[:kz]
Алматыда коронавирус жұқтырғандардың көпшілігі сырттан келгендер және солармен байланыста болғандар болып шықты. Алайда ақ халаттыларға екі пациенттің вирусты қайдан жұқтырғанын анықтау қиынға соққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап
Петр Карандашов «COVID-19 негізінен сырттан келгендер мен солармен байланыста болғандардан табылып жатыр. Екі қала тұрғыны бұл азаматтармен байланысқа түспесе де, вирус жұқтырған. Оны анықтау қиын болды. Қазір екеуі де стационарда ем қабылдап жатыр», – деді онлайн-брифинг кезінде қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев. Оның айтуынша, науқас адамдармен байланыста болған таныстарының барлығы қазір анықталып, оқшауланған.
Жақын байланыста болғандар провизорлық және карантиндік стационарлық емханада жатыр. «Қаладағы карантин жағдайында аурудың алдын алудың бірден бір жолы – үйден шықпау», – деп түсіндірді ол. Еске сала кетейік, бүгін коронавирустан көз жұмған екінші отандасымызға қатысты жаңа дерек шықты.
Қайтыс болған ер адам ауруханаға ауыр халде түскен. Ода екі жақты пневмония және тыныс алу жетіспеушілігі болған. Ем алу уақытында науқастың жағдайы тек нашарлай берген. Бұған ер адамның қант диабеті мен артериялық гипертензиямен ауыруы да әсер еткен.
Ол ауруханаға түскеннен кейін келесі күні жансақтау бөліміне ауыстырылған. Диагностика кезінде науқастың коронавирус жұқтырғаны анықталды. Ер адам емді диагностика және COVID-19-дан емдеу хатаммасына сәйкес алған. Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Источник:.NUR.KZ
[:]