ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Зиятында ауытқу бар мектеп жасына дейінгі балалардың фонематикалық түсінігі
Алматы — 2009
МАЗМҮНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………
І. ТАРАУ. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ – ПЕДЕГОГИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ
- Мектеп жасына дейінгі зиатында ауытқуы бар балаларға психологиялық – педегогикалық мінездеме…………………………………………………
- Мектеп жасына дейінгі жоғарғы топ балаларының есту
фонематикалық қабілетінің қалыптасуы……………………………………………………..
- Мектепке дайындау бөлімінің жоғары топ Балаларына жасалатын дифференциалды жағдайдың теориялық негізі……………………………………………
ІІ. ТАРАУ. ЗИЯТЫНДА АУЫТҚУ БАР МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІГІ.
2.1 Тәжірибенің қалпы, міндеті, мақсаттары мен әдісі…………………………………
2.2Тәжірибенің нәтижелерін талдау…………………………………………………………….
2.3 Зерттелетін тәжірибенің міндеті…………………………………………………………….
2.4 Бақылау тәрбиесінің нәтижелерінің мақсаты, міндеті, талдауы……………….
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………………………..
ҚОСЫМША ……………………………………………………………………………………………..
Кіріспе.
Зерттеудің көкейкестілігі.
Баланың мектептік жағдайға жемісті кіру мен оқу ісін тез меңгеру , оны мектепке дұрыс дайындалуына байланысты. Аксенова, Өмірбекова, Бектаева, Самсонова Қ.А. т.б.
Арнайы мектептің басты мақсаты, әрбір баланың мектепке дайындығының, келесі сатыда мектептік бағдарламаны жемісті игеріп кетуінде.
Жазу мен оқудың психофизиологиялық негізі болып бірнеше талдау жүйелерінің бірігіп жұмыс атқаруда екені белгілі. Көптеген авторлардың зерттеулерінде, көрсетілгенг топтардың аталған жайттарды жүзеге асыру үшін сақтау қажеттілігі аталады. Мысалы: А.Н.Гнецеренов, В.В. Воронкова басқалар сауат ашу қажеттілігі үшін фонематикалық талдау мен ситезді сапалы ақыл-ес әрекеттері ретінде сақтауды көрсетеді.
М.В.Гнездилов, В.В.Воронкованың зерттеулері дыбыстарды артикуляциялық кинестетиклық талдаудың маңыздылығы мен қажеттілін сақтауды атап көрсете отырып, екінші жағынан әр дыбыстың әр сөзінде алатын орнын дұрыс қоюды негіздейді.
Фонетика – фонематика жетіспеушілігі бар балаларды мектепке дайындау, сауат ашу кезінде жоғарыда көрсетілген жайттар білінеді. Бұндай балаларды мектепке дайындау жемісті толыққанды болады деп айта аламыз. Мектепке дайындық кезінде көптеген балалар мектепке барар алдында зиятында ауытқуы бар олқылықтарды толық жеңе алмайды.
В.В.Воронкованың пікірі бойынша дифференциалдық ыңғайдың (әдіс) мақсты әр баланың әр топтаь сөйлеу деңгейіне арналған мазмұны салмақты материалды қамтуында:
— сөздердің барлық дыбыстарын анық беретін;
— барлық дыбыстарды дұрыс айта алатын, әсіресе бір дыбысты өзге дыбыспен алмастыру;
— 1 сынып балаларының сөз дыбыстарына талдай жасай алуын игеру қажет.
Осы мақсаттың әдістемелік пәні баланың мектеп бағдарламасын сенімді меңгеріп, өз сауатын жемісті ашуына себепкер болуында екенін баса айту керек. өкінішке орай қазіргі таңда зиятында ауытқуы бар мәселесі және ғылыми толыққан дифференциалдық әдіс баланы дайындауда сауат ашуында ғылыми негіздерге сүйенген бағытты қамти алмай отыр. Мектепке дайындық топтарын және 1 сынып бағдарламаларының жетілмегендігі, оны тәжірибиеде дұрыс қолдана алмауы, мектептегі бағдарламаны баланың игеріп кетуіне айтарлықтай қындықтар туғызады. Сонымен бұл проблема (қиындықтар) зерттеу мақсатын анықтауға негіз болады.
Зерттеудің мақсаты: Әртүрлі ақыл-кем балалардың олқылықтары бар балардың сауатын ашуда дұрыс астары кең, мәні зор әдісті тәжірибиеде қолдануында.
Мақсатқа сәйкес зерттеудің кеесі міндеттерін атай кетуіміз керек:
— «Сауат ашуға дайындық», « фонематикалық ойын», «дифференциялдық әдіс» ұғымдарының түсінігін ашу.
— Ақыл-ойы кем балаларының а)фонематикалық ойындарының қалпын меңгеру: Олардың жиынтығын, дәрежесін анықтау; б) олардың жиынтығының дәрежесін анықтау; в) мектептегі 1 сыныптағы дифференциалды әдісті дәйектеу және осы әдісті жетілдіру.
Зерттеудің нысаны болып мектепке дейінгі және 1 сыныптағы әртүрлі ақыл-ойы кем олқылықтары бар дайындық сыныптарының балаларын мектепке дайындау болып табылады.
Зерттеудің пәні болып ақыл-ойы кем олқылықтары бар дайындық және 1-ші сынып балаларына сауат аштыруда дифференциалдық әдісті қолдау болып табылады.
Зерттеудің ғылыми болжамдары.
Егер ақыл-ойы кем оқушыларды сауаттылыққа дайындылығы анықталса онда әдістердің нақтылығы дәлелденді. Балалардың қарым-қытынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми теориялық негізі айқындалды. Оқушылардың мәдениетін қалыптастырудағы тиімділігі арттырылды.
Зерттеудің әдістері.
Зерттеліп отырған мәселеге байланысты педагогикалық және әдістемелік еңбектерге талдау жасалынып эксперимент жасалынды.
Зерттеудің базасы
Алматы қаласы № 7 арнайы (түзету) мектеп-интернаты.
Зерттеуге қатысқандар дайындық сынып оқушылары 10 бала. 1 сынып оқушылары 10 бала.
Ғылыми зерттеудің жаңалығы мынада:
- « Сауат ашуға дайындық», «фонематикалық ойын», «дифференциялдық әдіс» түсінігі толық ашылды.
- Ақыл-ойы кем балаларды дайындық және 1 сынып балалардың фонематикалық ойындарын сатылай деңгеймен орналастырылды.
- 7 жасар балалардың фонема жайындағы түсінігі аңықталды.
- Ақылы кем балалардың фонематикалық түсінігінің динамикасы негізделді.
Практикалық мәнділігі.
Ақыл ойы кем баларды мектепке дайындау, сауат ашудағы жайттар ашылды. Кестеде көрсетілгендей сөз өзгерту дағдылары зиятында ауытқуы бар балаларда 40% — 45% -ті ғана қалыптасқан. Сөйлеуі қалыпты сақталған балалардың 50% дурыс айтады. Сонымен зерттеудің практикалық мәнділігі:
- Зиятында ауытқуы бар балалардың қарым-қатынас мәнділігін қалыптастырды
- Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптасыруға байланысты әдістемелік усыныстар жасалынды.
І ТАРАУ. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ – ПЕДЕГОГИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ
1.1 Мектеп жасына дейінгі зиатында ауытқуы бар балаларға психологиялық – педегогикалық мінездеме.
Орта және жоғарғы топ балаларының тіл жетіспеушілігінің көбін олардың дұрыс айтпауын құрайды.
Осы аталған топқа балалардың дыбысты дұрыс айтпауы мен көптеген дыбыстардың айтылуын дұрыс қабылдамауы жатады. Осы балалардың дыбыс айтуын мұқият зерттеу олардың кейбіреулерінің дыбыстың айтылымды қабылдауының «ырғақты – есту» қабілетінің жетілмегендігін білдіреді. Бұл олқылықтар жазу мен оқуды дұрыс қабылылдамауға ықпал етеді.
Сонымен фонетика — фонематика жетіспеушілік – бұл баланың ана тіліндегі сөздік қордың айтылу жүйесін бұрыс қабылдауы, сөзді бұрып айтуы мен оның айтылуында қателік жіберуі. Бұл топқа ақыл-есі дұрыс дамымаған балаларды жатқызамыз.
Логопеттік ғылыми тәжірибенің, физиологиялық және тіл психологиясының дамуы мен (Р.Е.Левина, Н.В.Ивачкин /41/ А.Р.Лурия) дыбыстың есту артикуляциондық интерпретациясының бұзылмауынын оны қабылдаудың деңгейі әртүрлі дәрежеге төмендейді.Р.Е.Левина /41/. Бала тілінің психологиялық зерттеу негізінде Левина, фонематикалық қабылдаудың,тілдегі дыбыстың , толық дұрыс қабылдауы үшін маңызды негіз береді пікірге келеді.Дыбысты дұрыс қабылдап қабылдау артикулярлық процестің жетімегені байқалады.
Балалар тілінің фонематикалық жетілуі оларға дыбыстық талдау жасауға мүмкіндік береді. Жетілудің деңгейін баланың дыбысты қабылдап оны сөзге дұрыс қойып,сол дыбысты дұрыс таба білуіне байланысты анықталады. Осыған орай бұл жерден жетіспеушіліктің бірінші 1-ші, 2-ші дәрежесін де анықтайды.
Екінші дәрежелік фонематикалық қабылдау жетіспеушілігі тілдік кинестезияның бұзылуында,ауыз мүшелерінің анотомиялық дұрыс болмауында байқалады.Бұл жағдайда дұрыс есту қабілеті бұзылыды, ал ол айту механизімдерінің дамуында маңызды роль атқарады. Сонымн қтар балалның сөйлей бастағандығы йналаны салбыр қабылдауы қабілетттің әлсіздігі де елеулі әсер береді.
Бұл құбылысты түсінуге мыны жағдайлар толық мінездем е береді.Бәрінен бұрын дыбыстық топтарды дифференционалды емес айту. Бала 1 дыбыс 2 дыбыс немесе оданда көп дыбыстарды ауыстыру айту үшін пайдаланады.өзіне жақсы дысты келген дыбыспен ауыстырып айтып , өзіне түскен қиындықты жеңеді.
Келесі жағдай ол дыбыстарды араластыру ол әр түрлі сөздегі тұтас дыбыстар тобын тұрақсыз қолдану .Бала бір жағдайды дыбысты дұрыс айтып, ал келесі жағдайда ол дыбысты артикуляциямен акустикалық белгісі бойынша соған жақын дыбыспен ауыстырып айтады.
Осы маңыздылықтардың барлығы айтылудың басқада қиындықтарынмен жалғасады ( Р — өнешті, С-тіс аралық дыбыс ). Бұл жағдай фонематикалық естудің жетіпмегеннің себебі яғни дыбыстарды айыра алмауы болып табылады.
Дыбыстарды дұрыс айтып, оны айыра алмаған бала сауат ашуға дайын бола алмайды.
Л.Ф.Сперова /42/ мектеп барар алдында ақыл ойы кем олқылықтары бар және дүрыс тілі жетілген балаларда бйқалады. Ол кісінің мәліметтері бойынша сөзден дауысты дыбыстарды дұрыс тілі жетілген баланың 78% ал, ақыл –ойы кем бар балалардың 46,2% таба алды.
Ол сөздегі дауыссыз дыбысты дұрыс тьілі жетілген балның 53,4% ақыл-ойы кем баланың 18% таба алады. әсіресе балаларға сөздің соңынан бастап дауысты дыбысты табу қиынға түсті. Бұл міндет ақыл-ойы кем баланың 3,1% дұрыс тіл дамымаған баланың 25,5% атқарып шықты.
Р.Е.Левина /41/ және т.б бұрынғы СССР дефектология институтының мамандары зерттеулері бойынша ақыл-ойы кем бар оқушылар бірінші кезеңнен – ақ жалпылама әдісті, бағдарламаны қолданғанда қиындықпен түсініп, ақырын оқиды және де көптеген қателіктер жібереді, өзінің оқығанын өзі түсіне алмайды.
Ақыл-ойы кем бар балаларды мектепке дайындаудың арнайы бағдарламасы, жоспары бар.
Бұл жүйенің маңыздылығы мынада мектепке дайындықты дыбысты дұрыс айтуға оқытуды дұрыс тілі жетілген балалар мен өткізу.
Оқу жүйесінде оқытылатын дыбыстар аралығындағы нақты ұқсастық, тақырыптар немесе жазу мен оқу мазмұны, фонемдік талдаудың басқада түрі қамтылған.
Тағы да маңызды мінездеме – ол баланы мектепке даярлау кезіндегі созылмалы кезеңнін ерекше мазмұндылығы.
Үшінші ерекшелік – балалар қабылдайтын материалдың әр жаңа кезеңнін өте ұқыптылықпен жіктеліп бөлінуі және оның мұқият өңделуі.
1.2 Мектеп жасына дейінгі жоғарғы топ балаларының
есту фонематикалық қабілетінің қалыптасуы.
