АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Жылқының тұсамыс буынының контрактурасын анықтау және емдеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

Ветеринария факультеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылқының тұсамыс буынының контрактурасын анықтау және емдеу

 

 

6 А 1201 – ветеринариялық медицина

 

 

 

 

Мазмұны

Бет.

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………….

Әдебиетке шолу………………………………………………………………………………………

 

  Негізгі бөлім…………………………………………………………………………………………..

     1Зерттеу жұмыстарының бағыты……………………………………………………………

  • Зерттеу материалдары және әдістемелері……………………………………………..
  • Зерттеу жұмыстары………………………………………………………………………………
  • Жылқының аяқ тұсамыс буындарының контрактурасының емін жетілдіру……………………………………………………………………………………………..
  • Экономикалық тиімділікті есептеу………………………………………………………

2.1  Нәтижелерді қортындылау және бағалау…………………………………………….

2.2 Болашақ бағыт туралы ұсыныстар……………………………………………………….

 

Қорытынды………………………………………………………………………………………………

 

Қолданған әдебиет тізімі………………………………………………………………………….

 

Реферат…………………………………………………………………………………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақытта Қазақстанда жылқы шаруашылықтары даму барысында. Өйткені жылқы шаруашылықтарының жақсы экономикалық тиімділігі бар.

          қазіргі уақытта жылқы шаруашылықтары  екі  жақта  дамып  жатыр:

  • спортқа қолданатын жылқыларды өсіру;
  • өнімдер ( ет, қазы, қарта, шұжық ) алатын жылқылардың

          басын көбейту.

          Келесі жағдай шет мемлекеттерде айтылған жылқы  өнімдеріне сұраныс бар.

          Осыған орай шет мемелекеттерге шығарылатын өнімдер  инфекциялық жұқпалы немесе хирургиялық аурулардан таза және  сапалы болуы керек.

          Біздің негізгі объектіміз спорт  жылқылары. Спорт жылқылары  шаруашылықтары Қазақстанда даму барысында. қазіргі уақытта көптеген аурулардың арасында спорт жылқыларында аяқ бақай буынының қабынуы – тендинит, немесе тендовагинит  жиі кездеседі.

          Ғылыми әдебиеердің деректері бойынша жылқының тендинитімен, тендовагинитін  анықтау және емдеу барысында  санаулы тәсілдер мен әдістер  бар. Мысалы, емдеу  барысында ең бірінші себебін  анықтау керек, екінші тыныштық жасау керек, үшінші салқын, қысымды байлам және новокаиндік тежеу  қолданылады.

          Қазіргі уақытта Қазақстанда айтылған жылқының ауру — жарақаттарын клиникалық белгілеріне  және рентген сүретіне қарап анықтайды.

          Соңғы кездерде ұсақ және ірі жануарлардың  ауруларын  анықтау барысында рентген тәсілімен бірге ультрдыбыс әдісі  қолданылады. Бұл әдістің ерекшелігі ол ұлпадағы патогендік өзгерістерді  ертерек анықтауға жағдай тудырады және уақытында сапалы дәрігерлік көмек жасауды талап етеді.

          Айтылған әдісті Қазақстанның жылқы шаруашылықтарында тендинит ауруларында жетілдіру және енгізу өте қажет.

          Жоғары көрсетілген ауруларды емдеу барысында тітіркендіргіш майлар, лай, парафин, ионогальванизация, күйдіру, ұлпалық препараттар, УДТ, лидаза, массаж және тенэктомия тәсілдерін қолданады.

          Көрсетілген емдеу тәсілдері айтылған жылықының ауруларында толық нәтиже бермейді, сондықтан, қазіргі уақытта белгілі тәсілдерді жетілдіру керек немесе жаңа әдіс табу қажет.

Жұмыстың мақсаты және міндеттері

 

          Жоғарыда келтірілген тақырыптардың мәселенің өзектілігін ескеріп, алдымызға мақсат қойдық: жылқының тұсамыс буынының контрактурасын анықтау барысында ультрадыбыс әдісінің қолдану технологиясын дайындау, оның  анықтау қасиеттерін күшейту, оны өндіріс жағдайында сыннан өткізу, және емдеу тәсілдерін жетілдіру.

 

Мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттеме қойылды:

 

  • емхана жағдайында жылқының жылқының тұсамыс буынының контрактурасын анықтау, және ультрадыбыс әдісінің қолдану технологиясын дайындау;
  • ультрадыбыс анықтау әдісін күшейту;
  • ультрадыбыс тәсілінің технологиялық үрдісін дайындау;
  • ультрадыбыс тәсілінің технологиялық ережелерін сынақтан өткізу;
  • технологиялық ережелерін өндірісте сыннан өткізу және қолдану нұсқауын дайындау;
  • жылқының тұсамыс буынының контрактурасын емдеу тәсілдерін жетілдіру

 

 

 

Әдебиетке   шолу

 

Бізге жеткілікті ғылыми  әдебиеттер бойынша жылқылардың аяқ аурулары Қазақстанның мал шаруашылығына көптеген экономикалық шығын әкеледі Соның ішінде Қазақстанның жылқы спортына. Осы шығындар  мал өнімділігінің мөлшерінің, сапасының төмендеуінен, төлдің жоқтылығынан және басқадай шығындардан құралады /  1  /. Көптеген жылқы ауруларының арасынан ең жиі кезедесетін аурулардың бірі, ол жылқының аяқ буынының бақайдың буккіш бұлшықеттерінің, байлам аурулары – тендинит және  тендовагинит.

Көбінесе жылқылардың аяғының жіті жарақаттары уақытында анықталмай қалады, немесе сапалы дәрігерлік көмек жасалмайды. Осы, кезде асыл тұқымды жылқылардың бағасы — құны төмендейді.

Жылқының аяқ буындарының, бақай буынының бүккіш бұлшық етінің, байламдарының контрактураларының пайда болу себептері, ол жіті жарақаттар ( соғылған,ұрылған, құлаған кезде), бактерия, вирустар, іріңді қабынулар, күйік, ісік және т.б.с.

Айтылған, жіті жарақатта себептері  қайталанса сол жерде дәнекер ұлпа дамиды, яғни контрактура пайда болады. Сол, ұлпа бақайдың бүккіш бұлшықеттерінің айналасы, аралығында өсіп, дами бастайды. Дәнекер ұлпаның зияны, ол жергілікті қан тамырларын, жүйке талшықтарын қысып жергілікті ұлпалардың көректенуін, зат алмастыру процесстерін бұзады , жергілікті ұлпаларда улану басталады /  2   /.  Мұндай кезде,  жіті жарақат созылмалыға айналады.

Ғылыми әдебиеттің деректері бойынша, жылқының аяғының созылмалы жарақаттары  толық  емдеуге келмейді /  3    /Мұндай жылқының, созылмалы аяқ жарақаттарын  емдеу үшін оны жіті түрге айналдыру керек /    4     /. Бұл  көптеген жануарлардың созылмалы аурулардың емдеу негіздер принципі. Енді айналдыру тәсілдеріне келсек, ол тәсілдердің саны көп емес. Мысалы, ол күйдіру, тітіркендіргіш майлар (ихтиол, скипидар, камфора майын, спирт) , тенэктомия  қолдану /    5    /. Созылмалы қабынудың жіті түрге айналу  белгілері, ол жергілікті және жалпы дене температурасының  көтерілуі, ауырсынуы, домбығу.

Мұндай жағдайды болдырмау үшін, ең тиімдісі, ол жіті жарақатты  ерте  анықтау.Ол үшін жаңа әдістер қолдану кажет. Мысалы, ультрадыбыс  толқындарын ( УДТ ) қолдану тәсілдері /    6     /.  Қазіргі уақытта жылқылардың аяқ ауруларын анықтайтын көптеген тәсілдер бар (  рентген, термография, удт т.б.т.). Осы,  айтылған  тәсілдер туралы арнайы ғылыми әдебиеттерді зерттегенде келесідей мәліметтер анықталды. Ол, рентген тәсілдерімен жылқының аяғының  ұлпасының  жіті  жарақатын  анықтауға келмейді /   7   / .  Термография  тәсілімен  жылқының аяғының  ұлпасынгың  патологиялық өзгерістерін ерте анықтауға болады, бірақ , оның жабдықтары Қазақстан жағдайында өте қымбат, ал ең тиімдісі ол УДТ тәсілін қолдану /   8   /. 

УДТ тәсілінің тиімділігі, ол сезімталдық, жылдамдық, ұлпаларды, тамырларды, мүшелерді түрлі қозғалыста көру (динамикасы), термография тәсілімен салыстырғанда, экономикалық тиімділігі, жіті патологиялық өзгерістерді ерте анықтау /    9   /.

Тәжірибиелік емдеу жұмыстарында мал дәрігерлері көбінесе жылқылардың аяқтарының жіті бақай буынының бүккіш бұлшықеттерінің, байлам  ауруларын клиникалық  белгілеріне  байланысты  анықтайды ( ауырсыну, домбығу, ақсау, жергілікті қызу ) . Бірақ, көптеген жағдайда бұл белгілер толық көрінбейді  немесе анықталмайды. Сондықтан, ұлпалардағы  жіті  патологиялық өзгерістер, тек қана  термография немесе ультрадыбыс толқындары  ( УДТ )  тәсілі арқылы ажыратуға болады.

