[:kz]
Елорданың атауын өзгертуге қарсылық танытқаны үшін оқудан шығарылған алматылық студент Дамир Молдағұлов өзі оқыған колледжге қайтып келді.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап хабарлайды.
Елорданың атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертуге қарсы болып, артынша оқудан шығарылған Дамир бүгінде колледжге қайта қабылданыпты.
Студенттің анасы Мейрамгүл Жанұзақова оларды оқу орнына қайта қабылдағанын айтты. Оның сөзінше, колледж басшылығы ұлын жылы қарсы алып, оқытушылар Дамирді сабақ өтіп жатқан аудиторияға алып барыпты.
Қазіргі уақытта 16 жастағы студент «шет тілі мұғалімі» мамандығы бойынша білім алуын жалғастыруда.
Еске сала кетсек, алматылық студент 22 наурызда елорданың атауын өзгертуге наразы болғаны үшін ұсталып, артынша оқудан шығарылған. Оқиғаға қатысты пікір білдірген білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова тексеріс жүргізіліп жатқанын айтқан еді. Ол студент оқудан заңсыз шығарылған жағдайда тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
[:]