АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Елімізде «көкек аналар» нәрестесін тастап кететін арнайы жәшік пайда болды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Аурухана директоры Жәмила Әбілованың айтуынша, «беби-бокс» әйелдің жеке басының құпиялылығын да сақтайды. Сол үшін де ол маңға бейнебақылау камералары орнатылмайды.

Бүгін Еңбекшіқазақ ауданаралық ауруханасында «беби-бокс», яғни баласын тастағысы келген аналарға арналған жәшік орнатылды, деп хабарлады paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа туған шақалақтардың арықтан, қоқыс орнынан, дәретханалардан табылуы бүкіл халықты алаңдатқаны рас. Осыған орай бастамашыл топ «Үміт бесігі» жобасын жүзеге асыруды ұсынған.

Аурухана директоры Жәмила Әбілованың айтуынша, «беби-бокс» кез келген әйелге өз баласын қауіпсіз жағдайда қалдыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әйелдің жеке басының құпиялылығын да сақтайды. Сол үшін де ол маңға бейнебақылау камералары орнатылмайды.

«Баланы тастай салысымен, біз балаға жедел медициналық көмек көрсете аламыз. Әрине, бұл жаңа туған сәбидің амандығы үшін өте маңызды. Үш айдың ішінде анасы өз ойын өзгертіп, нәрестесіне оралуға мүмкіндігі бар», — деді Жәмила Әбілова.

Оның айтуынша, перзентханада күніне 15-тен 20-ға дейін бала туады. 2020 жылы 2 600 бала дүниеге келген. Сәбиінен бас тартқан аналар да бар

«Биыл мұндай жағдай аз. Жылына бес-алтыға дейін ондай факті тіркеледі. Мысалы, биыл анасы баланы үйден босанып, оны сөмкеге салып, дүкен есігінің тұтқасына іліп кеткен жағдай болды. Бала аман қалды. Қазір оның дені сау, сәбилер үйіне ауыстырылды. Онда бәрі жақсы», — деді ол.

«Беби-бокстың» видеосын Нұркен Халықберген Facebook-тегі парақшасына жариялады. Ол бұл оқиғаны осы жылдағы ең жақсы жаңалыққа балап отыр.

«Баласынан бас тарту туралы шешім қабылдаған шешелер бұл боксқа еш қамсыз сәбиін тастап кете бере алады. Ол үшін оны ешкім айыптамайды, жауапқа тартпайды. Ал жәшікке бала келіп түскенде, ол автоматты түрде аурухана күзетшісіне дабыл белгісін береді. Ол бірден дәрігерлерді шақырып, баланы ақ халаттыларға табыстайды. Жәшік ішінде жылу жүйесі бар. Бұл баланың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Егер анасы шешімін өзгертіп, баласын қайтарып алғысы келсе, онда ол өтініш беріп, ДНҚ-анализі арқылы өз талабын қоя алады. Бұл, әрине, оңай шаруа емес. Бірақ мұндай да мүмкіндік бар», — дейді Халықберген.

Айта кетсек, 2016 жылы Денсаулық сақтау министрлігі «беби-бокс» орнату идеясынан бас тартқан болатын.

 

 

 
 
 
 
 

[:]