[:kz]
Танымал бола түсу үшін атына қара кір келтіретіндерді, бір сөзбен айтқанда хайп жасайтындарды Әбдіжаппар Әлқожа да ұнатпайды. Елдің жаппай сынына ұшыраған әнші енді ондайдан барынша аулақ жүрмек. Себебі өзінің клипінде орын алған оқиға өмірінде айна қатесіз қайталанған.
Бұл туралы Stan.kz «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Хайп» дегенге дұрыс қарамаймын. Түбі ашылып қалатын дүние ғой. Сен не жұмыс жасадың, сол тағдырыңа айналып кетуі мүмкін. Мысалы, өзім бейнебаян түсірген кезде, екінші бөлімде менің арқамнан келіп атады. «Үшінші адам» деген әнді қалай түсірдім, өмірімде де, өнерімде де дұшпандарым, сыртымнан бақылайтындар көбейіп кетті. Тура бейнебаян сияқты болып кетті», — дейді әнші.
[:]