АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Ең көңілді түсірілім тобы»: Фархад Абдраимовтың өмірінің соңғы күні қалай өтті (фото) [:]

[:kz]

Қазақстандық атақты актер Фархат Абдраимов 55 жасында мезгілсіз дүниеден өтті. Оның Грузия астанасында өткізген соңғы күндерін назарларыңызға ұсынамыз. Актер соңғы күндері әлеуметтік желідегі парақшасын белсенді жүргізіп, түсірілім жұмыстарын көрсеткен.

Атап айтқанда, көз жұмарынан бірнеше сағат бұрын Фархат Абдраимов әріптестерімен Тбилисидің ең биік нүктесінде болып, суреттер мен видеоларды жария еткен.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Farkhad Abdraimov (@fara_actor)

«Киноны түсіру үшін бір камера мен төрт қолы бос адам жеткілікті. Мен бесіншімін», — деп әзілдейді соңғы жүктеген видеосында Фархат. «Ең көңілді түсірілім тобы», — деді актер қасында болған адамдарды суреттеп.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Farkhad Abdraimov (@fara_actor)

«Керемет актрисалар Оля Думнова мен Нати Титилашвилимен бірге «Больше чем любовь» фильмінің түсірілім алаңындамыз», — деді ол желіде жаряилаған суретінің анықтамасына.  «Тбилисидің әдемі түні! Бұл қала өзінің сұлулығымен, жайлылығымен және қонақжайлылығымен таң қалдырады!» — деп жазды Фархат Грузия астанасы жайлы. Сонымен қатар, бір апта бұрын Абдраимов жаңа жобаны бастаған еді. Ол фильмнің атауы «Братья» болатын.

Айта кетейік, Фархат Абдраимов 1966 жылы 21 қаңтарда оңтүстік астанада өмірге келген. Ол Алматы технологиялық университетін бітірген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Farkhad Abdraimov (@fara_actor)

Оның кинодағы дебюті 1996 жылы «Кімнің жаны нәзік болса» атты Қазақстан мен Ресей бірлесіп түсірген фильмдегі рөлі еді. Ол «Шанхай», «Ақсуат», «Омпа», «Махаббат тәлкегі», «Сиқыршы демеуші», «Жел адам», «Француз құрбақасынан әзірленген борщ», «Шекара», «Жан жүрегім — Астана», «Параллель әлем», «Гейзер», «Үш лимон», «Батыр», «Ең сұлу» сынды фильмдерге түскен.

kaz.nur.kz

[:]