АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Жылқы шаруашылығындағы профилактикалық дезинфекцияны жетілдіру шаралары

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті»

Коммерсиялық емес акционерлік қоғамы

 

 

 

 

 

Ташкенбай Қ.М.

 

 

 

Жылқы шаруашылығындағы профилактикалық дезинфекцияны жетілдіру шаралары

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Мамандығы 5В120200 – «Ветеринарлық санитария»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

КОММЕРСИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

 

«Ветеринария» факультеті

 

«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)

 

Тақырыбы: Жылқы шаруашылығындағы профилактикалық дезинфекцияны жетілдіру шаралары

 

 

 

                                                                       Беттер саны                               41

                                                                       Cызбалар мен көрнекті

                                                                       материалдар саны                     13

                                                                       Қосымшалар                               —

 

 

Орындаған: күндізгі оқу бөлімі 5В120200 – «Ветеринарлық санитария» мамандығының 513 – топ студенті Ташкенбай Қуаныш Муратұлы

 

                   2018 жылы « 23 » мамырда қорғауға жіберілді

 

 

Кафедра меңгерушісі, PhD                                                    Алиханов Қ.Д.

 

Жетекші, в.ғ.к., аға оқытушы                                                 Қоспақов Ж.

 

Норма бақылаушы,

в.ғ.к., қауым. профессор                                                         Ибажанова Ә.С.

 

Сарапшы, «Қайрат-Бота»

ШҚ, бас малдәрігері                                                               Несипбаев Н.К.

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2018

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

КОММЕРСИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

 

«Ветеринария»  факультеті

 

мамандығы 5В120200 – Ветеринарлық санитария

 

Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы

 

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

 

ТАПСЫРМАСЫ

 

 

Студент  Ташкенбай Қуаныш Муратұлы

 

 

Жұмыс (жоба) тақырыбы: Жылқы шаруашылығындағы профилактикалық дезинфекцияны жетілдіру шаралары

 

Университет бойынша 2017ж. «14» қараша №550-К бұйрығымен бекітілген

 

Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі  2018 ж. « 23 »мамыр

 

Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері

Жылқы шаруашылығындағы шаруашылығындағы ветеринариялық — гигиеналық және санитариялық талаптардың сақталу деңгейі. Жылқы шаруашылығындағы мал қора нысандарында жүргізілетін дезинфекциялық шаралардың әдіс — тәсілдері. Жылқы шаруашылығы маңындағы аймақтардың індетке қарсы сақтану шаралары. Жылқы шаруашылығындағы дезинфекциялық шаралардың жүргізілу дейгейі. Жылқы шаруашылығындағы жүргізілетін дезинфекциялық шараларда қолданылатын препараттарға салыстырмалы баға беру.

Дипломдық жұмыста (жобада) қарастырылатын сұрақтардың тізімі

  1. Мал қораларының микроклимат параметрлерінің көрсеткіштерін анықтау.
  2. Дезинфекциялық шараларды жүргізуде қолданылған препараттың бактерицидтік қасиетін бағалау.
  3. Дезинфекциялық қондырғылардың тиімділігін салыстырмалы түрде бағалау.
  4. Шаруашылықта жүргізілген шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау.

 

 

 

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

  1. БуткоМ.П., Власова Н.П., Цариков И.Н.,Пухлякова Г.Л. Ускоренная индикация сальмонелл на объектах внешней среды. Сб. н/тр. ВНИИВСГЭ «Проблемы вет.санитарии, гигиены и экологии». М., 2001, т. 111, с. 52-69.
  2. Санитарно-гигиенический режим в свинарниках для опороса. Мат. Всерос. н/пр. конф. «Гигиена содержания и кормления животных основа сохранения их здоровья и получения экологически чистой продукции», 21-23 сентября 2000 г., г. Орел, с. 180-182.
  3. Правила проведения дезинфекции и дезинвазии объектов государственного ветеринарного надзора, утверждены 15.07.02 г за № 13-5-02/0522 департаментом ветеринарии Минсельхоза России.
  4. Закомырдин А. А. Электрохимически активированные растворы в ветеринарии. Проблемы вет.медицины в условиях реформирования с.-х. производства. Махачкала, 2003, — С. 159-165.

 

 

 

Жұмыстың (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

 

Тарау

Кеңесші

Мерзімі

Қолы

Кіріспе

Қоспақов Ж.

10.03.2018

 

Негізгі бөлім

Мырзабеков Ж.Б.

25.04.2018

 

Қорытынды

Барахов Б.Б.

10.05.2018

 

Экономикалық тиімділікті есептеу

Утеев Б.Ж.

 

 

Еңбекті қорғау және экология мәселелері

Сансызбаев К.К.

 

 

 

 

Кафедра меңгерушісі, PhD    __________________      Алиханов Қ.Д.

 

Жұмыс жетекшісі,

аға оқытушы                          ___________________     Қоспақов Ж.

 

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент            ___________________     Ташкенбай Қ.М.

 

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

КЕСТЕСІ

 

Рет саны

Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі

Жетекшіге ұсыну мерзімі

 

Ескертулер

1

Кіріспе

10.03.2018

орындалды

2

Дезинфекциялық шараларда қолданылатын препараттар

27.03.2018

орындалды

3

Жұмыстың мақсаты мен міндеті

05.04.2018

орындалды

4

Материалдар мен әдістер

18.04.2018

орындалды

5

Өзіндік зерттеулер

03.05.2018

орындалды

6

Қорытынды

10.05.2018

орындалды

7

Тәжірибелік ұсыныс

15.05.2018

орындалды

 

 

Кафедра меңгерушісі, PhD    __________________      Алиханов Қ.Д.

 

Жұмыс жетекшісі,

аға оқытушы                          ___________________     Қоспақов Ж.

 

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент            ___________________     Ташкенбай Қ.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

 

 

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

1

КІРІСПЕ

10

1.1

Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы

10

1.2

Зерттеу базасы, объектісі және мақсат, міндеттері

11

2

ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

12

2.1

Жылқы шаруашылығында жүргізілетін ветеринариялық-гигиеналық талаптар

12

2.2

Мал қораларындағы микроклиматты жақсарту шаралары

13

2.3

Дезинфекциялық қондырғылармен санитариялық құрал саймандар

15

3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

24

3.1

Зерттеу әдістері мен материалдары

24

3.2

Шаруашылыққа сипаттама

26

3.3

Зерттеу нәтижелері

27

3.3.1

Мал қораларының микроклимат параметрлерінің көрсеткіштерін анықтау

27

3.3.2

Дезинфекциялық шараларды жүргізуде қолданылған препараттың бактерицидтік қасиетін бағалау

29

3.3.3

Дезинфекциялық қондырғылардың тиімділігін салыстырмалы түрде бағалау

32

3.3.4

Шаруашылықта жүргізілген шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау

34

4

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

36

5

ҚОРЫТЫНДЫЛАР

38

6

ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

39

7

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

40

8

ҚОСЫМШАЛАР

43

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Дипломдық жұмыста пайдаланылған сілтемелер

 

МЕМСТ 2874- 82

Ауыз суы. Гигиеналық талаптар және сапасын бағалау

МЕМСТ 1770-74Е

Зертханалық өлшеуіш шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар. Техникалық шарттар.

МЕМСТ 12.1.007-76

Әсерлі заттар. Жіктелуі және жалпы техникалық  қауіпсіздік ережелері

МЕМСТ 6709-72

Дистилденген су. Техникалық шарттар.

МЕМСТ 10354-82

Полиэтиленді пленка . Техникалық шарттар.

МЕМСТ 18300-87

Этил спирті. Техникалық шарттар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          АНЫҚТАМАЛАР

          Бұл дипломдық жұмыста есебінде мынандай терминдермен анықтамалар қолданылды:

 

Балау – ауруды анықтау, табу, диагноз қою.

Вакцина – жұқпалы ауруларды дауалау үшін қолданылатын биологиялық препарат.

Дауалау – жұқпалы аурулардың алдын алу, яғни профилактикалау.

Дезинфекция – сыртқы ортадағы зардапты микробтарды жою шаралары.

Дезинсекция – сыртқы ортадағы зианды жәндіктерді жою шаралары.

Дератизация – зянкес кеміргіштерді жоюға бағытталған шаралар.

Карантин – індет ошағының одан әрі ұлғаюына жол бермеу үшін жүргізілетін шектеу шараларының жиынтығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

ҚР АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылық Министрлігі.

МЕМСТ – Мемлекеттік стандарт.

КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы.

ЖШС – жауаптылығы шектелген серктестік.

ТШ – техникалық шарттар.

ЕПА — ет-пептон агары

КТБ – колония түзуші бірлік

ЖБЛ – жалпы бактериялық ластану

мг — миллиграмм

г — грамм

мм – миллиметр

ИК – инфрақызыл

мг/кг — миллиграмм / килограмм.

г/м2 – грамм/метр квадрат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 КІРІСПЕ

1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Мал шаруашылығының ірі саласы — жылқы шаруашылығы. Жылқыны қазақ даласында мол өсіруге толық мүмкіншілік бар. Өйткені жылқы малын қой шаруашылығымен үйлесімді дамытудың маңызы зор. Ол әсіресе ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын орман-тоғайлар, өзен-көл жағалары, шөл және шөлейтті далалар мен жайылымдарда өсіруге өте қолайлы. Сондай-ақ, дәнді дақылдар егілген жерлер, әсіресе еліміздің солтүстік өңіріндегі, егін орағынан кейін масақ, күзде шыққан балауса жасыл алшындар қыста жылқыны тебіндетуге жарайды. Жылқыны қолда ұстап баңқанда оларға азық ретінде берілетін жемазық дақылдар қаншама. Жоғарыда айтылған жылқы малын өсіруге қолайлы жағдайлармен бірге жылқыдан алынатын шикізат өнімдері (ет, сүт, қазы-қарта, қыл, қымыз, т.б.) халықтың азың-түлік өнер-кәсіптік шикізат жөніндегі өскелең қажеттіліктерін толық қанағаттандырушы, әрі жылқы көлік малы.

Қазақ елінде кең тараған ат ойындары, ат спорты (жастарды шеберлікке, батылдыңқа, жылдамдықңа, ыңшам-дылыңқа баулитынын ескерсек), жылқы малының халың шаруашылығындағы маңызы арта түседі.

Мал шарушылығынан мол да сапалы өнім алуда күшті ықпал ететін ең негізгі жұмыстардың бірі-мал дәрігерлік қызмет процестерін механикаландыру болып табылады. Бірақ, өкінішке орай, бұған қажетті құрал- саймандар машина жасайтын өнеркәсіп орындары өте аз шығарылады, кейбір механизмдерді мүлде шығармайды. Оның себебі – сондай механизмдерді ғылми түрде зерттеп,техникалық деректерін мал дәрігерлік талаптарға сай келтіретін ғылми – зерттеу мекемелері еліміз бойынша өте аз, ал механизмдердің техникалық құжаттарын жасайтын арнаулы конструкторлық бюро мүлде жоқ. Осының салдарынан (мал шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда) мал дәрігерлік жұмыстарды механикаландыру артта қалып отыр. Мал дәрігерлік жұмыстарды дұрыс жолға қоюда бұл процестерді кешенді механикаландырып, одан әрі автоматтандырудың өте зор маңызы бар. Мал шаруашылығын мамандандыру және малды кешендер мен өнеркәсіптік типтегі шаруашылықтарда шоғырландыру өндірілген өнімнің өзіндік құнын арзандатумен бірге, оның сапасын да жақсартатын шаралар болып табылады [1].

Сондықтан, өнеркәсіптік типтегі шаруашылықтарда мал дәрігерлік – санитарлық шаралар мамандармен қатар инженер — техниктердің көңіл аударарлық негізгі жұмыстарының біріне айналып отыр.

Мал дәрігерлік жұмыстардың ең бастысы – малға дәрі егіу, оны емдеу орындарында апару және оларды фиксацилау. Мұндай қондырғылар осы күні шаруашылықтарда жоқтың қасы.

