[:kz]
Қыздардың талғамы әртүрлі. Біріне айтқанымен жүретін, ырқына көнетін «жұмсақ» жігіттер ұнаса, енді бірі, керісінше, өзін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын «қатал» жігіттерді жақсы көреді.
Алайда өмірде өз идеалымызды жолықтыру оңай емес. Сондайда оны фильмдерден іздеп жатамыз. Ал сіз талғамыңыз өзіңіз туралы да хабар беретінін білдіңіз бе?
Жан Байжанбаев
Таңдауыңыз Жанат (Жан) Байжанбаев мырзаға түссе, сіз жігіттің бойындағы адалдық пен ақылдылықты бағалайсыз. Оларды сымбатты етіп көрсететін ең басты қасиеті осы деген ойдасыз. Сіз үшін ең маңыздысы – араларыңыздағы сенім берік болуы. Бір сүйгенде құлай ғашық боласыз да, басқа ешкімге көз салмайсыз. Осы типтегі жігіттерді ұнататын қыздардан адал адам жоқ. Ашық-жарқын, кіршіксіз пәксіз. Бірақ жігіттер сеніміңізге оңай кіре алмайды, ол үшін біраз тер төгуі керек. Дәл осы талғамдағы қыздар ақша табу жолында жігітті жігерлендіріп отырады.
Әділ Ахметов
Екінші актерді таңдасаңыз, сіз бар жан жүрегіңізбен елжірей сүйесіз. Балаларды өте жақсы көресіз. Бірақ ер азамат сіздің шектен тыс қамқорлығыңызға еті үйреніп кетеді де, лайықты дәрежеде бағаламайды. Ал бағаңызды біліп, төбесіне көтере құрметтей білетін жігітке кезіксеңіз, тақыр жерден тау тұрғыза аласыз. Өзіңізге қарамай, күтінбей жүрсеңіз де нұр шашып тұрасыз. Қарым-қатынаста романтикаға көп көңіл бөлесіз.
Тәуекел Мүсілім
Тәуекелді таңдасаңыз, мықты мінезі бар, харизмалық адамсыз. Бірақ махабатта бұл қасиетіңізді көрсетпейсіз. Жаныңызда сізден де мықты ер адам болғанын қалайсыз. Бір көргеннен өзіне ынтық ететін, шынайы қыздардың талғамы осындай типтегі жігіттерге тоқталады. Қарым-қатынаста жігіт бар жауапкершілікті өз мойнына алғанын қалайсыз. Мұндай арулар жас шағында күйіп-жанып, жаны нәзік жігіттерге ғашық болады, бірқ олармен араласуы ұзаққа созылмайды.
Азат Сейтметов
Таңдауыңыз Азат Сейтметов типіндегі азаматтар болса, сіз нағыз әлемнің анасы болуға жаралған жансыз. Ер адамның жанында өзіңізді толық қауіпсіздікте сезінгіңіз келеді. Осылай болады да. Көп нәрсеге көз жұмып, біраз қателіктерді кешуге барсыз. Сүйген адам барлығына көнеді деген ұстаныммен жүресіз. Ал егер көзіңізге шөп салғанын байқасаңыз, кешіре алмайсыз. Сіздің таңдауыңыз қай типтегі ер азамат болды?
[:]