Жоғары айтылған тәсілдерді патологиялық өзгерістерді ерте анықтау мақсатында, пайдалансақ,  сапалы дәрігерлік көмекті ұйымдастыруға жағдай туғызады.

Жоғары, айтылған жаңа екі тәсіл  (термография, удт)  Қазақстанның мал дәрігерлік емханаларында жаңа ғана дамып жатыр. Қазіргі уақытта, бұл салада дайындалған, тиісті сертификаттары бар мамандардың саны өте аз.

Зерттеушілердің ғылыми деректері бойынша жылқылардың аяқ аурулары анықтау нәтижесінде, келесідей бөлінеді: тендинит пен тендовагинит – 30,3 %,

Миозит – 27, 2 %, бурсит  –  21,2  %,  периостит  –  9,1 %, десмоидит  –  6,1 %,  бұлшық еттің контузиясы  –  6,1 %   /   10  /.

Көрсетілген тақырыпқа байланысты,  зерттеу  ғылыми  әдебиеттерде  түрлі мамандардың  ұсыныстары жылқының  аяқ  жіті жарақаттарын анықтау және  емдеу тәсілдеріне арналған. Көптеген, авторлар айтылған жарақаттарды емдеу үшін лазер саулесінің емдік қасиеттерін жоғары бағалайды / 11 /. Мысалы, ресейлік зерттеушілер хабарлауы бойынша лазер емдеу аппаратының («Рикта 01» М2В) саулесі жылқылардың аяқ буының бүккіш бұлшықеттерінің және оның қынабының қабынуының  емі  512 Гц  импульсының жиеліктігінде, күштілігі  16 Вт, экспозициясы 6 минутта пайда болады. Осы деректер, бойынша бұл тәсіл жылқының  аяқ буынының бақайдың бүккіш бұлшық етінің жіті және созылмалы ауруларында  жақсы нәтиже көрсетеді  деп хабарлайды  /  12  /.

Жоғары ғылыми ақпаратты, есептемегенде  жылқылардың  аяқ  ауруларын анықтау және емдеу тәсілдері ( орта мөлшермен  80 % ) көбінесе  жіті ауруларға арналған /  13 /.

Жоғарыда,  аталаған   жылқының   аяқ   ауруларының түрлі емдердің нәтижесін, қалай  бақылауға болады деген сұрақ туады. Осыған, байланысты көптеген зерттеушілердің деректері бойынша, түрлі дәрілерге, әдістерге, тәсілдерге  баға беру  үшін олар жылқының жалпы клиникалық жағдайына, белгілеріне назар аударады, соңынан қанның лейкоцитарлық формуласының көрсеткіштерін анықтайды, соның ішінде лимфоциттердің саны есептеледі       / 14 /. 

          Физикалық  анықтау және емдеу  әдістерден  басқа ( лазер, рентген саулелері,  ультрадыбыс толқындары  т.б.т.) химиялық заттардан, дәрі шөптерден алынатын, биотехнологиялық  тәсілдермен дайындалатын, көптеген дәрі заттар  ұсынылады. Екінші жаңа тәсілдердің  бірі, ол индометацин,  хондроксид майлары 1:1 пропорцияларында араластырып оған 50 мг ферменттік препарат  карипазим қосып  физиологиялық ерітіндісіне араластырып, оны фонофорез арқылы жергілікті контрактура болған ұлпаға  пайдаланады  / 15 /.

          Келесі әдістердің  түрі, ол жылқының жіті жарақатты асептикалық тендовагинитті кезінде, күре тамырына 40 мг хионат дәрісі егіледі және жергілікті ұлпаны лазер саулесімен  6 минут бойы қыздырады  / 16 / .

          Жылқылардың аяқ буынының бақайдың бүккіш бұлшықеттерінің контрактурасын бәсеңдету үшін  біраз тәсілдер бар. Мысалы, арнаулы  өзгертілетін шина. Оны түрлі даму сатылардағы контрактураларға пайдалануға болады / 17 /. Контрактураны емдеу барысында, ең маңызды жұмыс, уақытында  бақайдың бүккіш бұлшықетін созу.  Ол үшін арнаулы құралдар жасалынған. Өйткені, бақайдың бүккіш бұлшықеттеріне өлшемді күш пайдаланса контрактураның дамуы тоқталады  / 18  /.

          Кең тараған оперативтік тәсілдердің бірі, ол буын контрактураларында буынның капсуласын тіліп, оның ішіндегі патологиялы, өзгерген ұлпаларды алып тастау және метафиздың бетін қатты ми қабатымен жабу. Осы кезде зақымдалған ұлпаларда регенерация пайда болады /  19 /.

          Күйіктерден болған контрактураларды емдеу кезінде, алғашқыда тыртықты дәнекер ұлпаларды созу қажет / 20 /.

          Соңғы ғылыми жаңа тәсілдердің бірі, ол зертханалық термостат жағдайында жібек – бақайдың бүккіш бұлшықеттеріне волокондық матрицаға  полипотенттік торшалар енгізіп, өсіріп  оның байламдарын дайындау / 21 / .

          Жылқының контрактурасын емдеген жағдайда, маңызды жұмыстардың бірі, ол  бақайдың бүккіш бұлшықеттеріне және байламдарға  көп  салмақ түсірмеу. Бұл тәртіпті сақтау үшін арнаулы механикалық жабдықтама жасалған. / 22 /.

          Келесі тәсілдердің бірі, ол артроскоппен бақылап отырып синовиальдық

тыртықтарды гидравликалық, механикалық тәсілмен және буын ішіндегі тыртықтарды   фиброздық капсуладан ажырату / 23 /.

          Ірі буындардың контрактураларын арнаулы СКЭНАР аппараттарымен емдеуде жақсы нәтижелер анықталды  / 24 /.

Ауыр күйіктерде пайда болған буындардың контрактурасын арнаулы шарнир дистракциялық аппаратпен емдеуін кейбір зерттеушілер  хабарлайды./ 25 /.

          Келоидті контрактураларды емдеу барысында арнаулы хирургиялық тігістерді қолданған кезде жақсы нәтиже болады деп хабарлайды  маман — ғалымдар / 26 /.

          Жарақат контрактураларын емдеуге арнаулы пептидтермен Х — NН – Gly – PRO — Ala- Gly – CO – Y  танғыштарды ылғаландырып оны қолданып  жақсы нәтижеге жетуге болады / 27/.

          Контрактурамен күресу жағдайында зерттеушілер арнаулы аппарат жасаған, ол мөлшерлеп тыртықтанған ұлпаны дистракция жасайды / 28 /.

          Жапон патенті  / 29 / бойынша зақымдалған бақайдың бүккіш бұлшықеттерін және байламды арнаулы биологиялық  материалдың бірнеше қабаттының ішіне салып, штифтермен  бекемдейді. Мұндай жалғауда, бақайдың бүккіш бұлшықеттерімен байлам тез арада механикалық әсерді көтере алады.

          Жылқылардың аяқ буынының бақайдың бүккіш бұлшықеті мен байламдарының контрактурасының алдын алу үшін 5 % диметилсульфоксид ( ДМСО), 1 % иод ертітінділерін емге қолдануға болады. Бұл дәрілердің қабынуды тоқтататын, ұлпаларға жылдам әсер ететін, транспорттық, бактерицидтік  және анестезиялық қасиеттері бар

/ 30 /.

Мысалы, соңғы ғылыми жаңа, сапасы жоғары импорттық  дәрілердің бірі, ол  Хионат. Оның құрамына биотехнологиялық жолмен алынған гиалуронат натрий кіреді. Ол сульфатсыз гликозаминогликан қоспаларына жатады.

          Хионат жылқының аяқ буындарының синовиальдық сүйықтықты қоюлатады, синовиальдық мембрананың сұзгіш қасиетін өңдейді, синовиальдық сүйықтықтың құрамын бір қалыпты ұстайды, гиалин шеміршегінің құрамына кіреді, гиалин шеміршегін көректі заттармен қамтамасыз етеді /  31  /.

          Екінші дәрі ол,    Гиалаза оның құрамында гиалуронидаза ферменті бар, оның ерекше қасиеті, ол дәнекер ұлпадан тұратын тыртықтарды контрактураны ыдыратады.

          Жылқылардың аяқ буындарының контрактурасында қазіргі уақытта , қолданатын дәрілердін атаулары санаулы, соның ішінде жоғары аталған екі дәрі /   32  /.

          Үшінші белгілі ескі халық емдеу тәсілдердің бірі, ол  күйдіру ( прижи —

гание ). Бұл тәсілді  көбінесе  жылқылардың  аяқ буынының бақай бұлшықеттерінің, байламдарының контрактурасында қолданады. Осы кезде, темір  сымды отқа қыздырып, немесе арнаулы  құрал  —  термокаутерді  қолданады. Жоғары  температураның тітіркендіргіш  әсерінен жергілікті дәнекер ұлпа дамыған жерге қанның келуі ұлғаяды,  сонымен бірге лейкоциттер келеді, яғни жергілікті ұлпаның қорғаныс күштері дамып, көтеріледі, ал дәнекер  ұлпаның  мөлшері азайып, жойылады . /  33 /.