Дүниге келе салысымен балаларды әртүрлі дыбыстар: адамдардың дауысы, әуен , ағаштар сыбдыры т.б қоршайды.
Бірақ осы дыбыстардың ішінен ол тектілдік дыбысты сөзбен санасына сіңіреді жәнеде сол арқылы өзінен үлкендермен байланысқа түседі,мәлімет алады,өмірге бейімделеді. Бала жеке сөздерді түсініп, айтпай тұрып, алдымен ол ишара арқылы адамдармен байланысады. Ақырындап бала сөздерді тыңдай бастайды, оларды салыстырып айтуға тырысады. Ол тағыда ана тілінің дыбыстарын естіп, оны айыра алатын болады, яғни сөздік дыбыстық жүйесіне назар аудаады.
Бала сөзді таза және дұрыс айту үшін , оны жақсы естуі керек . естеудіңдұрыс болмауы дыбыстық құрлымның айтылуын бұзады . Баланың тілдік естілімі – кен ауқымды түсінік. Ол өзіне сөзді есту назары қабілетін , тілдік әр түрлі сапасын қабылдауды оны аиыра алуды : тембірін , мәнерін қосадыжетілген тілдік есту л жақсы фонематикалық есту яғни ана тілінің барлық дыбыстарын дефференциолдық түрде қабылдау – бір – біріне ұқсас сөздер мағынасын айыра алу: там-тым, сая-сия
Баланың есту қабілеті өте ерте басталады. 2-3 апталық бала аракідік сөзге мән береді, 6-7 айлық бала дауыс ырғағына әсер етеді, ал біраздан соң дауыс тембрын да айыра алды. 2 жастағы бала дыбыстарды тоық естей алды , түсінеді бірқ оны дыбыстап айтуға әлі шамасы келмейді.
Осы мәселерді зерттеп жүрген ғалымдар ойынша мұндай жағдай күнделікті байланысқа түсуге жарғанымен, жазу мен оқу қабілетті үшін аздық етеді.
Оқуды қабылдау үшін баланың жана фонематикалық есту қабілеті қалыптасуы қажет немесе фонематикалық қбылдауы жетілуі керек яғни: сөзде қандай дыбыс естілетіннен айыра білуі,олардың орналасу тәртібі мен санынбілу керек. Бұ өте қиын қабілет: ол тілдік құрлымды тыңдай білуді, оны санда сақтауды,дыбыстың атауын есте сақтауды талап етеді.
Бұл зерттеулер сонымен бірге балаларға мектепке бармай тұрып-ақ оларға оқу жайында түсінік береді,оларға қызығушылықпен оятады. Әрбір фонема өзінің анықтамасы бар: өзіне ғана тән акустикалық құрлымы белгісі бар. Тілдік дыбыс (фонема) өзі жалғыз ешқандай мағынасы жоқ кішкентай ғана тілдік бөлшек. Бірақ ол дыбыстар сөзді құрайды,оны дұрыс айту арқылы адам байланысқа түседі.
Есту қабілетінің қалыптастыру жұмыстары барлық жастағы баллар топтарында жүргізіледі.
Балалармен есту назары мен өздерінің есту қабілетін жетілдіру үшін ойын өткізіледі. Жасы өсе келе ойындар қиындайды, мазмұны тереңдейді. Баланың фонематикалық қабылдауын оның өзінің тіліндей аналитикалық қбылдуын қайратын арттырады: тілдегі айыра тани алу, ол сөйлемдегі сөздерді – дыбысарды айыра алу, сабқ барысында балаларға « дыбыс» деген түсінік беріледі, әртүрлі сөздер мысалында балаға сөз дыбыстан тұратыны олардың орналсу тәртібін бір дыбысты өзге дыбыспен ауыстыру жайлы айтылады ( құс-қыс,шана-шама). Балаларды сөздің дыбыс ырғағына үйретеді.
«Дыбыс» деген түсінікті бекіту үшін сөздік жаттығу жүргізіледі (жұмбақты тыңдап шешімін табу – қандай да бір сөз) немесе өлеңнен қандайда бір дыбысы бар сөзді табу.
Дыбыстық құрамға қызығушылық тудыру үшін көркем шығарманы пайдаланады. Сөздің дыбыстық құрамына талду жұмысын жүргізгенде баллрдың назарын аударатын жқмыс өткізу керек,ол творчестволық, қызықты,күлкілі болуы қажет. Бұл баланың мектепке брар алдындағы фонематикалық қабылдауын өсіреді: 2-ші дыбысты тап, осымен сөз құра, 3-ші дыбысты тап,сөздегі оған сөз құра, сөздегі дауысты,дауыссыз дыбысты тап. Сөздегі 2-ші дуыссыз дыбысты тап,онымен сөз құра,сөздің соңы не дауыссыз,не дауысты дыбыспен бітетін сөз құра. Бұндай жаттығулар ойын түрінде құралады. Дыбыстық талдау жүргізу бала үшін, ойлану санасын оятады.
1.3 Мектепке дайындау бөлімінің жоғары топ Балаларына жасалатын дифференциалды жағдайдың теориялық негізі.
Қазіргі заманғы бала – бақшаның негізгі мақсаты, баланы тұлға ретінде мектепке дайындау болып табылады.
Бұл мақсаттың шешімі ретінде, бала бақшада үшінші оптимальды оқу бағдарламасын іске асыру, мазмұны ашық әдісті қолдану және де дифференциалды жағдайды баланың тұлға боып қалыптасып,оны мектептегі алғы бағдарламамен таныстыру,үйрету екенін естен шығармайық.
Психологиялық – педогогикалық әдебиеттерді талдау, мектеп жасына дейінгі баланы толық мектепке дайындау бір жағынын,олардың бір жыл ішінде тұлға болып қалыптасуна жеткізеді,ал екінші жағынан,ол базалық түрде,яғни бастауыш сыныптың оқу бағдарламасын игеру екенін көрсетеді.
Осыны зерттеген ғалымдар пікірінше мектепте дұрыс сабақ алған бала бірінші кезеңнен-ақ оқу бағдарламасын тез игеріп кетеді,мектеп өміріне бейім болады.(А.И.Раев,Р.Г.Вергелеев,А.И.Давичук,Л.А.Немчякова және т.б)
Қолдағы бар мәліметтерге сүйенген кейбір балалар мектепке барар алдында,ол жайында ешқандай түсінігі, білімі болмайды. Ал оқу барысында қиындықтар туғызады,бала оқу бағдарламасын игере алмай, жаңа кезеңге үйрене алмай қиналады.
Зерттеу барысында 6-7 жасар балаларды бақылағанда, мектепке дейінгі балалардың оқу дайындығының төмендігі көрінді.
Бұл жағдй 18% — 35 % /46/ дейінгі аралықты құрайды. (О.М.Лосева,Г.Ф.Кумаринка, Дауленскене және т.б)
Шындыққа келгенде өте жоғарғы деңгейде мектепке дайын балалармен қатар, төмен деңгейдегі балалар көп кездеседі,ең қызығы ол бір мектепте, бір сыныпта болған балалр әртүрлі деңгейде оқуға дайын болады. Бұл дегеніміз қазіргі мектеп оқытушыларының сабақтарының мазмұнсыздығы, әдісінің дұрыс еместігі, әр-түрлі сана деңгейіндегі балалар мен жұмыс жүргізе алмауы. Осы мәселердің себебі мектепке даярлау тобы тәрбиешісінің мектепке дайындау бағдарламасына дифференциалды әдіс жүгізе алмауы екенін айта кету керек.
Кейбір балаларда мінездерінде ұқсастық болады, тұғалық ұқсастықтары да жиі кғездеседі. Осыған орай оларға дефференциалды әдіспен қарап, оларды бір топқа біріктіру керек, жағдайға қарай мазмұны ауқымды бағдарлама құралады. (А.А.Кирсайов, И.У.Уил т.б.)
Саналы болашақ оқушыларда ерекше, жарқын қасиеттер бйқалады. Бұл балаларға педагог және тұлға ретінде дифференциалды әдіс оқыту қажет деп санлады. ( Я.И.Кавальчук, Л. П. Киязева, А.В. Галузинский)
Дифференциалды әдіспен оқуға бала дайындаудың жемісті қажеттілігі- тұлғаны бәріне тән қасиетпен, жеке ерекше, санаулы қасиетпен бірігіп оқыту. ( Б.М.Ломов, А.К.Абульханов т.б)
Оқуға барар балалардың ұқсас барлығы тән қасиеттерді анықтай отырып, олардың болашақта қай әлеуметтік топқа жататынды байқауға болады(Б.Г.Ананьев, Л.И.Божевич т.б).
Оқуға барар балалардың ұқсас барлығы тән қасиеттерді анықтай отырып , олардың болақшақта қай әлеуметтік топқа жататынды байқауға болады (Б. Г. Ананьев, Л. И. Божевич ).
Дифференциалды әдістің мәселелері жөнінде ғылыми жетілдіру мектеп, педагогигасында ас басып көрсетіледі (Ю. К. Бабанскии, А.А. Бударный т.б. ).
Ал мектепке дейінгі педагогика оның ең жарқын пікірлері мен зерттеу қортындыларын алады.
Психологияық – педагогикалық әдебиетке талдау жүргізу, дефференциалдық әдістің көптеген тұстарын түсіндіреді. Педагогтың жеке балаға ерекше әдіспен жүргізген жұмысына қарағанда, дефференциалдық әдіс бір топқа біріктірілген балалармен жұмыс жзасауға арнлған әдіс болып саалады және топтағы балалардың сана деңгейі бірдей болады (В. П. Шабалиа , т. Д. Тлейзер т.б. ).
Көптеген авторлардың дефференцианалды әдісті педагог әдісінің жиынтығы деп қарйды (Д. И. Бутузов және т.б. ).
Осы пікірге Н.В.Литвина, И.Э.Уит т.б жақын пікір айтады;дифференциалды әдіске қызы
ғушылығы,жұмыс істеу қабілеті,үлгерімі бар,балалармен бір топта педогогтың дәріс беруі және оның өзіндік әдісі деген нықтама береді.
Әйгілі бақылаушы И.Э.Уит дифференциалды әдіс сана деңгейі әртүрлі, бір топтағы балалармен педогогты жұмыс жүгізуі деп атап көрсетеді.Бұл жағдайда күшті топқа қиын жаттығулар, әлсіз топқа жеңіл жаттығулар беріледі. Топты оқушылардың өз қалауымен де біріктіруге болады.
Осы кезде балалр бір қызығушылықпен бір ұқсастық пен қоса достық қатынас пен де жұмыс жасайды. /50/
Зерттеушілер дифференциалды әдіс жүргізілетін жұмыс барысын түгелдей түрлендіреді деп санайды. Бұл әсіресе әр бір «күшті» әрбір «әлсіз» бала педогогтың назарында болған кезде өзінндік мінез алады,яғни «күшті» баланы одан да жоғары деңгейге талаптандыра отырып әлсізді жеңі жаттығуларын ақырындап қиындату екенін баса айтады. Осы аталған жұиыстарсыз баланы мектепке жемісті дайындау мүмкін емес.
Аталған жұмыстарды ұйымдастыру «дифференциалдық әсер ету»деп атаады. өзбетімен жұмыс жасушылығына сенімділігіне, саа деңгейіе байланысты бала өзіне тән міндетті жүктеп алады,ал тәрбиеші барлық балалар мен жұмысты басқарып отырады.
Кейбір зерттеулер тобы, дифференциалды әдісті оқу тәрбие бағдарын басөқарып отыратын бағдарлама деп атайды.
Л.Б.Сосновкий/53/ пікірінше дифференциалды әдіс педагогтың жұмыс істеу жүйесіне ыңғайлы «баланың» санасы мен оқуына педагогикалық диагностикалық талдау жасалады,топтың саа деңгейіне байланысты мазмұнды бағдар алу, әртүрлі сана деңгейіне орай жұмыс ұйымдастыру деп саналады /53/.
В.Г.Голушинский осы мәселеге қтысты дифференциалды әдіс әтурлі саа деңгейіндегі балаларды тұлға ретінде тәрбиелеп шығару баланы ұйымда жеке тәрбиелеу, педагогтың балалармен қарым-қатынасы, тәрбиелеу бғдарын дұрыстап отыру деген пікірлер айтады.
Зерттеушілердің пікірі дифференциалды әдісті педегогтың көз қарасын тұрғысынан «топтағы балаларға педагогтың жүйесінің әсер етуі» Н.Г.Маркова /49/ Н.Т.Миллюк, А.А.Кирсанов т.б
Дифференциалды әдістің бұл трактовкасы, оның бір жақтылығын және қазіргі педагогикадағы жаңа дамуды үрдісті көрсетеді.
Ал мына зерттеушілер : Н.М:Родионова, С.А.асчетика, т/б. Дифференциалды әдіс-ұқсас қасиеттегі бар топтағы балалардың, адам, тұлға ретінде қалыптасуына активті әсер ететін педагог пен бала арасындағы біріккен диалог жүйесі деген пікір айтады.
