АЛТЫНОРДА
Сот ісі

[:kz]Экс-министр Біртанов босап шығуы мүмкін[:]

[:kz]

 

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов босап шығуы мүмкін, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл туралы https://t.me/dalainside телеграмм каналы жазды.

«Негізі Біртановты Назарбаев кланының шенеуіктері пандемия кезінде Ұлттық қордан бөлінген қаржыны жеуге кедергі болмасын деп, түрлі сылтаумен қылмыстық іс қозғап, алып тастаған болатын. Қазір оған деген көзқарас өзгерді. Егер шетелден шақырған мамандар сотта министрлік қабылдаған ақпараттық жүйенің дұрыс жұмыс істейтіндігін дәлелдеп берсе, онда оған тек «санавиация ұшағын заңсыз пайдаланды» деген айып қана қалады. Ол бойынша, айыппұл төлеп, шартты жазамен сот залынан босап шығуға мүмкіндік бар», — делінген каналда.

Елжан Біртанов өте мықты дәрігер болғандықтан, босап шыққаннан кейін сол дәрігерлік ісін жалғастыруы мүмкін.  Әзірге сот экс-министрдің ісін «майшаммен» қарап жатыр.

 

 «Адырна» ұлттық порталы   

[:]