АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: ЖШС «М-Комбикорм» өнiм сапасының сапа менеджментi

Мазмұны

 

 

бет

Кіріспе

7

1. Әдебиетке шолу.

9

1.1. Сапа менеджмент жүйесінің енгізудегі әлемдік тәжірибе.

9

1.2. Сапа менеджментi жүйесiнiң моделi.

14

2. Негiзгi бөлiм.

15

2.1.Нормативтiк сiлтемелер

15

2.2. Терминология

17

2.3. ҚР СТ ИСО 9001:2001. Бойынша СМЖ өндiрудегi жалпы ережелер.

 

18

3. Зерттеу әдістемелігі мен материалдары.

25

3.1. ЖШС «М-Комбикорм» сипаттамасы. 

25

3.2. ЖШС «М-Комбикорм» сапа менеджментi жүйесiн енгiзу.

27

3.2.1. Сапа аумағындағы саясаты.

27

3.2.2 Басшылық тарапынан талдау.            

29

3.2.3 Ресурстар менеджментi.

32

3.2.4 Өнімнің  өмірлік  циклінің  негізгі  кезеңдеріне қойылатын  талаптар.

 

40

3.2.4.1. Шикiзатқа қойылатын жалпы талаптар.

40

3.2.4.2. Құрама жем өндiру технологиясы.

56

3.2.4.3. Дайын өнiмдi сынау.

62

3.2.4.4. Тасымалдау және сақтау.

70

3.3 Өндірістің сапа менеджменті жүйесін  сертификаттау.

70

3.4  Өлшеу, талдау және түзетуші әрекет.

74

4. Экономикалық тиімділік

75

4.1Сапа бойынша кәсiпорын қызметiн бағалау                      

75

5. Еңбектi қорғау

78

Қорытынды

82

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi.           

 

83

 

 

 

 

 

 

 

 

Кiрiспе

 

Қандай да болмасын бiр затты ала отырып, оның сапасын бағалап, бiздiң күтулерiмiздi ақтай ала ма әлде жоқ па деген сұрақ ойымызда туады.

Тұтынушылар сапа деген ұғымды, оның сыртқы түрiн, қолайлылығын, экономикалық тиiмдiлiгiн түсiнедi.

Қандай да бiр өнiмнiң бекiтiлген талаптарға сәйкестiгi (нормативтi және техникалық құжаттарға, келiсiм шартқа, тұтынушы талабына) және пайдалану үшiн болжамды жарамдылығы өнiм сапасының критерийлерi болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорынды зерттеп түсіну, өндіріске сапа жүйесін енгізу, және өндірістің экономикалық тиімділігін есептеп, арттыру.

Мемлекетаралық стандарттарда “өнiм сапасы” деген терминге мыныдай анықтама берiлген: “өнiм сапасы” – оның арналуына сәйкес белгiлi қажеттiлiктердi қанағаттандыруға жарамдылығын айқындайтын қасиеттерiнiң жиынтығы.

Өнiм сапасы бұл тарихи категория. Өндiрiс күшiнiң өркендеу ауқымы мен деңгейi жоғарылаған сайын ғылым мен техниканың жаңа жетiстiктерiн пайдалана отырып, шығын көлемiн азайту арқылы, өнiм сапасына тұтынушы тарапынан қойылатын жоғарғы талаптарды қанағаттандыруға қолайлы мүмкiндiктер туындайды.

Халықаралық стандартқа келтiрiлген терминологияға сәйкес, сапа – бұл объектiнiң белгiленген және болжамды қажеттiлiгiн қамтамасыз ету мүмкiндiгiне қатысты қасиеттер мен сипаттамалар жиынтығы.

Бұл екi анықтамада өндiрушiлердi жалпы қоғам, соның iшiнде жеке тұтынушылардың белгiлi бiр қажеттiлiктерiн қанағаттандарарлықтай өнiмдi шығаруға және дайындауға және сапасын жоғарылату бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға бағыттайды.

Осылайша, сапа тапсырыс берушiнiң немес тұтынушының қажеттiлiктерiн қанағаттандырудан басталады.

Философиялық көзқараспен трактатталатын “сапа” терминiнiң басқа да анықтамаларын жиi естуге болады:

сапа – бұл тұтынушының өнiмге және қызмет көрсетуге қанағаттануы;

сапа – пайдалануға жарамдылық;

сапа – өнiмнiң талапқа сәйкестiгi;

сапа – прогреске жетелейтiн үрдiс.

Дамушы нарық қатынастарында өнiм сапасының ең басты көсеткiшi оның бәсекелестiк қабiлеттiлiгi болып табылады. Кәсiпорынның тауарлы белгiсiнiң дамуы сапаға байланысты болады: сапаның жоғалуы сатып алушылардың жоғалуына және нарықтан шығуына әкелiп соғады. Сапасыз өнiм шығаруда кәсiпорын тiкелей шығындарға ұшырайды.

Сапа нарық үшiн күресте маңызды құрал бола отырып, тауардың бәсекелестiк қабiлетiлiгiн қамтамасыз етедi. Сапа туралы көзқарас үнемi өзгерiп отырады. Тұтынушы бiр жыл бұрын қанағаттандырып отырған сапа, келесi жылы оның талабына жауап бере алмайды. Қоғам дамуының әр сатысында сапаға қойылатын талаптар жоғарылай түсуде. Бұрында сапа тек ақаулардың жоқтығымен айқындалса, қазiр сапа туралы кең көлемдегi түсiнiкте сөйлейдi.

Сапа бәсекелестiк қабiлеттiктiң ең жоғары көрсеткiшi ретiнде отандық экономиканың тұрақты деңгейiнiң және оның дүние жүзiлiк нарыққа көшуiне басты маңызды факторы болып табылады.

Тек сапаның жоғарғы деңгейiне жеткенде ғана Қазақстан өзiнiң стратегиялық мақсатын орындай алады, яғни әлемдiк қауымдастыққа шикiзат берушi тұрғыдан емес алдағы қатардағы жоғарғы технологиялық деңгейдегi, дамыған ел қатарына кiру.

Бүгiнгi күнi сапа – бұл кәсiпорынның экономикалық жетiстiгi, ал қоғам үшiн дұрыс экономика, әлемдiк қауымдастықта беделдi орын.

Дәл қазiргi уақытта сапаны басқару, сапа менеджментi жүйесi деген ұғымдар кең қолданысқа ие. Бұл дегенiмiз сапаны нарық талабына сәйкес дамытып, жақсартып отыру.

Сапа менеджментi жүйесiнiң негiзiн салған Тейлор. Ол СМЖ 1905 жылы әзiрлеп, ал 1920-1950 жылдары жалпы менеджменттiң негiзi болған. Кейiн келе жаңа концепциялар TQM және QS 9000 TQC пайда болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Әдебиетке шолу

 

1.1. Сапа менеджмент жүйесінің енгізудегі әлемдік тәжірибе.

 

Сапа менеджментi жүйесiнiң теорияларының негiзiн салушыларының бiрi Э.Деминг өнiмнiң төменгi сапасының негiзгi себептерi арнайы (6%) және жүйелi (94%) деп бөлуге болатынын бекiттi. Осыған негiзделе отырып жүйелi себептердi жоя отырып, қана өнiм сапасын жоғарылатуға болатындығы туралы қорытынды жасалды. Мұндай мәселенi шешуге тек қана арнайы сапа менеджментi жүйелерi кепiлдiк бере алады.

Сапа менеджментi жүйесi өнiмнiң өмiрлiк кезеңiнiң барлық сатысын қамтиды. Сондықтан да сапа менеджментi жүйесi кәсiпорынды басқару жүйесiнiң ажырамастай бөлiгi ретiнде қарастырылады. Кәсiпорында сапа менеджментi жүйесiнде сапа аумағындағы саясатқа қызмет аспектiлерiнiң және басқа да бағыттардың арасында мәндi рөл берiледi. Сапа жүйесi осы саясаттың таралу құралы болып табылады.

Халықаралық деңгейде сапа менеджментi жүйесiнiң негiзi болып ИСО 9000 сериялы стандарттары табылады. Бұны 1987 жылы АҚШ, Канада және ФРГ қатысуымен стандарттау бойынша Халықаралық ұйымның техникалық комитетi әзiрлеген болатын. Алғашқы ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттар өнiмнiң сапасын қамтамасыз ету жүйелерiне талаптар бекiттi. Сонымен бiрге сапаны қамтамасыз ету аумағындағы терминдер мен анықтамалардың үштиптiк сөздiгi әзiрлендi, яғни ИСО 8402 халықаралық стандарты.

ИСО 9000 екiншi сериясы 1994 жылы және үшiншi 2000 жылы қабылданған болатын. [1]

ИСО 9000 халықаралық стандарты әмбебап болып табылады. Яғни, ол кез-келген салада қолданылады. Сондықтан да айта кету керек, ИСО 9000 халықаралық стандарты жария болғаннан кейiн әртүрлi қызмет салаларында үлкен қолданысқа және мойындауға ие болды.

Бүгiнгi таңда ИСО 9000-9001 сериялары бүкiл дүние жүзi елдерiмен мойындаған және ұлттық стандарт ретiнде қабылданып, көптеген кәсiпорындармен ендiрiлген.

ИСО 9000 халықаралық стандарты негiзiнде құрылған сапа жүйесiнiң ең басты мақсаты, бұл өнiмдi тапсырыс берушi талап ететiн сапамен қамтамасыз ету және оған кәсiпорын жасай алатындығы жөнiнде дәлелдемелер беру. Оның мысалы ретiнде кәсiпорында ИСО 9000 халықаралық стандартына сәйкес сапа жүйесi бар ма, сапа жүйесiне сертификат бар, жоқтығын келтiредi.

Сапа жүйесiне сертификаттың болмауы кәсiпорынның сыртқы нарыққа шығуына ең басты кедергi болып табылады.Транснационалды компаниялар субподрядчиктерден олардың кәсiпорында ИСО 9000-9001 мiндеттi түрде ендiрiлуiн талап етедi.

ИСО 9000:9001 серияларының халықаралық стандарттары өз кезегiнде сапа жүйесi қандай болатындығы жөнiндегi әдiстемелiк ереже болып табылады, ал оны қалай жасау керектiгiн кәсiпорын басшысы өзi шешуi тиiс. Сапа жүйесi тек қана өнiм сапасын жоғарылату құралы болып қана қоймай, сонымен бiрге кәсiпорынның тиiмдiлiгн жоғарылату болуы керек. [2]

Сапа жүйесi кәсiпорынның негiзгi мақсаттарын тарату құралы ретiнде қолданады.

Сапа жүйесiн функцияландыру сапа бойынша қызметке кәсiпорынның барлық жұмысшыларын кiрiстiредi.

Сапа жүйесiнiң мақсаттарын тарату өндiрiлiп жатқан өнiмнiң сапасына әсер ететiн техникалық, административтi және адам факторларымен қамтамасыз етiледi.

Өнiм сапасы басқару бойынша жұмыстарды бөлу ереже бойынша арнайы құрылған бөлiмшелер немесе кәсiпорынның бөлiмдерiнiң бiрi жүзеге асырады.

Өткен жылдар бойында ақпарат құралдарында 2000 жылғы версиясындағы ИСО 9000 сериялы жобасы талқыланып келдi және ИСО 9001 стандартының ескi (1994ж.) және жаңа версиялары арасындағы ерекшелiктер және сәйкестiктер талдауы жиi жүргiзiлдi. 2000 ж. Аяғында оны нақты бекiткеннен кейiнгi стандартты ендiру мәселелерi қарастырылды.

Сонымен бiрге отандық кәсiпорындарға жаңа версиядағы стандарттарды ендiру сұрағы (мәселесi) ашық күйiнде қалды. Қазақстанда ескi версиядағы және жаңа версиядағы стандарттар қатар жүрiп отырады. Әртүрлi ақпарат көздерiнен бiз ескi версиядағы стандарттар және жаңа версиядағы стандарттардың құрамы жне мазмұны бойынша талаптардың ерекшелiктерiн жеткiлiктi бiлемiз.

Жаңа версиядағы стандартқа терең талдау жүргiзбей-ақ айтуға болады: бұл қазiргi кәсiпорындардан талап етiлетiн, халықаралық талаптардың жаңа сатысы, халықаралық нарықта бәсекелестiк қабiлетiн қамтамасыз етуге бағыттайды. [7]

Шетел және отандық басылымдардан алдағы қатардағы елдердiң сертификатталған сапа жүйесiнiң санын жақсы бiлемiз (1 кесте). Ал, қазақстан саны бойынша төменгi көрсеткiшке ие.

1 кесте

ИСО 9000 сериялы стандартын алдыңғы қатарлы елдерде енгізу

Ұлыбритания

66 760

Қытай

57 783

АҚШ

37 026

Германия

41 629

Италия

48 109

Нидерланды

14 194

Жапония

27 385

Франция

20 919

Корея

17 626

Қазақстан

105

 

Сертификатталған сапа жүйесi бар алдағы қатардағы шетел кәсiпорындары дәл қазiргi уақытта жаңа версиядағы стандартта қарастырылғандай үнемi жақсатрумен айналысуда. Сондықтан да, 2000 жылдың желтоқсанында енгiзiлген жаңа версиядағы стандартты, алдың сертификатталған сапа жүйесiн дамыту iсiндегi алға қадам жасау ретiнде қарастыру қажет.[19]

Жасалып жатқан және сертификатталған сапа жүйесi бар ұйымдарға, жаңа версиядағы стандартқа ауысу жеңiлiрек iске асырылады.

Жаңа версиядағы стандартты iске асырумен қатар бiр жаңа мәселе (проблема) шешiлдi – медициналық, банктiк, мәдени-әлеуметтiк және басқа да қызмет көрсетулер сияқты экономикалық қызметтегi жаңа сфералады сертификаттаумен және бағалаумен қамту. Бұл қызмет сфералары ескi версиядағы стандарт талаптары құрылымына сәйкес кiре бермейтiн, себебi соңғысы көбiнесе өндiрiстiк кәсiпорындарына бағытталып арналған болатын. Жаңа экономикалық қызмет сфераларын қамту жаңа версиядағы стандарт мазмұнында белгiлi-бiр iз қалдырды.

1 кестедегi мәлiметтерге негiзделе отырып мынаны айтуға болады: қазақстандық өнеркәсiптерiнде сертификатталған сапа жүйесi саны өте аз. Мұны екi жағдаймен түсiндiруге болады.

Бiрiншiден — өндiрiстiк кәсiпорындардың даму деңгейi МС ИСО 9000 сериялы талаптарына сәйкес келетiн дәрежеде болмауы. Отандық өндiрiстер техника-экономикалық құлдыраудан кейiн ендi-ендi аяғынан тұруда. Бұл кезде кәсiпорынға сапа жүйесiн әзiрлеу және сертификаттау туралы емес, оны көтеру туралы мәселе тұрды.

Екiншiден – бағалау және сертификаттау объектiсі ретiнде өндiрiстiк қызметтерге концептуалды әдiстерге негiзделген әртүрлi сертификаттау схемаларының дамыған жүйесi. Мұндай әдiс-амалдарға мыналар жатады:

  • өндiрiстiң жағдайын талдау;
  • сапа жүйесiн бағалау;
  • өндiрiстi сертификаттау;
  • сапа жүйесiн сертификаттау.

Бұл әдiстердiң негiзiнде бекiтiлген талаптарға жету үшiн әр түрлi ресурсты шығындар және әр түрлi қорытынды тексеру құжаттары болады: өндiрiстiң жағдайы туралы кесiм; сапа жүйесiнiң жағдайы туралы қорытынды; өндiрiстiк сәйкестiк сертификаты және сапа жүйесiнiң сәйкестiк сертификаты. Көптеген кәсiпорындар өздерiнiң соңғы мақсаты етiп техника-экономикалық дамуды әрi қарай дамыту үшiн база ретiнде сапа жүйесiн жасау емес, сертификат алуды алға қояды, сондықтан да бұл мақсатқа жету жолы бойыынша аса күш-жiгер жұмсамайды. [8]

Байқауымызша, мұндай әдiстердiң көп түрлiлiгi өнеркәсiптiк кәсiпорындарды сапа жүйесiн жасау және сертификаттаумен айналысуға және жаңа версиядағы стандарт талаптарына ауысуға ынталандырмайды.

Қайта жасалатын сапа жүйелерi жақын кезеңдерде ескi версиядағы стандартқа сәйкестiгiне сертификатталады. Бұл кәсiпорындарға ескi версиядағы стандарт талаптарына сәйкестiгiне сертификат алуға мүмкiндiк бередi. Ал бұл кезде:

  • жаңа версиядағы стандарт өз күшiне енедi;
  • өндiрiстi сертификаттау кезiнде тексеру көлемдерiнiң жаңа концепциясын өндiру қажет болады немес өндiрiстiк қызметтi бағалау формасы ретiнде өндiрiстi сертификаттауды жою туралы сұрақты шешу, өйткенi Қазақстанда жаңа версиядағы стандартты кiрiстiру кезiнде өндiрiстi сертификаттау және сапа жүйесiн сертификаттау арасындағы қашықтық өсуде;
  • сертификатталған сапа жүйесi бар кәсiпорындар, жаңа версиядағы стандарт талаптарын орындауға көшуге дайындық жасайды.

Егер кәсiпорын жаңа версиядағы стандартқа сәйкестiк жүйесiн дайындауды бiрден бастаса, ескi версиядағы стандарттағы маңызды және қажеттi талаптардың ұмытылмайтындығы туралы ешқандай кепiлдiк жоқ.

Ең бастысы және негiзгiсi, 1 сызбада көрсетiлген сапа менеджментi жүйесi (СМЖ) моделiн кейбiр авторлар айтатындай базалық ұйымдық модель деп айту қиын, өйт

кенi:

  • модельде тек қана элементтер емес, ұйымдық-функционалдық немесе олардың арасындағы ақпараттық қарым-қатынастар болуы керек;
  • кiру және шығуда “тұтынушылар” модельдерiнiң бар болуы және “жеткiзушiнiң” болмауы кез-келген маңыздан айырылған. Бұл ИСО 9001:2000 стандартындағы 3 бөлiмiндегi “Терминдер және анықтамалар” және 2 қ. Көрсетiлген үрдiстiк амал принциптерiне қарама-қарсы келедi.
  • “СМЖ үнемi жақсарту” блогына схемадан келетiн бағыттаушы сызықша, модельдi қажеттi қаталдықтан айырады және оны жарнамалық иллюстрацияға айналдырады.