В.В.Бурма /55/ зерттеулер қорытындысы қазіргі заманда дифференциалды әдістің ғылыми жинақтамаларын баланы мектепке дайындауда қолдану, нақты шешімін бермеді деп атап көрсетеді. Кейбір жұмыстар теориялық негізсіз жасалған, мектепке барар баланың мінез, сана ерекшеліктері ескерілмеген делінеді.
Өкінішке орай,зиятында ауытқуы бар жоғарғы топ балаларына арналған дифференциялды әдістегі көрсетілген мәселелердің нақты ғылыми зерттеулерін талап етеді.
Бұл саланың нақты зерттелмегені және оның актуалдығы мынадай тақырып тудырды: мектепке дайындау құралы ретінде, зиятында ауытқуы бар балалардың фонетикалық жағдайының дифференциялданмауы.
ІІ ТАРАУ. ЗИЯТЫНДА АУЫТҚУ БАР МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІГІ.
2.1 Тәжірибенің қалпы, міндеті, мақсаттары мен әдісі.
Психологиялық – педогогикалық әдебиеттің териялық сараптауы мынаны көрсетеді: мектепке даярлаудың ең маңызды факторарының бірі болып, фонематикалық ойынның (сабақ) дәрежесін жетілдіру.
Тәжірибенің міндеті: Зиятында ауытқыуы бар мектепке дейінгі жоғарғы топ балаларын мектепке дайындауда фонематикалық ойын бір салаға біріктіріп оқыту, оның мектепке даярлықтың алдыңғы сатыларын құрайды.
Салыстыру үшін, тілінде ақауы жоқ жоғарғы топ балаларымен зерттеу жұмыстры жүргізілді. Мақсатқа сәйкес келесі міндеттер анықталды.
- Фонематикалық қабылдаудың жағдайын айқындалды.
- Фонематикалық талдаудың жай және қиын формасын анықтау.
- Фонематикалық синтездің жағдайн айқындау.
- Фонематикалық ойын (дәріс) жағдайын белгілеу.
5) Мектептегі зиятында ауытқуы бар алты-жеті жасар балалардың фонематикалық ойын (дәріс) дәрежесін дифференциялау және анықтау, сауат ашуға даярлаудағы дифференциялық әдістің қажетті қызметтерін анықтау.
Зерттеу жұмыстары Алматы қаласындағы 7 даму интеллектуалды қабілеті төмен балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп интернатында жүргізілді. Оған 20 1-ші сынып балалары қатысты.
- 10 бала тілдінде ақауы жоқ.
- Тілінде ақауы бар 10 бала.
Фонематикалық ойын (дәріс) жүргізуге материал таңдаудағы негізгі ұсталым болып жайдан қиындау жаттығуларға өтетін сатылы дәрістер болып табылады.
Зерттеу кезінде бала суреттерге мұқият қарап ондғы сәкес тапсырманы орындап шығуын ұсынады. Зерттеуді нақтылау үшін балаларға келесі тапсырмалар берілді.
Фонематикалық түсінікті зерттеу.
1 – тапсырма: Белгілі дыбыстың сөзде бар,жоқтығын анықтау.
Логопед: «р» деген дыбыс «нар» деген сөзде бар ма?
Қолданылған суреттер: Ту, алмұрт, ине, кілт, балта.
2 – тапсырма: Логопед суреттерді көрсетеді, бала белгілі дыбысы бар суретті тауып, көрсетуі керек.
Нұсқау: «р» дыбысы бар барлық суретті көрсет.
Қолданылған суреттер: Балға, ине, маса, қарға, кірпі, қарандаш, аю.
3 – тапсырма: Белгілі дыбысы бар сөзді есту. Балаға белгілі бір дыбысы бар
сөзді, бір материалды тыңдау арқылы табу ұсынылды. Нұсқау: «мен сөйлемдерді оқимын, ал сен мұқият тыңдап, «Қ» дыбысы бар сөздерді тап. «Қарға қарқ деді»
«ж» Тұрма жай,
Қамыр жай.
«т» Бүгін той,
Іш, же той.
«н» Мінгені нар,
Жігіт екен нар.
«с» Шығармай ес,
Қайықты ес.
«ө» Жеміс өскен бақты,
Күзетіп бақты.
«ү» Түс ауа,
Салқындады ауа.
«ұ» Малға бай,
Бұл бір бай.
«ш» Ет ас,
Ішеміз ас.
4 – тапсырма: Дыбыстары ұйқас суреттерді таңдап алады. Логопед бір дыбысы ғана өзге сөзді атайды және де осыған сәйкес суреттерді көрсетеді. Нұсқау: бақа қайсы, бала қайсысы көрсет. (шар – жар, күн – түн, борсық – торсық, сазан – қазан, тары – сары, ұшақ – ошақ, жақша – бақша, бөрік — өрік)
Фонематикалық талдауды зерттеу.
Фонематикалық талдауды зерттеу үшін Л.Ф.Спированың методикасы қолданылды. Ол әдіс зерттеуді дауысты дыбысты табуды бастаудан ұсынады және ол дыбыс сөздің басында, соңынан дауыссыз дыбыс тұруы керек, сөйтіп қиындау тапсырмаға көшеді.
5 — тапсырма: Сөздің алдында тұрған дауысты дыбыс.
Логопед: Әтеш сөзінің қай жерінде «ә» дыбысы тұр.
Қолданылған суреттер: Тырна, аю, әтеш, қоян.
6 – тапсырма: Сөздің ортасындағы дауысты дыбысты тап.
Қолданылған суреттер: Бал, сыр, шам, күн.
7 – тапсырма: Сөздің соңындағы дауысты дыбысты тап.
Қолджанылға суреттер: Қасқыр, елік, үстел, кенгуру.
8 – тапсырма: Сөздің соңындағы дауыссыз дыбысты тап.
Қолданылған суреттер: Қайың, тиын, бақа, қуыршақ.
9 – тапсырма: Сөздің алдындағы дауыссыз дыбысты тап.
Қолданылған суреттер: танк, гүл, қой.
10 – тапсырма: Сөзден қосарланған екі дауысты дыбысты табу. Балаға ос ы тапсырма берілді.
Қолданылған суреттер: жәндік, бант, шам, піл, алмұрт.
11 – тапсырма: Сөздегі дыбыстар санын анықтау (қанша дауысты қанша дауыссыз)
Логопед: «бас» сөзінде неше дауыссыз дыбыстар.
Қолданылған суреттер: бас, піл, тиін, үй.
12 – тапсырма: Сөздің қанша дыбыстан тұратынын анықтау. Балаларға суретті атап, ол сөздің неше дыбыстан тұратынын анықтау ұсынылады.
Қолданылған суреттер: қыз, ұл, доп, мұрын, табақ.
13 – тапсырма: Екі сөздегі бірдей дыбысты табу.
Нұсқау: Екі суретті ата және ондағы қандай дыбыстар екеуінде де кездеседі.
«қысық – аяқ, алма – балық)
14 – тапсырма: Белгілі дыбыстың сөздегі орнын табу (басы, ортсы, аяғы)
Қолданылған суреттер: анар, аю, қақпа, қасқыр.
15 – тапсырма: Сөздегі дыбыстардың сатылы орнын анықау. Логопед балаға кез-келген суретті таңдап, ол сөздегі дыбыстың қай дыбыстың алдында тұрғаның анықтауды тапсырады.
Қолданылған суреттер: есік, раушан, бұлт, өрік.
Фонетикалық синтезді зерттеу.
Фонетикалық синтезді зерттеуді әртүрлі сандығы дыбыстан тұратын сөзді құрау қабілеті анықталады.
16- тапсырма: Берілген дыбыстан сөз құрау. Логопед бөлінген дыбыстарды
айтады. Ол белгілі сөзді құрайды, бірақ оның қатарын бұзбайды. Балаға ол
сөзді атап, түстеп беру керек.
м,ы,с,ы,қ; қ,о,я,н; қ,о,р,а,п; қ,о,л; б,а,л; а,р,а; л,а,қ; и,т; қ,о,й; с,и,ы,р; б,о,т,а;.
17 – тапсырма: Дыбыстардан сөз құрау. Нұсқау: 3,4 дыбыстан сөз құрау,
оны логопед айтады. Дыбыстар орынын ауыстыруға болады: з,а,қ; й,ү; н,а,а;
т,й,е,у.
Фонематикалық түсінікті (дәрісті) зерттеу.
Бұл зерттеу балаларды фонематикалық талдау нәтижелерін сұрыптау
қабілетін ұштайды.
18- тапсырма: Берілген дыбысқа белгілі тқырып таңдау. Логопед балаға
тапсырма береді. «Қ» дан басталатын жидек түрлерін ата (қарақат).
анар – а жыл мезгілі – т
киім — к Жиһаз – к
көкөніс – ш ағаш – а
19 – тапсырма: Белгілі дыбысқа белгілі тақырып таңдау. Логопед қатаң және
ұяң дыбысқа басталатын сөздерді табуды ұсынады. Дыбысты логопед
айтады,
в,п,к,л,з,һ.
20 – тапсырма: орны белгіленген аталған дыбысқа сөз атау.
т,м,с,н,д,ң.
21 – тапсырма: Логопед бір сөзді айтады. Мысалы: үстел балада «ү» дыбысын басталатын сөзін атау керек, үйрен.
Ұсынылатын сөздер: қыс, өзен, мақта, қол, ұшақ, көз, бұлақ.
2.2Тәжірибенің нәтижелерін талдау.
Зерттеу нәтижелерін талдай келе, біз, келесі параметрлерге назар аудардық.
- Дұрыс тілі жетілген баланың қалыптасуының дәрежесі.
2.Фонематикалық түйсікпен дыбыстық талдаудың дамуының дәрежесі.
Зерттеулер нәтижесі бойынша бізге зиятында ауытқуы бар дәрежесінің 3 жағдайы белгілі болды.
1 – ші дәреже: тек дыбысты айтудағы айырмашылықпен айтарлықтай жетіспейтін айырмашылық, тек бір дыбысты дұрыс айтпайды. Ал қалған дыбыстық тізбек және буындық жинақ дұрыс талданады. Бұл фонетика – фонематикалық жетіспеушіліктің жеңіл түрі.
2 – ші дәреже: көптеген дыбыстарды дұрыс айта алмайды, айыра да алмайды. Бұл жағдайда дыбыстық талдау дөрекі түрде бұзылады.
3 – ші дәреже: фонематикалық жетіспеушіліктің қиын түрінде бала мүлде дыбысты естімейді, дыбыстардың айырмашылығын мүлде айыра білмейді,дыбысты сөзден таба алмайды,анықтамайды.
Талдауды салыстыру үшін, тілі дұрыс жетілген балалар да алынды.
Талдаудың нәтижелерін «6 жасар балалардың фонема жайындағы түсінігінің жағдайы» деген таблицадан көруге болады, онда пайыздық дәрежеде көрсетілген.
Таблица 1. «7 жасар ақыл-ойы кем балалардың фонема жайындағы түсінігінің жағдайы».
Фонематикалық түсінік.
Салыстыр-малы талдауға қатысқан балалар тобы.
|
Фонема-тикалық түсінік.
|
Фонема-тикалық жай талдау.
|
Қиын фонематикалық талдау.
|
Фонема-тикалық синтез.
|
Фонематика-лық дәріс(ойын)
|
Тілі дұрыс жетілмеген балалар.
|
60% 12 бала
|
50% 12 бала
|
55% 11 бала
|
55% 11 бала
|
70% 10 бала
|
1 дәреже
|
60% 10 бала
|
50% 10 бала
|
45% 9 бала
|
55% 9 бала
|
60% 10 бала
|
2 дәреже
|
35% 5 бала
|
40% 7 бала
|
30% 6 бала
|
30 % 6 бала
|
30% 6 бала
|
3 дәреже
|
5% 1 бала
|
10% 2 бала
|
15% 3 бала
|
15% 3 бала
|
10% 2 бала
|
Таблицадан көріп тұрғандай тілі дұрыс жетілмеген балалардың тапсырманы 12 бала яғни 60%, ал зиятында ауытқуы бар балалардың 10%, яғни 30% (1 дәрежелі) орындап шықты. Талдау барысында балалардың дұрыс айтатын дыбыстары тез табылды. Бала 1 – ші дәрежелі тіл жетіспеушілігінде бірнеше дыбыстарды дұрыс айтпайды: р,л,с,щ,ң. Сондықтан 2,3,4 тапсырма бойынша табу кезінде 1 дәрежелі тіл жетіспеушілігі бар балаларда сөздегі айтылым дыбысты табу тапсырмасы айтарлықтай жеңілдеу болды.
Фонематикалық түйсікті зерттеу кезінде 2 дәрежелі тіл жетіспеушілігі бар балаларда қосарланған дауысты дыбыстарды атап түспей алмауы көп байқалады. Бала санасына қосарланған дыбыстарды ажырату қиындық туғызды. Осы тектес проблемалардың барлығында дерлік балалар дыбыстардың орынын ауыстырады.
Субстатуттардың бірексіздігінің балалар дыбыстарды қолдауда шатастырып алады.