Малды бір орында (кешенде) бағып  – күту мал дәрігерлік жұмысты механикаландыруға өте қолайлы болып келеді. Өйткені, сол кешенде мал дәрігерлік жұмыстарға арнап пункт жасауға, сол пунктте керекті дәрі – дәрмекті, қондырғылар мен механизмдерді, аспаптар мен құралдарды жинап, мал дәрігерлік шараларды кешенді түрде жүргізуге болады.

Малдың санын көбейтіп, одан алынатын өнімдерді арттыруға мал дәрігерлік – профилактикалық шаралардың уақтылы жүргізілуі де себебін тигізеді. Дені сау малдан алынатын өнім де мол болады. Ал мал өлім – жітімнен аман алып қалудан, түрлі ауру – сырқаудан сақтандыруда, ауырғандарын емдеуде мал санитарларының атқарар еңбегі зор. Олар мал дәрігерлері мен фелъдшерлерінің бірінші көмекшісі болып саналады. Бөлімшелерде бір мал дәрігеріне ( фелъдшеріне ) кемекші есебінде бір мал дәрігеріні немесе фелъдщерінің тікелей басшылығымен орындауға тиісті [2].

Осы шаралардың негізінде еліміздегі малдың өнімділігін арттырумен қатар, олардың санын көбейтудеде септігін тигізетін шаралардың бірі ветеринариялық-санитариялық шараларды іске асыру болып табылады. Бұл шараларда біз басты назар аударатынымыз дезинфекциялық шаралар екені сөзсіз. Себебі, микроорганизмдердің шамадан тыс көбейіп малдың өнімділігімен денсаулығына әсерін тигізуі мүмкін.

 

1.2 Зерттеу базасы, объектісі және мақсат, міндеттері

Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама

Шаруашылықта пайдаланылған дезинфекциялық заттардың ғимараттар мен сауын қондырғыларын санитариялық өңдеуде қауіп келтірмейтін етіп жасауға мүмкіндік туғызады. Дезинфекциялық заттардың қолдану нормасы  және олардың ауадағы агрегаттық күйі объектті өңдеу тәсіліне тікелей байланысты мәліметтер нәтижелері келтірілген.

Дипломдық жұмысты орындау мерзімі және базасы

Дипломдық жұмыс 41 компьютерлік бетте терілген: кіріспе, ғылыми әдебиеттерге шолу, өзіндік зерттеулер, қорытынды, тәжірибелік ұсыныс, еңбек қорғау және қосымша материалдар бөлімдерінен тұрады, 7 — кесте, 6 – суретпен көркемделген.

Жұмыстың өндірістік зерттеулер бөлімі, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында орналасқан «Ырыс» шаруа қожалығында өтті.

Зерттеулердің мақсаты мен міндеттері

Зерттеу жұмысының мақсаты: Жылқы шаруашылығында жүргізілетін профилактикалық дезинфекцияда қолданылатын препараттардың тиімділігін анықтап, тәжірибеге ұсыну.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Мал қораларының микроклимат параметрлерінің көрсеткіштерін анықтау.
  2. Дезинфекциялық шараларды жүргізуде қолданылған препараттың бактерицидтік қасиетін бағалау.
  3. Дезинфекциялық қондырғылардың тиімділігін салыстырмалы түрде бағалау.
  4. Шаруашылықта жүргізілген шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау.

 

2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

2.1 Жылқы шаруашылығында жүргізілетін ветеринариялық-гигиеналық талаптар

Қазіргі уақытта малды көптеп өсіріп, оден мол өнім алу негізінен өнеркәсіптік кешендерде шешіліп отырғандықтан, алдымен сол кешендерде кандай мал дәрігерлік – санитарлық жұмыстарды механикаландыру мен айналысатын мамандар алардың түрлері мен жүргізу тәсілдерін жете білулері керек. Мал дәрігерлік – санитарлық  шаралардың бір  – біріне ұқсас болып келгенмен малдың түріне, жасына қарай қолданылатын қондырғылардың, құрал – саймандардың да конструкциялары өзгеше болып келеді.

Жылқының өнімділігін, асыл тұқымды қасиетін және денсаулығын сақтау үшін ең басты зоогигиеналық шаралардың бірі азықтандыру ережесін қатал орындап, малды күтіп-бағу жүйесін сақтау керек. Азық рационында барлық жұғымды заттардың, оның ішінде протеиннің қажетті мӛлшері, минералдық заттар (кальций, фосфор, натрий, хлор және т.б.) және витаминдердің (каротин,витамин Д, В, С) тағы басқа да құнды заттардың болғаны дұрыс. Жылқының ас қорыту және қарынның анатомиалық құрылыс ерекшелігін ескеретін болсақ, онда жылқы азықты басқа малдарға қарағанда аз мӛлшерде қабылдайды. Жылқыны азықтандыру үшін құрама жемді кӛбірек беру керек, ал енді шӛптің ӛте жақсы жарамдысы — тоғайдағы шӛп, жоңышқа, беде (тимофеевка), ат қонақ (костер), арпабас (житняк), бидайық және т.б.

Майдаланған азықтың тәуірі – сұлының сабаны және оның майдасы, дәнді азықтардың сабанын кесіп беру керек және піскен картопты беруге болады. Ал шырынды азықтың ішінде өте құндысы сәбіз, қант қызылшасы. Жылқыны азықтандырудағы құрама жемнің ішіндегі ең жағымдысы — арпа, сұлы, жүгері, бидай ұны, күнжара, қонақ және азық бұршағы. Американдықтар аттарды азықтандыруда мынандай қоспа жасайды: 12 бөлік жүгері, 4 бөлік сұлы, 1 бөлік күнжара. Әрине жазды күні ең жақсысы жайылымдағы көк шөп.

Е.Демеуғалиевтің (2000) пайымдауынша, малды, әсіресе биелерді азықтандырғанда оның қоңдылығының тӛмендігіне аса көңіл аудару керек, себебі, ол нашар азықтандырғаннан немесе ішек – қарынның қабынуынан,тісінің жоқтығынан, зат алмасудың бұзылуынан, құрт ауруынан болуы мүмкін. Мұндай биелерді жекелеп азықтандыру керек. Ал енді биенің қоңдылығын және денсаулығын сақтау үшін оларға әр уақытта минералды (макро – микроэлементтерді) заттарды және витаминдерді беріп тұру ӛте маңызды рөл атқарады. Жаздыкүні әр атқа 30-50 г,ал қыстыкүні 20-30 г тұз беріп тұру керек, егер биелерге сапасы төмен шөп,соның ішінде қышқыл дән кӛбірек болса немесе шөп жаңбырдың астында қалып қойса және жаздыкүні құрғақшылықта жиналса, ондай шӛптің құрамында әдетте кальций мен фосфор жетіспейді. Сондықтан осындай жағдайды болдырмау үшін алдын ала азықты лабораторияда зеттеу жүргізіп, керек кезде жылқыға бор немесе сүйек ұнын, әртүрлі сүзінді, үшкальцийфосфат және басқа да қосымшаны құрама жемге араластырып беру керек. Жылқыны витаминдермен қамтамасыз ету үшін ең бірінші оларды сапалы шӛппен азықтандырып және шөп ұнтағын, сәбіз, асқабақ берген жӛн. Ал жаздыкүні әрдайым жайылымда бағып немесе орылған шӛппен азықтандырған жөн [3, 4].

Жылқыны азықтандыру кезінде бір азықтан екінші азыққа көшу жүйесі біртіндеп өтуі тиіс. Ал егер бір азықтан екінші азыққа бірден өтетін болса онда мал азыққа тез үйрене алмайды,осыдан барып малдың ас қорыту жүйесі бұзылады, іші өтеді, ішек қатады, іштің бұрап ауруы және метеоризм пайда болады. Алматы облысы Қарасай ауданындағы КИЗ тәжірибе шаруашылығы сауынды биелерге оның сүтін және сүттің сапасын 7 арттыру үшін көк шөп пен жүгері, жоңылған және құрама жемге сұлы беруді ұсынған. Сол кезде бір биеден алынатын сүт орташа есеппен алғанда 1,5 литрден артады екен. Ал енді жылқыны борсыған, көгерген, шіріген және қыста қатып қалған, сонымен қатар жем-шөпке әртүрлі улы шӛптер және оның дәні бар қоспалармен азықтандыруға болмайды. Мұндай жем-шөп малға өте қауіпті ауру туғызады, көбіне малдың ӛліміне себеп болады. Жылқыларды тәулігіне үш рет суарып тұру керек, ал жаздың ыстық кезінде 4-6 рет. Әр жылқыға судың қажетті мөлшері ауа райының жағдайына, малдың жасына байланысты болады (тәулігіне 20-60 литр су керек етеді). Қорада ұстағанда жылқыларды автосуарғыш арқылы суарған тиімді. Жылқыны азықтандырғанға дейін суарады. Оларды дәнді дақылдармен (сұлы, арпа, бұршақ тұқымдастары, бидай) азықтандырудың алдында суаруды естен шығармау керек, себебі дәнді дақылдар асқазанда оның сөлінің нашар бөлінуінің арқасында дұрыс қорытылмайды. Ал егер жылқыны дәнді дақылдармен азықтандырғаннан кейін суаратын болсақ, онда асқазанда дәнді дақылдар ісінеді, содан соң ашиды, осыдан барып қарын кебеді де ауыржағдай туғызады. Мұндай жағдайда жылқыны 40-50 минут азықтандырғанға дейін немесе азықтандырғаннан кейін 2 сағат өткен соң суару керек. [5, 6, 7].

Жылқы — сүтқоректілер класы тақтұяқтылар отрядының өкілі. Қолға үйретілген жылқының арғы тегі жабайы жылқылар — тарпан мен түзат. Жабайы жылқылар тарихи дәуірлерде Еуразияның далалы, шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен тіршілік еткен. Олар ретсіз аулаудың нәтижесінде жойылған. Ерте кездерде тарпан мен түзат қазақ даласында көптеп кездескен. Тарпан XIX ғасырдың бас кезінде жойылған.

Жылқының алғаш қолға үйретілген жері Қазақстан даласы деп саналады. Жылқысын; бұдан 5—6 мың жыл бұрын қолға үйретілгенін археологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр. Көкшетау өңіріндегі Ботай елді мекенінен қолға үйретілген жылқының қаңқа қалдықтары өте көп табылды. Қазір бұл археологиялық жаңалық дүние жүзіне белгілі. Жылқының Қазақстанда қолға үйретілгендігін дүние жүзі ғалымдары мойындап отыр.

Глазуновка елді мекенінде жылқы шаруашылығы базасын жүзеге асыру үшін алдымен кем дегенде 80 бас жылқы қажет:

Жылқыны бағып, одан қымыз алу мақсатында сауынды 29 бие, 1 айғыр алу керек;

Жылқы жарыстарын ұйымдастыру мақсатында асыл тұқымды Қостанай жылқысы 30 бас, ал көлік және тасымал мақсатында және салт атты 20бас қажет.

Жылқы қоралары. Жылқыны дұрыс күтіп- бағу үшін ат қорасы зоогигиеналық талаптарға сай болуы керек. Онда су құйылатын кеспек, қи шығаратын қол арба немесе зембіл, сыпырғы, жылқы суаратын шелек, ноқта, жүген, щетка, ат тарақ, жал тарақ, шұға, сүлгі, жұмсақ ысқыш, тұяқ қырғыш болуы керек. Ат қораның қабырғасы мен төбесін шаңнан тазартып, жылына екі рет әктейді. Зиянды газдар жиналмай ауасы таза болуы үшін қора ауасы таза болуы үшін қора ауасы ауық- ауық желдетіліп, ауыстырылады. Қора температурасы жұмыс аттары мен тұқымды айғырларға- 7-8 0 С, құлынын емізетін биелер мен құлындарға- 10-120 С шамасында сақталуы керек. Жазда ат қораның іші қоңыр салқын, ал қыста жылы болуы керек. Қора қаьырғасы жылуды жақсы сақтайтын кірпіш, ағаш, сабанкесектен не лай тамнан тұрғызылады. Бір қорада 5-6 жылқыны ұстау керек. Көп жылқыны ұстау үшін ат баздарын салу керек.

