АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]»Джесси-Жексен, Фиби-Бибі»: Атыраулық қыз нигериялық жанұясын қалай қазақша атайтынын түсіндірді[:]

[:kz]

 

Нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан атыраулық Зайда Жаңабаева өзінің отбасылық өмірі туралы ақпараттарды оқырмандарымен бөлісіп отырады. Жақында ол нигериялық туысқандарын ата-анасы қалай атайтынын жөнінде жазба қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. «Менің нигериялық отбасымның қазақша аттары бар.

Әкем алғаш көргеннен бастап Джессиді (Зайданың күйеуі – ред.) Жексен деп атап кеткен. Сол Жексен күйінде қалды. Ал сіңлілерім үшін ол — Жасик.

Танысу кешінде оның ата-анасының (құда-құдағи – ред.) атын сұрастырып, сол бойда оны да қазақыландырып жіберді. Мәселен, оның әкесінің Уильям деген аты қазақша Уәли болды. Ал анасының аты Фиби, қазақшА – Бибі. Ал олардың жанұясы менің атымды әдемі атайды. Алайда, күйеуімнің анасы мені өз тілінде «әппақ қыз» деп атайды. Ал менің анам Джессиді «қара күйеу» деп кеткен», — деп жазды Зайда. Айта кетелік, Зайда мен Джессидің тойы қазнетте қызу талқыланып, олар отандық телеарналарда қонақ болып үлгерді.

kaz.nur.kz

 

[:]