ВНИИНИАШ сертификаттауы бойынша орган жетекшiсi, техника ғылымдарының кандидаты В.Ю. Гуленков сапа менеджментi жүйесiне мына модельдi ұсынады (Сызба 1).

 

1.2 Сапа менеджментi жүйесiнiң моделi

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 сызба

       
     
   
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Негiзгi бөлім

 

2.1. Нормативтiк сiлтемелер.

 

ҚР СТ ИСО 9000 – 2001 Сапа менеджментi жүйесi. Негiзгi ережелер және сөздiк.  

ҚР СТ ИСО 9001 – 2001 Сапа менеджментi жүйесi. Талаптар.

ҚР СТ ИСО 9004 – 2001 Сапа менеджментi жүйесi. Қызметтi жақсарту бойынша ұсыныстар.

ҚР СТ ИСО 100 11 – 1 – 2001 Сапа жүйесiн тексеру бойынша басқарушы жарлықтар. 1-бөлiм. Тексеру.

МЕСТ   12770-73 Сұлы.

МЕСТ   016367-86. Құс өңдейтін өнеркәсіп. Терминдер мен анықтамалар.

МЕСТ   13634-68 Азықтық жүгері.

МЕСТ   8759-74 Сорго.

МЕСТ   17536-72 Мал тектес азықтық ұн.

МЕСТ   2116 Балық, теңіз сүтқоректілерінен және шаян тәрізділерден дайындалған азықтық ұн.

МЕСТ   10417-74 Азықтық бұршақтар. 

МЕСТ   11321-74 Азықтық люпин.

МЕСТ   8758-76 Нут.

МЕСТ   10419-74 Чина.

МЕСТ   14720-69 Азықтық бұршақ.

МЕСТ   17483-72 Азықтық май.

МЕСТ   80-62 Күнбағыс күнжарасы.

МЕСТ   10974-64 Зығыр күнжарасы.

МЕСТ   11048-64 Рапс күнжарасы.

МЕСТ   11201-65 Арахис күнжарасы.

МЕСТ    11202-65 Сурепті күнжарасы.

МЕСТ   11203-65 Күнжүт күнжарасы.

МЕСТ   11204-65 Сафлор күнжарасы.

МЕСТ   11694-66 Конопля күнжарасы.

МЕСТ   68-74 Мақта күнжарасы.

МЕСТ   12220-66 Азықтық соя шроты

МЕСТ   606-75 Мақта шроты

МЕСТ   11049-64 Жүгері шроты.

МЕСТ   11246-65 Күнбағыс шроты.

МЕСТ   18691-83 Шөп тектес және ждасанды кептірілген азықтар.

МЕСТ   13797-78 Ағаш көгінен жасалған витаминді ұн.

МЕСТ   9393-82 Ветеринарлық май.

МЕСТ   20083-74 Азықтық ашытқылар.

МЕСТ   19495-74 Техникалық сүйек ұны.

МЕСТ   18660-73 Азықтық монокальцийфосфат.

МЕСТ   10516-75 Азықтық кальцийфосфат.

МЕСТ   13830-68 Ас тұзы.

МЕСТ   18221-72 Жұмыртқалағыш, балапандарға және бройлерлерге арналған толық рационды құрама жем.

МЕСТ   18221-72 Күркетауық пен балапандарына арналған толық рационды құрама жем.

МЕСТ 3040-55 Ылғалдылығын анықтау.

МЕСТ 10839-64 Үлгі іріктеу мен өлшеулерді алу.

МЕСТ 10967-75 Түсі мен иісін анықтау.

МЕСТ 10840-64 Табиғи массасын анықтау.

МЕСТ 10939-64 Ластануын және майда дәндердің өтуін анықтау.

МЕСТ 10841-64 Ауруға жұқтырылуын және зиянкестермен зақымдалуын анықтау.

МЕСТ 10940-64 Типтік құрамын анықтау.

МЕСТ 10987-76 Шыны мөлдірлігін анықтау.

МЕСТ 13586.1-68 Желімшенің санын және сапасын анықтау.

 

 

2.2. Терминдер мен анықтамалар.

 

Сапа – объектiнiң белгiленген немесе болжамалы қажеттiктi қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткiштер жиынтығы.

Өнiм – iс-қимылдардың немесе үрдiстiң нәтижесi.

Тауар – ерiктi иесiздендiрiлетiн, бiр тұлғадан екiншi тұлғаға сатып алу-сату келiсiмi бойынша өтетiн кез-келген зат.

Қызмет – тұтынушының қажеттiгiн қамтамасыз етуге бағытталған дайындаушы мен тұтынушының және дайындаушының iшкi iс-қимылдарының тiкелей әрекеттесуiнiң нәтижесi.

Сапа көрсеткiшi – тауар сапасына жататын бiр немесе бiрнеше қасиеттерiнiң сандық сипаттамасы.

Ресурстар – қызмет көрсетушiлер, қызмет ету құралдары, құрал-жабдықтар, технология.

Сапа жүйесi – сапаны жалпы басқаруды жүзеге асыру үшiн қажеттi ұйымдастыру құрылымы, әдiстеме, үрдiс және ресурстар жиынтығы.

Өнiм сапасын басқару жүйесi – өнiм сапсын басқару кезiнде маткриалды-техникалық және ақпараттық құралдардың көмегi арқылы өзара қарым-қатынас жасайтын басқару объектiлерiнiң және басқару органдарының жиынтығы.

Өнiм сапасын бақылау – өнiм сапсының көрсеткiштерiн бекiтiлген талаптарға сәйкестiгiн бекiту, тексеру.

Өнiм сапасын қадағалау – арнайы органдармен жүзеге асырылатын, өнiм сапасын қадағалау.

Өнiмнiң бiрлiк сапа көрсеткiшi – өнiмнiң бiр қасиетiн сипаттайтын сапа көрсеткiшi.

Өнiмнiң кешендi сапа көрсеткiшi – өнiмнiң бiрнеше қасиетiн сипаттайтын сапа көрсеткiшi.

Өнiм сапасының интегралды көрсеткiшi – өнiмдi пайдалану немес тұтынудың пайдалы сумардық әсерi мен оны жасау және пайдалану немесе тұтыну қатынасы болып табылатын өнiмнiң сапа көрсеткiшi.

Өнiмнiң ақаулық коэффициентi – өнiмнiң бiрлiгiне келетiн ақаудың орташа өлшенген саны.

Өнiм сапасы көрсеткiштерiнiң регламенттелген мәнi – нормативтiк құжаттармен бекiтiлген өнiмнiң сапа көрсеткiштерiнiң сәйкестiгiн тексеру.

Квалиметрия – өнiм сапасын бағалаудың сандық әдiсi болып табылатын ғылым аумағы.

Бақылау жүйесiндегi бақылау органы – басқаруға әрекет етудi шығаратын өнiм сапасын басқару жүйесiнiң бөлiгi.

Өнiм сапасын бағалаудың статистикалық әдiсi – өнiмнiң бiрлiк және кешендi сапа көрсеткiштерiн бiрдей қолдануға негiзделген оның сапасын бағалау әдiсi.

Өнiм сапасының деңгейi – бағаланатын өнiмнiң сапа көрсеткiшiнiң негiзгi сәйкес көрсеткiштер мәнiмен салыстыруға негiзделген өнiм сапасына жататын сипаттама.

Жарамды өнiм – барлық бекiтiлгшен талаптарға сай және қанағаттандыратын өнiм.

Ақау – бекiтiлген талаптарға өнiмнiң әрбiр сәйкессiздiгi.

 

2.3 ҚР СТ ИСО 9001 : 2001 бойынша сапа менеджмент жүйесiн енгізудегi жалпы ережелер

 

Қазiргi кезде кiшi және орта кәсiпорындардың көбiсi тауар және қызмет көрсету нарығында тұрақты жағдайын ұстап тұру қажеттiлiгiмен соқтығысады. Олардың көбiсi кәсiпорында тұрақты сапаға кепiлдiк беретiн жағдай жасау жолын таңдайды, басқалары инвестиция жолымен жүредi, пайдалы серiктестер iздейдi және т.б. Олардың ең аз бөлiгi ең ауыр жолдардың бiрiн таңдайды – ол сапа менеджмент жүйесiн әзiрлеп (СМЖ), енгiзiп, және құзiреттiлiгi танылған органда сертификаттау.

Сонымен уақыт өте келе сертификаттау оларға мыналарды қамтамасыз ете алады:

  • фирманың (ұйым, кәсiпорын) беделiн өсiруге;
  • тұтынушылардың сенiмiн;
  • жұмыскерлердiң сапаның маңыздылығын түсiнуiн;
  • оның қызметiнiң ең жақсы нәтижелерiн қамтамасыз ететiн, қазiргi уақытта ұйымның басқаруы қандай болуы керектiгiн түсiнудi.

Кiшi және орта кәсiпорындарға (ұйымдарға) СМЖ жасау кезiнде қиыншылықтар болғанмен де кейбiр сұрақтарды шешу оңайға түседi. Қызметкерлер саны көп және басқарудың ұйымдық құрылымы дамыған iрi кәсiпорындарда ең қолайлысы, бiр қызмет немесе үрдiс түрiн бекiтiп қоятын арнайы маманды, жауапты тұлғаны табу оңайырақ. Ал қызметкерлер саны неғұрлым аз кiшi кәсiпорындарда жауапкершiлiктер, әрқайсысында бiрнеше және бұл жерде әрқайсысы бiрнеше мамандардың функцияларын атқарады.

Кiшi кәсiпорында әдетте техникалық қадағалау бөлiмi (ТҚБ) болмайды және техникалық қадағалау функцияларын атқаратын сапа бойынша директор (менеджер) әр уақытта бола бермейдi. Бiрақ та, қиын технологиялық үрдiс жоқ – негiзгi өнiмдi өндiрудi схематикалық түрде көрсету оңайырақ, ал бұл дегенiмiз қызметкерлерге неғұрлым қолы жетiмдi және түсiнiктi ету деген сөз.

 Кәсiпорында мамандар СМЖ өндiру кезiнде стандарттарды жазумен емес, “процедураларды өндiрумен” айналысулары керек. Бұл үлкен айырмашылық, өйткенi тек қана құжаттарды әзiрлеу ғана емес, сонымен бiрге олар әрi қарай жұмыс жасауы үшiн жағдай жасау маңызды болып табылады.

Үрдiстердi көрсетудiң ең тиiмдi әдiсi – олардың графиктiк көрсетiлуi. СМЖ құжаттарын әзiрлеушiлерге көмек ретiнде кәсiпорынның жұмысшыларының қызметтерiн, үрдiстер, процедуралар, элементтер немесе үрдiстер карталары бойынша алгоритмдерiнiң блок-схемаларын құрастыру керек. Оларды мiндеттi түрде СМЖ құжаттарын әзiрлеу немесе қайта қарау кезiнде бiрiншi этап ретiнде қолдану керек: кәсiпорындағы қандай да бiр мәселенiң орындалуы бойынша қадамын, операциялардың, процедуралардың жалғастырылуын анықтап алу керек; әр қадамда орындаушыларды; үрдiстердiң кiрiс және шығыстарын ақпарат ағындарын анықтау керек. Бұл жерде мыналарды анықтап алу керек: сол немесе басқа бiр iс-қимыл ескерiлетiн құжат бар ма, ол бекiтiлген талаптарға сәйкес келе ме.

АС ИСО 9000 : 2000 сериялы версиясына ауысу кезiнде сұрақтың бұлай қойылуы, үрдiстi амалды шешуге көмектеседi.

Алгоритмдердiң блок-схемаларын кәсiпорында берiлген бiр қызмет түрiн iске асыратын, стандартталатын қызметтiң мән-мағынасын түсiнетiн мамандар жасау керек.

Блок схемалармен жұмыс жасау кезiнде “құжаттамалармен басқаруда” қателер табылып отырады – сол немесе басқа бiр нормативтi құжаттардың болмауы.

Қазiргi нарықтық жағдайда бәрiн өздерi ойлауы тиiс. Және көптеген өндiрушiлер қиын жағдайда тұрып қалады: жасалған алгоритм қалай көрiнедi, бұл үрдiске ең негiзгi кiрiс болып не табылады, нарық талап ететiн жаңа өнiмдi өндiру немесе жобалау неден басталады?

ИСО 9000 сериялы стандарттарда “кiрiстi жобалық мәлiметтер” ретiнде анықталғандар, шын мәнiнде тұтынушының талабы қанағаттануы үшiн керек нәрсе болып келедi. Қажет:

  • осы қажеттiлiктердi және күтулердi табу;
  • оларды көрсеткiштердiң техникалық тiлiне және сипаттамаларға ауыстыру;
  • әрi қарай қолдануын ескере отырып, олардың жеткiлiктiгiн анықтау;
  • жобаға қатысушылардың бәрiне түсiнiктi ету;
  • әзiрлеудi (жобалауды) бастау туралы шешiм қабылдау және бекiту.

Осының өзi алгоритм болып келедi, кем дегенде бес қадамын анықтадық. Бiрден әртүрлi басқару деңгейiндегi қызмет түрлерiнiң, олардың қызығушылықтарының, өзара қарым-қатынасының ақпаратты ағымдардың қиысу нүктелерi шыға келедi. Үрдiстердi көрсету үшiн алгоритмдердi, блок-схемаларды, үрдiстер карталарын қолдану жаңалық емес, мұндай әдiс көптеген кәсiпорындарда қолданылады. Айта кету керек, бiр ғана сурет мыңдаған сөздiк орнын ауыстыра алады.

Егер кәсiпорын басшысы МС ИСО 9000 сериясы негiзiнде СМЖ дамыту немесе жасау туралы шешiм қабылдаса, онда оның кәсiпорындағы сапа басқару деңгейi жоғары және қол астындағылар да өз жұмыстарын жақсы бiледi. Бiрақ та, кейбiр қызмет түрлерiнде, егер алгоритмдi ашып қараса жетiспеушiлiктер табылып қалуы мүмкiн.  Сондықтан да, консультант кәсiпорында жұмысты бастар кезiнде ең оптималды мәселелердi және сұрақтарды табуға мiндеттi. Оларды бас директорға басынан бастап қарастыруға және шешiм қбылдауға жiберiп отырады. Бұл бiрiншiден, басшыға қызметтiң негiзгi жағдаййы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн, екiншiден, әзiрлеудегi сұрақтарды қарастыратын координационды  органның жұмысын дұрыстау үшiн (себебi өзгерiстер енгiзiледi) керек.

Бас директор басқаратын сапа жөнiндегi ұйым барлық жұмыс бойындағы шешiмдердi қабылдау үшiн құралады: яғни СМЖ жағдайын алдын-ала бағалау нәтижесiн алудан бастап, сертификациялық аудитке дайындығын бағалауға дейiн.

Кәсiпорынға СМЖ әзiрлеу және енгiзу кезiндегi жұмыс, iс-қимылдар түрлерi  және оны сертификаттауға дайындау 2 схемада көрсетiлген. Сонымен қатар, ережеге сәйкес консультанттар келесi жұмыс түрлерiн орындайды:

  • кәсiпорындағы құжаттамаларды талдау және оны сертификациялық талаптарға жеткiзу бойынша ұсыныстарды өндiру; сонымен бiрге нормативтi құжаттар тiзбегi бойынша СМЖ-не кәсiпорындағы регламенттеушi және тiркеушi құжаттамалардың барлығы берiледi;
  • алгоритмдердi, блок-схемаларды, үрдiстер картасын әзiрлеу кезiнде және СМЖ құжаттарын ендiру кезiнде (сапа бойынша басшылық нұсқаулар, бөлiмшелер туралы жағжайлар және т.б.) әдiстемелiк көмек көрсету;
  • iшкi аудиттер жүйесiн әзiрлеу және енгiзу, және оның тұрақты дамуын және тиiмдiлiгiн бағалайтын негiзгi құрал ретiнде СМЖ талдау. Бөлiмшелерде және қызметтерде пайда болған сәйкессiздiктердi және нәтижелердi қарастыруы керек, басшылық үшiн әр кварталдық есп беруге, мәселелердi және қосымша ресурстарды қажет ететiн шаралады кiрiстiру немесе басшылық деңгейiнде шешiм қабылдауы керек.

2 сызба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұйрық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 сызба  жалғасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

— СМЖ акредиттелген органмен алдын-ала және сертификациялық аудиттi жүргiзiлуiнiң және дайындығының ұйымдастырылуы, ескертулер болмаған жағдайда әдiстемелiк көмек көрсету.

Бұл әдiстiң ерекшелiгi, қарастырылып жатқан шараларды кезекпе-кезек, сонымен қатар қатарынан iске асыруға болады (3 схема) және ол оның тарату уақытын қысқартады.

Айта кететiн нәрсе: сапаны қамтамасыздандырудағы техникалық және бақылау қызметi орындарының сұрақтары, ең бастысы кәсiпорын басшыларының қызығушылығында болуы керек, яғни сапаны қамтамасыздандыруға үлкен мән берiп, өздерi қадағалап отыруға тиiс. Сонымен қатар, СМЖ жасау бойынша қызметтерге де сөзсiз басшылық атсалысуы керек. Дайындық мерзiмi көбiнесе осы үрдiске кәсiпорын персоналының қатысуына байланысты болады, ең алдымен басшылықтың жоғарғы және орта буындарына, сонымен қатар СМЖ жасау немес әрi қарай дамыту жұмыстарына барлық кешендерiнiң бас директорының өзiнiң қолдауына тiкелеу байланысты.

Оң нәтиженi  -“қағаз түрiнде” емес, оптималды мерзiм iшiнде жасалған тиiмдi СМЖ алу, бiрiншi басшының қатысуымен мүмкiн болады.

Әрине, тек осы кезде ғана жұмысшылар кәсiпорында жаңа үлкен iс атқарылатындығы және оған ертелi-кеш кез-келген әр жұмысшы қатысатындығын түсiнедi.

