелері төмендегі 4-ші кестеде берілді.

 

Кесте – 5. Сиырлар қанындағы емдегеннен кейін болған гематологиялық көрсеткішердің өзгерістері (n=5, М ± m)

 

Көрсеткішт ер

 

Нормативті к көрсеткіште р Min   max

Жануарлардың топтары

«Dryclox-kel» препараты  1-ші топ

«Орбенин ДС» препараты 2-ші топ

Емдеуг е дейін М±m

 

Емдеге ннен кейін М±m

Емдеуг е дейін М±m

 

Емдеге ннен кейін М±m

Гемоглобин , г/л

99….129

78.8±1,4

102,9±0,8 8

 

76,9±0 ,27

 

113,0± 0,23

Эритроцитт ер, Млн/мкл

5,0….7,5

5,4±0,13

6,35±0,51

5,35±0 ,21

 

6,55±0, 39

Лейкоцитте р, Мың/мкл

4,5….12,0

14,1±0,27

11,8±0,43

13,9±0 ,44

 

10,5±0, 32

ЭШЖ

0,5….1,5

9

3

10

2,8

 

Сиырлардың қанында бастапқы гемотологиялық көрсеткіштер нормативтік дәрежеден төмен екендігі дәлелденді. Емдеуден кейін, 1-ші топтың көрсеткіші 28,5 пайызға, екінші топтың қанында гемоглобин жоғарылады. Бастапқы эритроцит көлемі нормативтік дәрежеде болды, бірақ ең төменгі физиологиялық көрсеткіштерге жақын тұрды. Препараттарды қолданып, сиырларды емдегеннен кейін, эритроциттердің қандағы концентрациясы жоғарылады.

Сиырлар организміндегі жасырын желінсау ауруының өту үрдістерінің дамуына орай қанда эритроциттердің шоғырлану жылдамдығының (ЭШЖ) көрсеткіштері жоғарылағаны байқалды. Дәрілік препараттарды қолданғаннан кейін, қабыну үрдістері басылып, ЭШЖ көрсеткіші нормаға қарай жақындады.

 

 

3.3.5 Субклиникалық маститке қарсы жүргізілген шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу

Жоғарыда баяндағанымыздай экономикалық тиімділікті анықтау үшін

 

                   Э = ( С – С ) х А; өрнегі пайдаланылды

 

Яғни, Э = (7,2 – 3,6) х 210,

  • мұнда, 3,6 Промастит қолданып жасырын желінсауға сүт сынамасын алып, тексеру уақытының нормасы, ал Промастит бірмезгілде екі көрсеткіш соматикалық жасушалар мөлшері ұлғаюы мен сүт рН-ын анықтайтын болған соң екі шамада аламыз;

210 шаруашылықтағы сиырлар саны.

Бұдан шығатыны: Э = (7,2 – 3,6) х 210, 3,6 х 210 = 756 минут = 12,6 сағат.

Одан соң бір басқа шаққандағы қорлардың үнемделуі көрсеткіштерін анықтау үшін, шаруашылық ветеринар дәрігерінің 1 сағат жұмысы кезіндегі еңбекақысын есептедік.

«Амиран» ЖШС ветеринар дәрігерінің жалақысы 15000 теңге, жұмыс күндері орта есеппе алғанда 1-айда 25,2 күн.

15000 х 25,2 = 595,2 теңге тәуліктік еңбекақы. Жұмыс күні 7 сағат, осыдан 595,2 х 7 = 85,02 теңге/сағатына.

Э = (85,2 х 12,6) : 210 = 5,11 теңге.

Экономикалық тиімділікті анықтаудың келесі бөлігін қолданыс тапқан «Dryclox-kel» препараты мен «Орбенин ДС» препаратының салыстырмалы тұрғыда сыннан өткізу құрды.

