[:kz]
Ғаламторда елордалық мектептегі «көрінбейтін» лифт туралы видео тарады. Кадрдан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «лифттің» қайда екенін сұраған адамға, мектеп өкілі қабырғаны көрсеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі avtozhez тобында жарық көрді. Кадрдан мектеп өкілінің ғимараттағы баспалдақ әлі дайын болмағанын, алайда лифт бар екенін жеткізеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Лифтті көрсетуді сұрағанда, ол бос қабырғаны көрсеткен. Inbusiness.kz мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы көптің талқыснына түскен ролик әлі пайдалануға берілмеген жаңа №92 мектепте түсірілгенін түсіндірді. Ведомство шын мәнісінде лифттің бар екенін, орны қауіпсіздік мақсатында уақытша жабылғанын алға тартты.
Олардың дерегінше, қажетті жабдықдар келеді деп күтіуде.
[:]