[:kz]
Ұлыбритания соты Біріккен Араб Әмірліктерінің премьер-министрі — шейх Мұхаммед бин Рашид Әл-Мактум өзінің бұрынғы әйелі ханшайым Хайяға және олардың екі баласына өтемақы төлеуі керек, деген шешім шығарды. Rg.ru мәліметінше, төлем жарты миллиардтан астам долларға жетуі мүмкін.
Бұл Ұлыбританиялық сот шығарған үкімнің ең жоғарғы сомасы. Жазбаша шешімде судья Мур Хайя мен балалар үшін басты қауіп Шейхтен болғанын айтқан.
Ол Лондонға 2019 жылдың сәуірінде екі баласымен бірге қашып кетті. Сот бірнеше тыңдалымнан өткен. Нәтижесінде сот шейх бұрынғы әйеліне некені бұзғаны үшін 250 миллион фунт стерлинг (шамамен 330 миллион доллар) төлейді және жыл сайынғы төлемдерге 290 миллион фунт стерлинг (382 миллион доллардан астам) банк кепілдігін береді деп шешті. Шейх сонымен қатар өзінің бұрынғы әйеліне жылжымалы мүлікке, білім алуға алдын-ала 41,5 миллион фунт стерлинг (шамамен 55 миллион доллар) төлеуі керек.
[:]