Сонымен бiрге, басшылықтың жоғарғы және орта буынына мiндеттi түрде орындалатын жұмыс құрамы мен шараларды бiлулерi керек. Көрсетiлген 3-схемалы алгоритмде  -өндiрiстi және СМЖ зерттеу, тексеру қорытындысы бойынша әзiрленетiн мақсатты шараларды жоспарының жобасы. Бұл сонымен бiрге, ИСО 9001:2000 талап етуiндей, орындалатын жұмыс кешендерi ресурспен қамтамасыздандырылуы үшiн қажет, яяғни құзiреттiлiгi танылған топ тағайындалып, оған сәйкес өкiлеттiлiк берiлiп, сол жұмыстарды орындауына қажеттi құрал-жабдықтар бөлiнiп уақыт белгiленуi керек. Сонымен, “ресурстар менеджментi” бөлiмiне де жоғарғы басшылықтың қатысуы керектiгi түсiнiктi болды. Яғни, тек қана бiорiнiшi басшының қатысуымен ғана үлкен жетiстiктерге жетiге болады. Мұндай қатысу дәрежесi әр түрлi, мысалы: бүкiл жұмыс кешендерi бойынша белгiленген шаралардың таралу барысын қадағалау немесе оны әрi қарай жиналыстарда үнемi қарастыру (сапа күндерiнде немесе сапа бойынша ұйымдарда); Үрдiстерге және процедураларға жауапты бас мамандарды, қызмет басшыларын, өз орынбасарларын тыңдау, шешiлмей жатқан мәселелерге қатысып, оны шешу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Зерттеу әдістемелігі мен материалдары

 

     3.1 Кәсіпорын сипаттамасы.

 

 «БеНТ» акционерлік қоғамы – бұл, бүгінгі күні, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларының бірнеше кәсіпорындары, бұл мақсат – мүддесі бір, істің көзін таба білетін жоғары білікті еңбекқор ұжым.

«БеНТ» акционерлік қоғамының өнеркәсіптегі, сол сияқты ауыл шаруашылығындағы өндірісінің ерекшелігі – кәсіпорынның жетекші батыс фирмаларының тәжірибесін үйрене отырып, оны өз елінде енгізіп, неғұрлым алдыңғы қатарлы әлемдік технологияны таңдауы.

«БеНТ» акционерлік қоғамы өзінде бар құстар санын көбейту үшін атақты «Анак Чикен Интернешнл» израиль фирмасына өтініш жасады, міне, осының арқасында жоғары өнім беретін кросс «Титан» және «Яффа» құстары өсірілді. Кәсіпорын Қазақтың ғылыми зерттеу институтының құс шаруашылығы ғалымдарымен бірлесе отырып, біздің республиканың, сондай-ақ жақын шетелдің барлық құс шаруашылығына қажет балапан басып шығаратын құс шаруашылығының құрылуына септігін тигізді.

«БеНТ» акционерлік қоғамындағы құрама жем зауыты 2005 жылы жаңадан салынды. Онда жаңа қондырғылар орнатылып, жаңа технологиялар енгізілді. Ондағы мақсат құрама жемді жоғары сапалы дайындау, өнімділігін арттыру және зауыттың үздіксіздігін қамтамасыз ету. Зауыттың өнімділігі, сағатына –төкпелі жем – 25 т, грануирленген жем – 12т.

  • Құрама жем зауыты – күн сайын арнайы рецепт бойынша әзірленген шаруашылықтың бөлімшелерін азықпен қамтамасыз етеді;
  • Зоотехниялық зертхана – құсты күту және азықтандырудың бекітілген параметрлерінің орындалуына бақылау жүргізеді, келіп түскен шикізатқа оперативті тексеру жүргізеді және дайын азықты сынаудан өткізеді;
  • Ветеринарлық зертхана – құс ауруларын алдын-алу мақсатында лабораториялық-диагностикалық зерттеулер жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«М — Комбикорм» құрама жем зауытының ұйымдық құрылымы

3 сызба

       
   
     
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

сурет 1. «М — Комбикорм» құрама жем зауыты

 

Күн сайын құрама азық шығаратын зауытта шаруашылықтың барлық бөлімшелеріне 70-80 тонна азық дайындалады. Қоспаны әзірлеу басқару орталығынан бақыланады. Компьютерге программа енгізілген соң бидайды, соя шротын, сұйық май, жүгері, витаминді автоматты түрде араластыру басталады. Азықтар және олардың компоненттері сапаны бақылау лабораториясында екі мәрте пробациядан өтеді.

     

      3.2 ЖШС «М-Комбикорм» сапа менеджментi жүйесiн енгiзу

 

      3.2.1. Сапа аумағындағы саясаты.

ЖШС «М-Комбикорм» кәсіпорнының сапа жөніндегі басшылығы.

ЖШС «М-Комбикорм» кәсіпорнының мақсаттары:

  • алдыңғы қатарлы кәсіпорындар мен фирмалардың деңгейінен асатын, өнімнің техникалық деңгейіне жету;
  • тұтынушылардың нақты талаптарын қанағаттандыруға бағытталу;
  • жаңа өтім нарығын жаулау немесе кеңейту;
  • сапаны көтеру арқылы кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсарту;

ЖШС «М-Комбикорм» мақсаты тұтынушылар сұранысының қанағаттануын және тұрақты пайданың кепілі болатын сатып алушылар сұранысын қанағаттандыратын қызмет көрсету мен өнімді шығару және жеткізу. ЖШС «М-Комбикорм» үшін сапа – бәсекеге қабілеттіліктің стратегиялық көрсеткіші.

Берілген сапа менеджменті жүйесін енгізу және әзірлеу мақсаты келесілерден тұрады:

  • қажеттіліктерді, тұтынушылардың және басқа мүдделі жақтардың үмітін орнату;
  • кәсіпорын саясатын, сапа саласындағы мақсаттарды, сапаны басқару жөніндегі процедуралар және сапа жүйесіне қойылатын талаптарды әзірлеу;
  • сапа саласындағы мақсаттарға жетуге қажетті процестер мен жауапкершіліктерді орнату;
  • сапа саласындағы мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстарды орнату, анықтау және онымен қамтамасыз ету;
  • әр процестің нәтижелілігі мен тиімділігін өлшеу үшін әдістер әзірлеу;
  • сәйкессіздіктерді болдырмауға қажетті және олардың себептерін жоятын құралдарды анықтау;
  • сапа менеджменті жүйесін тұрақты жақсатру процесін әзірлеу мен қолдану;

Басшылықтың мәлімдемесі.

ИСО 9001-2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес кәсіпорында сапа жүйесі әзірленіп, енгізілгені жайлы ЖШС «М-Комбикорм» басшылығы мәлімдейді.

Бұл жүйені қолдану сапа саласында кәсіпорын қызметін басқаруды қамтамасыз етеді және тұтынушылардың барлық сұраныстарының толық қанды қанағаттануына кепілдік береді.

ЖШС «М-Комбикорм» басшылығы нақты сапа жөніндегі басшылықты толығымен қабылдайды.

ЖШС «М-Комбикорм» басшылығы сапа саласындағы кәсіпорын саясатын жүргізудің кепілі болатын кәсіпорын қызметкерлерінің барлығын нақты сапа жөніндегі басшылықтың талаптарына, сапа жүйесінің  күші бар жұмысшы стандарттарына сәйкес өз қызметтерін жүргізуге міндеттейді.

ЖШС «М-Комбикорм» кәсіпорнының сапа  саласындағы  саясаты.

Кәсіпорынның негізгі мақсаты – Қазақстан нарығында жоғары сапалы құс азығын өндіру бойынша алда болу.

Кәсіпорынның мақсаттары:

  • тұтынушылар мен басқа да мүдделі жақтардың талаптары мен үміттерін қанағаттандыру;
  • ИСО халықаралық стандартар талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесінің нәтижелігін көтеру;
  • ресурстарды (материалды және қаржы) тиімді және нәтижелі қолдану;
  • бөлімшелер ішіндегі қарым қатынасты жақсарту және басқарудың прогрессивті әдістерін қолдану арқылы және әр қызметкердің кәсіби ісін үздіксіз жоғарылату жолымен кәсіпорын құндылығын көтеру;

 

3.2.2 Басшылық тарапынан талдау.

 

  • Басшылықтың міндеттемелері.

Жоғары басшылық қамтамасыз етуі керек:

А) тұтынушылар талаптарының орындалуы маңыздылығын ұйымға мәлімдеу;

Б) сапа саласындағы саясатты бекіту;

В) сапа саласындағы мақсаттарды әзірлеумен қамтамасыз ету;

Г) жоғары бөлім басшылығының өкілеттілігін және сапа жөніндегі бөлімшелердің жауапкершіліктерін бөлу;

Д) Басшылық тарапынан талдау жүргізу;

Е) қажетті ресурстармен қамтамасыз ету.

  • Тұтынушыға бейімделу.

Жоғарғы басшылық тұтынушылардың қанағаттандырылғанын көтеру үшін олардың талаптарын анықтау мен орындалуын қамтамасыз етуі керек.

  • Сапа саласындағы саясат.

Сапа саласындағы саясат жоғары басшылық қамтамасыз етуі керек:

  • кәсіпорын мақсаттарына сай болуын;
  • сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкестігін және нәтижелілікті тұрақты жоғарылатуға міндеттемелерді енгізу;
  • ұйым персоналына хабарлануы керек;
  • тұрақты жарамдылыққа талдануы керек.

ЖШС «М-Комбикорм» қызметінің негізгі принципі — тұтынушылардың сұранысы мен үмітін толық қанағаттандыру үшін, оның өндіретін өнімі мен қызметінің сапасын тұрақты жақсарту, кәсіпорынның бәсекелестігін жоғарылату мен нарықта алдыңғы қатарда болу.

Қойылған мақсаттарға жету келесі нормалармен қамтамасыз етіледі:

  • кәсіпорынның бүкіл қызметі тұтынушыға бейімделуі;
  • кәсіпорындағы барлық қызмет түрін жақсартумен байланысты ұйымдастыру, кадрлық, техникалық, инвестициялық және басқа да мәселелерді шешу барысында өнім және қызмет сапасының маңыздылығы алға қойылуы;
  • кәсіпорынның ассортименттік және баға саясатының қалыптасуы; отандық және шетел тәжірибесін, нарықты тұрақты зерттеу негізінде өнім және қызметтің жаңа түрлерін әзірлеу және енгізу;
  • өндірістік базаны тұрақты жақсарту, қазіргі таңдағы техника мен қондырғыларды пайдалану, өндіріске прогрессивті технологияны енгізу, өнімді қайта өңдеу мен өткізу;
  • персоналды таңдауға, біліктілігін жоғарылатуға және шығармашылық белсенділігін дамытуға бағытталған кадр саясатын жүргізу;
  • жеткізушілермен бір-біріне пайдалы қарым-қатынасты дамыту;
  • өнімнің және оны өндіру технологиясының халықаралық талаптар мен стандарттарға, сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық тазалық саласына сәйкестігі;
  • ең бірінші сапа проблемаларын болдырмау және себептерін жоюға бағытталу, олардың пайда болғаннан кейінгі салдарын жоюға емес.
  • Басшылар мен кәсіпорын бөлімшелері арасында сапа саласындағы жауапкершілік пен міндеттемелерді бөлу.

ЖШС «М-Комбикорм» кәсіпорнының әрбір қызметкері:

  • мақсатты біледі және мақсатқа жету үшін жауапты;
  • өз ісінің маманы мен өз қызметінің сапасына жауапты.

Әрбір басшы:

  • өз саласындағы қызметті жақсарту мен сапаға жауапты.

Жоғарғы басшылық:

  • сапа саласындағы саясатты жақсартады және бекітеді; сапа менеджменті жүйесін тұрақты жақсартады;
  • материалды, қаржы және басқа да ресурстардың бөлінуін қамтамасыз етеді;
  • барлық персоналға саясатты жеткізуге жауапты.
  • Мағлұматпен ішкі алмасу.

ЖШС «М-Комбикорм» кәсіпорнының басшылығы мағлұматпен алмасудың сәйкес процестерін әзірлеумен қамтамасыз ету, сонымен қатар, сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігі мәселері бойынша қамтамасыз ету керек.

  • Саясаттың орындалуын талдау және бағалау.

Саясатты талдау:

— сапа жөніндегі мақсат пен міндеттердің орындалу деңгейін тексеру;

— сапа менеджменті жүйесінің тұрақты жарамдылығын, сайма-сайлығын және нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін жаңа мақсаттар орнату;

  • Талдаудың кірмелі мәліметтері.

Басшылық тарапынан кірмелі мәліметтерді талдау үшін келесі мағлұматтар кіруі керек:

  • талдау мен тексерулердің нәтижелері;
  • тұтынушымен кері байланыс;
  • процестердің орындалуы мен өнімнің сәйкестігі;
  • түзетуші әрекеттер;
  • сапа менеджменті жүйесіне әсер ете алатын өзгерістер;
  • жақсарту бойынша ұсыныстар;
  • талдаудың шықпалы мәліметтері.

Басшылық тарапынан шықпаы мәліметтерді талдау үшін барлық шешімдер кіруі керек:

  • сапа менеджменті жүйесі және оның процестерінің нәтижелілігі мен

тиімділігін жоғарылату;

  • тұтынушылар талаптарына сай өнімді жақсарту;
  • ресурстарға қажеттілік.

 

3.2.3 Ресурстар менеджментi.

 

Басшылық ұйымның стратегиясы мен мақсаттарына жетудi жүзеге асыруы үшiн қажеттi ресурстардың болуын анықтайды және қамтамасыз етедi. Олар сапа менджментiнiң жүйесiн әрекет етуi және жақсарту, сондай-ақ тұтынушылар мен басқа да қызығушы тараптардың қанағаттандырылуы үшiн ресурстарды қосады.

    Кәсiпорын келесi ресурстарды қосады:

  • адам ресурстары;
  • қаржылық ресурстар;
  • инфрақұрылым;
  • өндiрiстiк орта.

Кәсіпорын ресурстармен қамтамасыз етуі керек:

  • Сапа менеджменті жүйесін енгізу және оны жұмысшы қалыпта ұстап, сондай-ақ оның тиімділігін ұдайы жақсартуға;
  • Тұтынушылардың қанағаттандырылуын, олардың талаптарын орындау арқылы арттыруға қажетті ресурстарды анықтауы және олармен қамтамасыз етуі қажет.

Жоғарғы басшылық ұйымның стратегиясы мен мақсаттарына жетуді жүзеге асыру үшін қажетті ресурстардың болуын анықтауы және қамтамасыз етуі керек. Олар сапа менеджментінің жүйесін әрекет етуі және жақсарту, сондай-ақ тұтынушылар мен басқа да қызығушы тараптарды қанағаттандыру үшін ресурстарды қосады. Ресурстарға қызметкерлерді, инфрақұрылымды, өндірістік ортаны, ақпаратты, жеткізушілер мен серіктестерді, табиғи және қаржылық ресурстарды енгізуге болады.

Қаперге алынуы керек сұрақтар

Ұйым әрекетін жақсарту үшін ресурстарға қатысты барлық сұрақтарды қарастыруы керек, мысалы:

— мүмкіншіліктер мен шектеулерді ескеріп ресурстарды нәтижелі, тиімді уақтылы ұсыну;

— жетілдірілген өндірістік және көмекші құралдар сияқты материалдық ресурстар;

— зияткерлік меншік сияқты материалдық емес ресурстар;

— ұдайы жаңашаланған жақсартуларға әсер ететін ресурстар мен тетіктер;

— жоба менеджментінің қажеттіктері мен матрикалық келісімді қанағаттандыратын қызметтерді қоса ұйымдастыру құрылымдары;

— ақпарат және технологиялар менеджменті; мақсаттандырылған әзірлік, білім және оқыту арқылы құзіреттігін көтеру;

— ұйымның келешектегі менеджерлер үшін тәжірибелер мен белсенділіктерін дамыту;

табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қоршаған ортаға әсері;

келешектегі ресурстарға қажеттілікті жоспарлау.

 Персонал:

— Жұмысты орындайтын, өнім сапасына әсер ететін қызметкерлер алынған білім, дайындық, әдет және тәжірибе негізінде білікті болуы керек.

— Біліктілік, хабардарлық және дайындық.

Ұйым:

— өнім сапасына әсерін тигізетін жұмысты орындаушы қызметкерлерге қажетті біліктілікті анықтауы;

— осы қажеттіктерді қанағаттандыру мақсатында дайындықты қамтамасыз етуі немесе басқа әрекетті жүзеге асыруы;

— қабылданған шаралардың тиімділігін бағалауы;

— өз өызметкерлерінің әрекетінің көкейкестігін және маңыздығын және сапа саласындағы мақсаттарға жетуге салымы туралы білуін қамтамасыз етуі;

— білімі, дайындығы, әдеттері және тәжірибелері туралы сәйкес жазбаларды жұмысшы қалыпта ұстап тұруы керек.

 

 

Адам ресурстары.

Жұмысшы орындайтын, өнiм сапасына әсер етеiн қызметкерлер алынған бiлiм, дайындық, әдеп және тәжiрибе негiзiнде бiлiктi болу керек.

Зауыт басшылары мен жұмысшыларының құрылымдық міндеттері.

АҚ Президенті  — өндіріске жалпы қадағалау жүргізеді;

Құс шаруашылығы жөнінен вице-президент – құс өсіру технологиясының орындалуына қатаң бақылау жүргізеді.

Құрама жем зауыт директоры — өндіру технологияның негізгі жұмыс                    бағыттарын белгілеп, рациондар құрастырып, қарамағындағылардың қызметін бағыттайды;  

Құрама жем зауыт бастығы – зауыттың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, өнімнің сапалы өндірілуіне қатаң бақылау жүргізеді;

Құрама жем зауытының құрама жем дайындау учаскесі бригадирінің қызметтік нұсқаулығы

Біліктілік талаптары.

  • Орта – арнайы (зоотехниялық)
  • Жұмыс тәжірибесі – 2 жылдан кем емес,
  • Біліктілігін растау – жылына 3 рет.