          Төртінші  болашағы мол дәрілердің бірі, ол диметилсульфоксид (ДМСО).

Бұл дәрі органикалық ерітінділерге жатады, ұлпаларға жылдам сіңеді, қабынуды тоқтататын, ұлпаларға жылдам әсер ететін, транспорттық, бактерицидтік  және анестезиялық қасиеттері бар. Диметилсульфоксидтке көптеген бактерицидтік, фунгицидтік, инсектицидтік, дератизациялық , иммуностимуляторлық және басқадай  қасиеттері бар дәрілік өсімдіктерден алынатын биологиялық заттарды қосуға болады / 34,35, 36, 37/.

          Жылқының аяқ тұсамыс буынының бақайдың бүккіш бұлшық етінің, байлам аумағында көп мөлшерде дәнекер ұлпа өсіп (контрактура) , дамығанда, бұл жерде тенэктомия тәсілі қолданылады, яғни операциялық алаң дайындалады, белгілі антисептикалық дәрілермен өңдейді, жансыздандыру жасалады және тіліп — кесіп дәнекер ұлпаларды       жояды /    38   /.

          Балауы Жылқының аяқ тұсамыс буынының бақай буынының бүккіш бұлшықеттерінің байлам контрактураларының алдын алу, ол жануарлардың буындарының жіті жарақаттарын – ұрылған, соғылған, құлаған, секірген кездерінде  тұсамыс буынының бақайдың бүккіш бұлшық етінің созылуын, үзілуін жедел анықтау.

          Қазіргі уақытта, көптеген асыл тұқымды  шаруашылықтарда  жылқының түрлі буын ауруларын  клиникалық белгілеріне байланысты анықтайды. Бірақта,  айтылған  тәсіл көп жағдайларда  толық  нәтиже бермейді. Өйткені, бұл тәсіл  буынның жіті ашық жарақаттарын анықтауында  ғана жақсы нәтиже береді.

          Ал енді жылқының аяқ буындарының  жабық  жарақаттарына тоқталсақ, ондағы ішкі патологиялық өзгерістерді анықтауда көп жылдары бойы рентген тәсілі қолданып келе жатыр. Мысалы, буынның шығуы, сынуы, байламдарының үзілуі, созылуы /  39   /.

          Жылқының аяқтарының буын ауруларының  арасында ең зияндысы, ол буынның іріңді қабынулары. Бұл жарақатты,  алғашқы он күн уақытында рентген тәсілі нәтиже бермейді. Он күн өткеннен кейін барып қана, буындардың  шеміршек  ұлпаларында  деструктивтік қабыну орталары – некроз, скевестр, бөгде заттар, мерездер  пайда болғанда, ғана рентген тәсілі қолданылады.

          Жоғыры көрсетілген жылқының аяқ буындарының жарақатында уақытында сапалы дәрігерлік көмек жасалынса. Жануардың иммунитеті жоғары болса, жарақаттанған буынның айналасында дәнекер ұлпа өсіп, дами бастайды.

          Сондықтан, соңғы жылдары көптеген шет мемлекеттердің шаруашылықтарында жылқының аяқ буындарының жарақаттарын ерте анықтау үшін ультрадыбыс толқындарын (УДТ) пайдаланады. Бұл тәсілдің ерекше қасиеті, ол буынның жабық жарақаттарының патологиялық өзгерістерін

ерте анықтауына көмек береді. Мысалы, жылқының аяғының  — тізе, тұсамыс буындарының қан тамырларының, шеміршек, сүйек үлпаларының патологиялық өзгерістері және дәнекер ұлпаның өсуі ерте дәлелденеді / 40 /.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ   БӨЛІМ

 

          1 Зерттеу жұмыстарының бағыты Қазақстанның  халық  аралық ұйымына кіруіне байланысты және ғылымдардың дамуына, мал өнімдерін, түрлі жануарларды сатуға дайындау барысында, олардың сапасын көтеру қажет.

          Соңғы кездерде шет мемлекеттерде және ТМД елдерінде ұсақ және ірі жануарлардың  ауруларын  анықтау барысында рентген тәсілімен бірге ультрадыбыс әдісі  қолданылады. Бұл әдістің ерекшелігі ол ұлпадағы патогендік өзгерістерді  ертерек анықтауға жағдай тудырады және уақытында сапалы дәрігерлік көмек жасауды талап етеді. Айтылған әдісті Қазақстанның жылқы шаруашылықтарында аяқ ауруларын анықтау, жетілдіру және енгізу өте қажет.

  • Зерттеу материалдары және әдістемелері

          Жылқылардың аяқтарының ауруларын анықтау барысында ультрадыбыс қолдану ережелері, рентген, клиникалық зерттеу тәсілдері пайдаланды. Осы жылқылардың аяқ ауруларын түрлі тәсілдермен анықтауын жалпы клиникалық белгілерімен салыстырылды. Анықтау барысында тәжірибиелік және бақылау топтары құрылды. Зерттеу топтары белгілі әдістермен анықталады, ал бақылау тобы клиникалық белгілеріне байланысты анықталады. Олардың анықтау уақыт мерзімдері салыстырылды. Зерттеу жұмыстарын бастау алдында біз жылқылардың түрлі  аяқ  ауруларына байланысты ғылыми әдебиеттерге шолу жасадық.

          Жылқылардың аяғының тұсамыс буындарының контрактураларының алдын алу шараларының ішінде, ол уақытында патологиялық өзгерістердіі ажыратып – анықтау. Өндіріс жағдайларында, мал дәрігер мамандары ондай патологиялық  өзгерістерді  клиникалық белгілеріне және сипау арқылы анықтайды. Бұл тәсіл көбінесе толық ақпарат бермейді. Сондықтан, қазіргі уақытта тәжірибиелік жұмыстарда жылқылардың аяқ буынының бақайдың беткейлік бүккіш бұлшықеті, байлам жарақаттарын анықтау үшін УДТ және термография тәсілдерін қолданады. Бұл айтылған әдістер қан ағымының , сүйек аралық , қосымша бұлшық еттердің  патологиялық  өзгерістерін ерте ажыратуға және уақытында сапалы дәрігерлік көмек жасауына  көмек  етеді. Көбінесе бұл, айтылған екі тәсіл бірге қолданғанда жақсы нәтиже береді / 39 /.

          Жоғарғы айтылған тақырыпқа байланысты, соңғы ғылыми деректерді қорыту жұмыстарының нәтижесінде  біз келесідей қорытындыларға келдік:

     Көптеген жылқылардың аяғының тұсамыс буынының бақайдың бүккіш бұлшықеттерінде, басқада ұлпаларында сыртқы механикалық әсердің себебінен (соққыдан, құлағанда, секіргенде және т.б.с.) жіті немесе созылмалы қабыну процессі басталады (тендинит немесе тендовагинит).

          Жоғары айтылған себептер бірнеше рет қайталанған кезде жіті тендинит созылмалы түрге  айналады. Осы кезде бақайдың бүккіш бұлшық еттінің талшықтары будасының айналасында немесе аралығында дәнекер ұлпа өсе, дами бастайды. Бұл кезде дәнекер ұлпа өсіп бақайдың бүккіш бұлшықетінің талшықтардың аралығындағы қан тамырларын, жүйке талшықтарын қысып, ығыстырады. Осы жағдайдың  әсерінен бақайдың бүккіш бұлшық еттінің ұзындығы қысқарады, бақайдың бүккіш бұлшық еттінің ұлпасының көректенуі және зат алмастыру процесстері  бұзылады. Осы кезде жылқының аяқ буынының бақайдың бүккіш бұлшық еттінің аумағында домбығу, ауырсыну, жергілікті ұлпаның қызуының көтерілу белгілері анықталады, ал бақайдың бүккіш бұлшық еттінің талшықтарының жұмыстарының бұзылуы, және тіреулі ақсақтық байқалады.

          Жоғары айтылған патологиялық өзгерістер көбінесе жылқылардың аяғының тұсамыс буындарының бақайдың бүккіш бұлшық еттінің аумағындағы дәнекер ұлпасының  өсуін және дамуын контрактура деп атаймыз. Шаруашылықтарда, біздердің байқауымыз, бойынша көптеген жағдайларда жылқының аяқтарының тұсамыс буынындағы бақайдың бүккіш бұлшық еттінің  жіті қабынулары уақытында анықталмай қалады, сонымен қоса дәрігерлік көмек кеш жасалады. Осының себебінен қолданған ем шараларының жақсы нәтижесі болмайды. Жылқылардың аяқтарының тұсамыс буынындағы бақайдың бүккіш бұлшықеттерінің жіті қабынулары  клиникалық  белгілеріне  байланысты  анықталды.