Төменде тәжірибе нұсқалары бойынша тікелей шығын есептеулері келтіріледі:

  1. Шаруашылықта қолданылатын ем:
  • — «Dryclox-kel» —  (25 мл) 250 теңге;
  • — бициллин-3 —  50 теңге.
  • Емдеу тәртібі «Dryclox-kel» тәулігіне 2-рет 10 мл-ден, бициллин-3 3-күнде 1-рет, яғни 200 теңге х 7,5 (сауығу мерзімі) = 1500
  • 50 теңге х 2,5 = 125 Барлығы 1500 + 125 = 1625 теңге
  • Шаруашылық емі:
  • — «Орбенин ДС» -250 теңге;
  • — бициллин-3 — 50 теңге;
  • Дәл осы ем кешеніне АГС егуі қосылды, яғни мастисан-А 200 х 5 = 1000
  • бициллин-3 50 х 1,6 = 80 және АГС (күніне 50 мл) 75 х 5 = 375
  • Барлығы 1000 + 80 + 375 = 1455

«Dryclox-kel» препаратымен емдеу жұмыстары 1625 теңгені құраса, «Орбенин ДС» препаратымен жасырын желінсауды емдеу тиімділігі 1455 теңгені құрап, «Dryclox-kel» препаратымен жүргізілген емінен 170 теңге арзан екендігін көреміз, сонымен қатар айта кетері жоғарыдағы бөлімдерде ашылып көрсетілгендей біз ұсынып отырған «Орбенин ДС» препараты өзгеде шараларда  өз септігін тигізе алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒAУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Кәсіпорындағы қызметкерлер жұмыс басталған уақытта душ қабылдап, арнайы формаларын киеді, шаштарны орамал астына жинап, екі қайтара жылы сумен жақсылап қолдарын жууы керек. Санитариялық-эпидемиологиялық станция немесе мемлекеттік ветеринариялық бақылау органдары бекіткендей, цех қызметкерлері қолдарын 0,2% хлорамин немесе 0,1 % хлорлы әк ерітіндісімен зарарсыздандырады.

          Санитариялық киім күнделікті ауыстырылады.

          Шикізат пен дайын өнімге бөгде заттар түспеуі үшін цехқа кірерде әйнек немесе металл заттарды алып кіруге рұқсат етілмейді, киімге түйреуіш, ине тағуға, қалтаға айна, сырға, тарақ т.б. заттарды салуға болмайды.

Жұмысшылар қолдарының тазалығына көп көңіл аударғаны жөн, тырнақтары алынып, жұмыс жасардан соң және жасар алдында қолды міндетті түрде тазалап жуған жөн.

Қызметкерлердің жеке бас гигиенасы.

Дезинфекциялық жұмыстарды атқаратын адамдар жеке бас гигиенасын қатаң сақтап, бекітілген нормаларға сәйкес арнайы киімдердің комплектін иеленуі қажет. Көздің немесе тыныс алу жүйесінің кілегейлі қабығына тітіркендіріп әсер ететін препараттарды қолданғанда, тек арнайы көзәйнектерде және респиратормен жұмыс істеуі, ал дезинфектанттың концентрленген ерітінділерімен жұмыс істегенде резенке қолғаптарды киюі тиіс. Дезинфекциялаушы заттардың аэрозольдерімен жұмыс істейтін адамдар противогаз киюі керек.

          Алғашқы жәрдем аптечкаларында сол шаруашылықта қолданылатын зарарсыздандырғыш ерітінділерді бейтараптайтын ерітінділер болуы тиіс.

Зарарсыздандырғыш ерітінділермен жұмыс істеу кезінде темекі тартуға және тамақ ішуге болмайды. Жұмыс істеп болған соң, қолы мен бетін жылы сумен, сабынмен жуып, ал зарарсыздандырғыш заттардың ерітінділерін дайындауға қолданылған ыдыс пен дез.қондырғыны ыстық сумен жуу керек.

Экологиялық қолайсыз жерлердің шығуын бағалау – қабылданған критерийлер жоқтығынан қиынға соғады. Экологиялық қолайсыздықты өсу дәрежесіне қарай 5 топқа бөледі.

Салыстырмалы қанағаттанарлық — әлсіз әсер ету арқылы оңай қалпын келтірумен сипатталады.

