[:kz]
Солтүстік Кавказ аймағындағы діни қызметкерлердің 200-ге жуығы экстремизмге қарсы күресте, тіпті, өз өмірлерін де құрбандыққа қиған. Бұл жайында Солтүстік Кавказ мұсылмандары Үйлестіру орталығының төрағасы, мүфти мәлімдеді.
«Діни қызметкерлердің көбісіне терроршылар өз әрекеттерін жиһад деп пәтуа беруге қыстайды. Алайда, Алла жолынан ауытқымаған қызметкерлеріміз үзілді-кесілді бас тартады. Кейіннен осы қылығы үшін ажал құшып жатады. Өкінішке орай, олардың саны 200-ден асып жығылады. Ол ғазиз жандар Ислам дінінің асыл қасиеттерін ғана насихаттап өтті», – дейді ол.
[:]