          Біздердің зерттеулеріміз бойынша көптеген жағдайда жылқылардың аяқтарының тұсамыс буынындағы бақайдың бүккіш бұлшықетерінің  жіті қабынулары  клиникалық  белгілері толық көрінбейді, сондықтан оған тиісті және уақытында  дәрігерлік көмек жасалмайды. Көрсетілген себептер қайталанған кезде тұсамыс буынындағы бақайдың бүккіш бұлшықетінің айналасында дәнекер ұлпа өсе бастайды, яғни контрактура пайда болады.

           Жылқылардың аяқтарының тұсамыс буынының бақайдың бүккіш бұлшықетінің жіті қабынуларының белгілері толық анықталмау жағдайында, біз оны дәлелдеу үшін ультрадыбыс тәсілін қолданып көрдік.

          Шаруашылық жағдайда жылқылардын аяқ ауруларын анықтау үшін олардан  зерттеу  топтарын  құрдық. Бірінші, екінші, үшінші зерттеу топтары, ал төртіншісі   бақылау тобы .

          Бірінші топ жылқыларының аяғының тұсамыс буынының бақайдың бүккіш бұлшықетінің патологиялық өзгерістері тіреулі ақсақтық пайда болғаннан кейін клиникалық белгілері және рентген тәсілін қолданғанда үшінші күні ғана толық анықталды.

          Ал ультрадыбыс тәсілін қолданғанда екінші зерттеу тобының жылқыларының аяғының тұсамыс буынының бақайдың бүккіш бұлшық еттінің даму патологиялық өзгерістері 1, 2, 3 күндерінде анық көрінді, яғни бұл әдіс жедел анықтау, және аяқтың тұсамыс буынының бақайдың бүккіш бұлшықетінің жіті қабынуын анықтауда өте қажет.              .                                                            1 сурет. Асыл тұқымды жылқы« Маргарита»4826 нөмерлі жылқының  алдыңғы аяқтарының сыртқы клиникалық көрінісі. Төмендегі көрсетілген 1 суретте  жылқының сол алдыңғы аяғының  бақайдың беткеилік бүккіш бұлшық етінің бүтіндігі бұзылмаған домбығу анық көрініп тұр, флюктуация байқалады және және қолмен сипағанда ауырсыну анықталады.

          2 сурет.Асыл тұқымды жылқы «Бакула» 4773 нөмерлі жылқының артқы сол аяғының тұсамыс буынының бақайдың бүккіш бұлшық етінің маңында жіті қабынудың клиникалық белгілері көрінеді, домбығу ауырсыну байқалады.

          3 сурет. Төмендегі көрсетілген асыл тұқымды жылқы «Маргарита»4826 нөмерлі жылқының рентген суретіне қаптал проекцияда түсірілген латера медиальды көрінісі, сүйек ұлпасы өзгермеген, бірақ бақайдың терең бүккіш бұлшық етінінің айналасында домбығу бар.

          4 сурет:  Төмендегі көрсетілген асыл тұқымды жылқы «Бакула» 4723 нөмерлі жылқының рентген суретіне қаптал проекцияда түсірілген латера медиальды көрінісі, сезам тәрізді сүйектің ығысуы және тұяқ шеміршегінің сүйектену байқалады.

          5 сурет. Төмендегі көрсетілгенУДТ арқылы асыл тұқымды жылқы « Маргарита »4826 нөмерлі жылқының  тұсамыс буынындағы бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық еттінің көлемі Д1-18,4мм.2.Бақайдың терең бүккіш бұлшық еттінің көлемі Д2-10.3.мм.3.Сүйек аралық бүккіш бұлшықетінің көлемі Д3-7.55.   

          6 сурет. Төмендегі көрсетілген УДТ арқылы асыл тұқымды жылқы «Бакула» 4773 нөмерлі жылқының  тұсамыс буынындағы бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық еттінің көлемі. Д1-10.2.2.бақайдың терең бүккіш  бүккіш бұлшық еттінің көлемі Д2.9.41.3.Сүйек аралық бүккіш бұлшық етінің көлемі Д3-12мм.

          7 сурет. Асыл тұқымды жылқы « Рита» 7978 (зерттеу тобы, емге дейін). Жылқының алдынғы аяғының рентген суретіне )))))қаптал проекцияда түсірілген латера медиальды көрінісі.

          8 сурет. Асыл тұқымды жылқы  Альеонора 4826 (зерттеу тобы, оң  алдынғы аяғы, емге дейін). Алдыңғы аяқтың рентген суретіне қаптал проекцияда  түсірілген дорсальды польмарлы көрінісі.

          9 сурет.   Асыл тұқымды жылқы « Рита» 7978 (зерттеу тобы, емге дейін). Алдыңғы аяқтың топай буынының бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық еттерінің (УДТ) арқылы көрінісі. Патологиялық  қабынудың  көлемі D1 – 14 мм. Бақайдың терең бүккіш бұлшық етінде қабыну көлемі:  D2 – 8,49 мм. Сүйек аралық бүккіш бұлшық етінің қабыну көлемі:  D3 – 9,43 мм

          10 сурет. Асыл тұқымды жылқы   «Альеонора» 4826 (зерттеу тобы, оң  алдыңғы аяғы, емге дейін). Алдыңғы аяқтың топай буынының бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық етінің қабынған патологиялық қабынудың  көлемі D1 – 13,4 мм. Бақайдың терең бүккіш бұлшық етінде қабыну көлемі:  D2 – 9,13 мм. Сүйек аралық бүккіш бұлшық етінің қабыну көлемі:  D3 – 8,47 мм

          11 сурет. Асыл тұқымды жылқы «Вальта» 3276 (зерттеу тобы, оң  алдыңғы аяғы, емге дейін). Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық еті қабынған патологиялық  қабынудың  көлемі D1 – 18,4 мм. Бақайдың терең бүккіш бұлшық етінде қабыну көлемі:  D2 – 10,3 мм. Сүйек аралық бүккіш бұлшық етінің қабыну көлемі:  D3 – 7,55 мм

          12 сурет. Асыл тұқымды жылқы  « Аврора» 1265 (зерттеу тобы, оң  алдыңғы аяғы, емге дейін). Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық еті қабынған патологиялық  қабынудың  көлемі D1 – 17,7 мм. Бақайдың терең бүккіш бұлшық етінде қабыну көлемі:  D2 – 9,86 мм. Сүйек аралық бүккіш бұлшық етінің қабыну көлемі:  D3 – 7,67 мм

          13 сурет. Асыл тұқымды жылқы  « Катарина» 8521 (зерттеу тобы, сол артқы аяғы, емге дейін). Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық еті қабынған патологиялық қабынудың  көлемі D1 – 9,9 мм. Бақайдың терең бүккіш бұлшық етінде қабыну көлемі:  D2 – 7,72 мм. Сүйек аралық бүккіш бұлшық етінің қабыну көлемі:  D3 – 7,39 мм

          14 сурет. Асыл тұқымды жылқы  « Мадина» 2858 (бақылау тобы, сол артқы аяғы, емнен кейін). Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық еті қабынған патологиялық қабынудың  көлемі D1 – 12,0 мм. Бақайдың терең бүккіш бұлшық етінде қабыну көлемі:  D2 – 6,92 мм.       Сүйек аралық бүккіш бұлшық етінің қабыну көлемі:  D3 – 6,86 мм

          15 сурет. Асыл тұқымды жылқы  «Вальта» 3276 (бақылау тобы, сол  алдынғы аяғы, емнен кейн ) Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық еті қабынған патологиялық  қабынудың  көлемі D1 – 18,1 мм. Бақайдың терең бүккіш бұлшық етінде қабыну көлемі:  D2 – 8,99 мм.  Сүйек аралық бүккіш бұлшық етінің қабыну көлемі:  D3 – 8,3 мм

          16 сурет. Асыл тұқымды жылқы « Аврора» 1265 (зерттеу тобы, оң  алдыңғы аяғы, емнен кейін ).  Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық еті қабынған патологиялық  қабынудың  көлемі D1 – 16,9 мм. Бақайдың терең бүккіш бұлшық етінде қабыну көлемі:  D2 – 9,4 мм. Сүйек аралық бүккіш бұлшық етінің қабыну көлемі:  D3 – 8,0 мм

          17 сурет Асыл тұқымды жылқы «Катарина» 8521 (зерттеу тобы, срл артқы аяғы, емнен  кейн ) Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық еті қабынған патологиялық  қабынудың  көлемі D1 – 11,6 мм. Бақайдың терең бүккіш бұлшық етінде қабыну көлемі:  D2 – 8,0 мм. Сүйек аралық бүккіш бұлшық етінің қабыну көлемі:  D3 – 6,0 мм

          18 сурет.  Бақылау тобындағы асыл тұқымды жылқы«Эллада»7479 сол аяғының тұсамыс буынының рентгенге қаптал проекцияда түсірілген латера медиальды  суреті,  патологиялық өзгерістер байқалмайды.

          19 сурет. «Мадина» асыл тұқымды жылқының 2858 аяғының тұсамыс буынының рентгенге қаптал проекцияда түсірілген  латера медиальды суреті,  патологиялық өзгерістер байқалмайды, тұяқ  шеміршектерінің сүйектенулері анықталады.  Зерттеу барысында, жылқының аяғының тұсамыс буынындағы, бақайдың бүккіш бұлшықетінің  қабынғаны байқалады және домбығуы көрінеді.  