Соңғы кезде елімізде туризм енжар дамыған сала ретінде қарастырылғанымен, оны дамытуға көптеген бағдарламалар қабылдануда. Туризм өз ішінен көптеген түрлерге бөлінеді. Соның ішінде спорттық туризмді атап кетпесек болмайды. Себебі, ат туризмі осы спорттық туризмнің құрамына кіреді. Ат туризмін дамыту, ат спорты ойындарын дамыту арқылы көп табыс табуға болады.

Ат туризмі дегеніміз — атпен немесе, ат жегілген атарбамен саяхаттау. Атқа мініп саяхаттаған кезде барлық мүшелер қозғалысқа түсіп, денсаулыққа жақсы әсер етеді. Ертеде қазақтадың өмір жасының ұзақ болуы, олар күндіз — түні ат үстінде жүргендіктен. Атпен саяхаттау тек қана атқа мініп қана қоймай, жаяу жүруге де мүмкіндік береді. Ат туризмінің ерекшелігі сол,серуендеу кезінде барлық құралдар (жеке және топтық) және жүктер аттың ер-тоқымына бекітілген аспалы дорбаларда немесе арбаларда, шанадане болмаса жегілген аттармен тасылады. СССP-дағы ең бірінші атпен жүрумаршрутын («Катунь» туристік базасы – Қаракөл көлі (Алтай)) 1970 жылы Алтай өлкелік СТЭ-сі ұйымдастырды. 1975 жылдан бастап ат маршруттары Башкирияда («Арский Камень» туристік базасы), Качерево-Черкеште («Теберда» туристік комплексі), Оңтүстік Оралда («Курган» туристік қонақ үйі),Чувашиядағы («Сурские зари» туристік базасы), Шығыс Қазақстанда (Өскемендегі «Турист» қонақ үйі,Кемеров облысында «Юность» туристік базасы), Грузияда («Ваке» туристік қонақ үйі және «Кутанский» кемпингі), Краснодар өлкесінде ( Шуменскідегі « Турист» туристік қонақ үйі) және т.б. ұйымдастырылады. Жыл сайын туристік саяхаттауға 40 мыңнана астам адам қатысады.

Ат маршруттары бар туристік база жасақтау. Ат маршруттары бар туристік базаларда туристерді атты ұстауды және атқа мінуді үйретеді. Көп күндік саяхаттарға дайындық дала жағдайында өткізіледі, дайындық бадарламасына жаттығу серуендері міндетті түрде кіреді. Маршруттың негізгі бөліміне туристер сынақты сәтті тапсырған соң ғана қатысады. Атқа мініп серуендеу маршруттары кез келген жолдарда жүргізіледі, орман іші жолдары, тау жолдары, сонымен бірге жолсыз аумақтарда да жүргізіледі, жазық далада, көкшалғында, ор-жыралардың ой аумақтарын- да,өзен,көл жағалауларында. Ат маршруттарының негізгі бөлімі туристердің өзіне-өзі қызмет етуіне және ашық далада тұруға есептелінген (жазда-шатырларды түнейді,ал қыста-баспаналарда түнейді,асты отта дайындайды,өздері аттардың күтімімен айналысады.

Атшы- туристің киімі. Ат маршруттары бойынша, саяхаттау үшін жаяу туризмге де қажетті заттар алынады. Әдетте ол ыңғайлы етік, ал атшы үшін бұл арнайы етік болады. Шалбар қозғаласықа ыңғайлы, яғни джинсы емес, спорттық костюм мен атшыларға арналған киімде болуы мүмкін. Ат туризмі — бұл белсенді демалу түрінің бірі болып табылады, ол аттың үстінде белгілі бір уақыт бойы саяхаттауды қамтиды. Кейбір ат базалары мен жеке атқорасы бар адамдар атшыларға ат жорықтарынан басқа, белгілі бір аң аулауға да қатысуға шақырады. Аттылы маршрутты туристік базада мынадай жылқылар ұстау қажет: Орловтың желгіш жылқысы, орыс желгіші, ақалтеке жылқысы, таза қанды салт мінетін жылқы, көшім тұқымдас топтағы жылқылар, қазақы жылқы, қостанай жылқысы, арбаға жегуге торий жылқысы, қазақы жылқылар қолданылады. Ат туризмі маршруттары бір адам үшін- 5000- 30000 теңге көлемінде пайда әкеледі.

Ат спорты ойындары. Стипль- чезы- кедергісі бар жерді айналып шабу.

Көп сатылы ат жарысы- 3 күнге созылатын жоғарғы қиындық дәрежесіндегі ат спорты түрі. Ат бәйгесі- нағыз жүйрек атпен шабандоздардың жарысы.

Көкпар- серке тушасымен ойналатын топтық ойын.

Аударыспақ — ер адамдардың ат үстіндегі жекпе- жек тартысы

Демалыс орталығы жылқы шаурашылығы базасына кіреді. Бұл ортылықты ашу шаруа қожалығының өз еркінде. Дегенмен, орталықтың табысы шығынды бір жылдың ішінде қайтаруы тиіс. Себебі қымызбен емделу бұл бірнеше адам денсаулығын жақсарту жолы. Орталықтың негізгі құрылысы 2 қабатты болған дұрыс. Арнай 2,3,4 адамға арналған жатын бөлмелер, тынығу залдары, тренажер залдары мен фитнес орталық, қысқы бақ, асхана және ойын залдары қарастырылған жөн. Демалыс орталығының сырт бөлігінде жаз маусымында демалу үшін киіз үйлер және атпен серунедеулер ұсынылады. Орталықтың бір ретте демалу бағасы- күнге 40 мың теңге.

Косметологиялық орталық. Қымыздың ағза жасушаларын жаңартып отыратын қасиеті де дәлелденген.Ал бұл дегеніңіз қартаймаудың басты қағидасы. Сенсеңіз, ілгеріде жылқы еті жуылған суға қыз-келіншек басын жуған екен. Бұл шаштың берік болуына, оның түсіп, қурап кетпеуіне сеп болатын бірден бір «табиғи бальзам» болған. Бай-болыстар тоқал алып, төсек жаңғыртудың алдында осы сумен бастан-аяқ жуынған деседі. Таз бастықтан, тері ауруларынан, ең бастысы белсіздіктен қорғайды.

Сонымен қатар бие сүті адамның терісін жасарту қасиетіне де ие.т Бұған қазақ бай- сұлтандары бәйбішелерінің саумалға түскенің мысалға келтіруге болады. Бие сүті теріні жұмсартып, ерекше балғындық береді екен. Қымыз бүгінде косметика саласында қолданылып жүрген опа- далаптардан пайдалы болмаса, кем түспесі анық. Биес сүтінде амин қышқылдарының 26 түрі және 17 гидролизденген белоктық амин қышқылы бар.

Биованна — бие сүтіне шомылуға арналған табиғи ванна. Құрылысына тоқталатын болсам биованнаға шомылмас бұрын арнайы душ қабылдап, содан соң барып биованнаға 20- 25 минут жатып тынығады. Биованнаның негізгі құрамы саумалдықтан тұрады. Қажет болған жағдайда айран және қаймақ қосып отыруға болады. Сонымен қатар бал қосуға, жалбыз, қырмыздық өсімдіктерін салуға, керек жағдайда щетка, сүлгі пайдалану қажет. Биованнаның адам ағзасына әсері мынадай: адам терісін жасартады, қартаюды тежейді, теріге нәзіктік береді. Биованнада бір сеанс қабылдау құны- 3000 тг. Айына – 200 мың теңге табыс табуға болады

Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасмалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықта құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленнеді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсіру мен айналысатын кісілерді материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық із бен аналық ұяларды одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсаты мен жылқы шаруашылығында селекцичлық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта өркендейтін болады [8 ,9].

 

 

2.2 Мал қораларындағы микроклиматты жақсарту шаралары

Мал шаруашылығындағы микроклимат дегеніміз қоралардың, үйлердің метеорологиялық режимі. Оның  негізгі көрсеткіштері: ауаның температурасы, ылғалдылығы, химиялық құрамы, шаң мен тозаңы, жылдамдығы және қора мен үйлердегі жарық пен шудың мөлшері. Ал оның көрсеткіштері жергілікті ауа — райына және жыл мезгіліне, қоралардың құрылысына және материалдарына, ауаның ауысуына, жылу жүйесіне, каналдардың құрылысы мен қиды тазалау әдісіне, төсеніштің саны мен сапасына, фермадағы технологиялық процеске, малдың тығыздығына, түріне және жасына байланысты болып келеді.

Малдың жемімен, нәжісімен, несебімен бөлініп шығатын аммак, күкрітті сутек, метан, көмір қышқылы және басқа да газдар организмнің қорғаныш қабілеттілігін төмендетіп, жылу мен зат алмасуын азайтады; түрлі ауруларға қарсылығын төмендетеді. Сондықтан мал дәрігерлері мал қораларындағы микроклиматты үнемі бақылап отыруға міндетті.

Кешен қораларының ауасының тез алмасуы үшін оның ұзындығын желдің бағытына қарай бейімдеп салады.

Кешеннің ауасын жақсарту және жел өтінен сақтау үшін оның айналасына ағаш отырғызылады.

Малдың денсаулығына қораның құрылысы көп әсер етеді. Сондықтан суық жақтарда қораның қабырғалары, төбелері, жылы материалдар мен салынады, ал жылы жерлерде мал ыстықтамайтындай болу қажет. Қораның едені мықты мантериалдардан жасалып, механикалық әдіспен тазалауға және дезинфекциялауға төзімді болу қажет.

Қораның ауасын мезгілінде және керекті мөлшерде ауыстырып отыру  үшін желдеткіш жүйесі қолданылады [10, 11].

Кешендердің тиімді болуы негізінен малдың деніннің саулығына байланысты. Ендеше, қнімді неғұрлым мол алу үшін орда микроклимат жасау қажет. Бұл арада әңгіме жалпы қораның микроклиматы түралы болып отыр. Әсіресе, қыста малдың физиологиялық ерекшеліктерін қатты ескеру керек. Өйтпеген жағдайда, малдардың өнімділігін арттыра алмаймыз. Кейбір деректерге қарағанда, тек қораның микроклиматы ғана өнімді 20 % ге арттырғаны балгілі болып отыр.

Малдың денсаулығы мен өнімділігі басқа фкторлардан гөрі таза ауамен қамтамассыз етуге тікелей байланысты. Сондақтан қораның желдеткіштеріне жоғары талап қойылады. Судың буы мен зиянды газдар далаға желдеткіштер арқылы шығарылады.

Ірі кешендерде өте құрғақ ауаны ылғалдандырылған жөн. Сонда шаң –тозаң қораға кірмейді. Желдетгіш қондырғылардың автоматты түрде басқарылып, реттеліп отырылуы шарт. Мұндай қондырғыларды әзірше кешендерден кездестіре алмаймыз.

Желдетгіш жүйесінің үш түрін көрсетуге болады:

Сорып желдету (төмен қысымда);

Айдап (еріксіз желдету, жоғары қысымда );

Тұрақты қысымда желдету.

Сорып желдету жүйесін малы аз қораларда орнатуға болады. Малды байлап күтетін қораларда таза ауаның оттықтың астынан, байламай күтетін қораларда бас жағынан келуін қамтамасыз етеді.

Бұл жүйенің бір кемшілігі қыс уақытында таза ауа қораға сол суық қалпында кіреді. Сондықтан, бұл жүйе жас бұзаулар тұратын бөлмеге мүлде жарамайды [12, 13].

Желдетудың екінші жүйесі таза ауаны жоғары қысыммен қора төбесінен малдың дем алатын орнына не оттығы түсына жібереді. Ескі ауа жоғардан келген таза ауаның қысымымен өз бетімен терезенің, есіктің т.б. жарық тесіктерінен далаға шығып жатад. Алайда, бұл төсенішті қораларға жарамайды, өйткені, қи каналдарындағы зиянды газдар шығарылдмайды. Желдетудің бұл түрін малы 4 қатардан көбірек тұратын төсеніші бар қораларда қолдануға болмайды. жас бұзаулар тұратын бөлмеде тек сыртқы ауаны жылытуға мүмкіндігі барында ғана қолдануға болады.

Тұрақты қысыммен жұмыс істейтін желдеткіш жүйесігің артықшылығы таза ауаны малдың дем алатын орнына тиісті  температурада жеткізетіндігіне. Сонымен бірге бұл жүйе ескі ауаны далаға құбырлар арқылы шығарылады, малға жел тигізбейді, қораны да жылтады.

