АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Еміне бүкіл Қазақстан қаражат жинап берген Алима Көпей жазылды[:]

[:kz]

 

Еміне бүкіл Қазақстан болып қаражат жинап берген Алима Көпей дертінен айықты. Ауыр дертке шалдығып, АҚШ-та ем алған қазақстандық бүлдіршіннің ауруынан сауыққаны жайлы хабарды Алиманың әкесі Алтай Көпей айтты, деп жазады Stan.kz.

«Бүгін дәрігерлер бізге ұзақ және ауыр өмір кезеңінде отбасымызмен қатты күткен ең қымбат, қуанышты хабарды айтты. Біздің ханшайым Алиманың денсаулығы жақсы. Ақпан айының соңында қызымның ағзасына соңғы манипуляция жасалады. Сондықтан, ақпан айының соңында бізді қуанышты жаңалық күтіп тұр. Аллаға мыңда бір шүкір, бәріңізге алғыс айтамын. Алима өмір сүреді! Алиманың денсаулығы жақсы!», – деп жазды Алтай Көпей әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетсек, бұған дейін Алима Көпейдің әкесі Аружан Саинға өтірік айтты деп кінә таққан болатын.

Stan.kz

[:]