АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Экс-министр Елжан Біртановтың шетелге қашып кетуі мүмкін бе? (видео) [:]

[:kz]

 

Аса ірі көлемде мемлекет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов тергеуден қашып кетуі мүмкін. Осылай деген прокурор оны қайтадан үйқамаққа алып, жұмысқа шығармауды сұрады, деп хабарлайды Oinet.kz Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап

— Тергеу Елжан Біртановтың үйқамақта отырғанда отбасы мүшелерінен бөлек басқа да адамдармен, қорғаушылармен де сөйлесуге тыйым салынғанына қарамастан олармен бірнеше рет арласқанын анықтады. Сондай-ақ, күдікті Біртанов пен оның жақындарының атында шетелде жылжымайтын мүлік тіркелген және тұруға рұқсаты бар екенін анықтап отыр — деді прокурор Төлеген Жараспаев. Прокурор экс-министрдің шетелден қашып кетуінен күдіктенетінін айтады.

Сол себепті Елжан Біртановтың үйқамақта отыру мерзімін 14-ші маусымға дейін, яғни 1 айға дейін созуды сұрады. Бірақ, бұған келіспейтін Біртановтың қорғаушылары оны ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатуын айтты.  Бұған дейін, 1 жарым миллиард жымқырды деген күдікпен ұсталған экс-министрдің үйқамақ мерзімі 14 мамырға дейін ұзартылып, таңғы 8-ден кешкі 7-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілген еді. Сотпроцесі қайта жалғасады.  «Екпе салдырмасаң, керек құжатыңды бермейміз» – еріксіз вакцина алғандар шағымдануда

www.oinet.kz

[:]