Көрсетілген желдеткіш жүйелерінен  басқа аралас жүйелер де болады. Оларды қолдану малды күтудің ідңсңне және кешеннің мүмкіншілігіне байланысты.

Ауаның ылғалдығы көп болған сайын терісінің түтіктері және дем алуы арқылы мал өзінің жылуын едауір жоғарлатады. Бұл жылуды малға жемді көбірек беру арқылы орнына келтыруге болады. Тым жоғары ылғалдылық органикалық заттардың тез бұзылуына, патогенді микроорганизмдердің өсуіне және зиянды газдардың бөлінуіне, қоралардың конструкцияларының тез бүлінуіне әкеп соғады. Жоғары ылғалдылық малдың дем алуына және терінің зат алмасуына зиянды әсер етеді. Ылғалдылық өте төмен болғанда малдың тыныс алуы органдарының қабыршақтары бүлінеді.

Аммиактың ауадағы мөлшері белгілі шамадан асса малдың көзі ауруға шалдығып, тыныс алу органдары қабығының бүлінуіне әсер етеді. Жануарлардың тыныс алу органдарының жұсысы нашарлап, әсіресе, өкпе ауруына шалдығыуына әсер етеді.

Күкіртті сутек мөлшерінің ауада көбеюі малдың ас қорыту органдар жұмысын нашарлатып, әлсіреуіне, салмағының азайтуына және артүрлі жұқпалы ауруларға шалдығуына акеп соғады.

Қораның қабырғаларының, төбелерінің материалдардың саиасы, физикалық және құрылыстық қасиеттері желдеткіш жүйесінің тетіктерін анықтауға үлкен әсер етеді. Жаңа қораларды салғнда және ескі қораларды жөндегенде олор дұрыс жабдықтау үшін жылу өткізбейтін материалдарға көңіл бөлу керек. Ол үщін мына шарттарды мұқият атқару қажет:

Қораның қабырғасы, төбесі, едені, терезесі жане қақпасы арқылы жылудың көп хоғарылауна жол бермеу;

Қораның ішкі қабатының жазда қызып кетуіне жол бермеу (бұл жағдай үлкен терезелер орнатқанда болады);

Ыcтық және суық болғанда қабырғалар мен төбенің суықты не жылуды өткізбейтіндігінен қораны тез ысып не тез суып кетуінен сақтау.

Микроклиматтың көрсеткіштері малдың дем алғанда бөлінетін жылу мен газдардың мөлшеріне көп байланысты. Сондықтан қоралардың жобасын жасағанда әр малдан бөлінетін жылу мен будың, көмірқышқылының мөлшерін білген жөн [14, 15].

Қора жобаларының микроклиматтық есебін шығарғанда малдың түріне және жасына қарай ондағы ауаның температурасының, ылғалдылығының және улы газдардың белгілі мөлшерден аспауын ескеру керек. Ауаның температурасы: қой қорасында – 1-3 0С, шошқа бордақылайтын қорада – 3-2 0С, торайлы мегежін, ірі қара 3 – 15 0С шамасында, ылғалдылығы: торай иегежін өорасында – 65-70 %, сиыр сауатын орында – 70, шошқа бордақылайтын және қой күтетін орындарда —  80-85 % шамасында; көмірқышқылының қой мен жылқы қорасында – 3 л/м3, ал қалған мал қораларында – 2,5 л/м3, аммиактың мал күтетін барлық орындарда 0,5 л/м3-ден аспағаны жөн.

Микроклиматты жақсартуға малдың қиларыда әсерін тигізері сөзсіз.

Зоогигиеналық талапқа сай қиды өңдейтін және сақтайтын орынның, тұрғын үйлердің ық жағына орналасады. Ал қи мен ағын заттарды өңдейтін орынды кешеннен алысырақ салған жөн. Атап айтқанда, 5 мың шошқалық немесе 1000 сиырлық кешенді 2500 м, 10000 шошқалық немесе 2000 сиырлық кешенді 3000 м, 10000-нан астам шошқалық немесе 2000-нан көп сиырлық ферманы -3500 м қашықтыққа салған дұрыс.

Қазір кешендерде қи гидравликалық әдіспен тазартылады. Кешен қораларын салғанда алдымен қиды қабылдайтын орын, оны қатты және сұйық бөліктерге бқдіп, биологиялық түрде тазалау, кешенде не фермада жұқпалы ауырулар пайда болғанда қиды дезинфекциялау және оны тыңайтқыш ретінде пайдалану белгіленіп, іске асыруы керек.

Сұйық қи үздіксіз немесе кезеңді әдістермен қоралардан шығарылады. Кезенді әдіс механикалық құралдар (тасымалдағыштар, қырғыштар) немесе гидравликалық жүйелер (тұнба –науалы, қиды кері айналдыру, науалы-жуу) қолдануды көздейді. Үздіксіз тазалауда өздігінен ағызу жүйесі қолданылыды.

Қиды тазалау әдісі мен жүйесі мал шаруашылығы кешенінің мамандандыру, оның өным бару шамасына, орналасуына, су мен эенергетикалық ресурстарына, қолданылатын жемнің және төсеніштің түріне және т.б факторға байланысты болып келеді.

Малды саңылаулы сәкіден қорада және бір – екі кампонетті жем беріп күткенде қиды үздіксіз әдіспен өздігінен ағызу жүйесі арқылы тазалау ұсынылады.

Кейбір жағыдайларда, төсенішті аздап қолданғанда, клетчаткасы көп сүрлеммен немесе көк балаусамен жемдегенде, ерекше санитарлық –мал дәрігерлік талаптарды орында керек болғанда қиды тазалау үшін науалы –жуу жүйесі қолданылыды [16].

Үздіксіз әдіспен өздігінен ағызу жүйесі қидіің гравитациялық күшпен каналдар арқылы ағызуына негізделген. Бұл жүйе саңлаулы сәкілермен жабылған жекелеген ұзынша науалар, бірнеше мал қораларынан сұйық қи ағып кететін көлденең коллектор ретінде жобаланып салынады. сұйық қи коллектордан насос станциясымен қосылған резервуарға құйылады. Бұл жүйеде төсенш ретінде сабанды, шымтезекті, ағаш ұнтақтарын қолдануға болмайды. Жемнің қалдығы сакіге жане каналға түспеуін қадағалау керек. Бетітемір тормен жабылған каналдың ки жинағшқа көлбеу қазылғаны және оның бірнеше табалдырығының болғаны жөн. Табалдырықтардың саны каналдың жалпы узындығына байланысты болады. Каналдың бірінші табалдырыққа дейінгі үзындығы 10-12 метрден аспауы және келесілерінің ұзындығы одан 5-8м артық болуы тиіс. Табалдырықтар биктігі алғашқысынан бастап біртіндеп аласара (10-15 см) тубінен 30-40 см болуы керек.

Қиды өздігінен ағызу үшін мал қораларын  қи қоймасынан биіктеу жерге салған дұрыс.

Шығарылатын қимен жұқпалы ауру қоздырғыш тарының  қорадан-қораға таралмауы таралмауы үшін каналдар мен  коллекторлардың қиылсқан  жерлерінде  түптерінің озара тереңдігінің  айырмасы 500 мм  болатындай гидрав ликалық қақпақшалар орнатылады. Каналдардың іргелерінде қидың турып қалмауы үшін қақпақшалардың ұзындығын темір тордан 1-2 м артық жасаиды.каналдардың бетін темір бетонмен немесе тақтаймен  жабадыжәне олардың астына каналды жуып тазалайтын шүмегі бар құбыр орнатады.

Сұйық қиды өңдейтін, сақтайтын және пайдаланатын орындарға тұрақты құбырлар немесе машиналар арқылы апарылады. Насос станциясынан қи қоймасына дейін диаметірі 150 мм тотықпайтын, қысымға төзімді құбырлар (керамикалық, асбесцементті, тотығыуға қарсы затпен қапталған болат) орнатылады. Олар қойманың астына салынады. Құбырлардағы қи ағынын реттеу жүйесінің жұмысы жинағыштардың немесе қи қоймаларының сыйымдылығымен сәйкес келуі тиіс. Тұрақты құбырларды жердің қату тереңдігінен төмен орналастырған дұрыс.

Ылғалдылығы 86 – 97 % қиды тыңайтқыш ретінде пайдалану үшін дайындайды. Бұл үшін оны алдымен тұқият араластырып, сабан немесе шымтезек қосады, сонансоң сұйық және қатты бөліктерге бөліп, олардың әрқайсысын жеке – жеке дезинфекцияланады. Ылғалдылығы 70 – 75 % қатты қиды сәкісі бар орындарда биотермиялық әдіспен дезинфекциялайды. Қиды биіктігін 2 м, енін 1,5 – 3,5 м (ұзындығы шексіз) етіп үйіп, жан – жағын, төбесін дезинфекцияланған қимен, шымтезекпен немесе сабанмен (қалыңдығын 20 см етіп) қымтап жабады. Жазда қатты қиды дезинфекциялау үшін бір ай, ал қыста екі ай сақтайды. Дезинфекциялауды қи температурасының 60 – 70 0C дейін көрсетілгеннен бастап есептейді, содан екі ай бойы үюлі күйі сақтайды. Содан кейін ғана оны тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Ылғалдылығы 75 %  – тен асқан қатты қиға ұнтақталған сабан, құрғақ шымтезек сияқты заттарды қосып дезинфекциялайды.

Сұйық қиды даладағы қоймаларда сақтау арқылы дезинфекциялайды: жазда 6 ай, қыста 8 айға дейін. Бірақ, ұзақ уақыт сақталатын микроорганизмдерді (туберкулез, топалаң қоздырғыштар) бар қидың температурасы төмен болтын аймақтарда оны көрсетілген мерзімде дезинфекциялау жеткіліксіз. Жұқпалы аурудың таралуына жол бермеу үшін сұйық қиды 6 – 8 тәулік бойы қоймаларда арылық карантинде ұстайды. Бұл уақыт вирустардан пайда болатын аусыл, оба, ауэсканын ауруы, т. б. Жұқпаплы аурулардың өсу кезеңіне тұспа – тұс келеді. Осы кезде қоймаларға қи құюға немесе одан оны алуға болмайды.

Сұйық қиды химиялық әдіспен де дезинфекциялауға болады. Мәселен, формлинді (формалъдегидтің 40 % — етіндісі) автоматтандырылған дозатор арқылы 1 м3  1 — 4 литр мөлшеріндегі ағындарға құяды. Сұйық фракция аусылмен, ауэски аурумен ауырғанда формалъдегидті 0,3 % мөлшерде қосып, 6 сағат гомогениздеп, 72 сағат бойы ұстайды. Сұйық қиды формалъдегидпен 2 – 3 сағат өңдеу үшін резервуар қажет.

Сұйық қимен қоректендірілген жерде өскен шөпті малға берердің алдында онда салъмонеллездің, ішектің патогенді таяқшаларының, гельминттердің жұмыртқалары мен личинкаларының, кокцидийдің, ооцистінің бар – жоғын, сонымен бірге оларда нитраттың қанша екендігі зерттеледі. Егер одан бактериялар мен гелъминттер табылса, онда оны сол қоймаларда мүлдем зарарсызданғанша сақтайды. Сайып келгенде, мал жайылатын, пішен дайындайтын, картоп, қызылша егетін жерге тек дезинфекцияланған сұйық қи ғана қолданады [17, 18, 19, 20].

 

 

2.3 Дезинфекциялық қондырғылармен санитариялық құрал саймандар

Дезинфекция тек патогенді микрорганизмдерді жою үшін  қалданылады. Дезинфекциялау кезіне жұқпалы және паразиттік ауруларға қарсы механикалық, химялық, Физикалық және биологиялық әдістерді қолданып, ол ауруларды қоздыратын және жұқтыратын жәндіктер мен кемірушілерді барлық өсу кезінде жояды.