Міндеттері.

Құрама жем дайындау учаскесінің бригадирі міндетті:

  • дер кезінде жоғары сапалы азықты дайындау, құстарға жеткізу және құрама жем зауыты жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге.
  • уақытында құрама жемді құс қораларына лимит шегінде жіберуді жүзеге асыру.
  • азықтық қоспаларды дайындаудың экономикалық тиімді әдістерін өндіріске жүйелі түрде енгізу және оқуға.
  • келіп түскен шикізатты құрама жем дайындау цехына қабылдау, құстардың түрлі жас топтарын азықтандыру тәртібі мен тағайындалуына сәйкес дұрыс орналастыруы керек.
  • қажетті талдауларды жүргізу үшін күнделікті құрама жемдердің сынамаларын алып, зоотехниялық зертханаға жіберуі керек.
  • шикізат және құрама жемнің барлық түрлерінің дұрыс сақталуын ұйымдастыруы керек.
  • төкпелі құрама жем мен басқа шығындар түрлерін, сапасыз орындалған жұмыс себептерін алдын-алу және жою.
  • құрама жем дайындау цехында шикізат және құрама жемнің жылжуы жайлы уақытында және дәл есеп жүргізу.
  • құрама жем дайындау цехының механизмдері мен қондырғыларының жұмыс жағдайын күнделікті қадағалау.
  • құрама жем дайындау цехының жұмысшыларын құрал-жабдықтармен, құрылғылармен және қорғаныс жабдықтарымен қамтамасыз ету.
  • әрекеттегі нұсқаулықтарға сай ветеринарлы-санитарлық талаптарды сақтау.
  • бекітілген жиілікпен еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелерін құрама жем дайындау цехының жұмысшылары сақтауын қадағалау және нұсқаулық беру.
  • өнім өндіру жоспарының орындалуын, материалдық құндылықтардың сақталуын қадағалау.
  • дайындалатын құрама жемнің сапасын жақсарту мен өзіндік құнын төмендету үшін ай сайынғы шаралар жоспарын әзірлеу.
  • еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауды қадағалау.

Құқықтары.

Құрама жем дайындау учаскесінің бригадирі құқылы:

  • азықтық қоспаларды дайындау, жеткізілетін азық сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмысшылар сұрақтарына нұсқаулар беруге.
  • құс өсіру кәсіпорындарының құрылымдық бөлімшелер басшыларымен тікелей қарым-қатынас жасауға.
  • құстарға арналған азықтық қоспаларды дайындау сапасын жоғарылату бойынша ұсыныстар енгізуге.
  • құрама жем дайындау учаскесі үшін сапасыз орындалған жұмыстарды брактауға және оның қайта сапалы орындалуын талап етуге.
  • құрама жем дайындау учаскесінде адам өмірі мен денсаулығына қауіп туындаған жағдайда жұмыс істеуге тыйым салуға.
  • қызметтік нұсқаулықта көрсетілген жұмысшылардың міндеттерінің нақты орындалуын талап етуге.
  • өз құзыреті шегінде құжаттарға қол қоюға.
  • қызметтік міндеттер мен құқықтарды орындау және жүктеуге кәсіпорын басшылығынан жәрдемдесуді талап ету.
  • кадрларды таңдау мен орналастыру бойынша ұсыныстар енгізуге, сыйлық тағайындау және жазалау шараларын қолдануға.

Жауапкершілік.

Құрама жем дайындау учаскесінің бригадирі жауапты:

  • өз міндеттерін тиісті атқармағаны үшін;
  • ИСО 9001 сапа жүйесінің бекітілген процедураларына және қызметтік міндеттеріне сай жұмысты немесе қызметті сапалы орындау;
  • Берілген құқықтарды дұрыс және толық қолдануға;
  • ЖШС «М-Комбикорм» ішкі жарлығының тәртіптерін орындамағанда;
  • коммерциялық құпиялар мен конфиденциалды ақпараттарды сақтау.

Құрама жем зауытының құрама жем дайындау учаскесі жұмысшы – операторының  қызметтік нұсқаулығы

Біліктілік талаптары.

  • Білімі – орта
  • Жұмыс тәжірибесі – талап етілмейді,
  • Біліктілігін растау – жылына 1 рет.

Міндеттері.

Құрама жем дайындау учаскесінің жұмысшы – операторы  міндетті:

  • құрама жем зауытының құрама жем дайындау учаскесінде барлық машиналар мен механизмдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
  • кестеге сәйкес машиналар мен механизмдердің ағымдағы жөндеуін уақытында өткізу.
  • еңбек және өндіріс тәртібін, әрекеттегі нұсқаулықтарға сәйкес ветеринарлы-санитарлық талаптарды, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және қауіпсіздік ережелерін қатаң орындау керек.
  • дайындалған құрама жемнің сақталуына, мөлшеріне және сапасына жауапты.
  • жас бойынша бекітілген рецепттерге сәйкес құрама жемнің дайындалуын қатаң кестеге сай қамтамасыз ету керек.

Құқықтары.

Құрама жем дайындау учаскесінің  жұмысшы — операторы құқылы:

Құрама жем зауытының басшыларынан қажетті еңбек жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді талап етуге.

Арнайы жұмыс киімін алуға.

Жауапкершілік.

  • құрама жем дайындау учаскесінің жұмысшы — операторы жауапты:
  • өз міндеттерін тиісті атқармағаны үшін;
  • исо 9001 сапа жүйесінің бекітілген процедураларына және қызметтік міндеттеріне сай жұмысты немесе қызметті сапалы орындау;
  • қауіпсіздік ережелерін, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігін сақтауға;
  • коммерциялық құпиялар мен конфиденциалды ақпараттарды сақтау.

 

Қаржылық ресурстар.

Қаржылық ресурстарды жоспарлау.

Жоспарлаудың кiрiс деректерi: жоспарлар (кадрлар, iшкi аудиттер, жақсару мақсатындағы және т.б. жоспарлар), өнiмдi өндiру жоспарлары.

Жоспарлаудың шығыс деректерi: ресурстарды қамтамасыз ету жоспары.

Қаржылық ресурстарды жоспарлау кәсiпорынның басшы орынбасарымен iске асырылады және бас директормен бекiтiледi.

 

Инфрақұрылым

Инфрақұрылымның құрамына: ғимараттар, жұмысшы кеңістік:

  1. Зауыт ғимараты – екі бірлескен секциялардан және 6 қабаттан тұрады, 1 ғимаратта шикізат сақтайтын 36 силос бар, олардың 9 құрама жем дайындау ағымына арналған.
  2. Ғимарат – басқармалық.
  3. Шикізат сақтау қоймалары – 5000 т.
  4. Витаминді премикстерді, қоспаларды, минералды шикізаттарды                       сақтау қоймасы.

 Қондырғылар: 1-қабатта — өлшегіш дозатор, аспирациялы жарғыш, 900 л өсімдік майына арналған қысып толтыратын сорабы бар ыдыс, 2-ші реттік араластырғыш, гранулятордың салқындатқышы мен майдалағышы, ауалық компрессор, 6 нориялар бар.

2-қабатта – 1-ші реттік араластырғыш, 500 кг өлшегіш дозатор, гранулятор, бу құбырлары, грануляторды басқаратын пульт, 900 л өсімдік майын грануляторға жіберетін ыдыс, өлшегіш дозатордың жанында 2-ші араластырғышқа витаминді-минералды қоспаларды, тұзды жіберетін ауалы шибері бар люк, ал ең бастысы – зауытты басқаратын пульттік бөлме орналасқан. Мұнда күш беретін электроқалқандар, индустриалды процессорлары бар 2 компьютер, осылар арқылы берілген бағдарлама және рецепттер бойынша құрама жем дайындаудың барлық процесстері іске асырылады. Бұл компьютерлерде терілген және іске асқан рецепттер электронды тасымалдағыштарда сақталып және қағаз бетіне басылады, осы арқылы зауыттың дайын өнімді жіберу-қабылдау бухгалтерлік есептері жүргізіледі.

3-қабатта – белоктік, минералдық қоспаларға арналған 9 бункер, гранулятордың үстіндегі жинақтағыш бункер, ауаны аспирациялайтын желдеткіш, 1-ші реттік араластырғыш үстіндегі жинақтағыш бункер, жинақтағыш бункер үстінде магнит орналасқан.

4-қабатта – мұнда қабылдау алаңында 1-4 қабатқа белоктік, минералды қоспаларды көтеретін лифт, белоктік, минералды қоспалармен толтыруға арналған 9 бункер және оларды қаптарда сақтауға арналған стеллаждар, гранулаларды сепарирлейтін сепаратор, құрама жем жіберетін 2 нория немесе дайын өнімді бункерлерге жіберетін транспортерлер желісі бар.

 

Өндiрiстiк орта

Сапалы өнiмнiң шығуына келесi факторлар әсер етедi: өндiрiстiк орта, экономика, жұмысшы орындарды орналастыру, әлеуметтiк өзара әрекеттер, санитарлық жағдайлар (тазалық, шу, дiрiл және ластанулар), қауiпсiздiк техникасы ережелерi сақталынуы және т.б. Бұлар Қазақстан Республикасының Заңдары негiзiнде және кәсiпорында өндiрiстiк ортаны ұстап тұру бойынша басқа да құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады.

Өндiрiстiк орта үрдiсiн жақсарту үшiн өтiнiштер жиналып, алдын-ала тексерулер нәтижелерiне талдау жүргiзiледi. Өндiрiстiк ортаны басқару үрдiiс өндiрiстiк орта туралы ережеде көрсетiледi. Өндiрiстiк ортаны ұстап тұру шараларының орындалуын бақылау кәсiпорынның атқарушы директорына жүктеледi.

Өндiрiстiк ортаны жақсарту үрдiсiнiң тиiмдiлiгiн бақылау СМЖ бойынша басшылықтың өкiлеттi тұлғасымен жүзеге асады. Өндiрiстiк ортаның даму тиiмдiлiгн бағалау критерийi болып өндiрiстiк ортаны жақсартуға жататын сапа бойынша шаралардың жоспарының уақытылы орындалуы болып табылады. Өндiрiстiк ортаны жақсарту бойынша тиiмсiздiк себептерi техникалық кеңес отырысында қарастырылады және үрдiстi жақсарту бойынша шешiм қабылданады.

 

 

 

 

3.2.4 Өнімнің  өмірлік  циклінің  негізгі  кезеңдеріне қойылатын  талаптар.

4 сызба

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2.4.1. Шикiзатқа қойылатын жалпы талаптар.

Бройлерлерді азықтандыруға қойылатын талаптар.

Балапанды етке өсіру кезіндегі ұйымдастыру кезіндегі негізгі міндеттердің бірі – құстың генетикасына негізделген өсуінің жоғары интенсивтілікке қабілеттілігін толық пайдалануға негізделген. Бұл толықрационды құрама жемдермен азықтандыру арқылы едәуір деңгейге жетеді.

Бройлерлерді өндірістік өсіру қабылданған нормаларға сәйкес негізгі нәрлі және биологиялық белсенді заттармен теңгерілген, шашыраңқы қиыршық ретінде гранулданған құрама жемдермен құрғақ азықтандыру типін қолдануға негізделген. Құрғақ типті азықтандыруды қолдану азықтағы қоректік заттардың сақталуын қамтамасыз етеді, дайындаудың механикаландырылуын кеңінен енгізу, азықты тасымалдау және тарату, құстың ауыру мүмкіндігін төмендету, азықтандырумен байланысты.

Бройлерлерге ең лайық гранулданған азықты қолдану. Ең дұрысы азықтың дәмдік қасиеттері, түсі, иісі, консистенциясы, гранулалардың пішіні балапандар үшін тартымды болуы керек және олардың жоғары желініп кетуін қамтамасыз ету керек. Бройлерлер үшін ең тартымдысы болып шар және шеңбер тәріздес гранулалар болып табылды. Бройлерлерді гранулалармен қоректендіру қоректік заттардың сіңуімен, азықтың энергиясымен, оның конверсиясының жақсаруына, шығындардың азаюына, құстың тірі массасының ұлғаюымен  қатар жүреді.

Грануирлеу процесінің өзі құрама жемнің қоректік құндылығын жақсартады. Құрама жемді грануирлеген кезде ыстық бумен (120°С) булайды, сосын престейді. Азықты ысыту мен престеу оның тығыздығын арттырады, клетка қабығы мен крахмалды дәндерді жарып, организмге сіңуін жоғарылатады. Бройлерлер грануирленген азықты жеген кезде тез тойып, энергияны аз жұмсап, суды көп ішіп, сол арқылы қоректік заттардың қорытылуын жақсартады.

Құрама жемнің рецептін құрастырған кезде бір қоректік заттың жетіспеуі мен артығы құс организмінде басқалардың қолдануын нашарлататынын білген жөн.

Бройлерлерді азықтандыру нормалары, % азықтың 100 гр.

2 кесте

Көрсеткіштер

бекітілген

жобаланған

Құс жасы, күн

1-30

31 және жоғары

1-30

31 және жоғары

Алмасу энергиясы:

 

 

 

 

кДж

1235

1298

1256-1298

1298-1340

ккал

295

310

300-310

310-320

Шикі протеин

 

21

19

22-23

20-21

Энерго-протеин қатынасы:

 

 

 

 

кДж/кг азық, % протеиннің

588

683

546-590

618-670

ккал/кг азық, % протеиннің

142

163

130-141

148-160

Шикі клетчатка, көп емес

5

5

4,5

5

2-кестенің жалғасы

Кальций

1

0,8

0,9-1,0

0,8-0,9

Жалпы фосфор

0,8

0,8

0,8-0,9

0,7-0,8

Соның ішінде жетімдісі, %

0,4-0,45

0,35-0,4

Натрий

0,3

0,3

0,2-0,3

0,3-0,4

Лизин

1,05

0,95

1,15-1,25

1,0-1,10

Метионин+цистин

0,74

0,65

0,8-0,85

0,75-0,8

Триптофан

0,20

0,18

0,22

0,20

Глицин

1,0

0,9

1,10

1,00

Аргинин

1,20

1,08

1,32

1,20

Гистидин

0,34

0,30

0,38

0,33

Лейцин

1,21

1,09

1,33

1,20

Изолейцин

0,60

0,54

0,66

0,60

Фенилаланин

0,66

0,60

0,73

0,66

Треонин

0,66

0,60

0,73

0,66

Тирозин

0,62

0,56

0,68

0,62

Валин

0,82

0,72

0,88

0,79

 

Бройлерлер үшін толықрационды құрама жемдер

3 кесте

                                         Компонент, %

Жасы, күн

1-30

31 және одан жоғары

№1

№2

№3

№4

№5

Жүгері

Бидай

Арпа

Соя шроты

Күнбағыс шроты

Гидролизді ашытқылар

Балық ұны

Ет-сүйек ұны

Құрғақ қалдық

Шөп ұны

Майда ракушка

Ас тұзы

Техникалық май

40

20

19

5

10

2

3

0,75

0,25

40

16

11

14

5

7

3

3

0,7

0,3

40

14

12

14

4

4

3

3

0,5

0,5

5

40

27

14

4

4

3

3

0,25

0,25

4

45

19,8

14

6

5

5

0,5

0,5

6

 

100г құрама жемнің құрамында энергиялық құндылығы, %

4 кесте

Алмасу энергиясы:

Көрсеткіштер

кДж

291,7

293

321

311,3

312,0

ккал

1222

1228

1343

1302

1306

Шикі протеин

22,4

21,6

19,6

18,6

19,5

 

4-кестенің жалғасы

Шикі май

2,78

3

7

7,06

7,8

Шикі клетчатка

4,6

 

5

7,04

7,28

Кальций

1,21

1,0

0,8

0,94

0,85

Фосфор

1,04

15-0,8

0,7

0,74

0,8

Натрий

0,5

0,5

0,5

0,4

0,5

Лизин,мг

1356

991

854

962

1033

Метионин+цистин

788

713

641

607

668

Триптофан, мг

276

244

226

227,3

263

 

Витаминдер мен микроэлементтер мөлшері.

5 кесте

Компонент, %

Жасы, күн

1-30

31 және одан жоғары

№1

№2

№3

№4

№5

1т құрама жемге қосады, г

Витаминдер:

 

 

 

 

 

А, млн МЕ

10

7

10

10

10

Д, млн МЕ

1

1

2

2

2

Е мың МЕ

10

5

10

10

10

К

2

2

2

2

2

В

1000

1000

1000

1000

1000

Метионин

1085

1520

1430

1370

890

Кокцидиостатик

125

125

125

125

125

Антибиотик

20

20

20

20

20

Микроэлементтер:

 

 

 

 

 

Күкіртқышқылды марганец

200

200

200

200

200

Күкіртқышқылды темір

100

100

100

100

100

Күкіртқышқылды цинк

40

40

40

40

40

Күкіртқышқылды мыс

10

10

10

10

10

Йодты калий

3

3

5

5

5

антибиотик

150

150

150

Дәнді азықтар. Олар құс рационының негізгі бөлігін құрайды.  Оның құрамында көп мөлшерде көміртегілер, оның ішінде 70 пайызға дейін крахмал болады.

Жүгері – құс үшін ең жақсы азықтардың бірі, онда клетчатканың шамалы мөлшері мен көптеген көміртектері болады. Шикі протеин мен қуат мөлшері жөнінен ол дәннің барлық түрінен басым түседі.

Арпа — құс үшін жақсы азық. Оның сапасы мен қабыршағының беріктілігіне байланысты. Егер дән ұсақ және  онда қауыздар көп болса, онда оны қауыздардан тазартып барып құсты азықтандырады.

Бидай – бағалы жоғары каллориялы азық, онымен барлық түрдегі құстарды азықтандыруға болады.

Cонымен қатар бұршақ, қытай бұршағын (соя) құс үшін бағалы азық болып табылады.

Техникалық өндірістің қалдықтары. Олардың құрамында көп мөлшерде протеин мен май (күнжара,шрот) көп болады.

Бидай кебектерінде фосфор мен В тобының витаминдері жеткілікті болады.

Қытай бұршақ күнжаралары мен шроттары, амин қышықылды құрамы бойынша жануар тектес протеинге жақындай түседі.

