АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Ел болам десең, эфиріңді түзе»: Нұрболхан Шарап «Қалаулымның» жабылуын тағы да талап етті[:]

[:kz]

Танымал әзілкеш, жүргізуші Нұрболхан Шарап өзінің инстаграм парақшасында атышулы «Қалаулым» бағдарламасына қатысты наразылығын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол өзінің парақшасында қазақ халқы үшін алаңдайтындығы жайлы және бұл «арсыздық алаңының» жабылуы үшін барын салатынын жеткізді.

Тікелей эфирде 3 сағат бойы халықтың назарын өзіне аудара білген бағдарлама халықты надандыққа итермелейді, деп санайды әзілкеш.

Нұрболханның шамына тиген жәйттің бірі, тіпті осындай төтенше жағдай кезінде де бағдарламаның жабылмай эфирде болуы.

«Бiрнеше айдан берi шырылдап жүрмiз. Ел, халық болып билiкке де наразылығымызды бiлдiрiп жатырмыз. Көрсе де, көрмегендей болып отыр билiк басындағылар. Сөз қалмады айтатын. Мiне, қазақ елі осындай! Браво!», — деп жазды ол.

Бұған дейін аталмыш бағдарламаны ел ағалары бірнеше мәрте жабуға тырысып баққан, алайда ешқандай арыз-шағымдар «Қалаулымның» эфирге шығуына тосқауыл бола алмады. 

«Атың өшкiр вирус келiп екi қаланы толық карантинге жапқан мемлекет, «Қалаулымды» жабуға қауқары жетпедi. Браво!», — деп налиды Нұрболхан.

Эфирде жаға жыртысып, бірнің бетін бері алып, қызы сыйқынан кетіп, ұлы намыстан безген бұл жобаның дәурені қашанға дейін жүреді деген сауал көптің көкейінде.

 

 

[:]