[:kz]
- Әрдайым ас ішер алдында 15 минут бұрын 1 немесе 2 стақан су ішу қажет.
- Күніне су ішу нормасы: 1,5-2 л (нормаға тәтті емес көк шай да кіреді).
- Зиянды әрі тәтті тағамды күндізгі 12-ге шейін жеу керек.
- Берілетін тағам мөлшерінде көкөніс жеуге көшу.
- Денсаулыққа және сымбатты болмыс-бітімге де зиянды шұжық сынды тағамдардарды жемеу.
- Арасына 2,5- 3 сағат салып, аз мөлшерде тамақ жеу. Егер көп жеп қойған болсаңыз, араына 3 сағат салып тамақ ішу қажет.
- Ұйықтар алдында 3-4 сағат бұрын тамақ ішу.
- Аптасына 1 рет жеңіл тағамдармен ауқаттану (ірімшік, көк шай)
- Дене жаттығуларын жасау. Спорт, жаттығулар, жиі жаяу жүру, көп қозғалыс керек және лифтпен емес, баспалдақпен көтеріліңіз.
- Тамақты су ішіп отырып жемеу. Тамақ ішіп болғаннан кейін 40 мин ішінде су ішпеу.
- Міндетті түрде күніне 20 грамм май (кеуде, шаш,тері үшін). Таңертең аш қарынға зығыр майын ішуіңізге де болады.
- Міндетті түрде таңғы ас ішу, таңғы асты жіберіп алуға болмайды.
- Нан өнімдерін және тәтті тағамдарды жеуді азайту немесем мүлдем жемеген дұрыс. (Мысалға, тәтті тағамның орнына мандарин жеуге болады)
- Таңертеңмен аса қиын емес жаттығулар жасаңыз, ол заттектер алмасуына көмектеседі.
anabol.kz
[:]