[:kz]
«Қара халықты полицияға, полицияны халыққа айдап салды!» деп Мұхамеджан Тазабекке қара күйе жаққан қоғам белсендісі Тоқтар Жақаш дүйім жұрттың назарын аудартқан Дулат Ағаділдің өліміне Мұхамеджанды кінәлап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Автордың сөзінше, «адам айтса нанғысыз масқараға» тікелей болмаса да, жанама түрде М.Тазабек кінәлі көрінеді. Ол бұл пікірін Facebook парақшасында жазды.
«Кімнің қалай ойлайтынын білмеймін, менің ойымша соңғы күндердегі адам айтса сенгісіз масқараға, Дулат Ағәділдің өліміне Мұхаммед Тазабек тікелей болмаса, жанама түрде кінәлі! Полицияға «митингке шыққандарды аямаңдар! Арабтар сияқты жамбасынан тебіңдер!» дегендей ортағасырлық жабайы лекциясының оқуы өтіп кеткен.
Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ, Мұхамеджан сияқты жылына миллион доллар шашып жүрсе, бұл ел митингке шығып қайтсін?! Бұларға ел мен биліктің арасының алшақтай түскені тиімді. Екі жақ неғұрлым алшақ болса, табатын «дармавой» табысы да еселене түседі!», — деп билік пен халықтың арасының алшақтап кетуіне оның ел арасында айтқан «рухани лекциясының нәтижесі» екендігін алға тартты.
Мұнымен қоймай, Тоқтар Жақаш Мұхамеджанды «билік алдында есебін түгендеу үшін» барын салып, «Өзім дегенде өгіздей қара күшім бар» деген тәмсілге келтірді.
«Билік алдында өзінің бақай есебін түгендеп алу үшін, Мұхамеджан ештеңеден аянбады. Нәтижесі міне! Қара халықты полицияға, полицияны халыққа айдап салды! Екі жақ та бір-біріне сенуден қалды! «Мемлекетшілдікті» насихаттамақ болып, бүкіл елді алатайдай бүлдіріп тынды! Дулат Ағәділдің жұмбақ өліміне байланысты Мұхамеджан әлі ешқандай мәлімдеме де жасамады. Іштей қандай күйде екенін бір Алла білсін. Бірақ мемлекеттік мекемелер қабырғасында жастардың басын қатыруды әлі тоқтатқан жоқ!
[:]