          20  сурет.  «Вальта» 3276 асыл тұқымды жылқының  аяғының тұсамыс буынының рентгенге қаптал проекцияда түсірілген латера медиальдыкөрінісі,  патологиялық өзгерістер байқалады, бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық етінің ісінгені көрініп тұр.

          21 сурет. «Аврора» 1265 асыл тұқыьды  Рентген суретінде  сезам тәрізді сүйектің жоғары  ығысуы  және тұяқ шеміршегінің сүйектенуі байқалады.

 

 

 

          1 сурет. Жылқының  алдыңғы аяқтарының сыртқы клиникалық көрінісі.

 

 

                    2 сурет. Жылқының артқы аяқтарының сыртқы клиникалық көрінісі.

          3 сурет. Жылқының алдыңғы аяғының рентген суретіне қаптал проекцияда түсірілген латера медиальды көрінісі.                   

 

 

          4 сурет. Жылқының артқы аяғының рентген суретіне қаптал проекцияда түсірілген  латера медиальды көрінісі.

 

 

 

 

          5 сурет. Жылқының алдыңғы аяғының (УДТ) суретіне тусірілген көрінісі. 

 

 

          6 сурет. Жылқының артқы аяғының (УДТ) суретіне тусірілген көрінісі

 

 

 

 

 

Қорытындылап келсек екі рентген     суретінде де жылқылардың тұсамыс буынының бақай бұлшық еттерінің жіті қабынуы немесе басқа да жіті патологиялары анықталмайды. Бұл тәсілмен, тек қана аяқ аумағындағы созылмалы патологияларды анықтауға болады. Ал енді сол жоғарыда айтылған аяқтарды УДТ тәсілдермен тексерілді. Олардың нәтижелері 5 және 6 суреттерде көрсетілген.

1.2 Зерттеу жұмыстары ЖШС «РАХАТ»  шаруашылығының  асыл тұқымды жылқыларының аяқ тұсамыс буындарының контрактурасының дамуын тексердік. Бұл зерттеу жұмыстарында жануарларды тексеру кезінде жалпы  және жергілікті ерекше клиникалық зерттеу тәсілдерін  қолдандық. Мысалы, рентген және УДТ әдістері. Айтылған,  түрлі патологиялық өзгерістерді анықтау және тексеру кездеріндерде біз тасымалы рентген «ДИНА-1 » және ультрадыбыстық портативтік «EICKMEYER MAGIC 2000»  мен  бірге арнаулы  3,5 МГц  R- 60 конвекстік, 80 элементтерден тұратын, 4 баспалдақты, көрсеткіштері жиі ауысатын ( 2,5/3,5/4,0/5,0 МГц ) датчиктерін қолдандық.

УДТ  зерттеулердің  нәтижесінде  келесідей суреттер жасалынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          7 сурет. Асыл тұқымды жылқы  Рита 7978 (зерттеу тобы, емге дейін). Жылқының алдыңғы аяғының рентген суретінеқаптал проекцияда түсірілген латера медиальды көрінісі.

 

 

          8 сурет. Асыл тұқымды жылқы Альеонора 4826 (зерттеу тобы, оң  алдыңғы аяғы, емге дейін). Алдыңы аяқтың рентген суретіне қаптал проекцияда түсірілген латера медиальды көрінісі.

          9 сурет   Асыл тұқымды жылқы Рита 7978 (зерттеу тобы, емге дейін). Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық етінің домбығуы УДТ арқылы көрінісі.

          10 сурет Асыл тұқымды жылқы Альеонора 4826    (зерттеу тобы, оң  алдыңғы аяғы, емге дейін). Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық етінің домбығуы УДТ арқылы көрінісі.

 

 

          11 сурет Асыл тұқымды жылқы Вальта 3276 (зерттеу тобы, оң  алдыңғы аяғы, емге дейін). Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық етінің домбығуы УДТ арқылы көрінісі.

 

12сурет Асыл тұқымды жылқы  Аврора 1265 (зерттеу тобы, оң  алдынғы аяғы, емге дейін). Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық етінің домбығуы УДТ арқылы көрінісі.

 

 

          13 сурет Асыл тұқымды жылқы  Катарина 8521 (зерттеу тобы, сол артқы аяғы, емге дейін). Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық етінің домбығуы УДТ арқылы көрінісі.

          14 сурет Асыл тұқымды жылқы  Мадина 2858 (бақылау тобы, оң  алдыңғы аяғы, емнен кейін). Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық етінің домбығуы УДТ арқылы көрінісі.

 

 

          15 сурет Асыл тұқымды жылқы  Вальта 3276 (бақылау тобы, сол  алдыңғы аяғы, емнен кейін ) Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық етінің домбығуы УДТ арқылы көрінісі.

 

 

          16 сурет. Асыл тұқымды жылқы  Аврора 1265 (зерттеу тобы, оң  алдыңғы аяғы, емнен кейін ).  Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық етінің домбығуы УДТ арқылы көрінісі.

 

 

          17 сурет Асыл тұқымды жылқы  Катарина 8521 (зерттеу тобы, сол артқы аяғы, емнен  кейін ). Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшық етінің домбығуы УДТ арқылы көрінісі.

 

 

          18 сурет.  Бақылау тобының жылқысының «Эллада»7479 сол аяғының тұсамыс буынының рентгенге қаптал проекцияда түсірілген латера медиальды суреті,  патологиялық өзгерістер байқалмайды.

 

 

          19 сурет. Асыл тұқымды жылқы  Мадина 2858 нөмерлі жылқының оң  алдыңғы аяғы жылқының рентгенге қаптал проекцияда түсірелген латера медиальды көрінісі.

 

 

 

 

 

          20  сурет  «Вальта» асыл тұқымды жылқының 3276 сол аяғының тұсамыс буынының рентгенге қаптал проекцияда түсірілген латера медиальды суреті.

 

 

          21 сурет. Асыл тұқымды жылқы  Аврора 1265 оң  алдыңғы аяғы,  рентген суретіне қаптал проекцияда түсірілген  латера медиальды көрінісі.

         

1.3 Жылқының аяқ тұсамыс буындарының контрактурасының емін жетілдіру  Зерттеу тобының жылқыларының аяғының тұсамыс буындарының  жіті  қабынулары созылмалыға  айналғанда дәнекер ұлпа өсіп, дамиды, яғни контрактура  пайда  болады. Қазіргі уақытта, жануарлардың патологияларын емдеу барысында  келесідей  тәсілдер қолданады:

          Жоғары көрсетілген жағдайда, дәрігерлік мақсат дәнекер ұлпанын өсуін тоқтату, және оны мүмкіндігінше азайтып, жою. Мұндай кезде операциялық алаң дайындап, өңдеп, жансыздандырып  тенэктомия тәсілі пайдаланады, ол  дәнекер ұлпаларды кесіп — тіліп, сау ұлпалардан ажырату.

          Келесі тәсіл, ол дәнекер ұлпаны ыдырататын дәріні енгізу. Мысалы, ферменттік  препарат Лидаза. Ол,  препараттың ерітіндісі  контрактура болған жерге егіледі немесе ионофорез арқылы жіберіледі. Осы кезде, дәрінің ферменттері дәнекер ұлпаны ыдыратады. Бұл, айтылған емдеу препараттарының  кемшіліктері де бар. Мысалы,  көрсетілген  тәсіл  ұзақ  уақыт

( 1 — 2 екі ай ) қолдануы  керек, арасында  2 апта үзіліс болуы керек, және контрактураның алғашқы даму сатыларында ғана жақсы әсер етеді, ал контрактураның себептері қайталанса, дәнекер ұлпаның өсуі, дамуы қайталанады.

          Белгілі, ескі халық емдеу тәсілдердің бірі, ол күйдіру. Жылқының аяғының  тұсамыс буынының  контрактура болған жердегі дәнекер улпаны ыстық темірмен немесе арнаулы термокаутермен күйдіреді. Осы кезде дәнекер ұлпаның дамуы тоқталады  және ол  ыдырай бастайды. Жоғары температураның тітіркендіргіш әсерінен күйген жерде жаңа торшалардың өсуі, дамуы  басталады. Бұл тәсілдің кемшілігі, ол контрактураның алғашқы сатыларында ғана жақсы емдеу қасиетін көрсетеді және жас жылқылардана ғана оң нәтиже береді. Көп жағдайларда, контрактура одан сайын өршіп өсіп,  дамиды.

Соңғы кездерде жылқылардың аяқ сіңірлерінің контрактурасын емдеу үшін   көптеген жаңа дәрілер мен әдістер қолданылады. Мысалы, сондай белгілі  препараттардың бірі  «ХИОНАТ» / 40 /. Оның құрамына биотехнологиялық жолмен алынған гиалуронат натрий кіреді. Ол сульфатсыз гликозаминогликан қоспаларына жатады. Оның оң қасиеттері:

  • Синовиальдық сүйықтықты қоюлатады;
  • Синовиальдық мембрананың сұзгіш қасиетін өңдейді;
  • Синовиальдық сұйықтықтың құрамын бір қалыпты ұстайды;
  • гиалин шеміршегінің құрамына кіреді;
  • гиалин шеміршегін көректі заттармен қамтамасыз етеді.

