АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Дүкендерде қауіпті лимонад сатылады [:]

[:kz]

Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов елордалық сауда желілерінде сатылатын лимонад өнімдерінде натрий бензоаты шектен тыс көп екенін айтты. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сатылатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау аясында департамент уланудың алдын алу мақсатында тұрақты түрде тарату желісінен азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларды іріктеп алады. «»Грузин сыра компаниясы» АҚ өндірген алкогольсіз, газдалған «ARAGVI» лимонады, тархун және саперави сусындарының құрамында натрий бензоатының гигиеналық нормадан асатыны анықталды.

Зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша осы алкогольсіз сусындардағы натрий бензоатының мөлшері – 152,68 мг/кг-нан 163,53 мг/кг дейін. Ал норма –150 мг/кг» – деп, жазылған баяндамада. Мамандардың айтуынша, натрий бензоаты (E211)  – тағамдық қоспа. Сақтау мерзімі мен сақтау мерзімін ұлғайту мақсатында тағамдық және азық-түлікке жатпайтын өнімдерді, соның ішінде тәтті газдалған сусындарды өндіруде қолданылатын консерванттар тобына жатады.

«Натрий бензоаты аскорбин қышқылымен әрекеттесіп, ДНҚ құрылымын бұзатын канцерогенді бензол түзетінін және де бауыр циррозы мен қатерлі ісік ауруына, жүйке жүйесінің бұзылуына себеп болатынын есте ұстаған абзал.

Тері сезімталдығымен немесе астма ауруымен ауыратын адамдарда E211 консерванттары ауруды өршітіп, аллергиялық реакция туғызуы мүмкін. Қазіргі уақытта заң аясында сауда желісін тексеру, анықталған қауіпті өнімдерді нарықтан шығару және әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда» – деп департамент мәлім етті.  

qamshy.kz

[:]