[:kz]
Грузия мен Әзірбайжан азаматтары Алматыдағы азық-түлік дүкендеріне ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды polisia.kz.
Бұл қылмыстық топқа төрт ер адам кіреді, олардың екеуі – шетелдіктер.
Қаланың криминалдық полициясының мәліметінше, қаскөйлер тек азық-түлік дүкендеріндегі ұрлықпен айналысқан.
“Олар, түн жамылғанда әрекет етті. Қоғам үшін қазірдің өзінде қиын болған кезде күдіктілер шағын дүкендерге кіріп, өздерімен бірге тұтынушылық тауарларды алып кетті. Кейбір жағдайларда дабылды өшіру үшін олар жарықты алдын-ала сөндірген. Күдіктілер қамауға алынды. Бүгінгі таңда олардың осыған ұқсас үш қылмыстық эпизодқа қатысы бар екендігі дәлелденді. Ұсталғандардың үшеуі – Грузия мен Әзірбайжан азаматтары екендігі анықталды, тағы біреуі – біздің жерлесіміз. Жедел-іздестіру шараларының кешені жалғасуда. Біз бұл азаматтардың тағы қанша қылмыс жасағанын нақты анықтайтын боламыз”, – деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Полиция қазіргі уақытта Алатау аудандық полиция Басқармасында біреудің мүлкін ұрлау бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын атап өтті. Күдіктілер қамауға алынды.
[:]