[:kz]
Қаңтардағы тәртіпсіздік күндері супермаркеттерді тонаған ұрыларды саусақ іздері бойынша іздейді. Тонауға келгендердің көпшілігі, мысалы, Magnum дүкендерінен заттарды алып кетпей, соның ішінде ішіп-жеп алаңсыз жүрген. Полиция қазірдің өзінде бөтелкелер мен қаптамалардан көптеген заттай дәлелдерді жинап үлгерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «КТК» арнасына сілтеме жасап.
Magnum өкілдерінің сол күндері түсірілген видеоларындағы көріністер жаға ұстатады. Жазба көріністерінен ондаған адамның супермаркет сөрелерінен қолға түскеннің барлығын алып шығып жатқанын көруге болады. Олардың ішінде жасы да, кәрісі де, қаруланғаны да, қаруы жоғы да, сондай-ақ бірі маска киіп алса, енді бірі бетін мүлдем жасырмаған.
Желінің 15 дүкені толығымен тоналған – бұзақылар нөпірінен кейін сөрелерде мүлдем ештеңе қалмаған. Тағы 11 маркет жартылай тоналған. Magnum келтірілген шығын мөлшерін 11 миллиард теңгеге бағалады. Айта кету керек, кейбір тонаушылардың ішінде біраз уақыттан кейін өз кінәларын мойындап, тіпті шығынды өтеп бергендері де бар.
«Қазір полиция қолға түсірген азаматтар сотта жеңіл болуы үшін, келтірген шығындарын өтеуде. Біз одан бас тартпаймыз, камераларды тексеріп, кімнің қай зат ұрлағанын көріп, сол бойынша қалпына келтіреміз. Олар қазірдің өзінде келіп, келтірген зақымдарын өтеп жатыр, процесс қазірдің өзінде өте ауқымды жүруде. Бізде металл «күзетшілер» болғандықтан кейбір сауда орталықтарына кіре алмаған. Олар ең қымбат тауарларды қолды қылған, мысалы үшін қымбат алкогольдерді. Кейбір жерлерді олар толығымен ашып алып, қалың көпшілік ішіндегі барлық затты алып шыққан», – дейді Magnum сауда желісінің PR менеджері Дмитрий Шишкин.
[:]