Қосарлы дауыссыз дыбыстары бар сөздрге берілген тапсырма балаларды қиындық туғызбауы,мысалы: ата – бала, қасқыр – жолбарыс, ол ұқсас сөздерде қиындық туғызады,мысалы: оқтау – жақтау. Қатаң үнді дыбыстарды табу оңайға түспеді.1 дәрежелі тіл жетіспеушілігі бар балаларды сөзден, буыннан дыбысты табу қиын болады.
Мысалы: Кайроллаева Дария 3 дәрежелі тіл жетіспеушілігімен аталған дыбысты сөзден тек дауыспен бөліп айтқанда ғана таба алады. Ал, аталған дыбысы бар суретті табу көп қиындыққа кезіктірді.
Фонематикалық талдаудың жай түрі.
Тілдерінің мүкісі жоқ балалардың 12-сі барлық ( 60% ) тапсырмаларды орындап шықты. 1 дәрежелі тіл мүкісі бар балалардың 50% тапсырманы орындады. Ал 2 дәрежелі мүкісі бар балалардың 40% ( 9 бала ) құрады. « Олардан сөзден бірінші дыбысты табу» тапсырмасын барлық балалар орындап, ал сөзден соңғы дыбысты 5 бала анықтады. 3 бала сөздің соңғы дыбысын анықтй алмады. Мысалы: Садырова Ш. « түлкі» сөздіңі соңғы дыысын тап деген ұсынысқа «х» і деп жауап берді, яғни буынды дыбыспен шатастырды.
Тапсырмалардың ішінен ең қиыны дыбыс санын анықтау болды. Тек 2 бала ғана сөзді дыбыс санын анықтап берді, мысалы: мынандай сөздер: «күн» «ара».
Жүнісова Т «ара» сөздің дыбысынан сөзді созып, бөліп айтқаннан кейін ғана анықтай алды. Ал қиын сөздерді атағанда 2 дәрежелі тіл мүкістігі бар балалар, жоғарыдағы тапсырманы орындау мүмкіндігі қиынға түсті.
3 дәрежелі тіл мүкісі бар балалардың (16%) 2 бала тапсырманы шеше алмайды. Логопед көмегімен олар сөздің бірінші дыбысын анықтады. Мысалы: «қозы» сөзін алғанда, балалар «қо» деп жауап берді бірінші кезеңде. Дыбыс санын тіпті түктеп бере алмады немесе дұрыс айтпады,ешнәрсе деп жауап қайтпады.
Фонематикалық талдаудың қиын түрі.
Тіл мүкісі жоқ мектеп жасына дейінгі баланың 11 (55%) аталған тапсырманы орындай алды, ал 1 дәрежелі тіл мүкісі бар балалның 9 (45%) сөздегі дыбыс орны мен көрші дыбысты атау қиынға түсті. Бұл тапсырманы 2 бала ғана орындай алды. Мукеев Н, Лұқпайов С. олар дыбыстың орнын атай алды, егер дыбыс сөздің басынан естілсе, орнын таба алмады. Садырова Ш.көрші дыбысты атап берді. Ал қалған балалр ешқандай жауап айтаалмады.
3 дәрежелі тіл мүкісі бар баланың 3 тапсырманың шешуін тапты.
Сөздегі дыбыстың орнын балалар таба алмады. Дыбыстың сөздің қай жерінен шығып тұрғанын анықтай алмады. Мысалы: Мендібаева З. «балық» сөзіндегі «қ» дыбысын сөздің ортасында тұр деп жауап берді. Көрші дыбысты тіптіде анықтамады. Балалар дыбысты мүлде атамады. Тапсырманы орындау барысында балалар көп ойланып, қиналды.
Фонематикалық синтез.
Тапсырманы тіл мүкісі жоқ балалардың (65%) 13 бала1 дәрежелі тіл мүкісі бар баланың (55%) 11 бала орындады.
Шынына келгенде, қысқа сөздерді тез анықтай алды. Мысалы: «ана», «су». Ал дыбыстық тізбегі күрделі сөздерде балалар қиындыққа кездесті. Бірақ дыбысты қайталап айтқаннан кейін ғана, балалар тапсырманы орындай алды.
2 дәрежелі тіл мүкісі бар баланың мектепке дейінгі балалар тобының үшеуін құрады. Бұл балалар дыбыстан мүлде сөз құрай алмайды. Оларға дыбыстың көрші қатарын бұзбай сөз құрау тіпті қиынға түсті.
Фонематикалық ойын (дәріс).
Тіл мүкісі жоқ баланың (70%) және 1 дәрежелі тіл мүкісі бар баланың (60%) белгілі дыбысқа сөз құрау өте оңайға түсті.
2 дәрежелі тіл мүкісі бар баланың 4 бала сөзді тек жетелеәтін сұрақ қойға соң ғана қарай алды. Мысалы: Қасенов Д. «т» дыбысына сөз құрағанда «қыста адамдар не киеді?» деген сұрақ қойылды, ол «тон»деп жауап береді.
Сөз ортасымен аяғында кездесетін дыбысқа сөз құрау едәуір қиындық туғызады.
1 – 2 дәрежелі мүкісі бар балалар мұндай сөздерді мүлде айта алмайды. Мысалы: «р» дыбысы ортасында кздесетін сөзді тіл мүкісі жоқ мектеп жасында дейінгі топ балаларының тек 5 – уі ғана құрай алады.
Жахан М. «жарық» Калниязова Г. «көрік» қалған балалар жетелейтін сұрақ қойға соң ғана жауап береді.
Зиятында ауытқуы бар 3-ші дәрежесін сыныптағы екі бала (10%) құрады. Бұл балалар белгілі дыбыспен құралған бірде-бір сөз атай алмады. Әсіресе керекті дыбыстар сөз басында , ортасында және сөз құрай білмейді. Бұл балалардың бірде-біреуі логопед көмегенсіз ешқандай сөз айтпайды.
Қорыта келгенде салыстырмалы талдау жүргізу келесі тұжырым жасауға әкелді.
- Зиятында ауытқуы бар үш жағдайын (дәрежесін) анықтадық.
- айтарлықтай емес жетіспеушілікпен тек ғана дыбыстың айтуында шатасу тудыратын дәреже. Белгілі дыбыс айтылымына қателік жасап,ал қалған дыбыстық, тізбек дұрыс айтады. Бұл зиятында ауытқуы бар жеңіл түрі.
- Көптеген дыбыстарды айыра алмау, дұрыс айта білмеу, қосарлана келетін дыыстарды шатастыру. Бұл зиятында ауытқуы бар дөрекі түрі.
- Зиятында ауытқуы бар терең түрде бала белгілі дыбыстарды мүлде естімейді, дыбыстарды бір-бірінен айыра білмейді. Дыбысты сөзден таба алмай, — анықтай алмай қалады.
- Зиятында ауытқуы бар бар алты жасар бала санасының дұрыс деңгейде жетілмеуі, мектепке даярлық мүмкіндігін төмендетеді.Дыбыстарды дұрыс қабылдамау салдары,оқу мен жазуға салмақ салады.Бала бәрін бұзып қабылдайды. Бұл себептер төменгі сынып оқушыларының білім деңгейін, оқу үлгерімін нашарлатады. Сондықтан мектепке бармас бұрын балалардағы зиятында ауытқуы бар жойылуы керек.
- Тәжірибеде зиятында ауытқуы бар олқылықтары бар мектеп жасына дейінгі топ балалармен сабақ жүргізудің дефференциялдық әдісін білмегені көрініп тұрады. Мұғалімдер мен логопедтерде дефференциялды әдісті жүргізу әдебиеті мен әдісімен қамтамассыз етілмеген.
- Салыстырмалы тәжірибеде жүргізу тілдік мүкістіктің 3 дәрежесін анықтады.Бұл сатылай мектепке дұрыс дайындауға әкеледі.
- Зиятында ауытқуы бар бар балалар тобында, біріктіріп дәріс жүргізу қаралмаған.Аз уақытты үнемдеу үшін баламен жеке емес,топпен өткізуді ұсынамыз.
2.3 Зерттелетін тәжірибенің міндеті.
- Мектеп жасындағы балалрдағы фонематикалық түсінікті қалыптастыру.
- Фонематикалық талдаудың жай және қиын түрін жасауға қалыптастыру, дамыту.
- Фонематикалық синтезді қалыптастырып, дамыту.
- Мектеп жасына дейінгі балаларда фонематикалық түсінікті қалыптастыру.
- Дәрістік тапсырмалар арқылы баланың оқуға қызығушылыгын арттыру.
Балаларға фонематикалық түсінікті дамыту жайындағы барлық логопедтік жұмысты, Т.Б.Фимечева, Н.А.Чевелева, Г.В.Чиркина алты сатыға бөлді.
1 саты – сөздік емес дыбыстарды тану;
2 саты – бір тектес дыбыс материалдарын да, сөз тізбегінде, өлең де дауыс ырғағын, биіктігін, қуатын айыра білу.
3 саты – дыбыстық тізбегі ұқсас сөздерді ажырату.
4 саты – буындарды диффермециялау.
5 саты – фонеманы диффермециялау.
6 саты – дыбыстарға талдау жасауды дамыту.
Логопедтік әсерлер келесі тұжырымға сүйенеді:
1)Фонематикалық түсінікті сатылай дамыту (сөздік емес дыбыстардан бастап, дыбысқа талдау жасауға дейінгі аралықта бірте-бірте жаттығуларды қиындату).
2) Тапсырмаың ойындық түрі.
3) Есту қабілетін қатар дамыту.
4) Зиятында ауытқуы бар бар балаларды ескере отырып , дифферециялық әдісті қолдау.
Біздің ойымызша дефференциялды әдістің маңызы мынада :
— уақытты үнемдеу мен тиімділік үшін , зиятында ауытқуы бар бар топтарда оның дәрежесін ескере отырып , топтық дәрістер өткізіледі .
3-дәрежелі зиятында ауытқуы бар бар балаларға сөздік емес дыбыстарды фонематикалық қабылдау тұрғысынан болатын сабақтарды ұсынамыз.
2-дәрежелі зиятында ауытқуы бар бар балаларға дыбысталуы ұқсас сөздері, фонематикалық қабылдау дәрістерін жүргізуден бастауды дәріптейміз.
1-дәрежелі зиятында ауытқуы бар бар балалармен жұмысты,фонемға қиын талдау, жасау жаттығуларын біреуден бастауды насихаттаймыз.
Зиятында ауытқуы бар әр түрлі дәрежелеріне дифферециялды әдістің қалай жүзеге асырылатынын қарастырамыз.
Сонымен, 3-дәреже, фонематикалық жетіспеушілік салдарынан дыбысты мүлде естімейді, дыбыстық белгілердің айырмашылығын айыра алмайды, сөзден дыбысты бөліп, оның көршісін тай алмайды.
3-дәрежелі зиятында ауытқуы бар балалармен фонематикалық түсінікті дамыту үшін деффермациялауды әдіс-мынандай жаттығулар ұсынады.
- сөздік емес дыбыстарды тану №1-5 жаттығу.
- Біртектес дыбыстарды дұрыс ырғағы, қуатты біріктігі арқылы ажырату №6-10 жаттығу.
- Дыбыстық тізбегі ұқсас сөздерді ажырата білу №11-18 жаттығулар.
- Буындарды деффермациялау №19-26 жаттығу
- Фонеманы деффермациялау №27-28 жаттығу.
- Дыбыстық талдауды дамыту №29-54 жаттығу.
2 дәрежелі зиятында ауытқуы бар балаларға сөздегі қосарлана келетін көп дыбыстарды айыра алмау, олардың дыбысталуын дұрыс айта алмау қасиеттері жатады. Бұл жағдайда сөздегі дыбыстық талдау терең бұзылады.
Аталға дәрежедегі балалармен жұмысты дыбыстық тізбегі ұқсас сөздерге байланысты жаттығулар жүргізуден бастау қажет. 1 дәрежелі балаларға арналған №11-15 жаттығу қолданылады. Сонымен қатар осы дәрежеге фонемтикалық түсінік жайындағы қиын да тапсырмалар кіргізіледі.
Оларды келесі жолда көрсетеміз:
- Фонематикалық қабылдауды дамыту №55-65 жаттығу.
- фонематикалық талдаудың жеңіл түрін дамыту №66-72 жаттығу
- Фонематикалық талдаудың қиын түрін дамыту №73-84 жаттығу.
- Фонематикалық синтезді дамыту № 85 – 88 жаттығу .
- Фонематикалық түсінікті дамыту № 89 – 102 жаттығу (қосымшаны қара).
1 дәрежелі зиятында ауытқуы бар балалар дыбысқа талдау жассағанда , тек өзі айта алмайтын дыбысты анықтай алмай қиналады . Ал қалған дыбысқ тізбек дұрыс талданады. Бұл – фонематикалық жетіспеушіліктің жеңіл түрі . Бұл балалармен жұмысты, қиын сөздерге талдау жасаудан бастау керек 55-103 жаттуғылар қолданылған.
Есту назарын қалыптастыру жұмыстары бірге жүргізілді (қосымшаны қара).
