АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Достары қорқып ата-анасына айтпаған: Павлодарда 12 жасар бала суға батып кетті[:]

[:kz]

Павлодарда шомылып жүрген 12 жасар бала Ертіске батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. 

 

“19 тамызда сағат 00:10-да Павлодар қаласының полиция қызметінің жедел кезекші бөлімінен сағат 14:30 шамасында Ертіс өзеніне 2009 жылы туған жасөспірім батып кетті деген хабарлама келіп түсті. Бұл күні, шамамен 11:12-де, бала достарымен серуендеу үшін үйден шығып, қайтып оралмаған”, – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаменті. 

Сағат 22:00 шамасында ата-аналар полицияға жүгінген. Істі қарау барысында, достарының айтуынша, баланың өзенде суға батып кеткені анықталды. Қорқып кеткен балалар бұл туралы марқұмның ата-анасына айтпаған.

 

[:]