[:kz]
Бағлан Әбдірайымов ауырып қалды. Әнші емделу үшін оразасын бұзуға мәжбүр болған. Өзін өзі емдемек болған ол керісінше жағдайды ушықтырып алған. Өнерпаз осыдан соң көпшілікті сақтыққа шақырды.
Бағлан Әбдірайымов ораза кезінде ауырып қалғанын айтты. Ем-дом жасау үшін аузын ашуға мәжбүр болған. Алайда жай ғна екпе салдырам деп, талып қалған. Одан әрі емделу үшін ауруханаға жатуға тура келді. Беті бері қараған соң басынан өткен жайтты баяндап, көпшілікке сақтыққа шақырды.
«Анафилактикалық шок! Ассаулаумағалейкум, достар! 18 сәуір күні суықтап жүрген соң, оразамды бұзып, қосымша витаминдер, система алайын деп шештім. Өйткені, ораза біткенше денсаулық сыр бермесін деп ойладым. Сөйтіп таныс дәріханаға бардым. Витамин салып жатып вирусқа қарсы укол салды. Секунд өтпей тұншығып естен таныппын. Бір жаққа барып келген соң, укол салған қарындас нашатыр иіскетіп жатқанда ояндым. Дереу “супрастин” және қосымша уколдар салып сәл болса да жеңілдетті.
Сол сәтте жедел жәрдем келіп, қан қысымы, жүрек соғысы бәрін бірден қолға алып ем-домына кірісіп кетті де, ауруханаға жөнелтті. Қалтырап-дірілдеп не боп жатқанын түсінбедім. Қабылдау бөліміне әкеліп системадан система құйды. ПЦР тест алды. Нәтиже дайын болғанша бөлек жатқызды. ПЦР теріс нәтиже көрсетіп палатаға шығарды. Содан бері ем алып жатқан жайым бар. Бүгін шығамын, бұйыртса!🤲
Айтпағым: өздігіңмен ем қабылдауға мүлдем болмайды екен. Қандай дәріге, қандай асқа аллергия барын біліп жүрген үлкен олжа екен. Ауырмаңыздар. Вакцина салдырам деп жүргенде жай екпеге талып қалдық.
Вакцина салсам 500 000 теңге алатын сияқтымын ғой.🤭Қалжың, Құдай сақтасын! Аман болыңыздар!», — деп жазды Әбдірайымов.
«Сауығып кет, бауырым!!! «Өзіңді өзің емдеу» деген өте қауіпті», — деп жазды Айқын.
«Алла шипасын берсин досым, ауырма», — деп жазды Жұлдызай Дүйсенбиева.
«Алла шипасын берсін, Бағлантай», — деп жазды Сәкен Майғазиев.
«Алла шипасын берсін! Ауырмаңыз! Тезірек сауығып кетіңіз», «Алдымен тексеріп көру керек. Кісіні өлтіріп те алады осылай. Аман бол!», «Бағлан аға, тез сауығып кетіңіз ауырмаңыз», «Алла шипасын берсін, бауырым», «Ойбу ауырманыз. Аман жүріңіз», «Тез сауығып кетіңіз. Аман болыңыз», — деп жазды желідегі қолданушылар.
[:]