                     Жоғарыдағы жылқылардың сіңір, байлам контрактураларының анықтау, емдеу ғылыми деректерінің нәтижелерін ескере отырып біз құрылған зерттеу топтарын ( 3 — топ, 4 — бақылау тобы ) емдеу жұмыстарын жүргіздік.

Бірінші топ жылқыларының аяғының тұсамыс буынының контрактурасын даму дәрежелерін анықтап, оларды 3 топшаға бөлдік ( ауыр, орта, жеңіл ). Көрсетілген аумақты, дайындап, өңдеп, бірнеше жерін термокаутермен күйдіріп, 6 сағаттан кейін дәнекер ұлпа дамыған жерге әр жеріне 0,5 мл Гиалаза (3 — 6 мың. ЕД гиалуронидаза )  дәрісі  шприц арқылы егілді.Ол дәрінің құрамында 1 мл ( 25 мг) гидрокортизон қостық.  Емдеу жұмыстарының  нәтижелері 1 кестеде көрсетілген.

Бірінші топ жылқыларының аяғының тұсамыс буындарының жеңіл дәрежелі контрактурасын Гиалаза дәрісімен емдегенде NN 7978, 4654, 7147, 60 күнде  жазылды, ал орта дәрежелі контрактуралықтар — NN

2858, 3969  70 күннен кейін жазылды. Ауыр дәрежелі контрактуралықтар- NN 8949, 5281 — 85 — 90 күннен кейін жазыла  бастады

          Екінші топ жылқыларын дайындағаннан кейін аяғының тұсамыс буынының дәнекер ұлпа дамыған жерлерін термокаутермен күйдіріп,соңынан Хионат дәрісін күрең тамырға 4 мл жіберілді, және бір аптадан  кейін тағы 4 мл егілді. Бұл дәрінің ем нәтижелері 2 кестеде көрсетілген. Екінші топ жылқыларының жеңіл дәрежелі контрактурасы Хионат дәрісімен емдегенде – үш бас жылқы (NN 4523, 5715, 3658 (N 40  күннен кейін жазыла бастады. Орта дәрежелі контрактурасымен екі бас жылқы (NN 1265, 7812) 60 күннен кейін жазылды. Ауыр дәрежелі контрактуралықтар екі бас жылқы (NN 8945, 6354) – 80 күннен кейін жазыла  бастады.

          Үшінші топ жылқыларды дайындық жұмыстарын өткізгеннен кейін, тағы термокаутермен күйдіріп, 6 сағаттан кейін, контрактура болған жерге 50 % Диметисульфоксид (ДМСО) ерітіндісімен ылғаландырып, үстінен байлам қолдандық. Ерітіндіні пайдалану алдында оның құрамына  1%  кристаллдық иод қостық.  Дәрінің ем нәтижелері  3  кестеде көрсетілген. Үшінші топ топ жылқыларының ауыр, орта, жеңіл дәрежелі контрактуралары Диметисульфоксид  дәрісімен емделгенде – екі бас (NN 5269, 7145 – жеңіл дәрежелі)  60  күннен кейін жазыла  бастады, ал бір бас (N2647) 65 күннен кейін, ал екіншісі (N 8163) – 70 күннен кейін жазыла  бастады.Ауыр дәрежелілер жазылмады.

          Төртінші – бақылау топ. Жылқыларды дайындағаннан кейін, контрактура болған жерлерін камфор майын жағып, бірнеше сағаттан кейін гидрокортизон жібердік. Нәтижелері 4 кестеде келтірілген. Төртінші – бақылау тобы – Гидрокортизон дәрісімен емделді. Онда 3 бас жылқы (NN 1347, 3765, 3554 – жеңіл дәрежелі) 30 күннен кейін жазыла бастады, ал төртіншісі (N 1987 ) 60  күннен кейін  жазыла  бастады(N5986) 65 күннен кейін, ал екіншісі (N 5891) – 70 күннен кейін жазыла  бастады.Ауыр дәрежелілер(N2346) – 90 күнде жазылды.

 

          Жоғарыда көрсетілген дәрілердің келесідей қасиеттері бар:

 

  • Гиалаза оның құрамында гиалуронидаза ферменті бар, оның ерекше қасиеті, ол дәнекер ұлпадан тұратын тыртықтарды контрактураны ыдыратады.
  • Хионат синовиальдық сүйықтықты қоюлатады, синовиальдық мембрананың сүзгіш қасиетін өңдейді, синовиальдық сұйықтықтың құрамын бір қалыпты ұстайды, гиалин шеміршегінің құрамына кіреді, гиалин шеміршегін көректі заттармен қамтамасыз етеді.
  • Диметисульфоксид (ДМСО) жылдам ұлпаларға сіңеді қызу төмендеткіш, қабынуды жою, жансыздандыру, бактерицидтік қасиеттері бар.
  • Гидрокортизон – қабынуды жою, зат алмастыру процесстерін, қан тамырларының ағымын жиелететін қасиеттері бар.

 

           Төрт зерттеу топтарында біз күйдіру тәсілін қолдандық, өйткені жылқының тұсамыс буынының контрактурасы , ол созылмалы ауруға жатады. Ал, сапалы дәрігерлік көмек жасау үшін, оны жіті түрге айналдыру керек. Соны, ескере отырып біз, оны күйдіру тәсілі арқылы жіті түрге келтіріп тиісті емін қолдандық.

 

 

1.4 Экономикалық тиімділікті есептеу

Жылқының  аяғының буындарының жарақаттары  шарушылықтарда жиі кездеседі. Көп малдардың басы бір орында ұстағанда, және зоогигиеналық тәртібінің бұзылуынан, спортивті сайыстардан (байгі, дерби) кейін ол жарақаттарға әкеліп соғады және аурудың асқынуына себеп етеді. Мысалы, хирургиялық инфекциясын дамуына.

Буынның патологиялық процесстің дамуына байланысты ауру малдың денесінде жалпы өзгерістер пайда болады.

Бұл жануардың өнімділігі, шаруашылық құндығы төмендеп кетеді. Бұлардың бәрі шаруашылыққа экономикалық шығын әкеледі.

Жылқының аяқ артритінен болатын экономикалық шығынды анықтау үшін біз бір топ ауру малды алдық. Бұнда, айтылған аурудың үш дәрежесі болды. Топта 36 бас жылқы болды. Эксперименттің орташа ұзақтылығы 35 күн болды.

Малдың шарасыз союдың экономикалық шығынын келесідегі формуламен анықтадық:

У 1 = М · Ж · Ц ­ С ф ;

М – шарасыз сойылған малдың саны;

Ж – бір жылқының орташа салмағы;

Ц – бір бірліктегі өнімнің құны;

С ф  – сойылған малдың өнімінің сатқаннан кейінгі түскен ақшасы.

Эксперимент мерзімінде  шарасыз 5  мал басы сойылды.

Бір бастың орта салмағы 450 кг. Сатылатын  1 кг еттің бағасы  400 тенге  90 тиын. Мал өнімін сатқаннан кейін бағасы 2 205,0  тенге болды.

У= 5 · 450 · 1,90 ­ 2 205,0 

У= 1 570, 0 тенге.

Амалсыз союдың шығыны 2070,0 тенге.

 

 

 

Бұдан басқа шарушылыққа дәрігерлік жұмыстарды жүргізу үшін біраз қаржы жұмсалды.

Мұны анықтау үшін біз тікелей есеп жүргіздік. Мұнда дәрігерлік жұмыстарды жүргізген мамандардың ақылары жатады. Айтылған деректер төменгі 5 кестеде көрсетілген:

5 кесте

Штаттық қызмет

Жылдық орта жұмсалған қаражат

Бір күндік

қаражат

Бір сағатта

жұмсалған қаражат

Жұмсалған уақыт

Жұмсалған уақыттың бағасы

Мал дәрігері

240,0

тенге

0,240

тенге

33,3

тенге

8 часов

266,6

тенге

 

Мал дәрігерінің еңбек ақысы 240,0 тенге  00 тиын жұмсалды.

Дәрігерлік жұмыстың экономикалық тиімділігін АО «Ақсай асыл тұқымды зауыты» шаруашылығы мысалында  жүргіздік. Бұл шаруашылықта жылқының тұяқ, сүйел дерматит жарақаттарын емдедік.Бұл ауру шаруашылыққа көп экономикалық шығын әкеледі.

Дәрігерлік жұмыстардың экономикалық тиімділігін анықтау үшін біз дәрігерлік шараларының экономикалық тиімділігін анықтау тәсілін қолдандық.

( МСХ, М.1982 ).

Есептеудің алдында мен амалсыз союдың коэффициентін анықтадым

( Кл ). Бұл коэффициент амалсыз сойылған мал бастарының санының ауырған малдардың санына қатынасы.

Зерттеу, бақылау мерзімде 5 бас мал ауыр дәрежелі бармақ жарақатынан, және қолданған кейбір дәрігерлік нәтижесі жоқ препараттардан амалсыз сойылды.