  1. Кернеулі – тұрғындар денсаулығына қолайсыз әсер ететін, табиғи ресурстарды қолдануының бұзылуымен сипатталады.
  2. Критикалық – қоршаған ортаға айтарлықтай күшпен әсер ететін және табиғат жүйелерінде әлсіз түзілетін өзгерістермен сипатталады.
  3. Экологиялық кризис. Қоршаған ортаның табиғат жүйелерінің жағдайы, тұрғындардың денсаулығына кері әсер ету.
  4. Экологиялық апат – экологиялық қалпына келмейтіндей терең өзгерумен, тірі организмдер түрінің жойылуымен, биота бұзылумен және қоршаған ортаны реттеу қасиетінің жоғалуымен сипатталады.

Қоршаған ортаның ластануының адам организміне қолайсыз әсері ластарды шығарып тастағанда нормалағанда анықтау. Бұл жағдайда адамға тікелей және жанама әсер етпейтін химиялық концентрациясы жіберіледі. Өсімдіктер және жануарлардың дүниесіне, адам өміріне зиянды әсер ететін концентрациялар жіберілмейді.

Жіберілетін әсер нормасы ретінде шекті-жіберілетін концентрация критерийі қолданылады (ШЖК). Тәжірибеде әрбір нақты выбросқа техникалық норматив болып табылатын шекті жіберілетін выбросқа қолданылады. Қоршаған ортаны ластайтын заттарды нормалау шеекті-жіберілетін заттарды ағын сумен су еысандарына жіберілетін мөлшерді анықтау жолымен жүргізіледі (ШЖС). 

ЖШС – судың сапасының қамтамасыз ету мақсатында уақыт бірлігінде нақты бір су нысанына қатысты максимальді жіберілетін жуынды судағы заттардың массасы.

Тамақ және қайта өңдеу кәсіпорындарында экологиялық таза дезинфектанттарды қолдану экологияның осы бір маңызды мәселелерін шешеді.

Дезинфекция жүргізу технологияларында қоршаған ортаға зиянды заттар бөлінбеу үшін, атап айтқанда формальдегид, глутаральдегид, хлоры бар заттар және басқа да препараттар дезинфекциядан кейінгі экспозицияда сәйкес бейтараптандырғыштар енгізеді. Мысалы, формальдегид қалдығын бейтараптау үшін 25 % аммиак ерітіндісін ерітіндінің жартылай мөлшеріне енгізеді, осы мақсатта зиянды заттарды ұстап қалатын әртүрлі сүзгіштер қолдану арқылы технологиялық әдістер қолданылады. Химиялық дезинфектанттардың зиянды заттарын төмендету бағытындағы жоғарыда көрсетілген іс-шараларға қарамастан олар қоршаған ортада жиналып қалуы мүмкін. Хлоры бар препараттарды ұзақ уақыт және бақылаусыз қолдану ветеринарлық тәжірибеде оның табиғатта жиналып қалуына әкеп соқты. Көптеген дезинфектанттар сыртқы ортада концерогендерге дейін өзгереді (диоксиндер, трипламетондар, т.б.) немесе қиын ыдырайды. Адам және жануарлар организміне кіргеннен кейін бұл қосылыстар иммундық статустың төмендеуіне және генетикалық кодтың өзгеруіне әкеп соғады.

Мaл қоралары ауасының ластануына қарсы күрес және шаруашылықтар территориясының ауасын қорғауға, ауаны тазартуға, зарарсыздандыруға бағытталған жалпы шаралар мен жеке шешімдер жатады. Шаралардың бірінші тобына малды күтіп-бағу мен азықтандырудың барлық ветеринариялық-санитариялық және зоогигиеналық нормалары мен ережелерін қатаң сақтап, дер кезінде орындау, қолайлы микроклиматтың қалыптастыру жұмыстарын үздіксіз және нақты ұйымдастыру, көң шығару, қора-жайды мұқият тазартып дезинфекциялау, сусымалы азықпен малды белгілі бір ережеде сақтап азықтандыру жатқызылады.