2.4 Бақылау тәрбиесінің нәтижелерінің мақсаты,
міндеті, талдауы.
Тәрбие жүргізілген соң алынған нәтижелерді қарап, талдау қажет. 6 – жасар балаларды оқуға даярлау барысында, қандай фонематикалық түсініктің әсері екенін анықтау ұсынылады. Бұл үшін әртүрлі дәрежелі балаларға фонематикалық түсініктің сабақ өтпей тұрып және дәрісі өткен соң қандай дәрежеде, қандай пайызда екенін анықтаймыз.
Сонымен бірге тілінде мүкісі жоқ балаларға жүргізілген бақылау және салыстырмлы тәжірибиелердің нәтижелері мен аталған талдау салыстырмалы талдау жүргізу керек.
Жүргізілген тәжірибие тілінде мүкісі жоқ балалр қатысады.
Салыстырмалы тәжірибиенің мақсаты.
Тәжірибие жүргізілгеннен кейін, әртүрлі дәрежелі зиятында ауытқуы бар 6 – жасар балалардағы фонематикалық түсініктің біріктірілген дәрежесін анықтаймыз
Бақылау тәжірибиенің міндеттері:
- Жүргізілген фонематикалық сабақпен, алынған нәтижеге салыстырмалы талдау жүргізіледі.
- Зерттеуге қатысқан әртүрлі дәрежемен зиятында ауытқуы бар балалармен, зерттеуге қатыспаған тіліде мүкісі жоқ балалардың фонематикалық түсінігіне салыстырмалы талдау жүргізіледі.
Бақылау тәжірибиесіне 6 – жасар әртүрлі дәрежемен зиятында ауытқуы бар 20 бала және тілінде мүкісі жоқ, арнайы сабақ жүргізілмеген 20 бала қатысты.
Тәжірибиенің салыстырмалы тәжірибиеде қолданылған жаттығулар тобы қолданылды.
Тәжірибие Алматы қаласының 7 даму интеллектуалды қабілеті төмен балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп интернатында 2000 жылдың сәуірінде өтті.
Тәжірибие нәтижелері 2 таблицада көрсетілген.
Таблица: Ақыл-ойы кем балалардың фонематикалық түсінігінің динамикасы (%)
Көсеткіштер
|
Фонематикалық қабылдау.
|
Фонематикалық жеңіл талдау.
|
Фонематикалық қиын талдау. |
Фонематикалық синтез
|
Фонематикалық түсінік.
|
Тілінде мүкісі жоқ балалар. |
70%-75% 14-15 балалар |
50%—55% 10-11 балалар |
55%-55% 11-11 балалар |
65%-75% 13-13 балалар |
75%-75% 14-15 балалар |
Ақыл-ойы кемдіктің 1 дәрежесі |
60%-70% 12-14 балалар |
50%-65% 10-13 балалар |
45%-5% 9-11 балалар |
55%-65% 10-13 балалар |
60%-70% 14-15 балалар
|
Ақыл-ойы кемдіктің 2 дәрежесі |
35%-25% 7-5 балалар |
40%-30% 8-6 балалар |
40%-35% 8-7 балалар |
30%-20% 6-4 балалар |
30%-25% 6-5 балалар |
Ақыл-кемдіктің 3 дәрежесі |
5%-5% 1-1 балалар |
10%-5% 2-1 балалар |
15%-10% 3-2 балалар |
15%-15% 3-3 балалар |
10%-5% 2-1 балалар |
Фонематикалық талдау.
1 дәрежелі зиятында ауытқуы бар балалар 2 салаға артты (10%) 60% болған еді, 70% болды.
Бұл балалар тобы барлық тапсырманы тез, дұрыс, ещқандай қатесіз, логопед көмегінсіз орындап шықты. Бірақ балалар қате дыбысы бар суретті көрсету кезхінде қателіктер жіберді. Бұл біздің ойымызша, логопед сол кезде логопунктте болмағаны салдарына.
1 дәрежелі зиятында ауытқуы бар балалардыңғ қатарына Садырова Ш. Ниязов Қ. кірді. Дифференциялды әдістің нәтижесінде олар дыбыстық тізбегі ұқсас сөздерге дұрыс талдау жасады. Дыбыстардағы байланысты барлық тапсырманы орындап шықты.
Ақанов С. 3 дәрежелі зиятында ауытқуы бар бала көптеген тапсырмаларды орындай алмады.
Біз бұны, аталған баланың көптеген дыбыстармен артикуляциясының дұрыс қалыптасуымен байланыстырамыз.
Бақылау тәжірибесінде тілінде мүкісі жоқ балалар шамалы ған дму көрсеткішін көрсетті. (70%-75%). Бұл біздің ойымызша , аталған балалармен фонематикалық түсінікті дамыту, жұмыстарына бір жақты нақты мақсат қойылмағандықтан.
Ақанов С. Барлық тапсырмаларды, дауысты, дауыссыз дыбыстарды шатастырып қиналады, белгілі дыбысы бар суретті таба алмайды.
Фонематикалық талдаудың қиын түрі.
Зиятында ауытқуы бар 1 дәрежесіне үш бала (15%) кірді. Осыған сәйкес зиятында ауытқуы бар 1 дәрежесінің сабақ өткенге дейін 50% (10 бала), ал сабақ өткен 65% (13 бала) құрады.
Айтарлықтай өзгерістер Садықова Ш, Мукеева Н, Дастан И білінді. Салыстырмалы тәжірибе бұл балалар сөздегі соңғы дыбысты таба алмай қиналды.Дифференциялды түзету әдісі нәтижесінде бұл балалар ешқандай логопедтің жетелейтін сұрағынсыз тапсырманы орындады.
Зиятында ауытқуы бар 2 дәресінің сабақ өткенге дейін 40% (8 бала) сабақ өткен соң 30% (6 бала) құрады. Айтарлықтай өзгеріс Жүнісова Т. Байқалды. Ол сөзге дыбыс санын санай алғанымен әлі де қиналады.
2 дәрежелі балалар қатарына Жагупарова Д. кірді. Тәжірибелік жұмыс нәтижесінде ол сөз ортасындағы, басындағы, аяғындағы дауысты дыбысты дұрыс таба білуге логопед көмегінсіз айта алуға үйренеді.
Ал енді зиятында ауытқуы бар дәрежесіне келер болсақ, сабақ өткенге дейін 10%, сабақ өткен соң 5% құрады.
Зиятында ауытқуы бар 1дәрежесінде Ақанов С. сол күйінде қалды. Ал тек «сана» сөзі сияқты, сөздің бірінші дыбысын атай алды .
Сөздің соңғы дыбысы мен дыбыс санын атай алмады. Мысалы: Аринов сөздегі дыбыс санын былай ғана анықтай алады :
— «лақ» сөзінде неше дыбыс бар?
— бес
— Дұрысын тап, ойлан, сана л-а-қ неше?
— Үш.
— «Лақ» сөзінде неше дыбыс бар?
— Бес пе әлде үш пе?
— Білмеймін.
Тілінде мүкісі жоқ балалармен түзету жұмыстары жүргізілгендіктен олардың даму динамикасы шамалы болды. (50%-55%)
Қиын фонетикалық талдау.
Тілінде мүкісі жоқ балалар сол баяғы қалпында (55%) қалды. Даму динамикасы байқалмады.
1 дәрежелі балалар тобында маңызды өзгерістер көрінді. (45% сабақ өткенге дейін 55% сабақ өткен соң). Оларға Мукеева Н. Лашықов Т. кірді. Салыстырмалы тәжірибеде олар дыбыстың сөздің орнын таба алмайды. Егер ол сізді басынан естіп тұрса дифференциялды әдіс жүргізу нәтижесінде олар сөздің орнын таба алатын болды, тіпті ол сөздің ортасы ме соңында естілсе де 2 дәрежелә зиятында ауытқуы бар балалар (35 %) көрші дыбысты айыра алуға үйренді. 2 дәрежеге өткен соң Меңдібаева үш тапсырманы логопедтің аздаған көмегімен орындап шықты.
Ақанов С. айтылудағы көптеген кемшіліктер салдарынан сол баяғы дәрежеде қалды.
Фонематикалық синтез.
Тілінде мүкісі жоқ балалардың даму динамикасы байқалмады-65%. 1 дәрежелі зиятында ауытқуы бар балалар саны сабақ өткенге дейін 11 бала (55%) құрады.
Бұрын олар тек үш дыбыстан тұратын сөзді ғана талдай алды: « ата,бие, ара» сияқты. Ақырындап олар қиын сөздерді талдауға көшті. Мысалы: бота, қияр, алма, құлын. Дыбыс, сөз құрай алуға үйренді. 2 дәрежелі зиятында ауытқуы бар балалардыңғ сабақ өткенге дейін 6 баласын (30%), ал сабақ өткен соң 4 баланы (20% ) құрады.
Балалар жетелейтін сұрақсыз-ақ, 3 дыбыстан сөз құрай білетін болды. 3 дәрежелі зиятында ауытқуы бар балаларда ешқандай өзгеріс болмады. Балалар тапсырманы орындау кезінде үлкен қиындықтарға кездесті. Біз бұған олардың дыбысты айта алмауы себеп болды деп есептейміз.
Фонематикалық түсінік.
1 дәрежелі зиятында ауытқуы бар сабаққа дейін 12 баланы 60%, ал сабақтан соң 14 баланы 70% құрады. Садырова Ш. мен Мукеева Н. айтарлықтай өзгерістер байқалды.
Олар тапсырмангы сәтті орындады, мысалы: белгілі дыбыспен сөз құрау, белгілі дыбысқа тақырып құрау.
2 дәрежелі зиятында ауытқуы бар балалар ( сабақ өткенге дейін 30%, сабақ өткен соң 25%) аталған дыбысқа дұрыс сөз құрады. ( дыбыс сөздің алдында тұрған). Дыбыс сөздің ортасы мен соңында кездесетін сөз құрау қиындық тудырады.
Шабанов М. Аюпов Р. логопедтің жетелемейтін сұрағынан соң ғана сөз құрай білді.
Джагупарова З. жоғарғы дәрежеде өтті (2-ші). Аздаған логопед көмегімен дыбысқа сөз таңдай алды (дыбыс сөз басында тұрған).
Алынған мәліметтер бойынша баланы , мектепке даярлау кезінде қолданатын дефференциалды әджіс тиімді ықпал етеді деген тұжырымға келдік Бұл жұмыс логопедтің баллардың дұрыс дыбсыс айтуын қалыптастыру жаттығуын қатар жүргізу мен айтарлықтай нәтежеге жетеді .
Тілінде мүкісі жоқ балалардың даму динамикасы, фонематикалық түсінік жайындағы түзету жұмыстарының бір деңгейге қоймауц салдарынан өзгермеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Балалардың мектепке дайындау мәселелері қазіргі таңды астуальды және көптеген авторла әлі де шеттеу жүргізуде және де бланы мектепке дайындаудың жаңа , тиімді әдістемесін ойластыруда.
Қазіргі зерттеулер оқу мен жазуға үйретуге дайындауц фоооонематикалық түсініктің негізгі факторы екенін көрсетіп отыр .
Сөздегі дыбысқа дұрыс талдау жасай алмай , олардың дыбысталуын шатастырып отырған бала , дыбыстың дүрыс түрін , көзбен көріп , есінде әріп түрінде қалай сақтасын.
Неғұрлым баланың сөздегі дыбыстық түсінігі төмен болған соң , оқу мен жазуды үйренуде қиындық туғызады, өйткені сөздегі дыбысты айыру мен ажыратуа аралығында байлданыс көп .
Біз жүргізген зерттеулер зиятында ауытқуы бар баланы оқуға дайындау кезінде фонематикалық дайындықтың 3 дәрежесі бар екенін көрсетті. 1 дәрежеге (54 %) айтарлықтай емес жетіспушілігі бар балалар, яғни дауыстық айтуын бұзып айтып, дұрыс талдау жасамау жатады. Ал қалған дыбыстық тізбек дұрыс талданады. Бұл зиятында ауытқуы бар жеңіл түрі.
2 дәрежеге 35% әртүрлі фонематикалық топтардағы көптеген дыбыстарды ажырата алмау, әсіресе қосарлана келетін дауыссыз дыбыстарды шатастыру олардың ауызша артикуляциясын дыьыстық талдау дөрекі түрде бұзылыды.
3 дәрежеге (11 %) фонематкалық жетіспеушілік салдарынан бла сөздегі дыысты мүлде естімейтін дыбысты сөзден бөліп айта алмай, дыбыстық элементтердің арасындағы айырмашылықты айыра алмайтын балалар жатады.
Қазіргі заманғы зерттеулерге талдау жүргізу, осы уақытқа дейін зиятында ауытқуы бар дифференциалды дәреженің болмағанын көрсетеді. Сонымен Т.Б.Филичева, Т.В.Туманова /62/ өздері құрған зиятында ауытқуы бар топтарында, біз бөліп көрсеткен зиятында ауытқуы бар дәрежелі бір топқа біріктіріп «зиятында ауытқуы бар баланың тіліндегі граматикалық қатадың айтарлықтай дәрежесі деп көрсетті».