Мал қоралары мен қоймаларды, қашаларды, дезинфекциялау екі кезеңнен тұрады (тазалау және дезинфекциялау). Қораларды тазалау – дезинфекцияға дайындау деген сөз. Тазалау кезінде механикалық және гидравликалық әдістер қолданылады. Механикалық әдіс құралдар (күрек, сыпыртқы, айыр, т. б.) немесе тракторға орнатылған саймандармен жүргізіледі. Ал гидровликалық әдіс насостан берілетін судың қысымымен атқарылады. Іс жүзінде бұл әдістердің бәрлығы аралас қолданыла береді. Осы әдістермен қораларды жемшөптің, қидың қалдықтарынан және микроорганизмдерден тазартады. Әсіресе, оттықтырады, жем – су науаларын, қабырғаның төменгі жақтауларын аса ұқыптылықпен тазалаған жөн. Сонда едендер мен қабырғалардың бетінде, мал қиын шығаратын каналдырдың түбінде қалған ауру қоздырғыш микрооганизмдерге қарсы қолданылатын химиялық заттар күшті әсер ете алады. Қоралар дұрыс тазаланбаса, химиялық препараттар органикалық заттармен байланысады да, өзінің дезинфекциялау күшін жояды. Сондықтан қораны дұрыстап тазалау дезинфекциялауға жақсы ықпал етеді. Қораны судың 25 атмосфера мөлшеріндегі қысыммен (малды шығарғаннан кейін ) тазартады. Кір су ағып кетіуі үшін сәкінің астындығы қақпақшаларды ашады, бірақ тазартылған қораны әбден кептіру үшін желдеткішті қосыуға болмайды. Кір сәкі мен қабырғаны, еденді 3-4 саған ішінде 3-4 рет жуу керек. Сонда олардың үстіндегі кір қабаттары жұмсап, судың қатты ағыны мен тез тазартылады.

Саңлаулы сәкілердің кірлерін кетірі үшін ( малды қорадан шығармастан 2-3 күн бұрын ) оның бетін күніне 2-3 рет жуып отыру керек. Малды қорадан шығарған соң сәкі судың қысымымен шайылады. Егер сәкінің кірі сондада дұрыс тазаланбаса, оны 2 % – ті ыстық күйдіргіш натриймен немесе 3-5 % – ті калъций содасымен жуу қажет. Содан 20-30 минут өткеннен кейін жоғары қысымды ыстық сумен жуады [21, 22].

Мал қиын шығаратын каналдары жоқ қораларды транспортерлер, булъдозерлер және қол құрал – саймандармен тазалайды. Қораны тазалап болған соң ертінділер немесе аэрозолъдармен дезинфекциялайды. Ертінділермен дезинфкция жасағанда алдымен еденді, одан кейін саңлаулы сәкіні, қабырғаны, төбені өңдейді. Әсіресе, ертіндіні тамшы түрінде сепкен өте пайдалы. Өйткені, ұсақ тамшылар өз салмағымен түсіп кетпейді, әсіресе, қабырға мен төбеде ұзақ тұрады да, микрооганизмдерге жақсы әсерін тигізеді. Бірақ ұсақ тамшылы ертінділер ауаның температурасы төмен болған кезде тез суиды да, оның әсер ететін күші нашарлайды. Ұсақ тамшылы әдіспен әсері өте күшті хлорлы және формалъдегидті препараттарды қолданған жөн. Соңғы көп шаруашылықтарда жаңа аэрозолді дезинфекциялау әдісі қолданылып жүр.

Аэрозоль дегеніміз – сұйықтықтың өте ұсақ тамшыларының немесе қатты заттардың ұнтақтарының ауаға араласқан түрі. Аэрозолъдардың мөлшері микронмен тең, ал концентрациясы газдың алмасуында неше түрлі өлшемдермен өлшенеді (көбіне 1 см3 ).

Бактерицидті аэрозолъ дегеніміз – дезинфекциялаушы сұйықтың ауадағы өте кішкентай тамшысы. Тамшының көлемі кішірейгрен сайын оның әсері күшті болады. Ал, үлкен тамшылар жерге түсіп өзінің күшін жоғалтады.

Бактерицидті аэрозолъды жабық қораларда қолданса, ол жақсы әсер етеді. Сондықтан оны қолданарда желдеткішті тоқтатып, есік – терезені мықтап жауып, саңлауларды бекітіп қойған жөн. Қораның температурасы 100C дан төмен болмауы кетек [23, 24].

Эпизоотикалық жағдайда, шаруашылықтың мүмкіншілігіне және малды күтіудің режиміне байланысты дезинфекциялауды мал қорада тұрған немесе тұрмаған жағдайда да жасай береді.

Мал қорада болмаса, жоғарыда көрсетілген химикаттардың кез келген түрлерін қолдануға болады. Мұнда иісі жаман перепараттарды ( фенолдар ) қолданбау керек. Өйткені, иісі сүтке және етке сіңіп кетеді.

Малды қорадан шығаруға мүмкіндік болмаған жағдайда қораның секцияларын немесе жеке бөлімешелерін малға және адамға зиян келтірмейтін препараттармен дезинфекциялау керек.

Дезинфекциялаудың алдында машина мен құра– саймандарды далаға шығару керек. Далаға шығаруға болмайтын машиналардың бетін полиэтилен пленкасымен жабады. Себебі, беті цинкпен  қапталған машиалар, әсіресе қораны хлор препараттарымен дезинфекциялағанда тез бүлінеді.

Дезинфекциялау профилактикалық және еріксіз түрде болып екіге бөлінеді. Пропилактикалық дезинфекциялау патогендік және уақытша патогендік микроорганизмдерді жою үшін жүргізіледі.

Комплекстердегі профилактикалық дезинфекциялау жалпы технологиялық процестердің бір жүйесіне жатады. Мұндай дезинфекциялау жаңа салған қораларға технологиялық құралдарды орнатып, түзеп, тексеріп барып мемлекеттік комиссия сол қораларды қабылдап алған соң жүргізеді. Дезинфекциялау бітісімен қораны желдетіп, жуып тазлап, жем – су науаларын, оттықтарды тазалап барып, препараттардың иісі кеткеннен кейін ғана малды қораға енгізеді.

Қортынды дезинфекциялауды патогендік микроорганизмдерды шоғырланған жерлерінде өлтіру үшін және карантиннің мерзімі бітердің алдында жасайды. Оған дейін қораның сәкісін ертінділердің аз мөлшерімен немесе сумен жуады. Сонымен бірге, қораны, оның айналасын, құрал – саймандарды, транспорт жабдықтарын, малшылардың кимін, қиды, қи қоймасындағы суды дезинфекциялау керек. Сәкіні және оның астындағы топырақты дезинфекциялауға өте сақ болған жөн. Сәкінің тақтайларын қопарып алып, шіріктерін және жарамайтындарын өртеп, қалғандарын 2-3 рет препаратпен жуып, кептіреді. Сәкінің астындағы топырақтың жоғарғы қабатының бетін қидан және басқада лас заттардан тазалап, формалъдегидтің 2 % ертіндісімен 1 м2 жерге 2 л мөлешерде дезинфекциялайды. Жердің бетін 3-5 см жаңа топырақ немесе құм салып, тығыздайды [25, 26, 27].

Торлы сәкісі бар қораларды тазалау үшін алдымен қалқандарды және сәкінің торларын алып, қиды бульжозер–тиегішпен тазалау керек. Ауыстырылмайтын төсеніші бар қоралардың қиын жазда тазартады. Қой қораларын жылына екі рет дезинфекциялайды. Ол үшін 4 % ащы натр, 2 % формальдегид, 3 % активты хлор бар гипохлордың ерітінділері қолданылады: бір шаршы метр жерге бір литр ерітінді.

Санитарлық мал сою пунктін мал сойылған сайін және сменаның аяғында дезинфекйиялау қажет. Онымен бірге пункттің бүкіл құрал- саймандары тазаланады.

Транспортты дезинфекциялау – кешенді жұқпалы аурулардан сақтаудағы маңызды шаралардың бірі болып табылады.

Жем және мал тасымалдайтын автомобилъ және басқа да транспорт түрлерін кешеннің ауласынан бөлек жерде дезинфекциялайды. Оларды дезинфекциялайтын орынның ыңғайлы болып, еденіне не асфалътбетон, не сәкі төселіуі керек. Басқа шаруашылықтардан мал әкелген автомашиналар әр рейс сайын дезинфекцияланады [28, 29].

Арнаулы жұмыс кимін уақытында жуып, дезинфекциялаудың гигиеналық қана емес, эпизоотиялық та маңызы бар. Тәжірибеде жұқпалы ауру қоздырғыштарының кешенге малшылар киім арқылы келуі мүмкін. Сол себепті де, жұмыс киімдерін арнаулы гафик бойынша, кемінде жұмысына бір рет жуып, дезинфекциялап отыру керек. Ал мал сою пунктінде жұмыс киімдері күн сайын дезинфекцияланды. Аяқ киімді қораларға кірген және шыққан сайын дезинфекциялайды.

Малды аурудан алдын ала сақтандыру және одан алынатын өнімдерді кемітпеу үшін кешен мен фермаларда шыбын  – шіркей, құрт – құмырсқаларға және кенелерге қарсы профилактикалық және жою шаралары қолданылады [30].

Жұқпайтын аурулардың профилактикасы. Кешендерде малды жақсы күтіп – бағып, уақтылы жемдеп, суарып отыру, профилактикалық және диагностикалық мал дәрігерлік – санитарлық шараларды уақытында өткізу олардың жұқпайтын індеттермен ауруын және шығынға ұшырауын азайтады. Осыған орай қазіргі ет және сүт өндіру технологиясы мал дәрігерлік шараларды ұйымдастыруға мүлде жаңа талаптар қойылып отыр.  Мал дәрігерлік қызымет оны ойдағыдай орындау үшін өзінің негізгі назарын мал ауруларының профилактикасына, көп тараған ауруларға қарсы күрестің жоспарлы шаралар жүйесін енгізуге аударуы тиіс.

Сүт өндіретін кешендерде жұқпайтын аурулардың профилактикасы мынадай жоспар бойынша жүргізіледі: клиникалық байқау және қарау; барылық малды жылына 2 рет диспансеризациялау; кемінде айына бір рет зертханалық бақылау үшін зерттеу жүргізу ( қанның, несептің, сүттің, анализі ).

Мал денесінің жарақаттарын болдырмау үшін оны күтіп  – бағыудың технологиясын дұрыс сақтау, профилактикалық жұмыстарды уақытында жүргізіп отыру қажет [31, 32].

Кешенде малды әр түрлі жарақаттан сақтау үшін кейбір хирургиялық әдістер қолданылады. Мәселен, түйізін, құйрығын кесу және піштіру.

Электр импулъсін беретін құралды орнату үшін мал тұратын орындардың үстінен сым тартылады. Осы сымдардың бойымен электр импулъсі жіберіледі. Өгізше секіре бастаған кезде денесі сымға тиіп, электр импулъсі соғады. Ол малға қауыпты емес, бірақ 2-3  реттен кейін олар енді қайтып секірмейтін болады.

Тұяқ ауруларының көбі оның мүйіз қабыршығының астындағы тері негізінің жарақаттаныуынан болады. Тері негізінің іріңсіз қабынуы – оның бір түріне жатады. Бұл ауру тұяқты қашағанда мүйіз қабыршағын көп жонып, теріні зақымдау салдарынан пайда болады. Ұсақ тасты жерге көбірек жайылған мал ақсап қалады. Тұяқтың іріңсіз қабынуы малды саңлаулы сәкіде немесе темір торлы қораларда күткеннен пайда болады. Ал тері негізінің іріңдеп қабынуы мал түйағына шегенің, кесілуіне, мүйіз қабыршақтың сынып қалуына байланысты инфекцияның өтіп кетіунен болады.

Далады серуен жасамау, әсіресе, жас малға өте зиянды. Серуендеп таза ауада жүрмеген соң жас малдың өсу процесі нашарлап, сүйек буындары дұрыс қатаймайды, тұяқтары майысып, қан айналым органдарының жұмыс атқару қабілеттілігі азайып, анемия пайда болады. Тұяқты профилактикалауда тұяқ мүйіз қабыршағының ылғалдылығы 30 – 40 %  болуы тиіс [33].