Малды көп қатарлы клеткаларда ұстаған кезде қора-жайлардың қатты шаңдалып, микробтардың шоғырлануына қарсы тиімді күресу үшін желдеткіштердің көмегімен бұзылған ауаны ығыстыра отырып, тікелей клеткалар мен батареяларға берілетіндей етіп қондырылады. Сонымен бірге, желдету арқылы ауаны жасанды иондармен байытуға да болады (Г.К.Волков, 1987), мұндай қоралардың шаңы 3-4 есе, ал микроорганизмдер саны 3-5 есе азаяды. Бұл кезде қораны мал тұрған кезде де аэроиондай беруге болады.

Шаруашылықтар территорияларының ауа бассейнінің ластану дәрежесін азайту үшін қораның бүйір қабырғасы жел өтіне қарсы салынады, санитариялық аралықтар, соның ішінде елді мекендер арақашықтықтары сақталуы тиіс, қораның лас ауасын аэродинамикалық аймақ құру мақсатына есептелген биіктікке жоғары қарай шығару керек. Сондай-ақ ауа тасқыны жиналатын орын дұрыс анықталып, желдеткіш камералары ғимараттың бүйір жағына орналастырылады. Мұндай жағдайда зиянды газдар мен микрофло-ралардың жиналуы қора-жайлар үшін 20 пайыздан аспайды. Осылайша сору желдеткіштерінде, көбінесе, қорғаныш күнқағарлар, төмен қарай иілген трубалар орнатылады. Сонда лас ауаның таралуы 2-5 есе кемиді.

Ауа бассейнінің шаңмен және микробпен ластануын төмендетудің тиімді шараларының бірі — тал ағаштардан айналдыра қорғаныш алабын отырғызу. Кейбір тал-ағаштар мен бұта тектес (бәйтерек, емен, мойыл, самырсын, арша, сирень) микробтарды жоятын қасиеті бар аса ерекше химиялық заттар -фитонцидтер түзеді. Қоралар арасында ағаш кемінде екі қатардан отырғызылады. Көң сақтайтын орындар мен тазарту құрылыстарының айналасынада бұта ағаштар егіледі, ал мал фермалары айналасының топырағының беткі қабаты көп жылдық шеп немесе бұталар отырғызылып бекітіледі.

Өндірістік санитария

  • Адам ағзасына метеорологиялық факторлардың әсері.

Өндірістік ортаның метео-жағдайы дегеніміз ауаның температурасы, дымқылдығы және қозғалыс жылдамдығы арқылы қалыптасатын физикалық күйін айтады.Өндірістің әрбір бөлімшесінің өзіне тән метео-жағдайы өндірістік микроклимат деп аталады. Метеофакторлар адамның функционалдық әрекетіне көңіл-күйіне және денсаулығына өте үлкен әсер етеді. Мысалға,ауаның жоғары температурасы адамның қызуын көтереді, терлетеді, демалыс импульсін жиілетеді.Осындай кезде басы ауырып, нәтижесінде адам өліміне әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан санитарлық нормаға сәйкес жұмыс орындарында ауаның температурасы жылы мезгілде +180 +250 С , суықта +160 +230 С болуы керек. Ауаның жылы дымқылдығы адамға жағымсыз метео-жағдай туғызады. Күн ыстық кезде ауаның дымқылдығы денеден жылу процесін азайтады, суық кезде керісінше жылу шығу процесін ұлғайтады. Нормаға сәйкес ауаның дымқылдығы 40-60% аспауы керек.

Өндіріс жағдайларында ауаның қозғалысы. Ыстық кезде денеден жылу шығу процесін ұлғайтады, суық кезде адам денесін тез тоңдырып , жағдайын нашарлатады. Сондықтан норма бойынша жылы кезде ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,2-0,5 м/с, суық кезде 0,2-0,3 м/с-тан аспауы керек [25].

  • Адам ағзасының терморегуляциясы.