Күнбағыс күнжарасы ме шроттары өсімдік протеинінің жақсы қайнар көзі болып табылады.

Балық ұны – жануар тектес протеинді азықтардың ең таңдаулыларының бірі. Ол құс рациондарын  алмастырылмайтын амин қышқылдарымен байыту үшін пайдаланылады. Онда дайындау әдісіне көп теген шикі протеин мен минералды заттар және едәуір мөлшерде май болады.

Витаминдер —  бұл төмен молекулалы әртүрлі химиялық табиғаты мен құрылысы бар, басты мақсатты өсімдіктермен және аздап микроорганизмдермен синтезделетін органикалық қосылыстар. Организмде олар өте аз мөлшерде кездеседі, бірақ өмірлік маңызды функцияларды орындап, зат алмасудың реттегіші болып табылады.

Биологиялық ерекшеліктеріне (тез өсімталдығы, асқазан-ішек жолдарымен азықтың тез қозғалуы, жеткіліксіз синтез және асқорыту трактында эндогенді витаминдердің шектеулі сіңуі) байланысты құс азықта витаминдердің жоқтығына өте сезімтал келеді. Сондықтан, құсқа арналған толық рационды құрама жемдерге басқа жануарлар жемдеріне қарағанда едәуір көп мөлшерде қосады.

Минералды азықтар. Құс рационына жекелеген макро және микроэлементтердің оны талап етуіне байланысты енгізеді. Теңіз немесе өзен қабыршақтары, әк, бор және басқалар кальцийдің қайнар көзі болып табылады.

Үш кальций фосфаттар – 30 пайызға жуық кальций мен 1,5 пайыз фосфор болады. Оны қосымша қоректендіру үшін пайдаланылады.

Сүйек ұнын күйдіріліп, ұнтақаталған сүйектен дайындайды да кальций мен фосфордың көзі ретінде пайдаланылады.

Ас тұзын құс рационына натриймен қамтамасыз ету үшін енгізеді. Құсқа арналаған құрама жемді микроэлементтерден – марганецті, кобальтті, йодты, темірді, мысты, мырышты қолайлы мөлшерде енгізеді.

Синтетикалық амин қышқылдары. Оларды құс шаруашылығына әсіресе жануар тектес азығы жоқ рациондарға қосады.

Көміртектер. Ауыл шаруашылық құстары тек декстриндерді, қант пен крахмалды ғана тиімді пайдалана алады.

Азықтардың көміртекті бөлігі химиялық талдау кезінде майдың экстракциясынан азотты, клетчатка мен күлді бөліп шығарғаннан кейін қалатын азықтардың қорытытлатын бөлігін сипаттайтын азоты жоқ экстрактивті заттардың қосындысы ретінде қарастырылады. Азоты жоқ экстрактивті заттардың көрсеткіші қорытылатын көміртегінің, ең бастысы крахмалдың мөлшерін сипаттайды. Целлюлоза азоты жоқ экстрактивті зат болып саналмайды, «шикі клетчатка» деген атпен олардан бөлек ескеріледі.

Өсімдік және жануар тектес майлар – рациондардың қуат көздері. Көміртегімен салыстырғанда майлардың 1 кг, қуатты 2,25 есе көп береді. Майлар, олар глицерин мен ма қышқылдарының эфирлері; май қышқылдары олардың химиялық құрылымына байланысты қаныққан және қанықпаған деп бөлуге болады.

Антиоксиданттар – көбіне майлар мен майда еритін витаминдерді ашытып, бүлдіру әрекеттерін бәсеңдететін заттар. Антиоксиданттар табиғи және синтетикалық болады. Табиғи антиоксиданттарға токоферолдар, госсипол, гваяк қышқылы, күнжүт майы және басқалар жатады. Құстарды азықтандыруда ерекше роль токоферолдарға беріледі, олар майлардың табиғи антиокислительдері болып қана қоймай, витамин Е қасиеттеріне ие. Антиоксиданттардың қорғаныс күшін көтеру үшін құрама жемдерге лимон, аскорбин немесе алма қышқылын қосады.

Синтетикалық антиоксиданттарға: этоксихин – азыққа 120г/т қосады, бутилгидроокситолуол – азыққа 100-120 г/т, бутилгидрооксианизол – 50-200 г/т, дидулин – 250-400 г/т.

Ферментті препараттар.  Ферменттер немесе энзимдер олар  өсімдік және жануарлар клеткаларында синтезделіп, алмасу процесі кезінде заттардың өзіне тән ыдырауы мен синтезін қамтамасыз ететін белокті табиғаттағы күрделі органикалық қосылыстар.

Ферментті препараттар – саңырауқұлақтардың немесе бактериялардың ферменттелген өнімдері түрінде көрінеді. Төмендегідей ферментті препараттар белгілі: пектаваморин П10х, пектофостидин  П10х, целловиридин Г3х, протосубтилин Г3х.

Кокцидиостатиктер. Құс шаруашылығы өндірістік негізге ауысқаннан бері және құс қораларында құс басы концентрациясының  көбеюіне байланысты кокцидиоздың кеңінен етек жаю қаупі туды. Дәрі-дәрмектік кокцидиостатиктер келесі талаптарды қанағаттандыруы керек: адам денсаулығына қауіпті мөлшерде жұмыртқада, органдарда, ұлпаларда жиналмау керек; құсты кокцидиялардың барлық түрлерімен аурудың алдын-алу және болдырмау; құсқа уытты болмау; прмикстер мен құрама жемдерде тұрақты болып, оның компоненттерімен жақсы араласуы; өз иісін және дәмін ұшаларға және жұмыртқаларға бермеу; өнімділік пен жұмыртқалағыштыққа кері әсерін тигізбеу.

Премикстер. Микроқосымшалардың құрама жемде біркелкі таралуы үшін премикстер дайындалады. Толықтырушылар ретінде жүгері балаусасын, бидай өркенін, қытай бұршақ шротын және басқаларды пайдаланады.  Тұрақтандырғыш ретінде 75 пайыз құрғақ заты бар меласса, толықтырғыш ретінде – шрот, күнжара пайдаланылады. Премикстердегі витаминді және минералды препараттардың мөлшерін құрама жемнің 1 тоннасына 10кг премикс етіп есептеген жөн. Премикстер үшін толықтырғыштардың нейтралды рН, ылғалдылығы 5-8 пайыз, көлемдік массасы,  болу керек. Биологиялық белсенді заттардың препараттары майдаланған және өзара үйлесімді болу керек.

Премикстерге көмірқышқыл тұздар мен оксидтерін қосады. Қажетінше күкіртқышқылды тұздардың моногидраттарын қосады. Йодты мысты қосуға болады.

Микрокомпоненттерді сатылы араластыру жолымен енгізеді. Сақтау және өндіру кезінде қалыпты жағдайда тұрақты витаминдер болып табылатындар: A,D,E (тұрақты формалар), В2, В5, холинхлорид, метионин, микроэлементтер тұздары.

Премикстердің сапа көрсеткіштері

6 кесте

Көрсеткіш

Сипаттамасы және норма

 

Мемлекеттік сапа белгісі

Ι категориядағы сапа

 

Сыртқы түрі, түсі, иісі

Толықтырғыш сипатына және биологиялық белсенді компоненттердің таңдауына сай, зеңделу белгілерінсіз

Ылғалдылығы, % көп емес

10

10

Ірілігі: елек торлары № 1,2 қалған бөлшектер көлемі 1,2 мм көп, % массасы бойынша, көп емес

0,7

2

Металлмагнит қоспасы: бөлшектерінің мөлшері 2 мм, мг/кг, көп емес

20

30

Өткір жүзді металл бөлшектерінің мөлшері 2 мм көп

Жіберілмейді

1т премикстегі биологиялық белсенді коспоненттердің құрамы

Құрамына сәйкес келеді

         

 

Қатты бидай МЕСТ   9353-90 cтандарты бойынша регламенттелетін талаптар.

Қатты бидайға ΙΙ типті, 1,2 типастыларды ОСТ ВКС 7064 бойынша жатқызады. Сапасына байланысты қатты бидай 3 классқа бөлінеді. Қатты бидайдың әрбір класының сапасы келесі талаптарға сәйкес келу керек.

Қатты бидайдың сапа көрсеткіштері.

7 кесте

Сапа көрсеткіштері

Кластарға арналған нормалар

Бірінші

Екінші

Үшінші

Түсі

 

 

 

Түсі қалыпты, 1 және 2 типасты қатты бидайға тән. Күңгірттенген, түссізденген дәндер қою янтарлы немесе ашық янтарлы түсін бұзбау керек.

Иісі

 

Бидайдың сау дәніне сай қалыпты, шіріген, өнген дәннің иісінсіз болу керек.

Жағдайы

Қызбайтын, сау күйінде.

Ылғалдылығы, % көп емес

Алматы, Ақтөбе, Атырау, Орал, Жамбыл, Қызыл-Орда, Талдықорған, Шымкент облыстары үшін

 

 

 

 

17,0

 

 

 

 

17,0

 

 

 

 

17,0

Басқа аймақтар үшін

19,0

19,0

19,0

Табиғи массасы, 1л г мөлшерінде, кем емес

770

745

745

Лас қоспа, % көп емес

Соның ішінде:

Малтатас, % көп емес

 

 

1,0

 

 

1,0

 

 

1,0

Зиянды қоспа, % көп емес

Зиянды қоспаның ішінде:

Қарастауыш, % көп емес

Укекіре, есекмия, және улы термопсис

Қарағаш түрлі гүлді

Сүйелжазар түскен жемісті

1,0

 

0,5

 

0,1

0,1

0,1

1,0

 

0,5

 

0,1

0,1

0,1

1,0

 

0,5

 

0,1

0,1

0,1

Ақбас триходесма

Жіберілмейді

Мамықжемісті гелиотроп, % көп емес

1,0

1,0

 

1,0

 

Дән қоспасы, % көп емес

Соның ішінде:

Қара бидай, арпа және өнгендері, % көп емес

 

 

 

2,0

 

 

 

2,0

 

 

 

4,0

Соның ішінде өнгендері, % көп емес

 

0,5

 

0,5

 

3,0

Басқа типті бидай дәндері, % көп емес

 

10,0

 

15,0

 

15,0

Желімше мөлшері, % көп емес

28,0

25,0

22,0

Желімше сапасы төмен емес

ΙΙ топтан

ΙΙ топтан

ΙΙ топтан

Қойма зиянкестерімен зақымдануы

Жіберілмейді, кенеден басқасы

 

Тағам және азықтық мақсаттағы арпа МЕСТ 16470-84 бойынша талаптар регламенттеледі.

8 кесте

Көрсеткіштер түрі

Класс нормасы

Ι

ΙΙ

түсі

әртүрлі сары түсті

Сау дәнге тән, қарапайым түске рұқсат

Ылғалдылығы, % көп емес

19,0

19,0

Табиғилығы, г/л төмен емес

630

Шек қойылмайды

Қиқым қоспасы, % көп емес

4,0

8,0

Соның ішінде: тас

1,0

1,0

Бұзылған арпа және басқа дақылдар дәні

0,2

Қиқымның жалпы мөлшерінің нормасы көлемінде

Қара сұлы

1,0

Сондай

Зиянды қоспалар

0,5

1,0

Қарастауыш және күйе

0,1

0,5

Укекіре, есекмия, және улы термопсис /барлығы бірге/

0,1

0,1

Вязель қарағаш түрлігүлді

0,1

0,1

Сүйелжазар түскен жемісті

0,1

0,1

Ақбас триходесма

жіберілмейді

Ақ зеңді дәндер

0,1

0,1

Ақ зеңді дәндер қосындысы

9,0

15,0

Соның ішінде, дән қоспасына жататын арпа дәні

4,0

Дәндер қоспасының жалпы мөлшерінің нормасы көлемінде

өнгені

2,0

5,0

Астық пен тұқымдық дақылдардың қоспаларға жататын дәндері

5,0

Дән қоспасының жалпы мөлшері көлемінде

Соның ішінде қарабидай және сұлы

0,9

Сондай

Ұсақ дәндер, % көп емес

5,0

Шектелмейді

Зиянды жәндіктермен зақымдалуы

ΙΙ дәрежедегі кенелер мен зиянданудың жоғары нормаларының талаптары

 

Құрама жем өнеркәсібі үшін арпа нормаларының талаптары МЕСТ 25344

9 кесте

Көрсеткіш аты

Норма

Иісі

Арпа дәніне тән, сәл қаралтым болуына рұқсат

Түсі

Арпа дәніне тән, басқа шірік, ашымтал, зең иіссіз

Жағдайы

Сау, қызған емес

Ылғалдылығы, % көп емес

15

 

9-кестенің жалғасы

Жүгері, егістік сиыр жоңышқасының, асбұршақ, ноқат, жасмин, цин, фасоль, соя, азықтық тұтас және жарылған  дақыл стандарттарына сай емес қиқым қоспасы, % көп емес

5,0

Соның ішінде:

Минералды қоспа

Арам шөп

Зиянды қоспа

 

1,0

0,5

0,2

Зиянды қоспаның ішінде:

Жатаған у және вязель

Қаракүйе мен қарастауыш қосындысы

Жемісі түсік гелиотроп және ақбас триходесма

 

0,04

 

0,1

жіберілмейді

Астық қоспасы /дәнді дақылдарды қоспағанда/, % көп емес

15,0

Қор астығы зиянкестерімен ластануы

1 сатыдағы кенеден басқасы жіберілмейді

Дайындалатын арпа қызбайтын, сау күйінде, қалыпты арапаға тән иісі мен түсі бар (шірік, өнген, зең және бөтен иіссіз) болу керек.

Негізгі дән, лас және дән қоспа

Негізгі дәнге арпаның бүтін дәндерін, жасыл және жалаң жасыл арпа, сонымен қатар зақымдалған, зақымдалу және орындалу сипатына қарай лас және дән қоспаларына жатпайтындарды жатқызады.

 

Тағамдық және азықтық жүгері МЕСТ 13634-90

          Сапасына байланысты дайындалатын жүгеріні екі топқа бөледі: базистік және шектеу кондициямен.

Дүмбіл жүгері нан қабылдау пункттеріне қабығынан тазаланған болу керек. Қабығындағы початоктар 10% аспау керек.

Дүмбілдегі жүгері сапасын зертханалық жағдайда майдаланған дәні бойынша анықталады.

Базистік кондициядағы жүгері төменде келтірілген кесте талаптарына сай келу керек.

 

10 кесте

Сапа көрсеткіштері

Норма

Дүмбілдегі және дәндегі жүгері ылғалдылығы, %

22,0

Лас қоспа, %

1,0

Дән қоспа, %

2,0

Иісі

Қалыпты жүгері дәніне тән, шіріген, өнген және бөтен иіссіз болу керек.

Жағдайы

Қызбаған, сау күйінде

Қойма зиянкестерімен зақымдалуы

Жіберілмейді

 

Шектеулі кондиция жүгерісі төменде келтірілген кесте талаптарына сай келу керек.

11 кесте

Сапа көрсеткіштері

Норма

Дүмбілдегі және дәндегі жүгері ылғалдылығы, %

25,0

Лас қоспа, %

8,0

Аурумен зақымдалған дәндер, көп емес

2,0

Малтатас, көп емес

1,0

Зиян қоспаның барлық түрлері, көп емес

1,0

Соның ішінде: спорынья, көп емес

0,5

Күлгін горчак, горчак-софора, мышатник, көп емес

0,1

Вязель, көп емес

0,1

Мамықжемісті гелиотроп, көп емес

0,1

Наканум триходесма және клещевина

Жіберілмейді

Дән қоспа, % көп емес

15,0

Соның ішінде өнгені, % көп емес

5,0

Иісі

Қалыпты жүгері дәніне тән, шіріген, өнген және бөтен иіссіз болу керек.

Жағдайы

Қызбаған, сау күйінде

Қойма зиянкестерімен зақымдалуы

Жіберілмейді, кенеден басқасы

 

Өндірістік өңдеу үшін жүгеріні тек дән түрінде жеткізеді.

Азықтық мақсатта және құрама жем өндіру үшін барлық типтегі жүгері жіберіледі, сапасы бойынша төменде келтірілген кесте талаптарына сай келу керек.

12 кесте

Сапа көрсеткіштері

Норма

Дән ылғалдылығы, % көп емес

16,0

Лас қоспа, % көп емес

5,0

12-кестенің жалғасы

Зиян қоспа, көп емес

0,2

Соның ішінде: горчак және вязель, көп емес

0,1

Спорынья және головня, көп емес

0,15

Триходесма инканум, мамықжемісті гелиотроп

Жіберілмейді

Дән қоспа, % көп емес

15,0

Иісі

Қалыпты жүгері дәніне тән, шіріген, өнген және бөтен иіссіз болу керек.

Жағдайы

Қызбаған, сау күйінде

Қойма зиянкестерімен зақымдалуы

Жіберілмейді

 

Азықтық балық ұны теңіз сүтқоректілерінен және шаянтәрізділерден жасалған МЕСТ 2116-2000

13 кесте

Көрсеткіш

Сипаттамасы және норма

Сыртқы түрі

Төгінді түрінде кесексі және зеңсіз, майда талшықтар жіберіледі. Грануирленген – гранулалар диаметрі 20 мм, ұзындығы 30 мм.

 

Гранулалардың жарылуы 30% жоғары емес ұн массасына.

Иісі

Азықтық балық ұнына тән, шіріген және бөтен иіссіз.

Жарма ірілігі

Төгіндідегі ұн 5 мм диаметрлі електен өтуі керек. 3мм диаметрлі електен өткізген кезде ұнның бөлшектері електе қалуы 5% жіберіледі.