Бала мен айналысқан баламен өзінің назарын дыбыстың айтуына олардың сөздегі дыбысқа талдау жасау дифференциясына аударды.
2 топқа Т.Б.Филичева, Т.В.Туманова тек фонематикасында кемшілік бар баланы ғана емес, сонымен лекскасымен грамматикасында бар балаларды да жатқызады, яғни тілінді лексика, грамматикалық жетіспеушілігі бар балалар.
3 топқа Т.Б,Филичева, Т.В.Туманов аса қиын жетіспеушілігі бар балаларды жатқызды (ринолалия, дизартрия).
Осы мәселе салдарынан біз Т.Б.Филичева, Т.В.Туманованың 1-ші тобын қарастырсақ.
Жоғарғы топ балалрының зиятында ауытқуы бар дәрежесіне бөлудің дифференциалды негізі болып, комплекстік көрсеткіш болып табылады, олардың келесі компоненттері бар:
- Дұрыс дыбыс айтудың қалыптасу дәрежесі.
- Фонематикалық түсініктің қалыптасу дәрежесі.
Әртүрлі дәрежедегі зиятында ауытқуы бар жоғарғы топ дифференциалдық әдісті
қолдану, олрға оқуға жемісті дайындалуына жқсы әсер етеді. Тәжірибиеге зерттеулер жүргізу әртүрлі дәрежедегі зиятында ауытқуы бар 6 жасар балалрға дифференциалдық әдісті қолдану, олардың са тиімді екенін дәлелдеп отыр. Жалпылай алғанда фонематикалық түсінікті дамытудың жұмыстарын 6 сатыға бөлуге болады.
1 саты – сөздік емес дыбыстарды тану.
2 саты – бір тектес дыбыс материалдарында, сөз тізегінде, өлеңде дауыс ырғағын, биіктігін, қуатын айыра білу.
3 саты – дыбыстық тізбегі ұқсас сөздерді ажырату.
4 саты – буындарды диффермациялау.
5 саты – фонеманы диффермациялау.
6 саты – дыбыстарға талдау жасауға дамыту.
3 дәрежелі зиятында ауытқуы бар балаға дифференциялық әдісті қолдану, 1-ші сатыдан, яғни сөздік емес дыбыстарды қолданудан басталды.
2 дәрежелі зиятында ауытқуы бар баланы оқыту 3 стыдан, яғни дыбыстық тізбегі ққсс сөздерді талдауды, ал 1 дәрежелі зиятында ауытқуы бар баланы оқыту 5 сатыдан яғни дыбыстарға қиын талдау жасаудан басталды.
Аталған әдістердің тиімділігін алынған нәтижелер айқындап тұр.
Сонымен фонематикалық түсініктің қалыптасу дәрежеге байланысты:
1-дәрежелі зиятында ауытқуы бар:
Оқуға дейін – 12 баланы (60%)
Оқудан кейін – 14 баланы (70%)
2-дәрежеге.
Оқуға дейін – 6 баланы (30%)
Оқудан кейін – 5 баланы (125%)
3-дәрежеге.
Оқуға дейін – 2 баланы (10%)
Оқудан кейін – 1 баланы (15%)
Бақылау тәрбиесі тілінде мүкісі жоқ баланың фонематикалық даму динамикасы айтарлықтай жоғары емес (5%) екенін көрсетті. Бұл біздің ойымызша фонематикалық түсінікті қалыптастыру жұмыстарының бі мақстқа қойылмағанын теориялық және тәрбиелік әдістерді зерттеу, әртүрлі зиятында ауытқуы бар 6 жасар балаларды мектепке дайындау барысында, фонематикалық түсінікті дамыту үшін жасалатын тиімді педогогикалық жағдайды бір арнаға топтастыру ұсынады.
- Фонематикалық түсініктің қажетті дәрежесін табу.
- Көркемдік құралды тиімді қолдану.
- Балалардың фонематикалық түсінігін сатылай қиындату, яғни бірінші кезде қарапайым дыбыс түрлерін айыру кейін дыбыстық талдау жасау сияқты.
- Дифференциалдық әдісті, әртүрлі дәрежедегі зиятында ауытқуы бар балалр тобына, олар мектепке даярлау кезінде жнмісті қолдана білу.
- зиятында ауытқуы бар дәрежелеріне байланысты топтарда арнайы ұйымдасқан сабақ өткізу.
Осы шарттарды тәжірибиеде қолдану фонематикалық түсінік
қалыптасуында кездесетін қиындықты жеңіп,балаланың оқу бағдаламасын дұрыс алып кетуіне өте жақсы ықпал етеді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Аксенова А.А. Особенности развитие устной и письменной речи у учащихся вспомогательных школ. Москва 1967г.
- Аксенова А.А. Обучение русскому языку в коррекционной школе. Москва 2005г.
- Адаменко А.И. проблемы аутеничной-речевой фонодинамике. Психология 2008/3 (9).
- Аяпова Т.Т. Развитие синтаксиса речи детей (на материале казахского языка). Автореферат канд.дис.фил.наук., А., 1998
- Р.Әміров «Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау» (3сынып). А.1990ж.
- Ш.Әуелбаев. бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. Мектеп 1987ж.
- К.Б.Бектаева. арнаулы көмекші мектептерде ана тілін оқыту әдістемесі. А. Рауан 1996ж.
- К.Б.Бектаева, Қ.К.Елубаева. Ана тілі. Нашар еститін, естімейтін балаларға арналған.
- Ш.Бектуров, М.Серғалиев. «Қазақ тілі». А.1994ж.
- Ұ.Ботабаева. дыбыстық талдауға арналған дәптер. А. Рауан 1998ж.
- Барская Н.М, Нискевич Л.А. «Методика обучения грамматике и провописанию вспомогательной школе 5-8 классы». М.1995
- Б.Байғанаева. Қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыстың психологиялық ерекшеліктері. Жантану. А.2008
- Бастауыш мектеп «Тіл дамыту жұмыстары» 2005/1
- Балакаев М.Б. Современный казахский язык. Синтаксис словосочитаний и простого предложения. А. АН.КазССР, 1959г.
- Баймуратова Б. Овладение родной речи детьми казахами дошкольного возраста. Автореферат канд.дисс.пед.наук. А.1970
- Бакраденова А.Б. Развитие казахской устной речи детей дошкольного возраста. Автореферат канд.дисс.пед.наук. А.1999г.
- Ә.Ермағанбетова Қазіргі кезеңдегі түзете-дамыта оқыту жүйесінің өзектілігі туралы. Дефектология. 2008/1. 5-бет
- Жаренкова Г.И. Понимание грамматических отношений детьми ОНР. М.1972г.
- С.Қазыбаев. Қазақ тілі методикасы. А.Рауан 1990ж.
- Қазақстан мектебі журналы «Жай сөйлемді оқытудың жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі. 2006/9. 30-бет
- Г.А.Каше. Использование занятий по коррекции произношения в целях развитие лексики и процессы грамматического строй языка. М. Просвещения. 1980г.
- Б.Құлмағанбетова «Қазақ тілін оқыту методикасы». А. Мектеп 1988ж.
- С.Қазыбаев. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту. А. Мектеп 1985
- Лурия А.Р. Язык и сознания. М.1979г.
- Қ.Қ.Өмірбекова, В.С.Балқыбекова. Сөйлеу тілінің фонетикалық, фонематикалық жағын тексеру және дамыту. А. Кітап 2003
- Қ.Қ.Өмірбекова, С.Ж.Өмірбекова. Сөйлеу тілін тексеру әдістері. А. Кітап 2002 ж.
- Қ.Қ.Өмірбекова, С.Ж.Өмірбекова. Фонетикасы, фонематикасы толық дамымаған балаларды оқыту және тәрбиелеу. А. 2004ж.
- Қ.Қ.Өмірбекова, Ж.С.Мусина. қазақ тілі көмекші мектептің 2-сыныбына арналған оқулық. А. Мектеп 2001ж.
- Петрова В.Г. Развитие устной и письменной речи младших школьников. М. 1998г.
- Соколова Н.В. Обучение детей с ФФН и ОНР навыку употребления предложно-падежных форм. Дефектология. 1991 №1.
- Турсунова Д. Сопостовительная грамматика русского и казахского языка. А. Мектеп 1967.
- Хабаршы – Вестник «Арнайы педагогика сериясы» 1(12). А.2008
- Ш.Сапиева. Оқу-жазбаша сөйлеудің бір түрі ретінде. Жантану 2008/3
- Г.Садуақасқызы. Тіл дамыту мен қисынды ойлауға дамыту. Бала тәрбиесі журналы. А.2008/2
Қосымша:
1-жаттығу.
Баланың алдында бірнеше ойыншықтар қойылды: еркін, баяны, сылдырмақ, қоңырау т.б
Тәжірибиені әр ойыншықтың үйін тыңдап, оны есіне сақтауды ұсынады. Одан кейін бала көзбен көрмей тұрып қай ойыншық қандай дыбыс шығаратынын анықтап беруі керек. Дыбыс шығаратын ойыншық саны біртіндеп көбейіп отырады. Жаттығу бала барлық дыбысты ажырата алғанша жүргізіледі.
2-жаттығу.
Баланың алдында 4 – 5 зат қойылады: (металдық қорап, шыны ыдыс, пластмас, стакан, ағаш, қасық т.б.). осы заттарды қаққанда, бала әртүрлі дыбыс естиді.
Қарындаштың көмегімен логопед, әр затқа дыбыс шығарады, ал бала осы дыбыстардың жағдайын түсіну керек.
Зат саны ақырындап көбейіп, бала оны ауызша-ақ айтып бере алуы керек қай заттың қандай дыбыс шығаратынын жаттығу бір нәтижеге келгенше қайталанады.
3-жаттығу.
Баланың алдында оған жақсы таныс заттар қойылады: қарандаш, суп бар, ыдыс, қайшы, бос ыдыс. Логопед балаға, ол бұл заттарды құлағымен естіп, есінде сақтауын өтінеді. Кейін бала теріс қарап, логопед суды бір ыдыстан екіншіге құйады, қарандашпен жазады, қарындашты ыдысқа ұрады.
Бала өз қабілетіне сәкес ненің не екенін айтып беруі керек. Егер бала қиналса қайталап беруге болады. Жаттығу бір нәтижеге жеткенше өткізіледі.
4-жаттығу.
Бірдей металдық ыдыс ішіне төгілетін әртүрлі көлемдегі азықтар салынады: құмшекер, күріш, қарақұм т.б балаға бірінші мұқият тыңдау ұсынылады әр ыдыстың құрамының дыбысын. Кейіннен ыдысты шайқайды да, қай ыдысқа қай зат барын айтуды сұрайды. Дыбысталулары айтарлықтай білінбегендіктен, бастапқыда 3 ыдыспен шектеліп кейін санды өсіреді.
5- жаттығу.
Жаттығу дыбыс ырғағына арналған. Бала аспаптан шыққан дыбысты қабылдау керек (пианиа, баян, домбыра т.б). қысқа дыбысты + білмейміз. Қатты дыбысты білмейміз + аралықтары паузамен сәйкес болуы керек. Ритмдік суреттер қиынға қарай сатылай береді.
+ +
+ ++
+ + +
+ ++ +
++ + + +
Егер дыбысты созуға болса ( пианиан, домбыра, қобыз т.б) ритімдік сурет саны өседі. Созылыңқы дыбысты, қысқаны + белгілейміз ( біраспаптағы). Бала жасайтын ритімдік дыбыстың үлгісі.
+ —
+ — +
++ — +
+ — ++
+ ++ —
— + ++
6 жаттығығу.
Жаттығу дыбыстық ырғаққа арналған дыбыс аяқталады. Логопед бала теріс қартарды да, бір бала дыбыс береді (егер үйде ойнаса, жанұя мүшесінің біреуі), бала соны табуы керек. Бірінші кезде адам баланың атын атайды, кейіннен тек ғана «НУ» дейді, бұл қиындату формасы.
7 жаттығу.
Логопед балаларға «Үш аю» ертегісін еске алуды ескереді. Содан соң өзі сол аюлар дауысын салып қайсысы, кім екенін айтуды сұрайды. Үш түрлі дыбыс дауыс ырғағымен бір сөйлем айтылады:
- Менің орныма кім отырған?
- Кім менің ыдысымнан тамақ ішті?
- Кім менің төсегіме жатты?
- Кім менің үйімде болды?
Жаттығуды қиындату үшін бала дауыс ырғағымен байланысты,
суреттен аюларды табу керек.
8 жаттығу.
Логепед балаға дауыстың алыстан не жақыннан естілетінін айыруды сұрайды және дауыс ырғағын не қатты екенін айту керек.
Балалар АУ деп айқайлайды (қатты) АУ (ақырын) ит үрді АВ – (қатты), мысық мияулайды т.б.
9 жаттығу.
1-ші логопед өзі балаға көрсетіп береді де кейіннен баладан бір дыбыстың қай жағдайда қалай шығатынын анықтауды сұрады.