Мал дәрігерлік – санитарлық жұмыстардың түрлері мен өтқеру технологиясына байланысты сол процентерді маханикаландыру үшін қолданатын құрал – саймандар мен машиналардың құрылысы мен жұмыс атқару тәртібін техникалық көрсеткіштерін қарап өтелік

Малға мал дәрігерлік – профилактикалық көмек көрсететін және жәрі егетін арнаулы орындар қаша, тар қоршау, малды дәрі егу орнына бір –бірлеп немесе топтап апаратын құрал – жабдықтар, малдың жүнін және терісін дезинфекциялайтын қондырғылар, дәрі егерде немесе қан аларда малды фиксациялайтын станоктар, малдың құйрығын және мүйізін кесетін құралдар, хирургиялық аспаптар малдың тұяғын тазалайтын және қашайтын құрал –саймандар болуға тиісті. Біздің өйымызша осындай құрал –саймандардың көпшілігі бір орында — профилактикалық Мал дәрігерлік пункттежинақтағаны жұрыс. Қазыр өнеркәсіптік кешенде осындай мал дәрігерлік орынның болғанын және салынар жаңа кешендердің жобалауына осындай арнаулы пункттің болуын қадет деп есептейміз.

Малға дәрігерлік –профилактикалық көмек көрсетеу үшін кешендерге мал дәрігерлік пункттер, станоктар және ар түрлі фиксаторлар қолданады [34, 35].

3 Негізгі бөлім

3.1 Зерттеу материалдары мен әдістері

3.1.1 Зерттеу материалдары

Тәжірибелік жұмыстардың  негізі  Қазақ  ұлттық  аграрлық  университеті, ветеринария факультеті, ветсансараптау және гигиена кафедрасының «Ветеринариялық бақылау орындарындағы гигиенасы мен санитариясы» зертханасында жүргізілді.

Өндірістік зерттеулер Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында орналасқан «Ырыс» шаруа қожалығында өтті.

Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында  қолданылған  материалдар; электронды таразы, дезинфекциялық препарат, өлшеуіш цилиндр, химиялық стақандар мен пипеткалар.

Дезинфекциялық қондырғыларға сипаттама

ДУК автодезқондырғысы (дезинфекционная установка Комарова) өз кезегінде ГАЗ–51 автомашинасына орнатылған цистерна, жуғыш-дезинфекциялағыш ерітінділерге арналған дүңгіршелер, қосымша бөлшектерге, дезинфекциялық ерітінділерге және шлангаларға арналған жәшіктен тұрады. Машинадағы екінші кабина жұмысшыларға және жұмысшы ерітінділерді қыздыруға арналған пештің тұруына ыңғайланып жасалған. Цистерналары цилиндр формалы, оның жоғарғы жағында ерітіндіні жоғарғы қысыммен беретін аппарат орналасқан.

Суды немесе дезинфекциялық ерітіндіні цистернаның артында орналасқан пеште қыздырады. Пештің сиымдылығы 31л, оның ішіндегі змеевиктің сиымдылығы 4л. Су немесе дезинфекциялық ерітінді цистернадан жалғастырғыш түтік арқылы змеевикке, одан кейін пештің шеліне, ал одан кейін сыртқы ортаға арнайы түтік арқылы шығады. ДУК автодезқондырғысының сипаттамасы 1 кестеде және 1 суретте көрсетілген.

 

Кесте 1. ДУК дезинфекциялағыш  автоқондырғысының  техникалық сипаттамасы

          Техникалық сипаттама

ДУК автоқондырғысы

Қондырғының толық массасы, кг

5040

Қондырғының экипаж саны, адам

2(5)

Цистерна сиымдылығы, л

1020,2000

Цистерна ішідегі максимальдықысым, МПа (кг/см3)

0,3 (3,0)

Жұмысшы ерітіндінің максимальды температурасы,оС

70

Транспорт жылдамдығы, км/сағ

70

Габаритті өлшемі, ұзындығы/ені/биіктігі

6300/2300/2400

 

 

Сурет 1. ДУК  автодезқондырғысы (дезинфекционная установка Комарова)

 

Жоғарғы қысымның көмегімен шашыратқыш қондырғысы. Бензиннің көмегімен жұмыс жасайды. Қолданылуы: малшаруашылық орындарында дезинфекции, дезинсекции шараларын жүргізуге жәнеде ферманың территориясын, мал шаруашылық қораларын жуу мақсатында, маркасы  HONDA. Ерітінді құятын багының көлемі  110л. Жалпы көлемі 12-15м, сағатына 300 — 400л ерітінді шашады.

 

 

Сурет 2. Жоғарғы қысымның көмегімен шашыратқыш қондырғысы

Зерттеу әдістері

Дезинфекцияның тиімділігін ауаның жалпы микроорганизмдермен ластану дәрежесін салыстырмалы түрде бағалап жүргіздік.

Ол үшін жағындыларды кезекті дезинфекция алдында, зерттелетін объектінің 100 см2 беткейлерінен стерильді мақта тампонымен екі қайтара өзара перпендикулярлы бағытта сүрту арқылы алдық.

Тампондарды дайындау үшін алюминий, ағашты стержндер қолданылады. Оның бір шетін тегіс валикпен шайынды алу үшін мақта орайды, ал пробиркаға кіретін тығынды мақталы-дәкеден жасайды. Қашықтығы пробиркадан стержн соңына дейін 12 см. Тампонды пробиркаға салып, қағазға орап, 1,5 атм. қысымда 30 минут автоклавта стерильдейді.

Шайынды алар алдында тампонды 10 мл стерильді физиологиялық ерітіндісі бар пробиркаға ауыстырады. Зерттелетін объектіден жағынды алу үшін тампонды пробирка қабырғасына сығып, ылғалдылықтан босатады. Шайынды алған соң тампонды сол пробиркаға салып, вертикальды түрде мұзы бар термосқа орналастырып, сөйтіп зертханаға тасымалдайды. Себу үшін жасалатын іс-шаралардың барлығы бактериологияда қабылданған асептика ережесімен жүргізіледі.

Жекелеген  микробтар  колониясының  өсіндісін  алу  үшін, алдын-ала сынама  сұйықтығын стерильді  суда  немесе  физиологиялық  ерітіндіде  еселендіріп  алдық . Ол  үшін  пробиркадағы  тампонды  жақсылап пробирка  қабырғасына  сығып  алып, ішіндегі  сұйықтан  1 мл  стерильді  пипеткамен  келесі  ішінде  9 мл  стерильді  физиологиялық  ерітінді бар  пробиркаға  құйдық . Осылай  1:10  қатынасындағы  еселеуді  алдық. Осы  пробиркадан  басқа  стерильді  пипеткамен  араластырып, келесі  пробиркаға  құю  арқылы 1:100 одан  әрі  дәл  осылай 1:1000, 1:10000  қатынасындағы  еселеуді  алдық. Еселенген  соңғы  үш  сұйықтықтан  1мл  ден алып  стерильді  Петри  аяқшасына  құйып, оның  үстіне  40 – 45 оС  дейін  салқындатылған  етпептонды  агарын  құямыз.  Агар  суығаннан  кейін  термостатқа  37 оС  қалдырамыз.   Қалдырылғаннан  48  сағат  өткен  соң  өсіп  шыққан  колониялар  санын  есептейміз . Санауға  МЕМСТ 9225-84  бойынша  30-дан  жоғары, 300-ден  төмен  өскен  колония  аяқшасын  аламыз.

Жалпы  бактерия  санын  анықтау  үшін, әр  аяқшада  өскен  колония  үлгісінің  1мл  сәйкес  еселігіне  көбейтеді. Жеке  аяқшалардан  алынған  колонияларды   аяқшалар  санына  бөліп  орташа  арифметикасын  шығарамыз, шыққан  сан  санақтың  нәтижесі  болып  табылады. Алынған  сандарды  дөңгелектейді. Мәлімет дәл болу  үшін үш Петри аяқшасындағы колония санын есептеп, орташа арифметикалық көрсеткішін алдық. Алынған нәтижені сұйылту дәрежесіне көбейтіп жалпы клетка санын анықтадық.

Микробтардың өмір сүру қабілетін төмендегі формуламен анықтадық:

 

мұндағы:

V- микробтардың өмір сүру қабілеттілігінің пайыздық көрсеткіші;

O — бактерицидттік препарттармен зарасыздандырғаннан кейінгі

микробтар саны;

K — бақылаудағы микроб саны.

 

Зерттелген объектінің 1 см2 жалпы  микробтар  санын  көрсету  үшін, алынған  сынаманың  1 мл  0,1  көбейтеді. (Себебі  1 мл  сынамадағы  бактерия  саны  100 см2  бактерия  санының  1/10  тең ).       

 

          3.2 Шаруашылыққа сипаттама

«Ырыс» шаруа қожалығы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында орналасқан. «Ырыс» шаруа қожалығы 2009 жылдан бастап құрылған. Қазіргі таңда, «Ырыс» шаруашылығы жылқы шаруашылығымен, ет және сүт өңдеумен айналысады. Шаруашылық құрамына екі ветеринарлық патология-анатомиялық зертханасы, жем-шөпті сақтау орындары және сүт өңдеу зертханасы бар. «Ырыс» шаруашылығының негізгі даму бағыттары асыл тұқымды жылқы және қой шаруашылығы. Шаруашылықта 32783,8 га жер алқабын құрайды, соның ішінде жайылымдар 23979,8 га құрайды. Қазіргі таңда шаруашылықта 580 ІҚМ, 1170 қой мен ешкі 530 жылқы өсіріледі.

«Ырыс» шаруа қожалығы асыл тұқымды жылқыларды өсірумен және асыл тұқымды қазақтың ақбас тұқымы, асыл тұқымды голланд, қара-ала сиырлары мен биязы жүнді және еділбай қойларын өсірумен айналысады. Шаруашылықта 200 ге жуық адам еңбек етуде. «Ырыс»  шаруақожалығының директоры Есполов Данияр

 

 

Сурет 3. Шаруашылықтан көрініс

 

Ферманың барлық территориясы 2 зонаға бөлінген: өндірістік  және адмистративтік-шаруашылық. Өндірістік зонасында мал шаруашылық ғимарат орналасқан (биелерге арналған бөлме, туатын бөлме, профилактория, жұқпалы емес үшін статционар, сауылмалы-сүтті блок, жасанды ұрықтандыру пункті). Администтративті зонасында: азықтандыру үшін сақтау бөлмесі (концентрирлі азық), арнайы ғимарат (ветеринарлы пункт, қызметтік бөлме, котельная).

Фермаға автотранспорттың кіру жерлерінде әрдайым дезбарьер, ал мал шаруашылық бөлмеге кірерде, аяқ-киім өңдеу үшін дезкілемдер және жәшіктер орналасқан.

Сенбі күні — Санитариялық күн. Дезинфекциялық шараларды жүргізу барысында қолданылатын химиялық препараттары — Виркон С. Дезөткел және санөткелдер ветеринариялық дәрігерлердің тарапынан үнемі қадағаланып тұрады.

 

 

3.3 Зерттеулер нәтижелері

3.3.1 Мал қораларының микроклимат параметрлерінің көрсеткіштерін анықтау

Біздің зерттеу жұмыстарымыздың алғашқы сатысында дезинфекциялық шараларды жүргізбес бұрын мал қораларының микроклимат көрсеткіштерін анықтап алу жұмыстарын жүргіздік. Себебі, дезинфекциялық жұмыстардың дұрыс жүргізілуіне мал қора микроклиматының да әсер ететіні бәрімізге белгілі. Сондықтанда, дезинфекциялық жұмыстың сапасын бағалау үшін бұл көрсеткішке де назар аударғанымыз жөн. Зерттеу жұмыстарымызды нақтылай түсу үшін, шаруашылықтағы екі мал қорасын босатып, механикалық тазалаудан өткізіп, зерттеу жұмыстарын жүргіздік.