Адам ағзасында әртүрлі бииологиялық процестердің үздіксіз жүруіне байланысты денеден үнемі жылу шығып тұрады. Шығатын жылу мөлшері физикалық ауырлақтан, адамның жас шамасынан және оның денсаулығынан тәуелді болады. Денеден жылу шығу мөлшері мынандай:

  • Тыныштық қалпына 380 кДж/сағ
  • Жеңіл жұмыс кезінде 620 кДж/сағ
  • Орташа ауыр жұмыста 1000 кДж/сағ
  • Aуыр жұмыста 1500 кДж/сағ
  • Өте ауыр 2200 кДж/сағ

Бірақ адамның ПӘК-і аз болғандықтан, денеден шыққан жылудың көпшілігі пайдасыз сыртқа кетеді. Сондықтан адам денесінде жылу шығу процесі мен бірге үздіксіз сыртқа жылу беру процесі жүріп отырады. Жылу шығару мен жылу беру процестерінің сандық ауа қатынасы дененің жылулық балансын анықтайды [43, 44, 45].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 ҚОРЫТЫНДЫЛAР

  1. Шаруашылықта желінсау ауруының таралу деңгейін анықтауда, сиырлардың сауылу кезінде — 9,1%, суалуға дайындау кезеңінде — 1,9%, суалу кезеңінде маститтың жасырын түрі 14,1% көрсеткішті көрсетіп, желінсау ауруының көбеюі сиырлардың суалу кезеңінде жүретіні анықталды.
  2. Жасырын желінсаумен ауырған сиырлардың сауығу мерзімдері «Dryclox-kel» препаратымен емдеуде пайдаланылған сиырлар толықтай 9 күнде жазылса, «Орбенин ДС» препаратымен емдегенде 6 күнді толықтай жазылатыны анықталды.
  3. «Орбенин ДС» препаратымен емделген сиырлардыңдың сүтінің майлылығы 3,0 %-ды құрап, «Dryclox-kel» препаратының көрсеткішіне (2,1%) қарағанда 0,9%-ға жоғары болса, соматикалық торшалардың саны бойынша, «Орбенин ДС» препаратында — 367±23,6 мың/ см³ дейін төмендеп, «Dryclox-kel» препаратымен (473±11,9 мың/ см³) салыстырғанда 1,2 есеге азайғандығы анықталды.
  4. Жасырын желінсауға қарсы емдік – профилактикалық шаралардың тиімділігін сиырлар организміндегі қанның құрамына әсерін анықтауда қанның көрсеткіштері нормаға сәйкес екендігі анықталды..
  5. Экономикалық тиімділікті анықтау кезінде «Орбенин ДС» препаратымен жасырын желінсауды емдеу тиімділігі 1455 теңгені құрап «Dryclox-kel» препаратымен емдеу (1625 теңге) нәтижесімен салыстырғанда 170 теңге арзан екендігі анықталды.

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

  1. Жасырын желінсаумен ауырған сиырларды емдеуде «Орбенин ДС» антибиотикалық препаратты пайдалануды ұсыныс білдіреміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 ПAЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Акназаров Б.К. Профилактика маститов и послеродовых заболеваний- матки у коров / Б.К. Акназаров, М:М. Джангазиев, О.С. Ибраимов- //Матер:. Международ, научно-практич. конф., «Современные проблемы ветеринарного обеспечения репродуктивного здоровья животных» посвященной 100-летию В.А. Акатова.- Воронеж, 2009.- С. 38-41.

2 Авдеенко В.С. Рекомендации по диагностике, терапии и профилактике мастита у коров. ‒ С. 2009. ‒ С. 71.

3 Иванова O.P. Экспресс-метод диагностики мастита -важный фактор при получении экологически чистого молока. /Экологические проблемы ветеринарной санитарии: тезисы докладов науч.-техн. конф. 1993. — №11 -С. 82.

4 Самэй Жан-Пъер. Маститы молочных коров: преимущество ранней диагностики //Ветеринария.  2003. -№6. — С. 6-7.

5 Климов Н.Т., Слободяник В.И. Практическое руководство по борьбе с маститами коров / ‒ Воронеж, 2012. ‒ С.87.