Ылғалдылығы, % көп емес

12,0

Май, % көп емес

10,0

Шикі протеин, % көп емес:

48,0

Фосфор, % көп емес

5,0

Кальций, % көп емес

13,0

Хлорлы натрий, % көп емес

5,0

Антиокислитель ионол, % көп емес

0,1

 

Күнбағыс күнжарасы МЕСТ 80-96

14 кесте

Көрсеткіш

Аз қауызды

Кәдімгі

Түсі

Әртүрлі реңді сұр

Иісі

Күнжараға тән, шірігенсіз, зеңсіз, күйгенсіз

Дәмі

Күнжараға тән, ашты дәмсіз және басқа бөтен дәмсіз

Ылғалдылығы, %

 

8,0

8,0

 

14-кестенің жалғасы

Шикі май абсолютті құрғақ затқа есептегенде, % көп емес

7,0

7,0

Шикі протеин абсолютті құрғақ затқа есептегенде, % көп емес

50,0

44,0

Күнжарадағы еритін протеин (% протеиннің жалпы құрамына), аз емес

68,8

68,0

Шикі клетчатка абсолютті құрғақ затқа есептегенде, % көп емес

5,0

 Тұз қышқылында ерімейтін күл, жалпы күлділіктің, % көп емес

1,0

1,5

Металл қоспа, % көп емес: шаң түріндегі бөлшектер

Диаметрі 2 мм бөлшектер

0,01

0,01

Диаметрі 2 мм-ден көп бөлшектер

0,001

0,001

Бөгде қоспалар (тастар, әйнек, топырақ)

Жіберілмейді

Қауыздар абсолютті құрғақ затқа есептегенде, % көп емес

4,0

15,0

Хлорорганикалық уытты химикаттар, мг/кг, көп емес

Жіберілмейді

 

Азықтық соя шроты МЕСТ 12220-96

15 кесте

Көрсеткіш

Кәдімгі

Тостирленген

Түсі

Ашық сары, ашық қоңыр

Ашық сарыдан, ашық қоңырға дейін

Иісі

Шротқа тән, бөтен иіссіз (шіріген, зең,  бензин)

 

Ылғалдылығы, %

8,5-10,0

8,5-10,0

Шикі май абсолютті құрғақ затқа есептегенде, % көп емес

0,5-1,5

0,5-1,5

Шикі протеин абсолютті құрғақ затқа есептегенде, % көп емес

45,0

45,0

Тұз қышқылында 10% ерімейтін күл, жалпы күлділіктің, % көп емес

1,5

1,5

Уреазаның белсенділігі (рН 30 мин өзгеруі), көп емес

Нормаланбайды

0,1

Бөгде қоспалар (тастар, әйнек, топырақ)

Жіберілмейді

Металл қоспа, % көп емес: шаң түріндегі бөлшектер

0,01

0,01

 

15-кестенің жалғасы

Диаметрі 2 мм бөлшектер

0,001

0,001

Диаметрі 2 мм-ден көп бөлшектер

Қалдықтық еріткіштің (бензин) массалық үлесі, % көп емес

0,1

0,1

Шикі клетчатка абсолютті құрғақ затқа есептегенде, % көп емес

Хлорорганикалық уытты химикаттар, мг/кг, көп емес

Қауыздары, % көп емес

Бос госсипол абсолютті құрғақ затқа есептегенде, % көп емес

 

Күнбағыс шроты МЕСТ 11246-96

16 кесте

Көрсеткіш

Күнбағыс шроты

Түсі

Әртүрлі реңді сұр

Иісі

Шротқа тән, бөтен иіссіз (шіріген, зең,  бензин)

Ылғалдылығы, %

7,0-9,5

Шикі май абсолютті құрғақ затқа есептегенде, % көп емес

1,5

Шикі протеин абсолютті құрғақ затқа есептегенде, % көп емес

45

Тұз қышқылында 10% ерімейтін күл, жалпы күлділіктің, % көп емес

1,5

Уреазаның белсенділігі (рН 30 мин өзгеруі), көп емес

Бөгде қоспалар (тастар, әйнек, топырақ)

Жіберілмейді

Металл қоспа, % көп емес: шаң түріндегі бөлшектер

0,01

Диаметрі 2 мм бөлшектер

0,001

Диаметрі 2 мм-ден көп бөлшектер

Қалдықтық еріткіштің (бензин) массалық үлесі, % көп емес

0,1

Шикі клетчатка абсолютті құрғақ затқа есептегенде, % көп емес

Хлорорганикалық уытты химикаттар, мг/кг, көп емес

Қауыздары, % көп емес

16,5

Бос госсипол абсолютті құрғақ затқа есептегенде, % көп емес

 

Азықтық үшкальцийфосфат ТШ 649 ҚР 38777145 ПК-02-2000

17 кесте

Көрсеткіш атауы

Норма

Жоғарғы сорт

1ші сорт

0,4% тұз қышқылы ерітіндісінде еритін фосфордың массалық үлесі,%, Р2О5 есептегенде

37+1

27+1

Р есептегенде, аз емес

16

11,2

Кальцийдің массалық үлесі, %

аз емес

20

30

Судың массалық үлесі, % көп емес

1

1

Фтордың массалық үлесі, % көп емес

0,2

0,2

Мышьяктың массалық үлесі, % көп емес

0,001

0,001

Қорғасынның массалық үлесі, % көп емес

0,002

0,002

Металлмагнит қоспасының бөлшектерінің мөлшері: 2 мм дейін мг/кг, көп емес

100

100

2 мм жоғары

жоқ

Жоқ

Тұз қышқылында ерімейтін күлдің массалық үлесі, % көп емес

20

30

Ірілігі: тесіктерінің диаметрі 1 мм електе қалған қалдық, % көп емес

1

1

Табиғи радионуклидтердің меншікті белсенділігі, кБк/кг, көп емес

2,8

2,8

 

Азықтық ракушка ОСТ 15-140-76

18 кесте

Көрсеткіш

Азықтық ракушка

Ылғалдылығы, % аз емес

Көп емес

10

Көмір қышқыл кальций, %

73

Жарма жіңішкелігі, диаметрі 2мм електе қалған қалдық, % массасы бойынша: аз емес

Көп емес

Диаметрі  5мм електе қалған қалдық, % массасы бойынша, көп емес

5

Ерімейтін қалдық, % көп емес

10

Уытты қоспалар: фторлы, % көп емес

0,2

Мышьяк, % көп емес

0,015

Ауыр металдар, қорғасын, барий, % көп емес

0,008

Көмірқышқыл магний, темір тотығы, аллюминий тотығының қоспалары, % көп емес

4,8

Металлмагнит қоспалар пішіні 2 мм дейін кг/мг, көп емес

100

Соның ішінде бөлшектер пішіні 0,5-2,0 дейін

өткір жүзді металл бөлшектері

Жіберілмейді

 

Ас тұзы МЕСТ 13830-68

19  кесте

Көрсеткіш

Химиялық құрамының нормасы

Ι сорт

ΙΙ сорт

Хлорлы натрий, %, құрғақ затқа есептегенде, аз емес

97,7

97,0

Суда ерімейтін заттар, %, құрғақ затқа есептегенде, көп емес

0,45

0,85

Құрғақ затқа есептегендегі  химиялық құрамы, %, көп емес: Са

0,5

0,65

Мg

0,1

0,25

SO4

1,2

1,5

Ылғал,% көп емес

4-5

5-6

МЕСТ талаптарына сай келмеген шикізат өнім өндіруге  жіберілмейді.

 

3.2.4.2. Құрама жем өндiру технологиясы.

 

Құрама жем зауытының жұмысы толық  автоматтандырылып, компьютерлендірілген. Барлық жұмыс зауыттың екінші қабатында орналасқан басқаратын пульттік бөлме бар. Мұнда күш беретін электроқалқандар, индустриалды процессорлары бар 2 компьютер, осылар арқылы берілген бағдарлама және рецепттер бойынша құрама жем дайындаудың барлық процесстері іске асырылады. Бұл компьютерлерде терілген және іске асқан рецепттер электронды тасымалдағыштарда сақталып және қағаз бетіне басылады, осы арқылы зауыттың дайын өнімді жіберу-қабылдау бухгалтерлік есептері жүргізіледі.

сурет 2. Пульттік бөлме.

 

Ең бірінші шикізатты кәсіпорынға дайындаушылар жеткізеді. Шикізатты қабылдамас бұрын оның нормативтік құжат талаптарына сәйкестігін растайтын сертификатын қарайды. Содан соң зоотехниялық зертхана қызметкері келіп шикізатты әкелген жүк машиналарынан немесе вагондардан бекітілген стандарт талаптары бойынша үлгі алады. Содан кейін үлгілерге сынау жүргізіп, сапасы расталғаннан соң, қабылдау-өткізу және салмақты өлшеу бөлімінен өтіп, зауытқа жіберіледі. Мұнда дәнді дақылдар 2тонналық өлшегіш дозаторда өлшеніп, транспортерлер арқылы нориямен 1-ші реттік араластырғышқа келіп түседі. Мұнда дәнді дақылдар араласу уақыты 90 сек ішінде араласады. Содан соң жинақтағыш бункерге келіп түседі. Сосын магниттен өтіп металл-магнит қоспадан арылады. Сонымен қатар қабылдау алаңынан көтергіш лифт арқылы белоктік, минералды қоспалар люкпен белоктік, минералды қоспаларға арналған 9 бункерлерге толтырылады. Содан соң бұл компоненттер дозатор арқылы майдалағышқа келіп түседі. Майдалауды жару кезінде дәннің қатты қабығы бұзылып және қоректік заттар қорытуға қолайлы болады, одан басқа майдаланған дәндер басқа компоненттермен жақсы араласады. Жарма ірілігі үлкен, орташа, майда болуы мүмкін.  Майдалағышта жару уақыты 5-7 минут. Майдалағышта дәндер d =2-10 мм тордан өтетіндей етіп жармаланып, нория арқылы жинақтағыш бункерге түседі. Одан көлемі 2т №2 араластырғышқа жарылған дәнді дақылдар, белоктік ингредиенттер, 500 кг өлшегіш дозатор арқылы өлшенген ет-сүйек ұны, балық ұны, азықтық ракушка, үш немесе монокальцийфосфат, витаминдік премикстер мен қоспалар келіп түседі. Бұлардың бәрі араласады. Бұл араластырғышқа өсімдік майы қысыммен шашырату арқылы түседі. Бұның барлығы 120 сек араласып араластырғыштан түсу уақыты 60 сек ленталы транспортер арқылы норияға түседі, одан дайын өнімге арналған бункерлерге келіп түседі.

 

сурет 3. Өлшегіш дозатор.

 

 

 

сурет 4. Араластырғыш.

 

 

сурет 5. Майдалағыш

 

 

 

сурет 6. Майдың бункері.

 

сурет 7. Грануляторлар.

 

сурет 8. Салқындатқыш.

 

 

сурет 9. Елегіш.

 

 

сурет 10. Шикізатты қабылдау пункті

Осы бункерлерден дайын құрама жем жүк машиналарына тиеліп құс бригадаларына таратылады.

сурет 11. Дайын өнімдер бункерлері.

 

сурет 12. Бройлерлерге арналған құрама жем  0-21 күн

сурет 13. Бройлерлерге арналған құрама жем  22-33 күн

 

сурет 14. Бройлерлерге арналған құрама жем  33 күн және одан жоғары

 

сурет 15. Жұмыртқалағыш тауықтарға арналған құрама жем

3.2.4.3. Дайын өнiмдi сынау.

 Дайын  өнімді  сынау  әдістері.

  1. Азықтың ылғалдылығын анықтау.
  2. Құрғақ тәсілмен дайындалған үлгілердегі калицийді жағу арқылы анықтау.
  3. Құрама жемнің қышқылдығын анықтау.
  4. Азықтың уыттылығын анықтау.
  5. Протеинді Кьельдаль бойынша анықтау.

 

  1. Азықтың ылғалдылығын анықтау.

Талдау жүргізу.

Тұрақты массаға дейін алдын-ала кептірілген шыны немесе аллюминий бюкске жемнің екі өлшемін, әрқайсысы5 гр шамасында алады (0,01гр дәлдігімен). Ашық бюкстерді қақпағымен алдын-ала 130°С жылытылған кептіргіш шкафқа салып, 1 сағат көлемінде ұстайды. Бұл уақыт өткен соң бюкстерді шкафтан шығарып, қақпағын тез жауып 20-30 минутқа эксикаторға суытуға қояды.

Кептіріп, эксикаторда салқындатқаннан кейін жемді қайта өлшеп, кептіргенге дейінгі және кейінгі массаларының айырмашылығы арқылы ылғалдылығын формулаға салып анықтайды:

Х=М-М1/а*100

Мұндағы:

Х – ылғалдың жалпы көлемі, %

М – кептіргенге дейінгі жемнің массасы, гр

М1 – кептіргенннен кейінгі жемнің массасы, гр

а – жемнің өлшемі, гр.

Ас тұзын анықтау.

Приборлар, материалдар және реактивтер. Аналитикалық таразылар, техно-химиялық таразылар, 100, 200, 1000мл колбалар, колба коническая 250мл, 25 мл бюретка, 20, 50мл өлшегіш пипеткалар, жуғыш, дистильденген су, азотқышқылды күміс (ГОСТ 1277-75), азот қышқылы х.и. тығыздығы 1,4г/см3, 10% хромқышқылды калий ерітіндісі (ГОСТ 4459-75), темір аммонийлі квасцы (ГОСТ 4205-77), 0,5н хлорлы натрий ерітіндісі х.г. (ГОСТ 4234-77), 0,05н радонды аммоний ерітіндісі, сүзгіш қағаз, 10% азот қышықылы ерітіндісі, 0,05н хлорлы натрий ерітіндісі, 0,05н азотқышқылды күміс, 0,05 н радонды аммоний ерітіндісі,

Талдауға дайындау.

Азотқышқылды күмістің титрін анықтау.

0,05н натрий хлор ерітіндісі бойынша Азотқышқылды күмістің титрін анықтайды. 250 мл кониялық колбаға бюреткамен 0,05 н 20мл хлорлы натрий ерітіндісін өлшейді, 4 тамшы 5% хромқышқылды калий ерітіндісінқосып, лимон түстен әлсіз қызғылт сарыға дейін тұнбалы ерітіндіні азотқышқылды күміспен титрлейміз.

0,05 азотқышқылды күміс ерітіндісінің (Т1) титріне түзетуді формула бойынша шығарады:

Т1=ТV/V1

Мұндағы: Т – титр 0,05н хлорлы натрий ерітіндісі, 1 тең;

V – көлем 0,05 н хлорлы натрий ерітіндісі, мл;

V1 – 0,05н азотқышқылды күмісерітіндісінің титрлеуге кеткен көлемі, мл.

Радонды аммоний титрін анықтау

250мл кониялық колбаға бюреткамен 25мл 0,05н азотқышқылды күміс ерітіндісін қосып, үстіне 2мл қанық теміраммонийлі квасцы ерітіндісін қосады. 50-100мл су мен кетпейтін әлсіз қызғылт сары түс пайда болғанша радонды аммоний ерітіндісімен титрлейді. Радонды аммоний титріне түзетуді (Т2) формула бойынша шығарады:

Т21* V1/ V2

Мұндағы: Т1 — 0,05 азотқышқылды күміс ерітіндісінің титріне түзету;

V1 – 0,05н азотқышқылды күміс ерітіндісінің көлемі;

V2 – 0,05н радонды аммоний ерітінідісінің титрлеуге кеткен көлемі.

Талдау жүргізу.

Сыналатын өнімнің 2 гр өлшемін 0,002гр дәлдікте өлшеп 200мл өлшегіш колбаға салып, үстіне 10% азотқышқылы ерітіндісін құямыз. Колбадағыны жақсылап араластырып, 100-120мл дистильденген су қосады. Колбадағы ерітіндіні периодты түрде 5мин араластырып, сызыққа дейін жеткізіп, араластырып, 1 минуттай қойып қояды. Пипеткамен 50мл ерітіндіден алып 250мл кониялық колбаға құяды. Ерітіндіге 2мл теміраммонийлі квасцының қанық ерітіндісін құйып, 0,05н азотқышқылды күмістің қалған мөлшерін бюреткамен құяды.

Радонды аммониймен титрлейді. 10-15 сек жоғалатын әлсіз қызғылт сары түске дейін жеткенде титрлеуді тоқтатады.

Х = (а*Т1*в*Т2)*100*0,002922* V /В*м

А – 0,05н азотқышқылды күмістің ерітіндісі,мл

Т1  — 0,05 азотқышқылды күміс ерітіндісінің титріне түзету;

в  — 0,05н радонды аммоний ерітінідісінің титрлеуге кеткен көлемі.

Т2 — 0,05н радонды аммоний ерітінідісі

0,002922 – 1 мл 0,05н азотқышқылды күміске сай келетін хлорлы натрий көлемі.

V — өлшегіш колбадағы судың көлемі,мл

В – титрлеуге алынған ерітіндінің көлемі, мл

 м — өлшем массасы, гр.

 

  1. Құрғақ тәсілмен дайындалған үлгілердегі калицийді жағу арқылы анықтау.

Қондырғылар, материалдар және реактивтер.

Сынауды жүргізу үшін қосымша қондырғылар, материалдар және реактивтерді қолданылады:

550°С жылуға дейін реттелетін және температураны сақтаудағы ±25°С  қателігі бар муфельді пеш;

Фарфор тигля №3-4 ГОСТ 9147-80 бойынша;

Тигляға арналған муфильді қысқыш;

ГОСТ 3118-77 бойынша тұз қышқылы, 1:1 су ерітіндісі.

Сынауға дайындау:

0,5-2,0гр жемнің өлшемін алдын-ала қыздырылған және суытылған тигляға өлшейді. Тигляларды суық муфельді пешке орналастырып, 200-250°С температураға дейін жоғарылатады.

Түтін шығуы аяқталғаннан кейін температураны (525±25) °С көтеріп, қыздыруды 3 сағат бойы орнатылған температурада қыздырады. Күлдің біркелкі сұр түсі пеште өртегенін көрсетеді. Тигельда күймеген заттар болса, күлді ауада салқындатып, су немесе көміртектің асқын тотығын қосады. Суды буландырып, тигельді қайтадан муфельді пешке қояды және 1 сағат ішінде (525±25) °С температурада қыздырады. Тигляларды салқындатып 2-3 тамшы сумен сулайды, сосын 2см3 тұз қышықылын және 5-10 см3 су қосып, шыны таяқшамен араластырып, 100см3 өлшегіш колбаға воронка арқылы өткізеді. Жемде күлдің мөлшері көп болса 5 см3 тұз қышқылы ерітіндісін қосып, су моншасында 10-15 мин күл толық ерігенше қыздырады.

