АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Екі адам көз жұмған: ШҚО-да жедел жәрдем жүк көлігімен соқтығысты[:]

[:kz]

 

Шығыс Қазақстанда болған жол апатынан жедел жәрдем көлігінде отырған екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты 3 ақпанда сағат 19: 25-те Өскемен — Семей тас жолының 140/58 шақырымында болды. Жиырма тоғыз жастағы жүк көлігінің жүргізушісі Семей бағытына қарай келе жатып, рульге ие бола алмай қалды. Жүк көлігі қарсы жолға шығып кеткен. 

 

Нәтижесінде көп тонналық көлік GAZ-A31R23 маркалы жедел жәрдем көлігімен соқтығысты.

Ауа-райының қолайсыз болғандығы атап өтілді. Жолда қатты қар жауып, жел болған.

«Апат салдарынан жедел жәрдемнің 1972 және 1979 жылы туылған екі жолаушысы алған жарақаттар нәтижесінде сол жерде қайтыс болды», — деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар, 44 жастағы жедел жәрдем жүргізушісі Семей қаласының ауруханаларының біріне жеткізілді.

Полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабының төртінші бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

[:]