А – бала жылайды.
А – дәрігерге тамақты көрсету.
А – тәнші ән айтады.
А – сәбиді әлдилеу.
А – бала қолына ине кіргізіп алады.
О – анаң таңдады.
О – апнаң ыңырсыды.
О — әнші ән айтады.
О — әкең керіледі.
О – орманда аңшы айқайлайды.
10 жаттығу.
Дыбысты биіктігі мен қуаты арқылы анықтау.
Логопед баладн «мияу» деп айтуды сұрайды (мысық жанында және тамақ сұрап тұр) қатты – ақырын (есіктің ар жағында) биік дуыспен (кішкнтай бала мысық) – жіңішке дауыс (кәрі мысық). Әрине дыысты өзгертіп тұрамыз. Му, гаф, ква, бе, ку-ку т.б.
11 жаттығу.
Логопед балаларға екі ыдыс береді: қызыл, жасыл. Ойын шарты мынандай, егер бала суреттегі көріністің атауын дұрыс естісе, жасыл ыдысты, ал дұрыс тапса қызыл ыдысты, көтереді. Одан соң суретті көрсетіп қатты, ақырын анық айып береді. Мысалы: Витамин – витарин, есік – кесік, алма – аална.
12 жаттығу.
Балалрға ұқсас сөздерді қайталауды 1-ші 2-ден, соңынан 3-тен өтінеді, айтылған тәртіп бойынша.
Көк – шөк – сөк бұзық – қызық – быдық
Тай – сай – қай қыныр – сіңір – сыңғыр
Тым – жым – сым жыр – сыр – қыр т.б.
13 жаттығу.
Тәрбиешінің бір дыбыстан тұратын сөзінен , бала айрықшаланатын сөз ойлауы керек.
Алма – алма – алма – алша.
Және – және – және – қане.
Сиыр – сиыр – сиыр – қиыр.
Талқан – қалқан.
Жүрек – күрек.
14 жаттығу.
Логопед асықпай үш сөзді айтады, баладан осы сөздің қайсысы 4-ші сөзге ұқсайтынын тауды сұрайды.
Жыр – бота – сыр – жайын.
Бұлаң – қайың – ағаш – құлаң т.б.
Қиындық туып жатса 4-ші сөздің суретін қойып қояды.
Жер үстінде халық,
Су ішінде… (балық,қайық, қауіп).
Кемді бота,
Тасы берді…(бата, сөк, қозы).
16 жаттығу.
Логопед баладан өлең ырғағынн келетін сөз тыңдауды сұрайды:
Аулды сазан,
Толды (қазан).
Сылдырап ағар бұлақ,
Дыбысты естиді (құлақ)
Жарқырап шықты күн,
Ұйқыға кетті (түн).
17 жаттығу.
Логопед өлең оқиды. Бала дыбыстық тізбегі ұқсас сөздерді табады, түсінік бойынша кейьір бала түсініксіз сөздер жайында, өлеңді оқымай тұрып ұғындырып береді.
Келді өсіп (алма)
Қалмады одан (алма)
Піскенше үзіп (алма)
Келседе қиял (қанша)
18 жаттығу
Буынды пәрменді буынмен ауыстыру.
Та-та-та па-па-па қа-қа-қа
Та-та-та па-па-па қа-қа-қа
Та-та-та па-па-п қа-қа-қа
Фа-фа-фа на-на-на
Ва-ва-ва ба-ба-ба
Ма-ма-ма қа-қа-қа
19 жаттығу.
Буындарды дауыссыз дыбысын қадырып, дауысты дыбысын ауыстыру.
Та-то-ту ду-ды-да ға-ге-ғә
Ты-та-то но-на-ну на-не-ну
Ма-ме-му қа-қо-қу бу-бо-ба
20 жаттығу.
Дауысты дыбысты ауыстырып, дауысты қалдыру.
Та-па-қа ма-на-ва
Ғы-мы-ты па-ка-та
Фа-ха-ка ву-му-су т.б.
21 жаттығу.
Дыбыстың ұяң үнділігін байланысты буынды ауыстыру.
Па-ба та-да
По-бо қа-ға
Пу-бу фи-ва
Қы-қы са-за
Енді үш буынға ауыстыру.
Па-ба-па та-да-та фа-фа-ва
По-бо-по да-та-да фа-ва-фа
Пу-бу-пу ка-га-ка са-за-са.
23 жаттығу.
Дауысты дыбыстарды ауыстырып жіңішке қатардағыға байланысты.
Па-пі па-пө пу-уо пы-пі
Ба-бө ма-мө му-мо вы-ві
Та-тә то-тө ву-вю бы-бі
Қа-қя ғо-ғө ту-тю ды-ді.
24 жаттығу.
Буынды қосарлана келетін дауыссызбен ауыстырып, дауысты дыбыс сол күйінде қалады.
Па-тпа на-пна ңа-ғына
Та-пта на-фка қа-қна.
Фа-тфа ка-тка ка-қна
Та-фта ка-пка са-сңа
Ма-кма на-кна ңа-жңа
Дауысты дыбыстарды ауыстырып отырамыз: ә,ы,і,ө,ү,ұ.
25 жаттығу
Екі дауыссыз дыбысы бірдей, дауысты дыбыстары әртүрлі буындарды құрау:
Пта-птө-птү-пті там-тмо-тмө-тмі
Кта-ктә-птө-кті ғам-ғәм-ғөм-ғім
Қта-қтұ-қтү-қті пна-пно-пну-пны
26 жаттығу
Қосарлы екі дауыссыз дыбыстан тұратын буынның екі дауыссыз дыбысы ауысып дауысты дыбысы қалады.
Пта-тпа қта-тқа фқа-тқа
Пна-кпа фқа-қфа хта-тха
Фпа-пфа ғда-лға аба-ава
Ескерту: бұл жаттығу буынды бұзып қабылдайтын балалар үшін өте қиын, бірақ олардың бұл жаттығуларды орындауы, олардың тілін дұрыс түзетеді.
27 жаттығу
Логопед дыбыстық тізбекті айтады. ( А,О,У,Ө,Ұ,Ү,Ы,І). Осы дыбыстарды дыбыстық тізбектен табуы керек. Дыбысты естіп тапқан кезде алақанын соғады, қорын жоғары көтереді.
А+у-м-ы-с-ө-ш-і-қ-ө-т-ұ-үз-ә.
Жаттығу бала дыбысты дұрыс естіп, атағанша қайталанады.
Ескерту: я,е,е,ю-дыбыстары қолданылмайды. Өйткені ол дыбыстарды атағанда олар бірігіп кетеді.
28 жаттығу
Дыбыстық тізбектен бір дауыссыз дыбысты табу.
Логопед ол дыбысты бірнеше рет қайталайды, бала оны есіне сақтағанша. Одан соң дыбыстық тізбекті атайды. Аталған дыбысты естігенде бала белгі береді. (шапалақ ұрып не алдын-ала келісілген ым арқылы )
Ескерту: қолданылатын белгілерде баланың көру қабілеті мен әсер алған кездегі дене қозғалыстарын қалыптастыруды да ескеріп отыр. Олар балаға дауыссыз дыбыстың дифференциясын жеңілдетеді. Белгілері сәйкес дыбысты игеру баламен байланысып, рет-ретімен келеді.
М-сиыр мөңірейді (сусақпен мүйізді көрсетеді )
Н- теледидардағы бағдарлама біткен соңғы дыбыс ( саусақты мұрынға тірейді )
В- боран соғып тұр, ағаш қозғалады ( қолды жоғары көтеріп, қол бұлғаймыз )
Ф- кішкене шардан жел шығып (алақанды ашып шар сияқты біріктіреміз).
К- ойыншық пистолет атылады (саусақпен пистолет жасаймыз) жазу машинасы жұмыс істеп жатыр (саусақтармен машинамен жұмыс істеуді көрсетеміз).
П-хлопушка жарылды (саусақтарды біріктіріп ашамыз).
З-маса ұшып жүр (басбармақ саусағынды жиып, қолымызды айналдырамыз).
Дыбыстық тізбек: А-Б-Қ-Ң-Р-Е-Ж-В-П.
Ескерту: Дыбыстың анық, қалай сөзде айтылса сөзде солай айту керек. әріппен дыбысты шатастырмайық.
29 жаттығу.
Сөздегі бірінші дыбысты атау .
Өрік, өр, өру, өксу, өзен, өзек, өкпе, өкше, өгіз, өлең, өкше, өкімет, өкілет, өнер, өмір, өлшем, өң, өнер, тапқыш.
Сы сөздерді түсіндіріп беру керек. Бала кейін Ө-басталатын 5 сөзді есінде сақтап мағынасын түсіндіреді.
30 жаттығу.
Сөздердегі бірінші дыбысты атау.
Әже, әліппе, әріп, әпке, әдемі, әдепті, әділқазы, әділет, әділ, әдәс айла, әйнек, әлім, әлди, әлдилеу, әлеумет. ән, әңгіме.
Осы сөздерді талдап ұғындырып бересіз. Кейіннен бала Ә- басталатын 7-8 сөз айтып береді.
31 жаттығу.
Игілік, игеру, иелену, игер, иек астында, ине, иін, имандылық, инабат, илану, икем, итбалық, ителгі, ишара, итмұрын, инелік, ирек-ирек. Тилеу, иін ағаш, иір, иірім, иықты, илу, инабаттылық.
Сөздердің мағынасын беру.
Бала 9-10 сөзді есінде сақтауы қажет.
32 жаттығу.
Сөздегі бірнеше дыбысты атау (ә,ұ,і,ү)
Үй, ілиясі ізгі, ізет,үйрен, ұрпақ, ұмтылу, ұлт, ұйтқы, әже, әшекей, үлкен, ұйығыш, үтік, іс қағаз, ұғым, ізашар, үйрек, әділдік т.б.
33 жаттығу.
Сөздегі соңғы дыбысты табу (і,с,ы,қ,а,ң,)
Ілияс, сері, сыпайы, асқар, алып, аң, тазалық, тағылым, табыну, сырмақ, өнер, ән, адамдығы, биіктігі, зор, тұлға, адам, көкшетау, сарыарқа, барлық, байлық, дәулет, әсел,әсем, немересі, ұрпағы.
34 жаттығу.
Бірінші және соңғы дыбысты табу. (ә,е)
Әже, ереже, әке,әдеміше, әпке, әдепті, әрлілік, айналайын, үлгі, әупілдек, әне, әмірші, әлем, әлдекім, әзірге, әлде, әдетінше, әділет, әдістеме, рухнама, әдейі, әдепкіде,әділетінде, әділ, әйтпесе.
35 жаттығу.
Тізбектегі дыбысты ата.
АУ УАИ
УА АИУ
АИ АУИ
ИА ИУА
ИУ УИА
УИ ИАУ
Мысалы:
1 – шіде – А, 2 – шіде – У, 1 – шіде – И.
36 жаттығу.
Бірінші дыбысты табу (сөзді дыбыспен бөліп айту)
Қабылан, қадір, қабыршақ,қыс, қазы, қазақ, қажырлы, қайрат, қазына, қойшы,қайың.
Сөздердің мағынасын айтып беріңіз.
Мына сөздерде «қ» дыбысы барма?
Қайран, қажырлы, жігерлі, болмыс, балапан, балақан, балақай, өмірлі, бармақ, қаймақ, қамшы, қала.
«қ» дыбысы сөздің сөздің қай жерінен естіледі?
Торпақ, қасқыр, қоян, балабақша, қасық, қазан, тостық, қызыл, қарақат, орындық, аяқ, қол, құлақ.
«қ» дыбысы 2 сөздің қайсысында бар?
Бұлан – құлан, мен – қол, қыс – күз, арыс – арық, алқа – балқан, нар — қар, бақты – жақты, анар – қанар, оқтау — өстеу.
37 жаттығу.
Бірінші дыбысты табу.
Түйе, түйме, тастақ, тана, тану, текті, түн, тәтті, қатты, тарақ, зат, қат, қабат, ит, қат. Сөздердің мағынасын түсіндіру.
Екі сөздің қайсысында «т» дыбысы бар.
Балық – тарық, жат – хат, рахат – рауан, жер – тер, ана – ата, бала – бота, жиын – той.
«Т» дыбысы бар сөздерді дауыспен бөліп айт.
Тіл, қатық, шелек, қалта, балық, астау, шарап, сөре, құты, тары, айран, сүт.
38 жаттығу.
Сөздің бірінші дыбысын тауып, оны дауыспен бөліп айту.
Жайық, қайық, көмір, жігер, жұрт, жұғымды, жебе, жүн, жөргек, талқан, шәйнек, жуу, жұтқа,
Сөздерді түсіндіріп, 5 «ж» дыбысы бар сөздерді ата.
Сөзде «ж» дыбысы бар ма?
Жуын, қауын, қазық, қашық, қажыр, жыр, сыр, жайна, жина, жуық, ауық, жіп, жат, жады, жеті.
Екі сөздің қасысында «ж» дыбысы бар.
