[:kz]
Табысы төмен отбасыларға 2 пайызбен кредит алуға мүмкіндік беретін «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырыла бастады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Түгел құжаттарын жинап үлгергендер тапсырып жатыр. Қазіргі уақытта 135 миллион теңгеге 9 адамның өтініші мақұлданды. Банк мақұлдағаннан кейін тұрғындар үй іздей бастайды. Тапқан соң бізге келеді, біз кредит рәсімдейміз», — деді ол.
Бағдарламаға қатысушылар жаңа салынған үйдегі пәтер, қолданыстағы пәтер, жер үйді сатып ала алады.
Ол үшін тоғыз кезеңнен өту керек:
- Әкімдікте кезекте тұру.
- Тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім жасау.
- Төлем қабілеттілігін дәлелдеу.
- Үй таңдау.
- Банк кредит алу туралы өтінішті мақұлдауы тиіс.
- Бастапқы жарнаны төлеу.
- Сатушымен сатып алу-сату шартын жасасу.
- Кредит алу.
- Жаңа пәтерге немесе үйге көшіп бару.
Айта кетейік, 2 пайыздық ипотека көпбалы отбасы, толық емес отбасы, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыға беріледі.
Бағдарлмаға қатысу үшін әкімдікте кезекте тұру керек, сондай-ақ, өз атыңызда және бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында баспана болмауы тиіс.
Жылдық мөлшерлемесі 2 пайыздық ипотека 20 жылға дейін беріледі.
Бастапқы жарна көлемі 10 пайызды құрайды.
Бастапқы жарнаны 10 пайыздан артық құйған жағдайда, ай сайынғы төлем аз шығады.
Еліміздің ірі қалалары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырауда қарыздың ең жоғары сомасы 15 млн теңгені құраса, қалған аймақта 10 млн теңге болады.
[:]