[:kz]
Әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың қанын негізге ала отырып жасалып жатқан коронавирусқа қарсы вакцина туралы ақпарат тараған. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Министрлік бұл туралы Coronavirus2020 Telegram арнасында хабарлады. Желіде тараған хабарламада Назарбаевтың қаны коронавирусқа қарсы вакцина үшін қолданылғаны айтылған. Себебі Қазақстанның тұңғыш президенті індеті жеңіп шықты, яғни, сәйкесінше оның қанында антиденелер бар.
Хабарлама қазақстандық ғылым академиясына сілтеме жасап таралуда. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарлауынша, ақпарат шындыққа мүлде жанаспайды. Министрлік қазақстандықтарды мұндай хабарламаларға сенбеуге шақырды. Айта кету керек, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Қылмыстық кодекстің 274-бабында осы қылмыс үшін 1 жылға дейін, ал бір топ адамдар үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар.
Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус инфекциясы анықталғаны туралы 18 маусымда белгілі болды.
Айдос Үкібай өз мәлімдемесінде Елбасы коронавирустың симптомсыз түрімен ауырып жатқанын жеткізген болатын.
:
[:]