6 Алиев А.Ю. Лечебная ш профилактическая эффективность и фармакологические свойства доксимаста при субклиническом мастите коров: Автореф; дис. … канд. вет. наук /А.Ю. Алиев.- Воронеж, 2007. 18 с.

7 Боженов С.Е. К вопросу о лечении коров, больных маститом /С.Е. Боженов // Российский ветеринарный журнал.- 2007.- №5.- С. 29.

8 Роман Л.Г. Мастит сухостойных коров. /Л.Г. Роман // Ветеринария.- 2008.- №8.- С. 15-17.

9 Кузьмин Г.Н. Влияние субклинического мастита у сухостойных коров на заболевание новорожденных телят диареями / Сб. науч. тр. — Краснодар, 2001. С.74-75.

10 Шакиров О.Ф. Новая противомаститная программа от компании «Байер» /О.Ф. Шакиров //Молочное и мясное скотоводство.- 2007.- №2.- С. 39-42.

11 Коренник И.В. Производство качественного молока. /И.В. Коренник //Ветеринария.- 2009.- №3.- С. 9-11.

12 Данкверт А. Пути улучшения качества молока /А. Данкверт, Л; Зернаева // Молочное и мясное скотоводство.- 2003.- № 8 — С. 2-7.

13 В.И. Белоусов, Л.Д. Демидова, А.Г. Миляновкий, В.В. Ивановцев/ Санитария производства молока // Ветеринария. — 2002. — № 5. — С.3-6.

14 Deb, Rajib; Kumar, Amit; Chakraborty, Sandip; et al. Pakistan journal of biological sciences: PJBS Volume: 16 Issue: 23 Published: 2013-Dec-1. Pages: 1653-61.

15 Cicconi-Hogan, K. M.; Gamroth, M.; Richert, R.; et al. JOURNAL OF DAIRY SCIENCE Volume: 96 Issue: 12 Published: DEC 2013. Pages: 7578-7590.

16 Климов Н.Т. Першин С.С./Современный взгляд на проблему мастита у коров: Международная научно-практическая конференция. Воронеж. — 2012.- С. 237-242.

17 Богуш А.А. Противомаститные мероприятия в животноводческих комплексах// Эпизоотология. иммунобиология. фармакология и санитария, Межд. научно-практ. конференция. 2005.-№4- С.66-69.

18 Исмагилова А.Ф., Шарипов А.А., Ишмуратова Н.М., Ишмуратов Г.Ю., Толстиков Г.А. Антимикробный препарат для лечения субклинического мастита коров // Ветеринария.-2004. — №2.- С.65-67.

19 Babra, Charlene; Tiwari, Jully G.; Pier, Gerald; et al. FOLIA MICROBIOLOGICA Volume: 58 Issue: 6 Published: NOV 2013. Pages: 469-474.

20 Коновалов Д.С. Сравнительная эффективность различных методов терапии клинических маститов у коров: Автореф. дис. канд. вет. наук. – Саратов. — 2005 – С. 30.

21 Дaнилов М.С., Воробьев А.Л. Фитоминеральные комплексы в профилактике заболеваний молочной железы у коров. // Ветеринария. 2013.- № 5. — С. 45-49.

22 Попов Ю.Г. Препарат для лечения маститов у коров\\ Научные труды Уральской ГАВМ. Троицк, 2009.- С.83-86.

23 Полянцев Н.И., Шакиров О.Ф. Способ диагностики субклинического мастита у коров. Патент № 2177257 Роспатент, 2001.

24 Рубцов В.И. Профилактика и лечение мастита у коров /Ветеринария.- 2006.- №9.- С. 32-35.

25 ПариковВ.А. Эффективность лечения субклинического мастита у коров в сухостойный период / В.А. Париков, П. А и др. //Актуальные проблемы болезней молодняка в современных условиях: Материалы межвуз. научно-пракитч. конференции. — Воронеж, 2002. — С.478-479.

