[:kz]
Баяндама жасап тұрған Дания премьер-министрі Метте Фредериксен күлкісін көпке дейін жия алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фредериксен биліктің цирк жануарларын сатып алуына қатысты баяндама оқып тұрған болатын.
Жуырда билік иелерінен төрт пілді сатып алған болатын. Олардың бірінің Әли атты түйе досы болған екен. Жануарларды бір-бірінен ажыратпау үшін шенеуніктер оны да сатып алған.
Оқиғаны баяндап берген Фредериксен күлкісін тия алмады. Залда отырғандар да оған қосылып, ұзақ күлді.
Сондай-ақ, премьер Әли деген атына қарамастан, жануарды сатып алуды қолдағандарға алғыс білдірді. Бірнеше минут бойы әбден күлген шенеуніктер жұмысқа қайта кірісті.
[:]