АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ел арасында «Тақиялы періште» атанған Әлімғазы Райымбеков дүниеден озды[:]

[:kz]

 

«Тақиялы періште» кинофильміндегі басты кейіпкер Тайлақтың рөлін сомдаған актер Әлімғазы Сұмағұлұлы Райымбеков 85 жасында дүниеден озды. Қайғылы хабар туралы ақын Қалмаханбет Мұқаметқали Facebook парақшасында мәлім етті. «Бақұл болыңыз, Тайлақ… Қазақ өнерінің «Тақиялы періштесі» атанған Әлімғазы ақсақалға уақыт болыпты», — деп жазған ол. Әлімғазы Сұмағұлұлы 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында туған.

Қазақстанның мәдениет қайраткері. Алматы облысының Құрметті азаматы. Қазақ кино әлемінде өшпес із қалдырған тұлға оннан астам фильмге түскен. Оның ішінде «Ән қанатында», «Қилы кезең», «Көгілдір такси», «Қан мен тер», «Тақиялы періште» сынды танымал кинотуындыларды атап өтуге болады. Әсіресе 1968 жылы түсірілген Шәкен Аймановтың танымал кинокомедиясы «Тақиялы періштедегі» Тайлақтың ролі арқылы көрермен қауымға етене таныс. 

Уикипедия келтірген мәліметтерге сәйкес, Әлімғазы ақсақалдың 10 баласынан 20 немере, 7 шөбересі бар.

kaz.nur.kz/

[:]