 

Кесте 2. Мал қораларының микроклимат параметрлерінің көрсеткіштері

 

Зерттелетін

нысандар

Микроклимат көрсеткіштері

Температура, ºС

Ылғалдылық, %

Ауа қозғалысы, м/с

Аммиак, мг/м3

№1 Сауын биелерді сауу қорасы

 

7-8

 

84-86

 

0,6-0,8

 

22-24

№2 Тайларды ұстайтын қора

 

15-17

 

65-67

 

0,2-0,4

 

8-10

 

Қора микроклиматын зерттеу барысында №1 Сауын биелерді сауу қорасының параметрлері №2 Тайларды ұстайтын қора микроклимат параметр көрсеткіштерімен салыстырғанда негізгі норма көрсеткіштерінен алде қайда ауытқығанын байқадық. Ал, бұл өз кезегінде малдың өнімділігіне, микроорганизмдердің шамадан тыс көбеюіне және дезинфекциялық шаралардың сапасына әсерін тигізері сөзсіз. Сондықтан, мұндай жағдайды болдырмас үшін мал қора микроклимат жағдайын қалыпқа келтіру керек.

 

 

Сурет 4. Қора микроклиматын анықтау

 

 

3.3.2 Дезинфекциялық шараларды жүргізуде қолданылған препараттың бактерицидтік қасиетін бағалау

Бұл шараларды жүргізу үшін, қазіргі таңда, яғни нарықтық экономикада препараттардың шығынын анағұрлым азайтқан жөн. Ол кез-келген препараттың әсер етуіне байланысты, қажетті концентрациясын қолдану керек екенін ұқтырады. Сонда ғана біз, еліміздегі дезинфекциялық шараларды дұрыс жүргізуге мүмкіндіктер тудыра аламыз. Осы мақсатта еліміздегі мал шаруашылық орындары кеңінен қолданып Виркон С препаратының өндірістік жағдайда ДУК автомашинасы мен шашыратқыш қондырғысын пайдаланып отырып, салыстырмалы түрде дезинфекциялық шараларды жүргіздік. Бұл зерттеулердің нәтижесі төмендегі кесте 3 көрсетілген.

          Кестеден алынған нәтижелерге қарап, ДУК дезқондырғысымен өңдеу нәтижесі орташа есеппен 88,8 %-ды құраса, Шашыратқыш қондырғысымен өңдеу нәтижесі орташа есеппен 95 %-ды құрады. Қондырғылардың өңдеу нәтижелерін салыстырғанда Шашыратқыш қондырғысымен өңдеу нәтижесі ДУК дезқондырғысына қарағанда дезинфекцияның тиімділігі 6,2 %-ға артқаны анықталды.

          Дезинфекциялық шаралардың нәтижесінде байқағанымыздай №1 қораның микроклиматының нормадан ауытқығанының салдары дезинфекцияның тиімділігіне әсер еткенін байқауымызға болады. Демек, мал қора микроклиматына дұрыс назар аударылмаса оның дезинфекция сапасына әсерін тигізетініне көз жеткіздік. Сондықтан, мал шаруашылық орындарында ең алдымен мал қора климатына аса назар аударған жөн.

 

Кесте 3. Виркон С препаратын пайдаланып дезинфекцияның жүргізілу нәтижесі

 

Мал қоралары

Зерттелетін нысандар

Жалпы микроб саны,мың КТБ/см2

Дезинфек. дейін

Дезинфек. кейін

Дезинфекц.

тиімділігі,%

ДУК автомашина дезқондырғысы

№1 Сауын биелерді сауу қорасы

Қабырға

47,0

5,6

88

Еден

50,0

7,5

85

Төбе

29,0

2,6

91

Азық астауы

26,0

3,9

85

Су астауы

21,0

1,8

91

Ауасы, м3

97,4

6,8

93

Шашыратқыш қондырғы

№2 Тайларды ұстайтын қора

Қабырға

49,0

2,9

94

Еден

51,0

3,5

93

Төбе

28,0

1,4

95

Азық астауы

24,0

1,4

94

Су астауы

19,0

0,3

98

Ауасы, м3

98,2

3,9

96

 

 

Сурет 5. ДУК дезқондырғысымен дезинфекциялау

 

3.3.3 Дезинфекциялық қондырғылардың тиімділігін салыстырмалы түрде бағалау

Қазіргі таңда еліміздегі мал шаруашылық орындарында дезинфекциялық шараларды жүргізуде көптеген қиындықтар туғызуда. Себебі, көптеген шаруа қожалықтарында тиімді кең көлемде қолданылатын дезинфекциялық қондырғылардың жетіспеушілігінен.

Өндірістік орындарда өндірілетін өнімдердің сапасының артуы мен олардың ауқымының өсуіне назар аударады. Әйтседе, көбінесе олардың сапасына ешкім назар аударып жатқан жоқ. Сондықтанда, өндірісті ары қарай тұрақты дамыту үшін аз шығын жұмсап, мол өнім өндірілуіне әсерін тигізетін құралдармен қондырғыларға көңіл бөлген қажет. Осы себептен, дезинфекциялық шараларды жүргізуде қолданған негізгі екі қондырғының тиімділігін анықтау үшін салыстырмалы зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын. Оның зерттеу нәтижелері төмендегі кесте 4 берілген.

 

          Кесте 4. Дезинфекциялық қондырғылардың салыстырмалы көрсеткіштері

 

Қондырғылар атауы

Салыстырмалы көрсеткіштері

Уақыт шығыны, мин

Жұмсалған бензин мөлшері, л

Өңдеуге кеткен препарат мөлшері, л

Салмағы, кг

ДУК

120

18

984

2040

Шашыратқыш

170

4,3

744

40

 

 

Сурет 6. Дезинфекциялық шараларды жүргізу

 

3.3.4 Шаруашылықта жүргізілген шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау

Дезинфекциялық препараттар мен дезинфекциялық қондырғыларды шаруашылықтармен әртүрлі объектілерде қолданылу тиімділігін бағалауда экономикалық тиімділігін анықтаудың маңызы зор. Экономикалық тиімділікті анықтау барысында мынандай көрсеткіштерді білу қажет: 1 литр концентраттың құны, 1 м2 және 1 м2 беткейді өңдеуге кететін ерітінді мөлшері мен құны.

Экономикалық тиімділікті екі бағытта анықтадық:

  1. Дезинфекциялық қондырғылардың негізгі қасиеттерін салыстыра отырып тиімділігін анықтау;
  2. Препараттың жұмсалу шығынының тиімділігін анықтау.

          Дезинфекциялық қондырғылардың тиімділігін анықтауда негізгі зерттеу нәтижесінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жүргізілді.

 

          Кесте 5. Дезинфекциялық қондырғылардың жұмыс істеу нәтижесін салыстырмалы бағалау

 

Дез. қондырғылар

Жұмыс кезінде жұмсалған бензин мөлшері, л

1 л бензин бағасы, тенге

Барлық шығыны, тенге

ДУК

18

160

2880

Шашыратқыш

5,5

160

880

 

          Кестедегі мәліметтерді салыстыра келе Шашыратқыш қондырғысымен дезинфекциялық шаралардың тиімді екенін көруге болады. Мал қораларын 1 рет өңдеу кезінде жұмсалатын бензин мөлшерімен бағасын салыстырған Шашыратқыш қондырғысымен өңдеу кезінде ДУК дезқондырғысына қарағанда 2000 теңге аз жұмсалатыны анықталды.

          Келесі зерттеу бағыты бойынша дезинфекциялық препаратты қолдану барысындағы экономикалық тиімділікті анықтау.

 

          Кесте 6. Виркон С ерітіндісінің 3% — ды канцентрациясын қолдану кезіндегі салыстырмалы бағалау

 

Дез. қондырғылар

1л ер-ді бағасы, тенге

Қораның ауданы, м2

Препарат шығыны 1м2/л, ауданға

Барлық препарат шығыны, л

Өңдеу бағасы тенге/м2

ДУК

420

1600

0,41

656

59571

Шашыратқыш

420

1600

0,31

496

45042

 

 

          Кестеден алынған сандық мәліметтерді саралай келе, Шашыратқыш қондырғысымен өңдегенде ДУК дезқондырғысына қарағанда 14529 тенге аз жұмсалатыны анықталды.

          Соңғы зерттеу нәтижесі екі қондырғыны қолдана отырып жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытынды бағалау көрсеткіші төмендегі кестеде берілген.

 

          Кесте 7. Дезинфекциялық қондырғыларды салыстырмалы бағалау

 

Дез. қондырғылар

Барлық жұмсалған шығын, тенге

ДУК

62451

Шашыратқыш аппарат

45922

 

          Дезинфекциялық қондырғыларды қолдану барысында ДУК дезқондырғысымен салыстырғанда шашыратқыш аппаратпен экономикалық тиімділігі жағынан 16529 теңгені үнемдеуге болатынына көз жеткіздік.

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Санитарлық заңдылық комплексі жұмыскерлерінің ұдайы байқаудан өтіп отыруын және оларға жұмыс атқаруға тиісті жағдайды жасауды көздейді. Егер бактерия тапса, жұмыстан дереу босатып, емдеуге жібереді. Мұндай адамдар жазылғанша дәрігердібақылауына болады. Кешенге дәрігерлік қараудан толық өткен, дені сау адамдар ғана қабылданады.

Кешенге санитарлық –гигиенлық тәртіп ережелері бұйрықпен бекітіледі, жұмысшылар сол ережелерді орндауға мідетті. Малға санитарлық –профилактикалық көмек көрсететін операторлоар ауру қоздырғыштардан, микрооаганизмдардан және олардығ көбейу жолдарынан толық хабардар болу керек.

Жұмысшылар кешенге санитарлық өңдегіш арқылы кіргізіледі. Онда киім ілетін, қол жуатын орындар, душ қабылдайтын, кір жуатын және киімді дезинфекциялайтын бөлмелер бар. Бұл жерлерде жұмысшылар және келген адамдар өз киімдерін шешіп, душта жуынып, кешеннің киімін киіп, ішке кіреді. Жұмыс біткеннен кейін олар санитарлық өңдегіщте душ алып, өз киімдерін киіп, сыртқа шығады.

Киім шешетін бөлмеде қй киімін және кешен киімдерін  сақтайтын орындар бөлек –бөлек болады. Сол жуғыштың қасында 100 – 150 мг/л активті хлор құйылған ыдыс тұруы қажет. Қолды жлектр желдеткішпен құрғатқан дұрыс. Шүберек орамал бірнеше кісі қолын сүрткен соң микробқа толы болады. Бәрінен де бір рет қолданатын қағаз салфеткасы жақсы.

Кешенде жұқпалы аурулар пайда бола қалса, мал дәрігерлік қызмен көрсететін адамдар денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отыра, тиісті күрес шараларын жүргізеді. Сол кезде жұмысшылармен операторлар арнаулы нұсқаулар мен ережелер бойынша сақтану шараларын бұлжытпай орындаулары керек. Денесінің жарақаты немесе терісінің ауруы байқалса, дәрігерге көрінуі керек. Дәрігер көріп, оны жұмысқа жіберілу –жіберілмеуін шешеді.

Әрбір мал қорасында жарақат алғанда пайдаланатын дәрі –дәрмек және жрақатты таңатын заттар бар аптечка болуы керек. Малды күтетін жұмысшылар арнаулы киім және етік киюі қажет және жұмыс соңында оны жуып, санитарлық өңдегңшге дезинфекциялайды.

Сауыншылар мен бұзау күтутшілер мақта матадан жасалған халат киіп, бастарына орамал тартады. Жұқпалы ауру бар малды күткенде жұо киімдерге қосымша мата бас киім, былғаны ботинка, гарлош, тығыз матадан жасалған фартук, резенке қолғап және сүлгі беріледі.

Кешен фермаларында малдың әр гурппасын күтуге тұрақты жұмысшылар бөлінеді. Оған дейін олар малды күту технологиясы, жемдеу, мал дәрігерлік –санитарлық ережелерін сақтау және ауырған малды емдеу жөніндегі дайындықтардан өтеді.

Малдың мінез –құлқын жеттік білу, әсіресе, олардың жеке –жеке емдекенде өте –мөте қажет болады. Малға мал дәрігерлік жардем көрсеткен кезде оған ұнамайтын жағдайлар кездеседі. Бұл уақытта малдың нерв жүйесі тітіркеніп, неше рет үстырыт қимылдар да жасайды. Сөйтып, қзіне көмекке келген адамға оның қауіп төндіруі де мүмкін.

Қай малда болмасын олрдың кең жерде жүруге деген инстинктісі күшті дамыған. Сондықтан, олар тар қораға немесе сианркқа кіргізу қте қиәнға түседі. Малға дәрі егу, қан алу үшін жіне т.б.мал дәрігерлік көмек көрсету үшін фиксиацияланғанда оның денесіне зақым келтірмейтіндей және ауыртпайтындай етіп жұмыс атқару қерек.

