АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Досына зорлатты»: Сүйіктісінен зәбір көрген келіншек жанайқайын жеткізді[:]

[:kz]

Нұр-Сұлтанда тұратын жалғызбасты ана өзін екі азаматтың қаладағы коттедждердің бірінде зорлап, жасаған «әрекеттерінің» барлығын камераға түсіріп алғанын айтты. «Ішімдік беріп ұйықтатты» деген әйел олардың кейін жазбаны елге көрсетеміз деп бопсалағанын да жайып салды. Шарасыз күйге түскен келіншектің жанайқайын KAZ.NUR.KZтілшісі тыңдап көрді.

Елордалық Роза Маликова осыдан бес жыл бұрын Түркістан қаласынан Нұр-Сұлтанға көшіп келген.

Коттедждерді жалға беріп, табыс табатын келіншек былтыр от жағу жұмысына ер адамды жұмысқа алыпты.

Азамат кейін жалғызбасты ананың көңілінен шығып, онымен көңіл жарастыруды ойлайды.

«Бұл жағдай наурыздың 21-і күні болды. Жігітім сол күні кешке досының үйіне барайық, әңгімелесіп, сыра ішіп қайтайық деді.

Оның үйінде біраз отырған соң, жалға берген коттеджге келдік. Олар сол жерде тағы да ішімдік ішті. Мен екеуін де үйлеріне қайтарып жіберейін деп едім, олар кетпеді.

Сөйтіп коттеджде әкімші қыздар жататын шағын бөлмеде өзім ұйықтап кетіппін. Сол жерде олар мені шешіндіріп, дегендерін істеген.

Сорақысы, жүріп жүрген жігітімнің досы мені зорлап, өзі барлық әрекетті камераға түсіріп алыпты. Ол аздай ертесінде таңертең «Досыммен бірге болдың» деп айыптап, бейнежазбаны елге таратамын деп бопсалады.

Бірақ мен орайын тауып, видеоны қарағанымда, жүріп жүрген жігітімнің болған әрекеттің бәрін телефонға түсіріп тұрғанын байқап қалдым», — дейді жалғызбасты ана.

Зәбір көрген келіншектің айтуынша, ол сол күні «102»-ге хабарласып, мамандар оқиға болған жерге келіп, тиісті сараптамаларды жасаған екен.

Алайда зорлады деген күдікке ілінген екі жігіт болған оқиғаның ертеңінде келіншекке «арызыңды қайтарып ал» деп, оны соққыға жығыпты.

«Ол маған 50 мың теңге беремін, арызды қайтып ал деді. Оған қоса ұялы телефоным мен көліктің кілтін тартып алды. Тіпті қол көтеріп, соққының астына алды.

Шыны керек, жүріп жүрген жігітімнің ондай әрекетке барғанын досынан білдім. Полицияға үстерінен арыз түсірген соң, ол маған бар шындықты айтып берді.

Жігітімнің өзі досына «мені зорла» деген екен. Қазір енді кінәлілер жауапқа тартылып, өз жазасын алса екен деймін», — дейді келіншек.

Аталмыш мәселе бойынша Нұр-Сұлтан қаласының ішкі істер департаментіне хабарласқанда, төмендегідей жауап алдық.

«Аталмыш оқиға ҚР ҚК 120 бабы 1 тармағына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық фактісі ретінде тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған орай, сотқа дейінгі тергеу мәліметтері құпия сақталады», — деп жауап берді құзырлы мекеме.

 KAZ.NUR.KZ

 

[:]