Тигель мен воронканы жақсылап сумен жуып, колбадағы ерітіндіні сызығына жеткізіп жақсылап араластырады.

250 см3  кониялық колбаға 5-10 см3 сыналатын ерітінді, 50см3 дистильденген су, 3см3 үшэтаноламин, 7см3 калийдің гидрототығын араластырып 30мг индикаторды қосады. Трилон 5  ерітіндісімен қызыл-күлгіннен көгілдірге дейін көк-қара эриохромды Р, сары-жасылды қызғылт түске айналғанша кальцинді, күлгін көкке дейін қою көк түсті қышықыл хром немесе мурексидті триэтаноламинді лимонқышқылды натрий тұздарына және гидроксиламин гидрохлоридке 30-60мг көлемінде алмастыру жіберіледі қолдана отырып титрлейді.

 

  1. Құрама жемнің қышықылдығын анықтау

25 гр құрама жемді 500 мл колбаға дистильденген су қосып колбаны тығынмен жауып, үздіксіз 10 мин бойы шайқайды. Ерітіндіні 35 мин тұндырғаннан кейін құрғақ сүзгіден құрғақ колбаға сүзеді. Фильтраттың бірінші порциясын лақтырып, фильтраттың 25 мл кониялық колбаға пипеткамен ауыстырып, 0,1н ащы натриймен немесе ащы калиймен фенолфталеин қосу арқылы әлсіз қызғылт түске дейін боялғанша титрлейді.

Титрлеу үшін қою боялған ерітінділерді зерттеу үшін индикатор ретінде тимолфталеин немесе лакмус қағазын қолданады. Құрама жемнің жалпы қышқылдығы  градуста Нейман формуласымен есептейді:

Х =4*Кщ*V

 Кщ – 0,1н сілті ерпітіндісі титріне түзету;

V – 0,1н сілті ерпітіндісі титрлеуге кеткен көлемі, мл.

1%  фенофталеин ерітіндісі, 1%  тимолфталеин ерітіндісі, 0,1н сілті ерітіндісі.

0,1н сілті ерітіндісінің титріне түзетуді 20мл 0,1н  күкірт қышқылымен орнатады, 2 тамшы 0,1% метил оранж ерітіндісін қосып, дайындалған сілті ерітіндісімен сары түске дейін титрлейді.

Дәл мәнін табу үшін 3 тен аз емес титрлеу жүргізіп, олардан орташасын алады.

0,1н сілті ерітіндісінің титріне түзетуді Кщ формула бойынша есептейді:

Кщ = V*Кс/ V1

V – 0,1н күкірт қышқылы ерітіндісінің көлемі, мл;

Кс — 0,1н күкірт қышқылы ерітіндісінің титріне түзету;

V1 — 0,1н сілті ерітіндісіне 20мл 0,1н күкірт қышқылы ерітіндісінің кеткен мөлшері.

Қышқыл май санын анықтау

Талдауды анықтау. 3 гр өлшемді 100мл колбаға салып 50мл күкірт эфирін, 96%  2/1 қатынастағы этил спиртін 4 тамшы фенолфталеин қосады. Егер май қоңыр болса 1% тимолфталеин ерітіндісі қолданылады. 

Колбадағы қоспаны шайқап, тез титрлейді. Титрлеуді 0,1н ащы калийді сулы ерітіндісімен әлсіз қызғылтқа дейін жүргізеді. Қышқыл май санын мына формуламен есептейді:

Х = А*К*5,61/В

Х – қышқыл май саны, ащы калий мг;

А – 0,1н КОН ерітіндісінің титрлеуге кеткен мөлшері, мл;

К – титрленген ерітіндіге түзету;

В – май өлшемі, гр.

 

  1. Азықтың уыттылығын анықтау.

Талдауға дайындау.

Құрама жемнің үлгілерін зертханалық диірменде уатамыз. 50гр майдаланаған жемді 500м3 колбаға орналастырып, 150см3 диэтил эфирін қосып, 2 сағат шюттель-аппаратта экстрагирлейді.

0мин тұндырады. Экстрактты сүзіп ацетон буланғанша фарфор табақшада қыздырамыз. Салқындағанша қойып қояды. Шыны түбінде қалған майлы массаға 5 мл ацетон мен 50мл аквариум сун қосамыз. Алынған экстрактты дайындалған өлшегіш стаканға (1000м) құйып, үстіне 500мл аквариум суын қосып «Гуппи» балығының 5 жібереміз. Уыттылығын 24 сағаттан кейін байқаймыз.

 Балықтың бәрі тірі болса уытты емес. Әлсіз уытты – 1-2 өлсе. Уытты – 3-4 өлсе.

 

  1. Протеинді Кьельдаль бойынша анықтау

Сынауға дайындау:

Катализатор. Күкіртқышқылды мыстың 10 таразылық бөлімімен, 100 күкіртқышқылды калийдің таразылық бөлімін және 2г селен, ступкада жақсылап езіп, майда түйірлі ұнтақ пайда болғанша.

Индикатор. 0,20 метин қызылды және 0,10гр этил көгін, 100мл 96° этил спиртін араластырады.

40% NaOH. 400гр ащы натрий ерітіндісін фарфор стаканға салып, 600 мл дистильденген су қосады.

Фиксанал. 0,1% H2SO4 1000мл колбаға салып стандарт титр күкірт қышқылын қосады. Ерітіндіні сызығына дейін дистильденген сумен толтырады.

NaOH 0,01%. Ащы натрийдің фиксаналынан 10 мл 100мл колбада дистильденген сумен ерітіп, сызығына дейін жеткізеді.

Сынауды жүргізу.

Кьельдаль колбасына 2гр катализатормен 1гр сыналатын өнімді орналастырамыз. Байқап 15 см3 концентрленген күкірт қышқылын қосамыз.

Колбадағыны жақсылап араластырамыз.

Колбаны қыздырғышқа орнатып мойнына тығын салып, аздап қыздырады.

Қыздыру жақсы деп есептеледі, егер бөлінген  бу Кьельдаль колбасының мойнына жиналса.

Сұйықтық түссізденген соң , қыздыруды 30 минут бойы жалғастырады.

Салқындатқаннан кейін минерализатты, айдағыш колбаға құяды, үш рет 20-30 см3 дистильденген сумен шаяды. Айдағыш колбадағы ерітіндінің жалпы көлемі 200-250 см3+60 см3 NaOH.

250 мл қабылдағыш колбаға 25 см3 фиксанал, 5 тамшы араласқан индикаторлар қосады.

Колбаны тоңазытқышқа салып, ол арқылы суық су жібереді.

Айдағыш колбаны аммиакты айдайтын қондырғыға жалғайды. Нормалы қайнағанда қабылдағыш колбадағы ерітіндінің көлемі 20-30 минуттан кейін 150-200 см3.  Айдаудың соңын қызыл лакмус қағазымен орнатады. Егер лакмус көгермесе, аммиакты айдау аяқталды. Аммиакты 0,1% NaOH  титрлейді. Есептеу:

Х = (V*К* V11)*0,0007*6,25*100/М*0,5

Құрама жем сынамаларының 7 үлгілері құрамындағы протеинді, тұзды, ылғалды және кальцийді анықтау нәтижелері

20 кесте

Көрсеткіштер, өлшем бірліктері атауы

Нақты алынған

Сынау әдістерінің НҚ белгілері

 

1 сынама

20-кестенің жалғасы

Физика-химиялық:

Құрамындағы шикі протеин, %

Тұз NaCl, %

Ылғалдылық, %

Микроэлементтер:

Кальций, г/100г

 

19,37

4,46

7,79

 

1,67+0,334

 

Р № 09-41-99

ГОСТ 15113.7-77

ГОСТ 15113.4-77

 

Р № 09/066-02

 

2 сынама

Физика-химиялық:

Құрамындағы шикі протеин, %

Тұз NaCl, %

Ылғалдылық, %

Микроэлементтер:

Кальций, г/100г

 

21,3

3,41

7,74

 

1,47+0,294

 

Р № 09-41-99

ГОСТ 15113.7-77

ГОСТ 15113.4-77

 

Р № 09/066-02

 

3 сынама

Физика-химиялық:

Құрамындағы шикі протеин, %

Тұз NaCl, %

Ылғалдылық, %

Микроэлементтер:

Кальций, г/100г

 

16,29

3,20

7,62

 

4,61+0,922

 

Р № 09-41-99

ГОСТ 15113.7-77

ГОСТ 15113.4-77

 

Р № 09/066-02

 

4 сынама

Физика-химиялық:

Құрамындағы шикі протеин, %

Тұз NaCl, %

Ылғалдылық, %

Микроэлементтер:

Кальций, г/100г

 

15,60

3,9

7,52

 

4,61+0,922

 

Р № 09-41-99

ГОСТ 15113.7-77

ГОСТ 15113.4-77

 

Р № 09/066-02

 

5 сынама

Физика-химиялық:

Құрамындағы шикі протеин, %

Тұз NaCl, %

Ылғалдылық, %

Микроэлементтер:

Кальций, г/100г

 

16,91

2,92

8,29

 

1,403+0,28

 

Р № 09-41-99

ГОСТ 15113.7-77

ГОСТ 15113.4-77

 

Р № 09/066-02

 

6 сынама

Физика-химиялық:

Құрамындағы шикі протеин, %

Тұз NaCl, %

Ылғалдылық, %

Микроэлементтер:

Кальций, г/100г

 

14,32

3,79

8,09

 

1,47+0,294

 

Р № 09-41-99

ГОСТ 15113.7-77

ГОСТ 15113.4-77

 

Р № 09/066-02

20-кестенің жалғасы

 

7 сынама

Физика-химиялық:

Құрамындағы шикі протеин, %

Тұз NaCl, %

Ылғалдылық, %

Микроэлементтер:

Кальций, г/100г

 

14,3

3,62

7,67

 

1,804+0,361

 

Р № 09-41-99

ГОСТ 15113.7-77

ГОСТ 15113.4-77

 

Р № 09/066-02

 

       3.2.4.4. Сақтау және тасымалдау.

 

Құрама жем толық сақталғыштығын және араласпауын қамтамасыз ететін

қоймаларда сақталуы керек.

Құрама жем тасымалдау таза, құрғақ, бөтен иіссіз, қойма зиянкестерімен ластанбаған вагондар, кемелерде, автокөлікте және басқа көлік құралдарымен жүргізіледі.

Орналастыру, тасымалдау және сақтау кезінде келесі жағдайлар мен категориялар ескерілуі керек:

21 кесте

Көрсеткіштер

Ылғалдылығы бойынша, %

Құрғақ                      

14,0 дейін

Орташа құрғақ

14,0-15,5

Ылғалды   

15,5-17,0

Сулы

17,0 жоғары

Ластануы бойынша, %

Таза                                      

2 дейін

Орташа таза                        

2-4

Лас                                              

4 жоғары

 

   3.3 Өндірістің сапа менеджменті жүйесін  сертификаттау.

 

Қазақстан Республикасында сапа жүйелері мен өндірістерге сертификаттау жүргізудің тәртібіне жалпы талаптар және оларды жүргізу тәртібі ҚР СТ 3.15.1-98 стандартында белгіленген.

Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттаудың негізгі мақсаттары:

  • өнім сапасын арттыру аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
  • мәлімдеушінің белгіленген талаптарға сәйкес келетінін өнім шығаруға техникалық және ұйымдық мүмкіншіліктерін бағалау мен ресми куаландыру;
  • сыртқа шығаратын өнімнің міндетінен туындайтын мәлімдеушінің сапа жүйесі мен өндірістерді сертификаттаудағы сұраныстарын қанағаттандыру;
  • дүние жүзінің және Қазақстанның нарықтарында өнімдердің бәсекелестік қабілеттілігін арттыру, оның ішінде өткізу нарықтарын игеру және кеңейту;
  • сертификаттау кезінде өнімдердің қауіпсіздігін толығырақ және шын растау.

Сапа жүйелері мен өндірістерінің сертификатталуын ҚР СТ 3.2 – мен белгіленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде тіркелген меншіктің нысанындағы сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау жөніндегі органдар жүргізеді.

Сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды бас-сарапшы-аудитор басқаратын сертификаттау жөніндегі комиссия жүзеге асырады.

Сапа жүйелерін сертификаттау мына қағидаларға негізделген:

  • еріктілікке;
  • құқықтылыққа өтуіне;
  • бағалаудың әділдігіне;
  • бағалау нәтижелерінің үнемділігіне;
  • құпиялылығына.

Сапа жүйесінің нормативтік құжаттарға сәйкестігі белгіленген нысандағы сәйкестік сертификаттарымен расталады.  ҚР СТ 3.11-дің талабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің мемлекеттік тізілімінде тіркелуге жатады.

Сапа жүйелерін сертификаттау жөнінде талас мәселелер болған жағдайда мәлімдеуші  ҚР СТ 3.10-ға сәйкес шағым арыз беруіне болады.

Сапа жүйелерін сертификаттау мына ретте жүргізіледі:

  • Сапа жүйесін алдын-ала бағалау;
  • Сапа жүйесін мекемеде тексеру және бағалау;
  • Сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық бақылау.

Бірінші ретте мәлімдеушінің сапа жүйесін сертификаттауға дайындығын алдын-ала бағалау үшін комиссия ұсынылған құжаттарды талдайды. Бұл рет екінші реттегі жұмысты өткізуге болатыны туралы жазбаша қорытынды шығарумен аяқталады. Тексеру кезінде анықталған сәйкессіздіктер елеулі және елеусіз болып екіге бөлінеді.

Елеулі сәйкессіздік – сапа жүйесінің кейбір элементінің немесе элемент бөлімінің болмауы, қолданбауы немесе толық бұзылғаны, не сапа жүйесіне қойылған нормативтік талаптардан ауытқуы, мұндай кезде бұл ауытқуды жою мәселесі кәсіпорынның ұйымдық құрылымын өзгертуді көптеген материалдық шығындарды, ұзақ уақытты қажет етеді және ол өнімнің сапасына елеулі әсерп етеді.

Елеусіз сәйкессіздік – кәсіпорынның ұйымдық құрылымымен, көптеген материалдық шығындармен байланысы жоқ, тек белгіленген талаптарды орындауда байқалатын бірен-саран салақтық, не сапа жүйесіне қойылған нормативтік талаптар бойынша басқадай ауытқулар және олар сапа жүйесін бағалау жөніндегі комиссия жұмысының барысында, не олардың анықталған кезінен бастап бір айдың ішінде жойылады.

Сапа жүйесін тексеру мен бағалаудың нәтижелері мына түрлерде болуы мүмкін:

  • сапа жүйесі толығымен стандарттарға сәйкес емес;
  • сапа жүйесі негізінен стандарттарға сәйкес, бірақ та жүйе элементтерінен елеусіз сәйкессіздіктер анықталған.

Сапа жүйесін сертификаттауға ұсыну туралы шешімді тексеру және бағалау нәтижелері бойынша жасалған актілер негізінде бас сарапшы қабылдайды. Егер сертификаттау мүмкін деп табылса, онда сертификаттау органы сәйкестік сертификатының жобасын және сәйкестік белгісін қолдануға берілетін лицензияның жобасын жасайды. Осы құжаттар мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген тәртіппен тіркеуден өткізіледі. Осымен қатар сертификаттау органы инспекциялық бақылау жүргізу жөнінде мекемемен келісім жасайды.

Инспекциялық бақылау сапа жүйесінің сәйкестік сертификатының күшінде болу мерзімінің ішінде жүргізіледі.

Э. Деминг 98 % мөлшерінде сапа жүйесіне, 2 % мөлшерінде  адамдарға байланысты деген болатын. Мұның дәлелі ретінде өндірісі дамыған елдерде орын  алып отырған бәсекелестіктің өнім мен сапа жүйелеріне ауысуын келтіруге болады.

ИСО 9000 сериялы стандарттарына сәйкес құрылған сапа жүйелерін қолданушылардың айтарлықтай жетістіктеріне қарамастан өндірісте TQM принципі негізінде қарастырылған сапа жүйелерін қолдануға көп көңіл бөлінуде.

TQM негізінде қалыптастырылған жүйеге мыналар тән:

  • сапаны жақсарту жұмыстарына бүкіл қызметкерлер мен жұмысшыларды, қажетті шикізатты дайындаушыларды және тұтынушыларды жұмылдыру;
  • сапаны жақсарту жұмысын тұрақты түрде жүргізіп отыру, мысалы зақымдалған өнім мөлшерін ең кіші мөлшерге жеткізу;
  • өнімнің өзіндік құнын азайту;
  • TQM-нің бағыт ерекшеліктері оның өнімнің рыноктағы бәсекелестігін арттыруды басқаруға лайықты екенін көрсетеді.
  • ИСО 9000 сериялы стандарттарының 2000 ж. шаққандарында TQM-нің кейбір принциптері ескерілген. Бұл жаңа стандарттар ИСО 14000 сериялы стандарттарымен үйлестірілген.

 

 

     3.4  Өлшеу, талдау және түзетуші әрекет.

 

Мониторинг және өлшеу.

Мониторинг және процестер мен өнімді өлшеу.

Жоспарланған нәтижелерге жету үшін кәсіпорын сапа менеджменті жүйесінің мониторинг және өлшеу процестерінің лайықты әдістерін қолданады.

Өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде өнім талаптарының орындалуын тексеру мақсатында мониторинг және өнім сипаттамаларын өлшеу жүргізіледі.

Тұтынушымен  кері  байланыс.

 Тұтынушылардың қанағаттандырылуы.

Сапа менеджменті жүйесінің өлшеу тәсілдерінің бірі ретінде, тұтынушылардың талаптарына ұйымның сәйкестігі және оны қабылдауы жайлы кәсіпорын ақпараттар мониторингін жүргізеді.

Ақпаратты алу тәсілдері: анкеталау, сұрау арқылы.

Ішкі тексерулер.

Кәсіпорын ішкі аудитті сапа менеджменті жүйесінің мақсатында жүргізіледі, анықтау үшін:

1) кәсіпорын әзірлеген сапа менеджменті жүйесі талаптарына сәйкестігін;

2) нәтижелі және тиімді енгізіліп, жұмысшы жағдайында ұсталынып тұрады.