Дәрігерлік көмектің экономикалық шығынын біз келесі формуламен анықтадық:

Пу = Мл · Кл · Ж · Ц — У

Бұнда: Мл  — емделген мал басының саны;

            Мл  — шығын коэффициенті;

            Ж – бір мал бастың тірі орта салмағы (кг);

            Ц – бір бірліктегі мал өнімінің бағасы (тенге).

           У – шаруашылықтағы экономикалық шығын.

Алынған сан көрсеткіштерін жоғары айтылған формулаларға салғанда келесідей сандар анықталады:

Пу = 36 · 0,125 · 450 · 2 205,0  ­ 1 570, 0

Пу = 4 463 555 тенге

Қолданған шаралардың  әсерінен шаруашылықта экономикалық шығыннын алдын алу санынын мөлшері  4 463 555 тенге 00 тиын болды.

Жасалған дәрігерлік шаралардың барысында қосымша өнімнің бағасы болған жоқ, сондықтан келесідей формула пайда болады:

Эф = Пу — Зв

Бұнда, Пу ­ алдын ала қолданған ветеринарлық шаралардың әсерінен                   

                    болмаған  экономикалық шығын;

            Зв ­  дәрігерлік жұмыстарға жұмсалған шығын.  

Сандарды формулаға салып есептегенде келесідей нәтижеге жеттік:

Эф = 4 463 555 — 266,6

 

Эф =  4 463 289  тенге.

Емдеу жұмыстарын жұргізгендермен экономикалық тиімділігінің мөлшері 4 463 289  тенге 00 тиын болды, ал жалпы толық экономикалық тиімділікті анықтау үшын мен оны бір теңге  жұмсалған ақшаға формуламен есептедім:

Эр  = Эф : Зв  , сондықтан

Эр = 4 463 289  : 266,6

                                               Эр = 16 741,5

16 741,5 тенге 00 тиын — жасалған дәрігерлік жұмыстардын бір теңге жұмсалған ақшаға байланысты есептелген экономикалық тиімділігі.

 

2.1  Нәтижелерді қортындылау және бағалау

 

Тақырыпқа байланысты зерттеу жұмыстардын  нәтижесінде біз келесідей қорытындыларға келдік, ол:

  • жылқының аяғының тұсамыс буынының контрактурасын анықтау жұмыстарында рентгенмен, бірге УДТ тәсілін қолдану;
  • контрактураның алдын алу үшін спорт жылқыларын, әр сайыстан кейін, немесе айына бір рет УДТ тәсілімен тексеру жөн;
  • дәнекер ұлпалы тыртықтар бақайдың бүккіш бұлшықетінің, байламдары, буын аумақтарында уақытында анықталмай қалғанда, оны созылмалы жағдайдан, жіті түрге айналдыру керек;
  • контрактураның созылмалы жағдайынан жіті түрге айналдыру үшін

     арнаулы тәсілдер қолдану керек, мысалы, ол — күйдіру,   тітікендіргіш майлар қолдану, дәнекер, өліеттенген ұлпаларды кесу, тілік жасау.

          Жоғарыда көрсетілген басқа дәрілермен салыстырғанда жылқылардың аяғының тұсамыс буынының контрактурасын емдеу барысында жақсы нәтижелерді – Гиалаза және Хионат дәрілері  көрсетті. Емдік қасиеттерін емдеу барысында – жеті бас жылқы 20 — 25 күннен кейін жазыла бастады. Айтылған, дәрілердің жоғары нәтижелері олардың ерекше емдік қасиеттеріне, құрылысына байланысты. Мысалы, гиалазаның құрамында гиалуронидаза ферменті бар, оның ерекше қасиеті, ол дәнекер ұлпадан тұратын тыртықтарды контрактураны ыдыратады, ал хионат синовиальдық сұйықтықты қоюлатады, синовиальдық мембрананың сүзгіш қасиетін өңдейді, синовиальдық сұйықтықтың құрамын бір қалыпты ұстайды, гиалин шеміршегінің құрамына кіреді, гиалин шеміршегін керекті заттармен қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Болашақ бағыт туралы ұсыныстар

 

          Ғылымның дамуына байланысты болашақ зерттеу жұмыстарында жануарлардың түрлі жарақаттардың себебінен контрактура жағдайларын  емдеу үшін арнаулы пептидтерді  алу технологиясын дайындау, екінші жол, ол зертханалық жағдайда жібек волокондық матрицаларда полипотенттік торшаларды қолданып бақайдың бүккіш бұлшықетінің, байлам ұлпаларын өсіру технологияларын енгізу, жән ол жасанды ұлпаларды ұзақ сақтау технологияларын ізденіп, дайындау.

Гиалаза және Хионат дәрілерін Қазақстанда ұйымдастырып, шығару.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К О Р Ы Т Ы Н Д Ы

 

Зерттеу жұмыстарын қортындылап келіп біз келесідей ғылыми  нәтижелерге жеттік:

          1 Асыл тұқымды жылқылардың аяқ ауруларын анықтау барысында ультрадыбыс тәсілін рентгенмен, сипау, клиникалық зерттеу  әдістерімен салыстырғанда оның тиімділігі анықталды.

          2 Өзімдік зерттеулер бойынша ультрадыбыс тәсілінің тиімділіктері келесідей болды:

  • жылдамдық;(1 сағат уақыт арасында 10 бас жылқының аяқ ауруларын зерттеуге болады).
  • сезімталдық;
  • аяқ қан тамырларын,ұлпаларының өзгерістері ерте байқалады;
  • аяқ буынының бақайдың бүккіш бұлшық еттінің жіті қабынуы ерте анықталады.

          3 Біздің зерттеулерімізде ультрадыбыс тәсілінін жылқының аяқтарына қолданған кейін көптеген жағдайда іріңді микрофлораның себебінен пайда болатын асқыну қабынулар болмады,  яғни ультрадыбыстың толқындарының анық бактерицидтік қасиеті дәлелденді.

          4 Контрактураны  емдеу кезінде, соңғы ғылыми жаңалықтардың бірі, ол

сіңір мен байламдарды жібек волоконды матрицада полипотенттік торшалар арқылы өсіру және оны жарақат болған жерге енгізу, ал дәрілердің ішінен ең тиімдісі ол Хионатты  және полипептидтерді қолдану.

5 Жылқының аяғының сіңір мен байламдардың контрактурасының алғашқы патологиялық өзгерістерін, тек ультрадыбыс тәсілімен анықтауға болады.

          6 Жылқының аяғының тұсамыс буынынң контрактурасын анықтау жұмыстарында рентгенмен, бірге УДТ тәсілін қолдану.

          7 Контрактураның алдые алу үшін спорт жылқыларын, әр сайыстан кейін, немесе айына бір рет  УДТ тәсілімен тексеру керек.

          8 Контрактураның созылмалы жағдайынан жіті түрге айналдыру үшін

арнаулы тәсілдер қолдану керек, мысалы, ол — күйдіру,        тітікендіргіш майлар қолдану, дәнекер, өлеттенген ұлпаларды кесу,   тілік жасау.

          9 Жылқыларының аяғының тұсамыс буындарының жеңіл дәрежелі контрактурасын Гиалаза дәрісімен емдегенде NN 7978, 4654, 7147 алпыс,  күннен кейін жазылды, ал орта дәрежелі контрактуралықтар — NN

2858, 3969 —  жетпіс күннен кейін жазылды. Ауыр дәрежелі контрактуралықтар- NN 8949, 5281 — тоқсан күннен кейін жазыла  бастады.

          10 жылқыларының жеңіл дәрежелі контрактурасы Хионат дәрісімен емдегенде – үш бас жылқы (NN 4523, 4654, 3658 (N қырық  күннен кейін жазыла бастады. Орта дәрежелі контрактурасымен екі бас жылқы (NN 1265, 7812) алпыс күннен кейін жазылды. Ауыр дәрежелі контрактуралықтар екі бас жылқы (NN 8945, 6354) – сексен күннен кейін жазыла  бастады.

 

Ә Д Е Б И Е Т    Т І З І М І

 

1 Сапожков В.С. Диагностика, терапия и профилактика тендовагинитов у  

   спортивных лошадей // ж. Ветеринария № 5, 2006, с. 48.

2 Иноземцев И.Е., Матвеев Л.В., Богин Ө.Н. ж. Ветеринария №1, 1996.

3 Ливанова Т.К. Ветеринарные консультации для владельцев лошадей // ж.  

   Ветеринария № 1, М. Аквариум. 2000.

4 Насрубаева М.А., Стекольников А.А., Ветеринарное обеспечение в 

   современном ипобизнесе. Материалы 2- й международной науч.практ  

   конф.Спб, 2002

  • Калашник И.А., Логвинов Д.Д., Смирнов С.И. Незаразные болезни лошадей М.; Агропромиздат,1990.
  • Шакалов К.И. Болезни конечностей лошадей – М.Сельхозиздат,1952

7 Bayer Health Care Лечение неинфекционных артритов препаратом Хионат //   

   Рекламный проспект 2006.

  8 Бейдик О.В., Шоломов И.И., Ромакина Н.А. и др. Способ лечения               дегенеративных заболеваний опорно-двигательного аппарата // Патент RU №           2274472. 20.04.06.