Жазық – азық, жанар – анар, көрік – жерік, жер – тер, шаттық – жастық, бас – жас, құнар – жұпар.
39 жаттығу.
«Ф» дыбысы бар сөзді дауыспенбөліп айту.
Футбол, фабрика, кофта, лифт, фурашка, фонтан.
«Ф» дыбысты дұрыс айта алу керек.
40 жаттығу.
«К» дыбысын тауып, дұрыс ырғағымен бөлу.
Көмір, көрік, көсеу, жедел, қатық, көлеңке, шаруа, тек, кек, көтер, елік, кесе, кесінді, күрек, журек.
Сөздерді түсіндіріңіз.
«К» дыбысы сөзде барма анықта.
Дыбыс, күшік, байлан, көтер, күй, парк, көк, келі, күмбірме, көрікті, түлкі, күлкі, көрген, кеніш, қасқыр.
41 жаттығу.
«Қ» дыбысы бар көкөніс, жеміс-жидекті атау.
Қызанақ, қарақат,қауын, қияр, қырыққабат, қызылқарақат, қызылша, қызылдолана, қарбыз.
42 жаттығу.
Логопед үлкен мағына беретін, ал бала оның кішісін айтады «Қ» дыбысы бар.
Ана-бала, ожау-…(қасық), үлкен-…(кіші), мысық-..(мысықша), қой-…(қозы), сиыр-…(бұзау), түйе-…(бота), бие-…(құлын), ит-…(күшік), қала-…(ауыл).
43 жаттығу.
Өлеңнен «Т» дыбысын табу.
Мұны дәл,
Біліп ал
Тышқандікі – ін,
Түлкінікі – жым.
Қасқырдыкі – апан,
Қойдыкі – қотан,
Сиырдыкі – қора,
Тауықтыкі – күрке,
Араныкі – ұя,
Аюдыкі – үңгір,
Иттікі – үйшік,
Тиындыкі – қуыс,
Ұлудыкі – қабыршақ,
Киттікі – мұхит,
Өрмекшінікі – тор,
Бақаныкі – көл,
Айтпағаным бар ма?
Онда өзің жалға.
44 жаттығу.
«Ғ» дыбысын тауып, дауыспен бөл.
Ғажайып, ғалам, ғарыш, ғашақ, ғибрат, ғасыр, ғылымғ ғұмыр, ғұрып, ғажап, ғимарат.
Сөздердің мағынасын түсіндіріп беріңіз.
Қай сөзде «ғ» дыбысы бар.
Қашық – ғашық, ғұмыр – жұмыр, жұлдыз – ғұрып, ағат – қанат, сайғақ – сайтан, сағат – санат, ғарышкер – қаламгер, қоға – қара.
45 жаттығу.
Сөздің соңындағы дыбыстарды анықта ( Қ, Т, П, Р)
Мұхит, қатар, тостақ, торпақ, сапар, жапар, алып, қалып, көмір, қасқыр, жасыр, жазық, жылауық, жұп, жіп, салт, ғұмыр, борсық,шабат, әмір, тұмсық, қырат, себет, торып, тармақ.
46 жаттығу.
Дыбыс терістерінің 1-ші дыбысын тап.
Ак, ок, ук, ат, ут, ит, ан, ум, он, ок, от, оп, ан, ип, ар, ор, ур, иф, уф, ах, ох, ух, аш, ош, иш, уш, ал, ол.
47 жаттығу.
«С» дыбысы бар сөзді бөліп ал.
Сазан, себет, сорпа, тақта, сурет, салу, алу, жабу, жазық, сызық, сүре, сегіз, сақ, сақина, сырғанақ, сағым, сырға.
Сөздердің мағынасын түсіндірініз.
«С» дыбысы бар сөздердің әңгімеден астын сызыңыз.
Әкесі сапардан оралды. Әкесі Әселді сағынып келді. Баласына сырға, сақина әкелді. Әселде әкесін сағынған еді, рахмет жаудырды.
2 сөзден «с» дыбысын табу.
Сағыныш-қаныш, сылдырмақ-шылдырмақ, сағыз-қағаз, сырмақ-қармақ.
48 жаттығу.
Сөздің бірінші дыбысын анықта.
Ор, өр, орау,орам, орындық, орман, оқу, өлке, үміт, озат, ожау, торғай, торай, тосап, тор, ору.
Сөздердің мағынасын түсіндір.
«О» дыбысы бар сөздерді әңгімелеп тап.
Мен ортаншы ағаммен орманға бардым. Орманда әртүрлі аңдарды көрдік. Мені тоқылдақ қатты ойлантты. Оралған соң тоқылдақ туралы оқыдым.
49 жаттығу.
Дыбыстарды анықта ( А,У,Ө).
өмір, анық, тартыс, өткел, су, жуық, арыстан, шатыр, төр, алма, алша, беку, өскен, көп, халық, оқу, уақиға, қуаныш, бура, алдау, тас.
50 жаттығу.
Сөздің соңын дыбыстың ( ы, і ) екнін анықта.
Күшігі, азығы, басы, тілі, қолы, аузы, іші, қадірлі, қуатты, ағашы, жидегі, жемісі, бағы, бақыты, биі, ажары, күні, түні, кітабы, қүзі.
51 жаттығу.
«І» дыбысы сөздің қай жерінде?
Ізет, ілім, іріктеу, ізгілік, ін, әзір, қәзір, түлкі, тірлік, екі, ел, илеу, бір, күйінде, тіл, тіс.
Әңгімеден «і» дыбысы бар сөзді анықта.
Іле ауылында Ілияс ақсақалдың үйіне келін түсті. Ұлан-асыр той болды. Келін де Ілиястың келініне лайықты ізетті екен. Инабаттылығы мен ізеттілігі иіліп сәлем бергеннен-ақ білініп тұр. Алла ұзағынан берсін, аумин!
52 жаттығу.
1-дыбысты анықта.
Бол, борсық, байпақ, байлық, барлық, билік, бие, биік, бас, байрақ, байлам, бастау, бап, бұлақ, бота, бесік, бейбіт, бөлке, бөрте, бес, бақ.
53 жаттығу.
«З» дыбысын анықта.
Зерде, зауза, заң, зайып, зт, зуал, зейін, зәулім, зиялы, зор, зығыр, зерік, зора, зерттеу, зерек.
54 жаттығу.
1-ші дыбысты ата.
Бақ, зал, вар, ван, выл, гом, гош, ғон, ғой, жар, сар, нос, пар, мал, мүк, сөк, ток, хор, шут, жут, ром, сам, рат, рах, лом, кей, сам.
55 жаттығу.
Қай дыбыс көп қайталанады. Дауысты дыбыс.
Бір жерінде жаз,
Бір жерінде күз,
Бір жерінде қыс,
Бір жерінде көктем,
Керемет алып кеткен.
56 жаттығу.
Мұғалім «ш», «р» дыбыстары бар сөз айтады.
Бала ол дыбыстарды естігенде шапалақ ұрады.
57 жаттығу.
Мұғалім буындарды атайды, р дыбысы бар буынды естігенде қолдарыңды көтересіңдер.
58 жаттығу.
«С», «Ш» дыбыстары бар сөзді естігенде қызыл жалаушаны көтер.
59 жаттығу.
Л дыбысы бар сөйлемдерді мұғалім айтады. Бала ол сөйлемдерді анықтауы керек.
60 жаттығу.
Бір дыбысты өзге сөздерді суреттеп тап.
Бұлақ – құлақ,
Сызық – қызық,
Қауын – жауын,
Құрт – жұрт,
Жая – сая,
Қалқан – талқан.
61 жаттығу.
«Дыбыстық сағат» бір дыбысты өзге сөздерді тауып, сағат тілі бойынша белгіле.
62 жаттығу.
Белгілі бір дыбысты түсіріп тастап, оны бағала анықта.
? – дан бастасаң,
Көлігің қанатты,
О – дан бастасаң,
Даярлар жем тьамақты.
63 жаттығу.
Өлеңдегі қандай дыбыс?
Жұмбақтың шешімін тап?
Қасқырда бар,
Апанда жоқ,
Қошқарда бар,
Қотанда жоқ. ( «Р»).
64 жаттығу.
Жұмбақтың шешімін тап?
Тәттіде жоқ,
Жаранда бар,
Қаттыда жоқ,
Тұщыда бар. ( «Щ»).
65 жаттығу.
Жақанда жоқ,
Жаранда бар,
Қапанда жоқ.
Қаһрда бар. ( «Һ»).
66 жаттығу.
«Пирамида» — сөздегі дыбысты анықтау.
67 жаттығу.
Тәрбиеші сөйлем оқиды, бала «Р» дыбысы 1 – ші болатын сөзді тап.
68 жаттығу.
Бірінші дыбыспен сөз құрау, суретке сүйеніп.
69 жаттығу.
Бірінші дыбыспен сөз құрау.
А – аю, Б – бұзау.
70 жаттығу.
Сөздің соңғы дыбысымен сөз құрау.
«қ» — ұшақ, «с» — бас, «л» — гүл.
71 жаттығу.
Ұзын және қысқа сөздерді тап.
72 жаттығу.
«Қ», «с» дыбысына бітетін сөздердің суретін тап.
Фонематикалық талдаудың қиын түрлері.
73 жаттығу.
«Ш» дыбысы бірінші болып естілетінін атауды суреттен тап.
74 жаттығу.
«Р» дыбыс ортасында естілетінін атауды суреттен тап.
75 жаттығу.
Суреттер ішінен «Р» дыбысы бар екі буынды сөзді тап.
76 жаттығу.
Суреттер ішінен «Л» дыбысы сөздің аяғында болатын сөзді тап.
77 жаттығу.
«Р» дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында болатын сөздерді тап.
78 жаттығу.
Суреттерді уш топқа бөліп, жина «Р» дыбысы сөзді басында, ортасында, аяғында болуы керек.
79 жаттығу.
Суреттер ішінен «а» дыбысы сөз басында, 2 – ші дыбысы, аяғында болатын сөздерді тап.
80 жаттығу.
Сөздің үшінші дыбысын ата.
81 жаттығу.
Карточкаларды түстер бойынша жина.
1 «р» ортасында (қызыл, сұр, қызғылт).
2 «р» дыбысы сөздің басында (ақ).
82 жаттығу.
« Шар» сөзіндегі «А» дыбысының көрші дыбыстарын ата.
Фонематикалық синтезді дамыту.
83 жаттығу.
«Кітап» сөзіндегі «а» дыбысы, «і» дыбысы нешінші дыбыстар.
Дыбыстан сөз құра: б – а – л.
84 жаттығу.
Қандай сөздер пайда болады, еге «ұ» дыбысыын жлғаса тұз – тұр.
85 жаттығу.
Дыбыстан сөз құра: қо – ша – қан.
86 жаттығу.
Буыннан сөз құра: қа – рын – даш.
87 жаттығу.
Фонематикалық түсінікті дамыту.
88 жаттығу.
«М» дыбыстарынан басталатын бірнеше сөздерді құра.
89 жаттығу.
«Ш» дыбысынан басталып «қ» дыбысынан аяқталатын сөз құра: шаттық, шаштық.
90 жаттығу.
«Бақша» сөзінің соңғы дыбысынан сөз құра.
91 жаттығу.
Тек «а» дыбысынан басталатын сөйлем құра.
92 жаттығу.
«Тәтті» ұғымын беретін сөздерді ойыңа түсіріп, 1 – ші дыбысын анықта.
93 жаттығу.
«Жануарларды тамақтандырамыз» төрт түлік не жейді? (шөп, гүл, ет, қазы – қарта, жем). Анықта сөз неше дыбыстан тұрады.
94 жаттығу.
Екі буыннан тұратын құс атауын тап: ( бүркіт, ұзақ, аққу, қарлығаш, құр, көгершін).
95 жаттығу.
Үш буыннан тұратын құс атауын тап: (лашын, шымшық, қарлығш, шағала(.
96 жаттығу.
Әліппеден кез-келген әріпті, қиып алып, оған сөз құра.
97 жаттығу.
«Л» дыбысы бар ыдыстарды ойланып, ата.
98 жаттығу.
«Л» дыбысынан басталып «н» дыбысынан аяқталатын құс атауын ата.
99 жаттығу.
«С» дыбысы бар аңдар атауын ата: (барыс, борсық, қасқыр, cesh? Жолбарыс).
100 жаттығу.
«Р» дыбысынан басталатын гүл атауын ата: (райхан, раушан).
101 жаттығу.
Төрт түлікті ата. Ол атаулардың қай дыбыстан басталып, қай дыбыста аяқталатыны анықта: (түйе, cbsh? Жыл0ы6 0ойЁ7
102 жаттығу.
«Ғ» дыбысы сөз басында, аяғында, ртасында келетін сөздерді есіңе түсір.
103 жаттығу.
Өлеңге қай сөздерді ұйқасымен қою керек, мән мағынасына сәйкес.
Алдына (ап),
Табаққа (сап),
Жерді (асап),
Палау (жасап),
Артуға бармас (ар),
Көтере алмас (нар),
Мейіз, алма (анар),
Қанар (қанар).