АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Элиталық асаба байлардың тойында ән шырқайтын қазақ жұлдыздары туралы ашып айтты[:]

[:kz]

Белгілі асаба әрі шоумен, элиталық тойларды басқаруы арқылы танылған Руслан Искаков байлардың тойына жиі шығатын әншілер туралы айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

Руслан Искаков лауазымды адамдардың тойын жүргізуі арқылы көпшілікке танымал. Ол той басқарғаны үшін Алматыда 4 мың доллар алса, Қазақстанның өзге қалаларында 6-7 мың доллар сұрайды.

Қазақ тойындағы қазіргі трендтер туралы кеңінен сұхбат берген асаба қалталы адамдардың тойына көп шығатын әншілер туралы да айтып берді.

«Мен басқаратын тойда Бүркіт пен Аиша міндетті түрде болады. Өйткені, екеуі орысшаға да, қазақшаға да жетік. Екі тілде ән шырқай береді. Одан бөлек, Бүркіт пен Аишаның әндері билеуге ыңғайлы. Нағыз тойда айтылатын әндер
Сондай-ақ, мен тойыма міндетті түрде Мақпал Жүнісованы шақырамын. Халық бұл кісіні ерекше құрметтейді. Танымал адамдардың тойында сұранысқа ие тағы бір әнші – Қайрат Нұртас. Қысқаша айтар болсам, осы әншілер мен жүргізетін тойлардың қадірлі қонағы», — дейді асаба.

Руслан Искаковтың қазіргі қазақ тойлары туралы сұхбатын мына жерден оқи аласыздар.

 
 

[:]