   9 Черванев В.А., Стекольников А.А., Трояновская Л.П., Сапожков В.С., Левшиц  В.В. Способ лечения острых травматических тендовагинитов у лошадей //    Патент RU № 0002277001. 04.04.05.

 10 Нepbum, George,R.,Vedeloff, Russel Регулируемая шина для ослабления контрактуры  // Патент WO № 2005034798. 28.09.04.

 11 Подсобей Г.З., Волков И.Н., Герасимович Н.С. и др. Устройство для лечения контрактур // Патент  RU № 0002271177. 30.03.04.

 12 Jochum, Herbert Устройство для  растягивания сухожилий // Патент WO

           № 2005004759. 09.07.04.

 13 Altman, Gregory, H; Kaplan, David, L. et al. матрица для изготовления связок, сухожилий и другой ткани // Патент WO № 3043486.Университет Тафта.15.11.02.

 14 Jochum, Herbert Устройство для  растягивания сухожилий // Патент WO

           № 2005004759. 09.07.04.

 15 Breda Mary*Cullen;  Derek Walter*Silcock Пептиды для лечения контрактуры       раны // Патент  GB № 2373724 А1.28.03.01.

 16 Сиваконь С.В., Абалмасов К.Г. и др. Способ хирургического лечения                   контрактуры Дюпюитрена // Патент  RU № 2170549 С1. 20.07.01.

17 Шевцов В.И., Швед С.И. Способ лечения разрыва ахиллового сухожилия // Патент  RU № 2152182 С1. 10.07.00.

18 Амlang, Michel ; Thomas Zwipp, Hans Инструмент для чрескожного сшивания           ахиллового сухожилия швом, содержащим перитендинит // патент DE № 10015944 А1. Технический университет. Дрезден. 29.03.00.

19 Подсобей Г.З., Волков И.Н., Герасимович Н.С. и др. Устройство для лечения           контрактур // Патент  RU № 0002271177. 30.03.04.

20 Demopulos, Gregory A.;Yencho, Stephen, A. et al. Устройство для  восстанов —

ления  сухожилий и связок // Patent JP № 3682299 B22 11500928А.   04.12.1995.

21 Макушин В.Д., Солдатов Ю.Л. Способ лечения больных с контрактурами

локтевого сустава// Патент RU № 02177753 С2. 18.11.1997.

22 Kenney, John P.Ортопедическое устройство для лечения контрактуры // Патент  RU № 97827604.2803.97.

23 Meguire David A. Способ и устройство для иссечения сухожилия // Патент US    №  6217599 ВА, 27.05.99.

24 Дмитриев Г.И., Алейников А.В., Арефьев И.Ю. и др. Способ лечения тяжелых послеожоговых контрактур суставов // Патент  RU № 98108421, 10.03.2000.

25 Григорьева В.Д., Федорова Н.Е. и др. Способ лечения остеоартроза, осложненного синовитом и функциональными контрактурами суставов // Патент  RU № 2147851 С1 27.04.00.

26 Дмитриев Г.И., Охотина Л.А. и др. Способ лечения тяжелых сгибательно-разгибательных контрактур кисти после ожога // Патент  RU № 2172618 С2. Патент  RU № 2172618 С2.

27 Осипов А.А., Кожевников В.А. Способ лечения келоидных контрактур // Патент  RU № 000218103000.0307.00.

28 Вайман В.А. Способ лечения контрактуры крупных суставов с использованием СКЭНАР- терапии // Патент  RU № 99119792. 20.06.01.

29 Козлов В.А.,Кузнецова Н.Л. Способ хирургического лечения контрактуры Дюпюитрена субтотальной резекцией // Патент  RU № 2269963 С2. 20.06.01.

30 Чанцев А.В., Располова Е.А. // Способ лечения стойких посттравматических и после операционных контрактур  крупных суставов // Патент RU № 2000106970.27.12.01.

31 Andrew Sean Gordon * Daly Устройство для поддержки сухожилий и связок нижней  части  ноги  лошади // Патент GB № 2407777. 30.10.02.

32 Pakdaman, Saeed Крепежное устройство для фиксации сухожилия // Патент GB № 3055415. 27.12.02.

33 Sapinski Robert S.Вращающийся фиксатор для сухожилий // Патент US № 6875214 ВВ. 17.03.03.

34 Шимбарецкий А.Н. Способ восстановления ахиллового сухожилия при

разрывах // Патент  RU №2201160 С2. 27.03.03.

35 Жаденов И.И., Воскресенский О.Ю. и др. Способ лечения контрактур суставов   с дегенеративными изменениями // Патент  RU № 2235518. 27.08.03.

36 Фоминых А.А., Гюнтер В.З., Горячев А.Н. Способ анастомоза сухожилий // Патент  RU № 0002223054. 10.10.03.

37 Каныкин А.Ю., Мазуркевич Е.А., Холин А.В. и др. Способ диагностики повреждений ахиллового сухожилия // Патент  RU № 0002266709. 27.10.03.

38 Микусев Г.И. Способ восстановления поврежденного сухожилия сгибателя с использованием регенерата // Патент  RU № 2220675. 10.01.04.

39 Сапожков В.С., Черванев В.А., Стекольников А.А., Трояновская Л.П. Способ лечения асептических тендовагинитов у лошадей // Патент RU № 0002266147. 31.05.04.

40 Котельников Г.Я., Чернов А.А. и др. Способ хирургического лечения          застарелых разрывов ахиллового сухожилия // Патент RU № 0002230507.20.06.04.

     41 Дмитриев Г.И., Арефьев И.Ю. Способ лечения рубцовой сгибательной контрактуры // Патент RU № 2267301. 10.01.06.

     42 Сапожков В.С. Диагностика, терапия и профилактика тендовагинитов у спортивных лошадей // ж. Ветеринария № 5, 2006, с. 48.

     43.Тароведов Л.Н. новейшие методы и передовой методический опыт ликвидации копытных болезней у овец.М.Госиздат,1952.

     44 Шакалов К.И. профилактика травматизма с.-х.животных в промышленных комплексах.

     45 Шуклин Н.Ф., Рыбкин Н.А. и др. Полевая ветеринарно-санитарная экспертиза. Алма-Ата, кайнар,1971.

    46 Щедрина Н.О. Биомицин принекробациллезе северных оленей. Ветеринария, 4, 1956, с.27-28.

     47 Щербаков А.В. автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата ветеринарных наук.Алма-Ата,1966.

     48 Яковлев В.И.Домашнее скотоводство.Алма-Ата, Кайнар,1984.

     49 Акаевский А. И. Анатомия домашних животных. — М., 1984.-298 с.  

     50 Бирзан О. Клинико-рентгенологическая характеристика артроза тарсального сустава у коров: Автореф. дисс. канд. вет. наук. — Л., 1964.-19 с.

51 Богдашев Н. Ф. Вымя коровы. — М.-Л., 1961.-97 с.

52 Бурденюк А. Ф. Об остеоартрозах у быков. — Ветеринария. — 1962. — №7. — 18-23 с.

53Ващекин Е. П., Митяева М. П. Анатомия и физиология сельскохозяйственных животных. — М., 1974.-187 с.

54 Гурьев В. Н. Двусторонний коксартроз и его оперативное лечение. — Таллин, 1975.-276 с.

55 Диваков М. Г. Асептические некрозы костей и обоснование методов их лечения: Автореф. … докт. мед. наук. — М., 1991. — 36 с.

56 Закс М. Г. Молочная железа. — М.-Л., 1964.-207 с.

57 Ильичев В. Д., Карташев Н. Н. Общая орнитология. — М., 1982. -174 с.

58 Кильчевский Г. С. Аваскулярные некрозы головки бедренной кости в эксперименте . //ОТП. — 1963. — №7. — с.30-34.

59 Кильчевский Г. С. Аваскулярный некроз головки бедра в эксперименте: Автреф. дисс. … канд. мед. наук. — Одесса, 1964. — 22 c.

 

 

 

 

 

 

 

Р Е Ф Е Р А Т

 

Жұмыстың зерттеу мақсаты, ол жылқылардың аяғының тұсамыс буындарының контрактурасын зерттеу, анықтау, емдеу.

Зерттеу жұмыстарды «АО Рахат — палас» асыл тұқымды шаруашылығында жүргізілді. Арнаулы жұмыстарда 48 бас асыл тұқымды жылқылар пайдаланды.

Зерттеу барысында рентген «12П — 5» және ультрадыбыстық портативтік «EICKMEYER MAGIC 2000» УЗИ аппараттары  мен  бірге арнаулы  3,5 МГц  R- 60 конвекстік, 80 элементтерден тұратын, 4 баспалдақты, көрсеткіштері жиі ауысатын ( 2,5/3,5/4,0/5,0 МГц ) датчиктері қолданылды.

Жұмыс нәтижесінде 2 клиникалық көрінісі, 8 рентген және 11 УЗИ суреттері, 4 кесте дайындалды.

Зерттеу жұмыстарында 47 ғылыми әдебиет қолданылды, оның ішінде 12 шетелдік.