АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Енді мұндай жағдайға ешқашан жол бермейміз» – Бекболат Тілеухан[:]

[:kz]

 

 

Ел арасында Мәжілістің бұрынғы депутаты Бекболат Тілеуханға қатысты алып-қашпа әңгімелер желдей ескен еді.Кеше оның өзі республикалық телеарналарға соңғы оқиғаларға байланысты сұхбат берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Далада сұхбат беріп тұрған сәтін экс-депутат өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады.

«Отыз жылдық төл тарихымызда осындай қиын, ауқымды әрі күрделі сынаққа тұңғыш рет бетпе-бет келдік. Тағдырдың талай тезінен өткен еліміз бұл сындарлы кезеңнен сынып қалмай өте білді. Қауіптің бұлты сейілді, күрделі күндер артта қалды. Ендігі біздің темірқазық етіп, бұлжымас қағида қылатынымыз – береке-бірлік, тыныштық пен тұрақтылықтың қадірін біліп, сақтауымыз. Тәуелсіздік – біздің басты байлығымыз. Өткеннен өнеге, сынақтардан сабақ алайық. Ең бастысы – енді мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз» деп жазды Бекболат Тілеухан.

Ал кеше ғана ҚазТАГ агенттігіне шенеуніктің туыстары: «Ол Меккеде, Сауд Арабиясы Корольдігінде орналасқан», – деп жауап беріпті.

 

[:]