26 Соломатин A.A. Содержание летучих жирных кислот и соматических клеток в секрете молочной железы здоровых и больных субклиническим маститом коров /A.A. Соломатин //Актуальные проблемы болезней органов размножения и молочной железы у животных: материалы международ, научно-практич. конф.- Воронеж, 2005.- С. 198-199.

27 Олейник А. Мaстит, мастит, мастит /Молочное и мясное скотоводство. 2006. № 7.- С. 26-29.

28 Роман Л.Г. Мероприятия при мастите сухостойных коров. /Л.Г. Роман //Зоотехния.- 2009.- №5.- С. 25-26.

29 Париков В.А. Эффективные отечественные препараты для профилактики и терапии мастита у коров /В.А. Париков, и др. //Матер, международной научно — практ. конф. посвящ. 35-летию организации ВНИВИПФиТ «Актуальные проблемы болезней органов размножения и молочной железы у животных» 5-7 октября 2005 г.- Воронеж, С. 375-378.

30 Колчина А.Ф. Ветеринарные аспекты снижения количества соматических клеток в молоке коров //Аграрный вестник Урала.-2008. №11.-С.47-48.

31 Коренник И.В. Производство качественного молока. /Ветеринария. 2009. №3. С.9-11.

32 Определение чувствительности микроорганизмов к антибактериальным препаратам, Методическое указание. -М.-2004.

33 Боженов С.Е. К вопросу о лечении коров, больных маститом /С.Е. Боженов // Российский ветеринарный журнал.- 2007.- №5.- С. 29.

34 Статистическая обработка и анализ экспериментальных данных массовых случайных величин. Романчук О.А., Чеботарев В.Н., Целоусова Г.И., Мухранова Г.В., Хабаровск, 2014.- С. 126.

35 Карташова О.Л., Киргизова С.Б., Бала С.С. Биологические свойства микрофлоры, выделенной из молока, и возможность их использования в прогнозировании развития мастита у коров// Вестник Оренбургского государственного университета. — 2005. — N 5.

36 Касенова Г.Т., Кожахметова З.А., Тулемисова Ж.К., Омарова А.Б., Шытырбaева З.А., Туганбай A. Биологические свойства новых штаммов бифидо- и лактобактерий. Международная научно-практическая конференция.Алматы. — 2012.- С. 101.

37 Пaриков В.А. Мастит у коров (профилактика и терапия) /В.А. Париков, Н.Т. Климов, А.И. Ромaненко и др. //Ветеринария.-2000,-№ 11.- С.34-38.

38 Горлов И.Ф., Юрина О.С., Сложенкина М.И. Комплексное лечение коров при маститах. М.: — Ветеринария. – 2008. — №2. – С. 37-39.

39 Белкин, Б.Л. Диагностика и нетрадиционные методы лечения субклинического мастита коров/ Б.Л. Белкин, Л.А. Черепахина, Т.В. Попкова, Е.Н. Скребнева // Вестник Орел ГАУ. — 2006. -С.31 -36.

40 Белкин, Б.Л. Иммунобиологические показатели сыворотки крови и молока при заболевании коров маститом./Б.Л. Белкин, В.М. Юрков, Т.В. Попкова, A.M. Гуськов// доклады РАСХН. — 2002. № 1. С. 38-40.

41 Chlorhexidine diacetate: Summary of toxicology data.- Sacramento, CA: California Environmental Protection Agency, 2003.-7 p.

42 Ларионов Г. А., Вязова Л. М., Дмитриева О. Н. Влияние препаратов рaстительного происхождения на безопасность и качество молока при субклиническом мастите коров // Известия Тимирязевской сельскохозяйственной академии. 2014. № 4. С. 64–73.

  1. Жаданов Н., Құдайбергенов Н.А. Еңбек қорғау. – Астана: Фолиант, 2009.
  2. Беляков Г.И. Безопасность жизнедеятельности на производстве. Охра-на труда. – М.: Юрайт, 2013. – 572 с.
  3. Зотов Б.И., Курдюмов В.И. Безопасность жизнедеятельности на произ-водстве. – М.: КолосС, 2006. – 432 с.