[:kz]
Әнші Мөлдір Әуелбекова соңғы кезде көптің қызу талқысында. Жақында өнер иесі екінші рет ажырасты. Осыдан кейін ол өз-өзіне келе алмай, күйзеліске түскен, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Өнер иесі соңғы уақытта қиналып кеткенін айтты. Бірақ, ол күні кеше Алматыда келіншек үш кішкентай баласымен 9-шы қабаттан секіріп кеткенін естіп, жағасын ұстаған. Бұл жантүршігерлік оқиға әншіні қатты ойландырып тастаған.
Соңғы күндері қатты күйзеліске түстім. Алайда мына жаңалықты оқып, есімді жидым. Өте қиын жағдай,
Әнші өзінің жеке өміріне қатысты түрлі қауесет жазған оқырмандарына былай деп жауап берген еді.
Менің басымнан өткенді дұшпаныма да тілемеймін. Жеке өміріме қатысты әртүрлі нәрсе жазып, сыртымнан тон пішпеңіздер. Бәрі өтеді. Сіздердей жанашырларым барда бәрі артта қалады,
[:]