Алдағы тексерулер нәтижелерімен қатар, аудитке жататын, статусы мен процестердің маңыздылығы және учаскелерді ескере отырыпәрбір белгілі бір уақыт периодынан кейін, тексеруді объективті бағалайтын аудитор жүргізеді.

Тексеру нәтижелері бойынша есеп беру құжатталған күйінде жазылуы керек.

Мәліметтерді  талдау.

Сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін тұрақты жақсарту мен көтеруді қай салада жүргізуге болатынын, сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін және жарамдылығын көрсету үшін кәсіпорын ақпараттарды анықтайды, жинайды және талдайды. Мониторинг және өлшеу нәтижесінде ақпараттарға мәліметтер кіреді.

Мәліметтерді талдау келесі ақпаратты береді:

1) тұтынушылардың қанағаттандырылғанын;

2) өнім талаптарына сәйкестігін;

3) процестер мен өнім сипаттамаларын;

4) жеткізушілерді.

Түзетуші әрекет.

Табылған сәйкессіздіктер себептері мен қойылған талаптарға сапа жүйесінің сәйкессіздігін, өнім сапасының ақауларын жою мақсатында түзетуші шаралар жүргізіледі.

Түзетуші әрекеттер анықталған сәйкессіздіктер себептеріне бара-бар болуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Экономикалық тиімділік

 

Құрама жемнің өзіндік құнының калькуляциясы.

 Жұмыртқалағыш жас тауықтарға арналған құрама жем.

26 кесте

Атауы

өлш. бірл

Енгізу, %

Мөлшері

Бағасы, тг

Соммасы, тг

Ескерту, (НДС-пен бағасы)

Шикізат

кг

100,002

2000

 

 

 

Соның ішінде

 

 

 

 

 

 

Жүгері

кг

20

400,01

24,56

9824,76

28,00

Бидай

кг

26

520,01

21,05

10947,59

24,00

Арпа

кг

10

200,00

19,30

3859,73

22,00

Соя шроты

кг

26,1

522,01

48,25

25184,71

55,00

өсімдік майы

кг

4,41

88,20

96,49

8510,70

110,00

Ракушка

кг

10,52

210,40

7,89

1661,09

9,00

Монокальций фосфат

кг

1,9

38,00

70,18

2666,72

80,00

Ас тұзы

кг

0,31

6,20

3,95

24,47

4,50

Сода

кг

0,18

3,60

47,37

170,53

54,00

26 кестенің жалғасы

Метионин

кг

0,15

3,00

526,32

1578,98

600,00

Лизин

кг

0,07

1,40

 

0,00

 

Треонин

кг

0,042

0,84

 

0,00

 

Премикс

кг

0,25

5,00

 

0,00

 

Микофикс

кг

0,05

1,00

 

0,00

 

Холин хлорид

кг

0,02

0,40

 

0,00

 

Барлығы

 

 

2000,08

 

64429,27

 

Артық істелген уақыт

теңге

 

 

 

4,50

 

Қ/ жем өндірісі

кг

 

1992,04

 

 

 

1 кг қ/жем өзіндік құны

теңге

 

 

 

36,84

 

Рентабельділігі

%

 

 

 

15

 

НДС-сіз сату бағасы

теңге

 

 

 

42,37

 

НДС-пен сату бағасы

теңге

 

 

 

48,73

 

 

Бройлерлерге арналған құрама жем.

27 кесте

Атауы

өлш. бірл

Енгізу, %

Мөлшері

Бағасы, тг

Соммасы, тг

Шикізат

кг

100

2000,00

Соның ішінде

 

 

 

 

 

Жүгері

кг

21,5

430,00

17,54

7543,86

Бидай

кг

31

620,00

13,16

8159,20

Күнбағыс күнжарасы

кг

5

100,00

8,70

869,57

Балық ұны

кг

3

60,00

60,87

3652,17

Соя шроты

кг

31

620,00

42,61

26417,39

өсімдік майы

кг

2,8

56,00

82,61

4626,09

Ракушка

кг

0,715

14,30

5,22

74,61

Үшкальций фосфат

кг

1,3

26,00

9,57

248,70

Ас тұзы

кг

0,3

6,00

3,65

21,91

Лизин

кг

0,1

2,00

452,17

904,35

Метионин

кг

0,15

3,00

456,52

1369,57

Премикс

кг

0,125

2,50

478,26

1195,65

Ет сүйек ұны 50%

кг

2

40,00

34,78

1391,30

Роксозим G-2

кг

0,01

0,20

2443,48

488,70

Максалин

кг

1

20,00

252,17

5043,48

Барлығы

 

100

2000,00

 

56963,06

27 кестенің жалғасы

Артық істелген уақыт

теңге

 

 

 

2,50

Қ/ жем өндірісі

кг

 

1992,04

 

 

1 кг қ/жем өзіндік құны

теңге

 

 

 

31,14

Рентабельділігі

%

 

 

 

15

НДС-сіз сату бағасы

теңге

 

 

 

31,14

НДС-пен сату бағасы

теңге

 

 

 

36

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Еңбектi қорғау

 

Бұл қызмет Қазақстан Республикасында қолданылатын заңды және басқа да нормативтiк актiлерге сүйене отырып жұмыс iстеу жағдайында, жұмысшылардың жұмыс iстеу қабiлетiн, денсаулығын және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жасалынатын әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдастырушылық, гигиеналық және дәрiгерлiк-профилактикалық жүйе қызметтерiнiң жиынтығы.

Қазақстан Республикасының Еңбектi қорғау туралы Заңы меншiк түрiне қарамай барлық субъектiлерге таратылады және жұмысшылардың құқығын белгiлеп сонымен қатар, өндiрiстердле болатын әр түрлi төтенше және қауiптi жағдайларды болдырмауға бағытталған.

Қоршаған ортаға зиянды әр түрлi заттарды шығару бұл мекемеде МемСТ 12.1.005 және СанПИН 4946 бойынша бақыланып отырады. Ал топырақты өндiрiстiк қалдықтармен ластануын СанПиН 42-128-4690 бойынша жүргiзiледi.

 

ЖШС «Комбикорм — М»  еңбектi қорғау жөнiндегi ережесi

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларда мүмкін болатын жағдайда қазіргі заманғы жарақаттану құралдарын қолдану

 

Нысандағы мүмкін болатын жағдай, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларда (ТЖ) «Комбикорм — М» ЖШС қызметі.

Алматы облысы, Іле ауданы, Чапаев ауылында орналасқан. Қаланың солтүстік – батыс бөлігінде.  0,5 км қашықтықта «Бесат» ЖШС химиялық қауіпті нысаны бар, ол өз өндірісінде аса уытты затты (АУЗ) сұйық аммиакты қолданады, ол авариялы төгілген жағдайда «Комбикорм — М» ЖШС химиялық ластану зонасына түсуі мүмкін.

«Комбикорм — М» арқылы АУЗ және басқа өрт-жарылысқаупі бар адам организміне зиянды заттар автомобиль  магистралімен, темір жолмен өтеді. Авария кезінде және 12 балдық жел тұрғанда ластану зонасына түсуі мүмкін. «Комбикорм — М» ЖШС территориясы 0,7 га жерді құрайды. «Комбикорм — М» ЖШС офисі орналасқан ғимарат 1 этажды, сейсмотұрақтылығы 6 балл (тип «В» — кірпішпен қаланған темірбетонды каркас).

«Комбикорм — М» ЖШС қорғанатын баспана жоқ.

«Комбикорм — М» ЖШС 20 қызметкерлер жұмыс істейді, олардың 17 адамы – негізгі құрам, 3 адам – қызмет көрсету персоналы (күзет, техникалық жұмыскерлер).

Өндірілетін өнім грануирленген құс азығы.

«Комбикорм — М» территориясында радиация-химиялық қауіпті көздер мен материалдар жоқ.

Өрт

«Комбикорм — М» ЖШС  өрт туындауы мүмкін:

  • АЗС көрші кәсіпорында авария болғанда;
  • Жер сілкінуі кезінде (қосымша фактор);
  • өртқауіпсіздігі шаралары нұсқаулығын сақтамаған жағдайда;

Өрт адам өліміне және үлкен материалдық шығындарға ұшыратады.

Өрт басталуының батапқы кезеңінде оны өршітпеу және жою өртқауіпсіздігі жағдайына жауаптылармен жүргізіледі. Ғимараттағы адамдарға міндетті хабарлап, ғимараттан тез шығарып және кәсіптік өрт сөндірушілерді шақыру.

Шығару: «Комбикорм — М» ЖШС  табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туындағанда қиын жағдай болуы мүмкін.  Бұл төтенше жағдайлардың зардаптарын төмендету үшін ТЖ және АҚ шараларын орындау керек, сонымен қатар:

  • байланыс схемасымен тәуліктің кез-келген уақытында қызметкерлерді хабарлау, басқарушы құрамды жинау;
  • Сильченко В.П. ТЖ болған жағдайда шараларға жауапты етіп тағайындау;
  • «Комбикорм — М» ЖШС күзетін күшейту – Муталиев Д.
  • Жарақаттанғандарға медициналық көмек көрсету орнын дайындау – Кузиев Т.П.
  • Эвакуациялық шараларды жоспарлау — Кузиев Т.П.

Су басу, су тасқыны

«Комбикорм — М» ЖШС өзеннен 300 метрде, оның жоғарғы ағысының 10 км биіктігі 10 м су бөгеті бар, 60 минуттан кейін кәсіпорын территориясына жетіп ғимаратқа материалдық шығын әкелуі мүмкін.

Қызметкерлер жоғарғы зауытқа көтеріле алады.

Су тасқыны кезінде (қысқы жылыну немесе нөсерлерден судың уақытша көтерілуі), аздап су басуы мүмкін. Мұнда адамдар зардап шекпейді, себебі қауіпсіз жерге шығу мүмкіндігі болады.

 Жартылай су басқан кезде (көктемгі қар ерігенде көтерілетін су), су көп уақытқа көтерілгенде тиісті қызметтер сипатын анықтап, қажетті шараларды қолданып, үлкен шығындардан арылуға болады. Ғимараттар аздап су басуы мүмкін, бірақ адамдар зардап шекпейді.

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындау қаупі болған жағдайда қазіргі заманғы  шаралдарын қолдану

Басқарушы құрамды және персоналды хабарлау

ТЖ болу қаупі туындағанда «Комбикорм — М» ЖШС персоналы «Барлығың тыңдаңыздар!» АҚ белгісімен хабарланады, сиреналар дабылы беріледі, олар арқылы жергілікті радионы, теледидарды қосып, ТЖ органдарының ақпаратын тыңдап, бұл ақпарат арқылы әрекет ету.

АҚ бастығы табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ туындау қаупі жайлы ауданның ТЖ бөлімімен хабарланады.

Жұмыс уақытынан тыс кезде басқарушы құрамды хабарлауды күзет қызметкері   ТЖ  кезекші бөлімінен ақпарат алғаннан кейін телефон арқылы жүргізеді. Ары қарай күзет қызметкері «Комбикорм — М» ЖШС АҚ бастығының нұсқауымен хабарлау схемасын жүзеге асырады.

 

Инженерлік қорғаныс

«Комбикорм — М» ЖШС бар АҚ құрылымдары, жауаптылар әрекет етуге дайындалады.

Электр энергиясын, коммуналдық желілерді (жылу, су, газқамтамасыз ету) авариялы өшіру жүргізіледі.

Адамдарды уақытша орналастыру жағдайына жер төле дайындалады.

ТЖ зардаптарын жою үшін материалдық заттардың қоры (терезе әйнегі, тақтайлар, кірпіш, цемент, қажетті құралдар және т.б.) қалыптастырылады.

Медициналық қорғаныс

Санитарлық посттың бастығы медициналық көмек көрсетуге жауапты Иванова Л.В.  мұқтаждарға медициналық көмек көрсетуге қажетті медикаменттер мен орын дайындауға. Құс фабрикасының №6 бригадасының басқармалық ғимаратында медициналық көмек пунктін ұйымдастыру.

Эвакуациялық шаралар

Персонал арасында шығындарды болдырмау мақсатында оларды және материалдық құндылықтар мен қондырғыларды  қауіпсіз жерге ұйымдасқан шығару басталады. Жауаптылар Кузиев Т.П., Сильченко В.П.

Адамдардың жиналу ең жақын пункті орналасқан:

— үйсіз қалған хзалықтың жингалу пункті, Чапаев а-ң Әкімдігі;

— санитарлық шығын жинау пункті ҚФ №6 бригадасының конторасы;

— қайтарылмас шығындарды жинау пункті ҚФ №6 бригадасының №1 базасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазіргі таңдағы бройлер етін өндіру дәл ғылымдардың бірі болып табылады. Ол жоғары өнімді, гибридті құс пен толықрационды құрама жемді, бағудың реттелетін режимін, өндірістік процестердің механизациялануы мен автоматтандырылуын, ветеринарлық алдын-алу шараларының тиімді әдістерін, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, технологиялық циклдің барлық бөлімшелерінің жұмысы мен құрылымының келісімді және ырғақты пайдалануға негізделген. Құс етін өндіру технологиясы – эксперименталды орнатылған және биологиялы, экономикалық негізделген параметрлер мен жұмыс әдістеріне негізделеді.

Бройлер құс фабрикалары мен ұйымдардың жұмыс тиімділігінің үлкен айырмашылығы, олардың құс етін өндіруді меңгеру деңгейінің түрлілігімен анықталады. Құс етін өндіруді ұлғайту және оның сапасын көтеру саласының алдында тұрған үлкен міндеттерді жақсы шешу үшін, кәсіпорынның материалдық жабдықталуын жақсарту, бройлер өндірісі басшыларының кәсіпорынға сапа менеджменті жүйесін тиімді енгізу үшін барлық мүмкіндіктерді  жасауы керек.

Кәсіпорынға сапа менеджменті жүйесін енгізу тұтынушылар талаптарын талдауға,  тұтынушыға арналған өнімді алуға көмектесетін процестерді анықтауға, сонымен қатар бұл процестерді басқарылатын күйінде ұстап тұруға итермелейді. Тұтынушылар мен басқа да мүдделі тараптардың қанағаттылығын көтеру мақсатында сапа менеджменті жүйесі тұрақты жақсартудың негізі бола алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қолданылған  әдебиеттер

 

  1. Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Алматы. Казахстанская ассоциация маркетинга  2003г
  2. И Гиссин Управление качеством продукции  Ростов-на-Дону
  3. Феникс  2000г.                 
  4. К.Акишев, Г.Т Дарибаева Стандарттау, метрология және сертификаттауды қоғамдық тамақтандыру саласында қолдану. Астана-2003г
  5. Качество и безопасность сельскохозяйственной пищевой продукции. Под редакцией доктора биологических наук,профессора А.К Смагулова  Алматы-2002г
  6. В.А Никитин, В.В Фиолончева Управление качеством на базе стандартов ИСО 9000-2000          Питер 2004г
  7. Г.Д Крылова Основы стандартизации, сертификации и метрологии  Москва  Юнити  2000г
  8. И.М Лифиц Основы стандартизации, сертификации и метрологии Москва  Юрайт  2000гМЕМСТ Р ИСО 9000-2001 Сапа менеджменті жүйесі. Негізгі ережелер мен сөздік.
  9. «Құс шаруашылығы» А.Б. Таңатаров, Ш.Ә. Әлпейісов, С.Л. Дабажанова
  10. «Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы» О. Мұстафин, Б. Барақбаев
  11. «Кормление птицы» Справочник В.Н. Агеев, И.А. Егоров, Т.М. Околелова, П.Н. Паньков.
  12. «Кормление сельскохозяйственных животных» В.Н. Баянов, В.К. Менькин.
  13. «Правила организации и ведения технологического процесса производства продукции комбикормовой промышленности» часть2, Всесоюзное научно-производственное обьединение «Комбикорм» Разработано: И.П. Дьяков
  14. «Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных» А.П Калашников, Н.И. Клейменов, В.Н. Баканов, и др.
  15. «Технология безотходного производства в птицеводстве»
    1. В.И. Малофеев
  16. «Кормопроизводство» Н.И. Можаев, И.П. Копытин
  17. «Машины и оборудования для птицеводства» А.А. Кива, Ю.Н. Сухарев, В.М. Лукьянов
  18. «Производство мяса бройлеров» А.Г. Ключковский, В.Ю. Шпекторов
  19. «Справочник зоотехника» А.П. Калашников, О.К. Смирнов
  20. ҚР СТ ИСО 9000 – 2001 Сапа менеджментi жүйесi. Негiзгi ережелер және сөздiк.
  21. ҚР СТ ИСО 9001 – 2001 Сапа менеджментi жүйесi. Талаптар.
  22. ҚР СТ ИСО 9004 – 2001 Сапа менеджментi жүйесi. Қызметтi жақсарту бойынша ұсыныстар.
  23. ҚР СТ ИСО 100 11 – 1 – 2001 Сапа жүйесiн тексеру бойынша басқарушы жарлықтар. 1-бөлiм. Тексеру.
  24. МЕСТ 12770-73 Сұлы.
  25. МЕСТ 016367-86. Құс өңдейтін өнеркәсіп. Терминдер мен анықтамалар.
  26. МЕСТ 18221-72 Жұмыртқалағыш, балапандарға және бройлерлерге арналған толық рационды құрама жем.
  27. МЕСТ 18221-72 Күркетауық пен балапандарына арналған толық рационды құрама жем.
  28. МЕСТ 3040-55 Ылғалдылығын анықтау.
  29. МЕСТ 10839-64 Үлгі іріктеу мен өлшеулерді алу.
  30. МЕСТ 10967-75 Түсі мен иісін анықтау.
  31. МЕСТ 10939-64 Ластануын және майда дәндердің өтуін анықтау.
  32. МЕСТ 10940-64 Типтік құрамын анықтау.
  33. МЕСТ 10987-76 Шыны мөлдірлігін анықтау.
  34. МЕСТ 13586.1-68 Желімшенің санын және сапасын анықтау.
  35.