Малдың өрісі шашылып жатқан сымдардан, тікен шөңгелдрден, кесек –кесек төбелерден таза ьболу керек. Ол, терең өйлар кездессе, оларды қоршап немесе тегімтеп тастайды.

Малды суаратын көлдер мен қзендердің, төғандардың жиегі де таза әрі көлбеу,әрі батпақсыз болу қажет.

Жайылымдықтағы малды мал дәрігерлік көмек көрсету үшін тар қоршаулар мен станоктары бар арнаулы қашалар мен баздары пайдаланған жөн. Малды табынмен кең қашаға немесе базаға қамап, оларды біртіндеп тар қоршауға кіргізеді. Оның кеңдігі станоктың кеңдігімен немесе одан 5 – 10 см  кеңірек болуы қажет. Сөйтіп, оған кірген малға дәрігерлік көмек көрсетіле бастайды.

Мал қораларды да санитарлық талаптарға сай: едендері ой –шұңқырсыз тегіс, есіктері мен қақпалары жеңіл ашылатын болу тиіс. Жем салатын науалар мен ашаларға, есіктер мен қабырғаларға қағылған шегелердің өткір ұштары міндетті түрде қайырылуы керек.

Шаруашылыққа дезинфекция, дезинсиеция, дератизация, дезинвазия, және дезодорация жасау үшін алуан түрлі химиялық перепараттар қолданады. Химиялық заттармен істелетін арнаулы дайындық курсынан өткен жасы он сегізден асқан техниктер (дезинфекционистер, дератизаторлар және т.б. ) атқарады. Жастар , аяғы ауыр әйелдер және кейбір сырқат адамдар өңдай жұмысқа жіберілмейді. Улы химия заттармен жұмыс істейтін жұмысшыларға комбинзон, етік және қолғап береді. Жұмыс кезінде олардың тамақ жеп, су ішіуіне, темекі шегуіне тыйым салынады.

Дезинфекция жасайтын және мал дәрігерлік көмек көрсететін отрядтарды басқарушылар аппараттар мен аспаптардың, арнаулы киімі, респиратордың, противагаздың, көз әйнектердің, резңке қолғаптардың бүтіндігін тексеріп отырады. Дезинфекция жасауға, дәрі дәрмек егуге жауапты адамдар оларды бақалаусыз қалдырмауы керек. Дәрі –дәрмек және дезинфекция жасайтын үйлер желдеткішпен жабдықталуы тиіс. Онда жұмыс істейтін адамдар сағат сайін 10 минут үзіліс жасап отырады.

Мал қораларды дезинфекцияға хлорофос, трихлорметафос – 3, натрйдің арсениты қолданады. Ерітінділерді және дустарды үйден тіс жерде немесе есік терезесі ашық үйлерде дайындайды. Препараттар дайындаған ыдысты ыстық сумен сабындап немесесодалап жуады. Препараттарды қымталап жабылған ыдыста (әйнек, пласимасса, керемика ) адам тұрмайтын үйлерде сақтайды. Әрбір ыдыста әр препараттардың аты және активты әсер ететін заттың саны көрсетілкен қағазы болады. Оларды әзіқ –түлікпен және жеммен бірге сақтауға және тасымалдауға тиім салын

5 ҚОРЫТЫНДЫЛАР

  1. Мал қораларының микроклиматын анықтау барысындасауын сиырларды сауу қорасының параметрлері нормамен салыстырғанда жоғары нәтижені көрсетіп, дезинфекцияның тиімділігіне әсер еткенін анықтадық.
  2. 3%-ды Виркон С препаратымен Шашыратқыш қондырғы көрсеткіштері ДУК дезқондырғысының санитариялық өңдеу нәтижелерімен салыстырғанда дезинфекцияның тиімділігі 6,8 %-ға артқаны анықталды.
  3. Дезинфекциялық қондырғыларды қолдану барысында ДУК дезқондырғысымен салыстырғанда шашыратқыш қондырғысы экономикалық тиімділігі жағынан 16529 тенгені үнемдеуге болатынына көз жеткіздік.

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 Тәжірибелік ұсыныстар

  1. Дезинфекциялық шараларды жүргізу үшін Шашыратқыш қондырғысының жоғары нәтиже беретінін ескере отырып, ары қарай кеңінен қолданысқа ұсынамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Макарцев Н.Г. Кормление сельскохозяйственных животных. Калуга ГУП. «Облиздат», 1999 г. 96-98 с.
  2. Ахметов Қ.А. Менеджментте математикалық әдістер. ЭВЕРО, Алматы, 2005. 45-48 с.
  3. Николаенко В.П., Активность нового антибактериального средства «Бактерицид » Тр./ СНИИЖК. Ротапринт, 2003.- Вып.1,ч.2. – 56-60с.
  4. 4. Медведев Н., Безопасное средство для дезинфекции.  Птицеводство. —  — №. – 37-40с
  5. Миляновский А.Г. Антисептические средства на современных технологиях. ЗАО. «ВПЗ» 1999. – 184С
  6. Пантелеева Л.Г. Вирулицидная, туберкулоцидная и фунгицидная активность новых средств из группы поверхностно – активных веществ. Белова Дезинфекционное дело. – 1998. — №3. – 18-19с
  7. 7. Сафин А.Н., Попов Н.И., Беляков В.С. Об опыте эксплуатации дезинфекционной установки «Айст 2» // Ветеринария -1998, №2 16-18 с.
  8. Дудиницкий И.А., Глазова Г.В., Саакян С.И. Опыт применения дезинфекционной установки «Айст 2» // Ветеринария -1999, №22. 19-28с.
  9. Волков Г.К. Значение гигиены в практике животноводства / Г. К. Волков, И. Р. Смирнова // Зоотехния. — 2003. — N11.-С.31-32.
  10. Высоцкий А.Э. Санитарная обработка доильного оборудования препаратами сандим-Д и сандим-ШП / А. Э. Высоцкий, И. В. Фомченко // Актуальные проблемы интенсивного развития животноводства : сб. науч. тр. / УО БГСХА. — Горки, 2005. — Т.8, Ч.2.-С.97-99.
  11. Вяйзенен Г.Н. Молочная продуктивность в переходные периоды содержания / Г. Н. Вяйзенен [и др.] // Молочная промышленность. 2008. — N4.-C.35-36.
  12. Бессарабов Б.Ф. Болезни сельскохозяйственной птицы. / Бессарабов Б.Ф.// М.: Вттрйд, 2001. -42 с; ил.
  13. Шахов, А.Г. Повышение эффективности специфической профилактики факторных инфекций путем коррекции антиоксидантного и иммунного статуса коров и телят / А.Г. Шахов, М.И. Рецкий, А.И. Золотарева, Ю.Н. Бригадиров [и др.] // Ветеринарная патология. – 2005.- №3. – С.84-89.
  14. Банникова Д. А. и др. Влияние электрохимически активированных растворов на популяции некоторых патогенных бактерий (электронно-микроскопическое исследование). — Сб.науч.тр./Всерос.НИИ вет.санитарии, гигиены и экологии, 2003; Т.115, — С. 57-60.
  15. Глазова Г.В., Евграфов Ю.В. Опыт применения дезинфекционной установки АИСТ-2. Ветеринария, 2000; N 1, — С. 15-16.
  16. Досанов К. Ш. Электронно-микроскопические исследования колоний и ультраструктуры микобактерий при воздействии дезоксона Актуал.пробл.патологии с.-х.животных. — Минск, 2000, — С. 258-259.
  17. Бахир В. М. Техника и технология электрохимического синтеза моющих, дезинфицирующих растворов // Конференция. Электрохимическая активация в медицине, сельском хозяйстве, промышленности. — М., 1999, — С. 62.
  18. Бахир В. М. и др. Электрохимическая активация, Очистка воды и получение полезных растворов// ВНИИИМТ, 2001,-175 с.
  19. Закомырдин А. А., Григанова Н. В.; Юрин С. О. и др. Дезинфекция немытой шерсти электрохимическими растворами натрия хлорида. Овцы,козы,шерстяное дело, 2002; N1,-С. 71-73.
  20. Бахир В. М. и др. Электрохимическая активация, Очистка воды и получение полезных растворов// ВНИИИМТ, 2001,-175 с.
  21. Белло М. Влияние очистки и мойки объектов убойных цехов мясокомбинатов на их общую бактериальную обсемененность. // Материалы 4-ой междунар. науч. -практ. конф. «Актуал. пробл. вет. медицины и вет.-санитар. контроля с.-х.продукции». -М., 2002, -С. 136-137.
  22. Закомырдин А. А. Электрохимически активированные растворы в ветеринарии. Проблемы вет.медицины в условиях реформирования с.-х. производства. Махачкала, 2003, — С. 159-165
  23. Кирюткин Г. В.; Горлов И. Ф. Гипохлориты: Дезинфицирующие свойства, механизм действия, контроль качества, способы получения / Всерос. гос. НИИ контроля, стандартизации и сертификации вет. препаратов, Волгоград, н.-и. технол. ин-т мясомолоч. скотоводства и перераб. продукции. Волгоград, 2002, — 484 с.
  24. Прокопенко А.А.; Юферев Л.Ю. Эффективность применения УФ облучателей — озонаторов «ОЗУФ» на объектах ветеринарного надзора. Экология и с.-х. техника / Сев.-Зап. науч.-исслед. ин-т механизации и электрификации сел. хоз-ва. -СанктПетербург, 2005; Т. 3, — С. 261-265.
  25. Севастьянов Б. Г.; Гуреева Т. П. Рекомендуем установку СТЭЛ. Пчеловодство, 2000; N 4, — С. 36.
  26. Симецкий М.А.; Боченин Ю.И. Научные достижения и перспективы применения аэрозольных форм химических и биологических препаратов в ветеринарии. Состояние,пробл.и перспективы развития вет.науки России. -М., 1999; Т.2, — С. 66-68.
  27. Сметанин М. И., «Ультрафиолетовый поток», Молочная промышленность, N 10, М.: 2001, -С. 53.
  28. Бутко М.П., Фролов B.C., Першин А.Ф. Состояние и перспективы применения озона в агропромышленном комплексе. Аграр.Россия, 2003; N 3, — С. 39-46.
  29. Бутко М.П., Фролов B.C., Тиганов B.C. Санация озоном транспортных средств и холодильных камер. Материалы Всерос. науч.- произв. конф. «Гигиена содерж.и кормления животных — основа сохранения их здоровья и получения экол. чистой продукции». -Орел, 2000, — С. 19.
  30. Закомырдин А. А.; Долгов В. А.; Каврук Л. С. и др. Новое в ветеринарной санитарии птицеперерабатывающих предприятий. Птица и птицепродукты, 2005; N 3, С. 14-16.
  31. Сидорчук А. А. Крупальник В. Л. Клостридиозы животных: учеб. пособие для студентов вузов, обучающихся по специальности 310800-Ветеринария / М-во сел. хоз-ва РФ, Департамент науч.-техн. политики и образования, Федер.гос. образоват. учреждение высш. проф. образования Моск.гос. акад. вет.медицины и биотехнологии им. К. И. Скрябина М. ФГОУ ВПО МГАВМиБ ИПО ФГОУ ВПО МГАВМиБ им. К.И. Скрябина, т. XXIX, 2004, — 140 с.
  32. Угрюмова B.C. и др. Четвертичные аммониевые соединения — перспективное направление в ветеринарной дезинфектологии. Вет.врач, 2005; N 1, — С. 59-63.
  33. Higgins S. E. et al. Application of Ionized Reactive Oxygen Species for Disinfection of Carcasses, Table Eggs, and Fertile Eggs. Journal of Applied Poultry Research; Savoy, Winter 2005; Vol.14, Iss.4. — P. 716-720
  34. Naber J. Switching to sodium hypocholorite disinfection. Water Environment & Technology; Alexandria, Sep 2003; Vol.15, Iss.9. — P. 100.
  35. Красночуб А. В., «Обеспечение микробиологической чистоты на пищевых производствах», Молочная промышленность, 2003, N 7, — С. 43-46.