АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Елорда іргесінде келіншек жүктілігіне қарамастан отбасымен өзгенің гаражында тұрып жатыр[:]

[:kz]

Нұр-Сұлтанның іргесінде 42 разъезд деген ауыл бар. Бар деген аты болмаса тұрғындардың айтуынша,  ол жерге көктемде су тасығанда қайықпен жетпесең көліктің қай түрі болсын бара алмайды.

Бұл туралы Евразия арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Жол жоғалып, үйлерді су басып қалады екен. Амалы таусылған жұрт теміржолдың үстімен әрі-бері өтуге мәжбүр. Бірақ оның өзі қауіпті көрінеді. 

Ауыл елордадан небәрі 12 шақырым жерде орналасқан. Иә, Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолының бойында 42 разъезд тұр. Бұл ауылды өркениетпен жалғайтын жалғыз жол бар. Оның өзін жол деп айту қиын.  

«Камаздар жүреді, быт-шытын шығарып тастайды. Машина деген темір ғой, сынады. Жөндей беруге ақша жоқ. Көріп жатқаным осы. Жол осындай. Болмаса шөппен айналып жүресің. Қотыр-қотыр жолдармен», — деді тұрғын.

Қыста қар көктем мен күзде жолды су басады екен. Мұндағы халық көлігіміз қайыққа айналатын болды деп шағымдануда.

Разъездіктер жол азабын тартып келе жатқанына біраз жыл болған. Бұл жақты қызыл су басқанда балалар айлап сабаққа бармай қалған. Амалдары құрыған жұрт рельстердің ар жағына көлігін қалдырып жаяу қатынаған.     

«Балаларымыз Жібек жолында оқиды. Балаларды мына жерде бір теміржол бар. Соның ар жағына тастап кетеді. Газель кіре алмайды, жолды көрдіңіз қандай екенін. Бала түгілі үлкен адамға қауіпті. Грузовой, пассажирский пойыздар жүреді», — деді тұрғын Бақыт Мұқанова.

Бұл отбасының үйі сәуірдің басында су астында қалған. Абырой болғанда өздері аман қалыпты. Енді міне, бөтен біреудің гаражында тұрып жатыр. Алмагүлдің аяғы ауыр екен. Әңгімелерін тыңдасаң…

«Су тасыған сайын осы жыл сайын басып жатыр. Март, апрель осылай. Ешқандай пайда жоқ. Осылай әкеліп тастайды. Кебеді, қайтып барамыз үйімізге. Ремонттаймыз, жыл сайын қайта басады», — деді Қызылгүл Аманбаева. 

«Үйіміз жоқ, екі баламыз бар. Күн суыған соң оларды анамның үйіне апарып тастадым. Аяғым ауыр. Жол жабылып узиға да бармадым.  Белім, басқа да жерлерім ауырады. Босанатын уақытым жақындап қалды. Осылай гаражда, жерде жатырмыз», — деді Алмагүл Рахметжан.

Округ әкімі Жанат Күселбаевтың айтуына қарағанда 2018 жылы үлкен трассаға дейінгі жолды жөндеуге 13,6 миллион теңге республикалық бюджеттен бөлінген екен. Бірақ ол қаражат облыстан бері жетпей жатқан көрінеді.  

«Ауылдық округтың әкімдігі жобалық сметалық құжатты әзірлеп облыстық автомобиль жолдары басқармасына өткізді. Олар қазір қарастырып жатыр. Ақша бөлінгеннен кейін жолды толықтай жөндеу көзделген. Қаражат түссе, жұмысты бастаймыз», — деді ауылдық округ әкімі.

Округ әкімі ақша бөлінді, құжаттар ауданда қарастырылып жатыр, жол болады. Басқа мәселелерді рет ретімен шешеміз деп сендірді. Бірақ халық мұндай уәдеге сенуден қалған. Себебі жылдар өтуде біз тізбелеген проблемалар әлі күнге бір шешімін таппаған.

Stan.kz 

[:]