АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Еліміздегі парламенттік сайлау: Алматыда заңсыз митингтер өтуде (фото)[:]

[:kz]

Алматыда парламенттік сайлау кезінде рұқсат етілмеген митингтер өтуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматының Республика алаңындағы «Тәуелсіздік» монументінің жанында заңсыз митингтер өтуде. Stan.kz тілшісінің мәліметінше, митингке келгендер екі топқа бөлініпті. Бірі ел аумағында тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясының жақтастары болса, екіншілері аталмыш партияға қарсы ойын білдірушілер. Наразылық акциясына келгендердің арасында қоғам белсендісі Жанболат Мамай да бар. 

 

 

«Сайлауға бармаймыз, сайлауға байкот жариялау керек. Сайлау әділетсіз түрде өтуде», — дейді митингке келгендер. 

Митинг өтіп жатқан алаңда мобильді интернет жоқ, байланыс жүйесінде ақау байқалады. 

 

[:]